Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылетін дамыту жолдары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКА ИНСТИТУТЫ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мектеп жасына дейінгі балалардың қабылетін дамыту жолдары
Алматы - 2010
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 Тұлға қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
1. 1 Тұлғаның қалыптасу процесінде қабілеттің құрылымдары және оның
ерекшеліктері
1. 2 Тұлға қабілеті дамуының негізгі факторлары
1. 3 Тұлғаның шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары
Бірінші бөлім тұжырымы
2 МЕКТЕП ЖАСЫН ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ қабілеттерінің дамуын эксперименттік
зерттеу
2.1 Баланың қабілеттерінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу
әдістемелері
2.2 Дамытушы эксперименттің тұлғаның шығармашылық қабілеттерін арттыру
процесіндегі психологиялық ерекшеліктерінің маңыздылығы
2.3 Дамытушы эксперименттің баланың қабілеттерін арттыру процесіндегі
психологиялық ерекшеліктерінің маңыздылығы
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік
болмысын қалыптастыру, оның егемендігін нығайтып, ұлттық сана мен
тәрбиемізді қалпына келтіру және өркениетті елдер қатарынан орын алу ұлттық
мемлекетімізді қалыптастырудағы басты шарттардың бірі.
Әрбір қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму деңгейі, сол қоғамдағы
жеке тұлғаның потенциалына байланысты. Олай болса, егеменді еліміз
Қазақстанда тұлға қабілетін қарым-қатынас арқылы дамыту қажеттігі туындап
отыр. Қазіргі кезде қоғамдағы қарқынды өзгерістер жыл сайын жаңа өмір
салтын құруда. Осыған орай, қоғамның жаңа талап-тілектері мен әлеуметтік
сұранысын қамтамасыз ету мақсатында жеке тұлға қабілетін, оның басқалармен
қарым-қатынасы, жан-жақты, дербес шешім қабылдауға бейім маманды тәрбиелеу
– бүгінгі күнде аса маңызды мәселе болып отыр.
Қазіргі таңда, әсіресе, жалпы білім беру саласының дамуында жағымды
өзгерістер мен оқыту мен тәрбиелеу ісінің ұтымды жақтары ашылып жатқанымен,
кәсіби мамандардың қабілетін, оның басқалармен қарым-қатынасқа қалай
түсетіні жайлы терең үңіле бермейді. Сондықтан біздің зерттеуіміздің негізі
тұлға қабілетін қарым-қатынас арқылы дамыту мәселесі болып отыр.
Сонымен қатар, қазіргі кезде отандық білім жүйесінде қабілетті тұлғаны
анықтау, олардың дамуына көңіл қойылуда. Қабілетті тұлғаны қалыптастыру
өзектілігі кейбір жағдайлармен анықталады: қоғамда өз дамуының негізгі
ресурсы және маңызды алғышарты ретінде, адами потенциалдар ретінде
саналануы, өмір динамикасының жылдамдығы, көптеген интеллектуалды күшті
қажет ететін адамның эмоционалды және ақпаратты жүктемелерінің көбеюі,
көптеген шешілмеген мәселелер; жоғары білімді, интелектуалды, әлеуми
жауапкершілігі мол, белсенді, қабілетті болатын, қоғам талабына сай
тұлғаның кәсіби іс-әрекеттері. Мұндай тұлғаны қалыптастыруда қабілетті
жастармен жүргізілетін психологиялық зерттеулердің маңызы орасан зор.
Адамның тұлғалық және шығармашылық қабілетінің сарқылмас қайнар көзі
үнемі өзін-өзі дамыту болып табылады. Алайда өзінің қабілетін, өзін-өзі
тану, өзін-өзі дамыту арқылы басқа адамның ішкі жан - дүниесіне үңілу.
Әрбір адамның ішкі жан-дүниесі космос тәрізді шексіз-шетсіз, сарқылмайтын
тылсым құбылыс.
Мектеп жасына дейінгі баланың шығармашылық қабілетінің дамуына жағдай
жасау, белсенді көркемдік іс-әрекеттерге деген құштарлық пен ықыластылықты
қалыптастыру, егеменді еліміздің болашағын: мәдениеттік, өнерін, әлеуметтік
жағдайын гүлдендірудің алғы шарттарының бірден-бір өзекті мәселелерінің
бірі болып саналады.
Жалпы қабілет туралы еңбектерге талдау жасай отырып қабілет
мәселесінің теориялық негіздеріне сипаттама беру арқылы тұлғаның
шығармашылық қабілетін дамыту маңыздылығы зерттеу жұмысымыздың қаншалықты
өзекті екендігіне көз жеткізуге болады.
Зерттеудің мақсаты. Тұлғаның шығармашылық қабілетінің даму деңгейін
зерттеу.
Зерттеу нысаны. Тұлғаның шығармашылық қабілетінің даму процесі.
Зерттеудің пәні. Шығармашылық қабілеттің даму ерекшеліктері.
Зерттеу міндеттеріне келесілер кіреді:
- психологияда тұлға қабілетін теориялық тұрғыда қарастыру;
- тұлғаның даму процесінде шығармашылық қабілетінің даму
деңгейлерін, оның өлшемдері мен көрсеткіштерін айқындау;
- зерттеу нәтижелерін жинақтау және қорытындылау.
Зерттеу болжамы. Егер тұлғаның қабілетін арнайы психологиялық
бағдарламалар арқылы жетілдіруге бағытталған жұмыстар жүргізілсе, онда
олардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына тиімді ықпал етуге болады.
Зерттеу әдістеріне. Теориялық талдау, диагностикалық және
психокоррекциялық әдістер.
Зерттеу кезеңдері бойынша.
Бірінші кезең – ізденіс кезеңінде зерттеу мәселесін анықтау үшін
психологиялық – педагогикалық және арнайы әдебиеттерге талдау жасалынды
және жүйеге келтірілді, зерттеудің ғылыми аппараты анықталды.
Екінші кезеңінде жинақталған материалдарға қазіргі психология
ғылымының теориялық негіздері тұрғысынан сараланып қабілетті зерттеуге
арналған эксперименттік жұмыстар жүргізілді. Тұлғаның шығармашылық
қабілетін дамытудың психологиялық ерекшеліктері ашылып, оны дамытуға
арналған іс-шаралар жүзеге асты.
Үшінші кезеңінде тәжірибелік жұмыстар нәтижелері жүйеленіп,
қорытындылар жасалынды.
Зерттеудің теориялық мәні. Тұлға қабілеті ғылыми
ұғымдарының мәнін аша отырып, оның дамуы мен қалыптасуы сипатталынды.
Тұлғаның шығармашылық қабілетін дамытудың психологиялық ерекшеліктері
туралы психология білімінің теориялық ережелерін толықтырады, зерттеу
мәселесіне байланысты жас ерекшелігі психологиясының мәні мен мазмұнын
ашады.
Зерттеудің практикалық маңызы. Зерттеуден алынған нәтижелерді
шығармашылық қабілетті дамыту мақсатында қолдануға болады. Алынған
нәтижелерді психологиялық-педагогикалық тәжірибеде қолдану тұлға қабілетін
дамыту мүмкіндіктерінің тиімділігін жоғарылатады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі.
Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына
кіру міндеттерін іске асыруда қазақстандықтар, әсіресе, жастардың жасампаз
еңбектері, күш-жігері мен білімдері қажет. Бүгінгі таңда Қазақстанның
өскелең дамуының тұтқасын ұстайтын білімді де білікті, іскер, қоғам ісіне
белсене қатысатын, оның болашағына жауапты, елжанды ұрпақ тәрбиелеу
маңызды.
Жаhандану жолымен келе жатқан қазіргі заманғы әлемде бәсекелестік
жағдайына тез бейімделу қабілеті тұрақты дамудың ең маңызды факторы болып
табылады.
Даму үстіндегі қоғамға әр түрлі салада табысты түрде жұмыс істеуге
дайын мамандардың жаңа типі қажет. Қазіргі заманда мамандарға талапты еңбек
нарығы қалыптастырады. Мәселелерді шеше алу және ұжым құрамында бірге жұмыс
істей білу дағдысы, мақсатты дұрыс қоя білу қабілеті және оған тиімді
жолмен жете білу, тәуекелшілік, бастамашы бола білу, білім деңгейін ұдайы
арттыруға ұмтылу және тағы басқалар ерекше құндылыққа ие болып отыр.
Сонымен қатар, адамнан жеке жауапкершілік, міндеттілік, тіл табыса білу,
басқа адамдармен жеңіл қарым-қатынасқа түсу сияқты қасиеттер де талап
етіледі.
И.П.Павловтың жүйке жүйесінің тиртері туралы ілімі қабілеттердің
физиологиялық негізін түсінуде де үлкен орын алады. Әр адамның іс-әрекеттің
бір түріне икемді болуы оның сол әрекетті орындауы үстінде, істің
нәтижесінен анық байқалады [24].
Адамның қабілеттілігі білімі мен икемділігі, дағдыларды тез меңгеруге
жағдай туғызатын, сондай-ақ балалардың қабілеттерін дұрыс байқай алып,
онымен санасып отырудың қажеттілігіне оны тәрбиелеуші орта - балабақша,
мектеп, отбасы зер салуын керек етеді. Қабілеттің дамуы көптеген әлеуметтік
жағдайларға тәуелді. Олардың қатарына білім беру жүйесінің ерекшелігін,
қоғамның қандай да бір әрекетке қажеттілігін, тәрбиелеудің өзгешелігін тб.
жатқызуға болады.
Жеке тұлғаның шығармашылық ой өрісінің дамуына жағдай жасау, белсенді
көркемдік іс-әрекеттерге деген құштарлық пен ықыластылықты қалыптастыру,
егеменді еліміздің болашағын: мәдениеттік, өнерін, әлеуметтік жағдайын
гүлдендірудің алғы шарттарының бірден-бір өзекті мәселелерінің бірі болып
саналады.
Қабілеттің табиғи алғышарттары белгілі бір талдағыштардың сыртқы
әсерді сезінгіштігінен тұрады. В.Д.Небылициннің айтуынша, жоғары
сезімталдыққа ие жүйке жүйесі – суреткерлік қабілеттің дамуына жағдай
жасайды. Қабілеттің дамуы оны қажет ететін қызмет саласында және әрекетке
үйрену үстінде көрініп отырады. Сонымен қабілет – адамның дара
психологиялық ерекшелігі. Тек дұрыс ұйымдастырылған оқу-тәрбие негізінде
ғана оның сол іс-әрекет түріне қаншалықты бейімді екендігін білуге болады
[28].
Шығармашылық ой-өрісті, дамыту, сол арқылы қоршаған ортаға әсемдік пен
сұлулық енгізуге деген құштарлық негізінен көркемдік білім беру жүйесі
арқылы қалыптасатыны белгілі. Көркемдік білім беру – түрлері өнерге баулу,
олардың қыры мен сырын игеру, өнер түрлерінің адам, қоғам өміріндегі
атқаратын қызыметін толық мәнде танып білудің барысын қамтиды. Соған
байланысты, көркемдік білім берудің жан-жақты формалары, түрлері, әдіс-
тәсілдері жас ұрпақты шығармашылыққа баулудың негізгі дамыту құралы болуы
тиіс.
Қабілеттер – іс-әрекетте көрінетін және оның орындалуының шарты болып
табылатын тұлғаның жеке даралық психологиялық ерекшелігі. Қабілетке
білімді, ептілікті және дағдыны меңгеру процесінің жылдамдығы, тереңдігі,
жеңілдігі және мықтылығы жатады, бірақ қабілеттің өзі білім мен ептілікке
әкеп соқпайды. Зерттеулер бойынша қабілет - өмірлік қалыптасу, олардың
дамуы жеке даралық өмір барысында жүреді, ал орта, тәрбие – оларды белсенді
қалыптастырады.
С.Л. Рубинштейн көзқарастарына сәйкес, іс-әрекет үш бөліктен тұратын
құрылымға ие: жоспарлау, орындау, бақылау. Қарым-қатынас оны жоспарлау
сатысында-ақ іс-әрекетке қосылады: іс-әрекет бағдарламасын әзірлей отырып,
тұлға өз мүмкіндіктерін ғана емес, сонымен қатар өз серіктестерінің де
мүмкіндіктерін ескереді, олармен әрекеттер бағдарламасы жөнінде келіседі,
жалпы шешім жоспарын анықтайды.
Адам өмірлік тәжірибе жинақтап және кеңейте отырып, табиғат, қоғам,
адам және оның санасы туралы білімдерге ие бола отырып, басқа адамдардың
таным субъектісі ретінде қалыптасады.
Ең алдымен, қарым-қатынастағы құзіреттілікті тұлғаның басқа
адамдармен қарым-қатынас қалыптастыру және ұстау қабілетін дамыту деңгейі
ретінде түсіну болып табылады.
Екіншіден, көптеген еңбектерде бұл қабілеттіліктің тұлғаның тереңдегі
қасиеттерімен, атап айтқанда, қарым-қатынасқа деген қажеттілігімен, өзіне
деген сенімділігімен және өзіне-өзі баға берушілігімен байланысын көрсету
болып табылады.
Үшіншіден, бір жағынан, икемдер мен дағдыларды бөліп көрсету, екінші
жағынан, тұлғаның түрлі жағдайларда сәтті тұлғааралық өзара әрекетке жағдай
жасайтын жеке психологиялық сипаттамаларын бөліп көрсету болып табылады.
Төртіншіден, барлық дерлік зерттеушілердің қарым-қатынастағы тұлға
құзіреттілігін көп қырлы, көп деңгейлі құрылым ретінде түсіндіруі болып
табылады. Осының барысында отандық психологияда деңгейлерді бөлу негізіне
көбінесе қарым-қатынас тараптарын топтастыру және соларға сәйкес
құзіреттіліктің құрамдас бөліктері адамдардың бірін-бірі қабылдауы және
түсінуі – гностикалық құрамдас бөлік ретінде белгіленуші; тұлғаның өзін-өзі
танытуы – экспрессивті құрамдас бөлігі; ықпал, әсер – интеракциялық
құрамдас бөлігі алынады. Кейбір ғалымдар қарым-қатынасқа деген қажеттілікті
және қарым-қатынасқа деген бағдарды жеке бөліп көрсетеді деп ғалым Н.М.
Мельникова өзінің еңбектерінде шолу жасады.
Қабілеттіліктер психологиясының тағы бір өзекті және жалпы ережесі
олардың танылуындағы үш сапалы түрлі деңгейдің – қабілеттіліктердің өзінің,
дарындылықтың (таланттың) және бірегейліктің бөліп көрсетілуі болып
табылады. Қабілеттіліктер теориясында қабілеттіліктердің туа бітушілік,
мұрагерлік деңгейі туралы мәселе өте маңызды, бірақ әлі шешілмеген. Алайда
қабілеттіліктердің онтогенезде – ең алдымен, іс-әрекетті меңгеру ықпалымен,
сыртқы орта факторларының ықпалымен дамитындығы сөзсіз болса да, олар өте
күшті мұрагерлік детерминацияға ие.
Қабілеттілік неғұрлым жалпы сипатқа ие болған сайын соғұрлым ол
генетикалық тұрғыдан детерминацияланған және керісінше болады. Мұрагерлік
қабілеттілік деңгейі неғұрлым жоғары болған сайын соғұрлым ол барынша айқын
көрініс табады және соғұрлым ол кейінгі өмірлік жағдайлардың арқасында
емес, оларға қарсы тарамдалады. Ең соңында, қабілеттіліктер – бұл
бөлшектелген құрылымдар емес, тұлғаның барлық басқа тұлғалық сапалармен
әрекеттесуші және солармен анықталатын ажырамас қасиеттері.
Қабілеттіліктердің дамуы сондықтан да тұтастай тұлғаның дамуынан
бөлінбейді. Олар тұлғалық сапалар мен тұтастай тұлғаның қалыптасу сипатына
ықпал ете отырып, өздері де қалыптасып келе жатқан тұлғаның өздеріне деген
ықпалына тап болады.
Қабілеттіліктер мен тұлғаның дамуы – екі бірдей процесс. Сол арқылы
қабілеттіліктер түсінігі жалпы психологиялық қабілеттіліктер құрылымында
өзіндік орынға ие. Бұл – екі негізгі психологиялық категория – іс-әрекет
пен тұлға арасындағы аралық түйін.
Қабілет дамуының психологиялық жағдайларына талдау жасау негізіне
жататын талаптарды қарастыру – кеңес психологиясының классигі көрнекті
ғалым Б.М. Тепловтың айтқан ілімдеріне тоқталуды қажет етеді. Оның ойы
бойынша дарындылықтың жалпы теориясы ... нақты фактілер мен заңдылықтарды
зерттеу бойынша үлкен жұмыстардың нәтижесінде жасалуы қажет. Б.М.
Тепловтың пікірі бойынша (көптеген оқулықтарда және сөздіктерге енгендері
бойынша), қабілет – бір немесе бірнеше іс-әрекеттерді нәтижелі орындауға
сатысы бар жеке даралық психологиялық ерекшелік және өзінде бар дағды,
ептілік және білімдерге сәйкестенбестен-ақ бұл білім мен дағдыларды жеңіл
әрі тез меңгерумен түсіндіруге болады деп жазады. Қабілет бұл дамудың
нәтижесі, ал нышан – қабілет дамуының негізінде туа пайда болған
анатомиялық-физиологиялық ерекшелік (38, 54б.(.
Ал қабілет туралы ой қозғағанда, адамның қандайда бір нәрсені істеуге
мүмкіншілігі көрсетіледі, ал талант, дарындылық туралы айтқанда адамның
аталмыш қасиеттің (қабілет) туа біткен сапасының сипаты көрсетіледі. Осыған
қоса қабілет те, дарын да іс-әрекеттің нәтижелігінде көрінеді.
Б.Г. Ананьев еңбектерінде қабілет және дарындылық – жеке адамның
мінезімен, темпераментімен, өмірлік бағыттылығымен және жеке даралық
психологиялық дамуымен байланысты жеке адамның жалпы құрылымының қандай да
бір бөлігі ретінде қарастырылады (39, 89 б.(.
Қабілет ұғымымен қатар тәсілқой және бейімделу ұғымдары да
қолданылады. Тәсілқой адам, тапқыр, икемді, бейімделе алатын ретінде
сипатталынады, ал бейімделу істі үйлестіре алатын, жасай алатын, құрай
алатын ретінде түсіндіріледі.

Кеңес психологиясында, ең алдымен, С.Л. Рубинштейн және
Б.М. Тепловтың еңбектерінде іс-әрекеттің нәтижелігі бойынша
қабілеттілік, дарындылық және талант ұғымдарын жіктеуге тырысқан.
Қабілет іс-әрекеттің нәтижелі болу үшін мүмкіншілігіне байланысты бір
адамды екінші адамнан өзгешелейтін жеке-даралық психологиялық ерекшелік
ретінде қарастырылады. Ал дарындылық - іс-әрекеттегі нәтижелі болу
мүмкіншілігіне байланысты қабілеттердің сапалы өзіндік үйлесімділігі (жеке-
даралық психологиялық ерекшеліктер) ретінде қарастырылады .
Қабілет пен дарын ұғымдарының анықтамасындағы біршама қиыншылықтар бұл
терминдердің жалпы ұғымдық, тұрмыстық түсініктермен байланысты туындайды.
Егер түсіндірмелі сөздіктерге үңілетін болсақ, онда қабілет, дарын,
талант терминдері көп жағдайда синоним ретінде қолданылады және
қабілеттің көріну деңгейін бейнелейді. Бірақ талант терминінде адамның
табиғи жақтары айтылады.
Талант ұғымына анықтама беруде оның туа біткен сипаты ескеріледі.
Талант қандайда бір нәрсеге дарындылық, ал дарындылық туа берілген
қабілеттілік деп түсіндіріледі. Басқаша айтқанда талант- іс-әрекетке жоғары
жетістікті қамтамасыз ететін туа біткен қабілеттілік.
Шетелдік сөздіктерде талант (talanton) туа біткен қасиетті
көрсететін, ерекше табиғи қабілет деп көрсетіледі. Дарындылық таланттың бір
күйі, таланттың көріну деңгейі ретінде қарастырылады. Дарындылық түсінігі
тәуелсіз, өзіндік ұғым ретінде В.Дальдің, С.И.Ожеговтың, Кеңес
энциклопедиялық сөздіктерінде және шетел сөздерінің түсіндірме
сөздіктерінде қабілеттің көріну деңгейімен сипатталады.
Кеңестік психологтар мен ғалымдар Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн,
А.Г. Ананьев, А.Н. Леонтьев, В.В. Давыдов, Л.В. Занков, В.А. Крутецкий,
Б.М. Тепловтың өз республикамыздағы көрнекті ғалымдар Т. Тәжібаев, М.М.
Мұқанов, Ж.М. Әбділдин, Қ.Б. Жарықбаев, С.М. Жақыпов, Т.С.
Сабыровтың еңбектерін жеке тұлғаны дамыту мәселесінің теориясы және
практикасының алтын қоры деп білеміз. Отандық психологияда қабілеттер жайлы
ілім біркелкі дамып отырған жоқ. Мысалы, 1930-1940 жылдардың арасында
тұлғаға деген тұрпайы - социалистік көзқарас қалыптасқан кезде қабілеттер
жайлы мәліметтер психологиядан да, педагогикалық практикадан да алынып
тасталған болатын. Тек, 1950 жылдардың ортасынан бастап, бұл мәселе қайта
көтеріле бастады. Бұдан кейін нақты қабілеттер жайлы іргелі зерттеулер
жасалды. Олар: музыкалық қабілеттер (Б.М. Теплов), бейнелеу өнеріне деген
қабілеттер (В.И. Киреенко), әдеби қабілеттер (В.П. Ягункова), математикалық
қабілеттер (В.А. Крутецкий), педагогикалық қабілеттер
(Н.В. Кузьмина) сияқты зерттеулер. Оқыта отырып баланың қабілеттерін дамыту
мәселесі көрнекті педагогтер Ш.А. Амонашвили, И.В. Волков, О.С. Газман
еңбектерінде қарастырылады. Қарым-қатынас адамдар арасында байланыстарды
жасаудағы және дамытудағы өзара іс-әрекет қажеттігінен туындаған және
ақпараттармен алмасуды, басқа адамдарды қабылдауды және түсінуді қамтитын
күрделі, көпдеңгейлі процесс. Педагогикалық қарым-қатынас мұғалімдер мен
тұлғалардың бірлескен іс-әрекетінің өзегі мен оқу процесіндегі
ынтымақтастықтың негізгі формасы болып табылады.
Қазіргі кезде қабілеттің бірнеше концепциясы көрсетілген:
- қабілеттің тұқымқуалаушылық болжау концепциясы;
- қабілеттің ортадағы болжау концепциясы;
- іс-әрекеттік және әлеуметтік болжау қабілеттер концепциясы.
Біріншісі, қабілеттер – тұтастай тұқымқуалаушы факторларда әсер етеді
және дамиды, тұлға қасиетінің биологиялық детерминантты қасиеті болып
табылады.
Екінші концепцияда қабілеттер – тұтастай орта және тәрбие арқылы
анықталады. Тіпті XVIII ғасырда К. Гельвеций тәрбие арқылы данышпандылықты
қлыптастыру болады деген. Оның жолын одан әрі жалғастырған У. Эшби
қабілеттер және сонымен қоса данышпандылықты тауып алынған қасиеттерімен
анықталады – деп атап көрсетті.
Соңында, үшінші концепцияға сәйкес, қабілеттер - іс-әрекеттегі
өмірдің жағымды әлеуметтік жағдайында қалыптасады.
Тәжірибеде қабілет сөзінің алуан түрлі салада кең қолданыста
қолданылатын сөз екенін атап өтуіміз керек. Әдетте, қабілетпен қандай да
бір немесе бірнеше іс-әрекеттің табысты орындалу шарттары болып табылатын
дербес ерекшеліктер түсіндіріледі. Алайда қабілет термині психологияда
оның бұрыннан және кеңінен қолданғанына қарамастан, көптеген авторлар
бірнеше мәнде түсіндіреді. Егер қазіргі кездегі қабілетті зерттеу барлық
мүмкін нұсқаларды жинақтаса, онда оларды үш негізгі типке бөлуге болады. -
бірінші жағдайда, қабілет пен барлық мүмкін психикалық процестер мен
жағдайлардың жиынтығын түсіндіріледі. Бұл қабілет терминінің неғұрлым
кеңірек және ең көне түсіндірмесі;
- екіншіден, қабілет пен іс-әрекеттің сан алуан түрлерін адамдардың табысты
орындауын қамтамасыз ететін іскерлік пен дағдылар, жалпы және арнайы
білімнің дамуының жоғары деңгейі түсіндіріледі. Аталмыш анықтама XVIII-XIX
ғасырдың психологиясында пайда болып, қабылданған және қазіргі кезде де
жеткілікті дәрежеде жиі кездеседі;
- үшіншіден, бұл біліммен, іскерлікпен және дағдымен сәйкес келмейтін, тек
қана олардың тәжірибеде тиімді пайдалануына негізделген.
Қабілеттілік – адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен іс-
әрекет арқылы қалыптасатын қасиет. Қабілетті адам шығармашылықпен
айналыспаса, тіпті талантты деген тұлғаның өзі қабілетінен айырылады. Адам
қандай іс-әрекетпен айналыспасын, күнбе-күнгі істі тыңғылықты тындыру
арқылы, өз қабілетін дамытып, қалыптастырып отырады.
Бірде-бір адам, ол қаншалықты нышанды болғанымен егер ол
математика, музыка, сурет іс-әрекеттерімен көп әрі тапжылмастай
айналыспаса, ешқандай талантты математик, музыкант немесе суретші бола
алмайды, бұған қоса нышан көп мәнді болып табылады. Бір ғана нышанның
негізінде бірнеше қабілет дамуы мүмкін. Бір адамның айналысатын іс-әрекет
сипаты мен талаптарына, сондай-ақ өмір жағдайымен, әсіресе тәрбие жағдайына
аса тәуелді.
Нышандар өздігінен дами береді, жаңа сапалар меңгереді. Сондықтан
адам қабілетінің анатомиялық-физиологиялық негізі, тек нышан емес, нышанның
дамуы болып табылады, яғни оның организмінің (шартсыз рефлекстерінің) тек
табиғи ерекшеліктері ғана емес, сондай-ақ өмір барысында меңгерген шартты
рефлекстер жүйесі болып табылады.
Ешқандай да жеке қабілет іс-әрекетті нәтижелі орындау үшін жеткілікті
бола алмайды. Адамда жағымды үйлесімділікте болатын көптеген қабілеттер
болуы керек.
Қандай да бір іс-әрекетті нәтижелі орындауға міндетті түрде қажетті
қабілеттердің сапалы өзіндік ерекшелікте үйлесіп келуі дарындылық деп
аталады.
Бұқаралық коммуникация деп біз адамдардың бұқаралық қарым-қатынасының
алуан түрлілігін, дәлірек айтсақ, үлкен әлеуметтік топтардың
ұйымдастырушылық сипатқа ие және үлкен де арнайы аудиторияларға техникалық
құралдар (баспа, радио, теледидарлама, кино) көмегімен ақпарат тарату
жолымен жүзеге асырылатын қарым-қатынасын түсінеміз. Бұқаралық
коммуникация, ең алдымен, өзінің айқын көрініс табатын әлеуметтік
бағдарланушылығымен ерекшеленеді. Оны соңында қандай да бір үлкен
әлеуметтік топтың негізгі мүдделерін және ең алдымен, қоғамның билеуші
топтарының әлеуметтік мүдделерін жүзеге асыратын әлеуметтік институттар
ұйымдастырады және басқарады.
Қабілеттер сапасы, көлемі бойынша, олардың үйлесімділігінің өзіндік
ерекшелігі, даму дәрежесі бойынша бөлінеді. Қабілеттер мәселесі арнайы
психологиялық зерттеудің пәні ретінде – XIX ғ. Ф. Гальтон ұсынған адамдағы
өзгешеліктерді эксперименттік және статистикалық зерттеулерінің негізінен
болып табылады. Әрбір тұлға негізінде жеке даралық сипат болады:
конституциялы ерекшеліктері, мидың нейродинамикалық қасиеті, ми
жартышарлардың функционалды ассиметриялық өзгешеліктері және т.б.
Қабілет деген сөз психологияда күнделікті өмірге қарағанда біршама
тар мағынада қолданылады. Ал ғылымда қабілет – адамның нышандарынан, білім,
ептілік және дағдылары бойынша өлшенеді. Білім, ептілік және дағды
өзбетінше тұлға қабілеті ретінде қарастырылуы мүмкін емес, дәл сол сияқты
табиғаттан адамға не берілсе, сол қабілет болып есептелінбейді. Бұл тек
қабілеттің дамуына алғы шарт болып табылады.
Қабілет мәселесіне терең талдау жасаған Б.М. Теплов болды. Оның
көрсеткен концепциясы бойынша нышан деп аталатын қабілет дамуының қандай да
бір алғы шартын құрайтын адамның анатомиялық-физиологиялық және
функционалдық ерекшеліктері.
Қабілеттің сапасы іс-әрекет пен оның нәтижелі орындалу жағдайымен
анықталады. Сапасы бойынша қабілеттер, математикалық, техникалық,
көркемдік, әдеби, музыкалық, ұйымдастырушылық, спорттық және т.б.
қабілеттер болып бөлінеді. Қабілеттер көлемі бойынша: жалпы және арнайы
қабілеттер болып бөлінеді. Арнайы қабілеттер іс-әрекеттің қандай да бір
нақты түрінде нәтижелі орындау үшін қажеттілік жағдайы болып саналады.
Көптеген зерттеулерде арнайы қабілет, кәсіби іс-әрекет саласында
тәжірибе жинақтау кезеңдерінде көрініп, мамандыққа байланысты машықтана
түсетіндігі көрсетіледі. Адамның жалпы, сондай-ақ арнайы қабілеті де
анализдік-синтездік қабілет болып табылады.
Анализдік-синтездік қабілеттің көмегімен адам заттар мен құбылыстардың
күрделі кешенінде оларды жеке бөліктерге бөледі, ең негізгісін,
сипаттылығын, типтілігін бөліп алады, құбылыстың ең негізгі мәнін ашады.
Жаңа кешенде ерекшелінген кезеңдерді біріктіреді, жаңа, айрықша нәрсе
құрады.
1) реподуктивті қабілеттер – білімді меңгеру және іс-әрекетке икемділікті
жоғары деңгейде епті болуын қамтамасыз етеді.
2) творчестволық қабілет – айрықша және нәрсені құруды қамтамасыз етеді.
Шығармашылық қабілет – бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей
бастаған кезінен бастап бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері –
шығармашылықтың нәтижесі. Тұлғаның шығармашылық қабілеттерін дамытудың
жолдарын, құралдарын анықтау психология ғылымдарында өте ертеден зерттеліп
келеді. Шығармашылық әлемдік мәдениеттің барлық дәуіріндегі ойшылдардың
назарында болғандығын шығармашылық теориясын жасауға деген көптеген
ізденістерден байқауға болады. Бұл әрекеттер өзінің логикалық шегіне жеткен
деп айтуға болмайды. Сондықтан шығармашылық - психологияның негізгі
мақсаты - бүгінгі күн талаптарынан туындаған, озық қоғамға лайықты жаңа
сапа, рухани сапа қалыптастыру және дамытуда тың жолдар мен соңын
шешімдерін іздестіру болып табылады. Көтеріліп отырған мәселе туралы
жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық. Бұл ежелден-
ақ ұлы ойшылдарымыз: Жүсіп Баласұғын, әл-Фараби, Абайды ерекше
толғандырған. Сондықтан олар еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін
дамыту мәселелерін үнемі көтеріп отырған.
XIX ғасырда қазақ халық ағартушылары да халықты сауаттандыру, жеке
тұлғаның қабілетін дамыту мәселелерін көтере бастады. Ағартушы
Ы. Алтынсарин Табиғи ақыл - өзін қоршағанды ғана құшағына ала алса, оны
дамытып, өзі көрмегенді де танып білуге мүмкіндік жасайтын, тек қана
өркениетке жетелейтін озық білім.
Қазақстандық аса көрнекті профессор С.М. Жақыпов субьект - субьект
-обьект қатынасында қабілеттің онтогенезін анығырақ түсіндіреді. Жаңа туған
нәресте адамның қарым-қатынас жүйесіне енгенде ғана қабілетке
белсендіріліп өзгере алатын, анатомиялық-физиологиялық тұрғыда нышандар
жүйесі мен адамдық потенциалды мүмкіндіктер болып табылады. Іс жүзінде адам
баласы өзінің алғашқы күндерінен-ақ міндетті түрде үлкендермен бірлескен іс-
әрекетке енеді. Бұл жағдайда жалған бірлескен іс-әрекет туралы айтылады.
Мұнда қажеттілікте мотивациялық компоненттер болады, ал оны іске асыру
ересек адамда шоғырланған. Тек кейін ғана белсенділік үлкен адамның
позициясынан баланың позициясына ауысады. Бірлескен іс-әрекеттің
индивидуалды іс-әрекетке интериоризациясы өтеді. Осы қабілеттің құрылымы
болып табылады. Осыдан мынандай тұжырымға келеміз. Нышанның қабілетке
өзгеруінің негізгі шарты олардың бірлескен іс-әрекетке енуі болып табылады.
Нышандар – организмнің тума анатомиялық-физиологиялық ерекшелігі. Оған
ең алдымен, организмге туылғаннан берілген жүйке жүйесінің қасиеті, сезім
және қимыл-қозғалыс мүшелерінің, бас миының құрылымының ерекшеліктері
жатады. Нышандар тек қабілеттің дамуының мүмкіншіліктері және алғы шарттары
ғана бола алады, бірақ қандайда бір қабілеттің көрінуі мен дамуын
анықтамайды. Нышанның негізінде пайда бола отырып, адамнан нақты бір
қабілетті талап ететін іс-әрекет барысында және оның әсерінен қабілет
дамиды, іс-әрекеттен тыс ешқандай қабілет дамуы мүмкін емес.
Нышандар қабілеттің қалыптасуының әр түрлі жолдары мен дамудың
жылдамдығына, жетістік деңгейіне әсер етеді. Әрбір қабілет өз құрылымына ие
болады, онда жетекші және қосалқы қасиеттер өзгешеленеді.
Қоғамдық өңделген операцияларға сәйкес жүйені өзіне органикалық
тұрғыда таңдамайынша, ешбір қабілет өзекті, ақиқат қабілет болып
табылмайды, бірақ қабілет ядросы – бұл меңгерілген, автоматтанған операция
емес, бұл операциялар арқылы жұмыс жасайтын, реттелінетін психологиялық
процестер.
XX ғасырдың бас кезінде Қазақстанда педагогикалық теория
негіздерінің қалыптасуына атсалысқан көрнекті қоғам қайраткері:
Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, М. Жұмабаевтың педагогикалық
мұраларында білім беру процесінде балалардың қызығушылығы мен
қабілеттілігін қалыптастыру мәселесін ескеру керектігі баса айтылған.
Қабілеттіліктерді Б.М. Теплов пен Н.С. Лейтес тұлғаның іс-әрекеттің бір
немесе бірнеше түрін сәтті орындау үшін қажетті жағдай болып табылатын жеке
тұлғалық қасиеттері ретінде анықтайды.
Б.М. Теплов қабілеттіліктердің үш міндетті белгілерін қосуға ерекше
назар аударды: қабілеттіліктердің астарында бір адамды екіншісінен
ерекшелейтін жеке тұлғалық психологиялық ерекшеліктер жатыр;
қабілеттіліктер деп кез келген жалпы жеке тұлғалық ерекшеліктерді емес, тек
қандай да бір іс-әрекеттің немесе көптеген іс-әрекет түрлерінің сәтті
орындалуына қатысы бар жеке тұлғалық ерекшеліктерді ғана атайды;
қабілеттілік ұғымы осы адам бойында әлдеқашан өңделген білімдерге,
дағдыларға немесе икемділіктерге қатысты емес.
Көрнекті психолог В. Н. Дружинин атап айтқандай, жалпы
қабілеттіліктер туралы түсініктерді психосемантикалық зертттеу 1991-1993
жылдары жүргізілді. Зерттеуде шешілген негізгі мәселе жеке тұлғалық және
топтық санадағы жалпы танымдық қабілеттіліктерді қайта ашу құрылымы қандай
екендігі болды. Адамның тұлға туралы түсініктерінің жалпы ауқымындағы
қабілеттіліктер туралы түсініктердің орны, сонымен қатар оның танымдық іс-
әрекетінің құрамы қабілеттіліктер туралы түсінікке қаншалықты ықпал
ететіндігі туралы мәселе айтарлықтай маңызды.
Қабілеттің дамуының психологиялық жағдайларына талдау жасау негізіне

ғалым Б.М. Тепловтың айтқан ілімдеріне тоқталуды қажет етеді. Оның айтуы
бойынша дарындылықтың жалпы теориясы ... нақты фактілер мен жеке
заңдылықтарды зерттеу бойынша үлкен жұмыстардың нәтижесінде жасалуы қажет.
Б.М. Тепловтың пікірі бойынша қабілет – бір немесе бірнеше іс-
әрекеттерді нәтижелі орындауға қатысы бар жеке даралық психологиялық
ерекшелік және өзінде бар дағды, ептілік және білімдерге сәйкестенбестен-ақ
бұл білім мен дағдыларды жеңіл әрі тез меңгерумен түсіндіруге болады деп
жазады. Қабілет бұл дамудың нәтижесі, ал нышан – қабілет дамуының негізінде
туа пайда болған анатомиялық – физиологиялық ерекшелік.
Қандай да болмасын бір немесе бірнеше қызметтердің үздік орындалуының
шарты болатын психикалық қасиеттерді қабілеттілік деп атайды.
Қабілеттіліктер мен талаптылыққа А.А. Голубева және оның зертхана
қызметкерлері жүргізген эксперименттік зерттеулерде талаптылық деп шартсыз
рефлекстерге жататын анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктер түсіндіріледі.
Осының барысында шартсыз туа біткен реакциялар туралы айтылғанда, виталды
рефлекстер ғана емес, сонымен қатар шартсыз реакциялардың үлкен тобы
негізге алынатындығы ескерілді. Арнайы нейрон-детекторлардың ашылуының
арқасында олардың тітіркендіргіштердің түрлі сипаттарына талғап жауап
беретіндігі, сол арқылы ақпараттық процестердің ерекше сезімталдық туралы
сөз қозғауға мүмкіндік беретін шартсыз рефлекторлы негізін табатындығы
анықталды.
Осы айтылғандарға орай біз қабілеттіліктерді тұлғаның іс-әрекет
нысанына, құралдарына, жағдайларына және сол іс-әрекеттен оң нәтижелер
алудың анағұрлым өнімді тәсілдерін табуға ерекше сезімталдықтан тұратын
жеке тұлғалық, тұрақты қасиеттері ретінде анықтаймыз.
Қабілеттіліктерді зерттеудегі тұлғалық бағыт тұлға және
қабілеттіліктер мәселесін шешудің анағұрлым болашағы бар бағыты ретінде
қалыптасты. В.Н. Мясищев осы мәселені қарастырудың психологияда қалыптасқан
дәстүрлі бағыттарына баға бере отырып, былай деп жазды:
... қабілеттіліктерді формальды-функционалды жақсыз түсіну адамның
функционалды сипаттамасын ғана емес, сонымен қатар оның іс-әрекетке
талғампаздық қатынасын да ескеретін мазмұндық-тұлғалық тұрғыдан түсінумен
алмасуы керек. Бұл қатынас динамикасын анықтауда өз кезегінде адамдарға
деген қатынас және осы іс-әрекетке деген қатынас маңызды рөл атқарады.
Қабілеттілік пен бағыттылықты тұлғаның белгілі бір деңгейдегі
теңгерілген сипаттамалары ретінде қарастыра отырып, К.К. Платонов сонымен
қатар тұтастай тұлғаның жалпы құрылымын түсіну арқылы ғана қабілеттіліктің
онымен арақатынасын түсінуге болады деп атап көрсетеді .
Бұл ереженің әрі қарай өрбуі мен нақтылануын біз көптеген кеңес
психологтарының еңбектерінен табамыз. Мысалы, Н.С. Лейтестің ақыл-ой
дарындылығына арналған еңбегінде (1960) бұл мәселе тікелей қойылмаса да,
келтірілген фактілер мен оларды талдау кейбір тұлғалық сапалардың ақыл-ой
қабілеттіліктерінің пайда болуына міндетті түрде ықпал ететіндігін
көрсетеді. Іс жүзінде барлық кеңес авторлары қабілеттіліктердің қалыптасуы
мәселесін қарастыра отырып, түрлі тұлғалық сапалар рөлін атап көрсетеді.
Түрлі теориялық бағыттардың айырмашылығы адамның бүкіл қасиеттері жүйесі
(тұлға құрылымы) қалай көрінетіндігінен және қай қасиеттерге бірінші
кезекте ден қойылатындығынан табылады.
Кейде қабілетті табиғаттан берілген тума қасиет деп есептейді.
Дегенмен ғылыми талдаулар тек нышан туа пайда болуы мүмкін, ал қабілет –
нышанның даму нәтижесі болып табылатындығын көрсетеді.
В.В. Клименконың пікірінше адам нышандарының потенциалдарын адам мен
қоршаған орта және адамның ішкі жан дүниесі арасында қаншалықты каналдар
бар болса, соншалықты жұмыс істейтін қабілеттер құратынын және шындығында
қабілет саны, адам іс-әрекетімен, оны үйренуімен, қалыптасуымен байланысты
болатындығын көрсетеді.
Қабілеттілігінің артуына қарай тұлға дарындылығы мен данышпандығы
айқындалады. Қазірше бұл дәреженің обьективті өлшемі болмағандықтан
дарындылық пен данышпандықтың ара жігін ашқанда тұлғаның қабілеті бар
екендігіне ғана қарамастан, оның іс-әрекет нәтижесіне де қарайды.
Осыған орай, дарын дегеніміз - өзіндік және бұрын болмаған, аса
жетілдірілген және қоғамдық маңызы бар өнім бере алатын қабілеттіліктің
жиынтығы. Данышпандық дегеніміз - дарындылықтың жоғары сатысы,
творчествосының кейбір саласында елеулі қадамдар жасап, өзгеше дәуірге жол
ашатын күш.
Отандық белгілі ғалым Ж. Аймауытов адамдағы қабілеттің әрбір, не
түгелімен, не бөлімі іліктестік ойының жұмысы деуге болады. Ынта да,
ілтипат та, жад та – бәрі тұп-тура іліктестіктен шығатын қабілеттер.
Көптеген зерттеушілер қабілеттінің дарындылық (балалық кезде
ерекше байқалатын, туыстан берілетін нышандар жүйесі), талант данышпандық
деп аталатын кез-келген адамда бола бермейтін жоғары түрлері де болады.
Қабілеттіліктер – тұлғаның біршама іс-әрекеттер жиынтығын игеру
мөлшерін білдіретін сипаттамалары.
Тұлға қабілеттіліктерінің даму деңгейі мен дәрежесі дарын және
кемеңгерлік ұғымдарын білдіреді. Сәйкес деңгейді анықтау үшін объективті
критерийлер қазіргі таңда әзірленбегендіктен, дарындылық пен кемеңгерлікті
ажырату қабілеттіліктердің өздерінің сипаттамасы бойынша емес, іс-әрекет
өнімдерінің сипатттамасы бойынша жүргізіледі.
Осыған орай дарын деп өзгешелігімен және жаңашалығымен, жоғары
деңгейде жетілгендігімен және қоғамдық маңыздылығымен ерекшеленетін іс-
әрекет өнімін алуға мүмкіндік беретін қабілеттіліктер жиынтығын атайды.
Кемеңгерлік – дарынның дамуындағы шығармашылықтың белгілі бір
саласындағы арнайы алға басуларды жүзеге асыруға, дәуір құруға мүмкіндік
беретін жоғары саты.

Көрнекті психолог Қ.Б. Жарықбаев қабілеттің ойдағыдай дамуы үшін
адамда тиісті білім жүйесі, икемділікпен дағды болуы керек. Бірінші
деңгейде адам білім игеруге, іс-әрекетті қажетті дәрежеде жүзеге асыруға
икемділік көрсетсе, екінші деңгейде, жаңа сынды туынды жасай алу
мүмкіндігін байқатады. Қабілеттердің дамуына нышандар белгілі орын алады.
Нышан – қабілеттілік бастапқы табиғи негізі ретінде мүмкіншілігін
қамтамасыз ететін қабілеттің жоғарғы түрін дарындылық деп атайды.
Қабілетілік өте сирек кездесетін ең жоғарғы түрі данышпандық деген ұғыммен
белгіленеді. Қабілеттің қандай да түрі болмасын өлшеусіз ерен еңбектен
туындайды. Маңдайдан тер төгілмейінше, ешқандай қабілет өз мәніне ие
болмайды. Қабілет адамның жан қуаттарының түрлі жақтарымен тығыз
байланысты. Қабілеттікке жақын тұрған ұғым – бейімділік. Ол адамның белгілі
бір әрекетпен айналысуға бет бұрып, оған көңілін аууы, оянып келе жатқан
қабілеттіктің алғашқы белгісі.
Қабілеттіліктер психологиясы – қазіргі психологиядағы өзекті
тақырыптардың бірі, мұнда қазіргі сәтте тұтастай бірқатар жаңа ағымдар
байқалады. Интеллект ұғымы мазмұнының кеңеюі есебінен қабілеттілік
ұғымының мазмұндық тұғырының өзгерісі; құзіреттілік, менталдылық және
т.б. жаңа терминдердің пайда болғандығы; қабілеттілік ұғымының психикалық
белсенділіктің өзге де салаларын (моральдық қабілеттіліктер, рухани
қабілеттіліктер, эмпатияға қабілеттілік, өмірге қабілеттілік және т.с.с.)
сипаттау үшін қолданылуы; тест әдістерімен қатар сапалық әдістердің
(сұхбат, жеке жағдайларды талдау және т.с.с.) қолданылуы байқалады.
С.Л. Рубинштейннің ойынша адам мен оның қабілеттіліктерінің дамуы,
сөзсіз, жануарлар дамуынан айрықша ерекшеленеді; бұл айрықша ерекшелік адам
қызметі нәтижелерінің адамның тарихи дамуынан сабақтастығын нығайтатын
балалардың жеке дамуын дәнекерлейтін объективті өнімдер түрінде кейінгі
қалдырылатындығымен байланысты.
Қабілет мәселесінің дамуына елеулі үлес қосқан белгілі ғалым –
Б.М. Теплов қабілеттің төмендегідей негізгі үш түрін бөліп көрсетті.
Біріншіден, қабілетпен бір адамның келесісінен өзгешленетін дербес
психологиялық ерекшеліктер түсіндіріледі; барлық адамдар бірдей болатын
қатынаста қасиеттілік туралы сөз болған жерде қабілеттілік туралы ешкім сөз
етпейді.
Екіншіден, қабілет деп қандай да бір немесе көптеген әрекеттердің
орындалуының табыстылығына қатысы бар жалпы алғанда дербес ерекшеліктерді
атайды.
Үшіншіден, қабілет түсінігі аталмыш адамда қалыптастырылған
дағдылармен немесе іскерлікпен, сол білімділікпен сәйкес келмейді.
Жалпы адамның болашағы оның қабілетінің негізі, қабілет белгілі
бір іс-әрекеттен, икемділіктен, мүддеден көрінеді. Бірақ, ең жақсы
қабілеттер де оған қажетті жағдай жасалынбаса таратылмайды, қабілеттілікке
жетпей де қалады. Мысалы, адамда белгілі бір өз болашағын іске асыратын
жағдай, ерік әрі ынта жоқ болады.
Жалпы қабілеттіліктер өсіп келе жатқан адам мүмкіндіктерінің
кеңдігінен, алуантүрлілігінен және ол байқататын белгілі бір қасиеттер
бірлігінен табылады. Жалпы қабілеттіліктерге, ең алдымен, ақылдың
қасиеттері жатады және сондықтан оларды (олардың сонымен қатар ерік
қабілеттіліктері мен эмоционалдық қабілеттіліктерге елеулі дәрежеде тәуелді
екендігіне қарамастан) жалпы ақыл-ой қабілеттіліктері деп атайды. Жалпы
қабілеттіліктер жиынтығын көбінесе интеллект деп атайды.
Тұлға – қоғамдық тіршілік иесі ретіндегі адам, әлемді тану және
белсенді түрде өзгерту субъектісі. Еңбек іс-әрекетіне қабілетті және
сөйлеу қабілетіне ие, ақылды тіршілік иесі ретіндегі адам ғана тұлға болып
табылады.
Ұжымдық қабілеттіліктер – бұл белгілі бір ұжымға тән және
сәйкесінше белгілі бір бірлескен іс-әрекет сапасын анықтайтын, белгілі бір
іс-әрекетке деген қабілеттіліктер.
Ұжым қабілеттіліктері – бұл оның жалпы мақсаттарға бірлескен іс-әрекет
арқылы, сонымен қатар бір ғана жалпы тәсілмен емес, іс-әрекет мүшелерінің
қабілеттіліктерінің алуантүрлілігімен анықталатын түрлі тәсілдермен қол
жеткізу мүмкіндіктері; бұл – түрлі ұжымдық қабілеттіліктердің және оның
мүшелерінің барлық қабілеттерінің жиынтығы.
Қабілеттілік – адамның өз бейімділігі арқылы, шығармашылықпен жұмыс
істеу арқылы қалыптасатын қасиет. Қабілеттің дамуының табиғи негізін
құрайтын нышандардың жинағы – дарындылық.
Адамның дарындылығы оның жоғары жүйке саласының туа біткен қасиетімен
тығыз байланысты. Адамға белгілі бір қызметті ойдағыдай атқару
мүмкіншілігін қамтамасыз ететін қабілеттердің ерекше қиысу қызметтің сол
саласында талант деп атайды.
Сонымен талантты адам дегеніміз – жоғары білікті шығармашылықпен
жұмыс жасайтын адам. Дарынды балаларды іздеу, оларды оқыту мен тәрбиелеу
қоғам үшін бүгінгі күні өте қажет, себебі дарынды адам басқаға қарағанда
көп пайда әкеледі. Әрбір талантты адам, еңбекке бейім, ол шығармашылық
тапқырлықпен жігерлі еңбек етеді.
Қабілетті анықтаудың біршама сенімді, дұрыс жолы – іс-әрекет
барысындағы оның нәтижелік динамикасын көрсету. Кез-келген іс-әрекеттің
орындалу нәтижесі өз алдына қандай да бір жеке қабілетті анықтаумен емес,
әрбір адамдағы өзіне тән қабілеттердің үйлесімділігінен анықталады. Іс-
әрекетті меңгеру нәтижесіне әртүрлі жолдармен жетуге болады. Қандай да бір
жеке қабілеттердің жоғары жетістікте дамуының жетіспеушілігі, сол іс-
әрекетті нәтижелі орындауға байланысты басқа қабілеттің дамуымен
компенсациялануы мүмкін.
М. Мұқанов адамның іске қабілеттілігі, тек мүмкіншілік дегенде, мұны
қалай түсіну керек? Әрбір адамның түрлі іске қабілетінің молдығы, оның ішкі
табиғатына көп байланысты екені рас. Бірақ біз егер қабілеттілікті әрбір
адамның өзінен іздестіріп, өмір сүретін қоғам ортасынан, қоғамдағы түрлі
өнер мен білімнің таралуынан қарастырмасақ, материалистік тұрғыдан дұрыс
болмас еді. Шынын айтқанда, Білімді өлсе қағазда аты қалар, ұста өлсе,
істеген заты қалар деген мақал, қабілеттілікті терең түсінуге мүмкіндік
береді. Себебі әрбір дәуірдегі адам баласының жасап шығарған өнерлері,
өнерлерінің қалай іске асатыны жөніндегі жиналған түрлі мәліметтер атадан-
атаға, ұрпақтан-ұрпаққа тіл арқылы беріліп, осының нәтижесінде келешекте
бұларға ие болуға мүмкіндік жасайды деп атап өтті.
Бір адамның бойында бірнеше әртүрлі қабілет болуы мүмкін, бірақ олардың
бірі басқаларға қарағанда мәндірек болады. Екінші жағынан бірнеше әртүрлі
адамдарда бір ғана қабілет байқалуы мүмкін, бірақ даму деңгейлері бойынша
өзгешеленеді.
Қабілеттіліктерді дамытудың тұжырымдамалық сұлбасын профессор С.М.
Жақыпов былайша көрсетеді. Белсенділіктің көп бөлігі ересек адамға тиесілі
болатын жалған-бірлескен іс-әрекетке қосыла отырып, қабілеттіліктер алғашқы
қабілеттіліктерге айналады. Алғашқы қабілеттіліктердің қалыптасуы бала
дамуындағы сапалы түрдегі серпінді, жеке қызметтің қарапайым актілерін
жетілдіру мүмкіндіктерінің пайда болуын көрсетеді. Келесі кезеңде алғашқы
қабілеттіліктер атқарушылық белсенділік бала мен ересек адам арасында
жіктеле алатын бірлескен іс-әрекетке қосылады. Мұнда алғашқы
қабілеттіліктерді жинақтау негізінде және бұрын бұл процеске қосылмаған
қабілеттіліктерге айналу негізінде екіншілік қабілеттіліктердің қалыптасуы
іске асады. Екіншілік қабілеттіліктердің пайда болуы баланың жеке іс-
әрекеттің анағұрлым күрделі актілерін жүзеге асыру мүмкіндіктерін
білдіреді. Әрі қарай бұл циклдер қайталанады және адамның әлеуметтік
дәрежесінің ауысуына сәйкес келуі мүмкін.
Отанымыздың белгілі психологы С.Қ. Бердібаева қабілеттер жайлы
субьективті түсініктердің құрылымы, индивид қатысатын нақты іс-әрекеттің
өзара әсерлері және ақыл-ой қабілеті жайлы жеке даралық түсініктерсіз
қабілеттің дамуын, ерекшелігін табу өте қиын деп атап көрсетті. Сонымен
қатар тұлғаның әлеуметтік микроқоршауында, жеке даралық санасында белгілі
бір қабілет моделі болады, қабілеттерді сол модельдердің шеңберінде
қарастырады. Бұл мәселенің соңғы кезде маңызды сипатқа ие болуы
интеллектінің үйреншікті, қарапайым концепциясын зерттеуге, қабілеттердің
даралық санадағы репрезентациясы жайлы мәселелерге деген қызығушылықтың
өсуімен байланысты. Эксперименттік психосемантика облысының кейінгі жаңа
жетістіктерге интеллектуалды қабілеттер жайлы жеке даралық түсініктерді
қайта жасауға, қабілеттердің субьективті-мағыналық репрезентациясы мен
обьективті критерийлерінің арасындағы өзара байланыстың ерекшелігін
табуға мүмкіндік береді.
Қабілеттер адамның маңызды құндылығы болып табылады және оның
түсініктер әлемінде негізгі орынды алады.
Б.М. Тепловтың ғылыми творчествосын қарастырған В.Д. Небылицын
қабілеттерде және дарындылықта ең алдымен жеке даралық айырмашылықтарға
көңіл бөлу керек деді.
Егер қабілетті жеке адамның және индивидтің құрылымдарының бірі ретінде
қарастырса, мұндай жағдайда ең болмағанда зерттеудің үш деңгейі қажет
болады: психофизиологиялық, психологиялық және әлеуметтік-психологиялық
деңгейлер.

Әлеуетті қабілеттіктер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz