Музыка сабағы - өнер сабағы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ---------------------------- ----------------------------------- ------
-------3
І ОҚУШЫЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБЛЕТІН ДАМЫТУ
1.1. Музыка сабағы - өнер сабағы ----------------------------------- --------
-8
1.2. Ұлттық музыканың тәрбиелік мәні ----------------------------------- --
22
ІІ МУЗЫКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ЖОЛДАРЫ
2.1 Тәрбие берудің міндеттері мен мақсаттары --------------------------34
2.2. Сабақтың әдіс-тәсілдер ----------------------------------- ------------
--46
ЗЕРТТЕУ ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМІ ----------------------------------- -53
ҚОРЫТЫНДЫ ----------------------------------- ------------------------------
60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ------------------------------ 61
К І Р І С П Е
Зерттеудің көкейкестілігі:
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуына байланысты елімізде оқу-
тәрбие жүйесінің барлық саласын қайта түлету процесі жүріп жатқаны мәлім.
Қазіргі білім, ғылым мен мәдениетті жаһандандыру процесі кезінде әр ұлт өз
мемлекетінің рухани мәдени құндылықтарын сақтай отырып, әлемдік өркениетке
кіруге заңды құбылыс. Елбасы Н.Ә.Назарбаев Ұлттық кеңестиің мәжілісінде
жасаған баяндамасында (2003) Мәдени мұраларды жүйелеп, оларды қалпына
келтіру, сақтау, одан әрі дамыту иісіне кең көлемде білек түре кірісетін
кез келді. Ұлттық мәдениетімізді ұлықтап, бар мен жоғымызды ттүгендеп,
жүйелеп, келер ұрпаққа аманат ету-Мәдени мұра бағдарламасы ның басты
мақсаты болуы тиіс-деп, болашақ ұрпақты тәрбиелеуде ұлттық мәдени мұраның
мүмкіндігі мен мақсатын айқындап берген болатын. Осыған байланысты қазіргі
таңда өнер пәндерін оқытудың білімдік, өнерге деген тәрбиелік маңызы
бұрынғыдан да арта түсуде. Олар Білім туралы заң, Қазақстан
Республикасында білім беру тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасында
тарихи сана қалыптастыру тұжырымдамасы, Қазақстан Республикасы этникалық-
мәдени білім беру тұжырымдамасы сияқты мемлекеттік құжаттарда да айырықша
көңіл бөлінген.Бүгінгі тәрбиенің басты міндеті адамзат мәдениетінің сан
ғасырлар өркениеттік жетістіктері мен ұлттық рухани-мәдени байлықтарын
саралай отырып меңгерту, сөйтіп, оқушы жастарды нарықтық экономикаға
бейімделген, өмірге кемделген, жан-жақты жетілген, қаблетті, кез келген
тұтқиыл жағдайлардан жол тауып шыға алатын ынталы да іскер, табанды да
талантты отансүйгіш азамат етіп тәрбиелеу болып табылады.Ауыз әдебиеті
үлгілі мен халықтық өнер арқылы халқымыз өз ұрпағын сегіз қырлы, бір
сырлы, өнегелі, өнерлі, шынайы ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеп келеді.
Жалпы білім беру жүйесі жас ұрпақты музыка өнеріне баулып, олардың жан-
жақты мәдениетті, білімді, ақылды да сымбатты болып өсуі үшін, ең жоғары
мүмкіндіктерді қолдануды мақсат тұтады.
Бүгінде білім саласына көптеген өзгерістер, жаңалықтар енгізіліп,
авторлық бағдарламалар, әдістемелік жинақтар шығармашылық ізденіспен дамып
келеді. Музыка саласында да дәстүрлі халық музыка байлығын, Қазақстан
Сазгерлері шығармаларын насихаттау жаңа қырынан алға қойылып, жаңартылған
музыка бағдарламалары жасалуда. Осыған байланысты Қазақстан Республикасында
ұлт мәдениетіне көңіл бөлу, ұрпақ тәрбиесіне бағытталған халықтық
педагогиканы зерделеу және оның дәстүрлерін орта мектептер мен орта және
жоғары оқу орындарында пайдалануға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік
құралдар жазу ісінде шұғыл бетбұрыс басталды.Қазақстан Республикасының
тәуелсіздік алуымен байланысты қоғамымыздағы экономикалық,
саяси–тәуелсіздік мәдени өзгерістер жүзеге асуда. Қазақстан
Республикасының Білім туралы заңы қабылданып, еліміздегі барлық жалпы
орта білім беретін мектептерге арналған білім мазмұны айқындалуда.
Жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық мәдени мұра сабақтастығын
сақтай отырып оқыту, тәрбиелеу арқылы әрқайсысының жеке тұлғалық саналарын
жан – жақты дамыту жаңа мектептің басты мақсаты болып табылады.
Бұл аса маңызды педагогикалық мәселелер Ел басы Н.Ә.Назарабаевтың
Қазақстан – 2030 халыққа жолдауында, Қазақстан Республикасының Тіл
туралы, Білім беру заңдарында, Үздіксіз тәрбие, Этномәдениет
тәрбиесі, сияқты құжаттарда: Білім беру жүйесінің міндеттері: азаматтық
пен елжандылықты, өз Отаны – Қазақстан Респуликасына сүйіспеншілікке,
мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халық дәстүрлерін қастерлеуге, әлемдік
және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулау, қазақ халқы мен республика-
ның басқа халықтарының тарихын, әдетғұрпы мен дәстүрлерін зерделеу,
мемлекеттік тілді, орыс, шетел тілін меңгеру, - деп айырықша атап
көрсетіл-ген. Бұқаралық ақпарат құралдарының жас ұрпақтың тұлғалық
бейнесіне ықпал ету мүмкіндігінің артып отырған кезеңде оқушыларға рухани
– мәдени тәрбие берудің зәрулігі барған сайын айқындала түсуде. Бұл мәселе
Қазақстан Респубикасы әлеуметтік мәдени дамуының тұжырымдамасы Қазақстан
Респуб-
ликасында Гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы сияқты мемлекеттік
құжаттарда көрініс тапқан. Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп Реформа-
сының негізі бағыттарында: Әсемдік сезімін дамыту, жоғары эстетикалық
талғам, өнер шығармаларын, әсіресе зор танымдық және тәрбиелік күші
бар әдебиеттің, музыканың, бейнелеу өнерінің эстетикалық мүмкіндіктері
жақсы пайдалансын,- делінген. Мұнда өнер туындылары жас ұрпаққа
көркемдік жайында білім берумен қатар адамгершілік, эстетикалық тәрбие
беру мәселесін жетілдіруде ықпалды тәрбие құралы ретінде қаралып өнерге
ерекше көңіл бөлу талабы қойылған. Өнер шығармаларының идеясы жас
ұрпаққа заманымыз бен замандастарымыз, олардың еңбектегі табыстары ой –
арманы мінез – құлқы, адамгершілік қасиеттері туралы мәліметтер береді.
Осыларды қабылдау арқылы, эстетикалық талғамы дамиды, өмір
құбылыстарының мәнін ұғынып оған үңіле байыппен қарауды үйренеді,
адамгершілік қасиеттері мен мінезқұл-қы қалыптасады.
Білім берудің бүкіл жүйесін қайта құру жағдайында бұл маңызды
мінде-ттерді іске асыру үшін оқыту мен тәрбиенің жоғары сапасына қол
жеткізетін білімнің жаңа ұлттық үлгісін жасау және дамыту көзделіп, ұлттық
мәдениеттке, халықтық дәстүрге, олардың тарихы мен даму жолдарына қайта
оралып, өнер мен мәдениетті дамытуға барынша қолдау жасалып отыр.
Республикамыз егемендік алып жатқан жағдайда халқымыздың рухани өміріне
қазақ халқының мәдени, тарихи мұралары қайта оралып жатқаны мәлім. Ол
мұралардың қатарына халық музыкалық шығармашылығын толығымен жатқызуға
болады. Сондықтан жалпы орта білім беретін мектептердегі оқу – тәрбие
ісінің мазмұны да жеткіншектің әр жақты дамуына даңғыл жол ашатын оны
дүниежүзілік прогрестің жетістіктерімен қоса өз халқының ғысырлар бойы
тұнып тұрған рухани мөлдір бұлағынан сусындатып, адамзат мәдениетінің
биігіне жетелейтін сан – салалы әрі терең мағналы болуы шарт. Қазіргі заман
білім беру жүйесінің алдына қойған басты міндеттерінің бірі – ұлтық
музыкалық өнерді одан әрі дамыта отырып, оқушылардың ұлттық танымы мен
білім деңгейін көтеру қажет.
Егеменді еліміз, бүкіләлемдік эканомикалық мәдениет пен өнер
саласында-ғы және информациялық болашағы – жас ұрпақтың, өнер арқылы,
көркемдік білімі мен шығармашылық ой - өрісін, рухани мәдениетін сұлулық
заңдылық-тарын сәйкес дамыту, ұлттық педагогика негізінде – туған
халықтың тағы-лымдықдық салт – дәстүрлерін игерте отырып, ізгілікке,
әдептілікке, туған ел мен жер тарихына, мәдениетіне деген өркениеттік
көзқарасын тәрбиелеу, балабақшадан бастап, білім мен тәрбие беретін
педагогикалық мекемелердің алдындағы кезек күттірмейтін өзекті мәселелер.
Халыққа білім беру жүйесіне ұлттық мәдениетті енгізуге әлеуметтік
қажеттілік туып отырғаны айқын. Сонымен бірге педагогикалық ғылым шеше
қоймаған қайшылықтарда бар. Атап айтқанда: қазақ халық музыкалық
шығармашылығының педагогикалық мүмкіндіктері мен оны мектеп жасына
дейінгі мекемелерде пайдаланудың қазіргі деңгейі арасындағы; қазақ халық
музыкалық шығармашылығын пайда-лана отырып балаларға музыкалық –
эстетикалық тәрбие беру үрдісін ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамассыз ету
қажеттілігі мен ондай жағдай-дың тәжірибеде жасалмай отырғандылығы
арасындағы қайшылықтар. Ұлттық сананы көтермей, жетілдірмей тұрып,
ұлтымыздың рухын көтеру мүмкін емес. Ол үшін жас ұрпақтың ана тіліне,
туған елінің рухыни мәдениетіне, өнеріне, бүкіл данышпандығын бойына
жинақтаған ұлтымыз-дың эстетикалық, этика-лық дәстүрлеріне деген ұлттық
санадағы сапалы қатынасын тәрбиелеуіміз жөн. Халықтық дәстүрлі өнер,
бейнелеу, би, музыка т.б. өнер түрлерін арқылы көркем – эстетикалық
тәрбие жүйесін – этноэстетикалық, этнопедагогикалық тәрбие негіздерімен
ұштастыра жүзеге асыру, жас ұрпақты ұлттық мәнде тәрбиелеудің өзекті
мәселелерін шешуге зор ықпал жасайды. Әр халықтың эстетикалық
дүниетанымы, көркемдік мәдениеті өзіне тән өнер туындылары-мен
ерекшеленетіні өмір шындығы. Ұрпақ тәрбиесінде, туған халқымыздың
ұлттық өнерін, оның нәзік те көркем сырын ұғындыру, мектеп оқушысының
әсемдікті түйсіне білуге баулу құралы екені сөзсіз. Сондықтан,
мектепте қазақтың ұлттық музыкалық өнеріне деген қызығушылықты
қалыптастыруда музыка жанрларының сан – алуан түрлері жайында қарапайым
түсініктер беру көзделеді. Тікелей қазақтың ұлттық музыка мәдениетінің әр
түрлі салалары арқылы оқушыларға музыкалық–эстетикалық тәрбие беру
проблемасын да бірқатар ғалымдар зерттеген. Қазақ халық музыкасы арқылы
бастауыш сынып оқушыларына музыкалық – эстетикалық тәрбие беру
Қышқашбаев Т.Ә, бастауыш сынып оқушыларының халық аспаптық музыкасына
қызығушы-лығын қалыптастыру өз еңбектерінде қарастырған.
Сонымен бүгінгі күннің кезек күттірмейтін көкейкесті
мәселелерінің бірі ретінде баланы музыкалық өнердегі, ерекшелікті сезіне
білуге баулып, оның музыка шеберлерінің шығарған әсем де сырлы
ән–күйлеріне үңіліп, сол өнерге деген қызығушылығын, талғамын талғамын
қалыптастыру міндеті қойылып отыр. Демек, жас жеткіншектердің қазақ
халқының ұлттық музыкалық өнерге деген сүйіспеншілігін, қызығушылығын
қалыптастыру мәселесі арнайы зерт-теуді талап ететіні ақиқат. Сол себептен
жоғарыда айтылғанның негізінде оқушыларға музыкалық тәрбие беруде бұл
мәселені шешуге жағдай жасау керек екендігін дәлелдейді. Осы аталған
қажеттіліктердің шешімін табу біздің зерттеу проблемамызды анықтап, диплом
жұмысының тақырыбын: Музыка сабағының тәрбиелік мәні деп таңдауымызға
себеп болды.
Зерттеу мақсаты: Мектепте музыка сабағының тәрбиелік мәні қызығу-
шылығын қалыптастырудың ерекшеліктерін анықтау.
Зерттеу обьектісі: Музыкалық оқу–тәрбиелік жұмыстары арқылы, оқу-
шылардың музыкалық өнерге деген қызығушылығын қалыптастыру.
Зерттеу пәні: Музыкалық оқу–тәрбие жұмыстары арқылы, оқушылардың
қазақ ұлттық музыкалық өнерге деген қызығушылығын қалыптастыру.
Зерттеу ғылыми болжамы: Оқушылармен жүргізілетін музыкалық оқу
тәрбиелік жұмыстарындағы оқушылдардың музыкалық өнерге деген қызығу-
шылығын қалыптастыра отырып, солар арқылы, оқушылардың патриоттық са-на
сезімін, музыкалық көркемдік талғамын қалыптастыра аламыз.
Зерттеудің міндеттері: Оқушылармен жүгізілетін музыкалық оқу тәрбие
жұмыстарындағы оқушылардың музыкалық өнерге деген қызығушылығын
қалыптастырудың негіздерін анықтау:
- музыка сабағы және сыныптан тыс жүргізілетін музыкалық тәрбие
жұмыстарындағы оқушылардың музыкалық өнерге деген қызығушы--лығын
қалыптастырудың маңызды рөлін анықтау:
- оқушылармен жүргізілетін музыкалық оқу – тәрбие жұмыстарындағы
оқушылардың музыкалық өнерге деген қызығушылығын қалыптасты-
руда музыкалық іс – шаралардың үлгі жоспарын дайындау:
Зерттеудің мазмұны мен міндеттері:
- Жалпы орта білім беретін мектептегі музыка сабағында қазақ халқының
ұлттық музыкасын жан - жақты аша түсіндіре білу;
- Мектептегі музыкалық оқу тәрбие жұмыстарындағы қазақ халқының ұлттық
музыкасының ғылыми - теориялық маңызын, олардың атқаратын мін-деттерін
анықтау;
Зерттеудің әдіснамалық - теорилық негіздері
- Оқушылармен жүргізілетін музыкалық-эстетикалық оқу-тәрбие жұмыстар-
дағы қазақтың ұлттық музыкасының ғылыми-педагогикалық тұрғыда негізделіп
халықтық музыка сабағына пайдаланудың әдістемелік-теориялық негіздері
қарастырылады;
- Музыкалы-эстетикалық оқу-тәрбие үрдісіндегі қазақтың ұлттық музыкасы
арқылы музыка пәнінің мүмкіндіктері мен көрсеткіштері, деңгейлері анықтала-
ды;
- Оқушылармен жүргізілетін музыкалық - эстетикалық оқу-тәрбие жұмыс-
тарындағы ұлттық музыканы қолдану іс-шаралары жасалады, тәрбиелік
эксперимент барысында нәтижелері анықталады;
Зерттеудің базасы: Зерттеудің базасы Қапшағай қаласы, № ? орта
мектебінде тәжірибелік ғылыми-практикалық есебінде өтілді.
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселесі бойынша ғылыми-педагогикалық, психо-
логиялық, музыкалық, мектеп пәндік оқулықтарға, әдебиеттерден іздену,
мектеп оқу үрдісін бақылау, әңгіме, сауалдамалар, музыкалық-тәрбиелік іс-
шаралар жүргізу, эксперименттік нәтижесін бақылау.
Зерттеудің тәжірибелік мәні:
Зерттеу нәтижелерін мектептегі музыка пәнін оқытуда, мектептен, сыныптан
тыс музыкалық тәрбиелік іс – шараларға, жоғарғы және орта оқу орындарында-
ғы Музыкалық білім мамандығында дәріс алып жатқан білімгерлермен
жүргізілетін жұмыстарға пайдалануға болады:
Дипломдық жұмыстың құрылымы:
Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім екі тараудан, тұжырымдардан,
эксперимент нәтижелерінен, қортындыдан және қолданылған әдебиеттер тізі-
мінен тұрады.
Кіріспе бөлімінде: зерттеу жұмыстарының көкейкестілігі, мақсаты, обьек-
тісі, пәні, болжамы, міндеттері, әдіснамалық-теориялық негіздері, басзасы,
әдітері, ғылыми практикалық маңызы, диплом жұмысының құрылымы қамты-лады.
Бірінші тарауда: Музыкалық тәрбие жүйесіндегі өнерге деген қызығушы-
лықты қалыптастыру негіздері көрсетіледі.
Екінші бөлімі: Оқушылардың қызығушылығын музыкалық өнер негізінде
педагогикалық тәжірибе кезінде қалыптастыруы қарастырылады.
Қорытынды: Жұмыстың зерттеу нәтижелері негізделген тұжырымдамалар мен
ұсыныстар берілді.
І ОҚУШЫЛАРДЫҢ МУЗЫКАЛЫҚ ҚАБЛЕТІН ДАМЫТУ
1.1 Музыка сабағы - өнер сабағы.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болғалы бері
экономикалық, әлеуметтік, рухани - мәдениеттік және т.б. үлкен
жаңаруларды жүзеге асыру-
да. Ел басы, Н.Ә.Назарбаев құндылықтар жүйесінің қоғам үшін маңыздылығы
жайлы зиялы қауыммен кездесуде: Қандай қиын – қыстау жағдайда да адам-дар
үшін өзекті болып қала беретін даусыз құндылықтар әрдайым болған және бола
береді. Қоғамның адамгершілік деңгейін анықтайтын рухани байлық пен
мәдениет осылардың қатарына жатады. Мүмкін осы қиындыққа толы қым – қуат
жылдарды өзіміздің басты құндылықтарымызды сақтап қала білгендігі-міз
біздің басты жетістігіміз болар - деген. Әр халықтың эстетикалық дүние
танымы, көркемдік мәдениеті өзіне тән өнер туындыларымен ерекшеленетіні
өмір шындығы.Ұрпақ тәрбиесінде, туған халқымыздың ұлтттық өнерін, оның
нәзік те көркем сырын ұғындыру мектепке дейінгі тәрбиеде баланың әсемдікті
түйсіне білуге баулу құралы екені сөзсіз. Сондықтан, мектепте өнерге деген
қызығушылықты қалыптастыруда халық өнері мен мәдениетінің саналуан
түрлері жайында қарапайым түсініктер беру көзделеді. Бүгінгі оқушы –
ертеңгі біздің болашағымыз Қазақстанның келешегі жеткіншектерінің
қолында екені бәрімізге мәлім. Олай болса, ХХІ ғасыр жас
жеткіншектердің жан – жақты терең білімді, интелектуалды деңгейі
жоғары болуын талап етеді. Қазақстан Республикасының Білім туралы
Заңының 8 - бабында былай делінген. Білім беру бағдарламасын меңгеру
үшін жағдайлар жасау, жеке адамның шығарма-шылық рухани мүмкіндіктерін
дамыту; жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы ителлектісін
байыту. Сондықтан да бүгінгі күні әрбір оқушыны жеке тұлға ретінде жан –
жақты дамыған, білімді азамат етіп тәрбиелеу - біздің парызымыз. Олай болса
музыка саласында халқымыздың өскенініе терең үңіліп, сол өнер
қазынамызды оқушыларға белгілі бір жүйелі бағатта теория-лық және іс
тәжірибеде қолдана білсе, сонда біз жас жеткіншектердің рухани байлы-
ғын шығармашылық бағытта тәрбиелей алуымыз мүмкін. Бүгінгі таңда, мектепте
жас ұрпаққа көркемдік білім мен тәрбие беру жүйесінде көркем әдебиет,
музыка өнері, бейнелеу өнері, ұлттық қолөнер сияқты эстетикалық
мәндегі пәндер арқылы оның ішінде, халықтық дәстүрлі өнерін игерте отырып,
оқушының бойындағы әсемдікті қабылдау, сезіну, өнер шығармаларын әсемдік
заңдылықтарына сәйкес бағалай білу қаблеттерін, көркемдік талғам деңгейінде
қалыптастыру қажеттігі маңызды мәселенің бірі. Сонымен бірге, қазақ халқы-
мызды көркемдік мәдениетін, өнердегі салт - дәстүрін зерттеу мәселесі де
ұрпақ тәрбиесі үшін ерекше маңызға ие болып отыр. Қазіргі білім беру
мазмұнын байыту мүмкіндіктерін кеңірек пайдалану, білімге, шығарма-шылықпен
қарау, жастардың өмірінде жасампаздық ахуал тудыру, тәрбиенің барлық
құралдармен жастардың бойында білім мен еңбекке дұрыс көзқарасты,
дүниетанымды, адамгершілік пен шынайы эстетикалық мәдениетті қалыптас-
тыруға мейлінше тиімді ықпал жасаудың жолдарын белгілеу - бүгінгі таңда
кезек күттірмейтін мәселе. [1]
Әл - Фараби өзінің Музыка туралы үлкен трактатында музыка ғылымы-
ның мәселелерін зерттейді (музыкалық дыбыстардың құрылысынан музыка-мен
поэзияның байланысына дейін). Музыканың жақсы жақтары мен оның тәрбиелік
мәнін жан – жақты ашып көрсетеді. Музыканың әр түрлі жанрын жетілдіруде
пайда болатын адам дарындылығының дәрежелерін талдайды. Әлеуметтік өмірдің
шындығына тән кереметтілік тұрмыстық құбылыстардың шындығын көрсете
білуде екенін дәлелдейді. Ы.Алтынсарин қазақ музыкасын өте жоғары
қастерлеген, ол әсіресе, жас буын жеткіншектерге музыкалық тәрбие беруге
зор көңіл аударған. Ол бірінші рет музыкалық сауат жоқ кезде ән сабағын
мекткепте міндетті пән ретінде енгізген. Ы.Алтынсаринның ұстаздық
тәжірибесінде көрініс тапқан жас жеткіншектерге музыкалық тәрбие беру
идеясы балалар мен жас өспірімдердің рухани өсуіне көп себептігін тигізді.
Сондайақ ірі ғалым-педагог Н.К.Крупская: Балаға музыка арқылы өзінің
ойлары мен сезімдерін тереңірек түсінуіне, айқынырақ ойлап, тереңірек
сезінуіне көмектесу қажет..., - деп сипаттаған болатын.
В.А.Сухомлинскийдің: Егер сәби шақта музыкалық шығарманың әсемдігін
жүрекке жеткізе білсек, егер дыбыстардан бала адам сезімінің санқырлы реңін
сезіне білсе, ол мәдениеттің ешқандай құралдармен жетуге болмайтын сатысына
көтеріледі... Музыкалық тәрбие бұл музыкантты тәрбиелеу емес, ең алдымен
адамды тәр-биелеу - деуінде үлкен шындық жатқанын көреміз. Жоғарыда
аталған ғалым – педагогтардың айтып өткендерін талдай келе шыққан
нәтиже–музыкалық тәрбиені жанұядан кейін мектепке дейінгі мекемелерден
бастап қалыптасты-рып, бала мектепке келместен бұрын алғашқы музыкалық
тәрбиені бала бақшаларынан музыка сабақтарынан алып, оларды музыка
әлеміне терең бойлатып, түсініп қабылдауына, талғамдары артып, эмоциялық
сезімдерін қалыптастырып, жан – жақты білімді, мәдениетті болып өсуіне
зор ықпал ете-
тін музыка сабағының орны ерекше. [2]
Музыка сабағының мұғалімі – шығармашылық фантазиясы мол, арнайы бір
аспапты еркін меңгере алатын, музыкалық сауатты, жан – жақты ғылым- білім-
нен хабардар, ой-өрісі кең маман болғанда ғана жас жеткіншектерге жүйелі
музыкалық білім бере алады. Музыкалық тәрбие мен білім беруде музыка
сабағында оқытудың әр түрлі тәсілдерін қолдану; сөздік (баяндау, түсіндіру,
әңгімелеу), көрнектілік (музыкалар иллюстрациялар, диафильм, бейнефильм-
дерден үзінділер) көрсету (үйретілетін әнді орындап беру, би қимылдарын
көрсету, аспаптарда ойнап беру). Кейбір тапсырмалар алдында жағдаяттар
туғызу, оқытудың белсенді тәсілдері іскерлік ойындар жүргізу т.б. оқытушы-
ның іс–тәрбиесі мен шығармашылығынан туындайтын оқыту тәсілдері, әдістері
сабақ үрдістері-не оқытудың жаңа технологиясын түрлендіре түседі. Оқытудың
жаңа технологиясы оқушылармен жеке, топ болып жұмыс істеудің тиімді
тәсілдерін түрлендіруді талап етеді. Жалпыға білім беретін орта мектептің
Музыка бағдарламасының мақсаттарын, міндеттерін, принциптерін бүгінгі
заман талабымен байланыстыра жүргізу басты мәселе болуы керек.
1 - сыныпқа келген балалар мектеп өмірінің сан қилы қызығын шын мәні-
сінде ұғуға, аса зор ықыласпен танып білуге келеді. Ал музыка сабағына
олардың көңіл – күйлері мүлде ерекше.
1 – сынып оқушыларына жалпы мінездеме.
а) дене организмінің әлсіздігі, нәзіктігі, тез шаршағыштығы, мұғалімнің
бірыңғай сөйлеуі, сабақтың шаблон түрінде өтуінен жалығу;
ә) зейіндері шашыраңқы, тапсырманы түрлендіріп қызықтырып отырғанда
ғана белсенді кіріседі.
б) ойынға бейімделіп тұрады, сондықтан қандай да бір оқу материалын ойын
түрінде, ойын формасында өткізілуі арқылы олардың қабылдауын,
зейінін, есте сақтауын, шығармашылық бастамаларын дамытуға болады.
7,8 жастағы балалардың музыкалық қаблет деңгейі бірдей емес, кейбір
балалар музыканы зейін қойып тыңдай алады, әр түрлі әндерді мәнерлеп, таза
айта алады. Кейбір балалар музыкалық сауаттан хабары жоқ. Сондықан да,
балалардың осы мүмкіншілік пен ерекшеліктерін ескере отырып,
олардың музыкалық қабілеті бірдей болмайтынын көруге болады. Осы жастағы
балалар-дың музыка денгейін мынадай деп келтіруге болады:
Біріншіден, музыка тыңдауды қабылдағанда балалардың мүмкіншілігі
едәуір кең, музыкадағы негізгі жанрды – марш, би, әнді ажырата алады,
сипаттамасын түсінеді. Дегенмен, олардың зейні шашыраңқы болғандықтан,
тыңдауға ұсынылатын музыкалық шығарманың мағнасын, мазмұны жарқын образды
болуын қатаң қадағалап, балалардың түсінігіне, қабылдауына ыңғайлы етіп
алған жөн. Көрнекі құралдардың қолдану арқылы балалардың түсінігінің
мол болуын қамтамассыз етуі керек.
Екіншіден, сынып оқушылары шығармашылық бастамаларымен әр сабақта
қатысады, сондықтан олардың зор ынтасын әрі жалғастыру, дамыту әр сабақта
қарастырылып тұруы керек. Оқытушы музыка сабағындағы балалардың музыкалық
іс әрекетін, сабақтың әрбір элементін негізгі тақырыпқа сай етіп құрап,
жұптастыра білу шеберлігі сабақтың үлкен нәтиже әкелуіне себеп болады.
1-сыныптағы балаларға сабақ барысындағы оқытушының басты мақсаты:
1. Оқушылардың музыкаға әсерленуі, қызығуы, сезімге берілуіне жол
ашу. Сонымен қатар, орындаушылыққа баулу, музыкалық шығарманы тың-дауға
дағдыландыру.
2. Музыкалық шығарманың алуан түрлі болатынын білу. Мысалы әннің
көңілді, мұңды болатынын, би музыкасының жылдам қарқында, өте баяу да
болатынын білу, ажырату, марш орындалғанда адымдап салтанатты шеруге
шығатындықтарын сезіну.
3. Музыкалық шығармалардың авторлары жайлы қарапайым түсінік беру,
автордың ойын, шығарманың сипатын, әуендегі төмен, жоғары бағытты,
ырғақтың әлсіз - күшті үлестерін ажырату, соған сай қимылдар жасату. Музыка
тыңдауда вокалдық, аспаптық шығармаларды ажырата білуге үйрету.
4. Музыкалық шығармаға өзінің ойын айтып бере алу, музыкалық қаблетін
дамытуда үздіксіз жүргізілетін жұмыстар арқылы шығарманың орындаушы-лық,
көркемдік, бейнелеуші сәттеріне қарапайым түсінік беру.
5. Ән салу іс-әрекетіне еркін дауыспен тыныс алуды көрсетілген
уақытта, сөздерін анық айтуға, әнді көпшілікпен бірге бастап, бірге
аяқтауға, ән ырға-ғын бұзбай айтуға үйрету.
6. Музыкалық аспаптардың негізгі түрлерінің аттарын білуге,
дыбсталу тәсілдерін атай білу, (домбыра, қобыз, фортепиано, скрипка,
баян) т.б.
7. Музыкалық ойын, ертегілерде кейіпкерлердің образына ену. Қоян болып
жеңіл секіреді, түлкі образында ерекше сақтықпен, қулықпен бұлаң қағу,
аюдың қорбаңдаған жүрісін музыкаға сай келтіруге талпыну. Балалар билері-
нің негізгі қимылдарын келістіре алу, би қимылдарының музыкамен сай болуын
қамтамассыз ету. Адам данышпандығымен жасаған бай мұраның ұйтқысы - ұстаз.
Жаңашыл педагог Амонашвили Мұғалімнің жылы ықыласын, жүрегінен шыққан
сөзін ешқандай техника, компьютер алмастыра алмайды деген. Сазды
музыка ойналып тұр. Ұстаз домбыра ұстап, Абайдың өлеңінен үзінді оқиды.
Туғанда дүние есігін ашады өлең...
Өлеңмен жер қойнына кірер денең
Дүниедегі қызықтың бәрі өлеңмен...
Ойлансаңшы бос қақпай елең–селең.
Жер бетіндегі тіршілік еткен барлық адамдардың жүрегін ортақтандыра-
тын, әсемдік әлеміне жетелейтін бір күш бар. Ол құдіретті күш – музыкалық
дыбыстар. Дүниенің жеті кереметі де осы.
1. До -домбыра, дала, дархан дүние. Дархан даламыздың, дана абыздары
өз армандарын домбыра - шежіреде ұрпақтарына мол мұра етіп қалдырған.
2. Ре-руханият, рахым, рахат. Күлтегін ескерткіші, Түркістандағы Қожа
Ахмет Яссауи мовзолейі, Отырардағы ең үлкен кітапхана халқымыздың рухани
өмірінің тереңдігін көрсетіп тұр.
3. Ми-мирас, мекен, мұрат, мерзім. Халқымыз жерді анасындай қастерлеп
баласындай аялаған. Құрсағында құты бар Жер – Анадай тіршілік етеміз.
4. Фа-Әл–Фараби адамгершілік гуманистік тәрбиенің негізін салушы,
ғылымның барлық саласында еңбек еткен ғұлама. Жеті дыбыстың үндесу
заңдылықтарын жазып қалдырған. Ұрпақ тәрбиесі туралы Адам баласына
алдымен тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамның өзіне
апат алып келеді деген.
5. Соль - сан, сапа, саты, сана, салт, салауат, саңлақ. Өмір өлшеуші
уақыт бір орында тұрмайды. Әр дәуірдің өз міндеттері бар. Салауатты өмір
салтын ұстанып, алдыңа биік мақсат қой! Халқымды 2030 бағдарламасынан
ұстан-ған салтынан таны!
6. Ля - ләззат, үйлесім, жарасым. Сұлулық сезімдерін бағдарлау, сұлулық
сырларын түсіну, сыршыл болуға үйрену.
7. Си - сабақтастық, салтанат, сарбаз. Асанқайғы аңсаған жерұйығы–
тәуел-сіздік салтанатын қуған қазақ елінің төрінде ғасыр саңылақтары.
Қандай ғылым болмасын оның теориялық негізі болады. Ал музыканың
теориялық негізіне келетін болсақ, бұл бірнеше саладан қалыптасқан
теориялық негізі бар өнер ғылымы. Музыканың Сольфеджио Музыка
шығармашылығын талдау және музыканың элементарлық теориясы яғни
әліппесі құрайды. Бұлар өзара күрделі жеке дара пәндер. [3]
Жалпы алғанда музыка сабағының басқа пәндерден айырмашылығы - бұл
сабақтың өнер сабағы болғандықтан. Бұл сабақта баланың сезімі мен ақыл
ойы. Музыка сабағы барлық өнерлерді: әншілік, би өнерін, күй өнерін
т.б. өнерлерді қамтиды. Бұл сабақ коллективтік сабақ. Қазақ халқының
музыкасы ауыз екі поэзиялық творчествосымен тығыз байланысты: Ән - жырлар,
дастан-дар, музыкалық аспаптар сүйемелдеуімен орындалады. Аспаптардың
барлық түрі алып жүруге ыңғайлы, құрылысы қарапайым. Қазақ халқына жеке
дауыспен немесе қосылып ән - терме айту, домбыра аспабында күй ойнау
тән. Қазақ халқының ауыз -екі поэзиялық шығармашылығы музыкасыз болма-ған,
ал музыка сөзсіз және қимыл әрекетсіз болмаған. Халық сан ғасырлар бойы
жеткіншек жас ұрпақтарға эстетикалық тәрбие берудің нақты формаларын, әдіс-
тәсілдерімен құралдарын қалыптастырып отырған. Бұл эстетикалық тәр-бие
балаларға қайырымдылық, ілтипат қатынасын жасау, балалардың адамгер-шілікке
деген сезіміне ояту, моралдық жағынан өзіне деген сенімін нығайту,
жауаптыда қызықты істерге тартады. Балаларды шебер сөйлеуге тәрбиелеу,
музыкалық аспаптарда ойнау, ән-күй сайысына қатыса білуге үйрету, музыка-
лық және эстетикалық тәрбиенің негізгі бөлігі деуге болады.
Мысалы: айтыс, той жырлары, жар - жар, сыңсу, қоштасу, жоқтау,
көңіл айту т.б. табан астында суырып айта білу қаблетін қажет етеді.
Дәстүрлі айтыстар тойбастар, бет ашар, ойын - сауық, той–думандардағы
қыз жігіт-
тердің ән-күй айтысы, батырлар жыры, лирикалық тұрмыстық дастандар, тұрмыс
- салт жырлары, аңыз ертегіліері тағы басқа халықтың осынау бір баға
жетпес мұралары. [4]
Балаларға музыкалы эстетикалық тәрбие беру үшін, таптырмайтын
аса бір ізденіс. Музыкалы эстетикалық тәрбие баланың музыкалық
мәдениетін, музыкаға деген ынта қаблетін, нысанасын және жүйесін дамыту,
баланың бойындағы музыкаға деген тербелісін дамыту, жалпы өнерді сүйе
білу. Мектептегі музыкалық тәрбиенің негізі, баланың музыкалық
мәдениетімен жан дүниесін өсірудің негізі болып келеді. Музыкалық
мәдениетке не жатады?
а) Адамның адамгершілік сезімі, жан - жағындағы дүниеге көз қарасы,
эстетикалық сезімі, музыканы қабылдай білуі.
б) Баланың музыкалық әрекеттеріндегі шығармашылық үлеске жеткізетін-
дігі.
в) Музыкалық өнерді үйренуде, соның ішінде аспаптық орындаушылық
өнерін игеру.
Қазіргі кезде мектепте музыка сабағының өтілімі тематикалық тақырып-
пен ерекшелінеді. Мектептегі музыкалық тәрбиенің негізгі бір мақсаты,
балалардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру. Адамзат баласының өнерге
деген жан дүниесін байыту. Техникалық прогрестің арқасында музыка тыңдаудың
мүм-
кіндігін арттыру. Баланы музыканы қабылдау тек музыканы тыңдау кезінде
қалыптаспайды, ол одан бастап музыкалық әрекеттерде: ән айту, балалардың
музыкалық аспаптарында ойнау, музыкалық сауаттылықты ашу, музыкалық
ритмикалық қимылдарды жасау, музыкалық ойындар ойнау таға басқа жұмыс
үстінде балалардың шығармашылығын дамыту. Музыканың балаға әсер етуі де
жоғары тұрады. Сондықтан баланың психологиясына да физиологиясына да әсер
етеді. Музыкалық сабақ эмоцианалды әсер ете отырып музыкаға деген
қызығушылықты да арттырады. Музыка сабағының көркемділігі мен техника-лық
жағы бірдей болуы керек. Мектепте музыка сабағы колективтік сабақ. Мысалы:
ән, хор айту кезінде бүкіл сынып бір аспапта ойнағандай бірге орындалуы
керек, немесе оркестр үйірмесі де осындай болуы керек.
Музыка сабағының мұндай ерекшеліктері, музыкалық әрекеттердің түрле-
ріне байланысты. Музыкалық әрекеттердің түрлеріне мыналар жатады:
1. Ән, хор айту, оркестр үйірмесі немесе домбыра үйірме тәрбиесі
және оның әдістемелері.
2. Элементарлық сауат жұмысы немесе музыкалық сауат.
3. Музыканы тыңдай білу, музыка әдебиетіндегі сазгерлердің шығармала-
рымен таныса білу.
4. Музыкалық ырғақ қимылдарын жасау әдістемесі.
5. Балалардың музыкалық аспаптарында ойнай білу әдістемесі. Осы
әдісте-
Мелік әрекеттердің өзіне тән тәрбиелік мәні зор. Әсіресе музыкалық
әдістеме-
лік әрекеттің ішіндегі негізгі орын алатыны ән, хор айту және домбыра
үйірме жұмысы. [5]
Балалар ән хор айту немесе домбыра үйірме кезінде осы аталып өткен
музыка сабағының барлық әрекеттерін шолып шығады, яғни бұл әрекеттер бір
– бірімен байланысты. Сондықтан музыка сабағының жоспары да бір-бірімен
байланыстыра жүргізіліп отыруы тиіс. Ән - күй өнер сабағының жоспарында
әуен, ән айту және де үйрену кезінде жеке ән айту мен бірігіп айту
дағдылары меңгеріледі. Бағдарлама бойынша енгізілген тақырып,
балалардың музыкалық қабылдау ерекшеліктеріне байланысты, жеңіл тақырыптан
біртіндеп күрделі тақырыпқа ауысып отыруы тиіс. Күйдің негізгі әуендерін
тыңдап, үйрене отырып оған жаңылтпаш, мақал мәтелдер, тақпақтар сөздерін
қоюдың тәрбие-лік мәні зор. Әуен сазын сөздерін қосып айту, әуен мен сөздің
байланысын қалыптастырады, жеке буындарын, дауыстарын, дауыссыз дыбыстарды
анық – анық айтуға, сөйлеу дикциясының қалыптасуына, тыныс алу
дағдыларының жетілдіруіне көмектеседі. Ән мен күй әуендерін үйретуде
балалардың музыка-лық аспаптарда сүйемелдеуге үйретудің мәні зор. Өйткені
бұл кезде балалар-дың аспапатармен қосылып ән - айта білуі, ырғағын
сезінуі, ұзақ есте сақталуы арта түседі. Бұған қоса артикуляция
мүшелерінің қызметін дұрыс меңгеруі, әннің негізгі мазмұнын білдіретін
сөздерді анық айтуға үйрету қажет. Оқытушы балалардың психологиялық және
физиялогиялық ерекшіліктерін, музыкалық қабылдау мүмкіндігін жете білгені
дұрыс. Сонымен қатар, үйретілген әннің ырғағын айыра білу үшін, түрлі
ұрмалы аспаптарды пайдалануға болады.
Мазмұнын жете түсіндіру, есту қабілетін дамытады. Сабақта
айтылатын әндерді оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай, дауыс
диапазондарын қоюға болады. Бұл оқытушының шеберлігіне, біліміне,
ізденісіне байланысты. Музыка сабақтарынан бірнеше мысалдарға үңіліп
көрелік.
Мысалы: Санамақ. Бұл халықтық балаларға арналған ойын өлеңдерінің
бірі. Мазмұнын қысқаша түсіндіру, көңілді, ойнақы сипатына көңіл бөлу,
әнде-
рі орындау барысында балалар өздерінің саусақтарын санау арқылы көркемдік
мәнін бейнелейді. Немесе М.Ыбыраев Он саусақ әнінен үйреткенде. Бұл
әннің ерекше ырғақтық суретіне ерекше көңіл бөлінеді.
Оқытушының көрсетуі бойынша соқпалы аспаптардың (Сылдырмақ, Аса таяқ
т.б.) аспаптардың көмегімен немесе алақан соғу арқылы орындау. Ол үшін
балалар үш топқа бөлінеді. Бірінші топ он алтылық, екінші топ сегіздік,
үшінші топ ширектік, осы топтар ұзақтықтардлы соғып жаттығады және әр топқа
берілген тапсырма ауыстырылып отырады. Ән салғанда олардың сөздерін анық
айтуына назар аударылады. Дегенмен оқытушының міндеті музыкалық
шығармалардың мазмұнын балаларға эстетикалық тұрғыда беру. Сабақ қызық-ты
тартымды өтуі үшін оқытушы берілген шығарманы оқушыға әндетіп айтқы-
зып жұмбақ, жаңылтпаш мақал-мәтелдерге келтіріп айтқызып, оларды салыстыра
отырып, музыканы оқушының жүрегіне жеткізе білу керек. Мыса-лы: домбыра,
қобыз, сырнай, сыбызғы, дауылпаз т.б. аспаптарды оқытушы балаларға
көрсетіп, таныстырып ойнап көрсете білу керек. Сонымен қатар өткен
сабақтағы музыкалық шығармаларды қайталап пысықтағанда, балалар-дың
тапсырманы меңгеру деңгейі, есте сақтау дағдысы, белсенділігі, шапшаң-
дылығы байқалады. Оқушыларды тез қағып ойнауға, ойынды жүйелі түрде дәл
жеткізе білуге үйретіп жаттықтыру керек. Музыка сабағындағы мұндай іс
әрекеттер, музыканы тыңдай білу, музыкалық жанрларды ажырата білуге
қалыптастыру. [6]
Міне, осындай бағдарламаларды орындау процесінде музыкамен
берілетін сезімдер, көңіл - күйлер, алуан түрлі болып оларда өмір
құбылыстарына әсерін тигізеді. Сонымен қатар оқушылардың бойына музыкалық
сана дамиды. Музыка өнері арқылы мектеп оқушысының рухани дүниетанымы
қалыптаса-тыны, жоғары дәрежедегі музыка үлгілері баланың қайырымдылық
сезімін тудыратыны, эстетикалық эмоциясының дұрыс қалыптасып дамуы
музыкамен тәрбиелеудегі анық бағыт-бағдар болатындығы, ол тәрбиенің музыка
сабағында іске асырылуы, педагогикалық кешенді жүйелі үрдіс болып табылады.
Музыка арқылы оқушының оны сүюге, түсінуге, әрқашан музыкамен қарым
қатынаста болу шін мына педагогикалық қағидаларды сақтау қажеттілік болып
табылады:
-Пән сабағында, сыныптан тыс мектептік тәрбиелік іс-шараларда оқушы-ның
үнемі музыкамен байланысын үздіксіз қалыптастыру;
-Оқушының музыкаға деген эмоцианалдық ықыласының дамуына кеңінен бағыт-
бағдар беру;
-Музыка өнерінің интонациялық табиғатын түсіне білуге, оның мәнін ұға
білуге тәрбиелеу;
-Мақсатты түрде халық және классикалық музыка үлгілері арқылы оқушы-ның
музыкалық тыңдау қорының дұрыс қалыптасуына шығармашылық көзқа-
растың пайда болуына ықпал жасау;
-Оқушыларды қазіргі заман жаңа музыкасының әртүрлі бағытта дамыған озық
үлгілерімен таныстырып отыру;
-Сабақ кезеңінде үйренген білімдері мен дағдыларын, музыкалық іс-
әрекеттерде байланыстырып кеңінен көрсете білу машығын қалыптастыру;
-Әртүрлі музыкалық іс-әрекеттерде жинаған көркемдік шығармашылық
білімнің қалыптасуына мүмкіндік жасау;
-Әр өткізілетін музыка сабағында оқушының шығармашылық көңіл күйін
музыка өнерінің мәнін және мазмұнын түсініп қабылдауда өзінің ерекше орнын
сезіне білуге тәрбиелеу;
-Музыкалық тәрбие жұмыстарын жүргізуде, жеке тұлғаның күнделікті
өмірінің маңызды бөлігі музыка өнері екендігін ұғындыру;
Музыка пәнінің негізгі мақсаты, мектеп жасындағы оқушылардың жалпы
музыкалық мәдениетін қалыптастыру болып табылады.
Оларға:
1. Жалпы музыкалық тәжірибе, оқушының музыка өнері туралы жалпы түсінігі;
2. Жалпы музыкалық сауаттылық, музыка өнері туралы теориялық мағлұмат
түсініктер;
3. Оқушылардың музыкалық шығармашылығы, яғни оқушының жеке тұлға болып
қалыптасуына музыканың ықпалы жатады;
Музыка сабағының мектепте жүргізілетін басқа пәндік сабақтарға тән ортақ
ұқсатықтары және өнер саласына тән ерекшеліктері бар.
Олар:
-Мектептегі барлық пән сабақтары сияқты музыка сабағы, педагогикалық
психолгиялық заңдылықтарға сүйене отырып жоспарланады, яғни оқушылар-
дың жас ерекшеліктері, қабылдау мүмкіндіктері, ой-санасы т.б. ескеріледі;
-Жалпы дидактикалық принциптерге негізделіп құрылады, оқыта отырып
тәрбиелеу принциптері, мұғалім оқушыларға білім бере отырып, алған білім-
дері арқылы тәрбие жұмысын атқарады;
Мектептегі музыкалық тәрбиеде оқытудың жалпы принциптері басшы-лыққа
алынады. Мұны оқытудың барлық сатысында қолданылатын жалпы қағидалар деп
түсінуіміз қажет. Оқыту-тәрбие мен дамудың бірлігі болып табылады. Жалпы
педагогика оқытуда-даму мен тәрбиені бір-бірімен бөлмей бірге қарастырады.
Оқытудың принциптері, мазмұны, әдістері, үйыидастыру тәсілдері балаға
тәрбие беруді көздейді. Білм мен білік дағдыларын меңгерту үстінде тәрбие
беру міндетін іске асыру мұғалімнің біліміне, шеберлігіне, тәжірибесіне,
сабақтың дұрыс ұйымдастырылуына тікелей байланысты. Оқушыға әр сабақтың
үстінде белгілі бір білім көлемі меңгертіліп, сол арқылы оқушы бойында жаңа
музыкалық дағды қалыптасып, бұрынғы алған дағдылары дамытылып бекітіледі,
олардың қоршаған орта, өмір құбылыстары жөніндегі түсінігі тереңдейді, яғни
бұл музыка сабағындағы тәрбие мен оқытудың тығыз байланысының айғағы.
Оқытушы сабақта болсын, сыныптан тыс жерде болсын, тәрбиенің дұрыс жолын
тапқанда ғана оқу нәтижелі болады. Музыка сабағын жүргізуде қолданылатын
принциптерге тоқталамыз. Музыканы оқытудың тиімділік принципі. Музыка
сабағында тек бір ғана принциппен исабақ өткізу мүмкін емес. Сабақ
үрдісінде жоспарланып, белгіленген принциптерді басқа принциптермен
ауыстыра пайдалануға тура келеді. Оқушыларға тек дайын білімді,
мағлұматтарды беру ғана емес, сабақта проблемалар тудыру арқылы өтілетін
материалдарды өз бетінше меңгерту мақсаты қойылуы тиіс. Осы мақсатты жүзеге
асыруға жол ашатын басты принциптердің бірі–музыканы оқытудың тиімділік
(оптимальдық) принципі. Оптимазиция – латын сөзі – optimus – наилучший-ең
тиімді деген ұғымды білдіреді. Бұл оқытудың бірнеше принципне сүйене
отырып, бірнеше әдісті қатар пайдаланып, ең ұтымды, қойылып отырған
мақсатты тиімді шеше алатын ең оңтайлы жолын таңдап ала білуді білдіреді.
Бұл принцип азғана уақытта көп нәрсені меңгеруді көздейді. Тиімді оқыту-
оқыту үрдісін жоғары сапалы, ең озық әдістер арқылы жүргізу болып табылады.
Музыка сабағына тиімділік принципін қолдану төмендегі сатылардан тұрады.
-Жиынтықты (комплексті) нақтылық (музыканы талдап, тыңдамастан бұрын,
өтілетін тақырыпқа байланысты мақсат қою);
-Генеризация (музыканың кейбір көркемдік құралдарын жеке-жеке бөліп
алып, соған назар аударып бақылау);
-Пәнаралық байланыс (музыкада бақылағанын, басқа мәселеге бағыттау);
-Оқытудағы дифференция (жіктеу) және индивидуализация (музыканы тыңдап,
талдау барысында қаблеті төмен, музыкалық сөздік қоры шектеулі немесе ән
әуенін бұзып айтатын оқушымен жасалатын жұмыстар);
-Басқару дұрыс оқушының өзін-өзі басқару арасындағы тиімді бірлік
(оқушылардың жауабын мұғалімнің іскерлікпен дұрыс бағыттап отыруы); [7]
-Жағдайды шұғыл реттеу және өңдеу (белгілі бір мәселені қорытындылау
музыка сабағының әр бөлігінде болып отырады. Ал сабақтың соңында-жалпы
қорытындылау, материалды оқушылардың қаншалықты дәрежеде меңгергеніне көз
жеткізе отырып бағалаймыз); Сонымен сабақты жаңаша құруды, педагоги-каның,
музыканы оқытудың әдістерімен принциптерін барынша терең меңгеру көзделеді.
Білім беру мен тәрбиелеудің негізгі формасы - музыка сабағының басқа
сабақтардан ерекшелігі іс-әрекеттің әр түрлі және мол болуы. Музыка тәрбие-
леу барысында балалардан ақыл-ой белсенділігі талап етіледі, музыкалық әсер
арқылы оқушы әр түрлі сезімге беріледі, көңіл күйі өзгереді. Ән салу арқылы
ән мазмұнын өз басынан кешіргендей әсерленеді, ғажайып қиял елесі
туындайды. Музыканың шығу тарихының қызықты баяндалуы арқылы білімі
тереңдейді, толысады. Сезімге әсер еткен сабақ балалардың қызығушылығын
оятып талпынуға жетелейді. Музыка сабағында интеграция принсиптері
орындалады, пәнаралық байланыс сәтті қиюласып тұрады. Оқу пәні ретінде
музыка сабағы мынадай талаптарға сай болуы қажет.
- тәрбиелік, білімдік, дамытушылық міндеттерді шешуге бағытталады.
- сабақта ұжымдық, топтық, жеке оқыту формалары қарастырылады;
- мазмұны бағдарлама сәйкес, сонымен қатар оқытушының шығармашы-лығына
негізделген өнер сабағы болғандықтан, балалардың музыкалық қаблетін
дамытуды негізге алады;
- әр сабақта оқытушылардың музыкалық іс-әрекетке үйренуін жетілдіру,
музыкалық шығармашылық бастамаларын дамыту;
- оқушылардың музыкалық дамуын педагогикалық жағынан бақылау, есепке
алу.
Музыка сабағы барлық элементтердің біртұтас бірлігінен тұрады. Сабақ
біртұтастығының болуы оқытушының кәсіптік шеберлігіне байланысты. Сабақтың
барлық элементтерінің музыкалық негізгі роль атқаруы, балалардың музыка
қабылдауына барлық музыкалық іс-әрекеттің жұптасып кетуі, балалар-дың үлкен
қызығушылығы мен шығармашылық бастамаларының оянуы сабақ-тың бірлігін
қамтамасыз етеді. Сабақтың мақсаты оқу бағдарламасының тақырыптарына
байланысты. Музыкалық тәрбие беру педагогикасында сабақ-
тың көптеген типтері бар. Әр сабақтың тақырыбына қарай негізгі мақсаты
болады, соның айналасында басқа элементтер топтасады. Музыка сабағының
типтері: дәстүрлі сабақтар, дәстүрден тыс сабақтар, концерт сабағы, қорытын-
ды сабақ, жарыс сабағы, сайыс сабағы, театр сабағы т.б. Музыка сабағының
тақырыбы бойынша сабақ мазмұны және оның құрылымы өзгеріп отырады.
Тақырыпқа енгізу, тақырыпты кеңейту, тереңдету, қорытындылау, тиянақтау,
жинақтау мақсатында өтетін сабақтар түрленіп отырады. Музыкалық сабақтың
құрылымы оқушылардың қабылдауына, қызығу, көңіл күйін көтеру, орындау-шылық
талпыныстарының шығармашылыққа ұласуын қамтамасыз ететіндей шеберлікпен
жұптасуын ойластыру қажет. Музыка кабинетінің жабықталуы оқушылардың
шығармашылық ізденіске талпынатындай мүмкіншілік жасауға даяр болуы қажет.
Ол үшін музыка кабинетінде музыкалық аспаптар, эстетика-лық талапқа сай
дайындалған көрнекі құралдар, оқытудың техникалық құрал-дары, нота жазылған
кестелер, сазгерлердің портреттері, әдістемелік әдебиет-тер, әндер
жинақтары топтастырылып, үнемі толықтырылып, жаңартылып тұруы қажет.
Музыка өнері әрбір оқушының әсемдік әлеміне қызығушылықпен қарауына,
рухани-мәдени деңгейін көтеруге мүмкіндік береді. Сол себепті, әрбір қоғам
мүшесін өнерпаздыққа баулу қоғамдық қажеттілік болып табылады. Білім беру
саласында оқушылардың эстетикалық, этикалық және адамгершілік нормала-рын
меңгерту міндетін жүзеге асыруда музыка пәнінің орны ерекше. Музыка-
лық тәрбие оқушыларды өнер құндылығын жасауға қатыстыра отырып, олар-дың
бойында эстетикалық, адамгершілік қасиеттерді, мәдениетті, көркемдік
талғамды, шығармашылық қаблетті дамытады.
Музыка пәнінің оқытушысы болғысы келген маман музыкалық тәрбие теориясы
мен әдістемесін толық меңгеруі тиіс. Музыка пәні оқытушысы тұлға ретіндегі
кәсіптік сапалары қалыптасқан, өз пәнінің шебері болуы тиіс.
- Музыка пәнін оқытушы маман кәсіптік қызметінің ерекшелігін, мағынасын
терең білуі шарт.
- Музыкалық тәрбие алушы балаға жеке, қалыптасқан тұлға ретінде қарауы
керек.
- Музыкалық білім беру саласын зерттеген ғалым-педагогтердің еңбегімен,
музыкалық өнердің шебер орындаушылар шығармашылығымен таныс болуы керек,
музыка пәні оқытушыларының іс-тәжірибесімен таныс болуы қажет. Музыкалық
білім беру музыкалық іс-әрекеттерге үйрететін, жүйелі берілген білімді,
іскерлік дағдыны меңгеру процесі және нәтижесі.
Музыкалық тәрбие беру музыкалық мәдениетті мақсатты және жүйелі түрде
дамыту, оқушылардың музыкалық қаблетін дамыту, музыканы түсінуге, көңіл
күйлерін қабылдауға тәрбиелеу. Жалпыға бірдей білім беретін мектептердегі
музыкалық тәрбие беру ән салу, музыка тыңдау, музыкалық сауат, музыкалық
аспаптарда ойнау арқылы іске асырылады. Әлемге көзқарасын, көркем ойлауға,
адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағыттайды. Жеке тұлғаның жан
дүниесінің қалыптасуына, өзін өмірге бейімденуіне музыка мәдениетінің мол
әсері бар. Музыкалық қызыметтің ұжымдық түрлері (хормен, ансамбльмен ән
салу, аспаптарда ойнау) балалардың бір-бірімен дос болуына, бір-бірімен
жақын болуына, басқаларға түсінушілікпен қарауына жағдай жасайды, ортақ
іске жұмылдырады, әсемдік әлеміне жаталейді. Музыкалық білім беру, тәрбие-
леу, дамыту балалардың эстетикалық көзқарасын қалыптастырады, көркемдікке
деген қажеттілік туындайды, қоршаған ортаның жарасымдылығын сезінуге жол
ашады. Д.Д.Шостакович: Музыкалық шығарма арқылы бір адамның жан
дүниесіндегі болған жағдайды миллиондаған адам ұға алады,-деген. Сондықтан
музыка пәнін оқытушы өзінің тәрбиеленушілерін отандық, әлемдік музыканың
озық үлгілерімен таныстырып, содан ләззат ала білуге, әдемілікті сезіне
білуге алғашқы сабақтан-ақ үйреткені абзал. Музыка өнері адамның өмірлік
тәжірибесін байытып, өзіне, адамдарға деген көзқарасын да дамытады. Француз
музыкант-педагогі Ж.Снидерс: Мен мектепте балалар музыкадан өздеріне
қуаныш табады деген үміт пен сенімде өмір сүріп келемін. Музыка сұлулықтың
бір бөлігі болу үшін шығарылады. Ал сұлулық қуаныш сылау үшін өте қажет.
Қуаныштан барып балаларда шығармашылық шабыты оянады, ізденімпаздық пен
үлкен талғам қалыптасады,-деген.
Балалардың музыкалық тәрбиесінің жеткілікті түрде дамуы үшін жағымды
әсерде болып, жан-жақты, жарасымды өсуіне, музыканы түсіне білуіне,
музыкант болуына педагогикалық жағдай жасалу керек. Оқытушы мамандығы
бойынша оқытады, тәрбиелейді, оқушылардың көзқарасын қалыптастырады.
Сабақтағы оқытушы азаматтың жауапкершілік тұрғыда музыкалық репертуарға
үлкен талғаммен келуі керек. Адами сапа-ларды қалыптастыратын, отандық,
патриоттық тәрбиеге баулитын шығарма-ларды таңдау қажет.
Музыкалық тәрбие беру мен білім беруді қалыптастыру-мектеп оқушыла-
рының мәдени-рухани өмірін байытудың бірден-бір жолы. Музыкалық білім
берудің, оның ішінде музыкаға оқытудың белгілі бір тәртібі бар, ол мынадай
компоненттерден тұрады: мақсаттары, міндеттері, принциптері, мазмұны,
әдістемесі, түрлері.
Музыкалық берудің жалпы мақсаты музыкалық мәдениетті дамыту, оқушы-
лардың жалпы рухани мәдениетін дамыту, қалыптастыру болып саналады. Ал
оқушылардың музыкалық мәдениеті деген түсінік-ауқымы кең ұғым. Осы
ұғымның мазмұнына бірінші кезекте өмірден туындаған, өмірмен тығыз
байланысты образдық өнер, музыканы түсіну қаблетін жатқызады. Д.Б.Каба-
левский бұл туралы: Сезімдер тілі-музыканы көңілмен қабылдау, ондағы жақсы
мен жаманды ажырата білу, музыканың сипатын сезіну, орындалу ерекшелігін
салыстыра білу қаблеті,-деген. Музыкалық мәдениеттің негізіне музыкалық
сауат жатады, онсыз музыка мәдениетінің қалыптасуы мүмкін емес. Сонымен
бірге балалардың орындаушылық, шығармашылық бастамалары да осы музыка
мәдениеті ұғымына кіреді. Музыканы тану процесіне Д.Б.Кабалевс-
кий үш жанрды - ән, би, маршты алып қарастырады.
Музыкалық тәрбие берудің мақсаттары төмендегідей.
- Музыкаға көркем-эстетикалық көзқарас, қызығушылықты дамыту, тәрбие-
леу;
- Музыкалық қаблетін дамыту;
- Іскерлік дағдыларын қалыптастыру;
- Дүниежүзілік музыка мұрасы-алтын қор музыкалық шығармалардың әр
түрлі формаларын туындауына таныстыру;
- Балалардың музыкалық талғамын тәрбиелеу, музыка тыңдау процесінде
шығармашылық бастамаларының туындауына бағыт беру;
- Музыкалық өнерге қызықтыру, сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
- Оқушылардың адамгершілік-эстетикалық дамуын қалыптастыру, музыка-лық
қаблетін ояту;
- Мектеп оқушыларының музыкалық қаблеттерін ояту арқылы музыкалық
әрекеттерге, музыка тыңдауға, ән салуға, аспаптарда ойнауға, ырғақтық қимыл-
дар жасауға үйрету;
- Сабақта сабақтан тыс музыка өнерін бойға сіңіруге талпыну;
- Музыка өнерінің әсері арқылы балалардың шығармашылық іс-әрекетте-
рінің туындауына жол ашу, бастамашыл болуға баулу;
- Музыкалық тәрбие әдістемесі педагогика ғылымы негізінен педогогиканың
жалпы заңдылықтарына бағынады, дидактикалық принциптерге сүйенеді:
Оқытудың тәрбиелік принципі:
а) оқу материалының ғылымилығы және қабылдауға оңтайлылығы;
ә) көрнекілік принципі;
б) білім, дағды, іскерлік беріктігі;
в) оқушылардың музыкалық іс-әрекетінің белсенділігі;
г) музыкалық тәрбиенің өмірмен байланысы;
д) ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz