Оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОРТАЛЫҚ АЗИЯ УНИВЕРСИТЕТІ

ПСИХОЛОГИЯ ЖӘНЕ ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту ерекшеліктері

Алматы - 2012
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

І. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОЙЛАУЫ ДАМУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1.1. Шығармашылық ойлау туралы түсінік
1. . Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық ойлауының қалыптасу
шарттары
1.3. Оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуда мәселелік оқытудың
мүмкіндіктері

ІІ. БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУДА МӘСЕЛЕЛІК ЖАҒДАЯТТАРДЫ МАТЕМАТИКА
САБАҚТАРЫНДА ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық ойлауы даму деңгейінің
психологиялық диагностикасы
2.2 Оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуда мәселелік жағдаяттардың
алатын орны
3. Педагогикалық-психологиялық зерттеулердің нәтижелерін өңдеу

ҚОРЫТЫНДЫ

Кіріспе

Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңда тұлғаға бағытталған білімнің
құнды негізі ретінде бала орын алады және де өзекті мақсат ретінде еркін,
рухани, шығармашыл, адамгершіл тұлғаны - яғни мәдениет адамын қарастырады.
Тұлғаның бойындағы басты мәселе - болашаққа ұмтылыс, өз мүмкіндіктерін
еркін жетілдіре білу, өз-өзіне сенімділігін арттыру және идеалды Мен
құрамына қол жеткізу мүмкіндіктері.
Жаңа әлеуметтік мәдени ортада гуманистік парадигма психологиялық-
педагогикалық ойлаудың басты идеясы болып табылады. Ол үшін тұлға бұл
адамға ғана тән өзін-өзі өзектендіре білу мүмкіндігін болжайтын бірден-бір
құнды жүйе. Адамның шығармашылық бостандығын мойындау қоғамның басты
байлығы. Ал тұлға болса табылады да, өзінің ерік күші, қиялы, шығармашылығы
мен бірбеткейлігінің арқасында өзін-өзі ұйымдастырудың әлсіз механизмдерін
қолдап отырады [1].
А.Е.Леоньтев ойлауды зерттеуде фундаментальды мәселелерді жалпы
психология іс-әрекет теориясымен байланыстырды. С.Л. Рубинштейн
еңбектерінде ойлау процесін зерттеу принципін қалыптастыра отырып, оның
заңдарын бөліп, ойлау операцияларының негізін көрсетті.
П.Я. Гальперин ойлау даму кезеңдері мен түрлерін қарастырды.
Сонымен қатар қазіргі психологиядағы ой сапасы мен түрлерін кең көлемде
зерттей отырып психологиялық термин ерекшеліктерін ұсынғандар: А.Р.Лурия,
Е. Блейлер, Г. Майер, Б.М. Теплов тб.
Б.М.Теплов ойлаудың интеллектуалдық ерекшеліктерін практикалық
міндеттерді шешуде іс-әрекеттерде көрінетініне тоқталды. Л.С.Выготский
Ойлау мен сөйлеу атты еңбегінде онтонегездегі сөз бен ойға қатысты сын
ерекшелігін айтты.
Жалпы ойлау ми қыртысында жүзеге асатын психикалық процесс
болғанымен ол табиғаты жағынан әлеуметтік болады. Адам кез-келген мәселені
алға қойып, шешу үшін тәжірибеде ашылған заң ереже ұғымдарды пайдаланып
отырады.
Ойлаудың ерекшеліктеріне: оның сөзге деген қатысы, ойлаудың
мәселелігі, ойдың жалпыламалығы мен жанамалылығы. Ойлаудың сөзге деген
қатысын түрліше психологиялық мектептер мен ағымдардың өкілдері түрліше
қарастырып келді және әлі де солай қарастыруда. Өткен дәуірде идеалистік
ойлау сөйлеуг етәуелсіз, ол сөз ойлауға бағыншсыз деп есептеді .Бұл
тұжырымды олар былай дәлелдеді: адам іштей ойлана отырып, біреумен сөйлесе
және дәл сол сәтте басқа бір нәрселер ойлай береді. Ой алуан түрде
айтылады, демек ойлау мен сөйлеу бір-біріне тәуелсіз бола беретін тәрізді.
Психологияның мінез-құлықтық ағымының өкілдері керісінше ойлау мен
сөйлеуді ұқсас құбылыс деп есептеді, бихевиористер былай деді: біз іштей
отырғанның өзінде сөйлеу аппаратының жасырын жұмыстары жүріп жатады. Ойлау
дегеніміз дыбыссыз сөйлеу, ал сөйлеу дыбыстап ойлау.
Ал қазіргі кезде ойлау мен сөйлеу біірлікте деген қағида қуатталады;
яғни олар бір-біріне ұқсас та емес, бөлек те емес [2].
Екінші жүйе сигналдарының ерекшеліктерін зерттей отырып
(И.П.Павлов) зерттеушілер сөзбен тітіркендіргенде байланыстың 1–ші
сигналдық байланыстарға қарағанда тезірек жасалатынын және әлдеқайда берік
болатынын ашып көрсетті.
Ойлаудың мәселелігі- ойлау әрқашан бір мәселені шешуге бағытталады.
Мәселені шеше отырып бір нәрсені білгісі, сырын ашып түсінгісі келеді. Бір
жасар баланың өзі жаңа әдеттегіден тыс затқа кезіксе таңданады. Бұл И. П.
Павловтың айтуы бойынша “Бұл не?” рефлексіне негізделеді. Ойлаудың мәселе
шешуге бағытталуы, оған мәселелік, ізденгіштік сипат береді. Бұл ойлау
процесінің ең елеулі белгісі.
Ойлау міндеттер, мәселелер бар болғандықтан туады да
белгісіздіктен, түсініксіздіктен белгілілікке, түсініктілікке қарай қозғалу
болып есептеледі. Ізделінетін нәрсенің айқындығы әдетте жобалап шешуден,
болжаудан көрінеді. Бұл ерекшелік балаларды оқыту практикасында кеңінен
қолданылады.
Ойдың жалпыламалылығы- ой сөйлеуден көрінетіндіктен ол жалпылама
сипатқа ие болады. Адам заттың қозғалысын, күйін сипатын сөзбен айта отырып
жалпылай бейнелейді. Бұл сипат адамға қазіргі мәселелерді шешуге
көмектеседі.
Ойлаудың жанамалылығы-яғни ол сөзбен айтылады. Адамдардың көптеген
ұрпақтары ашқан заң, ереже фактілер қорытындысы, байланыстар мен
тәуелділіктер сөзбен беріледі. Бала бұл ілімдерді даяр күйінде алады [3].
Адамгершіліктік жеке тұлғаға бағытталған құралдар жүйесінің басты
құндылығы шығармашылық-адамды мәдениетте дамыту тәсілі ретінде орын алады.
Оқыту мен тәрбиелеудің шығармашылық бағыты тұлғаның бағытталған білімді
адам өмір, мәдениет және тарих субъектісі ретінде қажеттіліктерін
қанағаттандыру мен дамыту процесі негізінде жүзеге асыруға мүмкіндік
береді.
Қазіргі таңда шығармашылыққа және шығармашыл индивидтары әлеуметтік
түрде қажеттілік өте басым. Оқушылардың шығармашылық ойлауын дамыту қазіргі
мектептердің маңызды міндеттерінің бірі. Өзін-өзі ұйымдастыруға ұмтылыс -
бұл адамның барлық формасында да көрінетін бағыттаушы бастау болып
табылады.
Шетел психологтары мен педагогтары Дж. Гилфордт, Е.П.Торренс,
Л.Термен, Р. Стернберг, М.Воллахтың, сонымен қатар ресейлік зерттеушілер
В.Л.Данилова, П.Я.Гальперин, З.И.Калмыкова, Д.Б.Богоявленский,
Я.А.Пономарев, В.Н.Пушкин, В.Д.Шадриков, В.И.Дружинин, Н.В.Хозратованың
шығармашылық ойлауға байланысты пікірлері теория жүзінде негізделді, ал бұл
қасиетті жетілдіру мақсатындағы еңбектер даму үстінде. Шығармашылық іс-
әрекеттің механизмдері мен табиғатын анықтауға көп көңіл бөлінуде Мақсатты
түрде шығармашылықты дамытуға бағытталған зерттеулер алдыңғы қатарлы
психологтар мен педагогтар, шығармашылық ойлаудың қалыптасуына ықпал етуші
негізгі шарттарды бөліп қарастырады:
-білімді жекелендіру;
- зерттеушілікке оқыту;
- мәселелік бағыт [4].
Ойлау- дүниенің сырын ұғыну үшін, заттармен құбылыстардың өзара
қатынастарының құпиясын тереңірек түсіну үшін, күрделі мәселелер мен
істерді шешу үшін қажет. Ойлаудың қамтитын шеңбері, ауқымы, ойлау шеңбері
әр адамда әр түрлі дамыған, яғни бірдей емес. Ой-сыртқы дүниені бейнелеудің
ең жоғарғы формасы, ал сөз-ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал. Ойдың
сөз арқылы бейнеленуі арқасында адам өзінен бұрынғы ұрпақтар жинаған
тәжірибе мен білімді сақтап қала алды, ойды өмірді онан әрі жақсарту
мақсаттарына пайдаланады. Нәрестенің тілі шықпай тұрған кезде де ойлай
алады, айналасындағы дүниені 1-ші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып
біледі. Ойлаудың бұл түрі оның танымын соншалықты кеңіте алмайды. Баланың
тілі шығып, сөз арқылы ересектермен қарым-қатынасқа түскенде ғана
оның ойлау щеңбері кеңейетін болады. Сөз бен ойдың бірлестігі алғашқы
адамның психикасында да үлкен торын алған. Сөзбен ойлаудың арқасында ғана
олар бірінің білмегеннін екіншісі біліп , ақыл-ойын молайта түскен. Тіл
мен ойдың бір-бірімен тығыз байланыста болатындығын халық ерте кезден
байқаған, мәселен, ішімдегінің бәрі тілімде, тілімдегінің бәрі түсімде
деген мақалынан-ақ байқау қиын емес. Сөйлеумен тығыз байланысты жүріп
отыратын ойлау процесі тек адам баласының психикасына ғана тән
процес боллып табылады. Адам ойлауының мазмұнын білмейтін – обьективтік
шындық. Адамға алдына мақсат қойып, оны шешуге ұмтылдыратын- оның
қажеттері.
Ойлау шеңбері неғұрлым кең болса, солғұрлым дүниені танып білу оңайға
түседі. Ойлау дегеніміздің өзі мәселені шешу, оның мәнісіне түсіне білу
деген сөз. Бір нәрсенің мәніне түсіну үшін, оның себебін білу керек. Мектеп
жағдайында кейбір оқушылардың оқыған әңгімесін түсіне алмау, математикалық
есептерді есептеуде ойлана алмау фактілері жиі кездеседі. Мұндай
жағдайларды ескере отырып мектеп жасындағы балалардың әсіресе бастауыш
мектеп жасындағы балалардың, логикалық ойлауын дамытқан жөн. Дамыта отырып,
ерекшеліктерін де бақылап отыру қажет.
Мәселелік оқыту теориясы мен технологиясы төңірегіндегі сұрақтарды
шешумен А.В.Бруменский, А.М.Матюшкин, И.Я.Лернер, М.И. Махмутов, В.Оконь,
Т.В.Кудрявцев т.б. айналысты.
Шығармашылық ойлауды дамытуда мәселелік жағдаяттарды қолданудың
үлкен мүмкіндіктері бар. Математика мүлдем саннан емес, мәселеден,
жұмбақтан басталады. Бастауыш мектеп оқушысының шығармашылық ойлауы даму
үшін, оның таң қалу мен қызығушылығы пайда болу қажет және де адамзаттың
танымдық жолын қайталауы мен бекіту, қажеттілікті бар ынтасымен
қанағаттандыруды қажет. Тек қана қиындықтарды жеңе отырып, мәселені шеше
отырып, бала шығармашылық әлеміне ене алады [5].
Сондықтан қазіргі таңда шығармашылық тұрғыдан ойлауды жетілдіруге
математика сабақтарында мәселелік жағдаяттарды қолданудың мүмкіндіктерін
ашуды негізге ала отырып, зерттеу жұмысымыздың тақырыбын Оқушылардың
шығармашылық ойлауын дамыту ерекшеліктері деп белгіледік.
Зерттеу мақсаты- шығармашылық ойлаудың даму деңгейін арттыруға
бағытталған түрлі мәселелік дәрежедегі тапсырмалар жүйесін құру.
Зерттеу нысанасы- математика сабақтарында оқушылардың шығармашылық
ойлауының дамуы.
Зерттеу пәні- бастауыш мектепте математика сабақтарында оқушылардың
шығармашылық ойлауын дамыту құралы ретінде мәселелік жағдаяттар
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер бастауыш мектеп оқушыларының
математика сабақтарында әртүрлі дәрежедегі мәселелерге қатысты тапсырмалар
қолдану жүйелі түрде жүргізілетін болса, онда шығармашылық ойлауының даму
деңгейі мұғалім-оқушы қарым-қатынасы барысында артып отыратын еді.
Зерттеу міндеттері:
1) зерттеу мәселесіне байланысты психологиялық-педагогикалық
әдебиеттерді талдау;
2) мәселелік оқытудың мәнін және бастауыш мектеп оқушыларының
шығармашылық ойлауын дамытудағы маңызын анықтау;
3) бастауыш мектептің математика сабақтарында мәселелік оқытуды жүзеге
асыру ерекшеліктерін талдау;
4) оқушылардың шығармашылық ойлауын дамытуда мәселелік оқытудың ықпалын
анықтау;
Зерттеудің теориялық -әдіснамалық негізі: Ойлау жөніндегі теориялар мен
зерттеулер (Обухова Л.Ф, Калмыкова З.И, Рубинштейн С.Л.); мәселелік оқыту
теориясы мен технологиясы жөніндегі еңбектер мен тұжырымдар
(А.В.Бруменский, А.М.Матюшкин, И.Я.Лернер, М.И. Махмутов, В.Оконь,
Т.В.Кудрявцев).
Зерттеу әдістері: психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді
теориялық тұрғыда талдау, тестілеу, эксперимент (анықтаушы,
қалыптастырушы).
Зерттеудің теориялық мәнділігі- бастауыш мектеп жасындағы балалардың
шығармашылық тұрғыдан ойлауының даму мәселесіне теориялық және әдістемелік
талдау жасалынып, баланың шығармашылық тұрғыдан ойлауының қалыптасу
шарттары анықталуында.
Зерттеу практикалық маңыздылығы- зерттеу нәтижелерінің негізінде
шығармашылық ойлауының даму деңгейі әр-түрлі оқушыларда мәселелік дәрежесі
әртүрлі болып келетін тапсырмалар жүйесін құрастырып қолданылуында.
Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан,
әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Зерттеу базасы: Алматы қаласы № 12 Панфилов атындағы орта мектеп
Зерттеу кезеңдері:
1 -библиография түзу, психологиялық әдебиеттерге талдау жасау, зерттеу
жұмысының тақырыбын бекітіп, өзектілігін, мақсат- міндеттерін, болжамын
айқындау.
2 - зерттеу жұмысының практикалық бөлімі мектеп базасында іске
асырылды.
3 - эксперименттік жұмыстардың нәтижелерін өңдеу және жалпылау.

І. ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОЙЛАУЫ ДАМУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ

2. Шығармашылық ойлау туралы түсінік

Барлық психикалық процестердің ішінде ой ең күрделісі болып
табылады.
Ойлау дегеніміз - әлеуметтік жағдаймен ұштасқан тілмен тығыз байланысты
психикалық процесс, сол арқылы болмыстың дүниедегі нәрсе, заттардың жалпы
және жанама бейнеленуі.
Ойлау адамдардың өмір тәжірибесі мен практикалық іс-әрекеті
нәтижесінде пайда болады және тікелей сезім процестерінің шеңберінен
әлдеқайда асып кетеді. Түйсік пен қабылдаусыз ешбір ойлау болмайды. Ойлау
сезім мүшелері алған мәліметтерді өңдейді.
Ой – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарды бейнелендірудің ең
жоғарғы формасы. Сөз – ой жеткізу құралы. Сөз бен ойдың бірлестігі
арқасында адам психикасы жоғарғы дәрежеде дамыды. Ойлау тек адамдарға ғана
тән. Ойлаудың заңдылықтарын зерттейтін ғылымдар – логика мен психология.
Ойлаудың физиологиялық негізі И.П. Павловтың бірінші және екінші
сигнал жүйесіне байланысты түсіндіріледі.
Ойлау мәселесін қарастырған А. А. Смирнов ойлау және
интеллектуалдық процестердің ассоциативті ағымын ажырату қажеттілігін атап
көрсеткен. Ойлау іс-әрекетінде ассоциацияларды көп қолдану арқылы ойлау
есептерін шығаруға үлкен септігін тигізетіні басты себеп болып табылады
[6].
Ойлауды зерттеуде Вюрцбурлық мектептің негізін қалаушылар О.
Кюльпе, К. Бюллер көп ұсыныстар жасады. О. Кюльпе Ойлау психологиясы
еңбегінде ойлау мен ерікті интроспекция әдәсә арқылы зерттеді. А. Леонтьев
ойлауды зерттегенде іргелі мәселелерді жалпы іс-әрекеттер теориясынан
бастады.
Ал мектеп өкілдері Н. Ах, А. Марбе, О. Зельц ойлау процесінің
психологиялық механизмдерін түсіндірді. Әсіресе Н. Ах детерминациялық
тенденциялар тұжырымдымысын шығарып, негіздеді яғни, себептендіру
теориясы.
О. Зельц идеясы бойынша ойлау –интеллектуалдық операциялардың
қызмет етуі болып табылды. Ол міндетті шешу мен тәсілдерді сипаттауда үш
ұғым енгізді: арнайы реакция, операция, әдіс. О. Зельц репродуктивті және
продуктивті ойлау түрлерін эксперименттік тұрғыдан зерттеді.
Келер, Вертгеймер, Коффка, К. Левин секілді гештальтпсихологияның
өкілдері ойлаудың құрылымы мен шығармашылық астарын зерттеді. Олар тұтас
құрылым ретіндегі мәселе тудыратын жәйттің барлық құрауыштарын, олардың
арасындағы қатынастарды бірден ұғынуды инсайт деп атады.
Ойлаудың когнитивтік психологиясы тұрғысынан (көрнекті өкілі У.
Найссер) зерттеуде адам ақпаратты тасымалдау және өңдеу каналы,
компьютерлік жүйелердің аналогы ретінде ұғынылады.
Рубинштейн С. Л. еңбектерінде ойлаудың заңдарын бөліп, ойлау
операцияларының негізін көрсетті. П. Я. Гальперин ойлау процесін нақты
эксперименталды зерттеу бағытына тоқталды [7].
Адамның өз өмір- тіршілігі мен күнделікті іс-әрекетінде әр алуан
мәселелерді шешіп отыруына тура келеді. Осындай мәселелер мен күрделі
істерді шешу жолында кездесіп отыратын қиыншылықтар қоршаған ортамызда
бізге әлі де беймәлім құбылыстар мен сыры ашылмаған нәрселердің көп
екендігін көрсетеді. Соған орай, біз дүниенің сыр-сипатын ұғыну үшін
заттар мен құбылыстардың өзара қатынастарының құпиясын тереңірек
білуді, оларды ашып көрсетуді мақсат етеміз. Міне, осындай мақсат
–мүдделерге жету жолында әрбір адам өзінің іс-әрекетінде заттар мен
құбылыстардың белгісіз қасиеттерін, ерекшеліктерін кездестіріп отырады,
өзінің бұрынғы тәжірибесі мен білімінің, шама-шарқының жеткіліксіздігін
аңғарады. Өйткені, әлем шексіз, соған орай дүниені танып білу де
шексіз. Адамның ойы сол шексіз әлемдегі нәрселердің сырын, құпиясын
білуге бағытталады. Әрбір адам ойланып – толғанғанда өзіне беймәлім
нәрселердің сырын ашып, жаңалықты біледі. Мысалы, оқушы оқу
материалының мәнін түсініп, есеп шығаратын болса, мұның өзі оған жаңалық
ашқандай болып көрінеді.
Ойлау аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше
ғылым айналысады. Бұлардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше.
Осы екі ғылымның ойды зерттеудегі әдіс-тәсілдерінде де өзіндік
айырмашылықтары бар. Мәселен, психология түрлі жас мөлшеріндегі адам
ойының пайда болу, даму, қалыптасу жолын, яғни жеке адамның ойлау
ерекшеліктерінің заңдылықтарын қарастырса, логика- бүкіл адамзатқа
ортақ ой әрекетінің заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының
нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел ой формаларының
табиғатын зерттейді. Кей жағдайда бұл екеуі бірін- бірі толықтырып, ой
мәдениетінің арта түсуіне көп пайдасын тигізеді [8].
Психологияда шығармашылық ойлауды көбінесе креативтік терминімен
байланыстырады. XX ғасырдың 60-шы жылдары ойлаудың осы түрін жекелеп
қарастыруға интеллект пен мәселелік жағдаяттарды тиімді түрде шешудің
арасында байланыстың жоқтығы түрткі боолды. Қорытынды пікірлер бойынша,
соңғы мәселе берілген тапсырманы жылдам ырғақпен әр-түрлі дәрежеде қолдана
білу қабілетіне байланысты болатындағы анықталды.
Ойлаудың мұндай түрін (Дж. Гилфорд, Н.Марш, Ф.Хеддон, Л.Кронбаж,
Е.П. Торренс) креативтілік деп атады және де оны интеллектіден дербес түрде
зерттей бастады - қандай да бір жаңаны ашумен немесе жасаумен байланысты
ойлау түрі ретінде қарастырды.
Креативтік деңгейін анықтау үшін Дж. Гилфорд гипотетикалық
интеллектуалды қабілеттердің 10 түрін жіктеді:
1) ой ұшқырлығы - уақыт бірлігінде пайда болатын пікірлердің саны;
2) түпнұсқалық – бір пікірден екіншісіне алмаса білу қабілеті;
3) түпнұсқалық - танымал көзқарастардан айырмашылығы бар ой-пікірлер
жасай білу қабілеті;
4) білімге құмарлық – қоршаған әлемдегі проблемаларға сезімталдық;
5) болжам жасауға қабілеттілік;
6) ирреалдылық - реакцияның стимулдан қисынды тәуелсіздігі;
7) қиялшылдық - стимул мен реакция арасында қисынды байланыс болған
жағдайда, жауаптың ақиқаттан толығымен алшақ болуы;
8) проблемаларды шешуге қабілеттілік, яғни талдау мен жинақтауға
қабілеттілік;
9) нысаны қосымша бөлшектер қоса отырып жетілдіре білу қабілеті;
10) тағы сол сияқты.
Е.П.Торренс креативтілікті сипаттайтын төрт негізгі көрсеткішті
жіктейді:
- жеңілдік-мәтіндік тапсырмаларды орындау жылдамдығы;
- икемділік-жауаптар барысында нысаналардың бір тобынан
екіншісіне
алмасу саны;
- түпнұсқалық - берілген жауаптың біркелкі топқа ең төменгі
жиілігі;
- тапсырманы орындау дәлдігі [9].
Шетел психологиясында креативтік деп аталатын ойлаудың ерекше
түрі қазіргі таңда ағылшын-американдық ғалымдармен ауқымды түрде
зерттелуде, дегенмен бұл қасиеттің мән-мағынасы толығымен анықтала қойған
жоқ.
Отандық психология төңірегінде де адамның шығармашылық ойлауының
мәселелері кең түрде қарастырылуда. Ол өнімді ойлау мәселесі ретінде
қойылады. Психологтардың пайымдауынша, кез-келген ойлау процессінде
продуктивті және репродуктивті компоненттер көздеді. Шығармашылық ойлаудың
мән-мағынасын олуға, шығармашылық іс-әрекеттің механизмдері мен
шығармашылық ойлаудың табиғатын анықтауға көп көңіл бөлініде.
И.Я.Лернер шығармашылық ойлауды оның нәтижесіне қарай сипаттайды.
Оқушылар шығармашылық барысында өздерінің жекелігін көрсете отырып,
субъективті жаңаны жасайды.
Д.Б.Богоявленскаяның пікірі бойынша, шығармашылық дегеніміз-қойылған
мәселенің арғы жағындағыны білуге ұмтылыстан көрінетін, жайдайлық
ынталандырылмаған белсенділік болып табылады.
Н.А Дружинин бойынша, шығармашылық ойлау – бұл білімдерді
жетілдірумен байланысты ойлау түрі (мұнда қиялды елестетуді, болжамдардың
жасалуын келтіреді). Я.А. Пономарев бойынша шығармашылық ойлаудың мәні
интеллектуалды белсенділік пен және өз іс-әрекетінің қосымша өнімдеріне
сезімталдылықпен байланыстырады.
Я.А.Пономарев, В.Н.Дружинин, В.Н.Пушкин және тағы да басқа отандық
психологтар ойлаудың басты қасиеті ретінде мақсат (ниет, бағдарламалар) пен
нәтиженің сәйкес келмеуін қарастырады. Шығармашылық ойлау жүзеге асыру
барысында пайда болады және шығармашылық нәтижесі болып табылатын қосымша
өнімнің туындауымен байланысты.
Шығармашылық актінің қасиеттерін көрсете отырып, барлық
зерттеушілер оның бейсаналылығын, ерік пен ақылға бағынбайтындығын, сонымен
қатар сана күйінің өзгеріштігін нақтылайды.
Шығармашылық ойлаудың екінші қасиеті-кездейсоқтық, сыртқы жағдайлық
себептерден тәуелсіздігі болып табылады.
Осыған байланысты шығармашылық ойлаудың басты ерекшелігі индивидтің
белсенділігін тудыратын психикадағы орындалу процесінің өзгешелігімен
байланысты.
Екінші бір мәселе - өнімді шығармашылық ретінде бағалау. Мұнда
әлеуметтік критерийлер күшіне енеді: жаңалық, мағыналылық, түпнұсқалық және
тағы да басқа.
Шығармашылық ойлаумен екі тұлғалық сапа байланысыпр жатыр: ізденіс
мативациясының жиілігі мен ойлау процвесінде пайда болатын қосымша
құрыымдарға сезімталдық [10].
Ойлау әрекетінің өлшем бірлігі ретінде Я.А.Пономарев тапсырмаларды
орындау барысында басымдылық көрсететеін деңгейлердің әртүрлілігін
қарастыруды ұсынады.
И.Я Лернердің пайымдауынша, шығармашылық ойлаудың негізін келесі
қасиеттер белгілейді: білімдер мен іскерліктерді жаңа жағдайға өз бетінше
алмастыра білу; үйреншікті шарттарда жаңа мәселелерді көре білу; таныс
нысананың жаңа қызметін көре білу; зерттелетін нысананың құрылымын көре
білу; ізденіс барысында шешімге, бағытқа баламаны таңдай білу; шешім
қабылдау тәсілдерін жаңа тәсілдерге ауыстыра білу және де қайталанбас шешім
қабылдау тәсілін жасай білу іскерлігі. Осы қасиеттерді меңгере келе, табиғи
қасиеттер мен ынта-талапқа қатысты деңгейге дейін дамытуға болады.
Дегенмен аталған қасиеттерге бір қабілет тән келеді – олар ақпарат
алмасу немесе әрекетті көрсету барысында меңгерілмейді, қандай да бір
шығармашылық қасиеттердің көрінуін талап ететін мәжбүрлі іс-әрекетті
орындаумен ғана белгілеуге болады.
Д.Б. Богоявленская (1983) шығармашылықтың өлшем бірлігін ұсынды
да, оны интеллектуалды бастама деп атады. Ол ойлау процесі барысында
көрінетін ақыл-ой қабілеттері мен тұлғаның мотивациялық құрылымының
жиынтығы ретінде қарастырылады. Шығармашылық мінез-құлықтың заңдылықтарында
басты орында мотивация, құндылықтар, тұлға қасиеттері алады. Негізгі
қасиеттер қатарына: танымдық дарындылық, мәселелерге сезімталдық, белгісіз
және күрделі жағдайларда тәуелсіздік [11].
В.А. Крутецкий математикада шығармашылық ойлау құрылымын келесі
үлгіде ұсынады:
- математикалық материалды құрылым түрінде қабылдау және тапсырмалардың
формальды құрылымдарын меңгере білу қабілеті;
- сандық және сапалық қатынастар барысында, сандық және таңбалық
белгілер жүйесінде, қисынды ойлауға қабілеттілік, математикалық символдарға
қабілеттілік;
- математикалық талқылауларды және сәйкес әрекеттер жүйесін жетілдруге
қабілеттілік; қысқаша құрылымдар мен ойлау білуге қабілеттілік;
- математикалық іс-әрекеттерде ойлау процестерінің икемділігі;
- шешімнің анық, қарапайым, экономды және ұтымды болуына ұмтылу;
- ойлау процесінің бағытытлығын тез әрі еркін өзгертуге қабілеттілігі;
- математикалық ес (математикалық қатынастарға, типтік сипаттарға
талқылау мен дәлелдеу схемаларын жалпылама есте сақтай білу, тапсырмаларды
орындау әдістері мен оларға өту принциптерінде білу қабілеті);
- ақылдың математикалық бағыттылығы.
Сонымен қатар шығармашылық ойлауда В.А. Крутецкий тән емес
компоненттерді жатқызады: уақытша сипат ретінде ойлау процесінің
жылдамдығы; есептеулерге қабілеттілік; санды формулаларды есте сақтай білу;
кеңістіктік қатынастарға қабілеттілік; абстрактілі математикалық қатынас
пен тәуелділікті көрнекі түрде елестете білу қабілеті.
Шығармашылық ойлау құрылымы төмендегі формуладай беріледі:
математикалық дарындалық ақылдың математикалық қатынастар, сандық және
таңбалық белгілер, төңірегінде жалпылама, терең және икемді түрде ойлау
сипатымен анықталады.
Демек, отандық психологияда шығармашылық ойлауға қатысты зерттеулер
теориялық түрде негізделеді, жекелік ерекшеліктер тек сандық жағынан ғана
емес, сапалық жағынан да талданады. Бұл тақырыптағы зерттеулер саны әлі де
аз кездеседі.
Сонымен, шығармашылық ойлау дегеніміз – жаңа субъективті білімдерді
ашумен, жеке қайталанбас идеяларды жасай білумен байланысты ойлау әрекеті.
Шығармашылық ойлаудың осы зерттеуде негізге алынатын көрсеткіштері
ретінде: ой ұшқырлығы, икемділіг және түп нұсқалығы алынады [12]..
Ой ұшқырлығы құрамына екі компонент енеді: ойлаудың жеңілдігі, яғни
мәтіндік тапсырмаларда ауысудың жылдамдығы мен тапсырманы орындау дәлдігі.
Ойлау процесінің икемділігі – бұл бір идеядан екіншісіне орын
алмастыру. Қандай да бір тапсырманы шешуде бірнеше түрлі жолдарды таба
білу қабілеті.
Түп нұсқалық – берілген жауаптың біркелкі топқа ең аз көлемдегі
жиілігі.
Осы көрсеткіштерге Е.П. Торренстің вербальды және вербальды емес
шығармашылық ойлауына бағытталған тестілері негізделеді, оны эксперименттің
бірінші кезеңінде қолдануды ұсынамыз.
Кейіннен шығармашылық ойлаудың даму мәселелерін ашуға назар
аударамыз да, бірінші тараудың келесі бөлімінде бұл мәселемен таныс
боламыз.
Даму психологиясында шығармашылық ойлаудың даму мәселелерін үш бағыт
қарастырады:
1) генетикалық бағыт – тұқымқуалаушылыққа баса назар аударады;
2) ортаға байланысты – шешуші фактор ретінде сыртқы шарттарды алады;
3) генотип – индивидтің тұқым қуалаған қасиеттеріне қарай, ортаға
бейімделу типтеріне қарастырады.
Бұл еңбектен үш бағыт негізге алынады, оған сәйкес креативтіліктің
дамуы келесі механиздер арқылы жүзеге асады: жалпы дарындылық негізінде
микроортамен еліктеудің ықпалымен мотивтер жүйесімен тұлға қасиеттері
қалыптасады да, жалпы дарындылық өзекті креативтілікке алмасады.
Дегенмен, бұл бағытта да бірнеше тармақтар жіктеледі. В.Н. Дружинин,
В.И. Тютюнин тағы басқалардың айтуынша, шығармашылық ойлауға төмендегілер
қажет деп есептейді:
- тәртіпті мінез-құлықтың бейне үлгісінің болмауы;
- шығармашылық мінез-құлықтың жағымды бейнесінің болуы;
- шығармашылық мінез-құлыққа еліктеуге және агрессиялық, мінез-
құлықтың жағымсыз көріністерін жоспарлауға жағдай жасау;
- шығармашылық мінез-құлыққа әлеуметтік қысым көрсету.
Олар индивидтің жағдай жасалуы мен күнделікті өмірдің арасында
шығармашылық ойлау деңгейін қарастырады. Бұл көзқарас бихевиористік болып
табылады да, шығармашылық ойлаудың дамуына үйретуге ықпал ететін жағдайлар
аспектілері (қайталау мен бекіту). Ал имитация кезеңі шығармашыл тұлғаның
дамуында қажетті бөлік болып табылады [13].
Дж. Вулвилл және Р. Лоу ойлаудың дамуын тәжірибенің жиналуымен
байланыстырмайды, операциялық құрамның құрылымдық өзгерісі деп түсіндіреді.
Даму дегеніміз (Ж. Пиаженің теорясына қатысты) тепе-тең құрылымның пайда
болуы немесе теңдестіру (танымдық қақтығыстың пайда болуы) деп
тұжырымдалады. Шығармашылық ойлау теңдестіру процесінің қатысты
құбылыстар арқылы және танымдық ақатығыстың пайда болу барысында дамиды.
П.Я. Гальперин әлеуметтік өзара әрекеттесуге негізделген дамытушы
әдісті ұсынды. Әлеуметтік үйрену көзқарасы бойынша (А. Бандура), біз басқа
дамдардың мінез-құлқын бақылай отырып және де оның үлгісін қабылдай отырып,
үйренуге қабілеттіміз. Шығармашылық мінез-құлық үлгілері шешімдерді
қабылдауға, ізденіс орталарын анықтауда нақты бір бағытты көрсете алады.
Әлеуметтік белсенді қақтығыс көзқарасы бойынша, әр түрлі
көзқарасқа және шешімді қабылдау стратегияларына ие субъектілер арасындағы
өзара әрекеттесу құбылысы ішкі қақтығыс пен тепе-теңсіздіктің пайда болуына
әкеліп соғады да, индивидтің шығармашылық дамуына ықпал етеді (В. Дуаз және
Г. Мюньи).
Демек, шығармашылық ойлаудың даму мәселелерінің екі бағыты
кездеседі:
- тәрбие шарттары мен күнделікті өмірдің ықпалы;
- дамытушы эксперимент жүргізу.
Даму оқыту және тәрбиелеу процесінде жүзеге асады. Ол әлеммен өзара
байланыс барысында, материалды және рухани мәдениет пен өнердің мазмұнның
оқыту барысында меңгерудің әсерінен қалыптасады. Сол себепті де арнайы,
мақсатқа бағытталған шығармашылық ойлаудың қалыптауы жайлы, қалыптасуға
ықпал етуші жүйе туралы айтуға мүмкіндік бар. Бірақ шығармашылық ойлаудың
қалыптасу шарттары қандай? Бұл сұраққа келесі бөлімде жауап бере аламыз
[14].

3. Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық ойлауының қалыптасу
шарттары

Бұл жаста дененің барлық мүшелері мен тканьдарында елеулі
өзгерістер болады. Мысалы, омыртқаның барлық мойын, арқа бел бүгілістері
дамиды. Әйтсе де сүйектің қатаюы әлі де аяқталмайды, оның аса иілгіштігі
мен ширақтылығы да осыдан, бұл дұрыс дене тәрбиесін беру және спорттың
көптеген түрімен айналысу үшін елеулі мүмкіндіктер де ашады, сондай-ақ
теріс зардаптарға да (дене дамуының қалыпты жағдайлары болмаса) әкеліп
соғуы мүмкін. Бастауыш сынып оқушысы отыратын мебельдер көлемінің сай
болуы, стол мен партаға дұрыс отырғызу – бала денесінің, оның тұлғасының
қалыпты дамуыныңы аса маңызды шарты, оның кейінгі бүкіл жұмыс қабілеттінің
шарты екендігі, осыдан.
Бастауыш сынып оқушыларының бұлшық еттері мен сіңірлері жылдам
қатаяды, олардың көлемі ұлғаяды, жалпы бұлшық ет күші артады. Ірі бұлшық
еттер майдаларынан ертерек жетіледі. Сондықтан да балалар салыстырмалы
түрде алғанда күшті де кең құлашты қимылдар жасауға көбірек қабілетті,
алайда оларға дәлдікті талап ететін ұсақ қимылдарды орындау қиынырақ
соғады.
Саусақ сүйектерінің қатаюы тоғыз – он бір, ал білек сүйектерінің
қатаюы он-он екі жасқа қарай аяқталады. Егер осы жайды ескерсек, онда
бастауыш сынып оқушысы неліктен әр кез жазбаша тапсырмаларды үлкен күш
жұмсап орындайтыны түсінікті болады. Оның білегі тез талады да, ол өте тез
және тым ұзақ жаза алмайды. Бастауыш сынып балаларына, әсіресе І-ІІ сынып
оқушыларына жазбаша тапсырмаларды аса көп беруге болмайды. Балаларда
ұшырасатын графикалық жағынан нашар орындалған тапсырманы көшіріп алу
тілегі көбінесе нәтижені жақсартпайды [15,16].
Бастауыш сынып оқушыларының жүрек бұлшық еттері шапшаң өседі және
ол қанмен жақсы қамтамасыз етіледі, сондықтан ол салыстырмалы түрде алғанда
төзімді болады. Күре тамырларды диаметрінің үлкендігі арқасында ми
жеткілікті қан алады, бұл оны жұмысқа қабілетті болуының маңызды шарты
болып табылады. Мидың салмағы жеті жастан кейін айтарлықтай артады. Әсіресе
маңдай бөліктері өспелі, олар адамның психикалық іс-әрекетінде жоғары әрі
неғұрлым күрделі функцияларын қалыптастыруда үлкен роль атқарады.
Жеті жасар бала мектеп табалдырығынан аттасымен-ақ оқушы болады. Оның
өмірінде ойын әлі маңызды орын алғанымен осы уақыттан бастап ол біртіндеп
басымдылық ролін жоғалта бастайды. Бастауыш сынып оқушысының жетекші іс-
әрекеті оның мінез-құлық мотивтерін елеулі түрде өзгертетін, оның танымдық
және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын оқу болады.
Мұндай қайта өзгеріс процесінің бірнеше кезеңдері бар.
Әсіресе баланың мектеп өмірінің жаңа жағдайларына алғаш енуі айқын
аңғарылады. Балалардың көпшілігі бұған психологиялық жағынан даярланған.
Олар бұл жерден үймен немесе балабақшамен салыстырғанда, әдеттен тыс
бірдеңелер кездестіруді күте отырып, мектепке қуана барады. Баланың бұл
ішкі позициясы екі жағдайда маңызды. Алдымен мектеп өмірінің жаңалығыны
алдын ала сезіну, және қалау баланың сыныптағы мінез-құлық ережелеріне,
жолдастарымен ерекше қарым-қатынас нормаларына, күн тәртібіне қатысты
мұғалімнің талаптарын жылдам қабылдауға көмектеседі. Бұл талаптарды бала
қоғамдық тұрғыдан маңызды және орындамауға болмайтын талаптар деп
қабылдайды [17].
Тәжірибелі ұстаздарға белгілі, психологиялық жағынан расталған
мынадай қағида бар: баланың сыныпқа келген алғашқы күнінен-ақ оған оқушының
сабақтағы, үйдегі және қоғамдық орындардағы мінез-құлық ережелерін айқын да
нақты мағынада түсіндіру керек. Балаға оның жаңа көзқарастарының,
міндеттерінің және құқығын бұрынғы ол әдеттенген жағдайлар мен нормаларды
сөзсіз орындауды талап ету – бірінші сынып оқушысына орынсыз қаталдық жасау
емес, мектепке баруға даярланған балалардың өз түсініктеріне сәйкес олардың
тіршілігін ұйымдастыруға қажетті шарт. Бұл талаптар орнықсыз әрі екі ұшты
болса, балалар өз өмірінің жаңа кезеңінің өзіндік ерекшеліктерін сезбейді,
бұл олардың мектепке деген ықыласын жоюы мүмкін.
Баланың ішкі позициясының екінші жағы оның білім мен іскерлікті
игеру, процестерінде ортақ дұрыс қарым-қатынасына байланысты. Бір кездерде
шын мәнінде ойын кезінде өзі қалаған адам (ұшқыш, аспаз, жүргізуші) болуы
үшін, оқудың қажет екендігі туралы пікірге, оның мектепке дейін-ақ бойы
үйрене бастайды. Ол кезде бала келешекте қажет болатын білімдердің нақтылы
құрамын әрине сезбейді. Оның білімге деген пайдақорлық-прагматикалық құнды
деп ойлайтын білімдерге ұмтылады. Баланың айналасындағыларды білуге
құмарлығы, теориялық ықыласы осыдан көрінеді. Оқудың негізгі алғы шарты
ретіндегі бұл ықылас баланың бойындағы оның кең өріс алған ойын әрекетін
қамтитын мектепке дейінгі шақтағы өмірінің барлық сәттерінде қалыптасады
[18,19].
Мектепке келген балалардың әлі мақсатқа бағытталған зейіні болмайды.
Олар өздерінің зейінін негізінен өздеріне тікелей қызықтығымен,
ашықтығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін нәрселерге аударады (ырықсыз
зейін), мектеп жұмысының шарттары алғашқы күннен бастап баладан сол кезде
оны қызықтырмауы да мүмкін пәндерді және мәліметтерді назардан тыс
қалдырмауды талап етеді. Бала біртіндеп жай сырттай тартымды заттарға емес
қажеттілерге зейінін бағыттап, оны дәйекті ұстауды үйренеді. ІІ-ІІІ
сыныптарда көптеген оқушылар ырықты зейінді игереді, оны мұғалім
түсіндірген немесе кітапта бар кез келген материалға көздей алады. Ырықты
зейін, оны қандай да бір міндетке алдын-ала ойластырып бағыттай білу –
бастауыш мектеп шағындағы маңызды жетістік.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, танымдық әрекетті дамытуда
қалыптастыруда баланың іс-әрекетін сырттан жақсы ұйымдастырудың, ол өз
санасын басқара алатындай үлгілерді пайдалана отырып хабарлау мен сыртқы
құралдарды көрсетудің зор маңызы бар. Мысалы, фонетикалық талдауды мақсатқа
бағыттап орындауда бірінші сынып оқушыларының картон белгілер сияқты
құралдарды пайдалану үлкен рөл атқарады. Оларды салудың дәл бірізділігі
балалардың зейінін ұйымдастырады, олардың күрделі, нәзік те ұшқыр дыбысты
материалмен жұмыс істегенде зейінін шоғырландыруға көмектеседі.
Баланың өзін-өзі ұйымдастыруды алдымен үлкендердің, әсіресе
мұғалімнің жасаған және бағыттаған ұйымдастыруының нәтижесі. Зейінді
дамытудың жалпы бағыты баланың мұғалім қойған мақсатқа жетуден өздері
қойған міндеттің шешімін тексеруге өту болып табылады [20].
Ойлауды дамыту, сондай-ақ оның көлемін кеңейтумен және зейінді іс-
әрекеттің алуан түріне бөле алумен байланысты. Сондай-ақ оқу тапсырмаларын
былайша қойған дұрыс: бала өз тапсырмасын орындай отырып, жолдастарының
жұмысын қадағалауы керек және қадағалай алатындай етіп, мысалы, берілген
тексті оқи отырып, оқушы басқа оқушылардың мінез-құлқын тексеріп отыруға
міндетті.
Мектепке келген жеті жасар бала көбінесе сырттай ашық және
эмоциялы оқиғаларды, суреттеулерді, әңгімелерді дәл есте сақтайды. Бірақ
мектеп өмірі бастан-ақ балалардан материалды еркін есте сқтауды талап
етеді. Оқушылар күн режимін, мінез-құлық ережелерін, үй тапсырмаларын
арнайы есте сақтауы тиіс, ал одан кейін оларды өзінің мінез-құлқын
басшылыққа ала білуі немесе оларды сабақта еске түсіре білуі керек. Балалар
ең мнемикалық міндеттерді ажырата алатын болады. Олардың біреуі материалды
дәлме-дел есте сақтауды, екіншісі оны тек өз сөзімен айтып шығуды
қарастырады және т.б. Бастауыш сынып оқушыларының ойлау әрекетінің
табыстылығы олардың мнемикалық міндеттердің сипатын түсінуіне, есте сақтау
мен еске түсірудің тиісті әдіс-тәсілдерін меңгеруіне байланысты.
Бастауыш мектеп оқушыларының ойлауын дамытуда да екі негізгі саты
байқалады. Бірінші сатыда (ол шамамен І-ІІ сыныптарда) олардың ойлау
әрекеті көбіне әлі мектеп жасына дейінгі баланың ойлауын еске түсіреді. Оқу
материалын талдау бұл жерде көрнекі әсер ету жоспарында басым болады.
Мұнда балалар нақтылы заттарға немесе оның дәл баламаларында, бейнелеулерге
сүйенеді (мұндай талдауды кейде практикалық әсірелі немесе сезімді деп
атайды) [21].
Балалардың ой қорытулары көрнекі алғы шарттарға, қабылдау
деректеріне сүйенеді. Қорытынды жасау логикалық дәлелдер негізінде емес,
пісірілудің қабылдаған мәліметтерге тура қатынасы жолымен жүзеге асырылады.
Мысалы, мектеп өмірінде қандай да бір фактілерді бақылап, балалар тиісті
қорытындылар жасай алады: Ғалия өз гүлдерін суармап еді, олар қурап қалды,
ал Назира гүлдерді жиі суарған еді, олар жақсы өсіп тұр. Гүлдер құлпырып
жақсы өсу үшін оларды жиі суару керек.
Бұл кезеңдегі балалар жасайтын жинақтау заттардың көзге түсетін
белгілерінің күшті қысымымен болады (бұларға утилитарлық және функционалдық
белгілер жатады). Бұл сатыда туындайтын жинақтаулардың көпшілігі заттар мен
құбылыстардың бетінде жататын нақты қабылданған белгілер мен қасиеттерді
қамтиды. Мысалы, септік жалғауларын жалғауды екінші класс оқушылар біршама
дұрыс қолданады.
Балалық ақыл-ой еңбегін белгілі жүйемен жасауға, оның жалпы
мәдениетін арттырып отыруға көңіл аудару керек. Ең алдымен, баланы өз
жұмысының мақсат-міндеттерін анықтауға үйрету керек.
Егер бала әрбір оқу жұмысын ( тапсырмасын) не үшін, қандай
мақсатпен жасау керектігін, ол қандай жаңа нәтиже (жаңа білім, дағды)
беретінін білсе, онда оқушы әрекетінің саналылығы артады.
Оқу жұмысының мақсат-міндеттеріне сай баланы өз бетімен жұмысын
жоспарлай білуге, уақытты дұрыс пайдалануға, өз әрекетін қадағалауға
(бақылауға), бағалауға дағдыландырудың маңызы өте зор.
Баланың оқу әрекеті мазмұнына мыналар кіреді: ғылыми ұғымдар мен
ғылыми заңдылықтарды түсіну және практикалық міндеттерді шешуге бағытталған
ойлаудың жалпы амал-тәсілдерін меңгерту.
Осыған орай, балалардың ғылыми білімді және дағдыларды меңгеруі
олардың оқу әрекетінің негізгі мақсаты мен нәтижесі болып табылады. Оқу
әрекетінің белгілі құрылымы мыналар:
1. Оқу міндеттері (немесе тапсырмалар);
2. Оқу әрекеттері (баланың қолданатын нақтылы практикалық және ой тәсіл-
амалдары);
3. Бақылау (оқушылардың өзін-өзі қадағалап, тексеріп отыруы);
4. Бағалау (мұғалімнің және оқушының өзіне-өзі берген бағасы).
Олардың ойлау әрекетін ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер
қолданып, арнайы жұмыстар жүргізу қажет. Ойлау үрдісі өзіне тән логикалық
амалдарынан (операциялардан) тұрады: анализ, синтез, салыстыру, топтастыру,
жалпылау, тұжырымдау) [22].
Оқушының оқу әрекетінің жемісті болуы ойлаудың осындай амалдарын
қолдана алуына байланысты болады. Ойлаудың түрлері: көрнекі-амалдық,
көрнекі-образдық, сөздік-логикалық.
Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаев былай деген: Ойлау –
жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр. Сондықтан
тәрбиеші баланың ойлауын өркендеткенде сақтықпен басқыштап іс істеу керек.
Өркендету жолдары мыналар:
1) баланың жанында дұрыс әсерленулер ашық суреттеулердің көп болуын
ыждаһат қылу керек. Әсерленулер, суреттеулер өздері аз болып және дұрыс һәм
ашық болмаса, баланың ұғым, хүкім жасау ой шығаруы қажет болады. Ойдың
өзінің терең болуы үшін әсерлену суреттеулердің көбі ашық болуы керек.
Қанша дегенмен, адам суреттеулер бойынша ойлайды. Сондықтан балаға бір
затты ұқтырмақшы болсақ, жалаңаш айтуға қасиет жоқ. Бала пікірді
суреттеудің өзінен шығарып алсын.
2) бала заттарды, көріністерді ұқсас сандары бойынша топ-топқа
бөліп үйренсін. Мысалы, дыбыстарды, өсімдіктерді, жанурларды топ-топқа бөлу
сияқты. Бірақ, бала заттарды, көріністерді топ-топқа бөліп үйренсін. Топ-
топқа бөліп үйреткенде, жеңілден ауырға көшуді естен шығармау керек.
3) Көріністедің, ойлардың араларындағы байламды, олардың
қатынасының себеп екенін тауып үйренсін. Бұл мысалдардан ереже заң
шығартқызып үйрету сияқты істермен болады [23].
Шығармашылық еңбекке даярлықта бастауыш мектеп маңызды орын
алады. Дәл осы бастауыш мектеп шағында осы әрекеттің негізі құралады. Қиял
мен шығармашылық ойлау дамиды, білімге құмарлық тәрбиеленеді, құбылыстарды
бақылау мен талдау іскерлігі қалыптасады, салыстыру мен фактілерді
жалпылау, қорытынды шығару, іс-әрекетті тәжірибелі түрде бағалау,
белсенділік пен бастамашылдық қасиеттері қалыптасады. Шығармашылық
негізінде жатқан қызығушылықтар, бейімділіктер, қалыптасып, анықтала
бастайды, қажеттіліктер айқындала бастайды.
Балалардың шығармашылық іс-әрекетінің ерекше қасиеті – іс-әрекет
өнімінің субъективті жаңалығы болып табылады. Объективті мәніне қарай
баланың жаңалығы қайталанбас, ерекше болуы да мүмкін, не болмаса
мұғалімнің басқаруымен не көмегімен орындалуы да мүмкін. Мұндай жағдайда ол
шығармашылық бола алмайды. Сонымен қатар бала бұрын соңды тәжірибеде
кездескен шешімді, өз бетінше анықтауы да мүмкін.
Мұндай жағдайда оқушының өз бетінше пайымдауының, ойластыруының
нәтижесінде алынған шығармашылық деп есептеуімізге болады. Бұл жағдайда іс
- әрекеттің психологиялық механизмі маңызды орын алады.
Бастауыш мектеп оқушыларынын шығармашылық ойлауының дамуы тек
оқытушының бала шығармашылығының басты ерекшеліктері мен шығармашылық
ойлауды дамытудағы басты міндеттерді шешуді ескере білу негізінде мүмкін
болады [24].
П.Б. Блонский балалар шығармашылығының басты қасиеттерін нақты
көрсете білді: балалық көзқарас құрғақ келеді және де бала өз пікіріне
сынмен қарамайды; бала өзінің қарапайым қиялының құлы. Баланың шығармашылық
ойлауын анықтаушы басты фактор оның тәжірибесі болып табылады: қиялдың
шығармашылық әрекеті адамның бұрынғы тәжірибесінің байлығы мен әр
түрлілігіне байланысты болады. Осыдан бастауыш мектеп оқушыларының
қалыптасуының басты міндеті анықталады. Оқушыларда математикалық
тапсырамаларды шығармашылық түрде орындай білу іскерлігін қалыптастыру үшін
ең алдымен оларда математикалық білім кеңістігін дамытуды, қиялға шынайы
сезімталдық орнатуды қамтамасыз ету қажет.
Оқушылардың шығармашылық ойлауының ерекшелігі ретінде, баланың
өзінің шығармашылық іс- әрекет нәтижесіне сыни көзбен қарамайтындығы
қарастырылады. Бала ойлауы ешқандай идеяларға, критерийлерге, талаптарға
бағытталмайды, сол себепті де субъективті болып табылады.
Шығармашылық ойлаудың дамуы орындаушы іскерліктер мен дағдылардың
қалыптасуы мен тығыз байланысты. Оқушылардың іскерліктері мен дағдылары
неғұрлым жан- жақты әрі жетілдірілген болса, соғұрлым олардың қиялы бай,
ойлауы шынайы келеді, математикалық тапсырмалардың күрделілерін орындауға
бейім келеді.
Психологтардың айтуынша, адам ойлауының дамуы оның тіл қызметінің
дамуымен байланысты келеді. Сол себепті де оқушылардың шығармашылық
ойлауының маңызды міндеті- тапсырмаларды орындауды сөздік түрде сипаттай
білу іскерлігіне, жұмыс істеу тәсілдері жайлы әңгімелей білу, тапсырманың
негізгі элементтерін атай білу, графикалық бейнелеулерін көрсете білу және
оқи білу іскерлігіне үйрету болып табылады. Оқушылар үшін қажетті сөздік
қорды меңгеру оларда әрекет жоспарының ішкі үлгісінің қалыптасуы мен
дамуында өте маңызды.
Кез келген шығармашылық процесі барысында тапсырма ең алдымен
ойда, содан соң сыртқы жоспарда орындалады [25].
А.Савенков, креативтілікті арнайы, мақсатты түрде бағыттала
дамытуды зерттеуші ғалым, оқушылардың шығармашылық ойлауының қалыптасу
шарттарының келесі түрлерін ұсынады:
- дивергентті және конвергентті типтегі тапсырмалардың жан-жақтылығы,
яғни дивергентті типтегі тапсырмалар басқа да пән сабақтарында басымды
түрде қолданылуы қажет;
- оқу материалының дамытушы мүмкіндіктері оның ақпараттық байлығынан
басымдылық алуы;
- продуктивті ойлаудың даму шарттары мен оның тәжірибелік қолдану
дағдыларының үйлесімділігі;
- өзіндік зерттеу тәжірибесінің білімді репродуктивті түрде
меңгеруден басым болуы;
- интеллектуалды бастамаға бағытталу, интеллектуалды бастама ұғымы
баланың әртүрлі оқу және зерттеушілік тапсырмаларды шешуде өз бетінше жұмыс
істей білуін, шешімнің қайталанбас баламасын таба білуге ұмтылысын,
мәселені терең немесе басқа қырынан көре білуі болжайды;
- конформизмді қабылдамау;
- көзқарасты бағалауда сынай білуге және анықтай білуге қабілетін
қалыптастыру;
- мәселені неғұрлым терең түрде зерттеуге ұмтылыс;
- оқу іс-әрекетінің өз бетінше орындалуы, мәселелерді зерттеуге,
ізденіс жасауға өз бетінше ат салысу;
- индивидуализация – білім беру үрдісінде субъектілердің тұлғалық
қасиеттерінің толығымен көрінуі мен дамуына жағдай жасау;
- проблемалық – балалар алдында мәселелік жағдаяттарды қоя білуге
бағытталу.
Демек, осы шарттарды орындау барысында оқушылардың шығармашылық
ойлауының қалыптасуына мүмкіндік жасалады [26].
Зерттеу жұмысының келесі кезеңдеріне шығармашылық ойлауды дамытудың
үш негізгі шартын, үш бағытын бөліп аламыз.
1) білім берудің жекелігі;
2) зерттеушілік оқыту;
3) мәселелік.
Жалпы ойлаудың нысаналық сипаты бар. Ойлауға деген қажеттілік
адамның алдында жаңа бағыт, қиындық пайда болғанда туады. Мәселен, дәрігер
өзі білмейтін осы уақытқа дейін кездеспеген жаңа бір аурумен кезікті делік.
Онда дәрігер аурудың алдын алу, емдеу тәсілдерін іздеуге, табуға тырысады.
Өзінің табиғатында ойлау осындай жаңа бағыттар пайда болғанда және оларды
шешууде ескі амал, тәсілдердің жеткіліксіздігі кезінде қажет. Мұндай
жағдайлар мәселелік деп аталады. Мәселелік жағдайлардан бастау ала отырып,
ойлау әрекетінің көмегімен жаңа тәсілдерді табуға, ашуға және мақсатқа
жетумен қажеттіліктерге қанағаттануға мүмкіндік туады. Ойлау-бұл жаңаны
іздеу мен ашу.
Мәселелік жағдайлар белгілі, ескі білімдерде қолданылмайды.
Мәселен, 2-сынып оқушысына 2 қосу 2 не шығады деген сұраққа ойланбайды.
Мұндай сұрақтарға жауап беруге баланың өзінде бар қалыптасқан көне
білімдері жеткілікті. Ойлау әрекеті қажеттілік болғанда, сондай-ақ есепті
шешудің жаңа тәсілін өте жақсы меңгеріп, бір типті есептерді шығаруда
жойылады. Мәселелік жағдаймен есепті бір-бірінен айыра білу қажет.
Мәселелік жағдай деп адам әрекет ету кезінде қандайда бір
түсініксізге, белгісізге қорқынышқа жолығуды айтады. Мәселен, ұшқыш ұшақты
жүргізіп келе жатып, мотордан түсініксіз дыбыстың шығатынын байқайды,
алайда дыбыстың мотордың қай бөлігінен, не себепті шығатынын әлі білмейді,
сондай-ақ қалай әрекет етуді де шешкен жоқ. Мұндай мәселелік жағдайларда
ойлау процесі іске кіріседі. Ол сол мәселелік жағдайды талдаудан бастайды.
Оның талдауының нәтижесінде есеп туып, қалыптасады. Есептің пайда болуының
мәселелік жағдайдан айырмашылығы, ол белгілі мен белгісізді бөлшектеуге
жақындайды. Бұл бөлшектеуді есептің сөздік тұжырымы түрінде беріледі.
Мәселен, есепке бірінші белгілі шарттар беріледі, содан кейін нені
дәлелдеу, табу, есептеуге байланысты сұрақ қойылады. Есептің бастапқы
тұжырымы белгісізді минималдық деңгейде анықтайды. Есептің қорытынды шешуі
белгісіздің анықталғандығын, табылғандығын білдіреді. Егер белгісіз
толығымен есептің бастапқы тұжырымында анықталған болғанда, онда ешқандай
белгісізді іздеудің қажеті жоқ болады [27].
Ойлау процесс ретінде есепті шешу уақытында байқалады. Яғни, адам
есепті шығарғанда осы уақытқа дейін өзі білмей келген жаңа шарттарды
біліп, ойлауының одан әрі дамып, қалыптасуына мүмкіндік береді. Өз
кезегінде ойлаудың детерминациясы дайын және біткен күйінде берілмейді,
керісінше есепті шешу кезінде біртіндеп қалыптасады, дамиды. Есепті
шығару кезінде оқушылардың ойлауын қалыптастырудың әр түрлі жолы бар.
Біріншіден, таным процесінің әр сатысы (қадам) өзінен кейінгі
келесі сатының бастауына әсер етеді. Мұндай тезис дұрыс, бірақ жеткіліксіз.
Шын мәнінде, алға бір қадам озғаннан, ойлау кезінде белгісізді минимал
түрде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медиа және медиа білім беру
Кіші мектеп жасындағы балалардың ойлауының психологиялық ерекшеліктері
Бастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін дамыту жолдары
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту
Оқушылардың шығармашылық ойлауы дамуының психологиялық- педагогикалық негіздері
Бастауыш сыныптарда гуманитарлық пәндерді оқыту арқылы оқушылардың сыни ойлауын дамыту
Математика сабағы кезінде шығармашылық дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлауын дамытудың педагогикалық шарттары
Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын зерттеу
Қарапайым математиканы қолдануда баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту
Пәндер