Мемлекеттік кызметтің түсінігі, мемлекеттік аппаратты жетілдіру жолдары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мемлекеттік кызметтің түсінігі, мемлекеттік аппаратты жетілдіру жолдары

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . …. …

  1. Мемлекеттік кызметтің түсінігі, белгілері және қағидалары . . .
  2. Мемлекеттік аппараттың тармаққа бөлінуі . . . . . .
  3. Мемлекеттік аппаратты жетілдіру жолдарыМемлекеттік аппаратта Президенттің атқаратын орны, және оның қызметшілерінің жетілдіру жолдары. . Мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік аппаратта жетілдіру әдістері. . . . Мемлекеттік аппарат қызметін атқару үшін нормативтік актілердің қамту жолдары. . .

Қорытынды . . . ……

Қолданылған әдебиеттер тізімі. . . … . . .

Кіріспе

Жұмыстың актуальдық маңыздылығы: Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік аппаратта жүргізіліп жатқан реформалар мен институционалдық қайта құрулар саяси биліктік жүйеге өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Сонымен қатар мемлекеттік басқару апаратында Президенттің алатын орны ерекше. Яғни, біздің Қазақстан Республикасының Президенттік қыметі тұңыш рет 1990 жылғы 24 сәуірде Жоғарғы Кеңес қабылдаған заңмен тағайындалды. Онда алғашқы Президентті Жоғарғы Кеңес алты жыл мерзімге сайлайды деп белгіленді. Н. Ә. Назарбаев тұңғыш Президент болып сайланды. Соңынан 1998 жылғы 7 қазандағы Конституцияға енгізілген өзгерістерге сәйкес Президенттік мерзім 7 жылға дейін ұзартылды.

1995 жылдың екінші жартысында Республика Президенті Н. Ә. Назарбаевтың күш салуымен экономикалық реформаладың заң негіздерін жақсарту жағына қарай белгілі бір бет бұрыс жасалды. Ел Конституциясы қабылданып биліктің үш тармағының функциялары айқындалы. Президенттің «Қазақстан Республикасының Үкіметі» туралы заң күші бар Жарлығы шықты, Парламенттің екі палаталарының сайлауы өткізілді. Үкімет құрамы едәуір жақсарды, Президент пен үкімет аппараттары өкілеттіктерінің аражігі ажыратылды. Ең бастысы Үкіметтің алдыңғы үш жылға іс қимыл бағдарламасы елеулі елеулі жақсартылып экономикалық реформаларды тереңдету мен жеделдету міндеттері белгіленді1.

Өркениетті қоғамдағы мемлекеттік аппараттың әртүрлі дәуір дамуында бірдей құрылым мен функция жоқ болатын. Прогреске даму жолында, адамзат қоғамы, өзінің функциясын толық қанағаттандыратын мемлекеттік органдар құрған болатын. Мемлекеттік аппараттың құрылымы мен функциясының сан алуандығы мемлекеттің болашағы мен өткенін айқындайды.

Мемлекеттік аппарат - ол арнайы органдар мекемелер жүйесі одан мемлекеттік басқару қоғамы мен оның негізгі қызығушылығын қорғау туындайды.

Мемлекеттік аппараттың жалпы белгілері мен сипаттамасын келесіден көруімізге болады.

Біріншіден, мемлекеттік аппарат арнайы басқару мен айналысатын адамдардан құрылады (құқық қорғау органдары мен құқық орындаушы адамдардан) .

Екіншіден, мемлекеттік аппарат күрделі жүйелік функция мен мекемелік органдарды құрайды, олар билік функциясы мен тығыз байланыста болады.

Үшіншіден мемлекеттік аппарттың барлық белгілері қаржылық және мекемелік құрал жабдықтар мен толық қамтамасыз етіледі.

Төртіншіден мемлекеттік аппарат өзінің азаматтарына барлық құқықтар мен заңды мүддесін қорғауға міндетті.

Адамзат қоғамының дамуындағы әртүрлі кезеңінде мемлекеттік аппараттың өзінің ерекшеліктері мен құрылымы болады. Ол экономикалық әлеуметтік себептерді түсіндіреді, және мемлекеттің халықтарының ұлттық құрамын, территориясының масштабы мен географиясының жағдайы мен ерекшеленеді.

Сонау ежелгі шығыс пен антикалық европалық мемлекеттерде мемлекеттік аппарат бір қалыпты жүйеде болған, ол мемлекеттің басшысынан (монарх және коллегиалдық органнан), орталық мекемелерден, саяси тұлғалардан, жергілікті органдардан, чиновниктерден, армиялардан, полиция мен басқа да құрылымдардан құралған болатын. Римдегі негізгі мемлекеттік билік органы болып Сенат, халық жиналысы, магистраттар болып табылады.

Сенат - Рим мемлекетінің ең жоғарғы органының бірі. Ол қоғамдық өмірдегі маңызды сұрақтарды шешетін органның бірі болды. Соны мен қатар Сенаттың міндеті трибунада яғни жиналыстарда талқыланған заңдарды бекітеді.

Халық жиналысы (Комициялар) маңызды басқару заңды функциясын жүзеге асыратын. Олардың міндеті заң жобасын қабылдау немесе қабылдамау, мемлекеттік лауазымды адамдарды (магистраттарды) тағайындау және магистраттарға түскен шағым арыз жобаларын қайта қарау керек болатын.

Магистраттар басқару функциясын атқарумен қатар армияны да басқарып келген. Магистрат болу үшін заң жүзінде кез - келген рим азаматы бола - алатын, тек олар ірі жер иеленумен айналысқан болатын. Магистрат бір жылға ғана диктатордан басқа кез - келген қызметке тағайындалатын болған. өзіне жүктелген міндетті атқарғаны магистрат ешқандай төлем ақы алмайтын болған.

Өздерінің міндетін атқаруына байланысты магистраттар дәрежелерге қарай бөлінген болатын консулдарға, диктаторларға, тілмашқа, цензорларға бөлінетін болған.

Ортағасырлық мемлекеттерді орталықтандыруына байланысты мемлекеттік аппарат бірте - бірте күрделене бастады. Басқару аппараты пайда болуымен қатар әртүрлі министерстволар, орталық ведомсволар, арнайы соттық мекемелер, одан әрі полициялық аппараттар мен басқа да мемлекеттік органдар пайда болды. Сонымен қатар мемлекеттің алдында тұрған негізгі ережені атқаруда негізгі рөлді атқарған шіркеулік кеңселер мен діни мекемелер атқарған болатын.

XVII - XVIII ғасырларда, әсіресе Европадағы буржуазиялық революция дәуірінде, мемлекеттік аппарат құрылымы мен функциясына бір қатар жаңартулар енгізілген болатын. Мемлекеттік билікті бөлу жөнінде АҚШ та мемлекеттік аппарат классикалық схемасы үлгісінде жүргізілген болатын.

Ал Францияда ол кезде мемлекеттік аппараттың жаңа элементтері пайда болды: ол Ұлттық конвент, Наполеон тұсындағы Консульство, Директория және Париж коммунасы және тағы да басқалары. Жоғарғы заң кеңесі органы ретінде Рессейде, Мемлекеттік Кеңес құрылады, ол бірнеше департаменттерден құрылады; атап айтсақ, заң департаменті, азаматтық және рухани ісі жөніндегі департамент, өндірістік департамент, ғылым және сауда департаменті, әскери департамент және тағы басқалары. Бірте келе министрлер кабинеті пайда болып, Мемлекеттік дума құрылады. Қоғамдық өмірдегі болып жатқан өзгерістердің нәтижесі, мемлекеттік аппараттың құрылымының жаңа әдістері әрі қарай дамып ал ескі әдістері жойылатын болған. Бірақтан барлық тарихи дәуірлерде мемлекеттік аппарат, қоғамдық саяси жүйенің негізгі ұйымдастыруын бастау болып табылады.

Экономикалық, әлеуметтік және басқа сфералардағы біздің елдегі қоғамдық болып жатқан кардинальдық өзгертулер, құрылымға жаңа өзгертулер енгізген болатын. Мемлекеттің өмірі жаңа принциптерден басталатын болады, ол мемлекеттік аппараттың функциясын толық қамтамасыз етеді. Мемлекеттік аппарат мемлекеттік билікті орындауда негізгі субъект болып орындалады. Мемлекеттік аппарат арқылы оның органдары, мемлекетке тапсырылған тапсырмаларды орындайды, қоғамдық өмірдің бір қалыпты дамуында елеулі ықпал тигізеді. Белгіленген жағдайларда мемлекеттің басқарушы функциялары мемлекеттік емес мекемелерді де құрастырады.

Өзінің функциясын орындауына байланысты Мемлекеттік аппарат бірнеше бөлімдерден тұрады. Бұл аппараттың негізгі элементі болып, мемлекеттік орган болып табылады.

Мемлекеттік орган - мемлекеттік аппаратты құрайытын негізгі бөлім болып табылады.

Мемлекеттік органның өзіне тән белгіленген ерекшеліктер бар;

1. Барлық мемлекеттік органдар белгіленген құқықтық жүйеде құрастырылады. Басқалай айтсақ, мемлекеттік органның функционалдық деңгейі қатаң түрде құқықтық негіздегі жүйеде атқарылады.

2. Мемлекеттік орган, мемлекеттік аппараттан өзімен - өзі болатын элементтен тұрады.

3. Мемлекеттік орган бір - бірімен тығыз байланысты болады. Олар бір тұтас организмді құрайды.

  1. МЕМЛЕКЕТТІК КЫЗМЕТТІҢ ТҮСІНІГІ, БЕЛГІЛЕРІ ЖӘНЕ ҚАҒИДАЛАРЫ.

Мемлекеттік билік - бұл мемлекеттік құқықтық құралдар, әдістер мен тәсілдер жүйесі.

Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөліну, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады.

Мемлекеттік биліктің бірегей жүйесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік және аумақтық тұтастығының шешуші шарты және егемендігінің көрінісі болып табылады. Біртұтас Қазақстан мемлекетінде мемлекеттік биліктің бірлігі жоғары органдардың: Праламенттің, Жоғарғы Соттың, үкіметтің бірегей жүйесі бар екендігін білдіреді. Мемлекеттік билікті тік жоғары және орталық органдар емес, сонымен бірге бірегей жүйенің табиғи құрамдас бөлігін құра отырып, жергілікті мемлекеттік органдар да жүзеге асырады.

Мемлекеттік биліктің бірлігі оны тік және көлбеу тармақтар ретінде бөлу принципіне негізделген. Бір тұтас Қазақстан мемлекетінде биліктің тік бөлінуінің өкілеттікті шектеу сапасында ерекшелігі бар. Биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары өз өкілеттігін жүзеге асыру процесінде өзара қарым-қатынаста болады. Мұндай өзара қарым-қатынас бастамшылық емес, қатаң құқықтық негізде атқарылады. Конституцияда және басқа нормативтік құқықтық актілерде олардың өзара іс-әрекеті дәл белгіленген.

Өз өкілеттіктерін жүзеге асыру процесінде қайсы бір мемлекеттік тармақтың биліктің конституциялық және басқа да нормативтік щегінен шығып кетпеуі, басқа тармақтың өкілеттігін иеленбеуі және, айналып келгенде биліктің өктемдік жүргізбеуі үшін Конституцияда тежемелік және тепе-теңдік жүйесі - ол мемлекеттік билік тармақтарының өз өкілеттіктері шеңберіндегіқызметін қамтамасыз ететін, оны артық қолданғаны үшін жауаптылық көздейтін ұйымдық және құқықтық шаралар жиынтығы.

Тежемелік - ол билік тармақтарының қызметін заң шеңберінде ұстаудың конституциялық әдісі.

Осылардың көмегімен билік етуші субъектілердің ерік жігері іске асырылады немесе қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік және рухани салаларын басқару жүзеге асырылады. Билік мемлекеттік буындар жүйесі арқылы көрінеді. Олар әр алуан Мемлекеттік органы дегеніміз - белгіленген тәртіппен құрылған азаматтар ұжымы, ол бірыңғай мемлекеттік аппараттың бөлігі болып табылады. Оған мынадай белгілер тән: біріншіден, орган мемлекет орнатқан тәртіпте құрылады: екіншіден, органға мемлекет өз міндеттері мен қызметін асыруы үшін уәкілеттік береді: бұл орайда ол жекелеген қызметті де, қызметтер жиынтығын да (мысалы, Парламент) орындауы мүмкін: үшіншіден, органға мемлекеттік билік берілген. Ол басқа мемлекеттік органдар, лауазымды адамдар, азаматтар орындауға тиісті міндетті актілер шығара алады және өздері шығарған актілердің орындалуын қамтамасыз етеді: төртіншіден, мемлекет органдары үшін белгіленген ережелерге сәйкес әрекет етулері тиіс. Мысалы, сот төрелігі органдары үшін азаматтық және қылмыстық істерді қараудың белгілі бір тәртібі белгіленген.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, мемлекеттік қызметті іске асыру нысаны бойынша

  • өкілді, атқарушы сот прокуратура және өзгеде бақылаушы - қадағалаушы органдарға бөлінеді. Бұл органдар заң шығарушы атқарушы және сот билігіне бөлу қағидатына негізделген; дәрежесіне қарай
  • орталық және жергілікті болып жіктеледі, өкілеттіктің мерзімі бойынша
  • тұрақты (қызмет мерзімі шектелмей құрылады) және уақытша (қысқа мерзімді мақсаттарға жету үшін құрылады) ; құзіретін жүзеге асыру тәртібі бойынша,
  • алқалы (Парламент) және дара (Президент) басшылық; қызметінің құқылық нысаны бойынша,
  • құқық шығарушы, құқық қолданушы және құқық қорғаушы; құзыретінің сипатына қарай,
  • жалпы (Үкімет) және арнаулы (Министрліктер) органдар болып бөлінеді.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік органдарды құру және

олардың қызмет етуін айқындаушы негізгі қағидат билікті бөлу теориясы болып табылады. Ол билікті органдар және лауазымды адамдар, әлеуметтік топтар, мекемелер немесе жекелеген адамдар тарапынан қиянат болмауы үшін амалдар жасайды. Бұл орайда олардың әрқайсысы дербес әрі бірін - бірі тежеуші әрі тепе - теңдік жүйесі бола отырып, өз қызметтерін органдардың айрықша жүйесі және ерекшелікті нысандар арқылы жүзеге асырады.

Тежемелік және тепе - теңдік жүйесі (аса маңызды қағидаттың бірі) - онда әлдебір билікті, басқа органының әрекетін белгілі бір дәрежеде шектеуге мүмкіндік берілуі, мемлекеттің әлдебір тұтқасының билікті өз қолына шоғырландыруын болдырмауы көзделінген. Билікті бөлу қағидаты Конституцияның Президент (III бөлім), Парламент (IV бөлім) және соттар (VI бөлім) мәртебелерін белгілейтін нормаларда іске асырылып нақтыланған. Бұл қағидаттардың мазмұны ол өз ара іс - қимыл жасау қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылуын білдіреді. Мысалы, Парламентке берілген заң қабылдау айрықша қызметі Президенттің заңдарды қайтару құқығымен үйлестірілген. Президентке заңдарға қайшы келмейтін жарлықтар шығару құқығы берілген. Президент республиканың дипломатиялық өкілдіктерінің басшыларын тағайындайды және кері шақырып алады. Бұыл мәселе Конституциямен, “Дипломатиялық қызмет туралы” 1997 жылғы 19 қарашадағы Қазақстан Республикасы заңымен регламенттелген2. Ал, Үкіметке Конституция, заңдар, және Президенттің нормативтік жарлықтары негізінде және соларды орындау үшін қаулылар шығару құқығы берілген. Сонымен бірге Президентке Конституцияға сәйкес халықаралық шарттар жасау құқығы берілген (44 баптың 11 тармағы) алайда оларда Парламент бекітуі (54 баптың 7 тармағы) тиіс.

Сот билігінің де құқығын шектеуші амалдары бар. Ол Конституцияда, заңдарда кінәсіздік, қорғану құқығы азаматтардың заң, сот алдында теңдігі, жариялылық, судьядан бас тарту және тағы басқа қағидаттарға негізделген. Сөйтіп биліктің бірде - бір тармағы бүкіл мемлекеттік билікті тұтастай өзі иемденіп кете алмайды.

2. МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ ТАРМАҚҚА БӨЛІНУІ.

А/ заң шығару органы.

Б/ атқарушы органы.

В/ сот органы.

Жоғарыда аталған өлшемдер негізінде мемлекеттік билік органдарының мынадай төрт негізгі түрі ерекшеленеді: Қазақстан Республикасының үкіметі және Қазақстан Республикасы соттары жүйесі. Осы органның бәрі жинақтала келе Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының бірыңғай жүйесін құрайды.

Қазақстан Республикасының Президенті - мемлекет басшысы; мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға. Республиканың Президенті - халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі.

Республика билігінің екі жолы бар: Президенттік және Парламенттік. Президенттік Республикада Президентті тікелей халық сайлайды және Президент мемлекет басшысы бола тұрып, негізінен үкіметті құрайды. Қазақстан мемлекеті - Президенттік басқару нысанындағы Республика.

Президент - мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарыныңхалық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді (40 бап) .

Қазақстан Республикасынан тысқары жерде тұрған, 40 жасқа толмаған, мемлекеттік тілді еркін меңгермеген, әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл үнемі тұрмаған адам Президент болып сайлана алмайды. Бұл лауазымды иеленуге қойылған өзге кедергілерге қатарынан екі реттен артық мерзімге сайлана алмайтындығы жатады. Президенттің мемлекеттік тілді еркін меңгеруі әрі Қазақстанда кемінде он бес жыл бойы тұруы және тумысынан сол елдің азаматы болуға тиіс. Президент өкілді органның депутаты болып қоса сайлана алмайды, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға және кәсіпкерлік қызмет пен айналысуға құқығы жоқ. Республика Президенті өз өкілеттігін жүзеге асыру кезеңінде саяси партиядағы қызметін тоқтата тұрады. Ол ешкім тиіспеу құқығына ие. Парламенттік Республикада мемлекет билігінің жоғары органдарының жүйесі Парламенттің басымдылық принципке негізделеді.

Қазақстан Республикасының Парламенті -Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан - Сенаттан және Мәжілістен тұрады.

Қазақстан төменгі палатасы - Мәжіліс.

- Мәжіліс жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Қазақстан Республикасы Парламентінің жоғары палатасы - Сенат

- Сенат жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Парламенттің алдында үкімет өзінің саяси қызметі үшін алқалы түрде жауап береді.

Қазақстан Республикасының Үкіметі - атқарушы биліктің маңызды тармағы болып табылады., атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды . Үкімет Парламенттің сеніміне сүйене отырып қызмет істейді. Парламент Үкіметті қолдамаса ол қызметін тоқтатады. Үкіметті Қазақстан Республикасының Президенті құрады. Кейбір мемллекеттерде Президенттік және Парламенттік республиканың белгілері аралас болады. Оарды жартылай президенттік (Парламенттік) республика деп атайды. Мысалы Рессей федерациясы осындай мемлекеттік басқару тұрпатына жатады.

Қазақстан Республикасының сот билігі - сотта іс жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзгеде нысандары арқылы тек сот қана жүзеге асырады. Заңмен құрылған Республиканың жоғарғы соты және Республиканың жергілікті соттары Республиканың соттары болып табылады. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға - жол берілмейді (75 бап) . Судьялар сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Сот төрелігін іске асыру жөніндегі соттың қызметіне қандай да болсын араласуға жол берілмейді және ол заң бойынша жауапкершілікке әкеліп соғады. Нақты істер бойынша судьялар жауап бермейді. Судльяның қызметі депутаттық мандатпен, оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтерді қоспағанда, өзге де ақы төленетін жұмысты атқару мен, кәсіпкерлікпен айналасумен, коммерциялық ұйымның басшы органының немесе басқарушы кеңесінің құрамына кіруімен сыйыспайды.

а/ Заң шығарушы орган. Қазақстан Республикасының Парламенті.

Парламент - Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенат әр облыстан, республиканың маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан тиісінше облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Республика астанасының барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырыстарында сайланатын депутаттардан құралады. Сенаттың жеті депутатын Сенат өкілеттігі мерзіміне Республиканың Президенті тағайындайды. Сенат депутаттары жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Қазақстан Республикасының кемінде бес жыл азаматы болған, жасы отызға толған, жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар, тиісті облыстың республиканың маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрған азаматы алты жыл өкілеттіу мерзімге сенат депутаты бола алады. Сенаттың ерекше қарауына : Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен Республика Жоғарғы сотының Төрағасын, Алқалар төрағаларын және Жоғарғы соттың төрағасын және Жоғарғы соттың судьяларын сайлау және қызметтен босату, олардың антын қабылдау; Республика Президентінің Республика Бас Прокурорын және Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің Төрағасын тағайындауына келісім беру және Қазақстан Республикасы Конституциясының 55 - бабында көзделген басқа да мәселелер жатады.

Мәжіліс - Парламенттің төменгі палатасы. Ол жетпіс жеті депутаттан тұрады. Алпыс жеті депутат Республикалық әкімшілік аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және шамамен сайланушылардың саны тең бір мандаты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланады. Он депутат бара - бар өкілдік жүйесі бойынша және біртұтас жалпыұлттық сайлау округінің аумағы бойынша партиялық тізімдер негізінде сайланады. Мәжіліс депутаттарын сайлау жалпыға бірдей тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Республиканың жасы жиырма беске толған азаматы бес жыл өкілеттік мерзімге мәжіліс депутаты бола алады.

Парламент палаталарының бөлек отырысында мәселелерді әуелі мәжілісте ал содан соң ал содан соң Сенатта өз кезегімен қарау арқылы: заңдар қабылдайды, республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есептерді, бюджетке енгізілген өзгерістер мен толықтыруларын талқылайды, мемлекеттік салықтар мен алымдарды белгілейді және оларды алып тастайды; Қазақстан Республикасының әкімшілік - аумақтық құрылысының мәселелерін шешу тәртібін белгілейді; азаматтарға рақымшылық жасау туралы актілер шығарады және Қазақстан Республикасы Конституциясының 54 - бабында көзделген басқа да өзгерістерді жүзеге асырады. Мәжілістің ерекше қарауына: заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және қарау; Республика Парламенті қабылдаған заңдарға Қазақстан Республикасы Президентінің қарсылықтары бойынша ұсыныстар әзірлеу; және тағы басқа (Қазақстан Республикасы Конституциясының 56 - бабы) жатады.
палаталардың тұрақты комитеттері мен комиссияларының құқықтық мәртебесі Конституциямен, Президенттің “Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы” Жарлығымен, Парламенттің регламентімен, Мәжілістің регламентімен, Сенаттың регламентімен, сондай-ақ “Қазқстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы” 1997 жылғы 7 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңымен 3 белгіленеді.

Палаталардың бірлескен отырысында Парламент;

  1. Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысы бойынша

Конституцияға өзгертулермен толықтырулар енгізеді; Конституциялық заңдар қабылдайды, оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізеді:

  1. Республикалық бюджетті және үкімет пен Республикалық

бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің бюджеттің атқарылуы туралы есептерін бекітеді, бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгізеді;

  1. Республика Презиентінің қарсылығын тудырған заңдар немесе
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік қызметтің теориялық негізі
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТИІМДІЛІГІ, ТҮСІНІГІ
Атқарушы билік органдарының жүйесі және құрылымдары
Мемлекеттік билік экономикалық және саяси жүйенің қалыптасуына ықпал етуші негізгі фактор ретінде
Мемлекеттік билік және мемлекеттік басқару : өзара іс-қимылдың арақатынасы мен тетіктері
Мемлекеттік аппарат түсінігі және түрлері
Корпоративтік басқару, ашықтық және қоғам алдында есеп беру қағидаттарының негізінде мемлекеттік басқаруды жаңарту
Мемлекеттік басқарудың мәні және оның экономикалық процестерді әрі қарай дамытудағы рөлі
Мемлекеттік басқару стилі қызметіндегі өзара жауапкершілік
Мемлекеттік аппаратты құқықтық реттеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz