Қарым - қатынас мұғалім мен оқушының рухани баюы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ - ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Жасөспірімдік шақта қарым-қатынастың дамуын зерттеу
Алматы - 2011
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
1 Жасөспірімдік шақта өзіндік сана дамуының психологиялық негіздері
1.1 Жасөспірімдік шақтың психологиялық-педагогикалық ерекшеліктері
1.2 Қарым-қатынас арқылы өзіндік сана дамуының психологиялық мәні
1.3 Қарым-қатынас дамуында оқыту технологияларын қолданудың маңызы
2 Жасөспірімдік шақта қарым-қатынас дамуын қалыптастыруда әдіс-
тәсілдерді саралау
2.1 Қарым-қатынас дамуында интерактивті әдістердің алатын орны
2.2 Жасөспірімдерде қарым-қатынас дамуын анықтауда ұйымдастырылатын
іс-шаралар
2.3 Жасөспірімдерде қарым-қатынасты қалыптастыру жолдары
Қорытынды
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Кіріспе
Зерттеу көкейкестілігі. Бүгінгі таңда жас ұрпақтың білім алуы мен
дамуына ерекше ден қойылып, көңіл бөлінуде. Соңғы психологиялық-
педагогикалық зерттеулерде жеке тұлғаның өзіндік сана белсенділігін дамыту
елеулі мәселелердің біріне айналып отыр. Алайда, ол тұлғаның дамуын оқу
қызметіндегі бірінші кезектегі міндет деп танығанда ғана іске асады.
Жасөспірім шақтағы дүниетанымның қалыптасуы және қоғамдық
белсенділіктің маңызы философия, әлеуметтану және психологиядағы ең бір
өзекті мәселелердің бірі. Жасөспірімдік кезең – адамның денелік дамуының,
оның өзіндік сапасының жедел өсуінің, дүниетанымының қалыптасуының,
кәсіптік таңдаудың аяқталу кездері және ересектер өміріне аяқ басуының
басталуы. Адамның жаны мен тәнінің сапалық, сандық жағынан да үлкен
өзгерістерге түсуінде осы жаста адамның қоғамдық белсенділігі артады, сана
– сезімі өседі, жан дүниесі шыңдала түседі.
Бұл кезеңде дамудың барлық жақтары сапалы өзгерістерге жақындайды,
саналы іс-әрекеттер қаланып, психологиялық жаңа құрылымдар, әлеуметтік
құрылымдар қалыптаса бастайды. Бұл үрдіс жасөспірімдік шақтағы баланың
негізгі ерекшеліктерін анықтайды. Л.С. Выготский, А.Г. Ковалев, В.Г.
Маралов, Г.К. Селевко, Я.Л. Коломенский, және т.б. педагог-психологтардың
еңбектерінде осы мәселелер жан-жақты қарастырылады.
Дәл осы шақта оқушының психикалық дамуында, әсіресе өзіндік сана
қалыптасуында қарым-қатынас ерекше мәнге ие болады. Сынып ішіндегі
оқушылардың арасындағы және оқу іс-әрекетіндегі қарым-қатынасты көптеген
психологтар зерттеген. Олар И.Я. Лемберг, Г.А. Цукерман, У.В. Дубровина,
В.А. Крутецкий, Х.Т.Шерьязданова, Н.Қ. Тоқсанбаева, А.М. Прихожин.
Жоғары сынып оқушысы өзін қоршаған ортаны тануда ішкі әлеміне
дүниетанымдық сұрақтарын қояды: Мен бұл әлемде қандай маңызға иемін,
Онда мен қандай орынды аламын, Менің қандай мүмкіндігім бар, Мен
қандаймын, Болашақта кім боламын? және т.б.
Осы кезеңде жасөспірім мектептегі қызығушылықтарынан шығып өзін
үлкендерше сезініп әр түрлі тәсілдермен үлкендер өміріне араласқысы келеді:
қысқа мерзім күйінде өмірлік бағдарламаны жасап шығару, кім боламын
сұрақтарына жауап табу, мамандық таңдауын белгілеу, тұлғалық және
моральдық, яғни рухани өзін-өзі билеу сияқты сұрақтар мазалайды..
Жасөспірімдік шақта өз ерекшеліктерін білгісі келуі, өз-өзіне ден
қойып, кемшіліктерге назар аударуы ерекше орын алады. Аталмыш мәселелер
төңірегінде көптеген психолог–ғалымдар жұмыс жүргізді. Мәселен:
Б.Г.Ананьев, Л.С.Выготский, Н.А.Логинова, З.Фрейд, Ж.Пиаже, А.А.Бодалев,
А.Г.Ковалев, А.Г.Асмолов, ал қазақ психологиясында: А.Жұмағұлов,
Т.Тәжібаев, С.Ұзақбаева, М.Мұқанов және т.б. болды.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі жасөспірімдердің өзіндік сана-сезімін
қалыптастырудағы даму мәселелерінің жүйелілік сипатымен негізделеді. Осы
орайда зерттеу тақырыбын Жасөспірімдік шақта қарым-қатынастың дамуын
зерттеу деп алдық.
Зерттеудің мақсаты ─ жасөспірімдерде қарым-қатынастың психологиялық
маңызын анықтау.
Зерттеу нысаны – қарым-қатынас дамуын зерттеу үрдісі.
Зерттеу пәні – жасөспірімдерде қарым-қатынасты дамыту тәсілдері.
Зерттеу болжамы – егер сабақ және сабақтан тыс уақытта
жасөспірімдердің қарым-қатынасын дамытуға баса назар аударылса, онда
олардың жеке тұлғалық қасиеттерінің айқындалуына, өз-өзіне деген
қатынасының жас ерекшелікке сай қалыптасуына қол жеткізуге болады,
өйткені, тұлғақарым-қатынасының құзіреттілігі қазіргі заман талабы.
Зерттеу міндеттері:
1. Жасөспірімдердің қарым-қатынасы туралы мәселелерді теориялық
тұрғыдан негіздеу.
2. Қарым-қатынасты дамыту мүмкіндіктерін саралау .
3. Қарым-қатынас дамуының психологиялық ерекшеліктерін анықтаудың
тиімді әдіс-тәсілдерін іріктеу.
4. Оқыту үрдісінде пайдаланылатын түзету жұмыстарын ұйымдастырудың
жолдарын қарастыру.
Зерттеу әдістері: ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге талдау, бақылау,
эксперименттік жұмыстар, ойын-жаттығулар, тест, зерттеу нәтижелерін өңдеу
әдістері.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негіздері. Жеке тұлғаны қалыптастыру
теориясы, Р.Г.Агеева, Б.Ф.Ломов, А.Маслоу, Л.Занков, В.Мараловтың ғылыми
зерттеулері алынды.
Зерттеудің теориялық мәнділігі. Зерттеу барысында алынған нәтижелер
жасөспірімдік шақта қарым-қатынас қалыптасуындағы жеке тұлғалық
ерекшеліктерінің психологиялық механизмдері жайлы білімдерді толықтырады.
Аталмыш мәселе бойынша теориялық және әдістемелік талдау жасалды.
Зерттеудің практикалық мәнділігі. Зерттеуден алынған нәтижелерді оқу-
тәрбие үрдісінде қарым-қатынасты қалыптастыруға бағытталған іс-шаралар
мақсатында қолдануға болады.
Зерттеудің тірек орны: Алматы қаласы, № 48 қазақ орта мектеб.і
Зерттеудің кезеңдері:
1.Әдебиеттерге шолу, жинақталған материалдарды іріктеу, ғылыми
аппарат жасау іске асырылды.
2. Жасөспірімдік шақта қарым-қатынас дамуын анықтауда эксперимент
ұйымдастырылып, ақпарат алынды.
3. Зерттеу нәтижелері өңделіп талданды, қорытынды жасалды.
Зерттеу жұмысының құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспе, екі тарау,
қорытынды, әдебиеттер тізімі және қосымша тіркелген материалдардан тұрады.

Жасөспірімдік шақ жыныстық толысудан басталып, ересектің басталуымен
аяқталатын даму стадиясы деп аталады. Жасөспірімдік шақтың көптеген
теориялары бар. Биолоигиялық теориялар жасөспірімділікті организм
эволюциясының белгілі бір кезеңі деп қарайды. Психологиялық теориялар
психикалық эволюцияның заңдылықтарына, мішкі дүние мен өзін-өзі ұғынудың
тән сипаттарына назар аударады. Психоаналитикалық теориялар
жасөспірімділікті психосексуалдық дамудың белгілі бір кезеңі деп біледі.
Сициологиялық теория оны социолизацияның белгілі бір кезеңі тәуелді
болғандықтан ересектіктің дербес те жауапты іс-әрекетіне көшу деп қарайды.
Жасөспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері – мамандық таңдау, еңбек
пен қоғамдық-саяси қызметке даярлау, некелесуге өз отбасын құруға
әзірлену. Бұл жасөспірімдердің өзін анықтайтын күрделі проблемасы болып
табылады. Бұл проблемаларды жасөспірім жалғыз өзі шешпейді, әке-шешесімен,
құрбы-құрдастарымен, мұғалімдермен бірге, олардың қолдауы жағдайында
шешеді.
Біз теориялық білімдерді толықтыру мақсатында, жасөспірімдермен
үйренісіп, олардың психологиясын меңгере отырып зерттеу жұмыстарын
жүргіздік [1]. Біз алдымен педагогикалық қарым-қатынасқа тоқталайық.
Педагогикалық қатынас ұстаздың шәкіртке деген сүйіспеншілігінен шығады деп
білеміз. Сонымен қатар бұл қарым-қатынас жақсы да, жаман да болуы мүмкін,
ықыласты немесе қарама-қарсы да болуы мүмкін. Ал осыған толық көзіміз жету
үшін біз бұларды тәжірибемен байланыстырып көрелік.
Жасөспірімдік шақтағы оқушыда көбіне мұғалыммен қалай ортақ тіл
табысуға болады деген сұрақ туындайды.
Оқушы мұғаліммен жақсы қарым-қатынаста болудың алғашқы қадамдарын
мұғалімнің өзінен күтеді. Дәл осы кезде мұғалім әрбір оқушының жүрегіне
жол таба біліп, алдымен олармен достық қарым-қатынасты орнатуға тырысады.
Бұған мысал біз тәжірибе өткізген орта мектептің оқушыларымен және
оқутышысы туралы бірер сөз.
9 “б” сыныбы, сынып жетекшісі осы сыныппен 1 жылдан бер жұмыс
атқаруда. Сынып жетекшісі көп балалы ардақты ана сияқты. Мұғалім ойымен
бөліскенде ол былай дейді: “Менің ойымша ұстазбен шәкірттің арасындағы
қарым-қатынас шынайы болу үшін ұстаз бен шәкірт шынайы түрде бірлесе
отырып жұмыс жасау керек. Мен осы сыныпқа алғаш жұмысқа келгенде бізде
келіспеушіліктер көп болды. әрине, бірте-бірте біз оны жеңе бастадық. Бос
уақытымда оқушылармен көп әңгімелесуге тырыстым. Тіпті қажет жағдайда әрбір
оқушылармен жеке-жеке әңгімелесіп, ақылымды айтатын болдым. Осылай бірте-
бірте сынып оқушыларының маған деген сенімі, сүйіспеншілігі артып келеді”.
Бұл мысалды біз педагогикалық қатынастың жақсы жағына, жемісті жағына
жатқызайық. Ал келеңіз жақтары жасөспірім мен мұғалімге тікелей байланысты
болатын жаңа құқықтары туралы талаптары үлкен адаммен болатын қарм-
қатынасына өте әсер етеді. Мұғалім жасөспірім еркіндігін шектеп “кішкене
бала” кұсап басқара, жазаласа және оның жеке ойымен есептессе жасөспірім
осыған дейін үлкен ықыласпен орындайтын талаптарға қарсы шығады, ренжиді.
Мұндай оқушыларды әңгімелескенде байқадық. Тағы да есепке алғанымыз
жасөспірімдер өзін еркін тәуелсізбін, мені ешкім жәбірлеп, еркіндігімді
шектемеуі керек деп есептейді. Қырсылық білдіріп бағынбаудың негізгі себебі
жасөспірімнің үлкен адаммен бұрынғы қарым-қатынастан арылып жаңа тең құқылы
қарым-қатынас түріне көшу. Жасөспірім өзінің ер жеткенін сезініп және оны
айналасындағы адамдарға мойындатуға дейін талпынып өзге проблемма тудырады
[2].
Жасөспірімдік кезеңнің мыңызы-дәл осы кезеңде балалық шақтан арылып,
жаңа ересек кезеңге өтуі іске асады. Бұл кезеңдік ауысу жасөспірімдермен
үлкен адам арасында әлеуметтік қарым-қатынас қаыптасуы процесінде жүреді.
Жасөспірімнің жаңа қарым-қатынас түріне өту кезеңі оңай болуы үшін
мұғалім көмек көрсетуі керек немесе жасөспірімнің талаптарын есепке ала
отырып өзінің қарым-қатынасын соған бейімдеуі қажет.
Бұл мысалдардың барлығы педагогикалық қарым-қатынастың мәселелері.
Сонымен пелагогикалы қарым-қатынастың жақсы, жағымды немесе дағымсыз
келеңсіз түрде қалыптасуы мұғалім мен оқушының іс-әрекетіне тәуелді. Яғни
педагогикалық қатынастың қандай болуы ол оқушының мұғалімге, мұғалімнің
оқушыға деген сүйіспеншілігі немесе олардың керісінше жағдайда көрініс
беруі. Сол арқылы “Мендік” жүйе дамиды.
Жасөспірімдік кезеңнің басында бала даумында өтетін ерекше өзгерістер
жасөспірімнің жаңа қажеттіліктермен, талпыныстармен, құрбылардың және
ересек адам арасындағы қарым-қатынасқа қоятын талаптармен анықталады. Бұл
жағдай жасөспірімнің құрдастарымен қарым-қатынасының тереңдей түсуіне себеп
болады.
Жасөспірімдердің бойындағы қызығушылықтарды еренсек адамнан гөрі
құрбысы дұрыс түсіне алады.
Жасөспірімнің сыныптастарымен қарым-қатынасы жан-жақты. Жасөспірімдік
кезеңде жақындақ жағынан түрлі деңгейдегі қырам-қатынас қалыптасады. Олар
жолдастық болуы, жақсы жолдастық немесе жеке дос болуы мүмкін. Сонымен
қарым-қатынас оқудан тыс сипат ала бастайды. Бұл қарым-қатынас жаңалықпен,
қызығушылықпен, қақтығыстармен, жеңістермен, жеңілістермен, қуаныш
ренішпен байланысты. Бұлардың барлығы бірігіп жасөспірімнің өмірін, жеке
өмірін құрайды [3]. Құрбылармен қарым-қатынас жас өспірім үшін маңызды рөл
атқаруы бірінші орынға шығады да оқу және туған туыстарымен қарым-қатынас
екінші орынға кетеді.
Мұнда біздің байқағанымыз, жасөспірімнің мұғаліммен және өз құрбы-
құрдастарымен қарым-қатынас жасауында қарым-қатынас функцияларының және
сапаларының дамунда кезіккен жетіспеушіліктер, олқылықтар, кешеуілдеу
болды. Сондай-ақ олардың қарым-қатынасындағы арнайы әдістердің, яғни қарым-
қатынас белгілерінің жас ерекшелікке сай келмеу жағдайларының байқалуы,
табиғи тілдің (сөздер, сөйлем, грамматикалық түрде дұрыс құрастырылған
сөйлем) көмескілігі көрініс берді.
Енді, қарым-қатынастағы табиғи тіл көрінісін байқау мақсатында,
жасөспірімдерге шығарма жазуды, оны талқылауды ұсындық. Тақырыбы: “Мен және
менің достарыммен қарым-қатынасым”. Тексеру барысында, оқушылардың өз
мүмкіндіктерін дұрыс пайдалана алмайтындары, қарым-қатынас тек
қызығушылыққа байланысты туындап отырады деген жауаптары көп байқалды.
Сондай-ақ кейбір жұмыстарды талқылағанда, өз ойларын жеткізуде
грамматикалық жағынан көмескілеп сөйлеу, жас ерекшелікке байланысты
байланыстырып, нақты, жүйелі түрде өз ойын жеткізе білуде, әлі де
қиналатын оушылардың бар екендігін көрдік. Әсіресе кейбір оқушылар тіл
байлығы болғанымен, сынып алдында шығып сөйлеуге дәрменсіз екендіктерін
байқатты. Осы орайда оқушыларды, өз пікірін ортаға ашылып салуға,
қортындылап, грамматикалық дұрыс сөйлеуге үйрету қажетті бар екендігін
көрдік.
Көптеген жасөспірімдер үлкендерге де, құрдастарына да бір мезгілде
қатар теңеседі, осының өзінде олардың сол бір немесе соған ұқсас
қасиеттеріне теңесуі жиі байқалады.Кейбіреулері көбіне өзінен үлкен балалар
мен құрдастарына теңелгісі келеді. Бір маңыздысы, жасөспірімге әдетте оған
өзәнен гөрі үлкен, естияр болып көрінетін құрдастары үлгі болады.Сондықтан
мұндай жолдағы жасөспіріммен ересек арасындағы аралық басқыш сияқты.
Қайсыбір жағынан өзінен гөрі есейген құрдасына теңесу арқылы жасөспірім
өзін ересекке жақындатады, оған түпкі мақсатқа қарай одан әрі ілгерілеу
оңайырақ. Жасөспірімдердің көбі ересек адамнан гөзі құрдас жолдасынан үлгі
алған оңай деп санайды. Жасөспірім теңесетін үлгінің нақ құрбы-құрдасы
болғаны өте маңызды [4].
Бүгінгі жастар осы заманның сыншысы да, тарихшысы да болғандықтан,
олармен жүйелі жұмыс жүргізуге баса назар аудару қажет. Осыған байланысты
оқу-тәрбие процесіндегі мұғалім мен жасөспірім қарым-қатынасын ізгілендіру
мәселелері бүкіл психологиялық-педагогикалық ғылымның өзекті аспектілері
болып келеді. Оқыту процесіндегі мұғалім мен оқушы қарым-қатынасын
ізгілендірудің ерекшеліктері мен ролін негіздеу үшін ең алдымен осы
мәселенің шығу тегі мен дамуын зерттеуіміз керек. Ғұлама ғалым, философ,
ойшыл әл-Фараби еңбектерінде адамдар қарым-қатынасының мәселелері негізгі
орын алған. Ол еңбектерінде адамның ойлы, парасатты болу қажеттігін, адам
деген ардақты атақты алып жүру бақыттылық екенін айтқан.
Адам қоршаған ортамен, олардың іс-әрекетімен және қарым-қатынасымен
тығыз байланыста. Адаммен қарым-қатынас тек қоғамдық моральдық негізгі
көрсеткіші ғана емес, ол әрқайсымыздың өнегеміз [5]. Бұл қарым-қатынас
жақсы да, жаман да болуы мүмкін, ықыласты немесе дұрыс пікірде болуы керек.
Осы тұрғыдан алғанда ададар арасындағы іс-әрекет пен қарым-қатынасқа және
жеке тұлғаның қалыптасуына міндетті түрде әсер етеді. Педагогикалық
процесте қарым-қатынасты басқару бұл мұғалім мен жасөспірімнің жеке тұлға
болып қалыптасуымен басқару деген сөз. Сондықтан да педагогикалық ғылымның
классиктері оқу-тәрбие процесіндегі мұғалім мен оқушы қарым-қатынасына
көбірек мән беріп, жеке тұлға ескі әкімшілі-авторитарлық әдіспен қалыптаса
алмайды деген тұжырымға келді.
Мұғалімер жасөспіріммен дос болғанын қалайды. Өзара тіл табысып, тату
болсын деген мақсатпен оларға: Сендер бір-біріңмен дос болыңдар,
көмектесіңдер, нағыз достар қиын кезеңде қасыңнан табылады, адал дос болу
керек т.б. дегенді жиі айтып, достықтың мәнін түсіндіруге тырысамыз.
Мұғалім баламен нағыз дос болуы үшін оның ең сенімді адамдарының бірі
болуы керек. Баланың мұғалімге деген сенімсіздігі жойылған кезде бала
бойында еркіндік пайда болады. Оның ішкі сырын бөлісетін адамы болу – бала
үшін үлкен бақыт. Өйткені, айналасындағылардың басым көпшілігі оны бала деп
санайды да, оның шын көңілімен ақтарып, салғысы келіп тұрған ой-пікіріне
көңіл бөле бермейді.
Ал, мұғаліммен қарым-қатынасын шынайы достықтың деңгейіне жеткенде
оқушы үлкен табыстарға қолы жеткендей қуанады. Мұғалім болса, оқушымен
достасудың арқасында биік мұратына жетеді. Мұғалім жасөспірімдермен
достықты нығайта түсу үшін, үнемі олардың жақсы істерін мақұлдап, арман-
тілектеріне ортақтасып отырады.
Жасөспірімдердің ішінде шеттеп қалған бала болмауы керек. Мұғалім
әрқайсысымен жеке-жеке сырласуға тырысады. Бірінің ісін біріне мадақтай
отырып, өзара сыйластығын нығайтуды көздейді. Сенімнен шыққан оқушылар тм
елгезек, тапсырманы тез орындауға, шамасының келгенінше еңбектеніп жатады.
Олардың мұғалімге деген ыстық ықыласы мен білімге дегенынтасы мұғалім
шабытын оятып, жанын қамшылауға ықпал етеді.
Жоғарғы сыныптарға барғанда ұстаз беделі төмендей бастайды. Өйткені,
қазіргі оқушылардың сыртқы ортадан алатыны, көңілге тоқитыны өте көп.
Сондықтан да оқушылардың ұстаздарға қояр талабы да өте зор. Осы арада
ізденбейтін, білім таяз, эстетикалық талғамы төмен ұстаз әрқашан да беделін
жоғалтатыны даусыз. Ең қынжыларлығы, оқушылармен тіл таба алмай, оларды
сабаққа қызықтыра білмегендердің тыныш отырмаған немесе сабақтан шығарып
жіберуі. Керісінше, ұстаз жасөспірімнің ойына, талап-тілегіне жол шып,
сабағынтартымды да қызықты өтетін болса, ешбір шәкірт сабақтан қалмауға,
кешікпеуге тырысады [6].
Жасөспірім өзінің мүмкіншілігін дұрыс бағалап, өзіне дербес азамат
деп қарауы тек өзгелермен үздіксіз қатынас жасап, соларды жақсы білуден
пайда болады.
Жеке тұлғаның қалыптасуына жасөспірім мен мұғалім арасындағы қарым-
қатынастың орны ерекше. Қандай адам болсын, мейлі оқымысты, мейлі қарапайым
жұмысшы болсын, мектеп өмірі туралы, мектеп қабырғасында жүргенде өзіне
үлкен әсер еткен мұғалім туралы аса бір жылылықпен еске түсіруге жиі
кездеседі.
Мұғалім мен жасөспірім қарым-қатынасы ғылыми тұрғыдан қаралатын
күрделі мәселе, өйткені оқушының өзін қоршаған ортаға деген қарым-қатынасы
оқушы мен мұғалімі екеуінің қарым-қатынасы негізінде қалыптасады, сондықтан
бұл қарым-қатынас жасөспірімнің жеке қасиеттерінің қалыптасуна зор ықпал
етеді. Ал екінші жағынан, ғалым М.Шульцтің көзқарасынша: Мұғалім мен
оқушының жеке қарым-қатынастары әс-әрекеттер атқару нәтижесінде туындауы
қажет, осы пікір мен ол зтиканың фетишизмге қарсылығын білдіріп, бүкіл
педагогикалық назарды оқу-тәрбие жұмылдыру қажет деп табады.
Мұғалім мен оқушы - әр түрлі екі субъект. Мәселенің негізгісі осы әр
түрлі рухани дүниені бірлестіру. Педагогикалық тұрғыданқарағанда,
тәрбиеленушіге нәтижелі ықпал ету үшін тәрбиеленушінің мұғалімді қабылдауы
ғана емес,керісінше, мұғалімніңде тәрбиеленушіні қабылдауы қажет.
Егер күнделікті тұрмыста біз Мен ұғымының Сен ұғымымен
сәйкессіздігіне үнемі кездесе берсек, педагогикалық қарым-қатынаста қателік
жібергеніміз. Бұл Мұғалім – оқушы қарым-қатынасының бұзылуына әкеп
соғады. Қарым-қатынас мұғалім мен оқушының рухани баюы. Бұл нәтижеге тек
қана мұғалім оқушыға өзінің дәрежесіндей тең қарағанда ғана жетуге болады.
Бұл қандай қарым-қатынасты білдіреді?
Біріншіден, мұғалім жасөспірімнің рухани дүниесіне үлкен құрметпен
қарап, оның еркіндігін мойындап, оның келісу-келіспеу құқына және іс-
әрекетті таңдау құқығына ие екендәгін тануы.
Екіншіден, оқушының дүниеге деген көзқарасын түсініп, оның қайғысы
мен қуанышына ортақтасу.
Үшіншіден, оның өзіне тән жеке қасиеттері мен ерекшеліктерін қабылдай
білу.
Кері байланыс, біреудің екіншіге деген қызығу қарым-қатынасынан
туындайды. Жатсыну, бір-біріне селқостық өзара қызығу жоқ жерде пайда
болады. Мұғалімдер қалыптасқан әдет бойынша өзімен әңгімелескен оқушыға өз
сырларын айта бермейді. Өзінің оқушылары, жұмысы туралы бәріне әңгімелеп
бергісі келіп тұрса да, ол басқа әңгімелесушініңжан дүниесіне саңырау
болады. Жасөспірімдермен қарым-қатынаста да осы Мамандық қасиеті айқын
көрінеді, көп жағдайда мұғалімнің оқушымен өзінің монологіне, ал мазмұны
ескеру мен үйретулерге толы болады. Мектеп мұғалімдеріне мынадай сөйлемді
аяқтауларын ұсынғанда: Мен қарама-қарсы келе жатқан оқушыны көрген
кезде... Көпшілігі Оған ескерту жасағыш келеді деп аяқтаған. Мұндайда
педагогикалық қарым-қатынас мүмкін емес, өйткені оқушы бұл жағдайда тек
қана объект болып саналады.
Қарым-қатынас басқа біреудің жан дүниесіне, Мен ұғымына ену. Бұл
оңай емес, өйткені өзіне ұқсамайтын басқаның жан дүниесіне ену үшін
психологиялық дайындық қажет.Сондықтан қарым-қатынасты ұйымдастыруда
субъектінің психологиялық жағдайын ескеру өте маңызды болып табылады.
Өйткені, субъектілердің кез-келген қарым-қатынасы психологиялық кеңістікте
өзгеріс туғызады. Мысалы, ұлы кітап оқып отырады, ал шешесі өзінің жаңа
көйлегіне пікірін білдіруді сұрайды немесе бала мұғалімге үйде салып келген
суретін көрсетіп, оның сурет туралы пікірін білгісі келсе, мұғалім оған
көңіл аудармай, саусақтарыңды бояумен осынша неге былықтырғансың деп
ұрсады. Мұнай шұғыл өзгерістер біреуінің тарапынан міндетті түрде келіспеу,
наразылық туғызады. Егер керісінше бұл жағдайды түсіне қоймаса, онда жанжал
туып кетуі мүмкін. Мұны төмендегідей рөлдік жағдайларда тексеруге болады.
a) Жүр менімен! Сен маған көмектесесің!
- оқушы есебін шығарып отырған досына бұйырып сөйлейді.
ә) Жаңа сабақты қабылдауға дайын отырған оқушыларға мұғалім кенеттен:
Бүгін және тап қазір бақылау жұмысын өткіземін дейді.
б) Театрға жиналған қызына шешесі: Кіре берістің еденін жушы деп
өтінеді.
Тіпті шебер ұйымдастырылған ситуацияларда болсын, біз психологиялық
жағдайдың бір-біріне ауысуының оңай емес екеніне көз жеткізгендейміз. Бұл
үлкен күшті қажет етеді және біреуді қарым-қатынасқа түсіретін адам оның
жағдайымен санасып, алдын-ала дайындық жүргізуі керек. Мысалы, ақылды ана
ойнап жүрген ұлына аздан соң ұйықтау керек юеп ескертеді. Жұмысты
аяқтауға екі минут қалды деп хабарлайды мұғалім. Енді тағы біраз
ойнаңдар, сосын жұмысты бастаймыз деп, тәрбиеші тірбиеленушілеріне
бағдарлайды. Қарым-қатынас көлденең жазықтықта (мұғалім мен жасөспірім
бірдей) және тік жазықтықта (мұғалім жасөспірімнен биік, ал мүмкін кей
жағдайда жасөспірім мұғалімнен биік) болады. Көлденең қарым-қатынас
жемісті, ал тік қарым-қатынас үнемі оқушыны қарама-қарсылыққа
итермелейді.Көлденең қарым-қатынасқа жету үшін, біріншіден, оқушыны ойша
өзіңмен қатар қою, екіншіден, оқушыға жоғарыдан төмен қарамауға төселу
қажет. Бұл үшін әуелі оқушылар отырса отырып, тұрса тұрып сөйлеу керек [7].
Біріншіні іске асыру жеңіл, ал екіншісі ыңғайсыз, өйткені мұғалімдер көбіне
оқушыларды бақылау үшін орындарынан тұрып қарым-қатынас жасайды.
Бірақ, ересектер осы көлденең қарым-қатынастың аса қажет екенін іштей
сезеді, олар баламен еңкейіп сөйлеседі, олармен қатарласып отырады, алдына
отырғызады.
Қарым-қатынаста мұғалім ұстанатын арақашықтықтың да өзіндік маңызы
бар. Бұл әр мұғалімнің балаға деген көзқарасының әр түрлілігінде. Мұғалім
балалардан неғұрлым қорықса және өз күшіне сенбесе бұл арақашықтықтың
алыстауына әкеп соғады және мұғалімнің беделіне нұқсан келтіреді. Әрине,
арақашықтықты құралмен өлшеп, оның математикалық өлшемі бар депайту мүмкін
емес. Оның негізі – мұғалімнің тәрбиеленушіге селқос көзқарас танытуды,
сонымен қатар оның жеке өміріне де қол сұғынбауы. Қарым-қатынасты дұрыс
анықтау шығармашылықта талап етеді, әр мұғалім бұл мәселені өзі шешеді.
Мектеп тәжірибесін бақылағанда мынаны байқауға болады, мұғалімдер
жасөспірімдерге өздерін сөзсіз тыңдату үшін өте алыс арақашықтықты ұстап,
одан айырылмауға тырысады. Өз жұмыстарында жасөспірімдерге өмірді,
айналадағы әлемді таныту мақсатын қойған мұғалімдер оқушылармен өте жақын
араласуы мүмкін. Арақашықтықты оқушыға білдірмей өзгертіп отырады. Оқушының
тәртіпсіз қылығын көргенде қаталдау қарап, ал керісінше жағдайда жақын
тартады.
Арақашықтық өлшемі сонымен қатар мұғалімнің оқушымен сөйлесуінен
сіз және сен түрінде – еркелету мен ресми дауыс ырғағынан ( суық және
жылы, жұмсақжәне қатқыл ) көрінеді.
Ақылды мұғалім еш нәрсені назардан тыс қалдырмай, оқушыны білдірмей
жетелейді, байқатпай-бағдар береді. Қарым-қатынастың әрдайым екі жақты
көрінісі болады. Ол арқылы хабар жеткізіледі және қабылданады. Қандай
болмасын хабар белгілі бір жүйелілікпен жүзеге асырылады. Мәселен оған тіл,
практикалық жаттығуларды (түрлі сыртқы әрекеттер жатады) алуға болады. Олай
болса, қарым-қатынастың адам өмірінде алатын орны ерекше дей отырып,
жұмысымыздың шарықтау шегін көру мақсатында ұйымдастырылған тесттік
жаттығулардың, әңгіменің, сабақтардың өзіндік ерекшелігіне, мәніне талдау
жасай отырып, мәселенің айқындылығын ашуға болады.
1.2 Қарым-қатынас арқылы өзіндік сана дамуының психологиялық
мәні
Адам өзін-өзі тани түссе, одан әрі жетілуге ұмтылады, өмірлік
тәжірибе жинақтайды, ақыл-ойы ұлғаяды. Ал ақиқатқа қол жеткізу адамның өзін-
өзі жетілдіруге бағыттайтын айқын жол және ол шексіз-шетсіз. Біз сондай
күшке иеміз әрі танымдық мүмкіндігіміз мол. Өйткені адам алға ұмтылады, Өзі
кім және не үшін өмір сүретінін бағамдайды. Адамзат баласы ақиқатқа таным
арқылы жол ашады. Неміс халқының белгілі лирик ақыны И.Гетенің Фаусты -
соның нағыз айғағы. Виктор Гюго таным көзін жүректен іздейді. Демек,
ақиқат – адамзат баласының ең жоғары рухани құныдылықтарында. Орыс жазушысы
Л.Толстой, неміс жазушысы Г.Лессинг өз шығармаларында осы рухани
құндылықтар туралы тебірене қалам тербесе, қазақ ойшылы әрі ақыны
Ш.Құдайбердіұлы Үш анық философиялық туындысын жазып қалдырды. Өткен
ғасырдың басында өмір сүрген ағартушы А.Байтұрсынұлының еңбектері өз алдына
бір төбе.
Әлемнің екінші ұстазы атанған ұлы бабамыз Әбу Насыр әл-Фараби орта
ғасырдағы ғылымдардың салаларын жүйелей отырып, психология ғылымын адамның
рухани өмірімен байланыстырып, оған жан жүйесі, жан қуаттары деген атау
береді. Дегенмен, бұл ғылымның ертедегі грек ғұламаларынан бұрын да әлемдік
кеңістікте сөз болып зерттелгені тарихи деректерден мәлім. Мәселен,
ертедегі шығыс елдері – Үндістанда, Қытайда, Вавилонда, Таяу Шығыс елдері
мен Орта Азияда жан туралы жүйелі түсініктер болған.
Психология ғылымы өз алдына дербес пән болып қалыптасқаннан кейін,
адамның жан дүниесі жайындағы киелі мәселелерді қамти отырып, адам
баласының ақыл-ойы мен жан дүниесін тәрбиелеу саласында кеңінен қолданыла
бастады [8]. Мұндай тарихи фактордан ХІХ ғасыр ортасында тәлім-тәрбие
мәселелерімен шұғылданатын педагогикалық психология саласы қалыптасып, ол
өскелең ұрпақтың жан дүниесін тәрбиелеп өсіру мәселелерін зерттейтін болды.
Әлемдегі өркениетті елдер сияқты біздің өсіп-өнген отанымыз және
туған еліміз Қазақстан топырағында да адамның жан дүниесінің сырын ашып
көрсетіп, оны тәрбиелеп дамыту жайныда ХІV-ХІХ ғасыр аралығында өмір сүрген
ғұламалар мен данышпандар, ақындар мен жыраулар, ел-жұрты мен халқына өнеге
көрсеткен ғалымдардың туындыларында үнемі сөз болып отырған. Біз бұл
жайтты жеке мәселе етіп қарастырған қазақ педагогтары мен психолог
мамандардың еңбектерінен жақсы білеміз (А.Байұрсынов, М.Жұмабаев,
Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбергенұлы, С.Торайғыров, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов,
т.б.). ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басында өмір сүрген ұлы
ғұламаларымыз және ақылгөй даналарымыз Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев,
Ы.Алтынсарин сияқты алыптардың тәлім-тәрбие, адамның жан дүниесі жайындағы
ой-пікірлері мен туындылары өз алдына арнайы психологиялық тұрғыдан сөз
болуы тиісті тұлғалар.
Қазақ топырағында ХХ ғасырдың басында адамның жан дүниесінің сырына
терең бойлап, оны ғылыми психологиялық тұрғыдан іздестірген Ж.Айтмауытов,
М.Жұмабаев, Х.Досмұхамбетов, тағы басқа ағартушылар мен педагогтар
психология пәнінен арнайы оқу құралдары мен еңбектер жазды. Ғасырдың
басында өмір сүрген және психология ғылымы саласынан арнайы еңбек жазған
қазақ ағартушылары өз кезегінде қазіргі кіндік Азия елдеріндегі көрнекті
психолог және ағартушы мамандар еді.
Психология ғылымының Қазақстанда кеңестік дәуірде өріс алған кезеңі
осы ғасырдың 30-80-ші жылдар аралығы. Бұл кезеңде адамның жан дүниесінің
сырын қазақ халқының ұлттық және этностық ерекшеліктерімен ұштастыра
зерттеген психолог мамандар: Т.Тәжібаев, М.Мұқанов, Ұ.Супиев,А.Темірбеков,
С.Балаубаев, т.б. бұл пәннен оқу құралдарын жазып, ғылыми-зерттеу
жұмыстарымен шұғылданды.
Адам - табиғатты ақыл-ойымен танып білетін ерекшелігі бар күрделі
жан иесі. Ол өз өмірі ғана емес, өзін қоршаған болмыс пен құбылысқа
белсенді түрде әрекет етуші саналы ақылды да тұлға. Ал психология ғылымы
осы тұрғыдан алғанда адамның жан дүниесінің сырына терең үңіле отырып, оның
барлық дерлік тіршілігінің қожасы екендігін көрсетеді. Демек, адам тек өзін-
өзі бақылап тексеріп қана қоймай, тіршілік бейнесін ақыл-ойы мен парасатына
сүйене отырып, өз ырқына көндіре алады. Осы айтылғанның барлығы психология
ғылымының адамтану жайындағы пәндердің арасындағы жетекші ғылым екенін
көрсетеді. Адамның жан дүниесі, оның еңбегі анық дауыстап сөйлеуі және
заттар мен құбылыстардың мән-жайын танып білетін ойлау әрекеттері арқылы
айқындалады.
Ертедегі грек жұртының данышпаны Сократ бір ғибратты сөзінде өзіңді-
өзің тани біл деген екен. Ғұламаның осы айтылған даналық ойының
өміршеңдігі адамның жан дүниесіне терең бойлап, оны жан-жақты танып білу
қажеттілігінің мәңгі жалғаса беретіндігінде жатыр.
В.В. Зеньковский Балалық психология атты монографисында өздік сана
мен өзіне баға берудің дамуы баланың қиял-ғажайып дүниесінде бейнелілік
көрсеткен болатын. Ішкі тәжірибе мен әлеуметік әсердің дамуына өздік
сананың екіге жарылуы Меннің дамуына кері ықпалын тигізеді. Жеке бастың
дамуында, кейбір сәттерде, өмірдегі нақты дүние қиялындағы бейнелермен де
шатастырылады. Жеке бастың дамуындағы үрдісте жауапкершілік сезімін
қалыптастыруды бірінші орынға шығара отырып, В.В.Зеньковский бала бойында
болашақта қалыптасатын эмпирикалық Мен бейнесі оған негіз болатынын
айрықша бөліп көрсетеді.
В.В.Зеньковскийдің пікірінше, баланың жан дүниесі өктемдікке
(империядан тыс) аса құштар емес. Яғни, баланың белсенділігінің орталығы
болып табылатын эмпирикалық жеке бастың қалыптасуына ерік-жігер мен
зерделіліктің дамуы игі ықпал етеді.
Адамдар арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейі рухани байланыс
екені әлмисақтан белгілі. Рухани байланыс әңгімелесушінің рухани әлеміне
бойлап енуден, бір-біріне қызықтыратын ақпарат беруден тұрады. Ал
А.В.Добрович рухани байланыс үрдісіне әңгімелесуші рухани ілімді таратушы
ретінде қабылданып, рухани қарым-қатынаста кез келген жас шегіндегі адамның
рухани сыңар бола алатынын атап көрсетеді [9]. Осыны ескере отырып, баланың
рухани әлемін тұтастырады да, үлкендер де байыта алатынын айрықша айтқымыз
келеді.
Психолог ғалымдар рухани әлемдегі байланысты бір-біріне көрініс табу,
бір-бірін хабардар ету, бір-бірінен бөлініп қалу деп үш фазаға бөліп
қарастырады. Байланыс жасап жүрген сыңарынан өзін қызықтыратын дүниені табу-
баланың, тіпті, үлкен адамның өз рухани әлеміне сүйікті болып енуі
байланыстың бірінші фазасында атқарылатын үрдіс.
Рухани байланыстың екінші фазасы – бір-бірінен көрініс табуы. Содан
кейін барып терең түсіністік негізінде - өзінің рухани сыңарының нәзік жан
дүниесін қадірлей отырып, рухани әлемдерінен хабардар етіп, сана-
сезімдерінің өзгерулеріне ықпал-әсерлерін тигізеді.
Үшінші фаза – сыңарларының бір-бірінен бөлініп қалуы.
Жасөспірімдерді өзара қарым-қатынас жасаудың тәсілдерді меңгерудің, соның
негізінде үлкендер және тұстастарымен рухани байланыс жасаудың маңызы
ерекше. Өйткені, ақпаратты бөліп-бөліп немесе тұтасымен бере білу қабілеті
балаға басқалармен байланыста болудың ұзақтығын бақылауға және реттеп
отыруға мүмкіндік туғызады.
Әңгіменің жарасуы, тіл табысу, сыңарының жеке басына деген шынайы
қызығушылық, бір-бірін қадірлеу мен бағалаушылық рухани байланыстың басты
буыны болып саналады.
Белгілі психолог Е.В.Субботскийдің психикалық дамуға: баланың рухани
және дене бітімі жетілуін, психикалық даму мен физикалық дамуын айыра білуі
қажет деуі назар аударарлық тұжырым. Өкінішке орай, қазір тәрбиешілер бұл
мәселеге аса назар аудармай отыр. Шынында да, педагогтардің режимдік
міндеттері бастан асады да, рухани дамуын ескере бермейді. Сабақтарды
ұйымдастыру мен өткізу, бағдарламалық талаптарды орындау, балалар
әрекетінде басшылық жасау (кей топтарда 25-тен астам) – бұлар педагогтік
қызмет тізімінің бір бөлшегі ғана. Сондықтан да жеткіншекті рухани жағынан
жан-жақты дамыту ісімен айналысуға мұғалімнің уақыты жете бермейді. Десек
те, бұл мәселені назардан тыс қалдыруға әсте болмайды.
Психолог Т.Н.Дауылбаева белгілі психолог-ғалымдардың зерттеу
еңбектеріне сүйене отырыеп, Мен бейнесін дамытудың бағдарламасын жасап
шыққан.
- өзі туралы түсінігін қалыптастыру;
- өзіндік Мен бейнесін дамыту, өзін-өзі тану тәсілін қолдана білу
(өздік қабылдау және өздік бақылау);
- әлеуметтік диференциация дағдысын, өздік жыныстық сана
қалыптастыру. Өзіне және айналасындағылармен қалыпты қатынасын
қалыптастыру, өзінің күші мен мүмкіншілігіне деген сенімін нығайту;
- басқалармен қалыпты қарым-қатынас жасау сапасын: мейірімділікті,
қамқоршылықты, көпшілікті, шыдамдылықты, жанашырлықты, ұқыптылықты,
еңбекқорлық пен адалдықты және т.б. дамыту;
Өзіндік сана мәселесі педагогика және психология саласында әлі де,
терең зерттеуді талап ететін маңызды мәселе болып табылады.
Жеке тұлға алдымен белгілі қоғамның мүшесі. Ол қандай болмасын бір
іспен айналысатын, азды-көпті тәжірибесі, білімі мен дағдысы, икемі,
белгілі дүние танымы, сенімі мен талғам-мұраты, бағыт-бағдары мінезі,
қабілеті бір сыдырғы қалыптасып үлгерген өзінің іс-әрекетін тізгіндей
алатын кісі. Әрбір адам өзіндік тәрбие, өзіндік бағалау, өзіндік түсіну
арқылы өзін - өзі таниды. Өмір адамның сыртқы дүниесін танып біліп қоймай,
сондай – ақ өзін де танып білуді талап етеді.
Өзіндік баға тұлғалық білім беру мен оның өзіндік дамуының күрделі
негізі [10]. Мұнда адамның басқалардан өзі туралы біледі, өзінің әрекетін
белсенділігінің неге бағытталғанын және жеке тұлғалық сапаларын ұғынады.
Бірақ, осыған қарамастан тұлғаның дамуында өзіндік бағалау ерекше орын
алады.
Әрбір адам өзіндік тәрбие, өзіндік сөйлеу, өзіндік бағалау, өзіндік
ұғыну арқылы өзін - өзі таниды. Адам өзінің сыртқы дүниесін ғана танып
қоймай, сондай – ақ сол арқылы әрекет жасауға тырысады. Адам обьективті
шындықты бейнелендіре отырып, сол процестерді ғана емес, сонымен бірге
сезіне алатын және ойлай білетін тіршілік иесі ретінде өзін - өзі, өзінің
мұрат – мүдделерін, адамгершілік бет – бейнелерін де саналы түрде түсінуге
шақырады. Өзін - өзі бағалау тұлғаның өзіндік дамуы мен жетілуінің маңызды
факторларының бірі болып табылады. Тұлғаның тұрақты өзін - өзі бағалауы
оның дұрыс, үйлесімді қалыптасу негізінде жатыр. Өзін - өзі бағалау адамның
мінез – құлқы ғана емес, оның тұлғалық сипатына да әсер етеді. Тұлғаның
жас өспірім шақтағы қалыптасуы тек ол өскен орта ғана емес оқушының өз
талаптарына жауап бере алуына да байланысты.
К.Левиннің және оның шәкірттерінің еңбектерінде тұлғаның
қажеттіліктері, оларды қызықтырушылар деңгейі зерттеу нәтижесінде алынған
деректер бойынша өзіне баға беру тұлғаның берілген тапсырманы орындау
жетістіктері немесе кемшіліктеріне, топтағы мәртебесіне тәуелді екендігі
көрсетіледі.
Өзіндік бағалау К.Роджерс пікірінше, қоршаған әлеуметтік ортада
бейімделуге, оның ішкі талаптары мен сыртқы психологиялық жағдайларының
үйлесіміне әсер етеді және өзіне баға беруге икемділік бұрынғы
құндылықтарды жаңадан бағалауға мүмкіндік береді. Тұлғаның дамуы мен
қалыптасуы мен өзіне баға берудің маңыздылығы американ психологы К.Роджерс
еңбектерінде айтылған. Ол тұлға құрылымында өзін өзі тану мен өзін бағалау
маңызды екенін зерттеген. Бірақ Роджерс тұлғаның қоршаған ортаны, өзара
қатынастарымен қатты байланыстырып жіберген, осы қатынастарды нақты Мен
және идеалды Мен арасындағы қатынастық жалғыз факторы ретінде көрсеткен.
Адамның бойында қолдау тапқан өзін өзі бағалау тек сол тұлғаға ғана
тең және сол адамның дара психологиялық жағдайы, ішкі дүниесі [11].
Осындай пікір, өзін - өзі бағалауды зерттеп білуге, оқып – тануға болады,
себебі адамның іс -әрекетінен өзіне берген бағасы көрініп тұрады. Баланың
бойында қоғамнан аластатылған, ешкімге керек емеспін, еш нәрсемен ісім жоқ
деген ойлар болады. И.Куперсмит Өзін өзі бағалау шарттары деген кітабында
өзін - өзі бағалаудың психологиялық сипатын көрсетті. Куперсмиттің ойынша
өзіне баға беру – жеке тұлғаның өз бағасын білу сезімінде, ал өзгелерге
тұлғаның кейбір әрекеттерінен білінеді.
Розенбург өзіне өзі баға беруді зерттеп, жеке тұлғаның идеалы мен
нақты жетістіктерінің қатынасы өзіндік танудың мәне болып табылатындығын
айтқан. Бұл пікір У.Джемстің зерттеуімен қатарлас келеді. Өзіне өзі баға
беру жетістіктерге тура пропорционал жеке тұлғаның алдына қойған мақсатына
жететін жетістіктеріне кері пропорционал. К.Гроув баланың өзіне баға
беруіне үш түрлі фактор әсер ететіндігін анықтап берді. Олар: жазалау,
қадағалау және психологиялық қолдау. Оның ойынша, өзін - өзі бағалау көбіне
әкесіне қарағанда , анасының іс - әрекетіне қатысты. Ата – аналардың мінез
– құлқы қыз балаға қарағанда ұл балаға қатты ықпал ететіндігінде. Бұл
зерттеуге анна баланың өзіне баға беруі арасында байланыс бар екендігі
тіркелген. Анна балаға қамқор болып, қолдау көрсетіп отырса және кінасы
үшін қатаң жазаламаса, баланың бойында өзіне - өзі бағалауға жағдай
жасалады [12]. Егер бала анасының қамқорлығын сезінсе, ол өзіне де сондай
баға береді.
К.Хорнидің тұлғаның бойындағы қиын ішкі дағдарыстар өзіне артық
баға беруден, өзімшілдіктен туындайтындығын сипаттап, Мен деген
өзімшілдіктің нақты Мен қақтығысы болатындығын тұжырымдаған. Г.Салливен
өзіне баға беру адамның мінезіне бақылау жасайды деп көрсетеді.
Өзіне баға берудің атқаратын қызметі адамды ішкі толғаныстардан
сақтау. Өзін бағалау қоршаған ортаға ыңғайлану, қоршаған ортамен қатынасқа
түсу арқылы біржақты баға беріледі. Сонымен жоғарыдағы ғалымдардың
зерттеулерінен өзін өзі бағалау қоршаған ортаның қатынастарынан, оның
әлеуметтік ортаға бейімделуі, оның сыртқы талаптарының сыртқы жағдаймен
үйлесуі екендігін көреміз.
Кеңестік кезеңдегі зерттеулер өзіндік бағалауды тұлғаның өзін
тануының, оның қалыптасуының өмірдегі іс -әрекетінің нәтижесі деп
түсіндірді. Өзіне баға берудің қоғамдық сипаты бар және әлеуметтік
құбылыстардың өзгеруіне байланысты қалыптасатындығын Б.Г.Божович,
Л.И.Ананьев, С.Л.Рубинштейн еңбектерінен көреміз. Өзін өзі бағалау
еңбектің, қарым – қатынастың қиын өнімі, мінезді үйлестіру және қоршаған
ортаға қатынас әрекетінен туындайды.
Өзіңді басқалармен салыстыру, теңеу өзіне баға берудің алғы шарты
екендігін тұжырымдаған. Адам өз әрекетінде өзін өзгелермен салыстырып,
басқалардан байқаған қылықтарды өз бойынан іздеп, кемшілігін түзетуге
ұмтылыады. Л.И.Божовичтің өзгені тану өзіңді танудан бұрын қалыптасады және
оның негізі мен тіреуі болып табылады.Тұлғаға тән кейбір қасиеттерді
қайталап, өзіне алуға тырысады.
Осындай көзқарастардың ішінде Б.Г. Ананьев адамның өзі туралы пікір
қалыптасуға ұжымдық өмір, жағдайлар мен әрекеттерге дұрыс баға беру шешімі
маңызды орын алатындығын айтқан.
Өзін өзі бағалауды В.С.Мерлиннің пайымдауынша, өз әрекетіңді
бағалауда ұжымның берген бағасы, әлеуметтік бағалау маңызды қызметке ие
болатындығын ерекше атаған. Әлеуметтік баға толық және жан – жақты болған
сайын, бала оны терең таниды және бұл тұлға қалыптасуына үлкен әсерін
береді.
Адамды адамның тану ерекшеліктерін А.А.Бодалев жас және жеке дара
ерекшеліктеріне бөле отырып, неғұрлым жасы үлкейген сайын олардың қабілеті,
танымы мен сенімі туралы пікірлері өзгере түседі, олардың еңбекке
көзқарасын, адамның еркі мен өзіне тән ерекшеліктерді жақсы ажыратады.
Адамның өзіндік сипат белгілері – оның еңбектену әрекеті нәтижесінде
материалдық игіліктерді өндіретіндегі, дыбысты анық сөйлеу тілі арқылы
тәжірибе алмасатындығы .
Жеке тұлға обьектіге түрлі мақсатты көздеп қызығады. Өмір сүретін
ортасына қоғамдық (экономикалық идеологиялық) тікелей әсер етуінен
қалыптасып отырады. Бұл жеке тұлға сөзімен “Мен концепциясы” деп атайды.
Роджерс көзқарасы бойынша жеке тұлға сыртқы обьектілерді өзінің ішкі
әлемінде қабылдайды.
Жеке адам қоғамдық өмірде тіршілік етіп, өзге адамдармен қарым –
қатынас жасайды. Осындай әрекеттеріне сәйкес жеке адамның тұлғалық
сипаттары, қадір қасиеттері, іс-әрекет жасау қабілеттері қалыптасады.
Тұлғаның кісілік қасиеттері мен даралық ерекшеліктері оның іс-әрекеттегі
белсенділігінің өрістеуіне ықпал етеді [13]. Қазіргі кезде психологтар жеке
тұлға бірнеше Мен-концепциясын иемденуі мүмкін дейді, олардың біреуі –
жақсы, екіншілері - нашар, үшіншілері-жеке тұлғаның қазіргі шағы,
төртіншілері - болашақ мүмкін болатын Мен концепциясы. Іс - әрекеттің
белсенді болуы жағдайында өзінің әрекетін бағалау психологияда әр алуан
көзқарастар мен пікірлер бар. Соның бірі – австрия ғалымы З.Фрейдтің
пікірі. Ол адам бойындағы белсенділік әрекеттің табиғи әрі биологиялық
құбылыс екенін дәлелдеді. А.Кординер, Е.Фромм, К.Хорни т.б. көзқарастары
адамның дамуындағы өзін өзі бағалауда іс-әрекетке жан – жақты сипаттама
жасаған. Өзін - өзі қалыптастыру адамның тұлғасын жан – жақты тәрбиелеу мен
дамытуға ықпал етеді. Өзін - өзі қалыптастыру ережесі төмендегі мінез-құлық
пен жеке қасиеттерге:
• асқан сабырлылық;
• сөзбен іс - әрекетте жауапкершілік;
• іс - әрекетті жан – жақты ойластыру;
• батылдық;
• санасыз уақыт өткізбеу;
• өзі жөнінде қажетсіз бір сөз айтпау;
• әуестік пен құмарлыққа емес, қажеттілік және жетістікке ұмтылу;
• күнделікті өз істері туралы есеп беру;
• жалаң сөз емес, іс - әрекет нәтижесін көрсету;
• болғанды, болатынды мақсатсыз мақтанып айтпау.
Балалар мен ересек адамдардың әр алуан іс – қимылы нәтижесінде
олардың автоматталған әрекеті – дағдылары, іс - әрекет түрлерін орындауға
бейімділігі мен ептілігі, тіршілікке қажетті әдеттері қалыптасып, адамның
анатомиялық, физиологиялық және психикалық жағынан дамып жетілуіне әсер
етеді. Оның рухани өмірінің мазмұнын байытады. әсіресе өзінің іс -
әрекетін қадағалап, жағымды жетістікке жетуге мүмкіндік алады. Өзін өзі
бағалау арқылы іс -әрекетінің нәтижесін қадағалайды. Дағды, ептілік, ниет,
әдет адамның өзіндік бағалауының алғы шарттары. Жеке адам санасы мен
ақылы арқылы дараланады [14]. Оның дыбысты анық тілі, еңбектену әрекеті
қоғамдық жағдайда, бір – бірімен қарым – қатынаста қарастырылады. Іс -
әрекеттің жеке тұлға дамуындағы ерекшеліктері әрекетінің нәтижесінен
көрінеді. Оқу, еңбек, ойын – адамның дамып жетілуіндегі және
қажеттіліктерін өтеудегі негізгі әрекет түрлері. Сол әрекеттердің жас
ерекшелігіне сай орындалуы да өзіндік іс -әрекетті бағалаудың нәтижесі.
Өзін өзі бағалау арқылы орындалатын әрекеттің мақсаты мен міндетіне
байланысты.
Адамының іс - әрекетін тиімді ұйымдастыру оның өз ісіне қызығу мен
жауапкершілік сезімін оятады. Адам өмір сүру барысында өз психикасын түрлі
жолмен жарыққа шығарады. Мектеп жасына дейінгі бала өз психологиясын ойын
арқылы көрсетсе, мектеп оқушысы оқу әрекетінің нәтижесімен бағалаланды. Ал
ересек адам өзіне тән ерекшеліктерін еңбек процесінің сан алуан салаларында
көрсетеді. Осындай мәселенің байыбын барлап оның тиімді жолын табу
әлеуметтік өмірде адамның жеке басының қалыпты дамуын қамтамасыз ете алмай,
оған зиянды әсер етері даусыз. Мақсатсыз ұйымдастырылған іс - әрекет
болашақ ұрпақтың бойында да жағымсыз мінез-құлықтардың туындауына ықпал
етуі мүмкін. Іс - әрекетті баланың дамуы мен оның қалыптасуына жағымды әсер
ететіндей жоспарланады.
Адамдар өзара тілдесіп өмір сүруге бейімделуі организм тіршілігі үшін
су мен ауа, күн шұғыласы сияқты табиғи қажеттілігімен бірдей. Бұл мәселенің
өзектілігі қазіргі кездегі адамдардың іс-әрекетінің ұжымдық ерекшелігінің
артуымен байланысты, тәжірибенің талаптарымен байланысты және адамдарды
ұйымдастырудың, басқарудың тиімділігінің өзекті мәселелерімен, олардың
араларындағы қарым-қатынастың күшеюін реттеу, тәрбиелік және
психотерапиялық әсерлерді қолдану мәселеріне байланысты. Сондықтан, баланың
іс - әрекетін ұйымдастыру арқылы оның неге қабілетті екенін анықтаумен
қатар болашақта жағымды жетістікке жетуге мүмкіндік туғызады. Ол баламен
оған бағыт беруші ата-ана, педагог немесе үлкендердің ықпалымен іске асады.
Біріккен іс-әрекеттің тиімділігі, көбіне жеке тұлғалық және топтық
мүмкіндіктердің қолайлы жүзеге асуына байланысты болады. Топтағы қолайлы іс
-әрекет тек оның нәтижелерінің өнімділігіне ғана әсер етпейді, сонымен
бірге адамды қайта қалыптастырады, оның жаңа мүмкіндіктеріне жол ашады.
Осыған байланысты өзара әркеттесудің стилін үйлесімді ету қажеттілігі
туындайды. Топтық іс-әрекетті орындау барысында жеке бағалау мен топтық
бағалау қасиеттері қалыптасады.
Өзін өзі бағалаудың психологиялық сипаты төмендегі деңгейде болады:
- Өзіндік бағалаудың дамуы – жағдайға байланысты іс - әрекет. Бұл
деңгейде адам өзінің қылықтары мен тұлғалық сипаты арасында байланыс
тудырмайды. Ол өзіндік менді іс - әрекеттің сыртқы нәтижесіне қарай
бағалайды. Осыған байланысты бұл нәтижелер адам мүмкіндіктеріне сәйкес
байланысты болуы қажет [15]. Сыртқы жағдайлардың бірден болуы өзіндік
бағаны тұрақсыз етеді.
- Жағдайға байланысты сапалы бағалау. Бұл деңгейде адам өз қылықтары
мен әрекетіне есеп береді. Тұлғаның қадір қасиеті толық көрінеді. Адамның
мінез – құлқы мен дара қасиеттері арасында байланыс туындайды. Адам өзінің
бойындағы жақсы қасиеттерін саралап, өзін өзі тәрбиелеудің маңыздылығын
байқайды. Өзін өзі бағалаудың тербелісте болуы өзін - өзі дамытуда жағдайға
байланысты қарасытрылады.
- Сапалы консервантты деп аталады. Мұнда тұлғаның қылықтары мен
қасиеттері арасындағы тура байланыс бұзылады. Тұлғаның қасиеті нақты
қылыққа байланысты оның танымына обьективті шындық түрде бейнеленеді. Нақты
іс - әрекет тұлғаның қасиетін толық көрсетпейтінін таныған тұлғаның ішік
таным дүниесі оның іс әрекетінен бөлінеді. Өзін - өзі бағалау толық емес
болады, жеке қылықтар арқылы жетістікке жету. Өзін - өзі қалыптастыру
деген сенімі азаяды. Өзін - өзі тәрбиелеп дамытуға күш салмайды.
- Сапалы динамикалық. Тұлға қасиетімен қылығы арасындағы күрделі
байланыс барлығымен сипатталады. Ішкі дүниенің қылықтан алшақтығы кедергіні
жояды. Өзін - өзі бағалау обьективті адамның ішік танымының өзгеруіне
сәйкес тұлғаның қасиеті қалыпты өсу деңгейінде. Өзіндік бағалау өзін - өзі
тәрбиелеу қатынасымен есептеледі.
Өзін - өзі тану мен өзін - өзі бағалаудың пайда болуы тұлғаның
белсенді әрекетіне, қоғам мен табиғатына, өзін танудың мақсатына
байланысты. Өзін - өзі тану тұлғаның іс - ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz