Кәрілік адам жасын білдіретін түбірі сын есімнен болған сөз



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

Д И П Л О М Ж Ұ М Ы С Ы

Адам жасына қатысты сын есімдерге семантикалық талдау

Алматы, 2010

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 АДАМ ЖАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН СЫН ЕСІМДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1 Қазақ тіліндегі адам жасын білдіретін сын есімдердің зерттелу
тарихы
1.2 Жас ерекшеліктеріне байланысты қолданылатын сын есімдердің жасалу
жолдары

2 Адам жасына қатысты сын есімдерге семантикалық талдау
2.1 Жас, ересек, қарт сөздерімен келген адам жасын білдіретін сын
есімдер
2.2 Адам жасына байланысты қолданылатын сын есімді диалектизмдер

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМ

КІРІСПЕ

Дыбыстық тілдің қыр-сыры мол. Ол адамдардың қатынас құралы ретінде
қолданылғанда сол қасиеттерінің кейбіреулері ғана жарыққа шағыратыны,
сөйлеуші не жазушы адамның мақсатына, сөз қолдану шеберлігіне байланысты
олардың құбылып, түрленіп отыратыны мәлім.
Тілдің бұл қасиетін ғалымдар ерте кезден-ақ біліп, тілдің осы
тәрізді қолданылу жағын көп зерттеген. Дегенмен, сонау көне үнді, грек
тіл білімі өкілдерінен бастап күні бүгінге дейін тілдің көп мәселелері
талданып, өз шешімдерін тапқандай болса да тіл білімінде әлі де талдану,
анықталуы қажетті мәселелер орасан көп. Заттарға, құбылыстарға ең
қарапайым көрінетін ат берудің өзі тек грек тіл білімі өкілдері арасында
ғана емес, қазіргі дәуір тілшілері арасындағы пікір алысуға себепші болып
жүргені анық.
Сөз мағынасы өте күрделі құбылыс. Ол бірнеше элементтерден тұрады,
оның құрамында грамматикалық мағыналармен қатар сыртқы ортамен байланысып
жатқан мағыналық элементтер де бар. Айналамыздағы қоршаған дүниедегі
заттар мен құбылыстардың атаулары адамның санасында белгілі бір
тәртіппен, жүйелі түрде орналасқан. Ендеше лексиканы жүйелі құбылыс деп
тану қажет.
Тіл – бірнеше элементтердің жиынтығынан тұратын жүйелі құбылыс. Оның
жүйелілігі оның құрамына енетін элементтердің бір-бірімен байланысып, бір-
бірімен тығыз қарым-қатынасқа түсіп, біртұтастықты құрайтындығынан
көрінеді. Тілдің жүйелілік сипаты тілдің ішкі заңдылықтарын,
мүмкіндіктерін ашып сипаттауды тіл ғылымында көптеген жетістіктерге қол
жеткізді. Бұл тілдің кіші жүйелерінің өз алдына алынып қарастырылуымен де
байланысты. Сондай кіші жүйелердің біріне тілдің лексикалық қабаты
жатады.
Лексика – бірліктері бір-бірімен тығыз байланыста болатын сөздердің
бірнеше топтарынан тұратын, өзіндік құрылымы бар, элементтері белгілі бір
тәртіппен байланысқан жүйе. Кез келген тілдің лексикасындағы сан мыңдаған
сөздердің мән-мағынасын анықтап, олардың өзара байланысын тану үшін,
екінші басқа тілден өзіндік белгілері мен айырмашылықтарын, ұқсас
тұстарын айқындау үшін сөздік құрамның өзін бірнеше кіші жүйелерге бөліп,
зерттеу тиімді.
Тіл негізінен қарым-қатынас құралы. Оны сан қырынан қарастыру
лингвистиканың еншісінде. Қазіргі тіл білімінде тілдің қолдану аясын,
сонымен қатар жан-жақты қырларын ашып көрсетіп, зерттеу кең түрде қолға
алынып келеді. Дегенмен де тілді зерттеудің кейбір салалары мен қырлары
кенже дамып та келеді. Жеткілікті зерттелмегенімен лингвистер тарапынан
көзден таса қалып жатыр деуге болмайды. Солардың бірі тілдегі жиі
пайдаланылатын сөздерді семантикалық тұрғыдан талдау болып табылады.
Қазақ – ат қойғыш халық. Өзі тіршілік ететін кең даласына, оның аңдары
мен өсімдіктеріне, күнделікті бағып жүрген төрт түлік малына байланысты
қойылған сан мың атауларды былай қойғанда адамның өзіне қатысты атаулардың
саны қаншама көп.
Адамның өзіне қатысты атаулардың өзі өте мол. Оған адамның нәсілінен,
есімінен бастап дене мүшелері, ағзалары, киімі, тамағы, ұйқысы, денсаулығы,
түрлі қажеттіліктері т.б. атауларының бәрі жатады. Бұларды бір адамның
түгел қамтуы мүмкін емес.
Сондықтан біз өзімізге тағы да шектеу қойып, тек адамның жас
ерекшелігіне қатысты сын есімді атауларды ғана сөз етуді алдымызға міндет
етіп қойдық.
Адамның жасына байланысты атаулар мен сол арқылы жасалған тұрақты
тіркестер – тіліміздің ең байырғы бірліктері ретінде лексикалық қорымызды
байытып қана қойған жоқ, сонымен бірге, олар халқымыздың тарихын,
мәдениетін, рухани өмірін, дүние танымын, философиясын, психологиясын өз
бойына жинақтап жүрген құнды да құнарлы лексикалық бірліктер. Оларды жан-
жақты зерттеу – сол байлықты оны халқымыздың игілігіне жарату деген сөз
болып шығады.
Қазақ тіліндегі сын есімдер жеткілікті зерттелген десек, қателескеніміз
емес. Адамның жасына байланысты сын есімдер тіліміздің сөздік қорының
қомақты бір саласы. Ал осы сөз таптарын (адам жасына байланысты
қолданылатын сын есімдер) семантика тұрғысынан зерттеу енді қолға алынып
келе жатыр. Адам жасына байланысты қолданылатын сын есімдер әрбір халықтың
жанына жақын, рухани мәдениетінің сипатын дәл көрсететін лексика-
семантикалық топ. Дәл осындай сын есімдер күнделікті тұрмыста жиі
қолданылатыны белгілі.
Бітіру жұмысының өзектілігі. Қазіргі тіл білімінде адам жасына қатысты
сын есімдер азды-көпті еңбектерде кездеспесе ғана, арнайы зерттеу нысаны
болып, ғылыми тұрғыдан нақытырақ қарастырылмаған. Осыған байланысты қажетті
теориялық еңбектердің болмауы зерттеу жұмысын жазуға кедергі жасайтыны аян.
Қай халықта болмасын олардың тілдік қолданысында адамның жасына байланысты
қолданылатын сын есімдердің болатыны мәлім. Түрлі халықтардың қарым-
қатынасындағы адам жасына қатысты сын есімдерді зерттеген ғалымдар да
баршылық. Зерттеулерде нысан ретінде белгілі бір тіл алынып, олар
салыстырмалы және салғастырмалы түрде қарастырылады. Л.Т. Костина орыс және
ағылшын тілдеріндегі адам жасына байланысты қолданылатын сын есімдерді
салғастырмалы түрде қарастырады. Ал А.Д. Кирьян адам сипатын білдіретін
сапалық сын есімдерді тек орыс тілі тұрғысынан, К.А. Власова молодой –
старый сын есімдерін сөзжасамдық тұрғыдан, ал қазақ тіл білімінде С.
Қасиманов адам жасын білдіретін сөздерді зат есім тарапынан, Қ.Ә. Жаңатаев
адамның жас ерекшелігіне және жынысына қатысты атауларды, С.С. Сағатова
адам жасына байланысты атауларды қазақ және орыс тілдерімен салғастырмалы
тұрғыдан зерттеп, зерделеген. Л.О. Жолдасбек қазақ
сөйленістеріндегі туыстық атауларын лексика-семкнтикалық тұрғыдан
саралаған. Бітіру жұмысында қарым-қатынастағы адам жасына қатысты
қолданылатын сын есімдерді теориялық, семантикалық, морфологиялық тұрғыдан
қарастырылуы зерттеу жұмысының өзектілігі болып табылады.
Бітіру жұмысының нысаны. Қазақ тіліндегі адам жасын білдіретін сын
есімдерге семантикалық талдау жасау арқылы топтастырып, олардың қолдану
аясын көрсету.
Адам жасына байланысты қолданылатын сын есімдердің қазақ тілінде
берілу жолдары, семантикалық тұрғыдан талдануы зерттеу пәні болып табылады.
Бітіру жұмысының мақсаты. Тілдегі қолданылатын адам жасына байланысты
сын емісдердің мән-мағынасын ашып, қолданылу аясын анықтау. Осыған
байланысты мынадай міндеттерді шешу көзделді:
– семантикалық зерттеулердің түрлі тілдердегі жетістіктеріне сүйене
отырып, еңбекте басшылыққа алынатын теориялық ұстанымдарды негіздеу;
– қарым-қатынастағы адам жасына қатысты сын есімдерді топтастыру және
жинақтау;
– адам жасына байланысты қолданылатын сын есімдерді морфологиялық
тұрыдан талдау (сын есім жасау қабілетіне қатысты);
– адам жасына байланысты туындаған сын есімдерді семантикалық тұрғыдан
жүйелеп, талдау;
– жас ерекшелігіне байланысты туындаған сын есімдерді диалетология
тұрғысынан айқындау.
Бітіру жұмысының әдіс-тәсілдері. Жұмыста тілдік факторларды
белгілеудегі негізге алынған сипаттамалы әдіс, бақылау, материалдарды
жаппай іріктеп жинақтау, топтастыру тәсілдері қолданылды.
Бітіру жұмысының нәтижелері: Лексикографиялық еңбектердегі тілдік
материалдары негізінде адам жасына байланысты қолданылатын атаулардың
жүйесі, құрылымы, олардың тілдегі көрінісі, сараланады. Адам жасына
байланысты сын есімдерді теориялық әрі практикалық тұрғыдан қарастыру
арқылы оларды тілдік тұрғыдан талданылуы зерттеу тақырыбының жаңалығы болып
табылады.
Зерттеу барысында алынған нәтижелер мен тұжырымдар, қорытындылар адам
жасына байланысты қолданылатын сын есімдермен, олардың семантикасымен,
өзіндік ерекшеліктерімен жақынырақ танысуға, жалпы тіл білімі және лексика
саласының теориялық тұрғыдан толыға түсуіне үлесін қосады.
Бітіру жұмысының материалдары ретінде қазақ тіліндегі сөздіктерден
жинақталған мәліметтер пайдаланылды. Жұмысты жазу барысында біршама тілдік
бірлік жинақталды.
Бітіру жұмысында Қазақ тілінің 10 томдық түсіндірме сөздігі, тіл білімі
сөздігі т.б. лексикографиялық еңбектер, көркем шығармалар дереккөздер
ретінде алынды.
Бітіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 АДАМ ЖАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚОЛДАНЫЛАТЫН СЫН ЕСІМДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

1.1 Қазақ тіліндегі адам жасын білдіретін сын есімдердің зерттелу
тарихы

Тіл ғылымы бұл сияқты тілдік материалды бұған дейін таза тілдік
тұрғыдан ғана зерттеп келді [1, 91 б.]. Мұндай зерттеулер, әрине, тіл
білімін талай жетістіктерге қолын жеткізді. Тіл білімінің қазіргі даму
деңгейі тұрғысынан қарасақ адамның жас ерекшелігіне қатысты сын есімді
атауларды ғана сөз етуді міндетке алынды [2; 3, 120 б.].
Тілге тән негізгі заңдылық – жүйелілік. Сол себепті тілді зерттеуді,
оның ішкі түріне мән беріп зерттеуді алдына мақсат етіп қойған жұмыстарға
байланысты маңызды мәселелердің бірі жүйелілік. Жүйелілік мәселесіне соңғы
кезде қатты көңіл аударылып жүр. Жүйе – тілдің элементтерімен тұрақты
инвариантты қатынастарының іштей ұйымдасқан жиынтығы. Жүйе объекті
бөлшектердің өзара байланысқан күрделі бірлігі ретінде сипаттаса, ал
құрылым сол құраммен бөлшектердің бүтінге қатынасын сипаттайды. Бұл салада
А.А.Уфимцева, Г.П.Мельников қалам тартып, лексикалық жүйені зерттеп,
зерделеген.
Адамның жасына байланысты сын есімдер де тіліміздің сөздік қорының
қомақты бір саласы. Бұлар – әрбір халықтың жанына жақын, рухани
мәдениетінің сипатын дәл көрсететін лексика-семантикалық топ. Мұндай сын
есімдер өмірде жиі қолданылатыны белгілі.
Қазақ тіл білімінде заттың әртүрлі сынын, сапасы мен белгілерін
білдіріп, зат есімдермен тіркесіп, есімді сөз тіркестерінің арнаулы
бағыныңқы сыңарларын құрайтын сын есім сөз табы зерттеушілер назарынан тыс
қалған емес. Грамматикалық жағынан да, семантикалық жағынан да сөз
таптарының бай бір бөлігі – сын есімдер. Осы уақытқа дейін қазақ тілінде
сын есімдердің сөз табы ретінде алатын орны, сапалық сын есімнің шырай
категориясы, сын есімдердің семантикалық топтары, субстантивтенуі,
синаксистік қызметі мен тіркесімділік қасиеті бірнеше зерттеу жұмыстарына
арқау болғаны белгілі. Бұл орайда қазақ тіл білімінде Ғ. Мұсабаев, Ә.
Қайдар, М. Томанов, А. Ысқақов, Р. Сыздықова, Т.
Сайрамбаев, Ф. Оразбаева, У. Серікбаева т.б. зерттеулерін атап өтуге
болады. Сын есімдерге қатысты әлі де жүйелі зерттеуді қажет ететін
мәселелердің бірі – сын есімдердің семантикасы екендігі айтылады.
Сын есімдердің ішіндегі лексика-семантикалық тобы адамның жасын
білдіретін сын есімдер.
Адамның жасына қатысты сөздер мен сөз тіркестерін сөз еткенде оларға
тән тілдік деректермен бірге сол сөздер мен тіркестерге байланысты
экстралингвистикалық факторларға да ерекше назар аударылады.
Адамның жас мөлшері және жынысы да АДАМ деген сөздің төңірегінде
өрбиді. Негізгі бағытқа көшпес бұрын Адам сөзінің анықтамасын бере
кеткенді жөн санадық. 1) Адам – тірі жан иесі; 2) жан және ақыл-ес; 3) Адам
– қоғамдық жан ұясы; 4) Әлеуметтік ұйымдар мен әлеуметтік институттар [4,
215 б.].
Қазіргі қазақ тіл білімінде адам жасын білдіретін сын есімдер туралы
ғылыми зерттеу жұмыстары жоқтың қасы. Жалпы адам жасына байланысты
қарастырылған зерттеу еңбектері баршылық. Осы тақырып бойынша зерттеу
жұмыстарын жүргізген, арнайы кітаптар мен монографиялар жазған ғалымдар тек
қана адам жасының балалықтан кәрілік кезге дейінгі аталуларына тоқталып,
жіктеп көрсетеді. Тек қана бірлі-екілі еңбектерде ғана адам жасын
білдіретін сын есімдер аталып өтеді. Және осы тақырып аясындағы еңбектерде
адам жасына қатысты сын есімдерге бір ғана тарауша берілген десе де болады.
Ал Ресей тіл білімінде осы тақырып бойынша арнайы зерттеу жұмыстарын
жүргізген ғалымдар бар. Олар адам жасын білдіретін сын есімдерді бір тіл
негізінде және екі тілді алып, салғастыра да қарастырады. Салғастыру
барысында негізінен ағылшын тілін алады. Ал бір тіл негізінде жазылған
еңбектерде адам жасын білдіретін сын есімдер мен атауларға лексика-
семантикалық тұрғыдан талдау жасайды. Таладу жасай отырып оң нәтижелерге
және де ғылыми тұжырымдарға қол жеткізеді.
Осы тақырып аясында қазақ тіл білімінде зерттеу жұмыстарының аздығына
байланысты адам жасына қатысты атауларды қарастырған ғалымдардың
еңбектеріне және де осы атауларға байланысты жасалған жалпы атауларға
тоқтала өтпекпіз.
Қазақ халқы неге болса да ат қоюда адамның мінезіне, айналадағы әсер
ететін жағдайлардың бәріне де мән беріп отырған. Атап айтар болсақ,
нәресте, бала, жігіт, қыз, қарт, кәрі деген сөздердің түп төркінінде қандай
да мағынаның жатқандығы белгілі. Соған байланысты әртүрлі атаулар да пайда
болып отырған. Солардың біріне мүшел жасқа бөлу кезеңін де мысалға
келтіруге болады.
Адам баласы туғаннан бастап, өсіп-жетілу кезеңінде қатерлі жылдар
болатындығын халық даналары да дәлелдеп өткен. Тілімізде осы атауды мүшел
жас деп атайды.
Адамның балалық шақтан ересектік шаққа аяқ басатын кезеңін, яғни
алғашқы мүшел жасы он үш жас болып белгіленген. Ол кезде ер балалардың
дауыстары өзгеріп, қыз балалардың дене бітімі сүйкімді бола бастайды. әрбір
мүшел жастан өтер кезінде қауіп-қатердің болады дегеніне сенген қазақ халқы
осы кезеңде мал сойып, шелпек пісіріп, дұға қылатын болған. Сонымен қатар
О, Құдірет, мені осы мүшелден қатерсіз өткізе гөр! – деп Аллаға
жалбарынады. Қазіргі кезде де солай. Яғни кейбір адамдар өзінің жақсы
көретін әшекей, бұйымдарын, жанына жақын заттарын сыйға беріп жатады, бұның
мағынасы осы өткелден аман-есен өтсем деген сенімде жатыр. Бұдан кейінгі
мүшел жас жиырма бес, сосын отыз жеті, қырық тоғыз, алпыс бір, жетпіс төрт,
сексен жеті сияқты адамның жасын жеті мүшелге бөліп қарастырған. Адамның
дене бітімі он үш жыл сайын өзгеріп отыратындықтан осы атау қалыптасқан.
Яғни адамдардың жасына байланысты атаулар да осы мүшелге бөлуге қатысты
туды десек, қателеспеген болар едік. Жоғарыда айтып өткеніміздей әрбір
мүшел жасында адамдарда өзгеріс болып отыратындығын халақтың өзі ғана емес,
соған қоса медицинаның өзі де дәлелдеген.
Бір сөзбен айтқанда, жас, ересек, кәрі, қарт, мосқал сөздерінің мүшелге
бөлуге тікелей қатысы бар. Жас адамдар бір топта, ересек адамдар бір топта,
кәрі адамдар бір топта қарастырылатыны белгілі. Яғни бұлардың бәрі үлкен
бір топ болып саналады. Өз ішінде тағы да басқа атауларға, топтарға
бөлінеді.
Қ. Жаңатаев Адамның жас ерекшелігіне, жынысына қатысты атаулар деген
диссертациялық еңбегінде адамның жас ерекшелігі мен жынысына қатысты
атауларды топтастыра, жинақтай келе, оларға лексика-семантикалық және
этнолингвистикалық таладу жасайды. Сонымен бірге ғалым адамның жас
ерекшеліктерін кезеңге де бөліп қарастырады. Мысалы, сәби 1 жастан 3 жасқа
дейін, жастық шақ (18-25), кәрілік (75-97 жас) – деп бөлінген еңбектерге
тоқтала келе, өзі де осы негізде мағыналық жағын ашып көрсетеді. Ғалым өз
жұмысында адамның жасын білдіретін сын есім тұлғалы сөздерді мысалға
келтіргенімен, оларды адам жасын білдіретін сын есімдер деп бөле-жара
қарамайды. Тек бұларға шолу ғана жасап өтеді. Негізінен зат есімді адам
жасын білдіретін атауларға тоқталады [5, 18-26 бб.].
Ал Л.О. Жолдасбек Қазақ сөйленістеріндегі туыстық атаулар
дегентақырыпта 1998 жылы кандидаттық диссертация қорғайды. Ғалым зерттеудің
нысаны етіп қазақ сөйленістеріндегі туыстық атауларға байланысты лексиканы
алады. Сонымен қатар бұл атауларды диалектология тұрғысынан да ашып, және
де туыстық атауларды лексика-семантикалық жағынан топтастырады. Зерттеуші
өз жұмысында бала, қыз, ұл, нашар бала, әпке т.б. сөздерге семантикалық
талдау жүргізідеі. Қазақ сөйленістеріндегі әпше сөзінің жасалу жолына
тоқтала келе, апа сөзімен салыстырады. Екеуін диалектология тарапынан
қарастырады. Соңында апа сөзінің көне түркі тілдерінде ара, аси, ара
жасы үлкен туыс атаулары аче-апа-ачі – кексе әйел дегенді білдіреді дейді
[6].
Аталған ғалымдармен бірге М. Аяпұлы Қазақ халқының мұрасынан деп
аталатын еңбегінде адамның мүшел жастарына тоқтала өтеді. Автор осы мүшел
жас атауының қазақ халықының даналығымен, наным, сенімімен, таным,
түсінігімен байланысты туындағанын атап көрсетеді. Және де ол осы атауларды
халықтың салт-дәстүрімен де байланыстыра қарастырады [7, 6
б.].
С. Қасиманов адамның өмірін жүз жылға шамалап, оны бір дәуір деп
атағандығына тоқталып, осы жүзді төртке бөледі. Автор бірінші жиырма бесті
жасын дәурен деп, екінші жиырма бесті ел ағасы, үшіншісін аталық жас,
төртінші жиырма бесті қарттық жас немесе таусыншақ жас деп аталғандын
мысалға келтіреді [8, 93-94 бб.]. Қазақ халқының адам жасын бұлай
жіктеуінің мағынасын жас ерекшелігіне тікелей байланысты. Бірінші жиырма
беске мысалы үшін жас адамдар кіреді. Бұл жіктеу жоғарыдағы айтылғандарға
дәлел ретінде жұмсала алады. Тағы бір мысал келтіре кететін болсақ, ол
төртінші жиырма бес қарттық кез. Бұл аталған жіктеліс егде тартқан адамның
жас мөлшерін көрсетіп тұр.
Ал С.С. Сағатова адам жасына байланысты зерттелген атауларға тоқтала
келе, өзіндік тұжырымдар мен нәтижелерге қол жеткізеді. Негізінен ғалым
С.С. Сағатова қазақ тіліндегі адамның жас атауларын орыс тілімен салғастыра
қарастырады. Ол негізінен тілдік бірліктерді лексикографиялық еңбектерден
жинақтап, солар бойынша семантикалық талдау жүргізеді. Сонымен қатар
ассоциативтік талдау да назардан тыс қалмайды. Жұмыстың басында осы
проблеманың зерттелу тарихына, негізгі мәселелеріне шолу жасап өтеді.
Автордың диссертациялық зерттеу жұмысы адамның жас ерекшелігіне қатысты
атауларға салғастырмалы семантикалық талдау жасауға, семантикалық категория
мен адам жасының категоризациясы мәселесіне, жас арақатынасы кезеңдерінің
мәртебелік-рөлдік сипаттамасына және олардың орыс қазақ тілдеріндегі тілдік
көрінісін салғастыруға арналған.
С.С. Сағатова жұмысының бірінші тарауында қазақ және орыс тілдерінде
адам жасын білдіретін бірліктер жынысына қарай белгілерінің
имплициттіэксплициттілігі бойынша ерлер мен әйелдер, сонымен қатар ортақ
атаулардың болатындығын да айтып өтеді. Және де зерттеуші адам жасын
білдіретін жүйелер арасында мағыналық қатынастар, қарама-қайшылықтар,
айырмашылықтар, ерекшеліктер, сәйкестіктер де бар дейді [9, 17 б.].
Қазақ тілінде орыс тілімен салыстырғанда көбіне адамның нақты жас
мөлшері атауы осы жастық қоғамдағы әрқилы әлеуметтік маңызды қызметімен
үйлеседі, көбіне тым нақты жас мөлшері кезеңдері мағынасын жойып, өзіндік
әлеуметтік мәртебе алады, адамның қоғамдағы басқа адамдарға қатынасын
білдіретіндігін айтады [10, 26 б.].
Ресей зерттеушісі Л.Т. Костина Исследование группы прилагательных
возраста в современном английском языке (в сопоставлении с русским) атты
тақырыпта кандидаттық диссертация қорғайды. Ғалым ғылыми жұмысты жазу
барысында он сегіз тілдік бірлікке талдау жүргізеді. Екі тілде кездесетін
адам жасын білдіретін сын есімдерді бір-бірімен салғастыра қарайды. Сонымен
қатар әрбір тілдердегі қолданылу аясы мен жасалу жолдарын да назардан тыс
қалдырмаған. Зерттеуші адам жасына байланысты қолданылатын сын есімдерді
морфологиялық жақтан ғана емес, сонымен қоса синтаксистік жақтан тіркесуіне
де көңіл аударып, нақты тұжырымдарға қол жеткізеді.
Л.Т. Костина негізінен нәресте, кішкентай, жас, егде, кәрі сынды
сөздерге салғастырмалы талдау жасайды. Ғалымның айтуынша, кішкентай сөзі
сөз таптарының ішінде зат есімдермен тікресіп келеді және ол сөздің
мағынасы балаларға, жануарлардың мен құстардың балапандарына тіркестіріле
қолданылады. Автор негізінен дереккөз ретінде көркем шығармалардан
жинақталған мысалдарды алады. Соны талау барысында оң нәтижелерге, мазмұнды
қорытындыға жетеді [11, 12 б.].
К.А. Власова Орыс тіліндегі жас және кәрі сөздерінің сөзжасадық ұяларын
қарастырады. Ол осы еңбекті жазу барысында тіл білімі саласында жарық
көрген ғылыми еңбектерді, сонымен қатар монографияларды басшылыққа алады.
Автор жас және кәрі сөздерінің сөзжасамдық ұясын деривациялық,
морфологиялық, лексика-грамматикалық, семантикалық, лексикалық, сонымен
қатар концептуальдық және салғастырмалық аспектілерде зерттейді. Сонымен
бірге ғалым аталмыш сөздердің жаңа сөз тудырудағы қабілетін,
тіркесімділігін де басшылыққа алады. Зерттеуші-ғалым жас, кәрі сөздері,
негізінен, адам жасына байланысты, сонымен тікелей мағыналық қатынаста
қолданылады дейді.
К.А. Власова зерттеу нысанына алып отырған жас және кәрі сөздерін
ассоциативтік тұрғыдан да талдау жасайды. Автор осы сөздерді айтқан кезде
адамдарда қандай ассоциация пайда болатындығына да көңіл бөледі
[12, 7 б.].

1.2 Жас ерекшеліктеріне байланысты қолданылатын сын есімдердің жасалу
жолдары

Қазақ тілінде сын есімдер сөз таптарының ірі бір бөлігін құрайды. Осы
сын есімдерге байланысты ғылыми зерттеу жұмыстары да баршылық. Алдыңғы
тараушада сын есімдерді зерттеген зерттеуші-ғалымдардың атын атап өткен
болатынбыз. Ал енді нақтырақ айтатын болсақ, А. Ысқақов Қазіргі қазақ
тілі атты еңбегінде сын есімдерді және сын есім тудыратын қосымшаларды,
олардың жасалу жолдарын қарастырып, ғылыми тұжырымға бай теориялық
ұсыныстар бере білген. Ал Ш. Бектұров пен М. Серғалиев Қазақ тілі [13, 89
б.] атты оқу құралында сын есмідерді практикалық тұрғыдан талдап, жазып
көрсетеді. Авторлар осы тақырып аясында зерттелген өзіне дейінгі еңбектерді
басшылыққа алды дегсек, қателескен болмас едік. Сын есімдер туралы сөз
қозғап отыруымыздың бірден-бір себебі адам жасына байланысты болып отыр.
Адам жасын білдіретін сөздер тобы, негізінен, сын есімдер болып табылады.
Ал осыған байланысты олар түрлі қосымшалардан жасала береді де.
Қазақ тіліндегі адам жасын білдіретін сын есімдер көбінесе түбір
қалпында кездеседі. Яғни адам жасына қатысты қолданылатын сын есімдер
сапалық мағынада болады деген сөз. Олардың қатарына мына сөздерді жатқызуға
болады: жасамыс, қарт, кәрі, егде, ересек, балаң, мосқал, кексе, жас,
балғын, бабасал. Мысалға келтірілген сөздер ешбір қосымша жалғанбай-ақ сын
есімнің қызметін атқарып тұр.
Тілде түбір күйінде қолданылатын, яғни ешбір жұрнақсз-ақ тұрып сын
есімнің сұрағына жауап беретін сын есімдерді сапалық сын есіімдер деп
атайды. Осы аталғандар соның дәлелі. Негізінен, біздің сөз еткелі отырған,
яғни адам жасына қатысты қолданылатын сын есімдердің жасалу жолдары.
Дәлірек айтсақ, қандай да бір қосымша немесе сөз тіркестері арқылы келіп
адам жасын білдіре алатын сын есімдерге талдау жүргізу болып отыр. Енді осы
айтып отырған мәселеге назар аударсақ, төмендегідей нәтижелерді көруге
болады.
Тіліміздегі адам жасын білдіретін кейбір сын есімдер түбір күйінде
қолданылып тұрған адам жасын білдіретін сын есімді сөздерге сын есім
жасайтын жұрнақтар да жалғана береді. Сол арқылы туынды сын есім пайда
болады. Мысалы солардың бірі ЕГДЕ сөзі.
Сын есімнің туынды түріне сын есімдердің бірігуі, қосарлануы, зат есім
мен сын есімдердің тіркесуі арқылы және сын есімге, басқа сөз таптарына
түрлі жұрнақтар қосылуы арқылы жасалған сөздер жатады. Түбір сөзден және
жұрнақтар арқылы жасалған туынды сын есімдерді дара сын есім дейміз де,
қосарлану, тіркесу, бірігу арқылы жасалған сын есімді күрделі сын есім деп
атаймыз.
Жұрнақтар арқылы жасалған (морфологиялық тәсілмен) туынды сын есімдер
есім түбірлерге жұрнақтар жалғау арқылы және етістік түбірлерге жұрнақтар
жалғау арқылы туынды сын есімдер деп екі топқа бөлінеді.
– ЛІК – жұрнағы арқылы жасалған адам жасын білдіретін сын есімдер
қазақ тілінде біршама. Негізінен – лік қосымшасы түбір сын есімге жалғана
отырып, түбір сын есімнен туынды сын есім жасайды. Осы – лік жұрнағы арқылы
жасалған адам жасын білдіретін сын есімдерге талдау жүргізіп өтелік. – ЛІК
– жұрнағы негізінен есімерден сын есім тудыратын жұрнақтар қатарына жатады.
Егделік – бұл сөзге морфологиялық талдау жасайтын болсақ, түбірі ЕГДЕ.
Түбір күйінде тұрып қандай? деген сұраққа жауап береді. Осы сөзге
- лік жұрнағы жалғанып сын есімнен сын есім тудырып тұр.
Келесі сөз Кәрілік сөзі. Кәрілік адам жасын білдіретін түбірі сын
есімнен болған сөз. Түбірі кәрі. Бұл сөз де – лік жұрнағы арқылы
жасалынған. Сөздің түбірінің өзі де сын есім. Жеке тұрып та қандай? деген
сұраққа жауап бере алады.
– ТАЙ, ТЕЙ –– жұрнағының жалғануымен сын есімнен сын есім тудыратын сөз
пайда болады. Нақтырақ айтсақ, біз сөз еткелі отырған – тай, – тей
қосымшасы болып отыр.
– Жастай. – Тай жұрнағы бұл жерде сын есімді сөзге жалғанып тұр. Яғни
сын есімнен сын есім тудырып тұдыратын қосымша деуге болады.
– Ересектей. – Тей жұрнағы көбінесе есім сөздерден сын есім тудыратын
қосымша ретінде қолданылады. Ал осы қосымша сын есімге жалғанған кезде
теңеу мағынасында жұмсалады. Мысалы, Ересектей сөйлейді деген сөйлемдегі
ересектей сөзінің түбірі ересек. Бұл сөз жеке-дара тұрып та қандай? деген
сұраққа жауап бере алады. – Тей жұрағының қосылуы арқылы теңеу мағынасында
жұмсалып тұр. Ал нақтырақ айтсақ, бұл жұрнақ сын есімнен сын есім тудыратын
жұрнақ. Жоғарыда біз – тей жұрнағы есімдерден сын есім тудыратын жұрнақ деп
көрсеткен болатынбыз. Ал сол есімдердің қатарына сын есімдер де жатады.
Заттың сыны мен сапасы үнемі бір дәрежеде қолданыла бермейді, олар
әртүрлі дәрежеде қолданыла береді. Бұған адам жасын білдіретін сын
есімдерді де жатқызуға болады. Осы сияқты заттың сынының әркелкі дәрежеде
болуы шырай категорияларымен байланысты. Яғни шырай категориялары бір түрлі
түр мен түстің, сапа мен белгінің, иіс пен дәмнің әр қилы реңдерін
білдіреді.
Біркелкі сынның немесе сапаның бір-бірінен артық не кем екенін
көрсететін сын есімнің түріне адам жасына байланысты қолданылатын сын
есімдерді де жатқызуға болады.
– РЕК – жұрнағымен жасалған адам жасына қатысты қолданылатын сөздер
көбінесе түбір сын есімге жалғанып, салыстырмалы мағынада жұмсалады.
Негізінен, – рек жұрнағы сын есімнің ішіндегі салыстырмалы шыра й
жұрнағы болып табылады. Негізгі сын есімге жалғану арқылы салыстырмалы рең
танытады. Мысалы, тілімізде қолданылып жүрген егдерек сөзін жатқызуға
болады.
Егдерек – сөзінің жасалу жолының да Егделік сөзінен ешбір айырмашылығы
жоқ. Бұл сөздің де түбірі сын есім, оған жалғанған жұрнақ – рек
сын есім тудырушы жұрнақ болып табылады.
– ЫРАҚ – бұл қосымша да жоғарыда сөз болған – рек жұрнағымен ұқсас. –
Ырақ қосымшасы да салыстырмалы мағынада қолданылады, яғни салыстырмалы
шырай категориясы. Бұл екі жұрнақтың арасында ешқандай өзгешелік жоқ. Бірі
жуан әрі сөз соңы дауыссыз дыбысқа аяқталған сөздерге жалғанса, енді бірі
жіңішке және сөздің соңы дауысты дыбысқа аяқталған сөздерге жалғанады.
Қазақ тілі типологиялық классификация жағынан агглютинативті тілдер
қатарына жататындықтан қосымшаның үстіне қосымша жалғана береді. Яғни қазақ
тілі жалғамалы тіл деген сөз. Біз жоғарыда адам жасын білдіретін сөздердің
кбі негізгі сын есімдерден жасалады деген болатынбыз, ал сол негізгі сын
есімдерге сын есімнің жұрнақтары да жалғана береді. Тек қана біреу ғана
емес, бірінің үстіне бірі де қосылады. Мысалы, сөз – ырақ жұрнағының үстіне
– тау жұрнағының жалғануы туралы болып отыр. Мысалы, жасырақтау. Бұл сөзге
морфологиялық тұрғыдан талдау жүргізетін болсақ, сөздің негізгі түбірі жас
оған –ырақ және – тау жұрнақтары жалғанған. Бұл сөз де, негізінен,
тілімізде адам жасына байланысты қолданылады.
Сын есмінің табиғи қызметі – ешбір өзгеріске түспей-ақ зат есіммен
тіркесіп, заттың әр алуан қызметін, сындық белгісін анықтау. Морфологиялық
жағына сын есім – түрленбейтін сөз табы. Шырай тұлғалары (сонымен бірге
категориясы да) жалпы сын есімге тән түрлену жүйесіне емес, сын есімнің бір
ғана мағыналық тобына, сапалық сын есімге ғана тән, ал қатыстық сын
есімдерге шырай тұлғалары жалғанбайды.
– ЛЕУ – жұрнағы арқылы да адам жасын білдіретін туынды сын
есімдер де жасалады. Сөздің негізгі түбірі сапалық сын есім. Ал –
леу жұрнағы салыстырмалы шырай категориясының қосымшасы.
Егделеу – жасы келіп қалған, мосқалдау деген мағынаны білдіреді.
– ЛАУ – жұрнағы – леу жұрнағының жуан варианты. Кәрілеу, қарттау
сөзінің де синонимі болып саналады.
– ТАУ, – ТЕУ қосымшалары да жоғарыда саралап өткен мысалдармен ұқсас
болып келеді. Бұл қосымша да салыстыру мағынасында қолданылған. Мысалы,
Ересектеу. Ересек сөзінің де түбірі сын есімнен болған. Талданып отырған
адам жасын білдіретін сын есімдер, жалпы алғанда, жасалу жолдары жағынан
бір-біріне өте ұқсас. Барлығы да салыстырмалы немесе теңеу мағынасында
қолданылады. Қартамыстау, жастау сөздерінің негізгі түбірі қарт, жас болып
табылады, ал қартамыс сөзіндегі – а және мыс, тау жұрнақтар есебінде
жалғанған.
– ТЫҚ – қосымшасы жеке тұрғанда зат есімнің қызметін атқарады. Ал егер
де сөз тіркесімен берілсе, сын есімнің қызметінде жұмсалады. Мысалы, қарт
адам. Бұл тіркес арқылы адам жасын білдіретін, белгілі бір жасқа келген
адам туралы екендігін аңғарамыз. Ал біз сөз етіп отырған – тық жұрнағы бір
сөз табынан екінші сөз табын жасайтын, яғни сын есім тудырушы жұрнақ болып
саналады. Енді осы жұрнақтың жалғануы арқылы жасалған адам жасына қатысты
қолданылатын сөзге мысал келтіре кетелік.
Қарттық – сөзінің негізі тірегі қарт сөзі, ал – тық сын есім тудыратын
жұрнақ. Бұл сөздің түбірі зат есімнің де сын есімнің де орнына жұмсала
алады. Мысалы, Үйге бір қарт келді десек, мұндағы қарт сөзіне сұрақ
қойғанда кім? келді болар еді. Ал Алыста бір қарт адам келе жатыр десек,
қарт сөзіне адам сөзі тіркесе келе сын есім болар еді. Яғни қарт адам
сөзіне қандай адам? деген сұрақ қояр едік.
Жоғарыда біз талдап өткен адам жасын білдіретін сын есімдер негізгі
түбірге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есімдер туралы болып еді. Енді
сөз тіркестері арқылы жасалып, адам жасына қатысты қолданылатын ын
есімдерге талдау жасап көрелік. Талдауға көшпестен бұрын сөз тіркесі деген
ұғымға нақтырақ тоқталып, ғылыми тұрғыдан анықтама бере кеткенді жөн
санадық.
Сын есім – семантика, грамматикалық жағынан, яғни морфологиялық
ерекшелігі мен сөзжасам, сөз түрлендіру амалы жағынан да, синтаксистік
қызметі мен басқа сөздерімен тіркесіп қолданылуы жағынан да қазірі қазақ
тіліндегі өзіне тән ерекшелігі бар сөз табының бірі.
Сөз тіркесі деген термин қолданыста 50 жылдардан кейін қолға алына
бастады. Бірақ зерттеушілер сөздердің тізбегі туралы айтып отырған. Ол
сөздердің тізбегі туралы әңгіме ерте кезден-ақ айтылған, бірақ олардың мән-
мағыналары ашылмаған. Зерттеуші ғалымдар сөз тіркесінің синтаксисін анықтау
үшін 1860 жылдардан басталатын зерттеу еңбектеріне қарайды. Осының даму
тарихын (сөз тіркесінің) әріден ойластырады [14].
Ескі еңбектерден 1860 жылдардан басталатын Казембек және басқа да
миссионерлер жазған Алтай тілінің грамматикасы болып табылады. Қазақ тілі
туралы жазылған тұңғыш еңбек П.М. Мелиоранский Краткая грамматика казахо-
киргизского языка деген еңбегіне соқпай өте алмаймыз. 1930 жылдарда жарық
көрген еңбектерде сөз тіркесі деген термин жоқ. Оларда да сөздердің тізбегі
деп беріледі. 1939-1940 жылдарда жарық көрген еңбектерде, яғни студенттерге
арналған синтаксис кітабында сөз тіркесі түйдекті тіркестерден ажыратылмай
беріледі. Ол еңбектерде лексика-грамматикалық мағыналар толық ашылмаған сөз
тіркесін сөйлем мүшелерінің тіркесі деп қарастырады. Ал шынында да, сөз
тіркесі олай емес, ол сөз таптарының байланысы.
Сөз тіркесі – толық мағыналы, кем дегенде екі сөздің өзара әрі тұлғалық
жағынан, әрі мағыналық жағынан байланысуын сөз тіркесі деп атайды.
Сөйлем ішіндегі сөздер бір-бірімен әр түрлі байланысып отырады. Соған
қарай сөз тіркесінің түрлері де көп. Синтаксис саласында сөздердің
байланысуынан туатын еркін сөз тіркесі қарастырылады. Мұндайда байланысқа
түскен сөздер толық мағыналы болып келеді де, сол сөз тіркесі басыңқы және
бағыныңқы деп аталатын екі сыңарға бөлінеді.
Мысалы, Бала кезінде әрбір ерекше мінезге еліктегіш келесің деген
сөйлемде мынадай еркін сөз тіркестері бар: 1) Бала кезіңде еліктегіш
келесің; 2) мінезге еліктегіш келесің; 3) ерекше мінезге; 4) әрбір мінезге.
Неше сөзден тұрса да, еркін сөз тіркесі осылайша екі сыңарға бөлінеді. Бір
сыңардың қызметін жеке сөз атқаруы да, бірнеше сөз атқаруы да мүмкін.
Осыған байланысты сөз тіркестері құрамына қарай екі түрге – жай сөз тіркесі
мен күрделі сөз тіркесіне бөлінетінін байқауға болады.
Құрамы екі сөзден тұратын сөз тіркесін жай сөз тіркесі деп атайды.
Мысалы, ақылды жігіт, кең дала т.б.
Құрамы үш немесе одан көп сөзден тұратын сөз тіркесін күрделі сөз
тіркесі деп атайды. Мысалы, он шақты кітап, тақтаға жақындай түсу т.б.
Ал адам жасына байланысты кездесетін сын есімдер көбінесе жай сөз
тіркесі арқылы беріледі. Енді біз соларға нақтырақ тоқталып, мысалдар
арқылы талдау жасау керек.
Жас бала сөзі екі есім негізді сөздердің тіркесуі арқылы жасалынған.
Қазақ тілінде адам жасына байланысты қолданылатынсөздердің, яғни тіркес
сөздердің көпшілігі екі есім сөзді сөздердің тіркесуі арқылы жасалынады.
Мысалы, қарт адам, жас бала, егде адам, қарт кісі, ересек адам, жас жігіт,
жас қыз, жас әйел, кәрі әйел, кәрі шал, кәрі кемпір, жас ұлан, өндірдей
жас, т.б.
Сөз тіркестерін сөз ете отырып, адам жасына байланысты қолданылатын
атаулар тіркесу арқылы да жасалады деген ойға келуге болады. Тіркесу арқылы
жасалынған адам жасын білдіретін атаулардың көбісінің бірінші сыңары
(компоненті) сын есімнен, екінші сыңары зат есімнен, сонымен қатар шырай
категориясының қосымшасын жалғанған сөздер арқылы да беріледі. Мысалы,
бірінші компоненті сын есімнен, ал екінші компоненті зат есімнен жасалған
адам жасын білдіретін сын есімді атауларға мыналарды жатқызуға болады: қарт
кісі, жас бала, егде адам, кәрі кемпір, жас ұлан, жас жігіт, жас бала т.б.
Ал бірінші сыңары шырай категориясының қосымшасы арқылы, екінші сыңары сын
есімнен жасалған адамның жас ерекшелігін білдіретін атауларға өрімдей жас,
өндірдей жас деген сынды сөздерді жатқызуға болады.
Қазақ тілінде адам жасына байланысты туындайтын туынды сын есімдер тек
қана әдеби тіл нормасында ғана жасала бермейді, сонымен қатар диалектілік
мағынада да жұмсалып, түбірге қосымша жалғану арқылы диалектілік мағынада
жұмсалатын сын есімдер де бар. Енді қазақ сөйленістерінде туыстық атауларды
зерттеген Л.О. Жолдасбектің осы пікір туралы айтылған ой-тұжырымдарын
талдап, мысалға келтіріп көрелік.
Зерттеуші ғалым Л.О. Жолдасбек қазақ сөйленістеріндегі туыстық
атауларына лексика-семантикалық талдау жүргізе келе, олардың құрамындағы
грамматикалық және фонетикалық ерекшеліктерін де айта кетеді. Автор
грамматикалық ерекшеліктерге байланысты туыстық атаулардың екі түрлі жасалу
жолдарын атап көрсетеді. Біріншісі синтетикалық тәсіл дейді [6, 56 б.].
Л.О. Жолдасбек - ба, - бе, - па, - пе, - ма, - ме жұрнақтарының зат
есім тудыратын және осы қосымшалардың туынды диалектизмдер жасау процесіне
жиі қатысатындығын айтады. Мысалы, ту+ма (туысқан), қос+па (өгей бала).
Және де зерттеуші осы іспеттес біршама сөздерге талдау жасайды.
Қорыта айтқанда, адам жасын білдіретін сын есімді ұйытқы есім-
компоненттердің лексика-морфологиялық құрамына байланысты да тіркесу
шеңбері мен семантикалық мағынасы кеңейіп, тарылып отырады.

2 Адам жасына қатысты сын есімдерге семантикалық талдау

2.1 Жас, ересек, қарт сөздерімен келген адам жасын білдіретін сын
есімдер

Семантика – (гректің semanticos – белгілеугі) деген сөзінен алынған,
қазір сөз мағынасы деген түсінікпен тең дәрежеде қолданылып жүр. Сөз
мағынасы объективті өмір сүреді деген пікір бар [15]. Шындығында да, сөз
мағынасының жеке адамға тәуелді болмайтыны анық. Бірақ бұл – сөз мағынасы
қоғамына байланысы жоқ, айналамыздағы заттар (тау, тас, ағаш, өзен т.б.)
сияқты адамдарға мүлде тәуелсіз болады деген сөз емес. Егер сөз мағынасы
адамдарға мүлде тәуелсіз болады дейтін болсақ, онда оның адам ойы
(психологиялық құбылыс ретінде) байланысын жоққа шығарған болар едік.
Сондай-қа, сөз мағынасы тек субъективтік индивидуалдық сипатқа ие дейтін
болсақ, онда сөз мағынасы жеке адамға тәуелді деген қағиданы қолданған
боламыз. Шындығында да, сөз мағынасының құрамында әрі объективтік, әрі
субъективтік сипатқа ие болатын мағыналық элементтер бар. Сондықтан да сөз
мағынасын көп қатпарлы категория деп айтамыз. Сонымен бірге сөз мағынасында
әрі жалпы универсалдық қасиеттермен бірге жеке адамдарға, индивидке
байланысты болған мағыналық элементтердің де бар екенін мойындаған жөн. сөз
мағынасын: 1) түрлі тілдерге тән универсалды, 2) жеке бір тілдің өкілдеріне
тән, 3) жеке адамдарға тән мағына деп бөлуге болады.
Егер сөз мағынасын әлем тілдеріндегі мағыналармен байланыстыра қарайтын
болсақ, онда мағынаның үш түрлі типі бар екеніне көз жеткізуге болады.
Біріншісі, дүниедегі тілдердің бәріне де тән ортақ болып келетін мағыналар.
Мысалы, нақты зат атаулары, кейбір сан есімдер, сын есімдер. Кей тілдерде
бұл сөздердің де мағыналық шеңбері аз болуы, не тар мағынада болуы мүмкін,
бірақ түрлі тілдерде сөйлеуші адамдардың өзара түсінуіне осы мағына негіз
болады да, бір тілден екінші тілге аударылатыны да осы мағына болады. Бір
түрлі құрылымдағы тілдер арасында ғана емес, туыстас тілдер арасында да
байқалатын, сол тілде сөйлеуші адамдар ғана түсіне алатын мағына болып
табылады. Сол үшін де ондай сөздерді басқа тілге аударғанда сөзбе-сөз беру
мүмкіндігі болмайды, тек түсіндіру, суреттеу жолы арқылы ғана беруге
мүмкіндік туады.
Семантика 1) тіл немес оның бірлігі (сөз, сөздің грамматикалық тұлғасы,
сөз тіркесі, сөйлем) арқылы берілетін мағына, хабар; 2) Осы мағына, хабарды
зерттейтін тіл білімінң саласы; 3) семиотиканың негізгі тарауларының бірі.
Бірінші мағынада семантика – мағыналы сөз (мысалы, зат есім, етістік,
үстеу), ол “семантикалық үшбұрышты” құрайды: а) сыртқы элемент (дыбыстар
немесе графикалық белгілер); ә) болмыс заты (зат, құбылыс, процесс, қасиет)
денотат (референт); б) зат туралы ұғым не түсінік ұғым, сигнификат,
интенсионал белгіленетін нәрсе [16]. Семантиканың бұдан басқа да маңызды
бөлігі – сөйлем. Одан да денотат немесе (референт) және сигнификат (немесе
ұғым) болады. Лингвистикалық талдаулардың арқасында сөз таптарының
(морфемалар мен сөйлем мүшелері) семантикасын анықтауға болады. Толық
мағыналы сөздердің морфемалары – түбір мен аффикстер мағыналарының екі
түріне ие болады [17]. Түбірлер – заттық мағынаға ие болады. Ол сөздің
мағынасы, мысалы, қазал, қызғылт, қыздыр, қыздыру, түбірі – қыз. Аффикстер
грамматикалық мағынаны білдіреді. Бұл мағыналар екіге бөлінеді:
категориялық (заттарды категорияға бөледі) және реляциялық не синтаксистік
(сөйлем ішіндегі сөздерді байланыстырып отырады). Реляциялық грамматикалық
мағыналар нақтылы тілдің морфологиясымен тығыз байланысты болады. Әдетте
тілдің ұлттық және тарихи ерекшелігіне байланысты айқындалады. Реляциялық
мағыналардың ерекшелігі тілдегі матасуға, меңгеруге, септік жүйесіне,
шақтық тұлғалануға байланысты болады. Категориялық мағынаға жататындар:
“субъект – предикат”, “субъект – объект”, “белсенді – белсенді емес” т.б.
реляциялық мағыналарға қарағанда категориялық мағыналар жұптың қарама-
қарсылықтар жүйесінен тұрады.
Қазақ тіліндегі адам жасын білдіретін сын есімдер жас ерекшелігіне
байланысты әр түрлі қолданылады. Жас адамдарға байланысты, ересек адамдарға
және де қарт адамдарға қатысты қолданылатын сөздер тобы бар. Бұл атаулар
жас шамасына байланысты қалыптасқан десе де болады. Мысалы, жас деген
ұғымның өзін бірнеше сатыға бөліп, яғни жас шамасына қарай жіктеп көрсетуге
әбден болады. Яғни адамның нәрсете шағынан бастап жас өспірім болған кезін,
балаңдығын бейнелейтін сөз топтары кездеседі. Әрбірінің мағынасы адамның
өсіп-жетілуіне қатысты туындаған.
БАЛАҢ = АДАМ– ЕР БАЛА – ҚЫЗ БАЛА – ЖАС АДАМ
БАЛАҢ – жас, балғын [18]. Хаким ол кезде кино дегенді естіп-білмеген
алыс ауылдағы балаң жігіт болатын (Қазақ әдебиеті). Ұзын, еңселі
Асқарбектің жанында Қамария теректің балаң талындай көрінеді
(Ш. Құмарова, Қос шынар). Балаң сөзінің тілімізде екі мағынасы
кездеседі. Алдыңғысы жас дегенді білдірсе, екіншісі есеймеген, пісіп
жетілмеген, кемеліне келмеген деген мағынаны аңғартады. Мысалы, Менің балаң
ойым әлі жетпейді, біз не жаздық, кімге жаздық? (Ғ. Мүсірепов, Кездеспей
кеткен бір бейне).
БАЛАҢДАУ – балалау, жастау. Үйге кіргендердің ішінде балаңдау бір жігіт
те бар еді (Ауызекі тіл) [18]. Балаң сөзінің тағы бір мағынасы ысылмаған,
тәжірибесіздеу дегенді білдіреді. Яғни бұл сөздің алдыңғы сөзбен тікелей
мағыналас болып табылады себебі балаң жас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Клиникалық терминдердің латын тіліндегі дәріптелуі туралы ақпарат
Бастауыш мектепте сан есім мен етістікті байланыстыра оқыту
Клиникалық терминдердің латын тілінде дәріптелуі жайында
Қазіргі қытай тілі грамматикасындағы қытай тілінің сөз жасам тәсілі
Қазақ тіліндегі есім негізді туынды сөздердің сөзжасамы
Қазақ тілі білімінде үстеу сөзжасамының зерттелуі
Көне түркі (ХIII-ХIV ғасыр) жазба ескерткіштер тіліндегі есім сөздердің жасалу жолдары
Етістік категориялары
Латын тілінің жалпы тарихы және ғылымдағы маңыздылығы
Eтістіктің грaммaтикaлық кaтeгoриялaрының өзіндік eрeкшeліктeрі
Пәндер