Мемлекет функциялары теориясының өзекті мәселелері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Заң факультеті
Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы
Диплом жұмысы
Халық санын реттеу саласындағы мемлекеттің функциясы
Орындаған 3 курс студенті
Ғылыми жетекші
Норма бақылаушы
Кафедра меңгерушісінің рұқсатымен
қорғауға жіберілді
Алматы, 2013
МАЗМҰНЫ
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . . 5
КІРІСПЕ . . . 6-8
1 МЕМЛЕКЕТТІҢ МӘНІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
1. 1 Қазіргі мемлекеттің мәні және әлеуметтік тағайыны . . . 9-13
1. 2 Мемлекеттің функциясы теориясының негіздері . . . 13-18
1. 3 Демографиялық үрдістердің мемлекет функциясының объектісі ретіндегі теориялық мәселелері . . . 18-21
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ДЕМОГРАФИЯ МӘСЕЛЕСІН РЕТТЕУДЕГІ МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯСЫНЫҢ БАСТЫ БАҒЫТТАРЫ
2. 1 Қазақстан Республикасындағы демографиялық үрдістердің қалыптасуы және оның құықтық реттелуі . . . 22-45
2. 2 Қазақстан Республикасындағы демография мәселесін шешудегі мемлекеттік органдардың қызметі . . . 45-62
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 63-65
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 66-70
ГЛОССАРИЙ
БОСҚЫНДАР - саяси сенімдері, нәсілдік, діни наным, азаматтық, ұлттық белгілері, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы бойынша қудалау құрбаны болудың негізделген қауіптеріне байланысты өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде тұруға мәжбүр және осындай қауіптер салдарынан өз елінің қорғауын пайдалана алмайтын немесе қорғауын пайдаланғысы келмейтін шетелдіктер немесе өзінің бұрынғы тұрғылықты елінен тыс жерде тұрып жатқан, осы қауіптер салдарынан оған қайтып орала алмайтын немесе қайтып оралғысы келмейтін азаматтығы жоқ адамдар;
ЕҢБЕК КӨШІ ҚОНЫ - жеке тұлғалардың еңбек қызметін жүзеге асыру үшін басқа мемлекеттерден Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасынан, сондай-ақ мемлекет ішінде уақытша қоныс ауыстыруы;
ДЕМОГРАФИЯ - халықтың саны, құрамы, орналасуы мен өзгеру көрсеткіштері туралы ғылым;
ЗАҢСЫЗ КӨШІП КЕЛУШІЛЕР - келу, кету, болу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік жүріп өту тәртібін реттейтін заңнаманы бұза отырып, Қазақстан Республикасына келген және онда болатын шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар;
КӨШІ ҚОН - жеке тұлғалардың бір мемлекеттен басқа мемлекетке, сондай-ақ мемлекет ішінде тұрақты немесе уақытша, ерікті немесе мәжбүрлі қоныс ауыстыруы;
КӨШІП КЕЛУ - шетелдіктердің немесе азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасына уақытша немесе тұрақты тұру үшін келуі;
ҚҰҚЫҚТЫҢ ТӘРБИЕЛІК ФУНКЦИЯСЫ (ҚЫЗМЕТІ) -(Воспитательная функция права) - демократиялык жолмен қабылданған заңдарды құрмет тұтатын, өздерінің мінез-құлық, жүріс-тұрыстарында құқықтық ұйғарымдарды қолданып жүретін, құқық колдануды дайындап шығаруда белсенділік көрсететін азаматтарды (тұлғаларды) құқық аркылы қалыптастыруды құқықтың тәрбиелік қызметі дейді.
Превентивтік (алдын алу) шаралары ретінде құқықтың жасайтын ықпалы мен әсері құқықтың тәрбиелік кызметінің кұрамдас бөлігі болып табылады.
МЕМЛЕКЕТ - қоғамда тәртіптің болуын қамтамасыз ететін және жалпыға бірдей міндетті нормаларды шығаратын, белгіленген жер аумағы шегінде қоғамды басқаратын саяси биліктің ұйымы.
МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІК - мемлекеттік ырыққа күштеп көндіруге (яғни мемлекеттік ырықтандыруға) негізделген үстем болу және бағынудың субъектілері араларындағы бұқаралық-саяси қатынастары.
НЕКЕ - ер мен әйелдің өз ықтиярымен одақ құрып отандасуы. Ол материалдық - мүліктік мақсаттан ада, сүйіспеншілік пен адал пейілділікке, достық көңіл мен өзара сыйластыққа негізделеді.
ОРАЛМАНДАР - Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатында келген ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар болып табылады.
РЕФЕРАТ
Дипломдық жұмыс тақырыбы “Халық санын реттеу саласындағы мемлекетің функциясы” деп аталады.
Диплом жұмысын жазуда тақырыпты таңдауға бірнеше себептер тоқтау салды. “Халық санын реттеу саласындағы мемлекетің функциясы” тақырыбын таңдау қазіргі кезде мемлекет функциясы ішінде ерекше орын алы отыр.
Жұмыс мазмұны “мемлекет функциялары”, “демография үрдістерін құқықтық реттеу”, “Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының қызметтері” - деген тақырыптардан тұрады.
Мемлекет функциясы теорияларының ерекшеліктерін ашу мақсатында, нысандарын және тәсілдерін оқып зерттеуде маңызды орын алады. Сондықтанда осы ұғымдарды бөле жара бірінші тарау құрылымына енгіздім.
Адамзат тарихы дамуында қалыптасқан ғаламдық проблемаларды мемлекеттің шешуі, соның ішінде демография үрдістерін құқықтық реттеудің мазмұны талданады. Сонымен қатар мемлекеттің даму үрдісіне демография саласындағы мемлекеттік органдардың қызметі қарастырылған.
Мемлекет туралы ой-пікірлер қалдырған данышпандар еңбектері, ғылыми монографиялар мен ағымды баспасөз материалдары жұмыстың жазуылына негіз болды.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
АҚТҚ - Адамның қорғаныш тапшылығын қоздырғышы
АҚШ - Америка Құрама Штаттары
АӨСШК - Азиядағы өзара әрекет ету және сенім шаралары жөніндегі Кеңес
БАҚ - Бұқаралық ақпарат құралдары
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы
БҰҰ БА - Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы
БҰҰ ДДСҰ - Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
ДСҰ - Дүниежүзілік сауда ұйымы
ЕК - Еуропалық Кеңес
ЕЭҚ - Еуразиялық Экономикалық Қауымдастық
ЕҚЫҰ - Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі Ұйым
ЖҚТБ - Жұқтырылған қорғаныш тапшылығы белгісі
КСРО - Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы
ҚКСР - Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы
ҚР - Қазақстан Республикасы
ҚР ДСМ - Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау Министрлігі
ҚР ЕХӘҚМ - Қазақстан Республикасының Еңбек және Халықты Әлеуметтік Қорғау Министрлігі
ҚР ІІМ - Қазақстан Республикасының Ішкі Істер Министрлігі
ҚР СІМ - Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер Министрлігі
ҚР ҰҒА - Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясы
ҚР ҰҚК - Қазақстан Республикасының Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті
ҚХР - Қытай Халық Республикасы
ОАА - Ортаазиялық аймақ
РФ - Ресей Федерациясы
ТАСИС - Әрекет ету бағдарламасы бойынша Еуропалық қауымдастық
ТМД - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
ҰҚК - Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі
ШЫҰ - Шанхай ынтымақтастық ұйымы
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыстың жалпы сипаттамасы. Жұмыс халық санын реттеу саласындағы мемлекеттің функциясын теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттеуге арналған.
Жұмыста демография мәселесін құқықтық тұрғыдан реттеу мен оны мемлекет функциясының дербес саласы ретінде айқындауға, осы бағытта Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының қызметтеріне талдау жасауға ұмтылыс жасалады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Экономикалық, әлеуметтік және саяси жағынан дамуы үшін, мемлекеттік қауіпсіздік мүдделердің қамтамасыз етілуі мақсатында мемлекеттің функциялары әрқашан өзгеріп отырады. Әсіресе, Қазақстан Республикасында жаһандану жағдайында орын алып отырған демографиялық проблемаларды құқықтық тұрғыдан реттеп, шешуін айтуға болады. Баршаға мәлім, Қазақстан Республикасы аумағы жағынан әлем мемлекеттерінің бірінші ондығы ішінде 9-ші орында, ал халқы саны жағынан әлемде 60-ші орында тұр. Республикамызда 2009 жылы 25 ақпан және 6 наурыз аралықтарында өткізілген Ұлттық халық санағының ағымдағы статистикасы бойынша Қазақстан халқы саны 16 млн. 304 мың 840 адамды құрап отыр [1] .
Елдің халқы-елдің басты байлығы. Халқы саны көп мемлекеттер әрқашанда өз қауіпсіздіктерін сақтауға тырысады. Сондықтан, Елбасымыз Қазақстанның тәуелсіздік алғанынан бастап-ақ мемлекеттік қауіпсіздік мәселесін бірінші орынға қойды. Ол Қазақстан Республикасы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» даму стратегиясында баяндалды. «Біздің алға қарай тұрақты жылжуымыздың басты шарты - біздің қоғамымыздың алға қойылған мақсаттарға қол жеткізудегі біртұтастығы, халықтың барлық жіктері мен топтарының ортақ міндеттерді шешуге бағытталган стратегия айналасында топтасуы. Біздің басты оң игіліктеріміздің ішінде - халқымыздың, немесе былайша айтқанда, адам ресурстарының сапасы тұр» [2] .
Тәуелсіз Қазақстанның тарихында 1992 жылы Алматы қаласында Қазақстан халықтарының бірінші Форумы шақырылды. Елбасымыз бұл форумның тұрақты негізде жұмыс істеу қажеттілігі туралы идея қозғап, Қазақстан халықтарының келісімі мен бірігуі Ассамблеясы жаңа қоғамдық институт құру туралы өз ойын білдірген болатын. Осы форумда Қазақстан Республикасы ҰҒА академигі, заң ғылымдарының докторы, профессор С. С. Сартаевта өз пікірін білдірді. Ол өз сөзінде «Бүкіл дүние жүзіне тарап кеткен осы қазақтардың басын жинап, бір Қазақ мемлекетіне қалайша біріктіруге болады? Менің ойымша, мұны құқықтық негізде жүзеге асыру керек [3, 524б. ] . Қазақта «Бөтен елде сұлтан болғанша, өз елімде ұлтан болайын» деген мақал бар. Шет елдерде тұратын қазақтар өз отанын сағынады, ата мекенінің бір уыс қара топырағын ұстауды аңсайды» [3, 530 б. ] .
Демографиялық мәселелерді шешу барысында Қазақстан Республикасы көптеген мемлекеттік шараларды жүзеге асырып жатыр. Сонда да бірқатар мәселелер әлі де болса өз шешімін таппай жатыр. Халықтың санының азаюы, табиғи өсім мен туылымның төмендеуі, өлім санының өсуі және т. б. демографиялық үрдістердің қалыптасуы байқалып отыр. Бұл жағдай демографтардың, социологтардың, құқықтанушылардың Қазақстанның демографиялық ахуал кезеңіне көшкені туралы айтуына негіз болып отыр. Осындай жағдайда мемлекеттің демографиялық саясатының іргелі маңызын түсінбей, Қазақстан Республикасының қазіргі және келешекте ары қарай даму жетістіктерін болжау мүмкін емес. Халықтың саны жағынан өзгерістерді зерттеу, халық санының дамуын бақылап, басқаруға мүмкіншілік береді, сонымен қатар мемлекетттік демографиялық саясаттың теориялық және тәжірибелік маңызын арттыруға, оны белсеңдетуге ғылыми негізделген шаралардың кешенін ұсынуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңдағы демографиялық мәселелерді тек әлеуметтік және денсаулық сақтау проблемасы ретінде қарап қоймай, оны мемлекеттік, ұлттық қауіпсіздік мәселесі деңгейінде қарастырудың уақыты келгендей.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан Республикасындағы демография мен көші-қоны мәселесін мемлекеттік-құқықтық тұрғыдан реттеу туралы зерттеулер, ой- пікірлер жүйесі де бұрыннан қалыптасып келе жатыр. Мемлекеттің түсінігі, мемлекеттің мәні мен әлеуметтік тағайыны және мемлекеттің функциясы туралы ойлар, идеялар сонау антикалық және ортағасырлық ойшылдардың еңбектерінде көрініс таба бастаған. Мысалы: Платон, Аристотель, Ш. Л. Монтескье, Дж. Локк, Ж. Ж. Руссо және т. б. Сонымен қатар, К. Маркс, Ф. Энгельс, В. И. Лениннің еңбектерінде сөз етіледі. Бүгінгі таңда мемлекет функциясының мәселелері ҚР Президенті Н. А. Назарбаевтың «Қазақстан жолы», «ХХІ ғасыр табалдырығында» және т. б. еңбектерінде көрініс тапты.
Мемлекет және құқық теориясының жалпы мәселелерін, оның ішінде мемлекеттің функциясын зерттеуші белгілі отандық және шетелдік ғалымдарды атауға болады, отандық ғалымдар: Т. Ағдарбеков, М. Т. Баймаханов, С. З. Зиманов, А. С. Ибраева, З. Ж. Кенжалиев, В. А. Ким, Е. К. Нурпеисов, Н. Ө. Өсеров, С. Н. Сабикенов, Ғ. С. Сапарғалиев, С. С. Сартаев және т. б., шетелдік ғалымдар: С. С. Алексеев, М. И. Байтин, И. Л. Бачило, А. Венгеров, В. И. Ефимов, В. Ц. Киров, В. В. Лазарев, Н. И. Матузов, А. В. Малько, Л. А. Морозова, Б. Б. Надеждин, Н. А. Сахаров, В. Н. Хропанюк, В. А. Четвернин, В. Е. Чиркин және т. б.
Зерттеу жұмысының тақырыбы демография мәселесін қамтығандықтан, Қазақстанда демография мәселесін арнайы зерттеуші ғалымдар легі де қалыптасып үлгерді. Оның ішінде елге танымал демограф-ғалым М. Т. Тәтімовты айтуға болады. М. Тәтімовтың аталған мәселеге қатысты «Дербестігіміз-демографияда», «Қазақ әлемі» және т. б. еңбектері бар.
Зерттеу объектісі. Зерттеу жұмысының негізгі объектісін мемлекет функцияларының қалыптасуы мен дамуы құрайды.
Зерттеу пәні. Зерттеудің нақты пәні халық санын реттеу саласындағы мемлекет функцияларының басты бағыттары болып табылады.
Зерттеудің негізгі мақсаты - демография мәселесінің реттеу саласындағы мемлекеттің функциясын жеке функция ретінде бөлуді негіздеу; демография саласындағы Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар қызметтерінің құқықтық негіздерін ашу.
Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттерді шешу көзделеді:
- мемлекет функциялары жүйесінен жаңа демографиялық функцияның бөліп шығару;
- Қазақстан Республикасындағы демографиялық үрдістерді реттейтін заң актілеріне құқықтық талдау жүргізу;
- демографиялық мәселелерді реттеу саласындағы мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін ашу;
Зерттеудің әдістері және әдістемесі. Жұмысты жазу барысында жалпы қоғамдық ғылымдарға ортақ әдістер: анализ, синтез, диалектикалық, тарихи, құрылымдық-функционалдық, социологиялық, статистикалық және т. б. қолданылды. Жұмыста нақты ғылыми әдістер заңи саралау, салыстырып талдауға өз кезегінде орайлы орын берілді. Жұмысты жазу барысында, сонымен қатар, мерзімдік басылымдардағы тақырыпқа қатысты мақалалар пайдаланылып, негізге алынған болатын.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы келесі нәтижелерден көрініс тапты:
- қазіргі мемлекет функциялары жүйесінде дербес функция ретінде демография саласындағы мемлекеттің функциясын жеке етіп шығару;
- демографиялық мәселелерді реттеу саласындағы ҚР қолданыстағы заңдардың тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар жасалды;
- мемлекеттің демографиялық саясатын тиімді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасындағы тиісті мемлекеттік органдардың қызметін дамытуға ұсыныстар жасалды;
Қорғауға шығарылған негізгі тұжырымдар. Диссертациялық жұмыстың қорғауға шығарылатын негізгі тұжырымдары келесідей:
- қазіргі кезде демографиялық үрдістер мемлекеттік реттеуді талап етіп отыр. Бүгінгі таңда демографиялық саясатты мемлекеттік реттеудің арнайы объектісі ретінде қарастырудың қажетілігі айқындалуда. Осыған байланысты демография саласындағы мемлекеттің функцияларын жеке функция түрінде бөліп шығаруды және қарастыруды қажет деп есептейміз;
- демографиялық үрдістер негізінен үш мәселені қамтиды. Олар: туылым, өлім және көші-қоны. Мемлекеттік саясаттың негізгі бөлігі болып табылатын демографиялық саясатты жүзеге асыру заңдармен реттелуді талап етеді;
- демографиялық саясатты тиімді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардың өкілеттіктерін жетілдіру қажет. Сол себептен де Қазақстан Республикасында демографиялық саясатты жүзеге асырушы арнайы мемлекеттік орган құру қажет.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Жұмыстың құрылымы зерттеудің негізгі мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес құрылған. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, бес бөлімшеден, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
МЕМЛЕКЕТТІҢ МӘНІ МЕН ФУНКЦИЯЛАРЫ
1. 1 Қазіргі кездегі мемлекеттің мәні және әлеуметтік тағайыны
Кез келген қоғамның саяси негізіне билік мәселесі жатады. Алғашқы қауымдық қоғамда қоғамдық билік болды.
Қоғамның негізгі мәселелері осы қоғамның ересек мүшелерінің жалпы жиналысы арқылы шешілді, ал ерекше дара қасиеттері мен тәжірибесіне байланысты халықпен сайланатын рубасылар, ақсақалдар кеңесі күнделікті мәселелерді шешті. Билік пен халық біртұтас болды.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық негізін - қоғамдық меншікке негізделген өндірістік қатынастар құрайды. Өндіргіш күштердің даму дәрежесінің өте төмендігінен жеке меншік болмады және адам өзін-өзі күн көрісіне қажетті азық-түлікпен, киім-кешекпен қамтамасыз ете алмады. Сондықтан адамдар бірігіп еңбек етті. Бұндай жағдайларда мүліктің теңсіздігінің өзгенің еңбегін эксплуатацияның болуы мүмкін емес еді.
Қоғамда белгілі бір дәрежеде тұрақты өндірістік қатынастарға қарағанда өндіргіш күштер әрдайым дамып отырады.
Өндіргіш күштердің дамуына үлкен әсер ететін факторға еңбектің қоғамдық бөлінісіне ерекше тоқтала кеткен жөн. Себебі мемлекеттің пайда болуы үш ірі қоғамдық еңбек бөлінісіне байланысты.
Біріншіден, - қоғамдық еңбек бөлінісі - бұл егіншіліктен мал шаруашылығының бөлінуі. Жануарларды қолға үйрету нәтижесінде, ал кейін оларды өсіру арқылы малшы тайпалар жабайылардың басқа тобынан бөлініп шықты.
Екіншіден, - қоғамдық еңбек бөлінісі - бұл егіншіліктен қол өнердің бөлінуі. Оның нәтижесінде адамның жұмыс күшінің құндылығы артты.
Үшіншіден, - ірі қоғамдық еңбек бөлінісі, саудагерлердің пайда болуымен байланысты. Өздері өндіріспен айналыспайтынына қарамастан тұтынушыларды өздеріне тәуелді еткен тап бірінші рет пайда болды.
Еңбек өнімділігінің артуының нәтижесінде, адамдар өздерінің қажеттіліктерін артық өнім, яғни қосымша өнім өндіре бастады. Рубасы, ақсақалдар кеңесі өзінің дәрежесін пайдаланып, қосымша өнімді иеленді. Нәтижесінде жеке меншік және топтар пайда болды.
Бұл факторлар алғашқы қауымдық қоғамның ыдырауына алып келді. Алғашқы қауымдық қоғамның ыдырауы барысында мемлекет қалыптасады.
Заң ғылымындағы ең бір өзекті мәселенің бірі болып мемлекеттік биліктің мәселелері, тұтастай мемлекеттің өзі табылады. Мемлекеттің мәніне қатысты түрлі көзқарастар, доктриналар, теориялар мен тұжырымдымалар бар екені белгілі. Олардың барлығына ортақ пікір: мемлекеттік дербестікке, егемендікке, тәуелсіздікке ие саяси институт, саяси ұйым болып табылады. Мемлекет қоғамның жетілуінің нәтижесі болып табылады.
Көне гректерде мемлекет ұғымы барлық азаматтардың ақыл-ойы және адамгершілік қажеттерін орнықтырып, қажетін өтейтін ұғым деп қабылданған.
Егер саяси пікірдің классиктерінің идеяларына жүгінер болсақ, онда саяси теорияның негізін қалаушы Аристотельдің көзқарастары үлкен қызығушылық тудырады. Аристотельдің пікірінше мемлекет - бұл адамдардың белгілі бір әдістермен өзара ықпалдасатын және араласатын көпшілігі болып табылады. Аристотель мемлекетті өмірдің қажеттіктері үшін пайда болған ерекше түрдегі ұжымдық ретінде қабылдайды. Ол «Саясаткерлер» деген өз еңбегінде мұндай ұжымдықты адамдардың кейбір жиынтығы ретінде емес, одақты, азаматтардың - еркін және тең адамдардың ассоциациясын қарастырды. Аристотельдің көзімен қарағанда азаматтар - бір мемлекеттің қауымдастары. Аристотель мемлекеттілікті қандай да бір бетке ұстар зат ретінде бақылағанда, оның бейнесі туралы өзіндік әсерін ол «мемлекетті - азаматтардың жиынтығы» деп түйіндеді [4, с. 452] .
Аристотель мемлекеттегі билікті ақымақтықпен пайдалану фактілерін қарастырады, оның дұрыс және дұрыс емес нысандарын бөліп көрсетеді. Дұрыс емес деп саналатын, сорақы нысанның өзі - тирания нысаны - мемлекетті позитивтік социомәдени мағынасынан айырмайды. Аристотельдің осы пікірін жалғастырған Цицерон болды. Аристотельмен Цицеронның ойлар мемлекетті саяси ұйымдасқан және белсеңді халық бейнесінде көру ұғымында жақын болып келеді. «Мемлекет туралы» диалогында халық бір-бірімен «құқық мәселелерінде келісушіліктермен және мүдделерінің ортақтығымен» байланысқан адамдардың (азаматтардың) бірлесуі ретінде анықталған [5, с. 20] .
Цицеронның пікірі бойынша мемлекет дегеніміз адамдардың одағы, яғни ортақ құқық және ортақ пайда беретін, осы тұрғыдан біріккен одақ деп таниды.
Қазіргі мемлекет көпқырлы болғандықтан оның түсінігін, рөлі мен әлеуметтік тағайынын талдау қажет. Белгілі ғалымдардың ой- пікірлеріне назар аударайық
ҚР ҰҒА академигі М. Т. Баймаханов мемлекет және құқық теориясының кейбір әдістемелік мәселелерін қайта қарау қажеттігін ой елегінен өткізе отырып, былай дейді: Мемлекет және құқықтың отандық теориясы ғылыми білімнің мазмұны мен құрылымын түбегейлі қайта қараудың, ары қарай даму бағытын таңдаудың алдында тұр. Бүгінде ол жаңа стратегия мен тактиканы белсенді түрде іздеу мен өңдеу, терең толғану кезеңінде тұр. Бұрыңғы кейбір жеке постулаттар ғылыми шығармашылықты тежейтін жарамсыз көзқарастар ретінде мәнін жойса, келесі бірі оң тұстарын сақтай отырып толығымен немесе ішінара қайта ойластырылуда. Осының негізінде ғылым ретінде мемлекет және құқық теориясының мемлекеттік-құқықтық құрылыс тәжірибесіне жақын болатын, оған тиімді әсер ете алатын, толық шамада өзінің шығармашылық потенциалын аша алатын жаңа қырлары қалыптасады. Осындай мақсаттарға жету оның әдістемелік негіздерінің сенімді жағдайы тұсында ғана мүмкін болады [6, с. 127] .
Қазақстандық ғалымдар С. Өзбекұлы мен Ө. Қопабаевтың ойларынша «мемлекет дегеніміз арнайы бір аумақтық кеңістіктегі таптық қоғамда билік жүргізетін, басқаруды іс-жүзіне асыратын, арнайы адамдардың құқықтық негізде ұйымдасқан саяси жүйесі» [7, 17 б. ] .
Қазақстандық ғалым Т. Ағдарбековтың пікіріне сүйенсек: «мемлекет - тәуелсіз биліктің саяси ұйымы, өзінің пайдалы қызметтері арқылы қоғамның алдында тұрған шешуші мәселелерді іске асырады. Мемлекет - саяси биліктің ұйымы, нақтылы мүдделерді (таптық, жалпыадамдық, діни, ұлттық т. с. с. ) айрықша іске асыруға белгілі аумақ көлемінде ықпал етуші» [8, 47 б. ] .
Ресейлік ғалым П. Л. Белковтың көзқарасы бойынша мемлекет көпқұрылымды, көпфункционалды, ал ол өз кезегінде оның түсінігінің кең көлемін ұсыну үшін негіз береді. Ең құрымаса оның азымаз шамасын түзіп беру мүмкін емес. Скептиктер «ғылымда, ең құрымаса операционалдық деңгейде де мемлекеттік анықтамасы болмайтындығын» дәлелдейді [9, с. 175] .
Қазіргі мемлекеттің мәні мен әлеуметтік тағайыны бүгінгі күні өзекті болып табылады. Мемлекет әрқашанда тарихи түрде дамып отырады, оның функциялары да өзгеріске ұшырап жатады. Қазіргі мемлекетті түсіну үшін ХVI-XVIII ғасырларда Батыс еуропада пайда болған саяси көзқарастарға тоқталайық. Нақ осы кезеңде мемлекеттілікті әртүрлі түсінудің бастамасы қаланды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz