Баспасөз қызметінің құралдары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Негізгі бөлім

I-тарау
Баспасөз қызметінің мәні және мемлекеттік мекемелердегі баспасөз қызметі
1. Баспасөз қызметінің жұмыс бағыттары, құрылымы,
құралдары ... ... ... ... ...
2. Мемлекеттік мекемелерде баспасөз қызметін ұйымдастыру және баспасөз
хатшысы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3. Баспасөз қызметінің БАҚ-пен жұмыс істеу
ережелері ... ... ... ... ... ... .. ... ...

II-тарау
Мемлекеттік мекемелердегі баспасөз қызметінің рөлі. Алматы қаласы
әкімдігінің баспасөз қызметін жүргізушілер
2.1. Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің құрылымы және жұмыс
бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметкерлерінің функционалдық
міндеттері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.3. Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің БАҚ-пен жұмысын
үйлестіруі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Сілтемелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .62
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... 64

Кіріспе
Тәуелсіз елдің осы заманғы үрдістерге сай болуы кезек күттірмейтін
мәселелердің бірі. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, өркениетті атанып отырған
елдер осы демократияны негізгі бағыт-бағдарын алған. Демек, біз де
демократияны басты құндылық ретінде әрі оны реальды өмірде орнықтыруға күш
салуымыз – жаңаша дамудың кепілі екеніне сөз жоқ.
Осы айтып отырған демократияны ақпарат еркіндігінсіз елестету мүмкін
емес. Себебі, қоғам осы ақпаратты меңгермесе, мемлекетіміздің ұстанған
бағының негізі болмас еді. Бұл жолда журналистердің және БАҚ-тың көтерер
жүгі аз емес. Ол биліктен бастап, қарапайым азаматтардың атқарып жатқан
істерін айнадағыдай көрсетіп отарады. АҚШ-тың он алтыншы президенті Авраам
Линкольн Идея ағыны, жан-жақты ойластырылған шешім қабылдай білу, сынауға
мүмкіндік алу – осының бәріне негізделген саяси демократия көп жағдайда
ақпаратқа тәуелді - деген екен.1
Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан бері ақпараттық құралдарымыз да
қарқынды дамып келеді. Қоғамда ақпараттық еркіндік, билік пен халық
арасындағы дәнекерлік рөлді атқарып келе жатқан бұқаралық ақпарат
құралдарының маңызы айтпаса да белгілі. Ақпараттық технологиялар мен нарық
заманында ең жедел ақпараттар беру тәсілдері мен қоғамдық пікірді
қалыптастыру күн тәртібіне қойылған мәселелердің бірі. Кешегі Кеңестік
кезеңде тек қана бір идеологияға бағынған БАҚ болса, қазіргі кезде түрлі
ұстанымдағы БАҚ қоғамымыздың жан-жақты дамуының кепілі болып отыр. Мемлекет
пен қоғамның, билік пен халықтың арасын жалғастыруда, жұртшылықты елде,
жаһанда болып жатқан жаңалықтармен таныстырып, хабардар етуде баспасөздің
рөлінің аса жоғары екендігі ақиқат. Ел тәуелсіздігінің тұғырын нығайтуда
да, қоғамда демократиялық, адамгершілік құндылықтарды насихаттауда да
журналистердің аянбай еңбек етіп жүргеніне көпшілік куә. Бұқаралық ақпарат
құралдарына төртінші билік деп қарау бекер болмаса керек. Өйткені
бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қоғамның бейнесін тануға да, оны
өзгертуге де болады. Осы жағынан келгенде Қазақстан баспасөзі өзінің кәсіби
миссиясын абыроймен атқарып келеді. Оған біздің елде түрлі органдардағы
баспасөз қызметі мен оны үйлестіруші орталықтардың жұмысы куә.
Қазақстан Республикасының Конститутциясының 18-бабында: Мемлекеттік
органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және БАҚ әрбір азамқа
өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және
ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті, - деп
жазылған.
Бұл БАҚ-та жарияланатын мақалалардың сенімді фактілерге сүйену арқылы
жазылуын қамтамасыз ететін фактор екеніне дау жоқ. Рас, журналистердің
мәлімет, деректерге қайсыбір кездерде тап осы лауазым иелерінен керегін
алуға қолдары жете бермейтіні жасырын емес. Ондайда әрнені сылтауратып,
оқиғаның себеп-салдарын немесе ішінара сыр бүгіп қалу да болмай қалмайды.
Қай лауазым иесі жұмыстағы, қызметтегі олқылықтарын ашып берер дейсіз? Сол
үшін де Конституциядағы жоғарыда келтірген бап көмекке келері анық. 2.
Бұл заңдылықты жүйелі атқару үшін қазіргі таңда барлық билік
органдары мен мемлекеттік мекемелер, түрлі ұйымдарданда баспасөз қызметі
ұйымдастырылған. Бүгінгі ақпарат саласындағы басым бағытты қызмет жүйесінің
бірі – баспасөз қызметі. Баспасөз қызметі билік пен халық арасын, ұйым мен
қоғам арасын түсіністікке жеткізетін байланыстырушы орган. Баспасөз
қызметінің негізгі жұмыс бағыты өз саласына қатысты күнделікті тыныс
тіршілік, іс-әрекет жөнінде ақпарат тарату, жинау, өңдеу, сақтау.3
Баспасөз қызметі кез-келген мекемеде, жеке адамдарда БАҚ-пен байланысты
тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз етінін байланыстырушы орган.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Бүгінгі баспасөз қызметі әлемдік деңгейде
қызмет жүйесі ретінде айшықталды. Өйткені, бүгінгі ақпарат дәуірінде өз
жұмысын баспасөз арқылы, қоғамға таратуды, қоғамдық жағымды пікірге ие
болуды, адамдармен түсіністік арқылы өзі жұмысын жандандыруды,
жарнамалауды, көздемейтін мекеме жоқ. Сондай-ақ демократиялық қоғам
талаптарына жауап беретін жариялылық, ашық қоғам принципі де баспасөз
қызметінің жұмысына тікелей байланысты. Бүгінде кез-келген елде мемлекеттік
мекемелердің қоғаммен байланыс қызметінің үйлестірушісі ретінде баспасөзбен
байланыс қызметі көрсетіледі. Ол ұйымның ішкі және сыртқы коммуникациясын
жүзеге асыратын маңызды қызмет түрі. Қазіргі таңда бизнес пен саясаттан
бастап кез-келген саланы алып қарасаңыз да баспасөз қызметін тұтынатыны
белгілі. Бірақ, қоғамда осы баспасөз қызметінің жете түсінушілік аз.
Еліміздегі мемлекеттік органдардағы баспасөз қызметінің орны, атқаратын
міндеттері, рөлі және жұмыс барыстары қандай деген мәселелер бүгінгі біздің
қоғамда әлі де толып жатқан сұраққа жауап беруді талап етеді. Бұл туралы
осы салының жетекші мамандары және журналистер тарапынан айтылмай жатқан
жоқ. Әліл сөз қоғамдық қорының төрайымы Тамара Калеева: Бүгінде қоғамның
көпшілігі басылымдар мен электронды БАҚ, интернет жүйесін баспасөз
қызметінің негізгі құрылымдары деп біледі. Ал негізгі ақпарат тарату
қызметінің қайнар көзі болып отырған баспасөз қызметінің (үкіметтік,
мемлекеттік, т.б.) жұмысы тасада көрінбей қалады. Дамыған батыста немесе
АҚШ-ты алып қарасыңыз, оларда басқаша әртүрлі деңгейдегі баспасөз қызметі
өздерін жарнамалауда алдарына жан салмайды. Ал біздегі мемлекеттік
мекемелердің баспасөз қызметі туралы бір анықтамалыққа зорға жетесіз. Бұл
қоғамның баспасөз қызметі туралы білмейтіндігіне алып келеді. Бізде шет
елден делегация келсе, айтулы оқиғалар орын алса тек басылым мен электронды
БАҚ, интернеттен біліп отырамыз. Бірақ сол ақапарат басылымдар мен
телерадиоарналарға қалай тарады, интернеттен кім арқылы жетеді, сол ақпарат
қандай құралдар арқылы таратылады, ол ақпарат қоғамға бұрмалаусыз шындықпен
жетіп отыр ма? Әлде мемлекеттік шенеуніктер өз саясатын бұрмалап, қоғамға
теріс ақпарат таратып отыр ма? Осының бәрі қоғам арасында күндердің-күні
түсінбеушілік тудырары анық. Ал біз демократиялық қоғам даму жолына түскен
мемлекет ретінде бұл мәселелерге назар аударуды талап етеміз- деген пікір
айтады. 4.
Бұл негізінен еліміздің экономикалық-әлеуметтік және демократиялық
дамуға тікелей байланысты. Сондай-ақ өз қызметін қоғам алдында айшықтайтын
және сол салада білімді жетілдіретін құжаттар мен анықтамалық құралдардың
жоқтығы олардың жұмысы туралы ақпараттың нашарлығына тіреп отыр.
2004-2005 жылдар аралығында АҚШ-тың мемлекеттік департаменті
Халықаралық ақпараттар бағдарламасының кеңсесінің көмегімен 124 түрлі
анықтамалық құжаттар 6-тілде жарық көрген. Сондай-ақ әр түрлі ашық қоғам
институттарының көмегімен 64 түрлі анықтамалық, 14 тілде жарық көріп,
таратылған. 5
Мемлекеттің даму саясатын жүзеге асырып, қоғамның мүддесіне жұмыс
істеп отырған мемлекеттік органдардың жұмысының бет-бейнесі БАҚ-та қалай
көрініс алуда және оны қалай үйлестіру қажет? Сыртқы және ішкі
коммуникацияны жүргізу үшін кімнің қызметіне жүгіну керек? Бұл қазіргі
қоғамда баспасөз қызметінің маңыздылығын байқатады. Міне, осы мәселер менің
бітіру жұмысымның арқауы болып отыр.
Жұмыстың зерттелу деңгейі. Елімізде баспасөз қызметі туралы зерттеу
жұмысы жоқ. Тек әлемдік деңгейде коммуникация, қоғаммен байланыс және
бұқаралық ақпарат құралдары салаларында зерттелген. Баспасөз қызметі
Ворошилов В. В., Блаженов Е.А., Почепцов Г. Шейла Тейт (Қоғаммен байланыс
маманы, Джордж Буштың президенттік компаниясының баспасөз хатшысы, баспасөз
саласын зерттеуші ғалым), Майк Маккери, Ионн Инман (мемлекеттік баспасөз
қызметкерлерінің Ұлттық ассоцациясы президенті) Блаженов Е.А., Маргерит Х.
Салливан, Мамонтов А. сынды шетелдік ғалымдардың зерттеулеріне арқау болып
отыр. Ал біздің елімізде журналистика, бұқаралық ақпарат құралдары мен
қоғаммен байланыс саласындаға кітаптарда шағын анықтамалар және мақалалар
берілгенмен, әлі де ғылыми жұмыстарға арқау болмаған. Сондықтан қоғамда
баспасөз қызметі жайлы бірегей түсінік қалыптаспаған. Міне осы мақсатта
жазылған зерттеу жұмысы баспасөз қызметі ұғымына жан-жақты түсінік бере
отырып, оның ақпараттық қоғамдағы маңызы мен рөлін анықтау себеп болып
отыр. Сондай-ақ шетелдік және отандық тәжибелерге сүйене отырып,
сараптамалар ұсынылған.
Зерттеу жұмысының нысаны. Жалпы, баспасөз қызметінің түсінігін және
Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің құрылымын, жұмыс бағыттарын
зерттеу. АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтонның бұрынғы баспасөз
хатшысы Майк Маккэри: Үкімет иелігіндегі ақпараттың көптігі сонша, олардың
азаматтарға жеткізудің ең тиімді жолын қарастыру қажет, міне, осы тұста
сахна төріне үкімет баспасөз қызметінің өкілі шығады. Бұл адам, үкіметтің
өз ішінде жұмыс істейтін репортер ретінде әлеумет үшін ақпарат жинайды, -
дейді. 6
Мемлекеттік органдардың баспасөз қызметінің негізгі міндеті
мемлекеттің саясаты және мақсатты бағдарламалары азаматтардың өміріне қалай
әсер ететінін түсіндіру болып табылады. Осы қызметтің арқасында мемлекеттің
және оның органдарының жұмысы қоғамдыық сипат алады. Алматы қаласының
әкімдігінің баспасөз қызметі осының аясында жұмыс атқарады. Яғни әкімнің
қала өміріне қатысты саясаты мен бағдарламаларын түсіндіріп, оның қоғам
өмірінде қандай көрініс табатындығын ұғындыру. Ол үшін баспасөз қызметі
БАҚ-пен үнемі байланыста болып, әкімшіліктің атқарып жатқан қызметі жайлы
толық ақпаратты журналистердің еш кедергісіз алуына себепкер болып, қала
болашағы үшін біріге жұмыс істеуге жұмылдырады.
Бітіру жұмысының мақсаты – баспасөз қызметінің құрылымын және
ұйымдастырылуын, жұмыс бағыттарын қоғамға кең таныстыру. БАҚ-қа ресми
ақпарат тарату көзі ретінде баспасөз қызметінің маңызын, соның ішінде
мемлекеттік органдардағы баспасөз қызметінің биліктің қоғаммен байланысын
жүзеге асырудағы ұйымдастырушылық және шығармашылық жұмыс ерекшеліктерін
анықтау.
Зерттеу мақсаты келіп шығатын Алматы қаласы әкімінің баспасөз
қызметінің баспасөзбен өзара әріптесе отырып жұмыс істеу ерекшеліктері,
проблемалары, қоғамдық сипаты, әкімшілік қызметіндегі маңызын көрсету
бітіру жұмысының міндеттерін айқындайды.
Бітіру жұмысының методологиялық және теориялық негізіне коммуникация,
журналистика, қоғаммен байланыс т.б. ғылым салаларындағы еңбектерді
жатқызуға болады. Сондай-ақ зерттеудің ақпараттық базасына қоғаммен
байланыс, бұқаралық ақпарат агенттіктері туралы еңбектерден, БАҚ
материалдарына жүргізілген зерттеулер, интернетте жарияланған баспасөз
қызметі жайлы сараптама, анықтамалар, журналдар мен шетелдік басылымдардан
аударылған мақалар және Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінің жұмыс
ережелері арқау болды. Отандық журналистика саласындағы Б. Жақыптың ғылыми
еңбектері, кафедрамыздан жыл сайын шығатын Қазақстандағы PR және БАҚ
ғылыми еңбектер жинағынын мәліметтер алынды. Сондай-ақ шетелдік көптеген
қоғаммен байланысқа қатысты әдебиеттері: Ворошилов В.В. Современная пресс-
сужба, Почепцов Г. Г. Информационные войны, Блаженов Е.А. Паблик рилейшнз,
Маргерит Х. Салливен. Жауапты баспасөз қызметі. АҚШ-тың мемлекеттік
департаменті Халықаралық ақпараттар бағдарламасының кеңсесі, Анықтамалығы,
Мамонтов А. PR на 100% пайдаланылды.
Бітіру жұмысының тәжірибелік маңызы. Баспасөз қызметі жайлы теориялық
та, тәжибелік те мағлұматтар берілген бітіру жұмысы түрлі ғылыми
жұмыстарға, анықтамалықтарға пайдалануға, сондай-ақ Алматы қаласы
әкімдігінің баспасөз қызметі жайлы жалпы ақпарат алғысы келетіндерге
маңызды. Теоретиктер мен практиктер, сонымен қатар баспасөз қызметі,
қоғаммен байланыс, бұқаралық ақпарат құралдарының ақпарат алу жолдарымен
таныс болғысы келетін судент жастарға қажет.
Бітіру жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспе бөлімнен, екі
тараудан, алты тармақшадан және қортындыдан тұрады. Баспасөз қызметінің
мәні және мемлекеттік мекемелердегі баспасөз қызметі тарауы Баспасөз
қызметінің жұмыс бағыттары, құрылымы, құралдары, Мемлекеттік мекемелерде
баспасөз қызметін ұйымдастыру және баспасөз хатшысы және Баспасөз
қызметінің БАҚ-пен өзара әрекет ережелері бөлімдерінен тұрады.
Мемлекеттік мекемелердегі баспасөз қызметінің рөлі. Алматы
қаласы әкімдігінің баспасөз қызметін жүргізушілер тарауы Алматы қаласы
әкімдігінің баспасөз қызметінің құрылымы және жұмыс бағыттары, Алматы
қаласы әкімдігінің баспасөз қызметкерлерінің функционалдық міндеттері және
Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінің БАҚ-пен жұмысын үйлестіруі
бөлімдерінен, қорытынды, сілтемелер, пайдаланған әдебиеттер тізімінен
тұрады.

I- тарау. Баспасөз қызметінің мәні және мемлекеттік мекемелердегі баспасөз
қызметі
1. Баспасөз қызметінің жұмыс бағыттары, құрылымы, құралдары.
Баспасөз хатшысының жұмысының мәні президенттің ұстанымы мен ойын дәл
жеткізу, сол арқылы келесі жасалатын қадамын мейлінше нақты жоспарлауға,
баспасөзге үкіметтің немен айналысып жатқандығын білуге жәрдемдесу. Бұл екі
бірдей қожайынға амалдап қызмет етуге мүмкіндік беретін теңгермешіл жұмыс,
- дейді Ақ Үйдің президенті Джордж Буштың баспасөз хатшысы Ари Флейшер.7
Осы ойлары арқылы ол баспасөз хатшысының қызметіне жалпы түсінік береді
және демократилық қоғамда қалай жұмыс істеу керек екенін анықтайды. Олардың
сол кездегі айтқан ой-пікірлері күні бүгінге дейін өз мәнін еш жойған жоқ.
Билікті жүзеге асыру үшін таңдау жасауға жол ашып, тек ақпарат негізінде
дербес шешім қабылдауға мүмкіндік жасау керек. Оған қол жеткізу үшін дәл
әрі сенімді ақпарат қажет. Ал мұндай ақпаратты тәуелсіз БАҚ-тан алуға
болады. БАҚ биліктің іс-әрекеттері туралы ақпараттарды әлеуметке жеткізе
отырып, оларды пікірталасқа шақырады. Демократия жағдайында халыққа қызмет
ету БАҚ-тың да, мемлекет шенеуніктерінің де атқаратын негізгі функциясы.
1980 жылдары АҚШ-тың бірінші ханымы Нэнси Рейганның, 1988 жылы вице-
президент Джордж Буштың президенттік компаниясында баспасөз хатшысы болып
істеген Шейла Тейт: Үкіметтің халықпен байланыс жүргізетін күллі жүйесінің
орталығы – үкіметтің бұқарамен байланыс байланыс қызметі, - дейді. Тейттің
пікірінше: Үкімет баспасөз қызметі үкіметтің күнделікті тыныс-тіршілігі,
іс-әрекеті жөнінде БАҚ ақпарат алатын арна. 8
Оның басты міндеті – азаматтарға үкімет саясаты мен бағдарламаларын
түсіндіріп, олардың қоғам өмірінде қандай көрініс табатындығын ұғындыру.
Баспасөз қызметінің бұл қыры үкімет шенеуніктерінің қамқорлығы мен
жоспарларын көпшілікке жеткізе отырып, үкіметтің белгілі бір іс-
әрекеттерінің жеке адам өміріне қалай әсер ететіндігін түсіндіруге
көмектеседі.
Біздің жұмысымыз тек қана ақпарат таратумен шектелмейді, - деп
есептейді, Мемлекеттік баспасөз қызметкерлерінің Ұлттық ассоциация
президенті Йони Инман. Біз мемлекет пен халық арасында байланыс орнатып,
үкімет тарататын ақпараттарды әлеуметке түсінікті боларлықтай қалыпқа ғана
түсіріп қоймаймыз, сонымен қатар айнлада, өзімізді қоршаған ортада не болып
жатқандығын үкімет шенеуніктеріне де жеткізуіміз керек.
Баспасөз қызметі мекеме мен қоғам арасын ақпарат алмасумен қамтамасыз
ететін байланыстырушы буын болып табылады. Мемлекеттік, қоғамдық, бизнес-
құрылымдар жан-жақты байланысты ұйымдастыруды нақты іске асыру үшін
баспасөз қызметін, баспасөз орталығын және әртүрлі модификацияларын
қолданады.9
Баспасөз қызметінің негізгі міндеті – БАҚ арқылы қоғамды
ақпараттандыру. Бұл қызмет баспасөз конференциясы, баспасөз хабарламасы,
редакциялық мақала, тұтынушылармен, ақпарат тарататын қауыммен,
сайлаушылармен кездесуді өткізуді үйлестіретін пресс-жоспар негізінде
құрылады.
Баспасөз қызметі екі мәселені шешеді:
• Ұйым қызметі туралы ақпараттың толыққандылығын және жеделдігін
қамтамасыз ету;
• Аккредиттацияланған журналистердің жұмысына үйлесімді, қолайлы жағдай
жасайды.
Баспасөз қызметінің маңызы мен міндеті:
Ұйымдардағы баспасөз қызметін шартты түрде ішкі және сыртқы
ортаға бөлуге болады. Ішкі ортасына ұйымның өзі және аймақтық салалары
кіреді. Ал сыртқы ортасына мекеменің барлық қоршаған ортасы жатады.
Мекеменің баспасөз қызметінің негізгі мақсаты:
• БАҚ-қа мекеме қызметі туралы ақпарат беру және осы арқылы ұйымның жағымды
имиджін қалыптастыру;
• Ұйым ішінде және сыртқы ортасында бірдей ақпараттық ағынды қалыптастыру.
Мекеменің ішінде баспасөз хатшысы ұйымның алғашқы және жергілікті
баспасөз хатшыларымен бірігіп әрекет жасайды және ішкі ақпараттық алаңды
құрады. Бұл оперативті ақпарат берудің жақсы қойылған коммуникациялық
бағыты.
Сыртқы ортаға – БАҚ, түрлі деңгейдегі билік органдары, қоғамдық және
коммерциялық ұйымдар жатады.
Ұйымның баспасөз қызметінің жұмыс істеу аясы
Ішкі
Сыртқы
Мақсаты:

Ақпараттық ағын: - БАҚ-пен
жұмыс
- ұйым ішінде - жағымды имидж
- ұйымнан (от организации) - жарнама

Кіммен жұмыс жасайды?

- бастапқы ұйымның - БАҚ
баспасөз хатшылары - билік органдары
- ҮЕҰ
- коммерциялық
ұйымдар
БАҚ-пен байланыс ресми өкілі әртүрлі сұрақтарға байланысты лауазымды
тұлғаның позициясын көрсететін және лауазымды тұлғаға тікелей байланыса
алатын болуы қажет. Ресми өкіл шұғыл жаңалықтарды лауазымды тұлға кез
келген уақытта хабарлай алатын мүмкіндігі болуы керек. Мұндай мүмкіндік
мекемеде қалыптасқан қызметкерлердің төменнен жоғарыға бағынуға қайшы
келуіне қарамастан, бұл ұйымның БАҚ-қа байланысты сұрақтарға тез жауап
қайтаруға жағдай жасайды.
Саясатын анықтайтын тұлғалар өздерінің шешімдері қоғамға қалай әсер
ететінін түсіну үшін БАҚ-пен байланыс өкілі шешім қабылдау барысына
қатысуы қажет. Егер БАҚ-пен байланыс өкілі бағдарламаны дайындауға
қатыспаған болса, оған сөйлем құрамын түсіну және оны БАҚ-қа мәлімдеу
қиын болады.
Ұлттық баспасөз қызметкерлерінің Ұлттық ассоцициясының мүшесі Йони
Инманның айтуынша: Егер мемлекеттік шенеунік қандай да бір іс-әрекетке
кірісуді жоспарласа, оның қалай қабылданатынын міндетті түрде білу керек.
Қоғамның көңіл-күйін жақсы түсінуші мамандарды уақытында жұмысқа
араластырылмауы күтпеген жағымсыз қоғамдық пікір қалыптасуына апарады.
Сондықтан жұмыстың алғашқы талқылау сатысында ақпараттық тарату
мамандарын шақыру қажет.
Баспасөз қызметінің негізгі міндеті:
1. Баспасөз қызметінің күнделікті қызметі;
2. Ұйымның өткізген іс-шараларын БАҚ-та жариялау;
3. БАҚ-ты ұйым қызметі туралы үнемі ақпараттандырып отыру: ұйымдық
өзгертулер, қоғамдық маңызы бар шараларға және жобаларға қатысуы,
ұйымның билікпен әріптесуі.
4. БАҚ-пен бірігіп қоғамдық акция ұйымдастыру, теле және радио
бағдарламаларын дайындау;
5. Баспалармен байланыс
6. Баспасөз мәслихатын, брифингтерді ұйымдастыру;
7. Баспасөз орталығының құрамын жасақтау және оның жұмысын шараларды
өткізуде ұйымдастыру;
8. Ұйыммен тұрақты түрде қарым-қатынас жасайтын сенімді журналистер
тобын құру;
9. Ұйым қызметіне қатысты ақпараттық материалдар, имиджді
қалыптастыратын мақалалар, баспасөз хабарламасы, анықтамалар, тағы
басқа да материалдар дайындау;
10. БАҚ-қа ұйымның басшысымен немесе бағдарлама жетекшісімен сұхбат
ұйымдастыру;
11. Баспасөзбен байланыс туралы және ұсынылған тапсырмаға БАҚ-тың
қуатты реакциясы жайлы ұйым басшымен және аппаратпен кеңесу;
12. Көпшілік алдына шығып сөйлеуді қадағалау, дайын болған мәтінді
және хабарламаларды қарап шығу;
13. БАҚ-та жарияланған барлық материалдарды қадағалап отыру. Ақпарат
құралдарындары, ондағы мақалалар, видеоматериалдар, радио
бағдарламалардың аталуы, күні, шығу мерзімі және қысқаша мазмұнына
мониторинг жасау.
14. Өткен іс-шараларға талдама жасау және болшаққа жоспар жасау;
15. БАҚ-тың мәліметтер жинағын жасау және БАҚ-тағы өзгерістерін бақылап
отыру;
16. Алыстан келген журналистерді көлікпен қамтамасыз ету және қонақ
үйлерге орналасуына жағдай жасау;
17. Журналистерді аккредитациялау;
18. Журналистердің және БАҚ-тың құқықтары мен мүддесін қорғайтын
ұйымдармен әріптесу;
19. Аймақтағы билік органдарының қоғаммен байланыс департаменттерімен
және баспасөз қызметтерімен байланыс;
20. Қоғамдық ұйымдардың баспасөз қызметімен әріптесу және бірігіп
акция өткізу;
21. Қажет болған жағдайда газет, журналдарға мақалалар жазу;
22. Жеке баспа өнімдерін шығару (көп данамен шығаруы керек және оны
ұйым мүшелеріне таратады)
23. Жеке жарнама өнімінің фирмалық стилін жасауға қатысу (банктар,
визиткалар, палакаттар, естелік календарлар, көрнекілік құралдары,
брошюралар және т.б.)
Баспасөз қызметінің құрамы:
Баспасөз қызметі аппараттың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Баспасөз қызметінің басшысы немесе баспасөз хатшысы тікелей бастыққа
бағынады және барлық құрылымдық бөлімшелермен бірігіп қызмет атқарады.

Ұйымның қызметіне және құрылымдық бөлімшелеріне байланысты
баспасөз қызметінің құрамы әртүрлі болады. Тәжірибе бойынша күнделікті
жұмыс уақытында, үлкен іс-шаралар өткілізмеген жағдайда баспасөз
хатшысы және оның көмекшісі де жеткілікті. Ал көлемді шаралар мен
акциялар өткізу кезінде баспасөз орталығын құру және ұйымның бастапқы
және аймақтық баспасөз хатшыларын тарту қажет. Бастапқы ұйымның
баспасөз хатшылары баспасөз қызметінің негізгі әріптесі болып
табылады. Баспасөз хатшысы олармен үнемі байланыста болады. Маңызды
шаралар, жаңа бағдарламалар туралы ақпарат береді, семинар және мастер-
класс өткізеді.
БАҚ-пен байланыс жұмыс ауқымына қарай оны орындаушылар құрамы:
1. Баспасөз хатшысы;
2. Баспасөз-бюросы;
3. Баспасөзбен жұмыс бөлімі;
4. Баспасөз қызметі немесе баспасөз орталығы
5. ПР қызметі (оның басшысымен)
6. Штаттан тыс қызметкерлер немесе ішкі кеңесші фирма
Баспасөз қызметінде штаттан тыс 1, 2 адамнан 20-ға дейін болуы мүмкін.
Үлкен ұйымдарда баспасөз қызметі ПР-бөлімнің бөлімшесі болуы мүмкін.
Баспасөзбен екіжақты байланыстың негізгі өзегі – баспасөз қызметі.
Баспасөздің барлық өтініштері баспасөз-орталығы арқылы жүргені дұрыс.
Әдепкі жағдайда баспасөзбен байланысқа жауапты адам ұйым атынан байланыс
жасайды. Дегенмен, ұйым үшін өмірлік маңызы бар мүдделі сұрақтарға
басшының өзі жауап беруі қажет.
Баспасөз қызметінің маңызды функциясының бірі – баспасөзбен байланыс
стратегиясын жасау. Ақпараттық кеңестер, ақпараттық бюллетеньдер, мәтін
және құжаттарды жариялау. Кез-келген ұйымның жұмысының нәтижелілігі –
уақытылы және нақтылы ақпараттар тарату. Мұндайда ақпараттық орталық
жоспарлар жасауда және мақсатқа жетуде бірігіп әрекет ететін ұйымның
негізгі өзегіне айналады.
Маңызды оқиғалар орнында баспасөз қызметі субпресс-центр құрылады
немесе пресс-атташе жұмыс істеуі мүмкін. Мұндай жағдай Олимпиада
ойындарында көп байқалады. Пресс-атташе халықаралық байланыста және
шетелдік құрылымдары бар ұйымдарда болады. Олар негізінен шетелдік БАҚ-пен
байланыс байланыс кеңесшілері, сарапшылары болып табылады.
Баспасөз қызменіңі жұмысы мына шарттар арқылы тиімді болады:
• Ақпараттық қорының болуы және қажетті ақпарат алуға мүмкіндігі;
• Басшымен немесе маңызды қызметкерлермен байланыста болуы, стратегиялық
шешімдер жасауға тікелей араласуы;
• Барлық ресми ақпаратты алуы;
• Сарапшыларды тарту мүмкіндігі
• Қажетті материалдық-техникалық қамтамасыз ете алуы.
Халықаралық ұйымдардың ірі баспасөз қызметтері көрнекті техникалық
жабдықпен ерекшеленеді. Оларда телефон, факс, телетайп, компьютерлер,
мағлұматтардың электрондық бланктері, ішкі теле-радио жүйелері, қазрігі
баспасөз кітапханасы, ақпараттық-анықтамалық орны, бюллетень, баспасөз
хабарламасын жазу және тағы да басқа қажетті материалдарын жазатын
мүмкіншіліктері зор. Сондай-ақ қызмет көрсету де өте жақсы жолға қойылған
(тамақтану, экспедиция, көлік т.б.)
Ұзақ өтетін іс-шаралар – конференция, симпозиум, фестивальдерде
баспасөз қызметінде әртүрлі мақсатта арналған жедел хабаршы телефон
аппараттары орнатылады. Аккредитация тобы журналистерге аккредитациялық
карточкасын береді. Сонымен қатар теледидар, фотокорреспондент тобының
шығармашылық қызметкерлеріне құжат береді. Белгілі бір мерзімге белгіленген
БАҚ өкілдеріне құжаттардың ақпараттық пакетін, соңында өздерінің ақпарат
жәшігінің кілтін тапсырады.
Аккредитация квотасын БАҚ өкілдеріне мекеменің басшысы, баспасөз
қызметінің директоры баспаның өтінішіні және техникалық мүмкіндіктерін
ескере отырып береді. Сондай-ақ журналистің жұмыс істейтін орны, ақпарат
құралының беделі де маңызды. БАҚ редакциясының квотасы мен өтінішіне
байланысты бақылау тізімі және журналистерге аккредитациялық анкета
толтырылуға беріледі.
Баспасөз қызметінің басшылары журналистерге арнап баспасөз
конференциясын және мәдени бағдарламаларды ұйымдастырады.
Баспасөз қызметінің шығармашылық тобында БАҚ-қа материалдарды
өздігінше дайындайтын өздерінің жеке корреспонденттері, ТВ-репортерлері
және операторлары болады.
Баспасөз орталығы
Баспасөз орталығы қызметінің ауқымы жағынан баспасөз қызметінен
шағын, бірақ сол бір міндетті атқарады. Пресс-орталық ведомстволық деңгейде
құрылады. Ол министрлік, мемлекеттік комитет, басқару және жергілікті
басқару құрылымдарында болады. Мысалы, қалалық немесе облыстық әкімдіктің
баспасөз орталығы.
Осыған байланысты кейбір зерттеулердің пайымдаулары байқалады. Онда
баспасөз қызметін 2 түрге бөледі:
- үнемі әрекет етуші (президент әкімшілігіндегі, үкімет жанындағы,
министрліктерде, саяси партияларда және ұйымдарда, үлкен мекемелер мен
банктерде). Бұны толық ұйымның баспасөз қызметі деуге болады.
- уақытша баспасөз қызметі – оқиға, түрлі іс-шаралардың баспасөз
орталығы ретінде құрылады. Жиналыс, мерейтойлық салтанат, кинофестиваль
және тағы басқа нақты жағдайларда қысқа мерзімді маңызды жариялауға
құрылған.
Нақты шаралар мен жағдайларда баспасөз орталығы құрылады, бірақ ол
уақытша болып саналады. Қандайда бір нақты оқиғалар – жиналыс, мерейтойлық
салтанат, кинофестивальдар сияқты маңызды қысқа мерзімді жағдайларды
жариялайды. Құрылымдық белгілеріне қарай баспасөз орталығына ведомстволық
құрылымдар ұқсас болады. БАҚ-пен үйлесімді байланыс орнатумен қатар, барлық
әлеуметтік институттармен, қоғамммен байланыс қызметіне бағытталған.
Пресс-орталықта байланыс құралдары, көлік, жедел полиграфиялық
құралдар болады. Сондай-ақ онда техникалық қызметкерлермен қатар
журналистер де жұмыс істейді. Біреуі газеттермен байланысқа
мамандандырылса, екіншісі ТВ-топ құрады, үшіншісі тақырыптық контент-
талдаумен айналысады. Журналист-практиктердің уақытша шығармашылық тобы
қоғамдық-саяси науқандар мен ресми шараларда құрылуы мүмкін.
Баспасөзбен байланысқа жауапты адамның негізгі 3 міндеті:
• баспаға материалдар беру (мақала, очерк т.б. түрінде жазылуы мүмкін)
• баспасөздің сұрақтарына жауап беру және кешенді ақпараттық қызмет
көрсету;
• газет, радио, және ТВ жаңалықтарын бақылауға алу, хабарламалардағы
қателіктерді жөндеу, қажетінеде шара қолдану немесе жалған екенін
дәлелдейтін мәлімдеме жасау.
Пресс-орталықтың сараптама тобында белгілі бір мәселені газет, журнал
беттерінде, теле-радио бағдарламаларда қандай сипат алғанын қадағалап
отыратын бақылаушы болады. Ол осы жарияланымның сапасын анықтайды,
оқиғаның сипат алуына болжам жасайды және қорытындыы шығарады. Кезекті
баспасөз конференциясын дайындау барысында бақылаушы мәселенің тақырыптық
документтер жинағын, бэкграундер, әртүрлі құжаттар мен ескертпелерді
құрастырады. Бақылаушыға журналистік қызметпен жақын таныс болған жөн.
Сарапшылар тобын әлеуметтену, саясаттану, саяси жарнама, ПР,
әлеуметтік және экономикалық процесстерді басқаратын ғылыми білімі бар
мамандар құрайды. Олардың міндеті – басшылықтың қоғаммен байланысының
тиімділігін арттыратын пресс-орталықтың тәжірибелік қызметін ғылыми-
зерттеу бағдарламаларымен үйлестіру. Осы мақсатта сараптау тобы іске
кіріседі:
• редакциялық, журналистік қызметке қатысты кепілдемелер жасау арқылы
БАҚ аудиториясына әлеуметтік зерттеулер концепциясын және
бағдарламаларын жасау үшін;
• проблемалық іс-әрекетке дайындалу, қоғам дамуының маңызды мәселесін
алдыға қоюға байланысты шығармашылық топ, журналистер, қоғамдық
корреспонденттердің консультацияларын өткізу;
• конференция, дөңгелек үстел, дискуссия және журналистік тәжірибедегі
сұрақтарды талқылау, саяси жарнама, ПР жүргізу мақсатында ғылыми
күштермен байланыс (қоғамтану, саясаткер, журналистиканы
зерттеушілермен қарым-қатынас);
• Пресс-орталықтың бақылаушылары мен сарапшылардың мәселесіне жататын
кітаптарды, брошюралар, өзге де баспа өнімдерін рецензиялау;
• Саяси науқан, қоғаммен байланыс саласындағы арнайы оқиғалар, имидж,
бедел, паблисити концепциясын жасау.
Баспасөз қызметінің құралдары. Журналистер арасында тек мәлімдемелер мен
баспасөз конференциясында айтылған сөздердің мәтінін ғана емес, сонымен
қатар түрлі баспасөз хабарламаларымен қоса анықтамалар, қабылданған
шешімдерге байланысты негізгі ақпараттар мен алда болатын оқиғалардың
анонстарын, баяндамалар мен саяси құжаттардың тезистерін, құжаттарға аса
маңызды пунктердің талдауларын және басқа да құжаттарды таратып отырған
жөн. 10
Көптеген мемлекеттерде ақпаратты журналистерге жеткізудің себепші
визуальді және ауызша құрал түрлері пайдаланылады. Кең таралған ақпарат
берудің түрлеріне мынадарды жатқызамыз:
Баспасөз хабарламасы. Баспасөзге ақпарат берудің кең тараған тәсілі –
ақпараттық хабарлама немесе баспасөз хабарламасы. Кең аудиторияға арналған
қажетті және маңызды ақпараты бар хабарлама. Баспасөз хабарламасы нақты бір
жаңалықты бере отырып, кім, не, қайда, қашан, неге және қалай деген басты
алты сұраққа жауап беруі тиіс. Ол 1-2 беттен артық болмауы керек. Барлық
ақпарат кері аударылған пирамида түрінде беріледі. Онда 70-80% ақпарат болу
керек. Оны қарапайым пошта арқылы немесе факс, интернет поштасы арқылы
барлық БАҚ-қа жіберіледі. Сонымен қатар еліміздің барлық баспасөзімен
тікелей байланыс жасайтын ақпарат агенттіктеріне де оперативті түрде
жіберіп отыру керек. Бірақ ақпарат агенттіктері баспасөз хабарламаларын
редакторлап, толық мәтінін таратпауы мүмкін. Сондықтан кейбір адресанттар
телетайп арқылы алдын ала қабылдаған болса да, баспасөз хабарламасының
толық мәтінін жіберу арқылы оның мүмкіндігінше кең таратуын қамтамасыз ету
керек.
Баспасөз хабарламасының екі түрі болады. Баспасөз хабарламасы-анонс –
болатын іс-шараға журналистерді шақыру арқылы қатысуына жіберілетін бір
беттен көп емес қысқаша хабарлама.
Ақпараттық баспасөз хабарламасы – ауқымды аудиторияға арналған
маңызды және қажетті ақпараты бар хабарлама. Оның жазылу көлемі 1-2 бет
болуы мүмкін. Баспасөз конференциясы барысында журналистерге тараталады.
Баспасөз хабарламасы еш кедергісіз таратылу үшін материалдарды
қабылдаған баспасөздің тізімін жасап отыру керек. Өзгерістер болған жағдай
жаңартып отыру қажет. Көптеген ұйымдарда баспасөз хабарламасының түріне
қарай әрқайсысына жеке тізім жасау қажет болады. Тізім әрдайым нақты болу
керек. Егер орталық газет болса, баспсөз хабарламасы жаңалықтар
редакторының меңгерушісіне жіберіледі. Ал басқа баспасөзге қатысты жағдайда
материалдарды бас редакторға жіберуге болады. Кейбір жағдайда баспасөз
хабарламасының мазмұнына қарай мақсатты түрде соған мүдделі бөлімдеріне
жіберуге болады. Мысалы қаржы жаңалықтар бөлімінің редакциясына, әлеуметтік
және фотобөлімдерге т.б. жіберген дұрыс.
Егер баспасөз қызметі компанияның әртүрлі мүддедегі топтарымен жұмыс
жасаса, баспасөз тізімін жасау ауырлауы мүмкін. Мұндайда әр салаға түрлі
бұқаралық құралдарының тізімін көптеген түрін жасауға тура келеді. Бұл
мәселіні шешудің жолы – іздеудің электронды жүйесін пайдалану.
Баспасөз хабарламасын жазу кезінде редакциялардың күнделікті көптеген
осындай матриалдарын алытындығын, яғни баспасөзге келетін бұндай
хабарламалармен бәсекелестінін ескеру керек. Сол үшін баспасөз
хабарламасында нақты бір жаңалық және маңыздылық болу керек. Сонымен қатар
баспасөз хабарламасындағы ақпараттың қайнар көзін анықтайтын, тақырыпшасын
бірден көзге түсердей және жинақы, ұйымның стилі үлгісінде жазған дұрыс.

Егер баспасөз хабарламасы үнемі үйлесімсіз тілмен және ешқандай
маңызды ақпараты болмаса, көзге түсетін тақырыпшасы мен ұйымның нақты
құралдары көрсетілмесе, редакцияның елемей тастауы мүмкін.
Қажет болған жағдайда қосымша ақпарат беру үшін жіберушінің аты мен
мекен-жайы, телефон нөмірі нақты көрсетілуі маңызды. Тіпті шет елдере
кейбір газет редакцияларының тәулік бойы істейтіндіктен, түнгі уақытта да
хабарласуына болатын телефон нөмірлері көрсетіледі.
Анонс. Баспасөз хабарламасына ұқсайды, бірақ ол алда болатын
оқиғаларды хабарлауға арналған. Соған қарап БАҚ оқиғаларды тез бағалай
алады және оны тарату қажет пе деген мәселені шешеді. Анонс та кім, не,
қайда, қашан, неге деген басты сұрақтарға жауап беруі тиіс. Көлемі бір
беттен аспауы керек.
Бэкграундер. Ол кең көлемді баспасөз хабарламасы. Тақырыпқа қатысты
егжей-тегжей ақпарат береді. Онда фактілер мен статистикалық деректер
беріледі, бірақ сілтеме түрінде емес. Анықтама баспасөз хабарламасымен
бірге таратылады. Ол ұйым қызметі туралы базалық ақпарат ретінде 4-5 беттен
тұрады. Оны журналистердің ақпаратты толық және бұрмалаушылықсыз алуға
көмектеседі.
Визуалды материалдар. Ол баспасөз хабарламасына қосымша ретінде
суреттер, графиктер, диаграмма мен карталардың берілу тәсілі.
Өмірбаян. Баспасөз хабарламасымен қосамша беріледі. Онда сөз сөйлейтін
немесе оқиғаға қатысты бар лауазымды адамның кәсіби жолы мен табыстары
қысқаша баяндалады.
Сарапшылар тізімі. Ол сіздің жолдауыңызды күшейте түседі. Тізімде
сарапшылардың аты-жөні мен телефондары болуы керек.
Өзге де мәтін түрлері түрлі материалдарды қамтуы мүмкін. Олар
брифингтердің транскриптері т.б. болуы мүмкін.
Іріктеу жағымды материалдарды көрсетеді. Лауазымды тұлғалар өздеріне
ұнаған материалдарды көрсетеді. Лауазымды тұлғалар өздеріне ұнаған
материалдар көшірмесін жасап, оларды медиа-комплекстерге немесе баспасөзге
арналған пакеттерге сақтайды.
Медиа-кит немес пресс-кит – БАҚ-қа толық ақапарттардың жиынтығы.
Онда журналистерге арналған бір тақырыпқа арналған бірнеше материалдар:
бэкграундер, өмірбаян, фото және т.б. болады.
Бағдар хат немесе телефонограмма материалдардың идеясын бір абзац
көлемінде қорытындылап, оның оқырмандар мен көрермендерді несімен қызықтыра
алатындығын түсіндіреді. Онда адамдардың аты-жөні, түсіру жұмысының
мүмкіндіктері мен материалдардың концепциясы қысқаша баяндалады.
Бейне және аудио-релиздер жазбаша баспасөз хабарламасы сияқты кім,
не, қашан, қайда, неге, қалай? принципі бойынша құрылады. Бірақ ол радио
мен теледидарға арналған сюжет түрінде болады.
Спутниктік технология жетекші саясаткерлердің түрлі кездесулер өткізіп
сұхбат беруіне және ол материалдардың немесе хабарламаларды ел ішінде
телекомпанияларға жіберуге мүмкіндік береді. Әдетте бұқарамен байланыс
жөніндегі мамандар сюжет түсіріп, содан кейін оларды спутниктік байланыс
арқылы тарату үшін спутникті уақыт сатып алады.
Радиоролик – сұхбат сияқты мемлекеттік лауазымды тұлғаның қысқаша
мәлімдемесінің аудио жазбасы.
Баспасөз конференциялар арқылы лауазымды тұлғалар белгілі бір
мәселелер бойынша өздерінің жаңа хабарламаларын көпшілікке жариялай алады.
Сұхбат барысында лауазымды тұлғалар журналистпен бетпе-бет отырып, өз
ойын тереңірек жеткізіп дамытуға баспасөз хабарламасынан гөрі көбірек
мүмкіндік алады.
Редакция алқасы – танымал саясаткерлер мен газет редакторларының,
мақалалар мен комментарий авторларының және жаңалықтар бөлімінде істейтін
репортерлердің әр түрлі тақырыптарды талқылау үшін өзара кездесуі. Мұндай
кездесулерді ірі телевизиялық және кабельді торап арқылы ұйымдастырады.
Редакция алқасы лауазымды тұлғаға өз идеясын кеңінен түсіндіруге мүмкіндік
береді, сол арқылы БАҚ мекеменің саясатын жақсырақ түсініп хабарламалар мен
редакция мақалаларының жиі жарияланып тұруына ықпал етеді.
Медиа-карта. БАҚ-пен тиімді жұмыс істеу үшін олар жайлы мәліметтер
жинағы, яғни ұйымның медиа-картасын жүйелендіріп және үнемі жаңартып отыру
керек. Онда БАҚ тізімінің басазы, өздерінің қызмет саласына байланысты
мамандандырылған БАҚ тізімі. Тараламы, аудиториялық ауқымы, шығу мерзімі,
мақсаты мен құрылымы және бас редакторлары туралы толық мағлұматтар болады.

Медиа-турлар. Астанадан тыс жерлерге тарап, аймақтарда жұмыс істейтін
БАҚ-ты қамтиды. Медиа-турлар аймақтық баспасөзге сол аймақ үшін арналған
жаңалықтарды жеткізеді, ол жерде тұрып жатқан азаматтарға қызметінің
олардың өміріне қалай әсер ететіндігін түсіндіреді.
Интернет – БАҚ-тың фильтрінсіз тұрғындармен тікелей қарым-қатынас
жасауға мүмкіндік беретін қызмет арнасы. Ол сол сияқты журналистермен тез
арада байланыс орнатуды қамтамасыз етеді. Интернет ұйым мен аудитория
арасында тікелей және кері байланыс орнатуға мүмкіндік жасайды. Баспасөз
қызметі өзінің хабарламалары үшін жеке локальды электрон тақтасын аша
алады. Интернет мәтін, графика, бейне мен дыбыс сияқты барлық құрал түрін
пайдалануға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде интернеттің көмегінсіз
өздерінің қызметі туралы ашық ақпараттық қарым-қатынасты орнату мүмкін
емес. Сондықтан кез келген мекеме өздерінің жеке сайттарын ашып, одан
өздерінің күнделікті қызмет барысы мен болашақтағы жобалары туралы толық
мағлұматтарды беру арқылы ақпаратты кеңінен тарата алады.
Интернет жаңалықтары. Виртуалды жаңалықтар ең жаңа ақпараттық орта. Радио
мен телеарна сияқты интернеттің сайттарындағы жаңалықтар лезде тарайды.
Интернетте жаңалықтардың барлық түрлері – газет, журналдардан бастап,
пікірталас форумдарына дейін ұсынылады. Сол сияқты электронды пошта арқылы
белгілі бір аудиторияға арналған жолдамалар жіберуге мүмкіндік бар.
Электронды поштада клавиатурадан берілетін бір команда арқылы оп-оңай
ақпарат алуға қызығушылық танытқан барлық тұлғалардың мекен-жайлары
көрсетілген.
Көптеген журналистер материалдарды күнде, кейде сағат сайын өткізетін
болса да, оларға ақпарат іздестіру, сұхбат алу және мақала жазу үшін уақыт
қажет болады. Кейде журналистер жедел ақпарат бойынша төтенше оқиғалар
кезінде оқиға ізін суытпай жұмыс істеуі мүмкін. Мұндай сапалы материал жазу
қиын. Сондықтан баспасөз қызметі мамандары БАҚ-пен журналистер тарапының
қажеттілігін өтеу үшін ақпаратты мейлінше көп және қол жететіндей етіп
жұмыс істеуі керек. Сол арқылы журналистердің жақсы материалдар тудыруына
ықпал ете алады. Сондай-ақ оның қандай БАҚ екендігіне байланысты
материалдарды сараптап беру керек. Өйткені БАҚ-тардың түрлеріне және
аудитория ауқымына байланысты олардың мүмкіндіктері де әртүрлі.
Баспасөзбен байланыста жедел және тиімді жұмыс істеу барысында
баспасөз қызметінің түрлері де пайда болуы мүмкін. Бұл жерде оқиға орнында
құрылатын баспасөз орталықтары мен пресс-атташе қызметін атап өткен дұрыс.
Ақпараттық әрекет етудің жоспары. Ақпарат берудің түрлері.
Ақпараттық өзара әрекет баспасөз қызметінің жұмысының негізгі өзегі
болып табылады. Ұйым арасында сапалы ақпараттық әрекетті қамтамасыз ететін
журналистерге дер кезінде ақпаратты беру мақсатында баспасөз қызметі келесі
кезеңді атап өткен жөн.
БАҚ бойынша мәліметтер жинағын құру:
БАҚ-тың мәліметтер жинағы – барлық бұқаралық ақпарат құралдарының
тізімі. Оларды аймақтық белгілеріне қарай үш түрге бөлуге болады:
1. Аймақтық. Тек белгілі бір аймақта шығатын.
2. Орталық. Астанада жіберіледі және аймақтарда тек басылып шығарылады

3. Орталық БАҚ-тың аймақтық қосымшасы.
БАҚ-тың мәліметтер жинағында қандай ақпараттар болуы керек?
1. БАҚ-тың аталуы, мекені және редакциялық телефоны, таралымы.
2. Бас редактордың және белгілі бір тақырыппен немесе бір бетті
жүргізетін журналистің аты-жөні. Электронды бұқаралық ақпарат
құралдарының басшысы мен бағдарламаларының бағыты.
3. БАҚ-тың бағыты мен негізгі тақырыбы (саяси, экономикалық, көңіл
көтеретін т.б.)
4. Газетте қандай айдарлар бар және оны кім жүргізіп отырады? Барлық
жастарға арналған ақпарат міндетті түрде жастардың бетінде жарық
көрмейді. Мысалы, экономикалық сипаттағы ақпарат экономикалық бөлімде
орналасуы мүмкін.
5. Жергілікті телеарна және радиода қандай бағдарламалар бар?
6. Газеттің шығу мерзімі, ТВ және радиода бағдарламалардың берілу кезеңі

Ақпараттық себепті құру жолдары және оған негіз болатын жағдайлар.
Баспасөз қызметкерінің негізгі тапсырамысына ұйым туралы жұртшылықтың
біліп қана қоймай, оның қызметінің ұмытылмауын қамтамасыз ету жатады. Бұл
үшін ұйымның ішкі ақпараттық алаңын дұрыс қолдана білу және жұмыста
шығармашылық қажет. Ақпараттық тасқынға басшының сәтті айтқан сөзі де
болуы мүмкін. Ақпарат әрқашан оқырманды, көрерменді, тыңдарманды
қызықтыратындай етіп берілуі қажет. Сондықтан сауатты құрылған ақпараттық
себеп мекеме үшін сәттіліктің негізі болып табылады.
Ақпараттық себеп құрудың ережелері:
1. Әлеуметтік маңызы бар жаңалық болу қажет;
2. Мақсатты аудиторияның қабылдауына жеңіл, эмоцияға берілген, қызықты
болу;
3. Алдамау және артық айтпау.
Ақпаратты берудің жолдары:
1. Баспасөз хабарламасы;
2. Мақала мен репортаж;
3. Жеке басылым (салтанатты басылымдарда қосымша бет, газетте орын
сатып алу)
4. Жәрмеңке, ашық есік күндері
5. Бэкграундер – ұйымның қызметі туралы тұрақты шығып тұратын
ақпараттар жинағы.
6. Пресс-пакет: баспасөз хабарламасы, буклеттер, ақпараттық парақшалар
7. Ұйымның танымал адамдарының өмірбаяндары
8. Факт-лист: ұйым туралы қысқаша анықтама
9. Сұрақ-жауап: ұйымның бастасымен бұқаралық ақпарат құралдарына
жіберілген сұраулар;
10. Өтініш, меморандум: көбіне дағдарыс жағдайларында пайдаланылады.

1.2. Мемлекеттік мекемелерде баспасөз қызметін ұйымдастыру және оның
қызметкерлері
Мемлекеттік органдардың баспасөз қызметінің негізгі міндеті
-мемлекеттің саясаты және мақсатты бағдарламалары азаматтардың өміріне
қалай әсер ететінін түсіндіру болып табылады. Осы қызметтің арқасында
мемлекеттің және оның органдарының жұмысы тез арада жұрттың қолы жететін
және қоғамдық түсінушілік сипат алады. Мемлекеттік баспасөз қызметі БАҚ-пен
үнемі байланыста болып, үкімет қызметінің жағымды жақтарын мәлімдейді,
үкімет туралы қате немесе анық емес ақпараттарды жөндейді. Бірақ бұл
олардың қызметінің жалғыз бағыты болмауы керек. Мемлекеттік баспасөз
қызметкерлері қоғам және журналистер алдында мемлекеттің имиджіне қалай
жауапты болса, мемлекеттің алдында да БАҚ пен журналистердің имиджіне
бірдей деңгейде жауапты екенін білу қажет.
Мемлекеттік органдардағы баспасөз қызметінің негізгі принциптері
Мемлекеттік органдардағы баспасөз қызметінің мына принциптерін
көрсетуге болады:
Биліктің қоғам алдындағы ашықтық принципі – басқарушылық шешімді
жасағанда және оны қабылдау кезінде ашық ақпараттықты қамтамасыз ету. Бұл
негізгі принциптердің бірі ретінде бақыланып отыруы қажет. Өйткені
журналистер қауымы қызықты ақпаратты алу барысында түрлі қиындықтарға
ұшырайды.
Теңдік принципі – барлық бұқаралық ақпарат құралдарын ақпарат алуға
тең құқықты қамтамасыз еті. БАҚ-тың ақпарат алуға тең құқығы ҚР-ның
Конститутциясының 20-бабында бекітілген. Бұл бұлжытпай бақылануы шарт.
Әділ Сөз сөз бостандығын қорғау Халықаралық Фондының өткізген заң
құқықтарын бұзу және журналистердің мүддесіне нұқсан келтіру мониторингі
бойынша ақпаратты беруде іріктеушілік, құқық бұзушылықтың кең тараған түрі
болып табылады.
Әлеуметтік бағыт принципі - әлеуметке бағытталған ақпараттық
жобаларға мемлекеттік қолдау барасында бұл принцип толық қамтылады. Бұл
принцип үкімет тарапынан жасалып жатқан үлкен әлеуметтік мәні бар жобаларды
БАҚ арқылы жариялауға көп мән беруге міндетті мемлекеттік баспасөз
қызметіне өте маңызды. Мысалы, коммуналдық тұрғын үй салу.
Заңдылық принципі – саяси, идеологиялық, ой және сөз бостандығын,
бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігін қаматамасыз етін жүйені құру.
Бұған қажетті нормалар Қазақстан Республикасының қазіргі заңында бекітілген
(ҚР Конститутциясы, БАҚ туралы Заң).
Жүйелік принципі – ақпараттық саясат әкімшіліктің барлық БАҚ-пен
байланыс жүйесінің принципіне сүйенеді. Бұл жағдай БАҚ-тың басшыларымен
үнемі кездесіп, қызықтыратын сұрақтары мен мәселелерді біріге отырып
талқылау болып табылады.
Мемлекеттік органдардағы баспасөз қызметінің қабылданған халықаралық
принципі.
1 принципі. Максимальды ашықтық. Ақпарат еркіндігінің заңдылығы
максимальды ашықтық принципіне шоғырлануы керек.
Максимальды ашықты принципі мемлекеттік органдардағы барлық ақпараттың
қол жетерлік қағидасын тағайындайды және бұл қағидадан аса шектеулі
жағдайларда ғана бас тартуға болады (Мемлекеттік құпия туралы Заң).
Мұндай принцип ақпарат еркіндігі концепциясының барлық негізінде болады
және іс жүзінде Конститутцияда бекітілген болуы керек. Ақпаратқа алу
еркіндігі құқықты мемлекеттің негізгі жүктелген принципі болып табылады.
Заңдылық негізгі мақсаты тәжірибеде ақпарат шынайылығын қалыптастыру.
Мемлекеттік органдар мен ұйымдар ақпарат беруге міндетті және
қоғамдағы әр адам ақпарат алуға корреспонденциялық құқық бар. Еліміздің
барлық тұрғындары бұл құқықты пайдалану керек. Ақпарат беруден бас тартатын
мемлекеттік билік әр деңгейде ақпарат беруден бас тартуды дәлелдеп етіп
отыруы керек. Басқаша айтқанда билік таратудан бас тартып отырған ақпарат
шектеулі ақпарат қатарына жататындығын көрсету керек.
2 принципі. Жариялау міндеті
Мемлекеттік органдар маңызды ақпараттарды жариялауға міндетті. Ақпарат
еркіндігі мемлекеттік органның тек сұраққа жауап беруін түсіндірмейді,
сондай-ақ олардың өздері қоғамдық қызығушылықты көрсететін құжаттарды
жариялайды және таратады. Жариялануы қажет ақпарат түрі мемлекеттік
органның жұмыс ерекшелігіне, маңыздылығына байланысты.
Мемлекеттік органдар келесі ақпарат деңгейлерін жариялауы қажет:
- Мемлекеттік органның жұмысы, қызметінің маңызы, оның мақсаты,
аудиториялық тексеру қортындысы, стандарттары, жеткен жетістіктері және
тағы басқа жедел ақпаратты беріп отыруы керек. Әсіресе мемлекеттік орган
қоғамға тікелей қызмет ететін болса;
- мемлекеттік органмен байланыста қоғам мүшесінің шағымдары және
басқа да кез келген сұрақ бойынша ақпарат беру;
- қоғам өкілінің саясатты және заңдылықтарды қабылдау шешіміне
қатысуға мүмкіншіліктері туралы мағлұмат;
- органның құзырындағы ақпараттар тізбесі және ондағы ақпараттың
түрлері;
- қоғамға әсер ететін мемлекеттік органның кез-келген шешімдері және
ықыласы, сонымен қатар шешім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҮКІМЕТТЕГІ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ДАМУЫ
Баспасөз қызметінің ерекшеліктері
Бұқаралық ақпарат құралдары - қоғамдағы төртінші билік
Қоғаммен байланыс бөлімінің маңызы
Ресей Федерациясы мен Америка Құрама Штаттарының саяси процестеріне бұқаралық ақпарат құралдарының әсері
Бұқаралық ақпарат құралдары
Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамдық пікірді қалыптастырудағы рөлі
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпараттық дербестік
Туристік мекемедегі PR технолоиялар
Бұқаралық ақпарат құралдардың теориялық метадологиялық негіздері
Пәндер