Банк қызметтерін тиімді ұйымдастыру
Мазмұны
Кіріспе 4
1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ Банктерді БАСҚАРУДЫҢ теориялық негіздері 7
1.1. Коммерциялық банктерді басқарудың мәні, түрлері 7
және негізгі бағыттары
1.2. Банк қызметтерін тиімді ұйымдастыру - коммерциялық банктерді
басқарудың негізгі мақсаты 14
2. Қазақстан Халық Банкі АҚ мысалында
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БанктІ БАСҚАРУДЫ талдау 36
2.1. Қазақстан Халық Банкі АҚ-ның басқару
жүйесін 36
сипаттау
2.2. Қазақстан Халық Банкі АҚ-ның мысалында коммерциялық банкті
басқаруды талдау 44
3. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БанктерДІ БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІН
жетілдіру жолдары 58
3.1. Коммерциялық банктерді басқарудың кейбір аспектілері 58
3.2. Business Unit Management технологиясының көмегімен банктегі
жұмыстың тиімділігін жоғарлату 64
Қорытынды 66
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 68
Қосымшалар
Кіріспе
Қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын
бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де
шайқалтты. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Дағдарыс бізге
сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың
сәйкессіздігінде жатыр.
Дағдарысты болдырмау және бәрін алдын ала көздеу мүмкін емес еді. Оны
еңсеруге әлемнің жетекші экономикалары қазірдің өзінде 10 триллионнан астам
АҚШ долларын, яғни бүкіл әлемдік ІЖӨ-нің іс жүзінде 15 пайызын жұмсады.
Бірақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлі өзгеретін емес. Дағдарыс өз ауқымына
дәйектілікпен Америка континентін, Еуропа мен Азияны тартты. Бүкіл жағдайға
қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдік экономика
өз құлдырауында әлі шыңырау түбіне жеткен жоқ.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2009 жылғы 6
наурыздағы Қазақстан халқына Дағдарыстан жаңару мен дамуға атты
Жолдауында: Қазақстан әлемдік экономиканың өскелең турбуленттілігіне жедел
үн қатқан және алдын алу шараларын іске асыруға кіріскен әлемдегі алғашқы
мемлекеттердің бірі болды. Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін біз
банктерге қосымша өтімділік бердік. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі
кәсіпорындардың экономикалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды.
Жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілді өтеудің сомасы 700 мыңнан 5
миллион теңгеге дейін ұлғайтылды. Мемлекет сыртқы қарыз алумен және меншік
капиталының жеткіліктілігімен байланысты банк секторының тәуекелдерін
төмендетуге көмектесті. Тұрғын үй құрылысына және үлескерлер проблемаларын
шешуге қолдау білдіруге 545 миллиард теңге жұмсалды. Елде іскерлік
белсенділігін сақтау үшін біз шағын және орта бизнес субъектілеріне 275
миллиард теңге көлемінде бұрын-соңды болмаған қаржылық қолдау жасадық.
Әкімшілік кедергілерді табанды қысқарту жөніндегі жұмыс жалғастырылды деп
айта кетті [1].
Нарықтық экономика жағдайында коммерциялық банктердің экономикаға
тигізетін эсері зор. Олар нарықтық қатынастарды дамыта отырып, мемлекеттің
экономикасын дамытады және жандандырады.
Сондықтан коммерциялық банктердегі басқару мәселелері бүкіл банктің
дамуын, оның болашақтағы табысы мен алатын орнына қатысы бар.
Дамыған елдерде банктік басқару мәселелері өндірістің тиімділігін
көтерудегі маңызды факторларға жатқызады.
Шетел банктердің тәжірибесіне қарағанда, банк қызметінің алға басуын
қамтамасыз ететін стратегиялық бағдарланумен қатар, олардың басқарушылық,
маркетингілік белсенділігінің дәрежелерін бөлек қарау керек. Тікелей
айтқанда, Басқару деген ұйымдастыру мен басқарудың оңтайлы жүйесі. Осыған
байланысты банктік басқару деген сөз, банктің және оның ұжымының
қызметтерін ұйымдастыру және басқару жүйесі деуге болады.
Қазақстан Республикасындағы банк секторының дамуы нарықтық
механизмінің ең табысты және тұрақты әлементтерінің бірі болып табылады.
Біздің банк жүйеміз ТМД елдерінің ішінен алдыңғы қатарлы деп саналып,
Ресейдің банк жүйесінен кейбір көрсеткіштер бойынша озып шығады. Сондықтан
банктік басқару мәселелерін ашып көрсету өзекті болып саналады.
Банк басқарудың ерекше ортасы ретінде тек дамыған нарықтық экономика
жағдайында ғана пайда болады. Банк операцияларының өркениетті елдерде
қабылданған деңгейге дейін жетуі келесі қызметтердің болуымен сипатталады:
бағалы қағаздармен, несиелік карточкалармен, валютамен жүргізілетін
операциялар, басқа банктер мен коммерциялық құрылымдардың акцияларын тарату
мен үнемдеуге көмектесу, клиенттерге олардың қаражаттарын рационалды түрде
салуға, инвестициялық жобаны бағалауға көмектесу, лизинг, факторинг басқа
да қызметтер. Нарықтық экономика несиелік мекемелер арасындағы
қаржылық нарықтағы нақты бәсекеге негізделген, кәсіпорындарды
мемлекеттік қаржыландыруға көшетін, инфляцияға әкелетін, нақты
инвестициялық жобалар мен бизнес - жоспарларды нарықтық механизммен
несиелендіру, жаңа тауар массасын құруға көзделген банктік басқарусыз болуы
мүмкін емес.
1991 жылы Қазақстан халқының тарихи тағдырында өзгерістер болды. Ел
нарықтық экономикалық қайта құрулар жолында халық бірлігіне, әлеуметтік
әділеттілігін және қоғамның барлық күштерінің бірігуінің принциптеріне
негізделген тәуелсіз, егеменді мемлекет құруға бет алды. Бұл баламасы жоқ,
революциялық қадам болды: социалистік әкімшіл - әміршіл басқару негізінде
экономикаға пара-пар жаңа шаруашылық жүйесін құру.
18 жыл ішінде егеменді Қазақстан терең экономикалық дағдарысты және
сонымен байланысты халықтың өмір сүру деңгейін елеулі төмендететін барлық
қызметтер мен тауарлар бағаларының күрт өсуі, бұрын байқалмаған
жұмыссыздықты басынан кешірді.
Бүгінгі таңда көптеген қиыншылықтар артта қалды деп қанағатпен
айтуға болады. Реформалардың таңдалған бағыттарын тұрақты сақтаудың
нәтижесінде дағдарыс бағындырылды. Соңғы жылдарда өнеркәсіптік және
ауылшаруашылықтық өндіріс көлемінің өсуі байқалды; жекеленген кәсіпорындар
өздерінің өндірістік күш - қуатын қайтадан қалыптастыруда; шағын және орта
бизнес дамуда; басқа да өмірлік маңызы бар орталарда жұмыстар жақсартылуда.
Осыған байланысты төлем балансының оң сальдосына қолымыз жетті, инфляция
деңгейі біршама төмендеді, ұлттық валюта - теңгенің бағамы тұрақталынды,
мемлекеттің қаржылық жағдайы жақсарды.
Нарықтық инфрақұрылым жетілдірілгендіктен ақша-несие операцияларында,
банктік жүйесінде тиімді банктік басқарудың қажеттілігі артты.
Бұл жұмыстың мақсаты болып дамудың қазіргі кезеңінде банктік
басқарудың дамуын көрсету болып табылады. Жұмыстың объектісі -Қазақстан
Халық Банкі АҚ. Ал диплом жұмысының тапсырмалары - банктік басқарудың
түсінігін қарастыру, шетел мемлекеттеріндегі банктік басқаруды
ұйымдастыру шарттарын анықтап, тәжірибесін үйрену,
Қазақстан Халық Банкі АҚ мысалында банктік басқаруды талдау ретінде
қойылған.
Бірінші бөлімде банктік басқарудың мәні мен ерекшеліктері
қарастырылады.
Екінші бөлімде Қазақстан Халық Банкі АҚ-ның басқару жүйесі мен
банктік басқарудың ұйымдастырылуы туралы баяндалады.
Үшінші бөлімде банктік басқарудың шетелдік тәжірибесі зерттеледі.
Сонымен қатар банктік басқаруды жетілдіруге бағытталған ұсыныстар да бар.
1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ Банктерді БАСҚАРУДЫҢ теориялық негіздері
1.1. Коммерциялық банктерді басқарудың мәні, түрлері және негізгі
бағыттары
Менеджмент ұйымдастыру және басқарудың оңтайлы жүйесі туралы ғылым.
Менеджменттің мағынасы әр түрлі. Менеджмент сөзі тар мағынасында
белгілі бір адамдар тобын ұйымдастыру мен басқаруға қатысты болса, оны
кең мағынасында банктің қызметі мен оның қызметкерлерінің ұйымдастыру,
басқарумен байланыстырады. Менеджменттің негізін өз ісін басқару
субъектісін білу, өз еңбегі мен ұжым жұмысын ұйымдастыру қабілеті,
сондай-ақ өздігінен даму және шығармашылық қызметке ынта таныту сияқты
адамдық фактор құрайды
Менеджментің негізгі фигурасы өзі айналысып отырған істің даму
болашағын көре білуге қабілетті , нақты жағдайда тез бағалай білетін ,
алға қойылған мақсатқа жету үшін оңтайлы шешім таба білетін кәсібі
басқарушы болып табылып табылады. Осыған байланысы менеджер жоғары
біліктілік , ой өрісі кең , тәукелге бара білетін қайсар, белгіленген
жоспарды іске асыру , ұжымда жетекші болу сияқты нақты кәсіби және
қасиеттерге ие болуы қажет.
Дамыған елдерде менеджмент өндіріс нәтижелерін көтеруде маңызды
факторлардың бірі болып саналады. Салыстырмалы түрде қосымша қаржысыз
аз шығынмен жоғары нәтижеге жетуге болатындықтан менеджментке сонғы
жылдары ерекше мән беріліп жүр.
Менеджменттің негізгі мақсаты – басқарудың оңтайлы жүйесі есебінен
пайда табу.
Демек, менеджмент бизнеспен, кәсіпкерлік қызметпен қатаң бәсекелістік
жағдайында дамыған нарықтық қатынастары бар елдердегі бизнеспен,
кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты . Жетістікке жету үшін немесе
істі дамыту үшін, оңтайлы алғышарттарға ие болу үшін басқару
жүйесін үнемі жетілдіріп отыру , теория мен практика жиналған білімді
тез менгеру , өзгермелі жағдайда жаңа ерекше шешім табу қажет.
Пайда табуға ұмтылу – менеджменттің бір ғана мақсаты емес. Қазіргі
менеджментте қоғамдық қажеттілікті қанағатандыру факторы менеджмент
қызметінде басты орындағы әлуметтік этикасын сарам олжаға, пайданы
өсіруге ұмтылу , емес , қоғамға қажетті тауар өндірісі мен қызмет
көрсетуді кеңейту анықтайды . сонғы жылдары менеджмент мақсатында адам
бойындағы қабілеттерге жол ашатын ұжымдағы әлеуметтік мәселелерді шешу
ісі де кіретін болады .
Менеджмент ғылым ретінде барлық қызмет саласына ортақ мына
пинциптерді сипаттайды:
1. басқару субъектісі әрекеттің нақты мақсатқа жетуге бағытталуын.
2. олардың алға қойған мақсаттарының, нәтижесінің және құралдарының
ортақтығын
3. Құрамына жоспарлау, талдау , реттеу және бақылау енетін басқару
процесінің кешенділігін.
4. Олардың араларының үзілмеуін қамтамасыз ететін келешекке арналған
және ағымдағы жоспардың бірлігін.
5. Оларды іске асырудағы маңызды фактор ретінде қабылданған
бақылауды .
6. Ұжымның және оның әрбір мүшесінің шығармашылық белселділігін,
табыстылығы мен жетістігін материалдық және моральдық тұрғыдан
ынталандыру.
7. Ұжымның әрбір мүшесімен оның мүмкіндігін пайдалануға жол ашатын жеке
жұмысты .
8. жұмысшылардың кәсіптік денгейін көтеруге , үнемі оқуға және
қызметтің жаңа білімі мен салаларын менгеруге мүдделілікті .
9 Ұжымдағы жақсы психологиялық жағдайға бағдарлауды.
10. Функционалдық және басқарушылық міндеттерді шешетін басқарудың
ұйымдық құрылымының икемділігі
Банк қызметкеріне менеджмент негізін білу өте маңызды. Ең алдымен банк
экономисі (кәсіпорын, ұйым кооператив) банктің клиенті болып табылатын
немесе клиенті болғысы келетін кәсіпорын, ұйым, кооператив менеджменті
денгейін бағалай білуі қажет.
Шетелдік экономикалық әдебиеттерде кәсіпорындарда қаржылық тұрақтылығының,
олардың несиені өтеу қабілетінің жоғарылығының маңызды факторы менеджмент
сапасы болып табылады дегенді жазып жүр. Германияда шамамен 40% фирма және
жеке кәсіпорындар менеджмент сапасының нашарлығына байланысты банкротқа
ұшырады. Соңдықтан менеджмент деңгейін бағалау клиенттің несиені өтеу
қабілетін талдаудың және онымен несиелік қатынасқа баруда тәуекел деңгейін
анықтаудың құрамдық әлементтерінің бірі болып табылады.
Германияның коммерциялық банк қатарында практикалық (тәжірибелік)
қызметінде тиісті фирманың менеджментті 10 балдық жүйе бойынша рейтінгілік
бағалау қолданылып жүр.
Мәселен, 1 балл - барлық салада жоғары кәсіби және жеке біліктілік; 3
балл - жақсы біліктілік, әсіресе жекелеген салада; 5 балл - орташа
біліктілік; 7 балл - жекелеген салаларда айқын әлсіздік; 10 балл - төмен
деңгей.
Балдардың өсуі қауіп-қатер дәрежесінің білдіреді, ең көп шамадағы балда
фирмамен несиелік қатынас орнату проблемалы болып саналады.
Ақша нарығының ұдайы өзгеріп отыратын жағдайыда жұмыс істейтін банк үшін
міндетгерді сәтті шешуге мүмкіндік беретін менеджменттің орны бөлек.
Банк менеджментінің ерекшеліктері менеджментінің қоғамдық еңбек бөлінісі
бөлімшесінің қызметімен байланысты нақты өзіндік ерекшелігі болады.
Айтылып кеткендей, банк бизнеспен айналасатын өзгешелігі бар кәсіпорын
ретінде алға шығады Ол несие ресурстарын қосымша ақшалай қаражатқа мұқтаж
кәсіпорынға ұйымдарға, кооперативке, халыққа, мемлекетке төлем негізінде
беретін кәсіпорын болып табылады.
Сонымен қатар, банк басқа біреулердің (бөтен) ақшасымен жұмыс
істейді. Онда айналым шеңберінен босаған әр түрлі меншік иелерінің, атап
айтқанда, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың, акционерлік кәсіпорындар
мен қоғамдардың, кооперативтердің, жеке тұлғалардың ақшалай қаражаттары
шоғырланады. Осының нәтижесінде банк қоғамдық капиталды бөлуші әрі сақтаушы
ретінде алға шығады. Бұл клиенттерге тиесілі ақшалай қаражаттардың
сақталуына банктің жауапкершілігін арттырады әрі банктің қоғамдағы маңызды
орнын айқындайды.
Сонымен, банк тек өзінің немесе жекеше шыққандардың ғана емес, сонымен
бірге, қоғамның мүддесін де танытатын кәсіпорын ретінде көзге түседі. Банк
мүдделерді ұштастырып отырмаса баланстың өтімділігін қамтамасыз ете алмайды
әрі осыған байланысты банктің ақша нарығындағы позициясы тұрақты болмайды.
Банк қызметінде серіктестік сипатқа ие келісім шарттық катынас маңызды
орын алады. Серіктестік қатынасқа сенім, өзара пайда, шешімнің
бірауыздылығы және әрекеттің бір жерден шығуы секілді белгілер тән. Несие
мәмілесі өзара пайдалы болуы үшін тараптар оның шарттарын бірігіп талдайды,
келіспей калған жағдайда ымыраға келеді.
Жеке және ұжымдық мүдделердің ұштасуы банк менеджментінің ментінің
мазмұнында қалайша көрініс табады? Ең алдымен, ол банк менеджменті алға
қоятын мақсатгардың өзіндік анықтайды:
ақшалай нарық жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектісі ретінде банк
жұмысының пайдалылығын қамтамасыз ету;
банк сенімділігінің кепілдігі ретінде банк балансының өтімділігін
қамтамасыз ету;
3) іскер байланыстың тұрақты болуына әрі ұзаққа созылуына септігін
тигізетін банк қызметіның ауқымы, құрылымы және сапасы арқылы
клиенттің қажеттіліктерін қанағаттандыру
4) ұжымның өндірістік, коммерциялық және әлеуметгік проблемаларының
сәтті шешілуін ұштастыру;
5) әлеуметті мүмкіндіктерін толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретін
мамандарды дайындаудың, қайта дайындаудың және орналастырудың тиімді
жүйесін құру. Аталмыш мақсаттарға сәйкес банк менеджменті сандық, салалық
және әлеуметтік көрсеткіштерді орындауға бағдарланады. Сандық көрсеткіш
банк қызметін басқарудың барлық саласына қатысты, қызметтің жалпы
нәтижелерін талдау және бағалау үшін пайдаланылады әрі ол мыналарды
қамтиды: - банк клиентгері мен олардың шоттарының саны, депозиттердің,
несие салымдарының, инвестицияның мөлшері;
-банк орындайтын операциялар мен қызмет көрсетулердің ауқымы.
Сапа көрсеткіштерін үш топқа бөлуге болады:
1. Банктің кірістері мен шығыстарына қатысты көрсеткіш. Осы
көрсеткіштің көмегімен банктің пайдалылығы басқарылады.
2. Қаражат айналымының жылдамдық көрсеткіші, операцияларды
орындауға кететін шығынның еңбек сыйымдылығының көрсеткіші, құжаттарды
өңдеуден өткізудің жылдамдық көрсеткіші.
3. Көрсетілетін банк қызметінің ауқымы, құрылымы және сапасы бойынша
клиентгер тілегін канағаттандыру деңгейінің көрсеткіштері, банктің іскерлік
келіссөздердің құпиялылығын, ақпараттардың сақталуын қамтамасыз ету
қабілеті.
Әлеуметтік көрсеткіштер ұжым мүшелерінің кәсіби дайындығының дамығандығын,
олардың еңбекке қатынасын, әлеуметтік проблеманы шеше білетін деңгейін
сипаттайды.
Банк менеджментінің өзге ерекшелігі мынаған байланысты: мемлекет банк
қызметін ақшалай салымдар мен депозит иелерінің мүдделерін қорғау
мақсатында қатаң реттеп отырады. Банк қызметін реттейтін мұндай
заңдардан басқа несие мекемелерінің өтімділігін қамтамасыз етуге
бағытталған міндетті нормативтер ережелер бар. Бұл басқаруды
ұйымдастыру тұрғысынан алғанда нені білдіреді? Біріншіден, міндетті
нормативтер мен ережелерді (ұйғарымдар) сақтау себебі бойынша дербес
шешім қабылдаудың белгілі бір шекарасы болады. Екіншіден, тұрақты түрде
өзгеріп отыратын ақшалай нарық конъюнктурасы жағдайында менеджердің
банк өтімділігін камтамасыз ету жолдарын іздестіру (белгіленген
нормативтерге қарай) мүмкіндігі.
Банк қызметін басқарудың ерекшелігіне басқару салаларының ауқымдылығы
жатады. Бұл басқару салаларына мыналар қатысты: макро және
микродеңгейлердегі несие қатынасы мен ақша айналымы, акшалай операцияларды
орындауда қатердің біршама жоғары болуы.
Аталмыш қатер ақша нарығына және осыған орай институттардың қызметіне
тән көптеген ішкі және сыртқы факторларды ұштастырудың қиындығына
байланысты туындайды. Сондықтан да банкте ең жауапты шешімдерді ұжыммен
ақылдасып шешу принципі қолданылады, несие берушілерді ықтимал қатерлерден
корғаудың әр түрлі тәсілдері пайдаланылады, банктің негізгі кеңсесі мен
филиалдары арасында несие операцияларын орындау саласындағы құқықтарды бөлу
жүзеге асырылады.
Банк операцияларының келісімшарт сипатында болуы, клиенттермен жұмыс тек
жоғары экономикалық дайындықты ғана кажет етіп қоймай, сонымен бірге,
психология негіздерін, құқықты, іскерлік этиканы жақсы білуді, келіссөздер
жүргізе білуді тапап етеді, яғни банк мамандарын өзіндік ерекшелікгермен
дайыдауды қажет етеді.
Банк менеджментінің негізгі бағытын екі үлкен салаға бөлуге болады:
Бірінші топ банк құзыреттілігіндегі экономикалық процестерді ұйымдастыру
және басқару бойынша мәселелерді қамтиды
Екінші топ банк ұжымын ұйымдастыру мен және басқарумен байланысты.
Осы салалардың әрбіреуі өз кезегінде бірнеше бағытқа ие. Олардың
негізгілерінің мазмұнын қарастырайық.
1 Банк тұрғысынан басқарудың ең жауапты бөлігін жоспарлау жатады.
Бұл процесте келешектегі әрекетгі анықтайтын банк саясаты жасалады. Бұл
жұмыстың құрамдық бөлігіне нақты банкті дамытудың тұжырымдамасын
қалыптастыру, тиісті кезеңге ағымдық міндетгерді белгілеу, оларды жүзеге
асыратын шараларды жасау жатады. Ал, банк саясатының кұрамдық бөлігіне
несие, депозит, инвестиция және процент саясаттары жатады.
Банк дамуының сандық, сапалық және әлеуметтік көрсеткіштерінің келешекте
қалайша өзгеретінін анықтаудың, оның қызметін жүзеге асыратын принциптерді
негіздеудің, артықшылықтарды бөліп алудың, жұмысты ұйымдастырудың әдістерін
тандаудың маңызы зор.
2. Активтерді басқару банк менеджментінің маңызды бағыттарының біріне
жатады. Ол тиісті кезеңге белгіленген банк саясатын жүзеге асырады.
Активтерді басқару процесінде біртұтас екі міндет алға қойылады - жүйелі
талдаудың және активтердің құрылымын өзгертуге бағытталған мақсатты
әрекеттердің салдарынан қалыптасатын ахуалдың негізінде ғана банк
балансынын өтімділігін сақтау арқылы банк жұмысының пайдалылығын қамтамасыз
ету.
Әр алуан активтердің банкке әркелкі пайда әкелетін және олардың қатер
деңгейі әр қилы болатыны белгілі. Сондықтан да банк барлық активтерді
қаражат салымының мерзіміне, олардың пайдалылығы мен қатер деңгейіне қарай
жіктеуі қажет. Активтерді басқарудың әдістері біршама дәрежеде тиісті
кезеңде банк шешетін міндеттерді ерекшеліктері мен анықталады. Сонымен
қатар, пассивтердің құрылымына қарай активтерді орналастырудағы тығыз
байланыстың болуы активтерді басқарудың теориясын және оны жузеге асыратын
әдістемелерді әзірлеуді қажет етеді. Ақша нарығы дамыған елдерде қазіргі
заман жағдайында акивтерді басқару белгіленген пайдалылық пен өтімділік
нормативтерінде активтерді орналастыру мен пассивтер жағдайы арасындағы
белгілі бір тәуелділікті белгілеуді ұйғаратын экономикалық -математикалық
үлгінің негізінде жүзеге асырылады. Бұл арада әр түрлі экономикалық
ахуалдарға баламалы нұсқалар жасалады.
3. Пассивтерді басқару менеджменттің дербес бағытың білдіреді. Бұл
процесте мынадай міндетгер шешімін табады:
-міндетті резервтерді қалыптастыратын бөлігін есептемегенде табыс
әкелмейтін қаражатгың банкте болуын жол бермеу;
- банк өз клиенттерінің алдындағы тиісті міндеттемелерді орындауы үшін әрі
активтік операцияларды дамыту үшін қажетті несие ресурстарын іздестіру;
- банктердің арзан ресурстар есебінен пайда алуын қамтамасыз
ету.
Осы міндетгердің әрбіреуі мәселені шешудің айрықша тәсіліне ие.
Осылардың ішінде депозитгік процент, оның салым мерзіміне қарай
әртараптануы маңызды орын алады. Алайда мөлшерді арттыруды ғана емес,
сонымен бірге түрлерді әр алуан етуді білдіретін пассивтік операциялардың
дамуы ақша және қаржы нарығының алғашқы негізі ретінде болатын акция
айналымының тұрақтылығын қажет етеді.
Менеджмент міндеттері:
1. Өзіндік банк қаражатын басқару оның өтімділігі мен төлем
қабілеттілігін қамтамасыз етуде айрықша маңызды орын алады. Банктің
активтік операцияларын ұлғайтуда әрі депозит
мөлшерін өсіруде өзіндік банк капиталын арттыру қажеттілігі пайда болады.
Өзіндік банк капиталын басқару оның жеткіліктілітілігін сондай-
ақ осы жеткіліктілікті бағалауға мүмкіндік беретін көрсеткіштерді таңдаудың
өлшемдерін негіздеуді қажет етеді. Өзіндік банк капиталын басқарудың тиімді
құралына банк шығарған акция бойынша дивидендтер саласындағы саясат
жатады. Дивидентердің артуы акция бағасын өсіреді және осыған орай косымша
акцияларды сатудың, өзіндік капитал өсуінің ықтималдығын тудырады
.
2. Банк жұмысының пайдалылығын басқару оның кірістері
мен шығыстарын, тартылған қаражат бойынша шекті шығындарын
және несиелеу мен инвестициядан түсетін шекті табысын, қаржылық нәтижелер
тұрактылығының камтамасыз етілуін, ысырап қатерін бақылауды қажет етеді
Банк алатын пайданың шамасына әсерін тигізетін банк қызметіндегі алаяқтық
операциялардың арту себебіне, күмәнді және залалды операциялардың талдауына
айрықша назар аударылады.
3. Банк кызметіндегі тәуекеділіктерді басқаруға тәуекелдік-менеджменті
жатады.
Банк қызметінде қатер әр түрлі операцияларды орындау барысында орын алады:
несиенің және ол үшін алынатын проценттің қайтарылмай қалу қатері,
қаражатты жеткізушінің уақтылы ала алмай калу қатері, пайданың алынбай қалу
қатері, өтімділіктің болмай қалу қатері және т.б.
Тәуекелдік болмаған жерде кәсіпкерлік болмайды, сондықтанда оны басқара
білу кажет. Тәуекелдікті басқару процесінде шешімін табуы тиіс басты
міндеттер:
• қауіп-қатер пайда болуының ықтимал жағдайын көре білу;
• болжалды зиянның ауқымын бағалау;
• ескертудің тәсілін немесе оның орнын толтыратын көзді
табу.
Қауіп-қатерді (тәуекелдікті) басқару өткен шақта зиянның қалай пайда
болғандығын зерделеуге, нақты клиент үшін оның пайда болу ықтималдығын
болжауға, ескертудің немесе ықтимал зиянның орнын толтырудың тәсілдерін
алдын ала негіздеуге құрылады. Біздің іс-тәжірибеде мәселе бұлайша алғаш
рет қойылғандықтан өзіне айрықша назар аудартады. Осыған байланысты банк
қызметіндегі ықтимал тәуекелдіктерді болжау мен бағалау бойынша
әдістемелік нұсқауларды әзірлеу бірінші кезектегі міндет болып табылады.
Қатерлерді басқару проблемасы банк қызметін ұйымдастыру мен жауапкершілік
жүйесімен және банк жұмыскерін еңбекке экономикалық тұрғыдан ынталандырумен
тығыз байланысты.
Шетелдік іс-тәжірибеде жекелеген несие операциясын орындау кезінде негізі
жоқ шешім қабылдау қатерін кеміту үшін құзырететтілікті шектеу принципі
пайдаланылады. Мәселен, банк филиалы аса ірі мөлшерде кәсіпорынды несиелеу
туралы шешім қабылдамайды немесе қатер деңгейі айрықша жоғары
операцияларды орындамайды. Мұны көбінесе баскарудың ұжымдық органы
орындайды.
4. Менеджмент мазмұны сонымен қатар енбек ұжымы әзірлейтін басқару
тұжырымдамасын да қамтиды.
Шетелдік іс-тәжірибеде менеджменттің екі үлгісі бар:
• жапондық үлгісі банк қызметінің түпкілікті жоғары нәтижеге қол
жеткізуде ұжымың атқарған рөлін тануға (мойындауға) негізделеді;
• американдық үлгі бүкіл ұжым қызметінде шешуші роль ойнайтын тұлғаға
бағдарланады.
Осы бастапқы екі идеяға қарай шешім кабылдауды, қызметкерлердің
жауапкершілігін бақылауды, басшылардың бағыныштылармен қатынасын, еңбекақы
жүйесін, басқару сапасын бағалауды, менеджерлерді дайындауды және т.б.
қамтитын басқарудың бүкіл жүйесі құрылады.
Ұжымды басқарудағы басты міндет - менеджер әрбір кызметкердің бойындағы
әлеуетті мүмкіндіктері мен қабілеттерін, ынтасын оята білуі керек, оларды
терең ойлауға үйретуі қажет.
Шетелдерде жүргізілген әлеуметтік зерттеу мынаны көрсетіп берді:
қаржылық қатынастағы жетістікгің 85%-і менеджердің әріптестерімен тіл
табыса білу қабілетіне. яғни оның жеке басының қасиетімен әрі адамдарды
басқара білуімен байланысты.
Ұжымды басқаруда менеджер білуі тиіс үш фактордың орны ерекше:
• ұжым жұмысын ұйымдастыра білу;
• әр қызметкермен тіл табыса білу;
• ұжым алдына қойылған міндетгерді шешу үшін әр қызметкерге
ықпал етудің тәсілін таба білу.
Менеджердің ұжым еңбегін ұйымдастыра білуі міндеттерді ұжым мүшелеріне
жаңылыспай бөліп беру, нақты тапсырма беру, оларды нақты көрсеткіштермен
(сандық және сапал көрсету, тиісті тапсырманың орындалу уақытын анықтау,
ақпаратық базамен және техникалық құралдармен қамтамасыз ету міндеттерді
мерзімділігі мен маңыздылыгына қарай жіктей отырып оларды орындаудың
кезегін анықтау қабілеттеріне негізделеді.
Менеджердің әр ұжым мүшесімен тіл табыса білуі біршама дәрежеде оның
жеке басының қасиетіне байланысты, ол әр қызметкердің мінез-құлқын жақсы
білуі керек әрі ұжым жұмысының нәтижесі басшы мен бағыныштының ынтымақтасып
жұмыс істегендеріне қарай болатынын сезінуі тиіс.
Дамыған елдердің кәсіпорындарында билік орындаушыға аткарушыға беріледі.
Сондықтан да іскерлік сипатындағы әңгімеде иландыра білудің маңызы жоғары
әрі пікірлесушінің мінез-құлқын білген дұрыс.
Бағыныштыға қатысты басшыға тән мінез-құлық стилінің екі турі болуы мүмкін:
түсіндірмелері болатын директивалық нұсқаудың негізінде;
шешім қабылдауда, бастама көтеруде құқықтар беру.
Мінез-құлыктың тиісті түрі қызметкердің өз еңбегінің нәтижесін арттырудағы
құзыреттілігі мен мүдделілігінің деңгейлеріне қарай таңдалады.
Францияда осы өлшемдер бойынша басшы мінез құлқын анықтайтын мамандардың
төрт тобы бөліп көрсетіледі:
еңбек нәтижесіне құзыретті және мүдделі емес (мінез-құлықтың директивалық-
ықыластандырғыш түрін пайдаланады);
еңбек нәтижесіне құзыретті болмаса да мүдделілік танытады (әдетте жас маман
(тұрақты басшылықты қажет етеді);
құзыретті, алайда, мүдделі емес (мүдделілік жүйесін құру қажет);
4) құзыретгі және мүдделі (бастама көтерудің кең ауқымды құқығын
білдіреді).
Еңбекке деген ынтасын және энтузиазмын ояту үшін ұжымға ықпал етудің
тәсілдерін таба білу. Бұл - менеджердің ең жауапты күрделі міндеті. Осыған
байланысты менеджердің әрбір қызметкердің жетістігіне көңіл бөле білуіңің
маңызы зор: жетістігі үшін оған (қызметкерге) алғыс айту, оның материалдық
жағдай жасау әрі оны еңбекке моральдық тұрғыдан ынталандыру. Осының
барлығы менеджерді дайындаудың және қайта дайындаудың арнайы жүйесін қажет
етеді. Менеджерлерді дайындаудың жүйесі тек кәсіби оқытуды ғана
қарастырмай, сонымен қатар ұжымды басқарудың әдістеріне, іскерлік
әңгімелесудің өнеріне үйретуі керек.

басқарудың негізгі мақсаты
Қазақстанда 1996 жылдың аяғына қарай банк жүйесінің кризисі пайда
болды. Банктің капиталының жеткіліктілігінің 20-25% төмен коэффициентте
болды және 13 банкте теріс капитал болды. Бұл мағлүматтар банктің пайда
болған жағдайда дұрыс бағыт таба алмағандығын және банк менеджментінің
эдістерін білмегендігін көрсетеді.
Дамыған елдерде банктік менеджмевтгі өндірістің тиімділігін көтерудегі
маңызды факторларға жатқызады.

қамтамасыз ететін стратегиялық бағдарланумен қатар, олардың менеджменттік,

айтқанда, Менеджмент деген ұйымдастыру мен басқарудың оңтайлы жүйесі.
Осыған байланысты банктік менеджмент деген сөз, банктің және оның ұжымының

Банк менеджментінің негізгі мақсаты басқарудың ең оңтайлы жүйесін
қолданып, пайда табу. Бірақ, бұл банк менеджментінің жалғыз ғана мақсаты
болуға тиіс емес. Пайда табуға тырысумен қатар, менеджмент қоғамдық тұтыну
қажеттігін қанағаттандыруға тырысуы керек. Бұл банктің халыққа керекті
тауарларды өндіру және қызметтерді көбейтуге көмек көрсетуі керек деген
сөз.
Банктік менеджменттің басты багыты - банктердің активтері мен
пассивтерін, оның меншікті қаржысын басқару және де банк қызметіндегі
қауіптерді азайту болып табылады. Соңғы айтылған сөйлемнің маңызы зор.
Өйткені, қауіп банктің қызметімен эрқашан да қатар жүреді. Жоғарғы деңгейде
пайда табу, әрқашан да, жоғарғы деңгейде тәуекелдікпен байланысты. Көп
пайда табудың мүмкіншілігі өскен сайын, қауіптілік те өседі. Банк
менеджменті осындай жағдайда қауіп пен пайданың өзара қатынасының ең
оңтайлысын табу керек.
Банк менеджментінің негізін қалаушы жағдай - ала қойан мақсатын
анықтау және де оған жетудің керекті құралын дұрыс саилау.
Банк менеджменті банктік сферадағы персоналды басқару мен банк ісін
басқарудың ғылыми жүйесін білдіреді. Ол банк ісін жүргізгендегі тәжірибелі
гылыми басқарудың әдістеріне негізделген.(Кесте - 1)
Банк қызметі ойлаудың ерекшеліктері мен қызметкерлердің жүріс-тұрысын
анықтайтын арнайы бизнес сферасын көрсетеді, ал ол міндетті түрде банк
менеджментінде көрсетіледі.
Банк менеджментінің құрамы перспективті және ағымдық жоспарлаудан,
талдау, реттеу және бақылаудан тұрады.
Жоспарлау арқылы банктер перспективаға мақсат, сфера, масштаб және
қызметтің нәтижелерін құрайды, оларды құралу көздермен және шығындармен
өлшейді, салыстырады. Бұлардың бэрі қызметкердің жұмыс істейтін шекарасын
анықтайтын ағымды және перспективті жоспар-болжауларды құрудың көмегімен
іске асырады.
Жиынтық көрсеткіштердің көмегімен банк қызметінің барлық тараптары
өзара байланысады, ақша нарығындағы бәсекелестік шарттарға байланысты жаңа
сфераны іздеудің бағыттары мен қызметтерінің эдістері анықталады.
Банктің барлық бөлімшелерін қамтитын және банктің дамуының жалпы және
локальды перспективасын анықтайтын жоспарлаудың нәтижесі банктің бизнес
жоспарын құру, сонымен қатар жеке бағыттар, яғни: несиелік, депозиттік,
пайыздық, кадрлық, инвестициялық және басқа саясат бойынша оперативті
жоспарлар құру болып табылады.
Талдау банктің қызметтерін жалпы және жеке бағыттар бойынша бағалау
үшін өткізіледі. Ол нақты орындалған нәтижелерді болжанған нәтижелермен
салыстыру арқылы іске асырады.
Кесте - 1. Банктік менеджмент мазмұны
Тапсырмалар Шешілетін есептер мазмұны
Банктік саясат 1. Басты тапсырманы қою, банктік өмірдің негізгі
мақсатын
ерекшелеу
2. Кешенді бағдарламасы және жобаны өңдеу, банктің
негізгі мақсатына жетудегі жетістігін қамтамасыз ету
3. Банктік қызметті басқару эдістемесін өңдеу
4. Банктін ұйымдық кұрылымын өңдеу банктік саясаттың
дамуына сэйкес таңдалған
5. Банк персоналын басқару стратегиясы:
- персоналдың аймақты ұйымдастырылған жұмысы;
- персонал жұмысының тиімділігін анықтау аймағы;
- персоналдың мотивизация аймағы;
- персоналдың инновациялық жаңашыл потенциялы аймағы;
- персоналдың өсу аймағы.
Банктік маркетинг 1. Банк қызметі потенциалдық рынокта қызмет етуін
бекіту
2. Нақты рынокты таңдау және банк клиенттерінің
қажеттілігін айқындау
3. Ұзақ және қысқа мерзімді мақсаттарды даму үшін
бекіту және банктік қызметтің жаңа түрін құру
4. Тәжірибеге қызмет көрсетудің жаңа түрін енгізу және
банктің бағдарламасын таратуды бақылау
Банктік өнімді 1. Жағдайдың өзгеру эдісін, қасиетін, ақшалай қаржы
09дау формасын, банктік қызмет процесі кезінде өңдеу, банктің
потенциалды клиенттерінің қажеттіліктерін
қанағаттандыру
2. Клиенттерді қамтамасыз етуде жаңа банктік
технологияны
енгізу
Банктің 1. Нарықтық сегментте назар аударатын клиент тобына
клиенттік базасын (шаруашылық субъектісі, мемлекеттік мекеме, жеке түлға)
қалыптастыру, банк қызметінің қасиетін бекіту позициясы (несие,
сату қызметінде операциялық инвестиция, трасттық)
клиенттерге
кызмет көрсету
2. Жаңа рынокта банктік қызметтерді жеңіп алу
3. Бәсекеге қабілеттіліктің жоғарылауы, банктің
ресурстык базасын дамыту, қосымша табыс экелетін
ақшалай ағымды құру
4. Табысты алу
Экономика 1. Қордың өсуі
және қаржы
2. Табыс пен ыдыратушылықты басқару
3. Басқару максимизациясын марапаттау
4. Банктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету
5. Қаржылық шешімді тұрақтау
6. Банк қалдығын басқару
Ақпараттық 1. Ақпараттық - аналитикалық жоспарлау жүйесін құру
-аналитикалық және қаржылық операцияларды тарату
қамтамасыз ету
Әкімшілік 1. Банктің ұйымдық құрылымын келтіру, персоналды сэйкес
келетін банктің даму стратегиясына бөлу және
біліктілігін көтеру.
Талдаудың материалдары банктің дамуындағы кері және оң тенденцияларын,
қолданбаған резервтерді, жоспардағы жетіспеушіліктерді және шешім
қабылданғандағы дұрыс емес шешімдерді шығаруға көрсетеді.
Белгілі ракурста өткізілген баланстың мэндерінің талдауы банктің
жиынтық аналитикалық жұмыстардың негізін құрайды. Талдаудың басты
багыттары болып табылады:
– Банк қызметтерінің көлемді көрсеткіштерінің динамикасын бағалау
Оған активтер, депозиттер, банктің меншікті капиталы, несиелер,
пайда жатады. Бұл бағалау басқа банктердің аналогтық
көрсеткіштерімен салыстыру арқылы өткізіледі. Ол қазақстандык
коммерциялық банктердің жүйесінде осы банктің қай орнын алатынын
көруге мүмкіндік береді. Осындай аналитикалық жұмыстардың
нәтижесі нақты банктің даму стратегиясын дайындауға көмек
береді;
– Ресурстық базаны бағалау: көлемі, құрылымы және оның құрамды
бөліктерінің дамуының негізгі тенденциялары (меншікті капитал,
депозиттер, банкаралық несие). Талдау банк ресурстарының жеке
баптарын классификациялау, құрылымдық көрсеткіштерді есептеу,
оларды динамикада және басқа банктердің көрсеткіштерімен
салыстыру негізінде жүзеге асырылады. Ресурстық базаны бағалау
банктің депозиттік саясатын жасау үшін қолданады;
– Банктің өтемпаздығын бағалау қаржылық коэффициенттерді есептеу
негізінде, оларды динамикада критериалды деңгейлермен салыстыру,
көрсеткіштердің деңгейінің өзгеруіне эсер еткен факторларды көру
үшін жасалынады. Талдаудың материалы өтемпаздықты басқару
ауданында банктің стратегиясын және тактикасын анықтауға көмек
береді;
– Банктің табыстылығын бағалау баланстың мағлүматтарын бағалау
және пайда мен шығындардың есептемесі негізінде іске асырылады.
Талдау кезінде банктің пайдалылығы мен табыстылығын білдіретін
сандық және сапалық көрсеткіштердің жүйесі, активті қолдану
тиімділігі, банктің табысы мен шығысының құрылымы есептелінеді.
Осы талдаудың негізінде банктің пайдалылылығын басқару
механизмі жасалынады;
Жиынтық аналитикалык көрсеткіштердің бағыттарымен қатар коммерциялық
банктер жеке бағыттар бойынша банктің несиелік портфелін талдау, бағалы
қағаздар портфелін талдау, клиенттің несиелік қабілетін талдау, меншікті
капиталдың жеткіліктілігін талдау және т.б. аналитикалық жұмыстар жүзеге
асырылады. Көрсетілген аналитикалық жұмыстардың материалдары банк тәуекелін
басқару облысында саясатты жасау үшін қолданылады.
Банк менеджмент жүйесіндегі реттеу коммерциялық банктерді мемлекеттік
қадағалаумен берілген шарттардың ерекшелігімен анықталынады. Банк қызметі
өзге ақшаларды қамтып, тәуекелі көп болатындықтан мемлекеттік реттеу
банкті лицензиялауға қағидалы талаптар қатарын, олардың қызметтерінің
сферасын шектеу, капитал жеткіліктілігін, өтемпаздығын міндетті резервтер
құрауын қарастырады.
Осы байланыста өзін -өзі реттеу жүйесі, яғни банк ішіндегі реттеу
бірінші кезекте мемлекеттік қадағалау органдарымен бекітілген міндеттер мен
нормативтерді орындауға бағытталады. Банк ішінде реттеу жүйесі келесі
дербес бағыттардан түрады:
Банктің ұйымдастырушылық құрылымын жаңарту, яғни банктің
болашақтағы дамуын қамтамасыз ету үшін ескі бөлімшелерді жаңарту
және жаңаларын ашу, мысалы, жоспарлау және маркетинг ревизиондық
және аналитикалық қызмет бөлімдері;
Банктік қызметті басқару сапасын көтеретін шешім қабылдау
процедурасын, нүсқаулық және методикалық материалдарды жасаумен
жаңарту;
Нақты қалыптасқан жағдайды еске ала отырьш, бантік саясатты жүзеге
асырудың әдістері, мақсаттары мен басымдылықтарын дұрыстау;
Қызметтің жеке бағыттары бойынша тәуекелдің көлемін шектеу бойынша
немесе тәуекелден қорғау үшін қосымша кепілді жүйе құрау бойынша
нақты өлшемін қабылдау;
Кадрлық саясатты, персоналды оқыту жүйесін, банкішіндегі бақылауды
ұйымдастыруды жаңарту;
Банктік қызметті бақылау ішкі және сыртқы болып 2-ге бөлінеді:
Сыртцы бацылау Ұлттық Банкпен және сыртқы аудиторлармен жасалынады.
Банк ішіндегі бацылауды банк ұйымдастырады. Банк ішіндегі бақылау банк
менеджментінің бөлігі болып табылады. Оның функцияларын менеджерлер өз
өкілеттілігі бойынша және ішкі аудит органдары орындайды. Банктің
жұмысындағы жетіспеушілік пен кері тенденцияларын табу ушін құрылатын жедел
жүйені құру және оларды жою үшін эрекет жасау банк ішіндегі бақылаудың
басты мақсаты болып табылады.
Сыртқы және ішкі бақылаудың арақатынасы Қазақстан Республикасының
¥лттық Банкінің нормативтік актілері мен заңдылықтарын, банкаралық
ережелерді, сыртқы бақылаушы органдардың жазылымдарын орындаудан тұрады.
Банк менеджментінің құрамы басқару сферасының жұмысында нақты көрініс
табады. Банк менеджментінің сферасы 2 блоктан тұрады: менеджмент және
персоналды басқару.
Менеджмент ақшалай өнімдердің қозғалысын басқарудан, нақты банктің
мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес оны құралудан және орналастырудан
тұрады. Қаржылық менеджменттің негізгі багыттары болып табылады:
• Банк қызметінің жеке сфералары бойынша нақты банктік саясатты жасау
(депозиттер, несиелер, қызмет көрсетулер, инвестициялар және т.б.);
• Банктік маркетинг;
• Активті басқару;
• Пассивті басқару;
• Өтемпаздықты басқару;
• Табыстылықты басқару;
• Меншікті капиталды басқару;
• Несиелік портфелдерді басқару;
• Банктік тәуекелді басқару
Бірыңғай банктік жүйе шегінде банк процедурасын ұйымдастыру мен
экономикалық процесстерді басқарудың біркелкілік технологиясының болмауы
қаржылық менеджменттің ерекшелігі болып табылады. Әр банк ақша нарығында
өзінің жеке стратегиясын және тактикасын жасайды; тұрақты өзгеріп түратын
экономикалық жағдай банк ісін жүргізудегі қалыптасқан әдістерді жаңарту мен
түзетуді талап етеді.
Банк менеджментінің екінші сферасы - персоналды басқару банк
қызметкерлерінің тәжірибесіне және білімді оңтайлы пайдалануға
бағытталынады. Ол еңбекті мотивациялаудан, кадрларды орналастырудан,
қызметкерлердің еңбегін ұйымдастырудан, кадрларды дайындау мен қайта
дайындау жүйесінен, еңбекті төлеу механизмінен, ынталандыру мен көтермелеу
қызметі бойынша көтерілу жүйесінен, бақылау ұйымынан, ұйымда араласу
қағидаларынан тұрады. Персоналды басқарудың ғылыми негізі болып психология
және іскерлік этика табылады, олардың көмегімен әр жұмыскерге деген
тәсілдемені дифференциациялауға, жұмыс карьерасын жоспарлау мен материалды
және моральды ынталандыруды ұйымдастыруға болады.
Шетел тәжірибесінде банкті басқару сапасына үлкен көңіл бөлінеді,
себебі оған нақты банктің және жалпы банк жүйесінің сапасы тәуелді.
Көп көңіл бүрыс менеджменттің факторларын табуға бөлінеді, оған
басшылық пен қызметкерлердің жеткіліксіз күзірет әсерінен болатын басқару
процесіндегі техникалық қателер, банкте қалыптасқан қиын қаржылық
жағдайларды әрекетті көлегейлеу, есептемені бұрмалау, тікелей алдау мен
алаяқтық жатады. Уақытында табылған бүрыс менеджменттің факторларын
мемлекеттік құзірет органдары анықтап, осындай банктерге эсер ете алады,
тіпті басшылықты жұмыс орнынан босатуға, банкті таратуға дейін барады.
Банк менеджментінің құрамы сонымен бірге банктік ұйымдардың
қағидаларын ашады. Банкті ұйымдастыру цагидаларымен оның жұмысын
ұйымдастырудың бастапқы жағдайлары, олардың функциялары мен операцияларын
орындау түсіндіріледі.
Функцияналдыц цагида банкті ұйымдастырудың басты кағидасы болып
табылады. Банк ірі несиелік мекеме болып табылатындықтан оның басқару
аппараттарында несиелік бөлімшелер болуы керек, өйткені банк қолма-қолсыз
есеп айырысумен айналысады, сонымен қатар оның құрамына операцияларды
басқару кіреді. Банктің масштабы, функциялары және операциялары банктің
басқару жүйесін құрауды анықтайды.
Банкті ұйьшдастырудың келесі қағидасы - оньщ жеке бөлімшелерінің
билікті өкілеттерініц иерархиясы. Биліктің 2 эшелоны бар. Бірінші эшелонға
банктің Басқармасы мен Кеңесі, ревизиондық комиссия мен несиелік комитеті
жатады. Ревизиондық комиссия банктің жұмысын басқарудан тұрады. Мысалы,
банкте және оның бөлімшелерінде шығыстар сметасын орындау және т.б.
Несиелік комитет банктің дербес бөлімшесі болып табылмайды, оның құрамына
банк бөлімшесінің лауазымды түлғасы, сонымен қатар банктің Кеңесімен
бекітілген кандидатуралар кіреді. Комитет басқарушылық шешімдердің
сапасының жақсаруы мен деңгейінің көтерілуіне жауап береді; несиелік
операциялар сферасында стратегияны анықтау несие саясаты үлестіреді және
қағидалы сүрақтар бойынша шешім қабылдайды. Комитет өз қызметінде несиелік
операцияның дамуының стратегиялық және тактикалық міндеттерін анықтайды,
несиелік операцияларды есептеу мен жүргізу бойынша негізгі нормативті-
методикалық құжаттарды қарастырады, банктің филиалына қаржылай көмек беру
туралы, ірі несиені беру туралы шешім қабылдайды, несиелік операциялар
бойынша пайыздық мөлшерлемелердің деңгейін бекітеді.
Президенттік сарапшы кеңесі биліктің бірінші эшелонына жатады, бірақ
ешқандай биліктік өкілеттігі жоқ. Оған білімнің әртүрлі салаларының
өкілдері кіреді. Сарапшы кеңес экономиканы дамытудың ірі сұрақтары бойынша,
банктің және мемлекеттің саясаты бойынша консультация
береді, пропорционалды даму концепциясын жасағанда іске араласады, ғылыми
шара дайындауға, персоналдық квалификациясын жоғарлатуды ұйымдастыруға
көмек көрсетеді.
Банктің бөлімшелерінің бағынышты жүйеде екінші эшелонға банктің
клиентіне қызмет көрсететін барлық басқарма мен бөлімшелер және барлық
службалар жатады (әкімшілік-шаруашылық бөлім, заңды бөлім, кадрлар бөлімі
және т.б.).
Банктің жұмысын ұйымдастыру басқа қағидаларға да сэйкес келу керек
-цойылган мацсатца сэйкес келу цагидасы. Банктің мақсаты өзімізге белгілі
максималды пайда табу болып табылады. Сондықтан кез-келген банктің жұмысы,
банктің табысы эрқашан шығыстан жоғары болатындай ұйымдастырылуы қажет. Бұл
жаңа клиенттерді тартумен, банктік операцияларды орындаумен және т.б.
айналысатын басқару аппаратының қызметкерлердің топтарымен жүзеге асырылуы
банк үшін сыртқы орта шартын сәйкес және банктің жақсы қызмет істеуін
қамтамасыз ететің ұйымдастырушылық құрылымын құру өте маңызды.
Басқарудың оңтайлы қағидасы банктің дамуын қамтамасыз етуін білдіреді.
Мысалы, жаңа қызмет көрсетулерді енгізу, нарықты зерттеу, шығындарды
қысқарту және т.б.
Банкті ұйымдастыру жүйесі бақылауды ұйымдастыру қағидасына сэйкес келу
керек. Мүнда міндетті әлементі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банктің
нормаларына сәйкес операцияның заңды орындалуын бақылауды қамтамасыз ететін
ішкі және сыртқы аудит болып табылады.
Банк бөлімшелерінде ішкі бацылауды цамтамасыз ету цагидасы
қызметкерлердің қызметтерін регламенттеу арқылы іске асырады. Ол үшін
банктер белгілі нүсқамалары болады. Мысалы, жарғы, бөлімшелер мен службалар
туралы ереже, лауазымды нүсқаулықтар. Банктің барлық жұмыстары құжаттарда
көрсетілген ережелерді орындауы және өз міндетін орындауы керек.
Сонымен қатар банк несиелік мекемені және тұрақты қамтамасыз етуде
шешім қабылдау үшін жедел және жеткілікті информациясы, оны
жаңа
тәсілдермен өңдеуі керек.
Дамыған мемлекеттерде менеджмент өндірістің тиімділігін көтеретін
маңызды факторлардың біріне жатады. Менеджменттің негізгі мақсаты -
басқарудың ең рационалды жүйесінің жолымен пайда алу.
Банктік менеджменттің белгілі-бір спецификасы бар. Банк қоғамның
капиталын сақтайды және жұмсайды және иеленушінің алдында клиенттің
ақша қаражатының сақталуына жауап береді және сонымен бірге өзінің жеке
мүддесімен қатар қоғамның да мүддесін көрсетеді. Бұл байланыс эрқашанда
банкке тэн болған.
Жеке және коллективті мүдделерінің бірігуі банк менеджментінің
құрамында көрінеді және банк менеджментінің мақсатының спецификасын
анықтайды. Ол келесіден тұрады:
- ақша нарығыньщ шарттарына жауап беретін банктті шаруашылық субьект
ретінде рентабельді жұмыспен қамтамасыз ету;
- банктің балансының өтемпаздығын банктің сенімді кепілі ретінде
қамтамасыз ету, кредитор мен салымшылардың мүдцелерін
орындау;
- серіктестік байланыстың тұрақтылығы мен ұзақтылығын
қамтамасыз ететін банктің клиенттерге қызмет көрсету көлемінде,
құрылымдарында және сапасында туатын қажеттіліктерді
максималды қанағаттандыруы;
- берілген коллективтің өнімдерін, коммерциялық және әлеуметтік
проблемаларын табысты шешу;
- мамандарды дайындау қайта дайындау және орындау жүйесінің
тиімділігін жасау, бұл олардың потенциалды мүмкіндіктерін толық өткізуіне
көмек береді.
Көрсетілген мақсаттар банктік менеджменггі савдық, сйшлық және
әлеуметтік көрсеткіштерді орындауға бағытталады.
Банктің қызметінің жалпы нәтижесІн бағалау және талдау үшін сандық
көрсеткіштер қолданады. Оларға банктің клиенттерінің және олардың
шоттарының саны, банкпен көрсетілетін операциялар мен қызметтердің көлемі,
депозиттердің, несиелік салымдардың және инвестициялардың көлемі жатады.
Сапалық көрсеткіштерді бірнеше түрге бөлуге болады. Бірінші топ табыс
пен шығыс көрсеткіштері көмегімен банктің рентабельділігін басқару
жүргізіледі. Айналым құралдарының жылдамдыгы, операцияны жүзеге асыруға
кететін шығындардың еңбек сиымдылығы, құжаттарды өндірудің жылдамдыгы - вүл
көрсеткіштер екінші топқа жатады. Үшінші топқа клиенттердің қызмет қөрсету
сапасы, құрылымы және көлемі, информацияның сақталуы, іскерлік
келіссөздердің құпияда сақталуын қамтамасыз ету бойынша сүрауларын
қанағаттандыру деңгейінің көрсеткіштері кіреді.
Әлеуметтік көрсеткіштер коллективтің мүшелерінің профессионалды
дайындығының дамуынан, олардың еңбекке қатынасынан және әлеуметтік
проблемаларды шешу деңгейінен түрады.
Банк менеджментінің басқа ерекшелігі ақшалай қаражаттың иеленушінің
мүддесін қорғау мақсатында банктің қызметін мемлекет тарапынан реттеуімен
байланысты. Сондықтан ұйым бойынша басқару жеке өзі шешім қабылдағанда
шекті шекарасы болуы керек.
Банк қызметі басқарушының ерекшелігі басқару сферасының кеңдігі,
ақшалай операцияларды орындауда маңызды тәуекелдің болуы болып табылады.
Осы тәуекелге бармау үшін банкте жауапкершілігі жоғары шешімді қабылдағанда
коллективті шешім қабылдау қағидасы қолданылады.
Қазіргі замандағы шарттар тек қана өте жақсы экономикалық білімді ғана
емес, сонымен қатар психология, құқық, іскерлік этиканың негізін білуді
қамтамасыз етуді талап етеді.
Банк менеджментінің құрамының белгілі ерекшеліктерінің болуы
қызметкерлердің негізгі контингентін эйелдер құрайтындықтан туады. Осыған
байланысты коллективтің әлеуметтік проблемаларын шешу, жақсы өндіріс
сферасын қамтамасыз ету, конфликтілі жағдайларды туғызбау маңызды орын
алады
Банк қызметтерін тиімді ұйымдастыру
Банктің активтер мен пассивтер портфелі - жоғары пайда табу үшін
қолданылатын бірегей.
Активтерді басқару - меншікті және тартылған қаражаттардың орналастыру
тәртібі мен жолдары. Қаражаттарды орналастыруда үлкен көңіл ссудалық
операциялар мен инвестицияларға бөлінеді.
Активтік операциялардың көмегімен банктер өз қарамағындағы ресурстарды
пайда табу үшін және де өздерінің өтемпаздығын қолдауды қамтамасыз ету үшін
орналастырады.
Банктің жинақтаған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz