Адам құқығы мәселесінің қалыптасуы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

Абай атындағы қазақ ұлттық университетінің заң факультеті күндізгі

Адам және азамат құқықтары, бостандықтары мен міндеттері ” тақырыбында жазған дипломдық жұмысына

П І К І Р

Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі жарияланғаннан бергі жылдары еліміз құқықтық мемлекет құру жолында үнемі алға ұмтылуда. Адам құқығы мәселесі бүгінгі күнгі өзекті болып тұрған мәселе, бола бермек.

Диплом жұмысы жоспары оңтайлы құрылып, ғылыми материалдар ыңғайлы сарапталған. Қазақстандық заңгерлердің еңбектері және теориялық сипаттағы классиктер қөзқарастары ұтымды пайдаланылған. Соның ішінде аталған мәселелер Қазақстан Конституциялары мен төл заңдарын салыстыра отырып талдау жасағаны өте орынды.

Жұмыс үш тараудан тұрады: “адам құқығы мәселесіне тарифи-теориялық шолу”, “Адам және азамат” және „Құқық, бостандық және міндет”. Бірінші тараудың мазмұнын құрайтын тарихи-теориялық мәселелер өткен мен бүгінгі мәселелерді ұштасыруға алкен еңбек еткендікті көрсетеді.

Адам және азамат мәселесіне арналған екінші осы құбылыстардың қайнар көздері және оның Қазақстан Республикасы Конституциясындағы қағидаларынан тұрады. Қазақстан Республикасы азаматтығының негізгі мәселелері Конституциямен және Республиканың азаматтық туралы Заңымен реттеледі. Конституцияға азаматтық туралы негізгі қағидалар: барлық азаматтардың теңдігі туралы; азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі туралы; құқықтар мен бостандықтардың шектелуіне жол берілмейтіндігі туралы азаматтықтан айыруға; Республика шегінен қуғындауға және басқаларына жол берілмейтіні туралы қағидалар негізделген.

Қазақстан азаматтарының нақты құқықтары, бостандықтары және міндеттері үшінші тарауда талдауға түседі. Қазақстан Республикасының Конституциясы адам құқығы туралы халықаралық құжаттардың негізгі идеялары мен қағидаларын қабылдады және оны мемлекеттің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып нығайтты деп тұжырымдалады.

Еңбек жоғарғы оқу орындарын бітірушілер жұмысына қойылатын талапқа сәйкес жазалап жақсы деп бағалауға тұрарлық.

Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы

кафедрасының аға оқытушысы Молдахожаев Ш. Ш.

Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті, заң факултетінің 5 курс студенті Аяғанов Е. “Адам және азамат құқықтары, бостандықтары мен міндеттері” атты дипломдық жұмысына

Рецензия

Қазақ мемлекетінің құрылуы мен дамуы барысында адам құқығы мәселесі әртүрлі тарихи тұрғыдан зерделенді. Қазақстанның тәуелсіздікке қолы жетіп құқықтық мемлекет құру жолындағы осы бір тарихи кезеңінде, адам және азамат құқықтары, бостандықтары мен міндеттері оның маңыздылығы (актуалдылығын) көрсетеді.

Жұмыс тарихнамасының сан алуан және өзекті екенін байқаймыз. Соның ішінде теориялық негізі өте бай. Атап өтетін жағдай Қазақстан Конституциясы (1995 жыл) баптарын және егемендікке жеткен уақыттан кейінгі заңдарды жиі, әрі орнықты қолданған. Диплом жұмысының жазылуына негіз болған Қазақстан Республикасы Конституциясы, құжаттар жинақтары, классиктер еңбектері, Қазақстан заңгерлері туындылары мен баспасөз материалдары.

Диплом жұмысын жазудағы авторының мақсаты мемлекеттік егемендік және оның конституциялық кепілдіктері мен билік бөлісу жүйесі бағытында Қазақстандағы адм құқығы мәселесінің өзектілігін дәлелдеу.

Ұлттық мемлекетіміздің бұлжымастығын қуаттап отырып еңбек мазмұны ғылыми-объективтік тұрғыдан құрылған

Жұмыс өз бетімен орындалған және аяқталған. Еңбекті “үздік” деген бағаға ұсынуға лайық, деп ойлаймын.

«Конституциялық және халықаралық құқық»

кафедрасының меңгерушiсi,

с. ғ. д. профессор ………. . Ә. Ғ. Бакаев

М А 3 М Ұ Н Ы

КІРІСПЕ . . . . . . 3-6

I ТАРАУ. Адам құқығы мәселесіне тарихи-теориялық шолу

  1. Адам құқығы мәселесінің қалыптасуы . . . … 7-12
  2. Қазақстандағы адам құқығы . . . … 12-13
  3. Қазақстан Республикасындағы адам құқықтарын қорғау . . . 13-21

II ТАРАУ. Адам және азамат

  1. Азаматтықтың жалпы негіздері . . . 22-32
  2. Қазақстан Республикасы азаматы мәртебесі . . . 32-40

IІI ТАРАУ. Құқық, бостандық және міндет

  1. Конституциялық құқықтыр, бостандықтар мен міндеттер жүйесі . . 41-58
  2. Саяси құқықтар мен бостандықтар және басты міндеттер . . . 58-67

ҚОРЫТЫНДЫ . . . ……. . 68

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 69

КІРІСПЕ

Қазіргі кезеңде рухани құндылықтардың ішінде адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерінің алатын орны ерекше. Әлбетте, адам құқықтары мен негізгі еркіндіктері оларға мемлекет немесе басқа біреудің тарапынан сыйға тартылмағандықтан, оларды адамның табиғи құқықтары деп атайды. Дәлірек айтатын болсақ, табиғи құқықтарына адамның өмір сүруі, еркіндікке жету, жеке басының еркіндігі жатады. Сол себепті де адам қандай да бір күш немесе үкімет алдында өздерінің табиғи құқықтары үшін мәңгі қарыздар емес екендігі айқын. Табиғи құқықтармен негізгі еркіндіктердің азаматтар несібіне жазылғандығы, ол адам, яғни осы өзі жеткілікті. Тек қана, осы табиғи заңдылыққа қол жеткізу үшін де орасан зор күш жұмсау қажет болды. Ал адамның мемлекет пен өзара әрекеті нәтихесінде туындайтын құқықтары, яғни еңбек ету, білім алу, азаматтық алу, сот әділдігіне жүгіну, салауатты өмір сүру, еркін жүріп түру, мүліктерге ие болу құқықтары үшін әліде толастамай келеді. Жаңа үшінші мыңжылдық алдында көптеген халықтар бостандық пен тәуелсіздікке жетті. Яғни адам құқықтары мен негізгі еркіндіктерінің дәуірі туғандай.

Адам құқықтары мәселесі - бүкіл адамзатқа ортақ мәселе. Адам құқықтарына, негізгі бостандықтарына, демократияға және заңдық үстемдікке қатысты мәселелер халықаралық мәнге ие, өйткені бұл құқықтар мен еркіндіктерді қамтамасыз ету халықаралық құқытық тәртіптің негізгі құрамдас бөлігінің бірі болып табылады. Мемлекеттердің ( Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропа Қауіпсіздігінің ынтымақтастық Ұйымы ) халықаралық институттар көлемінде қабылданған адам құқықтары төңірегіндегі міндеттемелері, жеке мемлекеттердің тек ішкі ісі болып қана қоймай, барлық қатысушы мемлекеттердің көздеген мүддесіне айналды. Бүкіл әлем халықтарының қауіпсіздігі мен ынтымақтастығын нығайту түсуге септігін тигізетін маңызды халықаралық келісімдерге жету осындай негізде ғана мүмкін болды. Мысалы ретінде қойылған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастықтық Кеңесіне Қорытынды Актісін айтуға болады. Бұл Қорытынды Актіні қабылдау Еуропалық құрлықтағы мемлекеттер арасындағы тығыз қатынастың дамуына ықпал жасайтын тарихи оқиға болды.

Қорытынды Акт бұл бейбіт және бейбіт қатар өмір сүруге ұмтылған мемлекеттер арасындағы қатынастар парқын қалыптастырып қана қоймай, сонымен бірге мемдекеттердің дамуы мен ынтымақтастығының бағытын айқындайтын бірыңғай құжат деуге де болады. Қорытынды Акті Еуропа мемлекеттері арасындағы жаңа келісімдер мен келісімшарттардың дайындалуы мен қалыптасуын, жалпы Еуропалық мәжілістердегі қол жеткізген келісімдерді жүзеге асыруды ескереді.

Жалпы адам құықтары туралы сөз қозғағанда 1948 жылы 10 желтоқсанда қабылданған «Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясына» назар аудармауға мүмкін емес. Адам құқықтарын қорғау, оның қажетті талаптарын жасап, жүзеге асыру мәселелері халықаралық қатынастарда көптеген ұйымдар мен мемлекеттердің басты мақсаттарына айналып, олардың заңдарында, кейбір ұйымдардың бірқатар құжаттарында орын алып келеді. Алған рет бұл салада қабылданған басты құжат «Адам құқықтарының жалпы Декларатциясы ». Ал Еуропа аймақтары арасында адам құқықтарына байланысты құқықтық реттеу тек Екінші Дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін ғана қолға алына бастады. Осы орайда 1950 жылы Римде «Адам құқықтары бойынша Еуропа Клнвенциясы» қабылданып, өз жұмысын жүзеге асыра бастады.

Адам құықтарының жалпыға бірдей Декларатциясының бірінші тармағында: адам баласының құндылығы: «бостандықтың, әділеттіліктің және жалпы бейбітшіліктің негізі болып табылады»- деп көрсетілген. 1

Аадам құқықтары бойынша Еуропа Конвенциясының алғы баптарында Жоғарыда Келісуші Тараптар өз юрисдикциясында табылатын әрбір адамның құқығы мен еркіндігін қамтамасыз ету мәселесі қарастырылған. Ешкім адам баласына қарсы әдейі қасақана қылмыс жасай алмайды, егер қылмыс пайда болған кезде ол сот шешімі мен өлім жазасына тартылады делінген. Конвенцияның 4 бабына сәйкес, ешкім басында еркі жоқ біреудің құлы болмау керек; ешкім мәжбүрлеп немесе міндетті түрде жұмысқа тартылмауы керек;

Әрбір адам еркіндік және дербес құқығына ие. Өз құқықтарынан және еркіндіктерінен адамда ешкім ажырата алмайды, тек заңмен бекітілген келесі жағдайларда ғана:

- компетентті сот оны айыпты деп тану негізінде;

- заңмен көрсетілген, заңды сот шешімін орындамаған немесе кез келген міндеттемені орындауды қамтамасыз ету мақсатында заңды түрде тұтқындау нмесе тұлғаны ұстау;

- компетентті орган алдында кәмелетке толмаған тұлғаны заңды ұйғарым негізінде тәрбиелеушілік қадағалау үшін немесе оны заңды түрде ұстау;

- заңды түрде инфекциялық ауруларды таратушы, жанауруларын, алкоголиктерді, наркомандарды ұстау;

- бір елден екінші елге заңсыз өтуге әрекеттенген тұлғаларды Заңды түрде ұстау. Барлық ұсталғандарға оның ұсталғандығы туралы өзіне түсінікті тілде хабардар етеді. Ұсталған әрбір айыпталушы әділ сотқа жүгініп, құқықтарына негізделіп қылмыскер атауынан ақтау құқығына ие.

Халықаралық құқық саласында адам құқықтары ертеден келе пайда болып, дами бастаған салалардың біріне жатады. Жалпы адам құқықтарының қалыпсауы мен дамуында ертеден бері ұлы ғұлама ойшылдар өз пікірлерін ұсынған. Айта кететін болсақ Ежелгі Грейияда адам құықтарының дамуына әсер еткен Гесиод пен Солонды, Сократты айтатын болсақ, ал Ежелгі Римде Аврелий, Цицерон және Ульпиндар арықарай дамытуға өз үлестерін қосты. Кеңестік ғалымдардан Блищенко И. П, Дмитриева Г. К, Черниченко С. В, Лукашева Н. И, Бекяшев сынды зерттеушілер кіреді.

Қазақстанның заң ғылымында адам құықтары жөніндегі құқықтық мәселелер белгіді бір аяда зерттелгенімен де, бұл мәселе туралы құқықтық аспектілер толық зерттелмеген.

Қазақстан ғылымында осы саланы зерттеу жұмыстары жөнінде бастамалар тарихтан белгілі Тәуке ханның Жеті жарғысында орын алған. Мемлекетіміз тәуелсіз мемлекет болғаннан бастап, адам құқықтарын қорғауды басты міндет деп біліп халықтың хал-ахуалын жақсарту көп күш шығармақта. Елімізде құқықтың бұл саласынынң терең жол алып дамуына ықпал аткен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі комиссияның мүшесі М. А. Сарсембаев, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің халықаралық қатынастар және Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты кафедрасының меңгерушісі, тарихи ғылымдарының докторы, профессор Ж. У. Ибрашевтің Адам құқықтары саласындағы жинағын, сонымен қатар С. К. Жүрсімбаевтың Адам құқықтары мен азаматтық еркіндіктердің қамтамасыз ету мәселесін ғылыми тұрғыдан айқындап.

Диплом жұмысының мақсаты адам құқықтарының қалыптасуы мен дамуын қарастыра отыра, Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары және бостандықтары мен міндеттерінежүйелі талдау жасау.

Қазақстан Республикасы тәуелсіз ел болып, халықаралық құқық субъектісі ретінде танылып, өз халқының құқықтары мен бостандықтарын қорғауда көптеген шараларды жүзеге асырды. Шаралардың негізін қалаушы нақты адам құқықтарын тікелей реттейтін құжаттың жетіспеушілігі. Еліміз көптеген халықаралық конвенциялардың қатысушысы ретінде халықаралық аяда өз халқының құқығын қорғауда. Құқықтың бұл саласына байланысты халықаралық кеңістікте қандайда бір мәселе туындаса, бұл проблеманы екіжақты және көпжақты ынтымақтастық негізінде, әрине мемлекеттік деңгейде шешу қажет.

Жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I ТАРАУ. Адам құқығы мәселесіне тарихи-теориялық шолу

  1. Адам құқығы мәселесінің қалыптасуы

Адам құқықтары - құқықтың саласы, негізгі азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар мен адам бостандығын қалыптастыратын нормалардың жиынтығын және жеке құқықтар мен бостандықтардың дұрыс орындалуын көздейтін құқықтық - ұйымдастыру тетіктері.

Адам құқықтары ұзақ тарихи қалыптасудың эталондары мен стандарттардың нәтижесі болып, қазіргі демократияның нормасы ретінде қалыптасты. Тұлға мен билік арасындағы қарым-қатынастардың әдістері мыңдаған жылдар бойы назарда болды. Қоғам прогресі мен адамның дамуы, бостандық жолында мемлекеттің тұтас билігін тежеу талпынысы, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өктемдік әрекетінен адамдарды сақтау, тұлғаға барынша өз тағдырын өзі шешу кең түрде мүмкіншілік беру айқын көріне бастады.

Әрбір адам тұлғасынан бастап белгілі бір мөлшерде ( материалдық және рухани) ажыратылмас құқықтарға ие, ол құқықтарды қамтамасыз ету үшін қоғам мен мемлекет жәрдемдесуі тиіс. Әрқашан да бұл игіліктдің мөлшері материалдық өндіріс жүйесінде тұлғаның қоғамдағы әлеуметтік құрылымында алатын орнымен анықталады. Қоғам дамуының әр сатыларындағы құрт өзгерістер, өркениет өзгешелігі, формальды теңдік қағидасына негізделген адам құқықтарына қазіргідей жан- жақтылық белгісін берген жоқ.

Дегенмен V - IV ғасырларда ежелгі полюстерде демократия идеясы мен азаматтық алғаш рет дүниеге келген жерде адам құқықтары тұжырымдамасының пайда болуы прогресс пен бостандық жолындағы үлкен қозғалыс болды.

Ежелгі плюсте азаматтық пен саяси құқықтар байланысты болды: бостандық, мемлекеттік істерді шешуге арналған құқық, әділеттілікті орнатуға қатыстысу құқығы қара жұмыспен айналыспаған адам ғана иеленеді.

Азаматтықтың ежелгі полюстерде шектеулілігіне қарамастан, мұндай институт тек мәдениетің жұмыс істеуі мен дамуының бір құралы болып табылады.

Алғашқы кезде заңның құнына, заңдылыққа ерекше көңіл бөлген азаматтық туралы, адам құқықтары туралы ұғым, әр азаматтың полюске деген қамқорлық теория жүзінде пайда бола бастады. Келесі қоғамның дамуы адам құқықтары мен заңның үстемдігі бір - бірімен тығыз байланысты екенін көрсетті. Бұл ежелгі ойшылардың мемлекеттік, бостандық және ізгілік бағытындағы үдемелі дамуының белгісі болды. Тарихи дамудың баспалдағы адам құқықтары үшін, бостандықтары үшін кеңеюі және баюы үшін болған күрестің нәтижесі еді.

Гуманистік игіліктің алтын қорына енген адам құқықтары тұңғыш рет Ұлы бостандық хартиясында (1215ж. ) мазмұндалып, ағылшындардың құқықтары туралы билльмен (1689ж. ), Егемендік декларациясымен (1776ж. ), американдықтардың Құқтар туралы билльмен және адам мен азаматтардың құқықтары декларациясымен дамытылды. 212 б Бұл игіліктердің генезисін көре тұра, адамдардың табиғи құқықтарын оқып зерттеуге талпыныс берген ежелгі гректердің философиясын, әлеуметтік әділдік пен теңдіктің жорамалдарын қозғаған реформация мен білімпаздықтың кезеңіндегі постулаттарды еске түсірмеуге болмайды.

1919 жылы Ұлттар Лигасының жарғысы адам құқықтарын жинайтын жалпы ережелерді қосқан жоқ. Ол кезде адам құқықтарын халықаралық түрде қорғау туралы ойды Ұлттар Қауымдастығы мойындаған жоқ еді, сонымен қатар ол келісімнің құрастырушылары оған үлкен мән берген жоқ. Бірақ ол келісімде адам құқықтары туралы халықаралық заңдардың дамуына әсер ететін екі ереже болды (22 және 23 баптар) .

22 бапқа сәйкес, Ұлттар Лигасының жарғысымен Лига мандаттарының жүйесі құрылды. Бұл ереже тек Бірінші Дүниежүзілік соғыста жеңілген, бұрынғы отар мемлекеттерге ғана қолданылады. Бұл қағидаға сәйкес, отар мемлекеттер Лигаға тәуелді аумақтар болып қайта құрылып, ол мемлекеттердің басқаруын жеңуші державаларға берді, ол өз кезегінде жыл сайын Лигаға олардың міндеттерді қалай орындаған жөнінде баяндайтын.

Лиганың ыдырауымен бұл мандаттар жүйесі де жойылды.

Ұлттар Лигасы жарғысының 23 бабы әйелдерге, ерлерге және балаларға әділетті және адамгершілікті жұмыспен қамтамасыз етуге қатысты мәселелерге арналған. Сонымен қатар, бұл бап айтылған мақсаттарға жету үшін, халықаралық ұйымдарды құруды көздейді. Бұл қызметті Ұлттар Лигасы құрылған уақытта құрылған Халықаралық еңбек ұйымы өзіне алды. Халықаралық еңбек ұйымының заң шығару міндеті және оның құрған халықаралық еңбек шарттары мен адам құқықтары туралы халықаралық заңдардың дамуына үлкен ұлес қосты.

Сонымен қатар, Ұлттар Лигасы азшылықтың құқықтарын қорғайтын жүйенің дамуында үлкен рөл атқарады. Бұл өкілеттілікті Ұлттар Лигасы бірінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі қол қойылған келісімдер арқылы алды. Сол соғыстың салдарының бірі, Еуропа мен Таяу Шығыстың саяси картасының өзгеруі болды. Жаңа мемлекеттер пайда болып, көптеген мемлекеттер өз тәуелсіздігін алды. Көпшілікте олардың құрамына этникалық, тілдес мәдени азшылықтар кірді. Жаңа саяси тәртіптің болуы олардың мәдени өмір сүруіне қауәп-қатер туғызады деген байсалды, тарихи күмән болды. Сол үшін жеңуші державалар одағының өкілеттіліктері, жаңа мемлекеттердің өздерінің этникалық, тілдік, діни құқықтарын қорғайтын арнайы келісім шартқа қол қоюды кеуделеді. Бұндай келісім шарттарға қол қойылды. Азшылықтың құқықтарын қорғайтын жүйені қолданатын мемлекеттер азшылық жөніндегі кемсітушілікке жол бермеуге, азшылықтың этникалық, діни тілдес бірлестігін сақтап қалу үшін ерекше құқықтар беруге міндеттенеді.

Ұлттар Лигасының келісімі бойынша екі жақ өз міндеттемелерін орындауына кепіл берді.

Азшылықтың құқықтарын қорғайтын жүйе Ұлттар Лигасымен бірге жойылды .

Сонымен, халықаралық құқықтардың ішінде түрлі топтардың құқытарын қорғайтын институттар мен доктриналар пайда болды. Халықаралық құқытардың бұл аспектілердің теория мен іс жүзінде қолданылуы, адам құқытарының дамуына концептуалды және институционалды негіздер қалды.

Бұл құқық саласының дамуында ежелгі гректік көзқарас бойынша адам құқықтарын қлыптастыру жалпы мифалогиялық арнада үсынылып, полис (қала-мемлекет) және оның заңдары діни тегі және діни шындыққа сүйенуі еді. Құқық жалпы алғанда әр адамның құқығы полисқа мүшеліктен шығу, тиімді ұсыныстарға сүйене күште емес, ал діни шындық тәртіпте деген.

«Гомерлық Греция» кезеңінде (б. д. д. 2000 мың жылдық аяғы) эллиндер төмендегі түсініктерге сүйене келген, мысал, «дике » (шындық, әділдік), «темис» (әдет-ғұрып, әдеттегі құқық), «тиме» (жеке намыс), «номас» (заң. )

Құдайшылық өзінің табиғи әділдігі Гомерға құықтық критерия және объективті негіз сапасында еді. Сол кездегі көзқарас бойынша әділдік құқық сияқты қабылданған еді. Тек легитимациялық контексттің ұсынуымен әділдік туралы (дике) немесе басқада талаптар құқықпен танылып және әдет-ғұрыптан шыққан (темис) .

Бірдей әділдік идеясы, полис және заң Гесиодтың (б. д. д. VII ғасыр) .

«Теогония» және «Труды и дни » поэмаларында айқын көрніс табады. Гесиодтың (VII ғ. б. э. д. ) «Теогония» және «Труды и дни» поэмаларында айқын көрніс табады. Гесиодтың пікірінше әділдік (дике) және ізгі заңдылық (эвномия) - бұл әпкелі - әйел құдай Фемида деп көрсеткен. Осы діни анықтау бойынша, Гесиодтың ойынша «шындықты құқық алмастырады», «күш қайда болса, құқықта бар» .

Гесиодтың поэмасында сол уақыттағы қоғамдық-әлеуметтік индивидуалдық-адамдық бастаудың күшеюі куәландырылған. Құқық әрқашан және әрбір жерде адам құқық субъектілігіне, тұлға еркіндігіне ұйғарылады. Әйгілі Антикалық философияны және әлеуметтік-құқықтық ойды зерттеуші Эрист Кассирер бұл бағыт бойынша өзінің көзқарастарын ұсынған.

Құқық жалпы алғанда әрбір адамның құқығы жалпы норманың болуымен әрекет етеді. Бәріне субъективті шамада тыйым салынған және рұқсат етілген, еркіндіктің тең шамада болуы өз құқытыран қорғаудағы негіздердің бірі ретінде қарастырылған. Осы орайда елеулі құқықтық мағынаға ие пікір «жеті данышпан» ды, ондағы әрбір істегі «шама» және «ортаны» нақты керекті мәнділігін сақтау болып табылады.

«Жеті данышпандың» бірі Солон (б. д. д 638-559 ж. ж. ) . Ол белгілі афина мемлекетінің қайраткері және заң шығарушы болған. Өз ұсыныстары аясында Солон ұзақ уақытқа созылған құлдықты жоқ етіп, Афинада біркелкі цензовалық демократияны құруды басты мақсат етті.

Ежелгі гректік ойшылдардарының барлық адамның еркіндігі мен теңдігі жайлы ойларын арықарай Ежелгі Римде өз жалғасын тапты.

Ежелгі Римде Табиғи құқықта мемлекет туралы оқу бойынша көзқарастарды адам құқықтары және сол салада заңды тұрғыда қарастырған Цицерон ( б. д. д 106-43 ж. ) .

Құқықтың негізінде Цицеронның айтуынша, құқықтық шындық орын алды.

Оның айтуы бойынша құқық адам шешімі мен ұйғаруынан емес, табиғат пен орнатылады. «Егер қолданылатын құқық халық қалауы бойынша орнатылса, сот ұйғарымдарының бәрі тегі шындықта, әділдікте болуы керек» деген.

Халықпен орнатылған заң заңсыздықтан заңды құру немесе мейрімділіктен өшпенділік, шындықтан масқара болу сияқты табиғи құқықта орын алмаған жәйттердің өз алдына бет алуына жол бермеу керек.

Рим заңгерлерінің негіздеуінше шындық, мемлекеттер мен индивиттер арасында жөні бар және дұрыс қатынастар құқық болып табылады, ал мемлекет бұл жерде құқықтың жалпы барлық талаптары үшін құқық тыңдаушылық субъект болып табылады.

Сонымен, римдік заңтану, бірдей құқық түсінігінде мемлекетке таралып ішкіарақатынасты түсіндірді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам құқығы мәселесінің халықаралық қатынастарға тигізер әсері
Қазақстанда ұлт және ұлтаралық қатынастар
Мүгедектің ұғымы және оның топтары
Мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың әлеуметтік шаралары
БҰҰ қызметіндегі адам құқы мәселесінің қорғалуы туралы
Батыс Еуропа мен Шығыстық Араб елдеріндегі саяси ілімдер
Қазақстан Республикасының адам құқықтары мен еркіндіктері жөніндегі халықаралық құжаттарға қосылуы мен осы мәселеде БҰҰ, ЕҚЫҰ және үкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтастығы
Қазақстан Республикасының бүгінгі тәжірибесі негізінде ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті
Рефлексия - тұлғаның өзіндік тануының жолы мен формасы
Жас мүгедектермен әлеуметтік жұмыс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz