Жаһандану үрдісінің Қазақстанда ұлттық идея қалыптасуына ықпалы
Ұлттық идея қалыптасуының рухани - әлеуметтік негіздері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
I. Ұлттық идея қалыптасуы және әлемдік тәжірибе ... ... .7
1.1 Ұлттық идея ұғымы, оның мәні мен
маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..7
1.2 Әлемдік тәжірибедегі ұлттық идеяның қалыптасу
ерекшеліктері ... ... ..14
1.3 Азаттық, Намыс, Атамекен идеялары – қазақ ұлттық идеясының
прототипі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
II. Тәуелсіз елдегі ұлттық идеяның қалыптасуы мен
дамуының басты
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
2.1 Ұлттық құндылықтар – ұлттық идеяның негізгі өзегі (мәдени – рухани,
дәстүрлі
құндылықтар) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ..28
2.2 Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық идеясын жаңғыртудағы әлеуметтік –
экономикалық
басымдықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .38
2.3 Жаһандану үрдісінің Қазақстанда ұлттық идея қалыптасуына
ықпалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .44
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 55
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Бұл Зерттеу жұмысында ұлтты ұйыстырушы
ұлттық идеяның мән – мағынасы айшықтала отырып және әлемдік тәжірибемен
қатар Қазақ ұлттық идеясын қалыптастырудағы рухани – мәдени құндылықтар
қайта қаралып, мәдениеттанулық талдау жасалады сонымен қатар қазіргі
әлеуметтік – экономикалық басымдықтарға баса назар аударылады.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Тарихы сонау мыңдаған жылдардан
бастауын алатын мың өліп мың тірілген қазақ халқы егемендігін алып, етек
жеңін жиып, дүниежүзілік қауымдастық мүшесі болып, өзіндік құндылықтарын
қайта қарап, XXI ғасыр нарықтық экономикалық қоғамға қадам басуда. Осы
жолда тарих тезінен еленіп, елдің еңсесін көтеруші, ұлттың ұлы мұраты
болған ұлттық идеяның рөлі өте маңызды орын алады. Ұлттық идея ұлттың
қарыштап даму жолында алға қойған мақсат – мұраты. Ал, қазіргі ақпараттық,
нарықтық қоғамда ұлттық идеяны қайта қалыптастыру қиынның қиыны.
Әлемнің екінші ұстазы Әл-Фараби: Өткен тарихыңды білмей келешекке
дұрыс қадам баса алмайсың – дегендей, қандай – да болмасын мемлекеттің
және ұлттың идеясын жасау үшін оның басынан өткерген қиын – қыстау, қибалаң
тарихы бойындағы сан мыңжылдар бойы қалыптасқан негізгі ерекшеліктері мен
өзіндік құндылықтарынсыз елестету мүмкін емес. Сол сияқты бүгінгі таңда да
Қазақстанда ұлттық идеяны қалыптастыруда халқымыздың сонау ғасырлар
елегінен өтіп, айдар тағылған өзіндік мәдени – философиялық, рухани -
әлеуметтік ерекшеліктерін негізге алу қажеттілігі туындайды.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін өміріміздің түрлі
саласында болып жатқан өзгерістер мазмұны жағынан да, түр сипаты жағынан да
жаңа қоғамдық қатынастарды қалыптастырудың асқан қажеттілігін аңғартып
отыр. Ендігі жерде барлығын жан – жақты ой – сана елегінен жаңаша өткізіп,
жаңаша қабылдауымыз керек. Қазақстан Республикасында мемлекет тәуелсіздігін
нық ұстап тұру мақсатымен жүргізіліп жатқан рухани мәдени шараларға қатысты
ұлттық мәдениетпен дәстүрдің өркендеуіне қолайлы жағдайлар туып, кеңінен
жол ашылып отыр. Оған Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның
болашағы қоғамның идеялық бірлігінде атты еңбегінде: Мәдени дәстүрлер
қашанда әлеуметтік қайта түлеудің қайнар көзі болып келеді. Өзінің тарихи,
мәдени тамырларына қайта оралу – бұл әрине оң процесс. Қазақстанда ұлттық
тілді, қарым – қатынасты, мәдениетті... дамытуға барынша қолдау жасалып
отыр, - деген сөзі идеяның бірден – бір айғағы [1].
Алайда нақ бүгінде, жаһандану жағдайында Қазақстанның ұлттық идеясын
ұсыну қажеттігі мемлекет пен қоғамның алдында тұрған бұрынғыдан да өзекті
мәселеге айналып отыр. Ұлттық идея елді және бүкіл қоғамды жұмылдырушы
фактор болуы тиіс. Ол Қазақстанның жаһандық дүниеге лайықты кірігіп,
жаһандық күрделі процестерге оңтайлы қатысуына жағдай жасауы керек. Ұлттық
идеяны іске асыру бүкіл қоғам мен әрбір Қазақстандықтың игілігі тұрғысынан
еліміздің одан әрі өскелеңдікпен дамуын қаматамасыз ету үшін жаһанданудың
осы заманғы сынақтарына пара – пар жауапқа айналуы тиіс. Түптеп келгенде,
ұлттық идея Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында қадап
айтылған, сипаттары жан – жақты тұжырымдалған қоғамды құру ісіне қызмет
етуі керек.
Ұлттық идеяның қажеттілігі жаһандану жағдайындағы мемлекет пен қоғамның
алдында тұрған бірқатар міндеттерден туындайды:
Қоғамды топтастыру міндеті; Қазақстан үшін – қазақстандық қоғамды
этностық емес, біз азаматтық қауымдастық деп түсінетін біртұтас ұлтқа
топтастыру міндеті. Қазіргі кезде Қазақстанда ондай бірыңғай, біртұтас ұлт
әлі жоқ. Қазақстандықтардың өмірлік бағдарлануының анықталмауына себеп
болатын және соны туындататын бірқатар жағдайлар бар. Қазақстан
азаматтарының этностық, саяси, діни сана сезімі тым әрқилы.
Қазақстандықтардың құндылықтыр жағынан бағдарлануы айшықты емес және бұл
тұрғыдағы топтасушылығы әлсіз. Ал құндылықтар бірқатар жанама жәйттар
арқылы әлеуметтк мінез – құлық моделіне айналатындықтын, біздің
азаматтардың әлеуметтік құлшыныстыры түрлі арнада жүреді, олардың бұл
тұрғыдағы бірігушілігі де некен - саяқ.
Қазіргі жағдайда топтасуға этностық өзін - өзі біріздендіру де
көмектеспейді. Көп ретте ол өткенді алға тартады, бірақ та, өткеннің
қаншалықты құнды болғанына қарамастан, жаңа нақтылықтар мен жаңа
міндеттерге негізделген біріздендіруден өтпесе, оның өзі осы заманғы
сынақтар алдында дәрменсіздік танытады.
Демек, ұлттық идея ұлтты топтастырудың осындай көпқырлы міндетін шешуге
қабілетті болуы керек, ол мақсаттар мен құндылықтардың екіұштылығын жойып,
біртұтас қоғамдық сананың қалыптасуына жәрдемдесуі тиіс. Ұлттық идеяның
қоғамды сапалық тұрғыдағы секіріске, Қазақстан бастан кешіп отырған қазіргі
саяси – экономикалық жағдайлардан қарыштап өтуге жұмылдырудағы рөлінің мәні
де еш кем емес. Президент Жолдауына өзек болып тартылған, онсыз Қазақсатн
дамыған елдер қатарына шыға алмайтын жедел жаңару ұлттың топтасуын ғана
емес, сонымен бірге мұндай жаңарудың стратегиясын талдап жасауды, мақсатқа
жету үшін қажет болатын жолдың айқын түсінілуін талап етеді.
Бұл тұрғыда да ұлттық идея қоғамды жұмылдыруға әрі осы жолдың бағытын
көрсетуге, Қазақстанның даму арнасын белгілеуге тиіс және оның бұған
қабілетті екендігі дау тудырмайды.
Азаматтық теңдік және мәдени саналуандық қағидаттарына негізделіп
құрылған бірыңғай Қазақстан ұлтын қалыптастыру мәселелерінде ұлттық идеяның
рөліне баға жетпейді. Демек, ұлттық идеяны қалыптастыру қажеттілігін
қазіргі кезде Қазақстанның алдында тұрған бірқатар міндеттер туындатып
отыр.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бүгінгіигі күні ұлттық идеяны қалыптастыру
Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялап, егемен мемлекет болғаннан
бері жүріп жатқан ұлтаралық процестер мен бірлікте қарастырылып келеді.
Және де бұл мәселе қоғам өмірінің бар саласымен тығыз ықпалдасатындықтан,
саясаттанушылардың, мәдениеттанушылардың, философтардың, заңгерлердің,
әлеуметтанушылардың және басқа да қоғамдық ғылымдардың зерттеу нысанына
айналып отыр. Бұл зерттеулердің нәтижелерін бір жүйеге келтіру арқылы ғана
ұлттық идеяның қалыптасуы мен даму процесіне кешенді зерттеу жүргізуге
болады.
Елімізде қазірде ұлттық идеяның қалыптасуына атсалысып жүрген
ғалымдарымызды атап өтетін болсақ: А.Айталы, Ә.Нысанбаев, А.Сейдімбек,
Д.Кішібеков, Т.Ғабитов, Ә.Ғали, Ж.Молдабеков, А.Шәріп, Б.Г.Аяғанов,
К.Н.Бұрханов, С.А.Дьяченко, И.Н.Тасмағамбетов, Т.С.Сәрсенбаев,
Л.И.Кармазина, Р.Қ.Қадыржанов, С.З.Нарматовтар.
Ұлттық идеяны қалыптастырудың әлемдік саяси – мәдени тәжірибедегі
тұжырымдары С.И.Абдулпаттаев, Қ.Е.Көшербаев, Б.А.Майлыбаев, А.Орлов,
Э.Паин, К.Л.Сыроежкин, Т.Н.Ушанова сынды зерттеушілердің еңбектерінде
қарастырылған.
Зерттеудің нысаны ретінде ұлттық идеяның мәні мен маңызы, оның қазақ
тарихы бойында қалыптасуы және қазіргі кезде орнығуына мәдениеттанулық
талдау жасалады.
Зерттеудің пәні. Тәуелсіз Қазақстанда ұлттық идеяны қалыптастырудың
негізгі өзектілігі мен қажеттілігі.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазақ мәдениетінде ұлттық
идеяның қалыптасуының түпқайнарларын айқындап, даму арналарын ашып
анықтауды және соның барысында сатылық, сапалық өзгерістерді жан – жақты
пайымдап парықтауды мақсат етіп, межелеген аталмыш еңбектің алдына соған
сәйкес мынадай міндеттер қойылды:
- Ұлттық идеяға түсініктеме бере отырып, әлемдік елдердегі ұлттық
идеяның қалыптасуынан тәжірибе алу;
- Қазақ менталитетіне ғана тән қазақ тарихындағы ұлттық идеяның
негізгі прототипі болған Азаттық, Намыс, Атамекен
идеяларына жеке – жеке мәдениеттанулық талдау жасай отырып, оны
қазіргі қоғамға сай ете отырып жаңғырту;
- Жаһандану үрдісіне байланысты жойылудың аз – ақ алдында тұрған
ұлттық идеяның негізгі өзегі болған ұлттық құндылықтарымызды
қайта қарау;
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Зерттеу мақсаты мен міндеттеріне сәйкес
дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі екі бөлімнен (алты бөлімшеден),
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Дипломның
жалпы көлемі 57 бетті құрайды.
I. Ұлттық идея қалыптасуы және әлемдік тәжірибе
1. Ұлттық идея ұғымы, оның мәні мен маңызы
Ұлттық идея ұғымын ашудан бұрын, біз ең әуелі ұлт мәселесіне тереңінен
талдау жасап, содан соң сол ұлтты ұйыстырушы идеяға тоқталайық.
Әрбір халықтың өзін өзгеден айрықшалайтын дара мүсінін, дербес мінезі
мен мәдениетін танып – түйсінуі ең әуелі этникалық төркін – тамырын
бажалаудан бастау алатыны белгілі. Жер жүзіндегі адамзат қауымдастығын
құрайтын табиғи – тарихи жаратындылар – ру, тайпа, ұлыс және ұлттарға
анықтама бергенде ғылымда көбінесе гректің ethnos (тайпа, халық), латынның
nation (тайпа, халық) сөздерінен жапырақ жайған атаулар қолданылады.
Ұлт ұғымына байланысты зерттеулер қандай көп болса, пікірлер соншама
көп деп айтуға болады. ХІХ-ХХ ғ. басындағы Мадзини, Актон, Ренан, Масарик,
Соловьев сияқты ойшылдар ұлттарды жаңа әлеуметтік құбылыс ретінде қарады
және оның негізгі белгісі рухани дүниеде, яғни ерекше ұлттың өзін-өзі тануы
деп есептейді. Қазіргі ұлт сөзіне негіз болған нация сөзі латын тілінде
қандас туыстарға байланысты қолданылған болатын. Уокер Коннор нация сөзі
Англияда ХІІІ ғ. латын тіліндегіндей қолданыста болса (қандас туыс), ал
ХVІІ ғасырға қарай белгілі бір елдің жалпы тұрғындарын атауға байланысты,
олардың әртүрлі этникалық топтарға жататына қарамастан қолданыла бастаған
деп есептейді. Сонымен бірге ол буржуазиялық революциялр кезінде нация
ұғымы мен мемлекет ұғымының синоним ретінде қолданыла бастауына себеп
болған Локк және Руссоның халық суверенитеті теорияларының әсері деп
есептейді [2]. Энтони Д. Смитт ұлттардың қалыптасуына Батыстағы үш түрлі
революциялар – еңбек бөлісіндегі, басқаруды бақылаудағы, мәдени
координациядағы - әсер етті дейді [3]. Карл Дойч ұлт...ол әлеуметтік
мәжбүр етудің бірқатар институттарының үстінен бақылау орнатуға қол
жеткізген халық және ол өзінің тарихи даму болшағында толыққанды ұлт-
мемлекет ретінде қалыптаса алады, ал ұлтшылдық жеке қауіпсіздік пен топтық
етенелесу мақсаттарды топтық мүдделерді жүзеге асырудан көрініс табатын осы
ұлт пен оның мүшелерінің әлеуметтік белсенділік, мүдделер мен лауазымдар
сферасында өзге ұлттармен бәсекелестік мүдделестікке ден қоюы [4].
Бұл пікірлерге қосарымыз, революциялар дәуірінде әр түрлі этникалық
топтардан тұратын қоғамдардың өзінде экономикалық біртұтастықпен бірге,
енді саяси біртұтастық қалыптасады және революцияның барысында, әсіресе
сыртқы факторларға байланысты ортақ идея – ұлттық идеялар қалыптаса
бастайды. Ортақ идеялар немесе ұлттық идеялардың негізінде басқа
халықтармен бәсекелестік немесе сырттан келген жаулап алушыларға деген
наразылық бар. Сонымен бірге кеңестік дәуірдегі зерттеушілердің көпшілігі
ұлт бұл капиталистік дәуірдің туындысы деп келді. Бұл пікірдің де жаны
бар. Себебі капиталистік қатынастар бір мемлекеттің құрамындағы әр түрлі
этникалық топтардың өзара араласуын және ортақ мүдденің, ортақ
дүниетанымның қалыптасуына әсер етті. Ал енді осы процестерге негіз болған
орта ғасырлардағы кітап шығарудың кең тарауы және Ұлы географиялық ашылулар
болды. Мысалы, Францияда 1470-1600 жылдар аралығында 12 мың атаумен, ал
Италияда 20 мың атаумен кітап басылса, ал Германияда 1564 жылдан бастап
есептегенде Франкфурттегі кітап жәрменкесіне 39 жыл ішінде 20 мың кітап
шығарылып сатылған [5]. Кітаптың кең тарауы ортақ тілді қалыптастырса, ішкі
рынок пен орталықтанған мемлекеттердің қалыптасуы ортақ территорияны
қалыптастырған болатын. Ал Ұлы географиялық ашылулар қазіргі
ғаламдыстырудың бастамасы ғана болған жоқ, сонымен бірге революцияларды
бастан кещірген халықтардың өз іс-әрекеттерін ақтайтын философиялық, саяси
ойларын дүниеге алып келді және қоғамның дамуының барлық саласы бойынша
өзара бәсекелестік басталды.
Ал ұлттық идеяның алғашқы көрінісі ретінде әлеуметтік және саяси
идеялардың негізге ала аламыз. Ежелгі Шығыстағы және ежелгі Римдегі идеалды
билеуші туралы, ежелгі Грециядағы идеалды мемлекет туралы саяси ойлардың
пайда болуы осыған мысалы бола алады.
Қоғамдық идеалдар туралы ілімнің негізін Платон мен Аристотель
қалыптастырды. Егер Платон болмайтын идеалдарды жүйелеп дамытуға тырысса,
ал Аристотель, керісінше бар нәрсенің идеалды нормалары туралы ілім жасап,
оған қарсы тұрды [6]. Орыс философы князь Трубецкой идеалдардың
утопиялардың күйреген, апатты жағдайларда пайда болатынына мең берген
болатын [7]. Өзін-өзі тану күйреу жағдайын бастан кешіру барысында
басталады және болашақ дамудың идеалдарын туғызумен аяқталады. Идеалдар
жүзеге аспай, утопияға айналып, дағдарысқа ұшыраған кезде тағы күйреу
басталады. Бұл процесс адамдар бірлестігі бар жерде үздіксіз болатын
құбылыс.
Ұлттық идеялар мен идеологиялардың қалыптасу кезеңін зерттеушілер Жаңа
дәуірмен байланыстырады.
Ұлттық идеалдардың ішінде барлығының жүзеге асуына негіз болатын
бастысы ұлттық идеяға айналады. Зерттеулерде ұлттық идея мәселесіне жан-
жақты көзқарастар көп. Арапов М.В. және Мирский Э.М. ұлттық идея қоғамдағы
және оның ұяшықтарындағы саяси күштердің бәсекелестіктерінің нақты
шекарасын белгілейді, ал оның арғы жағында қоғамның, тіпті тұтастай
алғанда, мемлекеттің аталмыш ұяшықтарының тұтастығына қауіп төндіретін
қақтығыс бар. Ұлттық идея оларға тарихи оқиғалар, жеке атаулар ретінде
мәртебе берілген көптеген ғасырлар бойы сүзгіден өткен шешімдерді қабылдау
мен жүріс-тұрыс моделі ретінде қолданылатын образдардан жинақталады, ал
бұлар, өз кезегінде біздің территория түсінігін қалыптастыратын ұлттық
пантионды топониндерді құрайды деп есептейді [8].
К.Г. Красухин ұлттық идея – бұл белгілі бір идеологиялық конструкция,
ол ұлттың өзін-өзі тануы процесіне әсер ете отырып, оның күнделікті өмірге
және болашақ дамуға байланысты стереотиптерін көрсетуі керек деп жазды [9].
Уақытында көптеген елдерде әр түрлі ұлттық идеялар қалыптасты. Соның бірі
Ресейдегі орыс идеясы. Оның мағынасы мен мазмұны туралы Д.Д. Драгунский
былай дейді: Бұл орыстардың өздерін және әлемдегі өздерінің ерекше
орындары туралы түсініктері. Алайда, орыс ойы өзіне емес, өздерінің
әлемдегі алатын орындарына баса назар аударады – орыстардың өзіндік бітімі
орыс мақсаты арқылы анықталады. Яғни Орыс идеясы түпкілікті нәтижеде ерекше
миссия идеясына тұғырланады [10].
Әдетте әр түрлі көзқарастардың қалыптасуына қоғамдағы саяси топтардың
қоғамдағы орны мен білім дәрежесі, саяси мәдениеті әсер етеді. Міне осыдан
келіп негізгі басты идея мен сол идеяны жүзеге асырудың жолдарын ұсынған
идеялардың жиынтығын – идеология пайда болады.
Идеология – бұл ұлттық идея негізінде қалыптасқан және оны жүзеге
асырудың әр түрлі жолдардың негіздеген идеялық ағымдар. Сондықтан да әр
түрлі елдер тарихи, саяси жағдайларға байланысты әр түрлі идеологиялар
қалыптасады. Ұлттық идеологияны жүзеге асыруға әр түрлі әлеуметтік топтар
өз мүдделерін сақтай отырып атсалысатын болғандықтан олардың ұлттық идеяны
жүзеге асыру жолдары да әр түрлі болады және соның негізінде әр түрлі
идеологиялар қалыптасады. К. Манхейм мүдделер қарама-қайшылығын идеялар
қарама-қайшылығына айналдыратын интеллектуалдар деп есептейді [11]. Неміс
ғалымы У. Матц идеология – бұл қоғам дағдарысқа ұшырап, сүйеніш іздеген
кезде кездейсоқ табыла алған балдақ іспеттес деп суреттейді [12].
Идеология ұғымы ғылыми айналымда ХІХ ғ.бірінші жартысында пайда болды
және оны ұсынған француз философы және экономисі А. де Траси боды. Ол егер
біз оның тақырыбын және грамматикасын алатын болсақ, егер біз оның
құралына, логикасына мән беріп, оның мақсатын қарастыратын болсақ, онда бұл
ғалымды идеология деп атауымыз керек деп жазды [13].
Е. Савеленок идеология ұғымының эволюциясын үш кезеңге бөледі:
1. идеялар туралы ғылым, олардың пайда болуы және қоғамның даму
тәжірибесінде пайдалану заңдылықтары зерттейді (ХІХ ғ.басы);
2. қоғамдағы әр түрлі теориялар мен көзқарастардың саяси-әлеуметтік
бағыттарын анықтайтын ұғым ретінде (ХІХ ғ.-қазірге дейін);
3. идеология зерттеу пәні ретінде және әлеуметтік ғылымдарда құралдық ұғым
ретінде (Махеймнің білім социологиясы және т.б.) [14]. Ал енді идеология
туралы Батыс зерттеушілерінің анықтамаларын бірнеше топтарға бөлуге болады
[15]:
Ұлт ұғымы жайында қазақтар арасында тұңғыш рет толымды ғылыми түйін
жасаған кісі – Ғаббас Тоғжанов (1900-1937). Ол өзінің Ұлт деген не? атты
көлемді полемикалық мақаласында бұл категорияға: ... тілі бір, жері бір,
ғасырлар бойындағы тіршілік күресінен, тұрмыс салтынан, жиі қатынасынан
туған мінез – жан сипаты бір жұрттардың қосылуы, бір жұрт болуы [16], -
деп анықтама берді. Осы еңбегінде автор Сталиннің ұлттың ең елеулі
белгісінің бірі – экономика ортақтығы деген ойымен келіспейтіндігін атап
көрсетіп, жоғарыдағыдай тарихи - әлеуметтік және психологиялық факторларды
бірінші қатарға қойды.
Сайран Әбушәріптің жазуынша: Қазақтардың ұғымында ұлт – бұл табиғи,
биологиялық сипатқа ие болған, этникалық, ру - тайпалық құндылықтар
негізінде пайда болатын этнос, суперэтнос (рулар мен тайпалар бірлестігі),
қауымдастық [17]. Ұлтты даралауға тиісті қасиеттердің қатарында бұлардан
басқа да бірқатар шарттар (ұлттық рух, ұлттық дін, ұлттық мемлекеттілік
капиталистік қарым – қатынастың орнығуы т.б.) тілге алынып жүр. Әйтсе де,
этностың бүкіл жұрт бірдей мойындаған толассыз белгілерін тұжырып беру
гуманитарлық ғылым ғалымдарының жұмыла бітіретін жұмысы деп ойлаймыз.
Ал, ұлтты біріктіруші, топтастырушы Идеяның өзінің кемінде 5-6
мағынасы бар екенін ескерсек, жалпы аталмыш сөз тіркесінің өзі туралы
біршама пікірталасқа баруға тура келеді. Себебі, сөз болып отырған
объектінің өзі ортақ түсініске түспесе, ол жайында жаппай пікір айтудың өзі
неғайбыл ғой? Дегенмен, аталмыш ұғымның қазіргі кең тараған тұсын ескере
отырып, ұлттық идеяға нені сыйғызғанымыз жөн дегенге жолайы тоқтала
кетейік. Ұлттық идея, біріншіден, бір ұлтқа болмаса бір мемлекеттің халқына
тиесілі идея екені түсінікті болар; екіншіден, мұндай идеялар бүкіл ұлттың
бәрі бірдей бір уақытта ойлап тапқан эврикасы емес, бүкіл ұлтты болмаса
халықты белгілі бір құндылықты бекітуге жұмылдырушы немесе сол ұлттың
әлдебір проблемасын соның қатысуымен шешуге бағытталған идея болса керек.
Міне, сонысымен де мұндай ауқымдағы идея қай ұлтқа да бағалы, қасиетті.
Алайда, ұлттық идея ұғымын этностық идеямен шатастырмағанымыз абзал.
Қазіргі жағдайда қазақтың проблемасын шешуге бағытталған идеяны оның
қаптаған мәселелерінен арашалап алсақ, ол нағыз ұлттық болар еді және
ұлттық идеяны мемлекеттік деңгейге шығара алсақ, әлгі идеяның көсегесі
көгеретіні тағы сөзсіз. Кез келген ұлттық идея ең әуелі ұлттың өзін селт
еткізіп, оған оның барлық мүшесін тартатындай ауқымды да, құнды болуы шарт.
Сонымен бірге мұндай идеяға мемлекеттік назар болмайынша, әлгі идея белгілі
бір топтардың ғана бастамасы болып қала бермек. Айталық, осындай идеяға
жатуға тиіс қазақ тілінің ұлттық идеяға айналмау себебі неде жатыр? Аталмыш
идея тек қана проблема күйінде қалып, ұлтты әлгі проблеманың ығыр қылуында.
Демек, ұлттық идея дегеніміз проблеманың төңірегіндегі бас қатырулар емес,
сол проблеманың шешілуі жолындағы ұлттық ұжымдасуға жеткізетін идея. Егер
де ол мемлекеттік тұрғыдан өзіне лайық назармен қаруланып, оның алға басу
мысалдары пайда бола бастағанда, қазақ тілінің алға басуы тек қана
қазақтарды ғана емес, қазақ еместерді де марқайтқан болар еді. Өкінішке
орай, қазіргі жағдайда қазақтілділер өз тілінің жауы соны меңгермегендер
деп танитындығы өтірік емес, бұл - әлгі проблеманың шешілуге жатқызылған
мақсатқа айналмағандығы.
Ұлттық идея дегенiмiз – халықтың әрiден алғанда дәуiрлiк, берiден
алғанда ғасырлық мұратын айқындайтын, келешек ұрпаққа жол көрсететiн
шамшырақ болатын заманалық рухани философия. Ол белгiлi ұлттың немесе
мемлекеттiң әлемдегi орнын анықтап, оның тағдырын шешетiн реформасының
теориялық негiзiн және сол қоғамның мұратын айқындайды.
Жалпы, ұлттық идеяны (аты мен заты сай келетiн белгiлi ұлттың идеясы)
iске асырудағы мемлекеттiң мақсаты да — халықты бiр негiзгi тiлге үйрету
арқылы, бiр сананы қалыптастырып, белгiлi жарқын мақсатқа жеткiзу.
Ұлттық идея дегеніміз – этностың әлеуметік – этникалық тұтастығын
сақтап, ұлттық күш – қайратына сенімін күшейтетін ұмтылыс пен іс – қимылдың
маңызды құралы – дейді А.Айталы [18]. Ұлттық идея – талай ұрпақтың
еңбегімен, қуаныш – қайғысымен сараланған рухани дүние. Бұл қайталанбас
байлық өмірге ұлттық өзіндік тарихи болмысымен келген, сол себептен де ол
ұлттық дүниетанымның айнасы. А.Сейдімбек айтқандай әрбір ұлт - өз
болмысының авторы [19]. Ұлттың мұрат пен мүддесі, кешегісі, бүгінгісі,
ертеңгісі, қайғы – қасіреті мен абырой – мақтанышы ұлттық идеяда көрініс
алады. Жалпы алғанда әрбір ұлттың ерекшеліктерін дамытатын құрал – ұлттық
идея мен елдік мүдде.
Қазақстанның (тарихи, саяси және мемлекет ретiндегi) анықтамасы қазақ
елi дегендi бiлдiредi. Осы республиканың негiзгi тұрғылықты халқы –
қазақтар. Олардың ана тiлi түркi тiлiнiң қыпшақ тобына жатады. Дiнi –
мұсылман сунниттер. Қазақтардың негiзгi жерi – Азия құрлығында, менталитетi
– шығыстық. Бұл – тарихи қалыптасқан аксиома. Оны отаршыл патша үкiметi де,
Кеңестер одағы да мойындаған. Соңынан қазақ халқы мен оның ана тiлiнiң және
тарихи қалыптасқан жерiнiң негiзiнде тәуелсiз Қазақстан Республикасы
құрылып, оның мемлекеттiк тiлi болып қазақ тiлi заңдастырылды. Қазақстанда
қазақтардан басқа өткен ғасырда әртүрлi себептермен көшiп келген ондаған
басқа ұлт өкiлдерi (диаспоралар) тұрады. Қазақстандағы барлық ұлт өкiлдерi
татулығының негiзi – қазақтардың табиғи болмысы мен ұстанатын дiнiнде.
Себебi, ислам – адамды дiнiне, тiлiне, нәсiлiне бөлмей, барлығын ағайын деп
қарайтын бiрден-бiр әлемдiк дiн.
Сондықтан, жоғарыда айтылғандар – Қазақстандағы барлық ұлттардың
өкiлдерi, билiк, оппозиция, зиялылар... барлығы мойындаған және қоғамның
жан-жақты дамуын қамтамасыз ететiн ұстанымы.
Хан Абылай қалмақта тұтқында жатқанда оны босатып алуға барған Қазыбек
би Қоңтәжi ханға: Бiз – қазақ деген мал баққан елмiз, бiрақ ешкiмге
соқтықпай, жай жатқан елмiз. Елiмiзден құт-береке қашпасын деп, жерiмiздiң
шетiн жау баспасын деп, найзаға үкi таққан елмiз. Ешбiр дұшпан басынбаған
елмiз, басымыздан сөз асырмаған елмiз. Досымызды сақтай бiлген, дәм-тұзды
ақтай бiлген елмiз. Асқақтаған хан болса, хан ордасын таптай бiлген елмiз.
Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды, анадан қыз туса, күң боламын деп
тумайды! Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елмiз дегенi – қазақтың әлi
күнге дейiн маңызын жоймаған сипаттамасы.
Осындай ұстанымдарға негiзделген Қазақстан мемлекетiнiң ұлттық идеясы –
қазақ идеясы. Жоғарыда келтiрiлгендер – осы ұлттық идея мен оны iске
асыратын даму стратегиясының базалық негiздерi. Қазақстандағы ұлт,
мемлекеттiк мүдде, қоғам дамуы мәселелерiнiң барлығының мiндеттерi осы
қазақ идеясының аясында жүредi.
Кейінгі кезеңде қазақ зиялылары ұлттық идея туралы сөз қозғай бастады.
Бұл жақсылықтың нышаны, ұлттық есею мен зерделенудің белгісі. Ұлттық идеяны
іздеу – халықтың өзін өзі іздеуге кіріскендігі. Өткенінде өнеге, тарихында
тәлімі бар ел төл дәуірінің толғақты сәттерінде өзіне өзі есеп беріп, қош
айтысқан замандарды санасында қорытып, төрт құбыласын түгендейді, көшкен
ғасырлардан сыр сауады, маңдайы тірелген кезеңнің тамырын басады, келер
күнге барлау жасайды. Етек-жеңін осылай түгендегеннен соңғы ойды ұлттық
идея деңгейінде қорытуға талпынады. Анығында, ұлттық идея дегеніміз –
тарихтың жоғалтқанын бүгіннен іздеу, бүгінгінің талабын тарихта кеткен
қателіктерден арыла отырып қанағаттандыру, келешекке халық тарихының
философиясы арқылы үңілу.
Батыстың саясаттану ілімі мен философиясында кең зерттелген орыс
идеясының тереңіне зер салсақ, аталған идеяның қалыптасуына атсалысқан
Ресей ғұламаларының бәрі мәселеге біз айтып отырған қағида арқылы келуге
тырысқанын көреміз. Олар ұлттық идеяға халықтың өткен кезеңдері мен нақты
орыс идеясы әуелде ұлтты тарихи санасымен қауыштыру және этникалық
жетілдіру мақсатын көздеді, оған Ресейді құтқару деген дағарадай ат берді.
Иә, ұлттық идея шын мәнінде – ұлтты құтқару идеясы. Н.М.Карамзиннен
Н.А.Бердяев, Н.С.Трубецкой, И.А.Ильинге дейінгі Ресей тарихшылары мен
ойшылдары аталған идеяны тек осы мақсатпен іздеді, Ортақ мұрат
философиясы деді, орыстың жеке-жеке әлеуметтік топтарының мүддесін бір
ұлттық мүддеге біріктіруге күш салды. Келе-келе бұл талпыныс тұтас
философиялық категорияға айналып, үш негізге: халықтың тарихи тәжірибесіне,
православия дініне, неміс диалектикасына сүйенді.
Аңғарып отырғандарыңыздай, ұлттық идея – халықтың уақытша қиындықтары
мен кезеңдік қажеттіктерін өзек ете салатын тыз етпе идея емес, халықтың
бері салғанда ғасырлық, әрі салғанда дәуірлік мұратын айқындайтын, келер
ұрпақтарға да шамшырақ бола алатын заманалық рухани философия. Мәселеге дәл
осы тұрғыдан келгенде, қазақ зиялылары ұсынып жатқан кейбір ой-ұсыныстар
ұлттық идеяның ат шалдыруына да жарамайды.
Философия ғылымдарының докторы Әбдеш Қалмырзаев (Тағы да ұлттық идея
туралы. Егемен Қазақстан, 9 тамыз, 2005 жыл) [20] ұлттық идеяға атқарушы
биліктің кезеңдік шаруаларын арқау етпек болады. Егер біз ғалым ұсынып
отырғанындай, кедейшілік пен жұмыссыздыққа, ұйымдасқан жемқорлық пен
парақорлыққа қарсы күресті, шағын және орта бизнесті дамытуды ұлттық идеяға
айналдыратын болсақ, мұндай идея туралы жалпы бас қатырудың қажеті қанша?
Әуреге түспей-ақ, Үкімет жүзеге асырып жатқан қара жұмыстың жетегінде жүре
бермейміз бе?
Тағы бір ғалымымыз қазақстандық ұлт идеясын ұлттық идеяға айналдырмақ
болып көшқұлаш мақала жазды. Бұл идея Қазақстандағы қазақ ұлтының тарихи
орнын ұрлап, азаматтық делінетін ығы-жығы қауымдастық құруға итермелейді.
Мұндай жағдайда исі қазақ этникалық қанын сұйылтып, жер мен мемлекеттің
мұрагері ретіндегі құқынан айырылады. Бұл ештеңемен ақталмайтын, тарих та,
бүгінгі күн де, ертеңгі келешек те кешірмейтін күнә болар еді.
Халық заманалардың белгілі бір кезеңдерінде түрлі саяси жағдайлардың
салдарынан жерінің бір пұшпағынан айырылуы, селдіреуі, әр елдің құрамына
жырымдалып сіңуі мүмкін, солай болып та келді, бірақ қандай ауыр күйге
ұшыраса да ұлттың атын жоғалтқан емес, оны әлдебір мақсат үшін саудаға да
салған емес.
Қане, ақыл тезіне салайықшы, елімізде “қазақстандық ұлт” құрудың қандай
саяси-әлеуметтік қажеттілігі бар. Бізді мұндай қадамға не мәжбүрлеп отыр?
Бәлкім бір заманда Еуропаның түрлі ұлттарынан жырымдалғандар керегесін
керген Америка Құрама Штаттарына еліктегеніміз шығар? Әлде өзге ұлт
өкілдерінің этникалық сезімін сұйылтып, қазаққа айналдыруға ұмтылған
түріміз бе? Жаһанданудың қазақстандық үлгісін жасағымыз келді ме екен?
Осылардың қайсын алып қарасаңыз да бүгінгі Қазақстан үшін сұранып тұрған
жоқ. “Қазақстандық ұлт” деген ұғым мына мақсатта ғана, елге ой салып,
көкейін тану ниетінде айтылғанда ғана өзін өзі ақтайды. Ол бәлкім рухани-
әлеуметтік айналымға осы орайда енгізілген де болар.
Ал қазіргі ақиқат, қазіргі ғана емес, тарихи ұзақ сынақтан өткен ақиқат
ұлттың этникалық негізін білдіретін киелі аттың реформалауға жатпайтынын
үсті-үстіне дәлелдеуде. Біз өзге ұлт өкілдеріне қазақ баласымен бірге
берілген Қазақстан азаматы деген қасиетті аттың құдіретін барынша ықпалды
пайдалана алсақ та аз жетістік емес. Асылында не саяси, не рухани қажеттігі
айқындалмаған және айқындалуы мүмкін де емес жалпақшешей атаудың елесін
қуғанша, конституциялық құқықтарға ие, әлеуметтік те, экономикалық та
теңдікке кенелетін осы мемлекеттік мәртебенің күш-қуатына сүйенген жөн ғой.
Тоқетерін айтсақ, біз қазақстандық ұлт, Қазақстан халықтары деп қайта-
қайта жариялау арқылы қазақ халқының жер мен Отанның иесі ретіндегі тарихи
құқын сұйылтып әуреміз. Бұл идеялар сондықтан да ешқашанда ұлттық идея бола
алмайды. Керісінше ұлттық идеяның күрес объектісіне айналады.
Сөз етіліп отырған тақырыпқа қалам тартқан Серік Ерғалидың (Ұлттық
идеология туралы бас қатыру. Жас Алаш, 22 қаңтар, 2005 жыл) [21] мына
ойларын да құптамас едік. Ол қазақ тілділер, орыс тілділер және аз сандылар
үшін жеке-жеке идеология жасауды ұсынады. Бұл қазақтарды өзгелерден,
өзгелерді қазақтардан ашықтан-ашық бөліп тастау болар еді. Әрі демократияға
біржола бет бұрған елдің саяси-рухани ұстанымына сай келмейді.
Егер С.Ерғали ұлттық идея (идеология емес) ең алдымен республиканың тарихи
ұлты – қазақ ұлтының саяси-рухани, экономикалық өркендеу идеясы болады,
елдегі ұлттар өкілдерінің кемелдену идеясы содан қанаттанады және сонымен
үйлестіріледі десе, көкейге толығымен қонар еді.
Енді Ұлттық идея дегеніміз не?, Оның мақсат-мұраттары қандай? деген
сауалдарға жауап іздеп көрейік.
Ұлттық идея дегеніміз, белгілі бір тарихи кезеңге ұлттың сай болуын
қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық мұраттар және оларды жүзеге асырудың
жолдары. Оның негізгі нысанасы, ұлттық мемлекет құру. Бұл мынандай үш
өмірлік міндетті алға тартады.
1. Ұлттық саяси элита қалыптастыру.
2. Ұлттық экономикалық буржуазия қалыптастыру.
3. Ұлтты жетілдіру.
Бүгінгі қазақ қоғамына ұлттық құндылықтар (саяси, рухани, материалдық)
әлемдік додаға түскен кезеңде жеке мүддесін ұлттың мүддесіне толық
бағындыра алған, отаншыл, халықтың тарихы мен мәдениетіне жетік әрі оны
құрметтейтін, азаматтық және ұлттық намысы биік, саяси білім-танымы
планетарлық деңгейдегі элита ауадай қажет. Тек қана осындай элита халықты
жиырма бірінші жүзжылдықтың өткелдерінен жігерін жасытпай алып шыға алады.
Қазақстанда, республика Президентінің тарапынан сол элитаны қалыптастыру
жолында табанды күрес жүргізіліп келді, ол әлі жалғасуда. Жалпы бұл
төзімділікті, парасаттылық пен байсалдылықты қажет ететін, ТМД елдерінің
бәрі басынан кешіріп жатқан ұзақ та күрделі процесс.
1.2 Әлемдік тәжірибедегі ұлттық идеяның қалыптасу ерекшеліктері
Қазақстан өз тәуелсіздігін алып, алға әлеуметтік – экономикалық мақсат
жоспарлар қоя отырып, мәдени – рухани құндылықтарын қайта қарап, жаңғырту
үстінде. Міне осы процестер барысында көпұлтты еліміздің ұлттық идеясын
алға қоя білу өте қиын. Осы мәселенің негізінде әлемдік тәжірибеге сүйене
отырып, ұлтаралық қатынастар мен қоғамды реттеудің Батыстық және
Американдық үлгілері, Азиядағы дамыған және дамушы көпұлтты мемлекеттердің
тәжірибесі көп нәрсені үйретері сөзсіз. Сондай - ақ ТМД елдерінің өткеніне
сын көзбен қарап, болашағына болжау жасай отырып, мүмкін және ықтимал
кемшіліктер мен қауіптерден арылуымызға болады.
Әлемдік тәжірибенің бұл тұрғыда берері көп болғанымен, сыртқы
үлгілерді көз жұмып көшіріп алу сайып келгенде мемлекеттік ішкі
қайшылықтарымызбен үйлеспей, ауыр зардаптарға ұрындырары сөзсіз. Сондықтан
оларды халқымыздың сай менталитеттік елегінен өткізе отырып, синтездеп, сай
келмесе қабылдамау қажет.
Президентіміз Н.Ә.Назарбаев : ...ұлттық мемлекеттік
ерекшеліктерімізді, саяси тарихымызды, мәдениетімізді, посткеңестік
стереотиптерімізді, этникалық дәстүрлер мен басқа да, қысқаша айтсам,
өркениеттік мәдени айшықтарымызды ескере отырып, стратегиялық дамуымызды өз
күшімізбен анықтауға тиіспіз, - деуі әбден түсінікті [22]
Ал енді, әлем мемлекеттерінің дамуына негізгі фактор болған ұлттық
идеясына қысқаша тоқталып өтсек.
Ғылым мен философияның күрделi саласы ретiнде ұлттық идея мәселелерi
соңғы екi ғасырда жүйелi түрде зерттелiп келедi. Осы мәселемен Еуропада
француз ойшылдары жүйелi айналысқан. Француз ойшылдарының зерттеп
қалыптастырғаны – дәстүрлi Батыс қоғамындағы ұлттық идеяның үлгiсi. Шығыс
қоғамындағы ұлттық идеяның классикалық үлгiсi – Жапон идеясы. Ұлттық
идеяның Шығыс пен Батыстың арасындағы аралас түрiне Ресейдегi (I Петрдiң)
және Түркиядағы (Кемал Ататүрiктiң) реформалары жатады. Американдық идея
немесе АҚШ мемлекетi идеясының негiзгi ұстанымы – ағылшын тiлiн қолданыста
әлемдегi жетекшi тiлге айналдыру. Сонымен қатар, жоғарыда аталған ұлттық
идеялардың негiзiнде iске асып жатқан Азия жолбарыстары, Канаданың және
Скандинавия елдерiндегi реформалардың Қазақстан үшiн тиiмдi жақтары бар.
Қазақстан болашақта қай бағытта дамиды немесе бiзге жоғарыдағы ұлттық
идеялардың қайсысы пайдалы? Ол даму жолында Шығыс пен Батыс құндылықтарының
қайсысын таңдайды? Әлде өзiнiң сара жолымен жүре ме? Немесе Омар Һайямның:
Жүректiң түрiп құлағын,
Ойланып тағы қарашы.
Кiмсiң сен, қайда тұрағың?
Ендi қайда барасың?
дегенiндей, жаhандану дәуiрiндегi Қазақстанның және түркiлердiң алатын
орыны мен болашағы қандай болмақ? Қайткенде осы мәселенiң тиiмдi шешiмiн
табамыз, қазақ идеясы қандай болу керек деген сұрақ соңғы кезде зиялы
қауым мен қоғам қайраткерлерiн ойлантып отыр. Ұлтты қалыптастырып,
бiрiктiретiн – оның тiлi, нәсiлi, елi, мемлекетi және дiнi болса, идея оның
негiзi болып саналады.
Қазiргi қазақ идеясының негiзгi мiндеттерi – ұлт пен түркi халықтарын
бiрiктiру арқылы қоғамды тұрақты дамытатын стратегияны анықтау, зиялылар
мен кәсiпкерлердiң iшiнен ұлттық элита қалыптастыру.
Автордың Түркi өркениетi негiзiндегi қазақ идеясы (Алматы, 2007 жыл)
атты монографиясында тәуелсiз Қазақстанның ұлттық идеясының негiзгi
мiндеттерi осылай анықталады. Осы еңбекте өркениеттi елдердiң ұлттық
идеяларын iске асыру тәжiрибелерiн сараптағанда, олардың Қазақстанға тиiмдi
жақтары мынадай:
... Жалпы, басқа елдердiң кемшiлiктерi мен тәжiрибелерiнен үйрену
тиiмдi болғанымен, өркениеттi елдерге көзсiз елiктеу – қоғам дамуы
стратегиясындағы негiзгi кемшiлiк, ал кейбiр жағдайда тiптi, қауiптiң өзi.
Себебi, әрбiр ұлт, басқа ұлттан тiлi мен өнерi, дүниетанымы, мiнез-құлқы,
салт-дәстүрi өзгеше болуымен ерекшеленедi. Сондықтан заңдары мен даму
стратегиясы өз ерекшелiктерiне негiзделген қоғам жан-жақты дами алады. Егер
ол өзiндiк ұлттық болмысына негiзделмесе, ондай қоғам алғашында алға
басқанымен, ақыр аяғы өзi елiктеген қоғамның көлеңкесi болып қалады. Оны
солтүстiктегi көршiмiзге елiктеген өз болмысымыздан көрiп жүрмiз. Ол
елiктеу – қазақтың бiр бөлiгi ана тiлiнде сөйлеп, өз дiнiн ұстанып жүрмiн
десе де, ұлттың келесi бөлiгiн қазақ болғылары келмейтiн жағдайға жеткiздi.
Мөңке бидiң: Орыс-қазақ қосылып, Бiр-бiрiне үйiр болар. Сөйткен заман кез
келсе, Түзелуi қиын болар дегенiне келдiк. Бұл елiктеу одан әрi жалғаса
берсе, түптiң-түбiнде мәңгүрттенiп, тобырға айналамыз. Тiптi, ұлт ретiнде
жойыламыз. Сондықтан, ұлт болып қалыптасу мен өркениеттi қоғам құрудың
негiзi – сол ұлттың тiлiн, дәстүрiн, жалпы, мәдениетiн дамыту. [23]
Басқаларға елiктеудiң қоғам дамуына зиянын көршi Ресей мен Түркияның
соңғы ғасырлардағы тарихы дәлел болады. I Петрдiң реформасы Еуропаға
терезе ашудан басталып, Батыстағы барлық жетiстiктердi Ресейге енгiзудi
дәстүрге айналдырды. I Петр православтық-христиандық Ресейдi, өзiнiң ерекше
миссиясына сенетiн еуропалық жүйенiң құрамдас бөлiгi болған, динамикалық
мемлекетке айналдыруға ұмтылды. Вестернизацияланған Ресей ескi православтық
дәстүрден түгелдей айырылған Батыс бағытындағы үкiмет құрды. Оның заманында
мемлекеттi сыбайлас жемқорлық жайлады. Белгiлi мемлекет қайраткерi, ғалым
Татищевтiң I Петрге ...сен мықты мемлекет құрдың. Бiрақ ол ешқашан да бай
болмайды. Себебi, төменнен бастап ең жоғарыға дейiн барлығы ұрлайды деген
көрегендiгi патшалық Ресейде, кейiн Кеңес Одағындағы республикалардың
барлығының қанына сiңген, жойылмайтын дертке айналды. Еуропаға елiктеген I
Петрдiң реформасы қоғамның барлық саласына сiңiп, оның дүниетанымына
айналды [24]
Оны орыс ақсүйектерiнiң жаппай француз тiлiнде сөйлеуiнен, патша
отбасының Германия корольдерi отбасына қосылып, солардың тiлi мен дәстүрiн
қабылдауынан көремiз. “Еуропаны кезiп жүрген коммунизм елесiнiң” де орыс
жерiнде iске асуы Еуропаға көзсiз елiктеуден болған едi. Табиғи қоры әлемде
ең бай бүгiнгi Ресейдiң жалпы iшкi өнiмiнiң көлемi, алты миллиондай халқы
бар Норвегиямен шамалас. Батысқа елiктеген Ресей соңғы үш ғасырда еуропалық
бола алды ма? Жоқ, бола алмады. Себебi, оның реформасы, А.С.Пушкиннiң, Ана
тiлiне сенiңдер. Барлық қуат пен құдiрет – сонда деген қағидасынан аулақ
едi.
Еуропаға елiктеп реформа жасаған Түрiк мемлекетiндегi Ататүрiктiң
реформасы отыз жылдан кейiн мұсылман мемлекетiн түгелдей еуропалық бағытқа
түскен қоғамға айналдырумен аяқталды. Ол ел астанасын Стамбұлдан Анкараға
көшiрiп, мемлекеттi Осман империясы кезiндегi Ұлы сұлтандардың мұсылмандық
дәстүрiнен айырып, ел басқару жүйесiн, оның iшiнде парламенттi де еуропалық
қалыпқа келтiрдi. Осы мақсатты көздеген түрiк елi латын әлiпбиiне бiр
жылдың iшiнде түгел көштi де, жас ұрпақ соған дейiн жазылған араб, парсы
және осман түрiктерi классиктерiнiң шығармаларын оқи алмайтын күйге түстi.
Сонымен қатар, қоғамның барлық саласы қысқа уақыт iшiнде батыстық жүйеге
ауысты. Бiрақ, түрiктер қоғам дамуында Еуропаның деңгейiне көтерiле алған
жоқ, болашақта да жетуi екiталай. Себебi, олар да орыстар сияқты өздерi
елiктеген Еуропаның көлеңкесiнде қалып отыр. Түрiктер Еуропаға қанша
елiктеп, қоғамын түгелдей Батыс жүйесiне ауыстырғанымен, бүгiнде Еуроодаққа
мүше болуға талпынғанда, олардың Батыс үшiн бәрiбiр бөтен екенi көрiнiп
тұр. Бұл жерде мәселе дiнде немесе нәсiлде емес. Бүгiнгi түрiктердiң орташа
табысы еуроодақтағылардан тоғыз есе аз.
Ресей мен Түркияның реформаларына тән ортақ бiрiншi кемшiлiк – олардың
екеуi де реформа жасағанда ұлттың мәдениетiн (тiл, дәстүр, өнер,
менталитет) негiзге алмай, өркениеттi елдердiң мәдениетiн трансформациялау
арқылы қоғамды дамытамыз деп түсiндi. Ұлттың болмысын айқындайтын оның тiлi
мен дәстүрi консервативтi дүние және ұлтты сақтайтын – осы қасиеттер. Оның
iшкi заңдарын толық түсiнбей тұрып, өзгертудiң пайдасынан зияны көп болады.
Екiншi кемшiлiк – осы реформаторлар өз ұлтының рухани жетекшiлерi –
зиялыларға сүйенген жоқ. Олардың реформаларынан кейiн Ресей мен Түркия
зиялылары негiзiнен қуғын-сүргiн мен сергелдеңде болды. Өздерi тар жол,
тайғақ кешуде жүрген зиялылар ұлттың қамын ойлап, оның рухын көтерiп
жарыта алмайды. Зиялылардың ұлт тағдырындағы рөлiн француз ойшылы Сен-
Симонның: ...егер бiр уақытта француздың елу ғалымын, елу фабрикантын, елу
агрономын және елу әртiсiн жойып жiберсе, онда француз ұлты болмайды. Ал
сондай уақытта француздың елу мың жұмысшысын, елу мың шаруасын және елу мың
қызметкерiн жойып жiберсе, онда француз ұлты қалады дегенiнен көремiз.
Халықты өркениеттi ұлт қылатын – шенеунiктер немесе тобыр емес, зиялылар.
Дүниежүзiнде зиялыларсыз ұлтқа айналған саяси, әлеуметтiк халық
бұқарасының бiрлiгi ешқашан болған емес. Сондай ақ, халық бұқарасынан
қолдау көрмеген жағдайда зиялылар да түк iстей алмайды. Халықты ұлт
деңгейiне көтеру, яғни оны жат үстемдiктiң тепкiсiнен құтқарып, өз
мекемелерiне ие, тәуелсiз бiр жеке тұлғаға айналдыру сынды негiзгi мақсатқа
жету үшiн ұлттық зиялы қауым мен бұқара халық арасында бiр ортақ сана болуы
тиiс. Мiне, осы сананы айқындау, яғни халық тiлегiн дұрыс және анық бiр
формаға келтiру, аталған мақсатқа жету үшiн iс пен әрекет бағдарламасын
жасау – зиялылардың мiндетi дейдi М.Шоқай. Қоғамда iлгерiлеушiлiк жасайтын
да оның зиялылары.
Реформаны түрiктермен қатар бастаған, орыстар мен түрiктерге қарағанда,
географиялық орналасуы, рухы, дәстүрi және дүниетанымы жағынан Батыстан
әлдеқайда алыс тұрған Жапония ешкiмге елiктемей-ақ және өркениеттi елдер
мәдениетiн трансформацияламай, өзiнiң ана тiлi мен ұлттық дәстүрiн негiзге
алып дамыту арқылы аз уақытта әлемде алдыңғы қатарлы елдердiң бiрегейi
болып, Батыс Еуропаның өзiне үлгi болатын жағдайға жеттi.
Жапонияның ұлттық идеясы мен реформасының бағдарламасы жапон тiлi мен
жапон менталитетiне негiзделген. Өткен ғасырдың елуiншi жылдарынан
басталып, әлемдi таңғалдырған жапон ғажайыбы осы халықтың өзiне ғана тән
қайталанбас құбылыс болды. Батыс елдерi қанша талпынғанымен, оның
тәжiрибесiн өз жүйесiне енгiзе алмады. Себебi, ол үшiн алдымен жапон тiлiн
меңгеру керек. Оның үстiне Батыс ұғымындағы қоғам дамуындағы жеке тұлғаның
ерекше орны, шығыс кәсiпорнын ұжымдық еңбекке сүйенiп дамыту ұстанымына,
яғни жапонның Z-теориясына қайшы келедi. Ана тiлi мен ұлттың
менталитетiне сүйенiп, ғылым мен техниканы дамытқан жапондықтар екiншi
дүниежүзiлiк соғыста күйрей жеңiлгенiне қарамастан, қысқа уақыт iшiнде
жалпы өнiмнiң мөлшерi жөнiнен АҚШ-тан кейiнгi – екiншi, әр адамға
шаққандағы еңбек өнiмi жөнiнен әлемде бiрiншi орынға шықты. Жапон
экономикасының тiрегi – автомобиль өнеркәсiбi мен электроника. Бұл
салаларда дүниежүзi бойынша өнiмнiң үштен бiрi осы елде шығарылады.
Қазiргi Жапонияда ЖIӨ-нiң мөлшерi халқының саны одан он еседей көп Қытаймен
бiрдей [25]
Жапон экономикасын дамытушы негiзгi күш – оның ана тiлi. Жапонияда
мемлекеттiк тiлдi меңгерген маман ғана жұмыста өсе алады. Жапон мен қазақ
тiлдерi туыстас. Орал-алтай тiлдерi тобына жатады. Сондықтан, ана
тiлiмiздiң қадiр-қасиетiн түсiнудi осы жапон тiлiнiң қоғам дамуындағы
орнымен салыстыра отырып, анықтаған дұрыс. Жапония – бүгiнгi таңда өз тiлiн
қоғамның барлық саласына енгiзу арқылы ғылым мен техникада, оның iшiнде
жаратылыстану ғылымдарында, электроникада, биотехнологияда және т.б.
ағылшындар сияқты тамаша табыстарға жеткен, әлеуметтiк саладағы
жетiстiктерi (жапондар – дүниежүзiнде ең ұзақ өмiр сүретiн халық) барлығына
үлгi болатын ерекше қоғам.
Жапония реформасы соңғы ғасырдағы әлемдегi реформалардың классикалық
үлгiсiне айналып, Азия жолбарыстарының барлығы дамуда осы елден үлгi алып
отыр. Оның iшiнде қоғамның өркендеуiн ана тiлiнiң дамуымен ұштастыра бiлген
Малайзияның тәжiрибесi де бiзге үлгi боларлық. Бiз де осылардан үлгi алып,
қоғам дамуында көршiсi АҚШ-тан iлгерi тұрған Канада сияқты, Қытай мен
Ресейден көш iлгерi шығатын стратегияны ұстануымыз керек. Қазақстан Даму
стратегиясының негiзi болып мемлекеттiк тiл мен қазақ идеясы қабылданғанда
ол жоғарыдағы елдердегi сияқты қоғам дамуын қамтамасыз ететiн болады.
Себебi, Рим Папасы II Иоанн Павел: “Этникалық, мәдени және дiни
ұғымдары әртүрлi осы ұлы ел – Қазақстан мен оның тұрғындарының әдiлеттiлiк,
бiрлiк және бейбiтшiлiкте дамуын Құдайдан сұраймын.
Қазақ халқы Елдiң жасампаздық пен нағыз прогресс жолында дамуының құнды
мiндетi саған жүктелген” деп қазақ зиялыларының ойын қолдаған едi.
Жоғарыда келтiрiлген реформалардың елге тиiмдi жақтарын алып
жатқанымызбен, соңғы кезде Қазақстан – халықтар достығының лабораториясы
деген ұранға қайта жан бiте бастады, сосын америкалық ұлт, америкалық
идеяға елiктейтiн қазақстандық ұлт және үш тұғырлы тiл деген пайда
болды.
Америкалық ұлт – құрамының 37 пайызы ағылшындардан, 51 пайызы
немiстерден, қалғандары басқа ұлт өкiлдерiнен (негiзiнен құлдыққа әкелген
негрлер және 200 мыңдай үндiстер) т.б. тұратын, ағылшын тiлiн референдумсыз
(дауысқа салса, немiс тiлiнiң өтетiнi белгiлi) ресми етiп заңдастырудан
шыққан термин. Ондағылар, осыдан үш ғасырдай бұрын ресми екi тiлмен ұлттық
идеяны iске асырып, елдi өркениеттi қыла алмайтынын түсiнгендiктен, тек
ағылшын тiлiн мемлекеттiк тiл етiп қабылдаған. Осындай идеяның баянды
болатынын түсiнген сол елдегi немiс диаспорасы да, саны жартысынан артық
бола тұрып осыған келiскен [26]
Жалпы, АҚШ азаматы деген бар да, американдық ұлт деген жоқ. Оны
қытайлық АҚШ азаматы бiр штатқа губернатор болып кеткенде түсiнiп жатыр.
Әлемнiң барлық құрлығында АҚШ мемлекетiнiң мүддесi бар, ол мемлекет өз
азаматтарын қорғайды, бiрақ американдық ұлт – кешегi кеңестiк ұлт
сияқты гибридтiң бiр формасы. Ол жердiң жергiлiктi ұлты – үндiстер.
Американдық ұлт – ағылшын ұлты, ағылшынның ұрпағы немесе ағылшын тiлi
дегеннiң баламасы. Британияның да валютасын еуроға айналдырмай, яғни
Еуроодаққа кiрмей ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz