Етістікті сөз тіркестері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ
Д И П Л О М Ж Ұ М Ы С Ы
Қазақ тілінде орын тәртібі жайлы сөз тіркесі
Алматы - 2011
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. ОРЫН ТӘРТІБІ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН СӨЗ ТІРКЕСІ
2. ОРЫН ТӘРТІБІ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР
3. ОРЫН ТӘРТІБІ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН КҮРДЕЛІ СӨЗ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақ тіл білімінде орын тәртібі мәселесі
төңірегінде бірқатар тілші ғалымдардың зерттеу еңбектерінде, мақалаларында
ой-пікірлер айтылып келеді. Ол негізінен тілдік категориялардың ішінде сөз
тіркесіне, сөйлем мүшелеріне және құрмалас сөйлем компоненттеріне қатысты
зерттелуде. Сонымен қатар құрмалас сөйлемдерді құрмаластырушы тәсіл ретінде
де айтылған ой-пікірлер бар.
Сөйлемдегі кей сөздер бірімен-бірі меңгерілуімен іс бітпейді. Олардың
кейбірі бірімен-бірі ешбір жалғаусыз қарым-қатынасқа енеді. Әрине, мұнда
екінші сөздің аяғындағы жалғау ескерілмейді, тек екі сөз арасы ескеріледі.
"Қабысудың ендігі бір мәнісі – сөздер бір-біріне өте тығыз
байланысуынан көрінеді. Бұлардың орны өзгеден берік. Қабыса байланысқан
сөздер араларынан қыл өтпестей болып көрінеді" [1;147].
"Қабысу — түркі тілдерінде, оның бірі қазақ тілінде өте жиі
қолданылатын синтаксистік байланыс формасының бірі. Егер қиысуда бағыныңқы
сөздің грамматикалық мағынасына, тұлғасына бейімделе, матасуда тиісті
жалғауда айтылып байланысса, қабыса байланысқан сөз тіркестері өзара
ешқандай жалғаусыз, тек қатар тұру арқылы тіркеседі. Сонда қабыса
байланысқан сөз тіркестерінің грамматикалық байланыс амалы сөздердің орын
тәртібі болады" [2;47].
Қабысу – сөз тіркесінің бағыныңқы сыңарының басыңқымен жалғаусыз, қатар
тұру арқылы байланысы. Қабыса байланысатын сөздердің көпшілігі тұрған
орындарын өзгертпейді, жұбын жазбайды.
Сөздердің орын тәртібі туралы орыс тіліндегі еңбектерде де жазылған.
Орыс тілінде сөздердің орын тәртібі соңғы жылдары көптеген тілші
ғалымдардың назарын аударып жүр. Сөздердің орын тәртібі қазіргі орыс
тілінде де, ежелгі орыс тілінде де зерттелген. Алайда зерттеуге нысан
болатын нақты мәселелер айқындалған жоқ. Өйткені О.А.Лаптаева. З.Д.Попова,
В.Н.Роговалар орын тәртібін сөйлемнің жеке мүшелерінің орын тәртібіне
қатыстыра зерттесе, М.С.Андронова, В.М.Чистиякова жеке ескерткіштер мен
шығармалардың орын тәртібі туралы қарастырады, ал И.П.Распопов, А.Мельничук
сөйлемнің актуальді, синтагматикалық мүшеленуін зерттеумен байланыстырады.
...Орыс тілші ғалымы О.Б.Сиротинина орын тәртібі мәселесіне ерекше
тоқталып, зерттеген. Ол сөз тіркестерін құраудағы, сөйлем құраудағы
сөздердің орын тәртібінің ролі, қызметі жайлы айтады.
Оның айтуынша, "сөздердің орын тәртібі тіліміздегі тіркестерді,
сөйлемдерді ұйымдастырып жасаудағы маңызды нәрсе.
Барлық сөз тіркестерінде белгілі орын тәртібі бар: бағыныңқы сыңары
әрдайым басыңқыдан бұрын тұрады. Осы қатаң орын тәртібінің өзгеруінен сөз
тіркесі бұзылады" [3;3].
Зерттеу нысаны. Менің жұмысымның зерттеу нысаны — орын тәртібінің
функциясы. Мен сөздердің орын тәртібінің функциясын үш бөлімге бөліп
қарастырдым.
1.Орын тәртібі арқылы жасалған сөз тіркесі
2. Орын тәртібі арқылы жасалған фразеологизм
3. Орын тәртібі арқылы жасалған күрделі сөз
Зерттеу мақсаты: Орын тәртібі арқылы жасалатын тілдік категориялардың
ұқсастығы мен айырмашылығын нақтылау.
Зерттеудің дерек көздері. Бұл тақырып арнайы зерттелмегендіктен, ол
туралы ғылыми пікір табу немесе шетел ғалымдарының ғылыми болжамдары мен
ойын талқылауға мүмкіндік болмағаны рас. Дегенмен орын тәртібі ұғымы
бізге белгілі. Сондықтан орын тәртібі арқылы жасалған сөз тіркестерін,
фразеологизмдерді және күрделі сөздерді түсіну қиындық туғызбайды.
Ең алдымен Балақаев М., Қордабаев Т Қазіргі қазақ тілі (синтаксис),
Кеңесбаев І Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі, Сайрамбаев Т.Қазіргі
қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері , Р.Әмір Жай сөйлем синтаксисі,
Аманжолов С Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы, Исаев С
Қазіргі қазақ тілі, оқулықтарын қолыма алып жете танысып шықтым.Ондағы
сөз тіркестерінің, фразеологизмдердің және күрделі сөздің қалай
жасалғандығына көңіл аудардым.
Мысалдарды Әуезов М Абай жолы, Нұрпейісов Ә Қан мен тер, Мұқанов С
Ботагөз романдарынан, Б.Майлин әңгімелерінен, Абай мен Жамбыл өлеңдерінен
алдым.
1 ОРЫН ТӘРТІБІ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН СӨЗ ТІРКЕСІ
Сөз тіркесіне, сөйлемге материалдық негіз болатын — сөз. Сөздер өзара
тіркеседі, тіркесу арқылы сөйлемге енеді.
Қазіргі кезеңде сөз тіркесі синтаксисінің негізгі салалары деп
мыналарды көрсетуге болады:
1. Сөз тіркесінің байланысу формалары
2. Сөз тіркесінің байланысу тәсілдері
3. Сөз тіркесі сыңарларының синтаксистік қатынастары
4. Сөз тіркесінің түрлері
Сөз тіркесі синтаксисінің осы негізгі мәселелерінің қай-қайсысы да өз
алдына жеке-жеке зерттеле бастады. Сөз тіркесінің байланысу формалары
бірнеше еңбектерде зерттеу объектісі болды. Алайда сөз тіркесінің түрлері
мен оны топтастыру мәселелері осы уақытқа шейін зерттеушілердің назарын
өзіне аударған емес.
Орыс тіл білімінде сөз тіркесінің синтаксисі үш бағытта айтылып келе
жатыр:
Бір топ ғалымдар сөз тіркестерін сөйлем мүшелерінің ішінде қарастырады,
енді бір топ ғалымдар, керісінше, сөз тіркестерінің синтаксисін
сөйлем мүшелері тұрғысынан зерттейді.Бұл ғалымдардың пікірінше, сөз тіркесі
сыңарлары сөйлем мүшелерінен айрықша емес. Үшінші бір топ зерттеушілер
синтаксистің басты саласының негізі етіп, әрі сөз тіркесін, әрі сөйлем
мүшелерін де жеке-жеке қарастырып, әрқайсының өзіндік объектілері бар жеке
категория деп біледі.
"Қабыса байланысқан есімді сөз тіркесінің құрамы әртүрлі: оның
бағыныңқы сыңары зат есім, сын есім, сан есім, сілтеу есімдігі, үстеу
болады да, басыңқы сыңары зат есім, субстантивтенген сын, сан есімдер
болады
.
Зат есіммен қабыса тіркесетін сөздер:
Зат есім: темір күрек, ағаш күрек, жел диірмен, түлкі тымақ, етікші
бала, жұмысшы адам т.б.
Сын есім: биік тау, қызық өмір, жақсы талап, малды колхоз, қоралы
қой, таудай талап, еріншек бала, жастық шақ, социалистік жарыс т.б.
Сан есім: үш кісі, мың қой, оныншы мектеп, бесінші бригада т.б.
Сілтеу есімдігі: бұл қала, мына бала, ана кісі, осы ауыл, сол табыс,
ол сұрақ т.б.
Есімше: айтылған сөз, келген кісі, айтар сөзім, келетін бала, айтатын
сөз т.б." [4;37].
Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестерінің құрамы әртүрлі болады.
Етістіктер мен қабыса байланысатын сөздер: үстеулер, еліктеуіш сөздер,
көсемшелер, сын есімдер, сан есімдер, жалғаусыз зат есімдер. Есімдіктердің
ішінде тек сұрау есімдіктері ғана етістіктермен қабысу жолымен қалай оқиды?
қанша сұрайды? қашан келеді? не алды? тәріздес сөз тіркестерін құрайды. Қ а
б ы с а б а й л а н ы с қ а н етістікті сөз тіркестері бағыныңқы сыңардың
ыңғайына қарай: 1) үстеулі сөз тіркестері; 2) еліктеуішті сөз тіркестері;
3) көсемшелі сөз тіркестері; 4) сын есімді сөз тіркестері; 5) сан есімді
сөз тіркестері; 6) зат есімді сөз тіркестері; деп бөлінеді.
Есімді тіркестер
Қабыса байланысқан сөз тіркестері.
Есімді сөз тіркесінің басыңқы сөзі әр уақытта есім, көбінесе, зат есім
болады. Зат есімдердің жетегінде айтылып, оларға бағынып тұратын сөздер де
көбінесе есімдер болады. Олар сөз тіркесін құрау үшін өзара қабыса
байланысады. Қабыса байланысқан сөз тіркестері өзара ешқандай жалғаусыз,
тек қатар тұру арқылы тіркеледі. Сонда қабыса байланысқан сөз тіркестерінің
грамматиқалық байланыс амалы сөздердің орын тәртібі болады.
Зат есімдерден құралған тіркестер
Екі зат есім атау күйінде қабыса байланысып, сөз тіркесін құрау үшін
алдыңғысы соңғысына бағынып тұрады. Мысалы: алтын сағат, ағаш күрек, жібек
орамал т.б.
Зат есімдерден құралған анықтауыштың топқа кез келген зат есім ене
бермейді. Оған өзара мағыналық байланыста бола алатын сөздер, тілде солай
айтылып үйреншікті болған сөздер ғана енеді. Сондықтан тас жол, темір
күрек, қол сағат деп айтылады да, керісінше, жол тас, күрек темір, сағат
қол деп айтылмайды.
Бірқатар зат есімдер жоғарыдай, анықтауыштың құрамда жұмсалу үшін ол
екеуінің алдында басқа анықтауыштар болуды керек етеді.
а) Аяқ жол деп айтылмайды, жалғыз аяқ жол дегенде ғана олар
анықтауыштық құрамға енеді. Арқа отын- бір арқа отын.
ә) қайнатым шай – бір қайнатым шай,
үзім нан – бір үзім нан
асым ет- екі асым ет.
б) қалқан – қалқан құлақ бала
салпы- салпы ерін ат
бұлаң – бұлаң құйрық түлкі
сылтың – сылтың аяқ түйе
в) Бірқатар зат есімдер өзара тіркесу үшін олардың алдында келте,
қысқа, биік, ұзын, жұқа, қалың, шолақ, қаба сияқты сын есімдер болады: ұзын
құйрық түлкі, биік өкше етік.
г) Бірқатар зат есімдер тек қосарланып айтылғанда ғана басқа зат
есімдермен тіркесе алады: қора – қора қой, үйір – үйір жылқы, тарам – тарам
тамыр.
Зат есімдерден құралған сөз тіркестері мынадай мағыналық қатынаста
жұмсалады:
1. Заттың неден, қандай заттан жасалғанын білдіреді: темір пеш
(темірден жасалған пеш), ағаш күрек (ағаштан істелген күрек)
2. Салыстыру, теңеу мағынасында жұмсалады: қамыс құлақ (ат) – аттың
құлағы қамыстай, жібек жүн – жүні жібектей.
3. Бір затты басқа затқа арнау мағынада қолданылады. Мысалы: ат қора –
ат тұратын қора; мал қора – мал қамауға арналған қора; шай кесе – шай ішуге
арналған кесе.
4. Бір зат екінші затты мекеніне қарай анықтайды: тау теке, көл бақа,
желке тамыр, төс қалта, қалта сағат т.б. Олардың екі түрі бар.
а) Сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары жер – су аты болып, басыңқысы заттың
сонда өсіп - өнетінін, сол жақтан екенін білдіреді. Мысалы: тау ешкі, су
жылан т.б.
ә) Қабыса байланысқан топтағы екі сөз де жалпы есімі болып, бірі
екіншісінің қай жердегі, қай орындағы зат екенін анықтайды. Мысалы: мойын
ет, желке тамыр, тамақ без т.б.
5. Заттың өлшемдік мағынасын білдіреді: бір қора қой, қап – қап астық,
бір асым ет т.б.
6. Кәсіп дәрежені білдіреді: а) инженер қыз ә) суретші Әбілжан т.б.
7. Адамның жынысын білдіреді: қыз бала, ұл бала т.б.
8. Даралау мағынасында жұмсалады: қайың аға, алма ағаш, нар түйе т.б.
Сын есімді тіркестер
Сын есімдер зат есімдерге қатысты болып, зат есімдермен тіркесіп
есімді сөз тіркесінің құрамында өте көп жұмсалады.
Сын есімдер мен зат есімдер қатар тұру арқылы өзара тығыз қабыса
байланысып, есімді сөз тіркесі жасалады. Ол синтаксистік тіркесті құрамы әр
алуан болатындықтан, олар әр түрлі анықтауыштық қатынаста жұмсалады.
Мысалы: анықтауыштық қатынаста жұмсалатын сапалық сын есімдер заттың түсін
(ақ қар, боз ат, көк шөп, қызыл гүл), заттың көлемдік сапасын (тар жол,
қысқа жіп, кең қарай), заттың табиғи күйін (қалың қарағай, салқын жел),
адамның, басқа заттың ішкі сырын (жақсы кісі, жаман жолдас, жуас ат),
тамақтың дәмін (тәтті тамақ, ащы сорпа), заттың салмақтық белгісін (ауыр
жүк, жеңіл чемодан) білдіреді.
Осындай әртүрлі мағынада жұмсалатын сын есімдер кез келген зат есіммен
тіркесе бермейді және барлық сын есімдердің зат есімдермен тіркесу қабілеті
бірдей емес. Мысалы: тілемсек деген сөз адамның ғана сынын білдіреді.
Сондықтан оны тілемсек кісі, тілемсек бала, тілемсек шал сияқты құрамда
айтуға болады, тілемсек ат, тілемсек қоян тәрізді құрамда айтуға болмайды.
Сол сияқты асау сөзін асау ат, асау бие, асау тайлақ сияқты құрамда айтуға
болады да, асау бала, асау шал деп айту ерсі болады. Оның себебі әрбір сын
есімнің білдіретін лексикалық мағынасы белгілі заттың лексикалық
мағынасымен үйлесімді, белгілі затқа тән сапа болады. Сондықтан мысалы,
қисық сөзін қисайтуға болатын заттардың, асау сөзін көлік малын білдіретін
заттардың сапасы деп айтуға болады.
Заттың түсін білдіретін сын есімдерді кез келген сондай түсі бар затпен
еркін тіркестіре беруге болады. Бұл жағынан малдың түсін білдіретін сын
есімдердің жұмсалуында үлкен айырмашылық бар: біріншіден, ақ, көк, қара,
қызыл, тарғыл, жирен түстерді мал аттарымен тіркестіргенде олардың түсі
басқа заттардан ерекше болып ұғынылады;
Екіншіден, ондай түстердің бәрін бірдей барлық малдың түсі ретінде
қолдануға болмайды. Мысалы, ақ қой, ақ ешкі, ақ сиыр деп айтылады, ал көк
түйе деп айтылмайды.
Сапалы сын есімдер мен зат есімдер еркін тіркес құрамында айтылғанда,
сөз тіркесінің бірінші сыңары түбір қалпын өзгертпейді де, екінші сөзі
түрлі тұлғада айтыла береді. Бірақ соңғының жалғаулы болуының бұл сөз
тіркесіне ешқандай қатысы болмайды. Сонымен қатар ондағы зат есімнің кейде
дербестігі болмай, сын есім күрделі сөз тіркесінің құрамында айтылуы
мүмкін. Әдебиеттерден мысалдар:
Үлкен үйдің ортасында... тас шам бар. (М. Әуезов)
Бірқатар сын есімнің сындық сапасын күшейту үшін оларға басқа сын
есімдер қатысты болып та олар күрделі сөз тіркесінің құрамына енеді:
тастай қатты ағаш, сүттей жарық ай.
Қатыстық сындар зат есімдерден жасалғанда, олармен а) басқа зат есімдер
не ә) сын есімдер тіркесіп, барлығы жиналып, күрделі есім сөз тіркесінің
құрамында айтылуы мүмкін:
а) Қасқыр ішікті, түлкі тымақты жуандар үй-үйге кіре бастады.
(С.Көбеев.)
б) Қара торы, өткір көзді жігіт жалғыз келе жатыр. (Ғ. Сыланов.)
Сан есімді тіркестер
Сан есімдер – зат есімдерге тән, оларды сан жағынан анықтап тұратын,
зат есімнің жетегінде айтылатын, өзінің басыңқылық дербестігі жоқ сөздер.
Сан есімдер барлық зат есіммен бірдей еркін тіркесе алмайды. Олар санауға
болатын зат, заттардың атын білдіретін сөздермен тіркесе алады да, санауға
болмайтын, абстракт ұғымды білдіретін зат есімдермен тіркеспейді.
а) балалық, жастық, сұлулық сияқты сапалық зат есім;
ә) гүрсіл, тарсыл, сияқты құбылыс, процесс аттарын білдіретін зат
есімдер;
б) социализм, маркизм, логика, химия сияқты ілім мен ғылым аттарын
білдіретін зат есім;
Сан есімдер арқылы заттың көптігін білдіргенімен бағыныңқы қызметтегі
зат есімдер көптік жалғауда айтылмайды. Мысалы: он ешкі, қырық саулық.
Сан есімдер уақыт, салмақ, көлем өлшемін білдіретін сөздерге және
жасар, жастағы сөздеріне қатысты болу арқылы да күрделі есімді сөз тіркесін
құрайды. Мысалы: үш күндік жол, алты айлық азық т.б. Әдебиеттен мысалдар:
Екі мың пұт кеннен сегіз жүз пұттай қара мыс түсіреді. (Ғ. Мүсірепов.)
Есімшелі тіркестер
Есімшелердің зат есімдермен тіркесуі арқылы анықтауыштық қатынастағы
есімді сөз тіркестері жасалады, мысалы: орылған егін, жайнаған дала.
Мұндай есімді сөз тіркестерінің құрамында жиі кездесетін есімшелер –-
ған, -ген тұлғалылар. Бұларға қарағанда а-тыне-тін, -ар-ер, -р тұлғалы
есімшелер есім сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары қызметінде аз айтылады. Оның
себебі – есімшелердің білдіретін шақтық мағынада өткен шақ пен шақта
жұмсалатын - ған тұлғалы анықтауыштар қимыл прцесінің нәтижесін, оның зат
есіммен тығыз мағыналық байланысын білдіреді, мысалы: маңыраған қой,
боздаған бота, жиналған астық.
Келер шақтық есімше зат есіммен тіркескенде көбінесе, оның болашақта
болатын, қосымша сапасы ретінде жұмсалады. Мысалы: сауылатын сиыр
(салыстыр: сауылатын сиыр).
Сын есімнен болған анықтауыштар заттың әр алуан сындық сапасын бір
қалыпты күйінде білдірсе, есімшелер заттың қимылдық сапасын процесс күйінде
білдіреді.
Көк шөп – көгерген шөп
Ақ үй – ағарған үй
Есімшелі сөз тіркестеріне әдебиеттен мысалдар.
Әр жерде қағылған қадалар... көрінеді. (Ғ. Мүсірепов.)
Әдетте есімшелердің жетегінде, оларға меңгерілетін есімдер болатыны
белгілі. Олар көбінше сол тобымен зат есімге қатысты болып, онымен бірігіп
күрделі сөз тіркесінің құрамында айтылады. Мысалы:
Төбеде жүрген жау самолеті сирей бастады. (Ғ. Мүсірепов.)
Есімшелер зат есімдермен ғана емес олардың орнына жұмсалатын басқа
есімдермен де тіркесуі мүмкін, мысалы: келген біреу, оқыған жас.
Оқуға ынталанбайтын жас бар ма қазір. (С. Мұқанов.)
Көреген, сүзегін, қашаған, береген жатаған тәрізді ертедегі біраз
есімшелер бұл күнде есімшелік мағынасын жойып, сын есім қатарында
жұмсалады. Мұндай есімшелерден ауысқан сын есімдер де есімді тіркес
құрамында айтылады. Мысалы: көреген кісі, сүзеген сиыр.
Есімдікті тіркестер
Есімдіктердің ішінде қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерінің
бағыныңқы сыңары болып жиі кездесетіндері – сілтеу, сұрау және жинақтау
есімдіктері. Олар зат есімдермен тіркесіп, анықтауыштық қатынаста
жұмсалады. Мысалы: мына кітап, ана тау,қай аудан?
Сілтеу есімдіктері заттың айтушыға алыс – жақындық бағдарын нұсқап
көрсетіп анықтайды:
Ол осы өзенді жағалап Кресель жақтағы сонау көк мүйіске қарай
серуендемекші еді-ау! (Ә.Әбішев)
Сұрау есімдіктері ол құрамында заттың сұраулық – сапа қатынасын
білдіреді, мысалы: қай қала? қанша саулық?
Жинақтау есімдіктер есімді сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары қызметінде
заттың жинақталған мөлшерлік сапасын білдіреді. Мысалы: барлық жұрт, күллі
ел, бүкіл дүние.
Үстеу қатысқан есімді тіркестер
Үстеулер - өздерінің лексикалық мағыналарына лайық заттың қимылдық
сапасын айқындайтын сөздер.
Мезгіл үстеулері сөйлем ішінде зат есім, сын есім, сан есім және бар
жоқ сөздеріне қатысты болып, олармен қабыса байланыста көп ұшырайды.
Мысалы: бүгін жайлауда, енді көңілді.
Мезгіл үстеулер есімдермен тіркескенде, олардың тіркесу қабілеті айқын
болғандықтан және мағыналық байланысы берік болғандықтан тіркеспейді,
сөйлемнің жалпы мазмұны керек ететіндіктен ғана есімді сөйлемнің құрамына
еніп, есім баяндауышқа мезгілдік мағына үстеу үшін тіркеседі.
Баяндауыш қызметіндегі есімдер мен үстеулердің мезгілдік қатынастағы
сөз тіркесін құрауына мысалдар: Қасен қазір колхозшы (С. Көбеев.)
Мезгіл үстеулер сөйлемді баяндауыш болған есімдерге ғана қатысты
болатындықтан, олар есімдерден қашықтап тұрып, олармен жанаса байланысуы да
мүмкін. Мысалы: Қазір ол – мал бригадирі. (Ғ.М)
Етістікті сөз тіркестері
Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері бағыныңқы сыңардың
ыңғайына қарай былай бөлінеді:
1. Үстеулі сөз тіркестері;
2. Еліктеуіш сөзі бар тіркестер;
3. Көсімшелі сөз тіркестері;
4. Сын есімді сөз тіркестері;
5. Сан есімді сөз тіркестері;
6. Зат есімді сөз тіркестері;
Үстеулі сөз тіркестерін екі топқа бөлген жөн: а) негізгі үстеулер
қатысты сөз тіркестері; ә) туынды үстеулер қатысты сөз тіркестері;
Негізгі үстеулер қатысты сөз тіркестері
Негізгі үстеулер деп қазіргі кезде морфологиялық тұрғыдан бөліп жаруға
келмейтін үстеулерді айтамыз. (кеше, қазір, енді, жаңа ертең) Бұл топқа,
тарихи тұрғыдан қарағанда, екі сөздің бірігу жолымен құралған сөздер,
мысалы, бүгін (бұл + күн), биыл (бұл + иыл), қосарлы оқта – текте, жол –
жөнекей, жалма – жан тәрізді үстеулер де жатқызылады. Мұндай сөз тіркестері
мынандай мағынада жұмсалады. Бұлар мекендік, мезгілдік, амалдық мағынаны
білдіреді.
Мезгілдік. Бұл мағынаны білдіру үшін мезгіл үстеулері етістікті сөз
тіркесінің құрамында жиі қолданылады. Қазіргі қазақ тілінде мезгіл
үстеулері тіркеспейтін бірде-бір етістік жоқ деуге болады. Оның себебі
мынада: етістіктің шақты білдіруі – оның басты қасиетінің бірі. Үш шақтың
бірінде айтылған етістіктің сол шақтық мағынасын дәлелдеп, айқындай,
толықтай түсетін сөз – мезгіл үстеулері.
Етістіктермен қабыса байланысатын мезгіл үстеулерінің сөз тіркестері
құрамындағы орын тәртібі еркін болады. Мезгіл үстеуі етістікпен қатар тұрып
та, арасына сөз салып тұрып та байланыса береді. Өйткені мезгіл үстеулері
сөйлемнің қай шенінде тұрмасын, тек өздері қатысты етістіктермен ғана
тіркесе алады, сын есім, сан есім, есімшелер сияқты қай сөздің алдында
тұрса, сол сөзге бола қалмайды. Сондықтан кеше келді, жаңа білдім тәрізді
сөз тіркестерінің арасына есімдер қойып, үстеуді етістіктнен қашықтауға
болады: Кеше қарындасым қаладан келді; Жаңа ғана жолаушылар атқа мінді.
Ертең ол да Қарқаралыға жүрмек (М.Әуезов).
Мезгіл үстеулерінің етістікпен тіркескенлегі мезгілдік мағыналары әр
түрлі болады. Мысалы, бүгін, кешке, кеше, ерте, ертең, бүрсігүні, алдыңғы
күні, таңертең, күндіз, түнде, күндіз – түнді, ертеңінде, ерте, ертемен
тәрізді мезгіл үстеулері қатысқан етістікті сөз тіркестері бір тәулік
ішіндегі мезгілдің кезеңдерін білдіреді:
Гудок бүгін бұрынғысынан ұзағырақ айқайлаған тәрізді (М.Горький). Мен
кеше Щербаковпен сөйлестім (Ғ.Мұстафин). Ерте тұрып, кеш қалған (Мақал).
Қожаш кеш келіп, ерте кетуші еді (С.Көбеев). Ертеңінде таңертең тұтқын үй
есігі ашылды (М.Әуезов). Ол күндіз де, түнде де ағаштарды өсірудің қамын
ойлады (А.Брагин). Керуен тартып шұбатып, астық тиеп күндіз – түн (Ж.Саин).
Жирнше таңертең Құнанбай ауылына бір әдемі тарғыл тазы ертіп келді
(М.Әуезов).
Биыл, былтыр, жылда, жылма – жыл, қысы – жазы, күзде тәрізді үстьеулер
қатысты сөз тіркестері жыл мезгілі кезеңдерін көрсетеді.
Жеңіп ем былтыр ғана Арғынбайды,
Осы үйде домбырасын даңғырлайды (Жамбыл).
Жылда осылайша... бірнеше айды бірге өткізуші еді (М.Әуезов).
Жаңа, енді әуелі, енді – енді, алдымен үстеулері нтістіктермен
тіркесіп, істің алғашқы кезеңін білдіреді.
Біз жаңа соның себебін біліп келдік (М.Иманжанлов). өткені келген
почтаны алдымен өзі тексереді (Жұлдыз журналынан).
Ұдайы, үнемі ылғи ұзаққа үстеулері етістікті сөз тіркесінің құрамында
жұмсалып, істің созылу мерзімін білдіреді:
Бұл екі ауылдың арасында мұндай қақтығыс ұдайы болып тұрады. Тары
әңгімесі ұзаққа созылды (Ғ.Мүсірепов).
Лезде, қазір, тез, шапшаң, әрқашан, дем арасында үстеулері
етістіктермен мезгілдік қатынасқа түсіп, істің шапшаңдық, қайталау кезеңін
немесе дүркінділігін мезгілдік ыңғайда білдіреді:
Аудан өкілдері қазір ел ішінде болар (Ғ.Мүсірепов).
Мекендік. Іс-әрекеттің қайда болғанын білдіру – сөз тіркесінің арнаулы
қызметінің бірі. Сондықтан мекен үстеулері етістіктермен жиі тіркеседі де,
олар көлемдік қатынаста жұмсалады: Арасында құлын-тай, айнала шауып
бұлтыңдап, Жоғары-төмен үйрек-қаз, ұшып тұрса сымпылдап (Абай.)
Амал. Мұндай сөз тіркестері пысықтауыштық қатынаста істің әртүрлі
істелу амалын, тәсілін білдіреді. Мысалы: тез, шапшаң, ақырын, әрең, жай,
қатты, кілт, жалт сияқты үстеулер етістіктермен тіркесіп, істің қарқынын,
даму дәрежесін көрсетеді:
Поезд тез жүріп келеді (С.Мұқанов)
Көп, аз, талай, бірталай, анағұрлым, мұнша, біржолата тәрізді сан-
мөлшер үстеулері етістіктермен тіркесіп, анықтауыштық-пысықтауыштық
қатынасқа түседі.
Қожаш бастан-аяқ барлық сырын айтты.Ертең біржолата айтамыз (С.Көбеев).
Туынды үстеулер қатысты сөз тіркестері
Басқа есім сөздерге –ша, -ше, -дай, -дей, -сыз, -сіз т.б. аффикстері
жалғану арқылы туынды үстеулер жасалатыны белгілі. Осы аффикстердің соңғы
екеуі қатыстық сын есімдер жасап, сөйлем құрамында пысықтауыш мүшелердің де
қызметін атқара береді. Қатыстық сын есімдер ондайда үстеуге айналып
кетпейді. Ондай тұлғадағы үстеуге айналған сөздер, көбінесе, етістіктермен
тіркесте жұмсалады.
Туынды үстеулер қатысты етістікті сөз тіркестері әр түрлі анықтауыштық
– пысықтауыштық қатынастарда жұмсалады: -ша, -ше қосымшалы үстеулермен
(биылша, бүгінше, қазірше, ізінше, артынша) келген сөз тіркестері қимылдың
әр түрлі мезгілдік кезеңдерін білдіреді. Бұл үшін ол үстеулер көбінесе
қимыл етістіктермен тіркеседі: биылша барма, бүгінше тоқтай тұр, әзірше
жүрмеймін, ізіңше кейін қайт, артынша қарадым.
Қабашбай, ізіңше қалаға тарт. (Ғ.Сыланов.) Бүгінше дем ал, ертең
Қызылжарға аттанатын бол! (Ж.Тілеков.) Бүгінше жатсын осы кухняда.
(С.Мұқанов.)
-ша, -ше тұлғалы жанды зат есімдерден жасалған үстеулер салт
етістіктермен тіркесіп, сол заттарға тән істің тәсілдерін білдіреді.
Мысалы, боташа боздау, өгізше өкіру, қазақша сөйлеу, ерлерше күресу.
Олар пештің үстінде отырып қазақша кеңесті. (С.Мұқанов.)
Кейде –ған тұлғалы есімшелер де –ша, -ше жұрнағын қабылдап, мезгіл
үстеулеріне айналады. Ал мұндай үстеулер көбінесе өзі меңгеретін есім
сөзбен бір тіркесте қолданылады да, осы күйінде тұтасымен етістікке қатысты
болады:
Айтыс Ойылға жеткенше басылмады. (Ғ.Мұстафин.)
-дай, -дей, -сыз, -сіз аффикстерін жалғау арқылы есімдерден жасалған
үстеулер сирек кездеседі.
Зат есімдер мен –ған тұлғалы есімшелерге –дай, -дей жұрнақтары жалғану
арқылы жасалған үстеулер салт етістіктермен және сирек болса да, сабақты
етістіктермен тіркесіп, қимылдың салыстырмалы сапасын білдіреді. Мысалы:
бұлбұлдай сайрау, көріктей көтерілу, сүліктей сору, шыбықтай бұраңдау,
безгек болғандай қалтырау.
Кеудем көріктей көтерілді. (Ғ.Мүсірепов.)
- сыз,-сіз тұлғалы үстеулермен келген етістікті сөз тіркестері
қимылдың, іс-әрекеттің әр түрлі амалын, күйін білдіреді. Мысалы: орынсыз
сөйлеу, еріксіз күлу, үздіксіз көбею.
Василий Антонович еріксіз күліп жіберді. (Ғ.Мұстафин.)
Еліктеуішті сөз тіркестері
Еліктеуіш сөздер –өзіндік ерекшеліктері бар сөз табының бірі.
Еліктеуіш сөздер қазіргі қазақ тілінде көбінесе көмекші не негізгі
етістіктермен тіркес құрамында қолданылады. Мысалы: (мылтық) тарс етті,
(жарық) жылт етті, (арба) кілт тоқтады, (бала) жалт ,
Етістікті сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары қызметінде жұмсалатын
еліктеуіш сөздер етістіктерді мәнерлі түрде еліктеу тұрғысынан сипаттайды.
Оның ішінде бір буынды еліктеуіш сөздері бар тіркестер қимыл-әрекеттің
шапшаңдық қарқынын меңзейді. Мысалы: жалт бұрылу, тарс жабылу, кілт тоқтау.
Ал қосарланып айтылған еліктеуіш сөздері бар етістікті тіркестер қимыл-
әрекеттің созылымдығын көрсетеді. Мысалы: жалт-жалт қарау, бұрқ-бұрқ
қайнау, тарс-тарс соғу. Сонда олардың мағыналары кісінің көру не есіту
сезіміне үйлесімді болып, кейде дыбысқа еліктеуді, кейде қимылға тән
әрекеттің көріну амалын білдіреді. Олардың бұл мағыналары белгілі
етістіктермен не етістіктер тобымен тіркесте анық ұғынылады, етістіктердің
мағыналарына қосақтаулы болады. Сонда да ондай тіркестердің құрамындағы
еліктеуіш сөздер өздерінің лексикалық та, грамматикалық та дербестігін
жоғалтпайды.
Еліктеуіш сөздер қуану, сағыну, түсіну тәрізді адамның ішкі күйін
білдіретін етістіктермен тіркеспейді. Олар көбінесе қимылды немесе заттың
әрекетін білдіретін салт етістіктермен тіркеседі. Мысалы: жалт бұрылу, кілт
тоқтау, зыр айналу, күрс жарылу, морт сыну, жалт-жалт қарау, тырс-тырс
соғу, бұрқ-бұрқ қайнау.
Социалистік индустрияның дөңгелегі зыр жүгіреді. (Ғ.Мүсірепов.)
Бір буынды еліктеуіш сөздер сирек қолданылады. Оның үстінде, мұндай
еліктеуіш сөздердің әрқайсысы белгілі бір етістіктермен ғана тіркесе алады.
Мысалы, шыр сөзі айналу етістігімен ғана, кілт сөзі тоқтау, бұрылу
етістіктерімен, жалт сөзі қарау, бұрылу, беру сөздерімен, гүрс сөзі жарылу,
құлау сөздерімен, қарс сөзі айырылу, жарылу етістіктерімен және морт сөзі
сыну сөзімен, ал зыр сөзі жүгіру, айналу етістіктерімен тіркесе алады.
Қос сөзді еліктеуіштер етістікті тіркестердің құрамында жиі
қолданылады. Осымен байланысты мына бір жайды ескерген жөн: кез келген бір
буынды еліктеуішті қосарлап айтуға болады (мысалы: гүрс-гүрс, жалт-жалт),
ал кез келген қос сөзді еліктеуіштерді бір буынды етіп айтуға болмайды
(мысалы: кұж-құж қайнау, лүп-лүп соғу).
Граната гүрс-гүрс жарылды. (Ғ.Мүсірепов.)
Еліктеуіш сөздерге етіп, еткізіп түбірлес көмекші етістіктердің
жалғасуы арқылы олардың негізі етістіктермен тіркесу қабілеті арта түседі.
Бұл жағдайда да ондай сөз тіркестері амал пысықтауыштық қатынаста
жұмсалады:
Мария апайдан басқаның бәрі де мырс етіп күліп жіберді. Қара теңіз бұрқ-
бұрқ етіп қайнап жатқандай.
Көсемшелі сөз тіркестері
Көсемшелер – синтаксистік қызметі жағынан етістіктің үстеуге ұқсас бір
түрі. Олар жіктік жалғауларын қабылдап, көсемшелік қасиетін жойып ала
береді, бірақ көсемше тұлғаларында оқшау тұрып, күрделі мүшенің, мысалы
баяндауыштың, құрамында, сонымен қатар толық мағыналы сөз ретінде
етістікпен қабыса байланысып пысықтауыштық қатынаста да айтылады.
Көсемшелер тек етістіктерге қатысты болып, тек етістіктермен ғана тіркесе
алады. Олардың етістіктермен тіркескіштік қасиетін мынадан көруге болады:
етістіктердің модальдық, шақтық, видтық т.б. мағыналарын түрлендіру үшін
немесе әр түрлі пысықтауыштық қатынаста жұмсалуы үшін етістіктер көсемше
тұлғалары арқылы бірінің үстіне бірі жамалып, өз ара қат- қабаттала береді.
Мысалы: асықпай оқыды,- асықпай оқып отыр еді,- асықпай оқып кетіп бара
жатыр еді;
Осылардың ішінде тек асықпай сөзі ғана пысықтауыш мүше қызметінде
дербес қолданылған да, қалған көсемшелер тұтас бір түйдекті тіркес құраған.
Кейде осы тәрізді қат – қабатталудың нәтижесінде бір сөйлем мүшесі
қызметінде жұмсалатын тіркес құрамында бес етістік, ал екі түрлі сөйлем
мүшесінің қызметін атқара алатын тіркестер құрамында он етістікке дейін
болады. Мысал үшін мына төмендегі тіркестерге назар аударайық:
1. Жүгіріп кету, жүгіріп кетіп бара жатыр, жүгіріп кетіп бара жатыр
еді; 2. Асықпай оқып отыр, асықпайоқып отыра берді. 3. Асығып
оқып кетіп бара жатып, сүрініп кетіп, жығылып қала жаздап еді.
Соңғы мысалда 11 сөз бар. Бұлар мынадай синтаксистік топтар
құраған: соңғы төрт сөз баяндауыш қызметінде (жығылып қала жаздап
еді), қалған үш топ әр түрлі пысықтауыш қызметінде айтылған: 1)
асығып оқу; 2) оқып кетіп бара жатып сүріну; 3) сүрініп кетіп
жығылу.
2. Көсемшелердің етістіктермен тіркесуі олардың тұлғасы мен
мағыналық үйлесіміне байланысты болады. Мысалы, сөйлеу
етістігімен кісінің ішкі, сыртқы күйін білдіретін көсемшелер ғана
тіркесе алады: ашуланып сөйлеу, ызаланып сөйлеу, күлемсіреп
сөйлеу, қылмыңдай сөйлеу, қызараңдап сөйлеу, қутыңдап сөйлеу,
күле сөйлеу, қылымси сөйлеу.
Етістікті сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары қызметінде
көсемшелер барлық тұлғада бірдей жұмсалмайды. Бұл қызметте – ып, -іп, -п
тұлғалы көсемшелердің болымды түрі жиі жұмсалады да, - а, -е, -й тұлғалы
көсемшелер сиректеу, ал –ғалы, -гелі, -қалы, -келі тұлғалылары одан да гөрі
сирек кездеседі.
Көсемшелі сөз тіркестері пысықтауыштық қатынастарды, атап
айтқанда, қимылдық амалын, мезгілін және мақсатын білдіреді. Сонда
көсемшелер етістіктің – қимыл процесін білдіретін сөздердің – қимылдық
сапасы ретінде жұмсалады. Ол үшін көсемшенің кез келген тұлғасының бірін
жұмсаса болады деп қарау дұрыс емес. Олардың әрқайсысының өзіне ғана тән
ерекшеліктері барлығын сөз тіркесі құрамында анық байқауға болады:
-ып, -іп, -п тұлғалы көсемшелер амал пысықтауыш қызметінде көбінесе
салт етістіктермен тіркеседі. Мысалы: Амантай орнынан ұшып тұрды.
Дегенімен –ып, -іп, -п тұлғалы көсемшелер сабақты етістіктермен де
тіркеседі. Мысалы: Әйгерім әнін Абай мүлгіп тыңдады.
-ып, -іп, -п тұлғалы көсемшелер өздеріне қатысты есімдермен бірге
күрделі сөз тіркесінің құрамында да қимылдың амалын, мақсатын т.б.
білдіреді. Мысалы: Қаланың солтүстік жағында ... нардай шөгіп бір тау
жатыр.
-а, -е тұлғалы көсемшелер мен етістіктерден құралған сөз тіркестері
қимылдық амалын, тәсілін барынша айқын түрде хабарлайды. Мысалы: Лиза
Рахметке қадала қарады.
Кейде –ғалы, -гелі, -қалы, -келі және а –, -е тұлғалы көсемшелер
өздеріне қатысты болатын есімдермен бірге сөз тіркесінің құрамында қимылдық
мақсатын білдіреді:
[Айғырды] Шығайбай үйірге салғалы... құлың алғалы алыстағы елден
алдырыпты.
-ғалы, -гелі, -а, -е тұлғалы көсемшелермен келген тіркестер күрделі не
үйірлі мүше қызметінде мезгілдік қатынаста жұмсалады. Мысалы: Ел жата
Олжабек ... көше жөнелген.
Қос сөз түрінде келген көсемшелер етістіктермен тіркесіп, қимылдық
дүркінділігін, созыңқылығын білдіреді: Сөйлей – сөйлей шешен боларсың.
(Мақал)
Бұлардың барлығы көсемшелердің мағыналық жағынан да, тұлғалық жағынан
да етістіктермен қабысу жолмен тіркесіп, етістікті сөз тіркестерінің ең көп
таралған тобын құрайтындығын дәлелдейді.
Сын есімді сөз тіркестері
Сын есімдердің етістіктермен тіркесуі – сирек кездесетін құбылыс.
Барлық сын есім етістікпен тіркесе бермейді, барлық етістікке сын есім
бірдей қатысты бола бермейді. Сын есімдер етістіктермен тіркескенде,
қимылға не күйге тән қасиетті, сапаны білдіреді. Барлық етістік бірдей
ондай сапалық пысықтауышы болуын керек етпейді.
Сын есімді сөз тіркестерін құрайтын етістіктер сан жағынан көп емес,
тек кісінің (не заттың) ішкі сезімін, күйін, қабылдау қабілетін
білдіретін сөйлеу, түсіну, оқу, жазу, секіру, ойнау сияқты және кейде
қимылды, қозғалысты білдіретін кес, піш, байла, тура тәрізді сабақты
етістіктер бірқатар сын есімдермен мағыналық байланыста бола алады.
Сапалық сын есімдердің ішінде мұндай сөздер етістікті сөз тіркестерінің
бағыныңқы сыңары болады: жақсы, жаман, қатты, ұзын, қысқа, кең, оңай, қиын,
ұзақ т.б. Мысалы: жақсы сөйледі, жаман жазды, оңай түсінді, ұзын кесті, кең
пішті, майда турады. Мұндай етістікті сөз тіркестері пысықтауыштық
қатынасты білдіреді:
[Олар] дойбыны өте жақсы ойнады. (Ғ. Мүсірепов.)
Қатыстық сын есімдердің ішінде сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары
қызметінде -сыз, -сіз, -дай,-дей тұлғалы сөздер көп жұмсалады: Мысалы:
Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді. (М. Әуезов)
Сан есімді сөз тіркестері
Сан есімдер заттың сандық сапасын білдіретін сөз ретінде есімді сөз
тіркестерінің құрамында жиі қолданылатыны белгілі. Сонысына қарап сан
есімдерді есіммен (зат есіммен) тіркесу үшін жаратылған сөздер деуге
болады. Дегенмен олар етістіктермен де тіркесе береді. Сан есімдер
етістікті сөз тіркестері құрамында пысықтауыштық қатынаста қимыл процесін
сандық сапа тұрғысынан пысықтайды. Бұл қызметте сан есімдер атау тұлғасында
етістіктермен қатар тұрады. Сонымен қатар сан есімдер рет, есе тәрізді
сөздермен қосарланып та жұмсалады: үш рет келді, екі есе көбейді т.б.
Есептік сан есімдер ал, айт, сөйле, кел, қара, жүр, өл, тіріл, секір,
сүрін, тәрізді етістіктермен қабыса тіркеседі. Сан есімдер бұл қызметте
қимыл мен күйдің қайталану мөлшерін білдіреді. Мысалы: Жанбота туды екі
алды. (Ғ. Мұстафин.)
Қосарлы сан есімдер етістіктермен тіркесіп, іс-әрекеттің шамамен
алғандағы қарқынын білдіреді: Мысалы Би- болыстар екі – үш қонып ...
ауылнайға қарай кетті. (С. Көбаеев.)
Сан есімдер етістікті сөз тіркесі құрамында рет, дүркін сөздермен
қосарланып, қимылдың дүркінділік дәрежесін көрсетеді: Мысалы [Ғайша] ...
бірер рет көзінің астымен Қожашқа қарап қойды. Шалқар Жүністі қамшымен екі-
үш рет сілтеп өтті.
Сан есімдер есе сөзімен қосарланып келіп, етістіктермен тіркескенде,
қимылдың сандық тұрғыдан даму дәрежесін білдіреді: Жұмыс аумағы үш есе
ұлғайды. (Ғ. Мұстафин.)
Мезгіл мағыналық есімдер мен сан есімдер тобы етістіктермен тіркесіп,
күрделі сан мөлшерін білдіреді: алты ай іздеді, бес километр жүгірді, он
сағат істеді. Мұндай сөз тіркестерінің сан - мөлшерлік мәні көбінесе
мезгілдік, мекендік болады: Ауылдастар ... бір төбені бір ай қазды.
(Х. Ерғалиев.) Үйдегі бір нанды бір ай жейді аз-аздап. (Абай
Зат
Зат есімді сөз тіркестері
Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестерінің үлкен бір тобы зат
есімді тіркес болады. Зат есімдер сабақты етістіктермен қабыса тіркесу
арқылы әрі мағыналық, әрі грамматикалық тығыз байланыстағы сөздер тобын
құрайды. Сөз тіркестерінің бұл түрі тура обьектілік қатынаста жұмсалады.
Жалғаусыз табыс септіктегі зат есімге сабақты етістіктің қимылы ауысып
түсіп, онымен біте қайнасқан байланыста тұрады. Мысалы: жер жырту, киім
тігу, бала оқыту, кітап оқу, мылтық ату, қымыз ішу.
Кейбір зат есімдер етістіктермен бір тіркесте жиі қолданылуының
нәтижесінде және, керісінше, өздерінің бұрынғы дербестілігін айрылып,
түйдекті тіркес қалпында баяндауыштың не басқа бір мүшенің құрамына еніп
кетеді. Мысалы: сөз сөйлеу, темекі тарту, орақ ору, жол жүру, төсек салу.
Мұндай тіркестердегі зат есімдер, сырт қарағанда, қимылдың
обьектісі болып көрінгенмен, қолдану тәжірбиесінде табыс жалғауын
қабылдамайды. Ал жоғарыда келтірілген (жер жырту, киім тігу т.б.) зат
есімдер табыс жалғаулы болып та немесе жалғаусыз да жұмсала алады. Бұл
ерекшелік алдыңғылардың (сөз сөйлеу, орақ ору) құрамындағы сөздердің тығыз
байланыста екенін, дербестілігінің жоқтығын көрсетсе, соңғылардың
(жер жырту, киім тігу) оларға қарағанда, арасының алшақтығын аңғартады.
Қабыса байланысқан зат есім мен етістікті сөз тіркестерін тіркесу
ерекшелігіне қарай екі топқа бөлуге болады:
1.Нақтылығы зат есімдердің қимылды, қозғалысты білдіретін етістіктермен
тіркесі. Мысалы: ағаш кесу, пішен ору, таяқ ұстау, ет турау, гүл отырғызу,
шам жағу, тері илеу, үй салу, кілем тоқу.
Шанаға екі қап сұлы сал, толтыра шөп сал. (Ғ. Мүсірепов.)
Осындай сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңарлары етістіктердің мағыналық
ерекшеліктеріне үйлесімді болып ығғайласа тіркеседі. Сондықтан, мысалы,
тоқу етістігіне тоқылып жасалатын зат атауларының бірі обьект бола алады,
ал тоғыту етістігі қой тоғыту, қозы тоғыту тәрізді бірен – саран сөз
тіркестерінің ғана құрамында жұмсалады.
2. Абстракт зат есімдердің күйді, сезімді білдіретін етістіктермен
тіркесі. Сөз тіркестерінің бұл түрі сирек құралады. Өйткені ақыл,
мінез, қылық, тамаша, жақсылық тәрізді абстракт зат есімдердің обьектілік
қызметі солғын болады. Оның үстіне, бұндай сөздері бар тіркестер сөйлем
құрамында көбінесе лексикалық тіркес ретінде ұғынылады. Бұлар – жақсылық
қылу, сыр білдіру, ақыл беру тәрізділер. Әдебиеттен мысалдар:
Дем алысы – үскірік, аяз бен қар,
Кәрі құдаң – қыс келіп әлек салды. (Абай.)
... 21-22 жылдардағыдай билік айтып олжа түсіретін ... заман емес.
Сары оған мынандай сөз айтты. Досбол Хасеннің үстінен арыз бермекші. (Б.
Майлин.)
Сөйлем мүшелерінің барша түркі тілдерге ортақ бұлжымас заңдылығын былай
көрсетуге болады, - деп жазады Қ. Жұбанов, - анықтауыш анықтайтын сөздің
алдында, толықтауыш толықталатын сөздің – алдында, ол сөйлемнің барлық
мүшелері баяндауыштың алдында тұрады.
"Күн ұзаққа деген қазіргі сөйлеуімізде жиі қолданылатын екі сөздің
тізбегін алатын болсаң, мұндағы сөздердің орналасу тәртібінің қазақ тіліне
тән еместігін оңай байқаймыз, өйткені мұның анықтауыш сөзі анықталатын
сөзден кейін тұр, егер қазақ синтаксисіндегі сөздердің тіркесу жөн-жосығына
салсақ, мұндағы сөздер ұзақ күн болып тіркесуі керек еді. Осы жерде автор
жоғарыдағы күн ұзаққа деген тізбек пен синоним болып келетін ұзақты күн
деген тіркеске де назар аударады. Бұл тіркесті күн ұзаққа деген тіркеспен
синонимдес етіп тұрған- ты деген меншіктік аффикстің қызметі деп
көрсетеді. Қ. Жұбанов. Расында да, бұл жерде меншіктік аффиксті алып
тастасаң, тіркесіміз ұзақ күн болып шығар еді. Бірақ ұзақты күн деген мен
ұзақ күн дегендер – мағыналары басқа – басқа тіркестер. Кейінгі тіркес
күннің ұзақтығын мен астрономиялық тұрғыда ғана білдіреді. Сөйтіп, автор
күн ұзаққа деген тізбектің ұзақты күн деген сөз тізбегімен қатар өмір
сүруіне назар аударта келіп. Қазақ тілінде "сөздердің орналасу тәртібі
ертеректе қазіргіден басқашарақ болған, яғни анықтауыш сөз анықталатын
сөздің алдында келмей, одан кейін тұрған. Ал мына күн ұзаққа деген тіркес
болса, ал қазіргі тілімізде ескі тілдік заңдылықтың қалдығы ретінде
сақталған"[4;581].
Қазақтағы кісі аттарында жиі байқалатын, әсіресе әйел адамдардың
аттарындағы Күнсұлу, Айсұлу, Таң сұлу, сондай-ақ ер адамдардың есіміндегі
Күн жарық, Ай жарық, Таңжарық, дегендердегі күн, ай, таң көздерінің сұлу,
жарық деген сын есімдердің алдында келуін автор мысалға келтіреді.
"Сөздердің орналасуындағы көне тәртіптің мысалдары тілімізде
әрине некен – саяқ қана. Олай болмаған жағдайда көне тәртіптің қазіргі
тәртіпті ығыстырып шығаруы кәдік қой. Анықталатын сөздің анықтауыштан бұрын
келуі біздің қазіргі грамматикалық түсінігіміз тұрғысынан алғанда оғаш
көрінетіне рас. Сондықтан біздің анықталатын сөзді анықтауыш сөз деп
қабылдау салуымызға таң қалуға да болмайды"[4;581].
2 ОРЫН ТӘРТІБІ АРҚЫЛЫ ЖАСАЛҒАН ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕР
"Фразеологизмдер — тіліміздің тіліміздің бөлінбес бір бөлшегі.
Өзінің көнелену жағынан да, тұлға, мағына тұрақтылығы жағынан да, стиль
жағынан да оларға тән ерекшеліктер бар. Тілімізде көкейге қонымды, көркем,
орамды алуан түрлі тұрақты сөз тіркестері кездеседі. Тіл қазынасына жататын
қат-қабат тіркес, тізбектерді халық орынды пайдаланады. Мақал –мәтелдермен
барабар жоғары бағалап, оларды қастерлей сақтап келеді. Тіл-тілдің өзіне
лайық ұлттық қасиеті оның барлық тарауларынан байқалатыны мәлім. Сол
қасиет, әрине, тиянақты сөз тіркестерінен де анық көрінеді" [5;589].
Тіл арқылы қатынас жасағанда, сөздер дара күйінде емес, бір-
бірімен тіркесіп қолданылады. Тіркес екі түрлі болады:
1) Құрамындағы сөздердің орнын өзгертуге болатын еркін тіркес.
Мысалы: үлгілі қыз - үлгілі бала, диктант жазу - хат жазу, кітап оқу -
газет оқу, ертегі айту - ән айту.
2) Мағынасы біртұтас, құрамын өзгертуге, басқа сөзбен алмастыруға
болмайтын, бір сөздің орнына ғана жұмсалатын тіркес – тұрақты тіркес.
Мысалы: қой аузынан шөп алмас – момын, бос адам туралы айтылады.
"Орын жағынан әбден қалыптасқан, құрамын өзгертуге келмейтін,
бәрі тұтасып бір мағынаны білдіретін, бір ғана сөйлем мүшесі ретінде
қолданылатын тіркесті тұрақты тіркес дейміз. Олар ғылым тілінде
фразеология, фразеологизм деп аталады" [6;29].
Фразеологизм, тұрақты тіркестер – екі немесе бірнеше сөздердің
тіркесуі арқылы тұтас бір мағынаны білдіретін сөз тіркестері. Қазақ тіл
білімінде бұл термин тұрақты тіркес, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық
тіркес, фразеологиялық орам, фразеологиялық тұлға, фраза сияқты атаулармен
аталып жүр. Фразеологизмдер құрамына қандай тіркестер енетінін анықтау үшін
зерттеушілер тіл білімінде олардың қолданылу тиянақтылығын, мағына
тұтастығын, тіркес тұрақтылығын басты белгі етіп алады.
1. Фразеологизмдердің қолдану тиянақтылығын сөйлеуде, айтылуда
бұрыннан қалыптасқан даяр қалпында жұмсалатын еркін сөз тіркестерімен
салыстырғанда анық байқалады. Мысалы: бет моншағы үзілу – ұялу, ит
арқасы қиянда – қашық, алыс жер.
2. Фразеологизмге тән мағына тұрақты тіркесті құрастырушы сөздердің жеке
мағыналарына үнемі сәйкес келе бермейді, тіркес ішіндегі сыңарлар
тұтасып барып, бір мағынаны білдіреді. Мысалы: қабырғасынан күн көріну
– жүдеу, арық, тас бауыр – мейірімсіз. Бұл тіркестердің құрылымы
әртүрлі болғанымен, әрқайсысы мағына тұтастығымен ерекшеленеді.
Фразеологизмдердің мағына тұтастығы жеке сөзбен бірдей емес. Сөз –
лексикалық мағына, номинативті атау болса, фразеологизмдер ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz