Қазақстан арналарындағы балалар бағдарламалары
Телеарналардағы балаларға арналған бағдарламалардың ерекшеліктері
Мазмұны
КІРІСПЕ---------------------------- ----------------------------------- --
-------- 2-7
І ТАРАУ. БАҚ және ұлттық тәрбие
1. Теледидардың бала психологиясына әсері -------------------- 7-13
2. Тәрбие бесіктен басталып, БАҚ арқылы жалғасады ------- 14-17
3. Ресей телеарналарындағы балаларға арналған
бағдарламалардың тәжірибелік ерекшеліктері---------------------- -
18-27
ІІ ТАРАУ. Қазақстан арналарындағы балалар бағдарламалары
1. Қазақстан, Хабар және Еларна арналарындағы бағдарламалардың
бағыттары-------------------------- --------------- 28-44
2. Тәуелсіз арналардағы балалар бағдарламалары------------- 45-54
Қорытынды ----------------------------------- ---------------------------
-55-57
Сілтемелер
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Бүгінгі таңдағы еліміздің басты мақсаты - өркениетті елдердің
қатарына қосылу, бүкіл әлемдік білім кеңістігіне еніп, дамыған елдермен
терезесі тең ұлтқа айналу. Ендеше, бұл жолда мемелекетіміздің алдында
көптеген атқарар жұмыстар тұр. Соның бірі – болашақ ұрпақ тәрбиесі.
Жаһандану дәуірі қызу жүріп жатқан кезеңде алпауыт мемлекеттердің
жетегінде жұтылып кетпес үшін ұлттық білім беру жүйесін тың арнаға,
жаңа сапаға жеткізуіміз керек. Замана талабына сай баланың білімі мен
білігі екінші орынға түсіп, басты орынға оның тұлғасын жан-жақты
дамыту, ұлттық тәлім-тәрбиені сіңірту міндеті алға қойылды. Демек,
өмірге келген сәбиге туыла салған сағаттан бастап жан тәрбиесін беру –
бүгінгі күннің басты міндеті. Азаматты тәрбиелеу – мемлекеттің
мойнындағы мәселе. Әр елде осы мәселеге қатысты тәрбие берудің өзіндік
идеологиясын жасаудың әр ұлтқа тән үрдістері бар. Яғни баланы
балабақшаға барғаннан бастап, күнделікті көріп жүрген теледидарынан,
оқып жатқан оқулықтарынан бастап осы мәселені жан-жақты қарастыру
керек.
Теледидар – бүгінде біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне
айналған. Әсіресе, бүлдіршіндер мен жеткіншектер тарапынан жоғары
сұранысқа ие болып отырған бұл ақпарат құралының қоғамдағы алатын орны
зор. 2000 жылы Германияда балалар мен жасөспірімдер арасында Егер
елсіз-жұртсыз айдаладағы аралға апарып тастаса, өздеріңмен не алар
едіңдер? деген сұраққа олар бірінші орында теледидар, компакт
дискілер, екінші орынға – тамақ, тек үшінші орынға ғана өз ата-аналарын
қойған екен. Бүгінгі біздің қоғам жағдайы да осыған келіп тұрғаны анық.
Тақырыптың өзектілігі
Бүгінде балаларға арналған бағдарламалар арналарымызда санаулы
ғана. Соның өзінде олардың көбі – орыс тілінде. Яғни, балалар
журналистикасының дамуына қолдау аз. Екіншіден, көптеген телеарналар
балаларға арнап шығарылатын бағдарламаларға қаржы көп кететінін және
бұл шығыннан телеарна қаржысының ақталмайтынын алға тартады. Сондықтан
да болар, кейбір арналарымызда балаларға арналған хабарлар атымен жоқ.
Ендеше, біздің еліміздің болашағы болар бүлдіршіндер қара жәшіктен
қандай тәлім-тәрбие алуда?
Келесі мәселе, балаларға арналған бағдарламалардың сапасында.
Әлди,әлди,әлдиім,
Жарасымды сән биің.
Өзіңе тән өмірің.
Адал болсын көңілің.- деп сәбиді әженің әдемі бесік жырымен
тәрбиелейтін ұлттық құндылықтарымызды бойына сіңірген балалар
бағдарламалары жоқтың қасы. Ендеше, олардың тамашалауына тұратын
қызықты, әрі мазмұнды бағдарлама жасап шығаруға аянбай жұмылу шарт.
Қазіргі уақытта ұлттық арналарымыз болсын, немесе жеке арналарды
қарасаңыз да зорлық-зомбылыққа негізделген үрейлі, мейірімсіз
көріністерді жиі кездестіруге болады. Экрандағы көріністі шынайы
өмірден ажырата бермейтін бүлдіршін көргенінің бәрі дұрыс деп қабылдары
хақ. Осылайша, оның психикасы мен дүниетанымы теріс қалыптаса бастайды.
Ал, баланың әлемі тазалық пен әдемілік, жақсылық пен жылылыққа құрылуы
керек. Сонда ғана біздің қоғам түзеледі. Ендеше, менің ғылыми
жұмысымның өзектілігі, біздің телеарналардағы балалар бағдарламалары
балаларға қалай тәрбие беруде, олардың жасалу технологиясы қаншалықты
сапалылығын анықтау және оны Ресей телеарналарының өнімдерімен
салыстыра отырып, олардың тәжірибелеріне сүйеніп, белгілі бір
қорытындыларға келу болып табылады. Еліміздің көптеген бұқаралық
ақпарат құралдары балаларға арналған телеарна ашу керектігі жөнінде
көптен бері мәселе көтеріп келеді. Шындығында да, мемлекетімізде осы
бағытта жұмыс істейтін ең болмағанда бір арна ашудың уақыты әлдеқашан
жеткен.
Менің дипломдық жұмысымның өзектілігі, балаларға арналған
бағдарламалар мен арналардың баланың тұлға болып қалыптасуына, өмірден
өз орнын тауып, кәсіби қабілеттерін шыңдауға және әлеуметтенуіне
тигізер әсері мен пайдасын дәлелдеу болып табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі
Статистикалық есеп балалар мен жасөспірімдер
телеаудиторияның, аудиобейнелік медиатекстердің ең белсенді көрушілері
екенін көрсетіп отыр. “Балалар мөлшермен 2 жастан бастап, теледидар
көре бастайды. Нағыз американдық бала өз уақытының шамамен 30%-ын
теледидардың алдында өткізеді. Ол орта есеппен мектепке барғанша 5 мың
сағат, мектеп бітіргенше 19 мың сағат экран алдында отырады”, дейді
американдық зерттеушілер. Демек, осы аралықтағы уақытта бала өзіне
қажетін ала алды ма және бүгінгі заманғы балалар хабарлары қандай
деңгейде болуы керектігіне ғылыми диссертация барысында талдау жасалды.
Ол үшін Қазақстан ұлттық арнасы, Еларна, 31 арна, КТК, НТК,
ТАҢ телеарналарындағы балаларға арналған бағдарламалардың сапалық
деңгейі, балалар бағдарламасын шығаруда басы-қасында жүрген
шығармашылық топтың жұмысы қандай дәрежеде деген мәселелер
қарастырылады. Ресейде балалар бағдарламаларын былай қойғанда, оларда
бірнеше арналар тек осы кішкентай көрермендердің мүдделеріне жұмыс
істейді. Дипломдық жұмыстың зерттелуі осы аталған бағдарламалар мен
арналардың жұмысын зерттеу деңгейінде жүргізілді.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздемесі
Телехабар дайындауға қатысты Георгий Вачнадзе Всемирное
телевидение, Телевизионная журналистика, В.В.Собкинаның
редакторлығымен уақытша ғылыми-зерттеу Школа коллективі шығарған
Телевидение и школа еңбегі, Телевидение и дети, Р.Әбсаттаров, М.
Дәкенов. "Әлеуметтану", Дружилов С.А. Профессионалы и профессионализм в
новой реальности, психологические механизмы и проблемы формирования
Алексеева М.И. Советская детская журналистика, Телеэкран приглашает
детей, Холмов М. Становление советской журналистики для детей және
өзге де теориялық еңбектер пайдаланылды. Сонымен қатар, бала
психологиясын танып білуде И.М.Никольская, Р.М.Грановская, А.В.
Запорожец, Л. Рубинштейн және өзге де психологиялық, педагогикалық
еңбектер пайдаланылды. Тақырыпты тереңірек аша түсу мақсатында
Қазақстан Республикасының ресми құжаттары: Конституция, Білім туралы
заң, Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы, Бұқаралық
ақпарат құралдар туралы заңнамалық құжаттары пайдаланылды. Бүгінгі
таңдағы балалар бағдарламасына қатысты айтылатын сын-пікірлерді білу
мақсатында Смағұл Елубай, Жолдасбек Дуанабай, Асқарбек Құсайыновтың
және өзге де авторлардың газет-журнал беттерінде жарияланған
мақалаларындағы дәйектер алынды.
Дипломдық жұмыстың мақсаты
Абай атамыздың Балаға көбінесе үш алуан адамнан мінез жұғады.
Біріншісі – ата-анадан, екіншісі – ұстазынан, үшіншісі – құрбысынан.
Солардың ішінде, бала қайсысын жақсы көрсе, сонысынан көбірек жұғады
деген дана сөзі бар. Ал бүгінде бұл үшеуіне де бағынбайтын әлемнің
түкпір-түкпірінен ақпараттар ағыны ағылтып әкеліп жатқан балаға әсер
етуші төртінші фактор – теледидар. Ғылыми жұмыстың негізгі мақсаты
бүгінгі ақпараттар тасқыны ғасырында жаһандану қаупі көптеген ұлттардың
алдында басты мәселе болып тұрғанда балаларға қажетті дұрыс ақпарат
беру мәселесін еліміздің телеарналары қалай жүзеге асырып жатыр және
болашақ ұрпақтың әрбір мүшесі болып табылатын балалардың тұлға ретінде
дұрыс қалыптасуына керекті бағдарламаларды салыстыру, сараптау
нәтижесінде анықтап, ғылыми тұрғыдан баға беру.
Дипломдық жұмыстың міндеті
- балалар мен жасөспірімдер арасында ұлтжандылықты, отаншылдықты
қалыптастыру,
- қызығушылықтарына сәйкес шығармашылық қабілеттерін дамыту,
өмірлік жолдары мен көзқарастарын айқындауға ықпал ету,
- елінің гүлденуі мен өркендеуіне үлес қосатын, білімді, парасатты,
жан-жақты дамыған тұлғаны қалыптастыру,
- алға қойған мақсаттар мен жаңашыл ойларды іске асыру,
балаларды дұрыс өмірлік таңдау жасауға, маңызды шешімдер қабылдай
білуге үйрету,
- балалар мен жасөспірімдер арасында бір-бірін құрметтеу, өзара
түсінісу және көмектесу, ынтымақтастық пен достық қатынастарын
нығайтуға жағдай жасау. Міне, осы аталған мәселелерді жүзеге асыруда
балалар бағдарламаларының атқаратын қызметін көрсету ғылыми жұмыстың
алға қойған негізгі мәселелерінің бірі.
Зерттеудің жаңалығы. Телевидениені оқу
құралы ретінде пайдалануға болады. Сондай-ақ, әрі шоу, әрі оқу-тәрбие
құралы ретінде қолдана алсақ, ол онда біздің ең үлкен жетістігіміз
болар еді. Біздің арналарға балалар өздері еркін араласып кететіндей
бағдарламалар қажет. Әйтпесе, көптеген бағдарламаларда балалар, жастар
тек эфир үшін ғана, болмаса, залды толтыру мақсатында ғана шақырылатыны
жасырын емес. Сондықтан белгілі бағдарлама аясында балалар клубы,
ұйымдар ашылып жатса, онда оқушылар өздерін еркін ұстап, журналист,
редакторлармен жақсы араласып кетер еді. Шығармашылық, ұжымдық жұмыс
деген, міне, осындай. Ал қазіргі кезде Қазақстанда балаларға арналған
бағдарламалар аз, енді солардың санын көбейту керек. Өйткені қазір
электронды технологияның заманы, оқушы күнінің бір сағатын кітап оқып
өткізетін болса, 2-3 сағатын теледидар алдында өткізеді. Сол уақытта
олар сериалдар тамашалағанның орнына тәрбиелік мәні зор бағдарламаларды
көрсе, құп болар еді. Қазақтың би-шешендері, батырлары, хандары көп,
олардың бәрін оқушылар тек кітап арқылы ғана біледі. Ал енді оның
телевизиялық нұсқасын жасасақ, ол тарих баланың басында мәңгіге
сақталып қалатынына күмән жоқ. Тәуелсіз елдің өзіндік сипатын
қалыптастыруда, БАҚ арқылы идеология ұстанғанда, негізгі арнаның бірі
осы баланың бойына ұлттық тәрбиені сіңіру болуы да тиіс. Тіпті бүгінгі
жаһандану заманында алып державалардың аузында жұтылып кетпей, бірлесіп
әрекет жасау, бауырласып тірлік кешу, ынтымақтасып қарым-қатынас орнату
қазақ қоғамы үшін өте маңызды. Ал бұндай маңызды мәселелер тек сөз
жүзінде ғана айтылып қоймай, ілгері жылжуға мүмкіндік беретін жобалар
телеарналарда жасалуы шарт. Телеарна, интернет жалпы, электрондық
ақпарат құралдары бүгінгі күнде қарыштап дамып келе жатқаны анық.
Сондықтан, олардың зиянды жақтарын қанша айтқанымызбен, олар қоғамның
басты қозғаушы факторлары болғандықтан, біз ешқайда қашып құтыла
алмасымыз белгілі. Ендеше, менің ғылыми жұмысымның негізгі жаңалығы,
телеарнаның тек ақпарат беруші, немесе баланың санасын шетелдік
өнімдермен улаушы ғана емес, жас ұрпақтың тұлға болып қалыптасуына,
оның әлеуметтік ортадан өз орнын табуға, сондай-ақ, кәсіби жағынан
шыңдалуына өзіндік үлес қосу теледидардың негізгі атқарушы функциялары
екенін ашып айтып, ғылыми тұрғыдан дәлелдеу болып табылады.
Әдіс, тәсілдері
Дипломдық жұмысты зерттеу мәселесіне байланысты телевизиялық,
этнопедагогикалық, психологиялық, ғылыми-педагогикалық, әдістемелік
әдебиеттерге талдау; Ресей телеарналарының озық тәжірибелерін зерттеу,
бақылау, сауалнамалар жүргізу, жинақтау және қорытындылау; эксперимент
жүргізу, алынған нәтижелерді сұрыптау, ғылыми тұрғыда өңдеу әдістері
пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың сипаттамасы
Еліміздің жас азаматын қазақстандық отансүйгіштікке тәрбиелеу,
белсенді өмір позициясын қалыптастыру барысында балалардың әлеуметтік
бастамаларын дамытатын телеарналардың бағдарламаларын жетілдірудің
маңызы зор. Қазақстан телеарналарындағы балаларға арналған
бағдарламалардың ерекшеліктері деп аталатын дипломдық жұмысым
кіріспеден, негізгі бөлімі екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Бұнда
еліміздің телеарналарында қандай бағыттағы бағдарламар әзірленеді,
еліміздегі мемлекеттік және мемлекеттік емес арналардағы
бағдарламалардың айырмашылықтары, бұл бағдарламалардың сапалық
ерекшеліктері, жетістіктері мен кемшіліктері, жалпы, отандық арналардың
бала тәрбиесіне, қалыптасуына берер пайдасы қандай деген мәселелер
айтылады. Ресейдегі балалар арналары, соның ішінде соңғы жылдары пайда
болған Бибигон, Теленяня телеарналарының жұмысы, олардың балаларға
танымдық, көңіл-көтерушілік, оқыту телевидениесін, медиа кеңістікте
білім беру мақсатына арналған бағдарламалардың бүгінгі ақпараттық
кеңістіктегі орны мен олардың тәжірибелік ерекшеліктері жайлы айтылады.
Технологияның жедел әрі шарықтап дамуына
байланысты бүгінде теледидардың зиянды және пайдалы қырлары жайлы
көптеген бұқаралық ақпарат құралдары дабыл көтеруде. Бұл мәселе тек
қана біздің елімізде ғана емес, әлемнің көптеген елдерінде басты
мәселенің бірі болып тұр, телеарнаның әсері жайлы электрондық және
басылымдық ақпарат құралдары бұл мәселеден сырт қалып отырған жоқ. Осы
аталған мәселелер жайында дипломда сөз болады.
Қорытындыда бүгінгі күнге дейін балалар
бағдарламасына қатысты жүргізілген зерттеудің аясында өз тарапымнан
жасаған ұсыныстар мен қорытындыларыма тоқталамын. Сондай-ақ, зерттеу
барысында көзім жеткен нақты нәтижелерім көрсетіледі.
Бала - әрбір елдің туын көкке көтеріп, өркендетуші
азаматы. Ендеше, мемлекетізідің дамуына қатысты алдымызға қойылған
дамыған 50 елдің қатарына кіру стратегиясы секілді көптеген
мақсаттарымызға жету барысында болашақ ұрпақтан ешқандай
мүмкіндігімізді аямай, осы мақсатта жұмыла еңбек етуіміз керек. Осындай
мақсаттарды орындауда әрине БАҚ-тың, соның ішінде телеарна
қызметкерлерінің алдында үлкен жауапкершілік тұр. Осы басты міндеттерді
сезіне отырып, оның шешу жолдарын қарастырудағы іс-әрекеттерді ауызша
ғана айтып қоймай, ғылыми тұрғыдан, түрлі сараптамалар мен
зерттеулердің нәтижесінде нақты жолдарын көрсету – дамушы еліміздің
алдында тұрған үлкен мақсаттарды жүзеге асыруда тигізер аз да болса
көмегі болар дей отыра, дипломдық жұмысымның тақырыбын жан-жақты ашуға
тырыстым.
1. БАҚ және ұлттық тәрбие
1.1 Теледидардың бала психологиясына әсері
БАҚ-тың бала тәрбиесіне ықпалы туралы пікірлер бір арнаға
тоғыспайды. Бір пікірлер теледидардың бала санасына оң ықпалы бар
екенін дәлелдесе, енді бір пікірлер кері әсерін айтып, оны дұрыс
пайдалана білудің жолдарын іздестіруді қажет деп санайды. Бүгінде
алпыстан аса телеарналардың бағдарламаларын тамашалауға мүмкіндіктері
бар оқушылар мен жастар үшін олардың неге көңіл бөліп, қандай
бағдарламалардың оларға қажет емес екенін тәрбиелеудің кезі жеткен
тәрізді.Өйткені бір ғана тыйым салумен, яғни үйдегі теледидардан
тәрбиеге кері әсері бар бағдарламаларды, ұсқынсыз мультфильмдерді,
киноларды, жеңілтек көңіл көтеруші музыкалық арналарды көрсетпеу арқылы
бала санасын қалыптастыру мүмкін емес. Бала көріп білуім керек деген
бағдарламаларды басқа да жолдар арқылы көре алады. Сондықтан бұл мәселе
төңірегінде ата-ана, мектеп, сонымен қатар БАҚ-тың ішінде ықпалдылығы
жағынан ең алдыңғы орынды алатын теледидар басшылығы, ондағы
қызметкерлер аталған мәселенің ауқымды екенін сезінуі тиіс.
Теледидар мәселесіне келгенде, бүгінде әлемнің бүкіл ақпарат құралдары
ерекше дабыл етіп көтеріп жүрген мәселелерінің бірі – оның бала
психологиясына әсері. Теленяня арнасының қызметкері Александр
Гуревич: Сіз білесіз бе... біздің Теленяняны жасаушы әріптестеріміз
де психологтар мен педагогтармен араласып тұратынына күмәнім жоқ. Бірақ
мен өзім бір қызық қорытындыға келдім. Психологтар кез келген
телевидение, кез келген картиналардың жылдам ауысуы, ақпараттардың миға
сыймайтын көптігінің қаупі басым әрі пайдасы аз дейді. Сондықтан,
психологтардың бізге беретін кеңестері, балаларға деген теледидардың
қауіпті жақтарын азайту болып табылады. Әрине, кітап оқу, оның білім
кілті екенін балаларға түсіндіру , сондай-ақ кітапты парақтағанда одан
шығатын иістің өзі керемет екендігі жайында айтудың өзі бір ғанибет.
Дегенмен, теледидар зиян деп балаға мүлдем теледидар көрсетпей қоюға да
болмайды. Мәселен, баланы мектепте бұзылады деп үйге мұғалімдер
шақыртып оқытты делік. Білімнің бәрін жақсы сіңірген бала кейін ер
жеткенде 10 жылдан кейін сыртқа шығуы керек қой. Тымау кезіндегі
иммунитеттің жоқтығы секілді бала да сыртқы ортамен байланысын
жоғалтады. Міне, теледидар жайлы да соны айтуға болады. Онда нағыз өмір
көрсетіледі, ал баланы өмірден тығып қоя алмайсың. Өйткені, бала одан
кейін де сол ортада өмір сүреді - деп бұл мәселені осы қырынан қарап
түсіндіреді.
Телевидение бұқаралық ақпарат құралы ретінде эстетика аумағында
тәрбиелеу мәселелерін шешуде маңызды орынға ие.
Балалар теледидарды жақсы көріп және оған өте көп уақыттарын бөлетіні
жақсы белгілі. Бастауыш сыныптың кейбір балалары телевидение жайлы
түрлі пікірлер айтады. Бір бала былай деп жазады: "Мен кино мен
теледидарды жақсы көремін. Мен үшін теледидар - дос. "В мире животных"
бағдарламасында мен аңдар мен құстар жайлы ойладым. Әсіресе, мен
мультфильмдер мен үнділер жайлы киноларды жақсы көремін".
Немесе тағы бір мынандай пікір: "Мен теледидарды көбірек
қалар едім, оқитын кітабың жоқта немесе сабақтарыңды оқып болғанда
телевизор сені жалықтырмайды."
Осы сөздерден байқалғандай, балалардың теледидарға деген қажеттіліктері
туындап отыр. Ал бұл оқушылардың бос уақытының көбеюін және оларды
теледидар неге үйрететіні жайлы мәселелер туындайды. Теледидар
балаларға көптеген пайдалы және жақсы бағдарламаларды бағыттайды.
Дегенмен, олардың бала психикасына әсерін зерттеу бүгінгі күннің басты
мәселесі.
Қазіргі таңда көптеген бұқаралық ақпарат құралдары, соның
ішінде баспасөз беттерінде теледидардың бала психологиясына тигізетін
кері әсері жайлы дабыл қағып жатқан мақалаларды жиі кездестіруге
болады. "Телевидениенің жастарға әсерін заманауи қоғамның бәрін
мазалайды. Женевада осыдан 10 жыл бұрын өткен Денсаулық сақтаудың
Бүкіләлемдік Асамблеясының ХVІ сессиясында балалардың денсаулығына
телевидениенің тигізетін кері әсері жайлы дабыл қағылғаны айтылған
болатын, және денсаулық сақтаудың ұлттық органдарына телевидение пайда
болғалы бергі күн тәртібінің өзгеруіне, және жастардың еңбекке
белсенділігі әр елдерде қолға алынсын деген мәселе көтерілген.
Кеңейтілген зерттеулердің нәтижесінде, АҚШ, Англия, Жапония және өзге
елдерде балалар үш жастан бастап теледидар көретіндіктері анықталған.
Оқушылар күніне жарты-екі сағат уақытын теледидар көруге жұмсайды. Кіші
сынып оқушылары үш сағатқа дейін отыра беруі мүмкін. Зерттеулер
қорытындысы көрсеткендей балалардың еңбегіне теледидар көптеген елдерде
үлкен өзгерістер әкелген", - дейді. Бүгінгі жағдайда тұлғаның
әлеуметтену процесі ерекше күрделеніп келеді. Білім беру мен оқытудың
негізгі - отбасы мен мектеп секілді әлеуметтік институттарымен қатар,
электрондық құралдар да балалар мен жасөспірімдердің өмірінде маңызды
рөлге ие. Қалалық, болмаса ауылдық аймақтарды алып қарасаңыз да,
теледидар балалар өмірінде ерекше уақыттарын бөлетін құралдардың бірі
деп айтуға болады. "Көк жәшік" арқылы берілетін көрсетілімдер аясы
балаларға мол таңдау мүмкіндігін береді. Теледидар - бұл білім беру
құралы, демалыс әрі көңіл көтеру объектісі деп жан-жақты қарастыруға
болады. Медицина елшілігі деп аталатын сайтта жарияланған "Көгілдір
экранның көлеңкесі" атты мақаласында теледидардың кері әсерлерін былай
келтіреді,
Теледидардың кері әсері болып табылатындар:
Интеллектуалдық дамуды тежейді. Теледидарға құмартып кеткен балалар
басқа балаларменсалыстырғанда оқи алу дәрежесін тексергенде, орта
есеппен төмен нәтижелер көрсетті. Оның бірнеше себептері бар: кітап оқу
мен білім алуға аз уақыт қалады, теледидар балаларға кітаппен дос
болуына кедергі жасайды.
Қиялдау және шығармашылық ойлау қабілеті төмендейді. Кітап оқу
балаларға әртүрлі жағдайларды елестетуге, іс-әрекеттерді көз алдына
әкелуге мүмкіндік жасайды. Теледидар қиялдау кеңістігіне мүмкіндік
бермей, дайын картинаны баланың көз алдына әкеледі.
Өз бетінше ойнай алмау. Теледидарды көп көретін балалар өз
еркілерімен ойнай алмайды, өз-өздерін белгілі бір іспен айналысуға
міндеттей алмайды, өйткені кез келген ойын ойлау мен қиялдай алуды
талап етеді.
Отбасылық және әлеуметтік байланыстың әлсіреуі. Тәулік бойы
теледидар қосылып тұратын отбасыларында өзара жақындық азаяды. Үйдегі
әлдебіреу үнемі теледидардың алдынан шықай отыратындықтан, отбасы
мүшелеріне әңгімелесу, өз ойлары, сезімдерімен бөлісу қиындыққа
түседі. Иә, теледидардың өзіндік жетістіктерімен қоса, осындай
жоғарыда аталған кемшіліктер де бой алдыратыны рас. Алынған
сауалнамалар балалардың бос уақытын теледидар алатынын көрсетті. 60
және 70% оқушылар күнделікті телебағдарламалар қарауға екі-екі жарым
сағатын жұмсайды. Мектепке дейінгі балалар бұдан азырақ қарайды,
дегенмен ол да аз емес: олардың 35% бір жарым-екі сағаттарын
теледидарға арнайды.
Зерттеулері бойынша, екінші орында барып кітап оқу алды. Кіші сынып
оқушыларының бос уақытының көбін ойын алады. Үйірме, спорт түрлерімен
балалардың аздаған бөлігі ғана айналысады. Жоғарғы сынып оқушылары
үйірмелерге қызығушылықтарына байланысты қатысады - авто, радио
қызығушылықтар және өзге де үйірмелер.
Келесі орынды музыка мен шет тілдерін үйрену алды.
Спортпен айналысу - ең соңғы орындарда тұр. 1-4-сыныптарда көптеген
балалар спортқа қызығады, ал 10-сыныпта олар оқуға дайындалатындықтан
спортқа деген қызығушылықтары төмендейді. Зерттеулердің нәтижесі
балалардың бос уақытын пайдалануы өзге елдермен сай екенін, мысалы,
Жапония, Польшада спорт, ойындарға деген ойлауға негізделген
қызығушылықтар төмендейтіні байқалады. Көптеген балалар кітап оқуға,
кино, театр, радионың орнына теледидарды құп көретіндері белгілі болды.
Кейбір дәрігерлердің куәлары бойынша күнделікті 3-5 сағат, ал демалыс
күндері 3-8 сағатын теледидарға арнайтын балалардың телевизиялық ауру
белгілері байқалатыны анықталған. Бұл аурудың белгілері шектен
тысшаршауға сай медициналық әдебиеттерде: тітіркену, жүйкесі шаршау,
ұйқысыздық, тәбетінің төмендеуі, бас аурулары, көз нашарлауы кездеседі.
Денсаулық сақтау Министрлігінің балалар мен жасөспірімдер гигиенасы
институты жүргізген арнайы зерттеулері телевидениенің жағымды және
жағымсыз әсері бірнеше факторларды анықтауға көмектесті:
Біріншіден, бағдарламаның ұзақтығы және оның аптасына қаншалықты
жиі қарайтыны;
Екіншіден, баланың теледидар көре бастағандағы көңіл-күйі;
Үшіншіден, қандай жағдайда қарайды - экран мен көрерменнің
арасындағы қашықтық, экранның көлемі, көріністің
саны, экран мен бөлменің жарығы және т.б.
Бағдарламаның ұзақтығына келер болсақ, институттың жүргізген
зерттеулері көрсеткендей, қысқа әрі қызықсыз бағдарламалар балалардың
орталық жүйке жүйесінде және қарау анализаторында ұзақ, әрі мағынасы
жағынан балаларға қызықты бағдарламалардың әсерімен теңдей.
Мультипликациондық фильмдер, ертегілер, қуыршақтар спектаклі, олардың
зерттеулерінің нәтижесі бойынша балалардың функционалдық
организмдерінің жағдайына ешқандай кері әсерін тигізбейді. Бұл
бағдарламалар уақыты жағынан ұзақ емес, қанық және динамикалық тұрғыда
құрастырылған. Балалар үлкен қызығушылықпен қарайды.
Ескере кететін жайт, телевидениененің кіші сынып
оқушыларына әсері мол. Жоғарғы сынып оқушыларына қарағанда, олар
ашушаң және қызуқанды болып келеді. Кіші сынып оқушыларына арналған
бағдарламалар мағынасы мен мазмұны жағынан салмақты, бірақ формасы
жағынан тартымды болуы мүмкін. Ушинскй баланың есінде бір нәрсені нақты
қалдыру үшін еске сақтау кезінде қаншалықты сезім мүшелері көбірек
қатысатынын ескергені жөн деген. Біздің зерттеулеріміз бойынша үй
жағдайында мектепке дейінгі жастағы балалар 30 минут, бастауыш сынып
оқушылары - 45 минуттан 1 сағатқа дейін, орта жастағы оқушылар 1 сағат
30 мтинут қараулары тиіс деп шештік. Телевизиялық бағдарламаларды
күнделікті қарамаған жөн. Аптасына 2-3 рет, ал тек демалыс күндері ғана
қарау өте дұрыс норма. Егер бала теледидарды жиі қараса оның бойынан
жүйкенің жұқарушылығы байқалады, оған басқа іс түрімен айналысу қиын,
сондықтан ол теледидарға қайта оралады. Өйткені телевизиялық
бағдарламаларды қарау балалардан жүйкенің мықтылығын талап етеді. Бұл
салмақ бастағы мидың белгілі бір бөлігіне әсер етіп, алдында болған
ойлау және көру жұмысына әсер етіп күні бойы жиналғанын көбейте
түседі. Ол бағдарламаны көрі біте салысымен байқалмағанымен, бәрібір
ертелі кеш белгі беретіні рас. Таңертеңгі бағдарламалар түстен кейін
оқитын балалардың жүйкесін жұқартады.. Түрлі бағдарламалардағы
сәйкестік те осыған жатады. Мысалы, енді ғана қызықты фильм бітіп, енді
қызықты бағдарлама басталғанда балалар оған назар аударады. Әрине, бұл
жерде үлкендер, ата-аналар, отбасындағы қарым-қатынас үлкен әсер етеді.
Біз өзіміз балаға қызықты бағдарламаны және көруге ыңғайлы уақытты
табуымыз керек.
Кіші мектеп жасында көрудің нашарлауы да қобалжыту тудырады. Ондай
жағдай жиі кездеседі. Біздің және шетелдің дәрігерлері де теледидар
диафиьм қарау, сызу, сурет салу, тігу секілді көру жұмысы екенін
айтады. Егер балалар бағдарламаларды ұзақ уақыт қараса, олардың көру
анализаторларында қарау кезіндегі шаршағандықты байқауға болады. Ол
телевидениенің спецификасына қатысты емес, күні бойы оқушының көру
мүшесіне үлкен жұмыстар жүктеледі, ал экран алдындағы ұзақ отырыс -
көзге түсетін салмақты ұлғайтады.
Біздің зерттеулеріміз көрсеткендей, өзге сабақтарға қарағанда
телевизиялық бағдарлама пайдаланған сабақ әлдеқайда тез шаршатады.
Телевизиялық сабақ ақпаратты көп көлемде береді, оның жеткізу формасы
тиімді болғанымен, жоғарғы дәрежедегі концентрация тез шаршатады.
Әдебиет және математика сабақтары әлдеқайда жағымды әсер қалдырған, 50-
60% оқушылар сабақ бойы және бір күн бойы еңбекке қабілеттілігі.
Жоғарғы дережеде болған. Физика және химия сабақтарының нәтижесі
керісінше. Айта кетерлігі, телевидениені пайдалануды есепке ала отырып
оқу бағдарламасын құрастырғанда телебағдарламаның баланың организміне
әсерін комплексті және жан-жақты зерттеген дұрыс.
Адамның қабылдау механизмі жиі дамып отырады. Ең қарапайым өзінің
функцияларынан бастап адамның қабілеті объекттің қимылынан бастап,
қозғалмайтын объектті анықтау, әр заттың бірегейлігін ажыратуға дейін
дамып отырады. Бала үш жасқа дейін обьекттің динамикасын кинофильм
немесе телевизиялық хабар қарағанда нашар ажыратады, оған психологиялық
жағынан пайдасыз, керісінше, зиянды. Үш жастан бастап бала динамика мен
контрастылықты қабылдай бастайды - заттың көлемі жағынан үлкейгенін
немесе кішірейгенін, адам бұрылған кездегі фас пен профильді ажыратып,
киімінің ауысқанын байқап, әртүрлі ракурс пен пландарда - бір зат немес
бір адамның түрліше түсірілгенін түсіне бастайды. Образды қабылдауда
контрастылық пен динамизм салыстырмалы түрде баяу дамиды. Сондықтан да
бастауыш сыныптағы оқушылар қатысушы кейіпкерлері көр күрделі
фильмдердегі көп нәрсені аңғара бермейтінін, ал керісінше, олар мағнасы
жағынан қабылдауы мүмкін емес деген мәселелерді олардың қабылдағанын
байқаймыз. Бұл жерде қабылдау механизмі белгілі бір дәрежеде түсіну
мүмкіндігінен қалып отыратыны байқалады. Сол себепті, телевизиялық
хабарды дайындағанда осындай ерекшеліктерді ескерген дұрыс.
Балалардың арасында тұрақты кейіпкерлер үлкен табысқа ие. Оны
ерекшелеп алутүрлі жағдайларда тануға оңай. Ал кейіпкерлер ауысқан
жағдайда бала қиын жағдайға тап болады. Бұл кейіпкерді идентификациялау
мүмкіндігі түрлі ситуацияларда көріністі қабылдауда кеш жүреді, ал
затты қабылдауда ертерек жүреді. Психологиялық зерттеулер көрсеткедей,
балада алғашқыда қозғалмалы картиналарды қабылдау жүреді, одан кейін
барып статикалық картинаны қабылдау, кейін - динамиканы қабылдау
жүреді.
Көріністі тамашалағанда фигура мен фонның сәйкес келуі маңызды.
Балаларға арналған телевизиялық хабар немесе бағдарламада фон қарапайым
болғаны дұрыс, образды қабылдауда ең басты қажетті нәрсе ғана анықталуы
керек. Фон ерекше көңіл-күй тудырады. Фактура мен фон көрініске әлдебір
поэтикалық мағына береді.
Балалардың мультфильм мен мультипликацияларға деген ерекше ықыласын
кейіпкерді образы нақты контур фильмнің соңына дейін сақталатынымен
тартады.
Телевидениенің таралуы мен қолдану аясының кеңеюіне байланысты
телевидениенің экспериментальді психологиясының жағымды және жағымсыз
қырлары анықтала бастады. Телебағдарламаның объектісі біріншіден –
камераның алдында сөйлеушілер болса, екінші жағынан – көрермендер. Бұл
зерттеу объектілерін шартты түрде камера алдындағы адамның мәселелері
және телебағдарламаны қабылдау мәселелері деп бөлуге болады.
Телевизиялық көріністі қабылдау шынайы көз алдыңыздағы өмірде
кездесетін көріністі қабылдаудан айырмашылығы бар. Телевизиялық
көріністі қабылдау мыналарға байланысты:
Шынайы өмірдегі көріністі жарықты пайдалану арқылы өзгешелеу;
Динамикалығы, статикалық көріністердің өзін жеделдету;
Көрінетін объекттің шынайы қашықтығы;
Көріністің түсініктілігі, яғни объект пен телекөрерменнің әлеуметтік
тәжірибесі;
Көрініс пландарының ауыстыру жиілігі.
Камерадағы адамды оның сипаттамасы жеткіліксіз болғандықтан,
көрермендер шатастыруы мүмкін. (Мысалы, ақ халатты адамды дәрігер,
аспазшы, парикмахер т.б мамандық иелерімен шатастыруы мүмкін).
Тек психологиялық мәселелерден басқа, телебағдарламаны
қабылдаудың әлеуметтік-психологиялық қырлары да болуы
мүмкін. Бұл камера алдындағы адамға тікелей қатысты, диктор немесе
жүргізуші мен көрермен, немесе бір экран алдында отырған бірнеше
адамға да қатысты мәселелер осы бағытқа жатады. Мәселен, теледидар
арқылы берілген концертті көрермен бақылаушы ретінде қараса, ал
телекомментатордың сөзін актер емес, тікелей өзіне қарым-қатынас жасап
тұрған әңгімелесуші ретінде қабылдайды, демек психологиялық тұрғыда бұл
мәселелер түрліше қабылданады.
1.2 Тәрбие бесіктен басталып, БАҚ арқылы жалғасады
Келешекте елімізде тәулік бойы мемлекеттік тілде хабар
тарататын үш бірдей телеарна ашу жоспарланып отырғанын 2009 жылғы
желтоқсанның 12-сінде мемлекеттік тілді дамыту президенттік қоры
қамқоршылық кеңесінің отырысында кеңес төрағасы, Мемлекеттік хатшы -
Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев айтқан болатын. Қ. Саудабаевтың
атап көрсеткеніндей, олар ақпараттық-танымдық, әлеуметтік-мәдени,
тарихи-патриоттық бағыттағы телеарналар болады деп жоспарлануда.
Арналардың біреуін Мәдениет, екіншісін оқу-ағартушылық бағыттағы
Зерде, ал үшіншісін бүлдіршіндерге арналған Балауса деп атау
көзделіп отыр. Арналардың атауына қатысты айтарым, бұл - түпкілікті
шешім емес. Келешекте өздеріңізбен бірге бас қоса отырып, жаңа
телеарналардың аттарын жақсылап ойластыру қажет, деді Қ. Саудабаев.
Ал, 2009 жылғы желтоқсанның 21-де болған ҚР Парламенті Мәжілісінде
өткен Үкімет сағатында Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-
Мұхаммед қазақ тілінде тәулік бойы хабар тарататын телеарналар
Қазақстанда сандық жүйе енгізілгенде барып жүзеге асуы мүмкін екенін
айтқан болатын. 24 сағат толық қазақ тілінде хабар тарататын үш
телеарна туралы баспасөзде бірнеше мәрте жазылды. Дегенмен, мен өз
басым ешқашан келесі жылы осындай үш телеарна ашылады, деп айтқан
емеспін. Жалпы, бұндай телеарна Қазақстанда сандық телеарна жүйесіне
көшу жүзеге асырылғанда ғана ашылуы мүмкін. Ал оның қай мерзімде, қашан
ашылатынын уақыт көрсетеді. Бірақ, бұндай арналардың ашылатындығында еш
күмән болмауы керек, деген болатын. Министрдің айтуы бойынша ,
Қазақстандағы республикалық жиілікте 10 арнаны көрсетуге мүмкіндік бар
болса, сандық арналар іске қосылғанда олардың әрқайсысының жиілігіне
тағы 7-8 телеарна ашуға мүмкіндік туады. Демек, сандық жүйе арқылы
қазақстандық көрерменге 50-60 телеарнаға дейін тамашалауға мүмкіндік
болады. Қазір осы бағыттағы тұжырымдама жасалуда. Бұл тұжырымдама дайын
болған соң оны Үкімет бекітеді. Содан кейін барып, тәжірибе жүзінде екі-
үш өңірде 2010 жылдың екінші жартысынан немесе 2011 жылы көшіруді
жоспарлап отырмыз, деді министр. Оның айтуынша, сандық телеарнаға көшу
1-2 жыл емес, 4-5 жылдың мерзімінде жүзеге асатын үдеріс.
Тәуелсіздігімізді нығайту мақсатында Отанға деген сүйіспеншілік, яғни
патриоттық тәрбие алдыңғы қатарға шығатыны сөзсіз. Жас ұрпақты
отаншылдыққа тәрбиелеу мемлекеттік маңызды мәселе екенін тағы бір еске
сала кеткен жөн болар. Бұл жөнінде Қазақстан және Ресей Білім
академияларының академигі Б.Момынбаевтың “Отаншылдық білім мен
тәрбиенің тұғыры болуға тиіс” деген мақаласында [1]. “... Осы тұрғыдан
келгенде, қоғамдық сананы қалыптастыруда, әсіресе жас ұрпақ тәрбиесінде
БАҚ-тың жетекші орынға шығып отырғаны өмір шындығы. Солай бола тұра,
бүгінгі таңда қазақстандық БАҚ жүйесіндегі еркіндіктің бассыздыққа
ұласып бара жатқаны айырықша алаңдатады”, дейді. Бұл мақалада қазақ
жерінде қазақстандық БАҚ-тан гөрі шетелдік БАҚ-тың пайыздық көрсеткіші
жоғары деген мәлімет берілген. Одан әрі автор отаншылдық жайындағы ойын
жан-жақты сараптай келе: “Біздің ойымызша, БАҚ-тың ең киелі міндеті
ақпараттық-ағартушылық ұстаным болуға тиіс. Бұл ретте, БАҚ-тың рөлі
бүгінгі таңда бірінші орында тұрғанын социологтар бірауыздан
мойындайды. Демек, Қазақстан БАҚ-тарындағы ұрпақты аздыратын, ұлтты
тоздыратын кейбір бейбастақтықты ауыздықтау мәселесі әбден шегіне
жеткенін терең сезінуіміз керек” деген ұтымды ой айтады.
Соңғы кезде жүргізілген зерттеулер балалар мен жасөспірімдер
өмірінде бұқаралық ақпарат құралдары рөлінің барынша артып келе
жатқанын көрсетіп отыр. Ғалымдардың пікірінше, бұқаралық ақпарат
құралдары, әсіресе оның ішінде теледидар ересектерден гөрі балалардың
өмірінде елеулі орын алады. Оған дәлел ретінде аталған проблемалармен
айналысып жүрген ресейлік ғалым А.Журиннің еңбектеріндегі келтірілген
деректерді атап өтуге болады. Онда Ресей балаларының ақпарат құралдары
өнімін пайдалану дәрежесі жан-жақты баяндалады. Сонымен қатар, 1992-
1999 жылдар аралығындағы әртүрлі жүргізілген зерттеу жұмыстары
нәтижесінде бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде теледидардың алдыңғы
орынға шыққаны көрсетіледі.
Сондай-ақ, А.Журин зерттеу барысында өте маңызды тағы бір мәселеге
көз жеткізген. Мысалы, балалардың ақпарат құралдарына риясыз
сенетіндігі, яғни журналистердің бұрыс ақпарат беруіне негіз жоқ деп
есептейтіндіктері. Аталған деректерге сүйенсек, жеткіншектерді тұлға
ретінде қалыптастыру барысында бұқаралық ақпарат құралдары белсенді
құрал болады деуге толық негіз бар. Бірақ, ғалым бұл әрекеттің кейбір
жағдайда кері ықпал тигізетінін де естен шығаруға болмайтынын
ескертеді. Ресейде жүргізілген сауалдаманың нәтижелеріне қарағанда,
сұралғандардың 67 пайызы қазіргі теледидар бағдарламалары балалар мен
жасөспірімдерге кері әсер етеді деп есептейді. Тек 14 пайызы теледидар
жастарға оң ықпал етеді, яғни нақты өмірге бейімделген еркін де
бастамашыл адамдарды тәрбиелейді деген пікірде. Ал сауалдамаға
қатысқандардың 13 пайызы электронды БАҚ-тың Ресей жастарының
адамгершілік қасиеттеріне кері әсер етіп отырғанын сезінбейтінін
айтады. Яғни, БАҚ-тың ықпалы біреулер үшін оң болса, енді біреулер үшін
кері әсері бар. Бұл мәселе қашаннан талас тудырып келе жатқаны белгілі.
Сол себепті БАҚ-тың адамға ықпалы ең тиімділердің қатарына
жататындықтан, оның мүмкіндіктерін қажетті бағытта пайдалануға
болатынын ескерген жөн.
Тағы да А.Журиннің пікіріне жүгінсек, бұл проблеманы шешудің бірден-бір
жолы — өсіп келе жатқан тұлғаны ақпараттық қорғау, оның ішінде теріс
әсері бар әртүрлі ақпараттардан қорғау керек. Өйткені, қазіргі оқушылар
қай жағынан алғанда да өте белсенді. Әсіресе, ақпарат әлеміне енуге
мүмкіндік жоғары болған сайын олардың қызығушылық әрекеті де ұлғая
түсуде. Дәл осы кезеңде мектеп тарапынан жасалатын әрекет алдыңғы
қатарға шығуы қажет. Мектеп маңызды әлеуметтендіруші институт ретінде
оқушылардың бойында білім, білік, дағды қалыптастыруға тиіс десек,
аталған проблеманы шешу жаңа заманның мұғалімдеріне жүктеледі. Бірақ,
бір қиындығы, кеңестік дәуірде де, қазіргі уақытта да мектеп өз алдына
балаларға ақпаратты “қажет”, “қажетсіз” деп ажырата білуге үйрету
міндетін ешқашан мақсат етіп қойған емес. Соған қарамастан, бұл
мәселені шешуде мектеп шешуші рөл атқарады. Себебі, басқа
әлеуметтендіруші институттармен салыстырғанда, мектептің тәрбиелеушілік
ықпалы жоғары және мүмкіндігі зор. Демек, бұқаралық ақпарат
құралдарының өнімін дұрыс таңдай білуге үйрету үшін әртүрлі шаралар
ұйымдастыру, ойластыру қажет. Мысалы, өткен ғасырдың 60-70 жылдары
Ресейдің бірнеше мектептерінде, көңілге қонарлық жұмыстар жүргізілген,
яғни бұқаралық ақпарат құралдарының, оның ішінде мерзімді басылымдардың
тәрбиелеушілік ықпалын пайдалануға негізделген арнайы жоспар жасалып,
сол жоспардың аясында әртүрлі шаралар ұйымдастырылған. Ол жоспарда
төмендегідей бірнеше міндеттер белгіленген:
– оқушыларды мерзімді басылымдарды оқуға деген саналы сұранысқа
тәрбиелеу;
– қоғамдық-саяси және танымдық маңызы бар мақалаларға қызығушылығын
қалыптастыру;
– оқушылардың бойына басылымдармен жұмыс істей білу іскерлігі мен
дағдыларын сіңіру;
– аталған міндеттерді шеше отырып, мектеп мұғалімдері оқушылардың
идеологиялық-саяси, еңбек, эстетикалық, адамгершілік тәрбиесін жолға
қоюдың тиімді құралы ретінде мерзімді баспасөздің мүмкіншілігін кең
түрде пайдалануы керек деп көрсетілген.
Мұндай тәжірибені 90-жылдары Алматы қаласының мектептерінде де жүзеге
асырғаны белгілі. Атап айтқанда, №2 республикалық мектеп-интернатта, Әл-
Фараби атындағы №145 мектепте де мерзімді баспасөздегі материалдармен
жұмыс жүргізуге арналған шаралар ұйымдастырылған. №2 мектеп-интернатта
бұл факультатив сабақ түрінде жүргізілетін-ді. Бұл пәнді оқу арқылы
оқушылар қоғамдық пікір тудыратын күшті қарудың құдыретімен таныса
алатын. Сол арқылы оқушылардың дүниетанымын, өмірге көзқарасын
қалыптастыруға тиімді жол табылды. Сондай-ақ, сабақ кезінде оқушылар
күнделікті газеттерде жарық көрген мақалаларға талдау жасап, өз
пікірлерін ортаға салатын. Сабақ өзіндік пікірі қалыптасып үлгерген
жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін. Онда тек мектеп мұғалімдері
ғана емес, Әл-Фараби атындағы ұлттық университеті журналистика
факультетінің ғалымдары дәріс оқыған-ды. Осындай игі шараны қазір де
республика мектептеріне түгелдей енгізуге болар еді.
Бала санасының қалыптасуында өзіндік орны бар бұқаралық ақпарат
құралдарының тәрбиелік ықпалын пайдалану үшін, ең алдымен, балаларды
соған тәрбиелеу керек. Тағы да С.Елубаевтың мақаласына оралар болсақ,
онда: “Тәуелсіздігіміздің 15 жылында біз үлкен экранға, телеэкранға
қалай ие болып отырмыз? Күніне жүздеген мың қазақстандық рухани тәрбие
алып жатқан киноэкран жас ұрпақ санасына қай елдің қандай тәрбиесін
құйып жатыр? Қай елдің идеологиясын сіңіріп жатыр? Экранына ие бола
алмаған жұрт ұрпағына ие бола ала ма? Күмәніміз бар. Ұрпақ тәрбиесі —
мемлекеттік мәселе” деп жас жеткіншектерді тәрбиелеу мәселесінде
ақпарат құралдарын дұрыс бағытта пайдалану керектігін айтады.
Ендеше, БАҚ-тың бала тәрбиесіне әсері жөнінде айтылған тұста, оның
тәрбиелік ықпалына көбірек көңіл бөліп, керісінше зиянды деп табылатын
бағдарламаларға тосқауыл қоюдың уақыты келді. Ондай мысалдарды дамыған
елдердің тәжірибесінен де кездестіруге болады. Мәселен, АҚШ,
Ұлыбритания, Франция сияқты мемлекеттерде балаларға қатысты
бағдарламаларды сараптаудан өткізу, олардың дамуына кері әсерін
тигізетін хабарлар қатаң түрде бақылауға алынады. Сонымен қатар жас
жеткіншектердің тұлға ретінде дамуына сәйкестігі мақсатында ақпараттық
өнімді жасаушылармен тығыз байланыс жүргізуді ұйымдастыру жағы да
қарастырылған. Ондай қарым-қатынасты жүзеге асыру саясаты тікелей
мемлекеттік дәрежеде жүргізіледі. Ол үшін заң органдары әртүрлі
нормативтік актілер дайындайды. Аталған елдердегі бұл шаралар БАҚ-тың
қызметіне қол сұғу деп танылмайды. Өйткені, балалар тұтынатын БАҚ
өнімдеріне деген көзқарас аталған елдердің ұрпақтың болашағына деген
сергектігін көрсетеді.
1.3 Ресей телеарналарындағы балаларға арналған
бағдарламалардың тәжірибелік ерекшеліктері
Көршілес Ресей елі балаларға арналған бағдарлама жасау жөнінен
бірқатар жоғары нәтижелер көрсетіп келеді деп айтуға болады. Мәселен,
2007 жылдың басында ғана осы елдің президенті Владимир Путин бастап,
және көптеген мамандар балаларға арналған телебағдарламалардың аздығын
айтып дабыл көтерген болатын. Тіпті, 2006 жылы балалардың телеөнімдерін
дайындау барысында жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша Ресей мен
Германия дамыған елдер арасында соңғы орындарды иеленіп келгендігі
жайлы жиі айтылатын. Осыған қарамастан, Ресей телеарналарындағы кейбір
балаларға арналған бағдарламалар талай жылдан бері кішкентай
көрермендердің назарынан тыс қалмай, сүйікті хабарларына айналды.
Мәселен, "Спокойной ночи, малыши!" бағдарламасы арқылы тек Ресей ғана
емес, көптеген елдердің соның ішінде өзіміздің талай қазақ балаларының
да бірнеше буынын тәрбиеледі деуге болады. Әр жексенбі сайын болатын
"Утренняя почта" бағдарламасы жайлы да соны айтуға болады. Дегенмен,
көптеген ескертулерден кейін бұл елде бірден жақсы нәтижелерге қол
жеткізді деп айтуға болады. Бір ғана 2007 жылдың ішінде балаларға
арналған екі бірдей телеарнаның есігі ашылды. Яғни, кішкентай
көрермендердің назарына Теленяня және Бибигон арналары ұсынылды.
Әрине, бұдан бұрын да бұл елде Никеолодеон, Жетикс, "Детский",
"Детский мир", JimJam" секілді балаларға арналған шетелдік және
отандық арналар көрсетіліп тұрды.
Детский мир балалар телеарнасы Лондоннан трансляция жасайды. Осы
арнаның құқығы RTVI компаниясына қарайды. Алдыңғы уақыттарда бұл
телеарнаның барлық құқықтары НТВ-Плюс орталығына қарайтын. Қазірде
бұл арна кабельдік пакеттерде ретрансляция жасауға мүмкіндік алып отыр.
Ресейдегі оның өкілі Медиамарт компаниясының дестрибьюторы. Арнаның
жұмысы таңертеңгі сегізден кешкі сегізге дейін. Негізгі көрсетілімдері
мультипликациялық және көркем фильмдер мен сериалдар, олардың барлығы
1993 жылға дейін Ресейде шығарылған телевизиялық өнімдер. Телеарнадан
берілетін бағдарламалар түрлі жастағы аудиторияға, яғни кішкентай
бүлдіршіндерден бастап жоғары сынып оқушыларына дейін қамтиды.
Ертегілердің экранда берілуіне арнада ерекше мән беріледі. Тіпті
олардың арнайы циклдары да бар, мәселен, Сказки народов мира, Сказки
Андресена, Сказки Пушкина, В мире сказок, Русские народные
сказки. Телеарнаның сеткасы үшке блокқа бөлінген және әрбір блок төрт
сағатты құрайды.Кешкі блок – премьералық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz