Құқықтық саясат тұжырымдамасы және әлеуметтік мемлекет мәселесі
РЕФЕРАТ
Диплом жұмысының тақырыбы: Әлеуметтік мемлекет деп аталады.
Диплом жұмысы кіріспеден, 2 бөлімнен, 7 бөлімшеден, қорытындыдан және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
І бөлім Әлеуметтік мемлекеттің негізі ретіндегі мемлекеттің әлеуметтік
қызметінің ерекшеліктері деп аталады. ол үш бөлімшеден тұрады. Әлеуметтік
мемлекеттің қалыптасуы мен дамуының тарихи-құқықтық алғышарттары
қарастырылады, әлеуметтік мемлекеттің түсінігі және белгілері талданады.
ІІ бөлім Қазақстан Республикасында әлеуметтік мемлекетті қалыптастыру
мен дамытудың жолдары деп аталады. Бұл бөлімде Қазақстан Республикасының
2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық саясат
тұжырымдамасы және әлеуметтік мемлекет мәселесі қарастырылады.
Диплом жұмысының зерттеу объектісіне мемлекет нысанының теориялық
мәселелері жатады. Сонымен бірге, мемлекет нысанынының түрлері, оны
жіктеудің негіздері де зерттеудің объектісін көрсетеді.
Диплом жұмысының пәні. Диплом жұмысының пәні әлеуметтік мемлекеттік
бірлестігінің тарихи-құқықтық дамуы және оның қазіргі кезеңдегі мемлекеттік
бірлестіктердің нысандары мен арақатынасы, болашақ даму тенденциясы да
зерттеудің пәнін айқындайды.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі
мақсаты – Қазақстан Республикасында әлеуметтік мемлекетті қалыптастырудың
құқықтық негіздерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Аталған мақсатқа жету үшін, мынандай міндеттерді шешу көзделеді:
– Мемлекет қызметін (функциясын) зерттеудің кейбір теориялық мәселелері
– Мемлекеттің әлеуметтік қызметінің түсінігі және ерекшелігі (шыққан)
– Мемлекеттің әлеуметтік қызметі саяси-құқықтық ой тарихында
– Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған
Құқықтық саясат тұжырымдамасы және әлеуметтік мемлекет мәселесі
– Қазақстан — әлеуметтік мемлекет
– Әлеуметтік мемлекет және азаматтық қоғам
– Қазақстан Республикасында әлеуметтік мемлекетті орнықтыру мәселелері

Құқықтық саясат тұжырымдамасы және әлеуметтік мемлекет мәселесі болып
табылады.
ГЛОССАРИЙ
Конституция - (тар мағынада) бұл жоғарғы заң күші бар, қоғамдық
тәжірибеде іске асырылатын теориялық тұжырым мен әлеуметтік-саяси үлгінің
нормативтік көрінісі болып табылатын мемлекеттің негізгі заңы. Бұл сапалы
қоғамдық байланыстар мен мемлекеттік билік қатынастарын мемлекеттік-
құқықтық реттеу негіздерін орнататын заң.
Конституция – (кең мағынада) бұл конституциялық құрылыстың
құндылықтары, институттары мен нормалары: адам ең жоғарғы құндылық, оның
құқықтары мен бостандықтарының үстемдігі, халық егемендігі – ресми
бекітілетін ең жоғарғы құқықтық форма болып табылады.
Республика Президенті –мемлекеттік басшысы, мемлекеттің ішкі және
сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және
халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғаоры
лауазымды тұлға.
Конфедерация – саяси, экономикалық және әскери мақсаттарға жету
мақсатында құрылған мемлекеттердің уақытша одағы.
Заң – ең жоғары күші бар нормативті акт.
Саяси құқық - 1) әртүрлі өкілеттілік және тікелей демократия формалары
арқылы мемлекет пен оның органдарын ұйымдастыру мен қызметіне қатысу
жөніндегі құқықтық өкілеттіліктер; 2) қоғам өміріне белсенді араласу
жөніндегі құқықтық өкілеттіліктерге бөлу кездеседі.
Құқық – мемлекетте қалыптасқан құқықтық рәсімдер жүйесі, жиынтығы.
Мемлекет – бұл жария-биліктік қатынастар және институттар құратын
белгілі ұжымдық, қауымдастық.
Абсолюттік құқықтар – бұл қолданушыларына міндетті тұлғалардың белгісіз
тобы қарсы тұратын субьективтік құқықтар деп есептейді.
Құқықтық мемлекет-құқықтық мемлекетте қоғамдық қатынастарды реттеуде
заңдар бірінші орында тұрады.
Құқықтық міндет – өмірге тәртіп пен тыныштық беруге тиіс мемлекеттік-
мақсатты, ақылға сыйымды, пайдалы, обьективті шартты мінез-құлықтың түрі
мен өлшемі
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Әлеуметтік мемлекеттің негізі
ретіндегі мемлекеттің әлеуметтік қызметінің ерекшеліктері, мемлекет
қызметін (функциясын) зерттеудің кейбір теориялық мәселелері, мемлекеттің
әлеуметтік қызметінің түсінігі және ерекшелігі, мемлекеттің әлеуметтік
қызметі саяси-құқықтық ой тарихында, Қазақстан Республикасында әлеуметтік
мемлекетті қалыптастыру мен дамытудың жолдары, Қазақстан - әлеуметтік
мемлекет, әлеуметтік мемлекет және азаматтық қоғам, Қазақстан
Республикасында әлеуметтік мемлекетті орнықтыру мәселелері, Қазақстан
Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған Құқықтық
саясат тұжырымдамасы және әлеуметтік мемлекет мәселесі қарастырылады.
Диплом жұмысының өзектілігі. 1995 жылғы 30 тамызда республикалық
референдумда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясы тәуелсіз,
егемен мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңінде жол ашқан акт
болып табылады. Қазақстан Республикасының Конституциясында тек адамның,
азаматтың, мемлекеттік және қоғамдық құрылыстың мәртебесі ғана емес,
сонымен бірге стратегиялық құқықтық идеялар да айқындалды. Бұл атап
айтқанда, Конституциядағы Қазақстан Республикасы өзін демократиялық,
зайырлы, құқықтық және әлуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны жөніндегі
идеяда көрініс тапқан. Қысқа кезеңде мұндай мемлекет болу мүмкін емес.
Алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қалыптасуының тарихи тәжірибесі
көрсеткендей, алға қойған мақсатқа жету үшін белгілі тарихи уақыт, табанды
талап, белсенді шығармашылық, іс-әрекет қажет. Конституцияның маңызды
артықшылығының бірі-оның жалпыға мәлім демократиялық құқықтық идеялар мен
қағидаларға бейімділігі болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президентінің 20 қыркүйек 2002 жылғы
Жарлығымен бекітілген “Қазақстан Республикасының құқықтық саясат туралы”
тұжырымдамасында әлеуметтік мемлект идеялары туралы былай делінген:
“Конституциядағы қоғам мен мемлекет қызметінің түбегейлі принциптері туралы
айтылғандары ескере отырып, қоғамдық келісім мен саяси тұрлаулылықты
қоғамдық та, мемлекеттік те институттар қамтамасыз етуге тиіс. Сөйтіп,
түбегейлі конституциялық принцип – барша халықтың игілігіне арналған
экономикалық даму, Конституцияда “меншік міндет жүктейді, оны пайдалану
сонымен қатар қоғам игілігіне де қызмет етуге тиіс” деп жарияланғандықтан,
экономиканың мемлекеттік те, жеке секторларында да, өмірге еніп іске асуға
тиіс.
Қазақстанның көпұлтты халқының достығын нығайту мен мемлекеттік
тәуелсіздігін бекітуге қазақстандық патриотизм қағидасының маңызы зор. Оны
нығайту үшін мемлекеттің, қоғамдық институттардың, отбасы мен мектептің
бірлескен күш-жігері қажет.
Республика қызметінің түбегейлі конституциялық идеясы ретінде мемлекет
өмірінің барынша маңызды мәселелерін демократиялық әдістермен шешу
мемлекеттік институттардың, саяси партияларлың, басқа да қоғамдық
бірлестіктердің, бейүкіметтік ұйымдардың, халықтың түрлі әлеуметтік жіктері
мен топтарының бірлескен күш-жігері негізінде де мүмкін болады.
Бұл орайда, мемлекеттік органдар қызметін ұйымдастыру мен оған баға
беру олардың жұмысының формальды-статистикалқ көрсеткіштерімен шектелмеуі
тиіс. Бірінші кезекте азаматтардың конституциялық құқықтары мен
бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекеттік заңды мүдделерін қорғау
жөніндегі жұмыстың нақты нәтижелері назарға алынуы тиіс.
Қазақстан Республикасы жас мемлекет болғандықтан әлеуметтік мемлекет
идеясын қалыптастыру және шынайы әлеуметтік мемлект ретінде Қазақстанды
дамыту болашақтың үлкен атқарылар ісі болып табылады. Бұл айтылған
жағдайлардың барлығы дипломдық жұмыстың өзектілігін және күн тәртібінде
тұрғандығын көрсетеді.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Әлеуметтік мемлекетті қалыптастырудың
негізгі таным жолы ежелгі ойшылдарды бей - жай қалдырып қойған жоқ.
Сондықтан да, әлеуметтік мемлекеттің негізгі белгі нысандары, оны
қалыптастыру туралы ұсыныстар антикалық ойшылдардың еңбектерінде көрініс
тапқан болатын. Атап айтқанда, ежелгі грек ойшылдары Платон мен Аристотель
өзінің шығармаларында мемлекеттің қоғам үшін пайдалы болуы туралы
пайымдауларын жасады. Кейінгі кезеңде әлеуметтік мемлекет идеясы туралы
еуропа ойшылдары да көптеген пікірлер білдірген болатын. Әлеуметтік
мемлекеттің кейбір қырлары Т. Гоббстың, Ш.Л. Монтескьенің, И. Канттың,
Г.В.Ф. Гегельдің еңбектерінде өзінің негізгі ғылыми сипаттамасын алып
отырды.
Қазақ даласында да әлеуметтік мемлекеттің негіздері туралы өзінің
пікірін білдірген ойшылдар баршылық. Солардың қатарына ортағасырлық ойшыл
Ж. Баласағұнды, оның Құтты білік атты еңбегіндегі әлеуметтік
мемлекетті қалыпастыруға қатысты ойларын айтуға болады. Кейінгі алаш
қайраткерлері де мемлекеттің әлеуметтік сипатына кең мән берді. Олардың
қатарына Ә. Бөкейхановты, А. Байтұрсыновты, М.
Дулатовты, Х. Досмұхамедовты т.б. жатқызуға болады.
Әлеуметтік мемлекет идеясы және оның Қазақстан жағдайында жүзеге
асырылуы елімізге белгілі ғалымдар: С.З. Зимановтың, С.С. Сартаевтың, М.Т.
Баймахановтың, В.А. Кимнің, Ө.Қ. Қопабаевтың, А.К. Котовтың, В.А.
Малиновскийдің, Э.Б. Мұхамеджановтың, С.Н. Сабикеновтің, Ғ.С.
Сапарғалиевтің, А.А. Черняковтің, М.Х. Матаеваның, А.Т. Ащеуловтің, Ж.Н.
Баишевтің, С.К. Амандықованың, Э.Б. Абдрасуловтың, Ж.Д. Бусурмановтың, К.К.
Атхожиннің және т.б. зерттеулерінде көрініс тапқан.
Басқа да шетелдік ғалымдар: А.С. Автономов, О.Е. Кутафин, В.Д. Мазаев,
Н.А. Михалева, Б.С. Эбзеев, Т.Е. Хабриева, В.Е. Чиркин, В.О. Лучин, О.О.
Миронов, Л.П. Шмайлова, Б.А. Страшун, Б.Н. Топорнин және т.б. еңбектерінде
белгілі дәрежеде сөз етілді.
Диплом жұмысының объектісі. Дипломдық жұмыстың негізгі пайымдау
объектісіне Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі әлеуметтік
мемлекетке қатысты теориялық мәселелері жатады.
Диплом жұмысының пәні. Дипломдық жұмыстың нақты пәнін Қазақстан
Республикасындағы әлеуметтік мемлекетті қалыптастырудың және мемлекеттің
әлеуметтік функциясының әлеуметтік мемлекетті қалыптастырудағы орны мен
ролі жатады.

Құқықтық саясат тұжырымдамасы және әлеуметтік мемлекет мәселесі.
Диплом жұмысының әдістері және әдістемесі. Дипломдық жұмысты жазу
барысында, ғылыми нәтижелерді алуда жалпы ғылыми әдістер мен арнайы ғылыми
танымдар: диалектикалық, салыстырмалы талдау, функционалды жіктеу және т.б.
қолданылды.
Сонымен бірге, ізденуші дипломдық жұмысында отандық белгілі ғалымдар
С.З. Зимановтың, С.С. Сартаевтың, С.Н. Сабикеновтің,
М.Т. Баймахановтың, Ғ.С. Сапарғалиевтің, З.Ж. Кенжалиевтің, С.А.
Табановтың, Ө.Қ. Қопабаевтың, В.А. Кимнің, В.А. Малиновскийдің, А.К.
Котовтың, А.Т. Ащеуловтың, А.К. Айтхожиннің, Б.А. Майлыбаевтың және т.б.
еңбектеріндегі теориялық тұжырымдарға арқа сүйеді.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Дипломдық жұмыстың негізгі ғылыми
жаңалығы ретінде әлеуметтік мемлекеттің негізгі идеяларын және Қазақстан
Республикасыда әлеуметтік мемлекетті қалыптастырудың құқықтық және
мемлекеттік базасын қалыптастырудың негіздерін айқындайды.
Диплом жұмысының теориялық және тәжірибелік маңызы. Дипломдық жұмысты
жазушының қол жеткізген дипломдық жұмыстың негізгі нәтижелері мемлекет және
құқық теориясы мен тарихы, конституция теориясын, оның ішінде конституция
идеяларын, зерттеу ісін одан әрі ғылыми тұрғыда байыта, жетілдіре түседі.
Елімізде жүзеге асырылатын конституциялық реформаларды ғылыми негіздеуде
басшылыққа алуға болады.
Дипломның ғылыми нәтижелері жоғарғы заң оқу орындарында, мемлекет және
құқықы теориясы мен тарихы, конституция теориясы және т.б. пәндерден
дәрістер жүргізуде, тәжірибелік сабақтар өткізуде өте пайдалы.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Кіріспеден, екі бөлімнен, жеті
бөлімшеден, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ӘЛЕУМЕТТІК МЕМЛЕКЕТТІҢ НЕГІЗІ РЕТІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК
ҚЫЗЕТІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.1 Мемлекет қызметін (функциясын) зерттеудің кейбір теориялық
мәселелері
Мемлекет қай қоғамда болмасын, сол қоғамның алдына қойған мақсат-
міндеттерін шешуге бағытталған саяси ұйымның көрінісі болып табылады.
Сондықтан да, мемлекет өзінің алдындағы мақсатына жету үшін оны жүйелі
түрде жүзеге асыратын функционалдық негіздерге ие болуы қажет. Бұл мемлекет
қызметінің негізгі мәні де болып табылады. Мемлекет қызметі динамикалық
құбылысқа жатады. Себебі, мемлекеттің алдына қойған бағытына сәйкес, сол
мемлекеттің негізгі қызметтері айқындалады. Мемлекет қызметін зерттеу,
біздің ойымызша, сондықтан да, әр уақытта өзінің өзектілігін жоймайды.
Қазіргі таңдағы елімізде демократиялық құқықтық мемлекеттерді орнықтыруға
бет алған кезеңде мемлекеттің қызметі, оның теориялық мәселелері өте өзекті
сипатқа ие болып отыр.
Мемлекет қызметі туралы ой-пікірлерге зер салып қарайтын болсақ,
қоғамның талап-тілегіне сәйкес мемлекеттің атқаратын қызметтері де,
өзгеріп, күрделеніп, дамып отырған. Кезінде кеңестік ғылымда мемлекет
қызметі коммунистік идеологияның шырмауында қалып, өзінің толықтай ғылыми
бет-бейнесін жасай алған жоқ. Мемлекет қызметіне байланысты жүргізілген
зерттеулер көбінесе эмперикалық негізде жүргізіліп, оның шынайы ғылыми
сұлабасы ашылмады. Қазіргі кезеңде, біздің ойымызша мемлекет қызметінің
концептуалдық негізін қалыптастыру қажет болып отыр. Қазіргі қоғамның дамуы
да, осыны қажет ететіндей.
Кеңестік кезеңде мемлекет қызметіне байланысты мәселелерді жүйелі түрде
саралап, талдаған ғалымдардың қатарына М.И. Байтин жатады. Ол өзінің
еңбегінде мемлекет қызметіне байланысты кеңестік және шетелдік ғалымдардың
тұжырымдарын саралап, оның жалпы бағытын айқындауға ұмтылды [1, с 190-234].
Кеңестік кезеңдегі мемлекет қызметіне байланысты теориялық тұжырымдар,
бүгінгі таңда өзінің маңыздылығын жойды. Қазір еліміздің алдына қойған
мақсаты тұрғысынан, мемлекет қызметін теориялық тұрғыда қайта талдап,
концепуалдық негізін қалауымыз қажет. Бұл мақсатқа жету үшін жалпы мемлекет
қызметіне байланысты ой-пікірлердің жай-күйіне үңілуіміз керек. Мемлекет
қызметі жалпы функция деген терминмен сипатталған болатын. Егер
философиялық энциклопедияларға көз жүгіртетін болсақ, функцияға мынандай
анықтама беріледі: “Функция – (лат. functio–атқару, орындау) қандай
болмасын қатынастар жүйесіндегі белгілі бір объектінің сыртқы көрінісі,
мыс, организмдегі сезім мүшелерінің қызметі, ақшаның қызметі,
мемлекеттердің қоғамдағы және т.б. функциялары. Бірқатар идеалистік
бағыттар ғылымды тек қана функцияның объектілерін тізіп, анықтаумен
шектеледі деп, олардың мәнін (махизм, бихевиоризм т.б.) тануды жоққа
шығарады. Математика мен логикада функция деп кейбір класстардың әрбір
элементттерінің салыстыру операцияларын айтады. Анықтаушы ретіндегі
функцияның элементтерін оның дәлелдемелері деп атайды, ал мәндер жайындағы
элементтерді-функцияның мәндері дейді” [2, 469 б]. Ал қазақстандық белгілі
ғалымдардың бірі, Ө. Қопабаев пен С. Өзбекұлы мемлекет қызметінің мәнін
сипаттай келе, мынандай тұжырым жасайды: “Мемлекет басқару, билік жүргізу
үшін құрылған саяси ұйым болғандықтан оның алдында тұрған міндеттер бар.
Сол міндеттерді іс жүзінде жүзеге асыру үшін арнайы функциялар қажет.
Функция арқылы мемлекет статикалық (формалары, аппараттары, органдар)
құрылымынан динамикалық қозғалыс мағынасын айқындайды. Бұл жерде функциялар
арқылы мемлекет алдына қойған мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырады.
Мақсаттар әр түрлі болады: стратегиялық және бүгінгі күнгі. Мысалы,
Қазақстан Республикасы мемлекетінің болашақтағы мақсаты экономикасы
дамыған, халқының әл-ауқаты жоғары, кедейлік пен жұмыссыздық жойылған
демократиялық, құқықтық мемлкет құру. Ал бүгінгі күн мақсаты шағын және
орта бизнесті, мемлекеттік тілді дамыту және т.б. міндеттер.
Мемлекеттің фукциялары дегеніміз оның алдында тұрған мақсаттары мен
міндеттерін іс жүзінде асырудың негізгі бағыттары” [3, 49 б]. Ал,
Т. Ағдарбеков болса, мемлекет қызметтерінің негізгі
ұқсастықтарын саралай келе, мемлекет қызметінің мынандай ерекшеліктері бар
деп есептейді:
“1 Мемлекеттің әрбір функциялары, мемлекеттік қызметтердің бір жақты
жиынтықтарынан құралады. Мемлекет қызметттерінің ұқсас жақтары қоғамдық
қатынастардың ерекшелігімен сипатына, олардың ықпал жасайтын объектісіне
қарай бір функцияға бірігеді.
2. Бір жұмысты орындауға арнайы белгіленген көптеген мемлекет
органдарының функциясынан мемлекет функциясының айырмашылығы-оның
қызметін тұтас қамтитындығында. Айтылған сөз жеке органдардың
белгілі мемлекет функциясын жүзеге асырудағы маңызын жоққа
шығарамайды, себебі кей кездерде ондай органдар негізгі мақсаттарды
шешуде басты рольдерді ойнайды. (Мысалы, Қарулы күштердің елді
сыртқы шабуылдан қорғау функциясы). Сондықтан, мемлекет функциясын,
оның органдарының функциясын айыра білу қажет.
3. Мемлекет функциясы, кешенді жинақты сипатта болады. Онда мемлекеттің
шешуші күш жұмсаған, өмірлік маңызы бар бағыттағы ішкі және сыртқы
жұмыстары, нақты іске асырылады.
4. Мемлекет функциясын, мемлекеттің жұмыс түрлерінен айыра білу қажет.
Себебі, мемлекеттің жұмысы кейде арнайы белгіленген, соған рұқсат
етілген органдар арқылы іске асырылуы мүмкін, не болмаса,
мемлекеттің әр түрлі органдарының құрамындағы бөлімдерімен іске
асырылады. Мемлекеттік жұмыстардың түрлеріне, мысалы қылмыстық істі
тергеу, кедендік бақылау т.б. жатады.
5. Мемлекет функциясын, оларды іске асыру формасымен және тәсілімен
салыстыруға болайды. Қазіргі мемлекеттің функциясын іске асырудағы
негізгі құқықтық нысандарыға, құқықтық шығармашылық, атқару-билеу
және құқық қорғау қызметтері жатады. Мемлекет өзінің әр түрлі даму
кезеңдерінде алдына қойған мақсаттарына байланысты түсіндіру,
үгіттеу тәсілдерін пайдалануы мүмкін. Мемлекеттің функциясы, оның
мазмұнына, нысанына сай, тәсілдері бірігіп, мемлекеттік өкіметтің
сол бағыттағы мемлекет жұмысын іске асырады. Мемлекеттің барлық
функциональды қызметі бас мақсатына жетуге бағытталған: адам, оның
адамгершілік, материалдық, жеткілікті құқықтық және жеке адамның
әлеуметтік мүдделерінің қорғаушысы. Мемлекет жеке адамдар арқылы
қоғамдық прогреске тұтасымен ықпал жасайды және барлық қоғамдық
қатынастарды бағыттайды.
Сонымен, мемлекет функциясында-оның негізгі қызметінің бағыты, қоғамды
мемлекеттік басқарудың мәні және әлеуметтік орны көрсетіледі”
[4, 88-89 бб].
Егер мемлекет қызметіне оның табиғатына байланысты берілген
түсініктерді одан әрі жіктеп, талдап қарайтын болсақ, бүгінгі таңда бұл
мәселеге байланысты бір бағыттағы жүйелі жол қалыптаса қоймағандығын
көреміз. Мысалы, теорияда кеңінен орын алған мемлекет қызметіне байланысты
түсінікті профессор В.И. Гойман-Червонюк былай деп береді: “Функции
государства основные направления деятельность государства, в которых
раскрывается его социальная сущность и назначение в обществе” [5,
с 42]. Ал Н.Б. Пахоленко болса: “Функции государства - это необходимо
однородное, постоянное, целесообразное направление (сторона) деятельности,
обусловленное объективными потребностями общественного развития с точки
зрения его внутренних и внешних задач” [6, с 29], - деп түсіндіреді.
Ресейлік оқулықтардың бірінде, мемлекет қызметі былай негізделген: “Функции
государства - это основные направления его деятельности, выражающие
сущность и социальное назначение, цели и задачи государства по управлению
обществом в присущих ему формах и присущими ему методами” [7, с 143]. Бұл
берліген анықтамалардың барлығынан мемлекет қызетінің белгілі бір бағытсыз
атқарылмайтындығын ұғынуға болады. Бірақ та, сын көзбен қарап, көретін
болсақ, мемлекет қызметіне берілген жоғарыдағы авторлардың түсініктерінің
дау тудырмайтындығына күмән келтіруге болады. Осы жерде қазіргі Ресей
мемлекетінің әлеуметтік қызметін зерттеген ғалымдардың бірі,
Е.С. Мазаеваның мына пікірі, жоғарыда айтылған мемлекет
қызетіне байланысты ғалымдардың тұжырымының негізсіздігін танытатындай:
“Во-первых, государственной деятельности присущи некоторые
противоречия. Например, можно отнести противоречия между объективным ходом
социально- экономических отношений и государственным обеспечением
стабильности в этой сфере жизнедеятельности общества. Вследствие чего в
одной ситуации государства сдерживает или стимулирует развитие определенных
тенденций, в другой - допустим, изменяет какие-либо стороны социально-
экономической политики. Поэтому в ряде случаев направление деятельности
государства может провялятся как тенденция, то есть как преобладающее
направление:
Во-вторых, невозможно объяснить, каким образом в функциях государства
преломляются комплексные цели. Тем более что они не могут быть достигнуты
деятельность в каком-либо одном направлении, так как часто сочетают
противоречивые начала децентрализации и централизации;
В-третьих, невозможно уяснить, почему некогда неосновные функции по
мере развития государства превращаются в основные или почему происходит
отсоединение одних функций от других (при этом направлении его деятельности
остаются прежними)” [8, с 14-15].
Әрине, бұл жерде мемлекет қызметінің мемлекеттің бағытымен байланысты
екендігін жоққа шығаруға болмайды. Сонда да, болса біздің ойымызша, қандай
да болмасын қызметті бірнеше қырынан түсінуге болады. Бір қырынан алғанда,
мемлекеттің қызметі - мемлекеттің алдына қойған бағытын жүзеге асырудың
көрінісі болып табылады. Екінші қырынан алғанда, мемлекет қызметі -
мемлекеттің мақсатын жүзеге асырудың белсенді көрінісін білдіреді.
Сондықтан да, мемлекет қызметі жүзеге аспаса да, оны жүзеге асырудағы
мүмкіндігін сипаттайды.
Қарап отыратын болсақ, мемлекет қызметі әлі де болса, ғалымдар
тарапынан өзінің толыққанды шешемін таба қоймаған мәселе болып тұр.
Жоғарыдағы айтылғандарды қорыта келгенде, біз жалпы мемлекет қызметін,
мемлекеттің бағытын жүзеге асыруға байланысты әдіс-тәсілдермен кешенді
тұрғыда қарайтын, нақты қоғамның даму деңгейімен байланысты болып келетін
және сол қоғамның алға ұсынған әдіс-тәсілдеріне сүйенетін күрделі құбылыс
болып табылады. Осыны негізге ала отыра, біз мемлекет қызметінің мәні
мынандай мәселелермен байланысты деп табамыз:
Біріншіден, қоғамның маңызды өмірлік мәселелерін шешуде мемлекеттің іс-
әрекеттері айқындалған;
Екіншіден, мемлекеттің мәні мен оның әлеуметтік мақсаттарының арасында
ажырағысыз байланыс бар;
Үшіншіден, мемлекеттің бағыты әрқашанда қоғамдағы ірі әлеуметтік
экономикалық-саяси т.б. міндеттерді шешуге негізделетіндігінде;
Төртіншіден, мемлекеттің жүзеге асыратын бағыты, әрқашанда белгілі
нысандарда атқарылады.
Міне, осы айтылған жағдайлардың барлығы мемлекет қызметінің мәнін
айқындайды және мемлекет қызметінің негізгі бағыттарын сипаттауға да
мүмкіндік береді. Мемлекеттің қызметі, негізінен жалпы мемлекеттің басқару
жүйесімен сол мемлекетте жүзеге асырылатын құқықтық режиммен тығыз
байланысты. Міне, осындай факторлардың негізінде нақты мемлекеттердің
қызметтері айқындалады.
Сонымен қатар, мемлекеттің қызметін айқындауда және оның түрлерін
негіздеуде, мынандай да факторлар себепші болады:
а) мемлекеттің мәні, нысаны, табиғаты;
ә) сол мемлекет өмір сүріп отырған кезеңдегі сыртқы және ішкі
жағдайдағы өзгерістер;
б) нақты тарихи жағдайдағы мемлекеттің алдына қойған мақсаттары мен
міндеттері.
Ойымызды қорыта келгенде, айтарымыз, мемлекеттің қызметі-теориялық
тұрғыда әлі өзінің бір жақты шешімін таба қоймаған күрделі құбылыс болып
табылады. Оның себебі де, жоқ емес. Негізінен мемлекеттің қызметі әр
қоғамның талап-тілегіне сәйкес өзгеріп отырады. Міне, осы жағдай мемлекет
қызметінің теориялық базасын жасауда қиындық тудырады. Соған қарамастан,
жалпы мемлекет қызметінің мәнінің ерекшеліктерін айқындауға болады.
Мемлекет қызметінің негізгі мәні, мемлекеттің алдына қойған мақсат-
міндеттерін жүзеге асыру.
1.2 Мемлекеттің әлеуметтік қызметінің түсінігі және ерекшелігі
Мемлекет теориясында қазіргі кезеңде өзінің әлі де болса, толыққанды
шешімін таба қоймаған мәселелер легі баршылық. Солардың қатарына,
мемлекеттің әлеуметтік қызметі жатады. Қазіргі кезеңде әлемнің көптеген
елдерінің барлығы қоғам мүшелерінің әлеуметтік тұрғыда қамсыздандыру
мәселесіне ерекше мән беруде. Қазақстан Республикасы да дамыған елу елдің
қатарына көтерілем десе, осы мәселеге ерекше ықтиярмен көңіл бөлуі қажет.
Мемлекеттің әлеуметтік қызметі және оны өзінің деңгейінде жүзеге асыру
әрқашанда қоғам өмірінде мүмкін бола қоймайтын күрделі мәселе болып
табылады. Мемлекеттің әлеуметтік қызметі сол мемлекеттегі экономикалық
өсумен тікелей байланысты болып келеді.
Қазіргі кезеңде мемлекет және құқық теориясында ғалымдар ортасында
мемлекеттің әлеуметтік қызметін түсінуге байланысты жалпы бағыты, бір
болғанмен, әр түрлі оның қырына мән беретін ой-тұжырымдар да орныққан
болатын. Отандық заңгер ғалымдардың ішінде Т. Ағдарбеков мемлекеттің
әлеуметтік қызметін былай түсіндіреді: “Мемлекеттің әлеуметтік функциясы-
жеке адамның, барлық қоғам мүшелерінің өмірінің бірқалыпты жағдайын,
олардың тікелей өндірістік қатынасқа тәуелсіздігінің әлеуметтік қорғалуы
үшін қажет.
Құқықтық мемлекетте материалдық жағдайларды бөлу өндірушілердің
арасындағы эквиваленттік айырбастан басқа тұтынушылармен іске асырылады.
Оның әлеуметтік саясатының көздейтіні біріншіден, әлеуметтің табысты бөлуді
әркімнің сіңірген еңбегіне қарамай жүргізу қажет. Себебі, әр түрлі
объективтік себептерге байланысты өз жөнінде толық жұмыс істей алмайтын
адамдардың (аурулар, инвалидтер, кәртайған адамдар, студенттер, балалар)
өмір деңгейін қадірлеуді қамтамасыз ету қажеттігі. Екіншіден, мемлекет
қажетті қаражатты денсаулыққа, мәдени дем алуға, білім алуға, үй салуға,
көліктің нақты жұмысына және байланысқа бөледі. Сонымен, азамттардың
құқықтары денсаулық сақтауға, дем алуға, білім алуға, мәдениеттің
жетістіктерімен пайдалануға, яғни мемлекеттің іске асырылуы қамтамасыз
етіледі.
Әлеуметтік құқықтық мемлекеттің құрылуы қиын және ауыртпалық жолдардан
өтті. Алғашқыда, қоғамның дамуы және байуы, адамдардың бай және кедей болып
жіктелуіне әкеп соғады. Формальді түрде жарияланған теңдік материалдық
теңсіздікті қайта туғызып, қоғамдағы әлеуметтік жанжалдың тууына себеп
болады. Тек, құқықтық мемлекет біртіндеп әлеуметтік мемлекет кейпіне ие
болады, жеке адамдардың еркін дамуына формальды кепілдік, әлеуметтік
қорғаудың материалдық кепілдігімен толықтандырылады. Қазіргі құқықтық
мемлекет барлығына бірдей әлеуметтік қорғалуға кепілдік береді. Әсіресе,
экономикалық жағынан пайдасыз жағдайдағыларға қаражат бөлініп, көмек
беріледі.
Тек экономикалық, материалдық, рухани жағынан еркіндігі бар мемлекет
қана, елдің тұрғындарына адал әлеуметтік саясат жүргізе алады” [4, 91-92
бб]. Сонымен қатар, ұжымдық авторлардан тұратын Қазақстандағы алғашқы
мемлекет және құқық теориясының авторлары да, әлеуметтік қызметке мынандай
түсінік береді: “Әлеуметтік функция-мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі
халықтың әлеуметтік жағдайын жан-жақты қамтамасыз етіп, жақсы дәрежеде
дамыту. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты екі бағытқа бөлінеді: бірінші бағыты-
адамдардың қоғамдағы еңбегіне қарамай мүгедектерге, зейнеткерлеге, науқас
адамдарға, көп балалы жанұяға, студенттерге мемлекеттік көлемде жан-жақты
көмек жасап, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту; екінші бағыты-адамдардың
денсаулығын қорғауға, жақсартуға, мәдениетті дамытуға, халықтың жақсы
тұрып, жақсы демалуына қамқорлық жасап, мемлекеттік бюджеттен тиісті
мөлшерде қаржы бөліп отыру” [9, 61 б]. Қазақстандық белгілі ғалымдардың
бірі, С.А. Табанов мемлекеттің әлеуметтік қызметінің мәні мынада деп
санайды: “Әлеуметтік сферада-халықты әлеуметтік қорғау (мүгедектерді, көп
балалы аналарды, жұмыссыз адамдарды), зейнетақымен қамтамасыз ету,
денсаулық сақтауға, білімге, жол құрылысына, қоғамдық көлікті дамытуға,
байланыс құралдарына қажетті қаражатты бөлу т.б.” [10, 21 б]. Ал, Ғ.С.
Сапарғалиев пен А.С. Ибраева әлеуметтік мемлекеттің маңызы мынада дейді:
“Қандай да болсын қоғам түрлі таптардан, әлеуметтік топтардан тұрады.
Кейбір елдерде, мысалы: Қазақстанда, көптеген ұлттар тұрады. Олардың
арақатынасын реттеу-негізінен мемлекеттің міндеті. Оларға қамқорлық
жасауды, олардың арасындағы қатынастарды, пайда болатын қайшылықтарды
реттеу, шешу, жөнге салу, тек қана мемлекеттің қолынан келетін іс. Ол үшін
мемлекетте күш те, қаражат та, басқа да мүмкіндіктер бар. Осыған сәйкес
мемлекет әлеуметтік функция атқарады. Егерде мемлекеттің осы қызметі кең
өріс алып, үздіксіз жүргізілетін болса, оны әлеуметтік мемлекет дейді” [11,
31 б]. Қазақстандық белгілі ғалымдар С. Өзбекұлы мен Ө. Қопабаев Қазақстан
Республикасының негізгі заңына сүйене отыра, мемлекеттің әлеуметтік
қызметінің мәнін мынадан көреді: “Қазақстан Республикасының Конситуциясы
мемлекетімізді демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде
орнықтырумен қатар, оны әлеуметтік деп жариялады. Әлеуметтік функция
қоғамның көптеген салаларын қамтиды және мемлекеттің, адамның әл-ауқатын,
тұрмысын жақсартуға бағытталған. Әлеуметтік функцияның ең негізгі мақсаты-
қоғамдағы байлықты халық арасында әділеттілік қағидасы негізінде бөлініп
беру болып табылады. Мемлекет өз тарапынан еңбек етуге жарамсыз болған
қоғамдағы әлеуметтік топтарға жан-жақты қамқорлық жасауға міндет алады.
Конституцияда былай деп көрсетілген:
1. Қазақстан Республикасының азаматына жалақы мен зейнетақаның ең
төменгі мөлшеріне, жасына келген, науқастанған, мүгедек болған,
асыраушысынан айрылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде
әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі.
2. Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың
қосымша нысандарын жасау және қайырымдылық көтермеленіп отырады
(28-бап).
Бұл норма мемлекетке қарт адамдарды, мүгедектерді, көп балалы отбасын,
тастанды, жетім балаларды және тарихи отанына оралған қазақтарға көмек
көрсету міндетін жүктейді. Сонымен қатар, мемлекеттің әлеуметтік
функциясының ең бастапқы міндеттерінің бірі-кедейлікпен, жұмыссыздықпен
күресу болып табылады. “Қазақстан-2030” бағдарламасында бұл мәселені шешуде
мемлекет алдына мынандай міндеттер қойып отыр: “Осы жылдардың ішінде
кедейшілік пен жұмыссыздыққа қарсы күрес стратегиясы:
- кіші кредиттер жүйесін енгізуге;
- шағын және орта бизнесті дамытуға;
- еңбекті көп қажет ететін салаларды басымдықпен дамытуға және бұларға
шетел инвестициялары мен ұлттық капиталды белсенді тартуға;
- шарттар мен контракттар және бюджеттік сатып алудар кезінде жұмыспен
қамту проблемаларына қатаң тұрғыдан келуге;
- қоғамдық жұмыстарды, ең алдымен жол құрылысы мен орман отырғызуды
дамытуға;
- жеке кәсіпкерлерді дамыту жолындағы қажетсіз әкімшілік кедергілердің
бәрін алып тастауға;
- қызмет көрсету саласын және әсіресе туризмді белсенді дамытуға
негізделеді”.
Бұл міндеттер мемлекеттік әлеуметтік функциялары арқылы іс жүзіне
асырылады” [3, 52-53 бб]. Көріп отырғанымыздай, отандық заңгер ғалымдар
мемлекеттің әлеуметтік қызметін жалпы дұрыс бағытта қарастыра отыра,
өзіндік ойларын негіздеуге ұмтылады. Шетелдік ғалымдардың ішінде, оның
ішінде Ресей ғалымдары да мемлекеттің әлеуметтік қызметіне ерекше мән
берген. Салыстыру үшін кейбір тұжырымдарға тоқталып кететін болсақ,
Ресейлік белгілі мемлекеттанушы В.Е. Чиркин мемлекеттің әлеуметтік қызметін
былай деп түсіндіреді: “Социальная функция по-разному осуществляется в тех
или иных государствах. В тоталитарных государствах она имеет классовые
цели, хотя под лозунгами о трудящихся, рабочих и крестьянах или иногда по
националистическими лозунгами социальные привилегии получала партийно-
государственная номенклатура (в т.ч. местная, национальная). В современном
государстве эта функция имеет общесоциальные цели. Во-первых, это
регулирование отношений между различными социальными, этническими и иными
общностями в стране. Государство устанавливает минимум оплаты труда, в
бюджетной сфере определяет денежные оклады работников, принимает меры по
организации общественных работ, оказывает помощь матерям и детям,
выплачивает пособии по безработице, стипендии студентам, помогает
материально молодежным объединениям. Оно создает условия для развития
экономика, культуры, языка, этнических групп, помогает коренным
малочисленным народам. Есть много других направлений деятельности
государства, которые осуществляется в соответствии с принципами
справедливости и социальной солидарности в обществе. Во-вторых, это
оказание социальных услуг населению: создание сети образовательных
учреждении, медицинского обслуживания, систем транспорта и связи, путей
сообщения и др.” [12, с 202]. Ресейлік оқулықтардың бірінде, мемлекеттің
әлеуметтік қызметінің мәні былай деп бағамдалған: “Содержание этой функции
предполагает охрану труда и здоровья людей, гарантированный минимальный
размер оплаты труда, государственную поддержку семьи, материнства,
отцовства и детства, инвалидов и пожилых граждан; развитие системы
социальных служб; государственные пенсии, пособи и иные гарантии социальной
защиты” [13, с 342]. Осылай дей келе, әлеуметтік
қызметтің маңызды қырына былай мән береді: “Важные стороны социальной
функции государства составляют также смягчение и преодоление таких издержек
нынешнего переходного периода, как бедность, углубление неравенства и рост
безработицы; стабилизация уровня жизни населения и более равномерное
распределение бремени экономических трудностей между различными группами
населения” [13, с 343]. Ал, тағы бір оқулықтардың бірінде, мемлекеттің
әлеуметтік қызметі былай түсіндіріледі: “С экономической тесно
связно социальная функция государства. Она многообразно по содержанию и
масштабна по объему государственной деятельности. Главное ее назначение –
устранить или смягчить возможную социальную напряженность в обществе,
постараться выровнять социальное положение людей, развивать
здравоохранение, образование, культуру.
Для выполнения социальной функции государства создает фонды, которые
расходуются на пенсии, пособи, здравоохранения, образование. Оно
разрабатывает и реализует программы, стабилизирующие занятость населения и
сокращающие безработицу, регулирует (в той или иной мере) размеры
заработной платы и др. ” [7, с 153].
Міне, кішігірім отандық және шетелдік ғалымдар тарапынан мемлекеттің
әлеуметтік қызметіне байланысты көзқарастар жүйесі осы тұрғыда өрбіген
екен. Енді, біз тұжырымдарды қорыта келе, мемлекеттің әлеуметтік қызметінің
мәнін тұжырымдауға келетін болсақ, жалпы оның ұғымын бермес бұрын,
мемлекеттің әлеуметтік қызметінің мәнін ашатын негізгі белгілерді
топтастырып алуымыз қажет. Жалпы мемлекеттің әлеуметтік қызметінің
ерекшеліктері мына жағдайлардан көрінеді:
Біріншіден, мемлекеттің әлеуметтік қызметі, мемлекеттік органдар
тарапынан бағытты түрде жүзеге асырылатын қызметтің бір түрі болып
табылады;
Екіншіден, мемлекеттің әлеуметтік қызметі, жалпы мемлекеттің мәнін
құратын, соның мазмұнын көрсететін қызмттердің бірі болып табылады;
Үшіншіден, мемлекеттің әлеуметтік қызметі қоғамдағы әлеуметтік
топтардың арасындағы алшақтықты, қарама-қарсылықты жоюға бағытталған;
Төртіншіден, мемлекеттің әлеуметтік қызметі адами құндылықтарды
басшылыққа алатын мемлекет қызметі болып табылады.
Осы ойымызды қорыта келгенде, жалпы айтарымыз, мемлекеттің әлеуметтік
қызметі дегеніміз-әлемдік мемлекеттің даму тәжірибесі мойындаған бірнеше
ғасырлардан бері жүзеге асырылып келе жатқан, жалпы адами құндылықтарды
білдіретін мемлекеттің қоғамдағы тағайынның мәнін құрайтын, мемлекеттік
органдар тарапынан жүзеге асырылатын қоғамдық, әлеуметтік топтардың
арасындағы қайшылықтарды жоюға бағытталған мемлекеттің мақсатты қызметінің
бір түрі болып табылады.
1.3 Мемлекеттің әлеуметтік қызметі саяси-құқықтық ой тарихында
Мемлекеттің қоғамдағы орны мен ролі қай кезеңде болмасын, ойшылдарды
ойландырғаны белгілі. Саяси-құқықтық ой тарихында мемлекеттің қоғам үшін
қандай роль атқару керектігі мәселесінде әр түрлі пікір-таластың да орын
алғаны белгілі. Сонда да, болса тарихи тәжірибе көрсетіп отырғандай, сан
ғасыр өтсе де, мемлекет қоғам мүшелерінің әл-ауқатын көтеру үшін қоғамда
қорғалуды қажет ететін топқа қызмет етуге міндетті екендігін өмір көрсетіп
отыр. Ежелгі Грек ойшылдарынан бастап, қазіргі кезеңге дейінгі аралықта
мемлекеттің әлеуметтік қызметі туралы сан түрлі пікірлер айтылды. Біз бұл
жерде кейбір негізгі ойларға ғана тоқталсақ деп отырмыз.
Саяси – құқықтық ой тарихында мемлекеттің қоғамдағы атқаратын қызметін,
алым-салықты қалай жұмсау мәселесімен көп ойшылдар байланыстырды. Мысалы,
Т. Гоббс былай дейді: “Равенство понимается ... не как равенство денежного
состояния, но как равенство налагаемых обязанностей, то есть как равенство
отношения между обязанностями и получаемыми преимуществами. Ведь хотя миром
пользуются все равной мере, однако преимущества, предоставляемые миром, не
для всех одинаковы. Ибо одни получают больше, а другие меньше благ. И
наоборот, одни тратят больше, другие меньше. Следовательно, можно
спросить, должны ли граждане вносить средства на общественные нужды в
соответствии с тем, как они богатеют, или в соответствии с тем, что они
потребляют, то есть должны ли облагаться налогом лица в соответствии со
своими средствами или же сами вещи, чтобы каждый платил в соответствии с
тем, что он потребляет. Но примем во внимание, что там, где налоги платятся
в соответствии с состоянием. Люди, имеющие одинаковый доход, неодинаково
богаты, потому что один бережливо сохраняет приобретенное, другой же
расточает его благодаря образу жизни, и тем самым, равно пользуясь благами
мира, не в равной мере несут те тяготы, которые налагает государство, и с
другой стороны, там где облагается налогом сами вещи, каждый, в своем
частном потреблении, тем самым, что он потребляет, незаметно выплачивает
государству положенную тому часть в соответствии не с тем, чем он владеет,
а с тем, что он получил от государства. Таким образом, более не может быть
сомнения в том, что первый принцип обложения налогом противоречит
справедливости, а потому не является обязанностью правителей, второй же
находится в согласии с разумом и их долгом” [14, с 279-280]. Жағдайына
қарай алым-салықты салу мәселесі, қоғамдағы әлеуметтік теңсіздікті жоюға
бағытталады деп есептеді. Осы тұрғыдан тағы да бір белгілі ойшыл Ш.Л.
Монтескьеде мынандай ой білдіреді: “Доходы государства – это часть та
имущества, которую каждый гражданин отдает государству для того, чтобы оно
обеспечило за ним остальную часть или дало возможность приятно ее
использовать.
Чтобы правильно определить размеры этих доходов, следует иметь в виду
как нужды государства, так и нужды граждан. Не следует лишать народа
действительно необходимого ради удовлетворения мнимых потребностей
государства.
Мнимые потребности государства – это все то, чего требуют страсти и
слабости тех, кто управляет: очарование необычного проекта, болезненная
жажда суетой славы и некоторое бессилие рассудка перед фантазией. Нередко
беспокойные умы, поставленные государем во главе правления, считали, что
нужды государства - это нужды их мелких душ.
Ни один государственный вопрос не требует такого мудрого и
благоразумного рассмотрения, как вопрос о том, какую часть следует брать у
подданных и какую часть оставлять им.
Доходы государства надо измерять не тем, что народ может давать, а тем,
что он должен давать. Если же их заменяют тем, что он может давать, то надо
по крайней мере, чтобы он мог давать всегда...
Нет большой беды, если некоторые граждане платят меньше, чем следует:
их благосостояние всегда обращается на пользу обществу; но если некоторые
лица платят слишком много - их разорение обратится во вред обществу. Если
государство соразмеряет свое богатство с богатством отдельных лиц, то с
обогащением последних увеличится вскоре и его богатство. Здесь все сводится
к вопросу времени; начнет ли государство обогащать себя посредством
разорения своих подданных или оно подождет, пока достигшие материального
благосостояния подданные обогатят его? Станет ли оно пользоваться выгодами
первого или второго способа обогащения? Начнет ли оно с богатство или
кончит богатством?” [15, с 280-281]. Өзінің ойын жалғастыра келе, ойшыл
мемлекеттің құрылым нысандарына байланысты да алым-салықтың түрлерін
жоғарылатуды немесе төмендетуді ұсынады. Бұл туралы былай дейді:
“Увеличение налогов допустимо в большей части республик, потому что
гражданин, думающий, что он платит их самому себе, желает платить их и
обычно благодаря природе этого правления имеет возможность это делать.
В монархии можно увеличить налоги, потому что умеренный характер
правления способствует там накоплению богатств: это как бы награда государю
за то, что он уважает законы.
В деспотическом государстве налоги увеличивать нельзя, потому что
нельзя еще более увеличить и без того доведенное до крайней степени
рабство” [15, с 281]. Мемлекеттің әлеуметтік қызметіне байланысты
көзқарастарды немістің белгілі филосфтары И. Кант пен Г.В.Ф. Гегельдің
көзқарастарынан көре аламыз. Неміс ғалымы И. Кант мемлекеттің әлеуметтік
қызметі туралы, оның мәні мен маңызын мынандай жағдайлармен байланыстырады:
“У верховного повелителя есть косвенное права, т.е. принадлежащее ему как
лицу, которое принимает на себя обязанности народа, облагать народ налогами
для его собственного (народа) содержания: для призрения бедных, для
воспитательных домов и церковных учреждений, называемых иначе
благотворительными, или богоугодными, заведениями.
Всеобщая воля народа объединилась в общество, которое должно постоянно
себя поддерживать и для этого подчиняться внутренней государственной
власти, дабы содержать тех членов общества, которые сами себя содержать не
могут. Для надобности государства правительство имеет, следовательно, право
принуждать состоятельных (граждан) доставлять средства на содержание тех,
кто не в состоянии обеспечить удовлетворение своих, даже самых необходимых,
естественных потребностей; поскольку существование этих лиц есть также акт
отдачи себя под защиту и необходимую для их существования заботу общества,
к чему они себя обязывают, государство основывает на этом свое право
(принуждать состоятельных лиц) участвовать в содержании своих граждан. Это
можно осуществлять, облагая налогами собственность граждан или торговый
оборот либо выпуская процентные бумаги, проценты которых идут не в пользу
государства (ибо оно богато), а в пользу народа; однако это должно быть
осуществлено не только добровольными взносами (так как здесь речь идет лишь
о праве государства по отношению к народу), часть которых небескорыстно
(например, лотереи, которые порождают больше и представляют собой больше
опасности для общественной собственности, чем обычно, и которые,
следовательно, не должны были бы быть разрешаемы), но и принудительными
взносами как государственными повинностями. Здесь возникает вопрос: должно
ли обеспечение бедных осуществляться при помощи текущих взносов так, чтобы
каждое поколение кормило своих (бедняков), или же при помощи постепенно
накапливаемых фондов и благотворительных заведений вообще (таких, как
вдовьи дома, богадельни и т.п.), причем не путем попрошайничества, которое
сродни разбою, а путем законного обложения? – первый их двух указанных
способов должен считаться единство соответствующими праву государства: от
этого способа не может уклониться тот, у кого есть чем жить, ибо текущие
взносы, если сумма их возрастает вместе с числом бедных, не превращают
состояние бедности в средство существования для ленивых людей (а этого
можно опасаться в результат деятельности благотворительных заведений) и
потому не могут стать несправедливым бременем, налагаемым на народ
правительством.
Что же касается содержания детей, подкинутых из нужды или стыда или же
даже умерщвленных по этим причинам, то государство имеет право наложить на
народ обязанность не допустить умышленной гибели этого, хотя и нежеланного,
прироста государственного достояния. Однако имеют ли право сделать это
путем обложения налогом старых холостяков обоего пола (под которыми
подразумеваются состоятельные одиночки) как лиц, которые отчасти в этом
виноваты, и с этой целью учреждать воспитательные дома или другим способам
(который, правда, едва ли существует), - эту задачу до сих пор не удавалось
разрешить так, чтобы не нарушить право или принцип морали”
[16, с 282-283]. И. Канттың ойы бойынша мемлекеттің әлеуметтік қызметі ол
қоғамдық қажеттіліктің көрінісі болып табылады. Сонымен қатар, мемлекет
әрқашанда адами құндылықтардан аттай алмайды. Осындай қажеттіліктер
мемлекет тарапынан жоғарыдағы шараларды жүзеге асыруды міндеттейді.
Мемлекеттің мұндай бөлініске баруы қоғамдағы әлеуметтік теңдікті сақтауға
және қалыптастыруға ықпал етеді. Екінші неміс ойшылы Г.В.Ф. Гегельде
мемлекеттің мәніне тоқтай отыра, полицейлік мемлекеттегі әлеуметтік
қажеттіліктің қалай жүзеге асуы туралы мынандай ойын білдіреді: “Цель
полицейского надзора и опеки - предоставить индивиду всеобщую наличную
возможность для достижения индивидуальных целей. Полиция должна заботиться
об уличном освещении, строительстве мостов, установлении твердых цен на
товары повседневного потребления, а также о здоровье людей. Здесь
существует два главных воззрения. Согласно одному из них, полиции следует
предоставить надзор над всем; согласно другому, полиции ничего не следует
определять, так как каждый человек будет ориентироваться на потребности
другого. Конечно, отдельное лицо должно иметь право тем или иным способом
зарабатывать себе на хлеб, однако, с другой стороны, и публика имеет право
требовать, чтобы все необходимое доставлялось должным образом. Обе стороны
должны быть удовлетворены, и свобода промыслов не должна быть таковой,
чтобы подвергать опасности всеобщее благо” [17, с 285]. Ойшыл, сонымен
қатар, әлеуметтік теңсіздіктің де, өзінің ішкі заңдылықтары бар екендігін
ғылыми тұрғыда негіздеуге ұмтылады. Оның ойы бойынша, қоғамдағы әлеуметтік
теңсіздік мынандай жағдайлармен байланысты: “Случайность милостыни
благотворительных учреждений, а также вечной лампады перед ликом святых и
т.д. домами призрении, больницами, освещением улиц и т.д.
благотворительности остается еще достаточно дела, и желание, чтобы оказание
помощи в нужде предоставлялось только особенности сердца и случайности
умонастроения и ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz