АЙЫПТАЛУШЫ РЕТІНДЕ ЖАУАПҚА ТАРТУ ҚАУЛЫЛАРЫ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 6
1. АЙЫПТАЛУШЫ РЕТІНДЕ ЖАУАПҚА ТАРТУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 . Айыпталушы ретінде жауапқа тартудың ұғымы, маңызы . . . 8
1. 2. Адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартудың негіздері . . . 10
2. АЙЫПТАЛУШЫ РЕТІНДЕ ЖАУАПҚА ТАРТУ ҚАУЛЫЛАРЫ
2. 1. Айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы . . . 16
2. 2. Жауап алу барысында айыпталушы туралы мәліметтер жинау әдістері . . . 20
2. 3. Қылмыстық iс . адвокаттардың айыпталушыдан жауап алғанда қорғауға қатысуы . . . 25
3. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕР БОЙЫНША АДВОКАТТЫҢ АЙЫПТАЛУШЫНЫ ҚОРҒАУ ТӘСІЛДЕРІ
3. 1. Адвокат қылмыстық iс бойынша iс қозғау сатысында . . . 31
3. 2. Ұстау және бұлтартпау шараларын қолданғанда жауап алу барысында адвокаттардың iс әрекетi . . . 34
3. 3. Адвокаттың қылмыстық жауаптылықты жеңiлдететiн мән-жайларды қолдануы . . . 45
3. 4 Айыпталушыны тергеу барысындағы мәжбүрлеудің заңдылық жүйесі . . . 48
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 56ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚАЙНАР КӨЗДЕР ТІЗІМІ . . . 58
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Айыптау - бұл басқару өкілеттігі бар адамның, органның адамды айыпталушы ретінде қылмыстық жауапқа тарту туралы қаулысында, айыптау қорытындысында, үкімінде, шағым (кассациялық) және қадағалау актілерінде, ақтауға болмайтын негіздер бойынша істі қысқарту жөніндегі қаулылары мен ұйығарымында тұжырымдалған айыптылығы туралы қорытынды жасауға мүмкіндік беретін іс жүзіндегі мағлұматтардың жиынтығы [1, 6 б. ] .
Қылмыстық іс жүргізу заңында, ғылыми-теориялық әдебиеттерде және заң тәжірибесінде "айыпталушы ретінде жауапқа тарту" термині бір мағынада түсіндірілмейді және оның мағыналық салмағы жоқ.
"Кейде келтірілген терминдердің мазмұны жөніндегі көмескі түсініктердің ықпалымен айыпталушы ретінде жауапқа тартудың қылмыстық іс жүргізу актісінің құқықтық табиғаты бұрмаланады, "айып тағу", "айыпталушы ретінде жауапқа тарту", "қылмыстық жауаптылық" және "қылмыстық жауаптылыққа тарту", сондай-ақ "қылмыстық ізге түсу" секілді сапа жағынан әртүрлі құқықтық ұғымдар орынсыз араласып кетеді" [2, 6 б. ] деп көрсеткен А. И. Трусов дұрыс айтқан.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Бұл мәселені ұғыну үшін қылмыстық процестегі айыптау ұғымын, оның мәнін, маңызын анықтау қажет.
Айыптаудың мәні мынада:
- адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту алдын ала тергеп тексеру сатысындағы басты, орталық әрекет болып табылады, өйткені бұл кезеңде бастапқы ресми айыптау қалыптасып, тағылады, яғни нақты адам -кең іс жүргізу құқықтары бар айыпталушы пайда болады.
Заңда адамның кінәлылығы шүбәсыз дәлелденген жағдайда айып тағу талабы жазылған болса, тергеп тексеру органдары өте қиын жағдайға тап болар еді. Олар бұған дейін негіз болса да бұлтартпау шараларын қолдану мүмкіндігі болмағандықтан, көптеген істер бойынша тергеп тексерудің соңында айып тағуға мәжбүр болар еді, өйткені ажлпы ереже бойынша бұлтартпау шарасы тек айыпталушыға ерекше жағдайларда сезікті адамға ғана қолданылады.
Зерттеудің әдістемелік негіздері: Дипломдық еңбектің әдіснамалық негізін философияда, әлеуметтануда, әлеуметтік психологияда, қүқық тарихы және теориясында, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, қылмыстық атқарушы, азаматтық қүқық салаларыңда, криминологияда қалыптасқан ғылыми ұстанымдар мен таным категориялары қүрады.
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негізі. Зерттеудің әдістемелік негізін объективті және шындыққа негізделген нәтижелер алуға арналған жалпы ғылыми және арнайы әдістердің жүйесі құрайды.
Зерттеудің бастапқы негіздемесі танымның диалектикалық әдісі болып табылады, осыған сәйкес дипломдық жұмыста қарастырылатын проблемалар олардың әлеуметтік мазмұны мен заңдық пішіні бойынша біріктірілген түрде ұсынылған.
Тақырыптың жаңалығы мен тәжірибелік маңызы. Құқықтық мемлекет құру барысында заң режимін құру, қылмыстылықты болдырмау, алдын алу және тергеу негізгі мәселе болып табылады. Қылмыстылықты зерттеу қылмыстық құқықтық саясатты жүзеге асыру үшін керек. Криминалогиялық зерттеу бойынша жасалып жатқан қылмыстармен, статистикалық санақ жүргізетін органдардағы мәлеметтер арасында үлкен айырмашылықтар бар.
- АЙЫПТАЛУШЫ РЕТІНДЕ ЖАУАПҚА ТАРТУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 . Айыпталушы ретінде жауапқа тартудың ұғымы, маңызы
ҚІЖК-нің негізінде белгіленген негіздерде және тәртіпте ғана адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартуға болады.
Дәлелдемелердің жеткіліктігі, яғни тергеушінің адамды жасаған нақты қылмысы үшін жауапқа тарту қажеттігі туралы дәлелдемелердің жиынтығына негізделген сенімі тергеушіге адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартуға құқық беретін негіз болып табылады.
Алайда дәлелдемелердің жеткіліктілігі адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартатын кезде жасалған қылмыс туралы толық және жан-жақты мағлұматтар жиналып болыд деген сөз емес, өйткені алдын ала тергеу аяқталған жоқ және дәлелдемелерді жинау жалғасуда, тергеушінің белгілі бір айыпталушы осы қылмысты жасады деген қорытындысы түпкілікті емес. Тергеп тексеру процесінде барысында айыптау өзгертілуі, толықтырылуы немесе қысқартылуы мүмкін.
Егер тергеушінің қолында қылмысты кімнің, қашан жасағаны және қандай қылмыс жасалғаны туралы қорытынды жасауға мүмкіндік бермейтін қылмыс жасаудың әдістері мен тетіктері жөніндегі мағлұматтары ғана болса, онда адамды айыптаушы ретінде жауапқа тартуға болмайды.
Тергеуші мен прокурордың айыпталушының қылмыс жасауға кінәлылығы туралы қорытындылары олардың ішкі сенімдері екенін атап көрсету керек. Ол ешқандай жағдайда ҚІЖК-де баянды теліген "соттың үкімінсіз және заңға сәйкес келмесе, ешкім де қылмыс жасағаны үші кінәлы деп танылмайды, сондай-ақ қылмыстық жазаға тартылмайды" деген қағидаға қайшы келмейді. Кінәсыздығының анықтығы (презумпция невиновности) тергеушіге айыптауды тұжырымдауға, айыпталушыны әшкерелеуге, оның кінәлылығын дәлелдеуге мүлде тыйым салмайды. Ол сонымен қатар, соттың заңды күшіне енген үкімімен айыпталушының кінәсы анықталғанға дейін оған қылмыскер ретінде қарауға тыйым салады [3, 8 б. ] .
Тергеуші қабылдаған шешімнің маңызы мынада:
- адамды қылмыстық жауапқа тарту туралы дәлелденген қаулыда тергеп тексерілетін іс бойынша анықталған мән-жайлар нақтыжіктемесі айқындалады;
- қылмыс жасағаны әшкереленетін айыпталушының қылмыстық кодекстің бабында көзделген жауаптылық шекарасы анықталады;
- айыпталушы ретінде жауапқа тарту қылмыстық іс жүргізу құқық қатынастары жүйесін тудырады, адам өзінің не үшін айыпталатынын біледі және заңда берілген құқықтарын пайдаланып өзінің мүдделерін мақсатты түрде қорғай алады;
- тергеуші мен прокурор айыпталушыны қорғану құқығымен қамтамасыз етуге, сондай-ақ оның жеке басы мен мүлкін қорғауды қамтамасыз етуге міндетті;
- қылмыстық істегі айыпталушының мәртебесі тергеушіге айыпталушының әшкерлеу жөніндегі ьұдан былайғы тергеп тексеруді неғұрлым тиімді және мақсатты жүргізуге мүмкіндік береді. өйткені айыпталушыға әртүрлі мәжбүрлеу және бұлтартпау шаралары қолданылуы мүмкін, ал айыпталушыдан алынған жауаптар дәлелдемелердің дербес түрі болып табылады;
- ең ақырында, қаулыдағы айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы тұжырымдама айыптау қорытындысында жаңғыртылады да, одан соң оны сотқа беру ауқымы мен сотта қарау шегі анықталады.
Қылмыстық іс жүргізу заңы сезікті адамға бұлтартпау шараларын қолданудан басқа жағдайларда адамды айыпталушы ретінде қашан жауапқа тартуға болатынын анықтамаған, мұнда 10 тәулікте кешіктірмей айыптау тағылуы немесе бұтартпау шарасын жою туралы мәселе шешілуі тиіс.
Жедел іздестіру шараларын жүргізу жолымен алынған мағлұматтар ҚР "Жедел іздестіру қызметі туралы" заңының талаптары сақталғанда ғана адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту үшін және қылмыстық іс жүргізу заңына сәйкес тексеру үшін негіз бола алады.
Тергеуші айыпталушыны айып тағылған күн туралы хабардар етуге және осымен бір мезгілде оның қорғаушы шақыру немесе тергеушіден қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуін өтіну құқығы бар екенін түсіндіруге міндетті.
ҚІЖК-ның ережелеріне сәйкес адамға айыптау тағылған кезде, егер қорғаушыны айыпталушының өзі, оның заңды өкілі немесе оның тапсыруымен яки келісімімен басқа адамдар шақырып қоймаса, қорғаушының қатысуы міндетті болып табылатын істер бойынша тергеуші оның келуін қамтамасыз ету шараларын қолданады.
Сонымен, біздің көзқарасымыз бойынша, адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартуды қылмыстық іс қозғалған нақты адамға қатысты қылмыстық ізге түсудың басталуы деп есептеу қажет. ҚІЖК-нің 7-бабының 13-тармағының мәтіні де осыған дәлел болады - "қылмыстық ізге түсу (айыптау) " - бұл қылмыстық заңмен тыйым салынған әрекет пен оны жасаған адамды, оның қылмыс жасаудағы кінәлылығын анықтау мақсатында, сондай-ақ мұндай адамға жаза немесе өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын қолдануды қамтамасыз ету үшін айыптау тарабы жүзеге асыратын іс жүргізу қызметі. Қылмыстық ізге түсудің анықтамасынан қылмыс жасаған адам осы әрекеттің орталық буыны болып табылады, демек, істе нақты адамның - айыпталушының пайда болуы қылмыстық ізге түсу әрекетінің басталуы деген қорытынды жасауға болады [4, 10 б. ] .
Айып тағылатын кезде қылмыстың дәлелденгендігі - адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартудың басты белгісі.
1. 2. Адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартудың негіздері.
Тергеуші айып тағылғаннан кейінгі 24 сағаттан кешіктірмей айыпталушыдан жауап алуға міндетті. Алайда бұл ережені жүзеге асыру тәжірибесінде айыпталушыдан жауап алу оған айып тағылғаннан кейін тез арада жүргізіледі. Мұның қажеттілігі ең алдымен мынадай жайларға байланысты: айып тағылғаннан кейін тергеуші жауап алу арқылы айыпталушының тағылған айыпқа қатынасын анықтауы, өзінің кінәсын мойындамайтын айыпталушыдан түсінік алуы, оның жеке басын және басқа нақты мағлұматтарын зерттеуі қажет. Яғни бұлтартпау шараларын таңдауда ескерілетін мән-жайларды анықтауы тиіс. өйтпеген жағдайда, ауыр немесе басқа қылмыс жасағаны үшін айып тағылатын адам алдын ала тергеуден жасырынып қалуы мүмкін.
Адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартудың негізі дұрыс шешім қабылдау тұрғысынан қарағанда қылмыстық іс жүргізу ғылымы ұғымдарының теориясындағы барынша күрделі ұғымдардың бірі болып табылады. заң әдебиеттерінде осы ұғымды анықтауда ғалымдар оған редакциялық жағынан ғана емес, сондай-ақ мағынасы жағынан да өзара айырмашылығы бар түсінік беруде.
Н. С. Алексеев, Б. З. Лукашевич, П. С. Элькиндтің редакциялауымен шыққан оқулықта адамды айпталушы ретінде жауапқа тартудың негіздері "нақты адамның іс-әрекеттерінде қылмыстың құрамы бар екенін көрсететін жеткілікті дәлелдемелер" ретінде анықталады.
"Тергеп тексерілетін қылмысты, - деп жазады В. В. Шимановский - қылмыстық әрекет жасады деп кінә тағылған нақ сол адамның жасағаны туралы қорытынды жасау үшін қажет болатын дәлелдемелердің жиынтығы адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартуға негіз болып табылады". [5, 10 б. ]
С. Б. Бородиннің редакциялауымен шыққан оқулықта айыпталугы ретінде жауапқа тартуды реттейтін қылмыстық іс жүргізу заңдарының нормаларына сәйкес, "дәлелдемелер жеткілікті болатын реттерде қылмыс жасады деген айыптау тағылуы мүмкін. Кеңестік қылмыстық процесс теориясында дәлелдемелер ("іс жүзіндегі деректер") бұл үшін негіз болып табылады деген пікір үстем болып келді. Алайда аталған бапты мұқият талдау шын мәнінде тағылатын айыптаудың мазмұнын құрайтын іс жүзіндегі мән-жайлардың дәлелгендігі осындай негіз болып табылатынын көрсетеді . . . ".
Қарастырылып отырған мәселелерде А. С. Кобликовтың редакциялауымен шыққан оқулықтың авторлары да осындай айқындаманы ұстанады. Онда былай деп көрсетілген: "Алдын ала тергеудің барысында жиналған және тексерілген жеткілікті дәлелдемелер арқылы қылмыс оқиғаларының және осы қылмысты жасады деген адамның кінәлылығының дәледенгендігі айыпталушы ретінде жауапқа тартуға негіз болып табылады".
Біздіңше, айыпталушы ретінде жауапқа тарту негіздерінің кез келген анықтамасында осындай шешім қабылдауға жеткілікті дәлелдемелердің болуы керектігін көрсететін нұсқау жазылуы тиіс.
Бұл, біріншіден, заңда берілген мынадай тұжырымдамаға сай келеді: "Қылмыс жасады деп айыптау үшін негіз беретін жеткілікті дәлелдемелер болған кезде тергеуші адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы дәлелі қаулы шығарады".
Екіншіден, қылмыс оқиғаларының және адамның кінәлылығының дәлелденгендігі (немесе тағылатын айыптаудың мазмұнын құрайтын мән-жайлардың дәлелденгендігі, бұлардың екеуі де бір мағынаны білдіреді) түрінде айыпталушы ретінде жауапқа тарту негіздерінің анықтамасы іс жүзінде оны айыптау үкімін шығарудың негізімен бірдей деп тануды білдіреді [6, 11 б. ] .
Заңда бұл жөнінде былай деп айтылған: "Айыптау үкімі болжауларға негізделуге тиіс мес және сот талқылауы барысында сотталушының қылмыс жасаудағы кінәсы соттың зерттеген дәлелдемелерінің жиынтығымен дәлелденген жағдайда ғана шығарылады". Заң адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартудың негіздеріне қатысты мұндай талап қоймайтынын атап көрсету қажет.
Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып бұл ұғымды қарастыру адамның кінәлылығын шүбәсыз анықтау айыпталушы ретінде жауапқа тарту негіздерінің болатыны туралы мәселе бойынша айқындаманы талдауды талап етеді.
Мәселен, М. И. Баканов пен Ю. М. Грошевойдың редакциялаумен шыққан оқулықта адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартатын кезде қылмысты тұтастай алғанда ақиқат секілді оның кінәлылығы анықталуы тиіс деген тұжырымдама қорғалады. Онда, атап айтқанда, айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулыдағы барлық мән-жайларды тергеушінің күмәнсыз анықтап, олар ақиқат болуға тиістігі айтылған. Қаулының өзі бұл мән-жайларды дұрыс бейнелеп көрсетуге тиіс. қаулыда қылмыстың нақты құрамы және оны жасаған адам туралы ақиқат қорытындылар болуы тиіс. заң айыптау қорытындысы мен айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулыдағы айыптаудың бүтіндей бара-бар талаптарын басшылыққа алады. Алайда егер айыптау қорытындысында тұжырымдалған айыптауда ақиқат қорытындылар болса, онда аталған қаулыларда да нақ осындай қорытындылар болуға тиіс. [7, 12 б. ]
Сондықтан айыпталушы ретінде жауапқа тарту үшін тергеушіге қылмыстың болғаны туралы және оны айыпталушының жасағаны туралы өзінің қорытындысын тек ықтималдықпен растайтын мағлұматтарды анықтау жеткілікті деп әдебиеттерде айтылып жүрген пікірлермен келісуге болмайды. Келтірілген қағидалардың авторлары айтқан пікірді құқықтың дамуындағы кеңестік кезеңнің бірқатар іс жүргізуші ғалымдары қолдады.
Мәселен, А. М. Ларин былай деп жазады: "Айыпталушының қылмыстық жауапқа тартылатын кездегі кінәлылығы туралы тергеушінің қорытындысы түпкілікті, анық емес, керісінше, алдын ала, проблемалық ықтимал маңызын, яғни болжамдардың біреуін білдіреді".
М. С. Строговичтің пікірінше, "айыпталушы ретінде жауапқа тартатын кезде бұл адамның кінәлылығы дәлелденген деп есептеле алмайды және тергеушіден оны кінәлылығының орнына емес, қылмыс жасаған айыпталушының орнына қою үшін жиналған дәлелдемелердің жеткіліктілігіне сенімдік талап етіледі".
Егер заң адамды айыпталушы деп жауапқа тарту үшін қажетті жағдай ретінде осы адамның кінәлылығының дәлелденгендігін және бұған тергеушінің көзі жеткендігін белгілеген болса, бұл бұдан былайғы тергеудің айыптау жағына бейімделіп, айыпталушының кінәлылығынан басқа болжамдарды зерттеусіз қалдыруға әкеп соққан болар еді.
С. В. Бородиннің редакциялаумен шыққан оқулықтың авторлары да осындай айқындаманы ұстанып, қылмыстық жауапқа тарту үшін жеткілікті болатын негіздерді анықтауда дәлелдеуге жататын мән-жайлар да, сондай-ақ олардың дәлелденгендік дәрежесі де ескеріледі деп көрсетеді.
Мен нақ осы қағида қолдауға тұрарлық деп ойлаймын. Заң ақиқатты анықтауды және адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту кезінде тағылатын айыптаудың мазмұнын құрайтын мән-жайлардың шүбәсыз дәлелденуін талап етпейді. [8, 12 б. ]
Заңға сәйкес айыптау қорытындысының соңғы бөлімінде тағылатын айыптау тұжырымдамасы баяндалуы тиіс деген қағида тергеушінің қолында адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту кезінде де міндетті түрде айыптау қорытындысын жасау кезіндегідей дәлелдеме материалдары болуға тиіс деген сөз емес. Мұнда заң дәлелдеу процесі айыптау тағылғаннан кейін де жалғаса береді дегенді негізге алады. Мұның үстіне, ол қылмыс оқиғасын да, дәлелдеу тақырыбына кіретін айыпталушының кінәлылығын да қоса алғанда, барлық мән-жайларды зерттеуді қамтиды. Атап айтқанда, айыпталушы қылмыстық іс бойынша объективті тергеп тексеруге бөгет жасайды деп ойлауға негіз болған кезде оған бұлтартпау шараларын қолдану мүмкіндігін көздегензаңда осыны көрсетеді. Демек, заң істе адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартуға мүмкіндік беретін дәлелдемелердің болғанына қарамастан, ақиқатты әлі де анықтауға тура келетінін негізге алады. Заң айып тағуды өзгерту мен толықтыру қажеттігін, сондай-ақ айыпталушының қылмыс жасауға қатысқаны дәлелденбеуі себепті істің қысқартылуын туғызатын жаңа дәлелдемелер алу мүмкіндігін ескереді.
Заңда адамның кінәлылығы шүбәсыз дәлелденген жағдайда айып тағу талабы жазылған болса, тергеп тексеру органдары өте қиын жағдайға тап болар еді. Олар бұған дейін негіз болса да бұлтартпау шараларын қолдану мүмкіндігі болмағандықтан, көптеген істер бойынша тергеп тексерудің соңында айып тағуға мәжбүр болар еді, өйткені ажлпы ереже бойынша бұлтартпау шарасы тек айыпталушыға ерекше жағдайларда сезікті адамға ғана қолданылады.
Қылмыстың жасалу мән-жайларын анықтауға жәрдемдесетін дәлелдемелерді жинау мен бағалау тергеп тексеру кезендерінің мақсаты болып табылады да, осыдан кейін адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы шешім қабылданады. Адамның қылмыс жасағанын көрсететін бұлтартпайтын дәлелдемелер оны дер кезінде қорғану құқығымен қамтамасыз ететін тиісті іс жүргізу жағдайына қою қажеттігіне байланысты бұл мән-жайлардың осы кезеңде мүмкін болатын дәлелдеу дәрежесі шектеледі. Сондықтан осы кезге таман жиналған дәлелдемелердің жиынтығы жеткілікті бола алмайды. Ол айыпталушылардың берген айғақтарын ескере отырып, кейінгі тергеп тексерудің барысында толықтырылады.
Адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту жөніндегі шешімнің маңызы істі одан әрі жүргізу үшін жағдайлар туғызу қажеттігі болып табылады. айып тағудың мазмұнын құрайтын мән-жайлар бірдей дәрежеде анықталмауы мүмкін, бұл олардың әрбір қылмыс пен оны саралаудың ерекшеліктеріне қарай анықталатын маңызына байланыстыү алайда дәлелдемелердің жеткілікті жиынтығы жоқтығын осындай мән-жайлардың біреуін дәлелдеу процесі аяқталды деп есептеуге болмайды.
Заңда адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартудың негізін тергеп тексеру аяқатлды деп тану үшін емес, айып тауға үшін жеткілікті дәлелдемелердің болуымен байланыстырады. Осыған орай, тергеуші бұл кезде өзінің шығарған шешімі жорамалдарға немесе тексерілмеген мағлұматтарға емес, қылмыс жасалған және оны нақ айып тағылыпадам жасаған, бұл дәлелдемелердің бәрі заң талаптарына сәйкес жиналып, бағаланған және айыпталушыдан жауап алғанға дейін мүмкін болатын толықдәрежеде тексерілген деген қорытынды шығаруға болатындай дәлелдемелерге сүйенетініне көз жеткізуі тиіс.
Жоғарыда айтылған жағдайлар, меніңше, адамды айыпталушы ретінде жауапқа тартудың дәлелдігі іс бойынша ақиқат міндетті түрде анықталуға тиіс және қылмыстың оқиғалары мен оған айыпталушының кінәлылығы жөнінде білім жеткілікті болуға тиіс дегенді білдірмейді деп тұжырымдауға мүмкіндік береді. Тергеушінің айып тағудың мазмұнын құрайтын мән-жайлар туралы білетіндері ықтимал деректер ретінде қаратырылуы мүмкін, ал мұндай ықтималдық дәрежесі жоғары болып, шүбәсыздыққа дейін жуықтауы тиіс.
Қылмыстық іс бойынша мұндай жағдайға жетуге болады және тәжірибеде әдетте "адамның кінәлылығы туралы болжамды осы кезде қолда бар барлық құралдармен тексергеннен кейін мұндай болжамды дәлелдемелердің жиынтығы нанымды растап, қылмысты басқа адамдардың жасауы жөніндегі болжамдар көз жеткізе жоққа шығарылатын кезде де осындай мүмкіндік туады.
Іс жүргізу жөніндегі әдебиеттерде адамды айыпталушы ретінде жауапқа тарту үшін дәлелдемелердің жеткілікті болуы туралы мәселе көбіне тергеушіні айыпталушы адамның кінәлылығына қатысты сенімінің болуымен байланыстырылады. Бұған қоса, осындай пікірді ұстанатын авторлар мұндай сенім ақиқатты, шүбәсыз білімді анықтаудың нәтижесі болып табылады деген тұжырымды негізге алады. Қарастырып отырған мәселе бойынша қарама-қарсы айқындаманы жақтаушылар, керісінше, тергеушіде адамның кінәлылығына қатысты күдік, екіұдай пікір болса, оны айыпталушы ретінде жауапқа тарту мүмкін деп есептейді.
Тергеушінің айыпталушы адамды кінәлы деп есептейтін сенімін оның да қателесу мүмкін екенін ескере отырып, қорытынды ақиқаттығының өлшемі ретінде қарастыруға болмайды. және, керісінше, тергеп тексеру іс жүргізіліп адамды әшкерлейтін дәлелдемелердің жоқтығына қарамастан, сенімнің дұрыс болып шығуы да мүмкін. өзінің кәсібіне өмірінің көптеген жылдарын арнаған тергеушілердің ішінде сезіктімен "хаттамаға түсірілмейтін" ашық әңгіме үстінде оның қылмыс жасағанын егжей-тегжейіне дейін айтып, тергеушінің көзін жеткізгенін, ал оған айып тағу үшін жеткілікті дәлелдемелер жинай алмағандары да болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz