ҚЫЗМЕТТІК ӨКІЛЕТТІЛІКТІ ТЕРІС ПАЙДАЛАНУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТАР


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ОРТА АЗИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
ҚЫЗМЕТТІК ӨКІЛЕТТІЛІКТІ ТЕРІС ПАЙДАЛАНУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТАР
Алматы - 2009
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1-ТАРАУ. ҚЫЗМЕТТІК ӨКІЛЕТТІЛІКТІ ТЕРІС ПАЙДАЛАНУДЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ . . .
- Лауазымды тұлға және қызмет өкілеттілігіне жалпы мінездеме . . .
- Қызмет өкілеттілігін теріс пайдаланудың түсінігі . . .
- Қызмет өкілеттілігін теріс пайдалануының қылмысының құрамы . . .
2-ТАРАУ. ҚЫЗМЕТТІК ӨКІЛЕТТІЛІКТІ ТЕРІС ПАЙДАЛАНУДЫҢ КРИМИНАЛИСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ . . .
- Қызметтік өкілеттілікті теріс пайдаланудың криминалистикалық сипаттамасы және оның элементтері мен түсінігі . . .
- РФ қызметтік қылмыспен күресуінің салыстыру сараптамасы . . .
3-ТАРАУ. ҚЫЗМЕТТІК ӨКІЛЕТТІЛІКТІ ТЕРІС ПАЙДАЛАНУМЕН БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫ ТЕРГЕУ ЖӘНЕ АШУ ӘДІСТЕМЕСІ . . .
3. 1 Қызметтік өкілеттілікті теріс пайдалану қылмыстарын ашу және анықтау. .
3. 2 Тергеуді жоспарлау мен тергеуге тән жағдайлар . . .
3. 3 Қылмыстық өкілеттілікті теріс пайдалануды тергеудің алғашқы кезеңі . . .
- Қызметтік өкілеттілікті теріс пайдалану кезіндегі тергеу
жұмыстарының ерекшеліктері . . .
- Қызметтік өкілеттілікті теріс пайдалануды тергеудің жалғасы мен қорытынды кезеңі . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
КІРІСПЕ
Қылмыстың өсуі оның ішінде экономика жүйесінде өсуі жүргізіліп отырған экономикалық реформаға және оның бағытына теріс әсер беруде. Экономикалық қылмыс - ол бірден - бір тұрғындардың материалдық жағдайы және экономикалық жағынан өсуіне тежеу келтіруде. Экономика саласында тәртіпті ретке келтірмей оның дамуын сөз өту өте қиын. Экономика жағдайын қорғау және жеке меншікті күзету қылмыстық құқықтың және процесстың қатысуын талап етеді, сондықтан басқа салалар оларды нақты қорғай алмайтын жағдайда.
Қазақстан Республикасында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі» жаңа ҚР ҚК қабылдануына байланысты, мемлекеттік аппаратта қызмет орнын пайдаланып қылмысқа баратын тұлғалармен күресу жаппай белең алуда. Қызмет орынын пайдалану қызметтік қылмыстың кең тараған түрі, көбіне бұндай қылмыстар мемелектеттік аппарат тұлғаларының қылмыстық істерінің басы, кейде ауыр қылмыс жасауға себеп болады. Қылмыс мемелкеттік аппараттың әрбір саласында болуы мүмкін. Ең қауіптісі өзінің қызмет лауазымын пайдалану арқылы мемлекеттік аппарат жұмысын бұзып, сонысымен мемлекетке нақты зиян келтіреді.
Қылмыстың неігзі, мемлекеттік қызметкер лауазымды тұлға өзіне сеніп тапсырылған қызметтік лауазымды теріс бағытта қолдануында.
Тәжірибеде көрсетіліп отырғандай экономикаға зиян келтіріп отырған «ақжағалылық» қылмыс, олармен күресу оңай болмай отыр. Экономикалық қылмыспен күресті нәтижелі жүргізу үшін, олардың жасалу түрлерін білу және нақты тұлғалардың кінәсін растайтын материалдар жинау және әдістемесін ашу.
Оқиғаларды, жағдайларды зерделеудің сан алуан түрлері бар. Осындай зерделудің түрі қылмыстық іс бойынша тергеу болып табылады, сонымен қатар экономикалық қылмыстар жөнінде. Үкіметке экономикалық көрсеткіштердің төмендеп кетуінің себептерін, механизімін, салдарын, қатысушыларды, істің салдарын, істі қиындатуға әкеліп соққан проблеманы шешу немесе жою.
Осындай жағдайлардың күрт төмендеуі экономика саласындағы региондармен ведомстволарда, мекемелерде болуы мүмкін.
Тергеу бюджет есебінен инвестицияның көбеюіне қарамастан көрсеткіштері төмен региондарға, мекемелерге, экономика салаларына тағайындалады. Қылмыстық істер шеңберіндегі тексерулер басқа тексерулерден екі түрімен (журналисталық, парламенттік және т. б. ) ерекшеленеді, бірінші жағдайда ауқымды спектор методттарды зерделеу: ғылымнан барлаушы және контрбарлаушы әдістеріне дейін аталған жедел тексеру шаралармен, екіншісі еркін жүріп - тұруды шектеу бойынша шара қолдану (ешқайда жол жүрмеу, үйде қамау және т. б) және басқа құқықтар (тінту жүргізу, мүлікті алу, сөйлесулерді құпия тыңдау, хаттарды қарау) .
Мемлекеттік қызыметке қарсы қылмыстар қызмет саласында кең таралғандықтан, осы қылмыстарға ұқсас қылмыстармен күресу өзекті мәселе болып отыр. Лауазымдық өкілеттікті теріс пайдалану қазіргі кезде ұрлау, пара алу, қызметтік лауазымды асыра пайдалану қылмыстарына ұқсас болады немесе оларды жасауға мүмкіндік туғызады не болмаса оларды жасырудың құралы болып табылады. 1
Дипломдық жұмыстың мақсаты лауазымды қызметті өз пайдасына айналдыруды тексеру және ашу әдістерін зерделеу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей негізгі шаралар қойылды:
- лауазымды теріс пайдалану түсінігін ашу;
- лауазымды теріс пайдаланудың субъективтік және
объективтік жақтарын қарастыру;
- аталған қылмыстардың криминологиялық ерекшеліктерін зерделеу;
- лауазымды қызметті теріс пайдаланудыт тексеру және
ашу әдістерін зерделеу;
- лауазымды қызметті теріс пайдалануды тексеру және ашу
әдістемесін жүзеге асыру бойынша ғылыми негізді мінездемелерді
талдау.
1 ТАРАУ ҚЫЗМЕТТІК ӨКІЛЕТТІЛІКТІ ТЕРІС ПАЙДАЛАНУДЫҢ
ҚЫЛМЫСТЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
1. . 1 Лауазымды тұлға және қызмет өкілеттілігіне жалпы мінездеме
Мемлекеттік қызмет - қызметтік міндеттерді және қызметтік өкілеттілікті бір тұтас нормативтік құқықтық актілермен бекітілген бір тұтас структуралық меммекеттік орган («Мемлекеттік қызмет жөніндегі» ҚР заңының 1 бабы) ; бұл мемлекеттік органның құзырының бөлшегінен тұратын мемлекеттік органның базалық құрылымының бірлігі. Заңдылыққа сәйкес мемлекеттік лауазымды иеленушілер барлығы бірдей мемлекеттік қызметке қатысты қызметті атқарады деп айтуға болмайды, дәлірек айтқанда мемлекеттік қызметтің барлығы бірдей мемлекеттік қызметтің мемлекеттік лауазымы болып табылмайды.
Әрбір мемлекеттік қызметкер өзіне бекітілген міндеттерді жүзеге асырумен, нақты мақсаттарды орындаумен айналысуы қажет. Сондықтан да қызметкер әрдайымда мемлекеттік әкімшілік органдарда және құрылымдық бөлімшелерде нақты лауазымды иеленеді. Мемлекеттік қызметкер бекітілген тәртіппен лауазымды иеленген тұлға болып саналады; ол қызметкерлер штатына енгізіліп өзіне сәйкес квалификациялық разряд (квалификациялық сынып, шен) алады және мемлекеттік әкімшілікте лауазым сатысынан (иерархия) орнын алады.
«Лауазым» түсінігі ғылыми әдебиеттегідей және қолданыстағы нормативтік актілер деңгейінде әр - түрлі сипатталады. Айта кететін жәйт, өткен жылдардағы ғылыми зерттеулерде бұл мәселе аса бір мағынаға ие болған емес және заңгерлер аталған категорияны және оның мазмұнын тек мемлектік қызметтің басқа мәселелеріне байланысты қарастырып отырды (мысалы, мемлекеттік қызметкердің құқықтық статусын зерделеу кезінде) .
Ғылыми әдебиетте «лауазым» түсінігіне байланысты және оның түсінігіне байланысты пікір-талас жоқ.
Оқымысты - заңгерлер лауазымды мемлекеттік әкімшіліктің жай элементі, оның бірінші және негізгі жасушасы ұйымдастырушы құрылымы ретінде түсінеді. 2
Аталған түсінікке классикалық анықтама: «Мемлекеттік - қызметтік лауазым - ол мемлекеттік органның (ұйымның) ұйымдастыру құрылымының бөлігі, негізгі құжаттармен негізделген және тіркелген (штатта, лауазымды айлық схемасына және т. б. ), оның тәжирибелік жүзеге асыру мақсатында мемлекеттік қызметкер - ұсынылған тұлғаға компетенциялық мемлекеттік органның (ұйымның) бөлігі. » 3
Осыған байланысты, лауазым келесі белгілермен мінезделеді:
- мемлекеттік органның ұйымдстыру құрылымының бөлігі болып табылады;
- құқықтық актілерде бекітілген мемлекеттік органның құзырлы бөлігін өзіне енгізеді.
Бір жағынан, лауазым алғашқы бөлінбейтін аппарат компоненті.
Лауазым - басқармада оның ролі мен орнын анықтайтын бір қызметкерге арналған аппараттың жәй жазушасы. Бір жағынан, ол ұйым жұмысының бір бөлшегін атқарушы, заңды тұлға бір адамға бағытталған құқық пен міндеттердің жиынтығы.
Әр бір лауазым құзырлы органдардың актілер тәртібімен бөлініп құрастырылады, тұлғаға байланысты аты, қызметтік иерархияда орны (кімге қарайтыны, оған кім қарайтыны), бір-бірін алмастыру тәртібі анықталады. Ол штаттық кестеге, лауазымды қызметкерлердің бір тұтас номенклатурасына енгізіледі. «Құзырлы мемлекеттік және құзырлық органдар арасындағы байланыс, бір жағынан, оның құрамдары, екінші жағынан лауазым болып табылады. Лауазым - ол алғашқы органның жазушасы (немесе оның аппаратынының) құқтық статусы; нақты айтқанда қызметтік орны. Сол кезде немесе басқа уақытта ол бос емес немесе жабық болуы мүмкін. Лауазым осы орынды иемденген немесе сол орынға үміткер тұлғаға қатысты талаптарды анықтайды, қызметтік міндеттерді және қызметтік және жеке құқытар жиынтығын береді».
Д. Н. Бахрах айтқандай лауазым - ол ең алдымен қажетті қимыл-істерді жүргізуді талап ететін қызметтік міндеттер, атап айтқанда қызметтік мақсаттарға жету үшін оны шығарған тұлғаның жағына шешілетін іс-қимыл.
Қызметтік құқық қамсыздандыру мінездеме алып жүреді, олардың ауқымдылығы қызметкерге өз міндеттерін орындау үшін қажетті жағдай жасауға негізделген, сондықтан, қызметкер оларды пайдалануға міндетті. Жалпы айтқанда, қызметтік құқық түсінігі үкіметтік емес субъектілерге қатысты құқық (тапсырма беру, ұстау, жауапкершілікке тарту және т. б. ) . Ал егер оларды мемлекеттік тұрғыда қарастырсақ (ұйым тұрғыда), онда қызметкер ұстауға, қадағалауға және т. б міндетті - ол оның қызметтік міндеті. Мемлекеттік қызметкердің қызметтік құқығы мен міндеттері бірыңғай, оның бірыңғайлығы сол, олардың құқығы міндеттер болып табылады, яғни олар қызмет мақсатында пайдаланылуы қажет, ал міндеттер - құқықтармен, яғни қарсы жағдайда оларды (міндеттерді) жүзеге асыру мүмкін болмайды. Сондықтан да қызметтік міндеттер мен қызметтік құқықты әрдайымда бір түсінік - өкілеттілік тұтастырады, алайда, құқықтың бәрі бірдей міндеттілік болып табылмайды. Басқару ғылымы міндеттер мен құқықтың бір бірімен байланысы жөнінде қағида жасалды: олардың бір бірімен сәйкестігі қажет.
Аталған лауазымдық өкілеттілік мемлекеттік органның және оларды тағайындау функцияларының қатаң сәйкестікте орындалуға жатады. Лауазымдық өкілеттілікті дұрыс пайдалануды қамтамассыз ету үшін қылмыстық заңдылықта қызметтік өкілеттілікті теріс пайдаланғаны және қызметтік өкілеттілікті (ҚК 307 бабы) немесе билікті асыра пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған (ҚК 308 бабы) .
Жоғарыда айтылған қылмыстарды жасауға, біріншіден қызметкердің лауазым жағдайы, оның өз құықығын жүзеге асыру жағдайы, нақты
мәселелерді шешуге ықпал жасауы, нақты іс-қимылдарды жасай алуы, оған мәлім ақпараттарды немесе басқа лауазым иесі тұлғалармен байланыстарды пайдалану негіз болып табылады.
Сондықтан да лауазым иелерінің іс-қимылдарын ҚР ҚК 307 бабындағы тұғырмен «Қызмет бабын теріс пайдалану», сонымен қатар ҚР ҚК-ң 308 бабы «қызметтік лауазымды және билікті асыра пайдалану» сарапталуы қажет.
1. 2. Қызмет өкілеттілігін теріс пайдаланудың түсінігі.
Қызмет бабын теріс пайдалану - қызметтік қылмыстың кең етек алған түрі, кей кездерде басқа қылмыстық істермен қатар басқа қатаң қылмыс жасау тәсіліне айналып лауазымды тұлғаның қылмыстық іс-қимылының бастамасы болып келеді. Мемлекет аппаратында, облыс басқармасында, шаруашылықта, банк істері салаларында жасалуы мүмкін. Оның қауіптісі сол, лауазым иесі өз қызмет жағдайын қылмыстық жағдайға пайдаланып мемлекетке, жеке азаматтарға немесе жалпы қоғамға елеулі зиян келтіре отырып, мемлекет аппаратының дұрыс жұмысын бұзады.
ҚР ҚК 307 бабының «Қызмет бабын теріс пайдалану» тарихи аспектісін қарастырайық. Қаз ССР ҚК-ң 143 бабында аталған қылмыс «Лауазымды тұлғаның қызметтік борыштың талаптарын бұзып мемлекеттік және қоғам мүддесіне айтарлықтай зиян келтіретін, яғни заң және құқыпен қорғалатын азаматтардың мүддесіне айтарлықтай зиян келтіретін қасақана іс-әрекеті». ҚҚ-ң зерттеудегі бабы екі атауға ие «билікті асыра пайдалану және қызмет бабын теріс пайдалану». Қылмыс билік өкілеттілігі тарапынан жасалған жағдайда, «Билікті асыра пайдалану» болып табылады. Басқа жағдайларда қылмыс субъектісіне басқа лауазым иелері тартылған жағдайда «Қызмет бабын теріс пайдалану».
Бұл қылмыс іс жүзінде сол мемлекет аппарат жүйесіндегі оған ұсынылған қызметтегі қызмет жағдайындағы құқығы мен өкілеттілікті теріс пайдалану арқылы қылмыс жасау субъектісі лауазымды тұлға болып табылуы. Қызметтік құрылымда қызметтік қылмыс түрлерінің кең етек алуы салғырттықтан кейін екінші орында қылмыс кеңінен таралған (қызмет бабын теріс пайдалану біреудің мүлкін ұрлаумен, пара алу, билікті асыра пайдалану немесе оған ықпал жасау болып табылады) .
Бір жағынан билікті асыра пайдалану немесе қызмет бабын теріс пайдалану қызмет аясында жасалатын іс-қимыл, былайша айтқанда мемлекет тарапындағы құқық пен өкілеттілікті лауазымды тұлғаның алған мәліметтерді пайдалануы.
Қызметтік лауазымды немесе билікті асыра пайдалану кезінде лауазымды тұлға әрдайым өзінің құзырына қатысты іс-әрекеттерді атқарады, қызметтік өкілеттілікті пайдалануға айқындалады және осы секілді лауазым иесі емес тұлғалар үшін мүмкін болмайтын істерді жасайды.
Осыған байланысты, қарастырылып отырған қылмыстың дұрыс емес жағы: лауазымды тұлғаның нақты іс-әрекеттерді қызмет мүддесіне қайшы жасауы, лауазымды тұлғаның өз іс-әрекетімен мемлекетке немесе қоғам мүддесіне немесе заңмен қорғалып отырған азаматтар құқығы мүддесіне айтарлықтай зиян келтіруі; қылмыстық іс-ірекеттер мен қызмет жағдайын пайдалану арасында байланыс себептері.
Қызметтік лауазымды пайдалану билік басындағы лауазымды тұлғалардың белсенді іс-әрекеттері. Қаз ССР ҚК байынша билік және қызмет жағдайын теріс пайдалану лауазымды тұлғаның белсенді түрдегі іс-әрекеттермен жасалуы мүмкін. Басқа ТМД Республикасының ҚК бойынша қарастырылып отырған құрам іс-әрекет жолдарымен, сонымен қатар еш іс-шарасыз да жасалуы мүмкін. Мысалға Грузияның ҚК-ң 185 бабында лауазымды тұлғаның қызмет талаптарына қайшы жасалмаған іс-әрекеттері немесе қасақана жасалғаны жөнінде айтылады.
Осыған байланысты Қаз ССР ҚК-ң 143 бабында басқа ТМД республикасынан айырмашылығы сол, қызмет бабын теріс пайдалану тек іс-әрекет ретінде қарлады, ал ол негізінде лауазымды тұлғаның іс-шарасыздығы салақтықпен қоса қызметтік қылмысты құрайды. Қасақана жасалған қылмыс (биліктің іс-шарасыздығы) және әр түрлі санкциялармен бекітіледі, ол негізді болуы мүмкін емес.
Осымен қатар, егер лауазымды тұлға қызметтік іс-әрекет жасай отырып және белгілі талаптарды сөз жүзінде бұзып тіпті іс мүддесіне қайшы келмесе қызмет бабын теріс пайдалану себебі жоқ болып саналады. 4
Әрине лауазымды тұлғаның іс-әрекеттері заңға қайшы келмей мақсатқа сәйкес қызмет мүддесіне қайшы жасалған болып есептелмейді. Сотық тәжірибеде осындай көз қараста. Өндірістік кооперативтің төрағасы С. ҚК-ң 143 бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Оны өнім жинау үшін көршілес шаруашылықтан шақыртылған комбайыншыға 25 т. бидай бергені үшін айыптауда. Аудан прокуроры С. деген азаматқа қатысты қылмыстық істің материалдарымен мұқият таныса келіп С. қызмет жағдайындағы қызмет бабын теріс пайдаланды деген айыпты негізсіз деп тапты. Бидай жинауға шақырылған комбайыншыларға берілген бидай өндірістік коператив правлениясының шешімімен берілді.
Сонымен қатар С. кооператив мүддесін басшылыққа алды, басқа өз мүдделілігі онда болған жоқ. Аудан прокуроры С. тарапынан қылмыстық іс-әрекеттің болмауына байланысты осы іс бойынша тергеушінің қаулысының күшін жойды. 5
Елеулі қиындық туғызатын қылмыстар лауазымдық қылмыстың басқа аралас қылмыстық құраммен байланысы. Республиканың сот материалдарын қарау кезінде көрсеткені, ол сот және прокуратура органдарының қызмет бабын теріс пайдалануда қарастырылатын жауапкершіліктің шамаларын дұрыс пайдалануы. Алайда кейбір аралас құрамның қызмет бабын теріс пайдалануы және іс жүзінде және сот тәжірибесінде осы құрамды шексіздендіру көзқарастың жоқтығы квалификацияны қателікке соқтырып, жеке тұлғаны алатын болсақ қатаң жағдайларға әкелуі мүмкін.
Қылмыстың дәрежесіндегі қателік жазалау шарасын дұрыс пайдаланбауға және құқықтық жауапкершілкке тартылуына байланысты негізсіз және жазалау шарасын дұрыс тағайындалмауына әкеліп соқтырады. (сотталу, еңбекпен түзеу колониясының түрі, мерзімнен бұрын босату немесе кешірім жасау және т. б. ) Сот тәжірибесінде әсіресе көптеген келіспеушілік қызметтік өкілеттіліікті теріс пайдаланудағы шектеуді тудырады, ұрлаудан, салақтықтан, пара алудан, билікті асыра пайдалану және басқа да қылмыстардан.
- Қызметтік өкілеттілікті теріс пайдалануының
қылмысының құрамы.
Қызметтік өкілеттілікті қызмет мүдделеріне кереғар пайдаланылуы, егер бұл азаматтардың не ұйымдардың заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделері не қоғамның және мемлекеттік мүдделері елеулі түрде бұзуға әкеліп соғады.
ҚР ҚК баптарында тұрақты, уақытша не арнаулы өкілеттілік бойынша өкіметтің өкімі қызметін жүзеге асырушы не мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскери және әскери құрылымдарында әкімшілік - ұйымдастырушылық немесе әкімшілік - шаруашылық қызметтерді орындаушы адамдар лауазымды адамдар болып танылды.
Мемлекет қызметтерін және мемлекеттік органдардың уәкілеттіліктерін тікелей орындау үшін Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Конституциялық және өзге де заңдарында белгінленген лауазымдарды атқаратын адамдар, сол сияқты Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңдарына сәйкес мемлекеттік қызметкерлердің саяси лауазымдарын атқаратын адамдар жауапты мемлекеттік лауазым атқаратын адамдар деп түсініледі.
А) Қылмыс құрамының объективті белгілері.
Қылмыстың қоғамға қауіптілігі мемлекеттік қызмет мүддесі, мемлекет аппарыттың заңмен реттелген, дұрыс қызметіне озбырлық жасаумен сиппатталады. Негізділік тікелей объект болып мемлекеттік қызмет мүдделері саналады.
Қосымша тікелей объект болып - азаматтардың, ұйымдардың заңды мүдделері саналады.
Бұл қылмыстың объективті жағы, ол мемлекеттік қызметтерді атқаруға уәкілетті адамның не оған теңестірілген адамның өзінің қызметтік уәкілеттілігін қызмет мүддесіне кереғар пайдалану, егер ол мемлекет не қоғам және азаматтар заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерін елеулі бұзуға әкеп соқса.
Билікті не қызметтік уәкілеттілікті асыра пайдалану қылмысы айқындалады, егер азамматтардың не мемлекет, не қоғам және ұйымның заңмен қорғалатын құқтары мен мүдделерін бұзу және соның салдарынан және адамдардың әрекетсіздігінен залал келтіру түрінде болуы. Осы белгілердің мазмұны мен түрлерінің объективті жағы билікті не қызметтік уәкілеттілікті теріс пайдалану сияқты, қызметті асыра пайдаланумен бірдей. Қызметтік уәкілеттілікті не билікті теріс пайдаланудың тиісті белгілерінде нақты құқық бұзушылықтың жоқтығынан. ҚК 307 бабы қылмыстық жауапкершіліктің жоқтығын растайды. 6
Елеулі бұзушылық белгісі аталған уәкілеттің ісінің шектен шығуын айқындығын білдіреді.
Заңда көрсетілгендей қылмыс деп, атап айтқанда мемлекет және қоғам немесе ұйым не азаматтардың заңмен қорғалатын мүдделерін бұзу салдарынан болған қылмыс. Тәжірибеде бұл қылмыс психикалық немесе күш көрсету арқылы зорлық жасау түрінде айқындалады.
Билікті асыра пайдалану кезінде зорлық - зомбылық көрсету психикалық немесе күш көрсету болуы мүмкін. Билікті не қызмет
уәкілеттілігін асыра пайдалану кезінде күш көрсету зорлық-зомбылық жәбірленушіге қол жұмсау, азаптау, ұрып соғу, заңсыз қамауға алумен айқындалады.
Билікті асыра пайдалану кезіндегі психикалық зорлық-зомбылық күш көрсету зорлық жасаумен қорқыту және өлтіремен деп қорқыту, жәбірленушінің нақты іс-шаралар жасауға итермелеу және қылмыс жасауын жеңілдету мақсатында үркітумен айқындалуы мүмкін. Психикалық зомбылық сөзбен, хатпен, ыммен, қозғалыспен, сонымен қатар, үркіту жәбірленушіге ғана емес оның туысқандары мен жақындарына да қатысты болуы мүмкін.
Қызмет өкілеттілігін асыра пайдаланудың объективті жағының түрі оған ұсынылған өкілеттілік шегінен шығып және заңда көрсетілген бұзушылықтың бір түріне әкеліп соқтыруы.
Қызмет өкілеттілігін пайдалану астарында, лауазымды тұлғаның және қызмет өкілеттілігіне қатысты міндеттері мен құқықтарды жүзеге асырумен байланысты атқаратын қызметінің күшіне бөлінген лауазымды тұлғаның қалыптасуы. Қызмет өкілеттілігі тиісті лауазымды иемденген адамның міндеттері мен құқықтары қағидамен, нұсқаулықтармен, жарғылармен немесе басқа да нормативтік актілермен айқындалады.
Қызмет өкілеттілікті қызмет мүддесіне керағар пайдалану түсінігі, ол қызмет адамының өз құзыры аясында, бірақ тиісті органның мақсаттары және міндеттеріне керағар істер жасауы. Қызмет өкілеттілігін теріс пайдалану әрекетсіздік және нақты істер арқылы жасалуы мүмкін.
Өзінің құрылысы жағынан бұл қылмыс материалдық және демек заңда көрсетілген нәтижелер айқындалған сәттен аяқталан болып есептеледі, оған қатысты: азаматтар заңды және құқықтық мүделерін бұзу немесе заңмен қорғалатын мемлекет және ұйым мүделерін бұзу. Келтірілген залал негізді болып табылуын шешу кезінде, міндетті түрде кәсіпорынның, мекеменің жұмысына келтірілген залал дәрежесін, материалдық шығын мөлшері мен түрін, жәбірленген азаматтар санын, моральдық, күш жұмсау ауырлығын немесе мүлік залалын ескерілуі тиіс.
Елеулі бұзу материалдық залал келтіру, азаматтардың Конституциялық құқығы мен бостандығын бұзу, мемлекет билігінің беделін түсірумен көрсетілуі мүмкін.
Егер келтірілген залал елеулі болмаса, онда кінәлі адамның ісі тәртіпсіздік тұрғыда қаралады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz