Ойын баланың әлеуметтік қарым - қатынас ортасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ - ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мектепалды даярлауда ойын әдістерін пайдалану арқылы оқыту
Алматы - 2013
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. Ойын және ойын әдістерін мектепке дейінгі оқыту үрдісінде пайдаланудың
теориялық негіздері
1.1 Ойынның психологиялық - педагогикалық мәні мен
маңызы ... ... ... ... ..8
1.2 Дидактикалық ойындарды қолданудың педагогикалық шарттары ... ... ... .21
1.3 Ұлттық-дидактикалық ойындарды оқыту үрдісінде пайдалану
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...26
2 Мектепалды даярлауда ойын әдістерін пайдалану арқылы оқыту үрдісінің
тиімділігін арттыру
2.1 Дидактикалық ойындардың жіктемесі және ойын элементтерін
пайдалану
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...35
2. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс
нәрижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .39
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...53
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... 55
Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Республикамыздың тұңғыш Президенті
Н.Ә.Назарбаев өзінің Қазақстан халқына жолдауында: ...елдің Туын,
Елтаңбасын, Ән-ұранын қастерлеуден, заңды, өкіметті құрметтеуге
тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала кезінен: Қазақстаным - менің,
Отаным оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптамын, деген
қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей істеген жөн - деп көрсеткен
болатын[1].
ХХІ ғасырда ғаламдану талаптарына сәйкес ғылым мен техниканың
үздіксіз дамуы нәтижесінде адамзаттың заман талабына сай дамуының
заңдылықтары негізінде көптеген дамыған елдердің және біздің еліміздің де
білім беру жүйесінде елеулі өзгерістер енуде.
Жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы
шығармашылық пен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа
ұлттық үлгіні жасауды, жалпыға арналған білімнен, білім әркімге өмір
бойы үлгісіне сапалы түрде көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне
жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді [2].
Білім туралы Заңның 10-бабында көрсетілгендей жалпы білім беру
жүйесі үздіксіздігі қамтамасыз етіліп, білім беру деңгейлері өзара
байланыста, сабақтастырыла жүргізілуі тиіс. Осыған байланысты орта білім
берудің 12 жылдық жүйесіне көшу мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту деңгейіне
де әсер етеді [9].
Міне, мемлекеттік заңда осылайша ерекше айқындалған білім берудегі
осы талапқа сай мектепке дейінгі дайындыққа бүгінде баса назар аударылуда.
Білім туралы заңда көрсетілгендей мектепке дейінгі балаларды тәрбиелеу
балалардың 1 – 5 жасында өткізілсе, мектепке дейінгі оқыту 5-6 жастағы
балалар үшін мектепалды сыныптарында жүргізіледі [9].
Үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы мектепке дейінгі оқыту мен
тәрбие болғандықтан, мектепалды дайындықты ойын іс-әрекеті арқылы жүргізу
қажет. Мектепалды дайындықсыз білім беру іргетассыз үй соққанменен бірдей,
білім негізі әлсіз, жүйесіз болады.
Мектепалды дайындықтан өткен балалар бастауыш мектепке жеңіл
бейімделеді, оқу материалын тез және күрделі қиындықсыз меңгереді. Ойын іс-
әрекеті арқылы мектепалды дайындық топ балаларының ақыл-ойын дамыту,
мектепке даярлауды қажет етеді [5].
Себебі мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті ойын болып
табылады. Балалардың бұл кезеңі өте жауапты сензитивті кезеңнің ерекшелігін
еспке алу аса маңызды, өйткені баланың мектеп жасына дейінгі жас ерекшелік
шақтан, кіші мектеп оқушысы кезеңіне өтетін күрделі, ауыспалы кезеңі бала
әрекетінің саналы формасын қабылдауына ауысатын кезең болады. Нақты осы
шақта балалардың іс-әрекет түрлері де бірте-бірте, ойыннан-оқу қарекетіне
ауыстырылады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды ынталандырудың негізгі әдісі де ойын
болып табылады. Ойын әдісі дегеніміз-оқытуды тиімді ұйымдастырудың,
балалардың танымдық қызығушылығын арттырудың, оқу материалын жеңіл меңгерту
тәсілі. Ойын әдісіне: ойын-жаттығулар, ойын-тапсырмалар, логикалық ойындар,
дидактикалық ойын түрлерін пайдалану, ребус, сөзжұмбақтар шешу, проблемалық
жағдаяттар, силықты кезең, ойын-жарыс элементтерін пайдалану жатады. Оқыту-
тәрбие үрдісін ойын түрінде жүргізу, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін,
топсеруендерде, әртүрлі тәрбие іс-шараларында дидактикалық ойындар,
логикалық ойын жаттығулар, проблемалық жағдаяттар, балаларды қызықтыратын
ойын-жарыс элементтерін пайдалану керек [4].
Ойын – үнемі даму құбылысы. Ойынға үйрету мен тәлім-тәрбие жұмыстарында
пайдалану балалардың ой-өрісін, дене дамуын қалыптастыруға көмектеседі.
Ойын сонымен қатар тарихи құбылыс болып та табылады.
Ойындар - өзінің болмысы, мазмұны жағынан тарих түкпіріне жетелейтін
бірден-бір сара жол. Ол адамзат тарихымен тікелей байланысты және үнемі
даму үстінде болады. Сондықтан, ол адамның барлық іс-әрекетінің дамуында да
өте маңызды орын алады. Ойын адамның еңбек әрекетінен туындап, адам
қиялының нәтижесі бола отырып қоғамдық экономикалық формацияның өзгеруіне
өз әсерін тигізеді, ойын мен ойыншық қалыптасқан адам мәдениетінің ең бір
қызықты құбылысы болып есептелінеді [7].
Зерттеулерде ойын іс-әрекеті ұрпақтан-ұрпаққа келе жатқан
адамдарды дамыту құралы ретінде танылады. Сол себепті ойындарға ғылыми
талдау жасау ісі қазіргі балаларға танымдық және тәрбиелік маңызы бар
екендігін дәлелдейді.
Ойындар, олардың сан алуан түрлері ежелден этнографтарды,
психологтарды, археологтарды, педагогтарды және басқа ғалымдарды
қызықтырған.
Қазақ халық ойындарының даму тарихына Э.Маккей, Марко Поло, Низам
аль-мулюк, Рашит-ад-дин, Б.А.Куфтин, Ә.Диваев, Ә.Марғұлан, Н.Я.Бичурин
сынды атақты ғалымдар өз еңбектерін арнады [10].
Балалар тәрбиесінде ойындардың алатын орны жайлы қазақстанда тұңғыш
еңбек жазғандардың бірі педагог Н.С.Құлжанова болды [12].
ССРО-дағы жалпы ойын теориясы Г.В.Плеханов, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко
сынды атақты ғалымдардың есімдерімен тығыз байланысты. Ойындарды ғылыми
түрде зерттеу ісіне П.П.Блонский, С.П.Шацкий, В.Г.Марц, В.А.Сухомлинский,
В.Г:Яковлев, Т.Е.Конникова, Э.В.Яновскаялар сияқты ғалымдар да назар
аударды [15-17].
Халық ойындарына, олардың мазмұны мен өткізу әдістеріне Л.Посынковтың
Кавказ халықтарының ойндары мен тұрмысы, Г.Ш.Абсолямовтың РСФСР-дағы
спорттың ұлттық түрлері, С.Г.Гагиевтің Осетия ұлттық ойындары,
Н.Турсуновтың Тәжік халық ойындары және спорт, М.Ш.Ахметовтың Адигей
халықтарының ұлттық ойындары және басқа еңбектер арналған [16].
Ғалымдар ойынды балалардың іс-әрекеті ғана емес танымдық әрекет деп
қарастырған, ойынды оқушының ізденіс – шығармашылық құралы ретінде
зерттеген. Ғалымдар рольдік, шығармашылық ойындардың теориясын талдай келіп
Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев, А.И.Фрадкина, А.П.Усова,
Д.Б.Эльконин, Р.И.Жуковская, Т.А.Маркова т.б. ойынды және ойын элементтерін
педагогикалық процестің негізі әсіресе дидактикалық және қозғалыс
ойындарының ерекшіліктері, оның алатын орны және маңызына тоқталған [19-
27].
Е.А.Радина, А.И.Сорокина, Е.И.Удальцова, Э.М.Богусловская,
В.Н.Аванесова т.б. ал әдіскер ғалымдар балалардың көркемсурет
тәрбиесіндегі ойынның маңызын анықтауға бағыттауға арналған еңбектер
Н.А.Ветлугина, Н.П.Сакулина, Н.В.Аванесовалар жазған [26-29].
Кеңестік педагогикада балаларды жан-жақты дамытудың маңызды құралы
болып табылатын ойын теориясына мынадай ғалымдардың еңбектері Е.А.Флерина,
Е.И.Тихеева, Е.И.Аркин, Р.Я.Марковалардың еңбектері бағытталған [32-35].
Дидактикалық ойындарды және ойын әдістерін бүгінгі таңда оқыту
үдірісінде пайдалана отырып, балалардың танымдық белсенділігін арттыра
отырып бала мен тікелей қарым-қатынасқа түсу оны оқыту үрдісіне
ынталандыру, сапалы қасиеттерін ашу білім, біліктілігін, іскерлік пен
дағдысын қалыптастыруда қарама-қайшылық туындап отыр.
Мектеп жасына дейінгі балалармен жүргізілетін барлық ұйымдастырылған
оқу іс-әрекетінде ойын әдісінің бірі дидактикалық ойындарды оқыту
үрдісінде мазмұнына сай пайдалану әр бір тәрбиеші-педагогтың міндеті екені
белгілі. Бірақ арнайы оқыту мазмұнына сай жүйелі жасалған дидактикалық
ойындар мен ойын әдістерінің мазмұнын құрастырып сол оқу іс-әрекетіне,
тақырыпқа, мақсатына сай ойындарды жүйелі пайдаланатын тәрбиешілер өте аз.
Сондықтан да, дидактикалық ойындарды ойын әдісі ретінде қарастырып
оқыту үрдісінде мәнін, ерекшелігін, маңызын аша отырып, оның баланың ақыл
ойын дамытуға қолдаудың қажеттілігін арнайы зерттеуді ұйғардық.
Мектепке оқуға дайындықты қалыптастыру - балалар бақшасындағы оқу-
оқыту формасы ретінде мектептегі сабаққа даярлау. Сол сияқты балалардың оқу
материалдарын ойдағыдай меңгеруі және оқушылар ұжымына ену үшін алғы шарт
жасау, баланы әлеуметтендіру, қоғамдық ортаға бейімдеу. Бұл ұзақ күрделі
жүргізілетін жұмыс, оның мақсаты мектеп жасына дейінгі балаларды жан-жақты
дамыту болып табылады
Бүгінгі таңда қоғамның әлеуметтік-обективтік сұранысын орындауда
балалардың танымдық, адамгершілік және дене қасиеттерінің дамуын
педагогикалық тұрғыдан шешу қажеттілігі мен мектепке дейінгі кезеңде ойын
элементтерін пайдалану өз деңгейінде болмағандығы арасында қайшылықтан бар
екендігі орын алып отыр.
Зерттеу жұмысы осы айтылған қайшылықты ғылыми-теориялық тұрғыдан шешу,
оның педагогикалық-әдістемелік мүмкіндіктерін қарастыру біздің
зерттеуіміздің көкейкестілігі болып табылады.
Зерттеу мақсаты: Мектепалды даярлық тобында дидактикалық ойындарды
пайдалану арқылы оқыту үрдісінің тиімділігін арттыру.
Зерттеу нысанасы: Балабақшадағы мектепалды даярлық топ балаларын
оқыту және тәрбиелеу.
Зерттеу пәні: Мектепалды даярлық топтың оқыту үрдісінде дидактикалық
ойындарды пайдалану үрдісі.
Зерттеу міндеттері:
-Дидактикалық ойындарды және ойын әдістерін қолданудың педагогикалық
негіздерін айқындау;
-мектепалды даярлық тобына арналған дидактикалық ойындарының мазмұнын
саралау, ойындарға қойылатын талаптарды іріктеп, оларды ғылыми тұрғыдан
негіздеу;
-дидактикалық ойындардың педагогикалық жіктемесінің мазмұнын
дайындау;
-тәжірибелік – эксперименттік зерттеу жүргізу және оның қорытындысын
шығару және негіздеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: мектепалды даярлық тобының оқу-тәрбие
жұмыстарында дидактикалық ойындарды және ойын әдістерін пайдалану тиімді
болар еді, егер:
-ойынды оқу-тәрбие жұмыстарында тиімді қолданудың жүйесі жасалынса;
-оқу-тәрбие процесінде дидактикалық ойындарды және ойын әдістерін
қолдану балалардың дүниетанымына, адамгершілік және дене қасиеттерінің
дамуына себебін тигізер болса;
-оқыту үрдісінде, сабақтан тыс жұмыстарда дидактикалық ойындарды
пайдалану ісі бірізділік принципімен жүзеге асырылса.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: мектепалды дайындық топ
балаларының оқу іс-әрекетінде дидактикалық ойынның алатын орнын және
оларды пайдалану ерекшеліктерін анықтаудан; оқу- таным процесінде
мектепалды дайындық топ балаларымен жүргізілетін дидактикалық ойындарды
пайдалану әдістемесі әзірленіп, оқу-тәрбие үрдісіне енгізілуден; балалардың
мектепте оқуға дайындығын анықтайтын психологиялық әдістердің іріктелуінен;
12 жылдық білім беруге ауысуда мектепалды дайындықты жетілдірудің
психологиялық-педагогикалық негіздерінің зерттелінуінен тұрады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Таным теориясы,
өзіндік таным теориясы, білім беру жүйесінің философиялық, психологиялық,
педагогикалық негіздері, тұлғаны дамыту теориясы, даму заңдылықтары,
психология және педагогика ілімінің теориялық тұжырымдамалары.
Зерттеу әдістері: зерттеп отырған мәселеге байланысты философиялық,
тарихи, психологиялық, педагогикалық еңбектерді талдау, қазіргі қоғамның
өтпелі кезеңіне сай халықтық педагогиканың тәрбие саласындағы қолдануға
бағытталған ресми құжаттармен танысу, озат ұстаздардың тәжірибелерін
жинақтау, арнайы сауалнама, әңгіме, салыстырмалы байқау, педагогикалық
тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар жүргізу, оның нәтижесін саралау,
талдау.
Зерттеу орны: Жамбыл облысы, Жуалы ауданының балалар бақшасының
мектепалды даярлық тобында тәжірибелік-эксперимент жүргізілді.
Зерттеудің кезеңдері:
Бірінші кезеңде нақты зерттеу міндеттерін қою мақсатында мәселенің
теория мен практикадағы жағдайы зерттелді, теориялық тұжырымдамалар
талданды, зерттеудің ғылыми аппараты, болжамы мен жетекші идеясы
нақтыланды.
Екінші кезеңде зерттеудің теориялық негізі нақтыланып, мектепке дейінгі
білім беру жүйесіндегі зерттеу мәселесіне талдау жүргізілді; тәжірибелік-
педагогикалық жұмыс бағдарламасы жасалынып, эксперимент басталды.
Үшінші кезеңде зерттеудің теориялық және практикалық қорытындылары
жасалып, тәжірибелі-педагогикалық жұмыстың мәліметтері талданып, зерттеу
мәселесі бойынша әдістемелік құралдар әзірленіп, диссертацияны рәсімделу
жүзеге асырылды.
1. ОЙЫН ЖӘНЕ ОЙЫН ӘДІСТЕРІН МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Ойынның психологиялық - педагогикалық мәні мен маңызы
Ерте заманнан – ақ адам өзін қоршаған ортаның тылсым тіршілігін
тануға әрекет жасаған. Ал айнала дүниені танып – білудің, белсенді іс-
әрекеттің алғашқы түрі заттық іс-әрекет болып табылады.
Нәресте заттық іс-әрекеттен бірте-бірте, ойын әрекетіне аусады. Барлық
адам өзінің тұлға ретінде даму ерекшелігінде ойын іс-әрекетін бастан
кешіреді. Сәбилік кезеңнен бастап бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп
отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп ұғынады.
Тек көру, сипап-сезу, байқап-тану арқылы емес, тікелей араласып, іс-
әрекетке көшу нақты қарым-қатынас барысында біледі. Осылайша ойын адамның
өмір танымында шешуші мәнге ие болады [11].
Баланың таным түсінігі, іс-әрекеті ойыннан басталып, оның негізі
болашақ өмірінде оқу, еңбек іс-әрекетімен жалғастырылады. Жеке тұғаның
дамуындағы ойынның әсерін ерте заманның өзінде – ақ атақты ғұлама ойшылдар,
философтар, педагог – психолог ғалымдар көріп, байқап, оны іске асыру
жолдарын ұсынған.
Оның мөлдір бастауы көп ғасырлық тарихына үңілсек, ол
туралы алғашқы пікірлер ежелгі грек философтары Платон мен Аристотель
еңбектерінен бастау алатынын көруге болады. Ертедегі ұлы ойшылдар
Я.А.Коменский, Ж.Ж. Руссо, Д.Ж.Локк, И.Г.Песталоцци ойын арқылы балаларды
болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген [12].
Я.А.Коменский ойынды баланың қозғалуына табиғи қажеттілік ретінде
қарастырды. Ол балаларға ойнау үшін көмектесіп отыру қажеттігін, олардың іс-
әрекетін бақылау керектігін ерекше атап көрсетті: Бала неғұрлым көп әрекет
етсе, жүгірсе, жұмыс істесе, соғұрлым ол жақсы ұйықтайды, жақсы
тамақтанады, тез өседі, денсаулығы мықты болып, дене, ой дамуы жақсы
жүреді, бірақ ол үшін баланы үнемі қорғап отыру қажет[12;170].
Я.А.Коменский ойынның еңбекпен байланысы жөніндегі күрделі
педагогикалық проблеманы шешуге тырысты, сондықтанда оның көзқарастары
бүгінгі күнде де өз мәнін жойған жоқ. Ол ойынды біз баланың рухани және
дене дамуы қозғалысынан көреміз, сондықтан оларды саналы түрде пайда
келтіретіндей етіп, жүргізуіміз қажет, - деп атап көрсетті[12;172].
Оқытудың әдістері мен құралдары жөнінде мәселелерді қарастырған да
Дж.Локк та, Ж.Ж.Руссо да ең бірінші орынға баланың дамуын, білім алып,
тәрбиеленуін ойын арқылы жүзеге асыруды қойды[12].
Неміс педагогикасының көрнекті өкілі Ф.Фребель дидактикалық
ойындардың негізін салушы болып есептелінеді, ол қимыл-қозғалыс
ойындарының, құрылыс дағдыларымен еңбек ету қабілеттерін дамытуға
бағытталған дидактикалық жаттығулардың жүйесін жасады. Бірақ Ф.Фребель
ойындарының мазмұны баланың ой-өрісі мен қиялын дамытуды шектеді[12].
Қазіргі кезде ойын мәселесі бірқатар ауқымды зерттеулерде қомақты
орын алып, оның баланы дамытудағы мәні анықталды. Зерттеушілер ойын арқылы
оқу міндеттерін тиімді шешуге болатынын дәлелдеді. Ойын теориясы мен
маңыздылығы туралы К.Д.Ушинский мен П.Ф.Лесгафт, тәрбие және оқыту
барысында ойынның алатын орны туралы В.А.Сухомлинский, С.П.Шацкий және
Н.К.Крупская өз пікірлерін білдірген 15].
К.Д.Ушинский сабаққа ойын элементтерін енгізу оқушылардың білім алу
процесін жеңілдететінін атап көрсеткен болатын.
Ойын екі түрлі уақыттық бағытты қамтиды: қазіргі және болашақ. Бір
жағынан бала бірден, осы мезетте қуанышқа бөленеді, екінші жағынан ойын
әрқашан болашаққа бағытталған, өйткені ойын барысында тұлғаның келешек
өміріне ықпал ететін сапалы қасиеттері мен іскерлік, дағдылары қалыптасады.
А.С.Макаренконың айтуы бойынша, ойынға бір жақты көзқарас қате
педагогикалық үрдісте ойынды дұрыс пайдалану сабақтың тиімділігін
арттырады, балаларға қуаныш силайды. Ойын бала үшін жаңа ортаға тезірек
бейімделуге мүмкіндік береді. Жаңа ортаға, оқу үрдісіне өту үйреншікті өмір
сүру әдістерін өзгертуді қажет етеді [15].
Ойындардың психологиялық мәнін зерттеу мәселесімен көрнекті
психологтар Л.В.Занков, Л.С.Выготский, Д.Н.Узнадзе, С.Л.Рубинштейн,
А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин, А.А.Люблинская, В.С.Мухиналар айналысты[15].
Л.С.Выготскийдің дамудың жақын аумағынан дамудың актуалды
аумағына өту туралы теориялық ұстанымына байланысты бала дамуының сапалы
болуы дидактикалық ойындарды пайдаланудың ықпалының зор екені негізге
алынған. Мәселенің көкейкестілігін айқындауда Ж.Пиаже, Дж.Дюьи еңбектеріне,
жас ерекшелігі және педагогикалық психология ғылымдарының соңғы
жетістіктеріне сүйене отырып, бала дамуындағы функциональдық тенденция
концепциясына (Д.Н.Узнадзе) бағдар жасаған[15].
Бала ойын қызметіне талпынады, ойын олар үшін өмірдің мәні болып
табылады. Ойын дегеніміз не және оған балалар неліктен ынтығады? Кейбір
психологиялық теориялар ойынның мәнін баланың артық әл-қуатын шығындап,
жоғалтқысы келген талабымен түсіндіреді.
Алайда мұндай көзқарас: бала бойындағы осы бір артық әл-қуат қайдан
келеді деген сұраққа сәулесін түсіре алмайды. Ол оны бір ойында шығындай
алмай, ойындардың жаңа түрлеріне қызыға, беріле кірісетіні несі? Оған
осындай ойын түрлері неменеге керек? Сірә, ойынның психологиялық
жаратылысын түсіндіруді осы сұраққа қайтарылған жауаптан бастау керек,
өйтпейінше баланың бір ойыннан екінші ойынға неліктен қасарыса ұдайы көше
беретіні, бір ойыншықты тастай салып, екінші ойыншыққа неліктен ұмтылатыны,
үлкендер ойынды тоқтатып немесе күштеп тыйым салған кезде неге
қарсыласатыны шынында да түсініксіз болып қалады.
Бұл арада бізге белгілі көрнекті психолог Д.Н.Узнадзе негізін салған
функциональдық тенденция концепциясы көмектеседі. Бұл концепцияның мәні
неде?[13].
Белгілі бір генетикалық жағынан қанға сіңген қызметтер, күш,
мүмкіндіктер балаға іштен туа бітеді. Солардың кейбіреулері бала туысымен-
ақ бірден немесе алғашқы күндері қозғала бастайды, ал өзге қылықтар баланың
тіршілік қызметіне әртүрлі кезеңде жалғасады.
Баланың жекелеген қызметінің оның күнделікті қызметіне енуінің осы
бір дәйектілігі, біріншіден, жаратылыстың алдын ала анықталуына, екіншіден,
қызмет комплексінің кез-келген топтарының дер кезінде көрінуін
ынталандыруға, олардың дамуы қалыптасуына ықпал етуге тиіс қоршаған ортаға
байланысты. Мәселен, қозғалысқа келетін күштің генетикалық айқындалған
уақыты жетпейінше бала туа сала жүріп кете алмайды, алайда оның жетіліп,
екі аяғын тік басып, тәй-тәй жүруі үшін баланы қимылға тартатын, оның
құламай, тік тұруына, аяқтарын тең басып жүруіне көмектесетін және
үйрететін адамның қамқорлығы, қолайлы орта қажет.
Ойынның мәнін анықтайтын бірінші ереже, ойын мотивтерінің әртүрлі
бала үшін мәні зор күйініштерге негізделетіндігі болса, екінші ереже-ойын
әрекеті адам іс-әрекетіне тән көптеген мотивтерді жүзеге асыруы болады.
Бала белгілі бір рольді ойнағанда, ол тек басқа бір тұлғаға айналып қана
қоймайды, өзін де байытады, ой-өрісін кеңейтеді, тереңдетеді.
Баланың психикалық дамуына ойынның әсері зор. Ойын әрекеті зейіннің,
естің, ойлаудың, қиялдың, бүкіл танымдық процестердің дамуына әсер етеді.
Ойын баланың ойын ережесінде мынадай талаптардың қамтылуын көздейді:
-бала құрбыларыменбірлескен ойында дамып отыратын сюжетке байқампаз
болуы тиіс,
-ол қайсыбір кішкене тастың ағаш жаңқасы, титімдей қағаз, т.б. нені
білдіретінін есте сақтауы тиіс,
-ол аяқ астынан күтпеген жағдайға тап болған сәтте не істеуі керек
екенін тез байыптауы тиіс,
-ол жоқ затты немесе қиялындағы жағдайды көз алдына елестете отырып,
ойынға қатысушы басқалардың мұның ұсынысын қабылдап, оның ойластырған ісіне
қанағаттанатын болатындайәрекет ете білу тиіс.
Сөйтіп, ойын әрекетінде бала саналы мақсат көздей алатын психикалық
процестердің ырықтылығы қалыптасады. Ойын жағдайында балалар жай есте
сақтау жағдайынан гөрі әр нәрсеге жақсы зейін қояды және көбірек есінде
сақтайды. Бала ойын үстінде саналы мақсатты зейін тоқтату, есте сақтау,
еске түсіру шұғыл және оңай жүзеге асырады. Ойын шарттарының өзі баладан
ойыншық заттарға, ойналатын көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап
етеді.
Құрбыларымен қарым-қатынас жасау қажеттігі, олардың эмоциялық
қолдауына ие болу қажеттігі баланы мақсатты түрде зейін қойып, есте
сақтауға мәжбүр етеді.
Ойын мақсатсыз бос ермек емес. Көп уақытқа созылатын, баланы
қалжырататын жаттығулар, жіптен секіру, орамал тастау, доптан секірту
сияқты ойын түрлерін меңгеру өзінің оң нәтижесін береді. Балалар ойнай
жүріп, белгілі ережелерге сүйеніп, әлгіндей заттар арқылы іс-әрекетті игеру
міндетін орындайды. Ойнай жүріп, бала мол күш-жігер жұмсайды.
Ойын баланың психикасында сапалы өзгерістер туғызады. Балалардың
ересектермен бірлесіп өмір сүруге ұмтылысы бірлескен еңбек негізінде
қанағаттандырылмайтыны белгілі. Бұл қажеттілігін балалар ойын арқылы
өздеріне ересектер ролін алып, еңбектік өмірді ғана емес, сол сияқты
әлеуметтік қарым-қатынасты да нақтылап көрсетеді.
Д.Б.Элькониннің атап өткеніндей, мұнда балалар өзара сәйкес рольдерді
тасымалдаушылар (ересектердің өзара әлеуметтік қатынасын қайта жаңғыртады),
әрі ойынға тікелей қатысушылар болады. Баланың қоғамдағы осындай ерекше
орны оның үлкендер өміріне араласуының айрықша түрі болып саналатын рольдік
ойынның пайда болуының негізіне айналады. Біраз уақыттан кейін рольдік
ойыннан ереже бойынша жүргізілетін ойынға ауысады. Біртіндеп ереже ойын
әрекетінде бірінші орынға қойылып, алғашқы сюжеттік сипатқа ие болады,
сосын ойында жеңіске жету бала үшін үлкен мәнге айналып, ойын еңбекке және
оқу әрекетіне ұқсас бола бастайды. Шындығында бұл осылай, егер 3-4 жасар
балада ойынға деген қажеттілік күшті болса, 5-6 жаста ол мүлдем әлсіз деп
айтуға болады[19].
Ойында ең алғаш баланың дүниеге әсер етуді қажетсінуі қалыптасады
және көрінеді, ойынның негізі, жалпы мәні де осында.
Ойынның мәнін анықтайтын бірінші ереже, ойын мотивтерінің әртүрлі бала
үшін ол мәні зор күйініштерге негізделетіндігі болса, екінші ереже-ойын

5-6 жасар бала ойынға психологиялық дайындықпен кіріседі. Ол
қайсыбір ойыншықты өзінің қалауымен еркінше алады, белгілі бір сюжетті
ойластырып, ойынға құрбыларын тартады, содан соң бәрі бірлесіп, өздері
белгілеген ереже бойынша әрекет етеді.
Ойын баланың өз еркіне негізделген ырықтылығын туғызады, ол баланың
сезімін оятып, адамгершілік қасиеттерін жетілдіреді. Ойын үстінде бала өзін-
өзі жеңуге дағдыланып, шынайы қанағат сезіміне бөленеді, жеке тұлға ретінде
қалыптасады.

- Бала құрбыларымен бірлескен ойында дамып отыратын сюжетке байқампаз
болуы тиіс, ол қайсыбір кішкене тастың ағаш жаңқасы, титімдей қағаз,
т.б. нені білдіретінін есте сақтауы тиіс;
- Ол аяқ астынан күтпеген жағдайға тап болған сәтте не істеуі керек
екенін тез байыптауы тиіс;
- Ол жоқ затты немесе қиялындағы жағдайды көз алдына елестете отырып,
ойынға қатысушы басқалардың мұның ұсынысын қабылдап, оның ойластырған
ісіне қанағаттанатын болатындай әрекет ете білу тиіс. Сөйтіп, ойын
әрекетінде бала саналы мақсат көздей алатын психикалық процестердің
ырықтылығы қалыптасады.
Ойын жағдайында балалар жай есте сақтау жағдайынан гөрі әр нәрсеге
жақсы зейін қояды және көбірек есінде сақтайды. Бала ойын үстінде саналы
мақсатты зейін тоқтату, есте сақтау, еске түсіру шұғыл және оңай жүзеге
асырады. Ойын шарттарының өзі баладан ойыншық заттарға, ойналатын
көріністер мен сюжетке зейін тоқтатуды талап етеді.

Ойын жағдайы, сондай-ақ, баланың ақыл-ой әрекетін дамытуға үнемі
ықпалын тигізеді. Бала кез келген күтпеген жағдайға қашан да дайын болып,
оны дәл сол жерде дұрыс шеше білуі тиіс, ол ойын атауына сәйкес жоқ заттың
орнын басатын нәрсемен әрекет жасай білуі тиіс.Орын басатын зат ойлау үшін
тірек болмақ. Сол затқа сүйену негізінде бала нақты зат туралы ойлауды
үйренеді. Ойды дамытудың мәні мынада: бала тікелей қабылданатын көрнекі
жағдайда зат арқылы әрекет етуді біртіндеп тоқтатады да, заттар туралы
ойлауды, ойын жоспарында оларды пайдаланып, әрекет етуді үйренеді. Сөйтіп,
ойын баланы түсініктер жоспарына сай ойлауға баулиды.
Сонымен бірге ойын тәжірибесі, әсіресе ойын жөніндегі нақты өзара
қарым-қатынастар ойлаудың айрықша қасиетінің негізін құрайды, мұның өзі
басқа адамдардың көзқарасын қабылдауға, олардың мүмкін болатын мінез-құлқын
болжап білуге және осының негізінде өз мінез-құлқын түзеуге мүмкіндік
береді.
Рефлексия – бұл адамның өзінің жеке іс - әрекеттерін, қылықтарын,
мотивтерін талдау және оларды жалпы адамзаттың байлықтарымен, сондай-ақ
басқа адамдардың іс-әрекетімен, қылықтарымен, мотивтерімен салыстыру
қабілеті[24].
Мұны адамдардың әдеттегі тілімен айтсақ, былайша тұжырымдауға болады:
Мен жайында сенің не ойлайтыныңды білемін немесе Сен жайында менің не
ойлайтынымды сен білесің. Бұл тұжырымдарда қалжың емес, басқа адамның
бойындағы мотивтерін, сезімін, жай-күйі мен ниетін ұғуға деген және
осыларды өз мінез-құлқында қатеріне алуға деген адам қабілетінің шынайы
сипаттамасы бар. Рефлексия адамдар арасында оң мінез көрсетуге игі ықпал
жасайды.
Рефлексияның дамуында ойынның ықпалы күшті, өйткені ойында адамдармен
араласу процесін қамтитын іс-әрекеттің қалай орындалуын бақылауға нақты
мүмкіндік жасалады. Айталық, ауру бала ролінде ойнай отырып, балдырған ауру
кездегідей жылайды, азап шегеді, артынша бұл рольді ойнаушы ретінде
өзіне-өзі риза болады.
Рольді ойнау кезіндегі екі жақты позиция – орындаушы мен бақылаушы -
өз мінез-құлқын өзімен әрекеттес басқа біреудің жеке тәжірибесімен,
әлдекімнің бейнесімен салыстыру қабілетін дамытады. Рольдік ойында адамға
тән шынайы қабілет ретінде рефлексияны дамытудың, өзіндік іс-әрекетті,
қажеттілік пен күйініш-сүйінішті ақылға салудың, оларды басқа адамдардың іс-
әрекеттерімен, қажеттіліктерімен және күйініш-сүйініштерімен салыстырудың
орасан зор мүмкіндіктері бар. Рефлексияға қабілеттілікте басқа адамды
түсіну, сезіну мүмкіндігінің сыры жатыр.
Бала ойын үстінде бір затты екінші бір затпен жиі алмастырады. Орын
басушы зат жоқ заттың белгісі ретінде көрінеді. Сонымен бірге, бала өзіне
әр түрлі роль жүктеуді үйренеді. Заттардың орнын алмастыру мен өзіне әр
алуан рольдерді жүктеу қабілеті қиялды дамытудың негізін құрайды.
Қиялдау қабілетін дамыту баланың пайымдауына жатпайтын нәрселерді,
басқалардың не жөнінде айтқаны туралы көз алдына жақсы елестетуіне
мүмкіндік береді. Қиялдау балаға естігенін ұғынуға және оны көз алдына
елестетуге көмектеседі.
Оқушының жеке басының дамуына ойынның өз ықпалы бар. Ойын арқылы бала
ересек адамның мінез-құлқы және қарым-қатынасымен танысады, ал бұлардың
бәрі оның өз мінез-құлқының үлгісі болады. Ойын арқылы ол өз құрдастарымен
қатынас жасау дағдыларына ие болады.
Ойын баланы еліктіре отырып, өзіне жүктелген рольге қатысты ережелерді
орындауға итермелей отырып, сезімін жетілдіруге, ерік-жігерін реттеуге
себін тигізеді.
Бала ойын арқылы өз сана – сезімі құрылымының негізін құрайтын жеке
басының қадір-қасиетін ұғынады. Ол рольді ойындарда беделге ие болуға
талаптанады, өзінің шамасына сай келетін рольді иемденеді, ойында өзін
балдырғанның орнына қойып, ойын құқы мен міндеттерін меңгереді.
Құрбыларының арасындағы ойында беделге ие болу қажеттілігі принципті
жаңа негізде шешім табады: егер үлкен адам тарапынан баланың жетістіктерін
қолдап отыруға тырысушылық байқалса, онда бала мен құрдастар арасында
күрделі қарым-қатынас орнау негізінде жарыс және өзара көмек сәттеріне жол
ашылмақ.
Ойында қалыптасатын қарым-қатынастарда балада беделге ие болғысы келу
талабы пайда болады. Беделге ие болу қажеттігінің екі жағы бар: бір
жағынан, бала басқалар сияқты болуға, ал екінші жағынан, бәрінен жақсы
болуға талпынады. Мұндай мотив баланың жетістіктерін және оның жеке тұлға
ретінде дамуын айқындайды.
Балалар құрбыларының жетістіктерін бағдар тұтады. Сондықтан да
басқалар сияқты болу мотиві белгілі бір дәрежеде баланың дамуына ықпал
етіп, оның жалпы орташа деңгейге көтерілуіне себін тигізеді. Сонымен бірге
осы кезде бала ойында басқалардан жақсы болуға талпыныс білдіреді. Ол
енді басты рольді иемдену жолында күресе бастайды. Бұл сырт көзге онша көп
байқала қоймайды[24].
5-6 жасар бала өзінің беделге ие болғысы келу ниетін басқалардан жасыра
біледі. Өзі үшін маңызы бар рольді иемденуге емеурін білдіре отырып, бала
енді бұл ниеті жүзеге асырудың нақты мүмкіндіктерін ұғына алады. Алайда көп
жағдайда баланың талабы оның топтағы беделіне және оның ойнап жүрген
құрбыларына нақты басшылық ету мүмкіндіктеріне байланысты бола бермейді. Ол
басқалардан табысты болуға, алда болуға, тіпті ең болмағанда табысқа жеткен
баладан кейін қалмауға тырысады. Бұл әрине, барлық балаға тән нәрсе емес,
бірақ қалай десек те, көпшілік балалар жақсы баладан қалмауға, онымен
жарысқа түсуге айқын ұмтылыс білдіреді.
Ойындағы жақсы роль туралы, кімнің епті, кімнің күштірек екені сөз
болғанда балалар арасында бәсекелестік болып жатады. Басқаларға қарағанда
жақсы болуға ұмтылу табысқа жетудің бірден-бір мотиві бола алады және ол
балада өз қадір-қасиеті мен кемшілігін сезіну қабілетін туғызатын жағдайдың
бірі болып табылады.
Басты рольді иемденуге, басқалардың арасында жетекші болуға деген
талпынысын олар өздеріне қолайлы жағдайларда білдіреді. Егер табысқа жетуге
сенімі болып, оған толық мүмкіндік барына көзі жеткенде ғана бала қайсыбір
рольді иемдену жөнінде ашық түрде емеурін алады. Бала үшін оның беделге ие
болсам деген сенімін нығайтатын, мұнымен бірге жолым болмайды-ау деген
қаупін жоятын қосымша ресурс ретінде мынадай әр түрлі шарттардың жүзеге
асқаны керек:
- сенімділік – бұл орайда баланың Жетекші мен болуға тиіспін деген
талабын басқалар мүлтіксіз қабылдайды немесе ол қалаған рольді иемденеді;
- бірдеңеге иелік ету – яғни өз дегенін істеткізуге басқаларды мәжбүр ету
мысалы, бәрі ойнағысы келетін допқа ие болу;
- қандай да бір артықшылыққа ие болу – мәселен, дәл осы бір ойын үшін
қажетті болатын қайсыбір қабілетті иемдену, осы ойын үшін ұл бала немесе
қыз бала ретінде басымдылық көрсету т.б..
-5-6 жасар балалар тәуекелділіктің не екенін де біледі, ол сондай-ақ
беделге ие болғысы келетін ниетін құрбылары қабыл алмаған кезде оған өте
қиынға соғатынын да біледі. Ойында беделге ие болуға тырысушылық жеке
бастың қасиеттерін ұстамды болу, рефлексияны меңгеру, жеңіске құштарлықты
дамытады[25].
Кіші мектеп жасында баланың қай жынысқа жататындығына байланысты
рольді иемденуге тырысушылығы әр түрлі дәрежеде байқалады. Ойында жыныстық
белгісі бойынша топталады. Ұл балалар асық, аңшы, сарбаз болып ойнайды.
Олар бірлескен ойындарды жақсы көреді, онда олардың әрқайсысы өзінің
батылдығын, ептілігін, күштілігін дәлелдеуге тырысып бағады. Қыздар қыз-
шеше, аурухана, балабақша, мектеп ойынын ойнай жүріп, адамдар арасында
пайда болатын эмоциялық қарым-қатынастарды бейнелейді, яғни жақсы көру,
көмектесу, әлсіз, ауру адамға жанашырлық көрсетеді.
Осындай жіктелушілікке, яғни ұл, қыз болып бөлінуіне қарамастан, олар
бір-бірімен қарым – қатынасын көз жасымен де, ұрыс – керіспен де білдіруі
мүмкін. Мұндай кездері ұл бала сезімталдық, қыз сотқарлық та, қиыншылықты
жеңуге талпыныс та көрсетуі мүмкін. Бірақ ойында пайда болатын басты нәрсе
– баланың жынысына байланысты ойынды қалау тенденциясы.
Бала жалғыз отырғанда ойынды көбіне жынысына қарай таңдайды. Мысалы,
ұл бала үй, гараж, кеме, мұнара салады, машина айдайды, аюға, қасқырға
садақ асынған батыр ретінде танылады. Өз қиялында ол жауыз күшпен айқасқа
түсіп, оны жеңіп шығады. Қыз қуыршақ бұрышын жинастырады, тамақ пісіреді,
аюдың ауру баласын емдейді, қызына ақылды болуға кеңес береді. Ол өз
балаларын сүйіспеншілікпен өсіретін ізгі ана болсам деп қиялдайды.
Ұл балалар мен қыздардың өз ойыншықтары бар. Ойыншықты таңдау кезінде
балалардың белгілі бір жынысқа жататындығы айқын білінеді. Ұл балалар
автомат, пистолет, қылыш, садақ, жеңіл машина ойыншықтарын, ал қыз балалар
мойынға тағатын моншақ, кішкене қолайна, опа-далап, сөмке және қуыршақтар
жинайды.
Ойын баланың жыныстық айырмашылығын айқындайды. Ойын балаға еркектің
немесе әйелдің алда тұрған ролімен алдынала танысуға, өзінің бойындағы
табиғи қабілеті нышанын жарыққа шығаруға мүмкіндік береді, өзін ұл немесе
қыз ретінде сезінуге және өзін болашаққа дайындауға үйретеді.
Ойын баланың әлеуметтік қарым – қатынас ортасы. Баланың жеке басының
дамуы үлкендермен өзара қарым-қатынас сипатына ғана емес, сондай-ақ
құрбыларының ықпалына да байланысты болады.
Құрбыларымен араласуға деген қажеттілік ең алдымен балалардың
бірлескен ойындары мен ойындағы қарекетінің негізінде дамиды.
Құрбы-құрдастар бір-біріне ықпал етеді. Араласу жағдайында ғана бала
басқа адамдармен қарым-қатынаста меңгерген мінез-құлық нормаларын
практикада қолдану қажеттігін, бұл нормалар мен ережелерді әр алуан нақты
жағдайларға бейімдеп қолдану қажеттігін түсінеді.
Балалардың бірлескен әрекетінде іс-әрекеттерді өзара үйлестіруді,
құрбылары мен арада ізгі қарым-қатынас орнатуды, ортақ мақсатқа жету үшін
жеке бас тілегінен бас тарта білуді талап ететін жағдайларда балалар мінез-
құлықтың қажетті тәсілдерін барлық кезде бірдей таңдай білмейді.
Әрқайсысы өз тілегін қорғап, құрбыларының тілек-талаптарымен және
құқықтарымен санаспайтындықтан, кейде олардың арасында дау-дамай болып
қалып отырады. Бірақ нақ осы жаста баланың басқа адамға жанашырлық
білдірмей тұрып, басқаның дегеніне көнбей, өзінің дегеніне жетпейтіндігі
жайында ақиқатқа көзі жетеді. Ойындар жөніндегі қарым – қатынастар мен
ойындық қарым – қатынастар өмірде әлеуметтік қарым – қатынастардың жүзеге
асуы түрінде көрінеді. Осыларды бастан кешу арқылы бала адам болуға
үйренеді.
Ойында бала қандай болмасын рольді иемдене отырып, сол рольге сай
келетін ережені де таңдап алады. Кез келген сюжетті ойында ереже кейде
жабық түрде, кейде ашық түрде көрінеді. Айналасындағыларға қатысты
міндеттер – баланың өз басына алған рольді орындау қажеттігін сезгендігі.
Мысалы, сатып алушы ролінде бала өзінің сатып алған заттары үшін ақша
төлемей кетуге болмайтындығын түсінеді. Дәрігердің ролі оны шыдамды болуға,
ауруға талап қоя білуге, тағы басқаға міндеттейді. Міндеттерді орындай
отырып, бала ойынға қатысушылардың ролін орындайтын басқалардың да
құқықтарына ие болады.
Мәселен, сатып алушының роліндегі бала өзіне ойыншықтар сөресінде
бар кез келген бұйымды жіберуді талап етуге және басқа сатып алушырға
жасалатындай қатынасты талап етуге, дәрігер құрмет пен сенімге негізделген
өзара қарым-қатынасты, өзі берген нұсқауларды емделушілердің орындауларын
талап етуге құқы бар[26].
Сюжетті ойынның мәні рольді орындаушының өзіне қойылған міндеттерді
орындауы мен ойынға қатысушы өзгелерге де қатысты құқықты іске асыруы болып
табылады. Бұлай болмайды!- дейді өзінің ойнау құқығын ережеге сүйеніп
қорғайтын бала. Ойында белгілі бір рольді өзіне жүктей отырып, ол өзін ойын
ережесіне сай ұстауға мәжбүр болады және бұдан басқаша болуы тіптен мүмкін
емес. Егер ол ережені бұзатын болса және бұл әдетін үнемі немесе жиі
қайталайтын болса, онда онымен арадағы қарым – қатынаста балалар тарапынан
қоғамдық пікір қалыптасатын болады. Бұл пікір бойынша тәртіп бұзушының
жөнсіздікке, тәртіпсіздікке салыну қылығы ашық та қатты айыпталып, балалар
өзара талдайды.
Әрбір бала үшін құрбыларының талап – тілегінен шығу маңызды,
сондықтан ол ойынға қатысушылардың үмітін ақтауға тырысады. Ендігәрі бұлай
істемеймін! - егер бала мұны лайықты үнмен кешірім сұрап айтса, шынында да
өзін ережеге сай ұстауға тырысатын болса, мұндай мәлімдеменің мәні
болмақ[27].
Ойында бала басқа балалармен тәуелді қарым-қатынасқа түседі. Ойынды
шынайы қарым-қатынастар мектебі деп тегін айтып жүрген жоқ. Үлкендердің
ролін өздеріне жүктей отырып, балалар еңбек пен қоғамдық қызметте, өзара
араласу барысында үлкендер басшылыққа алатын, өздері үшін түсінікті
ережелермен, мінез-құқық мотивтерімен танысады.
Ойын баланың еркін билеп алады, бейнелейтін кейіпкерді толық бастан
кешіруге тиісті – ниеттестік, жанашырлық, құрметпен қарау, тағы басқа да
сезімдер оған соншалықты қатты әсер етеді. Ойында кішкентай балаларды
бейнелейтін балаларға бала ниеттестікпен, қамқорлықпен, мейірімділікпен
қарайды; өз теңдестеріне әдептілік көрсетуге тырысады.
Балаларда роль бойынша атқарып шығуға тиісті бейнені ынтамен ойнауға
деген ықыластың күштілігі соншалық, олар бұл жағдайларда өздері үшін сондай
қиын да тартымсыз көрінетін әрекеттерді орындауға бар. Мектептегі
оқушыларды бейнелей отырып, іш пыстыратын, бірыңғай іспен, атап айтқанда,
бір әріптерді сан рет қайта көшіріп шығумен ұзақ уақыт бойы оқу -
әрекетімен айналысуға 5-6 жастағылардың қабілеті толық жетеді.
Баланың өз пікірі топтың пікірімен сәйкес келмейтін кездегі ойын
ережелеріне қатысты тәуелді қарым – қатынастар мен құрбыларына бағыну қарым
– қатынастарын айыра білу керек. Көпшіліктің пікіріне бағынуды комформдылық
деп атайды. Комформдылық көпшілікпен сырттай келісушілік ретінде,
келіспеушілікті іштей сезіну кезінде осы көпшілік ықпалына бағыну
балалардың қарым-қатынастарында мектепке дейінгі жаста пайда болады.
Бала комформдылығы өз білім дәрежесіне қарамастан басқаларға
дәлелдеу мен қарсы тұру қабілеті әлсіз кезде құрбыларының тобына қосылу
механизмі ретінде көрінеді. Орынсыз істі басқа біреудің соңынан неге
қайталадың? деген сұраққа бала, өйткені балалар солай дейді - деп, бір
сарынды жауап береді. Сондықтан да ол қараны ақ деп айтуы әбден мүмкін,
өйткені балалар солай деген, егер басқа балалар айтып тұрса, олар ащы
тағамды тәтті деуден те тайынбайды[27].
Мектеп жасына дейінгі балалардың көпшілігінде комформдылық едәуір
азаяды. Сонымен бірге 5-6 жасар бала ойындағы шынайы қарым-қатынастарды
белгілеу процесінде өз көзқарасын дәлелдеуді, өзінің сенетін, білетін
нәрсесін үзілді-кесілді жақтауды үйрене бастайды. Ол таныс құрбылары
арасында өз бетінше әрекет алады.
Ерік – жігерді көрсете білу, өз қарекетін реттей білу, ойға алғанын
белсенді түрде жүзеге асыра білу, өз ісінің дұрыстығына көзі жеткен кезде
басқаларға қарсы тұра білу қабілеті – адамның аса маңызды әлеуметтік
қасиеті – дербестік болып саналады. Бастауыш сынып жасында балада бұл
қасиет әсіресе жақсы таныс құрбыларымен арадағы ойынға қатысты қарым –
қатынастарда жетіледі.
Ойында өзара қарым-қатынастың екі түрі – ойындық және нақты қарым-
қатынастар бой көрсетеді. Бұл екі қатынас бірдей емес. Біз ойын барысында
байқап жүрген қатынас ең алдымен баланың білімі мен оның қалай әрекет ету
керектігі жөніндегі түсінігін сипаттайды. Нақты қарым-қатынастарда бұл
түсініктің қамтылуы міндетті емес. Егер ұл бала немесе қыз дәрігер ролінде
ауру адамға жанашырлық көрсетсе, ойын артынан, бірнеше минуттан соң, әлгі
емші, дәрігер ауру адамның шын көз жасын төккеніне қарамастан, шімірікпей-
ақ одан ойыншықты тартып алады.
Егер бала өзіне сатушының немесе сатып алушының ролін жүктесе, онда
ол ойында адамдардың жеке басы арасындағы қатынастарды сипаттайды. Бұл
орайда сату-сатып алу қарым-қатынастарымен қатар, ойын ережелеріне сәйкес
өзара байланыстылық қарым-қатынастары да жүзеге асады. Бұл қарым-
қатынастардың арасалмағын әдептілік айқындайды.
Нақты қарым-қатынастар – бұл ортақ істі орындау жолындағы балалардың
әріптес жолдас немесе бәсекелестер ретіндегі өзара қарым-қатынасы. Нақты
қарым – қатынас жасау кезінде балалар өзара мүдделі жағдайда бір-біріне
осындай сыпайы сөздер айтады. Эмоциялық күш түскен жағдайда әдептелік
әрінен айрылады.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде балаларды ортақ істе әріптесі табысқа
жетпеген жағдайда әдептілік пен жанашырлықтың орнын әдетте ашу- ыза мен
дөрекілік басады. Баланы шынайы әдептілік көрсетуге тәрбиелеу – еңбекті көп
керек ететін, ұзаққа созылатын процесс.
Мектепке дейінгі ересек жастағы балаларда біртіндеп бір-біріне деген
үйірлік, бір-біріне деген құрметтеу байқалады.
Бір жыныстағы балалар бір-біріне деген ізгі әуестікті жайдан-жай
көрсетпейді, олар бір-бірін сәйкес келетін бейімділіктері және өзара
жағымды бағалауларының сәйкес келуі бойынша таңдап алады. Олардың ойлары
бұл жағдайда жыныстың теңдік сипатына сәйкес келетін ортақ ойындарға
құрылады ұл балалар күреседі, жарысады, кеме жасап, жүзуге аттанады,
аңшылыққа шығады, соғыс ойыны т.б.; қыздар жіптен секіреді, қуыршақ, доп
ойнайды, ана мен қыз болып ойнайды т.б... Бұл одақтар эмоцияға
құрылатындықтан, ажыраған сәттерде балалар бірін-бірі сағынып жүретін
болады[27].
Сонымен бірге бұл кезде балаларда басқа жыныстың балаларына деген
өзіндік қатынас пайда болады. Бұл қатынас – жеке басқа тән нәрсе. Айталық,
ұл бала құрбылас қызын немесе одан естиярлау қызды көрген кезде, шынайы да
абыржыған сезімге бөленіп, оны сол қыз туралы асқақ арман ойлар билеуі де
мүмкін.
Үлкендер баланың абыржыған сезіміне құрметпен қарауы тиіс. Бұл
жерде үлкен адамның келемеждеуге немесе жоғары менмен пішін көрсетуге құқы
жоқ және оған баланың махаббат сезімін қоздыруына болмайды, керісінше,
сезімі мен қиялын басқа бір арнаға бұрып жіберуге тырысуы керек.
Шындығында да ұл мен қыздың өзара ұнатушылығының ар жағында бір-
бірінің бейімділігі мен өзара жағымды бағаларының сәйкес келуіне орай,
бірін-бірі құрмет тұту сезімдері жатады. Ұл мен қыздың одағы өте құбылмалы,
тұрақсыз келеді, өйткені бұл жаста жыныстық теңдік баладан өзі жатпайтын
жынысқа қарама-қарсы түрде өз жынысының өкілі ретінде сезінуді талап
етеді. Ұл бала өзінің құрбы қызынан немесе қыз өзінің құрметтейтін жолдас
ұл баласынан іргесін аулақ салу арқылы ғана өз жынысына жататындығын
дәлелдей алуы мүмкін.
Ұлдар мен қыздар одағының дамытушылық маңызы бар. Жыныстық теңдік, өз
жынысының бейнесіне психологиялық тұрғыдан енудің баланың жеке басының
дамуы үшін маңызды мәні бар: балалар ойын барысында, ойындағы тікелей
араласу барысында ұлдар мен қыздар, еркектер мен әйелдер өздерін қалай
ұстауы керек және ұстауға тиіс деген түсініктерін байытады.
Көпшілік ойындардағы рольдің дәрежесі бірдей емес. Рольді басты
мысалы, капитан, ана, дәрігер, мұғалім және қосалқы бағыныштылар,
матростар, балалар, аурулар, оқушылар деп бөлуге болады. Басты рольдер
әдетте әлеуметтік артықшылыққа ие болатындықтан, олар көбіне-көп балалардың
көпшілігі үшін тартымды болады. Бала жалғыз өзі ойнап, қалған кейіпкерлерді
қуыршақ арқылы бейнелеген кезде ол өзіне міндетті түрде басты рольді алады.
Ал ойынға бірнеше балалар қатысқанда, олардың бәрінің басты рольді иелене
алмайтыны – табиғи нәрсе.
Әдетте мектепке дейінгі жастағылар арасында ойынды ойлап табатын және
ұйымдастыратын, роль бөлуге жетекшілік ететін, басқа балалар үшін ойынға
қажетті әрекеттерді жүзеге асыруға бағыт бере алатын балалар болады.
Бұларды бастаушылар дейді. Олар, әдетте, басқа балаларға өзі алғысы келетін
рольді беруі және келісуі мүмкін болғанмен де, басты рольдерді өздері
атқарады кейбір жағдайда басқаға беруі де мүмкін. Сөйтіп, ойынның бүкіл
барысына шын мәнінде басшылық етеді.
Бастаушы – бұл өзінің соңынан бүкіл топты ерте алатын адам. Мектепке
дейінгі балада бастаушылық қасиет енді-енді дами бастайды. Ал кіші мектеп
жасында балалар бұл рольді еркін атқарады. Топқа танымал, топтың
сүйіспеншілігіне бөленген, құрдастарымен келісім жүргізе білетін, олардың
тілегін ескеріп, аратұра болып тұратын әр түрлы ұрыс-керісті қойғыза алатын
бала ғана ойында бастаушы бола алады. Бұл - нағыз бастаушы.
Бірақ кейде команда, жарлық беруге құштар, тек қана білек күшіне
сиынатын агрессивті, дене күші басым бала да бастаушы бола алады. Бұл –
агрессивті бастаушы[27].
Бастаушылық бұл бала бойында үнемі сақталатын қасиет емес. 5-6 жасар
балада байқалатын нағыз бастаушылық бұл мектепте одан әрі дамытуды тілейтін
бастаушылықтың алғы шарты ғана болып саналады.
Балалар топтарында қарым-қатынастардың белгілі бір иерархиясы
қалыптасқан. Ол топ ішінде бастаушы да, көңіл күйі жоғары, балалар жақсы
қабылдайтын белсенді көпшілік те бар. Алайда 5-6 жастағылардың бірқатар
топтарында құрбыластары жек көретін балалар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz