Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың міндеттері


Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау ( «Бидай-нан» АҚ мысалында)
ЖОСПАР
КІРІСПЕ . . .
- БӨЛІМ. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
1. 1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының экономикалық маңызы . . .
1. 2. Қаржылық талдаудың құрамдас бөлігі ретіндегі кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау . . .
1. 3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың міндеттері . . .
1. 4. Кәсіпорынның қаржылық есептілігі талдаудың негізгі көзі ретінде . . .
2 БӨЛІМ. «БИДАЙ-НАН» АҚ-НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2. 1. Кәсіпорынның бухгалтерлік балансын талдау және оның қаржылық тұрақтылығы . . .
2. 2. «Бидай-нан» АҚ төлем қабілеттілігін және баланс өтімділігін талдау . . .
2. 3. Шаруашылық субъектісінің рентабельділігін және іскерлік белсенділігін талдау . . .
3БӨЛІМ. КӘСІПОРЫНДЫ ЖЕТІЛДІРУДЕГІ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДЫҢ РӨЛІ . . .
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
ҚОСЫМША . . .
КІРІСПЕ
«Тәуелсіздікті алған алғашқы күннен бастап біз сіздермен бірге дәйектілікпен құрып жатқан жаңа Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан жылға әлемдік қоғамдастыққа жақындау процесінде зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгеріліп келеді», деп Н. А. Назарбаев 2007 жылдың ақпан айының 28 жұлдызындағы Қазақстан халқына жолдауында атап өтті.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында шаруашылық жүргізудің әкімшіл-әміршіл жүйесінен нарықтық жүйеге көшу жүзеге асырылуда. Кәсіпкерлік сала, әсіресе кіші және орта бизнес саласы белсенді дамуда. Шаруашылық субъектілерінің қызметінің тиімділігі тікелей елдегі нарықтық қатынастар дамуынан, сонымен қатар кәсіпкерлер еркіндігінен, яғни оған тиімді көрінетін кәсіпкерлік шешімді қабылдауға мүмкіндік беретін жеке тәуелсіздігіне тәуелді. Шешімнің тиімділігі кәсіпорынды алдын ала қойылған стратегиялық және тактикалық мақсаттарына жетуімен анықталады.
Яғни кез келген кәсіпорын фирманы басқарудың жалпы мақсаттарына жетуге бағытталатын жүйенің болуынан тәуелді. Бұндай жүйе болып қаржылық менеджмент табылады. Ол әрқашан жоспарлаудың, басқарудың және қаржылық талдаудың ғылыми негізін қолдану арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау мен болжаудың әдісі ретіндегі қаржылық талдау қаржылық менеджменттің ажырамас бөлігі болып табылады.
Талдау басқару шешімдерін қабылдау үшін қажет негіз болып табылады. Бұл отандық кәсіпорындарда қаржылық менеджмент пен талдау саласында сәйкес білімдері бар жұмысшылардың болуын мақұлдайды.
Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Бұл дипломдық жұмыс отандық кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдауды әдістемелік қамтамасыз етуді жетілдіруге арналған, себебі стратегиялық басқаруды әдістемелік қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі кәсіпорын қызметін тұрақтандыру мүмкіндіктерін әлсіретеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты қаржылық талдаудың теориялық негіздерін зерттеу және кәсіпорынды мысалға алу арқылы қаржылық жағдайын талдауды жүргізу болып табылады.
Дипломдық жұмысты жазу барысында келесідей міндеттер қойылған:
- қаржылық талдаудың теориялық негіздерін қарастыру;
- отандық кәсіпорынды мысалға алу арқылы қаржылық жағдайды талдаудың ерекшеліктерін зерттеу;
- кәсіпорынды жетілдірудегі талдаудың ролін анықтау.
Бұл жұмысты жазу үшін әдістемелік негіз болып Қазақстан Республикасының заңдары және басқа да нормативтік актілер, отандық және шетелдік зерттеушілердің монографиялары табылады. Зерттеу үшін тәжірибелік негіз болып «Бидай нан» АҚ қаржылық есептілігі және осы кәсіпорынның басқа да құжаттары алынған.
Бұл дипломдық жұмыс үш бөлімнен, кіріспеден, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
- КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының экономикалық маңызы
Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың рөлі маңызды болып табылады. Бұл кәсіпорындар өздері еркіндікке ие болады және меншік иеленушілерінің, жұмысшылардың, коммерциялық әріптестердің және басқа да контрагенттердің алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алады.
Қаржылық жағдай - бұл белгілі бір сәтке кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және шаруашылық қызметінің үздіксіздігін іске асыру мен өзінің қарыздық міндеттемелерін уақытында жабу үшін оны қаржылық ресурстармен қамтамасыз етуінің көрінісі болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы оның активтер мен пассивтер, яғни кәсіпорынның қаражаттары мен олардың көздері құрылымдарының ара қатынасымен анықталынады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы - капиталдың айналымы процесінде оның жағдайын және уақыттың нақты сәтінде шаруашылық субъектісінің өзіндік дамуына қабілеттілігін көрсететін экономикалық категория.
Өндірістік және қаржылық қызметі процесінде капитал айналымының үздіксіз процесі жүреді, қаражаттар мен оларды қалыптастыру көздерінің құрылымы, қаржылық ресурстардың бар болуы мен оларға қажеттілік өзгереді.
Қаржылық жағдай тұрақты, тұрақсыз және дағдарысты болуы мүмкін. Кәсіпорынның уақытында төлемдерді іске асыру, кеңейген негізде өз қызметін қаржыландыру, қиын жағдайда өз төлем қабілеттілігін жоғары дәрежеде ұстау қабілеттілігі оның тұрақты қаржылық жағдайы туралы куәландырады.
Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін кәсіпорында жақсы қапитал құрылымы болуы тиіс. Кәсіпорын капитал құрылымының қозғалысын ұйымдастыруды білуі тиіс.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы, оның тұрақтылығы өндірістік, коммерциялық және қаржылық қызметіне тәуелді болады. Егер өндірістік және қаржылық жоспар тиімді орындалса, онда бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайына жағымды әсер етеді. Және де керісінше, өнімді өндіру мен сату жоспарын толық орындамау нәтижесінде оның өзіндік құнының жоғарылауы, түсім мен табыс сомасының қысқаруы және соның нәтижесінде кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен оның төлем қабілеттілігінің төмендеуі пайда болады.
Өз кезегінде тұрақты қаржылық жағдай өндірістік жоспарлардың орындалуына және өндіріс қажеттіліктерін қажетті ресурстармен қамтамасыз етуіне жағымды ықпал етеді. Сондықтан қаржылық қызмет шаруашылық қызметінің құрамды бөлігі ретінде ақша қаражаттарының түсуі мен шығындалуының жоспарлылығын қамтамасыз етуіне, есеп айырысу тәртібінің орындалуына, меншікті және қарыздық капиталдың рационалды пропорциялары мен оны қолданудың тиімділігіне жетуіне бағытталуы тиіс.
Қаржылық қызметтің басты мақсаты бір стратегиялық міндетке әкеледі - кәсіпорынның активтерін арттыру. Бұл үшін ол үнемі төлем қабілеттілікті және рентабельділікті, сонымен қатар баланстың активтері мен пассивтерінің оптималды құрылымын ұстау тиіс.
Қаржылық тұрақтылық табыстардың шығындардан тұрақты артуының көрінісі болып табылады, кәсіпорынның ақша қаражаттарын бос қолдануын қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану жолымен өндіріс пен өнімді өткізудің процесіне ықпалын тигізеді. Сондықтан қаржылық тұрақтылық өндірістік-шаруашылық қызметі барысында қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының басты құрамдас бөлігі болып табылады. Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы ең алдымен табыстар түсуінің оларды жұмсаудан тұрақты артық болуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын айқындайды. Нарық жағдайларында ол мемлекетке, жабдықтаушыларға, кредиторларға, жұмысшылар және басқаларға төлемдерді жасау үшін жеткілікті мөлшерде өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен табысты тұрақты алуды талап етеді. Сол уақытта кәсіпорынның дамуы үшін барлық есеп айырысуларды жүзеге асыру мен барлық міндеттемелерді орындаудан кейін кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға, әлеуметтік климатты жақсартуға және т. б. мүмкіндік беретін табыс алу қажет.
Қаржылық тұрақтылықтың мәні қалыптастыру көздерімен қорлар мен шығындардың қамтамасыздығы болып табылады.
Кәсіпорындар жұмысының нарықтық шарттарына өтуден бастап, оның қаржылық жағдайының тұрақтылығы туралы және оны сауықтыру жолдарын іздеу мәселесі үлкен рөлге ие.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына көптеген факторлар әсер етеді. Олар келесідей жіктелінеді:
- пайда болу орны бойынша - сыртқы және ішкі;
- нәтиженің маңыздылығы бойынша - негізгі және жанама;
- құрылымы бойынша - жай және күрделі;
- қызмет ету уақыты бойынша - тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінде жұмысты ұйымдастырудан тәуелді болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорынның ерігіне тәуелсіз. Негізгі ішкі факторларды қарастыруға болады. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең алдымен өндіріс шығындарымен тығыз байланыста шығарылатын өнім мен көрсетілетін қызметтердің құрамы мен құрылымынан тәуелді болады. Тұрақты мен өзгермелі шығындар арасында ара қатынас маңызды болады.
Шығарылатын өнім түрлері мен өндіріс технологиясымен тығыз байланысты болатын кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының маңызды факторы активтердің оптималды құрамы мен құрылымы, сонымен қатар оларды басқару стратегиясының дұрыс таңдауы болып табылады. Ағымды активтерді басқару өнері ағымды оперативтік қызмет үшін қажетті өтімді қаражаттардың минималды қажет сомасын кәсіпорынның шоттарында ұстауында көрінеді.
Қаржылық тұрақтылықтың маңызды ішкі факторлары қаржы ресурстардың құрамы мен құрылымы, оларды басқарудың стратегия мен тактикасын дұрыс таңдау болып табылады. Кәсіпорында меншік қаржы ресурстары, ең алдымен таза табыс неғұрлым көп болса, соғұрлым кәсіпорынның дамуы тұрақты болады. Бұл кезде таза табыстың жалпы мөлшері ғана емес, сонымен қатар оны бөлу құрылымы, әсіресе оның өндірісті дамытуға бағытталған үлесі маңызды болады.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына үлкен әсерін қарыздық капиталдар нарығында қосымша шоғырланған қаражаттар тигізеді. Кәсіпорын неғұрлым көп ақша қаражаттарды тарта алса, соғұрлым оның қаржылық мүмкіндіктері көп болады, алайда қаржылық тәуекел де артады. Мұнда үлкен рөлді кәсіпорынның төлем қабілеттілігінің қаржы кепілдігі нысандарының бірі болып резервтер ойнайды.
Жоғарыда көрсеткендерді жалпылай келіп, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін келесі ішкі факторларды бөлуге болады:
- кәсіпорынның салалық жатқызылуы;
- шығарылатын өнімнің (жұмыстардың, қызметтердің) құрылымы, жалпы төлем қабілеттілікті сұраныста оның үлесі;
- төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
- шығындар көлемі, ақша табыстарымен салыстырғанда олардың динамикасы;
- қорлар және резервтер, олардың құрамы мен құрылымымен бірге мүлік пен қаржы ресурстардың жағдайы;
- кәсіпорындарды басқарудың тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық қызметтің экономикалық шарттардың әсер етуін, қоғамда билік ететін техника мен технологияны, төлем қабілетті сұраныс пен тұтынушылар табыстарының деңгейін, ҚР Үкіметінің салықтық және несиелік саясатын, сыртқы экономикалық байланыстарды және т. б. жатқызады.
Қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі кәсіпорынның төлем қабілеттілігі болып табылады. Төлем қабілеттілік - бұл кәсіпорынның өз міндеттемелерін жабу мүмкіндігі.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі оның қаржы тұрақтылығының маңызды критерийлерінің бірі болып табылады. Сондықтан да онымен тығыз байланыста болады. Нарықтық экономика жағдайларында төлем қабілеттілікке көп көңіл бөлінеді. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі - бұл кәсіпорынның өзінің міндеттемелері бойынша төлемдерді уақытында жүзеге асыру дайындығы.
Бұл үшін кәсіпорынға төлем қаражаттарын иелену қажет, оларға бірінші ретте есеп айырысу, валюталық және т. б. шоттарында бар ақшалар жатады.
Қарыздарды жабу үшін потенциалды қаражаттар болып қаражаттардың қалыпты айналымы кезінде қолма-қол ақшаға айналуға тиісті болатын дебиторлық берешек жатады.
Сонымен қатар қарыздарды жабу үшін қаражаттар болып кәсіпорында бар болатын тауарлық-материалдық құндылықтар табылады. Оларды сату кезінде кәсіпорын ақша қаражаттарды алады. Басқаша айтқанда, теория жүзінде қарыздық қаражаттарды жабу кәсіпорынның барлық ағымды активтермен (айналым қаражаттармен) қамтамасыз етіледі. Яғни теориялық түрде айтатын болсақ, егер кәсіпорында ағымды активтер қысқа мерзімді міндеттемелердің сомасынан артық болатын болса, онда бұл кәсіпорын қарыздарды жабуға дайын. Алайда егер кәсіпорын барлық ағымды активтерді қарызды жабуға бағыттайтын болса, онда сол сәтте оның өндірістік қызметі тоқтатылады, өйткені кәсіпорында өндірістің қаражаттарынан тек қана негізгі құралдар қалады, ал материалдық айналым құралдарды сатып алуға ақша жоқ: олар толығымен берешекті төлеуге кеткен.
Сондықтан ағымды активтердің сомасы ағымды міндеттемелердің мөлшерінен анағұрлым артық болатын кәсіпорындар төлем қабілетті деп есептеуге болады. Кәсіпорындарда қарыздарды жабу үшін ғана емес, сонымен қатар бір уақытта өндіріс процесін үздіксіз іске асыру және өнімді сатуға қаражаттар болуы тиіс.
Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін талдау қаражаттардың бар болуы мен түсуін бірінші реттегі қажетті төлемдермен сәйкес өлшеу жолымен жүзеге асырылады. Ағымды және перспективті төлем қабілеттілікті ажыратылады.
Ағымды төлем қабілеттілік балансты құру мерзіміне анықталынады. Егер кәсіпорында жабдықтаушылармен банктік ссудалар және т. б. есеп айырысулар бойынша мерзімі өткен берешегі болмаса, онда бұл кәсіпорын төлем қабілетті болып саналады.
Перспективті төлем қабілеттілік кәсіпорынның төлем қаражаттарының сомасын осы мерзімге оның мерзімді міндеттемелермен салыстыру жолымен нақты болашақты мерзімге анықталынады.
Төлем қабілеттілік төлем қабілеттілік коэффициенті арқылы белгіленеді. Бұл коэффициент бар болатын ақша қаражаттары сомасының белгілі бір мерзімге немесе болашақ кезеңге жедел төлемдер сомасына қатынас ретінде көрсетіледі. Егер төлем қабілеттілік коэффициенті 1-ге тең немесе одан көп болса, онда кәсіпорын төлем қабілетті болып есептелінеді. Егер коэффициент 1-ден төмен болса, онда талдау процесінде төлем қаражаттарының жетіспеушілігінің себептерін анықтау қажет.
Төлемдік қаражаттар сомасын анықтау мәселесі бойынша әр түрлі көзқарастар бар. Ең қолайлысы төлем қабілетті қаражаттарға ақша қаражаттары, қысқа мерзімді бағалы қағаздар жатады, өйткені олар тез сатылып ақшаға айнала алады, сонымен қатар түсімі бойынша сенімі бар дебиторлық берешектің бөлігі жатады. Ағымды міндеттемелер ағымды пассивтерді қосады, яғни өтелуге тиісті міндеттемелер мен қарыздар: банктің қысқа мерзімді несиелері, қысқа мерзімді займдар, кредиторлық берешек және басқа да пассивтер. Төлемдік қаражаттардың ағымды міндеттемелерден артық болуы кәсіпорынның төлем қабілеттілігін сипаттайды.
Төлем қабілеттілігі жоқтығы туралы есеп айырысу және банктегі басқа да шоттарда ақшалардың болмауы, мерзімі өткен банкке несиелердің, займдардың, қаржы органдарына берешектің бар болуы, еңбек ақы төлеу бойынша қаражаттарды төлеу мерзімін бұзу сипаттайды. Ең нақты түрде төлем қабілеттілік оны салыстыру түрде қысқа мерзім (апта, жарты ай) ішінде талдау кезінде көрінеді.
- Қаржылық талдаудың құрамдас бөлігі ретіндегі кәсіпорынның
қаржылық жағдайын талдау
Талдау (грек тілінен шыққан- analisis) зерттелетін объектіні құрамдас бөліктерге бөліп орналастыруды білдіреді. Талдау жинақтау (грекше-sinthesis) түсінігіне қарама қайшы болып келеді.
Талдау мен жинақтау экономикада маңызды мәнге ие. Экономикалық талдау экономикалық үрдістерді зерттеумен байланысты арнайы білімдер жүйесінен тұрады.
Танудың теориясы объективтік шындықтың мүмкіндіктері мен заңдылықтарын зерттейді. Барлық ғылымдар үшін әдістемелік негіз ретінде танудың теориясы экономикалық талдаудың мәнін, қажеттілігін және кезектілігін анықтайды. Ең алдымен ол талдаудың объектісі мен субъектісі түсінігін анықтайды. Объект ретінде адамның материалдық қызмет етуі табылады, ал субъект ретінде адамның өзі қатынасқа түседі.
Экономикалық талдау ғылымының құрылымында бірнеше бағыттар бар. Мысалы, Г. В. Савицкая айтқан: «Бүгінде экономикалық құбылыстар мен үрдістерді макро деңгейде зерттейтін жалпы теориялық экономикалық талдауды және жеке кәсіпорындардың экономикасын зерттеу үшін қолданылатын микро деңгейдегі нақты экономикалық талдауды ажыратады». Ғылыми бағыт ретінде жалпы теориялық экономикалық талдау ХІХ ғасыр экономистерінің еңбектерінде көп таралған, ал шаруашылық қызметін талдау ғылым ретінде жақында ғана пайда болды. Г. В. Савицкаяның пікірінше бұған екі себеп бар.
Біріншіден, бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру. Ол өндірістік күштердің дамуымен, өндірістік қатынастардың жетілуімен, өндіріс көлемінің кеңеюімен байланысты пайда болды. Кешендік талдаусыз күрделі экономикалық үрдістерді басқару мүмкін емес.
Екіншіден, бұл экономикалық ғылымның дамуымен байланысты. Шаруашылық қызметті экономикалық талдау жалпы ғылымдарды дифференциациялау нәтижесінде құрылды.
Алайда В. В. Ковалев экономикалық талдаудың жоғарыда айтылған бөлімдері орталықтан жоспарланатын экономикаға тән деп ойлайды. Сондықтан ол экономикалық талдаудың әрекет ету саласы туралы басқаша түсінікті ұсынады (1 сызба) . Бұл сызбаның элементі болып нақты әлеуметтік экономикадағы қоғамдық даму заңдылықтарының әрекетін зерттеумен байланысты ғылым ретіндегі экономикалық теория табылады. Экономикалық теория басқа қоғамдық ғылымдар (статистика, бухгалтерлік есеп, шаруашылық қызметті талдау, қаржылық талдау және т. б. ) үшін теориялық негізін құрайды.
1 сызба. Қаржылық талдау және оның экономикалық талдау жүйесіндегі орны.
Көрсетілген сызбада есептік талдамалақ қызметі үш пән түрінде: бухгалтерлік есеп, қаржылық талдау, шаруашылық қызметін талдау ретінде көрсетілген.
Қаржылық талдаудың төмендегідей мақсаттары бар:
- кәсіпорынның ағымдағы және болашақтағы қаржылық жағдайын бағалау;
- кәсіпорын дамуының мүмкін деңгейлерін бағалау;
- қаражаттардың мүмкін көздерін және мүмкіндіктерін бағалау;
- капитал нарығындағы кәсіпорынның жағдайын болжау.
Қаржылық талдаудың негізінде қаржылық есептілікті талдау жатыр. Кез келген ғылымның негізін оның пәні мен әдістері құрайды. Қаржылық талдаудың пәні - қаржылық ресурстар және олардың ағымдары. Қаржылық талдаудың әдісі - бұл теориялық категориялардың ғылыми зерттеу құралдарының жиынтығы.
Қаржылық талдаудың категориялары - бұл осы ғылымның жалпы, ең негізгі түсініктері. Қаржылық талдаудың ғылыми құралы- бұл шаруашылық субъектісінің қаржылық қызметін зерттеудің жалпы ғылыми және нақты ғылыми тәсілдерінің жиынтығы. Қаржылық талдаудың принциптері оның әдістемесін тұрақтандырады. Оларға жүйелілік, кешенділік, тұрақтылық, объективтілік және басқалары жатады. Қаржылық талдаудың әдістері екі деңгейге бөлінеді:
- Формалдық емес әдістер логикалық деңгейде талдамалық үрдістерді бейнелеуге негізделген. Оларға психологиялық, морфологиялық талдау, көрсеткіштер жүйесін құру, талдамалық кестелер жүйесін құру және т. б. әдістері жатады. Бұл әдістерді қолдану белгілі бір субъектілікпен сипатталады, себебі бұл жерде тәжірибе, білім үлкен мағынаға ие.
- Формалдық әдістер негізінде қатаң формалданған талдамалық тәуелділіктер жатыр. Мұндай әдістердің ондаған түрлері белгілі. Олардың кейбіреуін атасақ: шаруашылық қызметті талдаудың және қаржылық талдаудың классикалық әдістері, дифференциалды, логарифмдік, интегралдық, пайыздық сандар, жай және күрделі пайыздар әдістері; экономикалық статистиканың әдістері: орташа және салыстырмалы шамалар, графикалық, индекстік әдістер; байланыстарды зерттеудің математикалық - статистикалық әдістері: корреляциялық талдау, регрессиондық талдау, дисперсиондық талдау, факторлық талдау; эконометриялық әдістер; матрицалық әдістер; спектрлік талдау, өндірістік қызметтер теориясының әдістері, сала аралық баланс теориясы әдістері; экономикалық кибернетика және тиімді бағдарламалау әдістері: жүйелік талдау әдістері, сызбалық бағдармалау әдістері, сызбалық емес бағдарламалау әдістері; шешім қабылдау теориясы әдістері: сызба теориясы әдістері, ойын теориясы, жаппай қызмет ету теориясы, жоспарлау және басқару әдістері.
Сөз жоқ, аталған әдістерінің барлығы қаржылық талдау шеңберінде тікелей қолданылмайды, себебі қаржыны тиімді талдау мен басқарудың негізгі нәтижелері арнайы қаржылық құралдарының көмегімен жеткізіледі.
Кәсіпорынды қаржылық талдаудың маңызды құрамдас бөлігі оның қаржылық жағдайын талдау болып табылады. Кәсіпорынның қазіргі жағдайда өміршеңдігін қамтамасыз ету үшін басқару қызметкері ең алдымен өзінің кәсіпорнының қаржылық жағдайын нақты бағалай білуі қажет. Бұл үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау әдістемесін білуі, сәйкес ақпаратты қамтамасыз етуі, берілген әдістемені тәжірибеде жүзеге асыра алатын мамандандырылған қызметкерлері болуы қажет.
1. 3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың міндеттері
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы - шеңбер айналымы үрдісінде капиталдың жағдайын бейнелейтін және белгілі бір мерзімде шаруашылық субъектісінің өзін өзі дамытуын көрсететін экономикалық категория. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы субъектінің даму тенденциясын, оның бәсекелестер арасындағы оның жағдайын бейнелейді. Қаржылық жағдайды бағалау үшін бірнеше жылғы қаржылық жағдайын анықтау қажет. Ол қаржылық ресурстардың қамтамасыз етілгендігімен, оларды мақсатқа сай орналастырумен, басқа жеке және заңды тұлғалардың қаржылық қарым қатынасымен, төлемқабілеттілігімен және қаржылық тұрақтылығымен сипатталады.
Қаржылық жағдайды талдау төмендегілерден тұрады: қаржылық есептілік негізінде кәсіпорын қызметінің тиімділігі, кәсіпорынды банкрот болудан сақтау мақсатында кәсіпорынның төлемқабілеттілігін анықтау, қаражаттарды кәсіпорынға инвестициялауды бағалау, оның акцияларын сатып алу.
Талдаудың негізгі мақсаты - қаржылық қызметтегі кемшіліктерін дер кезінде анықтау және жою, сонымен қатар кәсіпорынның қаржылық жағдайын және оның төлемқабілеттілігін жақсарту. Бұл жағдайда келесідей міндеттерді шешу қажет:
- әртүрлі өндірістік, коммерциялық және қаржылық қызметтің көрсеткіштері арасындағы байланысты зерттеу негізінде қаржылық құралдардың түсуі бойынша және кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартуға оларды пайдалану бойынша жоспардың орындалуына баға беру;
- мүмкін қаржылық нәтижелерін, экономикалық рентабельділікті, меншіктік және қарызға алынған құралдардың қолда барын болжау;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz