Қылмыс және қылмыстың құрамы


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Қылмыс құрамы
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . .
I. Қылмыс және қылмыс құрамы.
1. 1. Қылмыс пен қылмыс құрамының арақатнасы . . .
1. 2. Қылмыс құрамының түрлері . . .
II. Қылмыс құрамының элементтері
2. 1. Қылмыс объектісі . . .
2. 2. Қылмыстың объективтік жағы . . .
2. 3. Қылмыс субъектісі . . .
2. 4. Қылмыстың субъективтік жағы . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Кіріспе
Дипломдық жұмыстың өзектілігі қылмысты саралауға, қылмысты қылмыс емес іс-әрекеттерден ажыратуға мүмкіндік беретіндігінде қылмыс пен қылмыс құрамы өзара тығыз байланысты, бірақ бір-біріне ұқсамайтын қылмыстық-құқылық түсініктер. Олардың өазара мазмұны да бағытыда әр түрлі. Қылмыс туралы ұғым Қылмыстық кодекстің 9-бабында берілген. Осы баптағы анықтамадан көрінгендей, қылмыс дегеніміз- адамның әлеуметтік-құқылық, қоағмағ қауіпті және құқыққа қайша секілді міндетті белгілерінің жиынтығынан туатын ерекше іс-әрекеті болып табылады.
Қылмыстың жалпы түсінігі, сол қылмсытың заңдылық сипаттамасын беріп қана қоймай, оның әлеуметтік саяси мәнін де аша түседі. Өмірде қылмыстық құблыстар әр түрлі нысанда көрініс тауып немеес әр түрле түрде болғандықтан қылмыстық заң қылмыстың жалпы түсінігі мен бірге нақты қылмыстардың да түсінігін қарастырған қылмсытың жапы түсінігі- барлық қылмыстарға тән, оның белгілері Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде көрсетілген жеке қылмыстар түрінде нақтыланып, өзінің дамуын табады. Қылмыстық заңда сипаталған әр бір қылмыс, яғни қылмыс құрамы өзінің ерекше белгілерімен сипатталады. Қылмыстың құрамы бұл қылмсыты іс-әрекет немесе, тек соның нысанын сипатайтын түрі ғана, ол нақты қылмсытың заңды сипаттамасы, жеке нақты қылмыстың заңдылық түсінігі. Егер қылмыстың түсінігінде барлық қылмыстар тән белгілер-қоғамға қауіптілік, құқыққа қайшылық, кінәлілік және жазаланушылық атлаған болса, ал қылмыс құрамында іс-әрекеттін қоағмағ қауіптілігін білдіретін нақты қылмыстардың міндеттері белгілерінің жиынтығы есепке алынады. Қоғамға қауіптілік қылмыс құрамының емсе, қылмыстың белгісі болып табылады. Осы екі қылмыстың құқылық түсініктерінің бағыты да әртүрлі. Нақты қылмсытың құрамы қылмсытық жауаптылықтың негізі болса, ал қылмыстың жалпы түсінігі нақты қылмыстың құрамының заңдылық базасын жасаудың, қылмсытық құқықта оның құқылық, әлеуметтік -саяси табиғатын түсіндіру қажеттілігінен туындайды. Қылмыстың сыртқы пішінін көрінісін сипаттайтын белгілердің жиынтығы қылмыстың объективтік жағы құрайды. Объективтік жағының белгісіне ең алдымен қағмаға қауіпті мінез-құлық актісінің сыртқы көрінісі-адамның әрекеті немес әрекетсіздігі жатады.
I. Қылмыс және қылмыстың құрамы.
Қылмыс пен қылмыс өзара тығыз байланысты, бірақ бір-біріне ұқсамайтын қылмыстық-құқылық түсініктер. Олардың өзара мазмұны да, бағыты да әр түрлі. Жоғарыда айтқандай қылмыс туралы ұғым Қылмыстық кодекстің 9-бабында берілген. Осы баптағы анықтамадан көрінгендей, қылмыс дегеніміз адамың әлеуметтік-құқылық, қоғамға қауіпті және құқыққа қайшы секілді міндетті белгілерінің жиынтығынан туатын ерекше іс-әрекеті болып табылады.
Қылмыстың жалпы түсінігі, сол қылымыстың заңдылық сипаттамасын беріп қана қоймай, оның әлеуметтік-саяси мәнін де ашып көрсетеді. Өмірде қылымыстық құбылыстар әр түрлі нысанада көрініс тауып немесе түрлі түрде болатындықтан қылмыстық заң қылымыстың жалпы түсінігі мен бірге нақта қылымыстардың да түсінігін қарастырған. Қылмыстың жалпы түсінігі-барлық қылмыстарға тән, оның белгілері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде көрсетілген жеке қылмыстар түрінде нақтыланып, өзінің дамуын табады.
Қылмыстық заңда сипатталған әрбір қылмыс, яғни қылмыс құрамы өзінің ерекше белгілерімен сипатталады. Қылмыстың құрамы-бұл қылмысты іс-әрекет емес, тек соның нысанын сипаттайтын түрі ғана. Ол-нақты қылмыстың заңды сипаттамасы, жеке нақты қылымыстың заңдылық түсінігі. Егер қылмыстың түсінігінде барлық қылмыстарға тән-белгілер-қоғамға қауіптілік, құқыққа қайшылық, кінәлілік және жазалаушылық аталған болса, ал қылмыс құрамында іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігін білдіретін нақты қылымыстардың мідетті белгілерінің жиынтығы есепке алынады. Қоғамға қауіптілік қылмыс құрамының емес, қылмыстың белгісі болып табылады. Осы екі қылмыстың құқылық-түсініктерінің бағыты да әр түрлі. Нақты қылмыстың құрамы қылмыстық жауаптылықтың негізі болса, ал қылмыстың жалпы түсінігі нақты қылмыстың құрамының заңдылық базасын жасаудың, қылмыстық құқықта оның құқылық, әлеуметтік-саяси табиғатын түсіндіру қажетілігінен туындайды.
Қылмыстық құқық теориясында, оқулықтарда қылмыс құрамының жалпы түсініктері кеңінен қолданылады. Жалпы және нақты қылмыстың құрамның түсініг жалпы қылмыс түсінігіне қарағанда заңдылық ұғым емес, ғылыми ұғым болып табылады.
Бұл ұғым теорияда нақты қылмыстардың түсінігінен, қылмыстың нақты құрамының жинақталған белгілері арқылы анықталады және өз бойында жалпылама барлық қылмыс құрамдарының белгілері мен элементтерін сипаттап, көрсетеді. Нақты қылымыстың құрамы нақты қылмысқа тән белгілерді көрсетеді деп жоғарыда атап өттік. Бірақ әрбір қылмыс құрамында барлық қылмыстардың құрамына тән, жиынтығында қылмыс құрамының жалпы түсінігін құрайтын, яғни кез-келген қылымыстар құрамының жалпы белгілерін белгілейтін белгілер бар. Қылымыстық құқық теориясы әрбір қылмыста болатын төрт түрлі міндетті элементтерді: қылмыстың объектісін, қылымыстың объективтік және субъективтік жақтарын, субъектісін атап көрсетеді, Осы белгілерге орай кез келген қылмыстың құрамы осындай төрт түрлі топтағы элементтерге бөлінеді. Әрбір қылмыс құрамныда оның объектісін, объективтиік, субъективтік жақтарын, және субъектіні бейнелейтін белгілері міндетті түрде болады. Осы элементтердің әрқайсысы қылымыстың құрамдас бөлігі болып табыладыф, сондықтан-да осы элементтердің береуінін жоқ болуы қылымыс құрамының мүлде және қылмыстық жауаптылыққа негіздін де жоқ екендігін көрсетеді. Қылмыстың құрамның жалпы түсінігі барлық қылмыс құрамына тән осы төрт түрлі элементтермен сипатталады. Қылмыстың осы немесбасқа элементтерін сипаттау тиісінше қылмыс құрамның элементтерін сипаттау деп аталады. Мысалы, қылмыстың субъективтік жағының белгілерін сипаттау қылмыс құрамның субъективтік жағы деп аталады.
Қылмыстың объектісі деп, сол қылымыстық қиянаттың неге бағытталғанын, оның қандай зиян келтіргенін немесе келтіруге нысана алғанын айтамыз. Қылмыстың объектісі заң қорғайтын қоғамдық қатнастар болып табылады. Қылмыстық құқықта олар шартты түрде жалпы, топтық және тікелей объект болып бөлінеді. Қылмыстың объектісін оны сипаттайтын қылмыс құрамының белгілерін дұрыс анықтаудың қоғамға зиянды іс-әрекеттің сипаты мен дәрежесін белгілеу үшін және оны саралау үшін маңызы ерекше.
Қылмыстың сыртқы пішінін, көрінісін сипаттайтын белгілердің жиынтығы қылмыстың объективік жағын құрайды. Объективтік жағынң белгісіне ең алдымен қоғамға қауіпті мінез-құлық актісінің сыртқы көрінісі-адамның әрекеті немесе әрекетсіздігі жатады. Қауіпті әрекет немесе әрекетсіздіктің нысандары мен түрлері қылмыстық заң тұжырымдарында әр түрлі және жан-жақты (мүлікті жою немесе бүлдіру, өмірді жою, қауіпті жағдайда қалдыру, т. б. ) . Біршама қылмыс құрамның объективтік жағы әрекет немесе әрекетсіздіктен басқа қылмыстың зардабы және іс-әрекеттің зардап пен себепті байланысын көрсетеді. Көрсетілген белгілерден басқа заңда кейбір қатнастардың объективтік жағын сипаттауда оның міндетті белгілеріне уақыт, орын, жағдай, қылмыстың жасалу тәсілдері де жатады. Қылмыстарды ажыратып жіктеуде, оның қоғамға қауіптілігінің дәрежесін белгілеуде, қылмысты саралауда объективтік жақтың осы белгілерінің маңызы зор. Қылмыстың субъективтік жағының белгілеріне қылмыстың ішкі жағын құрайтын белгілері, яғни адам істеген қоғамға қауіпті іс-әрекет не психикалық қатынас сипатталады. Субъективтік жақтың белгілеріне кінә, ниет және мақсат жатады. Кінә екі түрлі нысанда: қасақаналық және абайсыздық түрінде 20, 21 баптар көрініс табады. Субъективтік жағынан бір қылмыстар қасақаналықпен ұрлық, екінші біреулер абайсыздықпен, абайсызда кісі өлтіру, үшіншіден қасақаналықпен де, абайсыздықпен де жасалуы мүммкін. Кінәнің нысанының көпшілігі қылмыстық заңның өзінде тікелей ашып көрсетіледі. Ал көрсетілмеген жағдайда олар қылмыстың құрамының белгілеріне талдау жасау арқылы анықталады. Кейбір қылмыс құрамның субъективтік жағының белгілеріне қылмыстың ниеті мен мақсаты да жатады. Мысалы, пайдақорлық ниетпен кісі өлтіру, басқа қылмыстың ізін жасыру мақсатымен кісі өлтіру. Қылмыс құрамының субъективтік жағының белгілерін анықтау, қылмысты саралауда қылмстың және қылмыскердің қауіптілік дәрежесін анықтау үшін және жаза мөлшерін белгілеу үшін аса маңызды болып табылады. Қылмыстық заң бойынша қылмыстың субъектісі болып, қылмыстық жауаптылыққа тартылуда кез келген адам жатады. Қылмыстық жауаптылыққа есі дұрыс, қылмыс жасаған уақытта 16-ға, кейбір қылмыстар үшін 14-18-ге толған, 14-15-бап жеке адамдар жатады.
Сонымен кез келген қылмыс құрамның субъектісінің жалпы белгілері болып: жеке адам, есі дұрыс адам, белгілі жасқа толғандар саналады. Қайсыбір қылмыс құрамдары үшін жауаптылыққа осы жалпы белгілерден бөтен қосымша белгілер болғанда ғана жол берілуі мүмкін. Әдетте мүндай қосымша белгілер осы қылмыс үшін жауап беруі мүмкін адамдардың шеңберін шектейді. Мысалы, пара алудың субъектісі болып тек қана мемлекеттік органдардың адамдары ғана, ал әскери қылмыстардың субъектісі болып әскери қызметшілердің болуы қылмыстың субъектісін белгілейтін қылмысты саралау үшін, қылмыстық жауаптылық мәселелерін шешуде және жаза мөлшерін белгілеуде маңызы зор. Осы тұрғыдан алғанда қылмыстық құқық теориясында қылмыстың құрамның жалпы түсінігі, қылмыс құрамының қажетті, міндетті белгілері және факультативті белгілері болып өзгешеленеді. Мұндай өзгешелену қылмыс құрамның мазмұның ашуға, қылмысты іс-әрекетті дұрыс саралауға көмектеседі. Қылмыстың қрамның қажетті, міндетті белгілері дегеніміз бұл кез келген қылмыс құрамында болатын белгілер. Ондай бедгілердің кем дегенде береуінің болмауы қылмыс құрамның мүлде болмауының көрінісі болып табылады. Мұндай белгілерге жататындар: әрекет немес әрекетсіздік, кінәнің нысаны, адамның есі дұрыстығы және оның белгілі жасқа толуы.
Қылмыс құрамның факультативтік нышагдары дегеніміз бұл заң шығарушының кейбір қылмыс құрамдарын сипаттау үшін қолданатын белгілері болып табылады. Факультативтік белгілерге жататындар: уақыт, қылмыс істеу тәсілі, қылмыстық ниет, мақсат, қылмыстың заты, қылмыстың арнаулы субъектісі, қылмыстың зардабы, себепті байланыс.
Егер факультативтік белгі сол немесе басқа бір құрамда атап көрсетілсе, одан ол өзінің мәні жағынан осы құрамның қажетті, негізгі белгісіне айналып кетеді. Мысалы басқа береудің мүлкін тонауды алсақ, мұнда тонаудың тәсілі-мүлікті ашықтан ашық алу, осы қылмыстың белгісі. Егер факультативтік белгісі қылмыс құрамына енгізілмесе, онда ол қылмысты саралауға әсер етпейді. Тек қана қылмыстық-құқылық жаза белгіленгенде есепке алынады. Мысалы қызметшінің құжаттарды қолдан жасау қылмысын саралауда оның қандай тәсілмен, қандай құралмен істелгені есепке алынбайды 314 бап. Бірақ қолданылған тәсіл, мақсат, жаза тағайындалғанда сөз жоқ ескеріледі. Қылмыс құрамның жалпы түсінігінің ол туралы ілімінің заңдылықты сақтауда және оны нығайтудағы маңызы орасан зор.
Қылмысты дұрыс саралау үшін, нақты қылмыс құрамдарының белгілерін тиісінше дұрыс түсіну қажет. Осындай әдіс қылмыс құрамның жалпы белгідерін білуге жәрдемдеседі. Ал қылмыс құрамның жаплы түсінігі нақты қылмыс құрамын қатесіз табудан аса қажетті сатысы болып табылады.
1. 1. Қылмыстың ұғымы және белгілері.
Қылмыстық құқықтағы негізгі мәселелердің бірі қылмыстын ұғымын анықтау болып табылады. Жек дам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы мәселеде қылмыстық құқылық шараларды қолдану арқылы осы қатнастарды реттеу-қылмыстық заңның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Қылмыс әр уақытта да белгілі бір іс-әрекеттің (әрекет немесе әрекетсіздіктің) көрінісі болып табылады. Заң шығарушы осындай тұжырымдарға келе отырып, қылмыстың әр уақытта да адамның нақты іс-әрекетінің, мінез-құлқының сыртқа шыққан көрінісі екенін атап көрсетеді.
Адамның құқыққа қайшы мінез-құлқы белсенді әрекет күйінде немесе әрекетсіздік күйде болуы мүмкін. Бұл жерде әрекет дегеніміз адымның қылмыстық заң тыйым салған нәрселерді істеуі, ал әркетсіздік дегеніміз адымның заң, нормативтік актілер, нұсқаулар немесе арнаулы жарлықтар, бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міндетін орындамауы болып табылады. Адамның қылмысқа қайшы немесе оған қайшы емес мінез-құлқы оның ойлау жүйелері арқылы, содан соң белгілі бір іс-әрекеттер арқылы көрініс береді. Ондай нақты іс-әрекеттер арқылы көрініс таппаған жүзеге аспаған ойлар, пікірлер соншалықты қатерлі болғанына қарамастан, қылмыс блып табылмайды. Белгілі бір іс-әрекет арқылы жүзеге асырылмаған адамның ниет-мақсаттары қоғамға қауіпті туғазбайтындықтан қылмыстық құқық реттеу саласына жатпайды. Қылмыстық құқық ғылымында бұл мәселе туралы бір ауыздан осылай тұжырым жаслағаг.
Қылмыс құқылық құбылыс ретінде осы қблыстың мәнді жақтарын бейнелейтін белгілі бір белгілермен сипатталады.
Қолданылып жүрген қылмыстық заңға сәйкес қылмыстың түсінігі заңның өзінде көрсетіледі.
Бұрынғы кеңестік жүйеде қылмыстың ұғымы алғаш рет 1919 жылы РСФСР-дың Қылмыстық құқық жөніндегі басшылық негіздерінде 5 бап. «Қылмыстық құқықпен қозғалатын қоғамдық қатнастар тәртібін бұзушылық қылмыс деп танылады» делінген. 1922 жылғы Қылмы кодексінде «Қылмыс дегеніміз кез келген қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік» деген ұғыммен тұжырымдалады.
1924 жылы одақтас республикалардың қылымсытық заңдарының негізгі бастамаларында қылмыс туралы ұғымға арнаған бап болған жоқ. 1926 жылғы Қылмыстық кодексінде қылмыс дегеніміз қоғамға қауіпті іс-әрекет деп көрсетіледі (1 бап) . Бұл жерде кеңестік құрлысқа немесе құқық тәртібіне бағыталған әрекет немесе қоғамға қауіпті деп жарияланды. Одақтас республикалардың 1958 жылға қылымыстық заңдардың негізінде Қылмыстық заңда көзделген, оның саяси және экономикалық жүйелеріне, социалистік меншігне, азаматтардың жеке басына, саяси, еңбек, мүліктік және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қиянат жасайтын қоғамдық қауіпті іс-әрекет /әрекет немесе әректсіздік/, сондай-ақ социалистік құқық тәртібіне қиянат жасайтын қылымыстық заңды көзделген қоғамдық қауіпті іс-әрекет қылымыс деп танылады делінген. Дәл осындай анықтама бұрынғы одаққа кірген барлық, республикалардың оның ішінде 1959 жылы 22 шілдеде қабылданған Қылымыстық кодексінде де /7-бап/ берілді. Осы кодексте өмірімізде, қоғамда орын алған әлеуметтік экономикалық, саяси өзгерістерге сәйкес қылмыстың жаңа ұғымы берілген. Онда /ажазалау қатерінен тиым салынған айыпты қоғамға қауіпті әрекет іс-әрекет немесе әрекетсіздік/ қылмыс деп танылады-делінген /9-бап/.
Осы анықтамадан қылмыстық құқыққа қайшылық. Қоғамға қауіптілік кінәнілік, жазаланушылық қылмыстын белгңлерң екендігі көрініп түр. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі ерекше бөлімінің тиісті баптарының диспазияцияларында жекеленген қылмыс құрамдары арнаулы көрсетілген.
Қылмыстық құқықта қылмыстың осы нақты құрамдарына қарсы іс-әрекет істеуді құқыққа қайшылық деп атау қалыптасқан. 1966 жылға диінгі қолданылған қылмытық кодекстерде ұқсатығы бойынша яғни, қылмыстық заң нормасында әдиі көрсетілмеген іс-әрекетттерге де сонда көрсетілген соған ұқсас, жақын нормаларды қолдануға жол берілген еді мұнын өзі заңды бұзуға және осы мәселеден бейберекетсіздікке кетушілкке әкеліп соқтырды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы жана конституциясында, осыған орай жана қылмыстық кодексте қылмыстық заңды ұқсастығы бойынша қолдануға жол берілмейді делінген.
Адамның қылмыстық құқылық норма тиым салған іс-әрекеттерді істеуін қылмыстық құқыққа қайшылық деп атаймыз. Адамның қылмыстық заң тиым салмаған, осы заңда көрсетілмеген іс-әрекеттерді істеуін қылмыс қатарына жатқызуға болмайды. Тек заң шығарушы ғана белгілі бір іс-әрекеті қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін оның мәнді белгілерін анықтайды. Қылмыстық құқыққа қайшылықтын міндетті белгісі болып осы заңда көрсетідген іс-әрекетті істеген жағдайда нақты нормада көрсетідген қылмыстық құқылық санкция белгілеген жазаның белгңлң бір түрінің тағайындалуы болып табылады.
Іс-әрекеттін қылмыстық құқыққа қайшылығын белгіліген тиісті заңнның жарияланған уақытынан бастап ондай іс-әрекеттер қылмыс қатарына жатады. Мүндай ретте мемлекет осындай іс-әрекеттер мен қылмыстық құқылық норма арқылы күрес жүргізуге мүмкіндік алады. Керісінше, белгіленген тәртіппен күші жойылған қылмыстық құқылық норма қылмыс қатарынан шығарылады. Ондай іс-әрекеттер қылмыс деп саналмайды. Мысалы: елімізде нарықтық қатнастардың дамуына байланысты қылмсытық кодекстен алып сатарлық деген қылмыс құрамын қатрынан алынып тасталды. Бұрын қылмыс қатарында жоқ жалған банкроттық, табысты жасыру салық төлемегені үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін көптеген жана нормалар пайда болды.
Қылмыстың негізгі сапалық белгісі оның қоғамға қауіптілігі болып табылады. Бұл белгі қылмыстың материалдық мәнін білдірумен бірге не себепті осы немесе басқаша іс-әрекеттер қылмыс болып табылатының түсіндіреді. Қоғамға қауіптілік белгісінің болуынын өзі іс-әрекетін қоғамдық қатнастарға зиян келтіруін немесе зиян келтіру қаупін туғызатының білдіреді. Қоғамға қауіптілік- қылмыстың объективтік белгісі.
Ол заң шығарушының санасына және еркіне байланыссыз қоғамдық қатнастарға зиян келтіреді және өзінің ішкі мәні жөнінен қоғамның бір қалыпты өмір сүру шарттарына қайшы болады. Заң шығарушының міндеті сол кезеңде, дәуірде, қоғамның өмір сүру жағдайларын дұрыс бағалап, осыған байланысты іс-әрекеттің қайсысының қылмы қатарына жататыны туралы шешім қабылдау болып табылады.
Қылмыстық кодекстін 2- бабында қоғамдық қауіптіліктің сипаттамасы қылмыстық заңда көзделген адам мен азаматтың құқықтарына, бостандықтары мен заңды мүдделеріне, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікке, табиғи ортаға т. б. қиянат қол сұғатын қылмыс объектілерін тізбектеп көрсету арқылы берілген. Бірақ та қағамға қауіптілік қылмыс қол сұғатын объектілерді көрсету арқылы ғана тұжырымдалмайды. Бұл қылмыстың қоғамға қауіптілігін сипаттайтын мәнді жақтарының бірі ғана.
Қоғамға қауіптілік қоғамға зиянды іс-әрекеттің өзінің тікелей ерекшелігіне, оны істеу уақыты, орны, тәсілі, жағдайына байланысты болуы мүмкін. Мысалы: тиісті рұқсат етілмеген немесе тыйым салынған жерлерде /ерекше қозғалатын табиғи аумақтар, төтенше экологиялық аймақтар/ не тыйым салынған құстар мен аңдарға қатысты аң ауланса, ол заңсыз болып табылады /288- бап 1-бөлігі/. Төтенше жағдайлар кезінде тыйым салынған ереуілге басшылық жасау, кәсіпорынның, ұйымның жұмысына кедергі келтіру қылмыс болып табылады /335-бап/.
Іс-әрекет арқылы келтірілген немесе келтірілуі мүмкін зиян қоғамға қауіптіліктің көлемін анықтайтын негізгі бір белгі болып табылады. Кейбір іс-әрекеттер немесе әрекетсіздіктің істелген уақыттан бастап, өзінің қандай зиян келтірілгеніне қарамастан, қоғамға қауіпті болады. Басқалары қылмыстық заңда көрсетілген зардаптар болған жағдайда ғана қоғамға қауіптілік сипатына ие болады.
Іс-әрекеттің қоғамға қауіпті және қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік еберетін зардаптың сипаттамасын заң шығарушы әр түрлі етіп белгілеуі мүмкін. Кейбір реттерде қылмыстың зардабы қылмыстық заңның өзінде дәлме-дәл көрсетіледі. Мысалы: денеге жарақат салу, материалдық залал келтіру, ауыр зардаптың болуы тағы басқа.
Келтірілген дене жарақатының ауырлығына орай денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру /103-бап/ денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру /104-бап/, денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру /105-бап/ болып бөлінеді. Басқажағдайларда, зардаптың әр түрлі болып келетіндігін ескеріп, заң шығарушы оның бәрін нақтылап жатпайды, оларды зиян келтіру /142-бап/, ірі мөлшер /175-бап/, ауыр зардап келтіру /181-бап, 3-бөлігі, /б/ тармағы, т. б. / деп жалпылама береді. Мұндай жағдайларда зардаптың осы көрсетілген мөлшерін анықтау нақты жағдайларда орындалған фактіге байланысты шешіледі. Қылмыстың қоғамға қауіптілігі қылмыстық ниет және мақсат сияқты оның белгілеріне де байланысты. Мысалы, қылмыстық іс қозғау мақсатымен қылмыс істелді деп көрінеу өтірік хабарлау.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz