Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік қолтаңбасы қалған ақындық өнердің өрен жүйрігі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4

1 Ә. НАЙМАНБАЙҰЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ ... ... ... ... ... ... .5 -13
1. Ән өлеңдері мен арнау- толғауларының жанрлық
ерекшелігі ... ... ... ... .13-26

2 . АЙТЫС- ҚАҒЫСТАРЫНЫҢ ТАРАЛУЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27-36
2.1. Қисса- дастандарының сюжеттік
негізі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .36-43

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... . 44
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 45-46

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақ әдебиеті тарихында өзіндік қолтаңбасы
қалған ақындық өнердің өрен жүйрігі; импровизатор, сазгер, әнші Әсет
Найманбайұлы нағыз сегіз қырлы өнерпаз әрі қағаз бетінде қаламы қатар
жүйіткіген сауатты ақын. Өнерде өрге жүзген, мәдениетімізге өшпес мұрасын
қалдырған ақынның лирикалық өлең- толғаулары, айтыс- қағыстары мен қисса-
дастандары, асқақ әндері ұрпақтан- ұрпаққа ауысып әдеби- мәдени мұрамыздағы
көрікті де көрнекті үлгілердің қатырын молайтуда. 1930 жылдардан бастап
Әсет ақынның өмірі мен өнеріне қатысты деректерді чсаралап, әдеби мұраларын
жинастырып, оны халқымыздың қажетіне жаратуда. Ұрпақтан - ұрпаққа аманат
ретінде ауысып келе жатқан ақын мұрасына әр кезеңде әртүрлі пікір айтылып,
сыналып та, сырт қалып та келді, қоғамдық кезең ақын мұрасын зерттеуде әсер-
кесірін тигізбей қоймайды. Көрнекті әдебитші ғалым Б.Кенжебаев сөзімен
айтсақ: ...біз қазақтың бұрынғы ақын –жазушыларын саяси идеялық қатесі жоқ
ақын - жазушылар, саяси идеялық қатесі бар ақын- жазушылар деп жіктедік
Зерттеу мақсаты мен міндеттері. Өмірінің белгілі бір кезеңін Шығыс
Түркістанда өткізген ақынның өмір жолы, шығармашылығындағы шығыстық үлгі
мотивтер, діни уағыз өлеңдер ақын мұрасын теріс бағалауға пайдаланылды.
Әсет ақын- ХХ ғасыр басындағы қазақ ақындарына тән демократтық ағартушылық
ағымдағы ойларын,діни дидактикалық уағыздарын өлеңмен өрген ақын. Ақын
шығармашылығындағы аса құнды қазына- шығыстық нәзиралық үлгідегі дастандар.
Бірақ шығысқа секеммен қараған, дінді у деп уағыздағын кеңестік идеология
сынына ақын шығармашылығы аз ілінбеді.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Әсет атына қаратылып айтылған сын пікірлер
көп болмағанымен, ақын мұрасының ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы, Хх
ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің оқулық- хрестоматияларына, зерттеу
монаграфияларға бірде еніп, бірде енбей қалуы саяси сақтанудан салқын
көзқарастан. Кеңестік дәуір идеологиясы әдебиет пен ғылымды тұсап, барымзды
базарлай алмадық. Бүгінгі күнгі қоғамдық бетбұрыстар рухани өрісімізге тың
серпіліс жаңа леп әкелді. Заман талабы қазақ әдебиеттану ғылымының жан-
жақты сан алуан салаларына қыруар міндет жүктеп даму процесін жаңа бағытқа
бұрды. Қазақ әдебиетін зерттеу, талдау, оқыту ісі жаңа міндеттер алдында
тұр. 70 жыл бойы басқаша айтылып, басқаша уағыздалып келген әдебиет енді өз
табиғатына лайық өмір сүріп, оның ерекшеліктері мен көркемдік эстетикалық
байлықтары терең ескеріліп, жаңаша зерттелуі қажет. Мұның өткендегі мұраға
да кешегі кеңес әдебиті делініп келген, бірыңғай саясатқа телінген
әдебиетке де қатысы бар.
Зерттелу объектісінің теориялық, практикалық маңыздылығы мен
әдістемелік негіздері. Диплом жұмысының тақырыбы Ә. Найманбайұлы
прозасындағы романтизм деп аталатындықтан, көркемдік әдістің теориясы мен
тарихы, оның ішінде романтизм жайлы ғылыми еңбектер негізге алынды.Атап
айтсақ, В.Белинскийдің Этика и литературная критика (1959), Н.Гуляев,
И.Картошовалардың Введение в теорию романтизма (1972), А.Гаджиевтің
Романтизм и реализм (1972 ) т.б.ғалымадың еңбектерімен бірге М.Әуезов,
Ә.Қоңыратбаев, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, М.Қаратаев, З.Ахметов, З.Қабдолов,
Т.Кәкішев, С.Қирабаев, Р.Нұрғалиев, Ә.Нарымбетов, Ж.Дәдебаев, Б.Майтанов,
Б.Ыбырайымов еңбектеріне сүйеніп, аталмыш зерттеулердің теориялық
тұжырымдарын басшылыққа алдық.
Зерттеудің басты тұжырымы-түйіндері мен нәтижелерін филология
мамандықтары бойынша оқытылатын жалпы және арнаулы курстарда, өнер
институттары мен мектептерінде, сол секілді орта мектептің әдебиет
пәндерінде де пайдалануға болады.
Зерттеу әдісі. О.Бөкеев көркем шығармаларындағы, жалпы қазақ әдебиеті
тарихындағы жазушы романтизмінің табиғатын, маңызы мен орнын, қаламгер
шеберлігін зерттеуде хронологиялық, салыстырмалы-салғастырмалы, жүйелі-
комплексті әдістер басшылыққа алынған.
Жұмыстың негізгі тұжырымдары мен нәтижелері әдебиет теориясы мен
тарихындағы әдеби бағыт, ағым, көркемдік әдіс мәселелерін талдап-түсінуде,
романтик ақын-жазушылардың шығармашылығын зерттеп-зерделеуде үлесін
қосады.Әсіресе, романтизмнің ғылыми-теориялық мазмұнын ашуға көмектеседі.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен
және қорытындыдан тұрады.Соңында пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілген.

1. Ә. НАЙМАНБАЙҰЛЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Әсет ақын мұрасын жинап, жинақ етіп шығаруға көп еңбек еткен жазушы
Б.Нұржекеевтың: Әсет Найманбайұлының жұртшылыққа кең танылғаны да, бертін
келе, біраз уақыт ол танымның шеңберіннің кәдімгідей тарылғаны да бүгінгі
әдеби қауымға белгілі. Оның өмірі мен твррчествосына қатысты бұл құбылыс
тіклей тарихи жағдайларға байланысты. Әсет тағдыр талайы мен өмірінің
соңында Шығыс Түркістан өлкесінде өтеді. Ақынның өзі де шығармашылығын да
белгісіздеу болып, көп уақыт зерттеуден қағыс қалып келді. Алайда Әсеттің
мүлде ұмыт қалуы мүмкін емес еді. Өйткені Әсет өнеріғ әндері, айтыстары мен
қисса дастандары халық өмірі, оның рухани әлемі тәрізді ұмыт болуы мүмкін
емес өнер. Оның өнері халқымыздың белгілі кезеңдегі мәдени дәрежесін , ой-
пікір деңгейін анықтайтын тарихи өлшем. Сондықтан Әсет шығармашылығына,
өміріне біз әрдайым халықтық тұрғыдан үлкен әлеуметтік мәнмен қаруға
міндеттейміз [3] деген пікірі ақиқат. Әсет ақын шығармаларының л арасына
кең таралыуына ең алдымен, сөз жоқ, өзінің әншілігі, сазгерлігі,
айтыскерлігі, қиссашылдығы ерекше әсер ықпалын тигізді. Дидактикалық-
ағартушылық ағымдағы өлеңдері, діни уағыздық сипаттағы қисс- хикаяттары,
гуменистік идеяны паш еткен қою уақиғалы, терең мазмұнды қисс- дастандары
ел аузында жылдам жатталып, тез тарады.
Әсет Найманбайұлы 1867 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы,
"Қызыл-арай" ауылында туған. Ол қазақтың суырыпсалма ақыны, әнші-
композиторы.

Ол 7-8 жасқа келгенде медресе имамы Зейнолладан бастауыш білім алады.
Мұнда араб тілі мен шығыс поэзиясынмеңгеруге ден қояды.

14-15 жасында сазгер әрі әнші ретінде өз шығармашылық жолын бастайды.
Әсеттің әке-шешешесі кедей, шаруа адамдар болған. Кейін ер жетіп, есейіп,
айтысқа түскен кезінде де кейбір ақындар оның кедейлігін бетіне басады.
Алайда нағыз байлық өнер мен білімде деп түсінген Әсет ешкімге қара сөзден
дес бермеген. Әсет ескіше оқыған, көзі ашық адам болған. Оның дүниетанымы,
ой тереңдігі әсіресе айтыс жанрында кеңірек танылды.

Мысалы, әйгілі ақын-қыз Ырысжанмен айтысқанда Әсет он сегізде ғана
екен, соған қарамастан қыздың айтқан небір қиын жұмбақтарын қиналмай, қолма-
қол шешіп береді. Бұдан ақынның білімді, зерделі екендігі айқын аңғарылады.
Сөйтіп, Әсет пен Ырысжанның айтысы–көркемдігі, сөз қолдану шеберлігі
жөнінен Біржан мен Сара айтысынан кейінгі озық туынды болып табылады.

Әсет – негізінен айтыс ақыны. Ол Ырысжаннан басқа Әріп, Бақтыбай,
Кәрібай, Қали, Сәмет ақындарымен және Мәлике қызбен айтысқан. Әсеттің
"Салиха-Сәмен", "Ағаш ат", "Перизат", "Үш жетім қыз", "Нұрғыман-Нағым",
"Мәлік-Дарай", "Жұмсап", "Кешубай" атты қисса дастандары бар.
Ол А.С.Пушкинның "Евгений Онегин" романын аударып (еркін аударған) оны
өзі қисса етіп жырлаған. Әсет мұраларының ішінде халыққа кеңірек тарағаны
оның әндері. Ол Біржан сал, Ақан серідендәуірлеген Арқа әнінің дәстүрін
жалғастырып, дамыта түсті. Жас кезіндегі әндерінде ("Кіші Ардақ", "Үлкен
Ардақ", "Қаракөз", "Мақпал") психологиялық тереңдікпен адамның жан дүниесін
қозғайтын нәзік лирикалы Ақан әндерінің әсері байқалады. Бұл оның
қалыптасу, өзіне тән тармақтарының музыкалық-синтаксистік ерекшеліктері
Әсет әндеріне де тән. "Інжу-Маржан" әні (кейде "Әсеттің әні" деп те
аталады) өз стилін айқындай түскен туынды. Сондай-ақ "Ырғақты",
"Аққарагер", "Қаракөз", "Майда қоңыр", "Жалған-ай", "Сырмақ үйкер" т.б
әндерінің авторы. Әсет өз шығармаларында өмірге деген құштарлығын, туған
елі мен жеріне деген айнымас махаббатын жырлады. Ақын өлеңдері мен әндеріне
көшпелі тұрмыс пен қазақ жұртының тарихы және этнографиясының қайталанбас
бояулары тән. Әсеттің ақындық қуатында ойдың образдылығы, шұрайлы теңеулер,
жарқын шендестірулер айқын танылады [1].

Ол Сарыарқаның ұлы перзенттері Біржан сал Қожағұлұлы мен Ақан сері
Қорамсаұлының ақындық өнер дәстүрін жалғастырып, әрі қарай дамытты. Сонымен
бірге өз өлкесі әндерінің Жетісуда, Тарбағатайда және Алтайда кеңінен
тарауына мұрындық болды.

1916 жылы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде жазалаушы отрядттардан дүрліге
қашқан елмен бірге Әсет Қытайға өтіп кетеді. Октябрь революциясы]]
жөніндегі хабарды ол қуана қарсы алады, жат жерде жүріп Отанын аңсайды.
Әсет 1923 жылы Құлжа қаласында қайтыс болды [2].

1910 жылы Қ. Халиди Әсет Найманбайұлынан бірнеше салт өлеңдерін жазып
алып, жариялаған. Кеңес дәуірінде Әсет Найманбайұлының өлеңін
алғаш С.Сейфуллин(1925) бастырған. 1936 жылы Б.Ысқақовтың ақынның өмірі мен
шығармашылығы туралы арнайы мақаласы тұңғыш рет жарияланып, Әсет
Найманбайұлының шығармаларының тұңғыш жинағы 1968 жылы Б.Адамбаевтың
құрастыруымен басылды. Бұл жинаққа ақынның 34 өлеңі (әнін қоса), 4 айтыс-
қағысы, 4 дастан-қиссасы жарияланса, 1988 жылы Нұржекеевтің құрастырған
Әсет атты жинағына 29 ән мәтіні, 71 өлеңі, 10 айтыс-қағысы, 8 қисса-
дастаны енгізілген [3].

Әсет ақынның 1867 жылы дүниеге келгені туралы зерттеушілер кейінгі
кезде бір тоқтамға келсе, туған жері туралы әлі де екі түрлі пікір болжам
бар: Әсеттің өмірі мен шығармашылығы туралы тұңғыш арнайы мақала жазған
Балташ Ысқақов Әсеттің туып өскен жері Семейдің Ұржар, Мақаншы аудандары,
1920 жылы атаман Анненков Қытайға қашқанда шекараға жақын төрт болыс елді
шауып әкетеді, елмен бірге Әсет те ауып кетеді [4] десе, О.Орынтаев ,
Балташ Ысқақов деректерін нақтылай түседі. Туып- өскен жері Мақаншы
ауданының Жарбұлақ, Көктал ауыл советтері, 7-8 жасында Көктұмадағы Зейнолла
имамның медресесіне берілген, оны 14-15 жас шамасында әкесі өлген соң
ылажысыздан тастап, Көкталдағы нағышысының қолына барады. Қоянды
жәрменкесінде болуы 20 жас шамасында [5] Академик А.Жұбанов замана
бұлбұлдарында, ақынның қызы Сәмөгеймен әңгімілескеніне сүйеніп, Әсет ақын
Қарағанды облысы, Қарқаралы уезінің Темірші болысында туған [6] деген
пікір айтқан. С.Ордалиевтың Қазақ әдебиетінің тарихында жазған Әсет
туралы зерттеу мақаласында да, Қазақ совет энцикллопедиясында да осы
пікір қуатталды. 1968 жылы Жазушы баспасынан шыққан Әсет шығармалары
жинағын құрастырушы, ғалым Б.Адамбав осы кітапқа жазған алғы сөзінде: Әсет
1867 жылы Семей облысында туған дейді [7]. Жазушы Нұрқасым Қазыбек Заман
Қазақстан газетінің 1992 жылғы 6- наурыздағы санында: Әсет Найманбайұлы
1867 жылы Семей облысы Мақаншы ауданында дүниеге келді. Әсет 8-9 жасынан
бастп Семейдегі діни медресеге оқуға түсті. Әсеттің тұсында Қытай-
Қазақстанның мемелекеттік шекарасы белгіленген болса да (1904) барып
келіске әлі қатал шек қойылмаған болатын, - деген деректерді келтіріп,
Бұл материал 1989 жылы Шыңжаң халық баспасынан жарық көрген Ән салсаң
Әсеттей сал әсемдетіп деген кітаптың әр жерінен алынды [8]- деп
ескертеді. Өнер зерттеушісі А.Түгелбаев 1915 жылы Шыңжаң жерінде Әсет ақын
Шылбы Көмекұлына сәлем бере барғанда шығарған әні, - деп төмендегі жолдары
жариялайды:
Шылбы аға мән-жайымды сұрадыңыз,
Өлең ғой көңілдегі шынарымыз.
Жерінде Қарағанды әкем туған,
Алакөл ірге жайған тұрағымыз.
Семейде кіндік қаным төгіліпті,
Бір шыбық ақ Ертісте егіліпті,
Көктұма медресесін бітірген соң,
Дәм тұзым жалпақ елге себіліпті.
1867 туған жылым.
1913 жылдан бастап,
Ояздан қуғын көріп шетте жүрмін.
Семейде Сәрсембіден оқығанмын ...[9]
Әсет ақынөмірінен Әсет атты роман жазған Қ.Толыбаев Қазақ
әдебиетінің 1992 жылғы 22 мамырындағы санында: Әсет әйгілі Бақты
жотасының бір шұрайлы саласында 1867 жылы дүниеге келген. Бірақ
Қарақаралыда туған пікір тұрақты жазылып жүргенімен оны растайтын нақты
дәлел жоқ,- дейді.
Азғана уақыт ішінде бірін-бірі іле- шала жарияланған үш мақала да тірек
болар айғақ жоқ, тек естелік, болжамдар ғана. Кейінгі кездегі ақын өміріне,
мұрасына қатысты кейбір естеліктерге, Жаңадан табылған өлеңдерге күмәнмен
қарауға мәжбүр боламыз. Жоғарыда айтылған А.Түгелбаев мақаласындағы өлеңде
ақан Әсет биографиясын жіпке тізгендей санамалап, қайда туғаны, қайда
оқығаны жайында ғылымда пікір таласына, дауға айналған мәселелерді шешіп
бергенімен, өлең стилі ақындағы толысқан (1915 ж 48-де) Әсет ақынның
аузынан шықты деу, сендірмейді. Қазақстан журналистер одағының мүшесі
Қ.Орынбетов Сарыарқа газетінде Қ.Толыбаев пен Н. Қазыбек мақалаларына дау
айтып, Әсет Орталық Қазақстнның биігі Қызыларай тауында туып, Тарбағатай
тауларына ұя салған қыран [10], деп ақынның өлеңдері мен айитыстарынан
мысал келтіріп, естеліктерге жүгінеді. Қолда ешқандай құжаттық, архивтік
дерек көздері болмағанда ғалым ел аузындағы естеліктен бұрын ақын
мұрасындағы деректік жолдарға сүйенеді, бірақ Әсет ақын мұрасының өзі ел
аузынан әртүрлі орындаушылар арқылы жеткендігін ескер сек, бұл мәселеде
нақты пікір айтьу қиындай түседі. Әрі кейінгі кезде ақын мұрасына қолдан
жасалап қосылған естелік пен өлеңдер де жазылып жүргендей әсер
қалдыратынын жасыруға болмайды.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ әдебиеті атты топтама зерттеу еңбекте
Әсет ақын мұрасын жүйелі зерттеп келе жатқан, профессор Б.Абылқасымов
Әсеттің туған жріне қатысты болжамдарға қатысты пікір білдіріп: Б.Адамбаев
деректері көкейге қонады, ақынның шешесінің аты Кермеқас екндігі белгілі,
ал оның кімнің қызы екендігі туралы нақты дерек жоқ. Міні осы кілтипанды
анықтаған күні Әсеттің қайда туғандығы туралы дау да бітпек [12] деген
тұжылым жасайды.
Әсет ақынның шығармаларын оның сауаттылығы, шежіре тарихқа, шариғат
қағидаларына жетіктігі, араб-парсы тілдерін жақсы игергендігі аңғарылып
отырады. Евгений Онегинді Абай дастанының дәстүрімен назиралық үлгіде
жырлауы әрі өзіндік шешім, өзгерістер қосуы ақынның орыс тілінен де
хабардар болғанын, ал Ағаш ат дастанында Аударған арабшадан атым Әсет,
Ер Шеризатта Шығарып парчсы сөзден өлең қылдым дегеніне қарағанда, Шығыс
классикасының кейбір шығармаларын түпнұсқадан оқып танысуы да мүмкін жай.
Әсет шығармаларындағы араб-парсы тілдерінен енген сөздерді теріп сөздік
жасағанымызда 400-ге жуық араб-парсы сөздерін кездестірдік. Бірақ бұл
құбылыс тіл шұбарлау емес, қайта В.В.Радлов пікіріндегідей: Қазақтардың
тілі исламның бүлдіргіш ықпал әсерінен аман қалған және өзінің таза
түркілік қалпын сақтаған. Әрине, оған кейбір жат сөздер енді, әйтсе де олар
басқа түрік мұсылмандарыдың тіліндегідей өзінің төл ерекшелігін сақтай
алмады, қайта тілінің заңына бағынып икемделеді, осылайша халық игілігіне
айналды [13]. Ақын араб-парсы сөздеріндерлік сөйлеу тілінің тұрақты қорына
айналып, дағдылытіл машығына енгендігінен емес, поэтикалық бояу ретінде де
қолданады.Ақынның мұсылманша оқығандығы, сауаттылығы еш шүбә келтірмейді,
ал қайда қай медреседе оқыды деген сауалға әр түрлі көзқарас, болжамдар
айтылып, жазылып келеді.
1968 жылы жарық көрген жинаққа алғы сөзінде Б.Адамбаев: Әсеттің әкесі
Найманбай, шешесі Кермеқас, баласын Бақтыдағы (Көктұма) Ғабдышүкір
(Зейнолла деп те атайды) имамның медресесіне береді [14] дейді. А.Жұбанов
та ақынның Көктұмада Зейнолла имамның медресесінде оқығандығын айтады [15].
Әсет өміріне байланысты алғаш көлемді зерттеу мақала жазғанғалым
С.Ордалиевте осындай пікірде болған [16]. 1983 жылы 25 наурызда Қазақ
әдебиеті газетінде жарияланған Б.Нұржекеевтің Әсетті көрген ақсақал атты
мақаласында Әсетті оқытқан Қазірет Құсайын деген кісі екендігін айтады
[17], ал осы кісінің мешіт ұстап бала оқытқан жері Шұбарағаш-Ойжайлау,
бұрынғы Лепсинск уезінің орталығы болған жер. Мақаншыдағы Көктұма да
бұрынғы Жетісу облысына қараған. 1903 жылғы мәліметбойынша сол кездегі
Лепсі уезінде бар болғаны 7 мұсылман мектебі бар екен, оның 3-еуі Лепсінің
дәл өзінде болыпты. Шұбарағаш- Мақаншы өңірінде де жер бар. Дала уалаяты
газетінің 1894 жылғы 46 санында төмендегідей деректер бар: Бақты
қаласынан әрмен 3 шақырымда тұрған һәм Қытайдың Шәуешек қаласынан әрмен 13
шақырымда тұрған Шұбарағаш деген жерде съезд болды Естелік айтушылар
Шұбарағаш- Бақты- Көкқұмда екендігін шатастырған. Б.Нұржекеев жоғарыдағы
жайларды жаза келіп; Алайда медресе болмаса да Бақтыда мұсылманша оқытатын
мектептің ашылуы мүмкін деп ойлаймыз. Бірақ ондай мектеп Әсетке біз
жоғарыда айтқандай терең білім бере алар ма еді? Ал Семейдің жағдайы мүлде
басқаша, онда 7 медресе болыпты. Осы жайларды таразылай қарасақ, Әсет Семей
медресесінде оқыды [18], деген ой айтса, 1988 жылы жарақ көоген жинаққа
жазған алғы сөзінде: ... ақынның шығармашылығын зерттеушілердің кейбіреуі
оны Семей медресінде оқыды десе, біразы Көкқұмда (қазіргі Бақты) оқыды
дейді бұған қазір әрине тірі куә жоқ [19] деп бұл жайды әлі нақтылай түсу
керектігін айтады. С.Мұқанов Алыптың адымдарында Әкесі Наймантай шағын
шаруалы белгісіз адам екен. Балалық шағында Әсет Семейдегі дін медресесіне
оқуға беріледі де, қаражаттың жоқтығынан 15 жасында медреседен шығады
дейді. С.Бегалин Семейде оқыған дегн пікір айтады: Әсеттің жас кезінде
әкесі Найманбай кедейліктен күнкөріс іздеп, Семейге келіп, Әсетті Жаңа
Семейдегі медресеге оқуға береді. Сол Мақаншыда Әсеттің әкесі өледі де
кейінірек Көктал болысындағы нағашысына кетеді. Әсетті Семей медресесінде
оқыды дегн болжамдарының Бақтыдағы мұсылманша мектеп терең білім бере алар
ма еді, - деген пікірлердің де нақты ұстанар дерегі жоқ. Әсет ақын
сауаттылығын қай медреседе оқығандығымен ғана емес, дарын, талант-
талабының тұрғысынан бағалаған жөн. Жамбыл, Шәкәріснің медреседе оқымай-ақ,
Халық униврситетінің қайнарынан сусындап өскендігін қалай мойындасақ,
Әсет ақынға өміріне қатысты көптеген деректерді бұрмалау кеңес дәуіріндегі
идеология келеңсіздігінен арашалау ниетінен туындағандай әсер қалдырады.
Ақын өмірінің тағы бір ккезеңі- оның Шығыс Түркістанға, Қытай
қазақтарының жеріне өтуі. С.Ордалиев жоғарыдағы аталған зерттеу
мақаласында, А.Жұбанов Замана бұлбұлдарында ақынның арға берке өтуі
туралы Емілбарлық (Байжігіттер) елі Қытай еліне ауғанда Әсет бірге кетіп
содан қайтып оралмағандығын айтады. Б.Нұржекеев 1987 жылы жұлдыз журналының
№ 7 санындағы мақаласында біршама деректер келтіргенімени нақты жылын
көрстпейді. Б.Адамбаев 1968 жылғы жинаққа жазған алғы сөзінде: 1916 жыл
оқиғасынан, патша өкіметінің жазалаушы отрядынан үркіп, үрейленген
ауылдастарымен бірге Әсет Шығыс Түркістанға өтеді дейді.
Әсет Найманбайұлы сонауц 1904 жылдан бастап-ақ ауылы-аралас, қойы-
қоралас жатқан етене өз туысы қытай қазақтарына келіп-кетіп жүргені анық.
1916 жылдың дүрбелеңі кезінде Тарбағатайға бала- шағасынмен келіп, Байжігіт
еліәнің ішіне қоныстанған. ОҒК қолжазба қорығындағы С.Жақсыбеков тапсырған
Әсет өлеңінде:
Басынан біз қозғалдық өткен жылда,
Қайғы бар жан иесі әрбір құлда.
Көрерсің көресіңді көмілгенше,
Жақсылық жамандығын бірдей бұлда,
Басына бір пенденің орнаған жоқ,
Бара*-бара қысымшылық жұртқа жұмлә.
Жылында 1916 жыл 20 март,
Тоқтадан Қожеке өрлеп келдік мұнда, – деген жолдар деректілігімен көңіл
аудартады. Осы қолжазба қорындағы 414 бумада Әсеттің Жабықпай мен Мешбетті
татуластырғандығы айтқан өлеңінде төмендегідей жолдар кездеседі:
Айрылған қашақ едік рахаттан,
Тамаша ойын- күлкі зияпаттан.
Асқанға тосқан деген заман болып,
Айырлған халық едік қияпаттан,
Жылында 1917-ші
Ел ауды Тарбағатай мұзапаттан.
Айырлып Романов кәмәләттан,
Зорлыңғын хақ тағала шамалатқан. [24]
Бұл өлеңдерде қарағанда Әсет ақан 1916 жылдың соңында Қытайға өткен.
Әсет ақынның 1922 жылы22 шілдеде Афари қажының үйінде қапыда дүниеден
өткендігі мәлім. Ақынның қызы Сәмөгейдің естелігінде сүйеніп айтылған бұл
пікірді зерттеушілер жоққа шығармайды. Ақын өмірінің басты кезеңдерін
жекелей қарастыруымыз- пікір таласына айналған кейбір мәселелерге өз
көзқарасымызды білдіру.
Әсет ақын мұрасын зерттеуде ақын шығармашылығы туралы пікір білдіру,
өміріне қатысты деректерді жинау, баспасөз бетінде жириялануы жайлы қысқаша
шолу жасау керектігі туындацйды.
1920 жылы ькөрнекті фольклорист Ә.Дивав басқаруымен ұйымдастырылған,
Лепсі, Қапал уездерінен ауыз-әдебиеті үлгілерін жинаған экспедиция Әсет
ақанның бірнеше өлеңдерін жазып алған. Ә.Диваев жинаған жазбалар ҚРҰҒА-ның
ОҒК-да сақталған. Онда Әсеттің атақты Арғынмын атым Әсет арындаған- деп
басталатын өлеңі мен Ақырғы сөзі бар. Экспедиция құрамына болған Ілиястың
Әсет шығармашылығына ерекше ден қоюы да заңды. Лепсі, Қапал өңірін жақсы
білген әрі өнер тақырыбына ерекше қараған Ілияс Әсетке арнап Әншіге,
Тұңғыш тоғысу Әнші өлеңдерін жазғаны мәлім. Кейіннен Аягөз ауданында
Сапарғали Әлімбетовтен Татьяна деген вгений Онегиннің Әсет жырлаған
нұсқасын жазып алған. Әсет ақан мұрасының алғаш баспа бетін көруі 1925
жылы. Осы жылы Таң журналының 1- санында Әсетпен Кемпірбайдың қоштасуы
жарық көрді. КЕйінірек 1931 жылы С.Сейфуллин Қазақтың ескі әдебиті
нұсқалары кітабында осы қоштасуды қайта жариялайды. [28] Сәкеннің 1931
жылдың аяғында Ұржар ауданында колхоз ұйымдастыру жұмысына баруы, Ұржар,
Мақаншы өңірінде болуы Әсет есімі мен шығармашылығына қанықтыра түсті. 1936
жылы Балташ Ысқақов Социалды Қазақстан газетінің 26 маусымдағы санында
Әсер әрі әнші, әрі халық ақыны деген мақала жариялады. [29]. Әсет ақын
мұрасына қатысты даулы пікірлер 1936 жылдан бастап көрініс бере бастады.
Оған ел ішінен табылған Евгений Онегин дастаны нұсқаларының авторы Әріп
пе Әсет пе деген сауал тән болды. 2002 жылы Жекен Жұмақанов Қазақ
әдебиеті газетінде Евгений Онегинді аударған Әріп ақын деген мәселе
көтерді.[30]. Бұл пікірді кейінен Бейсенбай Кенжебаев та куаттады. Әсет
шығармаларына көңіл аударған академик Ахмет Жұбанов 1942 жылы Әсет өмір
сүрген Мақаншыға барып, ол туралы деректер жинап қайтты. 1958-59 жылдары
Қазақ ССР Ғылым академиясының Тіл және Әдебиет институты анрайы экспедиция
шығарып, экспедициямен Ұржар, Мақаншы аудандарына барған Б.Адамбаев,
Б.Жақыпбайұлы Әсет ақын өмірі жайлы мағұлматтар әкеліп, әдеби мұрасын
біршама толықтыра түсті.
М.Әуезов Абайдың өмірбаяны, Абай Ибраһим Құнанбаев атты
мақалаларында Әсетті Абай шәкірттерінің бірі ретінде танытса, Айтыс
өлеңдері атты зерттеуінде Әсет пен Рысжан айтысына еркше баға береді.
[32]
С.Мұқнаов 1942 жылы жарық көрген Қазақтың 18-19 ғасырдағы әдебиеттінің
тарихынан очерктерінде Әсет шығармагшылығына арнайы тоқталып, сол жылы
Е.Исмайловпен бірге Айтыс жинағвның бірінші томында Әсет пен Рысжан
айтысын енгізді. [34] 1951 жылы Абай мектебіне жасалған шабуылдың
шырғауында өзі мұрындық болып жүрген С.Мұқанов 1951 жылы 15 маусымда Қазақ
ССР Ғылым академиясы Тіл және әдебиет инситуты мен Қазақстан Кеңес
жазушылар одағы бірлесіп өткізген конференцияда Абайдың әдебиет мектебі
және оның шәкірттері деген тақырыпта жасаған баяндамсында: Адалын айту
керек, бұл ақын адам,- дей келе- сүйенген табы байлардың дәурені өткеніне
көзі жетіп, жалғызсырай бастаған, сондықтан өмірден күдер үзіп өлімге бет
бұрған, шет елге қашқан- деп кінәлап, өлеңдерінің басым тақырыбы Ислам
дінін үгіттеу деп сынады. [35] Замана идеологиясының ығында белсенділік
таныитып, бұра тартақан сындар өтінде Әсет, Әріп, Көкбай, Шәкәрім мұраларын
мансұқтаған ұшқары пікірлер айтылмай қалмады. Әсет пен Әріп хат таныған
сауатты болса да поэзияда ру тартысы мен байланысты айтқандары кейінгі
жазғандарын ақтап ала алмайды. Бұлар Абай маңында болғынымен Абайдың
ақандық дәстүрін шығармашылық жолмен меңгере алмады. Әдетте Абайдың ақындық
мектебін зерттеушілер көбінесе аАбай ауылынан, Көкбайлардан ұзап шықпай
жүр [36]- деп Абайдың алдын көрген үлгісін алған ақан-шәкірттерін жоққа
шығармақ болды. Кейінен С.Мұқанов Әсеттің ел ішіне көп тараған иАқырғы
сөзін1959 жылы шыққан Алыптың адымдары кітабында [37], сол жылы жарық
көрген ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті хрестоматиясында Әсет пен
Кемпірбайдың қоштасуын [38] жарилады. 1961 жылы С.Ордалиев Қазақ әдебиеті
тарихының екінші том бірінші кітабында ақын өмірі мен мұрасы жайлы тұңғыш
арнайы зерттеру мақала жазды. [39] Әсет ақан шығармаларының жинастырылып
басылуына Б.Адамбаев та көп еңбек сіңірді. 1968 жылы С.Ордалив пен
Б.Адамбаев Жазушы баспасынан ақынның алғашқы шығармалар жинағын шығарды.
[40]. Бұл жинаққа Әсет ақынның 4 айтыс, 4 исса- дастаны, 35- тей ән-өлең
арнаулары кірді. Алғы сөзін, түсініктерін Б.Адамбаев жазды. Жинақ алғашқы
болғандықтан әліде толықтыра түсетін тұстары болып жатты. Жазушы
Б.НҰржекеев Әсет ақын шығармашылығы туралы баспасөз біріне бірнеше мәрет
келелі мәселелер көтеріп, 1988 жылы Әсет мұрасын дәйекті зерттеп укеле
жатқан ғалым Б.Абылқасымовпен бірге ақын шығармаларының анағұрлым толық
жинағын шығарды. [42] Бұл жинаққа 29 ән тексі, 71 өлең, 10 айтыс-қағыс, 8
қисса-дастан кірген. Ақынның 125 жылдық, 130 жылдық мерейтойына қатысты
мерзімді баспасөзде көптеген мақаллар жарияланды. 1992 жылы Мақаншыда ақан
Мұражайы ашылды. Абайдың ақындық мектебін жарты ғасырдан бері қайтпай,
тавлмай зерттеп келе жатқан Қ.Мұхамедханов 1995 жылы жарық көрген Абайдың
ақан шәкірттері атты еңбегінің еңбегінің 3- кітабында Әсет ақын өмірінен
деректер беріп, бірнеше таңдамалы өлеңдері мен Салиха – Сәмен, Ағаш ат
дастандарын Әсеттің Рысжанмен айтысын жариялады. [43] А.Қыыраубаева
Ғасырлар мұрасы монографиясында [44], кейіннен докторлық диссертайиясында
да Ер Шаризат дастанын сюжеттік композициялық тұрғыдан толдап, Француз
қиссасының авторы белгісіз нұсқасы жайлы дерек берген, қағысына
тоқталған.[45]
Әсеттің Ер Шаризат дастанның сюжеттік негізін, композициялық
құрылымын, жанрлық ерекшелігін Б.Әзібаева Казахский дастанный эпос атты
еңбегінде біршама қарастырған [46].
Әсет ақан мұрасын жинастыру, бастыру, зерттеу ісіне Ә.Дивав,
І.Жансүгіров, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, Қ.Жұмаділов, т.б өз
үлестерін қосты.
Атадан балаға жаданда жатқа сақтаушылар арқала жеткен ақынның мол
мұрасы Әсет талантының деңгейін жоғалтқан емес. Абай дәстүрін жалғастырушы,
Абайдың ақан шәкірттерінің бірі- Әсет ақан мұрасы, рухани асыл қазынасы
мұқият зерттеуді қажет ететіні сөзсіз. Академик С.Қирабаев сөзісмен айтсақ:
...Абаймен жалғаса туған шәкірт ақандар (Абай маңындағы)
Осыдан бірер жыл бұрын жазушы Құрманбай Толыбаевпен жолығып, Әсет жайлы
жазған романы туралы және жастық шағы өткен Құлжа, Боротола өңірінде
жүргенде Әсет туралы, оның зираты жөнінде естіген басқа да әңгімелерінің
бар-жоғын сұраған едім. Марқұм кең тыныстап алып: Е... ол жағдай есімде
ғой деп бастап еді әңгімесін. Адамның санасынан өшпейтін оқиғалар жыл
өткен сайын қайта жаңғыра береді. Халқымыздың аяулы ұлы Әсеттің өмірі де
сондай. Ұмытылмас өмір. Құлжа қаласының шығыс солтүстігіндегі Қайшы
жайлауының кең маңдайы – Сарытөбенің жасыл жонында Құлжа ауданының мәдениет
мекемесінің 1953 жылы ұйымдастырған ақындар айтысы есімде. Сонда Әсетті
зерттеп жүрген ақын Жұмаділ Маманұлы: Ардагер ақын, әйгілі композитор,
бұлбұл көмей әнші Әсет халықтың аузында ғана емес, жүрегінде де жүр екен.
Ақындар мен жиналған қауым бір ауыздан өнерімізбен Әсеттің басына
ескерткіш орнатамыз деген бастама көтерді. Бұл ұсынысқа ел, партия,
үкімет, мәдениет өкілдері түгел қосылдыдеп тебіренген еді. Бір кезде
осынау жалпақ жайлау үстінде елі сүйікті ақынын төбесіне көтерген. Оның
батысындағы Көлденеңқаз, Көлтекшенің зең-гір көгіне шығарған, асқар алып
Ереңқай, Бір-жанның солтүстік қапталындағы Тақия-Жың, аяқ жағындағы Сайрам
көлінің жағалауы, оңтүстік күңгейіндегі ұлан-ғайыр Көкқамыр Әсеттің әсем
әніне елтіген. Жұртты өнермен тамсандырған Әсет осы өңірде қапылыста қайтыс
болды. Сүйегі осы Қайшыдағы Тастөбе бейітіне жерленген. Содан бері сексен
жылдан астам уақыт өтті. Халқы ұмытпады, сүйікті ақынын ардақтап отыр.
Халықтың осы сүйіспеншілігін көзбен көрген Жұмаділ тағы бірде былай деген-
ді: Әсеттің зиратының топырағын жел ұшырып, жаңбыр шайған екен. Осы бір
қалың зират ішінен оның дәл табылуы қиынға соқты. Ол кездегі Әсет
айналасындағы ақылгөй Мешпет, домбырашы Тергеусіз, сері Әукен, әнші-ақын
Рақымжан, дос-жар Әбілақаттар қайда? Жиналғандардың біреуі ана топырақты
көрсетсе, екіншісі қамшы сабымен мына топырақты нұсқайды, таппадық. Иә,
уақыт өткен. Топырағы шөккен қалың моланың ішінен Әсеттің бейітін таба
алмай қатты қиналған. Кенет байсалды бір топ аттан түседі. Қариялар
зираттың шығыс бетіндегі топырағы отырып кеткен бір төмпешікке таяп барып
отыра қалады да, дұға оқиды. Бұлар көненің көздері 86 жастағы Әпсемет пен
Сұлтан және 80 жастағы Мұқан қариялар еді. Көкейлерінен өшпепті. Әсеттің
бейітін дәл көрсетеді. Бұл кісілер бір кезде ақынды жерлеуге қатысқандар.
Олар: Осы қабірдің астында жуандығы қара сандай қарағай қазық бар дейді.
Іздегендері табылғандай болған жігіттер топырақты ашқанда әлгі қазықты
көреді. Үлкен-кішінің жаппай жұмылуының арқасында Тасжота қорымында табаны
тастан өрілген, ақ сырлы бесік күмбез бой көтерді. Маңдайшасына қызыл
таспен: Әйгілі ақын, композитор Әсет Найманбаев, 1867–1923 деп ойып
жазылған. – Қалың қатпарлы заңғарлы таулардың арасын мәңгі тыныстаған
ақынның ескерткіші 1955 жылы осылай жаңғырды, – деп әңгімесін аяқтады
Құрманбай аға. Әсет жөнінде деректер жинау мақсатымен 2009 жылы Іле
аймағына іссапармен барғанымда Құрманбай ағаның айтқан әңгімесінің нақты
екеніне көз жеткіздім.

1. Ән өлеңдері мен арнау- толғауларының жанрлық ерекшелігі

– 1992 жылы Әсеттің туғанына 125 жыл толу мерекесін республика деңгейінде
ел болып тойлап едік. Он сегіз жыл деген не тәйірі, өте шықты. Әне-міне
дегенше, ақынның туғанына 145 жыл болып қалды. Тарих үшін бұл онша ұзақ
мерзім емес. Былайша айтқанда, тарих шаңына көміліп, ақын есімін ұмытатын
уақыт деуге келмейді. Алайда, бүгінгі таңда Әсеттей ірі тұлғаның ел алдында
жарқырай көрінетін келбеті көмескіленіп, атақ-абыройы мен биік тұлғасы
аласарып, қадам басқан іздерінің сілемі солғын тартып бара жатқандай. Солай
бола тұрғанымен, соңғы жылдарда Әсеттің ән өнерін жаңғыртып, насихаттайтын
ғажайып шаралардың өткізілуі көңілге үміт ұялатады.
Меніңше, Әсеттің ғажап туындыларының ел ішінде кең тарамауына негізгі екі
себеп бар деп ойлаймын. Біріншісі, Әсет өмірінің кемелденген шағының
шетелде өтіп, шет жерде дүние салуы. Екіншісі, ақынның мол мұрасын ел
ішінен бұрын, Қытайдың Шығыс Түркістан аймағын мекен еткен қазақ жұрты көп
естіп, көп білгендігі. Ақынның асыл қазыналарының бұл жақтан гөрі ол жақта
басым болуы. Міне, осының салдары болар, оның өмірлік туындылары әлі де
толық жинақталып, терең зерттелмей қалыс қалып келе жатыр. 
Егер арғы бетте Әсеттің замандастары, озық ойлы, көкірегі ояу, көзі ашық,
құйма құлақ шәкірттері, өнерін сүйген халқы болмағанда айтылған сөзі
айтылған жерінде қалар ма еді? Гүлдерім қайта өнер ме өрімдеген, Жібегім
кетті-ау талай өрілмеген деп өз мұрасынан ертеңіне күдікпен қараған ақын,
төңірегіндегі өртеңге шыққан көктей қаулап өсіп келе жатқан қаншама
шәкірттерін байқай алды ма, жоқ па?! Алайда, шын асыл дүниенің жүректен-
жүрекке жол тауып жүре беретіні анық екен. Әсеттің көзін көріп, сөзін
тыңдаған, жанына ілесіп жүріп жан азығын тапқан Кәдрихан мен Рақымжан,
Жүнісқан мен Шадай секілді шәкірттері болса, оларға ілесе қосылып Қали мен
Шериаздан, Ауған мен Тоқтаған бастаған екінші топты Қыдырмолда Әділбекұлы,
Бікен Мәсәлімұлы, Мәмет Қошқарбайұлы, Күмлия Әділбекұлы мен Дәнеш Рақышұлы
жалғады. Міне, осындай ізбасарлар арқылы Әсеттің әндері, ән орындау мәнері,
Әсет мектебі, оның шоқтығы биік, шыңы дара, дана туындылары бүгінге жетті.
Әсетті оқып, Әсеттен нәр алып өскен өнерсүйер қауымның және Әсет
шәкірттерінің тастан тары тергендей қажырлы еңбегінің арқасында 1945 жылы
оның Салиха-Сәмен дастаны жеке кітап болып Шығыс Түркістанда, Алтайда
жарық көрді. Ал біздің елде 1968 жылы жазушы Балтабай Адамбаевтың
құрастыруымен Әсет деген атпен шағын шығармалар жинағы шықты. Осыдан
кейін 20 жылдан кейін, яғни 1988 жылы жазушы Бексұлтан Нұржекеев пен
зерттеуші-ғалым Болатжан Абылқасымовтың құрастыруымен Жазушы баспасынан
Әсеттің шығармалар жинағы біршама толықтырылып шықты. Бұдан кейін де әнші
туралы қаншама кітап жазылды. Ең қуаныштысы сол, қытай елінің астанасы
Бейжің қаласындағы Ұлттар баспасынан 2000 жылы жазушы Қалиолла
Нұртазиннің жинақтауымен Әсеттің шығармалар жинағының 2 томы жарық көрді.
Ақынның таңды таңға ұрып айтатын дас-тандары мен тамаша өлеңдерін, әсем
әндерін жадында сақтап, бүгінгі ұрпаққа жеткізуге өлшеусіз үлес қосқан
Мақаншы өңірінің көнекөз қариялары: марқұм Қыдырмолда Әділбек, Күнболат
Қамзаұлы, Байділда Қанағатұлы, Қажікей Қалипанұлы, Қазытай Мұрынбайұлы,
Уәли Тілеуұлы, Мәулітқан Сейтханұлы, Қызыр Сағит, бүгінде ортамызда жүрген
Сансызбай Қармыс сияқты ел ағаларына айтар алғысымыз шексіз. Ал Әсеттің ән
мұрасын ел кәдесіне жаратып, еліміздің өнер сахнасында қаз-қалпында
түлетуші, Әсеттің ақын шәкірті Мәмет Қошқарбайұлының оқушысы Дәнеш Рақышев
десек қателеспеспіз. Өйткені, Дәнештің 1958 жылы елге оралуымен бірге Әсет
әндері қайта түледі. Арқадан Алатауға дейін аққу болып қалқыды.
Ән салсаң Әсеттей сал ән байқауы Алакөл жағасында бүгінге дейін
түрлі деңгейде 6 рет өтіп, өмірде Әсет барын, Әсет әндерінің жанашыры бар
екенін алты Алашқа паш етті. Әсет әндерін нақышына келтіре орындап,
халқының жүрегіне жеткізуге жол таба білген марқұм Дәнеш Рақышевтың,
Жәнібек Кәрменовтің, күміс көмей әнші Мәдениет Ешекеевтің, бүгінде көзі
тірі Қажыбек Бекбосыновтың, Қайрат Байбосыновтың, Бекболат Тілеухановтың,
Нұржан Жанпейісов пен Еркін Шүкімановтың, Ерлан Рысқалиев пен Толғанбай
Сембаевтың, Берік Омаровтың таланттары тұлғаның баға жетпес қазынасының мол
қорын аша түскендей. 
Әсет ақынның ән- өйлендері де жыр- толғаулары да әртүрлі орындаушылар
арқылы бірнеше нұсқада жетті. Импровизация үлгісінде туып, ауызша ел
арасына тарап, бугінгі күндерге жеткен ақынның шығармаларын хронологиялық
жүйеге түсіру мүмкіндігі шектеулі. Сол себепті Әсеттің 1968 жылғы жинағына
кірген 34 ән-өлең, толғау-жырлары мен 1988 жинаққа енген 29 ән тексі, 71
өлең, жыр-толғауларын құрастырушылар жанрлық түрімен тақырыптық ерекшілігі
тұрғысынан топтастырған. Шығармаларын жанрлық тұрғыдан жіктеу- ақын
талантының ауқым- аясын танытса, тақырыбына қарай топтастыру-замана күйіне,
әлеуметтік ахуалға болмысқа, дүниеге көзқарасын аңдауға мүмкіндік берді.
Сондықтан Әсет ақын лирикасын төмендегідей тақырыптарға бөліп қарастырған
жөн.
1. Жастық, сйіспеншілік әуендері.
2. Өнер, ғылым, дін жайлы ағарт ушылық, дидактиқалық өлендер.
3. Замана жайын толғаған сыншыл реализм дәстүріндегі толғау
жырлары, арнау өлендері.
4. Халық поэзиясы үлгісіндегі салт, ғұрып өлендері.
Ақынның жастық махабат тақырыбындағы өлеңдерінің дені- әндері Бала
кезінен қиссалар жаттап, әйгілі әншілердің әнін, жыршылардың асыл сөздерін
ой- санасына түйіп алатын әдетінің арқасында Әсет өз өлеңдеріне ән шығара
бастады. Ақан серінің, Бірджанның, Құлтуманың сұлу сазды әндерін Бәйжігіт
еліне жеткізуші, таратушы Әсеттің әншілігі ақындығынан кем емес [47].
Үлкен Ардақ, Кіші Ардақ, Қарагөз 1-2 түрі, Гауһар қыз, Желдірме,
Мақпал сияқты әндері- ақынның жас бозбала шығында шығарған әндері.
Себебі, ән мәтінінде дәстүрлі қара өлең, қайым өлең әсері айқын аңғарылады.
Мысалы, Мақпал әніндегі:
Мақпалдан қайттым бңр күн Кербалақпен,
Асылып садпағымды қорамсақпен, немесе
Кіші Ардақтағы:
Ат қайда Ақбақайдай шаппай жерген ...
Қарагөздегі:
Қаратаудың басынан түсер сағым, т.б.
Қарагөздің келесі бір түрі қазақтың қара өлең айту дәстүрінде
орындалатындығы әрі өлең ұйқастырының алысарға, табысарға, жарысарға, туған
айдай, жазық маңдай, бұлбұл таңдай, ақсай №южелген, көзі күлген, өзі
күлген, сәулем едің, дәурен едің, әуреледің тәрізді жеңіл ұйқасқа құрылуы
еліктеу, үйрену кезеңінің стилін аңғартады. Әпитөк, Ардақ, Мақпал
сияқты көптеген әндерінің авторлығына күмән-талас пікір туындауы-әрі
реминисценция тұрғысынан, әрі стильдік қалыптасуының еліктеу кезеңі
тарапынан заңды құбылыс. Әсеттің алғашқы әндерінің қатарында өзіндік
өрнегі, мәнерімен ерекшеленіетін поэтикалық және музыкалық жағынан бір-
бірімен шебер ұштасқан, әуен-саз және ырғақтық құрылысы өте мәнді шығармасы-
Інжу- Маржан. Інжу- Маржан- Әсеттің еліктеу кезеңінен өтіп өз стилін
танытудағы талпынысының тырнақалдысы. Әуелдетіп ән саласа әнші Әсет- деп
басталуының өзі импровизатор ақывндарға тән өз авторлығын бекіту әдісі.
Мысалы:
Ән еді Біржан салған Жамбас сипар,
***
Толғантып Жарылғаптың салған әні,
***
Аралап қара ертісті Естай ақын
Деп салған Жайқоңырдай әннің аты
***
Ән еді Ыбырай салған Майда қоңыр
Өнер зертеушісі Қ.Жүзбасов құрастырған Әсеттің әндер жинағында Інжу-
Маржанның бес түрі нотасымен басылған [48]. Бұдан ақын өзінің сүйікті әнін
үнемі айтып жетілдіру үстінде болғандығын көреміз. Б.Нұржекеевтің Інжу-
Маржан- махаббат әні, Еркем-ай сағындым, Сағынбасқа не шара, Қозы
көрпеш Баяндай бір молада өлсем-ай сияқты ән қайырмасындағы сөздер бұл
пікірімізге дәлел. Алайда әннің негізгі текстінде, яғни өлеңінде махаббат
мотиві жоқ: ән бір басқа да, өлеңі бір басқа. Еркем- ай сені сағындым деп
тұрған қайрмаға Әуелетіп ән салса, әнші Әсет, Аққуменен аспанда жер
тілдесед деген асқақ сөздің үйлеспейтіні былайда көрініп тұрған жоқ- па
[49] деген пікірмен келісу қиын. Інжу- Маржанның Қ.Жүзбасов жариялаған 3-
4 түрінде сағыныш та бар, ал 5 түрінде Салиха- Сәмен жайлы да айтылады.
Ақын . Інжу- Маржанның, Қисметтің ойнақы әуезді қайырмасын жиі
пайдаланған. Інжу- Маржан А.Түгелбаев естелігіндегідей [50] Інжу атты
қызға арналмаған сыңайлы. Әрі 1920 жылы шығарылған деу де негізсіз, тек
әннің бір ғана нұсқасына қатысты айтылуы мүмкін. Б.Нұржекеев 1988 жылғы
жинаққа В.Г. Ерзаковичтің 1934 жылыЛекеровтен жазып алған нұсқасын
енгізген. Бұл нұсқа Қ.Жүзбасов құрастырған жинақта Інжу- Маржанның
екінші түрі ретінде берілген. 1988 жылғы жинақта алғашқы шумақтың 4-5
тармағында ждаусым- даусы, жүрегімнен- жүрегінен деген сөздер редакторлық
түзетуге түскен. Бірінші жақтағы тәуелді сөзді үшінші жаққа ауыстыру ән
сөзі Ілиястікі деген пікірді орнықтыру ниетінен туса керек. Інжу-
Маржанның, Мақпалдың, Ардақтың, Қисметтің т.б әндердің бірнеше түрі
блолуы осы әндер эволюциясын танытады. Бірден қағазға түсіп таралған ән
болмағындықтан импровизациялық үлгідегі шығарманың бір мәтінімен айтылуы
мүмкін емес, жеткізуші, орындаушылардың әсер, үлесін былай қойғанда,
автордың тарапынан көп өзгеріске түсіп жетілдіріп отырған. Інжу-
Маржанның бір түрін А.В.Затаевич тің 1930 жылдары І.Жансүгіровтен жазып
алуы басында Әсет, кейінен Әнші аталған Ілияс өлеңінде Әсеттің де үлесі
бар екендігін жоққа шығармайды. Әсет өнерінің ішіндегі даулы пікір тудырып
жүрген Әпитөк әні жайлы өнертанушы ғалым З.Қоспақов: Әпитөк әнін
айтқанда Әупілдектің сөзімен айтып жүр. Бұл мүлде келіспейтін дүние. Кі
әннің аты да заты да, әуен ырғақтары мен құрылымы да , айтпақ болған
мақсаттары да бөлек емес пе және Әпитөк халық әні емес, халық композиторы
Ә.Найманбайұлыніңкі [51] дейді. Осы Әпитөк анық Әсеттің әні екенін
Х.Әділбекұлына Кәдирхан өз аузынан айтқан деп жазды,- С.Бегалин[52].
Әсеттің қазір халқымыздың рухани мәдениет қазынысында сақталған Інжу-
Маржанның, Мақпалдың, Ардақтың, Қисметтің , Қарақөз сәулем көз
көрген, Ырғақты , Әпитөк, Ақырғы сөз қатарлы толып жатқан әндері
бар. Кей әннің 3-4 түрі барлығын әрі дастандарды айту мақам әуені, трмлері,
айтыстары әуендлерінің сан қырлы әуезділігін ескерсек әнші- сазгер Әсеттің
музыкалық мұрасының да қомақты екенін көреміз. Әсет әндері алғаш жинақ етіп
құрастырған Қ.Жүзбасов 50-ге жуық ән- әуенді нотасымен жариялады. Әсет
әншілігіне берілген әділ бағалар – ақынның ән өнерінде шыққан биігіне
берілдген әділ бағалар. Академик А.Жұбанов: Әр әншінің өзіне тән музыкалық
ерекшелігі барындай Әсеттің де зө почеркі бар, орындауы келіссе әӘсетә әні*-
сахнаның сәнінің бірі десе [53], Әсет әндерін ел арасына таратушы белгілі
Д.Рақышев: Әсет әнін үйренгенде оның әрбір әнінің сипат сынына,
ойлылығымен орындалу шеберлігіне ерекше ден қойғагдығым еді [54] деп
бағалайды. Қ.Жұмаділев Тағдыр романында: Демежан өз өмірінде талай әнші,
өлеңшіні көріп жүріп, нағыз өнер иесін тауып тыңдағаны осы [55] деп
суреттейді. Әсет ақын- өзінің бойындағы ақындық, әншілік қасиеттерге өзі де
баға беріп кеткен ақын.
Ән басып , мейірін қандыр салғандай ғып,
Үйреніп жастар ғибрат алғандай ғып.
Тәтті әннің арасына асыл сзді,
Тоқысаң меруерт пен маржандай ғып,
Сөйлеген грамафон табағындай,
Мирас боп, бозбалаға қалағандай ғып,
Бір сағат сандуғаштай сайрап берсең,
Құлаққа қайта есту армандай ғып.
Ән салсаң Әсеттей сал арындатып...
Өзегін тыңдаушының жалындатып ...
Әсет өзі шығарған әндерді таңғажайып сұлу даусы мен өзі ғана орындаған
асқан шебер әнші, өлеңді үн нөсердей сорғалатқан төкпе ақан. ХІХ ғасырдың
екінші жартысында дәуірлеп өткен қазақтың сал- сері ақын әншілері Біржан
сал, Ақан серілердің жалғыз қара жалғасы да - әнші Әсет.
Шығрмашылық толысу шағы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы
тарихи аласапыран кезеңіне тап келген Әсет ақын мұрасы сол дәуір тудырған
әдебиеттегі дәстүр үрдісін дамытуға үлес қосып, ел өмірін, әлеумет
тұрмысын, тарих тауқыметін өлең толғауларына арқау етті. Ақындық, жалғыз
өз көңілінің күйін толғай білуде емес, басқалардың халін танып, күйіне
салып толғай алуында [56] .. әрі үлкен әдебиет халық өмірінің белді
кезеңдерін, дәуір тудырған әлеуметтік тартыстарды қоғамдағы саяси
ағымдарды, мифологиялық шатырмандарды айналып өтіп кете қоймайды [57].
Қазақ даласында ағартушылық бағыт кездейсоқ туған жоқ. Ол тарихи әлеуметтік
дамудың қажеттілігінен, өмір талабынан туған еді. Орыс отралауы неғұрлым
орныққан сайын қазақтың ұлттық мәдениетінің дамуына жол бермей, тұншықтыра
түсті. Ақынның соңғы өлең, толғау, термелерінің тақырыптық идеялық бағыты
дәуір тынысының тарылған, ұлт- мұңының молайған кезіндегі, отралық пен
озбырлықтан еңсесі түскен халқының қамы, сондықтан еілінің елдігін
жоғалтпай , діні мен салтын сақтап қалуын өнер- білімге ұмтылуын
уағыздайды. Егемендігінен, жерінен айырлып, болыстық билікті ғана місе
тұтқан, отаршылдардың саясаты, жаңа заңдары салты мен санасына қайшы келіп,
бойкүйез, немқұрайлыққа салынып, жалқаулық жайлап, талпыныс ұмтылысы кері
кеткен еліне керенаулық, жалқаулық әкелген надандықтан құтылудың бір жолы
өнер- білімде екенін насихаттайды. Ақынның сыншылдығы ағартушылық идеясымен
ұштасып жатыр. Надандықтың сыры жалқаулықта екнін дөп басып ойға түйген
ақын идеясы айқын.
Ал қазақ, малыңда көп, сәннің де көп,
Осыншама болдың екен неге еріншек?
Қомсынып көп қорлайды басқа халық.
Өстір ме едік өнерді көп үйренсек?... деп,
Өнер білімнен, кенде қалған халқының ар- намысын қорғау, әр елге бодан
болмай отарлық езгіден құтылудың жолы бірлікте, ғылым, өнер үйренуде екенін
жастарға өсиет, ғибрат ретінде айтады.
Өнер үрен кеудеңіді өрге сүйре,
Ендігі жас болмаңдар тым еріншек...
Оқып біліп пайдалан, біреуге ұқтыр,
Әліңше дін меллатқа пайда жұқтыр,
Оқымай бос қаламыз біз несіне?
Білімді озған кісі бәрі өзіңдей
Аяқ, қол, байқап қара келбетіңе,- деп оқу білімді, өнерді ел игілігіне
жұмсау керектігін, оқу мен өнердің талаптанған, талпынған жастың мұрасына
жеткізер дара жолы екенін көрсетеді.
Әсет ғылым жайлы толғанғанда қазақ поэзиясында 18 ғасырдан бері
насихат, үгіт үлгісінде айтылып келе жатқан белгілі жайларды да термелеп,
тәмсілдеп, кейде тың тосын теңеу, тіркес тауып, терең ой түйіндейді.
Мысалы:
Ғылыммен тән тазарып жанданады
***
Ғылым қу, жан тамырын тербетуге
***
Пердесі адамзаттың- ғылым шатыр
***
арасын ғылым бұлдап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ілияс Жансүгіров туралы
Жиенбай жырау шығармашылығы
І.Жансүгіров поэмаларындағы драматизм
Халық ауыз әдебиеті және көне түркі әдебиеті, жыраулық поэзия
ӘСЕТ НАЙМАНБАЙҰЛЫНЫҢ ӨЛЕҢДЕРІ МЕН АЙТЫСТАРЫ ТАРАУ
І. Жансүгіров лирикасы
Құлыншақ ақынның әдеби мұрасы
Ілияс Жансүгіровтың поэмаларының көркемдік ерекшеліктері
Әсет өлеңдерінің өзіндік ерекшелігі
Ілияс Жансүгіровтің Құлагер поэмасы - сюжетті поэма
Пәндер