Салықтық есепке алу ережесі


МАЗМҰНЫ
Кiрiспе5
1. Бюджет саясатының қалыптасуындағы салықтардың рөлiнiң теориялық негiзi
1. 1. Мемекеттiк бюджеттiң мазмұны мен құрылымы 7
1. 2. Салықтар бюджеттiң негiзгi көзi 12
1. 3. Әлемдiк тәжiрибеде мемлекеттiк бюджеттiң қалыптасуындағы
салықтардың рөлi 25
2. Қазақстан Республикасының бюджет саясатын жүргiзу барысындағы салықтардың түсiмiн талдау
2. 1 Бюджеттегi салық түсiмдерiн талдау 30
2. 2 Оңтүстiк Қазақстан облыс бюджетiнiң салық түсiмдерiн талдау 35
2. 3 Экономиканы мемелекеттiк реттеудегi салықтардың ролi 47
3. Мемлекеттiк бюджеттегi салықтардың түсiмiн жоғарлату жолдары
3. 1 Мемлекеттiк бюджет табысындағы салық түсiмдерiнiң
қалыптасуындағы мәселелер 51
3. 2 Мемлекеттiк бюджет табысындағы салық түсiмдерiнiң
қалыптасуындағы мәселелердi шешу және қалыптасуын жетiлдiру
жолдары 54
Қорытынды59
Пайдаланылған әдебиеттер 62
Кiрiспе
Экономикалық категория ретiнде мемлекеттiк бюджет қоғамдық өнiм құнының мемлекеттiң орталықтандырылғын қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесiнде және оны ұдайы өндiрiстi ұлғайту, қоғамдық қажеттердi қанағаттандыруға пайдалану барысында мемлекет пен қоғамдық өндiрiске басқа да қатысушылардың арасында қалыптасқан ақша қатынастарын белгiлейдi.
Бюджет экономикаға бюджет механизiмi арқылы ықпал етедi. Мұнда бюджеттiң бүкiл экономикаға ықпал құралы ретiндегi рөлi көрiнедi. ″Бюджет механизiмi″ -мемлекеттiң ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын құру және пайдалану формалары мен әдiстерiнiң жиынтығы. Экономиканы реттеу орталықтандырылған қаражат қорының көлемiн белгiлеу, оны құру, пайдалану формалары мен әдiстерiн реттеу, бюджеттi құру және орындау процесiндегi қаржы ресурстарын қайта бөлiске салу жолымен жүзеге асырылады.
Мемлекеттiң негiзгi қаржы жоспарының көрсеткiштерi республика Жоғарғы Кеңесiнiң жыл сайын қабылдайтын ″мемлекеттiк бюджет туралы″ заңына сәйкес мiндеттi түрде орындалуы тиiс.
Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан барлық меншiк формасындағы кәсiпорындар, бiрлестiктер мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлер республикалық бюджетке, кеден тарифтерiне сәйкес ұлттық валютамен экспорттық және импорттық баж салықтарын төлейдi.
Нарықтық қатынастар жағдайында салықтар мемлекеттi қаржыландыру қызметi және оның аппаратын ұстайтын негiзгi қайнар көзi болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына “Дағдарыстан жаңару мен дамуға” атты Жолдауында: “Негізгі салықтар бойынша ставкаларды әлдеқайда төмендеткен жаңа Салық кодексі іске қосылды. Өткен жылмен салыстырғанда, корпоративтік табыс салығы биылғы жылдың өзінде үштен бірге төмендетіліп, 20 пайызды құрайды, ал 2011 жылы 15 пайыз болады. ҚҚС ставкасы 12 пайызға дейін төмендетілді. Әлеуметтік салық ставкасының регресті шкаласының орнына 11 пайыз көлеміндегі бірыңғай ставка енгізілді. Инвестицияларды жүзеге асыратын кәсіпорындар үшін салық преференциялары көзделген. Осының бәрі экономиканың шикізаттық емес секторын, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың аса маңызды ынталандырғышының біріне айналды” деп айта кетті [1] .
Мемлекет салықтарды пайдалана отырып, елде болып жатқан экономикалық процестерге активтi түрде қатыса алады. Салықтар есебiнен жиналған ақшалай қаржылар мемлекетке әлеуметтiк саясат жүргiзуге мүмкiндiк бередi, соның iшiнде өзiнiң өмiр сүру деңгейiн минималды деңгейде қамтамасыз ете алатын халық топтарына материалды көмек көрсету мүмкiндiгi бар.
Кез - келген мемлекет өзiнiң қаржылық базасы болғанда ғана өмiр сүре алады, басқаша айтқанда, өзiнiң аппаратын ұстауға және өзiнiң функцияларын орындау процесiнде туындайтын шығындарды жабуға ақшалай қаржылары болғанда ғана өмiр сүредi [2] .
Салық - мемлекеттiң бекiтуi. Тек сол ғана азаматтарды белгiлi бiр көлемде ақшалай қаржыларды беруге мiндеттi. Қазақстан Республикасында салықты төлеу мiндеттемелерi азаматтардың Конституциялық мiндеттемелерiнiң қатарына жатады. Осыған байланысты мемлекет саяси Үкімет субъект өкiлдiгiне сүйене отырып әрекет етедi.
Мемлекет ақшалай қаржыларды түрлi жолдармен табады, бiр жағдайда мемлекеттiк зайымдар iшкi және сыртқы ретiнде меншiк иесiнiң қаражатты өз еркiмен беруге негiзделетiн әдiс қолданылады, ал басқа жағдайларда ақшалай қаражаттар ерiксiз өндiрiп алу жолымен алынады.
Салықтар мемлекеттiк бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгiлi мөлшерде мiндеттi төлемдер болып табылады [3] .
Салықтар шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бiр бөлiгiн бiлдiредi. Сонымен қатар, шаруашылық жүргiзушi субъектiлермен халық табысының белгiлi бiр мөлшерiн мемлекет үлесiне жинақтап, жинақтаудың қаржылық қатынастарын көрсетедi. Салықтар мемлекеттiң пайда болуымен бiрге қалыптасады және мемлекеттiң тiршiлiк етiп дамуының негiзi болып табылады.
Қазақстан Республикасы бюджетiнiң қалыптасуында маңызды орынды салық түсiмдерi алады.
Қазақстан Республикасындағы әкiмшiлiк-әрекеттегi қызметкерлер мен жұмысшылардың әлеуметтiк-экономикалық қорғалуы, елiмiздiң қорғаныс қызметiндегi iш-шаралардың жүзеге асырылуы осы экономикалық категроия ретiнде көрiнетiн бюджетке байланысты. Яғни, салықтың атқаратын ролi жоғары. Бұл менiң тақырыбымның маңыздылығын ашады.
Дипломдық жұмысым үш бөлiмнен қарастырылған. Бiрiншi бөлiмде мемеклекеттiк бюджеттiң мазмұны мен құрылымы, салықтар бюджеттiң негiзгi көзi, әлемдiк тәжiрибеде салықтардың рөлi, екiншi бөлiмде республикалық және жергiлiктi бюджеттердi талдай отырып, мемллекеттiк бюджеттегi салық түсiмдерiн реттеуге, сонымен қатар, үшіншi бөлiмде салықтарды жетiлдiру жолдарын толығымен қарастырып өтемiн. Жұмыс 9-кестеден, 7-диаграммадан, 1-сызбадан тұрады.
1. Бюджет саясатының қалыптасуындағы салықтардың рөлiнiң теориялық негiзi
- Мемлекетттiк бюджеттiң мазмұны мен құрылымы
Мемлекеттiк бюджеттiң экономикалық мәнi сан алуан қаржы баланстарында жекелеген ерекшелiктерi белгiленетiн айырықша салалары бар. Мәселен, мемлекеттiк кәсiпорындармен, ұйымдармен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастары қоғамдық өнiмдi құндық бөлудiң айырықша саласын құрайды. Бұл қатынастар қоғамдық қажеттердi өтеуге арналған, орталықтандырылған қаражат қорын құрап, пайдалануға байланысты. Бұл процесс мемлекеттiң тiкелей қатысуымен жүзеге асырылып отырады. Қаржы қатынастарының бұл жиынтығы ″Мемлекеттiк бюджет″ деп аталған ұғымның экономикалық мазмұнын құрайды [4] .
Көптеген қаржы байланыс түрлерiнiң iшiнен, ерекше қасиетпен дараланып тұратын салаларды бөлiп алуға болады. Жалпы қоғамдық өнiмнiң бағамдық үлестiру саласының негiзiн, мемлекеттiң шаруашылық субьектiлер мен халық санымен жасаған қаржы қатынастары құрайды. Бұл қатынастар үлестiру процессi кезiнде пайда болады. Бұл процеске мемлекетте қатысады және олар қоғамдық сұранысты қанағаттандыру үшін жұмсалатын ақша қаражатының орталық қорының құрылуы мен қолдануы мен байланысты. Мұндай қаржы қатынастарының тұтастығы ''Мемлекеттiк бюджет'' деген түсiнiктiнiң экономикалық мазмұнын құрайды. [5]
Мемлекеттiк бюджетте экономикалық қатынастарының тұтастығы ретiнде обьективтi қасиетi бар. Оның өзiндiк сала болып өмiр сүруi қоғамдық өндiрiстерге байланысты, әрине олардың дамуына орталық қор қажет. Ақша қаражатын орталықтандыру ұлттық шаруашылықта ѕнемi айналым болу үшін қажет, және экономиканы түзеу үшін де қажет. Бағамдық үлестiрудiң бюджеттiк саласының болуы мемлекеттiң өзiне де қажет. Мемлекетке керек салаларды қаржыландыру үшін орталықтандырылған қор қажет. Сонымен қатар бұл қор мәдени-әлеуметтiк iс-шаралар өткiзуге, қорғаныс мәселелерiн шешуге, мемлекеттiк басқарудың жасаған шығындарын жабуға қажет. Осыған орай мемлекеттiк бюджеттiң болуы адамдардың субьективтi қалуының нәтижесi емес, бұл обьективтi қажеттiлiк. Экономиканың бүгiнгi таңда дамуы кезеңiнде орталықтандырылған қаржы қоры мемлекетке көптеген мүмкiндiктер бередi.
Мысалы, үшін қоғамдық өндiрiстiң пропорциялдарын және қарқынын қамтамасыз етедi, оның салалық және аймақтық жүйесiн көздейдi, салалық экономиканың бiрiншi қажеттi бағдарламаларын дамытуға әсер ететiн қорды қалыптастырады, әлеуметтiк өзгерiстер өткiзедi.
Қаржы орталықтандыруының арқасында ақша қоры экономикалық және әлеуметтiк дамуға жұмсалады және мемлекеттiң әлеуметтiк және экономикалық саясатының жүзеге асуына жағдайлар туғызады.
Осыған орай мемлекеттiк бюджет бағамдық үлестiрудiң ерекше бөлiмi ретiнде өзгеше қоғамдық қызмет атқарады және қоғами мемлекеттiк сұранысты қанағаттандырады. Обьективтi үлестiру қатынастарының экономикалық формасы бола тұра, ерекше қоғамдық iс- әрекеттердi атқара тұра, мемлекеттiк бюджет экономикалық санат ретiнде шығады. [6]
Мемлекеттiк бюджетке белгiлi бiр тұтас қаржы қатынастары ретiнде оған қаржы санатының қасиеттерi тән, бюджеттiк қатынастардың үлестiру қасиетi бар, ақшалай түрде жүзеге асады, бағытты ақша қорымен тетелес келедi. Сонымен қатар, бюджеттiк қатынастарға белгiлi бiр ерекшелiк тән, ол әрине қаржы тақырыбынан тыс болмайды. Мемлекеттiк бюджетiнiң өзгеше бiр сфера ретiнде бағамды үлестiру қасиетiн қарасақ, ол мынадай:
- мемлекеттiң жалпы қоғамдық өнiмiнiң бөлiгiмен байланысты және оны қолдануымен, яғни қоғамдық сұранысты қанағаттандыру үшін қолданылатын үлестiру қатынастарының экономикалық формасы.
- халық шаруашылығы, аймақтар, экономика секторлары, қоғамдық iс - әрекеттiң өрiсi арасындағы бағамды үлестiру үшін қолданылады
- ол қоғамдық өнiммен, яғни оның iс- әрекетiмен байланысты емес, ол одан бөлек жұмыс жасайды, бiрақ соның өзiнде де қаржы қатынастары тауарлық ақшалық прцесспен байланысын үзбейдi.
Мемлекеттiк бюджет басқа да экономикалық санаттар сияқты өндiрiстiк қатынастар мен оларға тән материалдық - заттық өзгерiстердi көрсетедi. Бюджеттiк қатынастар мемлекеттiң ақша қорының орталықтандырылған орында заттандырылады. Осының нәтижесiнде, қоғамда болатын экономикалық процесс өзiнiң iс - әрекетiн мемлекеттiң ақша қорында көрсетедi. Бюджеттiк қор бұл бағамдық үлестiру кезеңiн басынан өткiзген және мемлекет сұранысын қанағаттандыра алатын қоғамдық өнiмнiң және ұлттық өнiмнiң iс- әрекетiнiң экономикалық формасы.
Экономикалық санат ретiнде мемлекеттiк бюджет - мемлекетпен басқада жалпы қоғамдық өндiрiсiнiң арасында пайда болатын ақша қатынасы. Үлестiру және қайта үлестiру жолымен мемлекеттiк орталықтандырылған ақша қорының болуы өте тиiмдi. Себебi ол мемлекет сұранысын қанағаттандыруға, өндiрiстi ұлғайтуға үлкен әсерiн тигiзедi.
Осыған орай Мемлекеттiк бюджет атты түрлендiрiлген түсiнiк келесi құрамаларымен түсiндiрiледi:
- мемлекеттiң ақша қорының орталықтандырылған қоры;
- экономикаға әсер ететiн құрал;
- мемлекеттiң негiзгi қаржы жоспары
- қоғамның барлық мүшелерi оны заң ретiнде орындау керек.
Мемлекеттiк бюджеттiң қызметi- бiрiншiден, мемлекеттiк бюджет арқылы ұлттық кiрiстiң 30 пайыз, жалпы iшкi өнiмнiң 20 пайыз, жалпы қоғамдық өнiмнiң 10 пайыз үлестiрiлiп және қайта үлестiрiледi.
Ол ақша қорын ұлттық шаруашылықтың, өндiрiс өрiсiнiң, экономикалық аудандар мен мемлекет аумағының арасында үлестiрiледi. [7]
Мемлекеттiк бюджет экономикаға қатты әсер етедi, себебi ол бұл жерде ұлттық шаруашылықтың бюджет қызметiн атқарып тұр. Мемлекеттiк бюджет материалдық өндiрiс өрiсiнде үлкен қызмет атқарады, себебi ол бұл жерде өсу симмуляторының қызметiн атқарып тұр. Бюджеттiң қоры жекелей және қоғамдық қор айналымын қамтамасыз ету үшін де қолданылады. Бюджет жүзеге аспай қалған жоспарларды өз жолын табуға көмектеседi. Сондай-ақ кәсiпорындардағы жұмыстың қарқынды және өтiмдi болуын қадағалап отырады. Мемлекеттiң, бiлiмге, денсаулық сақтауға, әлеуметтiк сақтандыруға және әлеуметтiк қамсыздандыруға, ғылымға, мәдениетке, өнерге, мемлекет шеңберiнде өтiлетiн мәдени шығынның орнын толтырып отырады.
Қазақстан Республикасының ″бюджет жүйесi туралы″ заңы республиканың түрлi денгейiндегi бюджеттерiн қалыптастыру процессiнде орын алатын қаржы қатынастарын реттейдi, республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң жасалу, қаралу, бекiтiлу, атқарылу және бақылану процесiн белгiлейдi.
Бюджет - мемлекеттiң өз мiндеттерiн жүзеге асыруына арналған және тиiстi заңдарға сәйкес белгiленген салықтар мен өзге де кiрiс көздерiнiң және түсiмдердiң есебiнен құралатын орталықтандырылған ақша қоры.
Бюджет жiктелуi - функционалдық, ведомстволық және экономикалық сипаттама бойынша бюджетке түсетiн түсiмдер мен бюджеттен жұмсалатын шығыстарының топталуы.
Бюджет құрылысы - бюджет жүйесiнiң, оның құрылу принциптерiнiң ұйымдастырылуы.
Бюджет процесi- мемлекетттiң өз органдары мен лауазымды адамдары арқылы барлық денгейдегi бюджеттердi жасау, қарау, бекiту, атқару, атқарылуын бақылау және олардың атқарылу туралы есептердi бекiту жөнiндегi заң арқылы регламенттелген қызметi.
Мемлекеттiк бюджет - республикалық және жергiлдiктi бюджеттердiң бiрiн-бiрi арасындағы өзара өтелетiн операциялар есепке алынбайтын жиынтығы.
Мемлекеттiк кепiлдiктер - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарыз алушы өзiнiң алынатын соманы белгiленген мерзiмде төлемеген жағдайда несие берушi алдындағы берешектi iшiнара немесе толық өтеу жөнiндегi мiндеттемесi.
Мемлекеттiк шотты - мемлекеттiң барлық денгейдегi бюджеттерiдiң және бюджеттен тыс барлық қорлардың шоттарындағы қаржы ресурстарын есепке алу тәртiбi.
Бюджет тапшылығы - Үкіметтiң қарызға алған сомаларын қоспағанда, шығыстар көлемiнiң және бюджеттен қайтарымды негiзгi бөлiнген несиелердiң бюджетке түсетiн түсiмдердiң жалпы сомасынан асып түсуi.
Республикаық бюджеттiң құрамында бекiтiлетiн тапшылық мөлшерi ұлттық валютамен және жалпы iшкi өнiмге шаққандағы проценттермен көрсетiедi.
Бюджет кiрiстерi- салық және салықтық емес түсiмдермен алымдардың сондай-ақ бюджетке қайтарылмайтын негiзде келiп түсетiн капиталмен жасалатын операциялардан жасалатын кiрiстердiң көлемi.
Мемлекеттiк бiрiктiрiлген қаржы балансы- дербес жұмыс iс- тейтiн республикалық және жергiлiктi бджеттердiң (соның iшiнде арнаулы экономикалық аймақтар бюджеттерiн қоса алғанда), бюджеттен тыс қорлардың бiрiнiң-бiрi арасындағы өзара өтелетiн операцияларды есепке аынбайтын ақша қаражатының жиынтығы.
Жергiлiктi бюджеттер - облыстық, қалалық ( республкалық және облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттер, аудандардың бюджеттерi және арнайы экономикалық аймақтардың бюджеттерi.
Ресми трансферттер - бюджетке тегiн және қайтарылмайтын болып түсетiн түсiмдер мен бюджеттен жасалатын шығыстар.
Бюджет профицитi- бюджетке келiп түсетiн кiрiстер мен ресми трансферттер түсiмдерi жалпы сомасының жалпы шығыстар көлемiнен және қайтарымды негiзде бөлiнетiн несиелерден асып түсуi. Республкалқ бюджет профицитiнiң мөлшерi ұлттық валютамен және жалпы iшкi өнiмге шаққандағы проценттермен есептелiнедi.
Бюджет шығыстары- бекiтiлген бюджет шегiнде бюджеттен қайтарылмайтын негiзде бөлiнетiн қаражат.
Резервтiк қор- бiржолғы сипаттағы тосым шығындарды қаржыландыру үшін бюджет қаражаты есебiнен құралатын қор, соның iшiнде республикалық бюджеттегi табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арнап орталықтандырылған қаражат.
Ерекшелiк- бюджет қаражатын жұмсаудың экономикалық сипаттамасын айқындайтын көрсеткiш.
Субвенциялар- нысаналы шығындарды немесе нысаналы бағдарламаларды жүзеге асыру үшін төменгi бюджеттердiң жоғары тұрған бюджеттерден бекiтiлген сомалар шегiнде алатын ресми трансферттерi.
Субсидиялар - бюджеттен нысаналы шығыстарды (бағдарламаларды) қаржыландыру үшін ұйымдарға бекiтiлген сомалар шегiнде бөлiнетiн трансферттiк төлемдер.
Есептi кезең- жаңа қаржы жылына енбейтiн кезең, бұл кезең iшiнде өткен қаржы жылында бекiтiлген қаржыландырумен қамтамасыз етiлмеген бюджеттiк шығыстар бойынша қорытынды операциялар жүргiзiледi. Есептi кезеңнiң ұзақтығын Қазақстан Республикасы Қаржы мнистрлiгi бегiлейдi.
Қаржы жылы -кѕнтiзбелiк жылдың бiрiншi 1 қаңтарында басталып, 31 жетоқсанда аяқталатын тұрақты бюджеттiк есепке алу кезеңi. Қаржы жылына есептi кезең енбейдi.
Функционалдық топ- жалпы мемлекеттiк мiндеттердi орындау мақсатымен бюджеттен жұмсалатын төлемдер тобы.
Нысаналы қорлар- бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiне енгiзiлетiн және арнайы белгiленген кiрiстер көздерiнiң есебiнен қалыптасытырылатын қорлар, олар нысаналы мақсат бойынша жұмсалады.
Таза несие беру- берiлген және өтелген несиелердiң жалпы сомасы арасындағы айырма.
Қазақстан Республикасына жинақтап алғанда мемлекеттiң бiрiктiрiлген қаржы балансын құрайтын республикалық бюджет жергiлiктi бюджеттер (арнайы экономикалық аймақтардың бюджеттерiн қоса алғанда) және бюджеттен тыс қорлар дербес жұмыс iстейдi.
Барлық денгейдегi бюджеттi қалыптастыру, бекiту және олардың атқарылуын есепке алу ұлттық валютамен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы бюджеттiң құрылысы- республиканың бюджет жүйесiне кiретiн барлық бюжеттердiң бiрлiгi толықтығы, нақтылығы, жариялығы және дербестiгi принциптерiне негiзделедi. Бюджет жүйесiнiң бiрлiгi бiрынғай құқықтық негiз, бiрынғай бюджеттiк жiктеудi пайдалану, бюджеттiң бiр денгейiнен екiншiсiне берiлiп отыратын мемелекеттiк қаржы статистикасының бiрлiгi, бюджет процесiнiң принциптерi, ақша жүйесiнiң бiрлiгi арқылы қамтамасыз етiледi. Ол барлық денгейдегi бюжеттердiң кiрiстердi қайта бөлу, нысаналы бюджеттiк қорлар құру. Оларға iшiнара қайта бөлу арқылы өзара iс-қимыл жасауына негiзделген.
Экономиканың қазiргi жағдайында орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндiрiс қарқынын қамтамасыз ететiн салалық және аумақтық құрылымдар құрып, iрi әлеуметтiк өзгерiстер жүргiзуге мүмкiндiк бередi. Орталықтан бөлiнетiн қаржының көмегiмен қаражат экономиканың басты аймақтарына шоғырланып, мемлекеттiң экономикалық және әлеуметтiк саясатын жүзеге асыруға жағдай жасайды. Сөйтiп, құндық бөлiнiстiң айырықша бөлiгi ретiнде ″Мемлекеттiк бюджет″ айырықша қоғамдық арналымды жалпы мемлекеттiк қажеттердi қанағаттандыруға қызмет етедi.
Қазақстан Республикасындағы әкiмшiлiк-әрекеттегi қызметкерлер мен жұмысшылардың әлеуметтiк-экономикалық қорғалуы, елiмiздiң қорғаныс қызметiндегi iш-шаралардың жүзеге асырылуы осы экономикалық категория ретiнде көрiнетiн бюджетке байланысты.
Бюджеттiң құрылуы мемлекеттiң жалпы қызмет етуiнде маңызды фактор. Сондықтан бюджеттiң түсiмiндегi салықтардың маңыздылығын ашу дипломдық жұмысымның тақырыбын маңыздылауға негiз болып отыр.
Қазақстан Республикасының бюджетiнiң кiрiсiндегi бюджетке төленетiн салықтар мен басқа да төлемдерден құралады. Яғни:
Салықтар:
- корпорациялық табыс салығы;
- жеке табыс салығы;
- қосылған құн салығы;
- акциздер;
- жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдерi;
- әлеуметтiк салық;
- жер салығы;
- көлiк құралдары салығы;
- мүлiк салығынан тұрады.
Алымдар:
- заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркегенi үшін алым;
- жеке кәсiпкерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшін алым;
- жылжымайтын мүлiкке құқықтарды және олармен жасалған мәмiлерлердi мемлекеттiк тiркегенi үшін алым;
- радиоэлектрондық құралдарды және жиiлiгi жоғары құрылғыларды мемлекеттiк тiркегенi үшін алым;
- механикалық көлiк құралдары мен тiркемелердi мемлекеттiк тiркегенi үшін алым;
- теңiз, өзен кемелерi мен шағын көлемдi кемелердi мемлекеттiк тiркегенi үшін алым;
- азаматтық әуе кемелерiн мемлекеттiк тiркегенi үшін алым;
- дәрi-дәрмек құралдарын мемлекеттiк тiркегенi үшін алым;
- автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы;
- аукциондардан алынатын алым;
- елтаңбалық алым;
- жекелеген қызмет түрлерiмен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым;
- телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиiлiк спекторiн пайдалануға рұқсат беру алымынан тұрады.
Төлемақылар:
- жер учаскелерiн пайдаланғаны үшін төлемақы;
- жер бетiндегi көздердiң су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы;
- қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы;
- жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшін төлемақы;
- орманды пайдаланғаны үшін төлемақы;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы;
- радиожиiлiк спекторiн пайдаланғаны үшін төлемақы;
- кеме қатынайтын су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы;
- сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақыдан тұрады.
Мемлекеттiк баж:
- мемлекеттiк баждан.
Кеден төлемдерi:
- кеден бажынан;
- кеден алымдарынан;
- төлемақыдан;
- алымдардан тұрады. [3] Салықтар бюджеттiң негiзгi көзi
Салықтар дегенiмiз - мемлекеттiк бюджетке заңды және жеке тұлғалардың белгiлi бiр мөлшерде түсетiн мiндеттi төлемдер.
Салықтар-шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, жеке тұлғалардың мемлекет пен екi арадағы мемлекеттiк бюджет арқылы жүзеге асырылады, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория.
Салықтардың экономикалық мәнi мынада: салықтар шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халық табысының белгiлдi бiр мөлшерiн мемлекет үлесiне жинақтап, жинақтаудың қаржылық қатынастарын көрсетедi.
Салықтар мемлекеттiң құрылуымен бiрге пайда болады және мемлекеттiң өмiр сүріп, дамуының негiзi болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруi, өркендеуi қашан да болса оның салық жүйесiнiң қайта құрылуымен, жаңаруымен бiрге қалыптасады. “Салық саяси басқару мен экономикалық бақылаудың негiзгi құралы болып табылады, ”- дейдi Мишин Г. К. [8]
Әрбiр мемлекетке өзiнiң iшкi және сыртқы саясатын жүргiзу үшін белгiлi бiр мөлшерде қаржы көздерi қажет.
Салықтар- мемлекеттiң тұрақты қаржы көзi. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетiк ретiнде пайдаланады.
Салықтардың мәнiн толық түсiну үшін, олардың экономикалық маңызын түсiну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметiне тiкелей қатысты.
Салық салудың қазiргi жүйесiн қарастыра отырып келесiдей қызметтерiн атауға болады.
1. Фискалдық қызметi;
2. Бөлу қызметi;
3. Реттеушiлiк қызметi;
4. Бақылау қызметi;
5. Қолдау немесе мадақтау қызметi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz