Ұсыну құқығы бойынша мұрагерлік
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..3
I тарау. Мұраланудың жалпы ережелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1. Мұраланудың түсінігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
..16
2. Мұраның
ашылуы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ...20
3. Мұраның ашылу
уақыты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
... 27
4. Мұраның ашылу орны

.28
II тарау. Заң бойынша
мұрагерлік ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..31
2.1. Заң бойынша мұрагерлер кезектері және оларды мұрагерлікке
шақыру
тәртібі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .33
2.2. Ұсыну құқығы бойынша
мұрагерлік ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...37
2.3. Қажетті
мұрагерлер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ..41
III тарау. Мұрагерлікті жүзеге асыру
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..43
3.1. Мұраны
алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...44
3.2. Мұраны
қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... .45
3.3. Мұрагерлікті
рәсімдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
..48
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 54
Библиография

... ... ... ... ... .57
Кіріспе
Мұрагерлік - өте ертеден келе жатқан көне институттардың бірі.
Мұрагерлік тарихына көз жіберсек, оның адамзат қоғамымен бірге жасап, бірге
дамып отырғанын байқаймыз. Алайда, алғашқы қауымдық қоғам кезеңінде,
адамдардың қазіргі заманмен салыстырғанда өте қарапайым болып және оны
қанағаттандыру құралдарының жетімсіздігі әсерінен болар, ол кезеңдерде әлі
мұрагерлік деген түсінік қалыптаспаған еді. Мүмкін, оны мұраға қалдыратын
мүліктердің жоқтығымен де түсіндіруге болар. Әрине, ол заманда да аңшылық,
балық аулау құралдары, жабайы терілер, үйді ұстауға жабдықтар, т.б. адам
өміріне қажетті құралдар әкеден балаға, рудан-руға қалып отырған. Сонымен,
мұндай жағдайда туындайтын қатынастар құқық нормаларымен емес, ғасырлар
бойы дәстүрлермен реттелетін еді. Соған сәйкес, бұл қатынастарды жүзеге
асыру қазіргідей мемелекеттік мәжбүрлеу шарасымен емес, қоғамдық пікір, ру,
тайпа беделі сияқты шаралармен жүзеге асырылатын.
Әдет – ғұрып, дәстүрді орындамаған адамға рудан (тайпадан) шығару
қаупі туындады. Ал тайпадан (рудан) шығарылу нәтижесі ашық өлімге әкелетін
еді. Ол адам сол кезде ең қорқынышты жаза деп танылатын құдайлар қарғысына
ұшырады деп есептелінетін еді.
Кейінірек шаруашылық мүліктері дамыған сайын, адамдардың қатынастары
күрделене келе, тайпалық қатынастар әлсіреген кезде қайтыс болған
адамдардың мүлкі кімге қалады, оған кім ие болады деген заңды сұрақ
әркімнің көкейінде тұратын болады. Осылайша қоғам әлеуметтік топтарға
бөліне келе, жеке меншік қалыптаса түсіп, осылармен бірге мұрагерлік те
пайда болып, дами берді.
Жеке меншіктің дамуы, оның таптық жолдан арылуы мұрагерлік
қабылдаушылықтың объектісі бола алмайтын тұлғанын өзін қоспағанда,
адамдардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін,
түсім әкелуге қабілетті барлық нәрсе біртіндеп мұрагерлік пәніне айнала
бастады. Бұл үшін адамзатқа мыңдаған жылдар қажет болады.
Кейін келе мемлекеттің пайда болуына орай, әлеуметтік жіктелістің
айқындала түсуі меншіктің алуан түрлілігін тудырады. Оның айқын көрінісі,
саяси биліктің ең жоғарғы нысаны саналатын мемлекеттік тақ мұрагерлігінің
пайда болуы дер едік. Тақ мұрагерлігі әр елде, әр түрлі тарихи кезеңдерде
әр түрлі аталғанмен сипаты жағынан бәрі де монархиялық (әкеден балаға,
ағадан ініге) дара билеуге саяды.
Ал, түбі бір түркі халықтарының, соның ішінде қазақ халқының
тарихында ерте заманнан бері мұрагерліктің әскери, әкімшілік, тайпалық,
мүліктік және рухани дәстүрлі жалғастығы немесе мұрагерлігі қалыптасқан
болатын. Біздің ата – бабаларымыз құрып, қалыптастырған үлкенді – кішілі
мемелекеттерде мемлекет – халық - әскер күшінің бірлігі бұлжымас салттық
дәстүрмен біте қайнасқан. Ру, тайпаның әрбір мүшесі мемелекеттік қорғауға,
оның амандығын сақтауға міндетті болуымен бірге, өзін сол мемлекеттің толық
құқықты мүшесі әрі мұрагері деп кәміл сенетін. Мәселен, біздің этникалық
тегіміз, прототүрік хұндар (біздің санауымызға дейінгі III ғасырдың екінші
жартсымен біздің заманымыздың I ғасырына дейін өмір сүрген) империясының
дәуірінде қалыптасқан мұрагерлік үрдісінен бір мысал келтірсек. Хұн
тәңірқұты Тұманның жарлығы бойынша соғыс майданында қаза болған сарбаздың
сүйегін далада қалдырмай, оз еліне алып келген әскерге марқұмның бала –
шағасына, мал – мүлкіне иелік ету құқығы берілгендігі Қытайдың тарихнама
атты жазбасында атап көрсетілген.
Демек, біз бұдан мұрагерлік дәстүрінің мыңдаған жылдық тарихы бар
екенін аңғарамыз. Мұндағы назар аударалық екі жағдайды атап өтелік:
бірінші, елден шалғайдан, жат жерде жорықта жүрген кез – келген сарбаз ажал
жетіп қаза болса, сүйегі далада қалып, ит – құсқа жем болмайтынына, туған
жерден топырақ бұйыратынына нық сенімде болады. Екіншіден, майданда мерт
болған боздақтың артында қалған бала – шағасы бас иесіз қалмай, қамқоршысы
болатынына сеніммен жүре алады. Сөйтіп, әскер мен халық және мемлекетте
біртұтас өмір сүруге кепілдік берілгенін көреміз. Бұл жағдай қазақ халқының
өмірінде де күні кешеге дейін түрлі көріністе өз жалғасын тауып келгендігі
белгілі.
Мұрагерліктен туындайтын қатынастар адам өміріне етене жақын
болғандықтан, қай дәуірде де өз жалғастығын тауып келген. Мысалы, қазақтың
көне халықтық тәжірбиесінде мұраны бөлу жөнінде ертеден келе жатқан мынадай
бір аңыз бар.
Бір адам үш баласына 17 жылқыны мұраға қалдырып, дүние салады.
Тұнғышына жартысын, ортасына үштен бірін, кенжесіне тоғыздан бірін өсиет
еткен. Бұлар үлестерін бөлісе алмай, дағдарып отырғанда арық атты жолаушы
кездеседі. Жолаушы өз атын әлгі жылқыларға қосып, Енді үлестерінді ала
беріңдер, - дейді, 18 жылқыдан тұңғыш баласы 9, ортаншысы 6, кенжесі 2
жылқы алып, бітіседі. Сөйтіп, жолаушының арық аты артық қалады.
Мұнан көретініміз, өте ертеде – ақ мұра жағдайы, оны бөлісу сияқты
мәселелер қазақ халқына да кездесіп, қал – қадірінше шешіліп отырған.
Иә, үй қожасы болғанда, оның мал – мүлкін талан – тараждан сақтау
үшін, бала
шағасына, әйеліне, туыстарына әділ және дұрыс бөліп беру үшін мұндай
есептеулер кажет – ақ болған. Мұндай есептеулер сол кезде қабылданған
ережелер арқылы жүргізіліп отырған. Ондай ережелер Қазан төңкерісіне
дейінгі Қазақстанда да әрекет еткені белгілі. Төңкеріліске дейінгі қазақ
халқында барымта, мұраға таласу, жер және жесір даулары осындай ережелермен
шешіліп отырған. Оған мысал ретінде, 1985 жылғы Семей облысының қазақтары
үшін қабылданған Қарамолдағы ережені айтуға болды. Бұл ереженің соңында
Абайдың да қолы бар.
Ол осы ережені жасаушыларға ақыл – кеңес беріп отырған сыңайлы.
Мінеки, осы Қарамола ережесінде мұрагерлікке қатысты мынадай қағидалар
бар: Егер ері өлген әйел, баласы бар болса да, жоқ болса да екінші күйеуге
тимей отырса, ерінен қалған барлық мал мен мүлікке өзі ие болады.
Қалыңдық өлгенде балдызы жездесіне тимесе, қыз әкесі алған қалың
малын күйеуге қайтарады.
Осылайша, мұрагерліктен туындайтын қатынастар дәстүр ерекшеліктерін
сақтай отырып, кеңес жылдарына дейін жалғасып келеді. Келесі, кеңестік
жылдардағы мұрагерлік құқық, сол кеңестік жылдардағы мұрагерлік құқық, сол
кеңестік өкіметтің бағыт – дағдарына тәуелді болып, даму мүмкіндігі
тежелеген салалардың біріне айналады. Көненің бәрін теркі еткен
большевиктік солақай саясат қандай күшпен болса да, жеке меншікті жоямыз
деген ұранын дүрілдетіп тұрды. Ал, мұраның негізінің өзі жеке меншікке
бағышталатындығы белгілі.
Сөйтіп, жеке меншікті жою мақсатында бірнеше заңдар қабылданды.
Мысалы, 1917 жылдың 26 қазанында Жер туралы, 1917 жылдың 14 желтоқсанында
Банктерді ұштастыру туралы деректер қабылданды. Жеке меншіктің мұрагерлік
жолымен берілуін жою мақсатында 1918 жылдың 27 сәуірінде Об отмене
наследования декреті жарияланды. Осы декреттің 1 – бабына сәкес, заң
бойынша да, өсиет бойынша да мұрагерлік мүлдем алынып тасталды. Яғни, мүлік
иесі қайтыс болғаннан кейін оған тиісті (жылжитын, жылжымайтын) барлық
мүліктері мемлекеттің, дәлірек айтқанда РСФСР – дің қарауына (меншігіне)
өтетін болды. Осылай қалыптасқан жағдай жаңа экономикалық саясаттың
келуімен, біршама шектеулермен болса да, мұрагерлік құқығын қайта дамытуға
өз үлесін қосты. Сәл кейінірек, 1922 жылдың 22 мамырында қабылданған Об
основных частных имущественных правах, признаваемых РСФСР деген декретте,
егер мұраның жалпы құны 10 000 алтын рубльден аспайтын болса, мұраны
жұбайының және тікелей ұрпақтарының заң бойынша мүрагерлік жолымен алу
құқығы бекітіліп, әрі осы декрет негізінді Азаматтық кодексті мұрагерлік
құқық бөлімінің іргесі қаланған болатын.
Жоғарыда атап өткеніміздей, солақай саясат дамуын шектеп келген
мұрагерлік институты, тек 1945 жылы ғана кеңірек тыныстауға мүмкіндік алды.
Осы жылдың 14 наурызында қабылданған ССР Жоғары Кеңес Президиумының О
наследниках по закону и по завещанию деген Жарлығымен заң бойынша және
өсиет бойынша мұрагерлердің құқығы едәуір кеңіді. Мұндағы демократиялық
қағидалар кейінірек Азаматтық кодексте өз көрінісін тапты.
Осындай небір бұралаң жолдардан өткен мұрагерлік құқығы тәуелсіз
Қазақстан заңдарында өзіне лайықты орынын алды деп есептейміз. Еліміздің
құқық үйесінде мұрагерлік құқығы азаматтық құқықтың үлкен бір бөлімі
ретінде бекітілген. Әрі, іздің республикадағы әрекеттегі заңға сәйкес,
мұраның көлеміне шектеу жоқ.
Мұрагерлік құқық қатынастарының пайда болуынаң негізі мұра. Мұраның
бірден – бір критерийі меншік. Еліміздің Ата заңы, Конституциямыздың 26 –
бабының, 1 – тармағында Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде
алған қандай да болсын мүлкін жеке меншігінде ұстай алады деп мүлікке жеке
меншік нысаны заңмен бекіткен. Осы аталған баптың 2 – тармағында меншік,
оның ішінде мұрагерлік құқығына заңмен кепілдік беріледі деп көрсетілген.
Сонда, қазіргідей адамзат қоғамы белгілі бір рухани, экономикалық
даму кезеңіне жеткен дәуірде мұрагерлік адамзатқа ен берді, оның маңызы
неде деген заңды сұрақ туындайды. Иә, мұрагерлік институты өмірде мүліктік
құқықтар мен міндеттер жиынтығы бар кезде үлкен маңызға ие болары белгілі.
Сөйтіп, мұрагерлік құқығы адамның болашағының кепілі ретінде көрінеді.
Қоғамның кез келген мұшесі өз өмірінде жинаған барлық материалдық және
рухани құндылықтарының өмірден өткеннен кейін ұрпақтарына қалуын қалаған
сезімде өмір сүретіндігі белгілі, әрі сол үшін қызмет етеді.
Бүгінгі таңда, еліміздің мұрагерлік құқығына мұраны қалдырудың заңда
бекітілген екі түрі бар. Олар: заң бойынша мұрагерлік және өсиет
негізіндегі мұрагерлік.
Әрине, жылжитын, жылжымайтын мүліктер және т.б. мүліктік құқықтар
игілігі молайған мына нарық заманында мұрагерлік құқығына тиісті дәрежеде
көңіл бөлінгені қажет – ақ. Себебі, заң базасының тұрақты әрі мықты болуы
Қазақстан азаматтарының өз ертеңіне деген сенімін арттырып, болашаққа деген
үмітін жайландыра түспек.
Біздің елімізде азаматтардың ұлғайып келе жатқан материалдық және
мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыру әлеуметтік қызмет көрсетудің жалпы
нысандарын дамыту жолымен ғана емес, азаматтардың тұтыну құралдарына жеке
меншікті айыру жолымен де жүзеге асырылады.
Мұрагерлік – бұл қайтыс болған тұлға – мұра қалдырушының құқықтары мен
міндеттерінің оның мұрагерлеріне мұрагерлік құқық нормаларына сәйкес өту.
Азаматтың азаматтық құқықтары мен міндеттерінің ол қайтыс болғаннан кейін
басқа тұлғаға өтуі мына белгілермен сипатталады:
1) мұраға өтудің негізі – мұрагерлік құқық нормаларында көрсетілетін
күрделік фактілік құрам;
2) берілген құқықтар мен міндеттер мұра деп аталатын белгілі бір
бірлікті құрайды;
3) мұндай құқықтар мен міндеттерге ие болатын тұлға, қайтыс болған
азаматтың жалпы (әмбебап) құқық қабылдаушысы болып келеді.
Мұрагерлік түсінігін анықтай отырып, мына екі жағдайды айта кету керек:
біріншіден, мұра қалдырушының құқықтары мен міндеттері мұрагерлерге құқық
мирасқорлығы негізінде, яғни егер АҚ ережелерінде өзгеше көзделмесе бір
уақытта тұтастай бірлік ретінде өтеді, екіншіден, АК-пен және басқа да
заңдармен мұрагерлікпен берілуге тиым салынған немесе сол құқықтар мен
міндеттердің құқықтық табиғатына қайшы келетіндері қоспағанда, мұра
қалдырушының барлық құқықтары мен міндеттері кіреді.
Мұрагерлік екі негіз бойынша жүзеге асырылады:
1) заң бойынша мұрагерлік;
2) өсиет бойынша мұрагерлік.
Заң бойынша мұрагерлік егер ол өсиетпен өзгеше өзгертілмесе ғана болады.
Заң бойынша мұрагерлік өсиет болмаса, не өсиет жарамсыз деп танылса, өсиет
ойынша мұрагер мұрадан өсиет бойынша мұрагерлердің пайдасына емес бас
тартса, не өсиет бойынша барлық мұрагерлер лайықсыз мұрагер ретінде мұрадан
шеттетілсе, мүліктік өсиет етілмей қалған бөлігі болса туындайды.
Заң бойынша мұрагерлікке мұра қалдырушының барлық құқықтары мен
міндеттерінің мұраға өту шарттары мен тәртібі заңның өзінде көрсетіледі.
Мұнда мұра қалдырушының мүлігі көрсетілген тұлғалар арасында және кезекке
сәйкес теңдей үлеспен бөлінеді.
Мұрагерлік құқықтың жүзеге асырылуының заңдық кепілдігі мұрагерлік
және оны құрайтын мұрагерлік құқығын реттейтін нормалармен көрсетілген.
Мұрагерлік қатынастар АК – тарауымен, ҚР Нотарит туралы Заңымен, ҚР
Жоғарғы Сот Пленумының Мұрагерлік жөніндегі заңдарды соттардың
қолдануындағы кейбір мәселелер туралы қаулысымен, ҚР нотариустарының
нотариаттық іс - әрекеттерді жасау тәртібі туралы нұсқаулықпен және тағы
басқа да нормативтік құқықтық актілерменен мұрагерлік қатынастар туындаған
жағдайда реттеліп отырады.
Заң бойынша мұралану үшін ең болмағанда заңмен қарастырылған екі заңды
факт болуы керек. Олар: біріншіден, мұраға шықырылатын тұлға заң бойынша
мұрагерлердің қатарына кірулері қажет; екіншіден, мұраның ашылуы қажет.
Мұра қалдырушы мұрагерлік құқығында ең бір ортаңғы шеңбердегі фигуралардың
бірі болып табылады. Бірақ мен мұра қалдырушыны мұрагерлік құқықтық
қатынастардың субъектісі болады деген пікір айтып отырғаным жоқ. Егер мен
мұра қалдырушыны мұрагерлік құқықтық қатынастың субъектісі деп санайтын
болсам ақылға сыйымсыздық болар еді. Оған себеп: мұра қалдырушы дегеніміз
қайтыс болған тұлға. Ал қайтыс болған адамдар қандай да болсын құқықтық
қатынастың субъектісі бола алмайды.
I – тарау. Мұраланудың жалпы ережелері.

меншікті айыру жолымен де жүзеге асады.
Мұрагерлік – бұл қайтыс болған тұлға мұра қалдырушының құқықтары мен
міндеттерінің оның мұрагерлеріне мұрагерлік құқық нормаларына сәйкес өтуі.

Мұраға өтудің негізі - мұрагерлік құқық нормаларында көрсетілген күрделі
фактілік құрам;
Берілген құқықтар мен міндеттер мұра деп аталатын белгілі бір бірлікті
құрайды; Мұндай құқықтар мен міндеттерге ие болатын тұлға, қайтыс болған

Мұрагерлік түсінігін анықтай отырып, мына екі жағдайды айта кету
керек: біріншіден, мұра қалдырушының құқықтары мен міндеттері мұрагерлерге
құқық мирасқорлығы негізінде, яғни егер АК ережелерінде өзгеше көзделмесе
бір уақытта тұтастай бірлік ретінде өтеді, екіншіден АК- пен және басқа да
заңдармен
мұрагерлікпен берілуге тиым салынған немесе сол құқықтар мен міндеттердің
құқықтық табиғатына қайшы келетіндерді қоспағанда, мұра қалдырушының барлық
құқықтары мен міндеттері кіреді.
Мұрагерлік екі негіз бойынша жүзеге асырылады: Заң бойынша
мұрагерлік; өсиет бойынша мұрагерлік.
Мұралықтың негізі өсиет болған жағдайда мұрагерлер арасында Құқықтар
мен міндеттерді бөлу және мұрагерлерді белгілеу өсиет қалдырушының еркіне
байланысты.
Заң бойынша мұрагерлік егер ол өсиетпен өзгеше өзгертілмесе ғана
болады. Заң бойынша мұрагерлік өсиет болмаса, не өсиет жарамсыз деп
танылса, өсиет бойынша мұрагер мұрадан өсиет бойынша барлық мұрагерлер
лайықсыз мұрагер ретінде мұрадан шеттетілсе, мүліктің өсиет етілмей қалған
бөлігі болса туындайды.
Заң бойынша мұрагерлікке мұра қалдырушының барлық құқықтар мен

Мұрагерлік негіздері (өсиет бойынша, заң бойынша) келісімнің пәні
бола алмайды.

Мұрагерлік қатынастар АК – тараумен, ҚР Нотариат туралы Заңымен, ҚР
Жоғарғы Соты Пленумының Мұрагерлік жөніндегі заңдарды соттардың
қолдануындағы кейбір мәселелері туралы қаулысымен, ҚР нотариустарының
нотариаттық іс - әрекеттерді жасау тәртібі туралы нұсқаулықпен және т.б. да
нормативтік құқықтық актілермен мұрагерлік қатынастар туындаған жағдайда
реттеліп отырады.

факт болуы керек. Олар: біріншіден, мұраға шақырылатын тұлға заң бойынша

Мұра қалдырушы мұрагерлік құқығына ең бір ортаңғы шеңбердегі фигуралардың

субъектісі болады деген пікір айтып отырғаным жоқ. Егер мен мұра
қалдырушыны мұрагерлік құқықтық қатынастың субъектісі деп санайтын болсам
ақылға сыйымсыз болар еді. Оған себеп: мұра қалдырушы дегеніміз қайтыс
болған
тұлға. Ал қайтыс болған адамдар қандай да болсын құқықтық қатынастың
субъектісі бола алмайды.
Мұра қалдырушылар болып тек жеке тұлғалар болып табылады. Мұраның
ашылуы бұл мұрагерлік құқықтар мен міндеттердің пайда болуына жағдай
туғызатын фактілердің пайда болуы. Мұра ашылған кезден бастап нақты
тұлғаның
мұраны қабылдауы немесе мұрадан бас тартуы деген сияқты мүмкін болатын
болжамдар жүзеге асады.
ҚРАҚ 1042 – бабының 1 – тармағына сәйкес мұраны ашуға әкеліп соғатын
екі факт бар. Бұл:
1) азаматтың қайтыс болуы;
2) хабар – ошарсыз кеткен адамды өлді деп жариялау.
АК – тің 1042 – бабының 2 – тармағына сәйкес мұраның ашылған уақыты болып
мұра қалдырушының қайтыс болған күні, ал хабар – ошарсыз кеткен адамды
ҚРАIЖК – нің 32 – тарауының ережелеріне сәйкес азамат қайтыс болды деп
жарияланған жағдайда, хабар – ошарсыз кеткен мұра қалдырушыны қайтыс болды
деп жариялау туралы сот шешімінің заңды күшіне еңгені танылады.
Мүдделі тұлғалар азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы арызды осы
тұлғаның аты – жөнін, әкесінің атын, туған жылын, туған жерін;
Мүдделі тұлғаларға белгілі ол тұлғаның соңғы тұрғылықты жерін және жұмыс
орнын;
Тұлғаны өлді деп жариялау қандай мақсатқа (мысалы, мұраны алу үшін) қажет
кенін көрсетулері қажет. Фактіні бекіту мақсатында арыздың иесі, яғни
мүдделі тұлғалар сот отырысында жауап алынуы тиіс куәларды көрсетеді және
сонымен қатар хабар – ошарсыз кетудің өзге де дәлелдемелерін ұсынады. Өлім
уақыты адам ағзасындағы өзгерістердің қайтарымсыздығын дәлелдейтін медико –
биологиялық мәліметтер негізінде бекітіледі. Егер ағзаның өмірге
қабілеттілігі жасанды тыныс алу, қан айналым аппараттары көмегімен ұсталып
тұрса, онда өлім әлі туған жоқ. Осы аппараттар ажыратылғаннан кейін және
адам өмірі мағынасыз болатын жүрек, өкпе, бүйрек және осы сияқты ағзалардың
қызметі толық тоқтатылғаннан кейін ғана өлім туады. Медико – биологиялық
мәліметтер негізінде бекітілген өлім фактісі АХАЖ органы беретін өлу туралы
фактісімен куәландырылады.
Мұраның ашылуы уақытымен заң мыналарды байланыстырады:
1) мұраға шақырылатын мұрагерлер санаты;
2) мұраның құрамы;
3) мұрадан бас тарту мерзімдерін санау;
4) несие берушілердің талап қою мерзімдерін санау;
5) мұрагерлердің мұраға құқықтарының пайда болу кезі;
6) мұраға құқық туралы куәліктің берілетін мерзімі;
7) қолданылатын заң (егер өзгеше көзделмесе, мұра ашылған кезде
қолданылған заң қолданылады).
Жоғарыда аталып көрсетілгендей мұраның ашылған уақыты болып мұра
қалдырушының қайтыс болған күні танылады.
Мұраның ашылу уақытын анықтау үшін мұра қалдырушының қайтыс болған
сағаты емес, тек қайтыс болған күннің өзінің ғана маңызы бар. Егер бірінен
кейін бірі мұрагер болуға құқылы адамдар бір күнде қайтыс болса, олар бір
мезгілде қайтыс болған деп танылады және олардың әрқайсысын кейін
мұрагерлік ашылады да олардың мұрагерлері мұрагерлікке шақырылады. Мұнда
көрсетілген тұлғалар коммориенттер (commorientes – бір уақытта қайтыс
болушылар) деген атпен аталады.
Әрине, егер тұлғаның қайтыс болғандығы уақыттарының арасы 5 минут,
яғни бір тұлға 23 сағат 55 минут қайтыс болып, 2 – ші тұлға 5 минуттан
кейін қайтыс болатын болса онда бұл тұлғалар бір күнде қайтыс болғандар деп
танылмайды және бірін – бірі мұраланады. Бұл сонда да кішкене кідірістермен
байланысты. Қайтыс болушының қайтыс болған уақытын дәлме – дәл анықтау көп
жағдайда мүмкін емес.
Көлік катастрофасында күйеуі қайтыс болады, осы күні, бірақ күәйеуі
қайтыс болғаннан кейін біршама уақыттан соң әйелі қайтыс болады.
Мұрагерлер: әйелінің
шешесі және күйеуінің ағасы. Мұралық масса: күйеуінің атына тіркелген
автомашина, әйелінің атына салынған банктегі ақша салымы және нотариуспен
тіркелген үй жабдықтары және үй іші тұрмыс заттары. Мұрагерлерінің
келісімімен
нотариус күйеуінің мұрагері – ағасына автомашинаға және үй жабдықтары мен
үй іші тұрмыс заттарының ½ үлесіне, ал әйелінің мұрагері – оның шешесіне
банктегі ақша салымына және үй жабдықтары мен үй іші тұрмыс заттарының ½
үлесіне мұраға құқық туралы куәлік береді яғни, нотариус екі өз бетінше
мұрагерлік істі жасады.
Мұра қалдырушының соңғы тұрған жері, ол егер белгісіз болса – мүліктің
не оның негізгі бөлігінің орналасқан жері мұраның ашылу орны болып
табылады. Мұраның ашылу орнын анықтау үлкен практикалық маңызға ие.
Себебі, мұраның ашылу орынмен туындап отырған құқықтық қатынасқа заңдарды
қолдану туралы сұрақтарды шешумен, сондай – ақ мұрагерлерге мұраны қабылдау
және одан бас тарту жөнінде арызды беруге;
1) мұра қалдырушының несие берушілеріне мұра қалдырушының міндеттерінен
туындайтын талаптарын қою құқығын ұсынуға;
2) мұралық мүлікті қорғау шаралары туралы арыз беруге;
3) мұраға құқық туралы куәлікті рәсімдеуді жүзеге асыратын нотариусты
(мемлекеттік нотариаттық кеңсені) анықтаумен мұраның ашылу орны өте
тығыз байланысты.
Мұраның ашылу орны мұра қалдырушының тұрған жері туралы құзіретті орган
берген анықтамамен расталады, ал егер тұрған жері белгісіз болса, мұралық
мүліктің орналасқан жері не оның негізгі бөліктері туралы сол орган берген
құжатпен расталады.
Мұрагерлерде аталған құжаттар болмаса, нотариус мұраның ашылу орнын
белгілегені туралы заңды күшіне сот шешімін талап етеді. Мұраның ашылу
орны, егер мұра қалдырушы өзінің тұрғылықты жерінен уақытша кетуі кезінде
қайтыс болса, мұра қалдырушының қайтыс болған жерімен сәйкес келмеуі
мүмкін. Осыған байланысты тәжірбиеде мынадай сұрақ туындауы мүмкін: нақты
әскери қызметке, оқуына, жұмыс жағдайына байланысты, емделу мекемесіне
орналасуына байланысты т.б. жағдайларда мұраның ашылған орнын қалай
анықтауға болады? Бұл сұраққа жауапты ҚР Жоғарғы Сотының Мұрагерлік
жөніндегі заңдарды соттардың қолдануындағы кейбір мәселелер туралы
қаулысының 2 – тармағынан табуға болады. Онда былай деп жазылған:
Мұра қалдырушының тұрақты жерінен уақытша кетуіне байланысты, мысалы,
нақты әскери қызметіне, оқуына, жұмыс жағдайы мен түріне қарай іс сапарына,
емделу мекемесіне орналасуына байланысты кеткенде және т.б. жағдайларда,
мұра ашылған жері болып, оның түпкілікті тұрағы есептеледі.
Мұра ашылу орнынан туындайтын мәселелерді шешу кезінде нотариус
кандай жағдайда болмасын қайтыс болған тұлғаның бір орында біршама көп
уақыт бойы тұрғанына қарамастан оның негізгі тұрақты орнын назарда ұстауы
қажет. Мысалы, бас бостандығынан айыру орындарында қайтыс болған тұлғадан
кейін оның ұрасының ашылу орны болып қамауға дейінгі оның соңғы тұрақты
орны болып танылады.
Кәмелеттік жасқа толмағандардың, әрекет қабілеттілігі жоқ немесе
әрекет қабілеттілігі жоқ немесе әрекет қабілеттілігі шектелгендердің
тұрғылықты жері олардың ата – анасының, асыраушысының, қамқоршысының,
қорғаншысының тұрғылықты жері болып табылады. Тұрғылықты жерді нақты
анықтаудың азаматтық және бақа да құқықтық қатынастардың тұрақтылығын
қамтамасыз етуде маңызы зор. Бұл қай нотариатты кеңсе мұрагерлік істі
рәсімдей алады, қай нотариаттық кеңсе немесе орган мұрагерлердің, несие
берушілердің, мемлекеттің мүддесі үшін мұраға берілетін мүлікті қоғау үшін
шаралар қолданады деген сұрақтарды шешкен қажет.
Мұрагерлік құқықты рәсімдеу үшін мұрагерлердің тұрғылықты жері бойынша
емес, мұраға берілетін мүліктің тұрған жері емес, алдымен мұра қалдырушының
тұрғылықты жері бойынша нотариаттық кеңсеге беру керек. Егер қызмет
жағдайына байланысты мұра қалдырушының тұрғылықты жері болмаса, мұралық іс
мұраға берілетін мүліктің немесе оның көп бөлігінің орналасқан жері бойынша
рәсімделеді. Бұл жағдайда мұраның ашылған орны мұраға берілетін мүліктің
тұрған жері болып табылады. Егер екі немесе одан да көп жерде мұраға
берілетін мүлік теңдей орналасса, онда көбірек шаруашылық маңызы бар мүлік
орналасқан жер мұраның ашылған орны болып табылады. Мұндай ережені
нотариат және сот тәжірибесі ұсынады.
1. Мұраның түсінігі
Мұрагерлік құқығына маңызды түсінік – мұра. Мұны мұра болмаған
жағдайда мұраланатын ештене болмас еді деп түсіндіремін.Заң әдебиеттеріне
мұра қалдырушының мүліктік құқықтары мен міндеттерінің жиынтығы ретінде
қарастырылады. Сонымен қатар, мұра қайтыс болған азаматқа тиісті құқықтар
мен оның қарыздары кіретін жихаз ретінде түсіндіріледі.
Азаматтың мүлкі – бұл оған тиісіті шын мәніндегі құндылықтардың
жиынтығы. Бұл құндылықтардың құрамына алдымен әр түрлі материалдық
объектілер кіреді. Мұралық мүліктің нақты құрамы мен бағасын анықтаудың
тәжірибелік маңызы өте зор болып келеді. Мұра құрамына тек мұра қалдырушы
алып жүрген құқықтар мен міндеттер кіреді. Мұра қалдырушының барлық
құқықтары мен міндеттері мұрагерлеріне мұрагерлікпен беріле бермейді. Мұра
қалдырушының өмірінде өзіне тиесілі болған құқықтары мен міндеттерінің
барлығы дерлік басқа тұлғаға, соның ішінде мұрагерлік тәртіппен ауыспайды.
Ол – авторлық құқығы. Жай, түсінікті сөзбен жеткізсем, бұл құқық өзінің
иесімен бірге қайтыс болады. Бұл жерде біз мына жағдайды анықтап алуымыз
қажет. ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы Заңының 30 –
бабында авторлық құқық мұра ретінде беріледі делінген. Авторлардың
авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы ҚР Заңының 15 – бабында
көзделген мүліктік емес жеке құқықтары мұрагерлік бойынша ауыспайды. Оны
мұрагерлерді қорғауды жүзеге асыруға ғана құқылы. Тағы атап айтатын
болсам, мысалы, мұраға атқа құқық етпейді. Осы тұрғыда атап көрсеткендей
кейбір құқықтар мен міндеттердің мұраға берілмеуі, олардың қайтыс болған
азаматтың жеке тұлғасымен тығыз байланыстылығымен, тұлғадан ажырамайтын
игілік екендігімен түсіндіре аламын. (Серебровский В.И. Очерки советвкого
наследственного права М.,1953.105 бет).
Мұрагерлер мұра қалдырушының құқықтарына ие болуымен қатар,
міндеттерге ие болады деп айтып кеттим. Мұрагерлер мұра қалдырушының
қарыздары бойынша несие берушілердің алдында ортақтасқан жауапкершілікте
болады. Ортақтасқан жауапкершілік оларға мұрадағы үлесіне тәуелсіз
белгіленген. Несие берушілердің талаптарын бір мұрагер қанағаттандыратын
жағдайда, оның қалған мұрагерлермен қатынасы регрестік міндеттемелер
қағидасына сәйкес жүзеге асырылады.
Егер мұралық жиынтыққа мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымалы және
жылжымайтын мүлік (соның ішінде жарғылық капиталға үлестер) кірсе,
нотариус құқық беруші құжаттар негізінде, ал жарғылық капиталға үлестер
құжат анықтамасы бойынша, бухгалтерлік құжаттан көшірме, заңды тұлға
құрылтайшыларының жалпы жиналысының хаттамасының көшірмесі негізінде
аталған мүліктің мұра қалдырушыға
тиісіті екендігін тексереді.
Мұра қалдырушы мүшесі болып табылатын заңды тұлғаларға қатысты
мұрагерлердің құқығын екі категорияға бөлу қажет:
1. сол ұйымға мүше болу құқығы;
2. мүліктегі мұра қалдырушыға тиесілі үлесті алу құқығы;
Үлеске құқық ол үлесті табиғи түрде бөлген немесе сол мұра қалдырушыға
тиісті үлесті ақшалай беру жолымен ғана өтеді. Мұндай үлесті бөлгенге
шейін мұрагерде үлесті талап ету құқығы болады. Мұраға берілетін мүліктің
құрамына тұрғын үй кіреді. Тұрғын үй қатынастары туралы ҚР Заңының 16 –
бабына сәйкес, тұрғын үйді
бірлесіп салған, азаматтық құқықтық мәмілелер жолымен немесе мұраға алған
жағдайда және заңдарға қайшы келмейтін басқа жағдайларда немесе одан да
көп азаматтар тұрғын үйге ортақ меншік құқығына ие болады. Қайтыс болған
азаматтарға тиісті тұрғылықты үй мұраға берілетін мүліктін қатарына
кіреді және мұрагерлік құқыққа жалпы негіздер бойынша беріледі.
Жекешелендірілген тұрғын үйдегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік
берген нотариус мыналарды талап етеді:
Белгіленген тәртіппен тіркелген құқық белгілеуші құжат;
Құқықтық кадастардын тіркеу парағынан көшірме;
Егер жекешелендіру туралы шартқа кәмелетке толмаған балалар
қосылса, қамқоршы және қорғаншы органдардың келісімі ;
Заң бойынша мұрагерлерде жер пайдалану құқығы жер пайдалану
құқығының мұраға қалдыру тәртібімен (яғни, әмбебап құқықтық мирасқорлығы
тәртібі мен) ауысу арқылы пайда болады. (ҚР Жер туралы Заңы 24-бап 1-
тармағы)
Мұра қалдырушының атындағы техникалық куәлікпен, саудалық
билетпен тіркелген не болмаса куәлікпен бекітілген автокөлік, мотоцикл,
мотороллер, моторлы қайық, катер, парус және моторлы яхталар т.б. мұраға
берілетін мүліктің құрамына кіреді. Автокөлік құралдарына мұрагерлік
құқықты рәсімдеген кезде мұрагерлер мұра қалдырушының құрамына меншік
құқығын растайтын техникалық куәлігін, саудалық билетті немесе тіркелген
куәлікті көрсетуі керек.
Егер мұндай құжат сақталынбаса, нотариус тиісті өкілетті
мекемеден автокөлік құралы мұра қалдырушының атына тіркелгендігі туралы
мәліметті алу үшін сұрау береді.
Мұрагерлік жөніндегі Заңдарды соттарды қолдануындағы кейбір
мәселелер туралы ҚР Жоғарғы Сот Қаулысының 19-тармағына сәйкес Отан
соғысының мүгедектерінің тегін алған қолмен жүргізілетін автокөлігі немесе
мотокаляскасы ол қайтыс болған отбасының жеке меншегінде қалады. Ал егер
сол мүгедек адамның отбасы мүшелері жоқ болса, онда ол комиссиондық сату
жолымен жүзеге асырылады. Комиссиондық магазин комиссиондық сату кезіндегі
және т.б. шығындарды алып тастағаннан кейін автокөліктің немесе
мотокаляскасының қалған ақшасын нотариустық депозиттік шотына аударады. Ал
аударылған ақша мұрагерлер арасында бөлінеді.
Азаматтардың жалпы негіздер бойынша сауда орындарын алған қолмен
жүргізілетін автокөліктері жалпы мақсатқа арналған автокөлік ретінде
қарастырылады және мұраға жалпы тәртіп бойынша беріледі.
Мұраға берілетін мүліктің қатарына мұра қалдырушының банктегі
салымдары да кіреді. Егер мұра қалдырушы тірі кезінде ол салымды өзі
қайтыс болған кезде басқа тұлғаға немесе мемлекетке төлеу туралы өкім
жасаса, онда мұраға өтпейді. Өсиеттік өкімдер, егер жинақ кассасының жеке
есеп шотында немесе жеке өтініш түрінде немесе салымға билік ету
нотариаттық өсиетке қосылса, онда мұндай салым мұралық мүліктің құрамына
кірмейді және оған мүрагерлік құқық нормалары, сонымен бірге, міндетті
мұрагерлік үлес туралы ереже қолданылмайды.
Егер салымға өкім болмаса, салымшы қайтыс болған жағдайда салым
мұрагерлікке жалпы тәртіп бойынша өтеді. Мұра қалдырушының атына салымның
бар екендігін дәлелдеу үшін мұрагерлер нотариусқа салымшының жинақ
кітапшасын көрсету керек. Егер ол жоғалған жағдайда мұрагерлер банктен
салымның мұра қалдырушының атында екендігі жөнінде сұрау алады.
Салымшы қайтыс болған жағдайда салым мынандай негіздер бойынша басқа
адамға өтеді: 1. Өсиеттік өкім деп аталатын негізбен; 2. Заң бойынша
мұрагерлік туралы азаматтық заңдар негізінде. АК-тің 166-бабына сәйкес
салынған салымды қайтаруды қамтамасыз ету үшін банк заң актілерімен ұлттық
банктің нормативтік құқықтық актілерінің және банктің салым туралы
шарттарымен анықталған құралдар мен тәсілдерді қолдануға міндетті.
Никитюк П.С Наследственное и наследственный процесс.
Кишинев. 1973 47-бет.
2. Мұраның ашылуы
Заң бойынша мұрагерлік кезінде, бір жағынан, асырап алынған және
оның ұрпақтары және екінші жағынан, асырап алушы мен оның туыстары қандас
туыстарға теңестіріледі.
Асырап алынғандар мен оларды ұрпақтары асырап алушының туған ата-
анасы, оның басқа да қандас туыстары қайтыс болғаннан кейін заң бойынша
мұрагер болмайды.
Әр бір кезектегі мұрагерлерге жекелеп келетін болсақ, алдымен,
балалар-мұра қалдырушының ең жақын мұрагерлері болып табылады.
Балалар-бұл мұра қалдырушының тіркелген немесе оған теңестірілген
некеден туған ұлы немесе қызы. Егер ата анасының некесі жарамсыз деп
танылған болса және әкесі қайтыс болғаннан кейін де, шешесі қайтыс
болғаннан кейін де балалары олардың мұрагері болып қалады. Тіркелмеген
некеден туған балалар шешесі қайтыс болса кез-келген жағдайда оның
мұрагері болады, ал әкесі қайтыс болса, ата- анасының екеуінің бірге АХАЖ
органына өтініш беру негізінде, егер олардың мұндай келісімі болмаса сот
тәртібімен шешілетін болса, онда сот баланың нақты адамнан туу тегін
растайтын айғақтарды ескереді (Неке және отбасы туралы Заң.47-бап).
Асырап алу-балаға жоғалтқан отбасының орнына отбасы беруіне
байланысты баланың мүддесін аналық және әкелік сезімдер мен қанағаттандыра
отырып, асырап алушының бала мүддесі үшін жауап беруі. Асырап алу жетім
қалған баланы тәрбиелеудің маңызды нысаны болып табылады. Асырап алу-бұл
екі тұлға-асырап алушы мен асырап алынған баланы заң бойынша ата ана мен
бала үшін бекітілген құқықтармен міндеттерге ие болғызатын заңды акт. АК-
тің 1060-бабының екі тармағына және (неке және отбасы туралы) заңының 89-
бабының 1-тармағына сәйкес асырап алынған балалар және олардың ұрпақтары
бала асырап алушылар мен олардың туыстарына қатысты бойынша жеке мүліктік
емес және мүліктік құқықтар мен міндеттер жағынан тегі бір туыстарға
теңестіріледі.
Асырап алынған балалар-бұл асырап алынуы заңды түрде рәсімделеген
балалар. Асырап алу кәмелетке толмаған балалар және олардың мүддесі үшін
болады. Асырап алу мен баланы өзімдікі деп тануды ажырату керек. Асырап
алу бөтен біреудің баласына қатысты болады.
Асырап алу кезінде баланың ата анасының келісімі қажет. Жасы 16
жетпеген кәмелетке толмаған ата аналардың баласын асырап алғанда, сондай
ақ олардың ата аналарының немесе қорғаншыларының, патронат тәрбиешілерінің
келісімі, ал ата аналары немесе қорғаншылары болмаған жағдайда – қорғаншы
және қамқоршы органның келісімі қажет. Баланы асырап алу ата – аналарының
нотариуспен куәландырылған келісімде немесе ата – анасының қамқорлығынсыз
қалған балалар тұратын мекеменің басшысы растаған не бала асырап алу
жүргізілген органдағы немесе ата – ананың тұрғылықты жеріндегі қорғанышы
және қамқоршы орган бекіткен арызды көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ бала асырап
алу ісін жүргізу кезінде сотта тікелей білдірілуі мүмкін.
Ата – аналар нақты адамдарға не нақты адамды көрсетпей ақ баланы
асырап алуына келісім беруі мүмкін.
Баланы асырап алуға мынадай жағдайларда ата – ананың келісімі қажет
етілмейді:
1) егер ата – аналарын сот белгісіз немесе өлген, хабар – ошарсыз кеткен
деп таныса;
2)егер ата – аналарын сот әрекетте қабілетсіз деп таныса;
3) сот ата – ана құқықтарынан айырса;
4) егер ата – ана баламен бірге тұрмайтын және сот дәлелсіз деп таныған
себептер бойынша 6 айдан астам уақыт бойы оны тәрбиелеумен асыраудан
жалтарып жүрсе.
Асыраушы ретінде кәмелетке толған екі жыныстың да өкілдері болады.
Мыналарды:
1) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп
таныған адамдар;
2) сот біреуін әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігін
шектеулі деп таныған ерлі – зайыптар;
3) сот арқылы ата – ана құқықтарынан айырылған немесе сот ата – ана
құқықтарын шектеген адамдар;
4) өзіне заңмен жүктелген міндеттерді тиісінше орындамаған үшін
қорғаншылық (қамқоршылық) міндеттерден шеттетілген адамдар;
5) егер өз кінәлары бойынша сот шешімімен бала асырап алудың күші
жойылса бұрынғы бала асырап алушы адамдар;
6) денсаулық жағдайы бойынша ата - ана құқықтан жүзеге асыра алмайтын
адамдар, асырап алушы ретінде бола алмайды.
Баланы асырап алуға, оны қорғаншылығына (қамқоршылығына) алуға,
патронатқа алуға болмайтын адамның бойындағы аурулардың тізбесін ҚР
Үкіметі белгілейді.
Асырап алынған бала өздерінің туған ата – аналарына (өздерінің туған
туыстарына) қатысты бойынша жеке мүліктік емес және мүліктік құқықтарынан
айырылады және олар жөніндегі міндеттерден босатылады, яғни бір – біріне
мұрагер бола алмайды.
Неке және отбасы туралы Заңның 89-бабының 3,5-тармақтарында мынадай
ережелер бар: 3 баланы бір адам асырап алған жағдайда егер бала асырап
алушы еркек боса, шешесінің тілегі бойынша, егер бала асырап алушы әйел
болса, әкесінің тілегі бойынша жеке мүліктік емес және мүліктік
құқықтармен міндеттер сақталуы мүмкін. 5 асырап алынған баланың ата –
анасының біреуімен немесе қайтыс болған ата – анасының туыстарымен қарым –
қатынас сақталуы жөнінде баланы асырап алу туралы сот шешімінде
көрсетілген. Демек, осы ережелерде көрсетілеген жағдайларды асырап алушы
бала өзінің туған ата – анасының, туған – туыстарының жалпы негіздері бола
алады.
Мұра қалдырушы қайтыс болғаннан кейін асырауға алынған балалар мұра
қалдырушының мүлкіндегі мұрадағы заңды және міндетті үлеске құқығын
жоймайды. Себебі, ол мұра ашылған кезде өзінің әке-шешсі болып табылатын
мұра қалдырушымен құқықтық қатынастарын тоқтатқан жоқ.
Қайтыс болған тұлғаның балалары сияқты оның бірге тұрған жұбайы да
мұра қалдырушының ең жақын мұрагері болып табылады.
Жұбай – бұл мұра қалдырушымен тіркелген немесе оған теңестірілген
некеде тұрған адам. Жұбайлардың міндеттері мен құқықтары олардың некесі
АХАЖ органдарында мемлекеттік тіркелегн күннен бастап басталады.
Жұбай, егер ол мұра қалдырушымен мемлекеттік тіркелегн немесе оған
теңестірілген некеде тұрған болса, бірінші кезектегі мұрагер болып
табылады. Неке егер АХАЖ органдарында бұзылатын болса, оны азаматтық хал
актілерін жазу кітабына некенің бұзылғандығы мемлекеттік тіркелген күннен
бастап, ал неке сотта бұзылған болса соттың шешімі заңды күшіне енген
күннен бастап тоқтатылады.
Бірақ тәжірибеде әр – түрлі жағдайлар болады. Мысалы, ерлі-зайптылар
заң жүзінде ажыраспай, іс жүзінде ажырасып кетуі мүмкін. Бұл жағдайда АК
1070-бабының 2-бөлігінің басшылыққа алу керек. Онда былай деп жазылған:
егер мұра қалдырушы мен неке мұра ашылғанаға дейін іс жүзінде
тоқтатылғандығы және ерлі-зайыптылардың мұра ашылғанға дейін кемінде бес
жыл бөлек тұрғандығы дәлелденсе, сот шешімімен ерлі-зайыптылар заң бойынша
мұрагерліктен шеттетіледі. Некесі бұзылған жұбайлардың іс жүзінде
ажырасып, бөлек тұрғандығы дәлелденбесе, тірі қалған жұбайдың мұраға
құқығы тоқтатылмайды. Сот арқылы жарамсыз деп табылған тұлға қайтыс болған
жұбайы-мұра қалдырушының мұрагері бола алмайды. Ата-анамен асыраушылар
өздерінің еңбек қабілеттілігінің дәрежесіне қарамастан мұраға шақыру
кезінде талап етілетін шарттарға сәйкес бірінші кезектегі мұрагер болып
табылады. Өзара тектік байланысы бар, яғни қандас аға-інілер, апа-сіңлілер
(қарындастар) заң бойынша мұрагерлер қатарына жатады.Әке-шешесі бір аға-
інілер мен апа-сіңлілер толық біртекті, ал әкесі мен шешесі бөлектер
жартылай біртекті деп аталады.Жартылай біртектілердің не әкесі, не шешесі
бір болады. Жартылай біртекті аға-інілер, апа-сіңлілер (қарындастар) бір-
біріне мұрагер бола береді. Сондықтан, заң бойынша мұрагер ретінде мұра
қабылданған кезде мұның құқықтық маңызы жоқ.
Әке-шешелілер бөлек аға-інілермен апа-сіңлілер (қарындастар)
арасында ешқандай туыс қатынас болмағандықтан, олар бір-біріне мұрагер
бола алмайды. Олардың арасында қатынас былай туындайды: бірінші некесінен
баласы бар жесір немесе ажырасқан әйел адамға үйленеді.Олардың балалары
бір отбасында өмір сүреді. Бірақ олардың арасында ешқандай туыстық қатынас
жоқ, олардың әке-шешелері бөлек, сондықтан олар туыстық қатынасқа
негізделген бір-біріне заң бойынша мұрагерлік құқыққа ие бола алмайды.
Себебі, заң бойынша мұрагерлік туыстық және асырауда болу
критериилеріне негізделген. Әже мен ата әке жағынан да, шеше жағынан да
заң бойынша мұрагер бола алмайды. Әже мен атаны немерелерімен және
шөберелерімен тек туыстық қатынас байланыстырады.
АК-тің 1068-бабына сәйкес мұра қалдырушы қайтыс болғанға дейін
кемінде бір жыл мұра қалдырушының асырауында болған және онымен бірге
тұрған еңбекке жарамсыз адамдар кезексіз мұра алатын заң бойынша
мұрагерлердің ерекше категориясына жатады. Бұл тұлғалар АК-те 1066-бапқа
сәйкес алтыншы кезектегі мұрагерлерге жатады.
Мұра қалдырушының асырауындағы адам деп тану үшін мынадай екі заңды
факт болу керек:
1. асыраудағы адам мұра ашылған күні еңбекке қабілетсіз болу керек.
2. мұра қалдырушының толық асырауында болған немесе өмір сүруінің
негізі және тұрақты көзі ретінде көмек алған болу керек.
Мұра қалдырушының асырауындағы адаммын деп есептейтін адам мұрагерлік
құқық туралы сұрайтын болса, онда нотариус кемінде бір жыл уақыт бойы оның
қайтыс болғанға дейін мұра қалдырушының асырауында болған, болмағанына,
сондай-ақ оның мұра ашылғанға дейін еңбекке жарамды, не жарамсыз болғанына
көзін жеткізуі керек. Асыраудағы адамның жасына байланысты еңбекке
жарамсыздығы-куәлік, туу туралы куәлік, денсаулық жағдайына байланысты
еңбекке жарамсыздығы-зейнеткерлік кітапша немесе сараптау комиссиясының
медециналық куәландыру анықтамасы бойынша тексеріледі. Мұра қалдырушының
кез-келген тұлғаға көрсеткен кез-келген материалдық көмегі, ол тұлғаның
мұра қалдырушының асырауында болғандығын білдірмейді. Кейде мынадай
жағдайлар кездеседі: белгілі бір адам мұра қалдырушының асырауында бірнеше
жылдар бойы болады. Бірақ бұл қатынастар мұра қалдырушы қайтыс болғанға
шейін бір жылдан астам бұрын уақытта тоқтатылады. Бұл қатынас ұзақ жылдар
болғанмен, асырауды болған адамға мұра қалдырушының мүлкіне мұрагерлік
құқық туындатқызбайды. Мысалы, мұра қалдырушы көптеген жылдар бойы өзінің
асырауында кішкентай балалары бар еңбекке қабілетсіз апасын асырауы
мүмкін. Сол уақыттардың ішінде еңбекке қабілетсіз апасының балалары
үлкейіп, мұра қалдырушы қайтыс болғанға дейін 2 жыл бұрын өз балаларының
асырауына көшкен. Бұл жағдайда, апасы мұра қалдырушының асырауында ол
қайтыс болғанға дейін соңғы жылдары болмағандықтан бұл категориядағы
мұрагерлердің қатарына жатпайды.
Неке және отбасы туралы Заңның 134-бабына сәйкес, неке бұзылғанға
дейін еңбекке қабілетсіз болған жұбай өзінің бұрынғы жұбайынан сот арқылы
алимент төлеуін талап етуге құқылы. Мұндай ажырасқан еңбекке қабілетсіз
жұбайлар асыраудағы адам болумен қатар, мұра қалдырушының мұрагері де бола
алады. Тәжірибеде мынадай жағдайлар кездеседі. Біздер заң бойынша мұрагер
болу құқығын 3 кезекке тең үлеспен мұра қалдырушының туған немере ағасы
мен апасы алатынын білеміз. Алайда, туған немере ағалары мен апалары
мұраға шақырылған кезде бірінші кезектегі мұрагерлермен бірге мұра алады.
Ол мынадай кезде болады. Еңбекке қабілетсіз туған немере ағасы немесе
апасы мұра қалдырушының асырауында ол қайтыс болғанға шейін бір жылдан аз
емес уақытта асырауында болуы мүмкін. Бұл жағдайда олар туған немере ағасы
немесе апасы ретінде емес, мұра қалдырушының асырауындағы адам ретінде
болады.
Мұраны алу үшін алдыңғы шарт заңда фактіні пайда болуы болып
түсіндірілетін мұраның ашылуы болып табылады. Бұл заңдық фактілер белгілі
бір тұлғадан мұраны қабылдау құқығын туындатады. Мұндай заңдық фактілер:
азаматтың қайтыс болуы немесе хабар-ошарсыз кеткен адамды өлді деп
жариялау.
Мұра қалдырушы тірі болған кезде немесе хабар-ошарсыз кеткен адамды
өлді деп жариялағанға шейін мүмкін болатын мұрагерлердің ашылуы мүмкін
мұраға ешқандай құқығы жоқ. Сондықтан олар мұраға тыйым сала алмайды және
де мұра қалдырушыға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz