СУИЦИД МӘСЕЛЕСІНІҢ ТАРИХЫ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ - ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ
Суицид - әлеуметтік қатер ретінде
Алматы - 2011
ЖОСПАР
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
І ТАРАУ. СУИЦИД МӘСЕЛЕСІНІҢ ТАРИХЫ
1. Суицид девиантты мінез-құлық ретінде
... ... ... ... ... ... ... ..
2. Суицид туралы тарихи-теориялық ұстанымдар ... ... ... ..
ІІ ТАРАУ. СУИЦИД – ӘЛЕУМЕТТІК ҚАТЕР РЕТІНДЕ
2.1. Суицидке түсу себептері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Суицид және қоғам
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3. Әлемдегі өзін-өзі өлтіру көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ... ...
2.4. Суицидті алдын-алудағы әлеуметтік жұмыстың мәні ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі.
Қазіргі әлемді үрей билеп тұр. СПИД ауруына ем таба алмай басы қатқан
адамзат атом бомбасын шығаруға ақылын аямай жұмсағаны анық. Ол адам қолы
жасады дегенге сенбейтін әрекеттерге барып жатыр. Адамды қалыптастырған
қоғам да, қоғамды құрған адам да қатыгездіктің шегіне жетті. Бір сөзбен
айтқанда адамзат арыла алмайтын індет көп. Соның бірі – суицид. Суицид
тақырыбы біздің бүкіл өмірімізге бойлай еніп, қай кезде болмасын өзінің
көкейкестілігін жоғалтқан жоқ, қайта жас ерекшелігіне қарай оның маңызы
арта түсті. Менің бұл адам шошырлық мәселені алғандағы себебімнің бірі, ол
– осы суицид мәселесінің біздің қасіретімізге айналып бара жатқандығында.
Суицидке ұшыраушы адамдар әдетте, рухани күйзелістен зардап шеккен және
стрестік күй-жайда болған, өз мәселесін шеше алмаған адамдар тобы. Олар жиі
психикалық аурудан зардап шегеді, әсіресе депрессиялық күйде ұзақ болады
және болашақтан өз үмітін кешеді [7]. Суицид бүкіл әлемде өлімге алып
келетін жетекші себеп болып табылады, сондықтан ол қоғамдағы өзекті
мәселенің бірі деп есептелінеді. Көптеген зерттеушілердің айтуы бойынша,
суицидтің ресми статистикасы оның нағыз санын бағаламайды.
Өзіне-өзі қол жұмсау – глобалды геополитикалық құбылыстарға қарағанда
маңызсыз құбылыс болып есептелінеді. Ал шындығына келгенде ол қоғамда болып
жатқан жағдайларға белгілі бір баға береді және сол қоғамның нағыз келбетін
сипаттайтын құбылыс.
Адам баласы бір үмітпен өмір сүреді. Ол бір мақсат, бір арманның жолына
түссе, болашақтан үміті болса ғана адамша ғұмыр кешеді. Қандай қиыншылықтар
кездессе де, үмітінен көз жазбауға тырысады. Алданышы бар адам күресе де,
жұбана да алады. Ал мақсат-мұратсыз адамның көрінгеннің жетегінде кететіні
айтпаса да түсінікті. Ондай адамдардың баз кешіп, бағдарынан адасуы да
оңай. Әлеуметтанушылардың зерттеуіне сенсек, суицид құрбандарының түгелге
жуығы тіршілік қиындықтарының әртүрлі себептерінің кесірінен өледі екен.
Бірақ өтпелі кезеңде кім қиыншылық көрмеді. Замана жүгі талай адамның
еңсесін түсірді емес пе. Егер солардың барлығы қиыншылық көрдім деп өле
берсе, қанша пенденің мерт боларын кім білсін?! Сондықтан кішкентай
ауыртпалыққа шыдамай өзіне қол салғандардың көбісі психикалық ауытқуларға
ұшырағандар болып табылады. Зардап шеккен адам ең алғаш өлу жайында ойлана
бастағанда оның санасында сол арам ойына қарсы тұрарлық иммунитеттік түйсік
тірілуі қажет. Сонымен қатар сыртқы ортадан да психикасына да әсер етіп,
өлімнен бас тартқыза аларлық көмек керек. Егер олай болмаған күнде адам
санасында о баста ноқаттай ғана болып енген қара ойдың вирусы ұлғая келе
сананы толықтай меңдеп, ақыры алып тынады.
Сонымен қатар, суицидтің зерттеу пәнінің кең және жан-жақты
статистикалық мәліметтерінің бар болуы Батыс әлеуметтанушыларына нағыз
табысты тапсырады. Осыған қарамастан, өзіне-өзі қол жұмсауды зерттеудің
маңыздылығын да ұмытпаған жөн. Өйткені, өзіне-өзі қол жұмсау санының
әлеуметтік өлшемі жалпы өлім өлшемінен тұрақты тұрақтылығымен және арта
түсуімен сипатталады, сондықтан оны зерттеуде ең алғашқы орынды өзіне-өзі
қол жұмсаудың жалпы көрсеткіштері – қоғамда болып жатқан тоқыраулардың
жауабы ретінде қарастырылады. Қоғамда болып жатқан әрқилы жағдайларды әрбір
адам өзінше қабылдайды. Мен бұл жұмысымда тек объективті фактілерге және
олардың қазақ қоғамына қалай әсер еткендігін, әлеуметтанушылардың
мәліметтер жинағы мен олардың анализдеріне сүйене отырып жүргіземін.
Көптеген адамдардың білмеуі де мүмкін біздің қоғамда осындай қасіреттің
болып жатқандығын. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының берген
мәліметтері бойынша, Қазақстан 100 мың адамға шаққанда 52-53 (әлемдік орта
көрсеткіш 14-15 адам) өзіне-өзі қол жұмсаушылардың нәтижесімен алдына
Венгрия, Ресей, Латвия мемлекеттерінен кейін төртінші орынды иемденеді
екен.
Қазақстанның ішіндегі соңғы жылдардағы көшбасшы облыстар – Оңтүстік
Қазақстан облысы (72 жағдай), Ақтау (64-67) және Солтүстік Қазақстан (100
мың адамға шаққанда 57 өзіне-өзі қол жұмсаушылар). Яғни, біз суицидтің
эпицентрінде тұрып жатырмыз! Ең таңқаларлығы, біздің мемлекетіміздегі өзіне-
өзі қол жұмсаушылардың саны жалпы өлім санынан да асып түсуде.
Жылына бүкіл әлемде өзін-өзі өлтірушілердің саны миллион адамға жуық –
бұл бір мегаполистің тұрғындарына тең көрсеткіш (мысалы, Алматы қаласы).
Олардың 8000-на жуығы – қазақстандықтар: яғни бұл біздің мемлекетімізде әр
сағат сайын бір адам өз еркімен өмірден өтетінін көрсетуде.
Осындай әлеуметтік үрейді алдын-алуға болады ма? Және оның қандай
тәсілдері бар? Деген сұрақтарға мен өз жұмысымда жауап беруге тырысамын.
Дамып келе жатқан мемлекетіміз Қазақстанның мұндай деңгейдегі дертке
шалдығуына қарсы қандай шаралар қолданып жатыр, оны азайтудың жолдарына
толық тоқтала кетемін.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Менің бұл жұмысымның негізгі мақсаты
– біздің еліміздегі әлеуметтік саясаттың суицид мәселесіне айтарлықтай
көңілін аударту, және де осы мәселеге қатысты әлеуметтік ұйымдар жүйесін
дамыту.
Міндеттері:
- суицидке жақын адамдар тобын анықтау;
- қандай әлеуметтік себептерге байланысты адамдар күйзеліске
ұшырағандығын анықтау;
- әлеуметтік қызметтің осы топ арасында жүргізілетін қызметі;
- суицидке жақын адамдармен жүргізілетін техгологияларды жетілдіру;
- әлеуметтік ұйымдардың медициналық, психологиялық орталықтарымен
біріге жұмыс істеуін күшейту;
- өзіне-өзі қол жұмсаушы адамдардың іс-әрекетін алдын-алу шаралары;
- күйзеліске ұшыраған адамдардың қоғамға қайта бейімдеушілігін
арттыру;
- Интернет жүйесі арқылы да күйзеліске ұшыраған адамдарға көмек
көрсету;
Проблеманың ғылыми зерттеулері. Кеңес Үкіметі кезінде 30-жылдардағы
Гернет М. Н.(1922 ж., 1927 ж.) пен Родин Д. П. (1922 ж.) ғалымдарының
статистикалық-аналитикалық жүргізілген жұмыстардан кейін бұл тақырып ұзақ
уақыттыр бойы Жабулы қазан жабулы күйінде кейпін кешті. Суицидалдық
әрекеттердің кең таралуы мен себептік факторларын анализдеу жұмыстары
(Башлыков Н. А., Петраков Б. Д., 1972 ж.) әлеуметтік гигиена өкілдерінің
тарапынан оны тереңінен зерттеуіне қолдау таппады. Сол кезеңдерде бұл
тақырыпта психиатрлар (Амбрумова А. Г., Тихоненко В. А., 1978 ж.) мен
заңгерлер (Бородин С. В., Михлин А. С., 1983 ж.) өз зерттеулерін жүргізе
бастады.
Тақырыптың зерттелу объектісі, пәні. Менің бітіру жұмысымның объектісі
ретінде – суицидке жақын адамдар тобы, пәні – сол адамдармен жұмыс
істеудегі технологиялар, өзіне-өзі қол жұмсаушылардың алдын-алу шаралары.
Бітіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
қорытынды, кестелер, сілтемелер мен пайдаланған әдебиеттер тізімі мен 51
беттен тұрады.
І ТАРАУ. СУИЦИД МӘСЕЛЕСІНІҢ ТАРИХЫ
1. Суицид девиантты мінез-құлық ретінде
Өзіне-өзі қол жұмсау – ешбір жан естімеген көмекті сұрау.
(Р. Алеев)
Суицидтің девиантты мінез-құлық ретіндегі анализдемей тұрып, ең алдымен
девиантты мінез-құлықтың не екенін ажыратып алайық. Әлеуметтену процесі
(белгілі бір қоғамдағы іс-әрекеттер, әлеуметтік ережелер мен құндылықтарды
тұлғаның қабылдау процесі) тұлғаның әлеуметтік кемелденуіне жетудің нақты
бір деңгейінің аяқталуы, ол тұлғаның интегралды әлеуметтік мәртебесін
(адамның қоғамдағы орнын анықтайтын мәртебе) алумен сипатталады. Алайда,
әлеуметтік процесс кезінде сәтсіздіктер мен жаңылулар да болуы мүмкін.
Әлеуметтенудің жетіспеушілігінен ауытқымалы мінез-құлық пайда болады, ол –
жеке тұлғалардың іс-әрекеттерінің теріс формалары, рухани кемістіктің
саласы, принциптер және құқық пен моральдан ауытқу.
Әлеуметтанушылар ауытқымалы мінез-құлықты девиантты (латын тліндегі
deviatio - ауытқу) деп атайды. Ол барлық іс-әрекеттер немесе әрекеттердің
ережеге сай еместігін көрсетеді. Кейбір қоғамда дәстүрден кішкене ғана
ауытқулар қатты жазаланған. Барлығы бақылауда болған: шашының ұзындығы,
киімінің пішіні, мінез-құлық тәртібі. Дәл осылай б.з.д. V ғ. ежелгі
Спартаның қолбасшылары жүргізген.
Қоғамның барлық уақытында адамзаттың өміріне қажет емес формаларды және
оларды таратушыларды жоюмен, оларды аластаумен күресті. Әдістері мен
құралдары әлеуметтік-экономикалық қатынастармен, қоғамдық санамен,
басқарушы элитаның қызығушылықтарымен анықталып отырды. Әлеуметтік
зұлымдық ұғымы барлық кезеңдерде де ғалымдардың көңілдерін аударып
отырды.
Әлеуметтанудың құрамына арнайы әлеуметтік теорияны көрсететін
девиантты мінез-құлық социологиясы пайда болды. Девиантты мінез-құлық
әлеуметтануының тамырында француз ғалымы, француз социологиялық мектебінің
негізін құрушы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) болды. Ол ескі ережелер мен
құндылықтардың жаңа өмірге сай еместігіндегі және жаңа ережелер
қабылданбаған қоғамның жағдайына негізделетін әлеуметтік аномия түсінігін
енгізді [1].
Девиантты мінез-құлық теориясының жеке ғылым болып құрылуы Р.
Мертон мен А. Коэннің арқасында. Мертон қоғамның кейбір азаматтарының сол
қоғамда белгіленген іс-әрекетке сай келмейтініне әлеуметтік құрылымның
қандай түрткі болатынын анализдеді. Американдық социолог А. Коэн ауытқымалы
мінез-құлықты институционалданған күтулерге қарсы келетін мінез-құлық деп
атап көрсетті [2, 520 б.] Феноменологиялық социологияның өкілі ағылшын
әлеуметтанушысы Д. Уолш әлеуметтік ауытқушылық – маңызды
деңгейдегі қосымша жазу мәртебесі [3, 98 б.], яғни тек субъективті
белгілер. Оның ойы бойынша, ауытқу – ол ішкі емес, белгілі әрекетке ие емес
сапа, әлеуметтік бағалар мен санкцияларды қолданудың нәтижесі. Ауытқымалы
мінез-құлықтың мұндай сипаттамалары оның табиғаты мен антинормаларының
объективті сүйек жақындығын толығымен ашпайды.
Девиация мағынасына кең трактовканы Г. А. Аванесов береді: Ауытқымалы
мінез-құлықты қоғамда берілген нормалар мен типтеріне сай келмейтін әрекет
деп түсіну қажет, яғни әрбір әлеуметтік нормаларының бұзылуы туралы [4,
257 б.].
Девиациямен күрес жиі сезімдер, ойлар, әрекеттермен күресті туғызып
отырды. Әдетте ол нәтижесіз болып қала береді: уақыт өте келе ауытқулар
қайта жаңғырады және ол өте жарқын түрде көрінеді. Көптеген қоғамда
девианттық мінез-құлықты бақылау симметриялы емес: жаман жаққа бағытталған
ауытқулар айыпталынады, жақсы жағына бағытталса, мақұлданады, қабыл
алынады. Ауытқудың позитивті және негативтілігіне тәуелді, девиацияның
бірнеше континуумын көрсетуге болады. Оның бір бөлігінде ауытқуы
қабылданбайтын мінез-құлықты максималды көрсететін топ мүшелері:
революционерлер, террористер, атеистер, сатқындар. Екінші бөлігінде ауытқуы
максималды түрде қабылданатын топ мүшелері: ұлттық батырлар, көрнекті
әртістер, ғалымдар, жазушылар, дамуы аса жоғары балалар.
Сонымен, қоғамды қойдың мақұлданбайтындығын, жақтырмайтындығын алып
келетін барлық іс-ірекеттер девиантты деп аталады. Бұл кең топтағы
көрінетін құбылыс: билетсіз жол жүру мен адамды өлтіруге дейін. Кең
мағынада девиант – бұл ережеден ауытқыған немесе өз жолынан адасқан әрбір
адам. Ауытқымалы мінез-құлықтың негізгі формасына құқықбұзушылықты,
қылмыстылықты, маскүнемдікті, нашақорлықты, жезөкшелікті, өзіне-өзі қол
жұмсаушылықты жатқызуға болады [5].
Енді осы біз қарастырып отырған мәселеміздің өзіне тоқтала кетейік.
Өзіне-өзі қол жұмсау Жер бетінде қаншалықты адам өмір сүріп келсе,
соншалықты адам өміріндегі кездесетін өмірлік мәселе. Өзіне-өзі қол жұмсау
зерттеушілердің мағлұматы бойынша антропологиялық құбылыс. Адамдармен мен
жануарлардың өзін-өзі өлтіру құбылысын салыстырғанда, бұл әрекет ақыл-оймен
ерекшеленеді. Жануарлардың өзін-өзі өлтіруінің адамдардан айырмашылығы
олардың бейсаналық іс-әрекетке түсуі.
Адамның өз-өзіне қол жұмсауын жаңа өркениеттің элементі ретінде
қарастыруға болады. Бәрімізге белгілі болғандай, ірі рулық таптар құрыла
бастағанда, өзіне-өзі қол жұмсау прагматикалық әлеуметтік қызмет атқаратын
болған және де ол біртұтас тайпалардың аман қалуына септігін тигізген
болатын. Адамзат тарихындағы алғашқы белгілі өзіне-өзі қол жұмсау – ол
алғашқы таптық құрылымда балалар мен қарттардың ашыршылық кезеңіндегі
өлімдер. Тарих ағымына қарай адамдардың өз-өзіне қол жұмсаудағы әдіс-
тәсілдері өзгеріп және де қиындай түсті. Адам өмірден өз еркімен қоштасуы
жылдар өте көбейе түсуі бәрімізге белгілі.
Адамзаттың ұлы ойшылдары бұл мәселені жан-жақты қарастыра бастады.
Жүздеген философтар, әлеуметтанушылар, психологтар, дәрігерлер өз-өзіне қол
жұмсау мәселесін әр түрлі аспектіде қарастырады.
А. Камю өзінің атақты Сизиф туралы аңыз атты философиялық шығармасын
мына кіріспе арқылы бастаған: Жер бетінде жалғыз ғана нағыз өзекті
философиялық мәселе бар және ол – өзіне-өзі қол жұмсау. Бұл өмірде өмір
сүру немесе сүрмеуді шешу – бұл философияның фундаменталдық сұрағына жауап
берумен тепе-тең. Қалғандары – әлем үщ өлшемді иеленеді ме, сана тоғыз
немесе он екі категориямен өлшенеді ме деген сұрақтар екінші орында. Бұл
өмірдегі ойынның алғы шарттары осындай: ең алдымен оған жауап беру қажет
[6, 24 б.]
Суицид адамның ойлау арқылы өзін-өзі өлімге алып келуі. Суицид барлық
мәдениетте кездесетін іс-әрекеті.

маңызсыз құбылыс болып есептелінеді? Ал шындығына келгенде ол қоғамда болып

сипаттайтын құбылыс. Сонымен қатар, суицидтің зерттеу пәнінің кең және жан-
жақты статистикалық мәліметтерінің бар болуы Батыс әлеуметтанушыларына
нағыз табысты тапсырады. Осыған қарамастан, өзіне-өзі қол жұмсауды
зерттеудің маңыздылығын да ұмытпаған жөн. Өйткені, өзіне-өзі қол жұмсау
санының әлеуметтік өлшемі жалпы өлім өлшемінен тұрақты тұрақтылығымен және
арта түсуімен сипатталады, сондықтан оны зерттеуде ең алғашқы орынды өзіне-
өзі қол жүмсаудың жалпы көрсеткіштері – қоғамда болып жатқан тоқыраулардың

Ең алдымен, өзіне-өзі қол жұмсаудың анықтамасын беруіміз қажет.
Бұл термин өзін-өзі өмірден айыру ниетімен істелінген іс-әрекет
дегенді білдіреді, ал ғылыми әдебиеттерде өзіне-өзі қол жұмсау саналық,
ойланып жасалынған деген мағынада қолданылады. Олай болса, өлім өз іс-
әрекеттеріне жауап бере алмайтын немесе оларды басқара алмайтын адаммен
жасалынған жағдайды субъектінің байқаусыз нәтижесін өзіне-өзі қол жұмсаған
жағдайға емес, бақытсыз жағдай деп қарастырады. Осы өзін-өзі өлтіру
құбылысының негізінде не жатыр?
А. Г. Амбрумова және көптеген зерттеушілер суицидті тұлғаның әлеуметтік-
психологиялық дезадаптациясының феномені ретіндегі концепция деп
қарастыруда. Адаптация түсінігінің негізінде тірі жүйелер мен сыртқы ортаға
бейімделу жатыр, сонымен қатар адаптация – бұл процесс те, және сол
процестің нәтижесі де. Онда дезадаптация ұғымы организмдер мен ортаның
әртүрлі дәрежесі мен сапасының сай келмеуін көрсетеді. Толық сәйкестілік
дамуға әсерін тигізсе, толық сәйкессіздік өмір ағымына қарама-қарсы
екендігі бәрімізге мәлім. Осы екі полюсті арасындағы орынды алатын
жүйелерге бірдей түрде адаптация және дезадаптация термині қолданылады;
олардың біріншісі, компенсаторлы және бейімделу компоненттерін қосады, ал
екіншісі, жүйені жетіспеушілік және тәртіп бұзушы жағынан сипаттайды.
Адаптация процесі кезінде тұлғаны әлеуметтік әрекеттестікке сананың
жоғары формасы мен психикалық қызметі жанама түрдегі акцент қойылады.
Адамның әлеуметтік-психикалық адаптациясының объективті критерийі ретінде
оның жай және экстремалды жағдайдағы іс-әрекеті болып табылады.
Көптеген авторлар адаптацияның лимиттейтін және трансформациялайтын
түрлерін ажыратады.
Экстремалды жағдайлар шарттарында әртүрлі тұлғалардың бейімделушілік
тактикасы бірдей болмайды. Олардың жоғары тұрақтылығы иімділіктің,
ырғақтылықтың жақсы деңгейде болуынан адаптацияның өз деңгейде сақталуына
көмектеседі. Екінші бөлігі адаптацияның негізгі бағыттарының бұзылмай, оның
сол деңгейінің уақытша төмендеуімен сипатталады. Бұл жағдай кезінде
дезадаптация тек сандық өлшемде сипатталады, ол лимиттелген және сапалық
адаптация процесі кезінде шектерден шықпайды, яғни дезадаптация ауруларға
алып келмейді, адаптацияның патологиялық формаларын туғызбайды.
Экстремалды жүк конституционалды өзгертілген негіздерге түскен
жағдайларда (психопатия және кейбір невроз кездерінде көрсетілетіндей)
адамның сынуы арта түседі. Осындай жағдай кезінде әлеуметтік-психологиялық
дезадаптация өзінің арқасынан бейімделушілік процестің сапалық
трансформациясы мен адаптацияның патологиялық формасының пайда болуын
қамтамасыз етеді. Бұл теңдік бейімделушілік процесі кезіндегі жалпы
интенсивтілік пен иімділіктің құндылыққа бағытталған және коммуникативті
қызметінің төмендеуіне алып келетін шекараның бұзылуын туғызады.
Психикалық бұзылулар глобалды дезадаптацияның патологиялық әсер
тигізудің сапалы жаңа деңгейіне ауысуын көрсетеді.
Суицидке алып келетін әлеуметтік-психологиялық дезадаптацияның
динамикасында екі фазаны бөліп көрсетуге болады: предиспозиондық және
суицидалдық [8].
Дезадаптацияның предиспозициондық фазасы суицидалдық іс-әрекетке
тікелей детерминант қызметін атқармайды. Оның суицидалдық іс-әрекетке
өтуіне конфликт маңызды орын алады. Тұлғаның басынан өткізіп жатқан
конфликтісі екі немесе әртүрлі бағытталған тенденциялардан құрылады. Оның
біріншісі - сол кездегі адамның қажеттіліктерінің актуалдылығы мен негізі,
екіншісін – оны қанағаттандыруға кедергі жасайтын тенденция. Конфликтінің
бұл жағдайда сыртқы және ішкі түрлері болады.
Конфликтінің күші мен қуаттылығы оны құратын тенденциялардың күштік
ара қатынасқа тәуелді: сол күштердің айырмашылығы айқын көрінген сайын,
конфликт тез шешіледі; тенденциялармен тепе-тең күште болған конфликтілер
ең қиын шешілетіндер топтамасына жатады. Конфликтіні шешу жолдары оның қай
салада болып жатқандығы мен адаптация механизмдерінің резервтік жүйелеріне
байланысты. Олардың әлсіз кезінде, яғни дезадаптацияның предиспозициондық
шарттары мен конфликтілік жағдайды өзгертудің наңыз әдісінің
жетіспеушілігінен, жалғыз дұрыс шешім ол – өзін әртүрлі қызметтен аластау
үшін суицид болып табылады. Олай болса, жоғарыдағы айтылғандардан, суицидке
түсу – тұлғаның кіші әлеуметтік конфликтілерінің бастан кешіру жағдайы
кезіндегі әлеуметтік-психологиялық дезадаптацияның салдарынан деген
қорытынды жасауға болады.
Енді тұлғаның жан-дүниесіндегі суицидалдық бағытталған механизмнің
қалыптасуына тоқтала кетейік.
Негізінде, суицидалдық іс-әрекет – өз өмірін қиюға бағытталған, ішкі
және сыртқы психикалық актілердің түрлері [9, 163б.].
Ішкі суицидалдық іс-әрекет өзіне суицидалдық ойларды, қайғырулар мен
елестеулерді, сонымен қатар суицидалдық тенденциялар арасынан ниет пен
ойларды атап өтуге болады. Осы шкалалардың тәжірибе жүзінде мақсатты түрде
қолданылатын үш түрін көрсетуге болады:
- Пассивті суицидалдық елестеулер, олар өз өлімінің тақырыбына
елестеулер мен қиялдарды сипаттайды, бірақ бұл жағдайда адам өз
өмірін қию туралы іс-әрекеттерге (өлгенім қандай жақсы болар еді,
бір ұйқыға батып мәңгілікке тұрмасқа болса екен және т.б.)
жанаспайды.
- Суицидалдық ниет – бұл суицидтіктің пайда болуының активті формасы,
яғни өзіне-өзі қол жұмсау тенденциясының, оны іске асыру жоспарының
арта түсуі. Мұнда өзіне-өзі қол жұмсаудың әдісі, уақыты және іске
асатын орны ойластырылады.
- Суицидалдық ойлар осы ниеттің сыртқы іс-әрекетпен байланысуы, осы
шешімді іске асыруға қосылуы.
Суицидалдық елестеулер мен оны іске асыру әрекеттеріне дейінгі кезеңді
суицид алдындағы кезең деп атап кету дәстүрлі түрде қабылданған. Оның
ұзақтығы минуттармен (қауіпті суицид алдындағы кезең) және айлармен
(хроникалық суицид алдындағы кезең) өлшенеді. Ұзаққа созылған суицид
алдындағы кезең кезінде суицидалдық іс-әрекеттің ішкі формаларының дамуына
жоғарыдағы айтылған щкалаларды жатқызуға болады. Бірақ бұл кезеңдік барлық
уақытта байқалмайды. Қауіпті суицид алдындағы кезеңде суицидалдық ниет пен
ойлардың бір уақытта пайда болғанын аңғаруға болады.
Суицидалдық іс-әрекеттің сыртқы формасы өзіне суицидалдық әрекет пен
аяқталған суицидті жатқызады.
- Суицидалдық әрекет – бұл өліммен аяқталмаған мақсатты түрде өз
өмірін қию. Ол өзінің дамуы кезінде екі фазаны көрсетеді: бастапқы
қалпына келетін және келмейтін.
Суицидалдық әрекет пен оның фазаларына сүйене отырып, әрбір нақты
жағдайлар кезінде суицидалдық тенденциялардың өзіне-өзі қол жұмсауына
ықпалын тигізді ме деген сұраққа жауап беруге болады. Жоғарыда
айтылғандарға сәйкес, суицидті өз өмірімен қоштасу мақсатындағы қызметі мен
оның мотивтерін қосатын іс-әрекет .
2. Суицид мәселесі туралы тарихи-теориялық ұстанымдар
Суицид термині XVII ғ.-да пайда болса да, адамдар өздеріне-өздері
қол жұмсауды ерте заманнан-ақ бастағаны белгілі. Енді сол заманның
ерекшеліктері мен айырмашылықтарына тоқтала кететін болсақ, ең алдымен
ежелгі дәуірден бастап кетейік.
Адамның ең алғаш рет қашан өзіне-өзі қол жұмсауы белгісіз болғанымен,
оның осы әрекетке саналы түрде барғаны бәрімізге мәлім. Мұны ХХ ғ.-дың
бірінші жартысында жүргізген антропологиялық зерттеулер де растайды. Сол
кездері Жер бетінде алғашқы қауымдық құрылым заңымен өмір сүріп келе жатқан
адамдардың көптеген аймақтары жетіп жатты.
Бір тайпаларда өзіне-өзі қол жұмсау адамның жеке ісі деп танылса,
екіншілерінде өзіне-өзі қол жұмсауға табу қойылған және оның әрекеттері
қатаң жазаланып отырды. Өзіне-өзі қол жұмсаумен байланысты діни культтары
мен әдет-ғұрыптары бар тайпалар да болды. Қандай болмасын, өзіне-өзі қол
жұмсау барлық мәдениеттерге етегін жайған.
Ертеде адам өз өміріне шынында күресетін уақыт кезінде көптеген
халықтардың салттары бойынша аштық жылдары тайпаның әлсіз және ауру
мүшелерінен арылу күнә деп есептелмеді. Қарт адамдардың қайраты кеткенде
олардың өлімге өз ықпалымен кетіп отырды. Мысалы, эскимостардың дәстүрі
бойынша, қарттар тундраға кетіп, сонда қатып өлімге беттерін бұрып жатты.
Вестготтықтарда бабалар жары болды, онда қарттар өздерін жерге тастайтын
болған, ал Ежелгі Греция елінде қарт адамдар өздерінің кетуіне үлкен
дастархан жайып, содан соң ғана бастарына венокты киіп, күшті уы –цикута
бар тостағанды ішітін болған.
Бұл салт бәрінен де ұзақ уақыт бойы Жапонияда сақталды, онда ашаршылық
кездерінде қартайған ата-аналар өздерінің балаларынан тауға апарып тастауын
сұраған. Обясутэяма тауын аударғанда ата-аналарын қалдырып кететін тау
деген түсінікті беруі бекерден бекер емес.
Өткен ғасырдың бірінші жартысында ғалымдар таптық құрылымы сақталған
Малазия архипелагы тұрғындарының өмірін бақылаған. Суицид фактілеріне олар
жазалаусыз қарады. Өзіндік жазалау түрі ретінде суицид заңдастырылған,
мысалы, табуды бұзғаны үшін. Бұл жағдайларда меланезиялықтар у ішіп немесе
пальма ағаштарының төбесінен секіріп өліп жатты.
Тайпаға зиянын әкелетін әрекет ретінде суицидпен байланысты алғашқы
бекітілген шектеулер таптық қоғамда пайда бола бастады. Нигерия, Уганда,
Кенияның көптеген тайпаларында өзіне-өзі қол жұмсау жамандық деп саналады
және ол жазалауды талап етеді деген сенім бар. Адам асылып өлген ағаш пен
оның үйін отпен аластайды, ал жақындарына өлікке жақындауға тыйым салынады.
Осылай өркениет дами берді, қоғамда таптар пайда бола бастады және
антикалық кезең өз уақыт алды.
Әлемге демократияны ұсынған ежелгі Грецияда өмірден ерікті кету
азаматтарға тек кейбір жағдайларда рұқсат етілді. Өзіне-өзі қол жұмсаудың
әдісін өлімге жазаланған адам ғана таңдай алды, бұл жерде у ішкен Сократ та
ерекше емес. Биліктің рұқсатынсыз жасалынған өзіне-өзі қол жұмсау өлімнен
кейін қатаң жазаланды, Афины мен Фивада өзіне-өзі қол жұмсаушылардың қолын
шауып тастап, денесінен бөлек жерлеген. Өз өмірін қиғысы келіп жүрген және
оны Платей шайқасында іске асырған спартандық Аристоденнің өліміне тек кінә
тағып қойды. Мұнда тағы да бір ерекшелік бар, ол – спартандық заңгер Пикур.
Ол Дельфий оракулына кетер алдында қала азаматтарынан ол келгенге дейінтек
оның енгізген заңдарымен жүретіндері туралы ант алды. Жаңа заңдарды Оракул
мақұлдағаннан кейін, Пикур өзіне аштық жариялап, өз өмірін қиды. Өз берген
сөздерінде тұруы үшін Спарта тұрғындары Пикур реформасына сай өмір сүрді.
Афиныда, сонымен қатар гректің басқа қалаларында билік жүргізушілер
цикутаның қорын сақтап отырды. Келесі заңға сәйкес: кімде-кім басқа өмір
сүргісі келмесе, оның себептерін ареопагқа айтып, және оның мақұлдамасын
алғаннан кейінғ өмірмен қоштасуына болады, - деген. Сонда олар бір
тостаған цикутаны ішіп, өмірмен қоштасатын болған.
Пифагор мен оның шәкірттері өзіне-өзі қол жұмсау үйлесушілікке толы
әлемге күшті диссонанс алып келеді деп ойлаған. Аристотельдің айтуы
бойынша, өлім белгіленген уақытта келеді, ал өзіне-өзі қол жұмсау
кедейшіліктен, жауапсыз махаббаттан, жанның және дененің ауыруынан
құтқаратын болса да, қорқақтықтың пайда болуынан деп есептеген.
Сократ өзінің Федон диалогында бірнеше рет өлімнің өмір алдындағы
артықшылығы туралы айтады. Мұндай қорытындыларда бір сұрақ әр уақытта
қойылады: онда неге өзіне-өзі қол жұмсау емес?. Өзіне-өзі қол жұмсау
мүмкін емес, өйткені адам өмірі құдайлардың қолында бұл өмірге сен өзіңнің
қалауыңмен келгенің жоқ, және өз еркіңмен кетуіңе ешбір құқың жоқ, - деп
жазады. Бірақ, ол өзіне-өзі қол жұмсау құдайлардың үкімімен жасалса, онда
ол мақсатты болады деп пайымдаған. Платонның айтуы бойынша, адамға сана
қиыншылықтар мен өкініштерге толы өмірді ерлікпен өту үшін беріледі деген.
Стоиктер мен эпикурейліктер үшін өзіне-өзі қол жұмсау тиімді мәселе
болған жоқ, кіші Плинийдің ойынша, адамның құдайлар алдындағы артықшылығы
осы суицидтің негізінде.
Римнің классикалық заңдар жинағы болып саналатын Юстианның
Дигестасында себепсіз өзіне-өзі қол жұмсау сыналады, өйтені өз-өзін
қимаған адам басқаларды да қимайды. Тарквинияның императоры Триске
кезінде, өзіне-өзі қол жұмсаушылардың мәйітін теуіп, жабайы аңдардың
қоректенуіне беріліп отырды, ал Андриан кезінде суицид қылмыспен
теңдестірілді, ол үшін дүние-мүлкін конфискацияланды, қайғыруға және денені
жерлеуге тыйым салынды. Ежелгі Карфагенде өзіне-өзі қол жұмсаған әйелдердің
денелерін тырдай шешіндіріп, халық көретіндей етіп көрсетілімге шығаратын
болған. Рим императорлары жердегі құдай ретінде саналғаннан кейін, олардың
бұйрықтары бойынша қала азаматтарының біреуі өз өмірімен қоштасып отырды.
Ең көрнекті мысал ретінде – Сенеканың өлімі. Неронның бұйрығы бойынша,
Сенека ваннада жатып, тамырларын кесіп тастады және оның құлдары ұлы
философтың соңғы сөздерін жазып отырған уақытта өз өмірімен қоштасты.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы, Рим империясының азаматтары туралы
айтылды, бұлар империяның құлдарына арналмаған ережелер мен заңдар болатын.
Олар үшін басқа заң шығарылды, онда егер құлды сатып алғаннан кейінгі алты
ай ішінде ол өз өмірімен қоштасатын болса, саудагер жарамсыз тауарды
сатқаны үшін сатып алушының ақшасын түгелдей қайтаруы қажет.
Иудейлер өзіне-өзі қол жұмсағанды теріс бағалап отырды. Алдымен Құдай
адамға шешімдер қабылдау мен оларға сүйенудің бостандығын берді. Иудейлер
өмірге ұлы құндылық ретінде қарады, кейбір мағынада адам Құдайға қарсылас
емес оның жаратушы жұмысын жалғастырушы жолдасы болды. Заңнамада
бекітілгендей, өмірдің қадірін түсіну қажет, барлық құбылыстар кезінде
өкінбей, құдайдың берген сынағы деп түсіну қажет. Кішкентай көшпелі халық
үшін әрбір өмір құнды еді.
Талмудта өзіне-өзі қол жұмсау сотта қарастырылатын және жазаға
тартылатын қылмыс ретінде қарастырылды. Бірақ өзіне-өзі қол жұмсаушы қатты
ашулану жағдайында ірекет етуі мүмкін, және ол заңмен қудалануға емес,
аяушылықты қажет етті. Осыған қарамастан, иудейлердің бірінші патшасы Саул
қылыш астына түсіп, өз өмірін қиды. Б.з. 73 жылы Массада және Йотама
қорғанының қорғаушылары басқа діни сенімге ауысуынан қорқып, өздеріне-
өздері қол жұмсады. Мыңжылдан кейін Йорктегі иудей қауымдастығы зорлықты
шоқынуды қаламай, дәл осылай өздерінен бас тартты.
Орта ғасыр кезеңіндегі үлкен өзгерістер христиан дінінің келуімен
басталды. Яғни, оның кең тарауы мен Рим империясының ресми дені болып
қабылданғаннан кейінгі кезеңде болды. Оның негізіне Құдайға Құдайлылық
постулатын алды. Бұл постулаттың негізінде жанды кім берді, сол ғана оны
орналастыра алады – яғни Жаратушы деп қарастырылды. Шіркеу өзіне-өзі қол
жұмсауға тыйым салды.
452 жылы Арль шіркеуінде өзіне-өзі қол жұмсаушыларды жындардың
ақылсыздығымен тағбаланған. 533 жылы Орлеан шіркеуі өзіне-өзі қол
жұмсағандарды жерлеуден басын тартты, өйткені өзін соттай келе, олар
жазалаудан құтылып кетті. 563 жылы Прага шіркеуі өзіне-өзі қол
жұмсағандарды жерлеуден және жаназасын шығарудан түпкілікті басын тартты
және 693 жылы шіркеу тек өзіне-өзі қол жұмсағандарды ғана емес,осы әрекетке
барғандарды да аластап отырды [10, 180-182 б.].
Еуропада өзіне-өзі қол жұмсаушыларға қарсы нағыз күрес басталды.
Ағылшын патшасы Эдуард ХІ-нің Канондарында өзіне-өзі қол жұмсағандарды
ұрылар мен қылмыскерлерге теіестірді. Данияда өзіне-өзі қол жұмсаған
адамның мәйітін есіктен шығаруға тыйым салды, ол үшін терезелер бар деп
өтті, содан кейін оның мәйітін жанының тозақ отында мәңгілік күйіуі ретінде
өртеп отырды. Бордода өзіне-өзі қол жұмсағандарды аяғымен асып, бүкіл
халықтың алдында күлкіге қалу үшін жасады. Аббервильде – олардың денесін
бетін жерге қаратып бұқамен сүйреді. Қасиетті Людовиктің заңдарында (ХІІІ
ғ.) өзіне-өзі қол жұмсаған адамның дүние-мүлкін конфескациялады, егер ол
ақсүйек болса, оның елтаңбасын соғып, құлпын бұзып,ал қалғандарын қазынаға
аударып отырды.
Өзіне-өзі қол жұмсағандардың көпшілігін екі жолдың торабында көміп
отырды, олардың жүрегіне көктерек қазығын соқты, өйткені олардың жаны көкте
орын таппай, жерде тірі жандарды қорқытып жүреді деген аңызға сеніп отырды.
Өзіне-өзі қол жұмсағаны жайлы әрекетін билік органдары біліп қойса, оның
мәйітін жерден қазып алып, барлығына алдында күлкіге қалдырады. Бұл
ойлардан Еуропадан біздің көршіміз Ресей де қатты ажыратылмады, І Петрдің
әскери су артикулінде айтылғандай: кімде-кім өзіне қол жұмсаса, онда оның
атқа тиелген өлі денесін көшелерден сүйрейді, аяқтарынан асып іліп қояды,
осыған қарап басқа адамдар өзіне-өзі қол жұмсауға батылы жетпейді
делінген. Мемлекет тарапынан осындай қатал бақылаудың болуынан өзіне-өзі
қол жұмсаушылардың саны азая түсті. Бірақ уақыт өте келе, ренессанс кезеңі
келіп, адамгершілік ұғымы пайда бола бастады.
Алғаш болып өзіне-өзі қол жұмсауды басқа жағынан қарастырған, игілікті
құрал деп жазған Монтень болды. Дэвид Юм 1777 жылы өз еңбегін жазғанына 20
жыл өте келе О самоубийстве атты еңбегін жарыққа шығаруға тәуекел етті.
Бірақ, кітап бірден тыйым салынған шығармалар қатарына қосылды.
Өзіне-өзі қол жұмсаудың құбылыс ретінде қатынасы өзгере отырып, оны
іске асырушылар қылмыскерлер емес, психикалық ауытқуы бар адамдар болып
табылады деген көзқарас пайда болды.
Өзіне-өзі қол жұмсауды жазалайтын заңдар да алына бастады. Оны бірінші
болып Франция революциясы кезінде Франция жүзеге асырды. АҚШ-та 1881 жылы
Нью-Йорк штатының жиналысында өзіне-өзі қол жұмсағандардың әрекеті сәтсіз
аяқталғандарға 20 жыл бас бостандығынан айыру заңдастырылды. Ерте кезде
ағылшын заңдары бойынша мемлекет өзіне-өзі қол жұмсағандардың сәтсіз
әрекетін аяғына дейін жеткізуді талап етсе, 1961 жылға дейін Ұлыбританияда
өзіне-өзі қол жұмсау қылмыстық әрекет екендігін белгілі болды, сол үшін
1941 жылдан бастап 1955 жылға дейін 44 956 адам қылмыстық жауапкершілікке
тартылды.
Осы проблемаға өзінің көңілін аса бөлген және оны зерттеуде үлкен
үлесін қосқан социолог Э. Дюркгеймнің суицид мәселесін зерттеудегі
концепциясын төменде қарастырып өтемін.
Өзіне-өзі қол жұмсау мәселесі, Дюркгеймнің көңілін көптеген себептер
бойынша аударды. Э. Дюркгейм өзіне-өзі қол жұмсауды жеке психологиялық
мотив екенін жоққа шығарып, әлеуметтік себептерді түсіндіретін фактор
ретінде көрсетті: өзін-өзі өлтіру индивидтің ішкі құрылымынан емес,
адамдармен басқарылатын сыртқы фактордың есебінен туады, - деп айтқан [1].
Сондықтан өзіне-өзі қол жұмсау социологтың зерттеуінде жеке құбылыс емес,
әлеуметтік құбылыс ретінде зерттеледі.
Дюркгеймнің пайымдауы бойынша, өзіне-өзі қол жұмсау проценті
әлеуметтік себептерге байланысты және ерікті өнімдердің контингенті
қоғамның моральдық ұйымымен анықталады [11, 287 б.]. Оның айтуынша, бұл
ауруды жеке фактіге жатқызуға болмайды, өйткені өзіне-өзі қол жұмсау –
қазіргі кезеңдегі ең маңызды мәселелермен теңдей болып отыр. Өзіне-өзі қол
жұмсау санының көбеюі мен қазіргі қоғамның жалпы ауыр жағдайы – белгілі бір
ортақ себептерге ие. Өзіне-өзі қол жұмсау санының артуы өркениетті қоғамның
қайта құруына әкеліп соғады және бұл аурудың қауіпті екендігін дәлелдеуде
[11, 390-391б.] .
Э. Дюркгейм өзінің Самоубийство атты социологиялық этюдында ресми
статистикалық материалдарды көрсетеді. Онда өзіне-өзі қол жұмсау мен оған
әсер ететін әртүрлі әлеуметтік факторлар арасындағы байланыс пен
тәуелділікті көрсетеді. Әлеуметтік факторлар ретінде – жынысы, отбасы,
діні, әлеуметтік мәртебесі, ұлттық және саяси қарым-қатынасы және
басқалары. Басқашалай айтқанда, француз социологы өзіне-өзі қол жұмсаудың
процентін көптеген әлеуметтік айнымалылардың функциясы ретінде қарастырады.
Сонымен қатар, Дюркгейм өзіне-өзі қол жұмсауға ықпал ететінәлеуметтік
факторларды атап көрсеткен. Бұл адамдардың психопатиялық жағдайы, сонымен
бірге әртүрлі физикалық факторлар: климат, жыл мезгілі, жасы және т.б. Ұлы
әлеуметтанушының айтуы бойынша, олар өзіне-өзі қол жұмсау процентіне
әлеуметтік орта жағдайынан өте, жанама ықпал етеді.
Өзіне-өзі қол жұмсаудағы әртүрлі фактордың әсер етуінің нақты анализі
Дюркгеймге өзіне-өзі қол жұмсауға қатысты жеке характердегі заңнамалар мен
тенденцияларды ашу мен ережелерді тұжырымдауға көмектесті. Мысалы: ерлер
арасындағы өзіне –өзі қол жұмсауәйел баласына қарағанда көбірек,
жалғызбастылар, жесірлер мен ажырасқандар үйленетіндерге немесе отбасын
құрғандарға қарағанда көбірек, католиктермен салыстырғанда протестенттар
арасында а кездеседі, азаматтық қарапайм халықа қарағанда әскерде өз
борышын өтеушілер арасында да, ауыл тұрғындарымен салыстыратын болсақ, қала
тұрғындары арасында және де қыс мезгілімен салыстырғанда жаз айларында
өзіне-өзі қол жұмсау көп кездеседі. Мысал ретінде, әлеуметтанушының ерлер
мен әйелдер арасындағы өзіне-өзі қол жұмсау қатынасына жасаған
тұжырымдамасын айта кететін болсақ: өзіне-өзі қол жұмсау санының әйелдер
арасында ерлерге қарағанда аз болатын себебі, ол әйел адамы ерлермен
салыстырғанда ұжымдық өмірмен аз соқтығысады және оның жаман немесе жақсы
ықпалын аз сезінеді, - деп жазған [11, 286 б.] .
Э. Дюркгейм өзіне-өзі қол жұмсаудың 4 түрін бөліп көрсетеді: эгоистік,
альтруистік, аномиялық және фаталистік.
Біріншісі, яғни эгоистік, жеке индивидтің қоғамнан аластау себебінен
туады. Әлеуметтік байланыстың болмауы, қарым-қатынастың үзілуі жалғыздық,
маңызсыздық, өмір сүрудегі қайғылы жағдайға алып келеді. Осындай өзіне-өзі
қол жұмсаудың себебі ретінде өқиын қоғам, ұжымдық сенімсіздік, әлеуметтік
сағыныштан туатын аса индивидулизм болуы мүмкін.
Өзіне-өзі қол жұмсаудың екінші бір түрі – бұл альтруистік өзін-өзі
өлтіру – жеке қызығушылықтары ортақ бір әлеуметтікке бағынышты, мұнда
топтың интеграциясы өте жоғары, өйткені индивид жеке тұлға ретінде өмір
сүруін тоқтатады.
Дюркгейм бұл типке ежелгі салт-дәстүрлерді: қарт адамдар мен ауру
адамдардың өзіне-өзі қол жұмсауы, күйеулерінің өлімінен кейін әйелдерінің
өзін-өзі отқа жандыруы, қожайындарының өлімінен кейін құлдарының өздеріне-
өздері қол жұмсауы және т.б. [11, 305 б.] Мұндай өзіне-өзі қол жұмсаудың
типін архаикалық қоғамда кеңінен трағаны бәрімізге белгілі.
Өзіне-өзі қол жұмсаудың үшінші түрі – аномиялық. Бұл көбінесе қоғамдық
үлкен күйзелістерде, экономикалық кризистерде кездеседі, өйткені мұндай
жағдайларда жеке тұлға жаңа әлеуметтік талаптарға, әлеуметтік өзгерістерге
бейімделу қабілеттерін жоғалтып, қоғаммен байланысы болмайды. Қоғамның
аномиялық жағдайы, Э. Дюркгеймнің түсіндіруі бойынша, нақты тәртіп пен
норманың болмауы, ескі құндылықтар иерархиясы құлап, ал жаңасы әлі де
қалыптаспағанда, жеке индивидтің моральдық тұрақсыздығын көрсетеді.
Қоғамдық құрылым тұрақсызданғанда және бұзылғанда, бір тұлғалар тез
көтеріледі, ал екіншілері қоғамдағы өзінің орнын жоғалтады, осыдан келіп
қоғамдық теңдік бұзылады да, өзіне-өзі қол жұмсаушылардың саны өсе түседі.
Аномиялық өзіне-өзі қол жұмсау, көбінесе саудалық және іскерлік ортада
көптеп кездеседі. Ал, бұл жағдайды Дюркгейм келесідегідей түсіндіреді –
қатал регламентацияларды сақтамай, моральдық және психологиялық теңсіздікті
бұза отырып оңай олжаға ұмтылушылар саны көптеп өседі. Сондықтан, аномиялық
өзіне-өзі өлтіру негізінде қоғамдық регламентациясының әлсіреуі немесе
жоғалуы, тәртіпсіз, реттелмеген қоғамдық қызмет жатады.
Аномиялық өзіне-өзі қол жұмсауына қарама-қарсы және оның ең соңғы
түрі – ол фаталистік. Ол жеке тұлға үстінен топтың жағынан бақылаудың
күшеюі, регламентацияның шамадан тыс көп болуы - индивидтің төзуіне
келмейтін жағдайға алып келеді. Мұндай өзіне-өзі қол жұмсауды болашағы
аяусыз бекітілген, қзығушылықтары қатал тәртіппен шектелген адамдар
жасайды [11, 343 б.].
Олай болса, Дюркгеймнің тұжырымдамалары бойынша, өзіне-өзі қол жұмсау
индивидтің әлеуметтік дициплинаға байланысты жасаған саналы және әдейілеп
жасаған әрекеті деп тұжырымдасақ та болады [11, 331 б.]
II ТАРАУ. СУИЦИД - ӘЛЕУМЕТТІК ҚАТЕР РЕТІНДЕ
1. Суицидке түсу себептері
Өзін-өзі өлтірудің көптеген түрлері, классификациялары бар, бірақ біз
олардың кейбірін қарастырамыз.
1. Э. Дюркгейм өзінің Самоубийство атты социологиялық этюдында өзіне-
өзі қол жұмсауға әсер ететін әлеуметтік қоғамның әртүрлі жағдайларын
(діни сенім, отбасы, саяси өмір және т.б.) қарастырып өтті. Өзіне-
өзі қол жұмсауға септігін тигізетін себептерді де атап өтті және
олар: эгоистік, альтрустік, аномиялық және фаталистік болып төртке
бөлінеді.
Эгоистік өзіне-өзі қол жұмсау.
Егер тұлғаның жеке Мені әлеуметтік Менге қарсы тұратын болса, онда
өзіне-өзі қол жұмсаудың жекешеленгенін эгоистік деп айтуға болады.
Ұжымдық байланыс, қоғамның бірегейлігі өзіне-өзі қол жұмсауды
тоқтатады. Қоғамның бірегейлігі әлсізденгенде, тұлғаның әлеуметтік өмірден
алшақтауы және өзінің жеке мақсаттарын қоғамдық игіліктен жоғары қояды.
Дюркгеймнің айтуы бойынша, өзіне-өзі қол жұмсаудың саны қоғамдық
күйзелістермен қатар өсе түседі. Өзіне-өзі қол жұмсауға саяси жағдай,
сонымен қатар ұлттық соғыстар әсерін тигізеді.
Альтруистік өзіне-өзі қол жұмсау.
Егер адам қоғамнан алшақтатылса, онда оған өз өмірімен қоштасу ойы
туады, сонымен қатар қоғам жеке адамның инвидивуалдылығын толығымен жаулап
алғанда да оған осындай ойлар келеді. Альтруизм – ол жеке Меннің адамға
емес, сол адамның ортасына, оның игілігіне бағытталған жағдайда болады.
Альтруистік өзіне-өзі қол жұмсаудың ерекшелігі, ол парыз үшін қолданылады.
Діни көзқарастан басқа альтруистік өзіне-өзі қол жұмсаудың бір
ерекшелігі ол, қазіргі кездегі әскердегі жағдай, онда тұлға өз бас
пайдасынан бас тартады және жеке жауапкершілігінен айырылады. Барлық
еуропалық мемлекеттерде бекітілгендей, әскери адамдардың өзіне-өзі қол
жұмсауының бейімділігі азаматтық адамдарға қарағанда басым. Олардың
айырмашылығы 25 пен 90% аралығында.
Әскери адамдардың арасындағы өзіне-өзі қол жұмсаудың жоғары деңгейін
біздің қазақстандық зерттеушілер де көрсетуде. Өзіне-өзі қол жұмсаудың
жалпы санының 15%-ы офицерлерге, 6-7%-ы прапорщиктер мен мичмандарға және
қалған 78%- ы өзінің әскери борышын өтеуге шақырылғандардың арасында екен.
Зерттеушілердің пайымдауы бойынша, өзіне-өзі қол жұмсаудың нағыз саны одан
да көп, өйткені әскердегі суицидалдық қызметтің бағыты психологиялық
күйзеліс жағдайына түскен офицерлерге көмек көрсетуге емес, қайтыс
болғандардың жағдайларын жабуға бағытталған.
Аномиялық өзіне-өзі қол жұмсау.
Қоғам барлық уақытта бір немесе басқа деңгейде тұлғаға әсер етеді, оны
басқарады, бағыт-бағдар береді.
Белгілі болғандай, экономикалық күйзеліс өзіне-өзі қол жұмсауға
септігін тигізеді. Жалпы алғанда, мемлекеттің экономикалық жағдайы мен
өзіне-өзі қол жұмсаудың пайыздық ара қатынасы жалпы заңдылық екені мәлім.
Мысалы, банкроттық санының аяқ астынан өсуінің себебі, қаржы саласындағы
маңызды өзгертулердің арқасында болғанын білеміз және соның арқасында өзіне-
өзі қол жұмсау санының өсуі де байқалады. Еуропадағы 1847 жылы
банкроттылықтың 26%-ға, 1854 жылы 37%-ға, 1861 жылы 20%-ға өсуі, өзіне-өзі
қол жұмсаудың 17, 8 және 9%-ға өсуіне алып келді. Мемлекеттің игілігі тез
көтерілетін бақытты күйзеліс (мысалы, бағаның тез төмендеуі) кезінде де
өзіне-өзі қол жұмсауға экономикалық күйзеліс кезеңіндегідей әсер етеді. Бұл
ұжымдық құрылыстың күйзеліске ұшырау нәтижесінде болады.
Қандай да бір мақсатқа жете алмайтын мақсатты қуу, адамның өзін
наразылық жағдайына алып келеді. Адам көп нәрсеге қолы жетсе, ол одан да
көп нәрсені қалайтын болады. Бұл оның қанағатсыздығынан. Қоғам әлеуметтік
функцияларды иерархияландырады, және әрбір адам өзіне қажетін табады,
сонымен қатар, ол қоғамдағы өзінің жағдайымен келіседі. Қоғамның күтусіз
әлеуметтік өзгертулер кезеңінде қоғам уақытша адамға көмек көрсете алмайды,
және осының арқасында өзіне-өзі қол жұмсаудың саны өседі.
Фаталистік өзіне-өзі қол жұмсау.
Өзіне-өзі қол жұмсаудың бұл түрі белгілі бір топ жағынан тұрақты және
күшті бақылау тенденциясының күшеюінің нәтижесінде болады.
2. Жоғарыда өзіне-өзі қол жұмсаудың әлеуметтік үлгісі (моделі)
көрсетілген болатын. Енді МНИИ псииатриясының қабылдаған
В. А. Тихоненконың келтірген типологиясын айта кетейік. Ол мақсаттардың
категориясына негізделген және ол суицидтік жағдайға ұқсас өзіне сыртқы
зақым келтіруден және нағыз суицидті демонстративті-шантаждық суицидтен
айыруға мүмкіндік береді.
Нағыз өзіне-өзі қол жұмсаудың мақсаты - өз өмірін қию. Оның соңғы
нәтижесі өлім болып табылады, бірақ өлімді шынымен қажет ететіндігі туралы
деңгейі әртүрлі, ол суицидалдық тенденцияны іске асырудағы түрлері мен
жағдайларынан көрінеді.
Демонстративті-шантаждық суицидалдық мінез-құлықтың мақсаты өз өмірін
қию емес, оны тек демонстрациялауда. Алайда, мұндай демонстрация көп
жағдайларда шын мәнінде жағдайларды есепке дұрыс алмағандықтан аяқталған
суицидпен ұштасады.
Суицидалдық мінез-құлықтың өзіне зақым келтіруден айырмашылығы – оның
өлімге бағытталмағандығында. Оның мақсаты дене мүшесінің бір органына зақым
келтірумен ғана шектеледі.
Жоғарыда айтылып кеткендей, өлімге бағытталмаған адам өміріне қауіпті
іс-қимылдарды, сәтсіз оқиғаларға жатқызуға болады.
Тихоненко өзінің жұмысында төмендегідей мысалды көрсетеді: адам өзінің
иық жағындағы аймағын ұстарамен кесу келесі топтамаларға кіруі мүмкін:
а) егер қан жоғалтудан өлімге алып келеді деген мақсатта жасалынса, бұл
нағыз суицид қатарына жатқызады;
ә) егер қоршаған ортаға өлгісі келетіндігін көрсеткісі ғана келген
жағдайда, ол демонстративті-шантаждық топқа жатқызылады;
б) егер мақсаты тек өзіне физикалық ауруды немесе наркотикалық халді
көрумен шектелсе, онда ол өзіне зақым келтіруге жатады;
в) сандырақтық ойлардағыдай өзін-өзі кесу қаннан жын-шайтандарды шығару
деген ой мақсатында жасалынғандарды – сәтсіз жағдайларға жатқызылады.
3. Тағы да бір классификацияны қарастырып өту қажет. Ол өзара қатынасы
келіспейтін іс-әрекет – суицид – мотивтің жеке мағынасының категориясына
негізделген. Тихоненко келесі түрлерін атап өтеді: қарсы шығу, кек, көмекке
шақыру, қиыншылықтар мен жазалаулардан қашу, өзін-өзі жазалау, айырылу.
Суицидтік іс-әрекеттің қарсы шығу түрі конфликт жағдайында пайда
болады, оның объектісі болған жақ субъектіге агрессиялы және қастық
көзқараста, ал өзіне-өзі қол жұмсаудың мағынасы объектіге теріс әсер
етуінде. Кек – бұл қарсы шығудың айқын түрі, ол қарсы шығушы ортаға айқын
зиянын келтіру. Іс-әрекеттің бұл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz