Аудармашының шығармашылық шеберханасы
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1 тарау. Аудармашының шығармашылық шеберханасы ... ... ... ... ... ...
1.1. Көркем аударма және аудармашы
еңбегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Қ.Қараманұлының аудармашылық
еңбегі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2 тарау. Қ. Қараманұлы батыс әдебиетінің
аудармашысы ... ... ... ... ... ..
2.1.Ирвинг Стоунның Грек қазыналары романының
тәржімалануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Түпнұсқа мен аударма мәтіндегі көркемдік құралдарды
салыстырмалы
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ
Қазақ аудармасының тарихына зер сала қарасақ, халқымыздың мәдени даму
байланыстарының түрлі кезеңдерінде аударманың рөлі айрықша болған. Жеті
жұрттың тілін біл деген халқымыз көп тілді білудің қадірін, қажеттілігін
ежелден сезген. Әсіресе, 19-шы ғасыр мен 20-сыншы ғасырда аударма жаңа
сипатта қоғамдық озық ойлармен, әдеби шығармалармен танысудың тиімді көзі
болып саналғанымен, аударматану ғылымы, аударма теориясы жүйелі ғылыми
айналымға енген жоқ. Әбу Насыр әл-Фарабидің 70-тен аса елдің тілін білуіне
мән бере қарасақ, ғұлама ғалымның талай еңбектер жазып қалдыруының сыры
терең білім мен көптеген тілді меңгеру қабілетімен ұштастырылады.
Аударма жұмысы қазір біздің өмірімізден үлкен орын алады. Тіл
дамуындағы процесстің барысында аударма қызметінің атқаратын рөлі орасан
зор. Қай халықты алып қарасақ та, өзінің мәдени, рухани байлығын ең алдымен
екі негізден алып дамытып отырған. Бірі өзінің ішкі мүмкіндіктері болса,
екіншісі – өзге жұрттың байлығына иек арту. Өзге тілдің рухани дүниесімен
сусындай отырып, өз мәдениетін өрендеткен, өз мәдениетін дамытқан халық
қашан да басқа елдің ғылым білімін үйренуге ұмтылады. Осындай игі істің
жандануына аударманың айрықша қызмет атқарғандығы мәлім. Аударма –
халықтар достығының дәнекері деп аялауда көп мән бар. Егер біз дүниежүзі
халықтарының бәріне ортақ неше алуан мәдени, әдеби, тарихи мұраларды тізіп,
санап, оқып шыға алатын хәлде болсақ, ол тек аударманың арқасы. Аударма қай
заман, қай кезең болмасын қоғам өмірінің ілгері жылжи дамуына қалтқысыз
қызмет етіп етіп келеді. Қазіргі кезеңде аударманың көбейгені соншалық, тек
орыс тілінен қазақ тіліне аударылған шығармалар тізімін атап шығудың өзі
оңайға түспейді.
Аударма – көне де, жаңа өнер. Аударма адамдардың көп заманға
созылған аударма тарихында тілі өзге басқа адамдар қауымын түсінудің
құралы, олармен қарам-қатынас жасаудың дәнекері болмақ.
Аударма әрқашанда адамдар, қауымдар, тайпалар, халықтар, ұлттар
арасындағы әлеуметтік, экономикалық, рухани, ғылыми қарым-қатынастың
алмасу, айырбастаудың құралы, ел танудың құралы, достықтың,
ынтымақтастықтың , тәжірибе-тағылым алмасудың дәнекері.
Көркем аударма – сөз, әдебиет, публицистика салаларының ажырамас бір
бөлігі. Аударма адамдардың көне замандардан жеткен тілі өзге адамдар
қауымын түсінудің құралы. Олармен қарым-қатынас жасаудың делдалы болған.
Аударма жасау арқылы тілімізде сөз құраудың, ойды бейнелеудің жаңа
тәсілдері туды,жазу шеберлігі артты. Ол халықты рухани жағынан дамытудың
күшті құралы: бүкіл адамзат мәдениетінің қазыналық қақпасын ашатын кілт,
ғылым мен білімнің қайнар бұлағы, тіл ұстартудың мектебі.
Аударма шығармасына аудармашы талантын, жандүниесін, шығармашылық
құштарлық пен қызығушылығын арнағанда ғана, ол бар табиғатымен,
тұтастылығымен, құрылымдық элементтерімен тегіс танылады. Автордың ой-
сезімін, дүниетанымын, стильдік дербестігін, көркемдік әлемін терең түсіну,
айқын сезіну – аударма сәттілігінің негізі. В. Ганиев пайымдауынша,
Аудармашылық өнердің өзегі – шығармашылық қайта түрлендіру. Бұл маңызды
мәселені зерртеу, оның әртүрлі қырын аңғару – бұл дегеніміз аударманың
құрылымдық өзгешелігінен шығып, оның терең негізін түсіну. Кезінде П.
Антокольский қайта түрлендіру өзгешелігін аударма өнерінің феномені деп
атапты. Бұл – өз туындысына автор қандай шебер болса, аударма шығармаларына
да сондай талантты болу міндеттілігі. А. С. Пушкин, Абай – осындай дара
тұлғалар. Аудармашының сөздік қорының байлығы, тіл шеберлігі, әсіресе
синонимдер мен тұрақты сөз тіркестерін мол білу – аударма сапалылығының
негізі. Екі тілдің сөздік қорын, әдеби тілін молынан игеру – көркем
аударманың жоғары құндылығының кепілі.
Тақырып өзектілігі. Аударма жұмысы қазір біздің өмірімізден үлкен
орын алады. Аударма – зор тынысымыз. Біз көбінесе орыс тілі арқылы бүкіл
дүние жүзінің әдебиеті мен мәдениетіне қол ұсынамыз. Аударма жанры
арқасында қазақ оқырмандары әлем әдебиеті классиктерінің сарқылмас рухани
қазынасына кенелді. Сонымен қатар ғылымның барлық саласынан дерлік
оқулықтар, күрделі еңбектер, көркем әдебиеттер аударылуда.
Тіл дамуындағы үрдістің барысында аударма қызметінің атқарған
және атқаратын қызметі орасан зор. Қазақстанның рухани өмірінде күн сайын
сан алуан материалдар орысшадан қазақшаға аударылып жатады. Олар түр
жағынан да, мазмұн жағынан да әр алуан және ғылымның барлық саласын,
бүгінгі адам баласының күллі ой-өрісін мол қамтиды. Олар жанр жағынын да,
стиль жағынан да қилы-қилы. Оларда бұрын айтылмаған тың ойлар, аударылмаған
соны сөздер келеді.
Қазақтың тұңғыш педагог жазушысы Ы. Алтынсарин мен жаба
әдебиетіміздің негізін салушы ұлы Абайдан басталатын қазақ аударма тарихы
даму мен қалыптасу жолында әр қилы кезеңді бастан кешірді. Ал жиырмасыншы
ғасырдың басында ұлттық аударма саласын қалыптастыру, дамыту ісімен барлық
Алаш зиялылары – А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев, С.
Сәдуақасов, М. Әуезов және басқа ұлт өкілдері де жүйелі түрде айналысты.
Сонымен қатар олар аудармадағы кемшіліктер мен жетістіктерді саралайтын,
осы сала бойынша теориялық мәселе қозғайтын ғылыми мақалалар, сын-пікірлер,
әр түрлі ұсыныстар жазып, өзгелерге үлгі көрсетті. Сол уақытта көркем
аударма жасаумен айналыспаған қазақ жазушысы болмады деуге болады. Ең
бастысы, 1950 – 1980 жылдары С. Талжанов, Ә. Сатыбалдиев, Г. Бельгер, М.
Құрманов, Ж. Ысмағұлов, Н. Шәкеев, т.б. көркем аударманы кәсіби биікке
көтерген мамандар, аудармашылар легі қалыптасты. Осы кездерден бастап
әлемдік классиканың құнды үлгілері түгелге жуық қазақ тіліне тәржімаланды.
Қазақ әдебиетінде ұлттық аударма ғылымы қалыптасты, көркем аударма
қауымдастықтары жұмыс жүргізді.
Ендігі жерде қазақ көркем аударматану ғылымында жекелеген
аудармашылардың шығармашылық еңбегін арнайы қарастыру міндеті туындап отыр.
Сондықтан да, қазіргі қазақ көркем аударма өнеріне ат салысып жүрген
аудармашы- Мустафин-Құрманғазы Қараманұлының шығармашылық шеберханасын
зерттеуді диплом жұмысыма негізгі тақырып етіп алдым. Көркем аударма
өнерінің қыр-сырын тереңірек тану, аудармашылардың еңбегін жете зерттеу
талабы тұрғысынан біздің тақырыбымыз өзекті деп білеміз. Себебі, жеке
аудармашының еңбегін жан-жақты қарастыру арқылы жалпы көркем аударманың
өзіндік ерекшелігін тануға болады деп санаймыз.
Қ.Қараманұлы аударма жасау барысында Комедианттар романының авторы
Грэм Гринмен, сондай-ақ, Грек қазыналары туындысының авторы Ирвинг
Стоунмен хат жазысып, хат алысқан. Ирвинг Стоунға қазақ оқырмандарына
арналған алғы сөз жаздыртып алған, кейін онымен хат арқылы сұхбат
жүргізген. Сондай-ақ, Эрнест Хемингуэйдің Қош бол, майдан! романын
қазақшаға аударды және бұл тәржімеге арнайы зерттеу жұмысы жазылған. Ал
қалған аудармалары әлі қарастырыла қойған жоқ. Соған орай, Ирвинг Стоунның
Грек қазыналары романының қазақшаға аударылу жайын зерттей отырып,
аудармаға (орысшадан қазақшаға) салыстырмалы талдау жасау арқылы,
аудармашының тілі мен стилі, тәжірибесі, оның ішінде көркем прозаны
аударудағы қыр-сырымен таныса аламыз.
Зерттеудің мақсаты мен міндеті
Жұмысымыздың басты мақсаты – Қ.Қараманұлының шығармашылық
шеберханасын жан-жақты зерттеу.
Қазақ әдебиеті мен әлем әдебиеті арасындағы көпір әлі де болса
салынып жатыр. Әлем әдебиетінің құнды шығармаларын қазақ жеріне, қазақ
оқырманына жеткізуде орыс тілі маңызды рөл атқарып отыр. Себебі, осы күнге
дейін шет ел көркем әдебиеті тікелей ана тіліміз қазақ тіліне аударылған
жоқ. Сонымен, көркем прозадағы аударма шеберлігі мәселесін анықтауды
мақсат еттік. Бұл мақсатқа жету үшін алдымызға мынадай міндет қойдық:
- Қазақ көркем аударма өнерінің дамуына ат салысып жүрген
мықты аудармашылар қатарын толықтыратын аудармашыларымыздың бірі -
Мұстафин-Құрманғазы Қараманұлының аудармашылық шеберханасына тән
ерекшеліктерді пайымдау.
- Ирвинг Стоунның Грек қазыналары романын аудару барысында
аудармашының айшықты сөздерді, тұрақты сөз тіркестерін, теңеулерді
қолданудағы сырын ашу;
- романның көркемдік бояумен қазақшалануы үшін аудармашы пайдаланған
әдіс-тәсілдердің қызметін анықтау;
- диалогтардың аударылуындағы шеберлік жолдарын анықтау.
- өлең жолдарының аударылуындағы ырғақ, интонацияның берілу жолдарын
қарастыру.
- мақал-мәтелдер мен фразеологизмдердің семантикалық сәйкестіктерін
қарастыру.
- аудармашымен сауалнама жүргізу арқылы аударма шеберлігінің сырын
ашу.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен нәтижелері. Ирвинг Стоунның Грек
қазыналары романының қазақ тіліндегі аудармасы ғылыми тұрғыда бірінші рет
зерттеліп отыр. Диплом (бітіру) жұмысының басты ғылыми жаңалығы ретінде
төмендегідей қол жеткен нәтижелерді атауға болады:
- жеке аудармашы шеберлігі мәселесі, аудармашының шығармашылық
шеберханасына байланысты жайттар анықталады.
- диалогтардың аударылуын, қанатты сөздердің, тұрақты сөз
тіркестерінің, теңеулердің көркем аудармадағы қолданысын аудармашы сүйенген
орыс тіліндегі нұсқа мен қазақша нұсқаны салыстыра отырып талдау
жүргізілді.
- өлең жолдары мен мақал-мәтелдердің аударылу жолдарын қарастыра отырып
талдау жүргізілді.
- аудармашымен сауалнама жүргізу арқылы аударманың қыр-сыры ашылды.
Зерттеу жұмысының нысаны. Зерттеу материалдары – негізінен
аудармашы Құрманғазы Қараманұлының қаламы арқылы қазақ тіліне аударылып,
1983 жылы жарыққа шыққан Ирвинг Стоунның Грек қазыналары романының
қазақша және орыс тіліндегі нұсқалары ғылыми жұмыстың негізгі материалдары
болып табылады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері ретінде
салыстырмалы әдебиеттану теориясы мен тарихына қатысты Ә.Сатыбалдиев,
С.Талжанов, Қ.Нұрмаханов, Ш.Сәтбаева, Р.Нұрғали, М.Маданова, Н.Сағындықова,
Қ.Мұсаев, М.Мырзахметұлы, Р.Қамысов, С.Абдрахманов, С.Тахан, Ф.Исмаилова,
А.Ишанова т.б. еңбектеріне сүйендік.
Зерттеудің әдістері. Компаративтік салыстырмалы талдау барысында
салыстырмалы әдебиеттану ғылымында бұрыннан бар шығармашылық зертхананы,
шығармашылық психологияны, шығармашылық тарихты, автордың түпнұсқа мен
аударма мәтінін салыстыра отырып зерттеу әдіс-тәсілдеріне басымдық берілді.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
- Қ.Қараманұлы көркем аудармадағы шеберлігі қалыптасқан кәсіби аудармашы
- Қ.Қараманұлының өзіндік тіл мен стилі бар
- түпнұсқадағы бейнелі сөздер мен теңеулерді дұрыс аудара алатын
талантты аудармашы
- Ирвинг Стоунның Грек қазыналары романы тарихи кезең шындығын
танытқан туынды болғандықтан, оны аудару аудармашыдан шынайы
шеберлікті, суреткерлік көрегендікті, арнайы дайындықты талап ететін
қиындығы мол еңбек.
- қазақ аудармашысы Ирвинг Стоун шеберлігін қазақшаға сатылы
аударма арқылы белгілі бір сипатта танытқаны, тәржіма жасауда аударма
деңгейі жоғары дәрежеде болып шыққан.
- Еліміздің әдебиеттану, аударматану ғалымдарының деңгейін жаңа
сатыға көтеру үшін, көркем аударма мәселелеріне көңіл
бөлу, шетел тілдерінен ана тілімізге, қазақ тілінен әлем
тілдеріне тікелей аударманың көптеп жасалуы тиіс.
Тақырыптың зерттелу деңгейі
Қазақ әдебиеті шетел халықтарының әдебиетімен жалғаса даму үстінде.
Өткен ғасырдан бастап, әсіресе, орыс мәдениетімен, әдебиетімен тығыз
байланыста өсіп-өркендеп келеді. Басқа халықтармен әдеби байланыстарға
қатысты еңбектер бүгінгі таңда баршылық десек артық болмас. Соның ішінде
қазақ әдебиеті мен орыс, Еуропа әдебиетінің байланыстарына,
И.Х.Ғабдировтың Кеңес дәуіріндегі орыс-қазақ әдеби байланыстары (А.,
1968), Қ.Ш.Кереева-Канафиеваның Орыс-қазақ әдеби қатынастары (ХХ
ғасырдың екінші жартысы. А., 1972) , М.Н. Ритман-Фетисовтың Россия мен
Қазақстанның әдеби байланыстары (А., 1956), Ш.Қ.Сәтбаеваның ХІХғ. мен
ХХғ. бірінші жартысындағы қазақ-Еуропа әдеби байланыстары (А., 1971),
М.Х.Маданованың ХХ ғасырдағы қазақ-француз әдеби байланыстары және
салыстырмалы әдебиеттану проблемалары атты ғылыми еңбектері бар.
Зерттеуші К. Кереева Канафиева қазақ орыс-әдеби байланыстарын 1730-1868
және 1869-1917 жылдармен екі кезеңге бөліп қарастырады. Кейінгі кезеңді
қазақ көркем аудармасының қалыптасу кезеңі деуге де болады.
Негізінен бұл жылдары қазақ ауыз әдебиеті үлгілері жиналып, сол кездегі
беделді орыс басылымдарында жарияланса, өз кезегінде Дала уалаяты,
Қазақ газеттерінде орыс ақын-жазушылары шығармаларының алғашқы
аудармалары жарық көрді. Дегенмен, қазақ көркем аудармасының толық
қалыптасу кезеңі кеңестік жылдармен байланысты. Батыс және орыс әдебиетінен
аударылған шығарма үзінділері Таң журналында басылды. Аударма Тұрағұл
Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбердіұлы белсене араласып, Абайдың аудармашылық
мектебінің ерекшелігін көрсетті.
Әсіресе, 1930 жылдан бастап көркем аудармаға ерекше көңіл бөлінді.
Қазақ ақын-жазушылары Америка, Европа, орыс әдебиетін аудару арқылы олардың
сол кезеңге тән жазу мәнерінен, композиция құру шеберлігі мен кейіпкер
сомдау жүйесінен үлгі алды. КСРО жазушыларының I-съезі көркем аудармаға
үлкен бетбұрыс жасады. Сол жылдары А. Пушкин, М. Лермонтов, Н. Гоголь,
Некрасов, Л. Толстой тәрізді орыс классиктерімен қатар, М. Шолохов, М.
Горький, Д. Фурманов, А. Фадеев, Д. Бедный, В. Маяковский, А. Серафимович
т.б. көрнекті жазушылардың шығармалары қазақшаланды.
Соңғы жылдары аударма тарихы мен теориясы туралы да біршама
диссертациялар қорғалды. Атап айтар болсақ, Б.Дуанинаның Неміс прозасын
қазақ тіліне аударудың өзекті мәселелері. Кандидаттық диссертация.
(Астана, 2004), Г.Хошаеваның Ағылшын детективтерін қазақ тіліне аудару
үлгілері. Кандидаттық диссертация. (Астана, 2006), С.Абдрахмановтың Өлең
аудармасының теориясы мен поэтикасы. Докторлық диссертация. (Алматы,
2007), Л.Дәуренбекованың 1960-1980 жылдардағы түпнұсқа мен көркем аударма
мәтіндерінің сәйкестігі. Кандидаттық диссертация. (Астана, 2008).
Эрнест Хемингуэйдің Қош бол, майдан! аудармасы жөнінде де диссертация
қорғалған. Тақырып - Э. Хемингуэйдің Қош бол, майдан! романының қазақ
тіліне аударылуы (көркемдік, стиль, ырғақ) деп аталады. Зерттеу жұмысын
жүргізген Сайфутдинова Айгүл Сайдисламқызы. Зерттеуші Қош бол, майданды!
тыңғылықты зерттеп, аударманың егжей-тегжейіне дейін тоқталып, оның сапасы
мен олқылықтарын ашып көрсетуге тырысқан. Әр бір тарауға тоқталып, талдау
жасаған; түпнұсқа (ағылшын тілі), орыс тіліндегі аудармасын, қазақ
тіліндегі аудармасын салыстырған.
А.Сайфутдинова өз зерттеуінде осы тақырыпты жан-жақты ғылыми тұрғыда
қарастырған.
Жұмыстың құрылымы: диплом жұмысының құрылымы глоссарийден, кіріспеден,
екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және
қосымшадан тұрады.
1-ТАРАУ. АУДАРМАШЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ШЕБЕРХАНАСЫ
Бір халық пен екінші халық жақындасып араласа бастағанда, өзінде жоқты
көрші елден алады. Осы ауысудың тиянақты тірегі аударма, өйткені
аудармашылар – мәдениетті бір елден екінші елге тасымалдап жеткізетін
почта аттары, - дейді А.С. Пушкин [1,102]
Аудармашы аударма өнерінде ақынның бейнелеу әлеміне, тіл байлығына,
сипаттау сұлулығына, көркемдік кеңістігіне еркін бойлай отырып, көп нәрсе
үйренеді, шығармашылық ізденісін жетілдіреді. Суреткер талантының құпия
сырына қанығады. Тәжірибе толыстырады. Академик М. Алексеева аударма туралы
мынадай тұжырым жасаған. Кез келген әдеби шығарма басқа тілге аударылғанда
өзінің туған топырағынан және туыстас туындылардан бөлектенуге тап келе
отырып, бастапқы үн-ырғағын, өзіне тән емес бөгде дүниені енгізу арқылы
қандайда бір өзіндік қасиетін және ең алдымен өзінің жасалу уақытының
белгісін жоғалтады, алайда осынау аударма шығармалар бұрын өзінде болмаған
жан-жаты қызметтік сипат алады. [14,56]
В. И. Винаградов Аударма – сөз өнерінің ерекше, өзіндік үлгідегі әрі
өз бетінше жасалатын түрі - дейді. [12,8]
Т. Әлімқұлов аудармада аудармашының білімі, талғамы, дарыны,
болмысы, характері бой көрсетпей тұрмайды деп біледі. Аудармашының
аударылмыш туындыны өз көңілінен, өз жүрегінен ыстық сезіммен, нәрлі
талғаммен өткізуі шарт. Аударма үстінде шабыттанбаған, жүректің қанымен
жазбаған адам ана тілде ұзақ жасайтын тудыра алмайды. – секілді тұжырымдар
көркем аударманың шығармашылық табиғатын танытумен бірге аудармашы
тұлғасының да шығармашылық даралығын сипаттайды. Т. Әлімқұловтың ұсынып
отырған пікірі шығармашылық ой өзегінің туу процесінің сипатын танытады.
[9,9]
Аударма өнеріндегі шеберлік – аударма ісінің барлық қыр-сырын,
тәржімалық әдіс -тәсілдерін жетік меңгеріп, әдеби машықтанып, бай сөздік
қорды жинақтап, аударылатын шығарма тілімен өзінің ұлттық тілінің
стилистикалық, лексикалық, семантикалық заңдылықтарын бес саусақтай білген
жағдайда ғана қалыптасады.
Аудармашылық нағыз шығармашылық өнер. Аудармашы екі тілді жетік білумен
қатар, әрі жазушы, әрі ғалым болуға тиіс. Аударма сапасы аудармашының
талантына, біліміне, жалпы мәдени дәрежесіне және тәжірибесіне байланысты.
Сол себепті де жұртшылық әрқашан оның жақсысына сүйсініп, жаманына күйініп
отырады. Нағыз шығармашылық көркем аударма дегеніміз түпнұсқаның стильдік,
тілдік ерекшеліктерін түгел ескере отырып, оның көркемдік – идеялық
қасиеттерін толық жеткізу, әрә қазақша биязы да жарық етіп шығару. Осы
екеуі ұштасқанда ғана аударма көркем болады. [25,48]
Орыс аудармашысы В. Рожденственский Аударма басқа жердің гүлін өз
топырағыңа алып келу ғана емес, ол дегеніміз сондай-ақ оның тұтастай қайта
гүлденуі деп поэтикалық, эстетикалық пайымдау жасайды. Көркем аударманың
толық құндылықта, әдемі де әрлі, мәнерлі де мәнді жасалып шығуы да
түпнұсқалық құрылымымен стилистикалық-семантикалық жағынан дәл, сәйкес,
шынайы, айқын, баламалы, үйлесімді қайталануы болса керек. [2,92]
Аудармашылық талант - әркімнің басына бұйыра бермейтін бақ. Көркем
аудармада ғана емес, ғылыми көпшілік, қоғамдық – саяси, публицистикалық,
ресми – іскери аудармада да талант рөлі зор. Аудармашылық шеберлікүнемі
ізденіп, еңбектенуден, әр аударма сайын жиған тәжірибе негізінде
қалыптасады. Аудармашы шеберлігі үнемі жетілдіруді қажет етеді. Бұл –
ауқымы кең ұғым. Аудармашылық машық сипатындажаңа тілдік стилистикалық
ізденіс, сөздік қорды байыту, әрі басқа да білім салаларымен қарулану деген
сөз.
Аударма ісінде де батылдық керек. Классикалық туындыларды аудару
барысында бұл қасиеттің алатын орны ерекшке. Әдемі де көркем жасалынған
туындыны басқа ұлт тілінде компазициялық – сюжеттік, бар тілдік байлығымен,
идеялық – көркемдік құндылығымен, өзіндік стильдік мәнерімен, бейне
сомдаудағы түрлі тәсілдерімен, көркемдік элементтерімен жеткізе білу –
аудармашының таланты мен тәжірибесі, шеберлігінен бөлек, батылдығына да
бағытталады. Жоғары табысқа жету үшін аудармашыға елестету батылдығы да
тән. А.С. Пушкин Ең жоғары батылдық дегеніміз – кең ауқымды, жоспарлы
шығармашылық ойлаумен тоғысатын бейнелеу батылдығы, - деген. [20,13]
Көркем аудармада елестетудің өзіндік ерекшелігі бар. Өйткені көркем
елестету үлкен талантқа тән қасиет. Аудармашы мейлі прозалық, мейлі
поэзиялық жанр болсын, шығарманы қайталап оқып, оны көркемдік қабылдаудан
өткізгеннен кейін ғана аудармаға кіріседі. Көркемдік елестету мәтіннен
бастап композициялық құрылымға дейін шығарма элементтерін қамтиды.
Шығармадағы бейнеленген сюжетке, оқиғаға, тартысқа, кейіпкерлер мінезіне,
пейзажға т.б көркемдік элементтерге неғұрлым терең әрі батыл бойлаған сайын
шығарма мазмұны, көркемдік мәні айқын да шынайы ашыла түседі.
Демек, аудармашыға аударылатын көркем шығарманы бар көркемдік –
эстетикалық, образдылық, семантикалық-стилистикалық сипатымен жеткізу –
басты міндет. Кең ауқымды, терең ойлау жүйесімен, айқын елестету
мүмкіндігімен түпнұсқаның компазициялық мазмұнын, мәтіндік-стильдік
мағынасын, ішкі құпия сырын, тілдік құрылымдық өзгешелігін, экспрессивтік –
эмоциялық бояуын, көркемдік – идеялық маңыздылығын және шығарманың басты
қасиеттерін аша білуде аудармашы жауапкершілігі зор. Аударылған туынды
бүгін ғана емес, келешекте де оқырман талқысына салынатынын, зерттеушілер
мен сыншылар назарына ілінетінін ойлаған кезде оның жауапкершілігі де
ұлғая түседі. Жоғары көркемдік сапа биігінде аударылған шығарма – ұлттық
әдебиеттің үлкен жетістігінде ғана емес, ұлттық аударма мектебінің үздік
үлгісі саналады. Ол өз заманынан кейінгі уақыттарда аудармашылық өнердің
өміршеңдігін айқындайды. [24,35]
Аудармашы – бұл суреткер, сөз зергері, үлкен тіл маманы, басқа
халықтың әдеби құндылығын өз тілінде қайта жасап шығушы. Аудармашылық –
өнер, ғылым, шығармашылық іс десек, аудармашы ең алдымен – талант иесі.
Таланттың орны қашан да биік. Ол аудармашылық істе айрықша қажет.
Аудармашылық талант әркімге қона бермейтін сирек қасиет. В. Белинский:
Гете шығармаларының аудармасынан біз аудармашының емес, Гетенің
қолтаңбасын көргіміз келеді, тіпті, Гетені Пушкиннің өзі аударса да біз
одан өзін емес, Гетені танытқанын талап етер едік, - деген ой ұсынады.
Әйтпесе, аударма жасау осы екен деп көптеген аудармашылар авторға қиянат
жасап, шығарманы қысқартып аударады, кейде жекелеген сөз, не бүтіндей
сөйлемдерді тастап кетеді, өзінің ойынан сөз қосып түрлендіреді. Қысқасы,
автордың белгілі мақсатта жазған туындысын, басқа тілде жұлым-жұлымын
шығарып, өзгертіп, қайта жасайды.
В. Жуковскийдің пайымдауынша, аудармашы көркемдік таланты
бойынша, автормен тең дәрежеде болуы тиіс, аудармашы ақын-жазушымен бірдей
дәрежеде елестетуге, сөз саптау мәнеріне ие болу тиіс. Ой қабілеті мен
сезімі жағынан да тең дәрежеде болуын, түпнұсқадағы сұлулықты сондай сезіне
білуін, керек болса, онымен теңдесетін немесе асып түсетін өзіндік сөз
байлығын, ой тереңділігін талап етеді.
Таланттың да таланттысы аударманың шығармашылық азабына төзеді. Әлем
әдебиетінің үздік үлгілерін, классиктер кітаптарын аудару – нағыз
таланттылық. Классиктер шығармаларын аудару үшін олардың шығармашылық
рухымен танысып, қаламгерлік қыр-сырын терең зерттеп, туындыларының
көркемдік-мазмұндық және идеялық-эстетикалық құндылығын, стильдік жүйесін
бағалай біліп, суреткердің шығармашылық тағдырын айқын түсіне білу қажет.
Осыған қатысты К.И Чуковский: Егер аудармашы талантты болса, ол онда
автордың жігерін жасытпайды, керісінше ол оны қанаттандырады, - деген еді.
Аудармашы – ар-ұяттың ісі, аударылуға тиісті мәтіннің бәрін аударып
жеткізуінен бөлек, шығарманы қайта жасап шығудың жетістіні аудармашының
талантына, ақыл-ой тереңдігіне және де көркемдік мәнеріне, тәсіліне
қатысты. [2,9]
М. Әуезовтың пайымдауынша: Аударма бір жағынан шеберліктің де
мектебі. Аудару үстінде жазушы автордың творчестволық сырына қанады, оның
көргенін көріп, білгенін біледі. Сол арқылы өзінің ой-өрісін ұлғайтумен
қатар, авторша машықтанып үйренеді. Шын мәнінде аудармашы шеберлікке
бірден жете қоймайды. Бойындағы талантты жетілдіру, ізденісті ұштау, мол
тәжірибе жинақтау, машықтану, үнемі оқу және әр аударма сайын шығармашылық
өсу барысында қалыптасады. Сондай-ақ, неміс философы Лессингтің: Жақсы
кітапты жақсы аудармашы тәржімалауы тиіс, - дегені де көркем аудармадағы
таланттылықтың рөлін айғақтап тұрғандай.
М. Әуезов тек дәл аудару ғана үлкен жазушының тіл, стиль, сөйлем
ерекшеліктерін бере алатын болады деп ашып айтты. Ал, дәл аудару – көшірме
жасау емес. Әңгіме көркемдік тұрғыдағы дәлдікте болып отыр. Оған үлкен
шығармашылық шеберлікпен ғана жетеді. [3,26]
1. Көркем аударма және аудармашы еңбегі
Көркем шығарма аудармасы дегеніміз – түпнұсқалық шығарманың
көркемдік рухын басқа тілде дәл, сәйкес, шынайы, сапалы жасап шығу. Оны
аударылатын ұлт тілінде жазылған туындыдай, соның көркемдік ой дәрежесіндей
жеткізе білу керек.
Әрбір аударма оқырмандарына төлнұсқаның құндылығынак сай әсер
дарытуы тиіс. Көркем аудармада мүмкіндігінше сөздерді, тіркестерді,
сөйлемдерді қалдырып кету немесе қосу, аудармашы тарапынан өзгертуге
болмайды. Егерде шығармада кешілік , түрлендіру кездессе, оларды дәл сол
қалпында аударып көрсеткен дұрыс. Жақсы аудармашы автор шығармасының бар
құндылығын жеткізуді көздейді. Көркем әдебиет шығармаларының аудармасында
түпнұсқаның дербес өзіндік бітім-болмысын, ерекшелігін жасау кезінде оны
эстетикалық қабылдау мәні ерекше. Аудармашы шығарманың көркем мазмұнының
бар ерекшелігін сақтамен бірге образдық жүйесін, семантикалық,
стилистикалық баяндау мәнері және бейнелеу сипаттары мен мүмкіндіктерін ана
тілдегідей аударма тілінде де жеткізуге ұмтылады.
Көркем аударма – коммуникативтік қызметтің айрықша түрі. Көркем мәтін
аудармасын жүзеге асыру кезінде аудармашы тек бір жақты аударма ауқымында
қалып қоймауы тиіс. Ұлттық рухани мұра аясында мәдениетаралық, мәдени-
этникалық және көркемдік коммуникациясының айрықша түрі ретінде
қарастырылуы жөн. Осы тұрғыдан келгенде теңдессіз құндылығы, мағыналық
сипаты және көркемдік бейнелеу мен қабылдаудың заты ретінде мәтіннің рөлі
айқын. (Бұл арнайы сөз болады. – Ә.Т.) [2,11]
Әр сөздің өзіне ғана тән ұлттық бояуы болатынын ескерсек, аударма
өнеріндегі ырғақ сөз байлығы, сөз бейнелілігі, сөз әсерлілігі және
нәрлілігімен бірлікте зерттелуі керек. Сөздің екпінін, прозаның
әуезділігін сақтау үшін сол өзің аударатын тілдің құрылысын, ырғағы мен
әуезділігін зерттеу шарт. Аудармашыға көркемдік көргіштік қана емес,
көркемдік есту қабілеті де қажет. Өйткені белгілі бір сөздер мен сөз
тіркестерінен ырғағы, әуезі әр түрлі, алуан түрлі сөйлемдер құруға болады.
Аудармашы солардың ішінен түпнұсқа рухын анығырақ жеткізетінін таңдап алуы
тиіс. Олай болмаған жағдайда мағыналық жағынан жақын бола тұрса да,
түпнұсқаның аудармасы емес, оның екінші бір нұсқасы, басқа бір трактовка,
интерпретациясы дүниеге келмек [10,17] - дейді Г. Бельгер.
Мәтіндерді талдудың әдеби-стилистикалық әдіс-амалдары, түпнұсқа мен
аударма мәтін арасындағы коммуникативтік, функционалдық қарым-қатынастарын
айқындау, сәйкестік мәселелерін саралайды. Орыс аударматануындағы
қалыптасқан эквивалент деңгейлері арқылы да, аударманың түпнұсқаға
қаншалықты сәйкес аударылғандығын анықтап беруге мүмкіндік туғызады.
Мәселен, В. Комиссаров эквиваленттіліктің бес типін анықтайды:
1) Коммуникация мақсаты;
2) Жағдайды бейнелеу дәрежесі;
3) Жағдайды бейнелеу тәсілі;
4) Мәтіннің баяндау құрылымы;
5) Лексикалық семантикалық бөлшектерінің түпнұсқамен бірдейлік дәрежесі.
Құрылымдық-деңгейлік зерттеу әдісін де В. Комиссаров аудармалар
арасындағы сәйкестік қатынастарын айқындауға қолданады. [19,35]
Көркем аударма тұтастай кешенді: ақпараттық, эстетикалық және қоғамдық-
саяси міндеттерді атқарады. Аударма оқырманды шығармалармен,
зерттеушілермен, автормен, басқа халықтар әдебиеті, мәдениеті, өмірімен
таныстырады. Аударма сондай-ақ отандық түпнұсқалық құндылықтармен оқырман
талабын қанағаттандырады, ол түпнұсқалық көркем шығарманың дамуына ықпал
етеді, әдебиеттің, тілдің, мәдениеттің интернационалдық қатынасының
құралына айналады. Аударам оқырманды түпнұсқаға жақындатады, соның
нәтижесінде басқа ұлт тілін оқып, үйренуге көмектеседі, бағыт береді.
Көркем аударма – көркем шығармашылықтың түрі ретінде онда аудармашының
дүниетанымы мен тәсілі, шығармашылық дербестігі әрі аудармадағы, әрі
түпнұсқадағы ұлттық ерекшелігі айқындалады. Аудармашы неғұрлым талантты
болған сайын, оның дербестігі де нақтылана түседі. Аудармашы міндеті
автордың дүниетанымына, жазу мәнеріне, стилистикалық сипатына бойлау,
сонымен қатар шама-шарқынша бұл дүниетанымды, мәнерді, стильді туған
тілінің құралдарымен барынша мәнерлі, әдемі жеткізе білу. [2,8]
К. Паустовский: бір нәрсені жазбас бұрын ең әуелі ол дыбысталуы керек
деген. ... Дыбыс табу, яғни прозаның ырғағын табу және оның негізгі
үндестігін табу - [11,682] деп жазады.
Тәжірибелі, талантты проза аудармашылары әркез түпнұсқаның
рухын, идеялық-көркемдік ерекшелігін, образдық жүйесін, стильдік даралығын
сақтауды басты парыз деп біледі. Аударма шығармашылығында ең қиыны –
түпнұсқаның барлық ерекшеліктерін, бейнелеу элементтерін, көркемдік-
эстетикалық құндылықтарын, стилін сақтап, дәл де айқын жеткізу. П.
Антокольский, М. Әуезов, М. Рыльский тұжырымы: Көркем аударма шығармасы
сонымен бірге көркем шығарма аудармасы болып қалуы қажет. [2,11] Көркем
шығарманың аудармадағы тәржімалық тағдыры кейде сәтті, кейде сәтсіз болады.
Сәтті, табысты болуы – аудармашының шеберлігі мен тәжірибесін аянбай
жұмсап, түпнұсқаны биік көркемдік деңгейінде құрылымдық элементтерімен
тұтастай оқырманға жеткізуі болса, сәтсіздігі – жақсы шығарманың нашар
аудармашы қолынан шалағай, жарамсыз дүние болып шығуы. Кейбір түпнұсқалық
туындылар жақсы аударылуымен тұтастай немесе кейбір сюжет, эпизодтарымен
басқа шығарманың компазициясына жаңаша мазмұндық, көркемдік сипатта енеді.
[18,43]
Аудармашы ең алдымен автор шығармасында заман тынысын, өмір
құбылыстарын қаншалықты кең қарымда бейнелегеніне көз жеткізу керек.
Көптеген әдебиет сыншылары мен жазушылар қазіргі заман романының басты
кемшілігі – көп сөзділігі, яғни бейнеліліктен гөрі сипаттаудың басымдылығын
атап өтеді. Нағыз қажетті жайларды сұрыптап, талғаммен беру, құбылысты
суретке түсіргендей, дәл бейнелеуге әуестікті сынға алады. Романдағы
эпизодтар, авторлық ойлар, баяндаулар, т.б. көркем элементтер құрылымын
дұрыс жеткізіп, идеялық мазмұнды көмескілеп тұратын тұстарын дәл көрсету –
аудармашының басты міндеті.
Әрине, аудармашы аударылатын әңгімелердің түпнұсқасымен ғана емес,
қаламгердің тұтастай шығармашылығымен және оған қатысты әдеби зерттеулер,
сын мақалалармен де танысуы жөн. Аудару кезінде оның тақырыбының қалайда
түпнұсқамен сәйкес келуіне көңіл бөлінеді. Сонан соң, стильдік, ырғақтық-
интонациялық ерекшелігі сараланады. Әңгіме, новелла – шағын жанр. Аударма
кезінде оны негізсіз қысқартып тастау қате. Оның әрбір сөзі, тіркесі
аудармалық нұсқада орын алғаны жөн. Аударылған шығарманың көркемдігі,
мазмұн дәлдігі, стильдік сәйкестігі – басты талабы.
Осы негізінде М.Әуезовтың проза аудармашысына қажетті талабын есте
ұстаған жөн. ...ол (аудармашы – Ә. Т.) аударылатын шығарма авторының
стиліне өз стиліне байланыстырмайды. Сонымен бірге бұл аудармашы негізгі
шығарма авторының тіл, ойлау дүниесіне айрықша ықтият болып, мұқият зер
салады. Ол аудармаға сол шығарманың бар материалын біліп алып кіріседі,
шығармада суреттелетін халық тарихын зерттейді, кейіпкерлердің дәуірімен,
ортасымен терең танысып алады ... . Үлкен тәжірибеден туындаған бұл тұжырым
қашан да аудармашы қаперінде жүруі тиіс. [2,137]
Поэзиялық шығармалардың аудармасы мен прозалық шығармалардың
аудармаларының арасында біраз айырмашылықтар бар. В. Жуковскийдің
төмендегідей пікіріне қосылмасқа болмайды. Ол: Переводчик прозы – раб,
переводчик поэзий - соперник, - деген болатын. Көркем шығармаларды
аударушы түпнұсқаның жолынан шықпай, оның жүйесінен ауытқымай еңбектенеді.
Ал, өлең сөзді аударғанда аудармашы өз ойын автордың ойымен астастыра,
жарыстыра отырып, өзінің лирикалық сезіміне жол береді. [3,22]
Қазақ топырағындағы аударма теориясының алғашқы қазығы сияқты осы
мақаладан кейін М. Әуезовтің Ревизордың аудармасы туралы, Пушкин
аудармасы қазақ әдебиетіне не берді?, Евгений Онегиннің қазақшасы
туралы, Қазақ сахнасындағы аударма пьесалар атты мақалалары мен 1937
жылғы 5 қаңтарда Казахстанская правда газетінде Евгений Онегин на
казахском языке атты мақаласының жарық көруі қазақ әдебиеттану ғылымында
көркем аударма теориясының өмірге келгенін көрсетеді.
М. Қаратаевтың аударма өнеріндегі қиындықтар мен принциптерді,
жетістіктер мен кемшіліктерді әңгіме арқауы еткен, аударма шығармаларды
туған әдебиеттің саласы ретінде дәлелдеген Жүз жылдан кейінгі Пушкин,
Пушкин мен Абай атты екі мақаласының, Т. Жүргеновтің Казахский перевод
Шах-наме, Р. Жаманқұловтың Пушкин өлеңдерінің аудармасы жөнінде бір-екі
сөз, Қ. Өтеповтің Мыс салтатты поэмасының аударылуы атты мақалаларының
1937 жылы жарық көруі бұл іске игі әсер етті. Отызыншы жылдар еншісіне
тиетін бұл мақалалардың қазақ көркем аударма теориясының іргетасы деп
танырлықтай еңбектер екені даусыз.
М.Әуезов, М. Қаратаев, М. Жанғалин, Қ. Шәріпов, Ә. Ипмағанбетова, З.
Ахметов, С. Нұрышев, С. Қирабаев, К. Канафиева, Қ. Сағындықов, А.
Садыковтардың 1950-60 жылдар аралығында жарық көрген еңбектері қазақ
аударма өнерінің ғылыми тұрғыдан зерттелуін қалыптастыру ісіне үлкен үлес
қосты.
Қай кезде де көркем аударманың теориясы мен тарихы оның
проблематикасымен тығыз байланыста болады. Аударма теориясының дамуы
белгілі бір проблемаларды күн тәртібіне қойса, керісінше, белгілі бір
проблемалардың шешімін табуы теорияны ілгерілетеді, соған орай аударма
тарихы да байи түседі. Қазақ көркем аудармасының зерттелуінде біраз
мәселелер шешімін тапты десек те, назар аударуды қажет ететін тұстар да аз
емес. Оның үстіне көркемөнер туындыларына қатысты әр заманның өз үні, өз
талабы болатындығы көркем аудармадан да тысқары емес. Бұл жәйт аударма
өнері төңірегіндегі толғағы жеткен қиын түйіндерді ғылыми тұрғыдан шешуге
бастаумен қатар, кейбір мәселелерге жаңаша, уақыт талабына сай жауап беруді
қажет етуде. Осыған орай қазір қазақ аударма өнерін зерттеудің жай-
жапсарына ойлана көңіл бөлсек, прозалық шығармалардың аударылуына
байланысты біраз мәселелердің де бой көрсететінін аңғарамыз. Бізде проза
аудармасындағы үлгі, дәстүр поэзиядағыдай әріден басталған емес. Бұлар
қазақ әдебиетіндегі аударма өнерін, аудармашы еңбегін жан-жақты сөз етуге
мүмкіндік береді. Бірақ біз мұны істей алмай келеміз. Тәжірибені қорыту
жағы жетіспейді. Аудармашыларымыз өздерінің ауыр да абыройлы еңбектерін
неден бастайды, немен аяқтайды, неден қашады, нені қабылдайды, нені тірек
етеді, тілі, синтаксисі олардың қолданылатын стилі, қандай болу керек деген
сауалдарға айқын жауап болмай жүр [4,29]. Осы пікір жарық көргелі біраз
жыл уақыт өткенмен, мәселенің көкейтестілігі әлі сол күйінде қалып отыр.
Бұл мәселенің әлі күнге дейін ғылыми шешімін таба алмай келе жатуының
негізгі себебі, аудармашының шығармашылық даралығын ескермеуден болса
керек.
Шығарма авторының ерекшелігі, стилі және екінші тілге аударуда олардың
сақталуы мәселесін қазақ зерттеушілерінің қай-қайсысы да тілге тиек етеді,
аудармашының ерекшелігі, стилі көбіне-көп зерттеу шеңберінің ішінен табылып
отырады. Ал, аудармашының да шығармашылық адамы, жазушы екенін біздің естен
шығармауымыз қажет. Сондықтан көркем аударма туралы әңгімені аудармашының
шығармашылық даралығын анықтап алудан бастау негізгі шарт болмақ. Ал
аудармашы стилі, тілі мен шеберлігі мәселелері шығармашылық даралық аясында
зерттелуін ең дұрыс бағыт деп есептейміз. Міне осы міндеттер жүзеге
асқаннан кейін барып қана аударма шеберлігі жөнінде ой түюге болады.
Суреткер сипатын ашатын ерекшеліктерге: нәзік сезімталдық, жіті
бақылағыштық, шығармашылық қиял, интуиция, азаматтық, өмірбаян, сара
парасат, шеберлік, шабыт сияқты талант табиғатының қырларына ғылыми
түсініктеме бере келіп, З. Қабдолов: Суреткер бітімін, талант табиғатын
байыптағанда жоғарыдағы секілді өнерге тән жекеленген ерекшеліктерге назар
аудара тұра, сайып келгенде, оның рухани жан дүниесін, әлеуметтік кейпі мен
моральдық кескінін, дүние танымы мен қоғамдық қызметін, білімі мен
мәдениетін ескермеуге тіпті болмайды [5,379] – деп түйін жасайды.
2. Қ.Қараманұлының аудармашылық еңбегі
Құрманғазы Қараманұлы 5 желтоқсан 1943 жылы Қаратөбе ауданы Егіндікөл
ауылында дүниеге келген. Жазушы, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген
мәдениет қызметкері, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі.
Егіндікөл ауылындағы жеті жылдық мектепті (1960) бітірген. 1962 – 69 ж.
ҚазҰУ – дің журналистика факультетінде оқыған. 1969 ж. Лениншіл жас
газетіне жұмысқа қабылданады. 1976 – 93 ж. Жалын баспасында редактор,
редакция меңгерушісі, бас редактордың орынбасары болады, 1993 – 96 ж.
Балауса баспасында істейді.
Қ. Қараманұлының алғашқы туындысы – Шайтантөбедегі от
әңгімесі 1960 ж. обл. Октябрь туы (қаз. Орал өңірі) газетінде
жарияланады. Тұңғыш кітабы – Қайраң өткел миниатюралық әңгімелер
топтамасы (1978). Сондай – ақ Қызғыш құс (А., 1980), Алтын іздеушілер
(1987), Жалғыз атты жолаушы (1996) повестер жинағы, Тәңірге тағзым
(1996) зерттеу еңбегі шықты. Сондай-ақ ол әлемдік әдебет классиктері Эрнест
Хемингуэйдің Қош бол, майдан! (1983), Грэм Гриннің Комедианттар (1984),
Ирвинг Стоунның Грек қазыналары (1986) романдарын аударды. Ағылшын тілін
өз бетінше оқып – үйренген жазушы соңғы екі романды аудару барысында
шығарма авторларымен хат арқылы хабарласып, әріптестік байланыс орнатты.
Соның нәтежесінде И.Стоун (Калифорния, АҚШ) өз романының қазақша нұсқасына
алғы сөз, Г.Грин (Антиб, Франция) соңғы сөз жазып берді. 2002 жылдан бері
қарай әр оқу жылының басында Егіндікөл орта мектебінің жақсы оқитын,
үлгілі, тәрбиелі 10 оқушысына “Ақ Орынша” атты стипендия тағайындап, тоқсан
қорытындысымен беріліп тұрады.
Қ.Қараманұлының ең алғаш тәржіма әлеміне қадамы 1962 жылы әл – Фараби
атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің журналистика факультетіне түскеннен
басталады. Студент бола жүріп, өз бетімен, сабақтан тыс ағылшын тілін
үйренуді ұйғарады. ҚазҰҮ-да ол жылдары шет тілдеріндегі көркем әдебиет
оқулықтары, тіл үйренетін лингафон кабинеті болған жоқ болатын. Ағылшын
тілін оқытатын оқытушыға жалданып тіл үйренеді. Ұлттық кітапхана барып,
Popular science журналынан - Аса күрделі механизм деп аталатын
мақаланы ағылшын тілінен тікелей қазақ тіліне аударады. Бұл-келешек
аудармашының аударма әлеміне ұмтылған алғашқы талпынысы еді. Кейін, осы
аударма мақала Жас Алаш газетінде жарияланады. Ал, көркем аудармаға
алғаш 1977 жылы келеді. Борис Горбачевскийдің Ариаднаның арқауы атты
зерттеуін аударады. Кейін, 1979 жылы Эрнест Хемингуэйдің Қош бол,
майданын!, 1983 жылы Ирвинг Стоунның Грек қазыналарын, сондай-ақ, Грем
Гриннің Комедианттарын Сервантестің Дон Кихот I-ші бөлім (2006), II-ші
бөлім (2007) ауқымды романын, Чезаре Павезенің Ғажайып жаз, Жоталардағы
жынойнақ, Жолдас, Ай мен алау роман-повестерін (2008), Артур Конан
Дойл әңгімелерін, Агата Кристидің Он қарадомалақ романын, сондай-ақ,
Джордж Сименонның Менің досым Мегрэ, Коронердің қонағы (2010)
романдарын қазақ тіліне аударды. Ол қазір де еңбек етуде. Жиырмасыншы
ғасырдың француз повестерін қазақ тіліне тәржімалау үстінде.
Осы аталған әр аударманың аудармашы үшін өзіндік құндылықтары бар,
орны ерекше. Мәселен, Эрнест Хемингуэйдің Қош бол, майдан! романына
тәржіме жасау үстінде аудармашы біраз ізденген. Орыс тіліндегі бірнеше
нұсқаны алып түпнұсқамен салыстырған. Сөйтіп, аудармашы таңдауы Волжина
тәржімесіне түседі. Қараманұлы оған Мәскеуге хат жолдайды. Түпнұсқада
өзінің түсінбеген жерлерін айтып, пікір алысады.
Сондай-ақ, Сервантестің екі томнан тұратын көлемді Дон Кихот
романы Қ.Қараманұлы үшін аудармаларының ішіндегі ең ыстығы. Аудармашы бұл
шығармаға төрт жыл тер төккен. Себебі, бұдан төрт жүз жыл бұрын жазылған
әлем мойындаған тарихи туындыда мақал-мәтелдер жиілеп кездеседі. Олардың әр
біреуіне қазақ тіліндегі баламасын табу қиынның қиыны. Алайда, аудармашы
шеберлік пен төзімділік танытып, істі жемісті аяқтап шығады. Жемісіті
деуім, аудармашы мақал-мәтелдерге балама табу кезінде, орыс тіліндегісіне
өзі жаңа мақал құрастырып қисынын келтірген кездері де болған. Бұл екінің
бірінің қолынан келе бермейтін іс.
Ал Ирвинг Стоунның Грек қазыналары романында Гомер шығармасынан
жиілеп өлең жолдарынан үзінді келтіріледі. Белгілі орыс ақыны, аудармашысы
А. Межиров бір өлеңінде
И вновь из глубокого дыма,
Встает поэзия она.
Вовеки непереводима.
Родному языку верна-
деп поэзия аудармасының аса қиын шығармашылық іс екенін жыр
тілімен дәлелдеп көрсетеді. [2,173]
Демек, өлең жолдарын жәй аударып, мазмұнын беріп қана қоймай, оның
ырғақ, интонациясын да беру абзал.
Құрманғазы Қараманұлы өзінің бір сұхбатында-Ирвинг Стоунның Грек
қазыналарына таңдауыңыз түсуіне не себеп? Ол кісіде өзге дүниелер де аз
емес қой. Мысалы, әйгілі жазушы Джек Лондонның өмірі туралы Ерге отырған
теңізші іспетті дегендей?-деген сауалға былай деп жауап қайырады: - Ол
рас. Бұл кісінің бұдан да басқа шығармалары баршылық. Ғұмырнамалық роман
жанрының майталман шебері саналатын Ирвинг Стоун ұзын ырғасы осындай 11
роман жазған және тәуірлері, оның ішінде Грек қазыналары да бар, әлем
халықтарының 80-нен астам тілдеріне аударылған. Бірақ бұл кітапты мен
таңдаған жоқпын, кітап мені таңдады; анығырақ айтқанда көлемі 32 баспа
табақ бұл шығарманы қазақ тіліне тәржімалауға Жазушы баспасының сол
кездегі директоры, айтулы аудармашы Әбілмәжін Жұмабаев ағамыз тапсырма
берді. Баспа Мәскеу арқылы автормен тікелей шарт жасасқан екен. Трояны
ашқан атақты археолог Генрих Шлиман жайындағы бұл туындыны қазақша жатық
сөйлетуге бар күшімді салып, екі жылдай тер төктім. Аударма жұмысы
аяқталған соң АҚШ, Калифорния штаты, Беверли-Хиллз қалашығында тұратын
автормен хат арқылы хабарласып, қазақ оқырмандарына арналған алғы сөз
жаздыртып алдым. Кейін Ирвинг Стоунмен хат арқылы сұхбат жүргіздім, ол
сұхбатымыз Қазақ әдебиеті газетінің тұтас бір бетінде (02.1984ж.) жарық
көрді. - Сондай-ақ, сіз Эрнест Хемингуэйдің Қош бол, майдан!, Грэм
Гриннің Комедианттар романдарын да аудардыңыз емес пе? Стиліңізді
қалыптастыру үшін қажет болды ма, әлде қаламақысы қызықтырды ма? Бәлкім,
басқа жағдайаттардың ықпалы болған болар? – Қаламақысы қызықтырмады деп
айта алмаймын. Ол кезде жыл сайын немесе жыл аралатып жинақ шығаратын
ақындар ғана қаражаттан мұқтаждық көрмейтін, ал анда-санда бір, онда да
көлемі көз тойдыра қоймайтын кітап шығаратын (қаламақыны Батыс
елдеріндегідей шығарманың көркемдігіне қарап емес, көлеміне қарап төлеу
дәстүрі бізде әлі күнге шейін сақталып отыр ғой.) Прозашылардың жалғыз
жалақысымен күн көруі оңайға соқпайтын... -дейді. [19,14]
Менің пайымдауымша, аудармашыны тәржіма белесіне шығаратын аударманың
сапасы ғана емес, сонымен қатар, аударылатын шығарма аты. Шебер де, батыл,
өз ісіне аса жауапкершілікпен қарайтын аудармашы ғана әлем классиктерінің
өлмес туындыларын тәржімалауға барады. Қ.Қараманұлы – батыл аудармашы.
Аудармашының қай аударма еңбегін алып қарасаңыз да, әлемге белгілі, ел
аузындағы шығарма тәржімесі. Атап өтсек; ағылшын классигі Э. Хемингуэй, Г.
Грин, атақты американ жазушысы И. Стоун, Сервантестің Дон Кихот
шығармаларын қазақ аударма әдебиетіне әкелген.
2010 жылы Батыс Еуропа әдебиетін аударады; оның ішінде детектив
жанрындағы романдар, әңгімелер. Атап айтсақ, Агата Кристи, Артур Конан
Дойл, Джордж Сименон, Чезарэ Повезенің танымал туындылары.
Қазір де аянбай еңбек ету үстінде. Жиырмасыншы ғасырдағы Француз
повестерін тәржімалауда. Ең қызығын, біздің менталитетімізге жақын деген
жиырма шақтысын іріктеп алған.
Қай шығарма қазақ тіліне аудару кезінде көп қиындық тудырды? деген
сауалға: Сервантестің 2- томнан тұратын Дон Кихот романын аудару маған
қиынға түсті. 1984-88 жылдар аралығын осы шығармаға жұмсадым. Төрт жылым
кетті. Себебі бұл бұдан 400 жыл бұрын жазылған шығарма. Орыс тілінен
аударғанның өзінде біраз еңбектендім. Қалай болса солай аударуға ар-ұятым
жібермеді. Ондаймен айналыспаймын да. Дон Кихот шығармасының жарыққа
шыққанына 400 жылдығы тойланды ғой. Сол кезде бір шет елдік басылым елу
елден ішінде Нобель сыйлығының лауреаттары да бар жүз жазушыға Адамзат
адамзат болғалы қандай көркем шығарма ең қызықты деп ойлайсыз?-деген сұрақ
қойғанда, Сервантестің Дон Кихот шығармасы, бірінші орынға шығып, екінші
Гомер, үшінші Достоевский, төртінші орында Толстой... Көрдіңіз бе,
Дон Кихот шығармасы- әлем мойындаған шығарма. Мұны мен білетінмін.
Сондықтан да, қиын болса да аударып шықтым. - дейді.
Міне, аудармашының тәржімалауға ең көп уақыт жұмсаған шығармасы да осы
Сервантестің 2 томнан тұратын кең ауқымды Дон Кихот романы. Аталмыш
шығарманы француз тіліне тәржімалаған Флорион де: Құлша бейнеттенген
дәлдік бұл – күнә... Роман немесе сол тектес дүниелерді тәржімалағанда, ең
нағыз сүйкімді аударма дегеніміз әрине, ең дәлі - деп санайды. Құлша
құлшынған аударма - бұл сөзбе-сөз аудару тұжырымы он жетінші ғасырда қатты
сыналды.[2,13] Аудармашы аталмыш шығарманы қазақшаландыру үшін 4 жыл тер
төккен. Бұдан шығатын қорытынды, жақсы шығарма – сапалы аударманы, ал
сапалы аударма еңбеккорлық пен шеберлікті талап етеді.
Қазақстан Жазушылар одағының кезектi пленумында Одақ төрағасы Нұрлан
Оразалин мазмұнды баяндама жасап, қаламгер қауым өкiлдерi әдебиет
төңiрегiндегi ой-пiкiрлерiн ортаға салған болатын. Басқосу бiр топ ақын,
жазушыларға Халықаралық Алаш әдеби сыйлығын тапсырып, қаржылай
марапаттаумен аяқталды. Мыңнан жүйрiк шыққан Шәкен Күмiсбаев, Ақұштап
Бақтыгереева, Тұрсынай Оразбаева, Құрманғазы Қараманұлы, Құлбек Ергөбек,
Зайда Елғондинова, Жанат Ахмади, Қазыбек Иса, Баян Бекетова, Несiпбек
Дәутайұлы, Маралтай Райымбекұлы, Жарас Сәрсек сынды қаламгерлерiмiз бар.
Мiне, осы жүлдегерлердiң бірі Құрманғазы Қараманұлы болып табылады.
Құрманғазы Қараманұлы Алаш сыйлығына, негiзiнен, әлемге аты мәшһүр
Сервантестiң әйгiлi Дон Кихотын қазақ тiлiнде сөйлеткенi үшiн ие болды.
Жалғыз атты жолаушының авторы әпендi серiнiң сергелдеңге толы екi томдық
ғұмырбаянын аударуға төрт жыл уақытын сарп етiптi. Еңбек пе? Еңбек. Ерлiк
пе? Ерлiк. Қаламгерiмiз өз шығармашылығына арнауына болатын табаны күректей
төрт жылын әлемдiк әдебиеттiң жауһарын тәржiмалауға құрбан етiп отырса,
мұндай батылдыққа тек сүйсiнуге болар. Жазушылар одағы, мiне, дәл осындай
шығармашылық ерiктi яки ерлiктi бағалай бiлдi. Бұл, әрине, сыйлықтың өзге
иелерi мұндай мәртебеге лайық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz