Бастапқы болжамды нақтылау


3 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БЮДЖЕТТІК ҮРДІСТІ ЖЕТІЛДІРУ БАҒЫТТАРЫ
3. 1 Кірістерді болжаудың және мониторингінің жалпы схемасы
Республикалық және жергілікті бюджеттерді және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджет түсімдерін жоспарлау жоспарланып отырған кезеңге арналған республикалық және жергілікті бюджет түсімдерінің көлемін және стратегиялық міндеттерді, басымдықты ескере отырып әрі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму міндеттеріне сәйкес олардың пайдалану бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу процесі болып табылады.
Бюджет түсімдерін болжауды әлеуметтік-экономикалық даму болжамдары мен бюджет параметрлерін ескеріп мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.
Алдағы жылға арналған бюджетке кірістер, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін түсімдер «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасының Кодексіне, Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының Президентiнің 2005 жылғы 1қыркүйектегі № 1641 “Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражатын қалыптастырудың және пайдаланудың орта мерзiмдi перспективаға арналған тұжырымдамасы туралы" Жарлығына және басқа да нормативтік құқықтық кесімдерге сәйкес жүргізіледі.
Мыналар бюджет кірістерінің түсімдерін болжаудың негiзгi қағидаттары болып табылады:
1) сабақтастық принципі - республикалық және жергілікті бюджеттерді, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджет түсімдерін өткен және ағымдағы қаржы жылдары бағдарламаларының іске асырылуы мен бюджеті атқарылуының тиімділігін бағалау нәтижелерін, бюджеттік мониторинг қорытындыларын ескеріп, әлеуметтік-экономикалық дамудың болжамдарына және бюджеттік параметрлер негізінде жоспарлау;
2) негізділік принципі - нормативтік құқықтық кесімдер және осы немесе басқа да түсімдерді бюджет жобасына қосу қажеттігін айқындайтын басқа да құжаттар негізінде бюджет кірістерін жоспарлау;
3) мұнайдан түсетін түсімдерден шығыстар тәуелділігін төмендету принципі - мұнай емес сектордың мақсатты бағытта дамуы есебінен мұнай емес тапшылық мөлшерін төмендету;
4) болжамды көрсеткіштер есептерін қалыптастыруға әкімшілік-аумақтық бірліктер бойынша бірыңғай көзқарас қағидаты;
5) объектілік қағидаты - тұтастай республика бойынша және аумақтық бөліністе салықтың, алымдардың және басқа да міндетті төлемдердің әрбір түрі бойынша бюджетке түсетін түсімдердің болжамын айқындаудың дұрыстығы.
Кірістерді болжау процесі болжаудың және мониторингтеудің кестесінде көрсетілген.
14 сурет - Кірістерді болжаудың және мониторингінің жалпы схемасы:
Мемлекеттік
бюджет кірістері
Кірістерді
болжау
Кірістерді
мониторингтеу
Экономикалық ахуал мен
заңнамалық базаның өзгеруін талдау
Деректерді
Жаңарту
- Біріктірілген бюджетті қалыптастыру кезінде ескерілетін елдің әлеуметтік-экономикалық аса маңызды макроэкономикалық көрсеткіштері
- Есептер
- Салықтар бойынша міндеттемелер
- Төлем мерзімдері
- Болжамды іс жүзіндегі түсімдермен салыстыру
- Фискалдық көрсеткіштер бойынша ақпараттарды талдау және жинақтау
- Ағымдағы жылды бағалау
- Бюджетті атқару барысында болжамды нақтылау
- Нақты түсімдерге:
а) елдегі экономикалық ахуалдың өзгеруінің;
б) заңнаманың өзгеруінің;
в) басқа факторлардың әсер етуін талдау
- Салықтар мен төлемдердің түрлері бойынша ай сайынғы түсімдер
- Елді және өңірлерді дамытудың экономикалық көрсеткіштері
- Фискалдық көрсеткіштер бойынша ақпарат
Болжауды жоспарланатын және іс жүзіндегі деректердің барынша дәл келу мүмкіндігімен жүзеге асыру үшін қалыптасып отырған, өз кезегінде макроэкономикалық көрсеткіштер серпінімен сипатталатын экономикалық ахуалға қарай салықтық түсімдердің белгілі бір түрі көлемінің көрсеткіштері серпінінің сипатын алу қажет[26] .
Көлемі макроэкономикалық көрсеткіштер серпінінің тікелей әсерінен жинақталатын салықтар жекелеген салық түрлері түсімдерінің макроэкономикалық көрсеткіштерге тәуелділігін айқындайтын корреляциялық талдау барысында анықталады.
Корреляция коэффициенттерін бағалау жолымен кездейсоқ шамалардың арасындағы байланысты айқындау корреляциялық талдаудың негізгі міндеті болып табылады.
Нақты салық түрінен түсетін түсімдер мен түрлі макроэкономикалық ауыспалы түсімдердің арасындағы функционалды өзара байланысты есептеу үшін кері әдіс қолданылады.
Корреляциялық талдау мен кері талдауды жүзеге асыру үшін қажетті ақпарат өткен уақыттың талданатын кезеңіндегі экономикалық көрсеткіштердің және олардың елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспарына сәйкес жоспарланатын жылдарға арналған болжамды мәндерінің болуын талап етеді.
Кері теңдеулерді қолдану салық түсімдерінің көлемдерін есептеудің басқа әдістерін пайдалануды ешбір түрде жоққа шығармайды.
Болжанып отырған жылға арналған кәсіпкерлік және кәсіпқойлық қызмет жүргізу үшін алымдар, табиғи ресурстарды пайдаланғаны үшін төлемақы, мемлекеттік баж сомалары ағымдағы жылы күтілетін түсімнің салық салынатын базадағы және болжанып отырған кезеңнің макроэкономикалық көрсеткіштеріндегі болжамды өзгерістерге түзетілген бағалауы арқылы алдыңғы жылдардағы түсімдер серпінің талдауға негізделе отырып есептеледі. Мұндай төлемдерге:
- заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi және өкілдіктер мен еншілес кәсіпорындарды тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшiн алым;
- жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
- жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалған мәмiлелердi мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
- радиоэлектрондық құралдарды және жиiлiгi жоғары құрылғыларды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым;
- көлiк құралдарын мемлекеттiк тiркегенi, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшiн алым;
- жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркеген және кеме мен құрастырылып жатқан кеме ипотекасы үшін алынатын алым;
- дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттiк тiркегенi, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшiн алым;
- аукциондардан алынатын алым;
- жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алым;
- телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спектрiн пайдалануға рұқсат беру үшiн алым;
- туындылар мен сабақтас құқықтар объектілеріне құқықтарды, туындылары мен сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланудың лицензиялық шарттарын мемлекеттік тіркегені, сондай-ақ оларды қайта тіркегені үшiн алым;
- сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы;
- мемлекеттік баж жатады.
Алдағы жылға арналған бюджет жобасын әзірлеу кезінде алымдар мен төлемдердің жекелеген түрлері бойынша тиісті уәкілетті органдар берген болжамды деректер ескеріледі.
Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі:
- автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы жөнінде;
- радиожиiлiк спектрiн пайдаланғаны үшiн төлемақы жөнінде;
- кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшiн төлемақы жөнінде;
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі:
- консулдық алым жөнінде;
Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі:
- жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы жөнінде;
Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі:
- қоршаған орта эмиссиясы үшін төлемақы жөнінде;
- жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы жөнінде;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы жөнінде мәлімет береді;
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі:
- мерзімді басылымдар мен ақпараттық агенттіктерді мемлекеттік тіркеу (есепке алу) үшін алынатын алымдар бойынша.
Салықтан тыс түсімдерді болжау нормативтік құқықтық кесімдерге негізделеді, төлемдер осы кесімдерге сәйкес төленеді.
Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза пайдасы, республиканың меншігіндегі акциялардың мемлекеттік пакетіне дивидендтер, республиканың меншігіндегі заңды тұлғаларға қатысу үлесі, республиканың меншіктің мүлкін жалға алу бөлігіндегі түсімдерді болжауды республикалық меншікке жататын мемлекеттік мүлікті басқару, иелену және пайдалану құқығын жүзеге асыратын мемлекеттік орган айқындайды және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға береді.
«Байқоңыр» кешенін және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін жалгерлік төлемақы түсімдерін болжау Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасында «Байқоңыр» кешенін және әскери-сынақ полигондарын жалға алу жөнінде жасалған келісімге сәйкес және теңгенің АҚШ долларына қатысты болжамды бағамын есепке ала отырып жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақыларды болжамдау тиісті бюджеттерден берілген кредиттерді өтеуді болжау сияқты жүзеге асырылады («Бюджеттік кредиттерді өтеу» деген бөлімді қараңыз) .
Бюджет жобасын әзірлеген кезде орталық, жергілікті атқарушы органдар және өзге де мемлекеттік органдар мынадай салықтық емес төлемдер:
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кірісінен түсетін түсімдер;
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі сыйақылары;
- Жер қойнауы туралы ақпаратты пайдалануға бергені үшін төлемақы;
- Қару-жарақ пен әскери техниканы сатудан түсетін түсімдер.
Мемлекеттік бюджеттен қаржыланатын мемлекеттік мекемелер салатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар және өзге де айыппұлдардың болжамданбайтынын байқауға болады.
Донорлардың қайтарымсыз қаржылық және техникалық көмек беру туралы ұсыныстары гранттарды жоспарлаудың негізі болып табылады.
Байланысқан гранттардың түсімдерін болжауды жобаларды байланысқан гранттар мен республикалық бюджеттің меншікті қаражатының есебінен бірлесіп қаржыландыру есебінен іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері болып табылатын мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
Байланысқан гранттардың түсімдерін болжауға жауапты мемлекеттік органдар ағымдағы қаржы жылының 5 мамырына дейін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға байланысқан гранттар түсімдерінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды көрсеткіштерін табыс етеді.
Байланысқан гранттар түсімдерін болжау гранттар туралы тиісті келісімдерде айтылған сомалар шегінде жүзеге асырылады. Тиісті бюджет комиссиясының байланысқан грант тарту туралы оң шешімі болған жағдайда, алдағы үш жылдық кезеңге арналған бюджет түсімдерінің болжамды көлеміне донорлардың келісілген елдік бағдарламаларына1 қосылған байланысқан гранттардың сомасын қосуға рұқсат етіледі.
Салықтық емес қалған төлемдер бойынша болжам бірнеше жыл ішіндегі салықтық емес түсімдердің әрбір түрі бойынша серпінін талдауға, ағымдағы жылы күтілетін түсімнің болжанып отырған жылғы тұтыну бағаларының индексіне түзетілген бағасына негізделе отырып айқындалады.
Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді болжау төлемдер соларға сәйкес төленетін заңнама кесімдеріне негізделеді.
Мемлекеттік материалдық резервтегі тауарларды сатудан, жер учаскелерін сатудан және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін түскен түсімдерді болжаған кезде орталық және жергілікті атқарушы органдар, өзге де мемлекеттік органдар берген болжамды көрсеткіштер қолданылады.
Мемлекеттік мекемелерге бекітіліп берілген мүлікті сатудан және материалдық емес активтерді сатудан түсетін түсімдерді болжау тұтыну бағаларының болжанып отырған жылға арналған индексі ескеріле отырып, бірнеше жыл ішіндегі түсімдерді талдау негізінде жүзеге асырылады.
Республикалық бюджетке түсетін түсімдер:
- облыстық бюджеттерден, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен берілетін бюджеттік алып қоюлар;
- төмен тұрған бюджеттерден жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылуы кезеңінде мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейінен республикалық деңгейіне беруге байланысты шығыстардың ұлғаюына алып келетін заңнамалық актілерді қабылдаудан туындайтын ысырабын өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан берілетін трансферттер.
Жергілікті бюджеттерге түсетін трансферттердің түсімдері:
- жалпы сипаттағы трансферттер: жоғары тұрған бюджеттен берілетін бюджеттік субвенциялар және төмен тұрған бюджеттен бюджеттік алып қоюлар;
- жалпы сипаттағы трансферттердің үш жылдық көлемінің қолданылу кезеңінде шығыстардың ұлғаюына және (немесе) кірістердің азаюына әкеп соғатын жоғары тұрған органдардың нормативтік құқықтық актілерді қабылдауынан туындайтын, төмен тұрған бюджеттердің шығындарын өтеу міндетті түрде жоғары тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер бөлу арқылы жүргізіледі;
- жоғары тұрған бюджеттердің төмен тұрған бюджеттерге жекелеген ағымдағы бюджеттік бағдарламаларды іске асыру үшін республикалық немесе жергілікті бюджеттерде бекітілген сома шегінде беретін, жалпы сипаттағы трансферттерді есептеу кезінде ескерілмейтін ағымдағы нысаналы трансферттер;
- мыналарды:
1) Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттары негізінде жергілікті атқарушы органдар ұсынатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыру;
2) төмен тұрған мемлекеттік органдардың жоғары тұрған мемлекеттік органдардың құзыретіне жататын, экономикалық пайда алуға немесе әлеуметтік-экономикалық тиiмдiлiкке қол жеткiзуге бағытталған Қазақстан Республикасының стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын іске асыру үшін іс-шараларды орындауы үшін жоғары тұрған бюджеттердің төмен тұрған бюджеттерге республикалық және жергілікті бюджеттерде бекітілген шекте беретін нысаналы даму трансферттері;
- облыстық бюджеттермен, республикалық қала және астана бюджеттері арасындағы нысаналы трансферттер - әкімшілік-аумақтық бірліктің саяси, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығына, адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындағанда, облыстар, республикалық маңызы бар қала, астана әкімдерінің қолдаухаты бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен жалпы республикалық не халықаралық маңызы бар іс-шаралар өткізілген жағдайда бюджет процесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша облыстық бюджеттің, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерінің басқа облыстық бюджеттермен, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеттерімен өзара қатынастарына жол беріледі [28] .
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке берілетін кепiлдiк берiлген трансферттiң мөлшері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айқындалады және Қазақстан Республикасының заңымен бекітіледі.
Тиісті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттерді өтеуді болжау 2 кезеңді қамтиды:
1. Болжамды бастапқы айқындау, бұл мына деректер:
1) өткен жылдары тиісті бюджеттерден берілген кредиттерді қайтару жөніндегі жоспардың орындалу серпіні, берілген кредиттердің қайтарылу деңгейі;
2) тұтыну бағалары индексі мен АҚШ долларына теңгенің айырбас бағамының (АҚШ долларымен белгіленген кредиттер үшін) өзгеру серпіні, ЖІӨ-нің өсу қарқыны және осы деректердің болжамы;
3) бұрын берілген және өтелмеген кредиттердің көлемі, Кредитті өтеу және олар бойынша сыйақы (мүдде), есептелген айыппұлдар мен өсімпұлдарды төлеу кестесі;
4) бюджеттік кредит беру саясаты, бюджеттік кредит беру саласында қабылданған нормативтік құқықтық кесімдер;
5) қаражатты бюджетке қайтару соларға сәйкес жүзеге асырылатын кредиттік келісімдердің (қарыз, мемлекеттік кепілдік туралы келісім және ішкі кредиттік келісімдер) шарттарын талдау негізінде жүзеге асырылады.
2. Бастапқы болжамды нақтылау.
Бастапқы болжам қаражатты бюджетке қайтару бойынша мерзімі өткен міндеттемелер жөніндегі ахуалдың тарихи дамуын ескере отырып, кредит беру, инвестициялық жоба немесе бағдарламалық қарыз (үкіметтік сыртқы қарыз қаражаты есебінен) жолымен жүзеге асырылатын бюджеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі қазіргі ахуалды талдау негізінде нақтыланады.
Қайтарымды негізде қаражат беру, мемлекеттік кепілдіктер беру, үкіметтік қарыздарды тарту жөніндегі, кредиттерді қайта құрылымдау, оларды өтеу жөніндегі іс-шаралар туралы нормативтік-құқықтық база осы ақпарат көзі болып табылады.
Жоспарлы түсімдер мөлшерін айқындау да қарыз алушының қаржы жағдайы, әрбір Кредитті және тиісінше ол бойынша сыйақыны (мүддені) қайтару жөніндегі істердің ағымдағы жай-күйі туралы ақпарат негізінде жүзеге асырылады.
Қаржылық активтерді сатудан түскен түсімдер болжамын мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік кәсіпорындарға және акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) мемлекеттік акциялар пакеттерін (қатысу үлесімен) оларды сату туралы құқық иелену және пайдалануды жүзеге асыратын органдарға қатынасы бойынша мемлекеттік басқару органдарының ұсыныстары негізінде жүзеге асырады.
Мемлекеттік кәсіпорындарға және акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) мемлекеттік акциялар пакеттерін (қатысу үлесімен) оларды сату туралы құқық иелену және пайдалануды жүзеге асыратын органдарға қатынасы бойынша мемлекеттік басқару органдары мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға оларды бұған дейінгі жоспарланған жылдың 1 қазанына дейін сату қажеттілігінің негіздемесімен жекешелендіруге жататын, үш жылға сату болжамын есепке ала отырып объектілер тізбесін береді.
Мемлекеттің қаржылық активтерін сатудан түскен түсімдерді болжау туралы ақпараттар негізінде мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бұған дейінгі жоспарланған жылдың 1 желтоқсанына дейін мерзімде жекешелендіруге жататын объектілер тізбесін қалыптастырады.
Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган тізбені қалыптастырады және акционерлік қоғамдардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің, олардың бөлімшелерінің және құрылымдық бірліктерінің мемлекеттік акциялар пакеттерін (мемлекеттік үлесімен) жекешелендіруге жататын және болжамды кезеңде сатуға жоспарланып отырған объектілер тізбесіне сәйкес объектілердің (кәсіпорын активтер алу міндеттеме) теңгерім құнын ескере отырып мүліктік кешендер ретінде іске асырудан түскен түсімдерді болжауды айқындайды.
Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган жекешелендіруге жататын объектілер тізбесін мемлекеттік кәсіпорындарға және акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) мемлекеттік акциялар пакеттерін (қатысу үлесімен) оларды сату туралы құқық иелену және пайдалануды жүзеге асыратын органдарға қатынасы бойынша мемлекеттік басқару органдарына келісу үшін жіберіледі.
Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік кәсіпорындарға және акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестік) мемлекеттік акциялар пакеттерін (қатысу үлесімен) оларды сату туралы құқық иелену және пайдалануды жүзеге асыратын органдарға қатынасы бойынша мемлекеттік басқару органдарымен келіскеннен кейін жекешелендіруге жататын объектілер тізбесін әрбір объектіні жекешелендіруге беру жөніндегі экономикалық негіздемесі бөлігінде ақпараттарды бере отырып бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
Бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жекешелендіруге жататын объектілер тізбесін мыналарды:
- мемлекеттік активтер құрылымдарын оңтайландыруды, мемлекеттік мүлікті басқаруға арналған мемлекеттік бюджет шығыстарын азайтуды;
- қазақстандық экономиканың нақты секторына инвестицияларды, бәрінен бұрын қазақстандық ұйымдарды ұзақ мерзімді дамытуға мүдделі, инвестициялық және (немесе) әлеуметтік жағдайларды іске асыру бойынша міндеттемені өзіне алуға және оларды орындауға дайын инвесторлар есебінен тартуды;
- ұйымдарды ұзақ мерзімді дамытуға, қазақстандық нарықты отандық өнімдермен толтыруға және олардың әлемдік нарықта ілгерілеуіне, өндірісті кеңейтуге және жаңа жұмыс орындарын құруға бағдарланған тиімді меншік иесінің кең тобын құруды ескере отырып қарайды.
Өзге де мемлекеттік мүлікті сатудан түсетін түсімдердің болжанатын сомасын олардың бұған дейін жоспарланған кезең ішіндегі түсімдерінің нақты сомасын ескере отырып және есепті кезеңнің аяғындағы жағдай бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органның ақпараты бойынша айқындалады.
Үкіметтік қарыздарды болжауды Қазақстан Республикасының бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Үкіметтік сыртқы қарыздар болжамы - қолданыстағы және алдағы үш жылдық кезеңге арналған жоспарланатын сыртқы қарыздар сомасы.
Қолданыстағы сыртқы қарыздарды - Республикалық бюджет комиссиясының тиісті шешімі негізінде пайдаланылуы және бірлесіп қаржыландырылуы алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте тиісті шығыстармен қамтамасыз етілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздарын болжау - алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдері негізінде Республикалық бюджет комиссиясының алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын әзірлеу барысында қабылданған тиісті шешімдерін есепке ала отырып жүзеге асырылады. Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңы қабылданғаннан кейін қолданыстағы сыртқы қарыздар болжамы осы Заңда бекітілген сомаларды ескере отырып түзетіледі.
Жоспарланатын сыртқы қарыздарды - тартылуы донорлардың келісілген елдік бағдарламаларына сәйкес жоспарланып отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздарын болжау - донорлардың келісілген елдік бағдарламалары негізінде, оларға қосылған қаржыландырылуы донорлардың қарыздары есебінен жоспарланып отырған инвестициялық жобалардың тізбесіне негізделе отырып жүзеге асырылады.
Ішкі үкіметтік қарыз алу болжамы бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ұсынған үкіметтік қарыздарды өтеу болжамы ескеріле отырып, республикалық бюджет тапшылығы мен үкіметтік сыртқы қарыз алу болжамының арасындағы айырма ретінде айқындалады.
3. 2 Бюджет жүйесін басаруды жетiлдiру жолдары
Мемлекеттiк бюджеттiк түсiмдерiң соңғы жылдардығы, яғни 2008 жылы артығымен орындалғанымен оның iшiнде мүлiк, көлiк құралдар салықтары толығымен орындалмаған. Мүлiк және көлiк құралдар салығының толығымен орындалу үшiнм жергiлiктi жердегi мүлiк салығына тартылуға тиiс, барлық мүлiк және көлiк құралдар түгел есепке алынуы тиiс. Жылжымайтын мүлiктi тiркеу орталығының жұмысын жандандыру керек. Барлық заңды және жеке тұлғалардың мүлкi түгелдей осы орталықта тұруы тиiс.
Бұрын соңды салыққа қатысты заңдар бiр жүйеге түсiрiлмегенде оның үстiне аталған салық жүйесiнiң тұгелдей iргетасын қалаудан, яғни бәрiн жаңадан бастадық. Салық заңдарын дайындау, оны қалыптастыру, кез -келген мемлекетте болатын күрделi процесс. Өйткенi, онда қоғамның барлық тобының мүддесiн тепе-тең жағдайда қарастыру талап етiледi. Елiмiздегi салық заңдарының қалыптасуы қоғамдық түпкiлiктi реформалау уақыты мен түспа түс келедi. Осының бәрi жинақталып келiп, салық заңдарының көп жағдайда талас тартыс шеңберiнде өрбуiне әкеледi. Әу баста салық жүйесiнде жiберiлген кемшiлiктер де, қателiктер де жеткiлiктi болады. Оған үкiметтiң рүқсатымен салықтан босатылған ұйымдардың қызметi де өзiнiң зардабын тигiзбей қойған жоқ [27, 51 б. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz