М. ДУЛАТОВ МҰРАЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯСЫ
МАЗМҰНЫ
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
І- ТАРАУ. М. ДУЛАТОВ ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1. М. Дулатов шығармашылығының дүниетанымдық рухани бастаулары
1.2 Ақынның қоғамдық-саяси көзкарастарының қалыптасуының тарихи-
әлеуметтік алғы шарттары
ІІ- ТАРАУ. М. ДУЛАТОВ МҰРАЛАРЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ФИЛОСОФИЯСЫ
2.1. Оян, қазақжинағындағы әлеуметтік-этикалық мәселелер және ағартушылық
идеялар
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Еліміз егеменді Қазақстан мемлекеті
болғанға дейін халқымыздың философиялық мұралары мен мәдени-тарихи
қазыналарымыз, ұлттық салт-дәстүрлеріміз жөнді-жосықсыз төмендетіліп және
осыған бағытталған саясат үстем болып келді. Халқымыздың төл мұралары әлі
күнге дейін тиісті дәрежесінде жете зерттелінген жоқ. Оған себеп
социалистік реализмнің, таптық қағидалардың рамкалы аясынан шығып кеткен
дүниетаным атаулыға төмендетіп қарайтын сыңаржақ астамшылық (шовинизм).
Бұрмалау мен белгілі қалыптан шығуды шектеген идеология барлық салалардың
зерттеліну дәрежесіне, оның ішінде әсіресе философиялық зерттеу жұмыстары
объективті деңгейге жете алмай, тығырыққа тірелген еді.
Қай кезеңдегі болмасын қазақ философиясының ауқымы, сондай-ақ Шоқан,
Ыбырай, Абай сынды ойшылдардың дүниетанымдық мұралары таптық қоғамның тар
қалыбына салынып зерттелінді. Олардың дүниетанымы туралы жаңсақ, сыңаржақ
пікірлер мен көзқарастар қоғамдық санада берік орнығып, белес
алды, бірін материалист, екіншісін атеист деп, олардың ғылыми еңбектерінің
сол дәуірдегі идеологияға сай тұстарын көтермелеп келсек, екіншілерін діни
идеализмнің шырмауынан шыға алмады деп сынауға бой алдырдық. Рухани өмірдің
барлық себеп - салдарын материалдық болмыстан іздеп, сана болмысының
өзіндік ерекшеліктерін, даму қисынын жеткілікті дәрежеде ескере бермедік.
Осының бәрі аталмыш ойшыл еңбектерінің обьективті сипатын, гуманистік -
прогрессивті мәнін толық ашуға мүмкіндік бермеді. Бұл "бостандықты,
еркіндікті сүйетін, кең даласы сияқты кеңпейілділігі бар халықтың соған сай
философиясы бар халықтың дүниетанымы, ой-пікірлері болу заңдылығына" қарсы
жасалынған қиянат еді (3.220). Ал ғасыр басындағы ойшылдардың еңбектері мен
шығармалары жеке басқа табыну кезеңінің "құрбанына" айналды. Жарты ғасырдан
артық уақыт елінің көзінен таса жатып тарихымыздың ақтаңдақ беттерінен
табылып жатыр. Тәуелсіздікке жетіп, өтпелі кезеңді бастан кешіріп жатқан
уақытымызда кешегімізді зерттеу жұмыстары үшін қолайлы жағдайлар туып отыр.
Осыған дейін қазақ зиялыларының, соның ішінде М. Дулатовтың еңбектері
негізінен тіл, әдебиет және тарих ғылымдары тарапынан зерттеліп келді.
Тілшілер мен әдебиетшілер оның шығармаларының жанрлық, стильдік, тақырыптық
қырларына тоқталса, тарихшылар олардың қоғамдық қайраткер ретіндегі
қызметіне, саяси -әлеуметтік көзқарастарын зерттеуге басты назар аударды.
Міржақыптың өмірі мен көркем әдеби туындылары алғашқы рет әдебиет
саласында 1989 жылдан бастап зерттеліне бастады. Алғаш зерттеу жұмыстары
газет пен журналдардың беттерінде басылды. М.Әбсеметов, А.Сармурзин,
Н.Канафин, Р.Нұрғалиев, Т.Кәкішев, С.Қирабаев, Ә.Тәжібаев, А.Мектепов және
т.б. ақынның шығармашылық еңбектеріне талдау жасады. М.Дулатов еңбектерінің
жеке кітап болып басылуына, Міржақыптың қызы Гүлнар Дулатовамен бірлесе
отырып жұмыс істеген М.Әбсеметовтың қосқан еңбегі зор.
М.Қойгелдиев, К.Нұрпейісов, ХАсқарүлы және т.б. тарихшылардың,
С.Зиманов, К.Жиреншин, Г.Сапарғалиев, М.Құл-Мұхаммед және т.б. заңгерлердің
еңбектері алаштықтардың, оның ішінде М.Дулатовтың қоғамдық-саяси қызметтері
туралы мәлімет береді. Әсіресе М.Қойгелдиевтің "Алаш қозғалысы" (4) еңбегі
мен К.Нұрпейісовтің "Алаш һәм Алаш Орда" (5) еңбегінің ғасыр басындағы
қазақ зиялыларының отарлық езгі мен ортағасырлық мешеулікке қарсы
күресін,Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов,М.Дулатов бастаған саяси
қайраткерлердің тәуелсіз мемлекет —Алаш автономиясын құру жолындағы
қызметтеріне тың деректер негізінде баяндайды. Философия саласында
О.А.Сегізбаевтың "Казахская философия XV - начала XX века" еңбегінде
М.Дулатовтың дүниетанымдық мәселелері қаралады. А.Х.Қасымжановтың
"Ұлы даланың зиялылары" еңбегінде Міржақыптың қоғамдық ойларына баға
беріледі. Д.К.Кішібеков,Ү.Сыдықов,Ж.А.Алтаев, А.К.Қасабеков,Т.Айтқазин,
А.М.Тайжанов, Қ.А.Бейсембиев, Қ.Б.Мұхамедханов еңбектерінде ғасыр басындағы
зиялыларды ойшыл ретінде қарастырады. Сондай-ақ М.С.Орынбеков, Ғ.С.Есімов,
С.Н.Ақатай, Т.Х.Ғабитов т.б. ғалымдардың қазақ философиясы мен мәдениетінің
дамуы мен ерекшеліктері жағдайлары жайындағы еңбектері ғасыр басындағы
қазақ халқының ұлттық ойлауын қарастырады.
Біз зерттеу жұмысымызда есімдері аталған белгілі ғалымдардың осы
тақырыпқа байланысты еңбектерін, құнды пікірлері мен ұсыныстарын басшылыққа
алдық.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Егемендікке ғасырлар тоғысында қол
жеткізген Қазақстан мемлекеті, саяси, экономикалық, әлеуметтік жүйесін
өркениеттік үлгіде қайта жаңғыртты және күні бүгінге дейін жаңғыртып та
жатыр. Қазіргі Қазақстан мемлекеті әлемдік жаһандану (глобализация)
процесімен ықпалдасуға ұмтылуда. Тәуелсіздікпен келген демократиялық
бостандық халқымыздың рухани жаңаруының алғышарты болып табылса, рухани
жаңару егеменді еліміздің саяси, экономикалық тұрақтануы мен қоғамымыздың
өркендеуіне жол ашады.
Егемендіктің мәндік негіздерінің, тәуелсіздіктің тұғырлы болу
шарттарының бірегейі — рухани ояну. Қоғадық өмірдің түбегейлі өзгеруіне
ұзақ жылдар бойғы теориялық ой түрткі болғаны күмән туғызбайды. Бүгінгі
өркениетті саналатын мемлекеттердің тарихы осыған дәлел. Қайта жаңғыру
қоғамнан саяси-экономикалық реформаларды ғана емес, ұлттық бітім мен
сананың замана талабына сай өзгеруін талап етеді. Бұл процестің қозғаушы
күші -ұлттық философия. Философия қоғам жаңаруының басты бағыты теориялық
тұрғыдан талдайтын, әлеуметтік зерттеулердің басын біріктіретін ғылым
болғандықтан оның аталмыш мәселелерді зерттеудегі маңызы зор. Нақтылай
айтқанда, халқымыздың қоғамдық-саяси, әлеуметтік мұралары мен рухани
қазынасын зерттеу уақыт талабы екендігі сөзсіз. "Өзінің философиясы жоқ
елдің тәуелсіз рухани мұрасы мен дамуы болмайды, әр уақытта басқа
факторларға тәуелді болады", - деп жазды қазақ философиясының қалыптасуына
белсенді үлес қосып жүрген ғалымдар Ж.М.Әбділдин, М.С.Орынбеков(1.28).
Қандай бір болмасын халықтың еркін, рухани жетіліп дамуы үшін өзінің ұлттық
философиясы болуы шарт. Қазақстан елінің ғалымдары мен философтары қазақ
философиясын дүниежүзілік мәдениет шеңберінде қарастырып, еліміздің бай
фольклорын, философиясын, рухани мәдениетін жоғарғы теориялық зерттеу
дәрежесінде қарастырып жатыр. Кеңес дәуірі кезінде қалыптасқан пікір,
көзқарастарға партиялық, таптық позициялардан басқа, жалпы азаматтық
позиция тұрғысынан баға беру Қазақстан егеменді ел болғанда ғана жол
ашылды.
Қашанда бүгінгімізді түсіну үшін, өткенімізге көз жібереміз. Қоғамның
дамуын ұғыну, қоғам қажеттерін білуге ұмтылғанда, қоғамның өткен кешесіне
үңілуді, зерттеуді талап етеді.
Мемлекетіміздің ел басшысы Н.Ә.Назарбаев 1997 жылды саяси қуғынға
ұшырағандарды еске алу жылы деп жариялауында үлкен саяси мән жатыр (2.157)
. Қазіргі қоғамымызда жүріп жатқанкүрделі әлеуметтік процестер, ішкі
қайшылықтар мен шиеленістер, рухани мәселелердің өзектілігі ғасыр басындағы
қоғамда болған қайшылықты процестермен ұқсас тұстары мол. Қазіргі
еліміздегі сонылы мәселелерді шешуге өз үлестерін қосып жүрген қоғамдық
қайраткерлері, зиялылары. Сондай-ақ, ғасыр басында да қазақ қоғамындағы
қайшылықты шиеленіскен мәселелерді шешуге ұмтылған, тығырыққа тіреліп
тұрған халқына шығар жолын сілтеуге тырысқан қазақ интеллегенциясы, яғни
зиялылар еді. Сол кезде өмір сүріп, өзінің саяси-қоғамдық көзқарастарын
әлеуметтік, философиялық тұрғыдан қарастырған ізденістерін жан-жақты
көрсете білген зиялылардың бірі Міржақып Дулатов. Оның шығармашылық өмірі
мен қоғамдық, ғылыми ағартушылық қызметі қазақ халқының өмірінде үш бірдей
төңкерісті бастан кешіп, сұрапыл қайшылықтар кезеңіне тура келді. Ғасыр
басындағы қазақ зиялылары сияқты М. Дулатов та сол уақыттағы орын алған
тарихи - әлеуметтік, саяси-мәдени ахуалды терең пайымдап, оның қазақ қоғамы
үшін үлкен перспективаларды ашып отырғанын көре білді және бұл ахуалды тек
пайымдап қана қоймай замана ағымына ұлттық тиімділік тұрғысынан ықпал етуге
талпынды.
Қазан төңкерісінен кейін халқының мұң-мұқтажы мен мүддесін көксеген
зиялылардың бірі болып, жазықсыз қуғындау мен айыптауларға ұшырады.
Міржақыптың қоғамдық қызметі мен шығармашылық мұрасына әділ баға беру, ең
қуатты мемлекеттің бірі болған кеңес империясының ыдырауы нәтижесінде
мүмкін болып отыр.
Міржақып Дулатов өзінің еңбек еткен қай саласында болмасын халқына
мәнді, мағыналы қызмет ете білді. Бұл оның туған халқының дүниетанымы мен
рухани мәдениетін терең танып, халқын бар болмысымен сүйе білгенін
дәлелдейді.
Міржақыптың шығармашылық өмірі ғасыр басында қазақ қоғамы дамуының ең
бір күрделі де, қиын кезеңіне тура келді. Бұл кезең Ресей патша өкімегінің
отаршыл саясатының ақын өзі көрсеткендей "гүлдеу шегіне жетті", бірінен
кейін бірі келген төңкерістер, оған қат-қабат келген бірінші дүниежүзілік
соғыс ауыртпалығы елдің шаруасының еңсесін езіп тұралатты. Десек те қазақ
халқының ұлттық сана-сезіміне қозғау түсіп, ояна бастаған да еді, қазақ
даласы қозғалысқа түсіп белгілі бір дәрежеде рухани даму орын ала бастады.
Көшпенді қазақ халқы отаршыл саясаттың қыспағы ғана емес, сонымен бірге
қазақ ішіндегі шенеуніктердің қыспағына да түсті. Дегенмен де XIX ғасырда
Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев негізін қалап кеткен
ағартушылық идеологиясын, ары қарай жалғастырған қазақ
зиялылардың ерен еңбегінің нәтижесінде оқуға, білімге деген құштарлық
практикалық іс-әрекетге көріне бастады. Халық балаларын мұсылманша оқытумен
қатар орысша оқытуға берді. Бұл - Ресей өкіметінің отаршыл саясатына қарсы
болған, қараңғылықтан шығудың алғашқы қадамдары іспеттес еді.
Біз Міржақыптың шығармашылық еңбектерінен айтылмыш уақыттағы
қоғамымыздың саяси-экономикалық, қоғамдық әлеуметтік хал-ахуалы мен
халқымыздың сана-сезім талғамын, дүниеге көзқарасы мен ой-өрісі, болмыс
бітімін көреміз. Сонымен бірге оның еңбектерінде көрсетілген мәселелер
бүгінгі біздің қоғамымыздың соны мәселелерге сай келіп, қазіргі біздің
уақытымызбен үндесіп жатыр. Міржақып Дулатов шығармаларында көрініс табатын
философиялық ой-толғамдары, саяси-әлеуметтік көзқарастары, дүниетанымдық
пайымдаулары қазіргі таңда адам үшін берері мол, үйретері көп мұра, өйткені
өткен ғасыр басында да қазақ қоғамы жолайрықта тұрды. Бұл - ғасырлар
қойнауынан орын алған дәстүр жалғастығы мен өзгерістерді талап еткен дәуір
қажеттілігінің тарих толқынында қабаттаса келген кезі еді. Қазақ зиялылары
осы диалектикалық үрдісті шешудің тиімді (ұлттық мемлекетгілік тұрғысынан)
бағытгарын іздестірді, теориялық және практикалық бағдарламаларды жасап
ұсынды.
Еліміздің қоғамдық ойы мен рухани мәдениетінің дамуы үшін, тарих
бетінен аластатылған зиялылардың дүниетанымдық көзқарастары мен ойларының
бетін ашу - бүгінгі қоғам үшін өзекті мәселе екендігі күмән туғызбайды.
Зерттеудің негізгі нысаны. Адамның дара тұлға болып қалыптасуында
терең тылсымдық қабаттар мен рухани ізденістердің маңызы зор екендігі
күмәнсіз. М. Дулатовтың рухани өсуіне әсер еткен Батыстық, Шығыстық және
Қазақы бастаулардың арақатынасы тарихи-философиялық, ғылыми теориялық
тұрғыдан талданған.
М. Дулатов шығармаларын зерттеу негізінде қазақ ағартушылығының екі
буын арасындағы сабақтастық пен ерекшелік мәселесі ұлттық болмыс пен ұлттық
сана, ұлттық менталитет және инновациялық уақыт өрісі аясында шешілген.
Зерттеудің басты мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің негізгі мақсаты
Міржақып Дулатов шығармашылығындағы әлеуметтік философиялық дүниетаным,
әлеуметтік дүниетанымының қалыптасуы мен дамуын, оған ықпал еткен тарихи,
саяси-әлеуметтік, экономикалық, мәдени жағдайларды сараптау. Оның
шығармашылық өмірі мен туындыларының ішкі мәнін жан-жақты қарастыру.
Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер адам болмысының барлық жақтарында өз
қолтаңбасын қалдырып, оның осы өзгерістерге деген көзқарасын
қалыптастырады. XX ғасырдың басындағы әлемдік ауқымдағы тарихи оқиғалар,
саяси- әлеуметтік процесстер мен либералдық - демократиялық қайта құрулар
қазақ қоғамын да айналып өткен жоқ. Тарихи дамудың магистралдық бағытын
дұрыс түсініп, бағалай білген ұлтымыздың ардақты азаматтары әрбір тарихи
мүмкіндікті халқымыздың болашағына пайдаланып қалуға, игілігіне жаратуға
ұмтылды. Осы мақсатта олар саяси күрестің барлық тәсілдерін ғылыми
публицистикалық, көркем-әдеби шығармашылықпен ұштастыра білді. Олардың
шығармаларында жеке адамдардың мұң - мүқтажы, арман тілегі сомдалып, тұтас
халықтың ұлттық идеясы деңгейіне көтерілді. Қарапайым адамның қажеттілігі
ұлт қажеттілігімен ұштасты. Әрине бұқара халықтың бәрі мұны саналы түсінді
деп айтуға болмас, алайда, бұл көңілде жүрген, ғылыми тілмен айтсақ көмескі
саналылық ұмтылыс еді. Өйткені, еркіндік, бостандық адамның мәндік сипаты
болып табылады. Құлдық адам табиғатына қаншалықты жат болса, еркіндікке
деген ұмтылыс оның болмысымен етене бітескен. Міне, сондықтан болар
көкірегі ояу әрбір азамат бостандықты өмірден жоғары қояды. Тарихтан
белгілі, өз халқының бостандығы үшін жеке өмірін сарп еткен боздақтар
ерлігі осыған айғақ.
М. Дулатов өз шығармашылығында бостандықтың осы болмыстың -
субстанциялық негізіне үңіледі. Бұл жерде біздің бостандықтың субстанциялық
негізі деп отырғанымыз - ұлттық ерік-жігер мен ар-намыс, ұлттық сана.
Сондықтан болар XX ғасыр басындағы қазақ зиялыларының, соның ішінде, М.
Дулатовтың арман-мақсаты ғасырлар бойы аяққа басылып, жаншылып келген
ұлттық сезім мен сананы ояту болды.
Біз өз зерттеулерімізде аталған мәселелердің М. Дулатов еңбектерінде
қалай қарастырылғандығын, қандай шешімін тапқанын анықтауды мақсат еттік.
Осы мақсаттарды іске асыру барысында төменде көрсетілгендей басты
міндеттер туындайды:
М. Дулатовтың дара тұлға, қоғам қайраткері ретінде қалыптасуының рухани
дүниетанымдық бастауларын анықтап, алаш азаматтарының рухани-мәдени
әлеуметтену үрдісіне тарихи-философиялық талдау жасау;
XIX ғасырдың соңы XX ғасыр басындағы саяси-әлеуметгік қайта құрулар мен
өзгерістердің қазақ қоғамына ықпал ету деңгейін, трансформациялық
процесстердің ұлттық болмыс пен санаға әсерін, олардың М. Дулатов
шығармаларындағы көрінісін айқындау;
М. Дулатовтың ғылыми публицистикалық және әдеби шығармаларына
герменевтикалық талдау жасап, ойшыл ақын-жазушының қоғамдық-саяси,
әлеуметтік - философиялық көзқарастарының генезисі мен эволюциялық даму
кезеңдерін нақтылау, ой-пікірлерін тарихи-философиялық принциптер негізінде
сұрыптап, жүйелеу;
қазақ ұлттық философиялық ой толғаудың қалыптасуындағы М. Дулатовтың
өзіндік қолтаңбасын, алатын орнын, ойшыл шығармашылығының мәндік-
мазмұндық құндылығын айқындау;
өткен ғасыр мен қазіргі замандағы әлеуметтік, саяси-тарихи процестерге
синхронды талдау жасай отырып, М. Дулатов көзқарастарының бүгінгі Қазақстан
алдында тұрған мәселелерді (мемлекеттік, азаматтық қоғам, қүқықтық мемлекет
құру және т.б.) шешудегі өзектілігі мен потенциалын көрсету.
Дипломдық жұмыстың дереккөздері мен материалдары..
Қазақ философиясының өз ерекшелігін, сонылығын, қазақ халқының
әлеуметтік - экономикалық, мәдени - тарихи дамуының барысын нақты кезеңіне
сай анықтау, нақтылы тарихи-философиялық ойлаудың диалектикалық методы жан-
жақты қолданылады. М.Дулатовтың дүниетанымын, әлеуметтік философиялық,
қоғамдық саяси көзқарастары мен ой-пікірлерін зерттеу барысында біз
тарихилық пен логикалық, компоративистикалық тәсілдерді кеңінен қолдандық.
Біздің пікірімізше М. Дулатовтың шығармашылығын түсінуде герменевтикалық
талдау тәсілінің де берері мол. Сондай-ақ біз өз зерттеуімізде қоғам, адам,
мемлекет, құқықтық мемлекет, азаматтық қоғам тәрізді категорияларды
талдағанда Локк, Гоббс, Кант, Гегель, Руссо сияқты ғалымдардың, сол сияқты
осы мәселелер төңірегінде қалам тартып жүрген отандық ғалымдардың
еңбектеріне иек арттық.
Зерттеу жұмысының әдістері.
Еңбекте зерттеу әдістері мен тәсілдерін белгілеу жұмыстың
межелеген мақсаты мен міндеттеріне сай алынды. Жұмыс
барысында тарихи хронологиялық, жүйелеу, жинақтау, теориялық
талдау әдістері қолданылды.
Диплом жұмысының ғылыми-теориялық және практикалық маңызы.
Зерттеудің нәтижесінде алынған материалдарды болашақта тарихи
шығармаларды зерттеу туралы еңбектерде, ХХ ғ. басындағы қазақ әдебиеті
курсына, орта мектеп, жоғары оқу орындары үшін, жазылар оқу құралдарына
дереккөзі ретінде пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы
Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 М. ДУЛАТОВ ДҮНИЕТАНЫМЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 М. Дулатов шығармашылығының дүниетанымдық рухани бастаулары
Дәстүрлі қазақ қоғамында фольклор халық жадының маңызды құрамдас бөлігі
болып табылады. Ғасырлар бойы жеке адам мен тұтас қоғамның дүниетанымы,
құндылық ұстанымы мен адамгершілік нысандары халықтың бай ауыз әдебиетінен
нәр алып, сусындап келеді. Көне ауыз-әңгімелер, эпостық жырлар қияли ойдың
қарапайым ғана нәтижесі емес. Фольклорда халықтың қоршаған ортаны
игеруінің, әлеуметтік қарым-қатынастарының, рухани ізденістерінің барысында
тұрақтанған моральдік-әдептік қағидалары жинақталады. Фольклор аңыз айтушы-
жеткізуші мен тыңдаушы-қабылдаушы арасындағы тікелей терең коммуникациялық
ақпарат айналымын қамтамасыз етеді. Яғни бұл екеуінің арасында ашық рухани
өріс пайда болады. Соның нәтижесінде өткен тарих, оқиғалар мен кейіпкерлер
адам санасында жанданып, қайта жаңарады. Сонда тындаушы ауызша мәтінді
жеткізуші жыршы-толғаушымен ғана емес, жыршы санасында қайта түлеген
кейіпкерлермен де "үнсіз" сұхбаттасып, оларға өзінің жан-дүниесін ашады.
Осындай сұхбатгасу, сырласу барысында адамда өз халқының тарихына,
мәдениетіне, арман-мұратына деген ерекше ыстық, нәзік сезім, құрмет
қалыптасады. Ана әлдиі мен ата шежіресін бойына дарытқан адам ешқашан
ұлтынан, сал-дәстүрінен қол үзіп кете алмайды. Ендігі жерде оның тағдыры
да, арман-мұраты да халқымен ажырамас бірлікте болады. Фольклорда көрініс
тапқан халық даналығының өміршеңдігі мен сарқылмас қүдіреттілігі де осында.
Міржақып дүниетанымының қалыптасуына халықтың бай ауыз әдебиетінің тигізген
әсерінің, оның шығармашылығын оқи отырып байқаймыз. Оның алғашқы рухани нәр
алған бастауы, білім қайнары - фольклор.
Әр халықтың өзімен бірге жасасып келе жатқан құнды қазынасы фольклор,
сол халықтың рухани тіршілігін, болмысын, ой-санасының қалыптасуын, дүниені
тануын бейнелейді. "Халық шығармасы — халық жанының айнасы" - дейді
В.Г.Белинский. (6.25). Оның шығармашылығының өн бойын алып жатқан тақырып —
ол елінің бірлігі мен тұтастығын сақтап, тәуелсіз мемлекет құру. Қоғамдағы
адам құқығы, және оларды отаншылдыққа, елін, жерін қорғай, қолдай алатын
азаматтыққа шақыру идеясын және ақындық өлең сөзбен жеткізуінде қазақ
эпостық жырларының әсер еткен жері аз болмаса керек. Халықтық — жырдағы
өмірге, болмысқа деген көзқарастан, адам бейнелерінің жасалуынан көрінеді.
Эпостың ұнамды кейіпкерлері қашанда зор адамгершіліктің, таза сезімнің
иесі, халық өз бойындағы барлық жақсы қасиеттерді, отанды сүюді,
патриотизмді күш-қүдіретті еңбекшілдікті, сезімнің тазалығы мен шынайылығын
бір адамның — ел қорғаушы батырдың басына жинақтайды. Сол себепті шын
халықтық жырдың бас кейіпкері — еліктеуге тұратын, жас ұрпақтар үлгі
алатын, жұртты жақсы мінезге, патриотизмге тәрбиелейтіндей адам
болады.(7.162 ).
"Қамбар батыр", "Алпамыс батыр", "Қозы Көрпеш - Баян сұлу", "Қыз
Жібек", "Айман — Шолпан" т.б. жырларындағы көркем ой образдары барынша
шынайы. Философиялық ойларға, ұғымдарға мейірім мен зұлымдық, әділдік пен
әділетсіздік, ерлік, махаббат, сұлулық, адамгершілік жөне т.б. философия
тұрғысынан талдау жасалынады. Эпостық жырлардан оның мұң-шерін көксеген
арманын және ел төуелсіздігін сақтау үшін сыртқы жауларымен күресі, ел
мүддесін қорғаудан туындаған шынайы патриотизм мен гуманизмді көреміз.
Міржақып қазақ эпостық жырымен өте жақын таныс болып қана қойған жоқ
жоғарыда аталған категориялар оның саяси-қоғамдық еңбектерінде, әдеби
шығармаларында көрініс тапты. Халқының тәуелсіз, дамыған қоғам болуын мұрат
еткен Міржақыптың ойының дамып, дүниетанымының қалыптасуына халық
даналығының тигізген ықпалы зор екені даусыз.
"Қазақ арасында берілетін ас болсын, өткізілетін той болсын, эпостық
жырлар оқылмай өтпейді" - дейді Ә.Бөкейханов (8. 319). Ендеше жастайынан
үйренуге, білуге құштар болған Міржақыптың эпостық жырлардың әр қалтарысына
мән беріп, оның туған елінің болмысын тануына көмектескені сөзсіз.
Қандай болмасын халық даналығында, яғни фольклорда, сол халықтың
қоршаған табиғаты, қоғамы, тіршілігінің болмысы, дүниеге көзқарасы,
мәдениеті көрінеді. Қазақтық эпикалық жырларында көңіл аударуға тұрарлық
ерекшелік — ол лирикалық сарын. Қазақ халқының психологиясына тән
романтизм, оның жыр-толғауларында нақты анық көрініс береді. Жырдағы басты
кейіпкерлердің елден атганарда қоштасуы, (туған жерімен, үй-ішімен, асыл
жарымен) батырдың жауға шабар алдындағы келбеті, басына қандай бір іс
түскенде толғануы, немесе елге қайта оралғанда халқымен амандасуы да т.б
лирикалық сарын үлкен орын алады. Бұл қазақ халқының сезімі нәзік, сыршыл
халық екенін көрсетеді. Халқымыздың зиялысы Ә.Бөкейханов Қобыланды жырын
зерттеген еңбегінде, "отличительную черту устной киргизской поэзии
составляет лиризм. Каждая, эпическая даже, песня носит на себе отпечаток
субьективной личности слагателя с его взглядами на жизнь и с его
стремленими и идеялами и вместе с тем отличается насколько это
возможно, исторической правдивостью. Благодаря этим качествам,
киргизы высоко ценят свои песни" (8.319) - деген дәйекті пікір айтады. Ал
ғалым Мүхтар Мағауин фольклорды зерттей келе "Қалмақ эпосы "Жоңғарда"
лиризм атымен жоқ деуге болады. Бірді-екілі сәтті айтпасақ, "Игорь полкы
туралы сөз" бен "Роланд туралы жыр" европалық эпостарда лиризмнің алатын
орны шамалы-ақ" -дейді. (7. 192 ). Міржақып сыршыл жырлардың сырын ұғынып,
жанына асыл қасиеттерін жинай білді. Адам болмысын түсінуде ақын ақылдан
гөрі сезімге көп жүгінеді. Сезімде адам мен адамның, адам мен табиғаттың
тікелей тілдесуі, ирроционалдық интуитивті қабылдау алдыңғы қатарға шығады.
Біздің пайымдауымызша ақынға танымның осы тәсілі тән сияқты. Интуитивті
қабылдау барысында суреткер-ақын заттар мен құбылыстардың өзіндік мәніне
бойлай енеді. Сонда ақын жанына таным объектісі өзіне тән бар сұлулығы мен
қадір-қасиетін ашады. Ақын жырлаған құбылыстың терең тылсымдық қабаттары
үйлесімділікке келіп, нәзік материялар өрісінде ырғақты тербеліске түседі.
Сезімнің ақылдан бір артық жері ол дүниедегі барлықтың бәрін тікелей,
тұтастық қалпында қабылдайды. Міне, сондықтан болар сопылық бағыттағы
ақындар Алла болмысын ақылмен емес сезіммен тануға ұмтылды. Махаббат,
ғашықтық арқылы Алламен қауышуды армандайды. Ал бұл ұғымдардың мәнін таза
рационалдық пайымдау арқылы ашу әрқашан сәтсіздікке ұшырайды. Олар И.Кант
тілімен айтсақ "өзіндік ұғымдар" және оларға жалпыға бірдей тәжіребиеден
шығару немесе соның негізінде қорытып, ортақ қосындыға келтіру мүмкін емес.
Өйткені сезімдік мәндер адамның трансценденталдық мәнімен тікелей
байланысты және содан туындайды.
Қазақ фольклорының әлі де болса жеткілікті дәрежеде зерттелмей келе
жатқан тың тақырыбы - әйел-ана тақырыбы. Қазақ жырларында әйелдің орны
ерекше бағаланады. Әйелдің қоғамдағы, семьядағы орнын көтеріп, олардың ақыл-
ойын, құқығын ерлермен теңдестіре жырлайды. Ә.Бөкейханов сөзімен айтсақ,
"Қобланды жырын" зерттеу мақаласында батырдың шешесі Аналықтың алатын орны
туралы мынадай пікір келтіреді: "Муж ее кроме уважения и послушания своего
народа, пользовался благосклонностью господствовавшего над киргизами
калмыцкого хана и был в почете при его дворе. Анальпс была любима мужем,
исполнявшем ее желания и капризы и имела полную возможность хорошо жить и
даже наслаждается жизнью, удовлетворяет своим прихотям и страстям к роскоши
и безделушкам. Главное, Аналық была полновластной хозяйкой, имела право не
только распоряжаться домашними делами, вмешиваться в дела мужа и через него
в дело народа своими советами и даже распоряжениями". (8.320 ). Аналықтың
ері Тоқтарбай өте бай, елге сыйлы адам. Жырдағы Аналықтың бейнесі - ол
ерінің ақылшысы, сүйеніші. Баса көңіл аударатын түс Әлихан Бөкейханов
көрсеткендей Аналықтың құқығы ерімен тең. Ол ел ішіндегі кейбір мәселелерді
өзі шеше беретін ақылды адам. Аналық көпке дейін бала көрмей жүргенде де
Тоқтарбай екінші әйел алудан бас тартады. Аналықпен бірге әулие-әмбиелерді
кезіп бала сұрайды. Бұдан Тоқтарбайдың жарына деген адалдығын,
сүйіспеншілігін, сыйластығын көреміз, Жырдағы әйелге деген құрмет адамға
тәлім берерлік терең ойды көрсетеді. Жалпы жырларда батырдың өзіне жар
тандауы, сүйгеніне жету үшін басын бәске тігіп, кездескен кедергілерде
белді бекем буу, халық даналығындағы қиялының ұшқырлығынан болса керек.
Міржақыптың шығармаларындағы оның әлеуметтік, азаматтық әуендерінде
үлкен көрініс беретін тақырып әйелдер теңдігі, яғни әйелдің қоғамдағы,
семьядағы құқығы, еркі, азаттығы Ол әйел теңдігі мәселесіне үлкен назар
аударып, оны әлеуметтік тұрғыда шешуге тырысады. Аталмыш кезеңде әйелдің
саяси құқығы сөз етілмек түгілі, оның бас еркі біреуге бағынышты еді.
Әйелдің құқығын шектеу, оның дүниеге деген көзқарасымен санаспай, әйелдің
еркінсіз іс-әрекеттер жасау надандықтың көрінісі деп есептеді. Ол халық
санасын улаған, көмескелендірген жағдайды үстемдік құрып жатқан
империалистік державаның отаршыл саясатының қорытындысынан көрді. Осыған
орай Л.Н. Гумилев "...культура кочевников I тысячелетия до н.э была
самобытна и более того, она было высока, гораздо выше, чем культура
кочевников ХҮІІ-ХІХ в.в., изученная многими этнографами досконально" (9.6)
— деген пікір айтады. XVIII ғасыр айналасынан бастап қазақ қоғамындағы ой
дамуы төмендеп, рухани мәдениетке нұқсан келе бастағанына ақын-жыраулардың
әлеуметтік тақырыбындағы жырлары дәлел бола алар еді.
Эпостық жырлар халық даналығының жемісі, онда философиялық ойлардың
түйіні жатыр, Ғалым, философтар Ж.Алтаев пен А.Қасабеков фольклордағы
философиялық ойды зерттей отырып "... қандай да бір фольклорлық шығарманы
алсаңыз да, онда философиялық, дүниетанымдық қызметі таным процесіндегі
білмеуден білуге, қарапайымнан күрделіге, абстрактылықтан нақтылы шындыққа
ұмтылған құбылыстарды байқаймыз. Онда философиялық, диалектикалық әдістері
толық жүзеге аспаса да, өмір сүрген қоғамға сай халықтық ой-сана
қалыптасады", (10.42 ) - деген нақтылы ғылыми тұжырым, халық эпостық
жырларды тудыру кезеңдегі, қоғамның мәдениеті деңгейінде көрсетіп береді.
Эпикалық жырлардағы, әйелдің алатын орны, Міржақып дүниетанымының
қалыптасуына айтарлықтай із қалдырды. Оның әйел мәселесі төңірегінде
алғашқылардың бірі болып ой қозғауы, соның қортындысы деген ойға тірелеміз.
Бұл тақырып туралы екінші тарауымызда кеңірек сөз етіледі.
Фольклорда халық даналығының түйіні жатыр. Аңыз-ертегілерде, халықтың
мұң-мұқтажы мен арман-қиялы жатса, қанатты, шешендік сөздер мен мақал-
мәтелдерде этикалық, қоғамдық-әлеуметтік, құқықтық мәселелер жиі көрініс
береді. Халық бір кезде оларды заң есебінде қолданып, ел ішіндегі дау-
жанжалдарды реттеуден бастап, елшілік мәмлегерлік қызметтерде (11.3
)қолданған.
Фольклорды жасаушы - халық. Ол бір тұлғаның жазылып қалған мұрасы емес.
Ол ауыздан-ауызға өтіп, "айналасы жұп-жұмыр тегіс болып" халықтың мұрасы
болып жетті. "Халық барлық заттық байлықты жасаушы күш қана емес, ол —
рухани байлықтың да сарқылмайтын қайнар көзі, ол — барлық ұлы дастандар,
жер жүзіндегі барлық трагедияларды және олардың ішіндегі ең ұлысы — бүкіл
дүниежүзілік мәдениет тарихын жасаушы, шығарманың шығу уақыты, көркемдігі
және даналығы жағынан алғанда да ол бірінші философ, бірінші ақын", (12.26)
— дейді Максим Горький. Сондықтан кез-келген фольклордан, сол фольклорды
туғызушы халықтың дүниетанымын, әлеуметтік болмысын, рухани мәдениетін
танисың. Белгілі философтар Ә.Нысанбаев, Т.Әбжанов өзі өмір сүрген
заманның, яғни қоғамның бүгінгі ойын тану үшін, халықтың өткенін тану қажет
дегенге саяды. "Философия тарихы қазіргі философияның дамуы үшін аса қажет.
Өйткені, ол қазіргі философияның өмір сүру формасы. Философия мен
философияның тарихы іштей қабыса отырып, жалпы қоғамның, әсіресе жеке
адамның, тұлғаның сана-сезімінің қалыптасуының бірден-бір жолы болып
табылады. ... Философияның тарихы жалпы адамзаттың тарихына өте ұқсас.
Өйткені, оның міндеті материалдық жағынан ғана емес, рухани жағынан
көрсету", (13. 9) — деген нақтылы ғылыми талдау жасайды.
Фольклор көшпелілердің ғұмыр, тіршілігін айқын көрсете білуі,
Міржақыптың ой-танымының өсіп-өркендеуіне ықпалы зор екені сөзсіз. Оның
"Қазақ-қырғыздың ата тегі туралы" зерттеуінде қазақ тарихын зерттеген
ғалымдардың кейбір тұжырымдарына қарсы келгенде, көбіне-көп аңыз ертегілер
шежіре, тіл деректеріне сүйеніп пікір айтқаны айқындайды. Қазіргі
ғалымдардың пікірлері де көшпенділер тарихын, ой-танымын зерттеуде
эпос, ертегі, этногенез, шежіре, тіл, поэзия деректерін пайдаланып
зерделі тұжырымдар жасау керек дейді(14.71). Ойшыл ақынның дүниетанымының
қалыптасуьша ықпал еткен, оның философиясының дүниетанымдық арқауы бола
білген ІХ-ХҮ қазақтың ұлы даласынан шыққан философ ойшылдардың еңбектері.
Халық ауыз әдебиетінің негізінде жатқан, ежелгі түріктің бір бұтағы болған
қасиетгі қазақ даласында талай ұлы ғұламалар дүниеге келген. Олар бүкіл
шығыс араб-парсы мәдениетін меңгерген данышпандар, сондықтан да күні
бүгінге дейін олардың қалдырған мұраларын арада бөліп тұрған нешеме
ғасырлар көнерте алған жоқ.
Шығыстың Аристотелі атанған Әл-Фарабидің, Жүсіп Баласағұнның, Махмұт
Қашқаридің, Ахмет Яссауидің асыл мұраларынан ақын шығармашылығы нәр татқан.
Біздің қолымызда Міржақып бұл ғұламалардың еңбектерін талдаған немесе оқып-
зерттеген деген нақты жазба дерек жоқ. Дегенмен бұл туралы оның
шығармаларынан пікір сабақтастығын ескере отырып және ақынның берген кейбір
мәліметтерінің ізін қуалай отырып, пайымдаймыз. Оның аудармаларының ішінде
"Абу Фирастан" ("Терме", 1915 жыл) аудармасы бар. Ал Абу Фирас Әл-Фарабидің
замандасы, досы (15.16 ) болған ақын. "Қазақ-қырғыздың ата -тегі туралы"
зерттеуінде түркі тарихына терең үңілгендігі байқалады.
"Мұсылман Ренессансы" деген атауға ие болған заманның түлегі Әл-
Фарабидің біздің заманымызға тек негізгі шығармалары жетіп отыр. Оның
Аристотель мен Әл-Киндидің ізін қуып, философия мен ғылымның барлық алалары
бойынша еңбектер жазғанын қазіргі таңда ғалымдар ғылыми тұрғыда дәлелдеп
берді. Оның көптеген философиялық еңбектерінде Әл-Фарабидің пайымдауынша әр
адамның көздеген мақсаты үлкен игілік болса, бұл игілік — бақыт. Ол білім
мен қайырымды іс жасау арқылы бақытқа және өркениетке жетуге болады деген
пайымдауды бере отырьш, адам туа салысымен білімді болмайды, оған саналы
еңбектің қажет екенін ескертеді(16.150). Міржақыптың "Адамға тіршілік не
үшін керек?" мақаласында, "Не үшін бізге тіршілік керек деп білеміз? Бұл
турада қазақтың бұрынғы замандағы қариялары, ойшыларының айтып кеткен
сөздерінің ішінде жауап табыла ма деп ойлаймын", (15.236)- деп өткен
ойшылдардың негізіне сүйеніп, тіршілік досыңа жақсылық жасау үшін керек
дегенді айтады. Ойшыл досыңа жақсылық жасау дегеніміз, ол — еліңе, жеріңе,
адамзатқа игілікті істер жасау деп түсіндіреді. Қандай да бір іс болмасын
саналы түрде істелініп, адамға шапағаты тиер болса, содан ойшыл тіршіліктің
бақытын көреді. Адам тек өзін қоршаған әлеуметтік ортада ғана адам болып
қалыптасады. Ал бақыт ұғымы адамның әлеуметтік болмысымен тікелей
байланысты. Бақыт ұғымының терең мәні тек адами ортада ғана толық ашылуы
мүмкін. Неге? Өйткені барлық тірі жандардың ішінде адам ғана мақсатқа сай
қарекет етеді және осы мақсаттың өз өміріндегі орны мен маңызын пайымдай
алады. Міржақыптың пікіріне сай өз мақсатын басқалардың мақсатымен
сабақтастыра білген адам бақытқа жете алады. Бақытты болу дегеніміз
басқаларға жақсылық жасай білу, біліміңді де, қабілетіңді де, арман-
мақсатыңды да басқалармен бөлісе білу.
Міржақьш шығармаларын зер салып оқыған адам ғұлама мұраларынан рухани
дүниесіне нәр алған сабақтастықтарын байқайды. Әл- Фараби қоғамның өсуі
үшін, мемлекеттің дамуы, адам өмір сүре келе ақыл-ойының толысып,
жетілуінде деп біледі.
Міржақыптың бар мұрат-мүддесі де қазақ қоғамының дамуы үшін, елінің сана-
сезімін өсіру. Ғұламаның ойлауынша, мемлекеттің дамымай, надандануын
халықтың гуммандық деңгейге жетпеуіненкөреді, ал оның бірінші себебі
өкіметтің, қолынан іс келмейтін саясаткерлердің халықты басып-жаншып,
езуінен көреді. (17.43) Міржақыптың бұлайша пайымдауы Әл-Фарабидің
"Қайырымды қала тұрғындары" шығармасының дүниетанымдық пайымдауларымен
сабақтасқанынан көруге болады. Міржақыптың қазақ елінің сол кездегі
қараңғылығы мен надандығы Ресей патшалық өкіметінің отаршыл саясатынан
көретінін "Оян, қазақ!" жинағында-ақ ашып айтгы. Сол қараңғылықтан шығудың
бірден-бір жолы ағартушылық деп таниды.
Ескере кететін бір жайт ақын сопылық әдебиет өкілдерімен жақсы таныс
болды. "Адамға тіршілік не үшін қажет" атты мақаласында "... әр заманда әр
түрлі халықтың данышпан адамдары өз ойларынша түрліше жауап береді. Құдайға
құлшылық қылып, құдай жолын қуып, нәпсіні біржолата тыю керек, осыған
басқаға ғұмырды өткізбесе, сонда адамның жаны тыныш тауып, тәні мұңлықтан
құтылады", (18.236) — деп жазады. Тарихшылар зерттеп, дәлелдегендей Х-ХІІ
ғасырларда Орта Азия мен Қазақстанда сауда-саттыққа кең жол ашылып, сәулет
өнері өркен жайып, әр түрлі қол өнерлер дамиды. Түрік тайпаларының
мәдениеті мен әдебиеті гүлденіп көркейеді. Осы бір кезеңде Ислам дінінің
қанат жаюы, түркі халықтары біржола араб жазуына көшуі, көптеген ғылыми
жаңалықтардың келуін қамтамасыз етті. Ескере кететін жағдай, араб мәдениеті
Орта Азияға қаншалықты кірігіп, қанат жайғанымен қазақ халық ауыз
әдебиетіне айтарлықтай ықпал етіп деформацияландыра алған жоқ. Оған бір
себеп қазақ халқының көшпелі тұрмысы, өйткені
көшпелілердің дүниетанымына ислам дінінің орнығуының өзіндік ерекшеліктері
бар еді. Әрине, елдің татулығы мен бірлігін көксеген адамгершілік пен
имандылықты ақын көрсеткендей, Аллаға құлшылық қылып, адалдықты мұрат
тұтқан ақын-шайырлардың тобы сопылық ілімнің өкілдері тарихтың белесі. Осы
сопылық ағымының өкілдері ішінде ерекше танылып, аңыз болып ел санасында
қалғандар Қожа Ахмет Хазірет Сұлтан Яссауи, оның сопылық ілімін
жалғастырушы, шәкірті Сүлеймен Бақырғани, Хорезмдік Ахмет Йүгінекей және
т.б. Түркі халқының қасиетті әулиесі атанған түркі елін татулық пен
тазалыққа үндеп, өмірін қайырымдылықты арқау еткен Ахмет Яссауидің орны
ерекше бағаланар еді. "Хәзірет Сүлтан" ғылыми зерттеу мақаласында Міржақып
Ахмет Яссауи мавзолейінің арғы-бергі тарихын ғылыми тұрғыда зер салып
зерттегенін байқаймыз. Бұл зерттеулерінде біз М.Дулатовтың ойшыл еңбектерін
танып қана қоймай, одан рухани сусындағанын және ойшыл шығармалары оның
дүниетанымының қалыптасуына үлес қосқаны сөзсіз деп білеміз. В.Г.Белинский
"Көркем шығарманың қандайының болса да мені — оның болмыс мүмкіншілігінен
болмыс шындығы болып шығуының заңды процесінде суретшінің рухына пікір
көзге көрінбес дөн секілденіп душар болады, сол дән қолайлы, құнарлы шымда
молайып, дамып белгілі форма құрайды, шалқып, сұлуланып, жанданып, бейне
иемденеді, ақырында атымен жаңарып, өз алдына тұлғаланып, кесек бір әлем
болып шығады", — деген дәйекті пәлсапалық ой айтады.(6.13 ).
XIX ғасырдағы қазақ халқының қоғамдық ойы, ұлттық санасы, мәдени-ағарту
ісі сөз етілгенде шоқтығы биік болып тұратын үш кемеңгер тілге тиек болады.
Олар Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев. Халқымыздың
кемеңгері М.Әуезов: "Олар кең Қазақстанның шалғай жатқан өлкелерінен шықса
да, үш бір туғандай сезілетін асыл жандар. Олар үшеуі үш мұнарадай болған.
Бұл үшеуінің өмір, еңбек майданы үш алуан болуымен қатар, үшеуін бір
туғандай ететін ұқсастық та аса айқын. Ол ұқсастық олардың нәр алған
тамырынан, аналық топырағынан туған" (19.242). деген жоғары баға беріп,
нысаналы ойды жазады. Бұл үшеуінің қоғамдық ойдың дамуына, қазақ халқының
дүниетанымының қалыптасуына, рухани мәдениетінің өрістеуіне қосқан үлестері
зор екенін әркім-ақ біледі.
Ескере кететін бір жағдай, бұл үш ойшыл М.Әуезовтың тілімен айтсақ
"олар өздерінен бұрынғы қазақ баласы бармаған ырыс өлкесіне жетті".
(19.242) Яғни, олар орыс әдебиеті арқылы, еуропа м
мәдениетімен, әдебиетімен жақсы таныс болды. XIX ғасырдың екінші
жартысында түгелдей қозғалысқа түсіп жатқан қазақ қоғамы үшін жан-жақты
терең білімді ұлы қайраткерлердің шығуы тарихи қажеттілік еді. Сол кезде
әлеуметтік, саяси, экономикалық жаңару керек екенін санасымен түйсінген
олар, жалпы ағартушылық бағытты ұстанды.
Ғалым, философ Ғ.Есімов ағартушылық ұғымын былай түсіндіреді
"ағартушылық қоғам болмысьшың зандылығы ретінде аңғарылатын мәдени
қозғалыс, оның қозғаушы күші ұлттық идея. ... мәдени дәстүрге заман
талабына сай прогрессивті бағыттағы реформалар жасауға ұмтылу, сөйтіп
халықтың сана-сезімін ояту деген құбылыстар". (20.45). Мәдениет тоқырауға
ұшырап жатқан, өндіріс кәсібі жоқ, көпшілігі сауатсыз қалың кедей қазақ
елін ағартушылық арқылы өркендетуді, қазақ ойшылдары қоғам өміріндегі дұрыс
жол деп есептейді. Ғасыр басындағы зиялылар "алдыңғы толқын ағалардың"
салған ізінен үлгі-өнеге алып халыққа түсінікті саяси-әлеуметгік,
философиялық жүйені жасауға талпынды. Қазақ елінің тәуелсіздігін аңсаған
қайраткерлердің мұраттары да халықты ағарту арқылы өркениетке жету. Олардың
қалдырған мұралары ғасыр басында ғана емес, күні бүгін де білем дегенге
берері, үйренем деген үйретері мол асыл мұра.
Қазақстандағы ағартушылық идеологияның негізін салушы, әмбебап ғалым
Шоқан Уәлихановтың қазақ ғылымында алатын орны ерекше. Шоқанның өмірі мен
шығармашылығын қазақта алғаш зерттеп, жоғары бағалағандардың бірі Міржақып
Дулатов. Шоқан Уәлихановтың тікелей философиялық мәселелер жөнінде жазған
еңбегі жоқ. Алайда көптеген философ ғалымдар дәлелдегендей, оның
шығармаларынан философиялық пікірлер мен тұжырымдарды байқауға болады. Оның
көптеген еңбектерінде Қазақстан мен Орта Азиядағы түрік халықтарының өзекті
мәселелері зерттелінген. Бүгінгі күнге дейін ғылыми мәні сақталынған Шоқан
шығыстану ғылымына зор үлес қоса отырып, бұл еңбектерінде философияның
негізгі мәселесіне қатысты пікірлер айтады.
"Қазақтардағы шамандықтың қалдығы" еңбегінде шамандықтың шығуыньщ
себебін және оның мұсылмандықпен араласып, қабысып кетуін түсіндіреді.
Философияның негізгі мәселесі адамды және оның өзін қоршаған дүниеге қарым-
қатынасын сөз етеді. Шамандықтың пайда болуын түсіндіргенде адамның
болмысты тануы, яғни адам күнді көрді, күнге табынды, айды көрді айға
табынды, жұлдызды көрді жұлдызға табынды "сыртқы дүние - күн, ай, жұлдыздар
және жер — алғашқы құдірет болып табылады". (21.175 ). Шамандықтың пайда
болу себебін адамның ғажайып әлемді тану, ұғуы қажеттілігінен, құпия сырлар
өмір мен өлім мәселесі және табиғаттың құпиясына деген құштарлықтан деп
есептейді. (21.171 ). Ойшыл адамның өзін табиғаттың керемет жаратылысы
дейді. Табиғат пен адамның қатынасын, адамның табиғатта алатын орнын жоғары
қояды. "Табиғат пен адам! Өзіңіз айтыңызшы, тіршілікте одан ғажап, одан
құпия не бар?"(21.171).
Қазақтардың екі дінге қатар табынуы, олардың мәдениетіне, ой-санасына,
ұлттық әдет-ғұрпына еш кесірін тигізбейді. "Қазақтар әуелде Мұхаммедті
білмей түрғанда да, Аллаға табынып мұсылман әулиелердің басына құрбандық
шалып, бақсылардың құдіретіне де сенді, Пайғамбар ұрпақтары қожаларды да
құрмет етті", — дейді. Яғни, қазақтар Тәңір мен Алланы біріктіріп, жалпылай
немесе жекелей табиғатты қадірлеу — материализм болса, рухтың мәңгілігі
түсінуге тұрғысынан — спиритуализм дегенді айта отырып, бұны "Тамаша ойлап
табылған идея" деп бағалайды. Себебі адам қоғам заңдылықтарына барынша ерік
беріп, мифологиялық жағынан алжаспайды деген пәлсапалық тұжырым айтады.
(21.243).
Ресей империясының Қазақстанның жері мен елін отарлау және онымен қоса
рухани мәдениетін қоса отарлау саясаты мен қазақтарды шоқындыру әрекеті
іске аспады. Осыған байланысты отаршыл әкімшілік, бұхара халықты Ислам
фанатизмімен уландыру әрекетіне кірісті. Ш.Уөлихановтың жоғарыдағы
философиялық пайымдауын келтіріп отырғанымыздың себебі, ол татар діни
фанатиктерінің Бұхара молда, иман, қажыларының қазақ даласына көптеп келуін
қоғам дамуын ілгері емес, кейін қарай құлдырауына түрткі болады деп
күдіктенді. О.А.Сегізбаев қазақ философиясының тарихына арналған
зерттеулерінде татар және Бұхара молдалардың қазақ даласындағы іс-
әрекеттері туралы құнды пікірлер айтады. "Укрепляя свое положение по мере
углубления социальных противоречий казахского общества, духовенство было
вызвано отнюдь не для их разрешения, а наоборот, для их затушевывания, дая
того, чтобы путем идейного воздействия на массы сохранить старые порядки,
старые общественные отношения казахов, уже начавшиеся разрушаться под
воздействием России. Духовенство с помощью мусульманской религии идейно
закрепляло эксплуататорские законы патриархально-феодального строя,
пыталось увековечить их. Тем самым наносила огромный вред общественному
развитию казахов". (22.243). Ш.Уәлихановтың қожа, молдалардың ел арасында
көптеп келуі, қазақ қоғамының дамуына кері ықпал етуі мүмкін деген күдігін,
Міржақып шығармаларында нақтылы айтады. Ол ең бастысы олардың дүмшелігін,
молдалықты күн көрістің тәсілі еткен айла- шарғысын айьштайды. Бұл
айыптаулар діннің уағыздалуына емес, діннің жамылғысын жамылып елдің
санасын улаған дүмшелікке бағытталды.
Жарты ғасыр бұрын өмір сұрген Шоқан Уәлихановтың қоғам өміріндегі
қызметінің дені клирикалық мұсылмандаққа қарсы шығу және оның қазақ
халқының дүние тануына тигізер кесірін дәлелдеу әрекетіне арналады. Оның
"Қазақ сахарасында мұсылмандық" еңбегінде "... ол бізге келешекте халықты
ыдырату қаупін төндірмек", (21.197) - деген күдік айтты. Бұл жайт
Міржақыптың көптеген шығармаларында бой көрсетеді. Мысалы "Балқия"
пьесасында молдалардың надан қиянатын орынды ашып беруге тырысады, ал
"Хазірет Сұлтан" ғылыми зерттеу мақаласында тарих кепілдігі болып тұрған
мешіттің құрып кетуге таяу тұрғанын, ал қожа, молдалар "Хазіретіміздің
зиратын түзетеміз" деп мал жинап, есепсіз көп ақша олардың кеңірдектеріне
өтіп кетіп жатқанын (18.232 ) ашына айтады. "Бейшара момын қазақ әулиенің
атын атап, мың түрлі сиқырды оқып барған тіленші қожаларға жем болып тұрған
жайы бар. Зиратқа келгендерді ерікті-еріксіз талаудан басқа кәсібі жоқ". Ол
алдамшы, қиянатшыл дін басыларының озбыр әрекеттерінің қоғам өміріндегі
алар орнын ашып, әкімшілік тарапынан осыған тыйым жасауды талап ете отырып,
ең бастысы ел қазақтарының оларға деген соқыр сенімінің көзін ашуға, яғни
XIX ғасырда Шоқан көтерген молданың монтаны жүзінде жасырылған патша
өкіметінің отаршыл саясатының мәнін ашуға тырысады.
Міржақып дүниетанымының қалаптасуында Шоқан мұраларының ізі анық
байқалады. Ш. Уәлихановтың демократиялық көзқарастары ("Сот реформасы
туралы") Міржақып шығармаларымен де сабақтасып жатады.
Міржақып 1897-1902 жылдар аралығында Торғай қаласындағы орыс-қазақ
училищесінде алғаш дүниелік пәндермен таныс болады. Ал, ол училищенің
негізін салған адам, ірі қоғам қайраткері, қазақ ағартушыларының көрнекті
өкілі, ғалым, педагог Ы.Алтынсарин болатын. Осы оқу мекемесінде Міржақып
оның еңбектерімен еркін сусындады. Ы.Алтынсарин дүниетанымы мен МДулатовтың
қоғамдық ой пікірі мен дүниетанымдық көзқарастарының кейбір тұстары
үндесіп, сабақтасып жатады, яғни Міржақыптың дүниетанымының қалыптасуына
тұңғыш педагог еңбектерінің ықпалы болғаны.
Ы.Алтынсариннің мәдени-ағартудағы ісі, қоғамдық ой-пікірлері жан-жақты
талданып, қазіргі таңда тиісті бағасын алып отыр. Ол қазақ халқының басқа
ойшылдары сияқты қазақ халқының артта қалушылығын жоюдың жолы ағартушылықта
деп білді. Ол өз шығармалары арқылы ағартушылыққа шақырып қана қоймай,
Халық ағарту ісінің ұйымдастырылуы мен дамуына белсенді араласты.
Ағартушылардың ондағы мұраты қазақ далаларының инабаттылық пен
адамгершілікке тәрбиелей отырып білім беру. Келешекте қазақ қоғамының саяси-
экономикасы мен мәдени-әлеуметгік құрылысын дамытатын білімді жастарды
шығару. Осы орайда оның шығармаларындағы эстетикалық және этикалық
көзқарастары құнды да маңызды. "Кейін парақор болып шықпаулары үшін оларға
адамгершілік жағынан өсер етуге бар күшімді сальш отырмын", (23.198) - деп
құлықты тәрбиеге ерекше көңіл бөлгендегі мұратын айқындайды.
Ыбырай Алтынсариннің дүниетанымы деизімге жақын, ол дүниені жаратушы
Құдай деп біледі. Дегенмен ағартушы өзінің шығармаларында Шоқан Уәлиханов
сияқты қоғам өмірінің дамуына кедергі жасап отырған Исламның феодальды-
клерикалық идеологиясына қарсы болды. Қазақ халқының сана-сезім ағартушылық
арқылы көтеріп "әр нәрсеге көзқарасы бар адамдар қазақ арасында көбейіп
бүкіл халыққа әсер ете алады, сонда татар фанатизмінің де күлі көкке ұшады-
дегенді айтады. (24.204). Ы.Алтынсарин дін мен реалды өмірдің ара жігін
ажырата біліп, аспан мен жерді, күн мен айды, табиғат құбылыстары мен жалпы
табиғаттың өзін Құдай жаратты деп таниды. "Далаға шықсаң көк пен жерді
көресің, күн мен айды, көк үстіндегі жұлдыздарды, тауды-тасты, жел мен
жаңбырды — осының бәрін адам жаратуға қолынан келер істер емес; олай болса,
соның бөрін жоқтан бар еткен бір құдіретгі ие болса керек, біз көрмеген".
(23.48). Ал, қоғам өркениетке адамның білімі мен ғылымының өсуі арқылы
жетеді деген пікірде болады. Абайдың да дүниеге көзқарасы осы сарындас. Ол
дүниені жаратушы Алланың қақтығына еш шүбә келтірмейді, бірақ қазақ
халқының артта қалуын Құдайдан көрмейді.
Міржақыптың да дүниеге көзқарасында Құдайды жоққа шығарған пікір жоқ.
Оның шығармашылығында Ыбырай немесе Абай дүниетанымындағыдай айқын деизм де
байқалмайды. Ол жаратушыны мойындай отырып, қоғамды өркениетке жеткізетін
жолды құдайдан емес, халықтың өнері, білім, ғылымынан іздейді. XIX ғасырдың
екінші жартысындағы қазақ қоғамы үшін бұл -прогрессивті идея болғаны
сөзсіз. Бұл уақыттағы қазақ ағартушылығы, Еуропалық ағартушылықтьщ
ықпалында болғаны да күмән туғызбайды. Ойткені, XVIII ғасырда Франциядан
басталған бүл қоғамдық-саяси қозғалыс Шығыс Еуропа мен Азия халықтарын да
қамтығанды. Ағартушылықтың басты соққысы діни-клерикалдық топқа қарсы
бағытталғаны да заңды. Себебі қоғамдық қатынастарды түбегейлі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz