АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЭКСКУРСИЯЛЫҚ НЫСАНДАРЫ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

География факультеті

Туризм кафедрасы

ДИПЛОМ (БІТІРУ) ЖҰМЫСЫ

Алматы қаласының экскурсиялық нысандарының туризмдегі ролі

Алматы - 2010
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ
1. Табиғи-географиялық және тарихи алғышарттары.
1.2 Туристік-рекреациялық ресустары
1.3 Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайы

2 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЭКСКУРСИЯЛЫҚ НЫСАНДАРЫ.
2.1 Алматы экскурсиялық нысандарына шолу жасау
2.2 Алматы қаласының жаңа құрылыс кешендерін экскурсиялық нысан ретінде
қарастыру
2.3 Алматы қаласы бойынша экскурсиялық-туристік маршруттар

3 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ БОЛАШАҚ ДАМУ МҮМКІНДІКТЕРІ
3.1 Алматы қаласының туризмнің жағдайы
3.2. Алматы қаласының экскурсиялық-туристік жағдайы

ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ

Экскурсия – туризмнің жүрегі деп айтуға болады. Тек қана күрделі спорт
жорықтары мен арнайы турлар экскурсиясыз өткізіле алады. Ал, туризмнің
қалған түрлері – мәдени, археологиялық, ботаникалық, ғылыми, экологиялық
пен танымдық, конгресс, оқу, басқа да түрлері экскурсиясыз өткізіле
алмайды. Экскурсия тұлғаны дамыту мен қалыптастырудың белсенді құралдарының
бірі болып табылады.
Экскурсиялық іс-әрекет үлкен тарихи жолдан өтті. Әр түрлі тарих
кезеңдерінде әр түрлі міндеттерді атқарып жүрді. Қазақстанда экскурсия іс-
әрекетінің дамуы ХХ ғасырдың 50 жылдарында байқалады. 1962 жылы туризм және
экскурсия бойынша орталық Кеңес ашылды. Қазақстанда Республикалық және
облыстық кеңестер құрыла бастады.
1954 жылы тың игеру басталғанда Алматыға көптеген қоныс аударушылар
келе бастады. Олар үшін бүкіл Кеңес республикалары бойынша арнайы
экскурсиялар өткізіле бастады. Бұл қызмет көрсету түрі үлкен қарқынмен дами
бастағаннан кейін Алматы темір жол вокзалында бірнеше жылдар бойы арнайы
экскурсиялық поезд қызмет көрсетіп тұрды. Поезд келгеннен кейін вокзалда
ондаған экскурсиялық автобустар күтіп тұрды. Бүгінгі таңда экскурсиялық
қызмет көрсету өзгерістерге ұшырады.
Бірінші тарауда Алматы қаласының экскурсиялық нысандарының пайда
болуының алғышарттары көрсетіледі.
Екінші тарауында негізгі туристік нысандар қарастырылады. Мұнда жаңа
құрылыс кешендерін де экскурсиялық нысан ретінде қарастыру ұсынылған.
Үшінші тарауында Алматы қаласының туризм дамуының болашағына талдау
жасалынған. Және экскурсиялық маршруттар берілген.
Экскурсия, бұл кең көлемдегі еңбек етуші және қатысушы жастардың
тәрбиелік формасы, білімнің қайнар көзі ретінде бірнеше функциялардан
тұрады: танымдық, ақпараттық, бос уақытты мәдени түрде ұйымдастыру, адамның
білім мен қызығушылыққа бағытталуы, мәдени-тәрбиелік, сауықтыру.
Ең алдымен ол танымдық функциясын атқарады. Экскурсия саяси, ғылыми,
көркем және басқада көзқарастарды қамтиды. Экскурсияның нақты белгіленген
өзіндік бағыты болуы тиіс. Экскурсия ақпараттық ғылым жетістіктерін,
ғарыштық жаңа зерттеулерді, археологтардың ашылулары, спортшылардың
жеңістері, жұмысшылар мен инженерлердің ойлап тапқандары, мәдени және
шаруашылық құрылыстардың соңғы жаңалықтарын қамтиды. Осындай қажетті іс-
ақпараттар мысалы, радио, теледидар, лекциялар экскурсияны көрнекіліктің
жоғары деңгейімен тікелей көп тыңдаушыларымен ерекшелейді.
Экскурсия білімді беріп қана қоймай, сонымен қатар бос уақытты мәдени
түрде ұйымдастыру болып табылады. Сонымен қатар, адамның рухани
тұтынушылығы толықтай қанағаттандырылады. Экскурсия жайлы білімнің жүйелі
түрде қамтылуы және адамдардың талғамына қарай кең көлемде тематикалық
таңдау мүмкіншілігі экскурсияны қызықты және танымал етеді. Экскурсия
әртүрлі оқу түрлерінің арасынан беделді орын алады мейлі ол өнер болсын,
тарих, архитектура әлде т.б. болсын. Бағытталған білім формальдылықтары оқу
және өндірістік экскурсияларда өтеді.
Мәдени-тәрбиелік функциясы әсіресе мұражайлық экскурсияларда байқалады,
ал сауықтыру – қала сыртында өтеді, яғни шомылу, тауға шығу, шаңғымен
сырғанау.
Диплом жұмыста Алматы қаласының жаңа құрылыс кешендері экскурсиялық
қарастырылуы жұмыс өзектілігін анықтайды.
Жұмыс мақсаты Алматы қаласының негізгі экскурсиялық нысандарын жан
жақты ашып көрсету арқылы қалаға туристік ағымды көбейту.
Міндеттері:
1. Алматы туристік әлеулетін арттыру;
2. Тарихи мәдени ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалану;
3. Жаңа құрылыс кешендерін туристік экскурсиялық нысан ретінде
зерттеу;
4. Алматы қаласының бар туристік ресурстарын қорғау және сақтау
Жұмыста статистикалық, библиографиялық, картографиялық мәліметтер
қолданылды.
1 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ ТУРИЗМ ДАМУЫНЫҢ АЛҒЫШАРТТАРЫ

2. Табиғи-географиялық және тарихи алғышарттары.

Алматы қаласы Еуразиялық континенттің орталығында, Тянь-Шань тауының
солтүстігінде, Іле Алатауының баурайында, Қазақстан Республикасының
оңтүстік-шығысында орналасқан. Алматы қаласымен бір параллельде Гагры және
Владивосток қалалары орналасқан. Аумағы 190 шаршы шақырым. Алматы -
Еуразиялық контитенттің маңызды және ыңғайлы жерінде орналасып, Ұлы Жібек
Жолының транзиттік пункті болып табылады. Сонымен қатар қаламыз туризмнің
әрі қарай дамуы мен жетілуіне үлкен мүмкіндіктері бар. Осында Қазақстанның
713 тіркелген фирмаларының 470 туристік ұйымы орналасқан. 3000 мыңдай адам
қызмет істейді. 2003 жылы олар 100250 адамға қызмет көрсетті.
Қаланың климаты ауыспалы, тіптен температурасы жыл мезгіліне қарамастан
күн сайын өзгереді. 500 метрлік биіктіктен қала үстіне қараса, көшелері
солтүстікке қарай Қаскелен Мойынқұмына бағыт алып тіреледі. Қаланың
оңтүстігінде теңіз деңгейінен 1500-1700 метр биіктікте, Медеу шатқалында,
тасты аймақта мұздықтардың суық лебі сезіледі. Желдің орташа жылдық
жылдамдығы — 1,2 мс, ауа температурасы орташа — 9,0 C°, Орташа жылдық
ылғалдылық мөлшері — 62 %. Кесте 1 Алматы қаласы климатының жылдық
көрсеткіштері көрсетлген. Осыған сәйкес, қала бойынша экскурсияларды
жүргізудің ең қолайлы кезеңі тамыз, қыркүйек және қазан айлары деп
мәлімдеуіме болады. Бірақ, қала өзінің қолайлы географиялық орны мен
климаттық жағдайына байланысты, экскурсияларды жыл бойы өткізіп тұруға
болады.
Қаланың айналасы негізінен, таулы, сайлы-жыралы болып келеді. Қала
маңындағы биік таулы еңіс (3000-5000м) бедері тік жартасты, терең құзды,
құлама бейткейлі. Тау бастарының біраз бөлігін мұз басқан. Алматы арқылы
Үлкен Алматы мен Кіші Алматы және олардың арналары Қарғалы, Қарасу өзендері
ағады. Алматының төңірегінде алманың бірнеше түрі, оның ішінде дүние
жүзінде әйгілі Алматы апорты, алмұрт, шие, қара өрік, жүзім, т.б. жеміс
және көкөністер өседі.
Іле Алатауының жануарлар мен өсімдіктер дүниесі өте бай. Алматының
шеткі аймақтары Іле Алатауының ұлттық паркіне жатады. Мұнда арнайы қорықтар
бар. Сирек кездесетін құстар мен аңдар Қазақстанның Қызыл кітабына
енгізілген. Солардың ішінде қар барсы қазіргі кезде Алматы қаласының
елтаңбасында белгіленген.
Тау баурайындағы жүзім, темекі, астық өнімдері алма ағаштары мен жеміс-
жидектеріне алмасып отырады. Қаланың 8 мың га. астам жерін бау-бақшалар мен
парктер, саяжайлар алып жатыр. Өз отанын Алматы апорты осы жерде тапты. Tау
өзендері мен көлдері қаланы сумен қамтамасыз етеді.

1 кесте

Алматы қаласының климат көрсеткіштері (КазГидромет орталығы) []

Көрстекіш Қаңтар Ақпан Наурыз Сәуір Мамыр Маусым Шілде Тамыз
Қыркүйек Қазан Қараша Желтоқсан Жыл Темпера-тураның абсолютті макси-
мумы, 0С 18 20 28 33 35 40 42 41 38 31 25 19 42 Орташа
максимум, оС -1 0 7 17 22 27 30 29 24 16 7 1 15 Орташа
темпера-тура, оС -6 -5 2 11 16 21 24 22 17 9 2 -4 9 Орташа
минимум, оС -12 -9 -2 6 11 15 18 16 11 4 -3 -8 4 Абсолютті
минимум, оС -30 -38 -25 -11 -7 2 7 5 -3 -12 -34 -32 -38
Жауын шашын көрсеткіші, мм 37 71 104 107 64 32 26 30 62 55 33
653

Кестеде көрсетілгендей, ең ыстық ай шілде айы, температурасы +42ºС, ал
ең суық ай – қаңтар айы. Туристерді қабылдау үшін ең қолайлы айлар мамыр,
қыркүйек, қазан айлары. Бұл айларда жауын-шашын мөлшері де басқа айларға
қарағанда төмен. Бірақ Медео мен Шымбұлаққа шығу үшін ең қолайлы айлар
қаңтар-наурыз айлары болып табылады.
Қаланың даму тарихы ежелден кезеңдерден бастау алады. Бұл қазіргі
қалыптасқан экскурсиялық нысандарынан байқай аламыз. Қала дамуы бірнеше
тарихи кезеңнен өтті.
1суретте Алматы қаласының экскурсиялық нысандары пайда болу кезеңдері
бойынша көрсетілген.

1 сурет. Алматы қаласының археологиялық нысандары бар территориялары
[12]

Суретте көрсетілгендей Алматы қаласында орналасқан нысандарының көбісі
сақ-үйсін дәуіріне және орта ғасырларға жатқызылады. Енді әркезеңге жеке
тоқталып, қарастырайық.
Б.з.д. 10 — 9 ғғ. қола дәуірінде қазіргі қала аумағы ертедегі жер
өңдеушілер мен малшылардың қонысы болды. Бұған дәлел — ерте кездегі
Тереңқара мен Бұтақты қоныстарының табылуы. Бұл жерлерде керамика, тастан
жасалған қарулар, темір мен сүйектен жасалған бұйымдар табылған.
Б.з.д. 7 ғ. — б.з.д. сақ дәуірінде Алматы сақтардың, кейіннен
үйсіндердің тұрғылықты жері болған. Осы кезеңнен көптеген қорғандар мен
қоныстар орындары қалған; олардың арасында ерекшеленетін сақ патшаларының
қорғандары. Солардың ішіндегі ең танымалы — Есік қорғаны, онда Алтын
адам, Жалаулы қазынасы, Қарғалы диадемасы, жетісулық көркемдік қоласы —
шамдар, құрбандық шалатын орын, қазан сияқты көне дәуір жәдігерлері
табылған. Сақ және үйсін дәуірінде Алматы аумағы Қазақстан жерінде құрылған
ертедегі мемлекеттердң орталығы болған.
Б.з. 8-10 ғғ. Алматы өміріндегі келесі кезең орта ғасыр кезеңі. Бұл
қала мәдениетінің даму, отырықшылыққа көшу, жер өңдеу мен қолөнердің дамуы,
Жетісу аумағында көптеген қалалық қоныстардың пайда болу кезеңі. Қазба
жұмыстарының нәтижесінде керамика, темір және сүйек бұйымдар табылған. 10-
14 ғасырларда Үлкен Алматы аумағындағы қалалар Ұлы Жібек жолы бойындағы
сауда байланысына қатысты. Алматы сауда, қолөнер және ауылшаруашылық
орталығының біріне айналды. Бұған дәлел — осы жерде табылған 13 ғасырдың 2
күміс дирхемі. Бұл дирхейде алғаш рет қаланың аты аталынады.
15-18 ғғ. Ұлы Жібек жолының маңызының төмендеуімен қала да құлдырай
бастады. Бұл кезеңде Алматы мен жалпы Қазақстанның тарихында оқиғалар орын
алды. Мұнда маңызды этносаяси процестер, Жетісу мәдениетінің қалыптасуы
жүрді. Алматы аумағына қатысы бар аудандарда қазақ мемлекеттігінің құрылуы
басталды. Бұл жер жоңғар шапқыншылығының және өз елінің тәуелсіздігі үшін
күрескен қазақ батырларының оқиғаларына бай.
1730 жылы Алматыдан 70 шаршы км. қашықтықта орналасқан Аңырақай
тауларында қазақ батырлары қазақ халқының жоңғарлармен Отан соғысындағы
қиын кезеңдегі тарихта мәңгі қалған жеңіске жетті.
1854 жылғы ақпанның 4-інде Іле Алатауының баурайында Ресей империясының
әскери қамалы Верныйдың негізі қалануымен қала тарихының жаңа кезеңі
басталады.
Верный қамалының бір жағы Кіші Алматы өзенінің бойымен орналасқан,
ағаштан құрылған бесбұрыш пішінінде салынды. Кейіннен ағаш кірпіш пен
таспен ауыстырылды.
1855 жылғы шілденің 1-інде Верный қаласына казактардың бірінші тобы
көшіп келді. 1856 ж. орыс шаруалары да көшіп келе бастады. Олар қамал
жанынан салынған Үлкен Алматы орталығына қоныстанды. Қоныс аударғандардың
көбеюіне орай Кіші Алматы бекеті мен Татар (Райымбек) көшесі пайда болды.
Бұл жерге татар қолөнершілері мен саудагерлері қоныстанды. 1859 жылдың
мамырында қоныс аударғандардың саны 5 мыңға жетті. Құрылыс жұмыстарына
инженер Л. Александровский жетекшілік жүргізді, ал құрылысты басқарған
әскери-инженер Ц. Гумницкий болды.
1867 жылғы сәуірдің 11-інде Верный қамалының атауы өзгертіліп,
Алматинск қаласы аталды. Бірақ сол жылы Дала комиссиясының баяндамасы
бойынша қаланың аты Верный болып қайта өзгертілді. Верныйдың қала болуы сол
кездегі реформаларға байланысты болды. Верный өзімен аттас Верный уезі мен
Жетісу ауданының орталығына айналды.
1921 ж. 5 ақпанында аудан комитетінің салтанатты жиынында Верный
қаласының атауын өзгерту туралы шешім қабылданды. Верный қаласы Алма-Ата
деген жаңа атқа ие болды. Бұл шешім бойынша Жетісу Әскери-революциялық
комитеті: Қаланың революциялық орталық мәртебесін алуына байланысты Жетісу
әкімшілік орталығының атауы Алма-Атаға өзгертілсін деген бұйрық шығарды.
1926 ж. 3 желтоқсанында Еңбек және Қорғаныс Кеңесі Түркістан-Сібір
теміржолын салу жөнінде шешім қабылдады.
Түрксіб құрылысы Қазақстанның астанасы Алматы болуына септігін тигізді.
1927 ж. 2 наурызында ҚазАССР-ң ОСК-і астананы Қызылордадан Алматыға
көшіруге шешім қабылдады. ІV-шы бүкілқазақстандық кеңестер съезі бұл
шешімді мақұлдады.
Үкімет орындарының көшуі салынып жатқан Түркісіб теміржолының бірінші
поезында 1929 ж. мамырында басталды.
1930 ж. 28 сәуірінде Айнабұлақ станциясында соңғы балдақ соғылды. Осы
арқылы Кеңестер Одағының екі ірі экономикалық ауданы Сібір мен Қазақстанды
қосылды. 1 мамырда Түрксіб жолы ашылып, Алматыға Мәскеуден бірінші поезд
келді.
1930 жылы Алматы әуе жолы ашылды, сөйтіп Қазақстан астанасы Мәскеумен
әуе арқылы байланысқа ие болды.
Кішкене қалашықтың астанаға айналуы көптеген әкімшілік мекемелердің,
тұрғын үйлердің салынуын қажет етті.
1926 жылы қала халқы 45 мың адамды құраған болатын, ал 1929 жылдың
күзінде қала тұрғындарының саны 100 мың адамға жетті.
Республиканың кеңестік халық комитеті 1929-1930 жылдарға арналған қала
құрылысының жоспарын қабылдады. Тұрғын үй құрылысына 6,5 млн. сом қаржы
бөлінді, әкімшілік мекемелер құрылысына 2,9 млн. сом, коммуналдық
шаруашылыққа 2,2 млн. сом қаржы бөлінді.
Қаржы бірінші кезекте тұрғын үй және мектептер, денсаулық сақтау
мекемелерінің құрылысына бірінші кезекте бөліне бастады.
Қазақстанның астанасы Алматыға көшірілуіне байланысты 1936 жылы қаланың
архитектуралық құрылысы жөнінде арнайы жоспар құрылды. Жоспардың басты
мақсаты Алматы қаласын мәдени орталыққа айналдыру болды. Жоспар бойынша
қалыптасқан тарихи маңызы бар құрылыстарды түбегейлі өзгерту және үлкейту
көзделді.
1941-1945 ж. Ұлы Отан Соғысы жылдары қала көптеген өзгерістерге
ұшырады. Бүкілодақтық тыл жұмыстарын ұйымдастыруда өнеркәсіптік және
материалдық қорды концентрациялау үшін 45 мың шаршы метр жер берілді,
көшіріліп әкелінген 26 мың адамды қабылдау үшін жер бөлінді. Алматы
қаласына майдан шегінен 30 өнеркәсіп орны, 8 госпиталь, 15 жоғарғы оқу
орны, орта кәсіптік білім беру жүйесі, 20-ға жуық ғылыми-зерттеу
институттары, 20-дан аса мәдени орталықтар көшірілді. Ленинград, Киев,
Мәскеу киностудиялары Алматыға ауыстырылды.
Тылдағы ерен еңбегі үшін 52 мың алматылық жоғары мемлекеттік
марапаттарға ие болды, 48 адам Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Алматыда
үш атқыштар дивизиясы (олардың танымалы — 28-гвардиялық панфиловшылар
дивизиясы), екі атқыштар бригадасы және үш авиациялық полк құрылды.
1949-1950 жж. Ленинградтық Гипрогор жасаған жаңа жоба ҚазССР-і халық
шаруашылығының дамуының 5 жылдық жоспарына негізделді. Жоспар бойынша қала
аумағы оңтүстік-батыс бағытында үлкейтілу, орталық бөлігінде 3-4 қабатты
үйлер салыну, жол құрылысы мен қатынасы, селге қарсы қорғау шаралары қолға
алынды.
Ленгипрогром жоспарлағандай, 1962-1963 жж. Алматы қаласы 1980 жылға
дейін төрт жоспарланған аумақ және сел жүретін аумақтарға үлкен өзгерістер
енгізілді. Тек 1966-1971 жылдар аралығында қалада 1400 шаршы метр
мемлекеттік және кооперативтік құрылыс тұрағы тапсырылды. Жыл сайын қалада
300 мың шаршы метр баспана салынды. Құрылыс барысында жер сілкінісіне
шыдайтын көп қабатты үйлер салу ұйғарылды.
Бұрынғы Верный қаласының тарихи жоспарланған жүйесі 1968 жылы
қабылданған Алматы қаласының бас жоспарында негізделді.
Құрылыста түрлендіру мен сәйкестендіру архитектуралық тұрпаттың әр
түрлі болуына себебін тигізді. Мектеп, аурухана, мәдени орталықтар,
солардың қатарында Ленин атындағы сарай, Қазақстан қонақ үйі, Медеу
спорттық кешені т.б. құрылыс нысандары салынды. Қалада демалыс орындарын
құруға, қалалық көліктің дамуына көңіл бөлінді. 1981 жылдан бастап
метрополитен жобасы бойынша жұмыстар жүргізілді. Алматы қаласын дамытудағы
жаңа бас жоба 1998-2020 жылдар аралығын қамтиды. Басты мақсат экологиялық
жағынан таза, қауіпсіз, әлеуметтік жағдайлары қолайлы орта құру. Негізгі
архитектуралық-құрылыстық мақсат — Алматының жасыл желекті қала атын
сақтау және одан әрі дамыту. Жоспар бойынша көп қабатты үйлер салу, өндіріс
орындарын, қоғамдық көлік жүйесін дамыту, метрополитенді іске қосу
көзделді.
1993 жылғы шешім бойынша қала атауы орыс тілінде Алма-Атадан Алматыға
ауыстырылды.
1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың
үкімімен ел астанасы Алматыдан Астанаға ауыстырылды. 1998 жылдың 1
шілдесінде Алматы қаласының мәртебесі туралы жаңа заң қабылданды. Бұл заң
бойынша Алматы ғылыми, мәдени, тарихи, қаржылық және өндірістік орталық
болады.
Алматы қаласында орналасқан тарихи-мәдени нысандары адамзат дамуының әр
кезеңдерінде пайда болды.

1.2 Туристік-рекреациялық ресустары

Алматы қаласы тундралардан бастап шөлдерге дейін барлық табиғи
зоналарды қамтитын, ең сұлу табиғи ландшафттар қоршауында орналасқан қала.
Бірнеше сағат ішінде оңтүстіктен солтүстіктен 100 шақырымды ғана өтіп
шыққан адам мұздықтардан бастап шөлдің құмды бархандарын көре алады.
Алматы туралы айтқанда кез келген адамның ойында биік таудағы Медеу мұз
айдыны алдымен еске түседі. Шатқалдағы жұмсақ климат, желсіз ауа райы және
тап-таза суынан жасалған, мұз Медеуді әлемдегі ең үздік, ал орналасқан жері
ең әдемі сырғанақтарың қатарына жатқызады. Мұз айдынының 1972 жылы 1691,2
биіктікте бүкіл әлемге “сырғанау спортының рекордтарының жиынтығы” деп
атайды. Медеу шатқалының жақсы климаты, сәулелі радиация деңгейі,
атмосфералық қысым, желсіз, таза мұзды өзен барлық әлемнің туристерін
қызықтырады. Қазақстан мәдениеті және тарихи мемлекеттік ескерткіштер
тізіміне енгізілді.
Қаланы селден қорғау үшін кіші Алматы аңғарына салынған тас бөгет
туристерді қызықтырады. Осы бөгет 1973 жылы қаланы жойқын селден сақтап
қалды. 830 басқышпен бөгетшеге көтерілуге болады. Ол жерден Іле Алатауы
шыңдарының тамаша көріністері ашылады. Осы жерде күшті коньки тепкіштер
жарыстарынан 120 астам рекордтар жасалған. Мұз айдыны қараша айынан наурыз
айына дейін жаппай сырғанауға ашық. Мұз айдынының жанында жүзу алабы бар,
мейрамханалар мен кафелер жұмыс істейді. Медеу мұз айдынның айдын ауданы
10500 шаршы метр.
Шымбұлақ тау шаңғы курорты (Н-2260) Кіші Алматы шатқалында Іле
Алатауында орналасқан. Климаты жұмсақ, күн мөлшері жоғары. Қар тұрақтылығы
қараша айынан мамыр айына дейін болады. Тау-шаңғы трассалары кресельді және
буксир канаттарымен қызмет көрсетіледі. Олардың көмегімен 25 минут ішінде
Талғар асуына (3160 м) жетуге болады. Трассаның жалпы қашықтығы 3000 метр,
биіктігі 900 метр.
Шымбұлақта қиындық дәрежесі әр түрлі. Туристер үшін канатты кресельді
жолдың төрт кезегі қызмет көрсетеді (сурет 4)
Бірінші кезегі – Пересечение станциясына, биіктігі 2260 метрден
2640 метрге дейін, қашықтығы 1250 метр. Көтерілу уақыты 9 минут.
Екінші кезегі – Пересечение станциясынан 20-я опора станциясмына
дейін. Биіктігі 2630 метрден 2920 метр, қашықтығы 948 мет, көтерілу уақыты
7,5 метр.
Үшінші кезегі 20-я опора станциясынан Талғар асуы станцисына дейін.
Биіктігі 2920 метрден 3163 метрге дейін, қашықтығы 860 метр. Көтерілу
уақыты 8 минут.
Төртінші кезегі Конус 2 станциясына дейін. Биіктігі 2260 метрден 2785
метрге дейін. Қашықтығы 1730 метр. Көтерілу уақыты 14 минут.
Шымбұлақтағы орташа температурасы, жазда +20°C, қыста -7°C. Қар
жамылғысының қалыңдығы 1,5-1,8 метр.
Тау шаңғы кезеңі қараша айының ортасында басталып сәуір айына дейін
жалғасады.
Табаған тау-щаңғы кешені Алматы облысының Талғар ауданында ұлттық
табиғат қорығының маңында орналасқан. Табаған баурайы - сырғанау мен
жарыс өткізу үшін таптырмайтын жер. Бұл жер енді бастап келе жатқан және
жатыққан тау шаңғышыларына, сондай-ақ сноубордистерге арналған.
Баурайдың әр алуан бедері жаңадан бастап келе жатқандар үшін де,
кәсіпқойлар үшін де өте қызықты. Шаңғы трассасының ұзындығы – 37 км. Бұл
трассалардың күрделілігі әрқилы. Оларды былайша бөлуге болады:
- Көк трассалар – 9 км.
- Қызыл трассалар – 7 км.
- Қара трассалар – 6 км.
- Тегіс жермен сырғанайтын шаңғыларға арналған трассалар – 15 км.
Алматы қаласынан 7 шақырым жерде Үлкен Алматы шатқалында, Іле Алатауы
ұлттық саябағының территориясында Қазақстанда жалғыз Сұңқар атты
сұңқарлар орталығы орналасқан. Орталық маңында аңшы құстар питомнигі, аңшы
құстардың қорегі ретіндегі егеуқұйрықтарды көбейту орталығы – виварий,
иттер бөлімі, ат қорасы, қонақ үй кешені, аңшы құстар қатысуымен арнайы
көріністер, ат жүру мектебі, сұңқар саятшылық мектебі, орталық бойынша
экскурсиялар үнемі түрде қызмет көрсетіп отырады. Сұңқар орталығы 1989
жылы сирек кездесетін және жойылып бара жатқан құстарды көбейту мен сақтау
мақсатында, оларды табиғатқа қайта реинтродукциялау мақстаныда құрылды.
Бірінші кезекте, Қазақстан Қызыл кітабына енген балобан сұңқары мен
бүркіттер ХХ ғасырдың 80 жылдарында пестицидтерді пайдалану салдарынан 80
пайызға қысқарды, бұл репродуктивті функцияға мен сұңқарларды шетелге
заңмен тыйым салынған жолмен әкетуге өз әсерін тигізді. Жабайы құстарды
табиғи жолмен орталықта көбейту үшін орталықта халықаралық талаптарға сай
80 вольера құрастырылған. Аналық бөлігінде құстар жұптасып мекен етеді.
Құстардың өнімділігін жоғарылату үшін, жұмыртқа салынғаннан кейін
жұмыртқалар ұяларынан алынып, олар арнайы инкубаторларда сақталады. Ал
құстар, табиғи сезімдеріне сай екінші рет жұмыртқа салады. Инкубаторларда
пайда болған балапандар 7-10 күннен кейін өз ұяларына қайтарылады. Құстар
балапандарын, адамның көмегінсіз балапандарын қоректердіреді. Кейбір
балапандарының бөлігі, ең үздік құстарының балапандары адам қарауында
қалады. Бұл құбылыс импринтинг деп аталады. Импринтирленген құстар
жасанды көбею үшін пайдалынады. Балобан сұңқарынан басқа да құстар
көбейтіледі: сапсан сұңқары, бүркіт, үкі, қарақұс. 2006 жылдан бастап
Қазақстанда жалғыз аңшы құстарымен көріністер өткізіліп отырылады. Бұл
көріністерде аңшы құстарының 7 түрі қатысады. Бұл құстар арқылы
саятшылықтың әр түрлі әдістері көрсетіліп отырылады
Сұңқар сұңқарларды табиғатқа жіберу бойынша республикалық
бағдарламаға қатысады. 2007 жылы балобан сұңқарының 60-ы табиғатқа
жіберілді.

1.3 Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық жағдайы

2003 жылдан бері қала тарихына елдің инновациялық және қаржы орталығы
ретінде орын ала бастаған Алматының қарқынды даму кезеңі ретінде кіреді.
2003 жылдан бастап индустриалды-инновациялық даму қалалық стратегиясы
жүзеге асырылып жатыр. Ол елдің ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және
азық-түлік, фармацевтика, электронды өнеркәсіп, ағаш өңдеу және т.б.
салаларда импорт көлемін қысқартуға мүмкіндік береді.
Көп жағдайда бұл бірнеше кәсіпорындардың іскерлігі арқасында қамтамасыз
етілді. Олардың ішінде Вита АҚ. Бүгінде оның негізінде аймақаралық соялық
кластер қалыптастыру жобасы жүзеге асырылуда; Интеграцияланған цифрлық
спутник желісі жоғары технологиялық жобасын жүзеге асырушы Жарық ЖШС,
сонымен қатар, қаланың басқа да өндірістік кәсіпорындары. Олардың барлығы
жаңа технологияларды жақсы меңгеруде. Осылайша, отандық өндірушінің қуатын
барынша арттыруда.
Инновациялық жобаларды жүзеге асыруда мемлекеттік қаржы институттары
белсенді қатысады. Қазіргі таңда 13 жоба жүзеге асырылды. Олардың қатарында
телепрокат спутниктік жүйесін қалыптастыру, жергілікті портал технологиясын
қалыптастыру, түрлі электрондық техниканы экспортқа өндіру, суды
тазартудағы жаңа технологияларды дамыту және т.б. жобалар.
Кәсіпкерлікті индустриалды-инновациялық стратегияны жүзеге асыру
жұмысына тарту мақсатында қазіргі кезеңгі инфрақұрылым қалыптастыруда.
Алматы технопаркінің негізінде құрылыс пен инженерлік коммуникацияны
қалпына келтірудің жаңа технологияларын қалыптастыру, дәрі-дәрмек шығару,
емдеудің жаңа технологияларын енгізу, экологиялық таза азық-түлік өндіру
жобалары жүзеге асырылуда.
Үкімет қолдауымен 2005 жылы Алатау ауылында ақпараттық технологиялар
паркі құрыла бастады.
2007 жылға Алматы қаласы өзін Орталық Азия аймағында көптеген
көрсеткіштер бойынша алдыңғы қатардағы ірі мегаполис ретінде нық
орнықтырды. Демек, ол мемлекет ауқымында АІӨ (аймақтық ішкі өнім) бесінші
бөлігін, бұл ретте қызмет көрсету саласына 85 пайыз тиесілі; салықтық
түсімнің бесінші бөлігін, көтерме және даналық операциялардың 50 пайызға
жуығын және сыртқы сауда айналымының алтыншы бөлігін, тұрғызылып жатқан
тұрғын үйдің 12 пайызын, барлық инвестицияның 14 пайызын, кәсіпкерлік
саласымен жүзеге асырылып жатқан тауар, жұмыс және қызмет көрсетудің 31
пайызын қамтамасыз ететін қаржы, мәдени, туристік, оқу-білім орталығы болып
табылады.
Алматы дамыған интеллектуалды-ғылыми базасымен ерекшеленеді. Бұған
дәлел, оның аумағындағы 66 Жоғары оқу орны мен 700 ғылыми-зерттеушілік
қызметпен айналысатын ұйымдардың болуы.
Мұнда ядролық медицина, қазіргі кезеңгі ғарыштық технологияларды
дамыту, қазіргі кезеңгі бағдарламалық қамтамасыз ету, қорды сақтап қалу
технологияларын дамыту және т.б. салалар бойынша зерттеулер жүргізіледі.
Алматының қаржы қоры біршама. Мұнда Қазақстан банктерінің 80 пайызы,
Ұлттық Банк, Қазақстан қор биржасы, көптеген сақтандыру клмпаниялары мен
зейнетақы активтерін басқару бойынша компаниялар орналасқан. Алматының
жоғары инвестициялық тартымдылығына FITCH (рейтинг ВВ+ тұрақты) және
MOODY'S (рейтингі Bal positive -инвестиция алдындағы категория)
халықаралық агенттіктерімен берілген рейтингтер дәлел бола алады.
Алматыға еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ерекше
ықыласпен қарайды. Бұл жөнінде ол Еуразия жүрегінде атты кітабында
жазады. Ол екі астанаға келіп-кеткен шетелдіктер Астананы ұнатасыз ба?
деген сұраққа Иосиф Бродскийдің айтуындай: Астанадан бұрын мен Алматыны
көріп қалдым деп жауап берер еді.
Бұл кітабында Президент қаланы барлық бақтары, саяжайлары мен
парктерімен, Тянь-Шань пирамидасымен, Көк-Төбе шамшырағымен және басқа да
дүние таңғажайыптарымен қосып ұнататынын атап кетті. Ол Алматыны әлемдегі
ең көрікті, күшті қала деп санайтынын баса атап өтті.
Қаржыгерлердің ІV Конгресінде Елбасы Алматыны халықаралық қаржы
орталығы ретінде қалыптастыру туралы айтып өткені кездейсоқтық емес.
Бүгінде бұл идея жетік жүзеге асырылып жатыр. 2006 жылдан бастап
Алматыда аймақтық қаржы орталығы ресми қызмет жасай бастады.
Елбасы Алматыны қаржы орталығы ретінде дамыту жөнінде бірнеше заңдарға
қол қойды. Орталық қатысушыларына салық төлеудің жеңілдіктері орнатылды,
салық бақылау тәртібі жеңілдетілді, шетел мамандарының кіруіне квота
алынды, визалық тәртіп жеңілдетілді және т.б.
Ағымдағы жылдың басында Алматы қаласында қаржы орталығының қызметін
реттеу жөніндегі Агенттік құрылды. Ол Орталыққа инвесторларды тіркелімге
және қатысуға тарту бойынша дайындық жұмыстарын бастады.
Әл-Фараби даңғылының оңтүстігіне қарай салынып жатқан ААҚО іскерлік
кешені ең үздік әлемдік сәулет жобалары бойынша салынған офистерден тұратын
болады.
Алматыны халықаралық қаржы орталығы ретінде дамыту қаланың техникалық
мәселелерін кешенді шешуді көздейді. Олардың қатарында жер сілкінісі қаупі
және тау қарының құлауы, барлық инженерлік коммуникациялардың жарамсыздығы,
энергия қуатының жетіспеушілігі, көлік мәселелері және т.б..
Оларды кешенді шешу мақсатында және қаланың қарқынды дамуын қамтамасыз
етуде Президент Жарлығымен 2010 жылға дейін Алматы қаласын дамыту
Мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Оларды жүзеге асыру қайта құрулардың
барлық бағыты бойынша оң нәтиже береді.
Қазақстандағы алғашқы әлеуметтік үй, тұрақты тұрғылықты жері жоқ
тұлғалар үшін әлеуметтік бейімделу орталығы, Мамыр шағын ауданындағы 1993
жылдан бері құрылысы тоқтатылған 350 орындық еңбек ардагерлері мен қарт
азаматтар үйі іске қосылды.
2005-2006 жылдардағы Алматы қаласының дамуындағы негізгі
ерекшеліктердің бірі - Алматы қаласында тіршілік етуде қолайлы жағдай
жасауға бағытталған іс-шаралар жүйесінің жүзеге асырылуы.
2005 жылға дейінгі қаланың Бас жоспары жарамсыз екені айқындалды.
Себебі, онда қала құрылысының жаңа технологиялары мен қала аумағының
қарқынды өсуі ескерілмеген. Нәтижесінде бұл дамуында артта қалып қойған
аудандардың қалыптасуына әкеліп соғып, көптеген мәселелердің пайда болуына
септігін тигізді.
2005 жылы қаланың Бас жоспарына өзгерістер енгізілді. Оған сәйкес
біріңғай қалалық мегаорталық артта қалады. Жаңа құрылыс саясаты қаланың
іскерлік белсенділігін арттыру нүктесі ретіндегі жеке іскер орталықтарын
қалыптастыруды көздейді.
Бас жоспарда бұрынғы орталық ерекшелігін сақтап қалу, қаланың барлық
аудандарында жайлы тұрғын үй салу, ескі ауылдар орнында қазіргі кезеңгі
тұрғын үй – мәдени орталықтар тұрғызу, көлік инфрақұрылымы мен санитарлық-
қорғау белбеулерін кешенді дамыту көзделген.
Бас жоспар аясында аймақтық инвестициялық карта әзірленген. Оның
көмегімен осы тұжырымдаманы жүзеге асыру қала құрылысында барлық жұмысты
жүйелендіруге және осы мақсаттарға жеке инвестициялар тартуға мүмкіндік
береді.
Бірыңғай қала құрылысы саясатын жүргізу үшін Қала құрылысы Кеңесі
құрылып, жұмысын іске асыруда.
2006 жылдың аяғында негізгі капиталға келіп түскен инвестиция көлемі
390 млрд. теңге болады деп күтілуде. 2001 жылға шаққанда бұл көрсеткіш 2,6
есе артық. Қаржыландырудың барлық көздері арқасында 670 мың шаршы метр
тұрғын үй салынады. Бұл 2001 жылға шаққанда 3 есе артық.
Қалада тіршілік ету үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында қаржы
ресурстарымен қуатталған қалалық бағдарламалар жүзеге асырылып жатыр.
Бүгінде Алматы қаласы әкімінің 15 бағдарламасы жүзеге асырылуда. Аулалар,
мектеп және бала бақшалар аумағын көріктендіру бойынша, энергокешенді
дамыту бойынша, қаладағы көлік қысымын азайту, парктер мен саяжайларды
көгалдандыру, арық желілері мен фонтандарды қалпына келтіру, қаланы қатты
тұрмыстық қоқыстан тазарту, өзен аңғарларын қалпына келтіру бойынша
міндеттер қойылған.
Осы бағдарламаларды жүзеге асырумен қатар жұпар иісті парктер,
саяжайлар және басқа да адамзат жаратуын өзінен кейін қалдыруды парыз етіп
санаған ата-бабаларымыздың дәстүрі қайта жаңғыра бастады.
Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығын құру туралы жоба Қазақстан
Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен дүниеге келді.
Аталған жоба жайында Елбасы алғашқы рет 1995 жылы өткен Қазақстандық
банктер ассоцияциясының кездесуі мен 2004 жылдың қараша айындағы Қазақстан
қаржыгерлерінің конгресі барысында жариялады.
Жобаны жүзеге асыру шеңберінде Қазақстан Республикасы Үкіметі тарапынан
Сингапур мен Тайланд қаржы орталықтарын құру мен дамытуға тікелей ат
салысқан Boston Consulting Group компаниясы тартылды.
Компанияның негізгі міндеті Қазақстан қаржы нарығын дамытудағы
артықшылықтар мен кемшіліктерді анықтау, Алматы қаласында құрылған өңірлік
қаржы орталығының құқықтық, инфрақұрылымдық, басқарушылық позициялары
бойынша ұсыныстар әзірлеу.
Қазақстан Республикасында қаржы секторын дамыту жөніндегі тапсырма
Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 наурыздағы Қазақстанның
әлемдегі бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясы атты
жолдауында анықталды.
Қаламыздың Таугүл-3 , Шаңырақ-1 шағын аудандарындағы 1000
орындық мектептердің құрлысы және № 4 мектептің қосымша құрлысы аяқталды.
Құлагер , Мамыр шағын аудандарындағы мектептердің және 350 орындық
көпбейінді аурухананың құрлыс жұмыстары басталды.
Қала бағдарламасын жүзеге асыру үшін өткен жылы жеткілікті мөлшерде
қаржы бөлінді, ол қала халқының жәйлі тұрмысын қамтамасыз етуге тиісті
шаралар: аулаларды көріктендіру,көшелерді жарықпен қамтамасыз ету, арықтар
мен фонтандарды қайта қалпына келтіру,бақтар мен гүл алаңдарын көркейтіп
гүлдендіру, қаланың санитарлық тазалығын сақтау,тұрғын үй мен жол
құрлыстарын жүргізу, және энергетикалық кешендерді дамыту жүзеге асты. Осы
бағдарламаларды іске асыру үшін 24 млрд. теңге, оның ішінде аулаларды
көріктендіруге 2,8 млрд. тенге бөлініп 1242 аула жарақтандырылды.Нөсер
жауынға арналған канализацияны қайта қалпына келтіру жүзеге асырылды, арық
желілеріне күрделі жөндеу жүргізілді. Бұл мақсаттарға 89,6 млн. теңге
жұмсалды.
Қала көшелерінде көлік кедергілерін азайту бағдарламасына 18,6 млрд.
теңге бағытталса, осының есебінен үш жолайырығының құрлысы аяқталды, 212
шақырым жол жөндеуден өтсе, 10,3 шақырым жол күрделі жөндеуден өтіп, жекеше
құрлыс аудандарына 18 шақырым жол салынды.
Қаланың транспорт басымдығын азайту қалалық бағдарламасын орындауға
58,3 млрд. теңге бөлінген. Осы қаражаттар есебіне сегіз жол айырығының
құрылысы жүзеге асырылды, 200,27 км. жол қаптамасына орташа жөндеу
жүргізілді, 10,8 км. жолға күрделі жөндеу жұмыстары, жеке тұрғын үйлер салу
аудандарындағы 6,6 км жол құрылысы жүргізілді, ЖЖБАЖ жаңғырту бойынша
жұмыстар жалғастырылуда.
Жергілікті атқарушы органның борышын өтеуге қызмет көрсету бойынша
199,5 млн. теңге сомасына, қалалық көлік жобасының қарызы бойынша сыйақылар
төлеуге шығыстар жүргізілді.
2007 жыл ішінде жалпы сомасы 124 млрд. 044 млн. теңгеге 2575 конкурс
өткізілген, оның ішінде:
- жалпы сомасы 89 млрд. 979 млн теңгеге 608 ашық конкурс өткізілді,
ашық конкурстардан түскен үнемдеулер 116 млн. теңгені құрады.
- 30 млрд. 624 млн. теңге сомасына бір көзден алу әдісімен 388 конкурс
өткізілді, өткізілген көнкурстардың үнемдеуі 8 млн. теңгені құрады.
- 3 млрд. 441 млн. теңге сомасына баға ұсыныстары бойынша 1579 конкурс
өткізілді, өткізілген көнкурстардың үнемдеуі 2 млн. теңгені құрады.
- Алматы қаласы бюджетінің 2008 жылғы 1 жартыжылдықтағы орындалуы
туралы
2008 жылғы 1 жартыжылдықтағы кіріс көздерінің түсімдері 90 млрд. 588
млн. теңгені құрады, жоспармен 89 млрд. 987 млн. теңге немесе 100,7 %,
жоспардан асыра 601 млн. теңге түсті. Түсімдер жылдық жоспарға 51,3 %
құрады. Одан басқа, республикалық бюджеттен 35 млрд. 841,3 млн. теңге
сомасында трансферттер және республикалық бюджеттің несиелерінен 466 млн.
теңге сомасы түсті .
Кіріс көздерінің жергілікті бюджетке жинақталуы былтырғы жылдың тиісті
кезеңімен салыстырғанда 6 млрд. 312 млн. теңгеге өсті.
Кіріс көздерінің құрылымы аралығында орындалулар мынадай:
- салықтық түсімдер бойынша, олар кіріс көздері көлемінің 92,2 % алып
тұр, түсімдер 83 млрд. 517 млн. теңгені құрайды, немесе 102,1%, қосымша 1
млрд. 750 млн. теңге салықтар мен алымдар түсті;
- салықтық емес түсімдер – 944 млн. теңге, 1 млрд.168 млн. теңге
жоспарымен немесе 80,8 %, 225 млн. теңге түспей қалды. ;
- негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер (жер телімдерін сатудан
және Мемлекеттік ипотекалық бағдарлама бойынша азаматтарға пәтерлер
сатудан) 6 млрд. 062 млн. теңге түсті немесе 91,4 %, бюджетке 569 млн.
теңге түспей қалды.
Шығыстар бойынша 2008 жылға арналған нақтыланған бюджет 238 млрд. 195
млн. теңгені құрайды. Шығыстар бойынша атқарулар 2008 жылдың 1 шілдесінде
125 млрд. 3 млн. теңгені құрады, нақтыланған жоспармен 128 млрд. 833 млн.
теңге немесе игерілмегені 3 млрд. 830 млн. теңге(97 %), олардан
республикалық бюджеттен трансферттер 2008 жылдың 1 шілдесіндегі жоспармен
35 млрд. 896 млн. теңге, 33 млрд. 438 млн. теңге сомасында атқарылды немесе
игерілмегені 2 млрд. 458 млн.теңге (93,2%), жергілікті бюджет шығыстары
2008 жылдың 1 шілдесіндегі жоспармен 92 млрд. 937 млн. теңге, 91 млрд. 565
млн. теңге сомасында орындалды немесе игерілмегені 1 млрд. 372 млн. теңге
(98,5%).

2 АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЭКСКУРСИЯЛЫҚ НЫСАНДАРЫ.

2.1 Алматы экскурсиялық нысандарына шолу жасау

Алматы қаласы экскурсиялық нысандарына бай қала. Қаланың әрбір көшесі,
әрбір үйі белгілі бір тарихи оқиғаның күәгері деп айтуға болады.
ХХ ғасырда қала көп қабатты қалаға айналады. Өзінің архитектуралық пен
көркем сипатымен ерекше ғимараттар мен құрылыстар тарихымыздың күәгерлері
болып табылады. ХХ ғасырдың ортасында қалада көптеген жаңа ірі градоқұрылыс
кешендері пайда болады.
Алматы қаласының ескі орталығы 1930-1970 жылдары шығыстан (Фрунзе
ауданы) батысқа қарай, қазіргі Алматы ауданына қарай жылжыды. Желтоқсан,
Қабанбай батыр, және Қонаев көшелерінің шектерінде орналасқан аудан сол
уақытта Алтын бұрыш деп аталды. Жаңа ерекше градоқұрылыс кешендері сол
ауданда салына бастады. Мысалы, Достық даңғылы бойында орналасқан
құрылыстар. Достық даңғылы 1919 ж дейін Колпаковский аталып, кейін Ленин
аты беріліп енді, қазіргі кезеңде Достық даңғылы деп аталып келеді. 8 км-ге
созылған даңғыл қаланың солтүстік бөлігіндегі Алматы сауда үйінен
басталады. Кіші Алматы өзеніне қатарлас және осы өзеннің қиылысқан жерінде
– санаторийлер мен демалыс үйлері орналасқан аймақпен аяқталады. Көше XIXғ-
ң 70 жылдарында қалыптасты. Достық даңғылы және Қабанбай батыр көшелерінің
қиылысының оң жағына қарасақ Үш батыр деп аталатын бір фундаменттен
шыққан 12 қабатты үш тұрғын үй кешенін көреміз. Ғимараттың цоколды
қабатында Искра кинотеатры орналасқан. 1973ж ашылған. Кең экранды
фильмдерді көрсетуге арналған, әр залы 250 орынды. Бастапқыда ашылғанда
Қазақфильм балаларға деген дивизбен Қазақстан мультипликаторларымен және
өнер қайраткерлерімен кездесулер дәстүрге айналған болатын. Кинотеатр
үстінде Марғұлан Ә. Атындағы Археологиялық мұражай орналасқан. 1973ж 30
тамызда құрылған, экспозицияда Қазақстан жеріндегі адамзат қоғамының аса
көне заманнан орта ғасырларға дейінгі дамуы көрсетілген. Мұражайдың төрт
бөлімінде тарихи материалдар әртүрлі аймақтар бойынша және хронологиялық
кезеңдерге сәйкес жүйеленген. Бірінші бөлім тас дәуірінің ескерткіштеріне,
Беғазы-Дәндібай мәдениетіне ескерткіштеріне арналған жеке бөлім. Екінші
бөлімінде қыштан өрнектеліп жасалған заттар, садық жебесі мен найзаның
қоладан соғылған ұшы бар. Үшінші бөлім б.з.б. VIII ғ - б.з. V ғ дейінгі
кезеңді қамтиды. Төртінші бөліміне орта ғасырлар ескерткіштері қойылған. Үш
батыр ғимаратының алдында 1996ж Жамбыл Жабаевтың туғанына 150 жыл толғанын
ЮНЕСКО шешімімен әлем деңгейде атап өту қарсаңында орнатылған ескерткі
көреміз. Мүсінші - Әбішев Б., сәулетшілер Баймағамбетов С., Фазылов С.,
Ералиев Т. Мүсін қоладан құйылған. Биіктігі 3м, тұғырының биіктігі 1 м.
Ескерткіш мөлдір бұлақ жағасында отырған ақынның әлеммен біртұтастығын
бейнелейді. Жамбыл – қазақ халқының ұлы ақыны, Сүйімбайды ұстаз тұтады. Ел
аралап, қазақ, қырғыз ақындарымен айтысқа түседі. 1881 ж атақты Құлмамбетті
жеңгеннен кейін ел ішіне атағы тарайды. Барша әлемге әйгілі ақын, жыршы,
жырау болып қалыптасқан. Ұлы Отан соғысы кезінде бүкіл Кеңес Одағына
Жамбылдан дәрежесі мәртебесі биік ақын болған жоқ. Ақын жырлары жайындағы
әр ұлттан құралған жауынгерлердің бәрінің де жүрегіне жетіп, жігерін
қайрайды.
Достық даңғылы бойында осы кешеннің жоғарғы жағында 25 қабатты
Қазақстан қонақ үйі орналасқан. Бидайдық сабағы тәріздес салынған ғимарат
1954ж тың игеруді білдіреді. Қазақстан қонақ үйі 1978ж архитектуралық
ансамбльдер шоғырланған Абай және Достық даңғылдарының түйіскен жерінен бой
көтерді. Биіктігі 107м 25 қабат, мейрамхана, 472 қонақ бөлмесі (942орын)
бар. 1 қабатында қызмет бөлімшелері, мейманхана қызметкерлеріне арналған
асхана, тұрмыс қызмет көрсету бөлмелері, 2 қабатта почта, телеграф, жинақ
кассасы, ең жоғарғы қабатта тау мен қала келбеті айқын көрінетін Космос
кафесі орналасқан. Қонақ үй –жер сілкінісі айқын байқалатын жерде салынған.
Оның инженерлік құрылысы сәтті ойластырылған. Эллипске ұқсаған тұтас темір-
бетінды мұнара ғимарат өзегін құрайды. Оған бөлме ұяларының монолитті
диафрагмалары орнатылған. Терең көмілген іргетас (10м) ғимараттың жер
сілкініске төзімді болуын қамтамасыз етеді. Ғимаратты сәулеттеу ісінде
ұлутас, мәрмәр гранит, коврал материалдары қолданылды.
Өткен ғасырдың 70 жылдарынан бастап Алма-Ата құрылысшылары
архитектуралы-композициялы талаптарға және халық үшін жайлы жағдайларға
жауап беретін жоғары қабатты әкімшілік-және тұрғын үй кешендерін сала
бастады. Бұл уақытта идеологтар сол кездегі Ленин және Абай қиылысынан
бастап мемориалды құрылысты бастауға ұсынды. Бұл жердің үлкен мәні болды.
Екі Ұлы аттың кездесуі, орман мен даланы бейнелейтін орын, Қазақстанның
Ресейге қосылу белгісі, екі коммунист табы. Осындай ойды іске асыру үшін
мерейлік күндер, жобаны тапсыру, шаралар күнтізбесі құрастырылды. Ленин
сарайы (қазіргі Республика сарайы) Алтын киіз үй, салынуы, Абай алаңы,
Абай ескерткішінің тұрғызылуы- басты қала құрылысның нүктесінің бастамасы
еді.
Достық даңғылынан Абай даңғылына бұрылғанда да ғылыми-зерттеу тақырып
жалғасады. Абай даңғылы 1960 ж дейін бас арық деп аталып келетін. Оның да
өзіндік мәнісі бар. Бүгіндері Абай даңғылының бас жағында өзеннен арық ағып
өтетін. Даңғылдың сол жағына қарасақ Қазақ менеджмент экономика және
бизнес институтын көреміз. Қазіргі кезде сабақтар шетел тілінде
жүргізіледі. Бұл оқу орнында Жалпы Қазақстан Республикасында ең алғаш
магистратура ашылды.
Райымбек даңғыл бойындағы Райымбек кесененің орны туралы мынадай аңыз
қалған: Қазақ халқын жоңғар шапқыншылығынан қорғаған 80 жасқа келген
Райымбек батыр өлер алдында соңғы білдірген тілегі: денемді ақ түйеге
мінгізіп, түйені бос жіберіңдер. Ақ түйе тоқтаған жерге денемді жерлеңдер,
сол жерде үлкен шаһар тұрғызылады деген екен. Бұл сөздер орындалды. Тастан
тұрғызылған ақ түйе Райымбек даңғылдың бойыңа ұзақ жолға қарап отыр. Бұл
кесене 1994 ж қыркүйек айында Баттаханов З.Б. фондының көмегімен салынды.
Райымбек батыр қолбасшылығы астында бабаларымыз жоңғарларға тойтарыс
берген. Ерлігі дастан болып, өмірі аңызға айналған Райымбек батыр тірісінде-
ақ Әулие деп аталған.
2006 жылдың тамыз айында Райымбек батырдың туғанына 300 жылдығын атап,
той өткізілді. 1990 ж бастап Ташкент көшесі Райымбек даңғылы деп
өзгертілді. Ташкент деген ат 1967 беріліп, оған дейін Октябрьдің 50 жылдығы
аталып келген. Даңғыл Жетісу ауданында орналасқан. Кіші Алматы өзенінен
басталып Есентай көпіріне дейін 4650 м созылған. Даңғыл қаланың батысын мен
шығысын қосатын ірі магистраль жолы. Қазір біз Пушкин көшесіне бұрылып
барамыз. Бұл қаланың ең белсенді көшелерінің бірі. Мұнда Саяхат
автовокзалы, Мешіт, Орталық көк базар, 28 Панфиловшылар саябағы орналасқан.
Саяхат автовокзалы 1967 ж ашылған. Алматы облысында орналасқан қалалар
арасында көліктік байланыс жүреді.
Пушкин көшесінде Орталық Азиядағы ірі Мешіттердің бірі орналасқан.
Алматының 1998 ж дейінгі Орталық мешіттің ғимаратын XIX ғ 1890 жылы аты
беймәлім бір азамат өз қаражатына салдырған. Кейін оның жаңынан, қазір
алдарымызда тұрған, жаңа үлгідегі зәулім мешіт ғимараты бой көтерді.
Мешіттің жаңа ғимараты 1999 ж 5 шілдеде сәулелендірілді. Бұл мешіт порталды-
күмбезді әрі мұнаралы құрылыс үлгісіне жатады. Алдыңғы жағы әсем
безендірілген аркалы портал, төрт бұрышында төрт мұнара, қырлы және
дөңгелек қос барабан үстінен шығырылған көгілдір түсті үлкен күмбез және
порталдың оң жағынан азан шақыратын дербес биік мұнарасы бар. Мешіт
ғимаратының қасбеті, күмбездің дөңгелек барабан белдеуі, ішкі көріністері
ұлттық ою-өрнектермен және арабша жазу - нақыштармен безендірілген. Мешіт
мәрмәрдан салынған. Күмбезінің диаметрі 20 метр, ұзындығы 36 метр. Ал 47
метр биіктіктегі минареттер азаңға шақыратын имам дауысы алыстан естіледі.
Орталық Мешіттен жоғарғы жағында Орталық көк базар орналасқан. Алматы
қаласының тарихы осы ауданнан басталады. 1875ж керек емес бекініс орнында
кең Қонақ жайы тұрғызылды. Сонымен қатар осы жерде сол кездегі ген.-
губернатор үйі де тұрғызылды. Бұл қаланың орталық әкімшілік ауданы болатын.
1937 ж Көк базардың орнында Цирк салынды. Осы күнгі Саяхат автобекеті мен
Көк базардың аралығы мал базары мен құс базарына айналды. Бұрын Көк базар
қазіргі Фурманов пен Мәметова көшелерінің маңында орналасқан еді. Бұл
қаланың ең алғашқы ауданы. Бас магистарль жолдары да осы ауданнан
басталатын еді. көк базардан жоғарғы жағында 28 Гвардейешілер-
Панфиловшылар саябағы орналасқан.
XIX ғасырдың 70 жылдарында ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы экскурсиялық бизнес
Алматы қаласындағы экскурсиялық - танымдық туризм
Алматы қаласының туристік фирмаларының экскурсиялық қызметін зерттей отырып, оны дамыту жолдарын ұсыну
Экскурсиызық іс-әрекеттің теориялық астары мен жүргізу әдістеріне талдау
Экскурсиондық объектілерді таңдау
Абылай хан даңғылы» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
«атакент» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
Алматы театрлары» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
Алматы қаласына шолу экскурсиясы» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
«әуезов атындағы орындар» бойынша туристік-экскурсиялық маршрутты өңдеу
Пәндер