Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы және жоспарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
3 ҚҰЛСАРЫМҰНАЙГАЗ ӨНДІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ - ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІН
НЫҒАЙТУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын, төлем қабілеттілігін және
табыстылығын арттыруға әсер етуші факторлар

Өндіріс тиімділігі фирманың немесе оның өндірістік бөлімшелерінің
әрекет етуінің соңғы нәтижелерімен анықталады және ұйымдық – басқару
қызметінің деңгейін бейнелейді.Өндіріс тиімділігін арттыру – төмендегілер
арқылы қол жеткізілетін маңызды мақсат:
- өндірістің технологиялық базасын дамыту;
- өндірістегі инновациялар;
- өнім өндіру шығындарының экономикалық тиімділігін арттыру;
- инвестициялық саясатты үйлестіру;
- өндірістік жүйе құрылымын жетілдіру.
Фирма қызметін соңғы нәтижелер бойынша бағалау өте қиын іс, өйткені ол
әртүрлі белгілерді қолдануды және нәтижелерді әрбір бөлімше бойынша жеке-
жеке бағалауды білдіреді. Кәсіпорын қызметінің соңғы нәтижелерін бағалау
белгілеріне кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы, төлем қабілеті мен
рентабельділігі жатады.
Кәсіпорындағы қаржылық қатынастарды басқаруды жақсартудың маңызды
бағыттарының бірі айналым қаражаттарын тиімді пайдалану болып табылады.
Айналым қаражаттары бір мезгілде өндіріс процесінің әртүрлі сатылары
мен айналым сферасында және әртүрлі формада болатындықтан, шаруашылық
қызмет тәжірибесінде олардың айналымдылығына әртүрлі жолдармен қол
жеткізіледі. Айналым қаражаттарын пайдалану және олардың айналымдылығын
жеделдетудің маңызды бағыттары ретінде төмендегілерді айтуға болады:
1 өндірістік циклдың ұзақтығын қысқарту;
2 қойма запастарын азайту;
3 материалдық ресурстарды пайдалануды жақсарту;
4 материалдық-техникалық жабдықтауды жақсарту;
5 есеп айырысу жүйесін жетілдіру.
- Өнеркәсіп салаларының көпшілігінде айналым қаражаттарын пайдалануды
жақсарту мүмкіндіктерінің көпшілігі өндіру сатысында орын алады.
- Кәсіпорынның айналым қаражаттарының едәуір бөлігі өндірістік
запастар түрінде болады. Сондықтан, оларды барынша қысқарту айналым
қаражаттарын пайдалану тиімділігін анықтайды. Өндірістік запастардың ерекше
белгісі олардың қатаң бағыттылығы екендігін ескеру қажет. Оларды тек осы
запастар сақталып отырған қойма бөлімшелері ғана қолдана алады.
- Айналым қаражаттарын пайдалану тиімділігін арттыру және олардың
айналымдылығын жеделдетудің маңызды бағыттарының бірі – материалдық
ресурстарды үнемді пайдалану бойынша жұмыстарды жетілдіру. Аталған бағытты
материалдарды пайдаланудың ұйымдық және экономикалық шарттарын жетілдіруге
бағытталған жобалау шешімдерін жетілдірумен байланысты шаралар есебінен
жүзеге асыруға болады.
- Материалдық – техникалық жабдықтауды ұйымдастыруға кәсіпорындағы
материалдық құндылықтар мөлшері, өндірістік процестің қалыптылығы және
өндірістік бағдарламаның орындалуы тәуелді болады. Бұл бағыттың маңызды
шаралары ретінде материалдық-техникалық жабдықтаудың озат нысандарын
енгізуді, ресурстарды пайдалануды есепке алу және бақылауды жетілдіруді,
материалдық ресурстары қоймалау және сақтауды жақсартуды атауға болады.
Елеулі әсер жақын орналасқан жабдықтаушылармен тікелей транзиттік
байланыстарды енгізу есебінен алынуы мүмкін.
- Айналым сферасындағы айналым қаражаттарының айналымдылығын
жеделдетуге көптеген факторлар әсер етеді, атап айтсақ, күрделі құрылысты
қаржыландыруды ашу үшін қажетті құжаттарды банкке уақытында тапсыру;
материалдық құндылықтарды жеткізу шарттарына дер кезінде отыру және
орындалған жұмыстар үшін банкпен есеп айырысуды уақытында құжаттандыру;
құжат айналымын жақсарту және жеделдету; келісім-шарт тәртібін нығайту;
ақша қаражаттарының есеп беруде жатуын қысқарту; есеп айырысуларды және
дебиторлық қарыздарды күнделікті бақылау және оларды барынша төмендету.
Есеп жылында Құлсарымұнайгаз МГӨБ-ның меншікті айналым қаражаттары
айтарлықтай жеткілікті деп айтуға болады. Егер кәсіпорын балансында
меншікті айналым қаражаттары пайда болуы үшін меншікті капитал үлесін
арттыру қажет. Қаржылық стратегияны дұрыс өңдесе, бұған қол жеткізуге
болады. Меншікті капитал үлесін арттыру қаржылық тәуелсіздіктің артқанын
және қаржылық қиындықтар қауіп-қатерінің төмендегенін көрсететін автономия
коэффициенті мәнінің өсуіне ықпал етеді.
Нарық жағдайында кәсіпорын үшін несие алу мүмкіндігіне ие болу өте
маңызды. Бұл кәсіпорынның қаржылық және шаруашылық қызметін үйлестіруге,
оның аса жоғары экономикалық өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Себебі, банктер және басқа да несие-қаржы институттары үшін кәсіпорынның
өтімділігі (төлем қабілеті) аса маңызды.
Талданып отырған кәсіпорында баланс өтімділігі абсолюттік өтімділік
шарттарына сәйкес келеді.
Өнеркәсіп туралы ҚР заңына сәйкес нарықтық экономика мен тауар ақша
қарым қатынастарының дамуы жағдайда өнеркәсіптерді ұйымдастырудың жалпы
құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздері белгіленген.
Өнеркәсіп өзінің басты мақсатын жүзеге асыру үшін өндірістің дамуы мен
тиімділігін арттыруды, еңбектің өнімділігін көтеруді, ресурс сақтауды,
табысты көбейтуді, өнімнің өзіндік құның төмендетуді, ұжымның әлеуметтік
дамуын жұзеге асыруды, еңбектің жоғары өнімді болуы үшін барлық қолайлы
мүмкіндіктерді жасауды қамтамасыз етеді. [31]
Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық іс әрекеті ақша қаражатының үздіксіз
қозғалысымен қоса жүреді. Мекеме бір жағынан дайын өнімді өткізуден түскен
түсім ретінде, несие тағы басқа кірістер түрінде ақша қаражатын алады.
Екінші жағынан мекеме алынған материалдарды, қосалқы бөлшектерді, отын және
жарықты төлеуге тұрақты түрде ақша жұмсайды, өз жұмысына ақша төлейді,
күрделі жұмысқа ақша жұмсайды.
Кәсіпорынның ақша қызметі қаржы жолдарында көрінеді, бұл бизнес
жоспардың аса маңызды бөлімі болып саналады.
Қаржы жоспары мынадай міндеттерді шешуге жағдай жасайды:
1) Өндірістің тиімділігі мен пайдалылығын жетілдіру үшін ішкі
қорлардың бар мүмкіндігін қарастыру.
2) Жоспарланған қаржы көрсеткішін экономикалық негіздеу және оларды
бизнес жоспардың сәйкес көрсеткіштеріне байланыстыру.
3) Мекемені өндірістік шаруашылық іс әрекетіне қажетті қаржы
ресурстармен қамтамасыз ету.
4) Материалдық құндылықтарды жұмсауда және қорлардың алуан түрлеріне
қаржы аударуда норманы сақтау.
5) Мекеменің іс әрекетінің барлық жақтарына қаржы бақылауын жүзеге
асырып отыру.
Басқару - бұл өндірістің алдыға қойған мақсаттарын тиімді орындау
мақсатында ұжымдағы адамдардың өндіріс кезіңдегі қызметтерін басқарумен
үйлестіру үшін мақсатты түрде бағытталған әрекет. Мекемедегі ұжымға және
мекеменің басқа бөлімшелеріне өндірістің соңғы нәтижесін жоғарлату
мақсатында әсер ету әрекеті өндірісті басқарудың құралы болып саналады.
Басқаруды жүзеге асыру және шаруашылық деңгейді көтеру мынадай аса
маңызды бағыттары бойынша дамуы керек.
- Өндіріс көлемінің өсуін есепке ала отырып мекемені басқаруды жүйелі
түрде жақсарту, күрделенген экономикалық байланыстарды жүйелеу, ғылыми
техникалық дағдарыс талаптарына сай болуы, жұмыс тиімділігін арттыру,
өндірісті мамандандыру, шоғырландыру мен бірлестіру негізінде
бірлестіктерді басқаруды одан әрі жүзеге асыру.
- Шаруашылықты басқаруды орташа топ ретінде жоспарлаудың мәнің күшейту
жоспар көрсеткіштері мен жүйесін одан әрі жүзеге асыру.
- Өндірістің барлық бөлімшелерінде үнемділік пен ұқыптылық кестесін
күшейту.Иесіздік пен ысырапшылдықпен шешуші күрес жүргізу, ресурстардың
барлық түрлерін ұтымды пайдалануда басшылардың жауапкершілігін арттыру,
уақытты тиімді пайдалану.
- Басшылықтың әдіс - тәсілдерін жақсарту. Басқарудың барлық топтарында
іскерлікті, шапшандықты арттыру керек, ұйымдастырушылық жұмыстарының
деңгейін көтеру қажет.
- Басқарудың әдіс - тәсілдері мен ұйымдастырушылық құрылымын жүзеге
асыру, басқару еңбегінің сапасын мен тиімділігін арттыру. Бұл үшін басқа
ақпараттардың жұмысы мен ұйымдастырушылық құрылымын жоспарлы түрде жақсарту
керек, басшылықтың әдісін жаңарту және квалификациясын арттыру, артық
топтарды жою, басқаруды алдыңғы тәжірибе мен дамыған әдіс тәсілдерін байыту
және бұларды белсенді түрде кіргізу басқару жүйесін автоматтандыруды
дамыту.
Өндірісті ұйымдастыру - бұл еңбек процесстерінің уақыт пен кеңістіктегі
үйлесімді заңдылығы, аз шығын жұмсап, алдыға қойған мақсаттарға жету үшін
өндірістің барлвық бөлшектерінің келісілген қызметі туралы.
Негізінде, шаруашылық механизмді жалпы түрде шаруашылықтық
экономикалық, әлеуметтік және басқа да түрлері мен әдіс тәсілдерінің өзара
байланысты жүйесі деп анықтауға болады. Өндірісті ұйымдастыру, жоспарлау,
және басқа шаруашылық механизмнің экономикалық тұрақтылық, қаржыландыру,
несие, баға құрылымы, шаруашылық құқық тағы басқа бөлшектермен өзара тығыз
байланысты маңызды құрамдары. Өндірісті ұйымдастыру өндірістік процесстің
барлық бөлшектері, жұмыс күшін, еңбек құрал жабдықтарын, түрлі ақпараттарды
ғылыми түрде негізделген жұмыс істеудің жүйесін құру, өнеркәсіптің барлық
бөлімшелерінің күшін жұмылдырып, жұмасалған шығынның ең төменгі мөлшерде
нәтиже алу. [22]
Еңбек ақыны ұйымдастыру:
Жұмыс ақысы – ұлттық табыстың ақшалай бөлігі, яғни уақыт өлшеміне
шаққандағы еңбек бағасы. Ол жұмыскерлерге жұмсалған еңбек шығындарының саны
мен сапасына сәйкес бөлінеді.
Номиналды (көрсетулі) жалақы – қызметкер белгілі бір жұмыс уақыты
кезеңінде жұмсалған еңбегінің мөлшері мен сапасына сәйкес алынатын ақша
сомасы. [31]
Нақты жалақы – қызметкер жалақысының сатып алушылық қабілетін, оның
тұтынушылық мәнін көрсететін көрсеткіш. Нақты жалақының белгіленген ақшалай
мөлшеріне, тұтыну заттары мен қызметтер бағасының деңгейіне, алынатын
салықтардың мөлшеріне байланысы.
Еңбек ақысын ұйымдастырудың негізгі міндеттері:
- еңбек өлшемімен тұтыну өлшемі арасындағы сәйкестікті қатал қамтамасыз
ету.
- еңбек өнімділігін арттыруды ынталандыру.
- Мамандықты өсіру және өндірісті ұйымдастыруды жақсарту.
Еңбек ақысын ұйымдастырудың принциптері:
- әрбір жұмыскердің еңбек шығының мөлшерін дәл есептеуін қамтамасыз ету
- өндірістің тиімділігін арттыру
- еңбек өнімділігінің еңбек ақысымен салыстырғанда озық өсуін қамтамасыз
ету
- жоғарғы мамандықтың, күрделі еңбектің өтеуі, жәй, шала маманданған
еңбекке қарағанда, жоғары болуы қажет
- жұмыскерлердің түрлі топтағы және категориялардағы жұмыс ақысының бөлуді
және реттеуді мемлекет жүргізеді.
Инженер – техникалық қызметкерлердің еңбегіне ақы төлеу:
Бұл қызметкерлердің еңбегі мерзімдік түр бойынша лауазымдық айлық
негізінде төленеді. Лауазымдық айлықтың мөлшері жұмыстың күрделігін және
көлемін ескере отырып, тағайындалады, олар өз кезегімен кәсіпорындарының
топтарына бөлінеді.
Мұнайгаз өндіру басқармалары мұнайгаз өндіру жоспарының деңгейіне
байланысты 4топқа бөлінеді.
1 топ – жылдық мұнайгаз өндіру 15 млн. тоннадан артық немесе
скважина саны 4000- нан астам.
2 топ - 10- нан 15 млн. тоннаға дейін немесе жұмыс істейтін
скважиналар саны 3000- нан 4000 –ға дейін.
3 топ – жылдық мұнайгаз өндіру 6 млн-нан артық немесе жұмыс
істейтін скважиналардың саны 1400- ден астам.
4 топ – өндіру 2 млн-нан 6 млн-ға дейін немесе 800- ден 1400
скважинаға дейін және тағы басқалар.
Теңіздегі мұнайгаз өндіру бұрғылау процессінде істейтін қызметкерлердің
лауазым алығы 20 % жоғары, ал автономдық теңіз табандарында,
эстакадаларында жүзу құралдарында, кемелерінде жұмыс ақысы 45% ға өседі.
Лауазым айлықтары төменгі және жоғарғы мөлшерде тағайындалады. Айырмашылық
мөлшері 17-20% болады. Кәсіпорын бастығы мастерлердің, ИТҚ және
қызметкерлердің жұмыс ақысына 50% ке дейін қосуына құқығы бар.
Мұнайгаз кәсіпорындарының қызметкерлеріне сыйлық беру:
Жұмысшыларға жұмысақы қорынан және материалдық көтермелеу қорынан
сыйлық беріледі.
Кәсіпорындарына материалдық көтермелеудің бірыңғай қорын құруға құқық
берілген.
Мұнайгаз өнеркәсібінде бұрғылауда сыйақының мөлшерін анықтау үшін
жекелік, ұжымдық еңбектің жиынтық көрсеткіштері қолданылады.
Сыйақының мөлшерң шаруашылықтың іс-қимылдарының негізгі нәтижелері
бойынша кәсіпорынның бөлішелеріне жіберіліп, мұнда жоспарлы тапсырмалардың
қауырттылығы, күрделілігі және орындайтын жұмыстың маңыздылығы есепке
алынады.
Ең алдымен бригадалар ұжымның әрбір жұмысшысы өндірістік тапсырмаларды
орындағаны үшін сыйлық алады. Бұл сыйлық берудің негізгі көрсеткіші. Жұмыс
ақысының қорынан бригадаларға және жеке жұмысшыларға бұл көрсеткішке
байланысты берілетін сыйлық айлық кесімдік жұмысақының 40% аспауы керек.
Бұдан басқа негізгі өндірістің жұмысшыларына мына көрсететкіштері үшін
сыйақы беріледі:
- еңбек өнімділігін ынталандыруда еңбекауыртпалығын кеміту,
- берілген жұмыс көлемін аз кісімен орындау.
- жұмыстың өнімнің сапасын арттыру.
- жабдықталған жүктеу коэффициентін, жаңа машиналарды
- жұмыс ауысымының коэффициентін көбейту.
- материалдарды, отынды үнемдеу, шығындарды,қалдықтарды
азайту.
Материалдардық көтермелеудің бірыңғай қорынан жұмысшыларға, бригадалар
ұжымына берілетін сыйақылардың жоғары мөлшері шектелмейді.
Басшы қызметкерлер жоспарлды орындағаны және асыра орындағаны үшін мына
көрсеткіштер бойынша сыйақы беріледі:
- жасалған шарттарға сәйкес жеткізу міндеттерін есептеп өнімді
өткізу, өндіріс көлемі тұрғызылған және тапсырылған скважиналардың
саны бойынша.
- еңбек өнімділігінің өсуі, еңбек ауырлығын, сыбағалы еңбек
шығындарын азайту.
- қоғамдық еңбектің шығындарының азайғанын дәлелдейтін тауар
өнім шығындарының шекті деңгейі, пайда, өзіндік құн және басқа
көрсеткіштері.
Негізгі көрсеткіштерді орындаған үшін сыйақының жоғарғы мөлшері
лауазымды айлықтың 75% аспауы қажет.
Кәсіпорын мамандары және қызметшілері көрсеткіштердің 3 тобы бойынша
сыйлықақы алады:
- өндіріс көлемін сипаттайтын негізгі көрсеткіштер.
- қызметтердің нәтижелеріне байланысты цехтің, бөлімнің жұмыстарын
- баяндайтын қосымша көрсеткіштер.
- мамандарды, қызметшілердің жұмыс сапасын, еңбек тәртібін, олардың
- жалпы жұмыс қорытындысындағы үлесін сипаттайтын көрсеткіштер.
Мұнайгаз өнеркәсібінде қызметкерлердің материалдық ынталылығын арттыру
мақсатында жоспарлы бағалау көрсеткіштерінің жүйесі енгізіллген, онда әрбір
құрылым бөлімшелері үшін негізгі және қосымша сыйақы төлеу құжаттары
көрсетілген. [33]

3.2 Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы және жоспарлауды жетілдірудің
негізгі бағыттары

Кәсіпорын қызметі көбінесе таңдаған қаржылық стратегиясына тәуелді
болады. Қаржылық стратегия қаржыларды қалыптастыру, оларды жоспарлау және
қамтамасыз ету сұрақтарын қамтиды, шаруашылық жүргізудің нарықтық
жағдайында кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету міндеттерін
шешеді. Қаржылық стратегия теориясы шаруашылық жүргізудің нарықтық
жағдайының объективті заңдылықтарын зерттейді, стратегиялық қаржылық
операцияларды дайындау мен жүргізудің жаңа жағдайында өмір сүрудің әдістері
мен нысандарын өңдейді.Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы кәсіпорын
қызметінің барлық жақтарын қамтиды, атап айтсақ, негізгі және айналым
құралдарын үйлестіру, пайданы бөлістіру, қолма-қолсыз есептесулер, салық
және баға саясаты, бағалы қағаздар саласындағы саясат.
Кәсіпорынның қаржылық мүмкіндіктерін жан-жақты ескере отырып, ішкі және
сыртқы факторлардың сипатын қарастыра отырып, қаржылық стратегия
кәсіпорынның қаржылық-экономикалық мүмкіндіктерінің өнім нарығында
қалыптасқан жағдайға сәйкес келуін қамтамасыз етеді. Басқаша жағдайда,
кәсіпорын банкротқа ұшырауы мүмкін.
Жеке мақсаттарға жету стратегиясы басты стратегиялық мақсаттың жүзеге
асуын қамтамасыз етуге бағытталған қаржылық операцияларды ұтымды
пайдалануды білдіреді.
Қаржылардың басты стратегиялық мақсаты кәсіпорынды қажетті және
жеткілікті қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы басты стратегиялық мақсатпен сәйкес
мыналарды қамтамасыз етеді:
- қаржылық ресурстардың қалыптасуы және оларды орталықтан стратегиялық
басқару;
- шешуші бағыттарды анықтау және олардың орындалуына барлық күш
жігерді жұмсау;
- міндеттер тізімін анықтау және оларға рет-ретімен жету;
- қаржылық әрекеттердің кәсіпорынның экономикалық жағдайы мен
материалдық мүмкіндіктеріне сәйкес келуі;
- кәсіпорынның жылдағы, маусымдағы және айдағы қаржылық-экономикалық
жағдайы мен нақты қаржылық жағдайын объективті есепке алу;
- стратегиялық резервтерді қалыптастыру және дайындау;
- кәсіпорын мен оның бәсекелестерінің экономикалық және қаржылық
мүмкіндіктерін есепке алу;
- бәсекелестер тарапынан басты қауіп-қатергді анықтау, оны жоюға күш
салу және қаржылық әрекеттер бағытын дұрыс таңдау;
- бәсекелестерден басып озу үшін күрес жүргізу.
Негізгі стратегиялық мақсатқа жету үшін нарық талаптарына және
кәсіпорын мүмкіндіктеріне сәйкес кәсіпорынның негізгі қаржылық стратегиясы
өңделеді. Негізгі қаржылық стратегияда орындаушылар мен жұмыс бағыттары
бойынша қаржыларды қалыптастыру міндеттері анықталады және бөлістіріледі.
Қаржылық стратегияның міндеттері:
- шаруашылық жүргізудің нарықтық жағдайында қаржыларды қалыптастыру
сипаты мен заңдылықтарын зерттеу;
- кәсіпорынның тұрақсыз немесе дағдарысты қаржылық жағдайындағы оның
қаржылық ресурстарын қалыптастырудың және қаржылық басшылық әрекеттерінің
мүмкін варианттарын дайындау шарттарын өңдеу;
- жабдықтаушылармен, барлық деңгей бюджеттерімен, банктермен және басқа
да қаржылық институттармен қаржылық өзара қарым-қатынастарды анықтау;
- резервтерді анықтау және кәсіпорын ресурстарын өндірістік қуаттарды,
негізгі қорлар мен айналым қаражаттарын аса ұтымды пайдалану үшін
жұмылдыру;
- кәсіпорынды шаруашылық-өндірістік қызметке қажетті қаржылық
ресурстармен қамтамасыз ету;
- кәсіпорынның уақытша бос ақша қаражаттарының максимал пайда табу
мақсатындағы тиімді салымдарын қамтамасыз ету;
- жемісті қаржылық стратегия жүргізу және қаржылық мүмкіндіктерді,
жаңа өнім түрлерін стратегиялық пайдалану, кәсіпорын кадрларын шаруашылық
жүргізудің нарықтық жағдайында жұмыс жасауға жан-жақты дайындау, олардың
ұйымдық құрылымы мен техникалық жабдықталу тәсілдерін анықтау;
- бәсекелестердің қаржылық стратегиялық көзқарастарын, экономикалық
және қаржылық мүмкіндіктерін зерттеу, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету
бойынша шараларды өңдеу және жүзеге асыру;
- дағдарыстық жағдайдан шығуды дайындау тәсілдерін, тұрақсыз немесе
дағдарысты қаржылық жағдайда кәсіпорын кадрларын басқару әдістерін өңдеу
және оны жоюға барлық ұжым мүшелерін жұмылдыру.
Қаржылық стратегияны өңдеу барысында ақша табыстарын анықтауға, ішкі
ресурстарды жұмылдыруға, өнімнің өзіндік құнын барынша төмендетуге, пайданы
дұрыс бөлістіру және пайдалануға, айналым қаражаттарына қажеттілікті
анықтауға, кәсіпорын капиталын ұтымды қолдануға ерекше назар аударылады.
Қаржылық стратегия төлемеу қауіп-қатерін, инфляция өсімін және басқа форс-
мажорлық жағдайларды ескере отырып өңделеді. Ол өндірістік міндеттерге
сәйкес келу керек, қажет болса түзетілуі және өзгертілуі тиіс. Қаржылық
стратегияның жүзеге асуын бақылау табыстардың түсуін тексеруді, оларды
үнемді және ұтымды пайдалануды қамтамасыз етеді. Өйткені, жақсы
жүргізілетін қаржылық бақылау ішкі резервтерді анықтауға, шаруашылық
рентабельділігін арттыруға көмектеседі.
Қаржылық стратегияның маңызды бөлігі шетелдік компаниялар тәжірибесінде
жемісті қолданылатын ішкі нормативтерді (оның көмегімен, мысалы, пайданы
бөлістіру бағыттары анықталады) өңдеу болып табылады.
Осылайша, кәсіпорынның қаржылық стратегиясының жетістігіне қаржылық
стратегия теориясы мен практикасы өзара теңгерілгенде; қаржылық
стратегиялық басшылықты қатаң орталықтандыру арқылы қаржылық стратегиялық
мақсаттар нақты экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерге сәйкес келгенде
кепілдік беріледі.
Өндірісті жоспарлау:
Жоспар және нарық – жоспарлы көрсеткіштер мен нарықтық қатынастардың
өзара әсерінің жүйесі, ол реттелетін экономиканың меншіктің тең құқықтылығы
негізінде жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Кәсіпорынды жоспарлау – әр түрлі уақыт аралығындағы жұмыскерлер
ұжымының жұмыс нәтижесі мен пропорциясын, қарқындылығын, бағыттарын
анықтауға белгіленген міндет.
Ол кәсіпорын іс әрекетінің техникалық, технологиялық дамуы, еңбекпен
өндірісті ұйымдастыру, ұжымдағы қаржы мен өнім өндіруді әлеуметтік дамыту,
қоғамдық тұтынуды, қанағаттандыруға бағытталған мемлекеттік тапсырыстарды
ойдағыдай орындалуын қамтамасыз етуін анықтайды. [35]
Жоспарлау – кәсіпорынды шаруашылық басқарудың негізгі болып табылады.
Жоспарлау – мақсаттарды тұжырымдау, басым бағыттарды, қаржатты және
оған қол жеткізу әдістерін айқындау процесі. Жоспарлау – болжаудың
қорытындылаушы кезеңі, оның барысында дамудың белгілі бір ықтимал
бағамаларын немесе нұсқаларын таңдау негізінде шешімдер қабылданды.
Жоспарлау нәтижесі – жоспар, экономикалық ортаны және алға қойылған
мақсаттарды жағдайға орай болжау негізінде жасалған іс қимылдар үлгісі.
Жоспар, тек барлық өндірістік іс әрекеттерге ғана емес, сондай ақ оның
бөлімшелері мен қызметтеріне де бағытталған. Яғни, жоспар – кәсіпорынның
ғылыми негіздегі экономикалық бағдарламасы.
Жоспарлаудың негізгі принциптері:
• директивті – кәсіпорынның барлық жоспарлық көрсеткіштерін белгіленген
мерзімде міндетті орындау.
• кешенді – жоспардың барлық бөлімдерін есептегенде кәсіпорынның
қызметі мен бөлімдерінің кешенді дамуы.
• жоспардың ғылымилығы – обьективті экономикалық заңдарды жоспарлауды
қолдана отырып, жоспар көрсеткіштерін жаңа ғылым мен техникаға қол
жеткізуге бағыттау.
• үздіксіздік– жоспарлау перспективалық, ағымдағы және оперативтік
жоспарды ұйымдық байланыспен қамтамасыз етеді.
Кез – келген перспективалық жоспар жылдық жоспарды қамтиды. Ал
ағымдағы және оперативтік жоспарлар перспективалық жоспарды толықтырады
және нақтылайды. [38]
Жоспардың оңтайлығы – шаруашылық құрылыс заңы өмірінде аз шығын
бойынша барлық халық шаруашылық қызығушылығын жақсы нәтижеде қамтамасыз
етуге қол жеткізу
Жоспар түрлері және олардың тәртібі:
Жоспарлау екі түрге бөлінеді:
• техника – экономикалық.
• оперативтік.
Техника – экономикалық – перспективті және ағымдағы жоспарлардан
тұрады.
Перспективті жоспар – 5, 10 немесе одан да көп жылға құралады.
Перспективті жоспар жүйесінде негізгі орынды бес жылдық жоспар алады. Ол
мынадай міндеттерді шешуді қамтамасыз етеді:
- саладағы өнім тұтынушылығын толық қанағаттандыру мақсатында
өндірісті іске асыру және дамыту.
- өндіріс тиімділігін жалпылама жоғарлату және барлық тұтыну
қорларын тиімді қолдану.
- берілетін тәжірибедегі техника, ғылым жетістіктерін кең ауқымды
жаңарту.
- жоғары жетістіктерге отанлдық және шетелдік техникадағы технико –
экономикалық көрсеткіштерге сәйкес жоғары сапалы өнім түрін шығару және
жаңа өнімді игеру.
- еңбек пен басқаруды, өндірісті ұйымдастыруды жетілдіру.
- ұжымды әлеуметтік дамытуда шаралар.
- Табиғи қорларды тиімді қолдану мен табиғатты қорғау шараларын
жүргізу.
Кәсіпорынның экономикалық және әлеуметтік дамуындағы перспективтік
жоспар келесі бөлімдерден тұрады:
- қызмет көрсету мен өнім өндіру.
- өндірісті жетілдіру мен басқару, ғылыми – техникалық дамыту.
- өндіріс тиімділігін жоғарлату.
- күрделі құрылыс.
- материалдық – техникалық қамтамасыз ету.
- еңбек пен мамандар.
- өзіндік құн, пайда және өндіріс рентабельдігі.
- экономикалық ынталандыру қоры.
- қоршаған ортаны қорғау және табиғи қорларды тиімді қолдану.
- ұжымдық әлеуметтік дамуы.
- қаржылық жоспар.
Перспективті жоспар қорытынды кесте өндірістік бірлестіктің әлеуметтік
және экономикалық дамуындағы негізгі технико–экономикалық көрсеткіштердің
бес жылдық жоспар құру бойынша аяқталады. Онда, кәсіпорынның
орталықтандыруымен бекітілген экономикалық мөлшермен лимиттер, елдің
салалық территориялық бөліктерінде әлеуметтік және экономикалық дамуды
мемлекеттік жоспар құру бойынша есептеу көрсеткіштерін қолдану
қарастырылады.
Перспективті жоспар ұзақ мерзімге жасалады, бірақ тапсырмалар әрбір
нақтылы жылға анықталады және олар нақтылы жылдар құруға негіз болады.
Оперативті жоспарлау барлық өндірістік бағдарламаны орындау мақсатында
барлық өндірістік бөлімшілер іс–әрекеті келісімін күнделікті қамтамасыз
етуде, технико–экономикалық жоспарлауды ұйымдастырудың жалғасы болып
табылады. Оперативті жоспарлау өндіріс қай кезде және қай жерде, не өндіру
керек деген сұрақтарға жауап береді. Жылдың ағымдық мемлекеттік жоспарды
орындаудағы директивті мерзімге берілген өнім шығаруды ырғақты қамтамасыз
етеді. [38]
Қаржылық өнеркәсіптік жоспар – өндірістің экономикасымен
ұйымдастырудың, техникалық дамуын кешенді қарастырады. Қойылған мақсатқа
жетуге нақтылы жолдар көрсетіледі.Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық іс–
әрекетіндегі үдемелі жолдар анықталады.
Қаржылық өнеркәсіптік жоспардың басты рөлі өндірістің ішкі қорларын
қолдану мен ашуды қарастыру.
Кәсіпорындағы қаржылық өнеркәсіптік жоспары келесі бөлімдерден тұрады :
1 Өнім өндіру жоспары, яғни мұнай және мұнай өнімдерін өндіру мен
айдау және өндірістік құбыр өткізгіш қуаттарды қолдану жоспары. Онда,
барлық ассортимент пен барлық бөлімшелерде табиғи және құндық сипаттағы
өнім өндіру, жоспарланған өнім түрін шығаруға қажетті өндірістік қуаттылық,
жаңа қуаттылықтар енгізу, ондағы негізгі қорлар мен оларды қолдану деңгейі
есептеледі.
Осыдан келіп, бұл бөлімнің негізгі көрсеткіштері болып:
- табиғи сипаттағы өнім өндіру.
- жалпы, тауарлық және өндірілген өнім.
- Негізгі қорлар құны мен қор қайтарылымдығы табылады.
Мұнайгаз өнеркәсібіндегі бұл документте құбырөткізгіш магистралындағы
көліктік жұмыстар өнеркәсібінің жоспарланған мерзімдегі тапсырмалары
қарастырылады.
Мұнай өндіру және айдау жоспары негізінде мұнай өткізгіш құбырында
өндірістік қуаттылықты қолдану есебі пайдаланылады. Бұл жоспар кешенді
жоспар блоып табылады және негізгі бөлімшелерден тұрады:
А) тауар айналым жоспары.
Б) мұнай көлігі және мұнай өнімдері жоспары.
Олай болса, мұнай өткізгіш көлігін басқаруда жүк айналымы мен мұнай
өнімдерін айдау санын есептегендегі құбыр өткізгіш магистралы бойынша мұнай
өнімдері көлігінің жоспары жасалынады. Бұл жоспарға қосымша мұнай және газ
өткізгіш құбырындағы әрбір бөлімдерде және айдау станциялары мен олардың
участкаларында айлық жоспар құрастырылады.
2 Өнімнің өзіндік құны, пайда және рентабельділік жоспары. Бұл
жоспарда мұнай және мұнай өнімдерін көліктендірудің шығын сметасы, өткізу
және айдау мұнай бірлігінің калькуляциясы, өзіндік құнды төмендету
шаралары, күрделі құрылыстан басқа жұмыстардың барлық түрлерінің
өндірістегі қызметтерін анықтау, сондай ақ өндірістің тиімділігі мен
пайдасын анықтау қарастырылады.
Жоспардың әрбір бөліктеріне кіретін негізгі көрсеткіштері:
- Тауар айналымы:
а) тұтынушыларға өнімді өткізу және бөлу (басқа республикаларға
және жүйе ішінде).
б) жеткізу бағыты бойынша (сыртқы түсіру және транзиттік айналым).
в)жеткізу нысаны бойынша (қоймалық және транзиттік айналым).
- Мұнай өнімдерін сатудан түскен түсім.
- Айналымға салынған салық.
- Тұтынушыларға сату есебінен алынған жалпы табыс.
- Абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштердің құю пунктерін қамту
бойынша шығындарды қосқанда, сауда басқару мен көлік шығындарын бөлудегі
айналыс шығындары.
- Мұнай өнімдерін өткізудегі пайда мен залал.
- Осы бөлім қаржылық өнеркәсіптік жоспарда басты орынның бірін
алады, себебі оның ішінде кәсіпорынның іс әрекетінен жалпы бағасын
анықтайтын пайдасы және экономикалық ынталандыру қорларының мөлшері
көрсетіледі.
- Өндірісті ұйымдастыру және техникалық дамуының жоспары қаржы
өнеркәсіптік жоспарының негізгі бөлігі болып табылады. Мұнда, кәсіпорынның
өндіріс шаруашылық іс әрекетінің сапалы жағы қалыптасады,
автоматтандырылған және механикаландырылған өндіріс процессінің негізгі
бағыты анықталады, ғылыми зерттеу, әлеуметтік экономикалық, техникалық және
ұйымдастыру шаралары енгізіледі. Олар өнімнің көлемін көбейтуге, тапсырманы
орындауға, сапасын жоғарлатуға, өндіріс шығындарын төмендетуге, еңбек
өнімділігінің және пайдамен өндіріс тиімділігінің өсуіне қажет. Ішкі және
әлемдік нарыққа сапалы өнім шығару мен ғылыми техникалық, жалпы
мемлекеттік, салалық бағдарламаларда белсенді қатысуын қарастырады.
- Өнімді өткізу және материалдық техникалық қамту жоспары келесілерді
құрайды:
* материалдық техникалық құралдарын қажеттілігі, яғни отын, электро
энергияда, қосымша бөлшектер ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылық жоспарды құрастыру
Қаржылық жоспарлау және болжау
Шағын кәсіпорынның жоспарлау қызметін жетілдіру
Маркетинг жоспары
Кәсіпорында қаржылық жоспарлау жүргізу
Нарық жағдайындағы кәсіпорындағы жоспарлаудың рөлі
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау
Бизнес – жоспарлаудың мәні мен мазмұны лекция
Кәсіпорын экономикалық стратегиясы мен бағдарламасын әзірлеу
Жоспарлау түсінігі. Бизнес-жоспар бөлімдері
Пәндер