Музыка өнер сабағы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ----------------------------------- --------------------------------
2

І.ӘН САБАҒЫНДА МУЗЫКА ТЫҢДАУДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
ӘДІСТЕМЕСІ
1.1. Музыка өнер сабағы ----------------------------------- -------------5
1.2. Музыканы тыңдауға қойылатын талаптар --------------------23

ІІ. МУЗЫКА ТЫҢДАУДЫҢ ЖАН-ЖАҚТЫ ӘДІСТЕРІ
2.1. Музыка тыңдауды ұйымдастыру жолдары -------------------36
2.2. Музыка тыңдаудың жан – жақты әдістері --------------------45

ЗЕРТТЕУДІҢ ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМІ ---------------------48
ҚОРЫТЫНДЫ ---------------------------------------------- -------------58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ---------------------60

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі:
Қазақстан Ресаубликасының тәуелсіздік алуына байланысты елімізде оқу-
тәрбие жүйесінің барлық саласын қайта түлету процесі жүріп жатқаны мәлім.
Қазіргі білім, ғылым мен мәдениетті жаһандандыру процесі кезінде әр ұлт өз
мемлекетінің рухани мәдени құндылықтарын сақтай отырып, әлемдік өрке-ниетке
кіргізуі заңды құбылыс.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ұлттық кеңестің мәжілісінде жасаған баяндама-
сында Мәдени мұраларды жүйелеп, оларды қалпына келтіру, сақтау, одан әрі
дамыту ісіне кең көлемде білек түре кірісетін кез келді. Ұлттық мәдение-
тімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды түгендеп, жүйелеп, келер ұрпаққа аманат
ету – Мәдени мұра бағдарламасының басты мақсаты болуы тиіс - деп,
болашақ ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық мәдени мұраның мүмкіндігі мен мақсатын
айқындап берген болатын. Осыған байланысты қазіргі уақытта қо-ғамдық-
гуманитарлық пәндерді оқытудың білімдік, тәрбиелік маңызы бұрын-ғыдан да
арта түсуде. Оларға Білім туралы заң, Қазақстан Республикасын-да
гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасында тарихи
сана қалыптастыру тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы этникалық-мәдени
білім беру тұжырымдамасы сияқты мемлекеттік құжат-тарда айырықша көңіл
бөлінген. Бүгінгі тәрбиенің басты міндеті адамзат мәдениетінің сан ғасырлық
өркениеттік жетістіктері мен ұлттық рухани-мәдени байлықтарын саралай
отырып меңгерту, сөйтіп, оқушы жастарды нарықтық экономикаға бейімделген,
өмірге икемделген, жан-жақты жетілген, қаблетті, кез келген тұтқиыл
жағдайлардан жол тауып шыға алатын ынталы да іскер, табанды да талантты
отансүйгіш азамат етіп тәрбиелеу болып табылады.
Ауыз әдебиеті үлгілері мен халықтық өнер арқылы халқымыз өз ұрпағын
сегіз қырлы, бір сырлы, өнегелі, өнерлі, шынайы ұлтжанды азамат етіп
тәрбиелеп келеді. Бала тәрбиесі-аса жауапты іс. Ұстаз–оқушыларға білім
беруші ғана емес, олардың бойына отансүйгіштік, елжандылық, ұлтжанды-лық,
адамгершілік, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді қалыптастыру-шы басты
тұлға. Баланың болашақта қандай азамат болып өсетіндігі мұғалім-нің
балалрмен жүргізетін тәрбие жұмысының мазмұны мен әдісіне де тығыз
байланысты.
Қазақстан халқына Жаңа әлемдегі Қазақстан атты жолдауында Білім
беру реформасы табысының басты өлшемі тиісті білім мен білік алған
еліміздің кез–келген азаматы әлемнің кез – келген елінде қажетке жарайтын
маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады деген болатын. Қазіргі
музыкалық білім беру жүйесінде, мектепте музыка сабағының тәр-биелік мәні
зор. Жаңа заман талабынат сай музыка сабағын оқушының ұлттық ән – күйіне
деген көзқарасты жетілдіру. Музыка сабағы бірнеше іс - әрекеттерден
тұрады: ән айту, музыка тыңдау, музыка сауаты. Эстетикалық тәрбие берудің
негізгі құралы–узыка. Музыканы жас кезінен бала бойына сіңіре білсе,
тыңдаған әуендерін сезіне білсе, жаны таза, нәзік, сезімтал болып
өседі. Қазіргі таңда музыка мұғалімінің ғылыми ізденіс, зерттеушілік-
тің обьектісі болып отыр.
Зерттеу обьектісі: Ән сабағында музыканы тыңдаудың маңызы. Музыка
сабағында іс-әрекеттер арқылы мектеп оқушыларын музыка арқылы тәрбиелеу.
Зерттеу пәні: Педагогикалық зерттеулер, мақалалар, әдістемелік
құралдар, ғылыми–педагогикалық тұрғыдан қамтамассыздандыру. Музыка
сабағында-ғы музыкалық іс-әрекеттер арқылы, мектеп оқушыларын музыкаға
тәрбие-леудің музыкалы-педагогикалық және ғылыми-педагогикалық тұрғыдан
негіздеп, ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету.
Зерттеу мақсаты: Музыка пәні арқылы оқушылардың ұлттық музыкалық
өнерге деген қызы-ғушылығын қалыптастыруда ғылыми – теориялық негіз-дерін
анықтау.
Зерттеу болжамы: Музыка пәнін әдістемелік тұрғыдан сапалы жүргізу
арқылы, тыңдаған музыкасынан тәрбиелік мәні тиімді болса, егерде музыка
тыңдаудағы оқушылардың бойынан музыка дегенқұштарлық нышандары
шоғырланды деп болжаймын. Оқушыларға музыка тыңдаудың мазмұнын
қалыптастыра отырып, ғылыми әдістемелік ұсыныстар берілсе сонда ғана
оқушылар музыка тыңдауда нәтижелігі арта түседі.
- музыка сабағын жүргізудің ғылыми-педагогикалық және әдістемелік негіз-
дері анықталса;
- музыка сабағының музыкалық мәдениеттілікке тәрбиелеу тиімділігінің
өлшемдері, деңгейлері, көрсеткіштері анықталса;
- мектеп оқушыларына музыкалық білім беру арқылы музыкаға тәрбиелеудің
әдістемелік, музыкалы-педагогикалық шарттары белгіленсе;
- музыка сабағындағы іс-әрекеттерді жүргізудің мазмұны құрылып, тәжіри-
белік-педагогикалық тексерістен өткізіліп, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар
берілсе, сонда ғана музыкаға тәрбиелеудің нәтижелігі арта түседі;
Зерттеу міндеттері: Жалпы музыкалық білім беру арқылы оқушыларды
музыка тыңдаудағы ғылыми–теориялық негіздерін анықтау. Мектеп оқушы-ларына
қандай музыкалық дыбыстар бар екенін анықтаймыз және оны тәжірибелік
эксперимент жұмыстары бақылаудағы жұмысының қорытынды нәтижесін шығарып,
ғылыми әдістемелік ұсыныстар беру.
- музыка сабағындағы әр музыкалық іс-әрекеттің жүргізу әдістеріне анықтама
беру;
- музыкалық іс-әрекеттердің ерекшеліктерін сипаттау, сараптамалау;
- музыка сабағындағы іс-әрекеттері жүргізудің жеке әдістерінің мазмұнын
анықтау, оны тәжірибелік эксперимент жұмыстары арқылы бақылау;
- зерттеу жұмысының қорытынды нәтижесін шығару, ғылыми-әдістемелік
ұсыныстар беру;
Зерттеу әдіснамалық және теориялық негіздері: Жалпы ғылыми,
философиялық, музыкатану, музыкалық–психологиялық, музыкалық–педаго-гикалық
концепциялар мектеп оқушыларының музыка тыңдауды қалыптас-тырудың біртұтас
жүйелі қағидалары.
Зерттеу әдістері: Зерттеу әдістері бойынша философиялық, психоло-
гиялық, музыкалық–педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау, мектептегі оқу
үрдісін бақылау, оларды сараптау, эксперимент жұмыстарының нәтиже-сін
бақылау.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:
- Музыка пәні арқылы мектеп оқушысының жалпы музыкалық мәдениетке
тәрбиелеу;
- Музыка сабағын жүргізудің жаңашыл әдістері, көрсеткіштері, деңгейлері
анықталады;
- Музыка сабағында іс-әрекеттері жүгізудің әдістемелік шарттары анықталады;
- Музыка сабағындағы іс-әрекеттерді жүргізу әдістемесі жасалады,
тәжірибелік эксперимент жұмыстары барысында бақыланып, ғылыми-әдістемелік
ұсыныстар беріледі;
Зерттеудің практикалық маңызы:
- Зерттеу нәтижелерін музыка пәні оқытуда, әдістемелерді жетілдіру
мақсатында мектептегі оқу-тәрбие үрдісінде, жоғарғы оқу орнында музыкалық
білім бөлімдерінде пайдалануға болады;
Зерттеу базасы:
Тәжірибелік-эксперимент жұмысы Жаркент қаласының Балалар музыка
мектебінде мемлекеттік педагогикалық тәжірибелік жұмысы жүргізілді.
Дипомдық жұмыстың құрылымы:
Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім, екі тараудан, эксперимент
нәтижелерінен, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Кіріспе бөлімінде: Зерттеу жұмысының көкейкестілігі, объектісі, пәні,
мақсаты, болжамы, міндеттері, әдістері, ғылыми жаңалығы мен теориялық
маңызы, практикалық маңызы, базасы, кезеңдері, құрылымы қамтылады.
Негізгі бөлімінің бірінші тарауында Ән сабағында музыка тыңдауды
ұйымдастыру әдістемесі музыка сабағы-өнер сабағы, музыка тыңдауға
қойылатын талаптардың тәрбиелік мәні, бастауыш музыка сабағының пәндік
ерекшеліктері, негізгі іс-әрекеттер мен қосалқы іс-әрекеттерге анықтама
берілді.
Екінші тарауында мектептерде музыка сабағындағы музыка тыңдаудың жан-
жақты әдістері, іс-әрекеттерді жүргізу арқылы музыкалық тәрбие беру-дің
жолдары қарастырылды.
Қорытынды жұмыстың зерттеу нәтижелері негізделген тұжырымдама-лар мен
ұсыныстар берілді.

І. Ән сабағында музыка тыңдауды ұйымдастыру әдістемесі.
1.1. Музыка өнер сабағы.
Жас өспірімдерге музыкалық тәрбиенің мақсаттарын жүзеге асыру үшін
оқушыларға музыкалық шығарманы орындап қана қоймай, оны терең сезіммен,
саналы түрде қабылдай біліп, тыңдауға үйрету керек. Егер көпші-лік айтатын
әндер жалпыға бірдей таныс болса, кейбір күрделі дауысқа арналған немесе
жеке аспапақа арналған музыкалық шығармаларды тек му-зыканы терең сезініп
қабылдай білетіндер ғана тыңдайды. Көпшілік қауым күрделі музыкалық
шығармаларды дұрыс түсінбегендіктен оны тыңдай ал-майды, себебі ондай
адамдардың музыкалық түсінігі білімі таяз. Карл Маркс Егер де өнерден
ләззат алғың келсе, онда өзіңнің көркемдік талғамың мен білімің жоғары
болсын деген. Ұлы музка сыншысы А.Серов: Бетховенның симфониясынан ләззат
алу үшін музыканы түсініп тыңдай білуің керек дегендей, музыканы дұрыс
түсініп тыңдай білуге тәрбиелеу арқылы бас-тауыш сынып оқушыларының ой-
өрісін, терең сезімін, санасын, қиялын, талғамын, жалпы өнерге деген
сүйіспеншілігі мен мәдениеттілігін дамыта-мыз. Оқушылар мектептегі музыка
сабақтарындағы ән айту процесінде музыканы сауатты түрде тыңдауды үйрене
бастайды. Музыканы көңілге қондырып, жүрекке жылы тигізіп, сезе түсініп,
оның сиқырлы әлеміне бой-лау үшін ең алдымен оны дұрыс тыңдай білу өте
қажет. Музыка сабақтарын-да музыка тыңдау процесінің мақсаты – музыканттар
дайындау емес, жалпы жас өспірімдердің өнерге деген мәдениетін көтеру,
қазіргі заманның талабы-на сай тәрбиелеуге бағытталған адамгершілігі мол,
терең нәзік сезімді, қайы-рымды, мейрімді, шығармашылық қаблеттері мол
ұрпақ дайындауғат көпте-ген әсері бар құрал ретінде пайдаланатын
жұмыстардың бірі болып есептеледі. Өйткені, музыкалық шығарманы – адамның
рухани азығы десек қателеспейміз. Музыканың үні арқылы адам баласының
сезімі қалыптасады. Қандай да музыкалық шығарма болмасын адамның өмір
тарихымен, сол адам өмір сүрген қоғам тарихы арқылы туындайды. Оған
мысалға көптеген музыкалық шығармаларды алуға болады. Бірақ олар туралы
музыка тыңдау-дың әдіс-тәсілдерін үйрету барысында тереңірек тоқталамыз.
Ал сол музыканы тыңдауды үйретуді баланың жас кезінен бастап
қалыптастырған дұрыс. Бұл туралы Э.И.Бальпттис деген ғалым Баланың
музыкалық талға-мы оның балауса жас кезінен-ақ өз халқының ән-күй
өнерінің ықпалымен дамиды деген болатын. Сондықтан қазақ балаларының
музыкалық талға-мын қазақтың әндері мен күйлерін тыңдату, үйретуден
бастап қалыптас-тырған жөн. Қазақ халқының ұлттық музыка мәдениетінде бар
жанрлардың түрлері мен күйлері мол. [1]
Бұл ретте музыка тыңдауды сәби дүниеге келгеннен анасының
әлдиі Бесік жырларынан бастап өз ұлтының әуені бойына ана сүтімен
дарыту-дан бастайды да, одан әрі біртіндеп ұлттық әуенді
таныстыруды бірте – бірте күрделене түсеміз. Бастауыш сынып оқушыларына
өз ұлтымыздың, өнерін халқымыздың асыл қазынасын бойларына сіңірту
мақсатында музы-ка тыңдаудың ролі өте зор, халықтар арасындағы
достық сақтау үшін, әр халықтың жақсы ісімен өткен тарихты насихаттау
үшін, жақсы мен жаманды айыру, табиғат сұлулығын, ерекшелігін сезіну,
қайырымды, мей-рімді, адал болу үшін – жалпы айтқанда оқушылардың өмірге
деген көзқарастарын дұрыс қалыптастыруға тәрбиелеуіміз керек. Адам
баласының өмірінде өнер үлкен орын алатынын жоғарыда айтсақ та жас
сәби жарық дүниеге келген күнінен бастап, ол өнердің ортасында өседі.
Өнер түрлері архитектура, скульптура, бейнелеу өнері және графика,
көркем әдебиет, би (хореография), театр, кино және музыка болып бірнеше
салаға бөлінеді. Өнердің осы аталған салалары әр кезеңде біртіндеп пайда
болды. Табиғат құбылыстары мен адамзат қоғамының І дамуына байланысты,
өнердің түрлері өзгеріп, дамып отырады. Әсіресе, музыка өнері
күшті өзгеріске түсті. Сондықтан да қазіргі өнер жастарға
эстетикалық тәрбие берудің күшті құралы болып саналады. Дегенмен сол өнер
бүгінгі өміріміздің айтарлықтай дәрежесіне жете алмай отыр. Біз күнделікті
өмірде музыка, концерт, ән – күй кеші, ария, қантата, симфония, опера
деген сөздерді жиі естиміз де, олардың үнінен тамылжыған әр алуан музыкалық
шығармалар-ды сүйсіне тыңдаймыз. Ерекше бір рахатқа бөленіп, шабыттанып
қаламыз. Тіпті жұмыс кезінде де жүрек тербетерлік жақсы ән мен тәтті
күйлер беріліп жатса, оны ынтамен тыңдай отырып, істеген ісіміздің
қалай тез бітіп қалғанын сезбейтін де кездер болады. Өнердің басқа
түрлеріне қарағанда, музыканың осыншалық әсері молдығының себебі не деген
орынды сұрақ тууы да осыған байланысты.
Құлақтан кіріп бойды алар,
Жақсы ән мен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді сүйсең менше сүй.
деген Абай сөздерін еріксіз еске алуға тура келдеді. Өйткені жақсы
ән мен тәтті күй, біріншіден, адамның рухани шабытын арттырады,
серпілтеді, екіншіден, көңіл кірпігінің жоғалуына себепші болады. Сондай –
ақ, лебімен көңілге жылы тиген музыка сарыны кейде кісінің
бастан кешкендерін, жастық шақтың көз алдына елестетеді. Кейде тіпті
арман асуына жетелеп, ерлікке, батырлыққа бағыттайды. [2]
Өзіміз сүйіп оқитын ақын, жазушыларымыз өз басынан өткен
күйініш, сүйініш, өмірге деген көзқарасын, көрген білгенін,
замандастарының еңбек-тегі ерліктерін оқырмандарына прозамен, поэзия
арқылы, қаламұшымен қағаз бетіне түсіріп жеткізсе, зазгер де дәл
солай еңбек етеді. Бірақ ол өзін тебіренткен жақсылық пен
жамандықты, бақыт пен қайғыны, батырлық пен зұлымдықты, бостандық пен
теңдікті, табиғат көріністері сияқты құбы-лыстарды дыбысқа түсіріп, образ
арқылы музыка тілімен айтып береді.
Егер бау-бақша, құстардың ішіндегі ең бір сымбаттысы бұлбұл өз
бетінше, өз еркінше құбылта сайрап, адамның көңіліне әуенмен әсер
ететін болса, адам да, сол бұлбұлдай бас бостандығы мен теңдікті аңсап
музыка ырғақтарының үнімен аңғарта, тамылжыған күйлер шығарады. Халық
сазгері Дина Нүрпейісованың ой қиялынан туған тебіренісі бұлбұлдың бейнесін
сан қырынан көзге елестетеді. Сазгер Альябьев пен Л.Хамидидің әйелдер
даусы-на арнап жазылған “Бұлбұл ” атты әндері халық артистері Күләш
Байсейітова мен Бибігүл Төлегенованың орындауында әсем де, үнді естіледі.
Тыңдаушы-лардың жан жүйесін тербеп, ерекше әсер қалдырады. Әйгілі сазгер
Құрман-ғазының өмірі - қазақ халқының музыкалық, өнеріндегі үлкен бір
белес. Өйткені Құрманғазы Сағырбаев (1818 – 1870 ) өз кезінде жоқшылық
пен жалшылыққа, зорлық пен үстемдікке қарсы күй шығарды. Бастан кешірген
қиыншылықтарын сол күйлерінің негізгі тақырыбы етіп отырды. Мысалы, оның
Аман бол, шешем, аман бол ! деген күйін алайық. Бұл – бастан аяқ
тыңдаушылардың желпіндіріп, өіне еріксіз тартып отыратын терең мазмұн-ды,
әсем үнді шығармалардың бірі. Домбыраның күмбірлеген жағымды даусы адамның
жүрегінен шыққан сөзше, Аман бол, шешем, аман бол деп естіліп тұрғандай.
Дүниеде адамға анадан артық ештеме жоқ. Сондықтан жазушы да, ақын да, күйші
де әрдайым ананың образын жасауға тырысады. Бұл салада жазушыларымыз бен
суретшілеріміз сияқты сазгерлеріміз де елеусіз үлесін қосуда. Құрманғазының
Қайран шешем, Аманбол, шешем, аман бол атты күйлері озық ойлы ұлы
жазушы Максим Горкийдің Ана атты романы сияқты классикалық
шығармалардың бірі болып саналады. Аман бол, шешем, аман бол күйінен
қазақтың бай–шонжарларының қанды шеңгеліне түсіп, елден ұзақ, айдауға кетіп
бара жатқан Құрманғазының анасымен қоштасқан мезгілі мен қайғылы қасірет
үні естіліп тұрады. Екі ішекті домбыраға осыншама күш беріп, адамша сөйлету
– Құрманғазының табиғи дарыны мен шығармашылық қуатының молдығынан еді.
Құрманға-зының Балбырауын, Адай және Сарыарқа атты күйлері де әрі
мазмұнды, әрі әсерлі, нағыз жүректен шыққан туындылар. Ерте кездегі
қарапайым халықтың той – тамашаларын, бәйге мен қыз қуу сияқты
ойын–сауықтардың, сондай – ақ кең байтақ дала бейнесін осы Балбырауын,
Адай, Сарыарқа күйлерінен естиміз. Бұларды орындап тұрғанда, қазақтың
құла дала боз жоталы, тау – қыратты, тепсең – шалғынды кең даласы
күмбірлеп сөйлеп, тыныштық күй қимылға түскендей сезінеміз. Тынысы кең,
құшағы айлапат жазира дала күйге қосылып, күңгірлеп тұрғандай боп
естіледі. Домбыра үнінен сықақ сезім құйқылжи биікке көтеріліп,
дала тынысына үн қосып жатқандай адамның іш жүйесін ләззат
сезім баурап алып, туған жерге сүйіспеншілік одан сайын арта түсе-ді.
Қазақ халқының ерте заманнан бері келе жатқан музыка аспаптары, домбыра
мен қобызда ғана орындалатын белгілі мазмұны, аты бар музы-калық
шығармалардың түрін күй дейді. Музыкалық сауаты жоқ, халық арасынан
шыққан өнерлі күйшілер өмірде болып жатқан әр алуан жағдай-ларға
байланысты өздерінің реніш - қуанышын, жүрек сырын қос ішекке
қосқан. Домбыра мен қобыздың әсем үндері арқылы тыңдаушы қауымға
адамның күй, жайы, ішкі жан дүниесінің сыры деп баяндайтын болған.
Күйді орындаушы, тыңдаушы қауымының арасында отырып, орындалатын күйдің
шығу тарихын, оның қысқаша мазмұнын ауызша айтып беріп, күді орындап
шығатын. [3]
Біз білетін күйлердің барлығының мағынасына сай аттары бар. Оған
дәлел, Дина Нұрпейісованың 16 – жыл, Той бастар, Бұбұл , Жеңіс,
Дәулеткерейдің Топан, Қосалқа, Құрманғазының Серпер, Бозшолақ
Түрмеден қашқан, Тәттімбеттің Сары жайлау, Былқылдақ,т.б. туын-
дылардың мазмұндары, ойналу ырғақтары шығарманың аттарына сай үйлескен.
Күй аты белгілі шығарма, симфониялы поэма тәрізді сюжетке құрылған.
Барлық оқиға желісі музыка тілімен беріледі. Бұндай күрделі сюжетке
құрылған, сазгерлік желісі, байланысы бар кесек туындыларды тыңдай
білгенмен, толық түсінем білу үлкен күшке түседі. Ол үшін күйді бірнеше рет
тыңдап, түсіне ұғыну керек. Сөзі жоқ, тек музыка сазымен ойналатын күрделі
шығармаларда негізгі өзек саналатын мелодиядан айырылып қалып, музыканы
шала ұғып, эстетикалық ләззат алу ойдағыдай болмайды. Кейде тыңдаушының
музыкалық түсінігі мен білімі аз болып, музыкалық шығарманы түсінбей
қалады. Музыкалық әуенді ұға алмаған адам, сөзі жазылған әндерді, романс,
арияларды жақсы түсінеді. Бірақ операларда ария сөздері ылғи естіле
бермейді.Талай тамаша ариялар, әсіресе, оркестрге қосып айтқанда,
жайшылыққа, ән мен сөздін қоса тыңдап үйренген көпшілікке ұғыну
алғашқы кезде өте қиын соғады. Әнді тыңдап түсінген адамға ғана опера
қызықты, сөзді емес, әнді ұғуға үйрену, машықтану қажет, айтқан дарынды
күйшінің құдіреті саусақтарынанг тамыл-жып шыққан музыкаүнін тыңдап,
ерекше ләззат алған орыстың белгілі этнографы Н.Савичев 1868 жылы
Уральские Войсковые ведомости атты газетінде (№44) былай деп жазды:
Құрманғазы домбыраны жедел күйіне келтіріп, құлағын сәл бұрай түсті де,
бірден құйқылжытып тарта жөнелді. Мен алғашқы кезде таңданып едім, кейін
оның домбыра тартысына қай-ран қалдым. Екі ішекті, мұндай жұпыны
аспаптан музыкаға ұқсас бірдеңе шығады ғой деп күтпеген едім, бірқадам
қаблетінің күші сол емес пе, домбырадан соншалықты таза музыка естілді.
Сайрауы деп айтар едім, бірақ артист қиялының ұшқырлығын біраз тежейтін
аспапты қарапайымдылығына қарамастан, бұл теңдеу де тым жеткіліксіз.
Қорыта айтқанда Сағырбаев – сирек кездесетін жан, егер европалық білім
алса, ол музыка дүниесінің шолпан жұлдызы болар еді, деп масаттанғанын
білдірді. Академик А.Қ.Жұбанов қазақ халқының сазгерлерімен әншілерінің
өмірі мен шығарма-шылығы туралы көптеген зерттеулер жүргізді: Ғасырлар
пернесі (1958 ж.), Замана бұлбұлдары (1967ж.) деп аталатын монографиялық
еңбектері жарық көрді. Академик А.Қ.Жұбанов халық сазгері Құрманғазы
туралы былай деп жазған еді: Құрманғазы Орал түрмесінде жатып шешесіне
арнап Қайран шешем күйін шығарды. Күй қапастағы халді суреттегендей жай
басталды. Әлден кейін, жарық өтіп туған айдай, жарқын кейіпке көшеді,
күй әсерленіп, қызынып, шапқан аттың алыстағы сарыны естілгендей
болады. Аяғында баяғы ауыр дыбыстар, еріксіздік үндері қайталанып
келіп, ең соңында тағы да үміт сәулесі елестегендей болады. Құрманғазы
алдағы өмірден үміт күтеді. Осы сапарда Құрманғазының Түрмеден қашқан
күйі шығады. Бір чиновник түрменің қасынан өтіп бара жатып,
Құрманғазының осы күйді тартып отырғанын естіп: Мына бір тұтқынның
домбыра тартысы маған ұнамайды, қашу күйі сияқты, сақ болыңыздаршы, -
депті. Ал шынында да, Түрмеден қашқан күйінде басынан аяғына дейін ат
шабыс, қуу, қашу, айқай – сүрен дыбыстары бар. Еш жерінде тып – тыныштық
дыбыс жоқ деуге болады. Әншілердің тілімен айтқанда, бұл күй аяғына
шейін дем алмастан бір – ақ тартылып шығады. Кісен ашқан басынан
аяғына дейін орнықты жай екпінді күй. Мелодиясының өткірлігі сондай сай –
сүйегінді сырқыратады. Әрине, онда кісенді кесіп жатқан алмас араның
құлағыңды жаратын дыбысы жоқ. Кейде аяғы кісен қиған тұтқынның жан
қиналысы бар. Тіпті бір Құрманғазының емес, жалпы еңбекшінің аяғы
кісендеулі тәрізді, ауыржағдай суреттеледі. Бұны психологиялық күй десек
те қателеспейміз. Бірақ ескерте кететін нәрсе, кейде үлкен трагедиямен
қатар үлкен астарлы күш жатыр. Халықтың үні бар. А.Қ.Жұбанов пен
Л.Хамидидің Абай, Мүқан Төлебаевтың Біржан – Сара опералары мен Сыдық
Мухамеджановтың Ғасырлар үні ораториясы қазақ халқының басынан кешкен
тарихи кезеңін шиеленіскен оқиғаларға толы, қайшылығы мол өмір
көріністерімен жайып салып, сезімге әсер беріп отырады. Бұл айтылған
опералардан алғыр ойлы ағартушы ұлы ақын Абайдың, бас бос-тандығын аңсаған
қазақ қыздары Ажар мен Сара, шыншыл ақын Біржанның арияларын тыңдай
отырып, сонау ХІХ ғасырдағы зорлық – зомбылық зама-нындағы қазақ даласын
да көз алдына келтіресің. [4]
Музыканы, өнердің басқа салалары сияқты, көзге көрсете, қолға ұстайтын-
дай етіп жасауға болмайды. Музыкада айтылатын ой мен оқиға сазды дыбыстар
арқылы беріледі. Адамның ой өрісінің кеңеюіне әсем әуендер арқылы ғана әсер
етеді. Бұл қасиетімен музыка адам сезіміне басқа өнерден гөрі ерекше әсер
етеді. Атап айтқанда, қоғамдық тартыс пен халық көтері-лісі, табиғат
көрінісі, сүйіспеншілік пен өшпенділік, адамның бақыты мен қайғысы сияқты
құбылыстардың барлығы да музыканың құдіретті үнді тілімен беріліп, жан –
күй сезіміне толқынды күй салып, әсер туғызады. Бұл сияқты қиыннан
қиысқан құдіретті күш ұлы дарын иелерінің ғана қолынан келеді. Бұндай
музыкалық шығармаларды ұғынып тыңдай білу де әркімнің құштарлығы мен
талабына байланысты. Музыка тыңдаудағы барлық адам-ның қаблеті, бырақ
музыка тыңдауғада әркім өзінше жаттыға білуі керек. Музыканы
тыңдап дұрыс түсіне алмайтын ойға олақ адамдардың бар екені рас.
Музыканы есту қабілеті көп адамдарда бірдей оянбайды. Өткен еңбегі-не,
көздеген мақсатына қарай, күйкілжің тұрмыс күйбеңі арасында жүріп,
музыкаға жас кезінен көңіл бөлмейтін адамдар да кейіннен музыкалық
қабілетін дамыта алады. Музыка жаза білу мен оны тыңдай білудің арасында
алшақ айырмашылықтың бар екені кімге де болса белгілі. Сондай, музыка-лық
шығармаларды – оның ішінде күрделі бағдарламаланған симфониялық оркестр,
ораториялық туындыларды – тыңдай білу мен оны түсіне білудің де арасында
көптеген айырмашылық бар. Музыкалық шығармаларды көп тыңдаумен қатар сол
өнер туындылары туралы кітапшаларды, радио, теле-хабарларды,
газет–журналдарды оқып жаттығу керек. Бізде күрделі шығар-малардың
мазмұнын ашып, көркемдік желісін көрсетіп, музыкалық туынды-ларға біраз
талдау жасап шығамыз. Осының өзі музыканы қанлай тыңдап, қалай түсіне
білуге жетекшілік әдіс көрсетеді. Қысқасы, музыканы сүймей-тін, өзі де
дауыстап ән айтпайтын адам жоқтың қасы. Тек оны тыңдап, түсіну қаблеті
әркімде әр түрлі. Біреулер жеңіл музыка жағын ұнатса, екінші біреулер
күрделі шығармаларды тыңдауды жақсы көреді. Дегенмен қандай музыкалық
шығарма болмасын, оның адам жанына әсері мол, эстетикалық талғамын
дамытады, ойын байытады. Қапан Мусиннің Жайлауда атты симфониялық
поэмасын ойша тыңдайықшы, ғанибет қиялға түсеміз. Көсіліп жатқан тау
етегіндегі жайылымды, көк рай шалғын шуылын, сылдырай аққан арна, бұлақты,
сол жайылымда жатқан отар – отар қой мен табын – табын ірі қараны көріп,
бие сауып жүрген адамдардың арасында жүргендей боламыз. Құлаққа осылардың
қимылы, үні желісі түйдекпен естіліп жатады. [5]
Айта келгенде, музыкалық шығарманың қандайы болмасын автордың өз
тыңдаушысына айтайын деген түпкі ойын жеткізеді. Тыңдаушы сол музыка
арқылы ой түйеді, қиялын дамытады, дүние сұлулығын сезінеді. Музыка
өнерінде айтылатын ой мен оқиға сазды дыбыстар арқылы беріледі. Сондық-тан
музыканы қабылдауды оқушылардың бойында қалыптастыру елеулі қиындықтар
тудырып, жан-жақты ойластыруды қажет етеді. Жалпы музыка-
лық білім берудің мақсаты музыкалық мәдениетті дамыту, оқушылардың жалпы
рухани мәдениетін дамыту, қалыптастыру болып саналады. Ал оқу-
шылардың музыкалық мәдениеті деген түсінік-ауқымы кең ұғым. Осы ұғымның
мазмұнына бірінші кезекте өмірден туындаған, өмірмен тығыз байланысты
образдық өнер, музыканы түсіну қаблетін жатқызады. Д.Б.Ка-балевский бұл
туралы: Сезімдер тілі-музыканы көңілмен қабылдау, ондағы жақсы мен жаманды
ажырата білу, музыканың сипатын сезіну, орындалу ерекшелігін салыстыра білу
қаблеті,-деген. Музыкалық мәдениеттің негізіне музыкалық сауат жатады,
онсыз музыка мәдениетінің қалыптасуы мүмкін емес. Сонымен бірге балалардың
орындау-шылық, шығармашылық бастама-
лары да осы музыка мәдениеті ұғымына кіреді. Музыканы тану процесіне
Д.Б.Кабалевский үш жанрды-ән, би, маршты алып қарастырады.
Музыкалық тәрбие берудің мақсаттары төмендегідей.
- Музыкаға көркем-эстетикалық көзқарас, қызығушылықты дамыту,
тәрбиелеу;
- Музыкалық қаблетін дамыту;
- Іскерлік дағдыларын қалыптастыру;
- Дүниежүзілік музыка мұрасы-алтын қор музыкалық шығармалардың әр
түрлі формаларын туындауына таныстыру;
- Балалардың музыкалық талғамын тәрбиелеу, музыка тыңдау процесінде
шығармашылық бастамаларының туындауына бағыт беру;
- Музыкалық өнерге қызықтыру, сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
- Оқушылардың адамгершілік-эстетикалық дамуын қалыптастыру, музыка-лық
қаблетін ояту;
- Мектеп оқушыларының музыкалық қаблеттерін ояту арқылы музыкалық
әрекеттерге, музыка тыңдауға, ән салуға, аспаптарда ойнауға, ырғақтық
қимылдар жасауға үйрету;
- Сабақта сабақтан тыс музыка өнерін бойға сіңіруге талпыну;
- Музыка өнерінің әсері арқылы балалардың шығармашылық іс-әрекетте-
рінің туындауына жол ашу, бастамашыл болуға баулу;
- Музыкалық тәрбие әдістемесі педагогика ғылымы негізінен педогогика-
ның жалпы заңдылықтарына бағынады, дидактикалық принциптерге сүйенеді:
Оқытудың тәрбиелік принципі:
а) оқу материалының ғылымилығы және қабылдауға оңтайлылығы;
ә) көрнекілік принципі;
б) білім, дағды, іскерлік беріктігі;
в) оқушылардың музыкалық іс-әрекетінің белсенділігі;
г) музыкалық тәрбиенің өмірмен байланысы;
д) оқушылардың қызығушылығы; мектептегі музыка пәнін оқыту әдістеме-сі
оқу ерекшелігіне қарай өз принциптерін ұсынады;
е) музыкалық шығармаларды қабылдаудағы көңіл күй мен саналы прин-
циптілігі. Музыканы қабылдауды дамыту әр түрлі көңіл күйдің, әсерлердің
молайғандығын талап етеді. Әр шығарманың мазмұны, орындалу ерекшелігі,
көңіл күйге берер әсері оқушылардың жан дүниесін байытады, ойын, сезімін
қиял жетегіне ілестіреді. Оқушылардың қабылдау, бағалау қаблеттерін дамы-
тады, қызығушылығы мен талғамын тәрбиелейді.
ж) көркемдік және техникалық принциптің бірлігі музыкалық шығарманың
мәнерлі, көркем орындалуы үшін іскерлік пен дағдының сай болуын талап
етеді;
з) музыкалық білім беру ісінде музыка мен өмірдің тығыз байланысы, оқу
материалдарының мазмұнын ашу, музыкалық репертуарлардың жинақталуы, өрбіту
әдістері;
к) музыкалық іс-әрекеттегі оқу материалдарының түрлерін, ерекшелікте-
рін, ұқсастықтарын табу.
Музыкалық білім берудің негізгі міндеттері мақсаттарымен тамырлас
музыкалық тәрбиелеу, оқыту, дамытуға бағытталады:
- Музыка өнерін ұнату, шығармашылық, эстетикалық көзқарас, музыканы
сезіну қаблеттерін, сезімдерін дамыту.
- Оқушыларды халықтық, классикалық және қазіргі заман музыкасымен,
музыка өнерінің бай жанрларымен, түрлерімен таныстыру;
- Оқушыларды рухани жан дүниесімен, өмірімен байланысты музыкалық
білімдерін меңгеру барысында педагогикалық жағынан басшылық жасау;
- Оқушылардың музыка тыңдау әрекетін, орындаушылық, шығармашылық
қаблеттерін дамыту;
- Жоғары көркем музыканы қабылдауын дамыту;
- Оқушылардың музыкалық білімін жетілдіруіне мақсатты түрде бағыт беру;
- Музыкамен шұғылданған баланың өзін тұлға ретінде сезінуіне көмектесу.
Музыка сабағы-оқытушының шығармашылығына негізделген өнер саба-
ғы. Өнер сабағы болғандықтан да оқытушының әрі өнерлі, әрі шебер
ұйымдастырушы, бар жақсылықтың, әсемдіктің ұйытқысы болғаны абзал.
Педагогикалық-психологиялық заңдылықтар негізіне сай етіп, оқушылардың
қабылдауына жас ерекшелігіне қарай білім мен тәрбиенің біртұтастығының іске
асырылуын оқытушы қамтамасыз етуі қажет. Музыкалық тәрбие мен білім беруде
музыка сабағында оқытудың әр түрлі тәсілдерін қолдану: сөздік (баяндау,
түсіндіру, әңгімелеу), көрнекілік (музы-калар, иллюстрациялар, диафильм,
бейнефильмдерден үзінділер), көрсету (үйретілетін әнді орындап беру, би
қимылдарын көрсету, аспаптарда ойнап беру). Кейбір тапсырмалар алдында
жағдаяттар туғызу, оқытудың белсенді тәсілдері ретінде іскерлік ойындар
жүргізу, т.б. оқытушының іс-тәрбиесі мен шүығармашылығынан туындайтын оқыту
тәсілдері, әдістері сабақ үрдістеріне оқытудың жаңа технологиясын
түрлендіре түседі. Оқытудың жаңа технологиясы оқушылар мен жеке, топ болып
жұмыс істеудің тиімді тәсілдерін түрлендіруді талап етеді.
Жалпыға білім беретін орта мектептердің Музыка бағдарламасының
мақсаттарын, міндеттерін, принциптерін бүгінгі заман талабымен байланыс-
тыра жүргізу басты назарда болуы қажет. Бүгінгі таңда, мектепте жас ұрпаққа
көркемдік білім мен тәрбие беру жүйесінде көркем әдебиет, музыка өнері,
бейнелеу өнері, ұлттық қол өнер сияқты эстетикалық мәндегі пәндер арқылы
оның ішінде, халықтық дәстүрлі өнерін игерте отырып, оқушының бойындағы
әсемдікті қабылдау, сезіну, өнер шығармаларын әсемдік заңды-лық-тарына
сәйкес бағалай білу қаблеттерін, көркемдік талғам деңгейінде қалыптастыру
қажеттігі маңызды мәселенің бірі. Сонымен бірге, қазақ халқымыздың
көркемдік-рухани мәдениетін, өнердегі салт-дәстүрін зерттеу мәселесі де
ұрпақ тәрбиесі үшін ерекше маңызға ие болып отыр. Қазіргі білім беру
мазмұнын байыту мүмкіндіктерін кеңірек пайдалану, білімге, шығарма-шылықпен
қарау, жастардың өмірінде жасампаздық ахуал тудыру, тәрбиенің барлық
құралдарымен жастардың бойында білім мен еңбекке дұрыс көзқа-расты,
дүниетанымды, адамгершілік пен шынайы қазақтың ұлттық тәрбиелік мәнін
қалыптастыруға мейлінше тиімді ықпал жасаудың жолдарын белгілеу бүгінгі
таңда кезек күттірмейтін мәселе. Қазақтың ұлттық музыкасының тәрбиелік мәні
- өмірдегі, табиғат пен өнердің әсемдікті қабылдап, бағалауға және түсінуге
қаблетті адамды пәрменді түрде қалыптастырудың нысаналы жүйесі. Қоғам
дамуының әрбір кезеңінде эстетика мен көркемөнер, әсемдік пен тоғышарлық,
трагедиялық пен комедиялық туралы өз ұғым-түсініктері қалыптасып, олар
жақсылық пен жамандық, ақиқат пен жалғандық, әділдік пен әділетсіздік
туралы ұғымдармен біте қайнасып отырғаны мәлім. Сондықтан да біз Қазақстан
Республикасы халықтарының, оның ішінде қазақ халқының мәдениетінің,
халықтық-музыкалық шығармашылығының қалып-тасу және даму тарихына азды-
көпті тоқтала кеткенді жөн көріп отырмыз. Қазақтың ұлттық музыкасының
тәрбиелік мәнінің аса маңызды құралы өнер болып табылады. Өнердің
тәрбиедегі ролі оның мәнімен, оның өзіндік атқаратын қызыметімен
анықталады. Себебі, өнер өмірдің көркем образда бере отырып, адамның оны
танып-білуіне, рухани баюына, дүниетанымының қалыптасуына септігін
тигізеді. Көркем мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде өнер тұтас алғанда
рухани мәдениеттің өзегі болып саналады.
Қазақстан мәдениеті тарихының тамырлары тереңде жатыр. Қазіргі ғылыми-
зерттеулердің нәтижелері қазақ халқының дербес және бірегей мәдениетінің
даму жолын өте дәл болмағанымен, жеткілікті дәрежеде айқын көз алдымызға
келтіруге мүмкіндік береді. Ғасырлар қойнауымен бізге келіп жеткен көркем
шығармашылық элементтерін мұқият салыстырып, зерттеу арқылы халықтың рухани
өмірінің тұтас бітім-болмысын азды-көпті жасауға болады. Оқушылармен
жүргізілетін музыкалық оқу тәрбиелік жұмысында қазақ ұлттық музыкалық
аспаптарының алатын орнын түсіндіре білу және музыкалық өнерге деген
қызығушылығын қалыптастыра отырып, солар арқылы, оқушылардың патриоттық
сана сезімін, музыкалық - эстетикалық, көркемдік талғамын қалыптастыра
білу.
Бастауыш сыныптағы музыка сабағын өткізу әдістемесін айта кетсек.
1-сыныптағы музыкалық тәрбие беру әдістемесі. Мектеп есігін алғаш ашып, 1-
сыныпқа келген балалар мектептің көп жұмбағын білуге, сан қилы ғажап
қызықты шын мәнісінде сырын ашуға үлкен ынталы болады. Ал өнер сабақтарына,
оның ішінде музыка сабағына деген олардың көңіл күйлері мүлдеерекше. 1-
сынып оқушыларының физиалогиялық, психологиялық ерекшеліктері:
- Дене организмнің ілсіздігі, нәзіктігі;
- Зейіндерінің шашыраңқы болуы;
- Мұғалімнің біріңғай сөйлеінен жалығу;
- Ұзақ отыруға құлықсыз;
- Жүйелі жұмыс істеуге үйренбеген;
- Ойынға бейімделіп тұрады.
Осы жайттарды ескеріп, балалрдың сабаққа деген қызығушылығын арттыру
үшін, белсенді қатысуға, жауапкершілікке бейімдеу үшін оқытушы-ның ойын
түрінде өткізген сабақтары балалардың қабылдауын, зейнін, есте сақтауын
жетілдіріп, тапсырманы орындауға ынтасын оятады. Жаңашыл педагог Ш.
Амоношвили ойын әдісі арқылы көп нәтижеге қол жеткізуге болатынын,
дидактикалық ойындар баланың танымдық ынта-ықыласын күшейтіп, оқудың ауыр
тапсырмаларын оңай қабылдауға ыңғайлы екендігін дәлелдеген. Ойын арқылы
жаңа тақырыпты пысықтау, қорытындылау, өткен тақырыптарды қайталау өте
тиімді нәтиже береді. Ойын деген аты ғана, ал шынында ол-сабақтың, еңбектің
жиынтығы. Ал кейбір балалар ән салуға да, музыка тыңдай білуге де
үйренбеген. Балалрдың осындай мүмкіншіліктері мен ерекшіліктерін ескере
отырып, олардың музыкалық қаблетінің бірдей болмайтынын көруге болады. 7-8
жастағы балалардың музыкалық дайынды-ғын мынадай деп жалпылауға болады:
1. Музыка тыңдауға, қабылдауға ынталы;
2. Ән, би, маршты ажыратуға талпынады;
3. Ән салу іс-әрекетіне өте ынталы, дауытары өте нәзік;
4. Тыныс алуы қысқа, дауыс көлемі қысқа;
5. Сыныпта ән салуғат өте бейімді балалар кездеседі;
6. Ән салуға интонациясы жетілмеген балалар да кездеседі;
7. Шығармашылық жұмысқа белсенді түрде араласады;
8. Би ырғақтарын ойдан да шығаруғабейім.
7-8 жастағы балаларға музыкалық тәрбие берудегі негізгі міндеттер:
- Балаларды музыкаға әуес болуға, тыңдауға дағдыландыру;
- музыканың күнделікті тіршілікпен тығыз байланысын түсіндіру
(репертуардың балалардың өз өмірінен алынуына көңіл бөлу);
- музыкалық шығарманың мазмұнын, сипатын ең қарапайым ұғымдарымен
жеткізе білу;
- жүйелі жүргізілген сабаұтың нәтижесінде жинақталған тәрбиеге сүйене
отырып, балалрдың музыкалық қаблетін дамыту;
- балалардың ән салу мәдениетін қалыптастыру топпен ән салуға үйрету;
- негізгі аспаптардың аттарын білу;
- есту, есте сақтау қаблеті, ырғақты сезу, музыка сазын сезу, қаблетін
дамыту, түсінуге талпындыру;
- музыкалық олйында рөлдерді түсініп, қимылдар жасауға бағыт беру;
- ән салғанда мәнерлі айта білуге үйрету, тыныс алуға үйрету, екпінін,
ырғағын түсінуге баулу;
- музыкалық ырғақтық қимылдар жасауға үйрету;
- музыкаа сабағын басқа сабақтармен байланыстыра білу, тәрбиелік мәніне
баса көңіл бөлу;
- аспаптық шығарма мен вокалдық шығарманы ажырата білуге үйрету;
- балалардың әрқайсысының жеке мүмкіншіліктерін ескеріп, тапсырманы
түрлендіріп беру.
Сабақ барысында оқу материалдары оқытушының сабаққа қойған мақсатын,
балалардың дайындық дәрежесіне қарай іске асырылады. Әдістеме жағынан дұрыс
ұйымдастырылған сабақ балалардың қызығушылығын артты-
Рып, зейіндерін шоғырландыру, жауапкершілікке үйретіп, музыкалық
мәдениеттерінің қалыптасуына жол ашады.
Оқытушы музыка сабағын тоқсанға жоспарлау барысында музыкалық
репертуарларды, музыкалық жұмысты жыл мезгілімен, мерекелер тақырыбымен
байланыстырып алуы тиіс. Оқушылардың өз өміріне жақын болған, түсінігіне,
қабылдауына қарай іріктелген мұндай оқу жұмыстары көп қуаныш алып келеді.

Тәжірибелік сабақ.
1. Музыка сабағына жоспар құру.
2. Әншілік дауысты дамытатын дауыс ашу жаттығуларын құрастыру.
3. Музыка таңдау (музыкалық аспапқа арналған).

КЕСТЕ № 1
МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕР

2-Сыныптарға музыкалық тәрбие.
2-сынып оқушылары музыка сабағын жалғастырады, қызығушылығы ары қарай
қалыптасады, музыкалық қаблеті дамиды.
2-сынып оқушыларына жалпы сипаттама:
- Ұнатқанын тез қаблдайды.
- Кез келген тапсырманы ойын түрінде қабылдағанды ұнатады.
- 2-сынып баласы – тәжірибелі оқушы.
- Сабаққа қойылатын талапты біледі.
- Абстрактілі ойлауға қабілетті.
- Оқи алатыны, жаза алатыны музыка тарапынан қойылатын талаптарды
орындауға жағдай жасайды.
2-сыныптағы музыкалық тәрбиенің міндеттері:
- музыкалық біліктілікті дамыту;
- музыка тыңдай білуге, ол туралы өз пікірін айта білуге үйрету;
- ән салып тұрып бір-бірін тыңдауға үйрету, өз-өзін бақылай білуі;
- әр баланың жеке ерекшеліктерін ескеретін талаптар қою.
- музыкалық ырғақтық қимылдарды музыкаға сай жасай білу;
- музыкалық аспаптардың аттарын білу;
- музыка сауатымен танысуды жалғастыру;
- музыкадағы төрт жанрмен (ән,күй,би, марш) танысу;
- әншілік қалып, музыка тыңдау ережелерін есте сақтау.
2-сынып оқушыларына сабақты өте қызықтыетіп өткізуге толық мүмкіндік
бар. Музыкадағы төрт жанр тақырыбымен таныстырудағы негізгі қойылатын талап-
балаларға әр жанрдың ерекшелігін ұғынуды, айырмашылығын түсінуді үйрету.
Оқушыларды әннің, күйдің, бидің, марштың музыкасын ажырата білуге тәрбиелеу
бароысында, оларды сабақта ізденуге, ойлануға ұйымдасты-ра білу балалардың
шығармашылық ойлау қаблетін жетілдіре түседі. Балалар топпен жұмыс жасауға
жұмылдырып, сабаққа қызығушылығын тәрбиелеу, өз ойын жинақтап жеткізе
білуге баулу, әр жанрдың орындалу ерекшелігін білу үйретіледі.
Музыкалық іс-әрекеттің барлық түрінде игерілетін материалдық балалар
өміріне жақын етіп алынуы олардың қабылдауын оңтайлы әрі зор қызығу-шылығын
туғызады. Музыка сауаты үйретуден балаларды жалықтырып алмай, барлық іс-
әрекеттің бір-бірімен тығыз байланысты қамтамасыз еткен абзал. Мысалы,
музыкалық аспаппен танысу барысында музыка тыңдату өте сәтті қиюласып
тұрады. Құрманғазының күйі Сарыарқаны балалар тыңдай-
ды, домбыра аспабының өзімен танысады, ал күй жанрының ерекшелігін
талдайды, сазгер Құрманғазы туралы мәлімет алады. Сәтті жұптасқан музыкалық
әс-әрекеттер сабақтың құндылығына көп әсер етеді.

Тәжірибелік сабақ.
1. Музыка сабағына жоспар құру.
2. Т.рлі жанрлар бойынша дауыс ашу жаттығуларын құрастыру.
3. Музыка таңдау (балалардың даусы ерекшеліктеріне арналған).

КЕСТЕ № 2 ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ МІНДЕТТЕР

3-Сынып оқушыларына жалпы сипаттама:
- дене құрылысы жағынан шымыр, ұуатты келеді, дене жағынан үнемі өсу
үстінде болғандықтан, олар үздіксіз қозғалыста болады, тынымсыздығымен
ерекшеленеді;
- зейіәндері тұрақтанған (1 мен 2 сынып оқушыларымен салыстырғанда);
- есте сақтау қаблеті жаттықан;
- 9-10 жастағы балалардың музыкалық қаблеттері, музыкалық іс-ірекетке
(ән салуға, өлең оқуға, ертегі кейіпкерлерін ойнауға, сахналық көрініске)
бейімділіктері көріне бастайды;
- өздерінің бастамаларымен, өз еріктерімен ұнаған іс-әрекеттеріне
үйренуге ынта болады;
- 3-сыныпта музыкалық тәрбие берудің жалпы міндеттері-балаларды жан-
жақты жарасымды тәрбиелеудегі музыка орнын жете сезіну, болашақ тұлғаны
тәрбиелеу. Музыкалық есту қаблетін дамыту жолдары ары қарай жүргізіледі,
музыкалық репертуар күрделене түседі. Музыкалық іс-әрекет-терді орындауда
мәнерлілік, дәлдік пайда болады. Музыка тыңдауда ұғымдары, түсініктері
тереңдейді. Қарапайым әңгімелер құрастырып айтып беруі турасында жұмыстар
жалғасады.
3-сыныптағы бағдарламалық талаптар:
Ән салу іс-әрекетінде балалардың әншілік тәжірибелік белгілі бір
тәртіпке келген. 1 дауыста топ болып ән салуда мәнерлілікке көңіл қояды,
дыбыстың таза шығуын, ән мәтінінің анық айтылуын қадағалай біледі. Әннің
орындалу үстінде өзін-өзі бақылай алады, бір-біріне сын көзбен қарай алады.
Балалардың ән салудағы мүмкіншіліктері шумақ пен қайырмадан тұратын әндерді
айтуда шағын топтарға бөліп айтқызу, жеке айтуға ерекше құлықты болатын
балалар өз беттерімен ән үйреніп жүруге дағдыланады. Ән салу іс-әрекетінің
нота сауатымен байланыстыра отырып жүргізілуі бағдарламалық талапта да
айтылған. Ө. Байділдаевтің До-ре-ми әні, Б.Жүсіпалиевтің Нота үйренеміз
атты әндерін үйрету арқылы әрі ән салады, әрі нота сауа-тымен танысады.
Атамұра баспасы шығарған бастауыш сыныптың музыка оқулығында мұндай мысал
әндер өте сәтті келтірілген.
Осы сыныптың ІҮ тоқсанында 2 дауыста бөліп айтқызу элементтері үйретіле
бастайды. Қос дауыста ән салғанда әр дауыс жеке үйретіледі, бірден игеріп
кету оңай болмайды, жаттықтыру, қайталап айтқызу тәсілдері арқылы нәтижеге
жеткге болады. Музыкалық-ырғақтық қимылдар үйренуде балалар-дың өозғалыс-
қимылдарында әсемдік, дәлдік, музыкуаға үйлесім тауып тұратын сәтті
көріністер болады. Балалар бөлініп билеуге құштарланып тұрады, қыз
балалардың қимылында нәзіктік, еркелік, наздық бояулар айқын көріне
бастайды. Ұлдардың қимылдарында дәлдік пайда болады, олар батыр-
Лардың кейіпінде, ерекше ерлік сезіміндегі билерді ұнатады. Бидің түрлерін,
халықтық билер, мысалы: Көкпар күйіне құралған ер балалар биі қыз
балаларға арналып құрылған Айгөлек биі, өзіндік кейіпкерлерді бейнелей-
тін Аұқшақарлар, Балапандар, Қояндар, Пингвиндер биі балаларға
үлкен қуаныш әкеледі. Ал классикалық би элементтерінен құралған полька
вальс, балаға арналған билерді де меңгеруге м.мкіншіліктері мол.
Музыкалық аспаптармен танысуда да мақсатты т.рде жеке сазгерлердің
өмірі мен шығңармашылығына арнап немесе аспаптың шығу тарихына байланысты
қызықты етіп әңгіме жүргізуге болады. Мысалы, ұлы күйшінің аты неге Қорқыт
деп қойылған? Қандавй аспапта күй орындалғанда жүгірген аң, ұшқан құс
тоқтай қалып тыңдағасн? Судың ағысын кері бұраған қандай аспаптың үні?
деген сұрақтарды қою арқылы балалрдың зейнін шоғырлан-
дырып, қызықтырып барып, қобыз аспабымен танытыруға болады. Ақсақ құлан
күйі жайында балалар ертегі желісін өздері де оқыған, мультфильмін де
көрген, ал оқытушы оны басқаша әсермен жеткізу ұшін күйшініңі өмірін
сақтап қалған қандай халықтық музыка аспабын білесіңдер? деп сұрақ қоюына
болады. Немесе Т.Рахымов ақынның бір шумақ өлңін оқып беру арқылы да
домбыра аспабының құдіретін сездіруге болады.
Қайран қалам бабам қазақ ісіне,
Күйсандықты көрмесе де түсінде,
Күйсандыққа сыймайтұғын күй жазған,
Оның сырын түсін, мейлің түсінбе!
Ал жетіген аспабы туралы ертегіні балаларға қарапайым, қабылдауына
жеңіл етіп, қызықтырып айтып беру арқылы аспаптармен танысу жүргізілге-ні
әсерлі шығады.
3-сынып оқушыларына музыкалық аспаппен танысу мен музыка тыңдау сәті
жұптасып кетеді. Аспап музыкалық шығармалардың ән жанры мен аспаптық
шығармалардың өміршеңдігін, табиғат құбылыстарының көріністе-рін, жан-
жануар, тіршілігін түсінуге көмектесетін құрал ретінде таныстыры-лады, яғни
музыка тыңдау әс-әрекеті түрлі тақырыптар арқылы кеңейді. Мысалы,
Құрманғазыныңі күйі Сарыарқа, Ықыластың күйі Жезкиік, Н. Тілендиев
Аққу күйлерін домбырада, қобызда орындалатын кезімен оркестрдің
орындауында салыстыра отырып ұсынылады. Музыканың класси-
калық түрлерін түсінуге талаптанып, шығарманың көңіл-күйін айтып беруге
машықтанады.

Тәжірибелік сабақ.
1. 3-сыныпқа арналған 1 музыкалық сабақтың жоспарын құру.
2. Ән салу іс-әрекетін жүргізу, ән талдау жұмыстары.
3. Фортепиано аспабымен таныстыру, сипаты әр түрлі 3 шығарма таңдау.

КЕСТЕ № 3
МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ МІНДЕТТЕР

4-сыныпта музыкалық тәрбие жұмысын 1,2,3-сыныпта жүргізілген жұ-мыстың
қорытындысы ретінде қарауға болады. Оқушылардың музыкалық қаблекттерінің
айқын нышандары байқалады. Олар өз ойларын анық жеткізе алады, пікірлерін
еркін ортаға салатын ерекшелігімен біліне бастайды. Музыкалық іс-әрекеттің
бір түріне бейімділік туады. 4-сыныпта музыкалық тәрбие берудің негізгі
мақсаты-балалардың өнердің әр саласына деген қызығушылығын әрі қарай
дамыту, жетілдіру, дұрыс бағыт беріп жетелеу.
4-сыныпта өтілетін тақырыптар мазмұны қазақ халық музыкасы, шетел
халықтары музыкасының балаларға арналған қорынан жас ерекшеліктері ескеріле
құралады. Оқытушы қазіргі мәтіні мән-мағынасыз, таяз, әуені арзан, әсерсіз
әндерден балаларды алшақ ұстауды қадағалау керек. Оқушылар түрлі халықтар
музыкасының ұқсастығы мен айырмашылығын ажыраты алатын-дай, өз ойларын
жеткізе алатындай әсерде болуы үшін күнделікті сабағын шебер құру керек.
Музыка тыңдау. Адамдар арасындағы шынайы сепзімнің символы туралы әр
халықтың музыкалық мұрасынан Аққу құүсы туралы балалрға музыка тыңдатуға
болады (Н.Тілендиевтің Аққу шығармасы).
Тәрбиелік мәні – жан тазалығына тәрбиелейді, әдемілік, сұлулықты сезіне
білу қаблеттерін дамытады. Табиғаттың тылсым тіршілігін түсінуге жол ашады.
Сазгер, орындаушы, балет, опера, сахна өнеріц туралы ұғымдары молая түседі.
Жалпы білім беретін орта мектептерге арналған дәстүрлі музыка
бағдарламасына қойылған міндеттерде халық музыкаларының тәрбиелік мәнін
түсіну қарастырылады. Музыка сан алуан халықта бар екендігі, бір-біріне
түсінікті екендігі, барлығы жеті дыбыстан жаралатынын балалар музыка
құдіретінің ғажаптығын сезінеді.
Педагог Куцанов Тәжірибеде ең бастысы-тыңдауға әдеттендіру, еркіндік,
ән салу ұуанышы сосын барып музыка сауаты деп өте орынды айтқан. Балаларды
музыка сауатымен таныстыруда барлық музыкалық іс-әрекеттің жұптасып,
бірігіп, тұтас бір тапсырма болуы үшін оқытушы бар өнерін салып, өз
міндетіне шығармашылықпен келгені абзал, сондықтан да музыка сабағы
оқытушының шығармашылығына негізделген өнер сабағы деп айтылады. Оқушылар
музыкалық шығарманы таңдап өз ойларын айта алады, ал орындаушылық деген
ұғымға өздері қалай қарайтыны олардың әнді үйренуге деген ықыластарынан
көрінеді. Әрине, ән ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Музыкалық сауат
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ МУЗЫКА ПӘНІ
Музыка сабағы - өнер сабағы
Музыканы оқытудың әдістері
Мектепке дейінгі білім беруде балаларға музыкалық шығармашылық құралдары арқылы эстетикалық тәрбие беру
Музыка мұғалімінің басты практикалық жұмыстары
Мектепке дейінгі мекемелерде балаларға музыка арқылы эстетикалық тәрбие беру
Музыкалық-эстетикалық білім беру жүйесінің құрылымы
Музыка сабағының ерекшелігі, Музыка сабағын ұйымдастыру, оның құрылымы, мазмұны, Басқа пәндерден айырмашылығы неде
Бастауыш мектепте музыка пәнін оқытудың маңызы
Пәндер