Әлемдік саясатта мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ
1.1 Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының қалыптасуы,
ынтымақтастықты дамыту функциясы
1.2 Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының жетістіктері мен келешегі

2 ӘЛЕМДІК ҚАУЫМДАСТЫҚТАҒЫ - ҚАЗАҚСТАН
2.1 Қазақстан және БҰҰ: ынтымақтастықтың негізгі кезеңдері
2.2 Қазақстанның шет елдермен өзара ықпалдастық және тең құқықтық
қатынастар құру саясаты

3 СЫРТҚЫ САЯСАТТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
3.1 Әлемдік саясатта мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары

3.2 Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы

ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болып жарияланғаннан бергі он
жылдан астам уақыт ішінде оның әлемдік қауымдастыққа енуі іс жүзінде
аяқталып, халықаралық геосаяси қатынастардағы орны мен рөлі айқындалды.
Бүгінде Қазақстан Еуразия кеңістігіндегі өзінің тарихи дәнекерлік қызметін
қайта жалғастырып, халықаралық аренада беделді де дәйекті бейбітшілік
саясатын жүргізуде. Оған Қазақстанның халықаралық қауымдастық шеңберінде
тең құқылы қарым-қатынастар орнатуымен бірге, баянды бейбітшілік саясатын
қалыптастыру, мемлекетаралық шиеленістерді бәсеңдету, шет елдермен
экономикалық және мәдени байланыстарды кеңейту жөніндегі ұсыныстары мен
нақты қадамдары айқын дәлел.
Сонымен қатар отарлық және кеңестік кезеңдерде бұрмалауға ұшыраған
халықтың тарихи санасын қалпына келтіру, өз мемлекеттігін сәйкестендіру
аясында өтіп жатқан рухани және мәдени өрлеу барысында Қазақстан
Республикасы көршілес елдермен, тарихи тамыры бір туысқан халықтармен
ежелгі қарым-қатынастары мен байланыстарын жаңғыртуға да ерекше назар
аударып келеді. Алыс және жақын көрші мемлекеттермен жасалатын ресми
халықаралық қарым-қатынастармен қатар елдерді жақындастыратын мәдени
байланыстардың да маңызы зор.
Бiз бүгінгі таңда еліміздің дамуының аса маңызды тарихи кезеңiне куә
болып отырмыз. Тәуелсiздік алған сәттен бастап елiмiз өтпелi кезеңнiң
қиындықтарынан еңсесiн түсiрмей, өзiндiк жол тауып шыға бiлдi. Жиырма жыл
ішінде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты, мәдени, рухани
келбеті бұрын болып көрмеген биік деңгейге көтерілді. Барлық салада толағай
табыстарға жеттік. Қоғам дамуында реформалар жүрiп жатқан кезеңде білім
беру жүйесi де сырт қалған жоқ. Конституциялық реформалар барысында білім
беру саласын жетiлдiруге аса мән берiлдi. Оң өзгерістер білім беру
жүйесінде де молынан орын алды. Осы уақыт ішінде білім беру жүйесінде кең
ауқымда жүргізілген реформалар қазіргі қазақстандық жоғары мектепті
қалыптастыруға мүмкіндік берді. Жоғары оқу орындарының материалдық-
техникалық базасы нығайып, студенттерді әлеуметтік қолдау жақсарды. Білім
саласының қызметкерлері Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен
жүргізіліп жатқан реформаларды қолдай отырып, еліміздің одан әрі де даму
жолымен өсіп, өркендей беретіндігіне зор сеніммен қарайды. Тарихымызға
тереңірек үңіліп қарасақ, тәуелсіздік алып, өркениеттің сара жолына түскелі
көп уақыт бола қойған жоқ. Бірақ осы уақыттың ішінде біз Қазақстанды табиғи
байлығы мол, өзіндік даму жолын таңдаған мемлекет екенін әлемдік
қауымдастыққа танытып қана қоймай, оның беделінің жылдан-жылға артып келе
жатқанын байқап отырмыз. Ал өркениеттің мұндай сатысына жету ата-бабамыздың
тарихи өмірінде бұрын-соңды болмаған жаңа кезең, жаңа қоғам деуге толық
негіз бар.
Бүгін еліміз 138 мемлекетпен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты.
Қазақстанның шетелдерде 70-тен астам дипломатиялық миссиялары, кәсіби
дипломаттарының жеткілікті саны бар. Шетелдермен белсенді ынтымақтастықтың
нәтижесінде мемлекетаралық, үкіметаралық және ведомствоаралық деңгейде 3
мыңнан астам әртүрлі салалардағы халықаралық шарттар жасалды.
Зерттеу жұмысының негізгі нысаны. 1991-2011 жылдардағы Қазақстан
Республикасының сыртқы саяси дамуы кезеңіндегі Қазақстан тарихы болып
табылады.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстандық қоғамды жаңартудың
демократиялық негіздерін белгілі ғалымдар Ә.Н. Нысанбаев, А.Қ. Бижанов
зерттеген. Сондай-ақ, қоғамды демократияландырудағы саяси жаңарту үрдісінің
саяси маңыздылығын және кейбір қырлары отандық ғалымдарымыз Г.Н. Иренов,
Е.К. Әлияров еңбектерінде де көрініс тапқан. Саяси жаңарудың этносаяси
аспектілерін кешенді зерттеуге Р.Б. Абсаттаровтың зерттеулері үлкен үлес
қосты.
Аталған мәселе бойынша қазақстандық ғалымдар Л.А.Байдильдинов,
А.С.Балғымбаев, М.А.Биекенов, К.Н.Бурханов, С.М. Борбасов, Ж.Х.Жүнісова,
Р.К.Қадыржанов, М.С.Машан, Н.В.Романова, Т.С.Сарсенбаев, М.Б.Татимов, Г.Р.
Нұрымбетова, Т.Қ. Әуелғазина, С.Ш. Мұсатаев, Ж.Р. Жабина және тағы басқалар
трансформациялаудың үдерістің логикасын, Қазақстанның әлеуметтік мәдени
даму ерекшелігін, қоғамдық өмірдің басқарушы звеносын реформалау тетіктерін
жүйелеген. Жоғарыдағы аталған еңбектер өзгермелі қоғамдығы мәнді ғылыми
зерттеулер болып саналады. Бірақ та осы еңбектерде Қазақстан
Республикасының демократиялық модернизациялау үрдісінің динамикасына
арналған арнаулы зерттеулер жоқ. Бұл мәселені кешенді зерттеу тарих ғылымы
үшін зәрулік болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Тақырыптың мақсаты Қазақстан
Республикасындағы сыртқы саясатының даму тарихына талдау жасау.
Қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін мынандай зерттеу міндеттері алға
қойылды:
- Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының қалыптасуы,
ынтымақтастықты дамыту функциясына талдау жүргізу;
- Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының жетістіктері мен
келешегін сараптау;
- Қазақстан және БҰҰ: ынтымақтастықтың негізгі кезеңдері мәні мен
мазмұнын бағалау;
- Қазақстанның өзара ықпалдастық және тең құқықтық қатынастар құру
саясаты талдау жасау;
- Әлемдік саясатта мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары
жүру бағыттар мен ерекшеліктерін зерттеу;
- Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығы
зерттеу;
Зерттеу жұмысының деректік негізі. Зерттеу жұмысының дерек көздерін ҚР
конститутциясы, заң актілері, статистикалық материалдар президент
жарлықтары мен дипломатиялық құжаттар құрайды.
Зерттеу жұмысының теориялық және методологиялық негізі. Жұмысты
жазу барысында көптеген әдебиеттер пайдаланды. Соның қатарында ресей және
еліміздің құқық саласындағы ғалымдардың еңбектері пайдаланды. Сонымен қатар
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына
арналған жолдаулары және өзге де нормативтік-құқықтық актілер пайдаланды.
Зерттеу жұмысының мерзімдік және аумақтық шегі. Зерттеу жұмысында 1991-
2011 жылдардағы Қазақстан Республикасының территориясы қарастырылған.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы. Тәуелсіздік тарихындағы сыртқы
саясаттың жетістіктері мен келешегін сараптау жаңалық болып табылады.
Зерттеу жұмысының ғылыми-практикалық маңыздылығы. Диплом жұмысы семинар
сабақтар мен студенттің өзіндік жұмыстарына қолданылуы мүмкін.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар. Зерттеу нәтижесінде келесі
тұжырымдар шығарылды:
• Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының қалыптасуы мен
еліміздің ынтымақтастықты дамыту функциясына талдау жүргізу
арқылы еліміздің көшбасшылық бейнесі ашылды;
• Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының жетістіктері мен
келешегін сараптау нәтижесінде Отанымыздың жасампаздық бейнесі
айшықталды;
• Қазақстан және БҰҰ: ынтымақтастықтың негізгі кезеңдері мәні мен
мазмұнын бағалау нәтижесінде еліміздің бейбіт саясат ұсьтанудағы
ролі мен орны анықталды;
• Қазақстанның шет елдермен өзара ықпалдастық және тең құқықтық
қатынастар құру саясаты талдау жасау арқылы әлемдік
қауымдастықтағы мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары
жүру бағыттар мен ерекшеліктері анықталды;
Дипломдық жұмыс кіріспеден, тиісті параграфтарға бөлінген үш тараудан,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ САЯСАТЫ

1.1 Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының қалыптасуы,
ынтымақтастықты дамыту функциясы

Қазақстан Республикасының Презиеднті Н.Ә.Назарбаев республика
тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінде
бәрін де іс жүзінде тақыр жерден бастауға тура келді... Ең алдымен...
елімізді сыртқы дүниенің тануына қол жеткізу қажет еді деп атап көрсеткен
болатын. 12 32-бет Бұл өзінен өзі түсінікті еді. Себебі, Қазақстан өзін
тәуелсіз мемлекет ретінде жарияласымен-ақ дүние жүзіндегі басқа
мемлекеттердің оны тәуелсіз мемлекет ретінде тануы ел тәуелсіздігінің
баяндылығының басты белгілерінің бірінен саналады. Осыған байланысты біз ел
есінде мәңгі сақталар қуанышты сәттердің бірі ретінде 1991-жылдың желтоқсан
айының 16-сы күні Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жарияласымен-ақ,
араға бар-жоғы 30 минут уақыт салып, қазақ халқымен ортақ тарихи және
этнолингвистикалық терең тамырлы бауырластығы бар түрік елінің бірінші
болып әлемге жар салып Қазақстанның егемендігін танығандығын мақтаныш
сезімімен еске аламыз. Ол – ол ма, Қазақстанда өз елшілігін ашқан алғашқы
ел де Түркия Республикасы болды. Қазақстан өзінің егемендігін жариялаған
күннен бар-жоғы төрт ай өткенде, яғни 1992-жылдың сәуір айының 21-күні
Түркия республикасының Қазақстандағы елшісі Аргун Өзпай ел басшысы
Н.Ә.Назарбаевқа сенім грамотасын тапсырды. Ал осы салтанатты сәттен бар-
жоғы 26 күн өткенде, яғни 1992-жылдың мамыр айының 16-сы күні Қазақстан
Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен Қазақстанның шет
елдердегі бірінші елшілігі Түркия Республикасында салтанатты жағдайда
ашылды.
Осы жылдың 31-қазанында Анкарада Түркия және түркі тілдес мемлекеттері
басшыларының 2 күндік кеңесі болып өтті. Түркияның, Әзірбайжанның,
Қазақстанның, Қырғызстанның, Түрікменстанның және өзбекстанның
Президенттері Анкара декларациясына қол қойды.Мұнда оллар өздерінің екі
жақты және көпжақты ынтымақтастықты дамыту ниеттері туралы мәлімдеді. Осы
кездесуде Түркия мемлекет басшылары Татаүрік идеяларын қайтадан еске
түсіріп, аймақта біртұтас ортақ түрі базарын құру туралы идеяларын айтып,
арнайы құжат әзірлеп ұсынды. Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев бұл құжатқа
қол қоюдан бас тарта отырып, өз ойын былай деп жеткізді: Мен бұл
мәлімдемеге қол қоймайтындығымды айттым. Біз тек экономикалық,
гуманитарлық, саяси байланытсрады жақтаймыз дедім. Түбіміз бір екені рас.
Ұзақ уақыт бір-бірімізден қол үзіп қалғанымыз белгілі. Мен жаңа ғана қол
жетіп отырған тәуелсіздігімізді, әр мемлекеттің егемендігін қатты қадірлей
отыра, өркениетіміздің үзіліп қалған сабақтастығын қайта жалғастыруды
ұсындым. 2 201-бет
Екі жақты пайдалы қарым-қатынас қалыптастыру. Қазіргі заманда
мемлекетаралық қатынасты қоғамның барлық саласын қамтуға, байланыстыруға
болады: біріккен өндірістер, фирмалар, ұжымдар құру, бірігіп ғылыми
зерттеулер жүргізу т.б. іс-әрекеттер жасау. Бұдан мемлекеттер ұтылмайды,
керісінше, ұтыстары молаяды [3].
Тәуелсіздік пен егемендік алғаннан кейін Қазақстанның алдында өз
мемлекеттілігін нығайту мен жетілдіруді қалыптастыру міндеттері тұрды. КСРО-
ның ыдырауы планетаның басқа аймақтарына қарағанда негізі жоқ жаңа
мемлекеттердің пайда болуына емес, тарихи тамыры терең, бір кездері
жоғалтылып алынған мемлекеттіліктің жандануына алып келді. Егемен
республикаға көптеген маңызды мәселелерді шешу керек болды:
Тәуелсіздік алғаннан кейін екі айдан аса уақыттан соң (1992ж. 2 наурыз)
Қазақстан Біріккен Ұлттық Ұйымының мүшелігін алды, ал бүгінгі күні БҰҰ-ң 50-
ден астам әр түрлі ұйымдары мен бағдарламаларының, сондай-ақ басқа да
халықаралық ұйымдардың мүшесі немесе қатысушысы болып табылады [4].
Олардың арасында: Азия Даму Банкі, ОБСЕ, Бүкіләлемдік Денсаулық сақтау
Ұйымы, Бүкіләлемдік Интеллектуалды Мүлік Ұйымы, Бүкіләлемдік Кеден Ұйымы,
Тарифтер мен Сауда жөніндегі Бас Келісім Европалық Қайта құрастыру мен Даму
Банкі, БҰҰ-ң Европалық Экономикалық Комиссиясы Халықаралық Азаматтық
Авиация Ұйымы, Интерпол, МАГАТЭ, Халықаралық Валюта қоры, Біріккен Ислам
Конференциясы, БҰҰ-ң Даму Бағдарламасы, Бейбітшілік үшін әріптестік
бағдарламасы, Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ орталығы, т.б.
Егемендік пен тәуелсіздіктің алғашқы алты жылында Қазақстанды әлемнің
120-дан аса елі таныды. Егемен Қазақстанның жас тарихының алғашқы айларының
өзінде Қазақстанмен дипломатиялық қатынас орнатқандардың алдыңғы қатарында
АҚШ, Жапония, Қытай, Моңғолия, Ұлыбритания, Франция, және т.б. болды. Жаңа
мемлекеттерді танудың екі формасы болғанын айтып кеткен жөн: де-факто және
де-юре.Достық қарым-қатынастың әрі қарай нығая беруіне тілек білдіреді. Өз
жолының бастауында Қазақстан Республикасы Ресейде, АҚШ-та, Қытайда,
Түркияда өз елшіліктерін ашты. Артынша Алматыға дипломатиялық өкілдіктер
мен шетел мемлекеттері елшілерінің, сондай-ақ халықаралық ұйымдар
өкілдерінің үлкен тобы жетті, республикада шетел фирмалары мен
компанияларының өкілдері орныға бастады. Қазіргі уақытта Қазақстанда 47
елшілік жұмыс істеуде, 13 Халықаралық ұйымдардың өкілдіктері бар, 200-ден
аса ірі шетел компаниялары республикада өз оазистерін ашты [5]. Мұның бәрі
соз жоқ халықаралық практика негізінде Қазақстанның мемлекеттік протоколын
жасап, соған сәйкес қызмет енгізу қажеттілігін тудырды. Бұл туралы келесі
әңгімелерде сөз болады. Сондай-ақ Қазақстанның дипломатиялық практикасы,
дипломаттар арасында қолданылатын терминология жөніндегі негізгі
мағлұматтар жайында да айтылып өтетін болады.
Қазақстанның басты және өзгермес мақсаты — тәуелсіздікті, егемендік пен
мемлекеттілікті нығайту. Қазақстан мүдделеріне халықаралық құқықтың берік
негізіне орныққан көпполюстік жүйе құру мен көпжақты дипломатия
институттарын нығайту. Сөйтіп, Қазақстан бүгінгі күні — көптеген
халықаралық және аймақтық ұйымдардың мүшесі.
Біз өз елімізді халықаралық қоғамдастықтың толық құқылы және жауапты
мүшесі ретінде қарастырамыз, ал мұның өзі біздің аса маңызды
басымдықтарымыздың бірі [6].
Бірақ оның саясатында басты көңіл ТМД мемлекеттерімен қарым-қатынастарға
бөлінеді.
Тәуіелсіз мемлекет Достық жұмыстарына көз жүгірте отырып, шартты түрде
бірнеше кезеңдерге бөліп қарауға болады. Олардың әрқайсысында қатынастардың
жаңа түрін қалыптастырудың спецификалық мәселелері шешіліп отырды.
1992 жыл мен 1993 жылдың басындағы алғашқы кезеңде халықаралық
қатынастардың негізін қалау жұмысы басталды.
Қысқа уақыт ішінде ынтымақтастықтың ұйымдасқан құрылымы — Мемлекет
басшыларының кеңесі, Үкімет басшыларының кеңесі, ТМД-ның парламентаралық
ассамблеясы қалыптасты. 1993 жылдан бері Минскіде Достастықтың штаб-пәтері
— Атқарушы Секретариат (ТМД Атқару комитеті) жұмыс істеуде. Сыртқы істер
министрлері кеңесі, сондай-ақ салалық ынтымақтастық органдары құрылды.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жақындасуына бірден-бір қомақты үлес
қосып келе жатқан мүше мемлекеттердің бірі ретінде Қазақстан Республикасы
саналады. Себебі, ТМД шеңберінде қабылданған жақты және көп жақты
(аймақтық) келісімдер мен шарттардың екі жақты, үш жақты және көп жақты
қабылдануына немесе әртүрлі деңгейдеігі (Кеден одағы, Азиядағы өзара
ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес т.б.) көптеген шаралардың
ұйымдасуына және тұрақты жұмыс істеуіне де ықпал етіп отырған мемлекет -
Қазақстан. Бұл тұрғыдан келгенде, ТМД-ға мүше мемлекет болып саналатын
басқа мүше елдермен өзара қарым-қатынастарына, оның экономикалық,
әлеуметтік, әскери, гуманитарлық салалардағы жақындасуына тоқталып,
сараптап талдау жасап өткенді жөн санадық.
ТМД шеңберінде Достастыққа мүше елдердің өзара жақындасуында үлкен рөл
атқарып, мүше мемлекеттердің негізгі орталық жүйесі ретінде саналатын ел -
Ресей Федерациясы. 1991 жылы желтоқсанның 16-да Қазақстан өзін тәуелсіз ел
деп жариялады. Қазақстан мен Ресейдің екі жақты мемлекетаралық
қатынастарының дамуына осы сәттен бастауға болады[38]. Дегенмен, бұл
уақытқа дейін де 1990 жылдың 21 қарашасында Қазақ ССР-і мен РСФСР арасында
екіжақты шарт жасалынған болатын. Бұл шарттың кіріспесінде былай: Мәртебелі
уағдаласушы жақтар Қазақстан мен Ресей Федерациясы халықтарының ғасырлар
бойы қалыптасқан достық дәстүрлерін, тығыз экономикалық және мәдени
байланыстарын дамытуға ұмтылады, мемлекетаралық қатынастарды егеменді
теңдік, ішкі істерге араласпау, аумақтық тұтастықты құрметтеу, күш
қолданудан бас тарту, даулы мөселелерді жалпы қалыптасқан халықаралық құқық
нормаларына сәйкес реттеу қағидалары негізінде дамытуға бейім, делінгенді.
Бұл құжаттың негізгі мазмұны бойынша Қазақстан мен Ресей Федерациясы бір-
бірін егемен мемлекет деп біледі және басқа жақтың мемлекеттік егемендігіне
нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеуге міндеттенетінің білдіреді. Көріп
отырғанымыздай, КСРО құлдырауының сонғы сатыларының өзінде-ақ
нарықтық экономика талаптары мен жаңа егемен елдерге қатысты жасалатын
келісім-шарттар екі ел арасында орын ала бастағанын байқаймыз.
1992 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан мен Ресей арасындағы
шаруашылық қызметте шектеулерді алып тастау туралы келісімге қол қойылды.
Бұл қүжаттың қабылдануы сол кезең саясаты мен ахуалына сай тұғын. Себебі,
нақ өзара шараушылық қатынас, экономикалық жақындасу елдер арасындағы
серпінді де жоспарлы ынтымақтастықты қажет еткен. Қазақстан мен Ресей
президенттерінің алғашқы ресми кездесуі 1992 жылдық 21 наурызында болды
[7]. Бұл кездесуде мемлекет басшылары екі ел арасындағы экономикалық,
сыртқы саясат мәселелері жөне ТМД даму жолдарын сөз етті. Қазақстан мен
Ресейдің өзара қатынастарының бірінші кезеңінің аяқталуы жөне сонымен бірге
жаңа кезеңнің - екі елдің мемлекетаралық экономикалық және саяси
ынтымақтастығының үлгісін іздестірудің басталуы 1992 жылғы 25 мамырда екі
ел Президенттері Н.Ә.Назарбаев пен Б.Н.Ельцин қол қойған Қазақстан
Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы Достық, ынтымақтастық және
өзара көмек туралы шарт [8] болып табылады. Шарттың негізгі мазмұнына
сәйкес мынаны анықтауға болады. Қазақстан мен Ресей екі мемлекеттің тарихи
қалыптасқан тығыз байланыстарына, өз халықтарының игі қатынас, достық пен
өзара іс-қимыл дәстүрлеріне сүйене отырып, екі ел арасындағы достық
қатынастарды, тату көршілікті, ынтымақтастық пен өзара көмекті нығайту
екі мемлекет түбегейлі ұлттық мүдделеріне сай келеді деп есептеп,
мемлекеттік егемендік пен аумақтық тұтастықты өзара құрметтеу, даулы
мөселелерді халықтарының бейбіт жолмен реттеу және күш қолданбау қатерін
төнгізбеу, соның ішінде басқа да қысым көрсету амалдарынан бас тарту, тең
құқықтылық және ішкі істерге араласпау, адам құқықтары мен негізгі
бостандықтарын сақтау, міндетгемелерін адал орындау қағидаларын, сондай-ақ
жалпы жұрт таныған халыкаралық құқық нормаларын дәйекті түрде басшылыққа
ала отырып, өздерінің достық қарым-қатынастарын әріптес мемлекеттер ретінде
құрады. Бұл Қазақстан - Ресей шарты Европадағы қауіпсіздік және
ынтымақтастық ұйымы процесінің дамуына, евразиялық кеңістіктегі
қауіпсіздіктің бекуіне, тұрақтылыққа, өзара жемісті ынтымақтастық пен іс-
әрекеттердің терендеуіне күш салуға шақырады [9].
Түркиямен арадағы экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға Қазақстан жағы да
қатты мүдделі-тұғын. Өйткені, егемендігіне енді ғана ие болып, қаз тұра
бастаған жас мемлекеттің эканомикасына ең алдымен мемлекеттігінің
тұғырларының бірінен саналатын өнеркәсіпті көтеру үшін несиелер мен
инвестиция-қаржы салымдары қажет болатын. Ал, көлік пен қатынас саласындағы
Түркия мемлекетімен арадағы қарым-қатынасты жолға қою Қазақстан үшін
аймақтық эканомикалық ынтымақтастыққа кіруге мүмкіндік беретінідігін
байқатты. Ал, бұл ынтымақтастықтың мүшесі болу республика эканомикасына
біршама қаражат көздерінің құйылуына мүмкіндік туғызды. Жалпы екі ел
арасындағы эканомикалық ынтымақтастық екі жаққа да өте пайдалы,
эканомикаларына молынан жәрдемдесуде. Мысалы, екі ел арасында, әсіресе
сауда-саттықтың жемісті өрістеуі сырт көзге айқын байқалады. Бұл түсінікті
де. Халықаралық эканомикалық қатынастардың дәстүрлі және ең кең дамыған
пошымына еларалық сауда-саттық жатады.
Американдық ғалым Дж.Сакстың пікірінше, қандай да бір ел болмасын
оның экономикалық тұрғыдан ірі жетістіктерге жетуі көбіне-көп сыртқы сауда-
саттықты дұрыс жүргізе білуіне тікелей байланысты. Дүниежүзілік
экономикалық байланыстар шеңберіне тартылмайынша еш бір ел оқшау қалып жөні
түзу экономикалық құрылым жасақтай алмайды. 3 154-бет Олай болса,
Қазақстан-Түркия арасындағы экономикалық ынтымақтастық та өзінің салмағына
қарай өзара сауда-саттықтың жетекші позициясына ие болуы орынды да.
Бірақ та Қазақстанның әлемдік коммуникацияға тікелей шыға алмауы оның
осал жері болып табылады. Әлемдік нарық капиталындағы шиеленісті
бәсекелестік Қазақстанда инвестициялық жағдайды әрі қарай жақсарта түсуді
талап етеді. Бұл өз кезегінде елдің эканомикасына ірі трансұлттық
корпарацияларды тартудың алғашқы шарттарын жасайды. Сол себепті де
Қазақстан үшін өзінің тарихи түп тамыры бір Түркия сияқты елмен
экономикалық өзара қарым-қатынасын нығайта түсуі осы бағыттағы маңызды
жолдардың бірі болып табылады.
Қазақстан түрік компанияларының іс-қимылдары үшін барынша кең
мүмкіндіктер ашты. Мәселен, 1992 жылы ірі компания башыларының бірі
Я.Демирелдің жетекшілігімен Алматыға бір топ түрік бизнесмендері келді.
Олар Қазақстанда табиғи шикізаттар мен ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін
жаңа технологиялрды бірігіп игеруге және құрылыс материалдарын өндіретін
кәсіпорындар салуға мүдделілік танытты.
Қазақстан қазіргі заман талаптарына жауап беретін және ТМД-ның ортақ
тарихына арқа сүйеген ортақ саяси, экономикалық және әлеуметтік
стандарттарға қол жеткізуге ұмтылуда.
Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімге 1992 жылы 15 мамырда Ташкентте қол
қойылды. ҰҚК-ға 9 мемлекет мүше болды. Келісім 1999 жылы сәуірде күшін
жойды. 1999 жылы 2 сәуірдегі ТМД мемлекеттері басшыларының Саммитінде
Әзербайжан, Грузия мен Өзбекстаннан басқа мүше-мемлекеттер ҰҚК-ның
ұзартылуы туралы Протоколға қол қойды. Грузия келісімнің қайта жасалуы
бойынша жұмыстар толық аяқталған соң ғана мүшелікке өтуге келісті.
Басқа 6 мемлекет үшін Протокол 2000 жылы 22-наурыздан бастап күшіне
енді. Қазіргі күндері ҰҚК Келісімге мүше-мемлекеттердің әскери-саяси
саласындағы интеграция үшін шынайы ядро және негізгі құрылымға айналып
келеді. ҰҚК-ге мүше-мемлекеттер арасындағы әскери-саяси қарым-қатынастарға
Келісімге кірмейтін басқа елдермен саяси байланыстар мен қатынастарға
қарағанда көбірек көңіл бөлінеді.
Сонымен қатар Ұжымдық Қауіпсіздік туралы келісім (ҰҚК) оның мүшелерінің
қауіпсіздігін қамтамасыз етудің әзірге жалғыз механизмі және Тәуелсіз
Мемлекеттер Достастығы көлеміндегі инеграциялық процестерді дамытудың
маңызды әскери-саяси құрамдас бөлігі болып табылады.
Келісім өзіне жүктелген сенімді әскери құрылыс саласындағы
ынтымақтастықты жөнге келтіруге жол ашатын құрал ретінде ғана емес, сондай-
ақ ұлттық қауіпсіздікті, мүше-мемлекеттердің егемендігі мен аумақтық
тұтастығын қамтамасыз етудің маңызды факторы ретінде де ақтады.
Қазақстанның негізгі мақсаты — Ұжымдық Қауіпсіздік туралы Келісімде
қамтылған, республикалардың ұлттық қауіпсіздігі бойынша көптеген әскери
және саяси мәселелерді шешуге арналған потенциалды жоғары деңгейде
пайдалану.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы ҰҚК-ге мүше-мемлекеттермен бірінші
кезекте 2003 жылға дейінге уақытқа арналған халықаралық терроризм мен
басқа да экстремизм құбылыстарымен күрес жөніндегі Бағдарлама туралы
үстіміздегі жылдың 25 қаңтарында қабылданған Шешімдер аясында Қазақстан
мемлекет Ресейдің Қауіпсіздік кеңестері шеңберінде және ТМД-ға мүше-
мемлекеттердің Терроризмге қарсы орталығымен бірігіп жұмыс істеуде.
Қазақстан Республикасы Келісімнің қатаң блоктық сипатта болмауын, мүше-
мемлекеттердің сырт елдермен және халықаралық құрылымдармен әскери
ынтымақтастық жасау және дамытуға егемен құқығына қол сұқпауын жақтайды
және аймақтағы әскери-саяси ахуалдың ушығуы мүмкіндігін есепке алатын және
орын алып келе жатқан құбылыстарға келісімді барынша бейімдей түсуді
ұсынады.
Соңғы жылдары халықаралық террористер мен экстремистердің Орталық Азия
аймағындағы жағдайды тұрақсыздандыруға үздіксіз ұмтылуларынан туған
ахуалдың ұшығуын есепке ала отырып, сондай-ақ Келісімнің жағдай үшін
нәтижелілігін арттыруға байланысты практикалық шаралар қолдану мақсатында
келісімге мүше-мемлекеттер осы мәселелерді шешуге барынша күш салды.
Осы жылдың 24 мамырында Минскідегі ұжымдық қауіпсіздік Кеңесінің
Сессиясында мемлекет басшылары ҰҚК-ң нәтижелілігін арттыру және оны қазіргі
геосаяси ахуалға бейімдеу туралы Меморандум Күш қолдану және ұжымдық
қауіпсіздік жүйесінің құралдарын, пайдалану үшін ұжымдық шешімдердің
қабылдануы және жүзеге асырылуының тәртібі туралы ережеге, ҰҚК-не мүше-
мемлекеттердің Коалициялық стратегиясының негізгі ережелері, т.с. сияқты
маңызды құжаттарға қол қойды.
Сонымен бірге Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздікті нығайту мақсатында
үстіміздегі жылы 11-қазанда, Бішкектегі ҰҚ Кеңесінің сессиясында Мемлекет
басшылары құрамы шектелген жылдам қозғалатын ұжымдық күш пен олардың
басқару органын құру арқылы болуы мүмкін қауіпті жоюды қамтамасыз ететін
Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру бойынша
жұмыстарды белгіледі, президенттер әлемдік қауымдастықты Ауғанстандағы
ахуалды жөнге келтіру процесін жетілдіруге үндеп, аталмыш мәселеге орай
нақты шаралар жасап шығару үшін БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің арнайы отырысын
өткізуді ұсынды.
Ұлттық, аймақтық және халықаралық қауіпсіздікке төменгі және жаңа қауіп-
қатерлерге қарсы тұруға байланысты мүше-елдердің бірігіп қимылдауын
ұйымдастыру мақсатында Келісім аясында 2001—2005 жылдарға арналған ұжымдық
қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру бойынша негізгі шаралардың Жоспары іске
қосылған.
Агрессияға немесе халықаралық-террористік бандылардың шабуылына ұшыраған
мүше-мемлекеттерге қажетті көмек көрсету жағдайында Келісімнің
нәтижелілігін арттыру үшін ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен
құралдарын қалыптастыру мәртебесі туралы Келісімге қол қойылды.
Келісімнің қауіпсіздікке төменгі қауіп-қатерлерге қарсы тұра алар іске
қосылған халықаралық құрылымға айналып келе жатқанын есепке ала отырып,
қазіргі уақытта мүше елдер сырт елдермен, халықаралық ұйымдармен және
құрылымдармен қауіпсіздік мәселелері бойынша ынтымақтастық жасауда.
2000 жылдың басынан бастап бұқаралық ақпарат құралдарында бестік
елдері Президенттері бірнеше рет Кедендік Одақ шеңберіндегі
ынтымақтастықтың маңызы жөнінде бір ауыздан мәлімдеді.
Осы мәселеде үстіміздегі жылдың 23 мамырында Минскіде мемлекет және
үкімет басшыларының кездесуі, сондай-ақ осы жылдың 31 наурызында Алматыда
Интеграциялық Комитеттің 19 отырысы өтті.
Қазіргі күндері Кедендік Одақта шынайы интеграцияның барлық базалық
элементтері құрылды, ТМД-да іске қосылған практикадан бөлек бірлескен
қимылдардың формуласы жасалды. Негізі өздерінің экономикалық қарым-
қатынастарында бестік елдері келісім шарттар бекіту кезеңінен сыртқы
экономикалық байланыстардың келісілген параметрлерін белгілеудің жаңа
кезеңіне аяқ басты.
Бестік елдері қарым-қатынастарының механизмдерін жетілдіру, сондай-ақ
оған құқықтық субъектілік мәртебесін беру мақсатында мемлекет басшылары КО
негізінде халықаралық экономикалық ұйым — Евразиялық экономикалық
қауымдастық (Евраз ЭҚ) құру туралы шешім қабылдады.
Тараптар, құрған үкімет аралық топ жұмыс істеп жатқан және қайта
қалыптастырылып жатқан интеграцияны басқару органдарының мақсаттарын,
міндеттері мен қызметтерін белгілеп, келісті.
Үстіміздегі жылдың 10 қазанында бестік президенттері экономикалық
қауымдастықты бекіту туралы Мәлімдеме мен Келісімге қол қойды.
Жұмыс істеп жатқан және қалыптасу үстіндегі интеграцияны басқару
органдарының құрылымы мен жұмыс тәртібіне ережелер Бекіткен аталмыш
құжаттың қабылдануы “бестік” елдеріне қатынастардың жаңа сапалы деңгейіне
көтерілуге мүмкіндік береді. Мемлекет басшыларының пікірлері бір жерден
шықты. Бұл кезекті кезең ғана емес, Европалық Одаққа және басқа да
халықаралық ұйымдарға жақын принциптерге құрылған қоғамға бағытталған
қадам.
Сонымен бірге Қазақстанның Евразиялық одақ туралы идеясын жүзеге
асырудағы үлкен қадам. Президенттер қабылдаған Шешімде жалпы саяси еркіндік
— өз кезегінде шынайы интеграцияны қамтамасыз ететін көп жоспарлы
ынтымақтастыққа жаңа өмір беру көрініс тапқан.
Қазақстан сыртқы саясатындағы маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі
Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастықты жандандыру болып отыр.
Интеграциялық процестердің дамуы аймақтағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті
қамтамасыз ету, өзара тиімді экономикалық байланыстарды дамыту, ішкі қайта
қалыптастырулар мен реформалаулар мақсатында сыртқы жайлы ортаны
қалыптастыру үшін қажет.
Орталық Азия мемлекеттерінің аймақтық интеграциясы идеясы 1994 жылы 30
сәуірдегі Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекістанның қатысуымен жасалған
Ортақ Экономикалық кеңістік (ОЭК) туралы Келісімге қол қойылумен өзінің
шынайы көрінісін тапты. Аталмыш келісім толыққанды мүше болып 1998 жылы 26
наурызынан бастап Тәжікстан қосылды. Келісімді дамыту аясында 1994ж.
шілдеде Президент Шешімімен Мемлекетаралық Кеңес және оның негізгі
институттары — Премъер-министрлер Кеңесі, Сыртқы істер министрлері Кеңесі,
Қорғаныс министрлері Кеңесі мен олардың тұрақты жұмыс істейтін органы —
Атқару комитеті құрылды. Сол уақытта қаражаты мүше-мемлекеттердің үлестік
салымдары арқылы қалыптасатын Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкін
(ОАЫжОБ) құру туралы Келісімге қол қойылды. Мемлекетаралық кеңес отырысында
(1998ж. 17—18 шілде) аймақтық бірлестіктің жаңа атауы — Орталық Азия
Экономикалық Қауымдастығы (ОАЭҚ) бекітілді.
Қазақстан жұмыс істейтін 2500 шетелдік компанияның 320-сы Түркиянікі. Түрік
компаниялары 2 миллиярдтан астам сома бойынша келісім-шарт жасады.
Қазақстан өз тарапынан мүмкіндігінше инвестициялар ағынын ынталандыруға
ұмтылды. Түрлі бюрократиялық кедергілерді болдырмау үшін инвесторларға
қажетті жағдайларды қарастырып, қысқа мерзімде шешу өкілеттігі жүктелген
арнаулы инвестициялық комитет құрылды. Мұнан өзге эканомикадағы
басымдылықтар айқындалды. Қазақстан үшін басым бағыттағы нысандарға келген
инвесторлар елеулі жеңілдіктерге ие бола алады. Мұның барлығы, мемлекет
басшысының ойынша, Қазақстанның өзге мемлекеттерге қарағанда инвесторларға
неғұрлым қолайлы жағдай жасап отырғандығын білдірді.
Басым бағыттар қатарында мыналар аталады: түбегейлі құрылыс (ең әуелі
Ақмола қаласын қайта құру және халық тұтынатын тауарлар өндіретін
кәсіпорындар құру), энергетика, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу,
байланыс құралдарын дамыту, жол құрылысы және басқада үлкен күш пен мол
қаражатты талап ететін мәселелер.
Ол келтірген деректерге қарағанда 1990-1995 жылдар аралығында түрік
фирмалары өзге де халықаралық қаржы ұйыдарымен бірлесе отырып, Қазақстанға
1,3 миллиард АҚШ доллар көлемінде капитал экспорттаған. Олар Республикадағы
17 жобны қамтамасыз еткен. Бұл жобаларға салынған қаржының жалпы көлемі 550
миллион АҚШ долларды құрайды.мұның өзі Қазақстанға келген инвестицияның
айтарлықтай бөлігін алды. Қазақстандағы түрік фирмаларының сі-қимылдарын
М.Йылмаз табысты деп бағалады. Сонымен бірге ол Қазақстан эканомикасына
түрік жағының қатысуын әлі де кеңейте түсуге ынталы екендігін мәлімдеді.
Түрік жағы, деп атап көрсетті ол, жаңа Астана құрылысына белсенді қатысуға,
шағын және орта бизнес кәсіпорындарын құруға, мұнай, газ кен орындарына
барлау жұмыстарын жүргізуге, тағы басқа нақтылы бірлескен жобаларды жүзеге
асыруға мүдделі.
Екі елдің арасындағы сауда айналымы 500 миллион АҚШ долларына жетті. Соның
өзінде Қазақстан мен Түркия арасындағы екі жақты сауда-эканомикалық
қатынастардың қазіргі уақыттағы дамуы айтарлықтай құқықтық-келісімдік
базаға, тауар айналымының өсуіне, толып жатқан келіссөздер мен өзара
сапарларға қарамастан екі елдің мүмкіндіктеріне әлі де толықтай сай келмей
отыр. Қарым-қатынастарды дамыта түсуге кедергі келтіріп отырған
мәселелердің қатарына қазіргі уақытта байқалып отырған жалпыға бірдей
дағдарыс белгілері, өндірістің төмендеуі, нормативтік базалардың
реттелмеуі, тиісті мемлекеттік бақылаудың жоқтығы, тағы басқа мәселелерді
жатқызуға болады.
2000 жылы қарашаның соңында билік елдің онан астам ірі банкілеріне
қатысты қылмыстық іс қозғалған кезде Түркияда эканомикалық дағдарыс
басталды. Инвесторларды түрік қаржы жүйесіне деген сенімсіздік жайлап алды,
мұның соңы елден миллиардтаған доллардың шетелге ағылуына және түрік
компаниялары акцияларының күрт құлдырауына әкеліп соқты. Осы жайттардың
барлығы жинала келе түрік іскерлерінің Қазақстандағы белсенділігінің
төмендеуіне ықпл етті.
Екі жақты іскерлік байланыстардың дамуына кедергі келтіріп отырған
мәселелердің тағы бірі екі ел іскер адамдары бірлестіктерінің арасындағы
тікелей байланыстың дұрыс жолға қойылмауынан болып отыр. Бүгінгі күні
қазақстандық ауыр индустриялық кәсіпорындарын жаңалауда, сондай-ақ
энергетика, мұнай-химия, көлік және коммуникация, ауыл шаруашылық салалары
бойынша түрік инвесторлары атсалысуда.
1991-2001 жылдарда Қазақстан мен Түркия қатынастары тұрақты да
серпінді дамыды, экономикалық, саяси, гуманитарлық және басқа салалардағы
маңызды мәселелер қазіргі таңда дәйектілікпен шешілуде. Қазақстан мен
Түркия арасындағы өзара қаржы міндеттемелер реттелген, бірлескен
бағдарламалар бойвнша 1-кезекте, экономикалық ынтымақтастықты жүзеге
асыруда жұмыс жүргізілуде.
Қысқа мерзім ішінде нарықтық қатынастарға негізделген Қазақстандағы
экономикалық жүйе ойдағыдай құрылды. Нәтижелі жүогізілген реформалар
қоғамның үздіксіз, әрі тұрақты дамуын қаматамсыз етіп, нақты жемістерін
беруде. Қазақстанды ең алдыңғы қатарлы Еуропалық мемлекеттердің өзі
нарықтық экономикасы қалыптасқан ел деп бағалап отыр.
Еліміз экономиканы мүлде жаңа арнаға бағыттаған нарықтық, әлемдік
қалыптарға сәйкес заңдарға ие болды. 20
Болашақта Қазақстан – Тұркия қатынастары жақсы жалғасын тауып,
бірлесіп атқарар жұмыстар алдыңғы істердей нәтижелі болатынына сеніміміз
мол.
Қазақстан Реапубликасының Президенті Н.Ә.Назарбаев айтқандай “Біз түркі
тілдес мемлекетпіз және де түркі тілдес елдермен қатынастарды нығайтуға бар
күшімізді саламыз” 2 200 XX ғасырдың 90 жылдардан бастап Түркияның
түркі әлемімен достық, ынтымақтастық қатынастардың дамуында және мәдени
салаларда түрлі шаралар ұйымдастырылды.
XX ғасырдың 90-жылдардың басынан бастап Қазақстан мен Түркия арасында
100 шақты келісім-шарттар және хаттамаларға қол қойылды. Екі елдің
Президенттерінің білім, ғылым және мәдениет министрлерінің бірнеше іс-
сапарлары орын алды. Екі жақты делегациялар алмасу, мемлекетаралық ресми
байланыстар кезінде келісілген қатынастар туралы шарттар негізінде тікелей
мәдениет мекемелері мен шығармашылық ұйымдар мен ұжымдар, оқу орындары мен
ғылыми институттар және орталық өкілдерінің тұрақты байланысы қалыптасты.
Бүкіл түрік әлеміне ортақ құрылтайлар, көптеген жастар
фестивальдерін, жазушылар конгрестерін, музыканттар гастрольдерін, мәдениет
және ғылым қайраткерлерінің жиналыстарын, суретшілер көрмелерін, екі елдің
теледидарында елді таныстыру мақсатында түрлі телехабарлар және сұхбаттар
дайындау істерін, түркі дүниесі студенттерін Түркия университеттерінде
оқыту жұмыстарын, Қазақстанға техникалық көмек, жетістіктер және тәжірибе
алмасу процестерін ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қомақты үлес қосты.
1991 жылыдан бастап түркі мемлекеттері тәуелсіздік алғаннан кейін
қоғамдық негізде достық және бірлік ұйымдары құрыла бастады. Ресми мәдени
және ғылыми байланыстармен қатар қоғамдық ұйымдардың Қазақстан-Түркия
елдері арасында байланыс орнату ниеттері мемлекетаралық қарым-қатынастарды
нығайтуға септігін тигізді.
Оның ішінде алдыңғы қатарда 1992 жылы Түркияда Намык Кемал Зейбектің
басшылығында Қазақстан-Түркия достығы қоғамы құрылды. Оның мақсатын Кемал
Зейбек екі елдің арасындағы қарым-қатынасты нығайту, екі жақты қарым-
қатынастың қарқындылығын арттыру деп белгіледі. Бұл қоғам құрылған күннен
бастап Түркиядағы Қазақстандық студенттерге моральдық және материалдық
көмек көрсетеді, Қазақстан мен Түркияның ғылым және мәдениет
қайраткерлерінің қатысуымен екі елді таныстыру кештерін, конференциялар
өткізеді.
Қазақстан мен Түркия Республикалары қазақ-түрік достығы туралы
деректі фильмдер түсірді, түрік теледидары үшін қазақтар қазақ-түрік
достығы туралы хабарлар даярлады, ал Түркия елі қазақ-түрік достығын
нығайтуға өз үлесін қосқан мәдениет және ғылым қайраткерлері мен саяси
қайраткерлерді марапаттады.
Мысалы, осы қоғамның дайындауымен “Түрік дүниесінің жұлдыздары” атты
таныстыру телехабарлары дайындалып, онда Абай Құнанбайұлы, Мұхтар Әуезов,
Жамбыл Жабаев туралы мәліметтер түрік еліне кеңінен насихатталды. 22 13-
бет Намык Кемал Зейбек екі халықтың бірін-бірі тану, бір-бірінің тарихын,
ұлттық мәдениетін, салт-дәстүрлерін білу ісіне нақты шараларымен үлесін
қосуда .
Осылайша, болашақта аталмыш форум қандай да бір деңгейде
институцияланып, субрегионалды ұйым болып қайта құрылуы мүмкін деуге негіз
бар.

1.2. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының жетістіктері мен
келешегі

Өз Тәуелсіздігінің 15 жылдығына Қазақстан халықаралық сахнада күшті әрі
бекем ұстанымдарға ие болған, сенімді және қарқынды дамып келе жатқан
мемлекет ретінде жетіп отыр. Біз қазақ мемлекеттілігін құрудағы тарихи
миссия табысты орындалғанын мақтанышпен атап өтеміз.
Қазақстандық табыстың негізгі құраушыларының бірі ретінде Қазақстанның
нақты мүмкіндіктерін ескере отырып, жүзеге асырылған тепе-теңдікте
ұсталған, прагматикалық әрі сындарлы сыртқы саясат пен өңірлік және
жаһандық геосаяси жағдайды ыждағатты бағалау болып табылады.
Белсенді дипломатиялық күш-жігер салу арқасында өзіміздің ұлттық
мүддемізге зиян келтірмей, барлық жетекші әлемдік державалармен байыпты
және сындарлы қатынастар құрылып, сыртқы шекаралар периметрі бойынша тату
көршілік пен серіктестік ахуалы орнатылды.
Сонымен біз ауқымды әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларды
жүзеге асыру үшін барынша оңтайлы сыртқы жағдайлар жасадық, соның
нәтижесінде әлемдік қоғамдастық қазақстандық феномені туралы айта бастады.
Еліміздің бұл жетістіктері Қазақстан сыртқы саясатының негізі ретінде
прагматизм, тепе-теңдік пен көпвекторлық қағидаттарын белгілеген
Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси кемеңгерлігі арқасында мүмкін
болды. Жаһандану жағдайында, аумағы бойынша әлемдегі 9-шы орындағы
мемлекетке, ұлттық мүдделері өзінің өңірлік шеңберінде оқшауланып қалуға
мүмкіндік бермейтінін уақыт көрсетті. Өзге сыртқы саясатты жүргізу –
еліміздің ұзақ мерзімді ұлттық мүдделеріне нұқсан келтіру болып табылады.
Бүгінгі таңда Қазақстанның шет мемлекеттермен ынтымақтастығының заңдық
негізі 15 мың құжатпен белгіленген. Бұл Президент Н.Назарбаев атап
өткендей, дипломатиялық шаралар арқылы мемлекетімізді нақты және әлеуетті
қауіптерден сақтауға, сондай-ақ Қазақстан қауіпсіздігіне халықаралық
кепілдемелер алуға мүмкіндік берді [15].
Біздің еліміз Ресеймен одақтас қатынастарды, Қытаймен тату көршілік
ынтымақтастықты, Орталық Азиялық елдермен достық пен ынтымақтастықты
дамытып отыр. Қазақстан АҚШ-тың стратегиялық серіктесі болып, Еуропалық
Одақпен жан-жақты ынтымақтастықты тереңдетіп келеді. Азиялық континент
елдері және мұсылман әлемімен өзара қатынастарымыз серпінді дамып келеді.
Біз сонымен қатар, Біріккен Ұлттар Ұйымы мен басқа да көп жақты
құрылымдар шеңберінде серіктес-мемлекеттермен өзара жемісті іс-қимыл жасап
келеміз. Біз халықаралық терроризм, жаппай қырып-жою қаруының таралуы,
трансшекаралық қылмыс, соның ішінде есірткі трафигі, адамдар саудасы сияқты
бүгінгі заманның қыр көрсетулеріне қарсы тұруда көпжақты дипломатияға
балама жоқ деп есептейміз. Тұжырымдық тұрғыда Қазақстан көпжақтылықты
күштер тепе-теңдігі мен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде әлемдік
тұрмыстың ең әділ әрі тиімді формасы ретінде қарастырады.
Сонымен қатар, біз халықаралық құрылымдарды реформалау, оларды қазіргі
заманның геосаяси және геоэкономикалық жағдайға бейімдеу қажеттілігін
жақтаймыз. Бұл Біріккен Ұлттар Ұйымы, ЕҚЫҰ, ТМД және бірқатар басқа да
ұйымдарға бірдей қатысты. Қазақстан жаңашылдандыруға өз үлесін қосу үшін
ЕҚЫҰ төрағасы ретінде өз қызметін ұсынады. Біздің міндетіміз – ол елдің
жеделдетілген әлеуметтік-экономикалық және саяси қайта құрылуына деген
дәйекті бағытының көрінісі, сондай-ақ халықаралық және өңірлік
қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапкершілігі.
Өңірлік және жаһандық қауіпсіздік проблемаларына жаңашыл әрі икемді келу
мысалдарының бірі Мемлекет басшысының 1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас
Ассамблеясының 47-сессиясында Азиядағы өзара ықпалдастық пен сенім шаралары
жөніндегі Кеңесті шақыру туралы көтерген бастамасы болды. 2006 жылғы
маусымда Алматыда өткен АӨСШК Екінші Саммиті барысында әлемдік тәжірибеде
теңдесі жоқ құжат – Сенім шаралары каталогы келісілді, ол Азия кеңесінің
бірегей сипатын растады. Азиялық континентте қауіпсіздікті қамтамасыз ету
мақсатындағы қазақстандық көп жақты ынтымақтастық идеясы қазіргі заманғы
халықаралық қатынастардың елеулі факторы болып қалыптасты [16].
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 15-жылдығына орай сөйлеген
сөзінде Президент Н.Назарбаев біз ешқашан тек ішкі қауіпсіздікті сақтауды
қамтамасыз етумен шектеліп қалған емеспіз және неғұрлым кең ауқымда
тұрақтылық үшін негіз құруға ұмтылдық. Елдің сыртқы саясаты, Қазақстанның
халықаралық қауіпсіздік құрылымдарына, ең алдымен ҰҚШҰ, Шанхай
Ынтымақтастық Ұйымына қатысуы нақ осы мақсаттарға бағытталған деп айырықша
атап өтті [17].
Осыған орай, Қазақстанның ШЫҰ-да белсенді роль атқарып отырғанын атап
өткім келеді. Ұйымның әмбебаптылығы, оның жеке елдерге емес, нақты
қауіптерге бағыттылығы, біздің жаһандық қауіпсіздіктің қағидаттары мен
негіздерін түсінуімізге толық сәйкес келеді. Біз ШЫҰ шеңберінде тиімді
өзара іс-қимылды одан әрі дамытуды қуаттаймыз, оның арқасында бұл ұйым
қалыптасып келе жатқан көп тұрпатты әлемнің негізгі элементтерінің бірі
болуы мүмкін.
Жаһандық күн тәртібінің барлық көкейтесті мәселелері бойынша
Қазақстанның жауапты және дәйекті ұстанымы оны әлемде сенімді және болжамды
серіктес ретінде танытты. Сонымен бірге біздің мақсаттарымыз бүкіл
халықаралық қоғамдастық мүдделерімен үйлесімін табады. Осындай мүдделер
ортақтығы, мысалы, Қазақстанның ядролық амбициялардан бас тартуы, ол
әсіресе екіұштылық пен қос стандарттарға байланысты жаһандық қауіпсіздік
пен ядролық қаруды таратпау режимін елеулі дағдарысқа ұшыратқан соңғы
уақыттағы оқиғалар тұрғысында аса өзекті болып табылады. Пандора
қобдишасы ашылды, алайда халықаралық нормалар мен ядролық қаруды таратпау
саласындағы базалық шарттар негізінде, Біріккен Ұлттар Ұйымының шешуші ролі
арқылы аталған дағдарысты жағдайдан шығу мақсатында дұрыс шешім табуға әлі
де кеш емес [18].
Бұл тұрғыда 2006 жылғы қыркүйекте Семейде Орталық Азияда ядролық қарудан
еркін аймақ құру туралы Шартқа қол қойылды. Қазақстан әлемде алғашқы болып
ядролық полигонды жауып, жаппай қырып-жою қаруын таратпау мәселесі бойынша
дәйекті ұстаным алып отырған мемлекет ретінде осы құжатты әзірлеуге
белсенді қатысты және оның табысты қол қойылуына барлық мүмкіндіктер
жасады.
Ядролық емес статус алу туралы нақ осы шешім Қазақстанға Қауіпсіздік
Кеңесінің бес тұрақты мүшелерінен сенімді қауіпсіздік кепілдігін алуға және
13,5 мың шақырымға созылған шекаралық межелерді анықтау жөніндегі
келіссөздер процесінде ірі дипломатиялық табысқа жетуге ықпал етті. Өтіп
бара жатқан жылда тиісті Келісімді Ресей Федерациясымен ратификациялау
арқылы біз мемлекеттік шекараның делимитациялануын толығымен аяқтадық, бұл
жағдай шекаралас елдермен ынтымақтасуда жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Сонымен бірге, мемлекетіміздің егемендігі мен аумақтық тұтастығына кепілдік
ала отырып, біз өз ұлттық қағидаттарымыз бен мүдделерімізден тайсалмадық
[19].
Сонымен қатар елімізде тұрып жатқан барлық этностар, мәдениеттер мен
діндер өкілдері арасында толеранттық пен келісімді қамтамасыз етуге, сондай-
ақ ұлан-байтақ Еуразиялық кеңістікте экономикалық интеграцияны дамытуға
және тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстанның дәйекті саясаты
әлемдік қоғамдастықта мойындалды.
Өткен 15 жыл Қазақстандық сыртқы саясат саласындағы жасампаздық жұмыстың
жарқын мысалы болды. Біздің еліміз Еуразиядағы көп сатылы интеграциялық
процестердің белсенді қатысушысы болып табылады. Біз үшін интеграция –
прагматизм мен ұлттық мүдделерге негізделген қағидатты стратегиялық талғау.

Еуразиялық экономикалық қоғамдастық бұрынғы кеңестік кеңістікте шын
мәнінде аса тиімді мемлекетаралық бірлестік болып табылады. ЕурАзЭҚ
шеңберінде өңірлік интеграция тетіктерін тез арада жобалық қуаттылыққа
шығару Қазақстан үшін басым міндет болып табылады. Еліміздің ұсынысы
бойынша ең дайын мемлекеттер базасында Кедендік одақ қалыптасуда. Бұл
бастаманың мақсатын түсіну қиын емес – біз өз халықтарымызға күнделікті
өмірде мемлекетаралық ынтымақтастықтың жемісін көруге мүмкіндік беруіміз
қажет.
Осыдан 15 жыл бұрын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы сол
кездегі оқиғалардың келеңсіз дамуының алдын алған бірден-бір дұрыс шешім
болды. Достастық жаңа мемлекеттердің өркениетті ажырасуына, олардың
әлемдік аренаға дербес шығуы үшін негізгі жағдайлар туғызды. Алайда бүкіл
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы шеңберінде бірыңғай экономикалық кеңістікті
қайта құру міндеті нақты орындалатын жоба емес, көбінесе бағыт ретінде
қарастырылды.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің Басшылары Кеңесінің
Төрағасы болып сайланып, Президент Н.Назарбаев Достастықты реформалау
жөніндегі арнайы бағдарлама ұсынды. Оның мәнісі ТМД елдерінің басым
көпшілігі үшін нақты мәнге ие басым бағыттарға күш-жігер салуды үйлестіру
болып табылады.
Осы жылдары Қазақстан Орталық Азиядағы интеграцияны күшейтуге адалдығын
растап келді. Осы тұрғыда мемлекет Басшысының Орталық Азия Одағын құру
туралы бастамасын атап өтуге болады. Бүгінгі таңдағы өсе түскен
экономикалық және саяси мүмкіндіктер Қазақстанға едәуір белсенді әрі
салмақты роль атқаруға мүмкіндік береді. Біз өңірдің барлық елдерінің
жеделдетілген дамуына ықпал етуге, Орталық Азияда Ортақ рынок
қалыптастыруға белсенді қатысуға, интеграцияның барлық бағыттарын –
салалалық консорциумдарды, арнайы шекара маңындағы сауда аймақтарын,
бірлескен холдингтер мен инвестициялық құрылымдарды құруға қолдау көрсетуге
әзірміз. Бұл саясат тек прагматикалық мемлекеттік мүдделерге ғана емес,
біздің өңір әлеуетін оны мекендеген барша халықтар игілігіне пайдалануға
деген ұмтылысына негізделген.
Біздің жетістіктеріміз туралы айта отырып, Қазақстан Республикасының
дипломатиялық қызметі жайлы да бірнеше сөз айтқым келеді. Он шақты
қызметкерлерден басталған қазақстандық дипломатия әлемнің 54 мемлекетінде
өкілеттік етеді, бүгінгі таңда оның құрамында мыңға жуық халықаралық
саланың мамандары бар. Қазақстан өкілдері ондаған халықаралық ұйымдарда
қызмет атқарса, ал бірқатар біздің отандастарымыз көп жақты құрылымдарда
басшылық лауазымдарға ие. Сонымен қатар бүгінгі қазақстандық сыртқы саясат
жетістіктеріне зор үлес қосқан дипломатиялық қызмет ардагерлерін де атап
өткім келеді.
Бүгін Қазақстан, қай жағынан алсақ та, табысты мемлекет ретінде
қалыптасты деп берік сеніммен айта аламыз, оның сыртқы саясаты жаһандық
және өңірлік масштабта тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуде
маңызды факторлардың бір болып табылады.

2. ӘЛЕМДІК ҚАУЫМДАСТЫҚТАҒЫ - ҚАЗАҚСТАН

2.1. Қазақстан және БҰҰ: ынтымақтастықтың негізгі кезеңдері

Біріккен Ұлттар Ұйымының (БҰҰ) құрылуы Екінші дүниежүзілік соғыстың
басты нәтижелерінің бірі болды. Ұлттар лигасының орнына пайда болған
халықаралық ұйым құру туралы келісімге 1954ж. ақпанда Ялта конференциясында
қол жетті. Сол жерде Думбертон Окстағы (АҚШ) 1944 жылы тамыз-қыркүйектегі
келісім кезінде жасалған ережелерге сәйкес ұйымның Уставын дайындау үшін
1945 жылдың 25 сәуірінде Сан-Францискода Біріккен Ұлттар Конференциясын
шақыру туралы шешім қабылданды. Конференция 1945 жылы 26 маусымда қол
қойылған Біріккен Ұлттар Ұйымының Уставының мәтінін жасап шығарды. Устав
1945 жылы 24 қазанда күшіне еніп, жаңа құрылған Ұйымға оның барлық
Мүшелерінің егемендік тездігі принципине сәйкес келешек ұрпақтық соғыс
зардабынан құтылуы, бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті нығайту,
ұлттар арасындағы достық қарым-қатынастарды халықтардың тең құқықтылығы мен
дербестігі принципін қорғау негізінде дамыту, экономикалық, әлеуметтік,
мәдени және гуманитарлық сипаттағы халықаралық мәселелерді шешуде және адам
құқықтары мен нәсіліне, жынысына, тілі мен дініне қарамастан барлық адамға
арналған негізгі бостандықтарды сыйлауды қолдау және дамытудың халықаралық
ынтымақтастықты жүзеге асыру бойынша маңызды да ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдік саясат жаһандық мазмұндағы саясат
Қазіргі заманғы геосаясат және Қазақстан сыртқы саясатта ден қоятын басымдықтар
Аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесі және Қазақстанның саясаты
Аймақтық экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету құрылымындағы мемлекеттік саясат
Мемлекеттің әлеуметтік және аймақтық саясаттарының заңдылықтары
Халықаралық қатынастар теориялары – реализм және либерализм
Египет Араб Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы қарым қатынастың даму тарихы (1992-2003 жылдар)
Қауіпсіздік мәселесінің теориялық аспектілері
ТМД шеңберіндегі көпжақты халықаралық құжаттар
Республикасы - әлеуметтік мемлекет
Пәндер