Шығындардың өндіріс көлеміне қатысты сипаттамалары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. ӨНДІРІСКЕ КЕТКЕН ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
1. Өндіріске кеткен шығындар түсінігі, жіктелуі
2. Өнімнің өзіндік құны түсінігі, экономикалық мәні
1.3 Ұйымның сипаттамасы және өндіріс шығындарының есеп
саясатында қаралуы

2 ӨНДІРІСКЕ КЕТКЕН ШЫҒЫНДАР ЕСЕБІ
2.1 Өндіріске кеткен шығындардың бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуі
2.2 Өндіріске кеткен шығындарын есепке алу мен өзіндік құнды
калькуляциялаудың әдістері

2.3 Үстеме шығындар есебі және олардың бөлініп таратылуы

3 ӨНДІРІСКЕ КЕТКЕН ШЫҒЫНДАРДЫ ТАЛДАУ ЖӘНЕ ЕСЕПТІ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Өнімнің өзіндік құнын талдау
3.2 Өндіріске кеткен шығындарды азайту көздерін анықтау әдістемесі

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Кіріспе

Бүгінгі нарықтық экономиканың жағдайында бухгалтерлік есепті жүргізу
басқару жүйесінің ең маңызды және міндетті шарты болып табылады.
бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жөніндегі заңға сәйкес барлық
шаруашылық ұйымдары бухгалтерлік есеп жүргізуге және қаржылық есептілікті
тиісті ұйымдарға ұсынуға міндетті. Оның ішінде ірі бизнес өкілдері үшін
халықарылық қаржылық есептілікке сәйкес есеп жүргізу мен есептілікті
құрастыру міндеттелсе, орта және кіші бизнес өкілдері үшін ұлттық
бухгалтерлік есеп стандарттары бойынша есеп жүргізу міндеттелген.
Бухгалтерлік есеп өндірістің жағдайын, экономикалық тиімділігін
анықтап, негізгі міндеттерін нақты сипаттайтын бірден –бір ақпараттық
жүйе. Қазіргі қалыптасқан дағдарыстық экономикалық қатынастар жағдайында
елбасымыздың халқымызға жолдауының бағыттарын ұстанып, өндірістік салада
өндіретін өнім түрлеріне зор мән бере отырып, өндіруге кеткен шығындардың
ауқымынын неғұрлым азайтып және өзіндік құнды дұрыс әрі дәл анықтау
міндетті шарт болып отыр.
Осы мәселеге орай ұйымдарда өндіріске кеткен шығындардыесептеу
жолдарын дұрыс жүйеге келтіре отырып, өндірістің шаруашылық қызметін
басқарудың заңдылықтары сақталған жағдайда халық шаруашылығының өркендеуіне
жол береді.
Нарықтық экономиканың нағыз шарықтап келе жатқан шағында күрделі
экономикалық механизмді басқару өндірістегі дәл, әрі нақты жүргізілген
есеп арқылы ғана жүзеге асуы тиіс.
Ішкі шаруашылық есептеулерде ең басты рөлді бухгалтерлік есеп
атқарады, өйткені, жоспарлау және мөлшерлеу - бір ғана қолданатын дискретті
үрдістер, ал ішкі шаруашылық есеп үзіліссіз және тұрақты, осы жүйедегі кері
байланыс элементі ретінде көрініс тапты.
Пайда табу ұйымды басқару жұмыстарының тиімділігіне, өндірісті нақты
ұйымдастыруға, ресурстарды үнемдеу саясатының жүргізілуіне одан ары тәуелді
бола бастады. Ол ұйымдағы бухгалтерлік есептің барлық жүйесін қайта құруды
талап етті.
Бухгалтерлік есептің бәсекелестік экономикаға, сыртқы тұтынушыларға
неғұрлым ақпаратты көбірек беруге, сонымен қатар коммерциялық құпияны
сақтауға сай келу қажеттілігі ұйымның бұрынғы біртұтас бухгалтериясын жеке
екі бөлікке - қаржылық және калькуляциялық бөлікке бөлуге итермелейді.
Нарықтық экономика жағдайында осы мәселе өзекті болып тұрғандықтан
диплом жұмысында өнімнің өзіндік құнын анықтау және калькуляциялау
әдістеріне терең мән берілген. Ұйымдар өздерінің есеп саясатында
пайдаланылатын ең тиімді өзіндік құнды калькуляциялау тәсілін таңдап
көрсетуі қажет.
1. Өндіріске кеткен шығындар есебінің теориялық мәселелері

1. Өндіріске кеткен шығындар түсінігі, жіктелуі

Кез келген өнімді (жұмыс, қызмет) өндіру белгілі бір шығындармен
байланысты .
әдетте, шығындар деп белгілі-бір тауарлар мен қызметтер үшін
төленген, яғни, жұмсалынған ресурстар немесе ақша қаражаттарын түсінеміз.
Шығындар – есепті кезеңдегі активтердің кемуі немесе капиталдың кемуіне
әкелетін міндеттемелердің пайда болуы түріндегі экономикалық пайданың
азаюы. (заң)
ақшалай формадағы субъект шығынына өнімнің өзіндік құны жатады.
өзіндік шығындарды дұрыс ұйымдастыру үшін оның ғылыми-негізделген
жіктелімі аса қажет. Халықаралық қаржылық есептіліктің №2 қорлар
стандарты сәйкес шығындардың жіктелуін келесі кестеден көреміз.
1 кесте
Топтық белгілеріне қарай шығындардың жіктелуі*

№ р\н Жіктеу белгісіне сәйкес тобы Шығындар түрлері
1 Өндіріс процесіндегі экономикалық рөл бойынша Негізгі
Үстеме
2 Өнімнің өзіндік құнына салу тәсілі бойынша Тікелей
Жанама
3 Құрамы бойынша (біртектілік) Бір элементі
Кешенді
4 Өндіріс көлеміне қатынасы бойынша Өзгермелі
Тұрақты
5 Пайда болу кезеңі бойынша Ағымдық
Біруақыттық
6 Өндіріс процесіне қатысуы бойынша (басқару Өндірістік
қызметі бойынша) Әкімшіліктік
Коммерциялық
7 Тиімділігі бойынша Өндірілетін
Өндірілмейтін
8 Бақылау мүмкіндігі бойынша Реттелетін
Реттелмейтін
9 Орташалау деңгейі бойынша Жалпы
Орташа
10 Пайданы генерациялау кезеңіне шығынды Өнімге
рет-ретімен көшіру Кезеңге

*дерек көзі: шеремет а. Д. Управленческий учет:учебное пособие. М.:фбк-
пресс, 1999.-33бет

кестеден калькуляция туралы жеткілікті ақпарат алу, өндірілген өнімді
бағалау, эконоикалық шешімдерді қабылдау, жоспарлау, бақылау және реттеу
осы шығын жіктеулерінің көмегімен жүргізілетінін көреміз:
1. Өндірілген өнімді калькуляциялау және бағалау үшін шығындарды
топтастыру:
- Негізгі - өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты.
- Үстеме - өндірісті ұйымдастыруда, қызмет көрсету мен басқару
барысында пайда болады;
- Тікелей - өнімнің нақты бір түрін өндірумен байланысты және оның
өзіндік құнына тікелей қосылады;
- Жанама – жекелеген өнім түрлерінің өзіндік құнына тікелей емес,
жанама (шартты) бөлінеді;
- Кірістік (болашақта табыс әкелетін ресурстарға ие болу және оның
қолда бар болуы);
- Біткен (шығынға кеткен материалдар).
2. Шешім қабылдау және жоспарлау үшін шығындарды топтастыру:
- Айнымалы, өзгермелі – оның көлемі өндіріс көлеміне қарай үйлесімді
(пропорционально) өзгереді;
- Тұрақты - өнім өндірісі көлемінің өзгеруіне тәуелді емес;
- Қайтарылмайтын - өткен кезеңнің табысы мен шығыны;
- Міндеттік (вмененные) – ресурстар шектеулі болған жағдайда пайда болады
және оны болашақта пайдалану мүмкіндігін сипаттайды;
- Айыптық (өсетін) – қандайда бір өнім партиясын дайындауда қосымша пайда
болады (өнім өндірісін жеделдету үшін сыйлық ақы төлеу);
- Маржиналдық (шектеулі) – қосымша шығындар, бірақ есепте өнім бірлігіне
келеді;
- Релеванттық – тапырыстардың (заказ) сақталуы мен орындалуына байланысты.
3. Шығындарды басқару мақсатында бақылау және реттеу процесін жүзеге асыру
үшін шығындарды топтастыру:
- Реттелетін;
- Реттелмейтін;
- Тиімді (өндірімді, өнімді);
- Тиімісіз (өндірімді емес);
- Бақыланатын;
- Бақыланбайтын.
Сонымен қатар, шығындар мыналарға жіктеледі:
1. Пайда болу орны бойынша - өндіріс, цех, учаске, құрылымдық бөлімше.
Мұндай жіктеу өндірістік өнімнің өзіндік құнын анықтау үшін аса
қажет.
2. Өнім (жұмыс, қызмет) түрлері бойынша – оның өзіндік құндарын есептеу
үшін керек.
3. Шығын түрлері бойынша немесе өнімнің өзіндік құнына көшіру тәсілі
бойынша – экономикалық элементтер бойынша және калькуляциялау
баптарымен [3].
Экономикалық элементтері бойынша - өнім өндіру үшін қандай шығын
кеткенін көрсетеді. Эконмикалық элементтер ретінде анықталған:
- Материалдық шығындар;
- Еңбекақы шығындары;
- Аударым;
- Құралдың тозуы;
- Басқадай шығындар;
Калькуляция баптары бойынша - өнімнің жекелеген түрлерінің өзіндік құнын
есептеу үшін пайдаланылады:
- Материалдар;
- Еңбек ақы;
- Аударымдар;
- Үстеме шығындар.
Экономикалық элемент және баптар бойынша шығындарды топтастыру өзара
байланысты, өйткені олар құрамы (элементі) және мақсатты бағытталуы
(калькуляция бабы) бойынша субъектінің бір ғана шығындарын сипатайтынын
айта кету керек. Бұл ақпарат есебінде шаруашылық жүргізуші субъектінің
тұтас шығынын өнім (жұмыс, қызмет) түрлері бойынша, калькуляциялу
баптарымен шығынның пайда болу орнына қарай бөлшектеп, элементік қимада
қалыптастыруға мүмкіндік тудырады, өнімнің өзіндік құнын әлдеқайда дұрыс
есептелуіне және ұйым шығындарына бақылауды күшейтуге жағдай жасайды.
Экономикалық элемент бойынша топтастыру оның құрылымын зерделеу,
өндіріске кеткен шығындар сметасын пайдалануын бақылау, жоспарлау және
талдау үшін қолданылады. Бап бойынша топтастыру ұйым шығынының талдамалық
есебін ұйымдастыру, калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын бақылау үшін
пайдаланылады. Екі топтастыру бірін-бірі толықтырады және өнімді өндіруге
кететін шығын, есептеу және өзіндік құнды талдау есебін ұтымды жүргізуге
мүмкіндік тудырады.
Шығындар жіктемесінің тағы келесідей түрлері белгілі:
- Ағымдағы – жиі қайталанатын кезеңдік шығын (шикізат, материалдар
Шығыны);
- Бір жолғы – демалыс төлемі, жөңдеу жүргізу және т.б. Ол сметаның
Бекітуімен белгіленген тәртіпте және мерзімде өнімнің өзіндік құнына бөлек
қосылады;
- Өндірістік – тауарлық өнімді дайындаумен және оның өндірістік өзіндік
Құнын қалыптастыруға кететін барлық шығын жатады (тауарлық өнім өз
материалымен де, техникалық бақылаумен қабылданып, қоймаға өткізілген
тапсырыс берушінің материалымен де шығарылатын дайын бұйымдардың құны;
тараптарға босатылған өз өндірісінің жартылай дайындалған өнімнің өзіндік
құны, сондай-ақ субъектінің негізгі қаражатын толтыруға бағытталған өнім);
- Әкімшілік – жалпы басқарумен байланысты шығындар және жалпы
Шаруашылық, әкімшілік тағайындауындағы шығындар.
- Коммерциялық (өндірістен тыс) - өнімді сатып алушыға өткізумен
Байланысты шығын;
- Өндірушілік (жоспарланған) – ұтымды технология мен өндірісті
Ұйымдастыру арқылы өнімді белгіленген сапада өндіруге кететін шығын;
- Өндірушілік емес (жоспарланбаған) – технологияның жетіспеушілігнен
Және өндірістің дұрыс ұйымдастырылмауынан болатын салдар, яғни шығын
(жұмыссыз бос тұрып қалудың шығыны, ақау, мерзімнен тыс еңбекақы);
- Реттелетін – атқарушы шығын деңгейін реттейтін немесе оған елеулі
Ықпал ете алады (өнім өндіруде пайдаланылатын шикізат шығыны, оны цех
бақылаушысы реттейді);
- Реттелмейтін – қызметкер оның деңейіне елеулі ықпал ете алмайтын
Шығын (дайындау учаскесінің мастері кострукторлық бөлім қызметкерлерінің
еңбекақысы бойынша шығынға ықпалын жүргізе алмайды);
- Жалпы - өндірілетін өнімнің барлық көлеміне кететін шығындарды
Білдіреді;
- Орташа – есепте бір өнімнің бірлігіне кететін шығын;
- Өнімге - өнімнің өзіндік құнына жұмсалатын шығын (тікелей шығын);
- Кезеңге – кезең шығындары: жалпы және әкімшілік шығындары,
Тауарларды сату шығындары, сыйақы бойынша шығындар (жанама шығындар).
бұлардың ішіндегі ең маңыздылары өнімге және кезеңге қатысты шығындар
болып табылады. Оларға нақты қандай шығындарын жататынын келесі сызбалардан
көреміз.

Өнімге қатысты өндіріс шығындары

Негізгі материалдар Еңбек шығындары Өндірістік үстеме
шығыстар

Бастапқы (алғашқы) Қосылған шығындар
шығындар

1 сурет. Өнімдерге қатысты шығындар құрамы

Бірінші сызбадан өнімнің өзіндік құнын құрайтын шығындар тікелей
шығындар, яғни, шикізаттар мен материалдар, негізгі өндіріс жұмысшыларының
еңбегін төлеумен байланысты шығындар жататынын көреміз. Бұлар ең алғаш
өндіріске жұмсалатын болғандықтан оларды бастапқы шығындар деп те атайды.
Көмекші өндірісте пайдаланылатын материалдық қорлар, жөндеу жұмыстарымен
айналысатын еңбеккерлердің ақысы, коммуналдық шығыстар, өндіріс
жабдықтарының амортизациясы қосылған шығындар деп аталады, бұларды басқаша
маетриалдарды дайын өнімге айналдыру мақсатында жұмсалған өңдеу шығындары
деп атауға болады.(уу1)
келесі сызба кезең шығындарының құрамын көрсетеді, өнімнің өзіндік
құнына қосылмайтын, есепті кезең шығындары ретінде қаржылық нәтижеге
апарылатын шығындар.

Кезең шығындары (өндірістік емес
шығындар)

Сатумен байланысты Әкімшілік шығындары
шығындар

2. Сурет. Кезең шығындарының құрамы

сатумен байланысты шығындарға тапсырыстарды қамтамасыз ету, дайын
өнімді тасымалдап жеткізу, клиенттерге қызмет көрсетумен байланысты
шығындар жатады. Оның ішіне комиссиялық төлемдер, жарнама, сауда
жабдықтарының, көлік құралдарының амортизациясы, тасымалдап жеткізу мен
дайын өнімді сақтау шығындары да кіреді. Әкімшілік шығындарына ұйымдағы
басқарудың жүзеге асырылуымен байланысты барлық шығындар жатады.
жалпы және өнім бірлігіне қатысты шығындар әртүрлі сипатта болады.
Оны келесі кесте арқылы көрсетуге болады [1].
2 кесте
Шығындардың өндіріс көлеміне қатысты сипаттамалары*

Шығындар Шығындар сипаты (тәртібі)
Жалпы шығындар Өнім бірлігіне келетін
шығындар
Айнымалы (өзгермелі) Айнымалы шығындардың Өнім бірлігіне келетін
шығындар жалпы сомасы өндіріс айнымалы шығындар тұрақты
көлемінің өзгерісіне тураболады
пропорционалды өзгереді
Тұрақты шығындар Жалпы тұрақты шығындар Өнім бірлігіне келетін
өндіріс көлеміне тәуелсізтұрақты шығындар өндіріс
тұрақты болып қалады көлемінің өзгерісіне кері
пропорционалды өзгереді

*дерек көзі: usaidpragma. Управленческий учет 1.2005-11 бет

енді осы кестеде келтірілген мәліметтерді графиктік тәсіл арқылы
суреттеп көрсетуге болады.

Шығындар, мың теңге
өзгермелі шығындар
300

200
тұрақты шығындар

100
өндіріс көлемі, мың дана
30 60 90 120

3 сурет. Шығындардың өндіріс көлеміне қатысты өзгерісі (шығын мөлшері мен
өндіріс көлемі мәндері мысал ретінде шартты түрде алынған)

осы арада, шығындардың жартылай тұрақты болатыныдығын айта кеткен
жөн. Олар өндіріс көлеміне тәуелді болғанымен оған қатысты тура
пропорционалды өзгермейді. Жартылай тұрақты шығындар:
- сатылы түрде өседі, яғни белгілі бір өндіріс көлеміне дейін тұрақты, ал
одан кейін айнымалы болып кетеді,
- оларды есепке алуды жеңілдету мақсатында немесе тұрақты, немесе айнымалы
деп алады.
графиктік әдісті қолдана отырып жартылай тұрақты шығындар сызығын
көрсетуге болады.

өзгермелі шығындар
300

200
тұрақты шығындар

100
өндіріс көлемі, мың дана
50 100 150 200

4 сурет. Жартылай тұрақты шығындардың өндіріс көлеміне қатысты өзгерісі
(шығын мөлшері мен өндіріс көлемі мәндері мысал ретінде шартты түрде
алынған)

екінші суреттен жартылай тұрақты шығындардың өндіріс көлемі 50 мың
данаға жеткен сайын тағы да қосымша шығындарды қажет ететндігін көреіп
отырмыз.
ендігі кезекте осы айтып отырған тұрақты, айнымалы, жартылай тұрақты
(айнымалы) шығындардың нақты шаруашлық бірлігінің саласына қатысты әртүрлі
болатындығын келесі кесте арқылы көрсетеміз.
3. Кесте
Тұрақты, айнымалы, жартылай тұрақты (айнымалы) шығындардың мысалдары*

Шығындар Өндіріс компаниясы үшін Банктер үшін
Айнымалы Тікелей материалдық Компьютерлерді жалдау
шығындар; (лизинг) шығындары;
Тікелей еңбек шығындары; Операторлардың еңбек
Жанама еңбек шығындары; ақылары;
Құралдар, аспаптар Дискета және басқа
шығындары, т.б. жинақтағыштардың
шығындары, т.б.
Тұрақты Үйлер мен жабдықтардың Үйлер мен кеңсе жабдықт.
амортизациясы; Амортизациясы;
Басқару аппаратының Бағдарламашылар еңбек
Еңбек ақысы; ақысы;
Мүлік салығы. Үйлер жал шығындары, т.б.
3-ші кестенің жалғасы
Жартылай айнымалы Электр энергиясының шығындары;
Телефон байланыс шығындары;
Жылыту шығындары

*дерек көзі: шеремет а. Д. Управленческий учет:учебное пособие. М.:фбк-
пресс, 1999.-35-36 беттер

Айнымалы шығындардың жалпы сомасының өндіріс көлеміне тура
пропорционалды өзгеруіне байланысты ұйым үшін өндірістік қуаттылықты
анықтаудың маңызы зор. (уу)
Өндірістік қуаты дегеніміз нақты қолда бар өндіріс ресурсатры
жағдайындағы ұйымның өндірісінің мүмкін болатын ең жоғарғы шекті мөлшері.
Басқаша айтқанда, бұл ұйымның осы есепті кезеңдегі өндіре алатын өнімінің
көлемі.
Өндіріс көлемі ұйымның өндірістік қуатынан артып кеткен жағдайда
ресурстардың, өндіруші күштердің де артық мөлшері қажет болады. Өндірістік
қуатты үш түрлі сипаттауға болады:
1. Теория тұрғысындағы қуаты – бұл барлық ресурстар толық
тоқтамастан іске қосылған жағдайдағы жоғарғы өнім көлемі,
өндірістің мүмкін болатын ең жоғарғы деңгейін анықтайды.
2. Тәжірибелік қуаты – теория тұрғысындағы өндіріс қуатының мәнінен
қалыпты жұмыстың тұрып қалу мөлшерін шегергенде анықталатын
өндіріс көлемі. Қалыпты жағдайда тұрып қалу машиналар мен
жабдықтардың аспаптарын айырбастауға, жөндеуге, жұмысшыларға
арнайы үзіліс беруге байланысты орын алады. Теориялық тұрғыдағы
және тәжірибелік өндіріс қуатын ұйымдар сирек қолданады.
3. Қалыпты өндірістік қуаты – сатылады деп күтілетін көлемді
қамтамасыз етуге қажетті орташа жылдық өндіріс көлемі. Бұл шама
іскерлік белсенділіктің маусымдық ауытқуларымен түзетіліп
отырады. Басқаша айтқанда, бұл өндіре алатын көлем емес, нақты
өндіретін өнімнің шынайы өлшемі.

1.2 Өнімнің өзіндік құны түсінігі, экономикалық мәні

Калькуляциялау - өнім, жұмыс және көрсетілетін қызмет бірліктерінің
өзіндік құнын есептеу әдісі. Ол ұйымның жұмысына оперативті басшылық жасау
үшін өте маңызды, өйткені ішкі резервтерді уақытылы ашуға және өнімнің
өзіндік құнын одан әрі түсіндіруге, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға
мүмкіндік береді. Калькуляция өнімнің өзіндік құнын жоспарлауда және оған,
нарықтағы сұранысты есепке ала отырып, жұмысқа, көрсетілетін қызметке
негізді баға белгілеуде қолданылады.
Калькуляцияда өндірістегі өнімнің нақтылай түрін өндіру мен өткізуге,
сондай-ақ жұмыс пен көрсетілетін қызмет бірліктерін (жүк тасу, жөндеу
жұмыстарына және тағы басқа) орындауға ақшалай түрде шыққан шығындар
жинақталып қорытылады [2].
Қазіргі заманға экономикалық әдебиет калькуляциялауды өнімнің жеке
түрлері бірліктерінің өзіндік құнын экономикалық есептеу жүйесі деп
белгілейді. Калькуляция барысында өндіріске кеткен шығындар мен шыққан
өнім санымен салыстырылады және өнім бірлігінің өзіндік құны белгіленеді.
Калькуляциялаудың міндеті - шығындардың оны көтеруші бірліктерге, яғни
өткізуге, сондай-ақ ішкі тұтынуға арналған өнімнің (жұмыстың, қызметтің )
бірлігіне қанша болатынын есептеу.
Калькуляциялаудың түпкілікті нәтижесі - калькуляцияны ұсыну. Өнімнің,
жұмыстың және көрсетілген қызметтің өзіндік құнын калькуляциялаудың әр
түрлі түрін айқындайды.
Жоспарлы калькуляция нңбек шығындарының озық (прогрессивті мөлшері)
жіне одан ары техникалық өрлеуді, өндіріс пен еңбекті ұйымдастыруды
жақсартуды көрсететін өндіріс құралдары негізінде жоспарланатын кезеңге
арналып жазылады.
Жоспарлы калькуляцияның бір түрі - сметалық калькуляция; оны бір рет
шығатын (бірегей) бұйымға немесе жұмысқа, тапсырыс берушілермен есептесу,
баға белгілеу және басқа мақсаттар үшін жасайды.
Шығындардың ағымдағы мөлшері ұйымның осы кезеңдегі жұмысының
өндірістегі мүмкіндіктеріне сәйкес келеді. Және де есепті кезең барысында
шығындардың ағымдағы мөлшері жоспарлы калькуляцияға негізгі салынған
шығынның орташа мөлшерінен жоғары, ал есепті кезеңнің соңында – төмен
болады.
Өнімнің өзіндік құнының есепті (нақты) калькуляциясы жоспарлыдан
ұйымға байланысты (өндіріс бойынша жоспарды асыра орынду иен орындамау,
шығындардың кей түрлерін үнемдеу немесе артық жұмсау) және оған байланысты
емес (материалға бағаның өзгеруі, амортизациялық аударымның мөлшері, электр
энергиясына,газға, суға және т.б. Тарифтердің өзгеруі) себептері бойынша
ауытқуы мүмкін нақты шығындарды көрсетеді.
Нормаға сәйкес (нормативті) калькуляциялау ағымдағы жоспарлы
калькуляциялаудың бір түрі болып табылады, шығындар есебінің және өнімнің
өзіндік құнын калькуляциялаудың нормаға сәйкес тәсілдерін қолданатын
ұйымдарда жасалады. Олардың негізінде шығындардың жеткен деңгейін
сипаттайтын іс жүзіндегі, ағымдағы норма жатады. Ұйымдар жыл бойы
ұйымдастырушы-техникалық жоспарда негізгі салынған шараларды дәйекті жүзеге
асыратынын ескере отырып, нормаға сай калькуляциялау жоспарлыға қарағанда,
есепті кезең ішіндегі өнім өндірісіне шыққан шығындардың шынайы деңгейін
өте дәл көрсетеді [5].
Жобалық (проектілік) алькуляциялау - келешектік калькуляцияның бір
түрі, олар күрделі қаржының, жаңа техниканың және технологияның тиімділігін
агықтау үшін қолданылады.
Шамаланған (провизорная) тоғыз ай немесе басқаша кезең ішіндегі
нақты шығын мен алынған өнім (табыс), төртінші тоқсан немесе басқа кезең
ішіндегі шығындар мен күтілетін бұл өнім бойынша есептер негізінде
жасалады. Бұл калькуляциялардың мәліметтері ағымдағы жылдың өнім өндіру
қорытындыларын алдын-ала анықтау үшін қолданылады.
Өнімнің өзіндік құнын калькуляциялағанда калькуляциялық бірліктер
қолданылады, олар калькуляциялау обьектісінің өлшеуіші болып саналады,
әдетте, өнімнің сәйкес түріне арналған техникалық шарттарда немесе
стандартттарда және заттай бейнеленетін өнім өндіру жоспарында қабылданған
өлшем бірліктеріне сай келуі тиіс.
Өндірілетін өнім, технологиялық процесте, өндірістік ұйымдастыруды
сипаттаудағы айырмашылықтар практикада қолданылатын калькуляциялық сан
түрлілікке әкеледі. Ұқсас белгілері бойынша олардың барлық жиынтығы жеті
топқа тоғысады, олардың мазмұнын нақты үлгілерде қарастырамыз.
Заттай (натуральды) бірліктер бұл өнім жоспарлнатын, есептелетін және
тұтынушыларға өткізілетін өлшем бірліктеріне (дана, тонна, килограмм,
киловатт-сағат, погон-метр, текше-метр, шаршы метр, литр және т.б.) Сәйкес
келеді.
Ірілендірілген заттай (натуральды) бірліктер біртекті өнім жиынтығын
аралық калькуляциялау үшін қолданылады (белгілі бір артикулдық 100 пар аяқ
киімі, белгілі бір түрдегі шойынның тоннасы, дерьестенбеген сыраның
гектолитрі,ішкі балықтың центнері, темірбетон бұйымдардың текшеметрі, және
т.б.) Өнімнің нақты түрлерін кейінгі калькуляциялау үшін заттай бірліктер
(натуралды) қолданылады.
Шартты заттай біірлікті өнімді калькуляциялау үшін қолданылады,
бірліктегі пайдалы заттың құрамы ауытқуы мүмкін (100%-тік спирт, құрамында
пайдалы заттары бар минералды тыңайтқыштар).
Құндық бірліктер-көтерме (өткізу) бағадағы қосалқы бөлшектер 1000
теңгелік құны, шығару немесе өткізу бағасындағы 1 теңгелік тауар өнімі.
Еңбек бірліктері ұйым бөлімшесінің өнімін калькуляциялау үшін
қолданылады (1 нормасағат, 1 норма-ауысым).
Орындалған жұмыс пен көрсетілген қызмет калькуляциялық бірлік
ретінде, әдетте құрылыспен, жөндеумен, көлік қызметін көрсетумен және тағы
да басқамен шұғылданатын өндірісте қолданылады (тасымалдық тонна-километр,
машина-ауысым, және т.б.)
Техникалық - экономикалық көрсеткіш калькуляциялық бірлік ретінде
біртекті бұйымдардың пайдалы тұтынылатын бірлігіне шаққандағы шығындарды
салыстыру үшін (трактор өндірісінің шығынын қуаттылық, бірлігіне, пресс
өндірісінің шығынын өнімділік бірлігіне есептелу) қолданылады.
Калькуляциялық бірліктердің сан түрлілігі нақты жағдай үшін
негізделген әдісті талап етеді. Калькуляциялық бірлік сәйкес тұтыну ұшін
көрсетуге, әр түрлі ұйымдармен салыстыруға болатындай, баға белгілеу
бірліктеріне сәйкес келуі және ең аз шамадағы шығындармен өнімнің өзіндік
құнын калькуляциялау ұшін қолайлы болуы тиіс. Калькуляциялық бірлікті
таңдау жөніндегі ұсыныстар әдетте салалық нұсқауларда келтіріледі.

1.3 Ұйымның сипаттамасы және өндіріс шығындарының есеп саясатында
қаралуы

Байсерке - агро жауапкершілігі шектелген серіктестік алматы
облысының әділет министрлігінде 2004 жылы қатысушылар құрамының өзгеруіне
байланысты қайта тіркелген. Мекен жайы – қазақстан республикасы, алматы
облысы, талғар ауданы, панфилово ауылы, 8 март көшесі, 3 үй. Серіктестіктің
қатысушысы қазақстан республикасының азаматшасы жумабекова сауле амировна.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады, азаматтық
құқықтары бар және қазақстан республикасының заңнамалық талаптары бойынша
оларға қайшы келмейтін және тиым салынбаған кез-келген қызмет түрін жүзеге
асыруға құқылы. Негізінен қызметін заңдарға және өз жарғысына сәйкес
жүргізеді.
Байсерке - агро жауапкершілігі шектелген серіктестігінің негізгі
қызмет түрлері:
- Ауыл-шаруашылық өнімдерін өндіру, өңдеу және сату;
- Халық тұтынатын тауарларды өндіру;
- Жалпы коммерциялық қызметі;
- Сауда-саттық, сауда-делдалдық қызмет;
- Алкогольсіз өнімдерді, шырындарды, сусындарды және минералды
суларды өндіру, құю, сақтау, көтерме және шағын көтерме сауда
арқылы тарату;
- Қазақстан республикасында арнайы және өндірістік-азаматтық
мақсатта пайдаланылатын қуатты жол-көпірлерін ұйымдастыру,
бұрынғыларды қайта жарақтандыру;
- Ұйым мүшелерінің еңбек нарығында орын алуына көмектесу, осы
мақсатта шетелдік конкурстар мен тендерлерге қатысу;
- Коммерциялық және делдалдық қызмет, көтерме және бөлшек сауда;
- Лизингтік операцияларға қатысу;
- Ақпарттық, кеңестік, инжинирингтік, кәсіпкерлік, қаржылық
қызмет көрсету;
- Сыртқы сауда операциялары және сыртқы экономикалық қызмет;
- Халық тұтынатын тауарларды, өндірістік-техникалық міндетті
өнімдерді, азық-түліктерді сату;
- Жжм және мұнай өнімдерін сатып алу, сақтау және сату;
- Көлік-экспедициялық қызметтер, жүктерді және жолаушыларды
тасу;
- Құрылыс материалдарын, аспаптарды, шикізатты, жинақтау
бұйымдарын, құрастырғыштарды сату;
- Сауда үйлерін, шағын және ірі маркеттерді ұйымдастыру және
пайдалану;
- Экспорт-импорт операцияларын, өкілеттілік қызметті (шет елдік
фирмалардың қатысуымен) ұйымдастыру;
- Жабдықтау қызметі;
- Қазақстан республикасында және шет елде мүліктерді сатып алу
және сату, салып қоюшы және жалға алушы құқығында жер
учаскелерін алу, құрылыстарды немесе жеке жайларды жалға алу;
- Басқа кәсіпорындарға қызметтер көрсету;
- қазақстан республикасының заңдарына қайшы келмейтін өзге
қызметтер.
Жшс өз иелігіндегі мүліктеріне қатысты өз міндеттемелеріне жауапты
болады. Серіктестіктің мөрі, тауарлық белгісі, фирмалық бланкі, дербес
есеп шоты бар. Жұмысшыларының орташа жылдық тізімдік саны екі жүз елуден
астам және жылдық активтерінің жалпы құны үш жүз жиырма бес мың еселенген
айлық есепті көрсеткіштен жоғары болса ірі бизнес субъектісі құрамына
жатқызылады [6].
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік мүлкін негізгі және айналым
қорлары және басқа да серіктестіктің балансында көрсетілетін құндылықтар
жиыны құрайды. Мүліктерге серіктестіктің меншік құқығы бар. Мүліктерді
қалыптастыру көздері:
- Ақша және материалдық жарналар;
- Серіктестік пайдаланатын интеллектуалдық меншік құқығы,
өнеркәсіптің кей салаларында жинақталған білім мен тәжірибе,
басқарма, қызмет түрлері;
- Өнімдер, жұмыстар, қызметтерді сатудан алынған және басқа да
шаруашылық қызметтен алынған табыстар;
- Бағалы қағаздардан алынған табыстар, банк несиелері,
- Қазақстан республикасының заңдарында тиым салынбаған көздер.
Шаруашылық қызмет барысында пайда болған зиян резевтік капитал
есебінен жабылады. Алынған табыстың бөлінуі қатысушының шешімі негізінде
анықталады. Таза табыс сомасы салықтарды толық төлегеннен кейін қатысушының
иелігінде қалған табыстың бір бөлігі болып табылады.
Жоғарғы басқару ұйымы келесідей мәселелерді шешуге өкілетті:
- Фирма атауын, мекен-жайын өзгерту, жарғысын өзгертіп жаңа
нұсқасын қабылдау; қызмет бағытын өзгерту;
- Жарғылық капитал мөлшерін өзгерту;
- Ревизиялық комиссияны қызметке алу, босату, оның есептілігі
мен қорытындысын қабылдау;
- Қайта құрылуы мен жойылуы, жойылу комиссиясын тағайындау;
- Атқару ұйымдарын, директорды тағайындау, ішкі ережелерді
бекіту;
- Басқа субъектілерге қатысуы жөнінде шешім қабылдау;
- Мүлкін кепілдікке беру жөнінде шешім қабылдау;
- қосымша жарналар жөнінде шешім қабылдау және т.б.
Ағымдағы басқаруды директор жүзеге асырады. Директордың өкілеттігіне
келесідей мәселелер кіреді:
- Қызметкерлерді келісім шарт негізінде қызметке алу және
босату;
- Жылдық балансты құрастыру;
- Қаржыландыруды бекіту;
- Қаражаттардың жұмсалуы жөнінде сметаны бекіту;
- Келесідей қорларды - даму қорын, материалдық ынталандыру қорын
қалыптастыру.
Қызметкерлерге жалақы тағайындау, төлеу формасы мен жүйесін таңдау
директордың өкілеттігінде. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өз өнімін
келісім шарт бойынша келісілген баға бойынша сатуға құқылы.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік қызметін қатысушының шешімі
негізінде қайта құрылуы немесе жойылуы арқылы тоқтатады. Құрылымын өзгерту,
яғни, бірігу, қосылу, бөліну, қайта құрылу қатысушының шешімі арқылы немесе
заң талаптарына сәйкес жүзеге асырылады. Жойылу мақсатында қатысушының
шешімімен арнайы жойылу комиссиясы құрылады. Жауапкершілігі шектеулі
серіктестік жойылуы сот шешіміне сәйкес жүргізілгенде сот жойылу
комиссиясын тағайындайды. Жойылу комиссиясы бекітілгеннен бастап қызметін
басқару өкілеттілігі осы комиссияға өтеді. Комиссия мүлкін бағалайды,
кредиторлар мен дебиторларды анықтайды, олармен есеп айырысады, үшінші
жақтармен есеп айырысу шараларын жүзеге асырады, жойылу балансын
құрастырады және оны құрылтайшыға бекітуге береді.
Жойылу комиссиясының шешімі бойынша ұйым мүліктері сатылады, пайдалану
құқығында берілген мүліктер меншік иесіне қайтарылады.
Заңды тұлғалардың мемлекеттік регистріне арнайы жазу жазылғаннан кейін
ғана жойылу процесі аяқталды және серіктестік өз қызметін тоқтатты деп
есептеледі.
Ендігі кезекте ұйымның бухгалтерлік балансы бойынша 2007-2008 жылдар
бойындағы мүліктік және қаржылық жағдайына талдау жасаймыз.
Ең алдымен, байсерке -агро жшс-нің 2008 жылдың 31 желтоқсанына
қатысты құрастырылған бухгалтерлік баланс мәліметтері бойынша активтері мен
пассивтерінің құрамына және құрылымына талдау жасаймыз. (қосымша а)
4 кесте
байсерке -агро жшс-нің активтерінің құрамы мен құрылымын талдау*

Көрсеткіштер Жыл басы Жыл соңы Өзгерістер, (+,-)
Мың. % Мың. % Мың. Тг. %
Тг. Тг.
1. Активтер 463930 100 492035 100 +28105 +6,05
құны, барлығы
2. Ұзақ мерзімді289989 62,51 265985 54,06 -24004 -8,28
активтер
Оның ішінде: 287089 61,88 263085 53,47 -24004 -8,28
негізгі құралдар
Қаржылық 2900 0,63 2900 0,59 - -
инвестициялар
3. Ағымдағы 173941 37,49 226050 45,94 +52109 +29,96
активтер
Оның ішінде: тмқ142119 30,63 203821 41,42 +61702 +43,42
Дебиторлық борыш28776 6,2 21768 4,42 -7008 -24,35
Ақша қаражаттары3046 0,66 461 0,1 -2585 -84,86

*дерек көзі: байсерке –агро жшс-нің бухгалтерлік балансы негізінде автор
құрастырған

Кесте деректері бойынша мынандай қорытынды жасауға болады. 2008 жылдың
соңында жыл басымен салыстырғанда (+28105) мың теңгеге, сәйкесінше (+6,05%)-
ға артқан. Ұзақ мерзімді активтер құрамы жыл соңында (-24004) мың теңгеге,
(-8,28%)-ға кемігенімен, жалпы актвитер құрамындағы ұзақ мерзімді
активтердің үлесі жыл басында 62,51%, ал жыл соңында 54,06% құрағанын
көреміз. Бұл компания үшін, әрине, қолайлы жағдай болып табылады. Осы
есепті жыл қорытындысы бойынша қысқа мерзімді активтердің жалпы активтер
құнындағы үлесі көбейген, 45,94%. Бұл да жалпы шектеу шеңберіне сәйкес
келеді. Қысқа мерзімді активтер құрамында сатып алушылар мен тапсырыс
берушілердің дебиторлық борыштарының және ұйымның ақша қаражаттарының
азайғанын көріп отырмыз. Әсіресе ақша қаражаттарының мөлшері 84,86%-ға
кеміген. Ал тауарлық-материалдық қорлар мөлшері керісінше 43,42% мөлшеріне
артқан. Ақша қаражаттарының тмқ сатып алуға жұмсалуы мүмкін.
Кесте мәліметтеріне сүйене отырып баланстың активті баптарына қатысты
бірқатар көрсеткіштерді анықтауға болады. Алғашқы көрсеткіш – ағымдағы
активтердің жұмылдырылу коэффициенті – ағымдағы активтердің баланс
валютасындағы үлесін көрсетеді. Бұл көрсеткіш өткен жылы 37,49 %, ал есепті
жылы 45,94% көрсетіп тұр, яғни бұл көрсеткіштің артуы ұйымның үздіксіз
жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, кредиторлармен есеп айырысу мүмкіндігін
көрсетеді.
Жұмылдырылған және жұмылдырылмаған қорлардың өзара қатынасы
коэффициенті ағымдағы активтердің ұзақ мерзімді активтерге қатынасы арқылы
анықталады. Біздің ұйым бойынша өткен жылы (173941289989) 0,6 ал есепті
жылы (226050265985) 0,85 тең болған. Негізі теориялық көрсеткіш 0,5-тен
кем болмауы қажет. Ұйымның бұл көрсеткіші есепті жылы теориялық мәннен сәл
ғана артық болғанын, ал есепті жылы өте жақсы деңгейде екенін көреміз. Бұл
көрсеткіш қаншалықты жоғары болса, соншалықты ұйымның қаржылық тұрақтылығы
арта түспек.
Келесі көрсеткіш ұйымның мүлкі құрамындағы негізгі құралдардың шынайы
құны көрсеткіші болып табылады. Біздің ұйым бойынша негізгі құралдар үлесі
өткен жылы 61,88% болса, есепті жылы 54,06%-ды құраған, яғни қалыпты
мөлшерде. Негізгі құралдардың тозу коэффициенті негізгі құралдардың
техникалық жағдайын сипаттайды. Бухгалтерлік баланстан тозу жөнінде қосымша
мәліметтер алып тозу коэффициентін анықтаймыз. Бұл көрсеткіш негізгі
құралдардың тозу сомасының бастапқы құнына қатынасы арқылы анықталады.
Өткен жылы тоз коэффициенті 17029304118 – 0,05-ке тең, ал есепті жылы –
28324291409 – 0,09-ға тең болған. Бұл көрсеткіштің өсуі бір жыл ішінде
негізгі құралдардың тозуының артқанын сипаттайды. Компания қолда бар
негізгі құралдарын алмастыру, жаңарту жөнінде жақсы басқарушылық шешімін
қабылдауы қажет [7].
2 Өндіріске кеткен шығындар есебі

1. Өндірістік шығындардың бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетілуі

Өндіріске кеткен шығындарынесепке алу үшін халықаралық қаржылық
есептілік стандарттарына негізделген жұмыс шоттар жоспарына сәйкес
шоттардын кешенді жүйесі пайдаланады, оған 8110 – негізгі өндіріс, 8210 –
өз өндірісіндегі жартылай өнімдер, 8310 – көмекші өндіріс, 8410 –
үстеме шығындар бөлімдерінің шоттары кіреді. Ұлттық қаржылық есептілік
стандарттарына негізделген типтік шоттар жоспары 2008 жылдың 1 қаңтарынан
бастап қолданысқа енгізілді. Екі шоттар жоспарында өзгешелік нөміріне
қатысты ғана болып отыр.
Шығындарды және өнімнің шығарылуын есепке алу мен бақылау жасауды
қамтамасыз ету үшін мынадай есеп регистрлері пайдаланылады:
"цехтар бойынша шығындар" ведомосы, онда 8110, 8310, 8410 бөлімшелер
шоттары бойынша шығындар есепке алынады. 8110, 8310, 8410 шоттарының есебі
компьютерлендірілген қезде олар бойынша тиісті машинограмма қолданылады. Ай
соңында бухгалтерия Өндіріске кеткен шығындарынжинақтауды жүзеге асырады.
"цехтар бойынша шығындар" ведомосына жазу үшін мыналар негіз болып
табылады:
- "материалдар (жалақы) шығындарын бөлу (тарату)" кестесін әзірлеу,
онда шикізат, материалдар, сатып алынған шалафабрикаттар және өндірістің
басқа да материалдық запастары көрсетіледі 1300 - "материалдар" бөлімшесі
шоттарының кредиті; өндіріс персоналдарына төленген еңбек ақы шығыстары
3350 "персоналдармен еңбек ақы бойынша есеп айырысу" шотының қредиті;
еңбек ақыдан аударылатын аударымдар; 3150 - "басқа да" шоттың "әлеументтік
салық" субшотының қредиті;
- "негізгі қурал-жабдықтар амортизациясынын (тозуынын) есебі" кестесін
әзірлеу, онда өндіріс шығындарына енгізілуге тиісті негізгі құрал-жабдықтар
амортизациясының сомасы көрсетіледі 2420 - "негізгі құрал-жабдықтардың
тозуы"бөлімшесі шоттарынын қредиті);
- "материалдық емес активтер амортизациясының есебі"
кестесін әзірлеу, онда өндіріс шығындарына енгізілуге
жататын амортизациянын, сомасы көрсетіледі.
- 2740 -"материалдық емес активтердің амортизациясы"
бөлімшесі шоттарының қредиті);
- "көмекші (қызмет көрсетуші) өндірістер мен
шаруашылықтардың көрсеткен қызметтерін бөлу" кестесін
әзірлеу, онда өндірістер мен шаруашылықтардың өнім
өндіруге, жұмыстарға және көрсетілген қызметтерғе
жұмсалғын шығындары қерсетіледі 8310 - "көмекші
өндірістер" шоттарынын қредиті.
Қаржылық бухгалтерия есептің бас кітабын, ұйымнын балансын және
қаржылық есеп беруін жасайды.
Басқару бухгалтериясы шоттардын типтік жоспарынын 8- бөліміне енетін
шоттарды пайдаланады. Ол өндіріс шығындары туралы ақпаратты қорытып,
өзіндік құнды калькуляциялайды, өндіріс шығындарынын нормалары мен
нормативтерін талдап және олардьн орындалуын бақылайды, өндірістегі
шалафабрикаттардын қозғалысын есепке алады, есептің бүкіл көлемінің
нормативтік, жоспарлық және талдамалық жұмыстарын атқарады. Басқару
бухгалтериясы жабық (құпия) болып қеледі. Бұл өз билігінде қандай да
болмасын бір "ноу-хауды" және өндірісті басқарудың озық деңгейін
ұйымдастыруды, "жаңалықтарды" өз бәсекелестері өздерінен бұрын пайдаланып
кетпеуін қамтамасыз етеді. Сондықтан басқару бухгалтериясы ақпаратының
сыртқы тутынушылар үшін ғана емес, сонымен бірғе осы ұйымнын қызметкерлері
үшін де "жабық" болуы мүмкін.
Ұйымның қаржылық бухгалтериясында аяқталмаған өндірісті есептеу үшін
1341-"негізі өндіріс", 1342 "өз өндірісінің шалафабрикаттары", 1343 -
"көмекші өндіріс", 1344 - "басқа да" шоттары пайдаланылады. Бұл шоттардағы
топтастыру транзиттік болып табылады, онда бір-ақ күнде аяқталмаған өндіріс
қалдығы есептеліп, яғни есептік қезеңнің соңында өндірістіқ бухгалтериядан
қаржылық бухгалтерияға беріледі (демек, 1341-1344 шоттары дебеттеліп, 8110,
8210, 8310 шоттары кредиттеледі, содан сон келесі жылдың басында қайтадан
қаржылық бухгалтериядан өндіріс бухгалтериясына беріледі ( демек, 8110,
8210, 8310 шоттары дебеттеліп, 1341-1344 шоттары қредиттеледі).
Сонымен, 1341-1344 шоттар "бір күндік шоттар" болып табылады және оның
қалдықтары осы шоттар бойынша ұйымның қаржылық есеп беруіне енгізу үшін
арналған.
Өндіріске кеткен шығындарды есептеуге арналған шоттардың бөлімшесі бір
шолушы және бірнеше "транзиттік" шоттардан турады, онда олардын мазмұны,
пайда болған орындары және басқа да белгілері бойынша шығындар
топтастырылады.
"транзиттік" шоттарда көрсетілген ақпараттар нақты жасалған шығындар
туралы белгілі бір ақпараттардың белгісін көрсетеді, оны шолып
(белгіленген қағидалар мен ережелерді пайдалана отырып), шығарылған өнімнің
нақты өндіріспк өзіндік құны туралы мәліметтерді алуға болады, сондай-ақ
өнім бірлігі де есептелінеді [20].
Тікелей шығыстарға кеткен материалдар соңғы өнімнің құрамына (яғни,
оның құнына) басқа да шығындарымен қатар қосылады. Мысалға, автомобиль үшін
болат немесе жиһаз өндіру үшін ағаш негізгі материалдар болып табылады.
Жұмыс құнына жұмсалған тікелей шығындар — бұл өнімді әзірлеуге тікелей
қатысқан өндіріс жұмысшыларына есептелген еңбек ақысы (еңбек ақыдан
аударылатын аударымдарды қоса есептегенде) болып табылады.
Мысалы, толассыз өндірісте жұмыс істейтін оператордың немесе металл
өңдеуші станокта істейтін жұмысшының еңбек ақысы т.б. Осы сияқты тікелей
еңбек ақылары жатады.
Қызмет көрсететін цех жұмысшыларыньн еңбек ақысы тікелей еңбек ақы
болып табылмайды, ал олар үстеме шығысқа жатқызылады.
Үстеме шығыстар өндіріске кеткен барлық шығындардан тікелей шығындарды
(тікелей материалдар шығындары мен өндіру жұмысшыларының еңбек ақысы)
шегертіп тастағаннан шығады. Одан басқа, үстеме шығыстардың қатарына:
амортизация шығыстары, жал ақысы, сақтандыру жарнасы, тұрғын-үй қызметі,
жарықтандыру және басқа да себептердің салдарынан өндірістің уақытша тоқтап
қалуынын шығыстары т.б. Жатады.
Өндіріске кеткен шығындарынесептеу үшін 8110 - "негізгі өндіріс"
бөлімшесінің шоттары қолданылады, олар түрлі мақсаттарға арналған.
Өндіріске жұмсалған барлық шығындарды қорытындылау (шолу) үшін 8110
-"негізгі өндіріс" шоты арналған. Осы шоттын 8111 - "материалдар", 8112 -
"өндіріс жұмысшыларынын еңбеқ ақысы", 8113 - "еңбеқ ақыдан аударылатын
аударымдар", 8114 "үстеме шығыстары" жинақталады, содан соң жыл сонында
8110 "негізгі өндіріс" шотында қорытындыланады. Келесі кестеден негізгі
өндіріс шығындарының есепке алынуын көрсетеміз.
5 кесте
Негізгі Өндіріске кеткен шығындарынесеп шоттарында көрсету*

№ Операцияның мазмұны Дебет Кредит
1 Негізгі і өндіріс қажеттілігіне 8111 1311-1316, 1318
босатылған құндылықтар
2 Еңбек ақы есептелді: негізгі өндірісте 8112 3350
істейтін еңбеккерлер жалақысы
3 Есептелген еңбек ақыдан аударылатын 8113 3120, 3210,3220
сомаға
4 Негізгі өндіріске жататын үстеме 8114 8410
шығыстарды есептен шығару
5 Негізгі өндірістің шолушы шотына 8110 811-8114
жинақтағанда
6 Негізгі өндіріске аяқталмаған өндіріс 8110 1340
қалдығы берілгенде
7 Негізгі өндірістен дайын өнім 1320 8110
кірістелгенде
8 Сатылған өнімнің өзіндік құнына 7010 8110
9 Аяқталмаған өндірістің қалдық сомасына 1340 8110

*дерек көзі: бухгалтерлік есептің типтік шоттар жоспарына негіздеп автор
құрастырған.

Негізгі өндірістегі шығындар есебін ұйымдастыру 8110 "негізгі
өндіріс" шоты бойынша өндіріске кеткен шығындар есебі төмендегі баптары
бойынша топтастырылып, әдетте, олар элементтерінің кескіні бойынша есепке
алынады.
Шикізаттар мен материалдар — өнімді әзірлеу негізінде пайда болатын
немесе осы әзірлеу (дайындау) қезінде қажетті компоненттер болып табылатын
шикізат пен негізгі материалдарға жұмсалған шығындар. Осы жерде табиғи
шикізаттардың құны (су шаруашылық жүйесінен субъектіні жинайтын, су үшін
төлемі және де табиғи шикізат ресурстарын іздестіруге, барлауға, оларды
пайдалану мен жанғыртуды ұйымдастыруға арналған мамандандырылған ұйымдардың
шығындарын өтейтін басқа да төлемдері), арнайы мамандандырылған ұйымдардың
жүргізетін жер құнарлығын арттыудың шаралары көрсетіледі.
Лимиттік-алу карталары және жұмсалған шикізат пен негізгі
материалдарды, сондай-ақ сатып алынған материалдарды өндірісте есептен
шығару үшін негізі болып табылады. Осы құжаттардың деректері цехтар
калькуляция немесе есеп объектілері бойынша "материалдардың шығыстарын
тарату" деп аталатын талдамалық кестеге топтастырылады және "цехтар бойынша
шығындарынын" ведомосы немесе осыған ұқсас есеп регистрлеріне (ведомостар,
машинограммалар, карточкалар) жазылады.
Көмекші материалдар — тұрақты технологиялық процестерді қамтамасыз ету
материалдары. Бұндай көмекші материалдардың құны белгіленген шығыс
нормасы бойынша өзіндік құнына енеді, ол үшін өнім бірлігіне есептелген
сметалық мөлшерлемесі пайдаланылады [19].
Көмекші материалдардың нақты шығысы әрбір өзіндік құнына, тауарлы
өнімге және аяқталмаған өндірістік сметалық мөлшерлеме бойынша
пропроционалды түрде таратылады.
Қайтарылған қалдықтар – бұл негізгі, көмекші және қосалқы
өндірістердің қалдығы.
Қайтарылған қалдықтар болып: материалдар, шиізаттар, шалафабрикаттар,
жылуды сақтайтын материалдар т.б. Материалдық, ресурстары саналады, бірақ
олар өзінің сапасын, тұтыну қасиетін жоғалтуына байланысты тікелей өз
арналымдары бойынша пайдаланбауы мүмкін.
Белгіленген технилогияға сәйкес өнімнің басқа түрін өндіру үшін толық
қанды материал ретінде берілген материалдық ресурстар қалдыққа жатпайды.
Сондай-ақ қалдыққа ілеспе өнімдері де жатпайды, олардын тізім шығындарды
есепке алу және өнімнің өзіндік құнын есептен шығару әдістерінде
белгіленген.
Қайтарылған қалдықтар келесі тәртіпте бағаланады:
Егер де қалдықтарды негізгі өндіріс мұқтаждығы үшін, бірақ өнім азайтылып
шығарылса немесе қосалқы өндіріс мұқтаждығы үшін, сондай-ақ кеңінен
тұтынатын тауарларды дайындау үшін пайдаланса, онда шикізат пен
материалдардың бастапқы құнынын төмендетілген бағасы бойынша;
Қалдықтар қайта өңдеуге немесе сыртқа сатуға кетсе, олардын жинау мен
өңдеуге жұмсалған шығындарын шегере отырып, қалдықтарға белгіленген бағасы
бойынша;
Егер де қалдықтар шартқа сәйкес шикізат немесе толыққанды материалдар
ретінде пайдалану үшін сатылса, онда шиізаттар немесе материалдар бастапқы
толық бағасы бойынша бағаланады.
Қайтымсыз (пайдаланылмайтын) қалдықтар бағалауға жатпайды. Қалдықтарды
пайдалануды нормалау қажет, ал оларды іріктеп алуға тиісінше бақылау
жасауды жолға қою керек. Қайтымды қалдықтарды қоймаларға тауар
құжаттамалары бойынша алады, олардын құнына "шикізат пен материалдар" бабы
бойынша шикізат пен материалдардың шығыстарын азайтады. Қалдықтардын
іріктеп алынуын 1310-шоттың дебеті және 8110 шоттың кредиті бойынша
көрсетіледі. 8110 шоттың кредитіндегі талдамалық есеп регистрлеріне
(карточкаларға, ведомостарға) жазылады.
Дайындау тасымалдау шығыстарына (дтш) шығынның қелесі түрлері жатады:
жабдықтау-сату ұйымдарына төленетін үстемелері; жүкті тасығаны үшін қосымша
кіре ақысы; субъектінің қоймасына материалдарды жетізкізіп беру мен түсіру
шығыстары; дайындау орындарында ұйымдастырылған агенттікті және қоймаларды,
қеңселерді ұстау шығыстары; материалдарды тікелей дайындаумен байланысты іс-
сапар шығыстары т.б.
Технологиялық мақсатқа арналған энергия мен отындар. Өндіріс
процесінде тікелей жұмсалатын энергиялар (барлық түрі) мен отындардың
шығындары олардың шығысы есепте шикізаттар мен материалдардын шығысы сияқты
көрініс табады.
Ұйым көлігімен материалдық ресурстарды жеткізіп берумен байланысты
шығындар (тиеу-түсіру жұмыстарын қоса алғанда) өндіріс шығындарынын тиісті
элементтерге (еңбек ақы төлеуге, негізігі қорлар амортизациясына жұмсалатын
шығындар, материалдық шығындар және т.б.), сондай-ақ материал ресурстарының
құнына жеткізіп берушіден (жабдықтаушылардан) материалдық ресурстармен
бірге алынған ыдыстын құны оның бағасына енгізілген жағдайда жетізкізіп
берушілерден алынған материалдық ресурстардын ыдыстары мен бумаларын сатып
алуға жұмсаған ұйымдардың шығындары да енгізіледі.
Өнімнің өзіндік құнына енгізілген материалдық шығындардан қайтымды
қалдықтардың құны алынып тасталынады,өндіріс қайтымды қалдықтары деп өнім
өндіру процессінде пайда болған, бастапқы ресурстың тұтыну сапасын
(химиялық немесе физикалық қасиеттерін) толық немесе ішінара жоғалтқан және
сонын, салдарынан көтеріңкі шығындармен (аз өнім шығара отырып)
пайдаланылатын немесе негізгі мақсатқа мүлдем пайдаланбайтын шикізаттар,
материалдар, шалафабрикаттар, жылутаратқыштар және басқа да материалдық
ресурстар түрлерінінің қалдықтарын айтамыз. Өнімнің басқа түрлерін өндіру
үшін толыққанды материал ретінде белгіленген технологияға сәйкес басқа
цехтарға, бөлімшелерге берілетін материалдық ресурстар қалдықтары
қайтарымды қалдықтарға жатпайды. Сондай-ақ, жолай алынатын (ілеспе) өнім де
қалдықтарға жатпайды, олардын тізбесі өнімнің өзіндіқ құнын жоспарлау,
есепке алу және калькуляциялау мәселелері жөніндегі салалық әдістемелік
ұсыныстарында белгіленеды.
"еңбеқ ақы" бабына және өндіріс нәтижелері үшін жұмысшылар мен
қызметшілердің сыйлық ақыларын қоса алғанда, ұйымның негізін өндірістік
қызметкерлердің жалақысын төлеуге жұмсалған шығындар, ынталандырушы және
өтемдік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түрлер бойынша шығын есебі
Өндірістік шығындар нормасы - өндірісті басқарудың негізгі құралы
Өндіріске жұмсалған шығындардың есебінің ұйымдастырылуы
Өнімнің өзіндік құнын төмендету, пайда, рентабельділікті арттыру әдістері
Өндірістік шығындарды есепке алу әдістері
Өндіріске кеткен шығындар есебі
ПРОМТЕХМОНТАЖ ААҚ КӘСІПОРЫН ШЫҒЫНДАРЫН ТАЛДАУ
Өндіріс циклындағы сәйкестікті тексеру
Кәсіпорынның ақшалай қаражаттармен болатын операцияларының есебі
Монополия және монополиялық билік туралы
Пәндер