Халықаралық қылмыстық сот қызметі


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Халықаралық қылмыстық сот қызметі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ. 3
I. НЕГІЗГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СОТ МЕКЕМЕСІ РЕТІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ
1. 1. Халықаралық қылмыстық соттық қалыпты суы мен даму тарихы……. 7
1. 2. Халықаралық қылмыстық соттың құқықтық мәртебесінің мазмұны . . . 13
II. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТТЫҢ ҚҰРЫЛУЫ МЕН ҚЫЗМЕТ ЕТУІНІҢ НЕГІЗГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
2. 1. Халықаралық қылмыстық соттың ашылуы. 16
2. 2. Халықаралық қылмыстық соттың құрамы мен құрылымы . . . 20
2. 3 Халықаралық қылмыстық соттың юрисдикциясына жататын
қылмыстардың құрамы. 24
III. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІК СОТ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН БОЛАШАҒЫ
3. 1. Кейбір мемлекеттердің халықаралық қылмыстық соттың юрисдикциясын мойындау мәселелері . . . 32
3. 2. Халықаралық қылмыстық сот қызметінде қорғаумен қамтамысыз ету мәселелері. . 35
3. 3. Халықаралық қылмыстық соттың қызмет етуінің болашағы……… . . . 38
ҚОРЫТЫНДЫ. 43
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 48
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Халықаралық қылмыстық сот 1998 жылы Римде халықаралық дипломатиялық конференцияда құрылған жаңа ұйым болып табылатындығында. Осыған байланысты соттың өзінде, сондай-ақ халықаралық қылмыстық сот мәртебесі арқылы анықталатын оның құрылу құжаттарында да бірқатар кемшіліктер бар.
Бұл кемшіліктер соттың халықаралық мәртебесін және құқықтық табиғатын анықтауға кедергі жасайды. Нақты қылмыс үшін нақты санкциялардың болмауы кемшіліктердің бірі болып табылады. Бұл сот қызметін біршама қиындатады. Өйткені, жазаны сот емес, заң белгілеуі керек.
Келесі бір кемшілік статус сотталушыға қорғаушының болуын қарастырғанымен, бірақ қорғаушы болып кім шығатынын, оларды белгілеу процесі қандай және олар қандай органнан болатынын анықтамағанында. Бұл да халықаралық қылмыстық сот қызметін қиындатады, өйткені процесс барысында тараптардың тереңдігінің бұзылуына және адамның қорғалуға жалпы құқығының бұзылуына әкеледі. Бірақ, жоғарыда аталған кемшіліктерді бірқатар түзетулер енгізу арқылы жоюға болса, келесі проблеманы басқаша шешу керек. Өйткені халықаралық қылмыстық соттың құқықтық мәртебесін, оның юридикциясын барлық мемлекеттер мойындай бермейді. Мұндай мемлекеттер көп болмағанмен, олар өз территориясы мен азаматтары шеңберінде соттың құқығын тарылтады. Сондай-ақ мұндай елдердің қатарына АҚШ жататынын ескеру керек, бірден-бір ықпалы зор мемлекет, өзінің ықпалын сотқа қарсы қолданады. Мүмкін соттың әлі күнге дейін өзінің функциясын іске асыра алмауының себебі осы шығар. Осылайша, бірыңғай әмбебап орган болып саналатын халықаралық қылмыстық соттың біршама кемшіліктері бар екенін көреміз, осыған байланысты оның құқықтық мәртебесін зерттеу өзекті әрі қажетті болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі қолданылған әдебиеттерді қарау арқылы көрініс табуы мүмкін. Тақырыпты зерттеу барысында бірқатар материал көздері қолданылды, олардың негізгісі 1998 жылғы 17 шілдедегі халықаралық қылмыстық соттың Рим Статуты және басқа да халықаралық құқықтық актілер. Сондай-ақ, біраз ғылыми жүмыстар қолданылған, атап айтсақ, қазақстандық ғалым М. Б. Қүдайбергеновтің "Жеке түлғалардың халықаралық жауапкершілігі" тақырыбындағы ғылыми зерттеу жұмысы. Халықаралық қылмыстық сотқа қатысты бұл жүмыста біршама маңызды мәселелер ашылған. Соттың құрылуы мен қалыптасуына үлкен мән беріледі, сондай-ақ сот қызметі барысындағы проблемаларға тоқталады. Зерттелетін тақырып басқа болғандықтан халықаралық қылмыстық сот мәселесі зерттелетін тақырып шеңберінде ғана қозғалады. Халықаралық қылмыстық сот тақырыбындағы И. П. Блищенко, И. Б. Фисенконың еңбегін ерекше айтуға болады. Бұл жұмыс соттың құрылуына дейін зерттелген, сондықтан оның мазмұнында соттың қүрылуы туралы болжамдар ғана бар.
Сондай-ақ осы мәселеге қатысты біраз ғылыми мақалалар бар. Олардың ішінде И. Б. Фисенконың, А. Б. Медяевтың, В. С. Верещетинаның еңбектері ерекше. Олардың еңбектері тікелей халықаралық қылмыстық сотқа қатысты және соттың құрылуының тарихи алғышарттары мен қызмет ету проблемаларын зерттейді. Профессор Б. Р. Түзмухамедовтың ғылыми мақаласын ерекше атап өту керек. Ол халықаралық қылмыстың сотқа қатысты өз еңбегінің негізі етіп соттың Рим статутының конституциялық емес мүмкіндігін алады. Халықаралық қылмыстық соттың юридикциясы арқылы статут азаматтарды бере алады, бірақ көптеген елдердің конституциясында бұл көрсетілмеген, Түзмүхамедов осыны атап көрсетіп өз қарсылығын білдіреді. Бірақ ол сол елдердің конституциясы егер келісім шарттар болса азаматтарды беруді қарастыратынын және ондай келісім шартқа Халықаралық қылмыстық соттың Рим Статутының жататынын ескермеген.
Сотқа байланысты шетел ғалымдары да үлес қосқан. Олар: Рольф Эйнар Фифе және Уильям Шабас. Американдық ғалым Уильям Шабастың позициясы өте қызықты. Өткені ол соттың қызмет етуіне қарсы елдің өкілі болып табылады. Бірақ өзінің азаматтығына қарамастан ол соттың болуын қолдайды, оның бүкіл әлемдік қауымдастық үшін қажеттілігін мойындайды.
Сондай-ақ жүмыста тақырыпқа тікелей емес жанама қатысты материалдар да қолданылды. Олар: Томиский Н. И. "Международный трибунал", Решетов Ю. А. "Бейбітшілік пен қауіпсіздікке қарсы халықаралық қылмыспен күрес" т. б.
Жүмыстың мақсаты - халықаралық және ұлттық құқықтың нақты көздерін, сондай-ақ халықаралық соттар мен доктриналардың шешімдерін халықаралық қылмыстық соттың құқықтық мәртебесін қорытындылау үшін кешенді талдау.
Жалпы мақсатқа мына міндеттер арқылы қол жеткізіледі:
1. Халықаралық қылмыстық соттың құрылуының тарихи
алғышарттарын сипаттау;
- Салыстырмалы аспектіде Халықаралық қылмыстық сот Статутындахалықаралық қылмыстардың жеке қылмыстық бұрынғы жарғыларын талдау;
- Халықаралық қылмыстық соттың құқықтық мәртебесіне анықтамаберу;
- Халықаралық қылмыстық соттың маңызын көрсету;
- Халықаралық қылмыстық соттың өзекті мәселелерін ашу және шешужолын көрсету;
- Халықаралық қылмыстық соттың болашағын айқындау;
Зерттеу объектісі - халықаралық қылмыстық сотты құру жөне қызмет етуі барысындағы қоғамдық қатынастар.
Зерттеу пәні - халықаралық қылмыстық соттың құқықтық мәртебесі.
Жүмысты жазу барысында келесі әдістер қолданылды:
- эмпирико-теоретикалық (анализ, дедукция, модельдеу, тарихи әдіс т. б. ) ;
- теориялық зерттеу әдістері (абстрактылыдан нақтыға көшу) ;
- ғылыми зерттеудің жалпы әдістері.
Қорғауға шығарылатын ережелер:
1. Халықаралық қылмыстық соттың салыстырмалы талдауы
нәтижесінде сот мекемелерінің жарғылық актілері бар: Нюрнберг және
Токио бойынша әскери трибуналдардың құрылуы және бүрынғы Югославия
мен Руанда бойынша халықаралық қылмыстық трибуналдардың болуы және
Сырра-Моне бойынша арнайы соттың болуына байланысты біраз
қорытындылар жасалды.
Автордың пікірінше, қылмыстық сот, бұдан бұрын қарастырылғандай жаңаша, бірыңғай, әмбебап және халықаралық қылмысқа баратын жеке түлғалардың қылмыстық жауапкершілігінің тұрақты қызмет ететін сот органы болуы керек. Соттың әмбебаптылығы оның қатысушы мемлекеттердің аумағына, азаматтарына, қылмыстың жасалған уақытына, аумағына және халықаралық қылмыс субъектілерінің азаматтығына байланыссыз юрисдикциясының болуында.
2. Халықаралық қылмыстық соттың құқықтық мәртебесі, оның
құқықтары мен міндеттерінің жиынтығын ғана білдірмейді, сондай-ақ оның
халықаралық қауымдастық үшін маңызын көрсетеді. Соттың маңызы
мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар соттың халықаралық қылмыспен
күресін қаншалықты бағалайтындығында көрінеді. Халықаралық
қауымдастықтың Статут арқылы халықаралық сотқа берген уәкілеттігі оның
қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Халықаралық қылмыстық сот
ұлттық сот жүйесін "халықаралық қылмыстар" концепциясында
қарастырылғандай орнын баспай тек қана толықтыратындығына қарамастан
халықаралық қылмыстық сотқа халықаралық әділ сот механизмі ретінде
үлкен мән беріледі. Бірақ тәжірибеде байқалғандай, сот қызметіне кедергі
келтірмейді. Өйткені, мемлекет өзінің ұлттық заңдарында тиісті баптары
болғанымен халықаралық қылмыс масштабындағы мәселелерді шеше
алмайды. Дегенмен, халықаралық құқықтық тәртіптің орнауына байланысты
халықаралық қылмыстық сотқа үлкен үміт артылады. Өзінің қызметі арқылы
сот әділ сотты іске асырып қана қоймай, белгілі бір мөлшерде жаңа
халықтың алдын алады. Бұл сот органының қызметі халықаралық қауіпсіздік
пен бейбітшілікті қамтамасыз етуге бағытталады.
3. Халықаралық қылмыстық соттың құқықтық мәртебесінің мазмұнын
ашу барысында соттың құқықтары мен міндеттерінің нақты тізімін құрайтын
нақты баптар мен нормалардың болмауы анықталды. Бұл автордың ойынша,
сот қызметін және оның процесс қатысушыларымен қатынасын қиындатады.
Өйткені процеске қатысушылардың көбі заң жағынан сауатсыз болып келеді,
сондықтан статутты талдау барысында олар құқықтары мен міндеттерге
қатысты нақты қорытындылар жасай алмайды, солайша олар мұндай сотта
өздерін қалай ұстауды білмейді. Бүл өз кезегінде олардың жеке
құқықтарының бұзылуына әкеледі, ал бұған жол беруге болмайды.
4. Бүл тақырыпты зерттеу барысында халықаралық қылмыстық соттың
жарғылық қүжаттарында да, ' олардың практикалық қызметінде де проблемалық аспектілер ашылды. Атап айтсақ, кейбір мемлекеттердің соттың юрисдикциясын мойындамауы, сотта күдіктінің қорғалуын қамтамасыз ететін тиісті құқықтық базаның болмауы және т. б. Осы аталған проблемалар аталған кемшіліктерді жоятындай тағы бір халықаралық конференцияның қажеттігін көрсетеді. Статут мүндай мүмкіндікті қарастырған, сондықтан Статуттың заңды күшіне енуінен кейін жеті жылдан кейін шолу бойынша конференцияның қажеттілігін көрсеткен.
Жүмыстың теориялық маңызы қорытындылар мен нәтижелерді халықаралық қылмыстық соттың Статутын жетілдіруге қолдануға болатындығында.
Жүмыстың практикалық маңызы қорытындылар мен нәтижелерді ары қарай оқу процесінде қолдануға болатындығында.
Жүмыстың апробациясы. Бүл тақырып бойынша бірқатар ғылыми мақалалар жазылған:
1. Халықаралық қылмыстық сот халықаралық жауапкершілік
саласында жаңа сот органы ретінде тақырыбына мақала "Вестник КазГУ"
журналының "Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық"
сериясының 1(9) - 2003 ж. - с. 68-70 жарық көрген.
2. Халықаралық қылмыстық сот қызметінде қорғалумен қамтамасыз
ету проблемасы тақырыбына Ұлттық университеттің 70 жылдығына
арналған ғылыми-теориялық конференцияның жинағында 28. 11. 2003 жылы
жарық көрген.
3. "Халықаралық қылмыстық сот юрисдикциясын мойындау
проблемасы" тақырыбына мақала оқу орындары аралық конференцияның
жинағында 2004 жылы жарық көрген.
Жүмыстың құрылымы. Жүмыс 3 бөлімнен түрады, олар 3 бөлімге бөлінеді. Бөлімдердің орналасуы зерттеу тақырыбының жалпыдан жекеге өтуі арқылы көрінеді және жұмыстың негізгі бөлімін құрайды. Негізгі бөлімнен бөлек кіріспе, қорытынды және әдебиеттер тізімі бар.
I. НЕГІЗГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СОТ МЕКЕМЕСІ РЕТІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ СОТТЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ
ТАБИҒАТЫ
- Халықаралық қылмыстық соттық қалыпты суы мен даму тарихы
Екінші дүниежүзілік соғыстың сұмдық зардабын біз білеміз, бірақ бұл зерттеу үшін. Ол соғыстың салдары емес Германия мен Жапон сеператистерінің осы соғыстағы әрекеттері және біз оны өте қатаң халықаралық қылмыс болып есептейтіндігінде.
Ұлы отан соғысы аяқталмағаннан кейін халықаралық қылмыстық сот құру идеясы пайда болды, бірақ мұны құру алғышарттары Версаль келісім шартымен Германия экскайзері Вильгельм П-шіні соттау үшін халықаралық трибунал құру қарастырылған кездің өзінде пайда болған еді. Вильгельм II-ші Голландияға қашып кетті де, аталған трибуналдың құрылуына кедергі келтірді, өйткені Германия экскайзері жасырынған мемлекет оған тағылып отырған кінәлар қылмыс емес деп оны беруден бас тартты.
Осылайша жақсы идея құқықтық негіз болмағандықтан іске аспады.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жағдай қайталанады, бірақ мұнда кінәлі түлғаларды жазалаусыз қалдыратындай бұл соғыстың зардабы шексіз еді. Сондықтан өз жүмысын Нюрнберсте бастаған әскери трибунал қүрылды. Бұл қалада өткен процесс ең үзақ әрі ең жұлы болды. Сондықтан бұл тарихта халықаралық әскери требуналдың қызметі Нюриберг процесі деп белгілі. (1)
Бұл процесте фашистік ұлтшылдардың қорғаушылары Іші дүние жүзілік дүниежүзілік соғыстан кейін голландтық сияқты деректер келтірілді. Бірақ олардың деректері 1942 жылы қаңтарда Белгия, Чехословакия, тәуелсіз Францияның ұлттық комитеті, Греция, Люксенбург, Голландия, Норвегия; Польша, Югославия елдерінің өкілдерінің атынан жарияланған халықаралық актіні ескере отырып қабылданбады. Бүл декларацияда (бүл декларация болатын) соғыстың басты мақсаты туралы айтылған - ұйымдасқан әділ сот (правасудия) арқылы жазалау. Ұйымдасқан әділ сот деп халықаралық соттың соғыстың басты кінәлілері туралы істі қарауы және шешім шығаруы танылды.
Осы кезде сот арқылы ма жоқ әлде саяси актымен бе қалай әділ жазалау мэселесі шешімін жатты. Жоғарыда айтылғандардың нәтижесінде Кеңестер одағы, АҚШ, Ұлыбритания, Солтүстік Германия жэне Француз республикасының уақытша үкімет арасында европа елдерінің басты соғыс басты қылмыскерлерін соттық құдалау туралы Лондонда келісім шартқа қол қойылды. Осы құжат арқылы Нюриберг бойынша халықаралық әскери трибуналдың қүрылу шешіміне қол жеткізілді. Бұл жағдайды айтып өттік. Бұл жерде трибуналдың әскери екендігі қүрамы бойынша емес. Оның алдындағы қылмыскерлердің қатыстылығы жөнінен екенін айту керек. (1, 416. )
Сонымен жоғарыда айтып өткендей халықаралық қылмыстық соттың құрылу тарихы Нюриберг процесінен басталатынын білеміз. ал 1948 жылы 9 желтоқсанда БҰҰ-ның бас ассамблеясы БҰҰ-ның халықаралық сотының аясында қылмыстық Нюрнбергте құру идеясын ұсынды. Бірақ халықаралық құқық бойынша комиссия мұндай органның құрылуы БҰҮ-ның халықаралық сотының аясында болмау керек деп шешті, өйткені бұл халықаралық соттың ішкі жүйесіне қайшы келетін еді.
Екі жылдан кейін БҰҰ-ның бас ассамблеясы БҰҰ-ның 17 өкіл мемлекет мүше елдерінен тұратын комитет құру туралы шешім қабылдады. Бұл комитет халықаралық қылмытық соттың сатуын анықтау үшін құрылды.
1951 жылы комитет арнайы мәжілісінде болашақ соттың жарлық құжатының жобасын аяқтады. Бұл құжаттың басты ерекшелігі - органның тұрақты құрылымы жөніндегі ереже және оның қызмет оған берілген істер негізінде болатынында. (2)
Бірақ кейбір мемлекеттердің үкіметтері бұл жобаға әртүрлі қарады. Нәтижесінде 1952 жылы Бас Ассамблея 687 резалюциясы бойынша ұқсас функциялары бар, БҰҰ-ның 17 өкіл мүше мемлекеттерінен тұратын жаңа комитет құру туралы қаулы щығарды. Жаңа комитеттің мәжілісі1953 жылы БҰҰ-ның орталық мекемесінде болды, осында 1951 жылғы статуттың жобасына бірқатар өзгерістер енгізілді.
Комитеттің баяндамасы Бас Ассамблеяның қарауына 1954 жылғы сессиясында ұсынылды. Бірақ баяндаманы тыңдау агрессия қылмысының дәл анықтамасы жоқтығына байланысты тоқтатылған болатын, тек осындай анықтаманы қабылдаған соң ғана 1974 жылы комитет өз жұмысын жалғастырды. (3)
БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесінің бұрынғы Югославия мен Руанда бойынша халықаралық қылмыстық трибуналдарды құруға байланысты жағдай күрт озгерді. Бүл уақытта әлемдік қауымдастық жеке тұлғаларды халықаралық қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша әмбебап, тұрақты қызмет ететін мекеменің құрылу қажеттілігіне толық көз жеткізген болатын. осыған байланысты 1993 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Халықаралық қылмыстық сот статусының жобасын жалғастыруды және оны халықаралық комиссиясының 46 сессиясына 1994 жылы бітіруді ұсынды. Осы сессияда халықаралық құқық комисиясы болашақ соттың жарғысының жобасын жасау бойынша жұмыс тобын құруды ұйғарды (3, 113 б)
халықаралық қылмыстық соттың жаңадан құрылған жобасында 60-бап болды, олар 8 бөлімге бөлінген: 1 бөлім - соттың құрылуы туралы; 2 бөлім -соттың құрамы жэне соттың әкімшілік басқаруы туралы; 3 бөлім - соттың юрисдикциясы жайында; 4 бөлім - тергеу және қылмыстық қудалау жайында; 5 бөлім - сот талқылауы жөнінде; 6 бөлім - қайта қарау жөнінде; 7 бөлім - халықаралық серіктестік пен сот көмегі жөнінде; 8 бөлім -шешімдердің орындалуы жөнінде.
Бұл жобаны халықаралық құқық бойынша комиссиясы өзінің комментарилерімен қабылдады және өзінің ережесінің 23 бабына сәйкес халықаралық қылмыстық сотты құру бойынша келісім шарт жасау үшін және жарғының жобасын талдау үшін өкіметті елдердің халықаралық конференциясын ашу туралы Бас Ассамблеяға ұхыныс жасауды ұйғарды . (3, б. 114) .
Халықаралық қылмыстық сотты құру бойынша БҰҰ аясындағы дипломатиялық конференция 1998 жылы 15 маусымда басталып 1998 жылдың 17 шілдесіне дейін созылды. Конференция Римде өтті. Конференция жұмысына 156 елдің өкілдері қатысты, оның ішінде Қазақстанда бар және 260-қа жуық үкіметтік емес ұйымдар. Айтылған конференцияның соңғы күні халықаралық қылмыстық соттың Рим статусы қабылдады.
Сонымен Халықаралық қылмыстық соттың жарғылық құжатының қорытынды нұсқасы 128 баптан және 13 тараудан болды. Нюриберг бойынша әскери трибуналдың жарғысы 6 тарау, 80 баптан тұратын. Егер аталған екі жарғылық құжаттарды салыстырмалы талдасақ статутта бұл органдардың құқықтық мәртебесін түсінуде ерекше маңызды жаңалықтар бас екенін көреміз. Бұл жазалау шаралары, қайта қарау, халықаралық серіктестік пен сот көмегі, қатысушы мемлекеттердің ассамблеясы сияқты жаңалықтар. Соңғы жаңалық өте маңызды екенін ескеру керек, өйткені бұл халықаралық қылмыстық сотты тұрақты қызмет ететін, әмбебап орган ретінде қарастырады.
Сондай-ақ жоғарыда айтылғандардың ішінде басқада пункттер оң болып табылады. Мысалы жазалау шаралары жөніндегі тарау мұндай сот органының сопасын арттырады, өйткені Нюрнберг бойынша халықаралық әскери трибуналдың жарғысында жазалау айтылмаған болатын, бірақ ол кезде әділдік орнату туралы мәселеде бүл өте маңызды емес еді.
Қайта қарау туралы тарауда халықаралық әскери трибуналмен салыстырғанда халықаралық қылмыстық сотқа жаңалық енгізді. Нюрнберг бойынша халықаралық әскери трибуналдың жарғысы мұндай тарауды қарастырмаған, өйткені ол европа елдерінің басты әскери қылмыскерлерін жылдам және әділ соттау, жазалауды қарастырды (4) . әділ сот үшін қайта қарау, қайта жалып (обжалование) жасау сияқты инструменттер қажет болғанымен, ол кезде бұл инструменттер сот алдындағы әскери қылмыскерлерге жазадан қалуға қосымша мүмкіндік болар еді.
Тағы бір ескеретін нәрсе бұл, халықаралық қылмыстық соттың Рим статусына халықаралық серіктестік пен сот көмегі туралы тараудың енгізілуі. Бұл жаңалық халықаралық соттың бұрынғы соттардан артықшылығын көрсетеді. Мұндай соттар жоғарыда аталған Нюрнберг бойынша халықаралық әскери трибунал ғана емес, сондай ақ Нюрнберг трибуналымен бір кезеңде өмір сүрген Токио трибуналы (5) . Кейінірек осыған ұқсас басқада сот органдары құрылды, оның себебі болып тағыда жаппай халықаралық қылмысты туындататын әскери әрекеттер табылды.
Бұл соттар жөнінде толығырақ айту керек. Олардың біріншісі бұл -бұ-рынғы Югославия бойынша халықаралық қылмыстық трибунал. Югославиядағы соғысқа алғашқы қадам Сербияның орталық комитетінің бірінші хатшысы Слободан Мңлашевичтың Косово мен Воеводинан автономиялықтан айырғаннан бастап жасалды. Албандықтардан кейін Словенгиялықтар, Харваттар, Босня мен Герцоговинаның тұрғындары серб ұлтшылдылығының құрбандары болды.
1995 жылы соғыс уақытша тоқтады, бірақ 1 жылы ол жаңа күшпен жағасты және ол Косованы босату әрекетінің пайда болуымен есте қалды жэне партизандық соғыс болды. Кейінірек босату әскеріне Солтүстік атлант альянсы мен БҰҰ-ның көгілдір каскалары қосылды. Югославияға қарсы бір қатар халықаралық санкциялар қолданылды, соның бірі БҰҰ-ның қауіпсіздік кеңесінің халықаралық қылмыс трибунал құруы болды. Бүл сот органының жарғысы юрисдикцияға қатысты 34 баптан, ішкі құрылымнан, арендуралық сұрақтардан және айыпталушылық құқықтарынан, куәгерлермен жаңа шешушілерден тұрды.
Халықаралық қылмыстық соттың юрисдикциясы қарастырылатын затқ, аумаққа, уақытқа қатысты наңты белгіленген, сондай ақ 1999 жылдан кейін Югославияда жасалған қылмыстар үшін жеке қылмыстық жауапкершілік белгіленген (6) .
Трибуналдың жарғысы 1949 жылғы женева конвенциясының талаптарын бұзуға, сондай ақ заңдар мен дәстүрлерді бұзуға, генотит жэне адамзат үшін қылмыстарға сот құдалаушылығын қарастырады (6, б. 3, 4, 5) . Трибунал екі сот камерасынан жэне 1 апеляциядан тұрды; айыптаушылыр, секретарнат. Камералар өз кезегінде он бір тәуелсіз соттардан тұрады, және оларда бір елдің екі азаматы бола алмайды.
Бұрынғы Югославия бойынша халықаралық трибуналдың жарғысы жазалау шараларын қарастырмаған, сот камерасының шешімі бүрынғы Югославия соттарының мерзімі шеңберінде қамауға алу мен шектеледі. Сондай ақ трибунал "Ыоһ Ьіз іп ісіет" қағидасына жұгінді, бұл бірде бір тұлға халықаралық гуманитарлық құқықты бұзғаны үшін ұлттық заңдармен соттала алмайтындығын білдіреді. Соттың келесі бір көрінісі руанда бойынша халықаралық трибунал, бұл да БҰҰ-ның қауыпсыздық кеңесімен құрылған. Бұл трибунал халықаралық гуманитарлық құқықты тұрғаны үшін, геноцидке жауапты тұлғаларға, және көрші мемлекеттерге қатысты1994 жылдың 1 қаңтары мен 1994 жылдың 31 желтоқсаны арасындағы қылмыстарға қарсы құрылды (7)
Руандодағы соғыс геноцидпен ілесті, оны Хуту тайпасының экстемгестері түтсу тайпасына қарсы жүргізілді. Бұл соғыста қай тыс болғандардың саны Імлн. адам. Дәл осы масштабтылық аталған трибуналдың құрылуына әсер етті, бірақ тайпа аралық қақтығыстар Африка елдерінде жиі құбылыс, бірақ дәл мұндай маштабта емес.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz