Отызыншы жылдардағы әдеби сынның негізгі бағыттары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

М а з м ұ н ы

Кіріспе . . .

1 Сын - әдебиеттің іші-сыртын бірден аралайтын

өткір айна . . .

2 Отызыншы жылдардағы әдеби сынның

негізгі бағыттары . . .

3 Сын және әдебиеттану . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер . . .

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі: Отызыншы жылдардағы қазақ әдеби сынын сөз еткенде, оның коммунистік партияның тікелей басшылығына сүйеніп өмір сүргенін атап айту қажет. 30-жылдардың басында әлі республика басшылығында отырған Ф. И. Голощекиннің әдебиетте жік бар, соны әшкерлеп жою керек деген «нұсқауына» сәйкес, 1930 жылдың басында баспасөз бетінде «жікшілдіктің» сырын ашу мақсатымен айтыс ашылды. Бұл пікір талас «жікшілдікті» жоймақ түгіл, қайта ушықтыра түсті. Әдеби сынды көркем шығарманы сынау үшін емес, жазушының өзін сынауға пайдаланып, сынды сынампаздыққа айналдырып жібереді. Мерзімді баспасөз бетінде «жікшілдікті» жоюға арналған Ғ. Мүсіреповтың, Ә. Мұсаұлының, І. Жансүгіровтың, С. Мұқановтың мақалалары жарияланды. Бұрыннан келе жатқан «сәдуақасовшылдық», «қожановшылдық» сияқты атауларға, «сәкеншілдік», «бәйдіндилшілдік», «жансүгіровшілдік», «сәбитшілдіктер» қосылып, көбейе түсті. Жалпы, осы «жікшілдікке» байланысты жарияланған мақалаларда бір-біріне орынсыз кінә тағу, тіл тигізу сипат алған. [1; 59-86б] .

Әдеби сындағы жағдайдың ушыққандығы соншалық, жазушылар бір-бірінің шығармаларының ішінен «тырнақ астынан кір іздегендей» болмашы кінәраттар тауып алып, оны халыққа, партияға қарсы «ұлтшыл», «халық жауы» етіп көрсетті. Мағжанның, Ахметтің, Жүсіпбектің, Міржақыптың тағы басқа шығармаларына тиым салынды. Әдебиет көшін бастаушылардың барлығы дерлік қуғынға ұшырады. Шығармада жас бала жыласа, «ол неге жылайды?» -деп күдікпен қарады себебі: «Кеңес Одағында ешкім жыламауы керек». Көркем туындының тағдыры «пролетариат», «кеңес», «партия», «кедей», «жалшы»деген сияқты сөздердің бар-жоғына қарай шешілді. Көркемдік категориялар елеусіз қалып, саяси бағытты ашу сынның басты міндеті деп ұғынылады. Көркем шығармаларды бағалағанда ол жазушылардың топтық шығу тегімен байланысты қаралды. Пролетариат әдебиетін тек «таза» пролетар жазушылары жасай алады деп түсіндірілді [3; 38б] . Жазушы шығармашылығын бағалауда «ең алдымен, біздің тексеретін мәселеміз кімнің қандай жазушы екендігі», «өлшеу: жазушы әдет, салт-сана, әдет-ғұрып тұрғысында пролетариат болып тууы бірінші шарт» делінді. [2; 123б] .

Ә. Мұсаұлы осы өлшеміне сүйене отырып, Сәкен мен Сәбитті пролетариат жазушы емес деп тапқан. Сөйтіп, құрылыстың жұмысшы тобына шыққан еңбек ерлерін, колхозшыларды ол көрмейді. «Сейфоллаұлы коммунист бола отырып, көп реттерде байшылдық салдарынан шыға алмаған . . . »-деп жазды Әйтіке мақаласында.

« . . . ол жасөспірімдерді өз руын басқа рудан жоғары көтеруді міндетім деп білген ескі батырлардың әдемі дене құрылысынан үлгі алуға шақырады. Дене шынықтыру кезінде пионерге өгіздей қара күші бар Қажымұқанды үлгі етіп тартады. Сейфоллаұлының ескі ауылды сүйетіндігі сонща, кітабына Қажымұқанның суретін салдырады [4; 254б] .

Ол С. Сейфуллинмен бірге Ғ. Тоғжановтың да кемшіліктерін көрсетуге біраз көңіл бөлген. Оны Ахмет Байтұрсыновты жеткілікті сынамады, сыни еңбектерінде Плехановтың пікірлерін пайдаланады-, деп кіналаған. «Мұны негізгі Тоғжанұлының әлі партияға жат ұлтшылдық-байшылдық әдеттен босана алмағандығынан шығады» деп, саяси сойылын тағы да сермеп өтеді. Ал Ахмет Байтұрсыновты қалай сынау үлгісін де өзі көрсетеді.

«Байтұрсынұлы ұлт бостандығы қимылының көсемі болғанда қазақ байларының мүддесін көздейді, қазақты орыс патшалығының қолынан шығарып алып, кедейлерді өз беттерімен тілегенше езгісі келеді. Қазақ байлары қазақ кедейлерін орыс саудагерлерінен қызғанады, қазақ кедейлерін өзі оңашалап сорғысы келеді».

Ғ. Тоғжанов тағылған кінәларды «мойындаған». Мұнда кемшіліктердің болу себебін өзінің бір кезде Самғұл Сәдуақасовтың жігінде болуынан деп көрсеткен [5; 23б] .

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері:

  • Отызыншы жылдардағы әдебиеттің көптеген өкілдері мен нұсқаларын жұртшылыққа таныстыру;
  • Сыншылар мен зерттеушілер еңбектерін тереңдей анықтау;

Зерттеудің ғылыми болжамы: қазақ әдебиеті сынының өркен жаюына, оның білікті насихатшы, кемел кеңесші болып бекуіне көптеген авторлардың тиісті үлесін анықтау; отызыншы жылдардағы сыншыл ойдың едәуір марқайғаны, әдеби қозғалыстың зерек көмекшісі, насихатшысы болуға жарап қалғандығын таныту. Осының бәрін анықтай отырып, бүгінгі заман талабына сай өзіндік ғылыми болжам жасау.

Зерттеу объектісінің теориялық, практикалық маңыздылығы мен әдістемелік негізіне белгілі әдебиеттанушы ғалымдардың зерттеу еңбектері мен мақалалары басшылыққа алынды. Сөйте отырып дипломшы тарапынан өзіндік ой қорыту, салыстыру жұмыстарын жүргізу де диплом жұмысының негізгі нысанасы болып табылады. Диплом жұмысының корытындылары мен тұжырымдарын жалпы білім беретін мектептердің бағдарлы сатысында, таңдау бойынша оқитын факультативтерде, әдеби шығармашылық үйірмелерде қолдануға болады.

Зерттеу әдістері: Дипломдық жұмыстың мақсат - міндеттерін шешу үшін проблемалық жүйелеу, жинақтау, талдау, қазақ әдебиетіндегі шығармалардағы кейіпкер портретінің өзіндік орнын межелеу, ғылыми баяндау әдіс- тәсілдері қолданылды.

Құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде, диплом жұмысының өзектілігі, міндеті мен мақсаты, зерттеу нысаны сөз болады.

Бірінші тарауда отызыншы жылдардағы сын жайлы және сыни ойлар жөнінде сөз болады.

Екінші тарауда сыншыл жазушылар туралы мәлімет беріліп, олардың шығармаларына толық талдау жасалынады.

Қорытындыда диплом жұмысының негізгі мазмұны тұжырымдалады.

1 Сын - әдебиеттің іші-сыртын бірден аралайтын өткір айна

Қаз АПП сынының өктемдігі соншалық-сынаған жазушылардан жіберген қателіктерін мойындайды талап етеді. Сол кездегі баспасөз бетінде бір сыпыра жазушылардың өз қателерін «мойындағандықтары» туралы жазған мақалалары жарық көреді. Солардың бірі «ұлтшыл», «алашшыл» деген кінәлар тағылып, көп қуғын көрген М. Әуезов те болатын. Оның хаты 1932 жылы 10 шілдеде «Социалды Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде қатар жарияланды. Ол Қаз АПП басшыларының сынын «матындап», «сол сынаған жайлардың барлығын еске ала келіп, мен барлық кеңес жұртшылығының алдында, менің өткен жолымды сынап шыққан Қаз АПП дауысына өзімнің де кінәларымды өзім айтпаған жаңа сыным мен пікір жолындағы жаулық құралымды анық тастаған дауысымды қослақпын», -деп жазуға мәжбүр болды. Өз шығармаларын сын көзбен қарймын деп, «Еңлік-Кебек», «Қарагөз» сияқты классикалық шығармаларын түкке алғысыз етіп тастайды: «Менің өткендегі жазушылық қызметінің айқын белгілері «Еңлік-Кебек», «Қарагөз» сияқтылар еді. Бұлар бүгінгі төңкеріс дәуірінен алыстағы қазақ салтын көрсетумен қатар, өздерінің екшеліп алыған тақырыптары бойынша төңкеріс тематикасынан әдейі аулаққа жайылып кеткендігі және ұлтшыл жазушылардың тобына кеткендікті бідіретін нәрселер» Қаз АПП сыншылары сынның нәтижелігін осылайша түсіндіреді [6; 123б] .

Суреткер қай дәуірді бейнелесе, соны насихаттап отыр деп білді. Және осы түсінікті қаламгерлерге таңа сынады. Озық туындылардың қатарындағы С. Сейфуллиннің «Көкшетау», І. Жансүгіровтың «Дала», С. Мұқановтың «Сұлушаш» поэмаларында қазақтың өткен өмірі суреттеледі, ескі заманды уағыздайды, жазылу түрі жақсы болғанымен де, мазмұны, идеясы нашар деп сынады.

Қаз АПП-тың басшылары шығармашылық жұмысты әкімгершілікке бағындырды. Әрбір қаламгерге жоспар беріп, оны орындау талап етілді. Ал, орындай алмағандар сынға ұшырады. Мұның өзі көркем шығармаларды санына, көлеміне қарай бағалануға шейін апарды. Форма мен мазмұн тұтастығын бөле қарап, «мына шығарманың түрі жақсы, мазмұны нашар» деп сынаушылық жиі орын алды. Позияда жалған жаңашылдықтың өріс алуынан көркемдік дәрежесі төменде.

Қаз АПП-тың тұсында оның басшысы Мұстафа Қайыпназаровтың сыны үстемдік құрды. Қаз АПП-тың сынынан толығырақ хабар алу үшін осы ұйымның басшысы, әрі басты сыншысы М. Қайыпназаровтың Мәскеуде әдебиет сыншыларының жиынында қазақ әдебиетінің жай-күйі жайынан сөйлеген сөзіне назар аударалық. Ол: «жас қазақ совет әдебиеті партия басшылығымен өсіп келе жатыр», әдебиеттегі бай-алаш ықпалымен, оның жазушыларымен күресіп келеді. » деп бастайды да, атқарып жатқан нақтылы жұмыстарға тоқталады: «Жақында Сталин жолдастың хаты шыққан соң әдебиетіміздегі тексеру жасадық. Көп қателердің барлығын байқадық [7; 154б] .

Сыншы Ғ. Молдыбаевтың өлеңдеріндегі көркемдік кемшіліктерін емес, «ақ» деген сөздердің екі рет қолданып, жақсы мағынада пайдалануын сынап отыр. Сол кездегі ұғым бойынша «ақтар» үстем топтың, «қызылдар» еңбекші топтың саяси атаулары болғандықтанда бұл сөздердің жай мағынада қолданылуының өзінен үлкен идеялық кемшілік тапқан. Демек, «ақ жүректер», «ақ ниеттер» деп отырғаны байлар, оларды «ауызға арам салмайтын» деп мадақтау-саяси қателік. Олар үстем тап өкілдері болуіы себепті де ұнамсыз, келеңсіз кейіпте жырлануы қажет еді. Міне, сыншының ойлау жүйесі осылай.

Қаз АПП сынының ушыға түсуіне сол кездегі өлкелік партия комитетінің әдебиетке саяси басшылығындағы солақайлықтар да тікелей әсер етті. «Бұл істе Сталиннің «Большевизм тарихының кейбір мәселелері туралы» хаты қатерлі рөл атқарды. Осы хат бойынша 1932 жылы 10 қаңтарда ВКП (б) қазақ өкілі комитетінің мәдениет және насихат бөлімі мен Қазақстанның марксизм-ленинзм институтының «Сталин жолдастың хатына байланысты Қазақстандағы теория майданында күрес міндеттері туралы» болды [8; 165б] .

Қаулыда С. Сейфуллиннің шығармаларында ескі феодалдық-рушыл қоғам дәріптеледі; Ғ. Тоғжановтың әдебиет туралы еңбектерінде марксизм емес Плехановтың ықпалына түсіп, сорақы қателіктер жіберілді деп атап көрсетілді.

Осы партиялық нұсқау шыққан соң оны жүзеге асыру керек болды. Қаз АПП-тың 1932 жылы 26-30ақпанда өткен бірінші құрылтайытікелей осы қаулыны жүзеге асыру бағытында өтті.

М. Қайыпназаров ұйымның жұмысы туралы баяндамасында да жазушыларды шетінен тізіп қойып «сорттайды», сын айтып тағдырын шешеді.

Баяндаманың «Байшылдар ықпалы әрі күшті», «Байшылдар дәуіріндегі жазушылар» деген бөлімдерінде А. Байтұрсынов, М. Әуезов, Ж. Аймауытов, Қ. Кемеңгеров, Ғ. Қарашев, М. Жұмабаев, С. Торайғыров, Б. Күлеев, С. Дөнентаев шығармаларындағы «ұлтшылдық-байшылдық», «кертартпа сарындарды әшкерлеуге» едәуір орын берілді. Мәскеуде шыққан «Әдеби энциклопедияға» аталған қазақ ақын -жазушылары туралы мақалалардың енуін үлкен саяси қателік деп сынаған [9; 97б] .

С. Мұқановты «алған тақырыбы, айтқан мазмұны өте жақсы. Алайда көркемдік жағынан кемшілік көп. Мәселен, «Мырзабек» ұлтшылдықты қоздырады. «Сұлушаш» санашылдыққа шауып кетеді», -деп бағалайды.

1917 жылғы рөлі мәселесіне», «Алаш қозғалысының бастаулары» мақалалары жарияланды. Олар алашордашылар Ресейдің империяшыл буржуазиясының жыртқыштық саясатын жүргізушілер, олардың агенттері және қазақ еңбекші бұқарасының дұшпаны деген пікірлерін дәлелдеп бақты. С. Сейфуллин туралы: « Сәкен күні кешеге дейін ұлтшылдықты, ақсүйектікті жырлап келеді. Әсіресе, «Домбыра», «Экспресс», «Айт», «Азияларында» түрік бірлігін көздейді.

Соңғы кезде Сәкеннің «Көкшетау» деген кітабы шықты. Бұл кітабы да салт-сана жағынан барып тұрған зиянды кітап. Толып жатқан өрескел қате пікірлерді айтады. Мәселен, ақсүйектік дәуірді жырлады. Қажымұқаннан өнеге ал, ескі Баян әніненүлгі ал дейді. Қазір Көкшетауда болып жатқан колхоз, совхоз, өндірісті және социялдық қатынасты, партия туралы түк те айтпайды дейді.

Сол кездегі әдеби сын туралы қаулыдан «сын да тіпті қанағаттанарлықтай емес. Алашордашыл, ұлтшыл, троцкийшіл сындардың сыры жөнді ашылып, толық әшкереленген жоқ. Сәдуақасұлы мен соны қорғаушылар яғни алашорданың Қазақстан партия ұйымы ішіндегі агенттері де жөнді сыналған жоқ. Қаз АПП-тың басты мүшелерінің қатерлі де толық ашылып, әшкерленіп жеткен жоқ», -деген сөздер бар. Қаз АПП-тың Құрылтайынан кейін арнайы жоспар қабылданып, онда «байшыл-ойшыл» әдебиетті барынша талдау, басқа жазушылардың «кітаптарын тексеру» міндеттері ұсынылды. Әдебиеттегі кемшіліктердің барлығы да сынның әлсіздігінен болвп отыр деп көрсетеді. Сол кездегі әдеби сынның басты өкілдерінің бірі Ғ. Тоғжановтың әдебиеттегі «бар пәлеге» бір өзі кінәлідей, саяси айыптаулардың астында қалды. Оған «ұлтшыл», «байшыл» деген айдар тағылып, тағдырын қыл үстіне қойды [10; 84б] .

Тоғжанов өз «қателерін мойындап», кемшіліктерін жою мақсатымен әдебиеттегі «ұлтшылдықты әшкерлеуге» кірісті . . . Осы кезде С. Брайнии мен Ш. Шафиро қазақ «ұлтшылдарын», алашордашыларды әшкерлеуде ерекше еңбек сіңірді». Екі автор бірігіп жазған «Қазақ зиялылрының 1917 жылғы ролі мәселесіне», «Алаш қозғалысының бастаулары» мақалалары жарияланды. Олар алашордашылар Ресейдің империяшыл буржуазиясының жартқыштық саясатын жүргізушілер, олардың агенттері және қазақ еңбекші бұқарасының дұшпаны деген пікірлерін дәлелдеп баққан. Осындай «ізденістердің нәтижесінде «Алашорда тарихының очерктері» атты монография да өмірге келіп, ол Мәскеуде басылып шықты. «Алаш» партиясы былай қылып, енді бүкіл қазақ халқының, еңбекші бұқараның патша өкіметі мен империализмге қарсы шыққаны, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі, 1917 жылғы төңкерістерге қатысқан түгелдей қараланып, жоққа сойылды; бәрі де «антимаркеттік, антилениндік» болып шыға келді. Бүкіл ел теріс жолмен жүріп оның қайраткерлері қысастықтан басқа ештеме ойламаған жандар болып шыға келді» [11; 201б] .

Әдебиет тарихында ВКП(б) Орталық комитетінің 1932 жылғы 23-сәуірдегі қаулысының шығуы-үлкен оқиға болды. Онда кеңес әдебиетінің дамуына РАПП-тың аясы тарлық етіп, кедергі келтіре бастағандығы атап көрсетіліп ол, тартылды. Орнына кеңес өкіметінің бағытын қолдайтын барлық жазушылардың басын біріктіретін кеңес өкіметінің жазушыларының бірыңғай одағын құру туралы қаулы етті. Осы қаулыға сәйкес, ҚазАПП 1932 жылы 18 мамыр күні Қазақстан кеңес жазушыларының ұйымы болып жаңадан құрылды. Оның артынша-ақ өлкелік партия комитетінің басшылығы ауысты. Жаңа басшылық ұлттық мәдениеттің дамуына шындап көңіл бөле бастады. Әдебиеттің өркендеу жолындағы кедергілер айқындалып, оны жоюдың нақтылы шаралары белгіленді. Бұл үлкен екі оқиға әдебиетімізге, оның сынына қарқынды серпіліс әкелді [12; 92б] .

Б. Кенжебаев пен К. Өтепов «Әдебиет сынын дамытуымыз үшін алдымен оның методологиялық мәселесін шешіп алуымыз керек», -деп жазды. Олар осы уақытқа дейін сында қолданылып келген әдіснаманың оңды еместігіне, сыншылардың теориялық дайындықтарының төмен жатқандығына назар аударады. Ғ. Тоғжанов «Өткен сынның үлкен бір кемшілігі көркем әдебиеттің жалпы искусствоның өзіне хас өзгешелігін ескермегендігі, осыдан барып біздің көп сынымыз бірбеткей саясат сыны болып кетті», -деп ащы шындықтың бетін ашқан.

Көп ұзамай-ақ Қазақстан кеңестер жазушылар одағы ұйымдастыру комитетінің бірінші пленумы болып өтті. Онда І. Жансүгіров пен Ғ. Мүсірепов баяндама жасап, қазақ әдебиетінің жай-күйі егжей-тегжейлі әңгімеленді. Әдеби сынның алдында тұрған міндеттер де сөз болды. Пленумда М. Әуезов сөз сөйлеп, барлық күш-жігерін, шығармашылық еңбегін халқына қызмет етуге арнайтындығын мәлімдеді. 1934 жылы наурыз айында өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы Л. Мирзоян қазақ жзушыларымен кездесіп, әдебиет саласында атқарылып жатқан шаралармен танысты. Кездесуде де қазақ әдебиетін дамыту, теориясын меңгеруге түсу мәселелеріне назар аударылды [13; 189 б] .

Қазақстан жазушыларының бірінші құрылтайы әдебиетіміздің дамуында үлкен асу болды. Онда әдебиеттің алдында тұрған негізгі міндеттер айқындалды. Бүкілодақтық Бірінші Құрылтайы болып өтті. Онда социалистік реализм әдісі бүкіл кеңес қаламгерлерінің негізгі шығармашылық әдісі деп жарияланды. Қазақстан жазушыларының атынан І. Жансүгіров пен С. Сейфуллин сөз сөйледі. Осы оқиғалардан кейін мерзімді баспасөз беттерінде әдебиетіміз бен сынымыз қайтсе жасарады деген ойларын ортаға салған бір сыпыра мақалалар көрінді. Әдеби сынға кең жол ашылғандай болды.

Әдеби ауыр сынның жүгін көтеріскен, оны дамытуға үлес қосқан сыншылардың қатары молая түсті. М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, сияқты сақа қаламгерлер сын саласында да өнімді еңбек етті. Ғ. Тоғжанов, І. Қабылов, Б. Кенжебаев, К. Өтепов, Е. Бекенов, Х. Жүсіпбеков, М. Жолдыбаев, Р. Жаманқұлов, Ж. Сәрсенбаев, Е. Ысмайылов, Қ. Жұмалиев, Ә. Қоңыратбаев, Ә. Тәжібаев, З. Шашкин, С. Ерубаев, Ө. Тұрманжанов, О. Беков, Қ. Қуанышев, Р. Уәлиахметов, С. Камалов, Ж. Шанин, Ш. Құсайынов, Ә. Мәметова, М. Дәулетбаев, Қ. Әбдіқадыров, Қ. Аманжолов, Қ. Жұманов, Ш. Әлжанов, Х. Есенжанов, Ғ. Сланов, Ж. Саин, Ж. Сыздықов, А. Тоқмағанбетов, Д. Әбілов, С. Сейітов, М. Ғабдуллин, М. С. Сильченко, М. П. Баталов, Т. Нұртазин, Б. Шалабаев, т. б. әдебиетшілер сынның ыстық-суығына күйіп, өркендеуіне ат салысты. Бұрыңғы «Жаңа әдебиет» журналы «Әдебиет майданы» деген атпен шығып, сын мақалаларға көбірек орын берілді. Орыс тілінде «Литературный Казахстан» әдеби журналы шыға бастады [14; 158 б] .

1934 жылы 10 қаңтарда «Қазақ әдебиеті» газетінің тұңғыш саны жарыққа шықты. Әдеби газеттің шыға бастауы мәдени, әдеби өміріміздегі елеулі оқиға болды. «Қазақ әдебиетінің» шығып тұруы-қазақ әдеби ой-пікірінің дамуына үлкен жағдай жасап, серпіліс әкелді. Газеттің алғашқы нөмірінен бастап әдеби сынға айрықша көңіл бөлінді.

Жазушылар құрылтайынан кейінгі кездерде әдеби сынның тақырыптық аясы кеңіп, көркемдік, теориялық талдауларының сапасы арта түсті. Бұрынғыдай идеялық жағынан көбірек мән берушіліктен оны әдеби-эстетикалық тұрғыдан танып білуге ұмтылушылық байқалды. Жаңадан көрінген әрбір көркем шығарма хаңында сын өз пікірін білдіріп тұруға кірісті. Кейбір елеулі туындылар төңірегінде пікірталастар да болып жатты. 1935 жылы желтоқсанда Б. Майлиннің «Шұғасы», С. Мұқановтың «Теміртас» романы жайлы пікір сайыс өткізілді.

Көп ұзамай-ақ І. Жансүгіровтың поэмаларытуындысы турасында да пікір алу болды. Талқылауды ашардағы кіріспе сөзінде С. Мұқанов Ілиясты Сәкенмен бірге «Қазақ кеңес поэзиясының классигі» деп атады [15; 22 б]

Отызыншы жылдардың орта шенінде орыс әдебиетінде натурализм туралы айтыс өтті. Қазақ қаламгерлері пікірталасуды әдебиетіміздің көркемдік сапалары хақындағы келелі ой жарыстарына айналдырды. Қазақ әдебиетіндегі формализм мен натурализм жөніндегі дискуссия 1936 жылы көкектің 11-де басталып, үш күнге созылды. Айтыстың материалдары «Қазақ әдебиетінің» осы жылғы көкек, мамыр айларындағы бірнеше сандарында жарияланды. Бұл айтыста қазақ әдебиетінің көркемдік мәселелері кеңінен сөз болды. Дегенмен де, кейбір артық-кем сындар да болмай қалған жоқ. Поэзиядағы жаңашылдықтың бәрін формализм, прозадағы шынайы өмір көріністерін натурализм деушілік, осыларды көркем әдебиеттен қазбалай іздеушілік те байқалып қалды.

Мұндай пікірталас бір жағынан науқаншылық сипат алғанымен де, сынның құлашы, белсенділігі арта түсті. Алдында болған жеке жазушылардың белгілі бір шығармалары төңірегінде айтыстарға қарағанда соңғы пікір алуда әдеби сын жалпы әдебиетіміздің, оны жетістіктері мен сырқаулары туралы байсалды ойлар айтылды. Сыншыл ойлар жетіле түсіп, әдеби ағымдағы жетекшілік қызметін атқаруға ұмтылды [16; 86б] .

Әдеби сынның ең елгезек жанры рецензия күнделікті әдеби жаңалықтың барлығына дерлік ой салысып, өз пікірін білдіріп отырды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Д. Ысқақұлы әдебиет сыншысы
Қазақ әдебиет тарихын қай дәуірден, кімнен бастау керек деген мәселеде
Б.Кенжебаев-әдебиет сыншысы. М.Қаратаев-әдебиет сыншысы.Тоқырау жылдарындағы әдеби сын. Қазақ әдебиетіндегі ақтаңдақтардың игерілуі
М.қаратаев - әдебиет сыншысы
Ғылымға даңғыл жол салған – сарабдал сынның сардары (Сындарлы сыншы – Тұрсынбек Кәкішұлы туралы бір үзік сыр)
Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиетінің даму ерекшелігі
Қазақ тілі газеті
Сын көркем әдебиеттің құрамдас бір бөлігі деген пікірді Қазіргі әдеби сын
Ғабит Мүсірепов – сыншы
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы әдебиет туралы айтыстар. ҚазАПП тұсындағы тұрпайы социологиялық сындар. Соғысқа дейінгі әдеби мұраны игеру мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz