КҮЙ САЗЫ, КҮЙШІ ӨНЕРІ ЖӘНЕ АВТОРЛЫҚ КӨЗҚАРАС
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
1 КҮЙІШЛІК ӨНЕР ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ЖИНАҚТАУ
1.1 Өнерпаз тағдыры және суреткерлік
таным ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ..
1.2 Күй тарихы және өнерпаз
психологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2 КҮЙ САЗЫ, КҮЙШІ ӨНЕРІ ЖӘНЕ АВТОРЛЫҚ КӨЗҚАРАС
2.1 Т.Әлімқұловтың туындыларындағы күй сазына қатысты сюжеттік желілер және
көркемдік
шешім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..
2.2 Өнер тақырыбы: дәстүр және
жалғастық ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: 60-80-жылдардағы қазақ прозасы, оның көркемдік
деңгейі, шеберлік аясы туралы сөз қозғағанда алдымен қаламгерлеріміздің
үлкен бір шоғыры ойға оралады. Үлкені бар, кішісі бар, олардың қаламынан
қазақ әдебиетіне тиесілі мол мұра қалды. Ендігі кезекте тарих еншісіне
өткен осынау шығармалардың авторларына қайта оралып, олар туған
әдебиетімізге айтарлықгай не қосты, не алды деп сұрау салсақ, кезінде
еленбеген көп құндылықтарымыз кайта бағамдалып, кайтара бағасын алуға
тиісті. Бұған дәл бүгін ешкім дау айта алмайды. Осынау қаламгерлердің бел
ортасында Тәкен Әлімқұловтың есімі жеке-дара аталуға әбден лайықты.
Алдымен Тәкен Әлімкұлов өзімен замандас жазушылардың қатарында қалам
тербеді. Бірақ оның басқалардан айырмашылығы жазған дүниелерінің ешқайсысы
саясат жетегінде кетпеді, сондықтан бұл туындылар уақытынан озып, бүгінгі
оқырманымен де табысып отыр. Яғни жиырмасыншы ғасырдан аттап, жиырма
бірінші ғасырға асқан қайталанбас, аса қымбат ұлттық-рухани
құндылықтарымыздың калың ортасында Тәкен туындылары да бар десек
қателеспейміз.
Қайталап айтсақ, Тәкен Әлімқұлов шығармалары қазақ халқының өнер
көшімен бірге ілесіп, шаршамай, шашасына шаң жұқпай, уақыт озған сайын
қырлана түсіп, ұрпақтан-ұрпақ ауысқан сайын жарқырай түсетініне күмән жоқ.
Оның әңгімелеріндегі, повестеріндегі, романдарындағы Абай, Махамбет, Ақан
сері, Қорқыт, Ықылас, Тәттімбет, Сүгір, Сейтек, Сәкен, Әбікен Хасенов,
Төлеген Момбеков сияқты, тағы да басқа өнер иелерінің образдары қазақ
әдебиетіндегі қадау-қадау көркем тұлғалар ретінде қала береді. Оның басты
себебі — бұл тұлғалар көркемдік биігінен табылды, заман шындығымен, уақыт
тынысымен үндес, сабақтас сомдалды. Саясатқа бой алдырмады, саяси ортаға
бейімделмеді.
Жиырма-отызыншы жылдар әдебиетіндегі Мұхтар Әуезов, Мағжан Жұмабаев,
Жүсіпбек Аймауытов, Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин,
Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин сияқты майталман
қаламгерлердің жазған көркем дүниелері әлдеқашан әдебиетіміздің алтын
қорына қосылды. Бұл туындылар енді ұлтымыздың мәңгі рухани құндылықтары
санатында кейінгі толқын қаламгерлерге суреткерлік шеберліктің, жазушылық
талап пен талғамның айнымас өлшеміндей жарқырап тұра беретіндігінде дау
жоқ.
Ал енді осындай құнды көркем туындыларды дүниеге келтірген құнарлы
орта, әдеби дәстүр, яғни жоғарыда есімдері аталған классиктеріміз уығын
қадап, шаңырағын биікке көтерген Алаш ұранды әдебиет қазақ прозасының 60-80-
жылдардағы кезеңіне де өз әсерін тигізді. Әсіресе, тарихи кезеңдер
шындығын, айтулы өнер адамдарының өмір-тағдырын арқау еткен прозалық
шығармалар оқырман назарына көбірек ілікті. Айтулы, талантты деген
туындылар да, қарап отырсақ, осы тақырыптың еншісінде екен. Осы ат
төбеліндей, аса дарынды, оза шапқан шоғырдың бел ортасында қаламгер Тәкен
Әлімқұловтың да шығармашылығы оқшау көрінеді. Оның басты себебін
қаламгердің көркемдік деңгейімен оқ бойы озық көрінген туындыларынан іздеу
абзал. Бұл туындылар, яғни Тәкеннің, әсіресе прозалық шығармалары казіргі
тұста әдебиет тарихының, әдебиеттану ғылымының зерттеу нысанасына, тану
өзегіне айналуы өте қажет. Бұл салада алғашқы қадамдар басталды.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Жаңаша талғам, шынайы тарихи-
салыстырмалы арнада қайта жүйелеп, қайта іріктеп, зерттеу, саралау.
Әсіресе, Тәкен шығармашылығының халықтық сипаты, ұлтгық болмыс-бітімі,
ұлттық бояу-бедері, ұлттық кейіпкер сомдаудағы суреткер қол жеткізе алған
көркемдік амал-тәсілдерді әр қырынан қарастыру, жүйелеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Мынау фәни дүниеден бақи дүниеге көшкеніне
ширек ғасыр жуықтап келе жатқан қаламгердің аса көркем, ойлы шығармаларына
оралып, туған әдебиетіміздің игілігі үшін суреткер қандай олжа салды деген
сұрақ тұрады. Бұл - бір. Екіншіден, Т.Әлімқұлов дәстүрлі мәдениет
үлгілерін, әдеби мұраларды, ұлттық өнерімізді, ұлттық салт-дәстүр тақырыбын
қалай, қай деңгейде игергендігі, өз шығармаларына арқау еткендігі бүгінгі
оқырманды қызықтырады. Осы жәйіттерді бүгінгі заман талабынан қарай отырып,
зерттеуші ғалымдардың, өнер иелерінің пікірлері мен көзқарастарын негізге
ала отырып өзіндік ғылыми болжамдар жасалынды.
Зерттеу объектісінің теориялық, практикалық маңыздылығы мен
әдістемелік негізі: Ат басын Тәкен Әлімқұлов шығармашылығына тіреуіміздің
тағы бір себебі - жазушының өз туындыларында өзіндік құнарымен, стильдік
өрнегімен көріне алғандығында. Суреткерлік тіл - көркемдік шеберліктің
бірінші шарты десек, бұл жөнінен келсек, жазушының өз тұстастарынан оза
шапқанын айтпау қиянат.
Жалпы Тәкен Әлімқұлов қаламынан проза жанрында алпысқа жуық әңгіме, 7
повесть, 2 роман дүниеге келіпті. Жазушының прозашы ретінде көбірек танымал
болғандығы да осы дүниелердің арқасы. Оның үстіне жарық көрген төрт
поэтикалық жинақты қосамыз. Бұлар да қаламгер талантының бір қырын
танытатын аса құнды көркем туындылар. Ал енді барша ақындардың ұстазы Абай
жайынан жазылған "Жұмбақ жан" атты зерттеу - бітімі бөлек дүние. Үш
кітабында бірнеше әдеби-сын мақалалары жинақталды. Санымен емес, сапасымен
оқырманын елең еткізген бұл әдеби-эстетикалық талдаулар әдебиет сыны мен
әдебиеттану ғылымында әлдеқашан өз орнын тауып, керек болса қазіргі
әдебиеттану мәселелерін, қазіргі қазақ сөзінің қадір-қасиетін ажыратуға да
қызмет жасап жатыр десек қателеспейміз. Очерк, аударма саласындағы елеулі
еңбектері де қаламгердің сан қырлы талант иесі болғандығын танытады. [1;
184 б].
Тұтастай айтсақ, Тәкен Әлімқүловтың қаламынан қазақ әдебиетіне аз мұра
қалған жоқ. Жарияланып үлгермеген, жазушы қоржынында қалып қойған құнды
дүниелердің өзі бір төбе, бөлек әңгіме. Қайталап айтсақ, мәселе санда емес,
сапада. Сапа болғанда көркемдік сапаны айтамыз. Осы сапасымен қаламгер
шығармалары бізді қызықтырады.
Осының бәрі ескеріліп, диплом жұмысында жан-жақты қарастырылып,
теориялық, іс-тәжірибелік маңыздылықтары анықталды. Зерттеу жұмысының
қорытындылары мен тұжырымдарын жалпы білім беретін мектептердің бағдарлы
сатысында, таңдау бойынша оқитын факультативтерде, әдеби шығармашылық
үйірмелерде, жоғарғы оқу орнынының практикалық сабақтарында, студенттердің
өзіндік жұмыстарын орындауда қолдануға болады.
Зерттеу әдістері. Зерттеу барысында ізденіс әдісі маңызды болды. Ол
бұрын белгісіз болып келген әдеби мұраларды жан-жақты саралауда қолданылды.
Зерттеу ісі мәліметтерді өңдеу, сараптау-талдау (анализ) және жинастыру
(синтез), топшылау, салыстыру, жүйелендіру, тұжырымдау әдістері арқылы
жүргізілді. Зерттеудің басты әдісі талдау-жинақтау мен тұжырымдау болды.
Құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, бірнеше тараушадан,
қорытынды мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде диплом жұмысының өзектілігі, мақсаты мен міндеті, ғылыми
жаңалығы, зерттеу нысаны сөз болады.
Бірінші, екінші тарауларда Тәкен Әлімқұлов шығармаларына талдау
жасалынады.
Қорытындыда диплом жұмысының негізгі мазмұны тұжырымдалады.
1 КҮЙІШЛІК ӨНЕР ЖӘНЕ КӨРКЕМДІК ЖИНАҚТАУ
1.1 Өнерпаз тағдыры және суреткерлік таным
60—80-жылдардағы қазақ прозасына зер салып қарап отырсақ, қазақ
прозашылары өз шығармаларында ұлттық рухани байлығымыздың алатын арқауы —
күй өнерін жасаушылардың өмір-тағдырына жиі-жиі оралып отырған. Күйші
бейнесін көркем әдебиетімізде сомдаудың мән-мағынасын қазақ қаламгерлері
терең түсінген.
Сонау алты алаштың ардақтылары Қоркыттың, Ықыластың, Құрманғазының,
Дәулеткерейдің, Тәттімбеттің, Абылдың, Сейтектің, берідегі Динаның,
Сүгірдің, Төлегеннің, Әбікеннің, Дөнештің тағы да басқа күйшілердің
образын бейнелеуге қазақ қаламгерлері халқьмыздың осы бай дәстүрлі күй,
күйшілік өнер тарихын терең танып, таразылап, ұзақ жылдар зерттеп барып
ат басын тірегендігін аңғарамыз. Қазақ күйшілерінің қайшылықты тағдыры
мен олар өмір кешкен заманның, әлеуметтік ортаның қыр-сырына терең
бойлауды мақсат еткендерін байқаймыз. Осы мақсатта олар туралы халық
жүрегінде, ел жадында сақталып қалған, болмаса аңыз-әңгімелердің, жыр-
өлеңдердің, тағы басқа сол сияқты дәстүрлі халықтық мәдениетіміздің сирек
үлгілерінің архауына жатқан әдеби, рухани нұсқалардың, барлығының қазақ
прозасында ұтымды, шебер ең бастысы көркемдік тұрғыдан үлкен талғаммен,
терең таныммен пайдаланылғанын пайымдаймыз.
Айталық, "Телқоңыр" әңгімесінде сөз зергері Тәкен Әлімқұлов атақты
күйші Сүгір өміріне соғып, Сүгір жайын сөз етеді. Өте тартымды, шымыр
әңгіме бір күйдің тарихынан сыр шертеді. Көзі қарақты оқырманға бірден
байқалатын бір шындық — Сүгірдің тума талант, құдіретті күйші екендігі.
Осыны мьна әңгіме дәлелдеген үстіне дәлелдей түседі. [2; 154 б].
Жазушының "Сейтек сарыны" повесінде Сәруар шал болып тіл қататын
Сүгірдің кейбір мінез қырларына қанық едік. Онда ол көбінесе Сейтек
тағдырымен, Сейтек күйлерімен сабақтас бейнеленетін. Ал мына әңгімеде енді
әкесі мен бала арасындағы, яғни Сүгір мен әкесі арасындағы қарым-
қатынас, қам-қарекет ой-парасат арнасында өріледі. Сүгірдің сұрапыл
күйшілігі, әкенің алғырлығы, көрегендігі, ой-түйсігінің ұшқырлығы,
ұтымдылығы алдыңғы қатарға шығады. Түптеп келгенде барлық оқиға Сүгір
домбырасынан атақты "Телқоныр" күйінің дүниеге келуі төңірегінде
топтастырылған. [3; 84 б].
"Телқоңыр" күйінің тарихы тосыннан өрбіп, өте тартымды, қызғылықты
баяндалады. Әуелде Сүгірдің шығармашылық күйінің тоқыраған, домбырасын
қолына алғанмен, жанынан ой таба алмай қиналған сәті суреттеледі.
"Баптағанда, машық күйлер жаттығу тілемейді. "Ілмені", "Ыңғай төкпені",
"Бозінгеңді", "Тоғыз тарауды" үйқыдан ояна сап тартуына болады. Ықыластың
күйлері өз алдына. Бұл өңірде Сүгірге тең келетін домбырашы жоғы және
аян". Осылай домбыра шертісі елден ерекше, атағы алты алашқа асқан
дәулеткер домбырашының түйықка тірелген, көңілі жарым, жүрегі қобалжулы
кезеңіне қаламгер соғып өтеді. "Неге екені белгісіз, Сүгір көнетоз күйді
жаңғыртпак болады. Бірақ күй төгіліп кетпей, күрмеле береді. Көкейдің
күйттілігі жетіспей жатыр. Бәлденейін десе, бәл жоқ. Назданайын десе, наз
жоқ. Өкінейін десе, өкініш жоқ. Шолақ келген қызыл-қоңыр домбыраны әрі
сабалап, бері сабалап, әрі шертіп, бері шертіп, мандырта алмай қойды". Өнер
адамының өмірінде мұндай сәттер аз смес. Шығармашылыктың азабы деген осы.
Өнер туындысы да өнерпаздың жанын осылай езіп, азапқа салып барып
туады. Жазушы шығармашылык процестің осы бір ауыр, азапты сатысын да
әсерлі жеткізеді.
Кішкене оқиға ширығып келіп, терең толғаныстарға тамырлы ойларға
бастайды. Қызыл құлынның күтпеген жерден Сүгір шаңырағына сау ете калған
ауыл атқамінерлерінің қонақасына сойыльп кетуі, бір қарағанда қарапайым
оқиға. Сүгір өмірінен алынған осы қарапайым көрініс, әңгіме соңында
терең психологиялық, философиялық түйіндеулерге келіп сабақтасады. Жанары
жаудыраган жас құлынның тағдыры адам тағдырымен астасады. Ақырында күй
болып төгіледі.
Сүгірдің жан дүниесін астан-кестең еткен бұл жағдай із-түзсіз
кетпейді. Құлынның енесін іздеп шырқыраған даусын, қас-қағым сәтте
құлынынан айрылған ене биенің сағынышы мен шерін жүрек сыздататын күйге
сыйғызған Сүгір таланты тайға таңба басқандай танылады. Осының барлығын
қаламгер тамылжыған тілмен , терең сезім толқындарымен тербеп отырып
суреттейді. Қызыл құлын бауыздалар сәттегі суретті жан-жүрегің елжіремей,
бауыр етің егілмей оқу киын. Ой терендігінің, сөздегі суреткерліктің шым-
шымдап көрінер тұсы осы. "Бала сары сәскеде қызыл құлынды шыркырата айдап
келе жатты. Енесінен ажырасқан кұлын көткеншектеп, үйіріне қарай қаша
берді. Оған бала ырық бермей, сойылдап, аяусыз сабалап, ауылға қарай
қуғыштады. Құлын от басына жақындаған сайын сұмдықты сезгендей шырқырап,
қоныраулы үнімен кісінеп, жанұшыра бастады. Үш қырқаның аржағындағы енесі
бірге кісінеді. Ол да туған төліне ұқсап, жылқышыдан катты қағажу көріп,
аяусыз таяқ жеді. Бұны сезінген сайын қызыл құлын шыжкөбелек боп,
бәйектеніп, бауырынан іріді. Қызғылтым түгі терге шомылып, қылшығы
жапырылып, күнәсіз көзі жасқа толды. От басына жақындағанда, арттағы
сағыныштан, алдағы үрейден қаны бұзылып, басы айналды. Қуғыннан өкпесі
күйіп, тәлтірек қақты". Осылай, құлын трагедиясы қанды жасы сорғалаған
күйінде суретке, бейнеге айналады. Адам трагедиясын, болмаса аң, құс, жылқы
трагедиясын суреттеген тұстарда Тәкен өзгеше өнерпаздық танытады. Оқырманын
сендіреді, сендіріп қана қоймайды, өзімен бірге тебірентеді, терең
толғанысқа түсіреді. Қызыл кұлынның осылайша бір сәттік намыс, яғни
қазақтың сүйекке біткен қасиеті — қонағына жалғыз тұяғын жығып беруге дайын
тұратын қонақжайлығы кесірінен пышаққа ілінуі Сүгірдің білместігінен
болады. Қызыл құлынның бауыздалғалы тұрғанынан хабар алған Сүгірдің әкесі
жанұшыра ұлының үйіне жетеді. Бірақ кеш қалып: — Қап! — деп, санын бір-ақ
соғады. Аққудай аппақ шал қара құстай қалбаңдап тұрып іштегі күйігін
жеткізеді: "Оның бәрі мақұл ғой, құлынның етінің бұзылғанына күйінемін" –
дейді. Айтса айтқандай, алдыға ас келгенде қонақтың бірі құлынның етінің
іріп кеткендігін ескертеді. Оның сырын Сүгірге әкесі түсіндіреді. Жылқы
баққан ел құлынды енесімен бірге айдап келіп, сойысқа шалатындығын әке
аузынан естиміз. Енесін қимаған, жарық дүниемен қоштасатынын алдын-ала
сезіп, шырқырап, жантәсілім жасайтын жануар жарықтықтың жар дегенде жалғыз
төлі — жас құлынның жайрап түскенін, соңынан құлынынан айырылған көк биенің
байыз таппай, сарнап, кісінеп, күндіз-түні төлін іздеген зары кісінің сай-
сүйегін сырқырататындай көркемдік қуатпен, шынайы суреткерлікпен беріледі.
[4; 18 б].
Анасын іздеп шұрқыраған, қолды-аяққа тұрмай сағынған қас-қағым сәттің
өзі оның қанын қарайтып, етін күйдіреді. Мұны жылқыны жанына балаған,
қанатына балаған қазақ қана сезіп, біле алған. Жылқы баласының бар қасиеті
осында еді.
Ажалмен бетпе-бет жалғыз қалған жас төлдің үрейден талшықтай етінің
тарам-тарам езіліп, іріп кеткендігін қаламгер шығармаға кездейсоқ
кіргізбеген. Осының шын өмірде қалай болатындығын көзіміз көрген жоқ, ал
енді мына контексте бұл сурет құлын трагедиясын шарықтау шегіне жеткізген.
Көркемдік жүк көтеруі одан да биік. Ары қарай әке аузымен тағы да бір
шындық айтылады. Ол "жылқы малының сырын бір адамдай мен де түсінемін"
деген Сүгірге сұмдық нали тұрып: "Сенің "Бозінгеніңді" жүре тыңдайтынымды
неге болжамайсың? Сен түліктің сырына шорқақсын. Күйіңде түйсік аз, өзіңде
парасат аз", - деп кейіген сұс танытады. Сүгірдің аты шулы күйшілігінен
оның тіршілік сырын, ер қанаты — тұлпар сырын түсінуінің төмен жатқаңдығын
автор жасырмайды. Артық-кемімен көзге түсетін Сүгір табиғаты, күйші болмысы
осынысымен қымбат көрінеді.
Қос құлынның ішінен сойысқа қызыл құлынды таңдағанының да кешірілмес
білместік екендігін әке баласының бетіне тағы басады. Болашақ тұлпарды
пышаққа қиғанын Сүгір сонда барып түсінеді. Оған әкенің төмендегі сөздері
қамшыдан ауыр тиеді: "Бұл құлын құнанында қар" көк, дөненінде алқара көк
болатын еді. Бестісінде тарлан ашып, жыл өткенде жүйрік боздың өзі боп шыға
келетін еді. Бұның енесі қарабайыр да, атасы будан. Арғы атасы - арғымақ.
Бұралған тірсегі атасына тартқан". Арғымақтай асыл жылқы тегінің тапа-тал
түсте біреуден емес, өз қолынан мерт болғандығы күйшінің өкініші мен
қайғысын қоюлата түседі.
Бұл арада Сүгірдің ойына шешектен шетінеген тұңғыш перзентіне арнаған,
бірақ иі қанбаған, пісуі жетпеген күй сарыны оралып, құлын тағдырынан туған
өкініш өз қайғысымен тоғысады. Жазушы қүйшінің шығармашылық азабының
шешілер тұсын осылай табады. "Телқоңыр" күйшінің тарам-тарам, тұңғиықтай
терең, бірақ адам жанын елжірететін азалы, шерлі, шертпе күйге құйылып
түскенде, Сүгір көкейінде осы өкініші де бой көтереді. Сол арқылы жазушы
Сүгірдің жанындағы сезімдер қайшылығын, оның адамдық, өнерпаздық болмысының
өзгеден бөлек ерекшелігін барынша терең, қең әрі сырға, сазға бөлей ашады.
Күйдің домбыраға түсу, өмірге келу сыры да қызық. Құлынын жоқтап,
күннен-күнге жіңішкеріп, шөгіп бара жатқан көк биеге басқа төлді бауырына
тартып, қанша телісе де, ене бие қатқан тоңдай ию бермей, қасарысып тұрып
алады. Енді оны аман қалған қоңыр құлынға идірудің жалғыз жолы — күй
құдіретінде жатқандығын Қаратау өңіріне атағы шыққан, алты қырқаның
астындағы текті жылқыны дауысынан танитын ат сыншысы айтады. [5; 184 б].
Жаңа күй осылайша өмірге қеледі. Күйдің басталуын, бастапқы
тарауларын, шарықтау шегін қаламгер ұзақ толғап, қағысты қайырып келеді де,
соңын былайша түйіндейді: "Күйші атаулыда басыр түйсік болмақ. Сол түйсік
Сүгірдің кеудесінде оқыс оянды. Оның ссзімтал саусақтары домбыраның
сағасына шоршып түсті де, тың дыбыстар шығара бастады. Енді шертіс де,
шымшыс та өзгерді. Өкініштің орнын уаныш басты. Домбыра аңырамай, еркелеп
шыға келді. Бейне, қушанақтан қызыл құлын кісінегендей болды. Жіңішке,
әсем әуез төгілді. Тәйри-тәйри, тәйри-тай деген нәзік те ерке дыбыстар
сағалықтан бұғалыққа қарай өрлеп, бара-бара құлынына кісінеп кетті. Жансыз
ағашқа жан бітті, ыңқылдады. Пернелер иіп, екі ішек еңірегенде, көк бие
қоса еңіреді. Артынша оқыранып, еміренді. Қоңыр құлынды иіскегенде жаудыр
көзі жасқа толып кетті.
Бие иіді...
Күйші бусана балқыды... "
Бірнеше күндер бойы өзіне телінген қоңыр құлын, тепсініп,
жанына жолатпаған көк бие құлағының түбінен Сүгірдің жаңа шығарған сазды
күйі төгілгенде өзгеріп сала береді. Биенің қайғыдан қатып-семген
емшегінің қалайша жібіп, бөтен құлынға бауырын тосқаны таңғалдырады.
[6; 22 б].
Телқоңыр атанган күй құдіреті, осылайша ақыл иесі- адам түгілі, есті
жануар жылқыныңда жан-жүрегін тербеп, енелік мейірімін оятқандығы терең
әсер береді.
Қаламгердің суреткерлік шеберлігі де осы тұста танылады. Осының
барлығын мөлдіреген сырға, жануардың шері мен мүңына бөлеп, бейнелеу,
көркемдік түрғыда келісімге қол жеткізу – жазушының суреткерлік
талантының белгісі. Шыңғыс Айтматовтың әйгілі Қош бол Гүлсары! повесінде
ат тағдыры мен адам тағдырының біте қайнасқан, ғажайып тарихы шертілген-
ді. Ал Тәкен Әлімқұловтың мына әңгімесі де көркемдік қуаты шеберлік бітім-
болмысы тұрғысынан сол рухтас туынды. Біз бұл жерде Танабай мен Сүгірді
салыстырып, екеуін теңестіріп, екеуіне ортақ мінезді іздеп отырған жоқпыз.
Ат, жылқы тағдырын сүреттеудегі, қаламгер қол жеткізген, сәтімен таба
алған тереңдікті, таным-талғамды айтамыз. Қазақ күй өнерінің тарихында
шертпе күйдің дүлдүлі, жалпы қазақ өнерінің сүйріктей сұлу тұлпары
–Тәттімбет күйшінің орны бөлек. Нәзік, сыршыл сазымен, әсерлі әуенімен
жүрек қылын шертіп, адам жанын тербейтін күй тарихы Сарыжайлау
әңгімесінде тартымды оқиғалар арнасында ашылады. [7; 157 б].
Тәттімбет тағдыры, ол өмір сүрген кезең шындығы ел өмірімен, табиғат
көріністерімен сабақтас суреттеледі. Күйшінің сыртқы келбетін жүріс-
тұрысын, күнделікті күйбең тіршілігін баяндаудан басталатын әңгіме желісі
тереңдей келе енді. Тәттімбеттің күйшілік өнерінің қыр-сырынан, жеке өмір
тағдырынан оқырманын мол хабардар етеді.
Асау жылқыны омыраудан алып ұрып тырп еткізбейтін, ат ойыннан алдына
жан салдырмайтын шалымды, тарамыс Тәттімбеттің бұл күнде денесі толығыңқы.
Дімкәс көкірек деміске, шермиген қарын бүлкілдеп, сүйкімсіз көрініспен
шошытады.
Майлы асқа тәбеті тартпайды. Кысқа жіп құрмеуге келмей, тіршілік
түйтпегімен ашуланса басына қаны теуіп, кұлағы шуылдап кетеді. Әу дегеннен
Тәттімбетпен осылай жүздесеміз.
Тәттімбеттің кешегісі мен бүгінгісін қаламгер тегін салыстырып отырған
жоқ. Күйші де ет пен сүйектен жаратылған жұмыр басты пенде. Жер басып
жүрген адам, көптің бірі. Автор әңгімесін осылай бастайды. Тәттімбеттің
дертті шағы тегін айтылмаған. Күйші жүрегінің дауасы, тән мен жанның дерті
тереңде жатқанын оқырман әңгіме соңында ғана барып ұғады.
Күйшінің ішкі жан дүниесін қаламгер ұзақтан қайырып, арна-арнамен,
сатылап, бірте-бірте ашады. Ашқан сайын Тәттімбет тұлғасы ірілене, биіктей
түседі. Күйші тағдырының күнгейі мен көлеңкесі, бақытты шақтары мен
өкінішті кезеңдері көз алдымыздан өтеді.
Сарыарқа төсін сан ғасыр арманға бөлеп мекеңдеген қалың елдің тыныс-
тіршілігін суреттеген тұстарда қаламгер құлашын кеңге сермейді.
Тәттімбеттің бір қезендегі қайратты, қызығы мен қызуы мол өмір асуы артта
қалса да, қүйші өнерге деген құштарынан жаңылмайды. Жер, су, тау, көл,
орман, тоғай көрінісі тұтаса келе керіліп жатқан кербез даланың бар
сұлулығы мен сәулетін көз алдымызға алып келеді. Авторлық баяндау әдісін,
лирикалық шегіністерді, кейіпкердің "сана ағымын" қаламгер сәтімен, ұтымды
пайдаланған. Осының барлығы тұтаса келіп Тәттімбеттің күллі қүйшілік бітім-
болмысын іштен ашады. Жалпылама ашпайды, бейнелі, тартымды ашады.
Жылдың төрт мезгілін табиғи бояуымен дәл тауып, өрнектегенде
қарапайым қазақ даласы көз тартып, қазақ сахарасы қалай құлпыратынын
көреміз. Бірақ үзіндіге көз тоқтатайық: "Жер көктемде, ел жазда түлейді.
Кәрі мен жасты теңестірген жомарт жазға не жетсін! Сары жаздың сәніндей
Сарыжайлауда қымызға мас болып асыр салған бозбастардың ішінде Тәттімбет те
өмір сүрді. Етегі бүрмелі ақ көйлек, белі қынамалы көк масаты, қызыл масаты
бешпент киген қыздар, қара мақпал камзолды келіншектер айт күндері дүркірей
қыдырғанда, мамырдың қырмызы гүліндей қүлпырып, қызыл-жасылданып, бал-бұл
жанып тұратын сиқыр шақ Тәттімбеттің көз алдында!". Қаймағы бұзылмаған
дәстүрдің, дала қызығының дүрілдеп тұрған шағындағы ел өмірінің суретін
қаламгер кейінгі беттерде де сан қайталайды. [8; 179 б].
Қайталанған сайын өтіп кеткен өмір қызығы жаңа бір қырынан, бұрын
айтылмаған тың қырынан көз тарта береді. Тәттімбет үшін қазақ даласының
өтіп кеткен қызығының өзі аса қымбат, аса қадірлі. Енді осындай сұлу
далада тәтті, бейбіт, мамыражай өмірмен қатар қатыгез, қаралы оқиғалардың
да қатар жарыса орын тепкенін қаламгер айтып өтеді. Халық тағдырындағы
тарихи белестер, ұлттық дамуымыздағы қиын-қыстау кезеңдер, барлығы ақын
тағдырымен сабактасып жатады.
Соғыс, қырғын, қантөгіс, шетел шапқыншыларының қылышының астыңда қан
қақсаған халық, азып-тозған, арып-ашқан ел, туған жердің бір сүйем
топырағы үшін жан қиған қазақ батырларының тарихы да Тәттімбет ойы арқылы
беріледі. Енді осының барлығы күйшіге әсер етеді. Толғандырады. Жан
дүниесін қозғайды, тебірентеді. Жүректің түбінен бастау алған осы көңіл
толқындары, енді киелі домбырадан күй болып төгіледі. Осы суреттерде оның
аңғарылып отыратын ұлттық болмыс-бітімі, жан-дүниесі, арман-аңсары барлығы
жиылып келгенде Тәттімбет күйшінің образын даралап, ірілендіріп көрсетеді.
1.2 Күй тарихы және өнерпаз психологиясы
Тәттімбеттің атақты "Қосбасар", "Сылқылдақ", "Сарьгжайлау" күйлерінің
әрқайсысының өз тарихы бар. Өз тағдыры бар. Осы тарих пен тағдырға қаламгер
терең бойлайды.
"Талай жиында топ жарып көзге түскен, жуандарды жырмен қағыткан,
карапайым халықты күймен сусындаткан Тәттімбеттің досы да, дұшпаны да көп".
Тәуелсіз дәулеті бар екенінің арқасында Тәттімбет еркін, бой бағып,
бұлаңдап өседІ. Тік те шалқақ денесіне қонымды сәнді киім киініп "кербез
бала" да атанады. [9; 37 б].
Тарихқа бай, ән мен жырдың құтты мекені болған, құнарлы өлке Қарқара
төсінде өнер қуып, ой бағып, тұстастарынан ерте есейген Тәттімбет әр елдІ
аралап, жер сұлуын көп көредІ. Ертеден ел аузында аңыз болған Көкшетау,
Баянауылдарды, жер жаннаты Жетісуды көзбен көріп,көнілге тоқыған сәттер
күйші көңілінде жатталып қалады.
Орынбор, Мәскеу, Петербор сияқты үлкен калаларға сапар шеккенде жол-
жөнекей сыңсыған орманға, жайқалған
шалғынға сүйсінеді. Таныс емес елдің,
бұрын көрмеген жаңа жердің табиғаты өз сұлулығымен күйші жүрегіне от
тастайды. Бірақ осының барлығы жиылып келгенде туған жердің табиғатына,
ғажап суретіне тендесер дүние емес екендігіне күйші жүреғі сенеді. Осы
тұста қаламгер: "Тәттімбет алаканның астынан қарап, жосалы жаққа көз
тастады. Ақыраптың ақырамаш шуағы ойпаңда сағымданып алдамшы көлге айналып,
көз ұшын бұлдыратып жіберді. Сары аурудың сандырағындай соңғы сағым
толқынданып, күйшіге шәйі орамал бұлғады. Тәттімбет: "Қазақтың жаннаты
жайлау екен ғой. Бұрын неғып байқамадым?!" - деп таңырқады. [10; 127 б].
...Құбыладағы қаз бауыр қоныр бұлттар қоюланып, біріне-бірі
міңгесіп, түсін суыта бастапты. "Өкінішті өмір осы! — деді ТәттІмбет.
Ендігі тіршілігім мынау миқы-сиқы көлеңкеге, анау сүрланған бұлтқа
ұксас. Қой, дүниеден көшпей турғанда Сарыжайлау тұралы күй шығарайын.
Қазақтың ертегі-аңызын әуенге қосканша өз басымның кешкенІн сыр ғып
шертейін",- деген жолдар арқылы кең толғап, тереңнен тартып Тәттімбеттің
"Сарыжайлау" күйіне келу жолын, осы жолдағы ішкі тебіреніс, күйшінің көңіл
ауанын айна-қатесіз жеткізеді. "Сарыжайлау" күйінің өмірге келу тарихы
осылай бастау алады. [11; 14 б].
Осындай жанның енді өнердегі жолы да буралаң, бұлтарысы қалың. Бүралаң
болатын себебі қоғамы қатыгез, ортасы опасыз болды. Тәттімбетке опық
жегізіп, бармағын шайнатқан кезендер шығармада кең қамтылады. Осының
барлығын жазушы нақты оқиғаларды көлденең тарта отырып, соларды терең
бейнелей отырып жеткізеді. Әсіресе, Сарыжайлау сияқты жер жаннатынан
айырылған Тәттімбет ауылының іштегі шер болып қатқан азасы, жуан, өктемшіл
төре әулетІне кеткен есесі күйші ойымен, күйшІ толғанысымен тартымды
өрнектеледі.
Жуан ауылдың, төре тұқымының тізесі момын елге батқанда осыдан
теперІш көріп, жаны күйзелгсн алдымен күйшІ Тәттімбет болды. Себебі ол ел
еркесі еді . Тұтас бір ағайынды ауылдың бас көтерер серкесі, сойыл соғар
жалғыз жанашыры еді. Қиянатшыл орта бірақ оған қарамады, мойын бұрғызбады.
Осылай, бастаушысы Дуанбасы Қусбек болып, ақсүйектІк намыс үшІн кіжінген
төренің иықтылары біртс-бірте Тәттімбеттің жеке басына жармасып, куйші
журегіне жара салады. ЬІмырасыз жауыққан қиянатшыл орта осынысымен де
токтамай, Тәттімбетті істі етуге дейін барады. Шабындығына таласып, малын
тонайды.
"Сарыжайлау" күйінде ең алдымен Тәттімбет осы әлеуметтік әділсіздік,
қоғамдық теңсіздік адамдар арасындағы тартыс шындығын арқау етеді. Есесі
кеткен ел көпе-көрнеу қиянаттан қанаты қайырылған өнерпаз тағдырын күй
сарыны, күй мақамы айна-катесіз жеткізеді.
Күйші азабы осымен аяқталмайды. Алдында Сарықызға ғашық болған күйші
арманы Тәттімбетке күйік болып бір жабыскан. Төреден қараға қыз беруге
тыйым салатың керітартпа ата салты, азат ойға құрсау болған қараңғылық
күйшінің жолын кесті. Бақытсыз етті. Көз алдында, көңіл түкпіріне қонған
тәтті арман қас-кағым сәтте сағымға айналды. Сүйгеніне қосьла алмаған
Сарықыз да құсалықтан көз жұмды. Бұл да Тәттімбет жүрегіне жара салған бір
кезең.
Өмірдің қия белінде осылайша күйші тағдыры сан кайтара сынға түседі.
Бір тұста Тәттімбет былайша толғанады: "Тәттімбеттің көз алдынан бүкіл
өмірі шұбырып өтті. Жиырма жасында "Сылқылдақты" сылқылдатып, ақбоз
жорғасына би билетіп, жандаралдан мақтау қағаз алғанда, одан бері азуы алты
карыс аға сұлтан Құнанбайды басынып, әкесінің асына тасырлатып нөкермен
барғанда, Карқаралы, Семейде талай азаматты тордан құткарғанда, жазықсыз
жапа көрген жетім-жесірге болысқанда, ел ішінде қара кылды қақ жарар қазы
атанғанда, күндердің күнінде кемшілікті ат төбеліндей төреден көрермін,
самалды Сарыжайлаудан қуылам деп жорыған ба еді?". [12; 45 б].
Сарыжайлау тақырыбы — әңгіме ішінде сөз болатын барлық оқиғалардың түп
қазығы. Күйші осындай жерорта жасына келгенде өзін терең тебіреніске
түсірген, күндіз-түні ой-санасынан бір сәтке де кетпей койған толғақты
күйін аса бір терең шабытпен дүниеге әкеледі. Домбыраның қос ішегінен
төгілген күй Тәттімбеттің көз алдына Сарыжайлау атты құтты мекеннің
көрінісін бар бояуымен қайта тірілтеді' - Қүтты мекеннің аясында армансыз
өткен қызық так, бозбалалық, жігіттік кезең күйші жадында кайта жаңғырады.
[13; 78 б].
Күйшінің сезінуінше, Сарыжайлауды сағынған сарын ересен күйлі, лепті
болуға керек. Жүйріктей жүйткш, жорғадай тайпалатын ырғақтардан құралсын.
Көңілдің көрікті әні құлақ құрышын қандырып, жүрек қылын шертерлік сиқыр
сазға ұлассын. Түйсігі барлар түсінерлік шалкыған, сыңсыған арман тілі
домбыраның шанағынан сайрасын. Осы талаптардың үдесінен шыға білген күйші
болмысы шынайы.
Күй ырғағына ерекше екпін дарытып, сазды әуеннің ішіне бітімі бөлек,
болмысы асыл мазмұн сыйғыза алған күйші дарынына, күйші талантына қаламгер
кең тоқталады. Аса күрделі, теңіз тынысындай толқын-толқын құйылып келіп
отыратын күй тарауларының әрқайсысының домбыра шегіне түсуінің өзін жазушы
аса бір нәзік, оралымды тілмен оқырманына жеткізген. Күй сырын, күйші
тағдырын терең түсінген автор "Сарыжайлау" күйінің тағылымды тарихын
осылайша таратып, өте тартымды суреттейді.
Күй туар сәттегі күйші сезіміне, ішкі жан дүниесіне жазушы терең
бойлайды. Жайшылықта әлденеше күнді ұғатын сыршыл, күрделі күй осылайша бір
кеште дүниеге келеді. Күні бойғы сейіл, сүйсініс, күйініш, тарығыс, үміт,
наз, нала домбыра тілінің түйсікшіл шежіресіне айналады. Тәттімбет күй
шежіресін аяқтай алмай қатты күйзеледі. Күздің ұзақ түнін дөңбекшумен
өткізеді. Баяғыдан бері шығарған күйлерін місе тұтпай осы күйге,
"Сарыжайлауға" ынтығады. Бұған дейінгі көңіліне тоқ санап, өзіне жұбаныш
етіп жүрген "төреге, тотайға, жорғаға арнаған күйлері — баянсыз дүниедей"
көрінеді. Осыған дейінгі төккен күйлерінің бір төбе, ал мына жаратылысы
дара, болмысы бөлек "Сарыжайлауы" бір төбе болатынына көзі жетпесе де
көңіліне сенеді. Күй толғағының осылай ұзақ, созымды, титығына жеткен өнер
дүниесі болғандығына Тәттімбет іштен сүйсінеді. [14; 50 б].
Бірақ күйшінің айызы әлі қанар емес. "Жайлаудың кеңдігімен, жаздың
ұзақтығымен салыстырғанда күй әлі де келте жатыр. Тәттімбет: "Негізгі
тарауды қайталар алдында тыңнан қыска бір тармақ қосу жөн екен", — деген
байламға келді. [15; 96 б].
...Екі шек егіз лебіз қосты. Жуан дыбыстар мен жіңішке дыбыстар
жымдасып, дүрліге құлдилағанда, көкей қажар кербез оралым пайда болды.
Қанша тыңдасаң құлак қанбайтын, қанша кауышсаң мауқың басылмайтын оралым
еді. Шерліге шаттық, шадымалға мүң бітіретін назды да налалы тармақты
пысықтағанда, күйші -"Кейінгілер нәшіне келтіре алар ма екен!"- деп
күдіктенеді. Әңгіме соңын осылай аяқтағанда жазушы күйшінің ішінде айтылмай
калған арман-мұң барын аңғартады.
Әлеуметтік әділетсіздік, қиянатжайлаған қоғамдық орта заман теперіші,
барлығы күй астарында жатқанын қаламгер терең тебіреніспен жеткізеді.
Тәттәмбеттің келер үрпаққа аманаттаған асыл, ардақты сәлеміндей сезілетін
бір күйдің тарихы осылай сан-сала заман суретін тұтастай көз алдыңа
әкеледі. Әңгіменің өте тартымды, әсерлі, оқырманын бірден баурап алатын
сыры да осында жатыр.
"Сарыжайлау" эңгімесіндегі Сарыжайлау сөзі алдымен жер атауын
білдіреді. Әңгімеде осы жердің, яғни қазақтың кең мағынадағы сары
жайлауының, оның көз тоятын көрінісінің туған табиғат сұлулығының күйші
домбырасына қалайша күй болып құйылғаны шығармашылық процесс деңгейінде
суреттеледі. "Тәттімбеттің көзіне тағы да Сарыжайлау елестеді. Қанша жұтсаң
да тойғызбайтын қоңыр самал, шалғайда ойнаған көк сағым, сылқылдаған бұлақ,
сыбдырлаған құрақ, тәжікелескен жігіт-желең мен қыз-келіншек жүйрік көңілде
сиқырлы суреттер туғызады. Тәттімбет "Дариға" деп тұншыға күрсінді",- деп
суреттейді күйшінің осы тұстағы сәтін. Осындағы қоңыр самал, кек сағым,
сылқылдаған бұлақ, сыбдырлаған құрақ, тәжікелескен жігіт-желең мен қыз-
келіншек - бәрі күйшінің өзі ойша тапқан, қиялмен ғана көрген өмір
құбылыстары емес, оның өткен өмірінің кызықты, бақытты сәттерінің ажарына,
сән-салтанаты мен қуаныш-шаттығына негіз, бесік болған, куә болған
шындықшыл жайлар. [16; 37 б].
Ендігі тұста сол қоңыр самал, көк сағым, сылқылдаған бұлақ,
сыбдырлаған құрақ сол қалпында көз алдынан, көңіл көзінен өткенде, оның осы
сурет, осы көріністермен бірге, солардың аясында тапқан қуаныш -шаттығы,
бақытты күйі еміс-еміс елес беріп, қайта ғайып болады. Күйші көңілін
күрсінтіп, терең толғаныска салатын — осындай жайлар.
Тәттімбеттің "Сарыжайлау" күйінің тууы туралы нақты дерек те, аңыз да
жоқ. Күйдің сазына байланысты аса дарынды сазгер, зерттеуші А.Жұбанов
мынадай болжам айтады: "Күйде жаратылыстың небір әдемі суретін бейнелеу,
сонымен катар сол әсем суретті көріп, үлкен эстетикалык рахат тауып тұрған
адамның жал қылының үні бардай. Мүмкін бұл сурет кәдімгі өзіміз білетін
жайлау болар деген де ойға келесін. Сылдырап ағып жатқан бұлақ, асыр салып
асық ойнап жүрген балалар, косылып әндеткен қыздардың да үні бар. Күйде
кешкі ауылдың баяу үнде берілген симфониясы, күндізгі күннің сәулесімен,
енді, міне, адамның мұрнын жарғандай келіп тұрған көк орай шөптің иісі
бардай ..." [17; 29 б].
Жазушы "Сарыжайлау" әңгімесінде күй мазмұнындағы осы көріністерді
кейіркерінің жан сырына бөлеп суреттейді. Көркем әдебиетте әдеби
шығарманың арқауы ретінде неше түрлі өмір шындықтары пайдаланылатыны
белгілі. Солардың ішінде белгілі оқиғалар, түрлі деректер, аңыз-әңгімелер,
ән-өлеңдер, әдеби ескерткіштердің атқаратын қызметі аса маңызды.
Ал әдеби шығарманың сюжеттік желісінің күйге, сазға негізделуін қазақ
әдебиетінде Тәкен Әлімқұловтың шығармашылық ізденістері қалыптастырды. Күй
сазынан, үн жүйесінен мән-мағына табу, оған нақты мазмұн дарыту немесе оны
белгілі мазмұнмен нақтыландыру, сөйтіп әдеби шығарманың оқиғалық желісіне,
адам образын жасаудың, кейіпкер характерін жасаудың басты құралына
айналдыру - Тәкен Әлімқұловтың жазушылық даралығын белгілейтін көркемдік
факторлардың бастысы.
Бұл мәселе кезінде І.Жансүгіровтың "Күй", "Күйші", "Құлагер" атты
бірнеше поэзиялық шығармасында өзіндік шешімін тапқаны белгілі. [18; 174
б]. Ал осы прозада Т.Әлімқұлов бұл дәстүрді жалғастырып, оған жаңа бағыт,
жаңа арна берді, өзіне дейін қалыптасқан көркемдік үрдісті өзінше, жаңаша
жалғастыра отырып, казақ прозасын, әсіресе, әңгіме жанрын тақырып, идея,
образ жасау және стильдік тұрғыда жаңа көркемдік жетістіктермен байытты.
"Сарыжайлау" әңгімесін жазудан бұрын Тәттімбеттің көзі тірі немересі
Шайхы деген қария мен хат жазысқанмын. Сексеннен асқан шалдың бір дәптер
жазбасы — деректің куәлігіне барабар еді. Әңгіме жазарда менің "Сарыжайлау"
күйін үйренуіме тура келді. Оны күйсандықта Ахмет Жұбановтан, домбырада
Баймұқан Тоқтаровтан үйрендім. Неге? Меніңше, "күй әсем", "күй ғажап" деген
тәрізді эпитет - мазмұнсыз желсөз! Мен күйдің ырғағын, суретін бейнелеуді
ұнатамын", — дейді жазушы. [19; 39 б].
Жазушы өз әңгімесінің жазылу тарихы туралы құнды ойларын, қымбат
суреткерлік сырларын айтып отыр Тәттімбеттің немересі Шайхы қарттың бір
дәптер жазбасында жазушының өмір шындығынан өнер шындығын жасау
процесіндегі толып жатқан шеберлік кырларын ашуға септігін тигізетін
деректер жатуы анық.
Қаламгер ол дәптердің мазмұны жайында ашып айтпайды Қаламгсрдің
суреткерлік даралығын аша түсуге кажетті деректер табылар ма деген оймен
біз сол дәптердә көп іздедік. Өкінішке қарай, жазба дәптерді қолымызға
түсІре алмадық. Дегенмен жазушының осы айтқан аз мәліметінің өзі анық
суреткерлік тұрғысын шығармашылық тәжірибесімен сабақтастыра отырып, едәуір
анықтануға жол ашады.
Әдетте жазушы өзі суреттеп отырған шындық құбылысты тІкелей өз басынан
өткеруі шарт емес. Жылқышы өмірін жазу үшін жылқы бағу, койшы өмірін жазу
үшін қой бағу немесе өндірістің оқиғаларын суреттеу үшін станоктың басында
тұру, көмір қазу қаламгер үшін міндет емес. Оқырман үшін ол маңызды емес.
Окырман өмірдің шынайы бейнесін сезінуі керек. Т.Әлімқұлов осы талаптарды
бірінші орынға кояды, яғни өз шығармасына өзек болар өмір шындықтарын терең
зерттеп, толық зерделейді,тіпті т кейбІр құбылыстарды өз басынан
өткергендей күй кешуге саналы түрде барады. Соның бәрі жазушының өзі
суреттейтін өмІр құбылыстарын барынша жеткілікті, толық тануды міндет
тұтқан суреткерлІк тұрғысының талаптары мен өлшемдерінен туындайды. "Күйдің
ырғағын, суретін бейнелеуді ұнату" сырында да осындай талаптар мен өлшемдер
жүйесі бар. [20; 154 б].
Т.Әлімқұловтың шығармашылық тәжірибесінде оған сурет өнерінің,
архитектураның, музыканың терең ыкпалы болғанын аңғарамыз. Жазушы осы
орайдағы тәжірибесін айта отырып: "Музыканы тындаушының құлағыңа қүйылуы
үшін такт кайталанады. Прозада соған ұқсас детальдың кайталанатын шағы
бар",- деп жазады. [21; 86 б].
Автордың каламгерлік түрғысын таразылауда оның мына ойларынында
танымдық маңызы жоғары. Бұдан жазушының музыка, саз өнерінің табиғатын
терең таныған бай суреткерлік зердесІн аңғаруга болады. Жазушының
суреткерлік түрғысы осылайша оның таным байлығымен, әдеби шығармаға өзек
болатын өмір құбылыстарының тобын зерттеп, зерделеп тануға ұмтылған
шығармашылық құштарлы күйімен сабақтасады.
"Сарыжайлаудың" екінші тарауы бірінші тарауынан гөрі созымды. "Саялы
сахараның сауығы, думаны коңыр жел мен сары желдің аралас ұйытқуында
ұласып, жарыскан ызындарға ерекше екпін бітірді. Ызыңдар бара-бара адамның
дауысымен сөйлеуді шығарды". Қаламгер осылай "Сарыжайлау" күйінің тарау-
тарау болып домбыраға түсуін күйшінің жан дүниесіндегі нәзік құбылыстарды
суреттеу арқылы жеткІзедІ. Жазушы күйдің тууына негіз болған өмір
қүбылыстарының тобын күйшінің өмірімен, оның жеке басының қуаныш-
өкінішімен, рақат тапкан немесе сағьныштың сары уайымына салынған
психологиялық сәттерімен тығыз байланыста суреттейді. Соның нәтижесінде
әңгімеде күй мазмұны, күйдің туу процесі ғана емес, күйшінің шығармашылық
ойлау даралығы мен шығармашылық еңбегінің ерекшелігі, сондай-ақ күйдің
"ырғағы, сазы, суреті" де терең көрініс табады. [22; 83 б]. Мұның өзі
автордың өнерпаз түлғасын жасап, оның мінезін даралаудағы суреткерлік
түрғысынан туындап жаткан шығармашылық үлкен жетістігі әрі даралығы деуге
лайықты шеберлік үлгісі болып табылады.
Қазақ халқының күй аңыздарының ішінде "Нар идірген" күйіне байланысты
оқиға желісі ерекше назар аударады. Аңыз желісінің өзінде психологиялық
тартыс, адамның мінез даралығы мен аңсар-арман ерекшелігі мейлінше айқын
көрініс тапкан. Күй тарихы тұралы А.Жұбанов төмендегідей халық аңызын
айтады: "Баяғыда бір шал мен оның жалғыз қызы болыпты. Олардың күн көретіні
де жалғыз нар екен: Ішсе асы, мінсе көлігі. Күндердің күнінде сауып отырған
түйесінің ботасы өліп қап, кызы мен әкесі ас-сусыз қалады, үйлерінде үнем
жоқ, аштан өлуге айналады, шал не істерін білмей, қатты капаланады... Үйіне
екі жолаушы кісі түсіпті. Келген ақсакал қарт кісі де, жанындағы жас
жігіт те домбырашы болып шығады... Қарт домбырашы: "Қызыңды қисаң, нарыңды
иітіп береміз",- деген екен. Түйенің жанына барып тарта жөнелгенде, домбыра
"қос-қос" деп сөйлеп қоя береді. Бір кезде қыз түйе емшегіне сүт келе
бастағанын байқайды, бірак шалға тигісі келмеген ол сүті ағып кетпесін дел
үрпісін саусағымен қысып ұстап тұрады. Қалай деп ымдаған қарияға ол сүт
келген жоқ деп ымдайды, қыздың жауабын қабағынан ұқкан жігіт домбырасын
алып енді ол тарта жөнеледі. Сол кезде сүт қысқан желінді қоя беріп еді,
сүт көнекке сауылдап төгіле бастады. Отағасы өзінің берген уәдесін орындап,
нарды иіткен жігітке қызын береді".[23; 215 б].
"Нар идірген" күйінің шыгу төркіні туралы осы аңызды шебер пайдалана
отырып жазушы Т.Ахтанов терең, тартымды көркем туынды жасады. Қаламгер
шьғармасында күй аңызының ежелгі желісі толық сақталған. Ондағы әр сәтті,
психологиялық ахуалды суреткерлік зердемен пайымдап, күй аңызын к көркем
шығармаға айналдырады. Күй аңызы мен күй сазын әдеби шығарманың мазмұны мен
мәнін анықтайтындай, әрі оны күллі сюжеттік арқауды тұтастырып ұстап
тұратын негізгі көркемдік арна ретінде суреткерлік мақсатта ұтымды
пайдалануда Т.Әлімқұлов қол артқан көркемдік әдіс-тәсілдерді Т.Ахтанов та
өзіндік қолтаңбасына орай сәтімен жүзеге асырып отырады.
Т.Ахтановтың алғашқы әңгімелерінің бірі Күй аңызы халық арасында
кеңінен таралған Нар идірген күйінің аңызымен берілсе де, көркемдік
шешімі тың да, терең. Халық аңызында күй және күй өнерінің нар идірген
құдіреті, хас өнерпаздық шеберлік негізгі арна боп өрілсе, жазушы оның
әлеуметтік астарын бірінші кезекте алға тартады. Аңызды романтикалық
сарынынан арылтып, әлеуметтік, адамгершілік салмақ көтерген реалистік
әңгіме дәрежесіне көтереді. Әңгімеде болған жерін тамсандырған керемет
өнерпаздық құдырет қана суреттелмейді, сол жасы ұлғайып қалған өнер иесінің
мұңы мен сыры да қоса көркем өрнектеледі. Не нәрсе де өз кезінде қымбат
екен. Сусып өткен уақытты қанша бір құдырет иесі болсаң да, қайта қалпына
келтіре алмайды екенсің.
Күй аңызындағы шеберлік - автордың тың көркемдік шешіміне орай
туындайтын Естеміс күйші образының сонылығында. Табиғаттың, өмір-
тіршіліктің тылсым сырларымен тілдесіп, оны құдіретті күй тіліне аудара
білген хас өнерпаздың бойынан кім селкеулік іздеген. Шын өнерпаз – саф
алтыннан құйылғандай бірегей тұлға. Халықтық ұғым да осыған ұйып сенген. Ал
жазушы оны осы хас өнерпаздығымен бірге, өмір-тіршіліктің ағымында
жүріңкіреп қалып, сөйтіп жасы елудің үстіне шыққанын да аңғармай қалған,
бүгіндері көңілінің түкпірінде өзгелерге аша қоймайтын адамдық мұңы бар,
жылы ошақтың басын аңсаған пенде бейнесінде де суреттейді. [24; 77 б].
Автор оны қасына көптен еріп жүрген жас серігіне сыр ғып білдіруі арқылы
аша түседі.
-Қарағым Оразымбет, маған ергеніңе жыл болып қалды. Құлағың сақ,
қолың жүйрік жігітсің. Түбі жақсы күйші сен боларсың. Бірақ күйімді үлгі
етсең де, менің өмірімді үлгі етпе. Жас елуге келді. Менің өмірім тұрлаусыз
болып барады. Қанша ел көрсем де, жер көрсем де, қайтып оралар бір қазығым
жоқ. Жар сүймей, бала сүймей кетіп барам. Енді бір айналғанша қарттық
келеді. Нағыз от басының жылуын аңсайтын кез сонда болар.
Естемес ауыр күрсініп қойды. Оразымбет ұстазын аяп кетті. Қабағы
кірбеңсіз, көңілі ашық көрінген ұстазын іштей кемірген зор уайым бар екен.
[25; 49 б].
Аңыздық сарыннан арылтып, реалистік кейіпкерге айналған күйші
бейнесінің адамдық мұңын, көңіл түкпіріндегі түйткілін жазушы әңгімеде
шебер ашады. Туындыдағы ерекше байқалатын сипат – реалистік прозаға тән
дәлелдеме күштілігі және бір жағдайдың екінші жағдайға ішкі дайындық жасап,
табиғи дамуға мүмкіндік жасауы. Көкірек шерін хас шешенше қысқа да қайыра
толғай жеткізген Естемес күйшінің басындағы жай келесі көрініспен табиғи
байланысып тереңдей түседі. Ендігі бір сәтте жапан даладағы жүдеу жалғыз
нардың көрінуі – іштей жадау тартып, жалғыздық күйін алыстан сезініп, мұның
ақыры не болар екен деп алаңдаған қарт күйшінің көңіл әуенін толықтыра
түссе, онан кейінгі жас серігі Оразымбетке белгісіз бір әуеннің қарт
күйшінің қолымен кенеттен орындала бастауы – бір сәт билеп кеткен көңіл
шындығының сыртқа тепсінген толқыны еді. Жазушы оқиға байланысын осылайша
ширықтыра дамытады.
Естемес домбыраның құлағын бұрап күйге келтіріп алып, машықты әуенмен
қағып-қағып жіберді. Епті ұзын саусақтар пернені жоғарыдан төмен бірнеше
қайтара жүгіріп өтті. Бірақ мұның бәрі жаттанды сарын еді. Аздан кейін
күйші қолы күрмеліп қалғандай бір пернені басып, жалғыз шекті шерте берді.
Белгісіз тың әуен дүниесінің табалдырығынан аттап өте алмай, қиналған түрі
бар. Оразымбет те демін ішіне тартып, ұстазының дидарына ынтыға қарап
қалған: жаңа бір күйі сарайының есігін ашқанша асыққан сабырсыздық бар
өңінде. Ат жалынына еңкейіңкіреп барып Естемес ырғалып, кеудесін көтере
беріп, тың күйді бастап кетті. Майда ырғақты, жұмсақ әуен бояуы оңып кеткен
шүберектей күзгі қуқыл даланың үстінде қалықтай берді. Сәл бәсеңдеп барып
домбыраның кеудесінен екі-үш ырғалып әрең суырылып көтерілді де, ар жағы
мұңды сазға, майда ырғаққа ауысты. Көңілі жүдеу бишараны жұмсақ алақанымен
маңдайын сипап, алыстағы бір болмашы үмітті нұсқағандай елес ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz