Парақорлық қылмыстарын саралау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 51 бет
Таңдаулыға:   

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Парақорлық қылмыстарын саралау

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. 3

  1. ПАРАҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, ОБЪЕКТІСІ МЕН ЗАТЫ . . . . . 8

II. ПАРА АЛУДЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫ16

III. ПАРА АЛУДЫҢ СУБЪЕКТІСІНІҢ ЖӘНЕ СУБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ40

ҚОРЫТЫНДЫ. ……. 49

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ. . …. . 50

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Мемлекеттік билік органдарында парақорлық проблемаларын ғылыми түрде зерттеу міндеттері қашанда өзекті, келелі мәселе болып қала бермек. Зерттеудегі негізгі мәселелердің бірі парақорлық қылмыстарын реттейтін қылмыстық-құқықтық нормалардың әлеуметтік алғы шарты, сыбайлас жемқорлықтың парақорлық құрамымен байланысы және парақорлықтың коррупциялық құбылыстың құрамдас бөлігі ретіндегі проблемалардың мәнін ашып көрсету болып табылады. Бұл мәселенің әлеуметтік-құқықтық мәнін терең ашу үшін парақорлыққа жуаптылықты белгілеген заңдар тарихының даму кезеңдерін де ғылыми негізде талдауды қажет етеді. Зерттеуде парақорлықтың жекелеген түрлері: пара алу, пара беру және парақорлыққа делдалдықтың объективтік және субъективтік белгілеріне талдау жасалумен бірге парақорлықтың ұқсас қылмыстардан өзгешелігі, парақорлықтың басқа қылмыстармен жиынтығы, парақорлыққа қатысудың ерекшеліктері, пара берушіні қылмыстық жауаптылықтан босатудың шарттары, парақорлық қылмыстарының саралаушылық белгілеріне теориялық тұрғыдан терең зерттелумен бірге қазіргі қолданылып жүрген заңдардың парақорлыққа арналған нормаларын одан әрі жетілдіру жолдары іздестірілген.

Дипломдық жұмыстың тақырыбының мақсаты . Казіргі кезде қоғамымызда қауіпті құбылысқа айналып отырған парақорлыққа қарсы қылмыстық заңдарының негізінде сол қылмысқы қарсы тұра алатын ғылыми негізделген жаңа құқықытық құрал жасақтаудың .

Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаев еліміздің нарық экономикасына өту кезеңінде сыбайлас жемқорлықпен күресудің өте күрделі мәселе екенін айта келе: “ заңның үстемдігін белгілеуге және заңды орындйтын азаматтарды қылмыстан қорғауға тиіспіз. Бұған керісінше билік пен заңның бар күшін заңсыз жолмен, шалқып өмір сүретіндерге қарсы қолдану керек”- деген. [9Б. 127]

Жұмыстың міндеті . Парақорлық - сыбайлас жемқорлықтың қауіпті бір түрі болып табылады. Қылмыстың бұл түрі мемлекеттік қызметтің және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін нұқсан келтіреді. Сыбайлас жемқорлық деп мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның, не оған теңестірілген адамның, лауазымды адамның қызметтікөкілеттігін өзі немесе басқа адамдарға немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немемсе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында қызмет мүдделерін керағар пайдалану нәтижесінде жеке адамның заңды құқықтары мен мүдделеріне, қоғам, мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеліп соққан заңсыз іс-әрекеттерді айтамыз.

Қылмыс объектісін дұрыс анықтаудың теориялық және практикалық мәні өте зор. Демек, объектіні анықтау қылмыстың мәнін анықтауға қылмыстық-құқықтық нормалардың жұмыс істеу шекарасын табуға, әрекетті дұрыс сипаттауға көмегін тигізеді, сонымен қатар оларды ұқсас құрамдардан ажырартуға көмектеседі. Қылмыс объектісі Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің ерекше бөлімінің жүйелерін құрастыру негізiне алынған.

Осыған орай, қылмыстық құқық ғылымында объект мәселесі әрдайым көңілден тыс қалған емес. Бірақ осыған қарамастан көптеген мәселелер бойынша қарама-қайшы қорытындылар мен ұғымдар бар. Біз қылмыс объектісінің күрделі теориялық мәселесіне тереңдеуді, мұның бізге белгілі бір қиындық келтіретінін ескере отырып, және соған байланысты жеке зерттеу тақырыбы болуы мүмкіндігін ескере отырып олай жасамай отырмыз. Біріншіден, қылмыс объектісінің кейбір мәселелері бойынша өзіміздің көзқарасымызды белгілеп алумыз өте маңызды болып табылады.

  1. ПАРАҚОРЛЫҚ ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, ОБЪЕКТІСІ МЕН ЗАТЫ

Парақорлық - сыбайлас жемқорлықтың қауіпті бір түрі болып табылады. Қылмыстың бұл түрі мемлекеттік қызметтің және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін нұқсан келтіреді. Сыбайлас жемқорлық деп мемлекеттік қызметтер атқаруға уәкілетті адамның, не оған теңестірілген адамның, лауазымды адамның қызметтікөкілеттігін өзі немесе басқа адамдарға немесе ұйымдар үшін пайда мен артықшылық алу не басқа адамдарға немемсе ұйымдарға зиян келтіру мақсатында қызмет мүдделерін керағар пайдалану нәтижесінде жеке адамның заңды құқықтары мен мүдделеріне, қоғам, мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеліп соққан заңсыз іс-әрекеттерді айтамыз. [8Б. 172]

Қылмыс объектісін дұрыс анықтаудың теориялық және практикалық мәні өте зор. Демек, объектіні анықтау қылмыстың мәнін анықтауға қылмыстық-құқықтық нормалардың жұмыс істеу шекарасын табуға, әрекетті дұрыс сипаттауға көмегін тигізеді, сонымен қатар оларды ұқсас құрамдардан ажырартуға көмектеседі. Қылмыс объектісі Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің ерекше бөлімінің жүйелерін құрастыру негізiне алынған.

Осыған орай, қылмыстық құқық ғылымында объект мәселесі әрдайым көңілден тыс қалған емес. Бірақ осыған қарамастан көптеген мәселелер бойынша қарама-қайшы қорытындылар мен ұғымдар бар. Біз қылмыс объектісінің күрделі теориялық мәселесіне тереңдеуді, мұның бізге белгілі бір қиындық келтіретінін ескере отырып, және соған байланысты жеке зерттеу тақырыбы болуы мүмкіндігін ескере отырып олай жасамай отырмыз. Біріншіден, қылмыс объектісінің кейбір мәселелері бойынша өзіміздің көзқарасымызды белгілеп алумыз өте маңызды болып табылады.

1. Кеңестік одан кейін Қазақстан қылмыстық құқық теориясы өзінің өмір сүрген кезінен бастап қылмыс объектісі әрқашан да белгілі бір қоғамдық қатнастар болып табылады деген ұғымды ұстанып келді Көптеген авторлар қылмыс объектісі жайлы осындай ұғымның принципиальды маңыздылығының астын сызып, олардың кез келген қылмыстық қол сұғудың әлеуметтік мәнімен қоғамдық қауіптілігін дұрыс түсінуі үшін ерекшелігін атап көрсетеді.

Бұның маңызы өте зор, себебі қазіргі кезде қылмыс объектісінің басқа анықтамасын беруге тырысушылық орын алып отыр. Атап айтқанда, Г. П. Новоселов қылмыс объектісі деп бір немесе көп адамға қарсы жасалған қылмыс деп түсіндіреді. В. В. Наумов кейбір жағдайларда қоғамдық қатынас қылмыс объект теориясы ретінде жұмыс істемейді. Бірақ бұл мәселе жөнінде біз пікір талас жасамай қылмыс объектісі анықтамасын қоғамдық қатнас ретінде қараған жалпы қабыдданған көзқарасқа қосыламыз.

2. Қылмыстық құқық теориясында қылмыс объектісін үш сатылы жүйелеу кең таралды. Қылмыстық құқық теориясында қылмыс объектісін 4 сатылы жүйелеуге көшуге бірнеше рет ұсыныс жасалды. Сонымен қатар қылмыс объектісін 3 сатылы жүйелеу ерекше бөлімі тек тарауларға бөлінетін қылмыс кодекстерінің құрылымына сәйкес келді.

Үш деңгейлеп бөлу - Ерекше бөлім - Ерекше бөлім тарауы -қылмыс құрамы-қорғау объектісінің үш деңгейлігі: жалпы объект, топтық объект - тікелей объект'' деуге сәйкес келеді. Бірақ Ресей Федерациясының ҚК 1997 жылғы жаңа құрылымы Ерекше бөлімде тек тарауларға ғана емес, сонымен қатар бөлімдерге бөлінумен төрт сатылы жүйеге, оның барысында түрлі объекті бөлініп, ол топтық объектіге бөлім ретінде толығымен немесе басқаша айтқанда, топтық түрі ретінде бөлінетін төрт сатылы жүйеге өтуге мүмкіндік берді. Бұл жағдайда топтық объект болып қылмыс қол сұғатын қоғамдық қатынастар болып табылады, ал оларды жасағаны үшін жауапкершілік туралы нормалар бір бөлімде келтірілген. Осыған сәйкес бөлімдерді тарауларға бөлу негізінде түрлі объект алынған''. Қ Р Қылмыстық Кодексінде Ерекше бөлім тек тарауға бөлінген. Осыған орай ҚР Қылмыстық заңы бойынша топтық, тікелей объект түрлері ғана болады. Біздің кодекс бойынша түрлік объект жоқ. Қылмыс объектісінің осы жүйесін біз келешектегі зерттеуде негізге аламыз.

Ғалымдардың өткен жылдардағы еңбектерінде парақорлық объектісіне толық мінездеме берілген еді. Осы кезде қылмыс объектісі мазмұнын ашудағы өте біркелкі емес пайымдаулар көңіл аудартады: ''идеалды қоғамды игілік'', ''қызметкерлердің қызметтік борышын, міндетін бұзуы'', ''өз қызметтік борышын орындауды бұзу'', ''Кеңестік мемлекеттік аппарат'' оның ''бөлінбейтін саласы'' және тағы басқалар.

Қылмыстық-құқықтық әдебиетте бұл көзқарастарға толық талдау жасалғанын және олар әділ түрде сыналып отырғанын ескерте отырып, бұл мәселе бойынша тек өз пікірімізді білдіруді дұрыс деп санаймыз.

Қазақстан Республикасындағы Қылмыстық кодекс құрылымы бойынша парақорлықтың топтың объектісіне мемлекеттік биліктің дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар жиынтығы деген анықтама беруге болады. Қазақстан Республикасы бұрынғы Қылмыстық кодексінің 13-ші бөлімінен шығатын бұл анықтама, біздің пікіріміз бойынша толық емес, себебі онда жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қалыпты қызметі қамтылмаған.

Бұл жерде мәселе мемлекеттік билік пен жергілікті өзін басқару органдарының арақатынасы жайлы, нақты айтқанда - жергілікті өзін-өзі басқарудың құқықтық табиғатын анықтауда болып отыр.

Заң әдебиетінде жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік биліктің бір бөлігі болып табылады деген көзқарас бірте-бірте бекіп келеді. Атап айтқанда М. В. Баглай бұл көзқарасты жергілікті өзін-өзі басқару органдары мемлекеттен шығады, себебі олар конституциямен заңға сәйкес жұмыс істейді деп негіздейді. Бұл егеменді билік емес және ол оның шегінен шығып кете алмайды. Әрбір азамат жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құруға қатысады, бірақ бұл азамат бүкіл Қазақстанның конституциялық құқығының субъектісі болып табылады, ол оның субъектілерінің мемлекеттік билік органдарын құруға, бүкіл халықтық сайлауларға қатысады. Сондықтан да, М. В. Баглайдың пікірі бойынша жергілікті өзін-өзі басқару мемлекеттік биліктің дербес бөлігі болып табылады. Осылайша, жергілікті өзін-өзі басқару органы мемлекеттік биліктің бір бөлігі бола отырып, ол сонымен бірге халықтық биліктің өзінше жеке нысаны болып табылады. Жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қалыпты жұмысын қамтамасыз етуші қоғамдық қатынастар топтық объектінің бір бөлігі болғандықтан, бұл қылмыстардың түрлік объектісі көлемі бойынша топтық бөлшегі ретінде қарастырылады.

Осылайша, қарастырылып отырған қылмыстардың топтық объектісі болып мемлекетік аппарат пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады.

1997 жылғы Қазақстан Республикасында Қылмыстық кодексін қабылдаудан бұрын лауазымдық қылмыстардың топтық объектілері болып, сонымен бірге қоғамдық аппаратының дұрыс жұмысы да есептелінетін еді. Қазіргі қолданыстағы қылмыстың заң бойынша қоғамдық бірлестіктердің, саяси партиялардың, сонымен коммерциялық ұйымдардың заңды, қалыпты қызметі коммерциялық және басқа да ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы қылмыс объектісі болып табылады.

Парақорлықтың топтық объектісі болып, мемлекеттік аппарат пен жергілікті өзін-өзі басқару аппаратының қалыпты қызметін қамтамасыз ететін, қоғамдық қатынастар болып табылады.

Осыған байланысты мемлекеттік аппаратпен жергілікті өзін-өзі басқару аппараты ұғымын анықтау ерекше теориялық және практикалық маңызға ие болады. Бұл біріншіден мемлекетпен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының өздеріне жүктелген функцияларын орындау бойынша қызметінің шегі мен көлемін анықтауға мүмкіндік беретіндігінен мағызды болып табылады, себебі қылмыстық реформа мемлекетпен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының экономикалық қатынастарға ықпал ету механизмін өзгертіп және оның шегін қысқартып, жеке меншіктің және еркін сауда үшін жағдай жасады. Мемлекеттік аппарат және өзін-өзі басқару аппараты анықтамаларын белгілеу аппарат қызметкерлерінің, лауазым иелерінің, лауазым иелері болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлердің практикалық қызметінің саласын айқын анықтап алуға да мүмкіндік береді. Бұл қызметтік міндетті бұзғаны үшін аталған адамдардың жауапкершілігінің шегі жайлы мәселені шешкенде маңызды роль атқарады. Ғылыми және оқу әдебиеттерінде мемлекеттік аппарат деген ұғымға әр түрлі анықтама беріледі. Екі түрлі көзқарас бар. Бірінші жағдайда ''мемлекеттік аппарат'' деген термин көмегі арқылы мемлекеттік билік жүзеге асырылып, негізгі функциялар орындалып, мемлекет алдында оның әр түрлі даму кезеңінде алдағы тұрған мақсаттары мен міндеттеріне жетуге арналған органдар жүйесі деп тар мағынада түсіндіріледі. Ал екіншісі кең мағынада. Соңғы жағдайда мемлекеттік апппарат ұғымы мемлекет механизмі ұғымымен теңестіріледі және ол мемлекет атынан іске асырушы мекемелер мен қызметкерлер органдары жүйесі ретінде анықталады .

Біздің пікіріміз бойынша, соңғы көзқарас дұрыс сияқты. Парақорлықтың топтық объектісін анықтау барысында біз мемлекеттік аппаратты кең мағынада түсінуді басшылыққа аламыз. Осылайша мемлекеттік аппаратта: а) мемлекеттік билік органдары; б) мемлекеттік мекемелер; в) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері және Қазақстан Республикасындағы басқа да әскерлері мен әскери бөлімшелері бар.

Жергілікті өзін-өзі басқару аппарпаты ұғымы да дәл осылайша анықталады. Мұнда жергілікті өзін-өзі басқару аппараты ұғымына Қазақстан Республикасы Қарулы күштері кіргізілмеген және басқа да әскерлер әскери бөлімшелер кіргізілмегендігі ерекшелік болып табылады.

Қылмыстық құқық теориясында парақорлықтың тікелей объектісіне әр түрлі сипаттамалар берілді. Кейбір авторлар мұнда топтық және тікелей объектілері өзара сәйкес келеді деп ойлайды. Бірақ көптеген авторлар бұл қылмыстың топтық және тікелей объектілерін бөлшектеп дұрыс анықтайды. Бұл объектінің жалпы қабылданған сипаттамасына және олардың ара қатынасына сәйкес келеді. Тікелей объект әрқашанда топтық объектінің тек бір бөлігін құрайтын қоғамдық қатынас болады. Тікелей объектінің мазмұнын анықтау барысында - деп көрсетеді Б. В. Здравомыслов- әрбір жеке қылмыс белгілі бір нақты қоғамдық қатынасқа қол сұғады және оны әрбір нақты жағдайда анықтауға мұмкіндік туады. [6Б. 189]

Осы көзқарас бойынша парақорлыққа делдалдықтың тікелей объектісі болып мемлекеттік апараттың немесе жергілікті өзін-өзі басқару аппараттарының мемлекеттік органдарының, мемлекеттік мекемелердің, қарулы күштердегі басқару аппараттарының Қазақстан Республикасындағы басқа да әскерлер мен әскери бөлімшелердің жеке бөлімдерінің бір қалыпты заңды қызметінің мазмұнын құрайтын осындай нақты қоғамдық қатынастар болып табылады.

Парақорлықтың заты. ''Пара'' белгісі мазмұнын анықтамас бұрын, ең біріншіден, пара тұсінігін парақорлық үшін қылмыстық жауапкершілік мәселелерімен айналысып жұрген ғалымдармен немесе қылмыс объектісі жайлы жалпы зерттеулер жүргізушілер арасындағы түсінік бірдей емес екенін есте ұстау керек. Кейбіреулер параны қылмыс заты, ал басқалары қылмыс құралы деп есептейді. Ғалымдардың көпшілігі ''пара заты'' жайлы айтады, шын мәнінде, оны қылмыс заты ретінде түсінеді. Пара табиғатын екі түрлі түсіну де орын алып отыр: пара беруші үшін материалдық байлық мақсатқа жету құралы болып табылса, ал пара алушыға - пара заты болып табылады .

Біз бұл мәселені жан-жақты талдауды алдымызға мақсат етіп қоймаймыз, себебі біздің пікіріміз бойынша бұл дау біз үшін принципті емес және мұның практикалық мәні жоқ. Осы мәселе бойынша тек өз көзқарастарымызды білдіреміз. Паралық заңдық табиғатына қатысты қарама-қайшы көзқарас, біздің ойымызша, қылмысты әртүрлі түсіну нәтижесі, сонымен қатар ''қылмыс заты'' деген ұғымымен ''пара заты'' деген терминнің сәйкес келуінен туындайтын болып табылады.

Егер қылмыс заты деп тікелей қылмыстық ықпал жасалатын және ең бірінші кезекте зиян шегетін заңмен қорғалатын қоғамдық қатынас элементтерін түсінетін болсақ, онда пара даусыз түрде қылмыс заты болып табылмайды, себебі ол қоғамдық қатынастар құрамына кірмейтіндіктен қылмыс объектісінің материалдық көрінісі болып таныла алмайды.

Бұл мәселені дұрыс шешуге қылмыс заты мен объектісі жайлы қолданыстағы теориялық зерттеулер негізге алынуы тиіс. Қылмыс затымен объектісінің мәні және олардың ара қатынасын біздің ойымызша, толық және дәйекті түрде В. Я. Таций зерттеген. Ол негізделген түрде заттың үш түрлі сипатын бөледі: қорғалатын қоғамдық қатынас заты, қылмыс заты және қылмыстық ықпал заты. Бұл кезде, қылмыс заты деп автор белгілі бір қасиеті бар материалдық дүниенің кез келген затын түсінеді, ал ол заттарды қылмыстық заң адамның нақты қылмыс құрамындағы әрекеттерімен байланыстырады.

Осы позицияға қарап, параны қылмыс затына қосуға болады. ''Пара'' объектінің өмір сүруінің индексаторы болып табылады, себебі бұл жағдайда қоғамдық қатынас лауазым иесін паралап сатып алу жолымен бұзылады, яғни пара алу жолымен бұзылады. Тек параға байланысты, кінәлі өзінің қызметтік өкілеттілігін пара беруші ұшін жұмсайды.

''Пара заты' терминініне келетін болсақ, оның қолданылуы онша дұрыс емес. Егер біз параны қылмыс заты ретінде қарайтын болсақ, ал қылмыс заңда пара алу ретінде аталады. Осы кезде оны пара алу мәселесі немесе ''парақорлық мәселесі'' деген терминді қолдану логикалық тұрғыдан дүрыс болған болар еді. ''Пара тәсілі'' деген терминді тек қана, егер ''пара'' сөзі арқылы тек белгілі материалдық игіліктерді ғана емес, ол сонымен қатар лауазым иесіне оның қызмет бабы бойынша жасаған қандай да бір әрекеті үшін берілетін материалдық игіліктерді тұсінген жағдайда қолдануға болады. И. Я. Козаченконың ''пара'' термині бір адамның екінші бір адамға не бергеніне бағдарланбайды, ал ол не үшін беріледі және ол қалай орындалады дегенге бағдарланған деген пікірі дұрыс.

Парақорлық заты мазмұнының теориялық және практикалық маңызы зор. Қылмыстық заңда ақша, бағалы қағаздар, өзгеде мүлік, мүлікке құқығы, мүлік сипатындағы пара алуы жайлы айтылған. Осылайша, заңда бұл қылмыстың заты біршама нақтыланған. Мұның, бұрынғы қолданыстағы қылмыстық заңнан айырмашылығы, парақорлық затының мүліктік сипатының асты айқын сызылып көрсетілгендігінде. Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексі қылмыстық құқық теориясымен сот практикасындағы параны мүліктік сипаттағы пайда түрінде көрінеді дейтін позицияны ұстанды. Бұл жағдайда тек ақша, бағалы заттар, құнды қағаздар және материалдық байлықтарды түсінбеу керек, сонымен қатар материалдық сипаттағы қызмет пен құқықтарда түсінілуі тиіс. Мұнда, лауазым иесінің алған заттары, ең соңында өзінің мүліктік сипатын жоймауының маңызы зор. Мұнымен қатар пара заты болып мүліктік емес сипаттағы игіліктер танылуы мүмкін дейтін тағы бір көзқарас бар. Ең бастысы пара алушының көзіне бұл заттардың құнды болып көрінуі керек және сол үшін де сол өзінің қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалануға дайын болуы керек.

1884 жылы өзінің ''Паралап сатып алу жайлы'' атты еңбегінде неміс ғалымы А. Фейербах пара затына ''жалпы сезімді қанағаттандыруға және өз пайдасына қызмет ететін, ерекше атап айтатын болсақ, орден берем деп уәде беру, қызметі үшін төлем ретінде сұраушының өз денесін беруі сияқтылардың бәрі жатуы мүмкін'' - деп пікір айтқан болатын. Осындай пікірлер бұрынырақ кеңес ғалымдары арасында айтылған.

Қазіргі ғалымдардың арасында параны кең мағынада түсінуде А. К. Квициния дәйекті көзқарас ұстанды. Оның пікірі бойынша ''пара заты лауазым иесін паралап сатып алуға болатын және оған кез келген қызмет, байлық (олардың материалдық немесе материалдық емес қасиетіне қарамастан) беру арқылы ықпал етуге жататын тәсілдердің бәрі де жатады''. Соңғы көрсетілгенге қызметте өсу, наградаға ұсыну, жақсы рецензия, мақала немесе монография жазу, авторлыққа қосу және т. б. жатады. А. К. Квициния пікіріне сәйкес, қылмыстық әрекет түрлерінің кейбіреуінің қоғамдық қауіптілігі бағасын едәуір төмендетіп және шын мәнінде парақорлық болып табылатын көптеген әрекеттерді қылмыстық жауапкершілік шегінен тыс қалдырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Парақорлық қылмыстар
Пара алудың обьективті және субъктивті мазмұнын анықтау
Парақорлықтың қылмыстық-құқықтық және криминалистикалық мінездемесі
Парақорлықтың түсінігі және жалпы сипаттамасы
Пара берудің криминологиялық сипаттамасы
Парақорлықты ұқсас қылмыстардан ажырату
Парақорлыққа қатысты әр түрлі қайнар көздерін бір ауызға келтіріп нақты түсінік беру
Пара берудегі қылмыстық жауаптылық
Парақорлық қызметтік пайдакүнемдік қылмыс
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қылмыстар бойынша қылмыстық заңды қолданудың теориясы мен тәжірибесі, оның тиімділігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz