Өкіл мен сот


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ЗАҢ ФАКУЛЬТЕТІ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ АДВОКАТУРА РОЛІ ЖӘНЕ АДВОКАТТЫҚ ҚЫЗМЕТ

Алматы - 2009

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . .

І ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША ӨКІЛДІК ЕТУ - АДВОКАТУРА ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫНЫҢ БІРІ . . .

1. 1. Сот өкілділігі ұғымы . . .

1. 2. Сот өкілділігі түрлері. Тапсырма бойынша өкілділік . . .

ІІ ТАРАУ. АДВОКАТТЫҢ АЗАМАТТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША

КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ . . .

ІІІ ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУДЕГІ АДВОКАТ-ӨКІЛДІҢ

ӨКІЛЕТТІЛІКТЕРІ . . .

3. 1. Адвокат-өкілдің сот қарауына қатысуы . . .

3. 2. Адвокат-өкілдің сот жарыссөзіне қатысуы.

Адвокат сөзі . . .

3. 3. Апелляциялық сатыдағы адвокат-өкілдің қызметі . . .

3. 4. Заңды күшіне енген сот шешімдерін қайта қарауға

адвокат-өкілдің қатысуы . . .

3. 5. Атқару өндірісіндегі адвокат-өкілдің қызметі . . .

ІV ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН СОТ ТӘЖІРИБЕСІНДЕГІ АДВОКАТ-ӨКІЛ

ҚЫЗМЕТІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР МЕН НОРМАТИВТІ-ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ТІЗІМІ . . .

РЕФЕРАТ

Бітіру жұмысының тақырыбы: Азаматтық іс жүргізудегі адвокатура ролі және адвокаттық қызмет.

Жұмыс кіріспеден; 4 тараудан: І тарау 2 бөлімнен, ІІІ тарау 5 бөлімнен; қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер мен нормативтік\құқықтық актілер, баспасөз материалдарының тізімінен тұрады.

Кіріспеде бұл тақырыпты таңдап алудағы себептері, тақырыптың өзектілігі, оны зерттеудегі мақсаттары аталып, әр тарауда қолданылған әдебиеттер, нормативтік-құқықтық актілер және баспасөз материалдары көрсетіліп кетеді.

І тарауда адвокатура қызметінің негізгі бағыттарының бірі - адвокатың азаматтық істерде тапсырма бойынша өкілдік етуі: сот өкілділігі ұғымы, сот өкілділігі түрлері, тапсырма бойынша өкілділік кеңірек қарастырылады.

ІІ тарауда адвокатың азаматтық істер бойынша консультациялық қызметті баяндалады.

ІІІ тарауда азаматтық іс жүргізудегі адвокат-өкілдің өкілеттіліктері: адвокаттың сот қарауына, сот жарыссөзіне қатысуы және адвокат сөзі, апелляциялық сатыдағы, атқару өндірісіндегі өкіл қызметі, заңды күшіне енген сот шешімдерін қайта қарауға адвокат-өкілдің қатысуы қарастырылады.

ІV тарауда Қазақстан сот тәжірибесіндегі адвокат-өкіл қызметінің мәселелері кеңірек қозғалады.

Аталған тарауларды жазу барысында отандық және шетелдік ғалым-заңгерлердің еңбектерін және негізгі заң - Конституцияны басшылыққа ала отырып Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу туралы Кодексін, Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы Заңын, адвокаттық қызмет туралы Заңын, сонымен қатар ғылыми-теориялық конференциялар мен ғылыми еңбектердің жинақтарын, республикалық баспасөз беттерінде жарияланған материалдарды да қолдана отырып жасалған тұжырымдар келтіріледі.

Қорытынды бөлімде зерттелген мәселелер төңірегінде адвокаттық қызметтің кез келген түрімен айналысатын, соның ішінде азаматтық іс жүргізуге де қатысатын адвокаттардың тәжірибедегі проблемаларын шешу жолдарын көрсетіліп, автордың өз ұсыныстары келтіріледі.

Жұмыста қолданылған негізгі терминдер: азаматтық іс жүргізу, адвокатура, адвокат, өкіл, өкілділік, тапсырма бойынша өкілділік, консультациялық қызмет, сот жарыссөзі, адвокат сөзі, апелляциялық инстанция, атқару өндірісі.

Жұмысты зерттеу барысында 39 әдебиет, баспасөз беттерінен 8 материал, 4 негізгі нормативтік-құқықтық акті пайдаланылды.

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Конституциясында адам құқықтарына, оны заңмен тиым салынбаған кез-келген әдіспен қорғауға кепілдік берілген. Демек, өкілділік осы құқықтарды пайдаланудың бір көрінісі болып табылады: Алайда барлық азаматтардың заңмен берілген өз құқықтары мен бостандықтарын пайдаланып, оны заңмен берілген тәсілдермен қорғай алмайтын кездері тәжірибеде жиі кездесіп отыратындығы жасырын емес. Міне, сондықтан да заң оларға өкілділікті - өзгенің көмегін, дәлірек айтқанда заңи білікті көмек алуына мүмкіндік беріп отыр. Міне, осы орайда мен бітіру жұмысымда құқықтың теориялы әрі қолданбалы саласы болып табылатын азаматтық іс жүргізу құқығының ауқымды институты - өкілділік институтындағы тапсырма шарты бойынша азаматтық іске қатысатын адвокаттар қызметі, адвокатураның азаматтық іс жүргізудегі ролі, ерекшеліктері, маңызы жөнінде айтпақпын.

Азаматтық іс жүргізудегі адвокаттық қызмет, адвокатураның ролін қарастыруымның себебі мыналар:

1. Қазіргі таңда Қазақстанда азаматтардың құқықтық мәдениеті; санасының өсуімен олардың қандай да болмасын құқықтары бұзылған жағдайда адвокаттар алқасына көбірек жолдануы, сонымен байланысты сот тәжірибесіндегі қаралатын істердің басым көпшілігін түрлі азаматтық істер құрайтындықтан процеске адвокаттарды көп жалдайтындығы, адвокаттың кеңесіне көбірек жүгінетіндігі;

2. Осыған орай елімізде тапсырма бойынша өкілділік етудің, соның ішінде адвокаттың азаматтық іс жүргізу саласында көрсететін қызметінің әлі толық зерттелмеуі;

Аталған мән-жайлар сонымен бірге тақырыптың өзектілігін де көрсетеді.

Тақырыпты зерттеудегі мақсатым:

1. Қазақстан Республикасының адвокат-өкілдерінің азаматтық іс жүргізуге қатысуының, олардың алатын орнын теориялық-тәжірибелік тұрғыдан зерттеп зерделеу;

2. Адвокатура мәселелерін саралап оның шешу жолдарын қарастыру.

Бұл жұмыстың бірінші тарауында соттағы өкілділік, оның түрлеріне жалпы сипаттама беріліп, түрлері аталып, азаматтық істер бойынша өкілділік етудің адвокатура қызметінің негізгі бағыттарының бірі екендігі; екінші тарауында адвокаттың кеңес беру қызметі; үшінші тарауда адвокат-өкілдің өкілеттіліктері жеке-жеке, сатылар бойынша - азаматтық істерді сотта қозғау, І инстанциялы сотта істі мәні бойынша қарауға, апелляциялық инстанцияда іс қарауға, қадағалау тәртібімен және жаңадан ащылған мән-жайлар бойынша заңды күшіне енген сот актілерін қайта қарауға, атқару өндірісіне қатысуы қарастырылады. Сонымен бірге адвокат сөзі де кеңірек талқыланады. Төртінші тарауда қазақстандық адвокаттардың азаматтық іс жүргізудегі проблемалары топтарға бөлініп көрсетіледі.

Аталған аспектілерді зерттеу барысында әрбір тарауда қолданылған әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық актілер, баспасөз материалдарын атап кетелік.

І-тарауда В. А. Мусин, Н. А. Чечина, Д. М. Чечот Гражданский процесс, Д. П. Ватман Право на защиту, М. К. Треушниковтың жетекшілігімен шығарылған Гражданский процесс, В. М. Шерстюк Судебное представительство по гражданским делам, И. М. Ильинская, Л. Ф. Лесницкая Судебное представительство в гражданском процессе, Д. Р. Джалилов Гражданское процессуальное правоотношение и его субьекты, т. б. ; ІІ-тарауда Д. П. Ватман, В. А. Елизаров Адвокат в гражданском процессе, О. В. Арсентьев Адвокатура. Адвокат в уголовном и гражданском процессах. Нотариат; ІІІ тарауда М. С. Шакарянның жетекшілігімен шығарылған Гражданский процесс, М. Ю. Барщевский Адвокат, адвокатская фирма, адвокатура, Б. С. Антимонов, С. Л. Герзон Адвокат в советском гражданском процессе, Л. М. Орлова Права сторон в гражданском процессе, Л. М. Орлова Права сторон в гражданском процессе, Д. П. Ватман Адвокатская этика, Р. И. Давиденко Рассмотрение гражданских дел, П. Я. Трубников Судебное разбирательство гражданских дел, Н. Н. Ивакина Культура судебной речи, З. Х. Баймолдина Разбирательство гражданских дел в суде первой инстанции, С. Т, Тыныбеков Адвокатура и адвокатская деятельность в Республике Казахстан, Е. А. Борисова Апелляция в гражданском и арбитражном процессе, т. б. пайдаландым. Аталған тарауларды жазу барысында сонымен қатар негізгі заңымыз - Конституцияны басшылыққа ала отырып Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу туралы Кодексін; Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы Заңын, Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы Заңын және ғылыми-теориялық конференциялар мен ғылыми еңбектердің жинақтарын, республикалық баспасөз беттерінде жарияланған материалдарды да қолдандым.

Қазақстан сот тәжірибесіндегі адвокат-өкіл қызметінің мәселелері атты І тарауды жазу барысында қазіргі таңдағы мәселелер жоғарыда аталған ғылыми еңбектерде аталғанымен де, өзектілігін жойғандықтан, көбінесе баспасөз беттерінде жарияланған материалдарға сүйене отырып өз пікірімді білдірдім.

Елімізде қазақстандық адвокат-өкілдердің азаматтық іс жүргізуге қатысуы жөнінде жеке дара еңбек әлі жарық көрген жоқ. Алайда, С. Т. Тыныбеков, З. Х. Баймолдина, О. В. Арсентьев, т. б. білікті заңгер-ғалымдар осы тақырыпты өз еңбектерінде қарастырған.

Өзге мемлекеттерде, айталық Ресей Федерациясында адвокат-өкілдің мәртебесі, қызметі, ұйымдастырылуы келелі мәселелерімен қатар терең зерттеліп жазылған. Осы тақырыпта еңбектері жарық көрген бірнеше ғалымдарды атауға болады. Олар: Д. П. Ватман, В. М. Шерстюк, И. М. Ильинская, Л. Ф. Лесницкая, В. А. Елизаров, М. Ю. Барщевский, т. б. Латын заңгері Я. А. Розенбергтің «Представительство по гражданским делам в суде и арбитражең деген еңбегінде сотта азаматтық істердің қаралуына адвокаттың қатысу негіздері, сатылары кеңірек жазылған.

Тәуелсіз Қазақстанның адвокаттық қызмет туралы Заңы 1997 жылы 5 желтоқсанда қабылданды. Осы заңға сәйкес адвокаттар заңда көрсетілген барлық тәсілдермен азаматтардың құқықтарын кез келген қол сұғушылық пен бұзудан қорғау жөніндегі міндеттерін жүзеге асырады. Атап айтсақ, қылмыстық істер бойынша қорғаушы қызметін атқару; жауапкер, талапкер және іске қатысушы өзге тұлғалардың өкілі ретінде азаматтық істерді сотта қарауға қатысу; ұйымның тапсырмасы бойынша сотта өкілділік ; заңи мәселелер бойынша кеңестер беру; өзге де заңи көмек көрсету.

І ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША ӨКІЛДІК ЕТУ - АДВОКАТУРА ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫНЫҢ БІРІ

1. 1. Сот өкілділігі ұғымы

Сотта өз істерін нәтижелі жүргізу үшін азаматтар азаматтық заңдарды, сот ісін жүргізу ережелерін жақсы білуі қажет. Азаматтардың бәрі бірдей мұндай білімге ие емес екендігі белгілі. Сондықтан да заң көмегіне жүгінуге тура келеді.

Іске қатысушы тұлғаның заңи кеңес беру, ол үшін қажетті процессуалды құжаттарды толтыру, сот алдындағы жарыссөзде оның құқықтары мен мүдделерін қорғап сөйлеу қызметі құқық қорғаушылық деп аталады. Профессор Н. А. Чечинаның пікірінше, әдетте құқық қорғаушылық соттағы өкілділіктің жеке бір көрінісі болып табылады1. Бірақ егер әдетте өкіл сотта өкілділік етіп отырғанды толығымен алмастыратын болса заңи кеңесші - құқық қорғаушы өзі өкілі болып отырған адамды алмастырмай, бірақ оған іс жүргізуге көмектесе отырып сот ісін жүргізуде айтарлықтай маңызды да, дербес рольге ие болады. Құқық қорғаушыға қажеттіліктен адвокатура деп аталатын ерекше институт пайда болды. Республика дәуірінде римдіктер сотта жолдас болған кеңес берген жақын туыстары мен достарын осылайша атаған. Адвокатура тарихында Ежелгі Рим кезеңінде өз қызметінің салаларының өзара тығыз байланысты болғандықтан сот өкілі мен құқық қорғаушылық қосылған болатын. Азаматтық істерді сотта қараудағы өкілділіктің өкілділіктің мақсаты тараптар мен үшінші тұлғалардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғау үшін заңмен көзделген барлық әдістер мен процессуалды тәсілдерді қолдану болып табылады. Егер жауапкер немесе талапкер процеске өз атынан өзінің материалдық-құқықтық мүдделерін мән-жайларды дәлелдеу арқылы қатысса, сот өкілі сот ісін жүргізуге үшінші тұлғалар немесе тараптар атынан олардың мүдделерін көздеп қатысады. Сонымен сот зерттеуінің пәні өкілдің жеке материалды-құқықтық мүддесі емес, азаматтық құқықтық дауға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері болып табылады2.

«Адвокатң сөзі латыншадан аударғанда қолдаушы, жақтаушы, іс қуушы деген мағынаны білдіреді. Ежелгі Римде адвокат деп айыпталушының сотта оны алып жүруін сұраған достары мен жақын-туыстарын түсінген3.

Азаматтық процестегі сот өкілі дегеніміз өкіл берушінің (азамат немесе ұйым) атынан оның мүддесі үшін процессуалды әрекеттер жасайтын тұлға. Сот өкілі деп азаматтық істер бойынша сот әділділігін жүргізуде сотқа сот әділділігін жүргізуге септігін тигізу және өкілдік берушінің өз құқықтарын жүзеге асыруға көмектесу, сондай-ақ азаматтық сот ісін жүргізуде құқықтардың бұзылуын болдырмау, неғұрлым тиімді сот шешімін алу мақсатында өкіл берушінің атынан сотта оған берілген өкілділіктер негізінде бір тұлғаның екінші бір тұлғаның мүддесі үшін жүзеге асыратын қызметі танылады.

Адвокат өзі өкілі болып отырған адамның құқықтары мен заңды мүддесін білдіреді. Әдебиеттерде заңды мүдде анықтамасы түрліше тұрғыда қарастырылады. Көп жағдайда заңды мүдде қандай да бір себептермен субьективтік құқықтармен жанамаланбайтын нақты мүдде немесе қажеттілік арқылы анықталынады. Заңды мүдденің мәні мүдденің иесінің немесе оған қарсы тұлғаның іс-әрекетінің мазмұнына байланысты болады. Егер мүдде қандай да бір іс-әрекетті жасаудан бас тарту жолымен қанағаттандырылатын болса, онда мұндай жағдайда ғана заңды мүдде орын алады4.

Өкіл мен өкіл берушінің арасындағы қарым-қатынас материалды құқық (азаматтық, отбасы, еңбек құқығы) нормаларымен реттеледі. Ал өкіл мен сот арасындағы қарым-қатынас азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттеледі5.

Азаматтық процессуалды өкілділіктің белгілері:

1. Өкіл өкіл берушінің атынан шығады, бұл келісім-шартпен белгіленеді;

2. Өкіл өкіл берушінің мүддесі үшін қызмет етеді;

3. Өкіл процесте өкіл берушінің міндеттерін атқарып құқықтарын жүзеге асырады;

4. Өкіл оған өкіл берушімен және заңмен берілген өкілеттіліктер шеңберінде әрекет етеді;

5. Процессуалды әрекеттерді жасай отырып өкіл өкіл беруші үшін құқықтар мен міндеттер тудырады.

Өкілділіктің пайда болуының негізі әрқашан да өкіл берушінің ерік білдіруі болып табылады.

Адвокаттың өкіл болып қатысуы үшін мыналар қажет:

-тапсырма шартын жасасу (материалды-құқықтық факт) ;

-азаматтық іс қозғау;

-заңға сәйкес рәсімделген өкілеттіліктерді ұсыну негізінде іске қатысуға өкілді соттың жіберуі(процессуалды факт) .

Процессуалды өкілділік мынадай 3 түрлі құқықтық қатынастардың болуымен ерекшеленеді:

1. Өкіл мен өкіл беруші;

2. Өкіл мен сот;

3. Өкіл беруші мен сот6.

Сот өкілділігі - сот пен сот өкілі арасындағы барлық қоғамдық қатынастарды емес, қоғамдық қатынастың тараптарын (элементтерін) реттейтін азаматтық прцессуалды құқықтың жалпы институты. Осындай элементтерінің бірі көптеген ғалымдар сот өкілділігі анықтамасында дұрыс белгілейтін оның субьективтік жағы болып табылады. Ал субьектісі Азаматтық іс жүргізу Кодексінде көрсетілген өкіл беруші атынан процессуалды әрекеттер жасайтын өкілеттілігі дұрыс рәсімделген тұлғалар ғана бола алады. Осы институтты құқықтық реттеудің тағы бір элементі - өзіне жүктелген міндеттерді орындауға бағытталған сот өкілінің процессуалды іс-әрекеттері (қызметі) .

Сот өкілділігі институты - азаматтық іс жүргізу құқығы саласының құрылымдық бөлімшесі. Сондықтан оны құратын құқықтық нормалар процессуалды нормалар болып табылады. Материалды-құқықтық нормалар азаматтық іс жүргізу құқығының салаларына, соның ішінде құқықтың осы саласының институты - сот өкілділігіне ене алмайды. Аталған құқықтық нормалар өзгелермен бірге құқықтың материалды саласының тиісті құқықтық институттарын құрайды7.

Д. Р. Джалиловтың ”Гражданские процессуальные правоотношения и его субьекты” деген еңбегінде азаматтық іс жүргізу құқығының субьектілерін былайша бөле топтастырады:

А. Іске қатысудағы мақсаты өз құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылатын үшінші тұлғалар, тараптар;

Ә. Азаматтардың заңмен қорғалатын мүдделері мен құқықтарын немесе қоғамдық не мемлекеттік мүдделерді қорғау және азаматтық сот ісін жүргізу заңдарының дәлме-дәл, дұрыс орындалуы үшін іске қатысатын прокурор;

Б. Іс бойынша қорытынды беретін және өзге адамдардың құқықтарын қорғаушы ұйымдар мен мемлекеттік және қоғамдық органдар;

В. Өзге тұлғалардың мүддесіне талап ұсынатын азаматтар;

Г. Қаралып отырған іс жөнінде өз пікірін сотқа айту үшін процеске қатысатын қоғамдық ұйымдардың өкілдері.

Демек, адвокаттарды азаматтық істер бойынша өкіл ретінде азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынасының субьектісіне жатқызамыз. Адвокат іске өкіл болып қатысқандығынан азаматтық құқықтық қатынасқа түседі. Осы құқықтық қатынастың мазмұны мүмкіндігі немесе қажеттілігі процессуалды құқықтармен және міндеттермен белгіленген заңи мүмкіндіктер немесе тиісті процессуалды әрекеттер бола алады8. Осы еңбекте профессор Д. М. Чечоттың мынадай пікірі келтірілген: процесс қатысушысы түсінігін анықтаған кезде критерий ретінде мыналар алынады: 1. сот әділдігін жүзеге асыру жөнінде қызметін тоқтату, өзгерту немесе пайда болуын өз әрекеттерімен азаматтық іс жүргізу құқығы субьектілерінің тудыру қабілеті;

2. процеске өзге адамдардың немесе өзінің құқықтарын қорғауды арнайы мақсат етіп қатынасу.

Сот өкілдігі өкіл берушінің өкілге жеке сенім білдіруіне негізделген, сондықтан өкілдің әрекет қабілетсіздігі жағдайында ол оның құқықтарын жүзеге асыратын тұлғамен алмастырыла алмайды9.

Өкілдердің процеске түсуі үшін процестен тыс ерекше құқықтық қатынастардың пайда болуы қажет. Өкілділіктің сипаты (заң бойынша өкілділік үшін негіздердің болуы, тапсырма шартының мазмұны, сенімхатпен белгіленген өкілеттіліктер шеңбері, т. б. ) сот өкілдерінің процестің қаншалықты дербес қатысушысы екенін көрсетеді10.

Ұйымдар, мекемелер, кәсіпорындар, азаматтар мүдделері мен құқықтарын қорғаудың азаматтық процессуалдық-құқықтық құралдарының тиімділігі - бұл оларды азаматтық процесте неғұрлым тиімді пайдалану негізінде қол жеткізілген неғұрлым жоғары нәтиже. Сот өкілділігі - осындай құралдардың бірі, алайда оның тиімділігінің дәрежесін анықтау қиындау, өйткені сот шешімдерінің және ұйғарымдарының заңдылығы сот төрелігін жүзеге асыруға ықпал еткен тұлғалардың, іске қатынасқан тұлғалардың, соттың қызметіне байланысты. Сот өкілділігі сот қаулысында белгіленген сот пен өкілдің позицияларының толық сәйкестігі жағдайында тиімді болады. Алайда, позициялары сәйкес келіп, шығарылған шешім заңсыз, азаматтық процесте өкілдің талабы немесе қарсылығы дұрыс, жеткілікті аргументтелген, ал сот оны мойындамай заңсыз қаулы шығарған жағдайлар да болады11. Сот өкілділігі дұрыс жүзеге асырылуы, қажетті құқықтық нәтижеге жетуге бағытталуы керек. Сот өкілділігі дұрыс және жеткілікті белсенді болмаған жағдайда тиімсіз болады. Сот өкілінің процессуалды өкілеттіліктерін теріс пайдалануы сот әділділігіне зиян әкеледі. Бәсеңдігі іс бойынша обьективті шындықты белгілеуге кедергі келтіреді. Сот өкілділігі мынадай екі өзара байланысты мақсатқа бір мезгілде бағытталған жағдайда тиімді болады:

-өкілі болып отырған тұлғалардың мүдделері мен құқықтарын қорғау;

-сотқа заңды және негізді шешім немесе ұйғарым шығаруға ықпал ету.

Сот өкілдерінің процессуалды-құқықтық жағдайын анықтау үшін екі түрлі құқықтық қатынасты ажырату қажет: сыртқы; ішкі. Өкілдер ішкі қатынастың қатысушысы ретінде (өкіл мен өкілі болып отырған азаматтар, ұйымдар арасында) азаматтық іс жүргізу құқығының дербес субьектісі болады. Оның міндеті - тараптарға, үшінші тұлғаларға әртүрлі әрекеттер жасауға, дәлірек айтқанда, талап арызын, талапқа жауап жазуға, түрлі кеңестер беруге, сотта олардың позицияларын қолдауға көмектесу, т. б. Сонымен қатар өкілдер талаптың негізі немесе оған қарсылық білдіру фактісі жөнінде мәліметтер, жасалынатын жұмыстары үшін сыйақы алуына, т. б. құқығы бар. Аталған құқықтар сонымен бірге ішкі құқық қатынастарының мазмұнымен де қамтылады. Сыртқы - бұл арызданушы, үшінші тұлғалар, тараптар мен сот арасындағы қатынастар, өйткені өкілдер оның мазмұнына енетін құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыра отырып оған қатысады. Оларға берілген өкілеттілік - өкілі болып отырған тұлғаның процессуалды құқықтары мен міндеттерінің формасы.

Процессуалды әдебиеттерде азаматтық процестегі адвокаттың жағдайы оның қылмыстық іс жүргізудегі жағдайынан айырмашылығы айтарлықтай деп дұрыс көрсетілген. Егер азаматтық процестегі адвокаттың басты функциясы клиент атынан өкілеттілік ету болса, қылмыстық процесте адвокат сотталушының қорғаушысы ретінде оның атынан өкілділік етпей, заң көмегін көрсете отырып қатысады. Осыған байланысты қылмыстық процестегі қорғаушыға өкіл терминін қолдану дұрыс емес, өйткені бұл ұғым азаматтық құқықтық және азаматтық іс жүргізу қатынастарына тән12.

Кей жағдайда адвокат азаматтық істі жүргізуге тапсырма алғаннан кейін іс бойынша жиналған материалдарына обьективті анализ жасау нәтижесінде сенім білдірушінің құқықтық жағдайына алдын ала баға беру бұрыс жүргізілгендігін және клиенте талапқа қарсылық білдіруге және талабын қанағаттандыруды талап етуіне негіз жоқ екендігіне көзі жетеді. Мұндай жағдайда істі жүргізуден адвокаттың бас тартуы іс сотта қаралғанға дейін сенім білдіруші өз таңдауы бойынша әрекет етуі үшін алдын ала білдірілуі керек. Мұндай жағдайда адвокат клиентке іс материалдарына және заңға негізделген позициясын айтуға, оны ниетінің, жасамақшы әрекетінің дұрыс емес екендігіне сендіруге тырысуы керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық құқық бойынша өкілдік беру
Сотта өкілдік ету:түсінігі және түрлері
Азаматтық істерді жүргізудегі өкілдік етуде адвокатураның атқаратын қызметі
Өкілдіктің түсінігі мен маңызы. Сенімхат
Өкілдіктің қолдану аясы
Сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар
Адвокатура қызметінің түсінігі
Адвокаттың азаматтық процеске өкіл ретінде қатысу мәселелері
Азаматтық құқықтағы соттағы өкілдік
Азаматтық іс жүргізудегі адвокат қызметінің құқықтық мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz