Республикалық әйелдер баспасөзінің тұңғышы - Азат әйел


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Журналистика факультеті
Халықаралық журналистика кафедрасы
Құдайберген Әсел Нақыпбекқызы
Қазіргі замандағы БАҚ-ғы әйелдердің орны мен ықпалы
Жоғары оқу орнын бітіру үшін
қорғалатын
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Шифр -021040
Жоспар
беті
Кіріспе
І тарау
ІІ тарау
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Мен қарастыратын тақырып әйелдердің БАҚ -ғы орны мен ықпалы. Қай заманда болмасын қоғамның өзекті мәселесінің бірі «Әйел тақырыбы». Заман талабына сай әйелдер мәселесі де өзгеріп отырады. Менің қозғап отырған тақырыбым әйелдердің қоғамдағы орны болып табылады. Соның ішіндегі бұқаралық ақпарат құралдарындағы әйелдердің орны мен ықпалы. Яғни, жалпы айтқанда журналстикада жүрген әйелдердің атқарып отырған қызметтерін қарастырамын. БАҚ-та, оның ішінде теледидар, радио, баспасөз, интернет жүйесінде қандай мәселелер көтеріліп отыр. Әйел тақырыбы қандай дәрежеде жазылып жүр. Шет елдерде әйел тақырыбы қаншалықты өзекті, қаншалықты деңгейде көтеріліп жүр. Өзге мемлекеттерде әйел журналистикасы қандай деңгейде, қандай проблемалармен кездесіп отыр. Ал, Қазақстанда ше? Неліктен бүгінгі таңдағы журналистика әйели қалыпқа еніп отыр? Әйедердің ақпарат таратуда ерлерден айырмашылығы бар ма, неде?
Тарихымызда қандай әйел журналистері болған, олар не себептен қолдарына қалам алды? Міне, осы мәселерді жете қарастыруға тырыстым.
Осы әйел журналистикасы дегеніміз не?
Бұл термин біздің Қазақстанда әлі қолданысқа енген жоқ . Ал, шет мемлекеттерде әйел журналистикасы кең көлемде дамып, дәуірлеп келеді. Алысқа бармай-ақ көршілес Ресейдің өзінде, бүгінгі таңда әйел журнарлистика саласынан дәріс беруші барлық университеттер жыл сайын журналистиканың гендерлік аспектісіне құрылған ғылыми конференциялар өткізіліп тұрады. Әрине бірінші кезекте М. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік Университеті (МГУ) мен Санкт-Петербор Мемлекеттік Университетінің журналистика факультеттерінде шамамен 10 жыл көлемінде аталмыш конференциялар мен семинарлар үнемі өткізіліп тұрады. ММУ-да өтетін конференция «Журналистиканың гендерлік қырлары» деген атпен белгілі. Санкт-Петербордағы конференция «Ғасырлар тоғысындағы әйел немесе әйелдердің әлеуметтік-мәдени бейнесін жасаудағы сызбалары» деп аталады. Бұл конференцияға қатысушылар дүниежүзіндегі әйелдердің бұқаралық ақпарат құралдарында алатын орны мен ықпалы жөнінде баяндамалар мен осы саладағы ғылыми жұмыстарын талдайды. Коференцияның жұмыс жасап отырғанына жеті жыл болды. Бұл конференцияның жұмысына бітіру жұмысының жазылу барысында кеңірек тоқталып өткенмін.
Дүние жүзінде мұндай ұйымдар көптеп кедеседі. Мысалға бітіру жұмысымда Халықаралық журналист әйелдер қоры (IWМF), ТМД елдеріндегі «Ашық қоғам» атты журналист әйелдердің басын қосатын ұйым қарастырылады. Қазақстанды нақты әйел журналистикасымен айналысатын үйым болмаса да, «Зияткерлік мамандықтарды иеленген әйелдер қауымдастығы» мен Журналисттер Одағы бұл мәселемен айналысады.
Жалпы бүгінде журналистикада әйелдер көптеп кездеседі. Олардың қозғап жүрген тақырыптары да әрқилы. Осыған дейінгі тек ерлердің ғана құзырында болып келген кейбір тақырыптарды бүгінде керемет шеберлікпен ашып жүрген қыз-келіншектеріміздің саны да артып келеді. Бұл әрине, қуантарлық жәйт. Дегенмен де, тақырып ашу барысында әйелдер табиғатына сай өзіндік аса бір сезімталдықты байқауға болады. Жалпы әйел табиғаты қашанда әділетсіздікке, зұлымдыққа, надандыққа қарсы болатын. Дүниені дүр сілкіндіретін соғыс өртіне, күнделікті адамдардың қорқынышына айналған терраризм, экстремизм, сепаратизм, нацизм секілді ғасыр дерттеріне әрқашанда жан дүниесімен қарсы. Бұл секілді қоғам дерттерімен алысып жүрген замандас аруларымыз аз емес.
Журналистика саласында гендерлік зерттеулер жүргізіп, оның қандай проблемалармен кездесіп жүргенін анықтайды. Зерттеу нәтижесіне қарап іс-шаралар қолданылады. Шетелдік мысалдарға сүйене отырып, біздің еліміздегі әйел журналистикасының қандай проблемалары бар екендігін салыстыра отырып қарастыруға мүмкіндік туындайды.
Бітіру жұмысының негізгі бағыты журналистика саласындағы әйелдердің алып отырған орнын анықтау, яғни әйел журналистикасын тарихи тұрғыдан, маңызы мен мәнін зерделеу.
Бітіру жұмысының мақсаты - әйел журналистикасының қоғамдағы рөлін анықтау, яғни саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, рухани көзқарастарын білдірудегі белсенділігін айқындау.
1
Қазақстандағы әйел мәселесінің көтерілуі баспасөз тарихының алғашқы «қарлығаштарынан» бастау алады. Сонау «Түркістан Уалайаты газеті» және «Дала Уалаяты газеті» беттерінен әйел мәселесінің өзектілігін атап өткен. Одан кейінгі пайда болған газет-журналдардың барлығы дерлік осы проблеманы көтеріп отырған.
Адам ойындағы, адам бойындағы жақсы атаулының барлығы ананың ақ сүтінен, күннің арай нұрынан жаралғандықтан ба екен, ананың азат та, бақытты күннің ашықта, шуақты болуын тілемейтін пенде баласы кемде-кем шығар. Демек, абзал ойлы азаматтардың әйел затының теңдігі үшін күресіп келгені тегін емес. Қазақ оқығандары, әсіресе Алаш қайраткерлері, өткен ғасырдың басынан бастап әйел теңдігін күн тәртібіне төтенше қойып, ту етіп көтерді десек те болады. «Айқап» журналы мен «Дала Уалаяты газеті», «Қазақ» газеттері сияқты ұлттық баспасөздің қарлығашындай тұңғыш басылымдардың беттерінен бұл тақырыптың түспеуі де сондықтан, Ал, Алаш партиясының өз бағдарламасының тұтас бір бөлімін әйел теңдігі мәселесіне арнаған. Бұл «Әйел мәселесі» баспасөз бетінде жарияланып, қыз-келіншектердің қоғамдағы тендігін міндеттеген. Ең алғаш қазақ әйелінің баспасөзде жариялануы, олардың теңдігі жайлы сөз қозғаған Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Смағұл Садуақасов, Әлихан Бөкейханов, Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Аманғали Сегізбаев, Спандияр Көбеев, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхтар Әуезов, секілді алаштың ардақты азаматтары болды.
Осыған байланысты «Қыр қыздарының қамқоршысы» деген мақалада Смағұл Садуақасовтың қыр қыздарына қамқоры жайында былай делінген:«Әйел теңдігін ең өткір мәселе деп қарастырған Алаш қайраткерінің бірі де бірегейі Смағұл Садуақасов еді. Қамшының сабындай қысқа ғұмырының ішінде бұл тақырыпқа кесек-кесек үш-төрт көркем туынды арнап талай-талай талғамы терең, мәнді мақалалар жазды. Ол қазақ қыз-келіншектерінің өркениетті озық елдерінің әйелдері дәрежесіне көтерілуін армандап өтті. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі туралы тұңғыш романының кейіпкерінің бірі - Жұпар қыздың ереуіл атқа ер салып, күреске белін буған қалың қолды бастап, патшаның жазалаушы әскеріне айқасқа аттануы - осы асқақ арманының көрінісі секілді». (1)
ХХ ғасырдың басында әйел теңдігі ең өзекті мәселе болды. Баспасөзде жарияланған жарияланымдар көпшілігінде роман, повесть, әңгіме, мақала ретінде шығып жатты.
Сол заманындағы әйел тақырыбының жазылу көрінісі Смағұл Садуақасовтың «Күлпаш» секілді әңгімесін мысалға келтіруге болады. Осы тектес шығармалар сол заманның әйелдерінің ауыр тағдырын ащы шындығын көрсетіп отырды.
Әйел мәселесінің көтеретін бірден-бір құрал ретінде әйелдерге арналған басылымдар жарық көре бастауы болып табылады. Республикалық әйелдер баспасөзінің тұңғышы - «Азат әйел». Ол - Қазақстан орталық партия комитетінің жанындағы әйелдер бөлімінің бір күндік газеті 1925 жылы 8 наурыз күні жарық көрген оны алғанда сол кездегі «Тілші» газетінің редакторы Сара Есова былай деп жазды: «Басқармамызға наурыздың сегізінде болған әйелдер мейрамына арналып шыққан «Азат әйел» атты бір күндік газет келді». Каммунист әйелдер қимылының тарихи мейрамы сегізінші наурыздың ұлы күнінде қазақша әйелдер газетінің шығуы екі қуанышты бір қарсы алдырып отыр . . . «Азат әйел» - мезгілімен, қажеттіктен туған күндік газет. Тұрақты бір газет шығаратын уақыт жетті. Ташкентте өзбек тілінде шығатын «Янги иол» («Жаңа жыл») деген әйелдер газетін алдырып оқып тұрдық. Қазақша газет шықса, әйелдердің алдырып оқитынына мен кепіл». (2)
Газет үш мың тиражбен, үлкен көлемде, жақсы қағазға анық басылып таратылды. Онда Оразбайқызы Алманың, Арыққызы Нағиманың, Иманбай қызы Шолпанның мақала өлеңдері басылды. Аппақ деген айдың да бетінде дақ бары сияқты, «Азат әйелдің» де мазмұнында кемшілік болды. Бірақ қазақ әйелдері шөлдеген жандай өмріндегі тұңғыш газеттің шыққанына су ішкендей қуанды.
Осы бір күндік газеттің жарық көруі әйелдер өміріне ірі өзгерістер әкелді. Баспасөзде олар туралы жиі жазылатын болды. Қазақ әйелдерінің ішінен жас қаламгерлер шыға бастады. Әйелдер тіршілігі туралы әйелдердің өздері жазып пікір білдіруі тәжірибеге енді. Қазақ әйелдерінің арасында қаламға икемі барлар, үйретсе, баспасөз жұмысына бар ынтасын салатын бар екені көрінді. Енді олардың басын қосып, тұрақты газет шығаруды ұйымдастыру қажет болды.
Міне, «Қазақстан әйелдері» журналы өзінің тарихын осы «Азат әйелден», оның шыққан күні 1925 жылғы сегізінші наурыздан бастау алады.
«Теңдік» газеті. Бұл газеттің бірінші нөмері 1925 жылы бесінші мамыр - баспасөз күнінде «Азат әйелдің» негізінде шықты. Қазақстан Аймақтық партия Комитетінің жанындағы әйелдер бөлімінің бұл газеті де:
Қысың да - гүл, жазың да - гүл,
Гүл ішінде күліңдер!
Күң боп, азап шектін өмір,
Енді азаттық күнін көр! -
деп, әйелдерге деген игі тілекпен шықты. (3) Ол да неше ғасыр бойы мал орнына сатылып, теңдік сусап келген әйелдердің көзі ашылып, адам қатарына қосылғаның ендігі жерде ескі әдет-ғұрыпқа бас имейтінін, ерікті болганың паш етті. Қазақ даласының шеткі аймақтарындағы әлі ескіліктің шырмауына матаулы жатқан әйелдерге қамқорлық етіп, оларды жарық тұрмысқа шығаратын жолбасшы, жақсы, жаман істердің айнасы болды. Газет шағын көлемде, үш мың тиражбен таза басылып таратылып тұрды. Мақала хабарлары ел арасынан, әйелдер өмірінен алынды. Бірінші нөмірінің үлкен кемшілігі - ішкі, сыртқы хабарларында шет елдердегі, Кеңес одағындағы әйелдер өмірінен нақты материалдар болмады. Асығыс шығарылғандықтан қажетті хабарлар жиналып үлгермеді.
«Теңдік» газетінің барлығы жеті нөмірі ғана жарық көрді.
«Әйел теңдігі» журналы Қазақстан Аймақтық әйелдер бөлімі «әйел теңдігі» журналын 1926 жылдан «Теңдік» газетінің орнына шығара бастады. Ол көбінесе жергілікті еңбекші әйелдер тіршілігін жазды. «Біздің ісіміз» деген айдармен әйелдер бөлімінің, қыз-келіншектер арасындағы белсенді өкілдердің жұмысын насихаттады. «Дені саудың жаны сау» деген бөлімде әйел гигиенасынан, әртүрлі аурулар сырынан түсініктер беріп тұрды.
«Әйел теңдігі» бұл жылдарда үлкен қиыншылықтарға ұрынды. Оны алдырып оқушылар, қатысатын жазушылар өте аз еді. Осындай қиын кездерде журнал жұмысына қол үшін беріп қалам көмегін көрсеткен - Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфулин, Бейімбет Майлин, Аманғали Сегізбаев, Ерғали Алдонғаровтар. Иса «алдырындар, бұл журнал сендердікі!» деп ұрандады.
Көркейсін журналымыз елге тарап,
Қазақтын қатыны мен қызына арнап.
Көзіңді ашып, көркейіп, өнерлен деп,
Жас ағымға бұл журнал айтад зарлап,
Жидедей жиік атқан, гүл-гүл жайнап,
Жазады ақын, шешен түгел сайрап,
Күңдіктен жаңа ғана азат болған
Елдегі әйелдердің қамын ойлап, -
деген өлең жолдарымен үгіттеді. (3)
Журнал жұмысын жақсартуда оның редакторы Сара Есова көп жұмыс істеді ол «Журналымызға атсалысындар!» деген үндеужариялады. 1927 жылдың қаңтарында «Әйел теңдігі» тарату науқаны өткізілді. Әйелдерге түсінікті жеңіл тілде әңгіме, өлең мақала хабар жазатын шебер жазушылар қарастырылды. Ауыл әйелдерінің тұрмысын, қара тіршілігін, әйелдер бөлімінің іс-шараларын жазып отырды.
Сол жылдан бері журнал республика әйелдерінің әрі көмекшісі, әрі тәрбиешісі болып келеді. 1956 жылдан бастап «Қазақстан әйелдері» деген атпен шығып жүр. Ол журнал күні бүгінге дейін әйел журналдарының бірегейі.
«Қазақстан әйелдері» журналы қазіргі кезде айына бір рет шығатын отбасылық республикалық басылым. Таралымы - 3336 дана. Бүгінгі күннің қазақ әйелдерінің бейнесін бейнелейтін, жеткен жетістіктері мен мәселелерін жазатын басылым. Республика көлемінде тарайтын бұл журнал 1926 жылдан бері қыз-келіншектердің көз қуанышы болып келетін бірден-бір басылым.
2006 жылдан бастап, республика көлемінде тарайтын «Аружан» деп аталатын қоғамдық әйелдер журналы жарық көрді. Жаңа заман талабына сай екі тілде де шығып тұрады. Журналда әлемге әйгілі әйелдер өмірінен алынған мәліметтері мен заманауи ақыл-кеңестер беріп тұратын басылым.
Алғашқы публицист әйелдер. 20-жылдардың сол кездегі ер қайратын сынар үлкен істерге атсалысып, уақыт талабы артқан заманалық міндеттерді нәзік иықтарымен қиыспай көтеріскен қазақтың әрі қайраткер, әрі публицист әйелдерінің өмірлік және шығармашылық жолдарына тоқталып өтеміз.
Ал енді, әйелдер мұңын әйелден артық ешкімнің айта алмайтыны тағы белгілі. Дәл осы қажеттілік әйел қаламгерлер тобының тууына басты себеп болды. Олардың көбісі тағыда оқыған, көзі ашық, озық ойлы мәдениет жаршылары болды.
Олардың қолдарына қалам алуға мәжбүр еткен не? Біріншіден, баспасөз арқылы бұқараның қалын ортасына ой тастау. Сол арқылы өнер-білімге, мәдениетке үндеу болса, екіншіден, жасқаншақ етекбасты ауыл әйелдеріне жаңа қоғамның мән жайын түсіндіру, өз мүддесі үшін күресуге жұмылдырып еңселерін көтеру еді. Қазақ әйелінің өмір тіршілігін, қиыншылықтарымен проблемаларын жазып, көпшілікке паш етті. Жаңа қазақ әйелінің бейнесін жасауда зор еңбек атқарду керек болды. Сол мақсатта қазақ қыздары қолдарына қалам алып қоғам келеңсіздектермен күресуге кірісті.
Жиырмасыншы жылдардағы алғашқы публицист қазақ қыздарының қатарында Нәзипа Құлжанова, Нағима Арықова, Сара Есова, Алма Оразбаева, Мадина Беғалиева, Амина Кемелова, Базарайым Қасенова, Аққағаз Досжанова, Мариям Сейдалинова, Зейнеп Таңберлина есімдерін ерекше атап өтуге болады. Бұлардың алғашқы үшеуі өздерінің бүкіл салалы өмірін баспасөз қызметіне бағыштаған. Олар өмір бойы қаламды серік етсе, қалғандары өздерінің қызмет бабына қарай, газет-журнал беттерінен жиі көрініп отырған. Сондықтан да оларды қазақ журналистикасындағы қыздар көшінің із ашары деп айтуға толық құқымыз бар.
Ең алғашқыларының бірі - Нәзипа Құлжанова. Нәзипа әйелдер арасындағы алғашқы публицист деп батыл түрде айтқымыз келеді. Ол ғасыр басында жарқырай шыққан ұлт зиялыларының ізбасары, солардың үлкен ізін жалғастырушы болды.
Қазақтың публицист қыздарының қатарында жиырмасыншы жылдардың жалынды қоғам өмірінде революциялық ұлы көтеріліс толқынында келген бір топ қыз-келіншіктер бар. Олардың атқарған қызметтері баспасөзге тікелей байланысты болмаса да, өздерінің жалынды істеріне қоғамдық пікірдің қуатты қаруы баспасөзді барынша тиімді пайдалана білді.
Алма Оразаева. Большевиктер идеясына бүйрегі бұрған, С. Меңделеев сияқты ағаларымыздың әскерімен Алма Оразаева да революциялық күреске жастық жігерімен бел шеше кірісті.
Кейіннен қазақтың алғашқы атты әскер бөлімінде үгітші Орынбор ГУБкомы қазақ секциясының жауапты хатшысы, Бөкей губерниялық партия комитеті әйелдер бөлімінің және қазақ облыстық, Қазақстан өлкелік партия комиттері әйелдер бөлімінің менгерушісі болып, басқа да жауапты қызметтерді атқарып жүрді. Алма әрқашан өзінің табиғи таланты жағынан да ол әрі шешен, әрі алғыр болатын. Атқарып жүрген қызметтеріне Алма баспасөз органларын ұйымдастырушы және белсенді автор ретінде көзге түсті. Бір қатар жастар басылымдарның «Әйел теңдігі» журналының құрылып, қаз басып кетуіне пәрменді көмек көрсетті. Сол басылымдараның алқа мүшесі, ақылшысы болды. Олардың алғашқы сандарында Алма сияқты басты қызметкерлердің өзі мақала жазып, редакция ұжымдары қалыптасқанша қаламымен көмек беріп түратын. Сол жылдары оның қаламынан туған мақалалар ұйымдастырушылық, нұсқаушылық негізде жазылды. Ол кезде сауатты, саяси тұрғыдан байыпты ақыл кеңес беретін мамандар жетіспейтін. Ал, солардың бірі де, бірегейі де Алма еді.
Сол кезде шыққан Алма Оразбаеваның мақалалары орасан зор болды. Алма Оразбаеваның әсерімен, тікелей көмегімен қоғам өміріне араласқандардың бірі - Мадина Беғалиева қазақ әйелдерінен шыққан тұңғыш инженер-металург. Ол 1935 жылы Мәскеудегі Өнеркәсіп академиясының түсті металдар факультетін тамамдаған.
Мадина да баспасөз қоғамның пәрменді құралы екенін ерте түсініп, оны өзінің қызметіне тиімді пайдаланған. Сондықтанда әйелдер жастар басылымдарында жиі мақала жариялап отырған. Әсіресе, «Әйел теңдігі» журналынына мақалалар беріп, ойларымен бөлісіп тұрған.
Автордың жазба дүниелері анда-санда көрінетін кездейсоқ дүниелер емес, байыпты да салмақты шығармалар еді. Оның сол кезде жариялаған мақалалары күні бүгінге дейін маңызын жоймаған. Үйренуге тұратын үрдіс десекте болады.
Қазақ әйелдерінің арасынан суырылып шыққан, заманы тудырған елеулі тұлғалардың бірі - Нағима Арықова. Алайда, күні бүгінге дейін бұл қайраткердің есімі аталмай келді. Оны кейбір тарихи күндерде ғана байланысты замандастары еске ол туралы мақала жазып отырған.
Шынында, бұл қазақ публицистикасында ерекше орын алуға тиіс тұлғалардың бірі. Өйткені ол да баспасөзге ерте араласқан автор. Сонымен қатар оның публицистикалық мұрасы өзгелерге қарағанда бай, әрі сан-салалы. Қамтыған тақырыбы да ауқымды. Әйелдер баспасөзін ұйымдастырушы, оның алғашқы редакторларының бірі ретінде еңбегі елеулі. Сондықтан оның қаламынан туған дүниелерге дұрыс баға берілуі керек.
Журналист, публицист ретінде жұртшылыққа кеңінен таныс, шығармашылығы біршама талданып жүрген қаламгер - Сара Есова. Оның қаламгерлік жұмысы жайында бірнеше жекелеген мақала жарық көрген. Латифа Ахметованың кандидаттық жұмысында да оған баса назар аударылған.
Дегенмен, Сара Есованың мол мұрасына (60 баспа табақ) толық көлемде талдау жасалмаған. Сол заманның проблемаларын жазып бүгінде біздің саралауымызға қалдырған Сара апамыз керемет журналист, шебер қаламгер ретінде журналистика тарихынан орын алып отыр.
Өзінің мамандықтары мен атқарған қызметтеріне қарай баспасөзге араласып, түрлі тақырыпта қалам тербеген, белсенді авторлар болған басқа да бір топ қаламгерлер болған. Солардың ішіндегілерінің бірі - Базарайым Қасенова мен Аққағаз Достанованы атап өтуге болады. Базарайым ел ішіндегі жылт еткен жаңалықтарды халыққа жариялап отырды. Ал, Аққағаз - қазақ қыздарының арасынан шыққан алғашқы дәрігер - гинеколог. Маман ретінде баспасөз арқылы үгіт - насихат, ақыл - кеңес берген жан. Оны осы тұрғыдан алғанда санитарлық ағарту насихатын қазақ баспасөзінде тұңғыш қалыптастырып, оның белсенді жүргізушісі болған автор ретінде лайықты бағалаған жөн. Бұл жазушылар әйелдердің қоғамға бел шеше кіріскеніне мысал. Әйелдердің жаңаша серпілісінің көрінісі. Мұндай белсенді авторлардың қатарында Әзиза Атығайқызы, Төлебике Қалиқызы, Мәриям Байназаркеліні, Рәзия Жұманқызы, Камал Нұрмұхаметқызы, Хадиша Ғизаткеліні және тағы да басқалар болды. Бұлардың көпшілігі «әйел теңдігі» журналына мақалалар, хабарлар жазып, түрлі кез - келген науқан, түрлі жаңалықтармен іс - шараларға атсалысып отырған.
Жиырмасыншы жылдары әрбір оқыған көзі ашық азамат өзге мамандығы мен қызметіне қарамай қолына қалам алып, түрлі тақырыпта жиі-жиі мақала, хабарлар жазып тұрған. Осындай публицист әйелдердің орындары ерекше болғанымен олардың жасаған еңбектері күні бүгінге дейін айтылмай жазылмай келді. Олардың журналистика саласына сіңірген еңбектері дұрыс бағасын алмай келеді. Мұның өзіндік себептері бар. Өйткені белгілі адамдардың еңбектері жойылып кеткен.
Күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырылып ұлт болашағы үшін еңбек еткен аруларымыз талай қиыншылықтарды бастан кешірді. Отызыншы жылдардағы аштық, елдің жапай күйзелісі, одан кейінгі Сталиндік қуғын-сүргін, зор-зобалаңға ұшыратқаны белгілі. Сол қуғын-сүргіннің ызғары біз айтып өткен аруларымыздың жандарын жаралағаны мәлім. Осындай себептермен олар жайлы жазылғандар мен айтылғандар олардың атқарған қыруар істеріне анағұлым аз болды.
Күні бүгінге дейін олар жайлы жазылған, айтылғандарға қарар болсақ көптеген олқылықтардың орны үңірейіп тұрады. Ең алдымен жиырмасыншы жылдардағы қаламгер әйелдердің қоғамдық-саяси жұмыстарына, олардың әйелдер арасындағы ұйымдастырушылық қызметіне, әйел теңдігі жолындағы күреске қосқан үлестеріне әйел көпшілігін жаңа заман құрылысына тарту жолындағы істеріне назар аударылып отыр. Ал, олардың публицистік, журналистік қырларына қоғамдық ойдың, жұртшылық пікірінің көшбасшысы ретіндегі қызметтерін көзден таса, көңілден тыс қала бергені байқалады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz