Заң мәтіндерінің қазақ тіл білімі тұрғысынан зерттелуін қарастыру
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Филология факультеті
Жалпы тіл білімі кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
ЗАҢ ТАҚЫРЫПТАРЫНЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТЫ
Алматы, 2011
РЕФЕРАТ
Жұмыстың тақырыбы: Заң тақырыптарының лингвистикалық сипаттамасы
Жұмыстың құрылымы: Бітіру жұмысының құрылымы зерттеліп отырған
тақырыптың мазмұнына сай кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмыстың көлемі: 45 бет
Жұмыста пайдаланылған әдебиеттер саны – 38
Жұмыстың мазмұнын сипаттайтын тірек сөздер: функционалды стильдер,
ресми-іскери стиль, заң мәтіндері, заңдық құжаттар, тақырып, заң
тақырыптары, клише, штамп,
Зерттеу нысаны: Қазақстан Республикасындағы заңдық мәтіндердің
сипаты, заң тақырыптарының лингвистикалық тұрғыдан қарастырылуы, заң
тақырыптарындағы тілдік элементтер.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Қазіргі кезде Қазақстан
Республикасында қабылданып жатқан заң тақырыптарының лингвистикалық
қырларын ашып көрсету, олардағы қолданылатын негізгі ұғымдарды талдау,
құрылымдық ерекшеліктерін сараптау.
Жұмыстың мазмұны: Жұмыстың кіріспесінде еңбектің мақсаты мен
міндеттері, зерттеу нысаны айқындалады. Еңбектің маңыздылығы, өзектілігі,
еңбекте қозғалып отырған мәселелердің көкейкестілігі сөз болады. Сонымен
қатар негізгі дерек көздері айтылады.
Жұмыстың бірінші тарауында жалпы функционалдық стильге қатысты
негізгі ғылыми тұжырымдар айтылады.
Жұмыстың екінші тарауында заң тақырыптарының лингвистикалық
сипаттамалары сөз болып, олардың құрылымы, синтаксистік ерекшеліктері
айтылады.
КІРІСПЕ
Бітіру жұмысының жалпы сипаттамасы. Бүгінгі таңда лингвистика
саласында тақырыпты зерттеу өте маңызды мәнге ие болып отыр. Себебі,
мәтінді тану үшін, ең алдымен, тақырыпты білудің қажеттілігі туындап отыр.
Тақырып кейін кенжелеп дамыған тіл білімінің саласы емес, оны зерттеу өткен
ғасырдың 20-жылдарынан бастап қолға алынған болатын. Мұнда ең басты мәселе,
публицистикалық стильдің, яғни газет тақырыптарының лингвистикалық
тұрғысына сипаттама жасалды. Орыс тіл біліміндегі тақырып мәселесіне
арналған алғашқы еңбектердің бірі ретінде 1931 жылы жазылған С. Д.
Кржижановскийдің Поэтика заглавии атты жұмысын атауға болады [1]. Бұл
жұмыста тақырыптың көркемдік-ұйымдастырушылық қызметіне жан-жақты талдау
жасалып, оның ерекшеліктері елеп-екшеліп, талқыға салынды. Бұл еңбек,
сонымен бірге тақырып туралы алғашқы іргелі еңбектердің бірі болуымен де
құнды. Орыс тіл білімінде тақырыпты зерттеу, оның мәтіндегі қызметін ашып
таныту осы кезден бастап белең алды. Бұл зерттеулер кейіннен аталмыш салада
көптеген диссертациялық еңбектердің, монографиялардың жазылуына себеп
болды. Негізінен газеттегі мақалалардағы тақырыптардың фразеологиялану
ерекшеліктерін қарастырған Қожабекованың еңбегі қазақ тіл білімінде ең
алғашқы тақырыпты зерттеу нысанына айналдырған жұмыс ретінде маңызды болып
табылады. Ғалым мұнда газет мәтініндегі тақырыптардың неше түрлі үлгіде
беріліп, әсіресе тұрақты сөз тіркестері түрінде келу үрдісін сөз етеді [2].
Сонымен қатар тақырыптардың, газет тақырыптарының стереотиптілігін
айқындайтын прецеденттік атауларды да ғылыми түрде дәлелдеп, оған мысалдар
келтіріп, оның тақырыптағы арқалап тұрған жүгін айқындап көрсетеді. Мұндағы
прецеденттік атаулар дегеніміз, оқиғаны бұрын болған басқа бір оқиғамен
ұқсастыра отырып, сол тәріздес тақырып қою.
Тақырыптардың зерттелуіне қарап отырып, олардың түрлі-түрлі
бағыттарда жүргізілгендігін байқауға болады. Оның ішінде газет
тақырыптарының құрылымын, синтаксистік ерекшеліктерін қарастырған ғылыми
еңбектер де, көркем мәтінннің тақырыптарының астарын қазбалаған жұмыстар да
бар. Тақырыпты зерттеу мәселесі бүгінгі кезге дейін күн тәртібінен түспей
келеді. Ғалым Л. Дүйсембекова тақырыптардың үш түрлі қызметі бар екендігін
өз еңбегінде атап көрсеткен болатын: ақпараттық, прагматикалық, танымдық
[3,116]. Бұл үш қызмет арқылы көркем шығарманың болсын, ғылыми стильдегі
шығармалардың болсын, публицистикалық стильдегі еңбектердің (мақала,
фельетон) болсын, негізгі мәні анықталады.
Газет тақырыптарының зерттелу межесіне қарап отырып, олардың барынша
өскелең сипат алғаны белгілі болды. Қазақ тіл білімінде де тақырыпқа
байланысты біршама зерттеу еңбектер, диссертациялық жұмыстар жазылған.
Мәселен, Н. Е. Бахареваның Структурно-функциональное развитие заголовков
[4] атты, Г. К. Ихсангалиеваның Функционально-прагматический анализ
заголовков (на материале казахстанских газет телепрограмм) [5] атты орыс
тілінде жазылған диссертациялық сипаттағы ғылыми жұмыстары. Осыларды
қарастыра отырып, жалпы тақырыптың мәтінге не үшін керектігі жөнінде
біршама мағлұмат алдық. Жалпы тақырыптың зерттеу нысаны мәтіннің ең басты
лингвистикалық тұлғасы ретінде тақырыптардың құрылымын, синтаксистік
ерекшеліктерін талдау, олардың ақпараттық ұйымдастырушылық қызметіне назар
аудару.
А. С. Выготскийдің пікірінше, заголовок является доминантой,
которая определяет собой все построение рассказа [6, 16]. А. М.
Пешковский: заголовок представлят собой намек... на содержание или даже
сжатое изложение его деп жазады [7, 35]. Яғни тақырыпты мәтінмен тікелей
байланысты элемент ретінде қарастырады. Т. Рахимованың мақаласы тақырыптық
кешен мәселесіне арналады. Автор тақырыптық кешенге тақырыпты, тақырыпшаны
және мәтін ішінде кездесетін тақырыптарды жатқызады. Автор: Заголовочный
комплекс – совокупность более двух-трех и даже десятков заголовков разного
характера разной струкуры и с разным назначением, [8, 135] - деп атап
көрсетеді. Ғалымның пікірінше, тақырыптың қызметі – атау, макромәтіннің
аты, ал тақырыпшаның қызметі – ақпарат беру, түсіндіру, мәтін ішіндегі
тақырыптардың қызметі – бөліп көрсету, бағыт-бағдар беру болып табылады.
Ақпараттық дәрежесі тақырыптың ономасиологиялық, танымдық, атаулылық
қызметін көрсетеді, ол бұл қызметті ономасиологиялық процестің ішкі
тетіктерімен бірлесе отырып қатаң тәртіпте орындайды: мәтіннің тұтас
ауқымын нұсқап, оның мәні мен мағынасына толық жауап беріп тұрады. Мәтін
ешқашан да тақырыпта көрсетілген сөзден қашық кетпеуі тиіс. Әйтпесе тақырып
пен мәтіннің арасындағы қалыптасқан белгілі бір заңдылық бұзылады. Ал
тақырып пен мәтіннің арасындағы байланыс, сабақтастық, тұтастық оның
ескерілуіге тиісті ең басты қағидасы. Тақырып саласындағы зерттеу
еңбектердің көпшілігі де оның осы қызметіне баса назар аударады. Өткен
ғасырдың 50-жылдары Өнер психологиясы деген жалпы көркем әдеби мәтін мен
оның бөлшектерінің ұйымдастырылуын, құрылымын талдып көрсеткен кітабында Л.
С. Выготский тақырыптың мәнін былай деп атап көрсеткен болатын: Әңгімеге
(мәтінге) тақырып тегін қойылмайтын болса керек, өйткені ол сол мәтіндегі
ең маңызды оқиғаның ашылуына басты себепкер Тақырыптың өзектендірілуі оның
не, немесе деп келетін талғаулық мәндегі шылаулар қолданылған кезде
анық байқалады. Бір тақырыптың маңызын толықтай ашу үшін екінші сөз
бөлігінің келетіндігі осыдан болса керек [6, 35].
Бітіру жұмысында негізінен қарастырылып отырған мәселе, заң
мәтіндерінің тақырыптарының лингвистикалық сипаты. Көркем мәтіндерге
қарағанда, газет мәтіндеріне қарағанда, мұнда көптеген ерекшеліктердің бар
екендігін аңғаруға болады. Біріншіден, заң мәтіндері ресми-іскери стильдің
саласында қарастырылатын болғандықтан, екіншіден, заң тақырыптарының
құрылымында көбінесе клише мен штамп сөздер қолданылатындықтан, олардың
тақырыптары тұрақты, жүйелі, мазмұнды болып келеді.
Бітіру жұмысының өзектілігі. Тақырыптарды зерттеудегі жетістіктер
оның сан түрлі қырын ашудан анықтала түседі деп тұжырым жасауға болады.
Тақырыптардың бұдан да басқа әр түрлі қызметтерін, қолданылу аясын зерттеу
бітіру жұмысының өзектілігін айқындай түсетін ең басты фактор. Соның ішінде
заң тақырыптарының лингвистикалық сипаттарын қарастыру бітіру жұмысында сөз
болып отырған негізгі мәселе. Ең алдымен, заң тақырыптарын сөз етпес бұрын
жалпы заң мәтіндерінің лингвистикалық зерттеудегі маңызын ашып көрсеткен
дұрыс.
Соңғы кезеңдердегі немесе тарихи әдеби шығармалардың тілі болмаса,
басқа мәтіндер тілін зерттеген тілдік еңбекті кездестіре қою қиын.
Стилистикалық тұрғыдан зерттеп, арнайы қарастыруды қажет ететін тілдік
мәтіндердің түрлері жоқ емес, баршылық. Олардың әрқайсысының тілдік,
мәтіндік ерекшеліктері бар екендігі де шындық. Десек те солардың өзі осы
уақытқа дейін қазақ тіл білімінде тілдік тұрғыдан стилистиканың нысанына
ілінбей, қарастырылмай келді. Ал олардың яғни әр мәтін түрінің
ерекшеліктерін анықтау, тілдік заңдылықтарын айқындап, әрқайсысының
артықшылықтары мен кемшіліктерін, өзіндік табиғатын көрсетіп беру қазақ
тіліндегі мәтіндер тілінің төселіп, жүйеленіп, нормаланып, онсыз да
қоғамдық қолданыста ақсап жатқан қазақ тілінің анақұрлым кеңірек
қолданылуына аз да болса сеп болары сөзсіз.
Заң мәтіндерінің қазақ тіл білімінде арнайы сөз болып, жеке өз алдына
қарастырылып жатқан уақыты қазақ мемлекетінің өз алдына тәуелсіздік алып,
қалыптасу уақытымен тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан заң құжаттарының тілін
зерттеу, олардың ерекшеліктерін танытудың, ең алдымен, заң шығару үшін де
маңызы өте зор. Себебі заң шығарушы мемлекеттік органның заң құжаттарының
тілдік құрылымын қатты сақтап, олардың ішінде басы артық сөз кетіп қалмауын
қатаң қадағалауы қажет. Публицистикалық стильдің барлық талаптары заң
мәтінінен толықтай табылуы керек. Мұндай талаптар сақталмаса, онда заң
құжаттарының прагматикалық-ақпараттық қызметі солғындайды. Заң мәтіндерінің
бүгінгі күн талабына сәйкес тіл білімі саласында зерттеу нысанына айнала
бастағанының өзектілігі міне осында.
Заң мәтіндері туралы, жалпы ресми-іскер стильдің басқа да салалары
туралы қазақ тіл білімінде біршама еңбектер жарық көрді. Бұл салада Л.
Дүйсембекова, Д. Әлкебаева өнімді еңбек етіп жүр. Ғалымдардың қазақ тіл
біліміндегі ресми-іскери стильдің барлық қырынан танытудағы жемісті
ізденістері бұл стильдегі басқа салалардың, әсіресе заңдық құжаттардың
зерттелуіне жол ашып отыр.
Заңдық құжаттардың тақырыбындағы тілдік элементтерді, олардың
синтаксистік-құрылымдық ұйымдастырылуын зерттеу бітіру жұмысының ең басты
қарастыратын өзекті мәселесі болып табылады. Бітіру жұмысында заң
тақырыптарының басқа да функциялары сарапқа салынды. Бұл қазақ тіл
білімінде бүгінгі таңда қолданбалы лингвистиканың қалыптасуы үшін қажетті
бастама.
Бітіру жұмысының пәні. Қазақ тілінің стилистика саласы, оның
ақпараттық-прагматикалық ауқымы, функционалдық лингвистикадағы соңғы кезде
қалыптасып отырған тілдік ерекшеліктер бітіру жұмысының негізгі пәні болып
саналады. Отандық лингвистикада әлеуметтік факторлардың әсерін тіл біліміне
байланыстыра, сабақтастыра отырып қарастыру.
Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері. Заң мәтіндерінің қазақ тіл
білімі тұрғысынан зерттелуін қарастыру. Заңдық құжаттардың лингвистика үшін
қандай маңызы бар екендігін көрсету. Сонымен қатар ең негізгі мәселе, заң
тақырыптарының лингвистикалық сипаттамасын ашып көрсету. Қазақ
мемлекеттілігі қалыптасқанннан бері қаншама заң актілері қабылданып,
күнделікті қолданысқа енгізіліп жатыр. Солардың барлығының тақырыптық
ерекшеліктерін талдау. Бітіру жұмысының мақсаты мен міндеттері осыларды
қамтиды.
Бітіру жұмысының ғылыми жаңалығы. Алғаш рет заңдық құжаттардың
тақырыптары зерттеу нысанына айналды. Заң тақырыптарының құрылымындағы
ақпараттық, прагматикалық, танымдық қызмет талданып көрсетілді. Сонымен
қатар тақырыптардың басқа да айрықша белгілері бітіру жұмысында сараланды.
Бітіру жұмысының нәтижелері. Бітіру жұмысында мынандай негізгі
нәтижелер бөліп алынды:
- Функционалдық стиль саласында ресми-іскер стильдің зерттелуі тіл
білімінің көптеген салалары үшін өте қажетті фактор болып табылады.
-Заңдық құжаттардың зерттелуі, тілдік тұрғыдан қарастырылуы заң
шығарушы органның қызметін жеңілдетіп, олардың ресми-іскер салада нақты
бекітілген талаптар тұрғысынан жазылуына мүмкіндік береді.
- Заң тақырыптарының барлығы анықталған түрде клишелер мен штамптарға
қатысты болады. олардың негізгі тілдік бірліктері де осы болып есептеледі.
-Қазақстан Республикасының заңдық құжаттарынан үлгілер келтіріліп,
олардың тақырыптарына, ондағы ерекшеліктеріне назар аударылды.
-Заңдық құжаттардағы тақырыптардың синтаксистік құрылымы, қызметі
алғаш рет сөз болды.
Зерттеудің дерек көздері: Н. Е. Бахареваның Структурно-
функциональное развитие заголовков атты, Г. К. Ихсангалиеваның
Функционально-прагматический анализ заголовков (на материале казахстанских
газет телепрограмм) атты және Р. Т. Қожабекованың Баспасөз бетіндегі
тақырыптардың фразеологиялану ерекшелігі атты диссертациялық жұмысы, Л.
Дүйсембекованың Ресми-іскер стиль атты монографиясы, Д. Әлкебаеваның
Прагмастилистика атты оқу құралы, М. Мамабетованың Ресми-іскери тіл
белгісі – клише тұлғалар атты еңбегі, Қазақстан Республикасында
қабылданған заңдық құжаттардың тақырыптары пайдаланылды.
Сонымен қатар А. С. Попованың Синтаксическая структура современных
газетных заглавий и ее развитие атты диссертациялық жұмысы, И. Р.
Гальперин Текст как обьект лингвистического исследования атты
монографиясы, С. Д. Кржижановскийдің Поэтика заглавии атты
еңбегі зерттеу жұмысының негізгі дерек көздері болып есептеледі.
1 ЗАҢ ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ РЕСМИ-ІСКЕРИ СТИЛИСТИКА САЛАСЫНДА ЗЕРТТЕЛУІ
Қазақ тіліндегі іргелі зерттеулер жүргізуді талап ететін саланың
бірі тіл білімінде соңғы кезде ғана қолға алына бастаған стилистика саласы.
Стилистика саласының жан жақтылығы оны тіл білімінің басқа салаларымен
ұштастыра зерттуеге әкеледі. Стилистика саласының теориялық негіздері
қазіргі кездері нақтыланып, бұл салада ғалымдар жақсы жетістіктерге жетуде.
Ең алдымен Мәулен Балақаев, Ербол Жанпейісов, Мархабат Томанов сияқты
ғалымдар Қазақ тілінің стилистикасы деп аталатын еңбекті жарыққа шығарды.
Одан кейін бұл оқулық кітап жетілдіріліп, тағы бірнеше рет басылып шықты.
Стилистика туралы мәліметтер жинақтала келе, басқадай еңбектердің тууына
себеп болды. Ғалым, Профессор Мырзатай Серғалиев Стилистика негіздері
деген еңбекті жария етті. Филология ғылымының докторы Дина Әлкебаева
Прагмастилистика оқу құралын басып шығарды.
Алайда осы аралықта стилистика саласы толық зерттелді, оның
қарастыруға тиісті барлық нысандары қарастырылды деп айта аламыз ба? Бұл
мәселенің мәнін ашып алуда ғалым Дүйсембаев Аян былай дейді: Тіл білімінің
бір саласы ретінде стилистиканың қалыптаса бастағанына да біршама уақыт
өтіп кетті. Дегенмен, стилистиканың қазақ тіл біліміндегі әлі де жас
салалардың қатарына жататындығын мойындауымыз қажет. Оған тіліміздегі
кейбір маңызды болып есептелетін мәтіндердің өзінің әлі күнге дейін тілдік,
стилистикалық тұрғыдан арнайы зерттеу нысанына айналмай отырғандығы дәлел.
Шындығына келсек, қазіргі кезде қазақ тіл біліміндегі стилистикалық
зерттеулер негізінен әдеби шығармалардың тілі мен баспасөз тілін зерттеу
шеңберінен шыға алмай жүргендігі де шындық екенін жасырмауымыз керек.
Дегенмен стилистикалық еңбектерге қатысты пікірлер А. Байтұрсынұлы
еңбектерінен бастау алды десек те болады [9, 19].
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік маңызға ие заңдық құжаттарды
зерттеу – бүгінгі күн талабынан туып отырған мәселе. Заңдық құжаттардың
қолданылмайтын жері жоқ. Елдегі саяси-әлеуметтік жағдайларды реттеп,
бекітіп отыру үшін оның қажеттігі шексіз. Заң шығарушы орган – аса әлеуетті
құрылым болып есептеледі.
Тілдік тұрғыда қарастырылғанына қарай заңдық құжаттар функционалдық
стильдік топтарға кіреді. Біз енді функционалдық стильдерге біршама үңіліп,
зерттелу дәрежесіне мән бермекпіз.
Функционалдық стиль – ең көлемді жалпы категория. Функционалдық
стильге не жатуы мүмкін. Ол көптеген салаларға бөлініп кетеді. Мәселен,
соттағы ақталушының, яғни адвокаттың сөзі, ғылыми мәжіліс, өлең жолдары,
мәлімдеме т.б. – барлығының мазмұны әртүрлі, стильдік міндеттері әр бөлек.
Сондықтан тілдің формасы, берілу мүмкіндіктері бір – біріне ажыратылады.
Тілдік жанрлардың барлық түрінің басын біріктіретін ортақ міндеті
(функциясы) бар. Тілдің өмір сүру стадиясы әдетте қарым – қатынас құралынан
көрінеді. Сондықтан тілдің ең басты функциясы – қатынас құралы болу. Тілдің
өмір сүру аумағы түрлі қоғамдық қажеттіліктерді өтеу барысында айқындала
түседі. Яғни тілдік функциялары – сөйлеу, өзара түсінісуден бастап,
қажеттілік түрлері, басқа адамдармен тіпті мемлекетаралық шарт жасасудан -
ресми іс тілі, айналаны танып – білуден ғылым тілі, үгіт – насихат істері
нәтижесінде коммуникативті газет – публицистика тілі, эстетикалық өнер
түрлерінен көркем әдебиет тілі қалыптасқан. Осыларға қызмет ететін тілден
ерекше қасиеттерді, мәселен, дәлдік, қысқалылық, бейнелілік тәрізді
функцияларды, міндеттерді талап етеді. Уақыт өте келе қоғамдық
қажеттіліктерге тіл өз тарапынан сараланған, қалыптасқан функционалдық
стиль түрлерін жұмсайды [10, 28].
Лингвистикалық әлеуметтануға қатысты функционалдық стиль ұғымы
қоғамдық тұрғыдан танылған, мойындалған тілдік құралдардың шоғырлануына
негізделеді.
Әдеби тілдің функционалдық стильдерін бір – бірінен ажыратып
көрсететін нақты белгілердің болатындығы анық. Әрбір функционалдық стильдің
өзіне ғана тән дифференциалдық белгілері бар, олардың бірқатары жетекші,
екіншілері қосалқы немесе немесе ауыспалы белгі болуы мүмкін.
Кітаби - жазба стильдердің бір – бірінен ажыратылып бөліне бастауы
қоғамдық ой сананың жоғарылығынан болады. Неғұрлым қоғамдық ой жоғары
болса, соғұрлым ұлт тілінің маңызы артады... [11 ,21].
Функционалдық стильдің құрамындағы ресми – іс, публицистикалық,
көркем әдебиет стилі қызметтік жағынан ерекшеленетін тілдік стильдер.
Функционалдық стильдің салаларының ғылыми стиль түрлері деп те бөлінетіні
бар.
Ғылыми тілдің өзінің саласы бар: термин таңдаудағы қаталдығы ойдың
екі жақты болып кетпеуінен қатты сақтанады.
Қазақ тілінде функционалдық стиль қалыптасқан кезден бастап, қазіргі
қазақ әдеби тіліндегі фунционалдық стиль құрамы туралы мәселе теориялық
және практикалық түрде жетілдірілді.
Функционалдық стилдердің ғылыми стилдерінің қалыптасуы ХХ ғасырдан
басталады. Қазіргі осы заманғы тіл біліміндегі функционалдық стилдің негізі
20 – 50 жылдары салынған. ХХ ғасырдың әр кезеңдерінде бұл салада В. В.
Виноградов, Г. О. Винокур, Б. А. Ларина, А. М. Пешковский, Л. П.
Якубинский, Л. В. Щерба, Д. Н. Шмелева еңбек етті.
Жеке функционалдық стильдерді сипаттауға арналған қазақ тілінде
көптеген зерттеулердің болғанына қарамастан, [12, 192], [13, 255] бүгінгі
күнге дейін функционалдық стилдердің түрлері мен номенклатуралары жайындағы
таласты пікірлер басы ашық күйінде қалып келеді; сондықтан функционалдық
стилдердің құрамы туралы мәселе әлі нақтыланбай келеді. Дегенмен қазақ
тілінде мынадай функционалдық стильдердің бар екені күмәнсіз шындық, олар:
1) ресми іс – қағаздар немесе кеңсе тілі стилі;
2) публицистикалық стиль (газет – журнал тілінің стилі);
3) ғылыми – техникалық әдебиет стилі;
4) оқу – педагогикалық әдебиет стилі;
5) көркем әдебиет тілі стилі [12, 175].
Функционалдық стиль жайлы В. В. Виноградовтың және басқа да
зерттеушілердің анықтамаларына сүйене отырып, жалпыхалықтық қазақ тілінде
саяси фунционалдық стиль және заңдық-құжаттық функционалдық стиль деп жаңа
стильдерді бөліп шығаруға болады деп есептейміз. Себебі, қазіргі кездегі
экстралингвистикалық факторларға сәйкес әр салаларға қатысты функционалдық
стильдердің жаңа түрлері сараланып шығып, олар өзіндік жеке атауларға ие
болуда. Жоғарыда аталған академик В. В. Виноградов маркетингтік
функциональдық стиль деген категорияны бөліп алып қарастырған болатын.
В. В. Виноградов функционалды стилді санада жалпыланған,
функционалдық жағынан негізделген, қолданылу жолдарының тұтастығы іштей
біріктірілген, жалпыхалықтық, жалпыұлттық тілдің өзіндік немесе басқа
формалар аясындағы сөйлеу қарым – қатынасына байланысты таңдап алынуы және
тіркесуі [14, 73] деп анықтайды. Сонымен бірге ғалымның осы тұрғыдағы,
функционалды стилдерде көп ұшырасатын клишелер мәселесіне берген анықтамасы
да назар аударуға тұрарлық: Қазіргі әдеби тілдің жүйесінде сөздер көбіне
еркін кездейсоқ іліккен жеке компоненттерден емес, дәстүрлі формулаларда
шартты орын алады, адамдардың көпшілігі дайын формулалардың, клишелердің
көмегімен сөйлейді және жазады [15,162].
Біздің көзқарасымыз бойынша, тілдің функционалдық әр түрлілігінің
тілдік сипаттамасының мамұны экстралингвистикалық, яғни тілдің қоғамдық
көрінісі маңызды орын алатын жағдайлардан алшақтап кете алмайды.
Функционалдық қалыптасу мен функционалдық аяқталу тілдің өмір сүруінің
формасының айрылуы үшін қызмет етеді, В. Д. Бондалетов тілдік стилистикалық
жіктелуінің шартына, бірінші кезекте, әлеуметтік факторды, стилдердің
міндеті мен олардың қызмет ету жағдайын қатыстырады. Олар тілдің мынандай
функционалдық өзгешеліктерге бөлінуінің негізі болып табылады, мысалы:
жеке лингвистикалық белгілерге қатысты:
1) ортақ ұжыммен таңдалып, топтастырылып алынған арнаулы лексикалық,
семантикалық, грамматикалық құралдар;
2) функционалдық стилдер шегіндегі стиилстикалық нормалардың болуы;
3) қандай да бір мөлшерде жалпы сөйлеу іс – тәжірибесінде анықталған
функцияларды жүзеге асыру;
4) фунционалдық құралдардың болуы (лексикалық, сөзжасамдық,
морфологиялық, синтаксистік)[16, 89].
Іскер адамдардың сұхбатында, ақиқат қарым – қатынасқа түсудің
іскерлік тұрғыда жүзеге асу процесінде және іскерлік байланыс барысында
қазіргі әдеби тілдің айрықша коммуникациялық жүйесі ретінде маркетингтік
функционалдық стилдің стиль жасаушы құралдары қалыптасады, мұнда таңдау
механизмдері тілдік құралдарды қолдану кезінде функционалдық және
тақырыптық жоспарлармен алдын – ала айқындалады, яғни әрекет түрімен, қарым
– қатынас мақсатымен, сөйлеушінің сөйлеуге деген қалауымен, рөлдік
эспектациялармен әлеуметтік жағдайлардың басқа да компоненттерімен
байланысты болады.
Ресми іс-қағаздар стилі шығу тегі бір және тілдік құралдардың
пайдаланылуының айрықшалығымен сипатталынатын оларды нарықтық әрекетпен
сәйкес келу мақсатында сұрыптап, іріктеп алумен, сөйлеу нұсқауларымен,
сөйлеушілердің қалауымен, әлеуметтік мәртебемен және әрекеттің аталмыш
шеңберімен байланысты экстралингвистикалық жақтан келісілген және
коммуникациялық жүйеде бағытталған стиль болып табылады.
Ғалым Л. Дүйсембекова ресми іс-қағаздар стилінің жанрларының
төмендегідей ерекшеліктерін көрсетеді:
1) ресми сипаты;
2) құжатты шығарушы немесе жазушы сипатының көрінуі;
3) құжат жанрының ресми қатынас жағдайына сәйкес болуы;
4) істің нақты жағдайының көрініс беруі немесе бейнеленуі;
5) мәліметтің сипатына, мазмұнына форманың тәуелді болуы
6) құжаттың аты;
7) мәтіннің құрылымдық-композициялық бөліктері;
8) құжаттың авторы мен адресаты;
9) мәтіндегі мағыналық бірліктердің қолданылуы мен орналасуының құжат
мазмұнына тікелей тәуелді болуы;
10) шешілетін мәселе ауқымының шектеулілігі;
11) стандарт тілдік бірліктердің қолданылуы;
12) құрылым тұрақтылығы;
13) ойды жеткізу үшін белгілі бір тілдік бірліктер жиынтығының ғана
қолданылуы;
14) прагматикасы;
15) әр құжат типінің жанр ерекшелігін көрсетуі [3, 101].
Заң кодекстеріміздің күнделікті тұрмысымызда қолданылып жүрген, әр
түрлі тұлғалар мен мекемелердің түрлі жағдайдағы құқықтарын қорғап,
қылмыстық іс әрекеттерін айыптайтын маңызды мәтін екендігін түсіндірудің
қажеті жоқ. Сондай мәтіндердің ішіндегі маңыздыларының бірі заң мәтіндері.
Оның үстіне, соңғы жылдары заң жүйесі заң шығару ісіне, сол арқылы заңдық
қоғам құруға түбегейлі бетбұрыс жасағандығын аңғаруға болады. Оның да
түрткі болған себептері мен ерекшеліктері жоқ емес.
Бірақ бұл пікірге сүйеніп, қазақ тіл білімінде заң мәтіндеріне
қатысты еңбектер мүлдем болмады деп айта алмаймыз. Айталық, жекелеген заң
ұғымдарының стильдік қолданысы, ұғымдық, мағыналық белгілері жөнінде
белгілі тілші Р. Сыздықованың еңбектерінде талданып өткен.
ХХ ғасырдың соңғы жылдарында қоғамымыз заң тілінің қалыптасуына
әртүрлі себептермен әсер етіп, көптеген заң жобаларының өмірге келуіне
түрткі болды. Дербес мемлекет болғаннан бргі соңғы уақыттарда Қазақстан да
осы жағдайды басынан кешіріп отыр. Қазір Қазақстанда жаңа заң жобалары
бойынша жұмыс істеліп отырғандығы белгілі. Дегенмен мемлекетте пайда болған
әр заң жобасының өзгеруінің белгілі бір обьективті себептері де жоқ емес.
Реті келгенде, аталған бұл себептерге де тоқталып өтуге болады.
Соңғы кезеңдердегі Одақтан бөлініп шыққан мемлекеттердің өз ата
заңдарын қалыптастыруға тырысуы Қазақстанды да айналып өтпеді. Тәуелсіздік
алғаннан бергі соңғы он жыл ішінде басқа ТМД мемлекеттері немесе басқа да
шет мемлекеттері сияқты Қазақстан да өз ата заңын жасап, оны мемлекеттің
ішкі ерекшеліктеріне, қоғамдық құрылым құрылысына сай етуге ұмтылды.
Неғұрлым қоғамымыздың игілігіне қызмет ете алтындай өміршең заң жасауды
көздеді. Бұл жағдай заң жүйесіндегі істердің қарқынды жүргізілуіне
иермелегені күмәнсіз.
Кеңестік Одақтан бөлініп шыққан жас мемлекеттердің ішкі қатынастары
мен сыртқы қатынастарын заң арқылы рттеп, басқарып отыру қажеттілігі
туындады. Ал жаңа мемлекетті ескі жүйесі бойынша басқару мүмкін емес
болатын. Уақыт ағымы өз даму үрдісінде жаңа заңдарды, басқа формадағы
қоғамдық қатынастарды талап етті.
Бұған дейінгі басқа империяның қол астында болған кездегі, басқа
уақыттағы жұмыс істеген заңдар жарамсыз болып қалды. Жетпіс жыл бойы өмір
сүрген басқа елдердің қоғамдық орталарымен салыстырғанда дүние жүзілік даму
үрдісінен өзіндік бөлектеніп тұратын ерекшеліктері бар, партиялық билікке
беймделген кеңес заңдары дамудың басқа кезеңінде пайда болған жас
мемлекетке қызмет ете алмауы заңдылық еді. Осы тұрғыдан мемлекеттегі
заңдары өзгерту күн тәртібіндегі бірінші кезекте тұрған мәселе болды.
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан-2030 даму бағдарламасында
көрсетілгендей, еліміздің тілдік мүмкіндігін де дәлелдеу басты міндеттердің
бірі. Бұл үшін ұлт тілінде дұрыс заң тілін қалыптастыру қажет екендігі
сөзсіз.
Оның үстіне жас мемлекеттің өз даму бағытын, мемлекет ретндегі
дербес өмір сүру жүйесін, өзіндік басқару құрылымын айқындап алуы да қажет
болды. Нәтижесінде, заң шығару саласындағы билік демократиялық
мемлекеттердің үрдісіне сәйкес парламентке берілді. Парламенттің заң
шығарушы билік жүйесі ретінде маңызды қызмет атқаруы да заң саласындағы
жұмыстардың дамуына ықпал етті.
Заң шығару бағытындағы істер соңғы жылдары айтарлықтай алға басты.
Өндіріс, мәдениет, экономика және т.б. салалардағы заң жобалары өмірге
келді. Соның негізінде елімізде қазіргі кезде еңбек құқығы, әкімшілік
құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық кодекстері сияқты құқықтық
кодекстер мен түрлі құжаттардан тұратын ата заң жұмыс істеуде. Сонымен
қатар еліміздің даму үрдісінің, экономикалық реформаларды жүзеге асырудың
әр түрлі кезеңдеріне байланысты әр уақыт кезеңінде уақытша сипаттағы түрлі
заң жобалары да жасалды. Бұдан заң кодекстері мен жобаларын жасаудың ерекше
қарқынмен өріс алғандығын көруге болады. Бр сөзбен айтқанда, Қазақстан
қоғамындағы заң жүйесі жаппай қарқынды ілгерілеумен, жаңарулармен
сипатталды. Бұл процестің тек Қазақстанға ғана емес, басқа да ТМД
мемлекеттеріне тән екендігін, заң шығару саласындағы мұндай өзгерістердің
Ресейде де орын алғандығын орыс ғалымы Н. А. Власенконың еңбегінен көреміз.
Келесі кезекте осы заңдардың бүгінгі таңдағы жүзеге асу, орындалу
деңгейіне, сапалық ерекшеліктеріне баға беру, анықтау міндеттері тұр. Бұл
мәселелерге жазылған заң мәтіндерінің тілдік ерекшеліктерінің қатысы жоқ
деп айта алмаймыз. Керісінше, заңдардың өмір сүруі бірінші кезекте олардың
мәтіндерінің тілдік ғалымдарының еңбектері арқылы көз жеткізуге болады.
Ғалымдардың бірқатары тілшілер болмаса да, олар өз еңбектері арқылы заң
мәтінінің тілдік мәселелерін шешуге араласқан. Мұның өзі заң тіліне мән
беріп, оны зерттеудің маңыздылығын аңғарта түседі.
Құқық тіліне қатысты бұл сияқты зерттеулер қазақ тіл біліміне де
керек. Мұндай еңбек басқа елдің тіл білімінен қалайда артта қалмау
мақсатымен емес, қазақ тіліндегі заңның жазылу ерекшелігін анықтау арқылы
заң сапасын жақсарту үшін қолға алынуы тиіс. Бұл мақсат ғылымның адам
баласының, халықтың игілігіне қызмет ету керектігі принципі тұрғысынан да
орында болмақ. Яғни, заңның мазмұны оны жеткізетін тіліне байланысты.
Мұнымен қоса кез келген ғылыми еңбек жазуға ұмтыла отырып, оның
қоғамда, белгілі бір салада пайдалы болу жағын бірінші орынға қою керек.
Бұл жалпы ғылымның негізгі мақсаты.
Өкінішке орай, осы мақсаттың қазіргі ғылыми еңбектер ағымының
дамуында сырт қалып жүргендігі де жасырын емес. Дегенмен, бұл мәселе өз
алдына бөлек сөз қозғауды қажет ететін әрі жалпы өзекті мәселеге айнлып
отырған бөлек тақырып. Ал біздің заң тілін зерттеумен байланысты
айтпағымыз, мұндай еңбек, біріншіден, заң үшін әрі заңды нақты іске
асыруға, өмірде қолдануға тікелей негіз болатын заң тілі үшін пайдалы.
Белгіленген тілдік талаптарға сай жазылған заң да сапалы болмақ. Сондай ақ
заң мәтінін зерттеу арқылы тіл білімінің кейбір мәселелерін, тілдегі
ерекшеліктерді, тілдік қолданыстарды анықтап, тіл білімінің мәселелерін
шешуге де көмектесуге болады. Заң мәтінін зерттеудің бұл жағы тіл білімі
үшін пайдалы.
Құқық тілін зерттеудің тиімділігі осы екі жағымен ғана шектелмейді.
Оған қоса заң тіліндегі ерекшеліктерді анықтау, оның жазылуына қойылатын
талаптардың белгіленуі пайда болған жаңа заңдарға баға бере алады. Мұндай
жұмыстар қазіргі таңда жаңа заң жобаларын жазып дайындауда парламен
жұмысына көмекші құрал болар еді.
Жоғарыда көрсетілген себептермен өмірге келген заңдардың да жазылуы
оңай бола салған жоқ. Заңдарды жазу барысында мемлекеттік деңгейдегі
маңызды құжат болғандықтан, қиындықтардың болатындығы, үлкен
жауапкершіліктерді қажет ететіндігі рас. Сол жауапкершіліктің ішіндегі
маңыздыларының бірі тілдік жауапкершілік екендігі анық. Заңдардың жүзеге
асуы, орындалуы да негізінен, сол заңның да жазылу деңгейіне, қоғамда
қабылдану дәрежесіне байланысты екендігі сөзсіз. Осы тұрғыдан үлкен
қарқынмен жазылған осы заңдардың жазылу барысы қалай болды, заң тілі қалай
жазылды, қабылдаушы қоғам мүшесінің оларды қаблдай алу деңгейі қандай,
қандай стильде жазылды, заң тіліне қандай талаптар қойылады, заң
кодекстерінің қоғамдағы қатынастарды реттеудегі ролі қандай деген сияқты
көптеген өзекті сауалдар туындайды. Бұл ауалдарға жауап іздеудің өзі заң
тілін тілдік, стильдік, логикалық, психолингвистикалық және т.б. тұрғыдан
зерттеудің міндеттерін жүктейді. Онымен қоса пайда болған заңдардың тіліне
қойылатын талаптар мен ерекшеліктерді айқындап бере алатын ос уақытқа дейін
жазылған қазақ тілі біліміндегі осы бағыттағы еңбектер жоқтың қасы. Бұл
жағын ескерсек, осы арнадағы зерттеу жұмыстарын жан жақты жаңа қырынан
жүргізу керектігі өз өзінен түсінікті.
Қазақ тілінде жазылған заң тіліне қойылатын негізгі талаптар мен
оның тілдік ерекшеліктерін өз тарапымыздан анықтау міндеті тағы бар. Сондай
ақ заң тілі бұған дейін тек терминологиялық жүйесі тұрғысынан ғана тіл
білімінде зрттеу нысаны болғандығы анық. Заң мәтіндерін тіл білімінде басқа
қырынан қарастыған ғылыми еңбектерді біз кездестіре алмаймыз. Ал, тікелей
заң саласында жазылған еңбектердің жөні басқа. Олардың заң мәтіндерінің
тілдік мәселесін шешуге қатысы аз.
Соңғы кезеңдегі немесе тарихи әдеби шығармалардың тілі болмаса, басқа
мәтіндер тілін зерттеген тілдік еңбекті кездестіре қою қиын. Стилистикалық
тұрғыдан зертте, арнайы қарастыруды қажет ететін тілдік мәтіндердің түрлері
жоқ емес, баршылық. Олардың әрқайсысының тілдік, мәтіндік ерекшеліктері бар
екендігі шындық. Десек те солардың өзі осы уақытқа дейін қазақ тіл
білімінде тілдік тұрғыдан стилистиканың нысанына ілінбей, қарастырылмай
келді. Ал олардың, яғни әр мәтін түрінің ерекшеліктерін анықтау, тілдік
заңдылықтарын айқындап, әрқайсысының артықшылықтары мен кемшіліктерін,
өзіндік табиғатын көрсетіп беру қазақ тіліндегі мәтіндер тілінің төселіп,
жүйеленіп, нормаланып, онсыз да қоғамдық қолданыста ақсап жатқан қазақ
тілінің анағұрлым кеңінен қолданылуынга аз да болса сеп болып, қозғау
салған болар еді.
Заң кодексініңі күнделікті тұрмыста қолданылып жүрген, әр түрлі
тұлғалар мен мекемелердің түрлі жағдайдағы құқықтарын қорғап, қылмыстық іс-
әрекеттерін айқындайтын, маңызды мәтін екендігін түсіндіріп жатудың қажеті
де жоқ. Сондай мәтіндердің ішіндегі маңыздыларының бірі-заң мәтіндері.
Ана тіліміздегі заңдық ұғымды білдіретін атаулардың дені өзіміздің
төл атаударымыздың терминдік мәнде қолданыла келе, біртіндеп осы қасиетке
ие болады. Әрине, олардың терминдік мән алып, жаңа лексикалық топ құрауына
бірқатар жағдайлар қажет болады: тарихи-әлеуметтік кезеңдер, әртүрлі құқық
қорғау мекемелерінің пайда болуы, қоғамдық тәртіп, оны бұзушылар мен оған
қарсы күресетін күштердің дүниеге келуі, қоғамға жат қылықтар, олармен
күрес, жеке адам басына, мемлекетке зиян тигізетін әрекеттер мен сияқты
ұғымдардың адам санасына ұлсушылық нәтижесінде осы ұғымды білдіртін
атаулардың қажеттілігі, осыған мұқтаждық негізінде бірқатар сөздер жаңа
мәнде қолданыла бастайды да, олардың соңғы мағынасы ұған дейінгі мәндерінен
бөлініп, жаңа сөздің қызметін атқара бастайды. Сөйтіп тілімізде жаңа
праволық атау пайда болады [102].
Заң тілін зерттеу көршілес орыс тілі білімінде әлдеқашан қолға
алынғандығына Н. А. Власенко, С. С. Алексеев, И. Грязин, А. С. Пиголкин, С.
А. Боголюбов сияқты басқа да орыс ғалымдарының зерттеулері дәлел бола
алады.
Заң мәтіндеріне қойылатын бірінші талап барлық басқа терминдер
сияқты экспрессивтілік мағынанынң болмауы. Экспрессивтілік мағынаның
болмауы барлық заң мәтіндерін басқа қарапайым мәтін түрлерінен ажырататын
ерекшелік. Мұндай мағына болған жағдайда мәтін заң табиғатын дұрыс бере
алмаған болар еді. Заң мәтінінде берілетін ой мазмұны бірқалыпты, бейтарап
стильмен берілуі тиіс.
Құқық мәтіндерінің тағы бір ерекшелігі сөйлемдердің бір бірімен
байланыста болуы мен ой мазмұнының бірізді динамикалы түрде тізбектеле
өрбуі. Бұл, негізінен, тек заң мәтіндерінде ғана емес, барлық мәтін
түрлеріне қойылатын талап. Әйтсе де, заң мәтіндерінде бұл талап ерекше
ескеріліп, орындалуы тиіс. Сондай ақ заң жобаларын жазу үстінде ойдың
үзіліп қалуы немесе кездейсоқ ұмытылып кетуі қатаң түрде, үзілді кесілді
жіберуге болмайтын қателік. Өйткені ондай қателікті басқа мәтіндермен
салыстырғанда, заң мәтіні маңызды құжат ретінде мүлдем көтере алмайды. Бұл
заң жобаларын дайындау барысында міндетті түрде орындалуға тиісті талап.
Заң мәтініне құқықтық құжат болғаннан кейін қойылтын тағы бір
негізгі талап ойдың дәлділігі мен нақтылығы. Яғни адам құқықтары заңд дәл
берілуі керек. Бұл тұрғыдан, заңның адам құқықтарын түсіндіріп беретін,
олардың қылмысқа баруы мүмкін іс әрекеттерін реттеушілік қызметі басым
екендігін негізге алудың өзі жеткілікті. Әсіресе қылмыс түрлеріне сәйкес,
жаза түрлері түсіндірілгенде жаза белгілеудің қылмысқа қатысты шарты анық
болуға тиіс. Мұндай нақтылық пен дәлдікті заң мәтінінің тілінде жүзеге
асыру үшін ойды беру барысында кейбір тілдік қолданыстарды, терминдерді,
сөйлем қолданыстарын сол қалпында қайталап қолданудан қашпау керек.
Дегенмен мұндай ерекшеліктің заң мәтініне қатысты кемшілігі де жоқ
емес.
Ресми стильге жататын мемлекеттік құжаттар жанр және мазмұн жағынан
әр түрлі болып келгенімен, олардың барлығына ортақ жалпы сипаты болады:
1. Белгілі бір қалыптасқан үлгіде, баяндау тәсілімен жазылады.
2. Лексика-фразеологияның құрамы (саяси-публицистикалық сипатта,
әкімшілік терминдер мен күрделі терминдер, қысқарған сөздер)
өзгеше болып келеді.
3. Ойдың логикалық жүйелілігін сақтау мақсатымен сөйлем күрделі
құрылады [17, 32]. Дәлел ретінде төмендегідей заң үлгілерін
мысалға келтіріп, олардың тақырыптарының ерекшеліктерін анықтайық:
Қазақстан Республикасының Заңы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз республикасының
арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді бекіту туралы.
Астана 2003 жылғы 25 желтоқсанда жасалған Қазақстан Республикасының
Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімді бекіту
туралы.

Үкіметі мен Қырғыз республикасының Үкіметі арасындағы Халықаралық
автомобиль қатынасы туралы келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. Ә. Назарбаев
Астана 2004 жылғы мамырдың 25-і, №554-ІІ ҚРЗ
Қазақстан Республикасының заңы
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ислам даму Банкі арасындағы
Қазақстанда Қарағанды облысының ауылды сумен жабдықтау жобасы үшін қарыз
туралы келісімді бекіту туралы
Алматыда 2003 жылы 2 қыркүйекте жасалған Қазақстан Республикасының
Үкіметі мен Ислам Даму Банкі арасындағы
Қазақстанда Қарағанды облысының ауылды сумен жабдықтау үшін қарыз туралы
келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. Ә. Назарбаев
Астана 2004 жылғы мамырдың 26-сы. №555-ІІ ҚРЗ
Қазақстан Республикасының заңы
Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және Даму Банкі
арасындағы қарыз (Нұра өзенін тазарту жобасы) туралы келісімді бекіту
туралы
Вашингтонда 2003 жылғы 17 желтоқсанда жасалған Қазақстан Республикасы
мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы қарыз (Нұра өзенін
тазарту жобасы) туралы келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасының Президенті
Н. Ә. Назарбаев.
Астана 2004 жылы мамырдың 26-сы №556-ІІ ҚРЗ
Ресми-іс қағаздар стилінің белгілері байқалатын, осы стильде
жазылған әдебиеттер төмендегідей: елшілік (дипломатиялық) сипаттағы
құжаттар, заңдық құжаттар, құқықтық құжаттар, әкімшілікі-кеңселік құжаттар.
Олардың өзі де жанрлық дифференциацияға ие: нота, конвенция, халықаралық
келісім, арыз, өтініш, заң, жарғы, қаулы, протокол, баяндама және т.б [18,
195].
Жанрдың жоғарыда келтірілген сипаттарының бірі, ерекшеліктерінің
бірі – мәтіндегі мағыналық бірліктердің қолданылуы мен орналасуының құжат
мазмұнына тікелей тәуелді болуы. Мысалы, бұйрықтардың, қаулы, ереже,
нұсқаулардың тақырыптары туралы, жөнінде, жайында т.б. шылаулармен келетін
сөз тіркестерінен тұрады. Яғни бұл құжаттардың тақырыбында міндетті түрде
құжат мәтінінде айтылатын мәселенің не жайлы екендігінен қысқа, нақты
мәлімет беріліп тұрады. Сондай-ақ өкілеттік құжаттарға жататын жанр
мәтіндерінде негізінен бұйрық рай формалы етістіктер қолданылады. [3, 99]
Бұл айтылған тұжырымның заң мәтіндерінің тақырыптарына да қатысты
болатындығын жоғарыда келтірілген заң мәтіндерімен салыстыру арқылы
байқаймыз. Үш заң тақырыбының үшеуінде де туралы деген септеулік шылаудың
қолданылуы одан кейінгі тұтас мәтіннен хабардар етіп, ақпарат жеткізіп тұр.
Демек, мәтіннің ақпараттылығы (информативность) деген категорияның заң
тақырыбындағы ықпалы өте қатты сезілетіндігі анықталды. Бұл ерекшелікке
қарап отырып, заң тақырыптарының айрықша міндетінің бірі мәтіндегі негізгі
ойды алдын-ала жеткізу болып табылатындығын көруге болады.
Ресми іс-қағаздары стиліндегі жанр мәселесі туралы ғалым Л.
Дүйсенбекова мынадай ой айтады: Тілдік жанрлардың туып, дамуы әдеби тілдің
стильдік тармақтарын қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Яғни, тілдік
стильдердің пайда болып, жеке стильдік тармақ ретінде қалыптасуы, ондағы
жанрлардың дамуымен, өзіндік өріс алуымен тығыз байланысты[93]. Ғалым
сонымен қатар ресми-іс қағаздарының жалпы функциясы туралы орыс
ғалымдарының пікірлерін келтіреді: Официально-деловой силь – это ничто
иное, как совокупность законов, постановлений, соглашений, деловых писем и
др., т.е. обощение жанров деловой речи, воплощающее характерные черты языка
текстов делового общения - деп жазады Функциональные типы русской речи
еңбегінің авторлары [3, 42].
Ресми-іс қағаздар стилі әртүрлі құжаттарда көрініс табады –
мемлекеттік актілерден іскерлік жазбаларға дейін – және билік орындарын
тұрғылықты халықпен байланыстырудың құралы ретінде қызмет атқарады. Әртүрлі
құжаттар тіліндегі айырмашылықтарға қарамастан (оның белгіленуіне қатысты),
тұтастай айтқанда стилге көптеген ортақ белгілер тән. Ресми-іскери стиль
немесе іскери қарым-қатынас ресми, құқықтық және мемлекеттік саясаттың
аясында қызмет атқарады. Стиль мемлекеттің адамдармен қарым-қатынасын
реттеп отыратын нормативтік актілерді қалыптастыру үшін пайдаланылады.
Стильдің қызметі хабарлау болып табылады [19, 197].
Ресми-іскери құжаттар деңгейі жағынан стандарттылығымен,
тұрақтылығымен ерекшеленеді. Ол үш топқа бөлінеді: 1) стандартсыз түрде
өздерінің құқықтық күшін жоғалтатын құжаттар (мәселен, паспорт, диплом,
неке туралы куәлік, туу туралы куәлік, кәмелеттік аттестат т.б.); 2)
стандартты формаға ие емес, бірақ анықталған стереотиптермен жазылатын
құжаттар (ноталар, келісім-шарттар және т.б.); 3) міндетті стандартты
формада жазылуды аса қатты талап етпейтін құжаттар (протоколдар, қаулылар,
есептер, іскерлік хаттар).
Ресми-іскери құжаттар заңды дәстүрде , қалыптасқан ережелер мен
үлгілерде жазылады. Сондықтан стандартты форма – ресми-іскери стилдегі
құжат түрінің әдеби бейнесінің маңызды деталы.
Ресми-іскери стиль – басқа функционалдық стилдерге қарағанда, барынша
тұйық, барынша тұрақты, дәстүрлі, стандартталған стиль. Бірақ бұл ресми-
іскери стильге даму жат деген ұғымды білдірмейді: ол қоғамдағы әлеуметтік-
тарихи жағдайлардың әсерімен өзгерістерге ұшырап отырады. Қазақ тіл
біліміндегі академик Р. Сыздықтың, профессор А. Ибатовтың, профессор Л.
Дүйсембекованың еңбектерінен аталмыш құбылысты, яғни қазақ тарихи заңдық
құжаттардың осы күнге дейін қандай өзгерістерді басынан кешіргенін
аңғарамыз.
2 ЗАҢ ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КЛИШЕ МЕН ШТАМП
Қазіргі уақытта ресми-іскери стиль, оның ішінде заңдық құжаттар
барынша нақтылыққа, дәлдікке, ойдың нұсқалығына негізделуде. Ақпарат
дәуірінде оның мұндай өзгерістерге бейімделуі заңды. Заңдық мәтіндерде
баяндау, тұрақтылық, ақпараттылық деңгейі жоғары болып келеді.
Мәтін теориясын зерттеген ғалым Н. Н. Валгина мынадай қызық дәлел
келтіреді: Ресми-іскери мәтіндердің унификациялануы (тұтастануы)
эконмикалық жағынан (құрастырушыға пайдалы), психологиялық жағынан (жеңіл
қабылданады) және техникалық жағынан (машиналық өңдеу оңтайландырылады)
тиімді болып отыр. Унификация, әсіресе инструктивтік материалдарды,
мемлекеттік актілердің негізінде жүзеге асырылуда [18, 198].
Заңдық құжаттардың ішкістилдік белгілері: бірмәнділік, дәлдік болып
табылады. Себебі заңдық құжаттар талассыз мәселе тұрғысында мәлімет береді.
Адам санасы көп рет қайталанатын құбылыстарға сәйкес тілде дайын
клише – формулалар түрінде бейнеленетін стереотиптерді өңдеп шығарады,
қалыптастырады. Көптеген зерттеушілер қайталанатын жағдайдың жоғары
жиілігі, әрқилы әрекеттер мен жағдайдың барлығы дерлік тілдің стереотипті
формуласын, клише – фразаларды тудыруға мүмкіндігі бар деп есептейді (А. Н.
Васильева, В. Г. Костомаров, Дж. Ферс және т.б.). Өмірдегі маңызды
оқиғалардың басым бөлігі жиі қайталанаып отырады. Мұндай жағдайда тіл
артығынан құтылып, тілде бұрыннан бар қарым – қатынас бірлігін пайдалануға
болады. мұның өзі таптаурын болған сөздердің бір сарынды жалғасып келіп,
сол салада ғана айтылатын дәрежеге дейін жетуіне мүмкіндік береді. Әрине
мұның негізінде үнемділік қағидалары жатқандығы белгілі. Бұл қағида тілде
де осылайша – клише – тұлғалар арқылы көрініс тауып, адамдардың санасында
жатталып қалады. Қайталамалы клишенің көп қолданылуы ол, ең алдымен, қарым
– қатынасқа қатысушылар саны неғұрлым жоғары, тілдік жағдайды қайталау көп
кездесетін салаларға ғана тән. Жалпы лингвистикада дайын қолданылатын тіл
материалы көлемінің әр түрлі түсіндірулері бар. Белгілі бір дәрежеде
мәселенің жеткіліксіз зерттелгендігіне, терминологияда берілген көзқарас
алшақтығына байланысты болуы мүмкін тіл білімінде клише ұғымына морфема мен
сөзден бастап, сөз тіркесі, сөйлем, фраза, мақал – мәтел, цитата
(дәйексөз), жарнама, фразеологизм (тұрақты сөз тіркесі), ертегі, мысалға,
тіпті мифке дейін жатқызатын әр түрлі кезеңдерде талқыланған еңбектерді
кездестіруге болады. Дегенмен қазіргі тіл біліміндегі клишеге қатысты
көзқарастардың дені тікелей функционалдық стильмен, оның ішінде ресми –
іскери стильмен байланысты болып келеді.
Тілдегі дайын оралымдар фразеологизмдер сияқты тіл бірлігі ретінде
қолданылатындығы рас. Дегенмен клишенің фразеологиялық оралыммен ұқсастығы
функционалдық ұқсастықпен ғана шектеледі. Яғни фразеологизм және клишеге
тән ортақ қасиет екеуінің дайын күйінде жұмсалуы. Ал клишенің ерекшелігі –
еркін ұйымдастырылуы, клишеде компоненттер байланысы еркін. Онда
фразеологиялық бірліктерге тән айтарлықтай семантикалық өзгерістер
болмайды, яғни бұл тұрғыдан келгенде клишелердің еркін сөз тіркесінен
айырмашылығы жоқ. осы қарама – қайшылықта өз бойында еркін сөз тіркесі мен
фразеологиялық орам қасиеттерін үйлестіруші клишенің ауыспалы типті құбылыс
ретіндегі мәні ашылады.
Клише тұлғаларын фразеологизмдермен жақындастыру ғылыми әдебиетте
кездеседі. Мысалы, Н. Н. Дулина мен С. П. Кушнерук клишеге фразеологизмнің
бір варианты, атап айтқанда, стилистикалы шектеулі варианты ретінде
қарап, мынадай анықтама береді: коммуникативтік – типтік сөйлеу
фрагменттерінде қайталанатын, бірыңғай құжаттық жағдаяттармен байланысты,
мәтінде құрылымдық және сигналдық қызмет атқаратын фразеологизмнің
стилистикалы шектеулі варианты [20, 18]. Олардың фразеологизм тұрғысынан
қарастырылуы біршама қалыптасқан тұрақтылығымен байланысты екендігі
белгілі.
Сонымен қатар клише мәселесін қарастырғанда стереотип, стандарт,
шаблон, канцеляризм секілді ұғымдардан айналып өту мүмкін емес, өйткені
олар бірімен – бірі байланысып, астасып жатқан ұғымдар. Олардың
арақатынасын дұрыс айырмау салдарынан клише түрлі аталып, әрқилы
терминдердің шырмауынан шыға алмай, жағымсыз бағаланатын стереотип
құбылыстарымен шатастырылады. Осыдан келіп оның тілді бүлдіруші ретінде
жағымсыз бағалануы белең алады. Дегенмен көп ұзамай дайын күйінде өзгермей
қолданылуы заңды болып есептелетін құбылыстардың тілге қажет екендігі
мойындалып, оң бағалана бастады.
Стереотип қандай да бір құбылыстың адам санасында бірыңғайланып,
дайын күйінде меңгерілетін үйреншікті дағдыға айналған белгісі. Ол -
әлеуметтану, этнология, психология, лингвистика, мәдениеттану және т.б.
ғылымдарда қолданылатын ортақ ұғым. Стереотиптің бұл ғылым салаларында
ортақ түйісетін жері – ұзақ уақыт қалыптасқан бір нәрсенің не құбылыстың
адам санасында тұрақты қалып алған үлгісі, эталоны болуы. Осы ретте Т. М.
Дридзенің пікірін келтіретін болсақ, ол былай дейді: Саналы түрде
уәжделмеген тілдік әрекеттің уәжделген, мақсатты бағытталған мәтіндік
әрекеттен айырмашылығы тілдік сананың, осыған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz