Пластикалық карточкалардың жіктелуі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . …5

1. Пластикалық карталарды пайдалану арқылы төлем жүйесінің қызметін жүргізу

1. 1. Төлем карточкаларының шығарылуының мақсаты және олардың артықшылықтары мен кемшіліктері . . . . . . 9

1. 2. Пластикалық карточкалардың жіктелуі. . . 21

2. Қазақстанда пластикалық карточкаларды қолдану ерекшеліктері

2. 1. Қазақстан Республикасында пластикалық карточкаларының пайда
болу тарихы. . . ……29

2. 2. Қазақстан Республикасының төлем карточкаларының нарықтағы жағдайы. . . . …. . 33

2. 3. Пластикалық карточкалар бойынша «АТФ банкі» Акционерлік қоғамының жұмысының талдануы. . . . …. 39

2. 4. Қазақстан Республикасында пластикалық карточкаларды

қолданудың болашағы. . 43

3. Пластикалық карточкаларды қолданудағы шетел тәжірибесі

3. 1. Шетелдегі төлем карточкаларының нарықтағы жағдайы……. …… . . . 49

3. 2. Ресейлік пластикалық карточкаларының нарықтағы жағдайы…. … . . . 57

3. 3. Шетелдік және қазақстандық төлем карточкаларының нарығында салыстырмалы талдау жасау . . . …66

Қорытынды. . 69

Қолданылған әдебиеттер тізімі. . . . . 73

Кіріспе

Бүгінгі күнде әлемде 200-ден астам елдерінде пластикалық карточканы төлем айналымында қолданады, жер бетіндегі миллиондаған тұрғындар пластикалық карточкаларды әртүрлі тауарларды сатып алу үшін пайдалынады, көптеген банктер Visa International, MasterCard/Europay International, American Express, Diners Club, JSB сияқты халықаралық ассоциацияларының мүшесі болу үшін күреседі, бұл фактілер пластикалық карточкалар «технологиялық революция» деп аталатын банк ісі мен халықаралық есептің маңызды элементі болып табылады, деп қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Тек қана платикалық карточкалар электрондық банкілік және халықаралық төлем жүйесінің кілттік элементін атқарады. Олар чек пен чектік кітапшаларды ақырындап ығыстыра отырып, индустриалды дамыған Батыс елінде ақша айналым ұйымының алдыңғы позициясына шықты.

Барлық пластикалық карточкалар, олардың жетілдіру дәрежесінен тәуелсіз маңызды ерекшелігі, оларда әртүрлі қолданбалы бағдарламаларда пайдаланатын белгілі бір ақпарат жиынтығы сақталынады. Карточка ғимаратқа жіберілу қызметін атқара алады, компьютерге ену құралы қызметін атқара алады, жүргізуші куәлігі қызметін атқарады, телефондық қызметімен пайдалынған үшін төлем ретінде және тағы басқа жағдайда пайданылады. Ақша айналым сферасында пластикалық карталар қолма-қол ақшасыз есеп-айырысу ұйымдастырушының прогрессивті құралының бірі болып табылады.

Соңғы жылдары несиелік карточкаларды шығаруда әртүрлі мемлекеттердің ұлттық компаниялар кең халықаралық торының бөлігіне айналды. Солай етіп, пластикалық карточкаларының көпшілігі кеңінен тек қана ішкі емес, сонымен бірге халықаралық есеп-айырысумен төлем операцияларында қолданылуға болады.

Пластикалық карточкаларының қолданылуы қолма-қол ақшасыз айналымының дамуына мәнділік әсер етеді, шығындарды азайтады. Одан басқа да қасиеттері бар: айналым мен пайданың өсуі; бәсекелестікке қабілеттіліктің және банктің, бөлшектеп сату мекемелерінің, карточканы қабылдайтын басқа ұйымдараның беделінің көтерілуі; төлем кепілдігінің болуы; жұмыс орындарының жұмыспен қамтылуының өсуі, мысалы, шетел туризмі саласында және тағы басқа қасиеттері бар.

Электрондық пластикалық карталардың тағы бір ерекшелігі мәнділік қарапайымдылығы және халықаралық төлемдерінің өту процессінің тезділігі, олар телекоммуникациялық байланыстараының барлық уақытта қолдануын талап етпейді.

Осындай карточкалармен есеп-айырысу орталық компьютердің дұрыс істей алмай қалған немесе басқа жағдайда, тоқтап қалмайды.

Осы және басқа әртүрлі бағытталған себептерді есепке ала отырып, микропроцессорлы карточкаларды қолдану тиімділігін аңықтау дәл қазіргі уақытта өте күрделі.

Сонымен бірге экономистердің есептеуінше, осы карточкалардың болашағы бар, өйткені техника мен технологияның дамуы жылдан жылға оның енгізуіне шығындарды азайта отырып, қазіргі ультра жобаларды қолдану мүмкіндігін кеңейтеді.

Осы дипломдық жұмыстың өзектілігі пластикалық карточкалардың Қазақстан Республикасының банктік қызмет нарығында жаңашылдық болып табылуы, сондықтан мен өзімнің дипломдық жұмысымды жазу үшін осы тақырыпты таңдадым.

Қазақстан Республикасының банктік жүйелерінің дамуында және нарықтық экономикаға өту жағдайында, коммерциялық банктердің алдында шығындарды азайту статьясын мәселесі, пайда бөлігін халықаралық стандарт деңгейінеде неғұрлым кең қызмет спектріне жеткізу жолымен көбейту мәселесі тұр. Ұқсас қызметтерді жеткізудің бір жаңа түрі пластикалық карточкаларды сауда және сервис саласында қолдану, қолма-қол ақшаны банкомат арқылы және қолма-қол ақшаны беретін пунктерден алу.

Төлем карточкасы қаржы құралы ретінде барлық уақытта дамып отырады, оны қолдану ортасы ұлғаюда, оны қолдану арқылы көрсетілетін қызмет комплексі кеңеюде. Қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесінде олар дебеттік сияқты, несиелік құралдар қасиетін ие бола алатын төлем қаруының ерекше тобын құрайды.

Қолма-қол ақшамен есеп айырысуда пайдалану, мемлекеттік және коммерциялық қаржы құрылымдарына шектен тыс қымбатқа түседі. Айналымға жаңа банкноттардың шығарылуы, ескілерді айырбастау, қызмет етуші персоналдардың көп бөлігін ұстап тұру, қатардағы клиенттердің көп уақытын жұмсалуы, ыңғайсыздық - бұның барлығы мемлекет экономикасына ауырлық салмағымен жатады. Қолма-қол ақша айналымы мәселесінің бірден-бір мүмкінболатын ең перспективті тәсілінің шешімі - бұл қолма-қол ақшасыз есеп-айырысудың тиімдісі автоматталған жүйесін құру. Эксперттік баға бойынша, ондай жүйе қолма-қол ақша айналымының бірден үш бөлігіне дейін қысқартуын қамтамасыз етуі мүмкін.

Осы жұмыстың мақсаты қазақстанның пластикалық карточкалар нарығын зерттеу болып табылады: қазақстанның пластикалық карточкалардың пайда болу тарихы, жалпы пластикалық карточкаларының не екендігі туралы, пластикалық карточкалардың қалай қызмет ететіндігі жайлы, оның мемлекет экономикасы үшін қандай маңызы бар екені, пластикалық карточкалардың шетелде, Ресейде және Қазақстан Республикасында қолданылу ерекшелігі.

Факторлар қатарынан қарастыра, алдымызда келесі міндеттер тұр: пластикалық карточкаларының қазақстандық нарығын, бұл нарықтың оң және теріс кезеңдерін көру үшін, неғұрлым толықтай зерттеу және бұл мәліметтерді талдай отырып, пластикалық карточкалар сияқты жаңа өнімнің ұлттық нарығын дамытуға тырысу.

Осы тақырып бойынша теориялық, бұдан практикалық материалдар аз, бірақ мен тапқан барлық ақпараттарды өзімнің дипломдық жұмысымда толық көрсетуге тырыстым.

Осы дипломдық жұмыстың нормативті-құқықтық базасы Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасының Ұлттық банктің ережесі, АҚ “АТФ банкісінің” нұсқаулық материалы болып табылады. Сонымен қатар оқу-әдістемелік әдебиеттер, «Қазақстан банкілері», «Карточкалар әлемі», «Банктік технологиялар» журналдары, «Время», «Новое поколение» газеттері және тағы басқа әдебиеттер пайдаланылды.

1 Тарау. Пластикалық карталарды пайдалану арқылы төлем жүйесінің қызметін жүргізу

1. 1. Төлем карточкаларын шығару мақсаты, олардың артықшылықтары мен кемшіліктері.

Төлем жүйесінің негізгі қатысушылары.

Халықаралық электрондық есеп беру жүйесінің қызмет ету механизмі пластикалық картаны қолдануда негізделіп құрылған және банкомат арқылы жүзеге асырылатын сауда ұйымдарында тұрғындардың электрондық жүйе арқылы есеп айырысуы, ұйымдардың халықаралық электрондық жүйе арқылы есеп айырысуы, үйде және жұмыс орындарында клиенттерге банктік қызмет ету жүйесін, өзіне тән операцияларды қоса енгізеді.

Ақша айналымы ортасында пластикалық карточканың маңызды ерекшелігі, төлем карточкасының қолма-қол ақшасыз есеп айырысу ұйымдастырушының бірден-бір үдемелі құралдарының бірі боп табылады.

Пластикалық карточкаларының қолдануында, төлем жүйесінің қатысушылары үшін өзінің мақсаттары, артықшылықтары мен кемшіліктері бар.

Пластикалық карточкаының шығарылу мақсаты әртүрлі болуы мүмкін:

- клиенттерге есеп айырысу үшін неғұрлым тез және қолайлы болуын ұйымдастыру;

- қолма-қол ақшасыз есеп айырысуда қолданылатын көлемді азайту, сондықтан операция құның төмендету;

- жаңа клиенттерді тарту және бұрынғы клиенттерді «қосып алу»;

- бәсекелестерден қалмауға тырысу;

- жаңа, неғұрлым үдемелі «қағазсыз» технологияны жетілдіру;

- клиенттердің басымдылығынан орталық банк офисын немесе компанияны жеңілдету;

- пластикалық карточкалар арқасында компанияның немесе өзінің банкісін жарнамалау және беделін көтеру, оларды клиенттер қолдана ғана қоймайды, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік статусын және тағы басқа белгісі ретінде пайдаланады.

Клиенттер үшін карточкалардың тартымды болуы келесіде:

- бір жағынан тәуекелділіктің төмендеуі (өзімен бірге үлкен сомада ақшаны ұстап жүрмеуге болады), басқа жағынан - сатып алу төлемін дер кезінде төлеу;

- валютаны айырбастау туралы ойламауға болады. Бұны банк жасайды, ол солай жасайды, магазинде айырбастау курсымен және банк жүзеге асыратын конвертация бойынша курсының арасындағы айырмашылығында клиентке тиімділік пайдамен;

- бюджетті бақылау мен жоспарлау қатал тұрғызылады;

- карточканы жоғалтқан жағдайда ол бойынша барлық есеп айырысулар тез арада тоқтатылу үшін, банкіге тек қана хабар берудің өзі жеткілікті;

- банкіге ақша қаражаттарын салуда (ереже бойынша, кейбір ақылдасқан соммадан жоғары орта қалдыққа), проценттерді алуға болады;

- беделділік (әсіресе, карточкалар әлі де ортақ қолданыла қоймаған мемлекеттерде), қаржы ортасында қолданылатын, қазіргі техникалық құралдармен қолдана білуді куәләндырады;

Несиелік карточкалардың кемшілігі клиенттер үшін ең алдымен, ол өтеуге міндетті шығындармен байланысты:

- карточканы қолдануға беретін қолайлық үшін, төлеуге тура келеді;

- карточкаларды басқа сауда ұйымдарында және қызмет көрсету орталары мен барлық магазиндерде қабылдамайды (әсіресе бұл жолға енді тұрып жатқан елдерде) .

Магазиннің артықшылығы келесіден тұрады:

- әсіресе көп жағдайлы клиенттерді тартуға болады және тауар айналымын көбейтуге;

- ақшаны айырбастауды және инкассолауды ойлаудың қажеті жоқ;

- қауіпсіздік мәселесі неғұрлым қарапайымды (чектер-«слиптер» карточка иелерінің қолы қойылған, яғни олар магазинде қалады және есеп-шотына ақша түсетінің білдіреді, ұрылар үшін қызығушылық тудырмайды) ;

- қолында карточкасы бар адам, қолма-қол ақшасы бар адамға қарағанда, сатып алуды іске асыруға неғұрлым бейім;

- магазиннің рейтингі, беделі көтеріледі;

Сонымен бірге магазинге кейбір қосымша шығындарға баруға тура келеді:

- белгілі бір күрделікті карточкалардың авторизациялық процессі көрсету мүмкін, осы карточканың қызмет көрсетуші эмитентінің процессинг орталығымен жалпы ара қатынасы;

Банк келесі ой-пікірлерден қарастыра карточкамен жұмыс жасауға ықыласты:

- олар тартылған ресурстардың көлемін көбейтуге мүмкіндік береді, біріншіден, карточканың иесі банктегі өзінің арнайы есеп-шотына салуға міндетті сомма қарастырылады. Екіншіден, бұл «карточкалық» операциялардың ұдайы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін банктер қолданылатын сақтық депозиттері болу мүмкін;

- карточкамен операция өткізумен (сатып алу, қолма-қол ақша шешіп алу, айырбастау) банк ережесі бойынша, клиент карточканың өзін алу үшін төлейді;

- төлем айналымынан тек қана қолма-қол ақшаны ғана емес, сонымен қатар чектерді ығыстыруда жалпы-әлемдік тенденция есебімен банктің бәсекелестік потенциалы көтеріледі, инновациялық процесстерінде қатысушы ретінде банктің беделі өседі.

Карточкалық саудасының, онша жағымды емес жағын жалпы алып қарасақ, онда банк үшін ол өте үлкен шығынмен байланысты, әсіресе басында карточкамен жұмыс істеу (жұмыс істеп тұрған жүйеге кіру немесе жеке процессинг орталығын ұйымдастыру, техникалық және бағдарлама қамтамасыз етуге шығындары, магазиндермен байланыстарды жұмыс қалпына келтіру және тағы басқа) .

Үлкен шығындар, сондай-ақ қазіргі байланыс құралдарының әлсіз дамуы, оларсыз карточкалардың қызметін жүргізу мүмкін емес, және кейбір жағдайлар Қазақстан нарығында карточкалық саудасына ірі инвестициялар жасау тәуекелді.

Банктік картаны қолдануда ара-қатынасының негізгі қатысушылары:

- пластикалық карточкаларының банк-эмитентері;

- пластикалық карточкалардың иелері;

- коммерциялық торының иелері, магазиндермен жұмыс істейтін- банк-эквайрерлер;

- сауда ұйымдар (магазиндер және басқа қызмет орындары) ;

- есеп-айырысу банкітері;

- пластикалық карточкаларының операцияларын өндеуші, орталық компаниялар;

- төлем ұйымдары;

Пластикалық картаның банк-эмитенті (ағыл. Issuer), банктік картаны шығарушы және оны иесіне беретін несиелік ұйым болып табылады.

Банктік картаның иесі (ағыл. Cardholder), бұл банктік картаны қолма-қол ақшасыз төлемдерде қолданылатын жеке немесе заңды тұлға.

Банк-эквайрер (ағыл. Acquirer) банктік картаны қолдану арқылы, карта иесіне қолма-қол ақша қаражаттарын беретін, және жасалған операциялар бойынша сауда ұйымдармен есеп-айырысуда жүзеге асыратын несиелік ұйым болып табылады.

Сауда ұйым (ағыл. Merchant) - заңды тұлға немесе жеке кәсіпкер келісім-шарт бойынша олардың және эквайрердің арасында банктік карталарды қолданумен құрастырылған құжаттарды қабылдау бойынша жауапкершілікті өз мойнына алады, тауар (қызмет) иесіне эквайрердің төлемді келесіден жеткізу үшін.

Төлем ұйымы заңды тұлға болып табылады, төлем жүйесі шегінде банктік карталармен операциялар есеп-айырысуды жүргізу бойынша ережелерді орнатады (ағыл. Payment system) - белгілі бір түрдегі банктік карталармен операцияларды жүргізуді қолдайтын арнайы құрылғылар мен коммуникация жүйелері. Төлем ұйымына әдетте, қандай да бір банктік карталарды идентификациялайтын қызмет белгілеріне құқықтары жатады. Төлем ұйымы соңымен бірге, қатысты төлем жүйесінің техникалық функциялауын қамтамасыз етеді.

Есеп-айырысу банкі немесе есеп-айырысу агенті (ағыл. Settlemenr bank) -эквайрер мен эмитент арасында төлем ұйымымен келісім-шарт негізінде өзара есеп-айырысуды жүзеге асырушы несиелік ұйым.

Ең алдымен карточканың қандай да бір төлем жүйесінің тек қана құралы екендігін айтып кету керек. Солай етіп, карточкалық саудасының негізінде пластик бөлшегінде емес, ол қолма-қол ақшасыз есеп-айырысудың тұрақты жұмыс атқару жүйесінде.

Банктік карталар 2 негізгі операцияларды жүзеге асыруға мүмкін:

тауар төлемін және қолма-қол ақша құралын банкомат арқылы алу - арнайы автоматталған құрылғы немесе ҚАБП - қолма-қол ақша беру пункті (несиелік ұйым кассасы) . Дәл қазіргі кезеңде аталған екі операцияны атқаруға мүмкіндік беретін карталар неғұрлым таралған («әмбебап» карталары), әйтпесетек қана қолма-қол ақша құралын алу үшін тағайындалған немесе тек қана тауарды, немесе қызметті төлеу үшін тағайындалған карталар бар.

Банктік карталар 2 негізгі түрде болады: несиелік (ағыл. Credit card) және дебеттік (ағыл. Debit card) . Халықаралық төлем ұйымдарының несиелік карталарының дебеттік карталардан айырмашылығы операцияларды жүргізу технологиясына байланысты. Дебеттік картамен операцияларды барлық кезде авторизациялауға жатады, ал несиелік картамен операцияларды белгілі бір жағдайларда - жоқ. Осы ерекшеліктермен байланысты дебеттік карталар эмитенттермен банктік есеп-шотта қалған қалған қаражат шегінде операцияларды жүзеге асыру үшін қолданылады, ал несиелік карталар бойынша эмитент шоттағы қалдық қаржы шегінде операцияларды өткізе береді және несие алады, практикада әдетте кепілдік алушыға несиелік сызық ашу жолымен жүзеге асырылады.

Картаның иесі банктік картаны пайдаланып тауарды немесе қызметті төлеуде картаны сауда ұйымының кассиріне береді. Кассир, ереже бойынша басында карта эмитентімен дәлірек айтсақ процессинг орталығы тағайындалған эмитентпен байланыса отырып, авторизация процедурасын өткізу керек. Бұл орталықта карта иесінің банктегі шотының жағдайы туралы ақпараты бар мәліметтер базасы жүргізіледі. Авторизацияның негізгі мақсаты -карта иесінің төлем қабілеттілігінің бар екенін көру. Авторизация 2 тәсілмен жүзеге асырылады: дауыстық және электрондық.

Дауыстық авторизация кезінде кассир банк-эквайрердің процесинг орталығына қоңырау шалады және оның қызметкеріне келесі мәліметтерді хабарлайды: картаның номерін және оның жұмыс істеу мерзімін, сауда ұйымының банк-эквайрерден бұрынырақтан алған идентификаторын (номерін) және операцияның соммасын. Эквайрерлік процессинг орталығының қызметкері байланыс каналдары арқылы сәйкес төлем жүйесіне (сол бұрынғы мәліметтерді компьютерлік жүйеге электрондық тәсілмен енгізе отырып), эмитенттің процессинг орталығымен байланысады. Егер сатып алу мәмілесі мақұлданса (авторизацияланады), онда көрсетілген тізбек бойынша, бірақ кері бағытта, берілген авторизациялық сұраным «авторизация коды» хабарланады. Мұнда жеткілікті сомма келесі авторизация үшін, авторизацияланған соммаға азаяды.

Электрондық авторизация кезінде, жоғарыда көрсетілген мәліметтер арнайы құрылғыға сауда ұйымының кассирімен енгізіледі - электрондық терминал (PОS-терминал, ағыл. Point - of sale терминал - сауда ұйымының терминалы) . Электрондық терминал мәліметтерді эквайрердің процессинг орталығына жібереді, ал ол автоматты түрде оны сәйкес келуші эмитенттің процессинг орталығына бағыттайды. Ұқсастық реттілікте эмитенттің процессинг орталығына авторизациялық кодын береді.

Авторизация, әсіресе дауыстық, белгілі бір уақыт бөлігін алады, бұл сауда ұйымындағы жұмыс барысында барлық кезде тиімсіз болып табылады. Сонымен бірге сәйкес келетін телекоммуникацияны қолдану себебімен, авторизация өте қымбат тұратын процедура болып табылады. Көрініп тұрғандай, ол кішігірім соммаға операцияларды жүргізу кезінде ақталмайды. Сондықтан халықаралық төлем жүйесінің ережесі несиелік банктік карталармен операциялар бойынша қарастырады, олардың соммасы орнатылған лимиттен асырмай (ағыл. - floor limit), авторизациясыз жүргізуге мүмкін.

Көрсетілген лимиттер белгілі бір сауда ұйымына қатынаста әрекетке кірісу үшін, сәйкес келуші шарт олармен және банк-эквайрер арасындағы келісім-шартқа енгізілуі керек. Халықаралық төлем жүйесінің ережесіне сәйкес «лимитке дейінгі» операциялар соммасы, эмитентпен авторизацияланған болып есептеледі. Бірақ та, сауда ұйымы картаның жұмыс істеу мерзімінің бітпегендігіне және карта номері тоқтату-қағазында (стоп-лист) - ұрланған немесе жоғалған арнайы карта тізімінде жоқ екендігіне көзін жеткізу керек.

Айта кету керек, дебеттік картамен операциялары сомадан тәуелсіз қатал түрде есеп-шотта қалдық қаражат шегінде өткізілу болғандықтан, авторизациялауға жатады.

Авторизацияның заңды мағынасы банктік картаны пайдалану арқылы толтырылып берілген құжаттарды, атқару бойынша эмитенттің өзбетінше атқаратын міндетінің пайда болуы үшін негіз болып табылады. Бұл ереже мәнді негіздеу, себебі авторизация кеізінен, операцияның орынды болуы және жақын арада сәйкес есеп-айырысу ақпараттары оған жеткізілетіні туралы эмитент хабарлайды. Басқа жағынан авторизацияның өткізілуі эквайрерге

- карта иесінің қажетті қаражаты бар екендігіне және сауда ұйымына аударылған соммалар, оған эмитент арқылы компенсацияланатыныңа сенуге мүмкіндік береді. Сонымен бірге халықаралық төлем жүйесінің ережелерінен белгілі болады, авторизацияланған операциялардың соммасын эмитент төлеуге міндеттемесі. Солай етіп, авторизацияның артынан заңды факт статусы бекітіледі.

Авторизацияны өткізу кезінде эмитент карта иесінің ақша қаражаттарын авторизацияланған соммалар шегінде шектейді. Берілген шектеу өткізілген операциялардың төлем соммалары бойынша карта иесіне эмитенттің талаптарын қамтамасыз ету үшін тағайындалады. Егер авторизация өткізілген болса, бірақ товар мен қызмет қандайда бір себептермен берілмеген болса немесе толық емес берілген болса, онда сауда ұйымы авторизацияны толығымен немесе сәйкес бөлігін жою керек.

Бірақ, егер авторизация өткізілмесе және операция соммасы төлем ұйымдарында қойылған шектерден асып түспесе, эмитент ереже бойынша, банктік карталар арқылы құрылған, құжаттарда айқындалған, міндеттерді атқару үшін жауап береді.

Авторизацияны өткізгеннен кейін кассир карта мен импринтер көмегі арқылы слип (ағыл. Slip) аталатын арнайы квитанцияны құрады. Импринтердің орныңа сонымен бірге, электрондық терминалды да қолданыла алады. Бұл жағдайда сәйкес келуші құжат электрондық терминал квитанциясы деп аталатын болады. Халықаралық практикамен сәйкес слип (электрондық терминал квитанциясы) минимумында, ішінде келесі мәліметтер міндеті түрде болу керек:

- сауда ұйымының идентификаторын (номерін) ;

- операцияның өткізілген уақыты;

- операцияның соммасы;

- операцияның валютасы;

- авторизация операциясын эмитентпен дәлелдейтін код;

- банктік картаның реквизиттері;

- карта иесінің қол-таңбасы;

Слип әдетте, карта иесінің банк-эмитент сауда ұйымына операцияның соммасының төлем тапсырмасы болады. Бұдан басқа, слип және электрондық терминал квитанциясы, ереже бойынша, сауда ұйымының кассирінің қолымен таңбаланады.

Слип қағаздай тасымалданатын 3 экземплярдан құрылады. Бір экземпляры картаның иесі үшін тағайындалады, басқа екеуі - сәйкес түрде сауда ұйымы мен эквайрер үшін тағайындалады (оның процесинг орталығына) . Электрондық терминалды қолданған кезінде электрондық терминал квитанциясы қағаз дай тасымалданатын екі экземплярда, картаның иесі және сауда ұйымы үшін құрылады. Бұдан басқа, өткізілген операция туралы ақпарат электрондық түрде, электрондық терминалдан эквайрердің процессинг орталығына жіберіледі.

Осыған ұқсас түрде қолма-қол ақша қаражатының берілуі қолма-қол ақша берілетін пункттер арқылы рәсімдеуден өтеді. Мұнда слип (электрондық терминал квитанциясы) жоғарыда көрсетілген реквизиттерден басқа операцияны өткізу үшін эквайрердің комиссиясы есептелініп тұру керек, егер оның орны болса және кассирдің қол-таңбасы. Қолма-қол ақша қаражатын берудегі оперцияның ерекшелігі - оның карта түрінен және соммасынан тәуелсіз авторизациялауға жататындығында.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР-дағы пластикалық төлем карточкаларының одан әрі жетілдіру мәселесі
Пластикалық карточкалардың нарықта пайда болу көріністері
Қазақстан Республикасындағы несиелік ақшалармен жүргізілетін операцияларды талдау
Банктердің электрондық қызметтерін дамыту
Қазақстандағы банк пластикалық карточкаларының айналысы жүйесін жетілдіру
Банктік қызметтер нарығын кешенді зерттеу негізінде, отандық және шетел тәжірибесін талдай отырып, халыққа банктік қызмет көрсетуді жетілдіруге бағытталған әдістемелік және тәжірибелік ұсыныстары
Қазақстан Халық Банкі АҚ бөлімі мысалында пластикалық карточкалардың мониторингі
Төлем карточкаларына қызмет көрсету желісі
Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің төлем карточкалар айналымы операцияларының ұйымдастырылуы және дамуы
Немесе клиенттің несиелік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz