Шаруашылық субъектісінің даму саясаты және дивиденттік саясат



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5

I бөлiм. ФИРМАНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ПОРТФЕЛІ және оны басқарудың
теориялық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.1. Шаруашылық субъектісінің қорларының қайнар көздерінің
құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
1.2. Шаруашылық субъектісінің қаржы ресурстары және ішкі қаржыландыру
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ..10
1.3. Шаруашылық субъектісінің даму саясаты және дивиденттік
саясат ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
1.4. Шаруашылық субъектісінің қаржы көздерінің ұтымды басқару
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17

II бөлiм. ФИРМАНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ПОРТФЕЛІН және қаржы ресурстарын
пайдалану жағдайын талдау ... ... ... .25
1. Шаруашылық субъектісінің табыстылық көрсеткiштерiн
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 25
2. Шаруашылық субъектісінің қаржыландыру көздерiн ынталандыру және оларды
тиiмдi пайдалануды талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ..33
3. Шаруашылық субъектісінің маржинкалды табысты
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 48

III бөлiм. ФИРМАНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ПОРТФЕЛІНІҢ табыстылық деңгейiн
жоғарылату жолдары ... ... ... ... ... ... 62
1. “Оңтүстiк құс” ААҚ дивидеттерін және табыстылық де гейiн
жоғарылатудың мәселелерi мен
перспективалары ... ... ... ... ... ... ... 62
2. “Оңтүстiк құс” ААҚ дивидеттік саясатын және табыстылық деңгейiн
жоғарылату
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
..63

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 65
Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
66

Кiрiспе

Қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын
бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де
шайқалтты. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Дағдарыс бізге
сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың
сәйкессіздігінде жатыр.
Дағдарысты болдырмау және бәрін алдын ала көздеу мүмкін емес еді. Оны
еңсеруге әлемнің жетекші экономикалары қазірдің өзінде 10 триллионнан астам
АҚШ долларын, яғни бүкіл әлемдік ЖІӨ-нің іс жүзінде 15 пайызын жұмсады.
Бірақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлі өзгеретін емес. Дағдарыс өз ауқымына
дәйектілікпен Америка континентін, Еуропа мен Азияны тартты. Бүкіл жағдайға
қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдік экономика
өз құлдырауында әлі шыңырау түбіне жеткен жоқ.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2009 жылғы 6
наурыздағы Қазақстан халқына Дағдарыстан жаңару мен дамуғаң атты
Жолдауында: Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін біз банктерге қосымша
өтімділік бердік. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың
экономикалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Жеке тұлғалардың
салымдары бойынша кепілді өтеудің сомасы 700 мыңнан 5 миллион теңгеге дейін
ұлғайтылды. Мемлекет сыртқы қарыз алумен және меншік капиталының
жеткіліктілігімен байланысты банк секторының тәуекелдерін төмендетуге
көмектесті. Тұрғын үй құрылысына және үлескерлер проблемаларын шешуге
қолдау білдіруге 545 миллиард теңге жұмсалды. Елде іскерлік белсенділігін
сақтау үшін біз шағын және орта бизнес субъектілеріне 275 миллиард теңге
көлемінде бұрын-соңды болмаған қаржылық қолдау жасадық. Әкімшілік
кедергілерді табанды қысқарту жөніндегі жұмыс жалғастырылдың деп айта кетті
[1].
Өндiрiстiк өткiзу жабдықтау және қаржылық қызмет салаларынан
кәсiпорындардың қаржы нәтижелерi туралы көрсеткiштер жүйесi аяқталған
ақшалай бағалауға ие болып отыр. Қаржы нәтижелерiнiң аса маңызды
көрсеткiштерi қаржы нәтижелерi туралы есепте айқын берiледi.
Қаржы нәтижелерi көрсеткiштерi кәсiпорын шаруашылығының абсолюттi
тиiмдiлiгiн көрсетедi. Белгiлi уақыт мезетiндегi ағымдағы қаржы нәтижелерiн
көрсетудiң маңызды формасы кәсiпорын табысы болып табылады. Бухгалтерлiк
есептiң N5 стандартына сәйкес “Табыс – бұл активтердiң көбеюi немесе
мiндеттемелердiң азаюы”.
Бүкiл әлемде пайданың қалыптасуы және пайдаланылуы туралы мәлiметтер
қаржылық есептiң маңызды бөлiгi ретiнде қарастырылады. Қазақстандық есеп
стандарттары бойынша бұл мәлiметтер “Кәсiпорынның қаржы-шаруашылық
қызметiнiң нәтижелерi туралы есебiнде” қамтылған. Табыстылықтың өзiн-өзi
қаржыландыру, ұдайы өндiру, еңбек ұжымдарының әлеуметтiк мәселелерiн шешуге
мүмкiндiк бередi. Табыстың есебiнен банк, бюджет, басқа субъектiлер
алдындағы мiндеттемелер орындалып отырады. Сонымен, табыстылық
көрсеткiштерi кәсiпорынның өндiрiстiк қаржы қызметтерiн бағалаудағы аса
маңызды көрсеткiш болып табылады. Ол оның iскерлiк белсендiлiгiнiң және
қаржы тұрақтылығының дәрежесiн сипаттайды. Табыстылық көрсеткiштерi арқылы
авансталған қаржылардың қайтарымдық деңгейi және кәсiпорын активтерiне
салымдардың тиiмдiлiгi анықталады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - “Оңтүстiк Құс” Ашық Акционерлiк Қоғамының
қаржы нәтижелерiн талдау.
Дипломдық жұмыста қаржылық тұрақтылықтың өзектi мәселелерi
қарастырылған.
Шымкент құс фабрикасы Шымкент қаласы және жақын аудандардын құс және
құс өнiмдерiмен қамтамасыз ету мақсатында 1963 жылы құрылған.
(Оңтүстiк Құс( Ашық Акционерлiк Қоғам Шымкент қаласын және облыс
көлемiн құспен және құс өнiмдерiмен қамтамасыз ету мақсатында, “XXI-
партсъезд” атындағы совхоздың құс фермасы негiзiнде құрылған.
Ол Шымкент қаласының солтүстiк-батысындағы 12 шақырымында орналасқан.
Бастапқы құрылысы 80 мың бас құс; аналық бастар цехы 10 құсханадан (жерде
ұсталынатын), жас балапандар цехы 5 құсханадан құрылған ал, балапан ашып
шығаратын инкубация цехы 1962 жылдың наурызында iске қосылды.
Екiншi кезектегi құрылысын: 12 құсханадан тұратын өндiрiс, 11
құсханадан тұратын жас балапандар цехы және қосымша цехтар (жұмыртқа
қоймасы, құс сою цехы, жем қоймасы) 1967 жылы салынып бiттi. Жылдық
өндiрiсiнiң көлемi 50 мың дана жұмыртқа өндiруге есептелiнген, құрылыс
жұмыс күшi 250 мың бас орташа мекиен құс басын құрады.
1978 жылдан бастап бiрнеше жылдан берi фабрикада қайта құру жұмыстары
iске асырылып жатыр. Құсханалар қайтадан құрылып, кеңейтiлуде және құс
бастарын көбейту мақсатында инкубатор цехында жем қоймасындағы жабдықтар
қазiргi заман талабына сай жабдықтар мен ауыстырылып жатыр.
1980 жылдан бастап бiрнеше жылдар аралығында фабрикада көптеген
өндiрiс объектiлерi жөндеуден өттi. Жаңадан жылыту цехы, витаминдiк шөп
ұнтағын шығаратын цех, ет-сүйек ұнтағын және жұмыртқа ұнтағын шығаратан
цехтар салынып, iске қосылды.
Табиғи газбен жұмыс iстейтiн жылыту қазаны құрылып, iске қосылды.
Лаборатория жаңа жабдықтармен жарақтандырылған. Сонымен бiрге жұмыртқа
салатын қорап жасау цехы, жұмыртқа ұнтағын дайындау цехы, витаминдi шөп
ұнтағын дайындау және ет-сүйек ұнтағын дайындау цехтары да осындай
жабдықтар мен жабдықталған. Фабрикада тұрғын үйлер қажеттi газбен, су,
электр жарығымен қамтамасыз етiлген.
Құсханалар құрылды және кеңейтiлдi, құстарды өсiру және ұстау
технологиясы тереңдетiлдi. Сонымен қатар, әлеуметтiк-мәдени-тұрмыс
объектiлерi де шетте қалған жоқ-ол 350-ден аса пәтер, “Птицевод” мәдениет
сарайы, медициналық стационар, монша-сауна, шаштараз, сауда орны, асханамен
бiрге нан жабу цехы, мұсылмандар мешiтi және христиандар шiркеуi ашылды.
1990 жылдан бастап, құс шаруашылығына қажеттi ең жаңа заманға сай
техника мен технологиялық жабдықтарға қол жеткiзумен қатар әлемге әйгiлi
Еуропа және Америка шет ел фирмалармен серiктестiк тығыз қарым қатынас
орнақты. Көне жыбдықтардың орнына: 6 құсханаға Германиядағы “Меллер”
фирмасының жаңа заманға сай автоматтандырылған жабдықтары Бельгияның
“Петерсим” фирмасының инкубаторы құрылып және Исландияның “SILFUTUN”
фирмасының жабдықтармен жаңартылған жұмыртқа салатын қорап жасау өндiрiс
бойынша қазiргi цехтар жұмыс жасауда. Сонымен бiрге Голландияның “Мейн”
фирмасынан шұжық жасау цехының жабдықтары мен осы фирманың тез мұздататын
агрегат тоңазытқыштары бар.
АҚШ, Ресей, Үндi өндiрiстерiнiң жем құрамын жылдам, тез арада
анықтайтын жабдықтары және АҚШ-тың “Элиза-тест” өндiрiсi сияқты
таптырмайтын ерекше жабдықтармен ветеринарлық және зоотехникалық
зерханалары қамтамасыз етiлген.

I бөлiм. ФИРМАНЫҢ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ПОРТФЕЛІ және оны басқарудың теориялық
аспектілері

1.1. Шаруашылық субъектісінің қорларының қайнар көздерінің құрылуы

Кәсіпорын экономиканың негізгі буыны ретінде меншік нысандары
мен шарушылық жүргізудің әр алуандығы, тауар-ақша қатынастары мен рыноктің
дамуы кезінде жұмыс істейді.
Кәсіпорындарды ұйымдық-құқықтық нысандары бойынша олардың қаржысын
ұйымдастырудағы айырмашылықтарға: капиталдың қалыптасуымен, өндірістік-
шарушылық қызметін қаржыландыруға шаруашылық жүргізудің нәтижелеріне әкеп
соғады.
Қазақстан Республикасы Президентінің Шаруашылық серіктестіктері
туралың заң күші бар жарлығына сәйкес шаруашылық серіктестігі – жарғылық
капиталы құрылтайшылардың салымдарына бөлінген, өз қызметінің негізгі
мақсаты пайда түсіру болып табылатын коммерциялық ұйым. Шаруашылық
серіктестіктерінің мынадый нысандары белгіленген:
1) толық серіктестік;
2) сенім серіктестік;
3) жауапкершілігі шектеулі серіктестік;
4) қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
5) акционерлік қоғам;
Толық серіктестіктің пайдалы мен залалдары қатысушылар арасында, егер
құрылтайшылардың шартында немесе қатысушылардың келісімінде өзгеше
белгіленбесе, олардың серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесінің
мөлшеріне бара-бар бөлінеді, сенім серіктестігі мен жауапкершілігі шектеулі
серіктестікте де осылай бөлінеді.
Акционерлік қоғамдар туралы Қазақстан Республмкасының заңына сәйкес
өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражаттары тарту мақсатымен акциялар
шығаратын заңды ұйым (тұлға) акционерлік қоғам деп танылады.
Қаржы қатынастарының акционерлік қоғамға сәйкес белгілі бір
ерекшеліктері акцияларды өндірістік және коммерциялық қажеттіліктерді
қаржыландыру ретінде қолданғанда көрінеді. Бұған акционерлік қоғамдар
қызметінің ұйымдық нысандарының әр алуандағы мүмкіндік туғызады: олар ашық
немесе жабық үлгіде (яғни иелердің шектеулі тобының ішінде акцияларды
тартумен), толық немесе жауапкершілігі шектеулі қоғам болуы мүмкін. Қаржыны
ұйымдастыруға акцичлар категорияларының (кәсіпорынның акциялары, еңбек
ұжымының акциялары, акционерлік қоғамдардың акциялары), лоардың түрлерінің
(артықшылықты, атаулы, ұсынушыға арналған акциялар) әр алуандығы әсер
етеді. Акционерлеу механизмі Қаржы рыногің тарауында неғұрлым тоық
жазылған.
Экономикада едәуір орынды мемлекеттік сектор алады.Бұл секторға
кәсіпорындардың мынадай түрлері жұмыс істейді:
1) шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорындар; бұл құқық мүлікті
мемлекеттен меншік иесі ретінде алған және осы мүлікті иелену, пайдалану
және оған билік ету құқықтарын заңнамада белгіленген шекте жүзеге асыратын
мемлекеттік кәсіпорынның заттық құқығы болып табылады;
2) жедел басқару құқығына негізделген (қазыналық кәсіпорын)
кәсіпорындар.Бұл құқық қазыналық кәсіпорынның меншік иесінен алған және өз
қызметінің мақсатына, меншік иесінің тапсырмалары мен мүліктің мақсатына
сәйкес заңнамалық актілерде белгіленген шекте сол мүлікті иелену,
пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыратын заттық құқық болып
табылады.
Мемлекеттік меншіктің түріне қарай кәсіпорындар:
1) республика меншігіндегі кәсіпорындар – республикалық мемлекеттік
кәсіпорындар;
2) коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар – коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорындар болып бөлінеді;
Басқа мемлекеттік кәсіпорын құрған мемлекеттік кәсіпорын еншілес
мемлекеттік кәсіпорын болып табылады.
Жедел басқару құқығындағы мемлекеттік мүлікке ие кәсіпорын қазыналық болып
табылады.
Еншілес кәсіпорын- өз мүлкінің есебінен басқа мемлекетік кәсіпорын құрған
заңды тұлға.
Экономикалық кооперативтік секторы бірыңғай ұлттық шаруашылық кешені
буындарының біріболып табылады. Нарықтық қатынастардың қалыптасу барысында
меншік нысандарының дамуы қызметтің жаңа сфераларында шаруашылық жүргізудің
бұл демократиялық нысанының қайта дамуына және дәстүрлі салаларда оның
кеңеюіне кең жол ашты.
Өндірістік кооператив туралың заңда өндірістік кооператив азаматтардың
бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың жеке еңбегімен
қатысуына және мүшелерінің мүліктік салымдарын (үлестерін) біріктіруіне
негізделген ерікті бірлестігі делінген. Өндірістік кооперативтер тауарлар,
өнімдер өндіріп, жұмыс атқарады, шаруашылық жүргізуші субъектілерге және
халыққа қызмет көрсетеді.
Өндірістік кооператив меншігіндегі мүлік еооператив жарғысына сәйкес оның
мүшелерінің үлестеріне бөлінеді. Пай өндірістік кооператив мүшелерінің
кооператив мүлкіндегі үлесі болып табылады.
Тұтыну кооперативі сауда-саттық және тұрмыстық қызмет көрсету арқылы
өзінің мүшелерін және басқа азаматтардың қажеттіліктерін қанағаттандырып
отырады.
Пәтерлер иелерінің тұтыну кооперативтері- ПИК өзгеше ұйымдық-құқықтық
түрі болып табылады, олар тұрғын үй қорын ұстаумен, оған қызмет көрсетумен
және пайдаланумен байланысты болатын өзара қатынастарды реттеп отыруы тиіс.

Корпорация қорларының, яғни ақша қорларының пайда болуы шаруашылық
субъектісі пайда болғаннан бастап іске асады. Осыған сәйкес кәсіпорын
өзінің жарғылық капиталын қалыптастырады.
Жарғылық капитал дегеніміз – корпорацияның жекеменшік қорларының
негізгі алғашқы қайнар көзі, негізгі және айналым капиталдарының ақшалай
көрінісі.
Корпорация қорларының қайнар көзінің біріне қосымша капиталдар кіреді.
Бұл қор негізгі қорларды қайта бағалау
Нәтижесінде мүліктің құнының өсуінің есебінен, эмиссиялық кіріс
акцияның номиналды бағасынан сату бағасының жоғарылауы және тағы басқалар
есебінен құрылады.
Корпорация қорлары жалпы ішкі және сыртқы көздерден құрылуы мүмкін.
Корпорация қорларының ішкі көздерден құрылуы корпорация түсіміне, яғни
пайдасына байланысты болады. Ал түсім корпорацияның кәсіпкерлік қызметінің
нәтижесінде пайда болады:
- өндірілген өнімді өткізуден түскен кіріс;
- қызметтер көрсету мен жұмыстарды орындаудан түскен кірістер;
- мүліктерді қолданудан түскен кірістер;
Бұл кірістер корпорацияның есеп айырысу шотында көрсетіледі. Түсім бұл
ең алдымен өндірістегі шығындарды жабудың қайнар көзі болып табылады.
Түсімнің пайдадан айырмашылығы ол салық және басқа да шығындарды шегермеген
кездегі жалпы пайда. Ал пайда корпорацияның шаруашылық қызметінің соңғы
мақсаты және нәтижесі болып табылады.
Пайдадан барлық салықтар ұсталынған соң, ол корпорацияның өзінің
игілігіне жұмсалады. Пайдадан резервтік капитал және тағы басқа резервтер
мен тұтыну және жинақ қорлары қалыптасады.
Резервтік капитал – бұл кәсіпорынның кейбір жағдайларына байланысты
құрылған ақша қорлары. Бұл кәсіпорын банкроттық жағдайға душар болса,
немесе төтенше жағдайлар және т.б. жағдайларға арналған капитал.
Корпорацияда резервтік капиталдың болуы корпорация қаржылық жағдайының
тұрақтылығын қамтудың маңызды шарты болып табылады.
Жинақ қоры - өндірісті дамытуға бағытталған ақша қорлары. Бұл қорларды
пайдалану кәсіпорын даму саясатымен тікелей байланысты.
Тұтыну қоры - әлеументтік қажеттілік, өндірістік саладағы емес
объектілерді қаржыландыру және т.с.с. бағытталған ақша құралдары.
Валюталық қор – бұл корпорацияның даму саясаты үшін өнімдерді
экспортқа шығару нәтижесінде валюталық түсім алу мақсатында корпорацияларда
қалыптасады.
Осындай жоғарыда аталған қорлардың нәтижесінде корпорацияның даму
саясаты қалыптасады.

1.2. Шаруашылық субъектісінің қаржы ресурстары және ішкі қаржыландыру
әдістері
Қаржы ғылымы қаржыны тек экономикалық категория, яғни айрықшалықты
өндiрiстiк қатынастардың жиынтығы ретiнде ғана қарастырып қоймайды,сонымен
бiрге мақсатты ақша қорлары түрiндегi олардың материалдық iске асуын баса
көрсетедi.Бұл қорлар қаржы қатынастарының тұрақты иесi болып келедi.Олардың
қалыптасу көздерi же қорлардың өздерi бұл көздердi бiрiктiрушi ұлттық
шаруашылықтың тиiстi буындарының қаржы ресурстары болып табылады.
Демек,қаржы ресурстары-бұл жалпы iшкi өнiм құнының бiр бөлiгiн,атап
айтқанда,ақша нысанындағы таза табысты бөлу же қайта бөлу процесiнде
жасалынатын мемлекеттiң,шаруашылық жүргiзушiсi субъектiлердiң же халықтың
қарамағындағы ақша қаражаттары,олар ұлғаймалы ұдайы өндiрiс пен
жалпымемлекеттiк қажеттiлiктердi қамтамасыз етуге арналған.
Қоғамдық жалпы өнiм мен ұлттық табысты арттыру қаржы ресурстары
өсуiнiң басты шарты болып табылады.
Қаржы ресурстарында негiзгi орынды таза табыс (пайда,қосылған құнға
салынатын салық,ақциздер,кеден төлемдерi,Қоғамдық мүдделерге төленетiн
жарналар нысанындағы) же амортизациялық аударымдар алады.
Қаржы ресурстарының қаржы қорларынан айырмашылығы бар.Қаржы қорлары
(қорланым,босалқы қор)- қаржылық әдiспен қалыптастырылған,белгiлi бiр
қажеттiлiктердi қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары.
Бiрiншiден, қаржы ресурстары деп ақша қаражаттарының
көздрiн,шаруашылық органның немесе шаруашылық жүргiзушi субъектiнiң мұндай
қаражаттарды жасау мүмкiндiктерiн түсiнедi
Екiншiден, қаржы ресурстары-бұл қорлардағы,яғни ақша қаражат тарының
мақсатты босалқы қорларындағы байланылғанң қаражаттар,сондай – ақ әлi
мақсатты белгiлi бiр бағыттылығы жоқ қорлар бойынша қалыптаспаған ақша
қаражаттары.Мысалы, ақша қаражаттарының бiр бөлiгiнiң алғашқыда қор сипаты
болмайды, - бұлар шаруашылық оргындардың олардың шаруашылық әрiптестерi
тарапынан келiсiмшарттарды, өзара шарттарды же шаруашылық жүргiзудiң басқа
шарттарын бұзғаны үшiн алатын айыппұлдары,өсiмдерi,тұрақсыздық төлемдерi.
Мұндай қаражаттардың түсуiн күнi бұрын есепке алу мүмкiн емес.
Қаржы ресурстарың ұғымындағы оның екi жағын ажырата бiлген жөн:
1.Шаруашылық жүргiзу практикасында қаржы ресурстарыныңң ұғымы деп
мемлекеттiң,кәсiпорындардың қарамағындағы белгiлi бiр кезеңдегi барлық ақша
қаражаттарының кiрiстерi мен қорланымдарының жиынтығын,яғни ақша қорларын,
кредит ресурстарын,ақша қаражаттарының резервтерiн айтады.Бұл шаруашылық
жүргiзудiң шаруашылық есеп практикасы тұрғысынан туындаған практикалық
тәсiлдеме. Расында, кәсiпорынның банктегi оның шотындағы белгiлi бiр
күндегi ақша қаражаттары, олар кәсiпорынның меншiктi немесе қарыз
қаражаттары болып келетiндiгiне қарамастан оның барлық нақтылы қаржы
ресурстарын құрайды. Сол сеiлдi мемлекеттiк бюджетте шоғырланған
кiрiстер,қорланымдар олар жасалынған құнды алғашқы немесе кейiнгi бөлудiң
нәтижесi болып табылатындығына қарамастан мемлекеттiң әрбiр нақты күндегi
қаржы ресурстары болып саналады.

Қаржы ресурстары

Жалпы қоғамдық өнiм
c v m
Материалдық шығындар Қажеттi өнiм Қосымша
өнiм
ӨЗIНДIК ҚҰН ШЫҒЫНДАР
Аморти- Айна- Мате- Ұлттық табыс
зация- лым- риал-
лық дағы дық шы-
ауда- қара- ғындар
рымдар жаттар құра-
мын-
дағы тө-
лемдер
Әлеуметтiк Таза
қорларға табыс
аударылатын (пайда)
аударымдар
(әлеуметтiк
салық)
Халықтан алынатынЖанама салықтар
салықтар Қарыздар(қосылған құнға
мен лотереялар салынатын
Ерiктi жарналар салық,акциздерба
сқалары)
Роялти,бонустар Сыртқы
Табиғи ресурстар үшiн төлемдер экономикалық
Баждар,лицензиялар үшiн төлемдер қызметтен
Тiркеу алымдары түсетiн түсiмдер
Табиғатты қорғау қорына төленетiн төлемдер
Мемлекеттiк мүлiктi сатудан
(жекешендiрiлуден) түсетiн түсiмдер
Сыртқы көздерден түсетiн түсiмдер
(қарыздар,трансферттер,гранттар)

Сурет-1. Қаржы ресурстары

2. Егер жиынтық өнiмiнiң (c+v+m) материалдық-заттық және ққұндық
құрылымына,оның бөлiнiсiне же бұл процестегi орнына сүйенсек,онда қаржы
ресурстарының ұғымы басқаша көрiнедi.Егер қайталама есептiң элементiн
шығарып тастасақ, онда “қаржы ресурсының” ұғымы тiкелей мемлекет пен
кәсiпорындарда оларға жүктелiнген функцияларды орындау үшiн шоғырланатын
құндық (ақша) нысанындағы жалпы қоғамдық өнiм мен ұлттық табыстың бiр
бөлiгiн бiлдiредi.
Мемлекеттiң қаржы ресурстары көлемiнiң динамикасы мен құрлысының
тенденциялары нарықтық қатынастарға көшу бағдарламаларын жүзеге асырудың
нәтижесiнде қоғамдық өндiрiстiң тиiмдiлiгiн айтарлықтай арттыру қаржы
ресурстарын қалыптастырудың қарқынын тездетуге же өсуi интенсивтi
факторлармен шарттасылған көздердiң үлес салмағын көбейту бағытындағы
олардың құрылымын жақсартуға жеткiзетiндiгiн дәлелдейдi.
Корпорацияның қаржы ресурстары – бұл өндірісті кеңейтумен байланысты,
ағымды және жалпы шығындарды қаржыландыруға арналған корпорацияның қаржылық
міндеттерін орындауға арналған жекеменшік және сырттан жұмылдырылған ақша
қорлары болып табылады.
Капитал – айналым процесінде болатын өндіріске салынған қаржы
ресурстарының бір бөлігі. Корпорацияда қаржы ресурстары ішкі және сыртқы
болып бөлінеді. Ішкі – жекеменшік қаржылыар, сыртқы – заемдық қаржылар,
несиелер.
Ішкі қаржылар жекеменшік қаржылық ресурстар арқылы қалыптасады. Ішкі
қаржылар пайда және амортизациялық қорлар есебінен құрылады. Корпорацияның
пайдасының тек белгілі бір бөлігі ғана кәсіпорынның өз игілігіне қалады.
Осы пайда кәсіпорында ары қарай оны басқаратын субъектілер арқылы
қалыптастырады. Жинақ қорына бағытталған пайда өндірісті дамытуға,
кәсіпорынның мүлігін көбейтуге арналады. Тұтыну қорына бағытталған пайда
әлеументтік міндеттерді шешуге қолданылады.
Амортизациялық аударымдар – бұл ішкі қаржыландырудың көзі болып
табылады, яғни бұл негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің тозу
құныгның ақшалай көрінісі. Осылардың негізінде амортизациялық қор құрылады.
Кәсіпорындарды ішкі қаржыландыру көздерінен басқа жұмылдырылған немесе
сыртқы болып бөлінеді.
Ссудалық капитал – корпорацияларға несие, заем түрінде, әр түрлі
мерзімге берілетін қаржы көзі.
Қаржылық ресурстар кәсіпорындарда өндірістік және инвестициялық қызмет
процесінде қолданылады. Олар үнемі қозғалыста болады, және ақшалай түрде
болады. Кәсіпорындар өзінің қаржы тұрақтылығын және нарықтық шаруашылықта
орнықты орын табу мақсатында қаржы ресурстарын түріне және уақытына қарай
бөледі. М ұның бәрі кәсіпорында қаржыны басқаруға, яғни қаржы менеджеріне
тікелей байланысты болады.
Қазіргі нарықтық экономикода корпорация сырттан қаржы алғаннан гөрі,
өзін-өзі қаржыландырған әлде-қайда тиімді. Осыған байланысты корпорация
қаржысын ұйымдастыру келесі принциптерге негізделеді: шаруашылықтың өз
бетінше жұмыс істеуі, өзін-өзі қаржылық материалдық жауапкершілік қызмет
нәтижесіне қызығушылық, қаржы резервін құру және т.б.

1.3. Шаруашылық субъектісінің даму саясаты және дивиденттік саясат
Корпорацияның даму саясаты сатысында ең алдымен корпорацияның капиталы
жеткілікті деңгейде болуы қажет. Капитал жеткілікті болса, онда корпорация
болашақта өзінің дамуын қалыптастырады. Қаржы менеджменті саласынан
қарағанда, капитал – бұл корпорацияның ақшалай, материалдық және
материалдық емес түрдегі жалпы қорларының құны болып табылады. Корпорация
капиталының экономикалық маңызына қарай отырып, капитал келесі сипаттарды
алады:
1 корпорация капиталы өндірістің негізгі факторы болып табылады;
2 капитал корпорацияға кіріс әкелетін қаржы ресурстарын сипаттайды;
3 капитал корпорацияның даму саясаты үшін маңызды фактор;
Корпорация капиталы әр түрлі болады: жекеменшік капитал, заемдық
капитал, өндірістік капитал, негізгі капитал, айналым капитал, ұлттық,
шетелдік, акционерлік, мемлекеттік және т.б. Ең негізгі корпорацияның
каитал түрі үш түрде болады.
Корпорация капиталы:
- ақшалай түрдегі капитал ақшалай капитал;
- өндіріс түріндегі капитал өндірістік капитал;
- тауар түріндегі капитал тауар капиталы;
Яғни бұл корпорацияның айналым процесі кезінде болады. Жалпы
корпорацияның капиталы айналым процесінде дұрыс жұмыс істеп, корпорацияға
кіріс әкелсе, кәсіпорын дамиды. Осының нәтижесінде корпорацияның даму
саясаты қалыптасады. Корпорацияның даму саясаты – кәсіпорындарды дамыту
мақсатында жасалатын барлық іс-әрекеттер мен әдістер жиынтығы, яғни арнайы
стратегия.
Корпорацияның даму саясатының негізінде қаржылық стратегия құрылады.
Сонымен қатар, акционерлік қоғам, және т.б. көптеген кәсіпорындарда
дивиденттік саясат қалыптасады. Жалпы дивиденттік саясатң термині
акционерлік қоғамдағы пайданы бөлумен байланысты. Әрине бұл тек акционерлік
қоғамда ғана емес, сондай-ақ, ұйымдық-құқықтық формасына байланыссыз барлық
кәсіпорындарда болады.Дивиденттік саясаты пайда үлесінің өнделу механизімі
деп түсінуге болады.
Дивиденттік саясаттың негізгі мақсаты-корпарацияның стратегиялық дамуын
қамтитын және кәсіпорынның нарықтық құның максималдандыратын, яғни меншік
иелерінің пайдалану қажеттілігін қалыптастыру.
Дивиденттік саясатты өндеуде үш негізгі бағыт пайда
болады:консервативті, копералисті, агрессивті.Бұлардың әр қайсысына
дивиденттік саясаттың белгілі типі сай келеді.
Осы жоғарыда аталған саясаттың дұрыс жұмыс істеуі үшін корпорациядағы
қаржы менеджерлері жұмыс істеуі қажет. Ол келесі этаптарды қарастырады:
1. Дивиденд саясатын өңдеуді анықтайтын негізгі факторларды анықтау;
2. Дивиденттік саясаттың типін таңдау;
3. Таңдалған дивиденттік саясат типіне сәйкес пайданы бөлу механизмін
өңдеу;
4. Бір акцияға дивиденттік төлем деңгейін анықтау;
5. Дивиденттік саясат тиімділігін бағалау;

Кесте 1
Акционерлік қоғамның дивиденттік саясатының негізгі типтері.

Дивиденттік саясатты анықтайтын Қолданылатын дивиденттік саясаттың
негізгі бағыт: типтері:
Консервативті 1 дивиденд төлемінің қалдық
саясаты
2 дивиденд төлемінің көлемінің
тұрақты саясаты
Компромисті 3 дивиденд төлемінің белгілі бір
кезеңге қосымша төлемімен есептегі
тұрақты минималды саясат
Агрессивті 4 дивиденд деңгейінің тұрақты
саясаты
5 дивиденд көқлемінің тұрақты өсу
саясаты

Дивиденттік төлем деңгейін анықтау келесі формуламен жүргізіледі:
ДТД = ДТҚ – АТ АС
мұндағы: АС –акция саны
ДТҚ – дивидент төлеу құны
АТ – акцияны меншік иесімен жұмылдыру бойынша дивиденттік төлем құны
Сонымен дивиденттік саясат – пайданы басқарудық жалпы саясатының
құрамды бөлігі болып табылады.

Кәсіпорының іскерлік белсенділік көрсеткіштері.
Кәсіпорының іскерлік белсенділігі мен қызмет тиімділігін бағалау сол
кәсіпорының жалпы қаржысының жағдайын бағалаудың қорытындысы этапы
болып табылады.
Кәсіпорының іскерлік белсенділігі қаржылық жағдайында ең алдымен
оның қаражат айналымының жылдамдылығымен көрінеді. Іскерлік белсенділікті
талдау кәсіпорының өз қаражатын қаншалықты тиімді пайдаланғандығын
анықтауға мүмкіндік береді. Кәсіпорының қаражаттың айналым жылдамдығының
өсуі кәсіпорынның өндірістік – техникалық күшінің артқандығын көрсетеді.
Кәсіпорының іскерлік белсенділігінің көрсеткіштеріне келесі
коэффициенттер жатады:
1 капиталдың жалпы айналымдылық көэффициенті. Ол жылына қанша рет
айналу мен өндірудің толық циклі болатындығын көрсетеді:

Коа = ДN АК
Коа - - капиталдың жалпы айналым коффициенті
ДN - өнім сатудан түскен табыс
АК – авансталған капитал есепті кезеңдегі орташа баланс валютасы
2 негізгі құралдардың айналымдылығы – бұл көрсеткіш қор
қайтарымдылығын көрсетеді, яғни кәсіпорының есепті кезеңіндегі негізгі
өндірістік қорларын пайдаланудың тиімділігін сипаттайды:
ҚҚ = СТТ НҚОҚ
ҚҚ –қор қайтарымы
СТТ – сатудан түскен түсім
НҚОҚ – негізгі құралдардың орташа құны
Бұл коффициент жоғары болған сайын, кәсіпорының шығындар азая түседі,
керісінше төмен болған сайын өнімді сатудан түскен түсімнің
жеткіліксіздігін немесе осы активтер түрлеріне көп қаржы бөлінетіндігін
көрсетеді.
3 меншікті капиталдың айналымдылық коэффициенті:
Кос = ДN СК
Кос – меншікті капиталдың айналымдылық коффициенті
СК - баланс бойынша меншікті капиталдың есепті кезеңіндегі орташа
шамасы жыл басы +жыл соңы 2.
Бұл коффициент корпорациядағы сатудың артықтығын немесе
жетіспеушілігін анықтайды, салынғане меншікті капиталдың айналым
жылдамдығын, кәсіпорының меншік иелері тәуекелділік етіп салып отырған ақша
қаржыларының белсенділігін көрсетеді.
4 Ағымдағы активтер мобильдік қаржылар және айналым капиталының
айналымдылық коффициенті:
Кота=ДN Тас
Тас – ағымдағы активтің орташа шамасы
Тас = ЖБ+ЖС 2
Кез-келген корпорацияда айналымдылық процесін жылдамдатуға тырысу
қажет. Айналым уақытын қысқартуға мамандану мен бірлесудің дамуы, тікелей
шаруашылық аралық байланстырудың жақсаруы, жүк тасу өзара есеп алмасу мен
құжат айналымын тездетумен қол жеткізуге болады.
5 материалдың айналым құралының айналымдылық коэффициенті:
Кзо = SN Зс
SN - сатылған өнімнің толық өзіндік құны
Зс – материалдық өндірістік қордың орташа құны
Мұнда неғұрлым айналымдылық көрсеткіші жоғары болған сайын, соғұрлым
қорлар тезірек ақшалай қаражатқа айналады. Оның төмендегі өндірістік қорлар
мен аяқталмаған өндірістің ұлғайғандығын немесе дайын өнімге деген
сұранысын төмендегенін көрсетеді.
6 дайын өнімнің айналым коффициенті:
Коr = Дn r
r- баланс бойынша есепті кезеңдегі дайын өнімнің орташа шамасы.
Бұл дайын өнімнің айналым жылдамдығын корсетеді 2,3 рет және т.б.
7 дебиторлық қарыздардың айналымдылық коэффициенті:
Кодз = ДN ДЗ
ДЗ – дебиторлық қарыздардың есепті кезеңіндегі орташа шамасы
Бұл көрсеткіш компанияның қойған шоттарын клиенттердің төлеуге қажет
уақытын сипаттайды. Ол көрсеткіштің төмендеуі – оң, ал артуы – теріс
бағаланады.
8 кредиторлық карыздардың айналымдылық коффициенті :
Кокз = ДN КЗ
КЗ – кредиторлық қарыздың орташа шамасы.
Бұл коэффициенттің өсуі – корпорацияның борышты төлеу жылдамдығының
артқандығын, төмендеуі – несиеге тәуелді екендігін

Кәсіпорының нарықтық белсенділік көрсеткіштері.
Кәсіпорының нарықтық белсенділігін келесі негізгі көрсеткіштер
сипаттайды:
1. акцияға тү.скен табыс;
2. акция құндылығы;
3. дивидентті төлеу коффициенттері және тағы басқалары.
Акцияға түскен табыс – инвестор акция сатып алғанда әрқашан дивидент
түрінде алатын болашақ табысты қарастырып отырады. Өйткені: компанияның
табысы дивиденттер төлеудің негізгі көзі болып табылатындықтан және
келешекте акцияның нарықтық құнын көтеруге бизнес болғандықтан, инвесторлар
әрқашан акцияға табыстылық коэффициентіне қызығушылық білдіреді:
ДчА = ДЧ - ДВ ПР.А Ао
ДчА – бір акцияға түскен таза табыс
ДЧ - таза табыс
ДВ ПР.А – айрықша акциялар бойынша дивидент
Ао – айналымдағы жай акциялар саны
Акцияның құндылығы:
Ца = Рц Дач
Рц – акцияның нарықтық бағасы
Дивидент төлеу коэффициенті:
Кдв = Дав Дач
Дав - бірінші акцияға түскен дивидент
Дач – бір акцияға түскен таза табыс
Акцияның нарықтық бағасы – бұл оның қазіргі сату және сатып алу
бағасы. Ол сұраныс пен ұсыныстың ара қатынасы әсерімен қалыптасады.
Акция курсы = дивиденттер несие пайызы * 100
Несиелік пайыз ретінде ҚР-ның Ұлттың Банкінің кооммерциялық банктерге
қаржы ресурстарын сатудың есептік мөлшерлемесі алынады.
Дивидент нормасы= бір акцияға түскен дивиденд бір акцияның нарықтық
бағасына.

1.4. Шаруашылық субъектісінің қаржы көздерінің ұтымды басқару жүйесі
Өнеркәсіптік өндіріс бірнеше факторларға байланысты болады: техниканың
жағдайы, еңбек күші, нарық капиталы және т.б. Барлық осы факторлардың
арасында нақты тепе-теңдік болуы қажет, бірақ өндірістік факторлардың
комбинациясының әрқайсысында нашар элементі болуы мүмкін, қалғандарының
дамуына кері әсерін тигізетін. Қазіргі жағдайда өнеркәсіп үшін мұндай нашар
элемент капитал болып отыр.
Біздің өнеркәсіптер тек қаржы жағынан қиындық шекпейді. Сондай-ақ,
оған кері әсерін нарық сыйымдылығының жетіспеушілігі және өнімнің жоғары
құндылығы тигізеді. Бұл екі фактор қаншалықты маңызды болса да, капитал
салымына туынды болады.
Нарық сыймдылығы сатып алушының қаржысымен анықталып қоймай сондай-
ақ, сатылатын өнімнің құндылығының жоғарылығын көрсетеді. М. өнім құны
төмен болған сайын нарық сыйымдылығы жоғары болады немесе керісінше жоғарғы
құн нарық сыйымдылығын азайтады. Өнімнің арзандауы нарықтың кеңеюіне әсерін
тигізеді. Өнім өндіру процесінде өнеркәсіптік қаржы тиімділігінің өсуіне
жағдай жасайды. Сонымен нашар сериалы өндіруді көбейту өзіндік құнының
төмендеуіне әкеліп соғады бұл процесті іске асыру үшін қажетті капитал
керек.
Бизнес ақшадан басталады, тоқтаусыз ақшаны қажет етеді және ақша табу
үшін жұмыс істейді. Сондықтан қаржылық менеджменттің маңызды проблемасы
ұдайы өндіріс шығындарын жабу және табыс табу жолдарын табу үшін
кәсіпорынның қаржы көздерінің ұтымды жүйесін құру. Ол үшін екі маңызды
сұрақты қарастыру қажет – қаржы көздерінің ұтымды жүйесі және дивиденттік
саясат.
Екі көрсеткіштің қарым-қатынасы қаржы көздерінің жүйелілігіне
байланысты, яғни кәсіпорынның капиталының қалыптасуы түскен табыстың
дивидентке бөліну мөлшері мен меншікті құралдардың таза рентабелділігіне
байланысты. Меншікті құралдардың рентабелділігінің жоғары болуы бөлінбеген
табыс мөлшерін ары қарай дамытуға әсерін тигізеді. Кәсіпорыннның дамуына
меншікті құралдардың мөлшерден көп болуы әсер етеді және акционерлерге
кәсіпорынға төнетін қауіптің болмауына көздерін жеткізіп, клиенттер,
партнерлар және кредиторлар сенімін арттырады. Кәсіпорының заемдық
құралдарын төмендетуге болмайды. Кәсіпорын қарызы администрация мен
акционерлер арасындағы конфликті күшейтеді. Кәсіпорын басшылары мен
акционерлер арасындағы қарама-қайшылық меншікке көзқарасты өзгертеді.
1-шіден, басшылар кәсіпорындардың табысында өз үлесін өз пайдасына
жұмсайды. Бұл жағдай акционерлерге ұнамауы мүмкін.
2-шіден, басшылар кәсіпорынмен өз өмірін байланыстыра отырып, оның
өсуіне бар күшін сала отырып, табыстың өсуіне көп көңіл бөледі. Сондықтан
басшылар өздеріне тәуекелге төтеп беретін акционерлерді таңдайды.
3-шіден, кәсіпорынның басшыларының басқару уақыттары белгіленген
болғандықтан, қысқа мерзімді жобаға кәсіпорының ұзақ мерзімді
стратегиясына зиян келтіре отырып көңіл көп бөледі.
Нарықтық экономика кезеңінде бұл қарама-қайшылықты реттейтін механизм
бар. Мысалы, бухгалтерлік есеп жүйесі, аудит және есеп берулер, осының
көмегімен акционерлер кәсіпорындағы басқару процесін бақылап отырады.
Басшыларды кәсіпорын акциясының мүшесі ете отырып, ынталандыруға болады.
Бұл кәсіпорынның ішкі механизмінің акционерлер мен басшылардың қарым-
қатынасы, сондай-ақ сыртқы механизм де бар. Олар қаржы өнім және еңбек
нарықтары. Кәсіпорын қарыздары басшыларды банкроттыққа ұшырамауға, жұмыстан
босатылмас үшін, білгір, бейімделгіш, пысықтықты талап етеді. Жұмыссыз
қалудың қаупін төндірмес үшін кәсіпорын басшылары кәсіпорынның қаржы
нәтижелерін жақсарту амалдарын іздеу керек.
Енді акционерлер мен кредиторлар арасында конфликтің себебін
қарастырамыз. Бірінші себеп, дивиденттік саясат. Дивиденттің өсуі
бөлінбеген табыстың кемуі, меншікті құралдардың заемдық құралдарға
қарағанда төмендеуіне әсер етеді. Сондай-ақ қайта кредит алуға және артық
акция шығаруға мәжбүр еткізеді. Бұл банкир үшін қауіп тудырады және өзі
берген ссуда үшін девольвацияға әкеліп соғады.
Екінші себеп, қарыздың өте үлкен деңгейінде банкроттыққа ұшырау
қауіпі туады. Қауіпті жоспарларды таңдай отырып ва-банкң - ке баруға
мәжбүр болады. Кредиторларды бұл жағдай қанағаттандырмайды.
Үшінші себеп, егер облигация эмиссиясы кезінде инвесторлардың тиімді
жағдайларына жаңа заемдық құралдар жұмылдырылады, ал алдыңғы шығарылған
облигациялар курстың төмендеуіне ұшырауы мүмкін.

1.4.1. Шаруашылық субъектісінің табыстылық көрсеткiштерiнiң мәнi,
мазмұны
Табыс өз қызметтерiн тиiмдi орындай алуы үшін келесiдей негiзгi шарттар
қажет болады:
1. Жуықтаудың белгiлi бiр дәрежесiнде, өнiм бағасы еңбектiң қоғамдық
қажеттi шығындарын көрсетуi тиiс және ол сондай-ақ еңбек
өнiмдiлiгiнiң үздiксiз өсуi мен өзiндiк құнның төмендеуiн ескеруi
қажет.
2. Бұйымдарды калькуляциялау және өнiмнiң өзiндiк құнын анықтау
жүйесi ғылыми негiзделген болуы керек..
3. Табысты бөлу (тарату) механизмi белсендi роль атқаруы керек және
өндiрiстiң дамуы мен оның тиiмдiлiгiн арттыруда ынталандырушы
фактор болуы тиiс.
4. Табысты тиiмдi пайдалану тек қалған барлық қаржы тұтқаларының
жүйесiнде (амортизациялық аударымдар, қаржылық санкциялар, салық
салу, акциздер, жал төлемi, дивиденттер, пайыздық мөлшерлемелер,
арнайы қорлар, салымдар, пай (жарна) төлемдерi, инвестициялар, есеп
айырысу нысандары, несие түрлерi, валюта және бағалы қағаздар курсы
және т.б.) ғана мүмкiн.
Бiрақ табыстың абсолюттi мөлшерi кәсiпорынның қаржы-шаруашылық
қызметiнiң тиiмдiлiгiнiң емес, экономикалық тиiмдiлiгiнiң көрсеткiшiне
жатады. 500 мың теңгелiк табыс кәсiпорынның салынған капиталының мөлшерi
және қызметiнiң ауқымы бойынша әр түрлi көлемнiң табысы болуы мүмкiн.
Сәйкесiнше бұл соманың салыстырмалы деңгейi айтарлықтай деңгейде бiрдей
болмайды. Сондықтан да алынатын табысты нақты бағалау үшін кәсiпорын
қызметiнiң тиiмдiлiгiн сипаттайтын және табыстылық деңгейiн көрсететiн
рентабельдiлiктiң әр түрлi көрсеткiштерi жататын табыстылықтың салыстырмалы
көрсеткiштерi қолданылады.
Кәсiпорынның табыстылық көрсеткiштерiнiң өсуiне шаруашылықты жүргiзушi
субьектiнiң өзi де, мемлекет те мүдделi. Сондықтан әр кәсiпорында
табыстылықтың абсолюттi және салыстырмалы көрсеткiштерiне жүйелi түрде
талдау жасау қажет.
Табыстылық көрсеткiштерiн талдау мiндеттерiне мыналар жатады:
( табыстылықтың абсолюттi көрсеткiштерiнiң жоспарының орындалуын
бағалау;
( таза табыстың қалыптасуының құрамдас элементтерiн зерттеу;
( табысқа әсер ететiн факторларының әсерiн анықтау және сандық өлшеу;
( табысты бөлу бағыттарын, пропорцияларын және тенденцияларын зерттеу;
( табыстың өсу резервтерiн анықтау;
( кәсiпорынның даму перспективаларын ескере отырып, табысты тиiмдi
пайдалану жөнiнде ұсыныстар жасау;
( табыстылықтың (рентабельдiлiктiң) әр түрлi коэффициенттерiн және
олардың деңгейлерiне әсер етушi факторларды зерттеу.

1.4.2. Шаруашылық субъектісінің табыстылық көрсеткiштерiнiң ролi мен
атқаратын қазметi.
Нарықтық экономика жағдайындағы кәсiпорының шарушылық қызметiнiң жалпы
сипаттамасын таза кiрiс мөлшерiмен қаржы жағдайы көрсеткiштерi бередi. Көп
пайда алу ғана маңызды емес, оны дұрыс пайдалануды да бiлу қажет.
Кәсiпорынның қызметiнiң қаржы нәтижелерi есептiк кезеңдегi меншiктi
капитал көлемiнiң өзгеруiнен көрiнiс табады. Кәсiпорынның меншiктi
капиталды үздiксiз өсiрудi қамтамасыз ету қабiлеттiлiгi қаржы нәтижелерi
көрсеткiштер жүйесi арқылы бағаланады. Кәсiпорын қызметiнiң қаржы
нәтижелерiнiң аса маңызды көрсеткiштерi бухгалтерлiк есеп берудiң N2
формасында келтiрiледi. Оларға жататындар: өткiзуден болған кiрiс (зиян);
бөлiнбеген кiрiс (зиян). N2 форманың мәлiметтерi бойынша келесi қаржы
нәтижелерiнiң көрсеткiштерi есептеп шығарылуы мүмкiн: қаржы және басқа да
операциялардан болған кiрiс (зиян), салық салынғанға дейiнгi кiрiс, салық
салынғаннан кейiнгi кiрiс. N2 форманың барлық аталған көрсеткiштерi
бойынша өткен жылғы мәлiметтер де келтiрiледi.
Ықшамдалған түрде бұл түсiнiк 1995 жылы 26 желтоқсандағы
“Бухгалтерлiк есеп туралы” заң күшi бар ІР Президентiнiң 2732 Жарлығында
анықталған. Жарлықтың 13-бабында былай делiнген: “Табыстар – бұл есептiк
кезеңдегi активтердiң Үлғаюы немесе мiндеттемелердiң азаюы”. Белгiлi бiр
шығындар шығармай әдетте қажеттi табыстарды алу мүмкiн емес. Оз кезегiнде,
табыс алмай кәсiпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтiк мәселелердi
шешу мүмкiн емес.
Табыстылықтың көрсеткiштер жүйесi ең алдымен қаржылық нәтижелердiң
абсолюттi көрсеткiштерiнен тұрады, олар: өнiмдi (жұмыс, қызметтi)
өткiзуден алынатын табыс; салық салынғанға дейiнгi дағдылы қызметтен
алынатын табыс; төтенше жағдайлардан алынған табыс; кәсiпорын қызметiнiң
соңғы қаржылық нәтижесi болып табылатын таза табыс.
Табыс жинақталған түрде шаруашылық жүргiзудiң нәтижесiн, жанды және
затқа айналған еңбектiң өнiмдiлiгiн көрсетедi. Оны кейбiр экономистер
экономикалық тиiмдiлiк көрсеткiштерi қатарына жатқызса, ендi бiреулерi оны
кәсiпорын жұмысының тиiмдiлiгiне жатқызады. Бiздiң ойымызша, алғашқылардың
айтқаны дұрыс, өйткенi табыстың абсолюттi сомасы салынған қаржылардың
қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкiндiк бермейдi.
Нарық жағдайында табыстың ролi айтарлықтай артты. Озiмiз бiлетiндей
жоспарлы-директивтi экономика жағдайында оның ролi төмендетiлген болатын.
Табыс (пайда) табу кез-келген кәсiпорынның мақсатты функциясы (қызметi)
ретiнде төмендетiлдi. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның,
яғни кәсiпорынның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара
байланысқан үш мәселенiң шешiмiн анықтайды: ненi, қалай және кiм үшін
өндiру керек( Табыс табу кез келген кәсiпорынның қызмет етуiнiң мақсаты
болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсiпорынның негiзгi өндiрiстiк
және әлеуметтiк дамуының көзi болып табылады. Бұл принцип өнiмдi
өндiрудегi шығындардың толық ақталуын және кәсiпорынның өндiрiстiк-
техникалық базасының кеңеюiне негiзделедi. Бұл әр кәсiпорын өзiнiң
ағымдағы және күрделi шығындарын өзiнiң меншiктi қаржы көздерiнен
жабатындығын бiлдiредi. Уақытша қаржы тапшылығы кезiнде, оларға деген
қажеттiлiк, егер бұл ағымдағы шығындар болса, олар банктiң қысқа мерзiмдi
ссудаларымен және коммерциялық несиелерiмен, сонымен қатар капитал
салымдары банктiң ұзақ мерзiмдiк несиелерiмен жабылуы мүмкiн.
Табыс есебiнен, сондай-ақ кәсiпорынның бюджет алдындағы, банктер мен
басқа да кәсiпорындар, ұйымдар алдындағы мiндеттемелер орындалады. Сонымен,
табыс кәсiпорынның өндiрiстiк және қаржылық қызметiн бағалаудағы негiзгi
көрсеткiшi болып табылады.
Ол оның iскерлiк белсендiлiгi мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды.
Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейi мен осы
кәсiпорынның активтерiне салынған салымдардың табыстылығы анықталады.
Нарықтық экономика жағдайында табыстың ролi ол атқаратын қызметтермен
анықталады. ТМД елдерiндегi арнайы әдебиеттерде табыс қызметi туралы мәселе
жөнiнде бiрыңғай пiкiр жоқ. Оған 2-ден 6-ға дейiн қызметтi жатқызады.
Бiздiң ойымызша, ол тек екi қызмет атқарады:
1) мемлекеттiк бюджет табысының көзi;
2) кәсiпорын мен бiрлестiктердiң өндiрiстiк және әлеуметтiк даму кезi.
Функциялардың және олардың өзара шарттылығындағы бiрлiгi, табысты
шаруашылықты жүргiзушi қоғамның, кәсiпорын ұжымының және әр жұмысшының
экономикалық мүдделерi байланысатын элементi ретiнде көрсетедi. Осыдан
табысты құру және бөлу (тарату) мәселелерiнiң маңыздылығы көрiнедi, оның (
тәжiрибелiк) шешiлуi шаруашылықты жүргiзушi субьектiнiң тиiмдiлiгiнiң
алынған және оның иелiгiнде қалатын табыс көлемiне қажеттi тәуелдiлiгiн
қамтамасыз етедi.

1.4.3. Шаруашылық субъектісінің қызмет нәтижелерiн қалып-тастыру
моделi
Кәсiпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуiнiң экономикалық
пайдалылығы табыс табумен анықталады. Кәсiпорынның табыстылығы абсолюттiк
және салыстырмалы көрсеткiштермен сипатталады. Табыстылықтың абсолюттi
көрсеткiшi – бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы. Шетелдiк арнайлы
әдебиеттерде “ табыстар” ұғымы келесiдей түрде анықталады:
“Табыстар дегенiмiз – қаржының келуi немесе активтер құнының өсуi, не
болмаса пассивтердiң азаюы түріндегi есептi кезеңдегi экономикалық пайданың
ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдарының есебiнен өсуден басқа
жағдайдағы капиталдың өсуiне әкеледi”.
Өндiрiстiк, өткiзу, жабдықтау және қаржылық қызмет салаларынан
кәсiпорындардың қаржы нәтижелерi туралы көрсеткiштер жүйесi аяқталған
ақшалай бағалауға ие болып отыр. Іаржы нәтижелерiнiң аса маңызды
көрсеткiштерi қаржы нәтижелерi туралы есепте айқын берiледi.
Іаржы нәтижелерi көрсеткiштерi кәсiпорын шаруашылығының абсолюттi
тиiмдiлiгiн көрсетедi. Белгiлi уақыт мезетiндегi ағымдағы қаржы нәтижелерiн
көрсетудiң маңызды формасы кәсiпорын табысы болып табылады. Бухгалтерлiк
есептiң N 5 стандартына сәйкес “Табыс – бұл активтердiң көбеюi немесе
мiндеттемелердiң азаюы”.
Бүкiл әлемде пайданың қалыптасуы және пайдаланылуы туралы мәлiметтер
қаржылық есептiң маңызды бөлiгi ретiнде қарастырылады. Іазақстандық есеп
стандарттары бойынша бұл мәлiметтер “Кәсiпорынның қаржы-шаруашылық
қызметiнiң нәтижелерi туралы есебiнде” қамтылған. Табыстылықтың өзiн-өзi
қаржыландыру, ұдайы өндiру, еңбек ұжымдарының әлеуметтiк мәселелерiн шешуге
мүмкiндiк бередi. Табыстың есебiнен банк, бюджет, басқа субъектiлер
алдындағы мiндеттемелер орындалып отырады. Сонымен, табыстылық
көрсеткiштерi кәсiпорынның өндiрiстiк қаржы қызметтерiн бағалаудағы аса
маңызды көрсеткiш болып табылады. Ол оның iскерлiк белсендiлiгiнiң және
қаржы тұрақтылығының дәрежесiн сипаттайды. Табыстылық көрсеткiштерi арқылы
авансталған қаржылардың қайтарымдық деңгейi және кәсiпорын активтерiне
салымдардың тиiмдiлiгi анықталады.
“Іаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерi туралы есеп” N3 бухгалтерлiк есеп
стандартына сәйкес осы есепте мiндеттi түрде қамтылуға тиiс көрсеткiштер
жүйесi бар:
1. Өнiмдi (жұмысты, қызметтi) өткiзуден түскен кiрiс. Мұнда дайын өнiмдi,
меншiктi жартылай фабрикаттарды, өндiрiстiк және ауылшаруашылық
өнiмдерiн, сатып алынған бұйымдарды, өнеркәсiптiк және өнеркәсiптiк
емес сипаттағы, құрылыс, ғылыми-зерттеу, және басқа да жұмыстар мен
қызметтердi өткiзуден түскен кiрiстер көрсетiледi. Кiрiс өнiмдердi,
жұмыстарды, қызметтердi сатудан түскен түсiм ретiнде анықталады (ІІС
және акцизсiз).
2. Өткiзiлген өнiмнiң (жұмыстың, қызметтiң) өзiндiк құны. Мұнда есептiк
кезеңде өткiзiлген өнiмнiң өзiндiк құнына енгiзiлген шығындар сомасы
көрсетiледi.
3. Жалпы пайда (кiрiс) – есептiк кезеңде кәсiпорынмен алынған кiрiс. Ол
өнiм өткiзуден түскен түсiм мен өткiзiлген өнiмнiң өзiндiк құны
арасындағы айырмашылық ретiнде анықталады.
4. Кезең шығындары. Мұнда келесi шығындар көрiнiс табады:
а) жалпы және әкiмшiлiк шығындар, яғни кәсiпорында басқарумен және жалпы
өндiрiстi ұйымдастырумен байланысты шығындар;
ә) өткiзу бойынша шығындар – маркетинг және өнiмдi өткiзу бойынша басқа
да шығындар;
5. Негiзгi қызметтен түскен кiрiс негiзгi қызметтен түскен кiрiстер мен
болған зияндарды көрсетедi.
6. Негiзгi емес қызметтен түскен кiрiс – негiзгi қызметпен байланысты
емес операцияларды iске асыру нәтижесiнде кәсiпорынмен алынған пайда
(зиян) – курстық айырмашылықтар, құнды қағаздар бойынша дивидентер,
жалгерлiк ақылар, экономикалық санкциялар, айыппұлдар түрінде төленген
және алынған сомалар.
7. Корпоративтiк табыс салығы. Өз қызметiнен пайда табатын барлық заңды
тұлғалар корпоративтiк табыс салығын төлеуге мiндеттi.
8. Салық салынғаннан кейiнгi жай қызметтен алынған кiрiс (зиян).
9. Төтенше жағдайлардан алынатын кiрiс (зиян)- стихиялық, табиғи
апаттардан алынған кiрiстер мен зияндар.
10. Таза кiрiс (зиян) есеп беру кезеңiнде алынған қорытынды кiрiстi
(зиянды) көрсетедi. Ол негiзгi қызметтен алынған кiрiс пен
корпоративтiк табыс салығы арасындағы айырмашылық ретiнде анықталады.

Кәсiпорын қызметiнiң қаржы нәтижелерiнiң талдаудың теориялық базасы,
меншiк формасына қарамастан, барлық кәсiпорындар үшін нарықтық экономика
жағдайындағы кәсiпорындардың шаруашылық механизмiн бiрiңғай моделi
қабылданған. Ол, нарықтық экономика жағдайында әрекет ететiн барлық
кәсiпорындардың мақсатының, қаржы нәтижелерi көрсеткiштерiнiң, салық салу
жүйесiнiң бiртұтастығын көрсетедi.
Нарық жағдайындағы кәсiпорынның қызметiнiң қаржы нәтижелерiн
қалыптастыру моделi итерациялар мен есептеулердi қамтиды.
1-шi итерация. Өнiм өткiзуден түскен жалпы кiрiстi анықтау.
2-шi итерация. Өнiм өткiзуден түскен табысты анықтау.
3-шi итерация. Іаржы және басқа да операциялардан түскен кiрiстi
анықтау.
4-шi итерация. Жалпы баланстық пайданы анықтау. Бұл пайда негiзгi,
қаржы және басқа қызметтерден түскен пайдалардың алгебралық қосындысы
ретiнде анықталады. Баланстық пайда кәсiпорынның барлық шаруашылық
қызметiнiң экономикалық тиiмдiлiгiн анықтайтын көрсеткiш.
5-шi итерация. Кәсiпорынның өзiне қалатын, немесе таза кiрiстi
анықтау. Таза кiрiс баланстың пайдадан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Корпоративтік басқарудың жапондық моделі
ДИВИДЕНДТЕРДІ ТӨЛЕУ САЯСАТЫ
Кәсіпорындағы дивидендтік саясатты басқару
Акционерлік қоғамды басқару жүйесін жетілдіру
Қаржылық менеджмент оқу құралы
Қалдықты дивиденд саясаты
Қазақстан кәсіпорындарындағы қаржылық менеджменті
Қазіргі нарықтық экономикадағы кәсіпорынның қаржы менеджментін қолдану механизмі
Қаржылық менеджмент туралы
Компанияның банкроттығы мен төлем қабілетсіздігінің теориялық негіздері. Жалған банкроттық қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Пәндер