ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ БИЛІГІН ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
I. ҮКІМ - СОТ БИЛІГІНІҢ АКТІСІ.
1. 1. Қазақстан Республикасындағы сот билігі: тарихы, жай-күйі және болашағы.
1. 2. Үкімге қойылатын талаптар: мазмұны мен құрылысы.
II. ҮКІМНІҢ ТҮРЛЕРІ.
2. 1. Айыптау және ақтау үкімдері: түсініктері, түрлері, шығару негіздері.
III. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ БИЛІГІН ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Құқықтық мемлекет болуға бет алғанымызға біршама уақыт болып қалды. Ондай мемлекет болудың алғашқы белгілерінің бірі - әділ сот төрелігінің бекуі. Сот өзінің төрелігін үкім арқылы жүзеге асырады. Конституциямызда айтылғандай ешбір адам сот үкімінсіз қылмыс жасағаны үшін кінәлі болып танылмайды, қылмыстық жаза тағайындалмайды. Осы бір сөйлемнің өзі үкімнің конституциялық маңызы бар екенін, мемлекеттік билік актілерінің ішінде ерекше өзіндік орны бар екенін аңғартады.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдарының ішінде сот қана, үкіммен ғана адамды қылмыскер деп есептеп, оған қылмыстық жаза қолданады, бұл қасиет тек үкімге ғана тән. Сондай-ақ, үкім ғана адамды бүкіл тағылған айыптан ақтап шыға алады. Осындай жауапкершілігі бар билік құжатының маңыздылығына қарай оған қойылатын талаптың өзі де зор болатыны анық.
Үкімнің өзіне қойылатын талаптарды орындап шығуы- әділ сот төрелігінің кепілі. Соттың қылмыстық іс бойынша шешімі, тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні жазылатын құдіретті қағаз- үкім. Оның сапасының артуы, сауаттылығының жоғарылауы сотталған адамның әділ жазасын алуына, кінәсіздің ақталып шығуына септігін тигізеді. Адамның тағдырына, өмір жағдайына, бостандығы мен құқығына әсер ететін құжаттың жоғары сапалы болуы - міндет. Ендеше, барынша әділ үкім ғана әділеттікті нығайтуға септігін тигізеді.
Диплом жұмысының өзектілігі өзін-өзі айқындап, мен мұндалап тұрғандай.
Сот қылмыстық іс бойынша айыптау мен қорғаныстың сайысын зерделей келіп, өз ішкі сеніміне қарай ойлау процесінде белгілі бір тоқтамдарға келеді, қандай да бір тұжырымдар орын алып, қалғандарын басып кетеді, бірінші орынға шығады. Сот өндірісінің ауызшалығы принципіне сәйкес бүкіл процесс, соның ішінде үкімді құрау, ой тоқтамдарын жүйелеу, мәселелерді талқылау, ойлау барысында және сөз сөйлеу барысында жүреді. Осы тірі қимылдар өтпелі, кейінгі уақытта сақталмайтындықтан бір жол - тек жазып қалдыру ғана қалады. Осы айтылған тұжырымдар, тоқтамдар қағазға түскеннен кейін дәлелді маңызға ие юолады. Осы қағаз - мемлекеттік мәжбүрлеу күші бар үкім.
Үкімнің сапасы арту үшін практикалық зерделеумен бірге ғылыми ізденістер алға жылжуы керек. Жаңа идеяларсыз даму жоқ.
Қазіргі азаматтық қоғам болуға бет алған тұста ешкім заңсыз жазаланбау керек, ешбір қылмыскер жазасыз кетпеуі керек. Сондықтан бұл тақырып ешқашан өзектілігін жоймайды.
Үкім - бұл іс жүргізудің мәресі, соттың ойларының, пікірінің, тұжырымдарының және шешімдерінің айнасы. Ол арқылы шешімнің заңдылығын, негізділігін және дәлелділігін қарастыруға болады. Үкімнің талапқа сай келмеуі тек процессуалдық жүйенің бұзылуына ғана емес адам тағдырына да әсер етеді. Үкім - сот пайда болып, іс бойынша билік айта бастаған уақыттан және қылмыстық процессуалдық құқығы қалыптасқаннан бері процессуалистер айналып өтпеген тақырып. Үкім өзінің маңызы мен процессуалдық құқықтағы мәнісіне қарай өзіне үлкен назар аудартады.
Қазақ жеріндегі сот жүйесі, билік, үкім айту тәртібі өзінше ерекше.
Қазақ қауымында ел арасынан жоғары сезімталдығымен, тапқыр да жүйрік ойымен, сөзге шебер шешендігімен көзге түскен дрындылардың өздерінен - өзі биге айналатын дәстүр болған. Әділдігі жер жарған адамға: «Сіз не айтсаңыз да көндік», - деп алдына жүгінетін болған.
Талас - тартыс, дау - дамай, қылмыскерді соттау ауызша жүрген, үкімнің өзі де ауызша ғана айтылатын болғандықтан қазақ елінде бұл тақырыпқа арналған еңбектер жоқтың қасы. Үкім жазбаша түрге көшкеннен бері оның маңызы да арта түскендей. Процессуалдық құқықтың дамуына байланысты көптеген еңбектер жарық көре бастады.
XVIII ғасырдағы орыс процессуалистер классигі Н. Я. Фойницкийдің жаған еңбегі « Курс уголовного судопроизводства» атты кітабында үкімге жақсы тоқталған. Онда үкімнің маңызын, шығару тәртібін, оған қойылатын талаптарды көрсеткен, мәнін ашқан. Осыған ұқсас сол заманғы заңгерлердің белдісі С. Н. Викторскийдің «Русский уголовный процесс» атты еңбегінде де көп мәселенің мәні ашылған.
Бұл салада үлкен белес алған еңбектердің жарық көрген кезеңі кеңес уақыты болды. Бұл уақытта В. Н. Корнукованың «Советский уголовный процесс» деген кітабында анық, нақты жазылған. Мұнда үкімнің қылмыскер мен мемлекет арасында қатынас орнататыны айтылған.
И. В. Тыричеваның еңбегінде де қысқа әрі түсінікті түсініктемелер берілген. П. А. Лупинскаяның еңбегінде басты назар үкімнің қоғамдық санаға, тәрбиеге ықпал ететініне аударылған. «Үкімнің ең басты мақсаты - үкім міндетінің орындалуын қамтамасыз етуін, ол ұғындыры мен тәрбиелеуден тұрады», - деген пікір айтқан.
В. М. Савицкийдің: «Сот айыптау органы боп табылмайды сондықтан үкімнің негізі тек сотқа тапсырылған айыптау болады», - деген қызықты пікірі бар. Ол өз еңбектерінде сот тек адамды соттайтын орган емес, ақиқатты анықтайтын орган болу керек, сондықтан сот үкімді тек айыптаушы ұсынған айыптау негізінде және айып тағылған адамға қатысты ғана шығарады, өздігінен қылмыстық қудалауды жүзеге асырмайтынына назар салды.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеті . Үкімге қойылатын негізгі екі талап: заңдылық пен негізділіктен басқа әділеттілік талабы 60 жылдарда бой көтере бастады. Бұл талап 1969 жылы 30 маусымда КСРО Жоғары Сотының пленумының №4 қаулысында көрініс тапты. Бұл пікірді М. С. Строгович пен А. Г. Боннер де ұстанады. Құқықтық ережелер мен мораль ережелері ылғи сәйкес келе бермейді дейді. Олардың бұндай жаңа пікірлері орынды еді. Себебі заң бойынша заңды да негізді үкім әлеуметтік көзқараспен бір болмауы мүмкін. П. А. Лупинская да осы пікірдің жағында болды. Осы тұрғыда П. Маркс мынандай пікір айтқан: «Табиғатында құқық бәріне тең шара қолданудан тұрады, бірақ әр түрлі индивидтер біржақты, бір тұрғыдан қарағандықтан бірдей бағаланады». И. П. Перлов «Кеңес қылмыстық процесіндегі үкім» атты кітабында үкімге жан - жақты тоқтала отырып, сот ақиқатының бар екенін жоққа шығарады. Мысалы, абсолюттік шындықты сотта анықталған жәбірлеушінің өлімі немесе үйдің өртенуі фактісі білдіреді, ал дәл айыпкердің қылмысты жасағаны, жасамағаны ғылым заңдылықтарының көмегімен анықталуы мүмкін болмағанымен де ол жәбірленушінің өлімі секілді абсолюттік ақиқиат емес, ықтималдылық.
Үкімнің көп жағдайда қоғамдық пікірге, соттың бағалауы мен әлеуметтік бағалаудың сәйкес келе бермейтіні жөнінде Лайошь Надьтің еңбегінде қызықты деректер келтірілген: Францияда өткен социологиялық зерттеуге қарағанда, қылмыстың ауырлығын бағалау жөнінде заң мен қоғамдық баға көп бөлігінде алшақ боп шыққан. Егер жұртшылық өз уақытында сот шешімінің ниеті туралы ақпарат алып отырмаса, жалпы қауымдық құқықтық сананың қалыптасуына кері әсері тиеді. Сот өз шешімін негіздеу кезінде оның негіздемесі сотталушы үшін ғана емес, бүкіл қоғам мүшелері үшін де нанымды болу қажеттігін ескеру керек.
Лайошь Надь өз еңбегінде айыптау мен соттың, қорғаныс пен сотың және айыптау мен қорғаныстың арақатынасы жайында жеткілікті әңгімелейді. Онда ол соттың айыптау жағы мен қорғаныс жағының арасындағы келістіруші орган еместігін, ол қайсысының деректемелері ақиқат болса соны тындайтынын және егер айыптау жағы сотталушының кінәсін дәлелдей алмаса ақтайтынын, дәлелдесе айыптайтын, яғни сот екі тарап үшін де сыншы бейнесінде екенін айтады. Солай бола тұра соттың шешіміне айыптау мен қорғаныс сыншы. Сондықтан сот үкімі заңды да дәлелді болуы басты қажеттілік болып шыға келеді.
Зерттеудің теориялық негізі . Біз бұл тақырыпты жазу барысында үкімнің заңдылығы мен негізділігі және әділеттілгі, сондай - ақ үкімді шығару мен жариялау мәселесіне басты назар салдық.
Үкімнің заңдылығы мен негізділігі заңда нақты көрініс тапқан, оған арнайы норма берілген. Ал әділеттілік мәселесі заң шеңберіне кірген емес, тек заң әдебиеттерінде ғана жеке еңбектерде көрініп жатыр. әділеттілік ұғымының өзі статикалық тұрақты ұғым болмағандықтан заң мұқабасына кірмеген, себебі оны әр түрлі, жан-жағына түсінуге болады.
Екі тараптың қайсысы нанымды тұғыр ұстаса сот соған қарай жығылады. Ал соттың мұндайда үкімі әділетті ме жоқ па, ол - даулы мәселе. Мұндайда әділеттілік мәселесін шешуде көпшілік көп көмегін тигізеді. Сондықтан, үкімдер жөніндегі ақпарат қалың жұртшылықпен тығыз байланыста болуы көмегімен тигізбек.
Ел ішінде қалыптасқан әдет-ғұрып, пікір-сын заң шығару кезінде толық ескерілгені жөн дегіміз келеді.
Үкімді кеңесу бөлмесінде шығару кезінде заңмен бекіткен мәселелерді алқалық қорғауда дауысқа салудың тәртібі бар. Ол жерде судьялардың дауыс беру кезегі көрсетілмеген, тек төрағалық етушінің соңғы дауыс беретіні белгіленген. Бұл мәселе қиын емес. Судьялар тең мәртебелі, бірақ та тәжірибесі мол, беделді, атағы жоғары судьяның өзінен төмендеуіне ықпал етуі әбден мүмкін. Мысалы: Венгр ҚІЖК-нде судьялардың дауыс беруді атағы кішісінен бастайтыны бекітілген.
Үкім жазу кезі процестің соңғы әрекеті болғандықтан оған көп-көрім көңіл бөлгіміз келеді. Сондай-ақ, үкім жазбаша құралғанымен оны ауызша оқудың мәні айрықша екендігіне назар аударамыз. Мұның өзі сот өндірісінің ауызшалығы мен жариялылығы принципінен туындайды. Ауызша оқылған үкім - жариялы, оның қоғамды тәрбиелеуде маңызы аса зор екендігін баса айтқымыз келеді.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы әдеттегідей кіріспеден, үш тараудан, үш параграфтан және қорытындыдан тұрады
I. ҮКІМ - СОТ БИЛІГІНІҢ АКТІСІ.
Үкім - қылмыстық іт бойынша анализ бен синтезден тұратын шешім қабылдау үрдісінің нәтижесі боп табылады. Бірақ үкім шығарылып, жарияланған соң сол құраған біртұтас құрылымға айналады.
Үкім нақты бір іс бойынша өзінің мазмұны мен құрылысы тұрғысынан іс бойынша туындаған жеке-жеке тұжырымдар мен маңызды тоқтамдарды біріктіріп, бекітіп тынады. Сондай-ақ, шешімдерде көрініс тапқан шешуші нәтижелерге әкелген жолдарды көрсетеді. Бұл - үкімнің айтарлықтай маңызды бөлімі, себебі ол - соңғы шешімдерге алып келетін ерік білдірушілік.
Ойлау үрдісі мен логикалық операциялардың қалай өткені үкім мұқабасынан көрінбейді, барлық тұжырым, тоқтамдар барынша тыңғылықты, дайын күйінде беріледі. Бір-бірінен туындап, байланысып жататын тоқтамдар іс бойынша шешім болып табылады.
Іс бойынша шығатын шешім, яғни үкім көп мөлшерде өткен шаққа бағытталған - нақты болған деректі жағдайларды анықтайтын тоқтам болған оқиғаны суреттейді. Мұндай тоқтам қылмыс жасалған уақыттағы құқық нормасын басшылыққа алады да қылмыстық әрекетті құқықтық саралайды және үкім шығару уақытындағы бағалауға сай сотталушының қылмыстық жауапкершілігін анықтайды [1, 54 б. ] .
Жаза тағайындайтын үкімнің бөліміне назар аударсақ, оның келер шаққа бағытталғанын аңғарамыз, ал жазалаудың мақсатына жетудің тиімділігін болжай отырып және оның болашақта іске асуын ескере отырып қылмыстық санкция белгілейді.
Үкімнің үш бөліктік сипаты оның мазмұнын құрайтын эпементтердің жіктелуін, қатаң бөлектенуін қамтамасыз етеді. Үкімнің құрылысында ойша қайта құралған оқиғаны қолданылатын шешім мен болашаққа бағытталған жазалаудың мақсатына жету болжамасы орын алады. Бұл екі ағымды байланыстыратын көпір - әректті құқықтық саралау мен қылмыстық жауаптылықты белгілеу.
Ой тоқтамдарының біртұтас жүйесі істің нақты жағдайлары бойынша шығатын шешімнің тоқтамға келетін кезінде дәлелді, шынайы болуын қамтамасыз етеді. Дегенмен, үкімдегі шаралар қолдануды және тағайындайтын өкімдер болжамды, ықтималдылық бой көрсетеді.
Мемлекет қылмыстық құқықтық нормаларының бұзылуынан туған құқықтық қатынастарды сот органдары қарап, мемлекеттік билік құжаты - үкіммен шешкеніне мүдделі.
Үкімнің мазмұны мен құрылысына деген талаптар құқық нормаларында жазылған. Олар үкімнің заңдылығының, дәлділігінің кепіліндей, ал мақсаты үкімнің мақсатын толық іске асыру - түйсіндіру, тәрбиелеу.
Іс бойынша үкім жасау барысында сот бірнеше мүмкіндіктердің арасынан қажеттісін алып өзінің нақты еркін білдіреді. Шешім белгілі бір ерік-жігерсіз қабылданбайды, ал ерік-жігер қалыптасқан шешім қабылдау әдебінен алыс кетпейді.
Сот өз атынан емес, өз еркімен емес, мемлекет тапсырған құқықтың көлемінде шешім қабылдайды.
Үкім процессуалдық құқықтық құжат болғандықтан, процессуалдық құқықтық қатынас шеңберінде шығатын және мазмұны мен құрылысына, шығару тәртібіне қабылданған талаптармен шектелетін сот шешімі ретінде табылады. Сот үшін үкім мемлекеттік мәжбүрлеу күші бар мемлекеттік билікті іске асыратын бұйрық, өкім. Сот қылмыстық әрекетті саралап, тұжырымдарды саралап, жүйелеп, қабылданған шешімдерді орындалатындай түрде жазады [2, 454 б. ] .
Процестің қатысушыларының арасындағы қылмыстық құқықтық қатынасының өзі процессуалдық құқық нормаларымен анықталатын және солардың қолдануы арқылы туатын құқықтық ситуация.
Бұл қатынастың мәні - мемлекет пен айыпталушы арасындағы қылмыстық құқықпен қарастырылған, қылмыстық заңды бұзуда негізді сезіктену арқылы туған қатынас орнату және бұл қатынастың нәтижесін анықтау. Қылмыстық талап-арызды мемлекеттік айыптау түрінде тиісті лауазымды адам береді, ал азаматтық талап-арызды жәбірленуші де бере алады. Сотталушы мен оның қорғанушылары мемлекеттік айыптаудың негізділігін жоққа шығару үшін көрсетеді. Сот үкімі айыптау тағдыры мен оның нәтижесін анықтайды және процессуалдық қатынасты тоқтатады.
Қылмыстық сот өндірісінде қатынас негізінен сот, айыптаушы және сотталушы арасында туады.
Теория мен практикада айыптау мен сот арасындағы қатынас барынша белгілі - үкімде айыптаудың барлық аспектілеріне байланысты шешім шығады. Айыптаушы соттан сотталушыны кінәлі деп тауып, оның құқықтық нәтижесін белгілеуді сұрайды.
Айыптау қорытындысында тағылған айып негізделінеді, айыптың пәні боп табылытын қылмыс сипатталынады. Сот тек қана айыптау қорытындысындағы және сот мәжілісінде тікелей зерттелген деректер бойынша үкім шығаруға құқылы.
Үкім мен қорғаныс арасындағы қатынас күрделі емес. Қорғаныс айыпты жоққа шығаруға, құқықтық нәтижелерді жеңілдетуге бағытталған.
Үкімде жазылатын шешім айыптау мен қорғаныстың келісімі емес, сот өзінің ішкі сеніміне сүйене отырып айыптау мен қорғаныстың біреуінің ғана пікірін қабылдайды (толық не бір бөлімінде) . Кейбір кезде екі жақтың да көңілінен шығатын шешім қабылдауы мүмкін.
Қалай болғанда да үкім процессуалдық қатынасты тоқтатып, жауапкершілікті іс жүзінде іске асырып, соталушының мәртебесін өзгертеді. Оның құрылысшылық қасиеті бар, яғни жасаған әрекіті үшін жауапкершілік белгілеп, осы жауаптылықтың нәтижесінде айналатын міндеттерді атқаруды жүктейді. Тағайындалған жаза да сондай, сондай жазаны өтеудің құқықтық қатынасын бекітеді. Яғни сотталушының жаза атқару органдарының өкімдеріне бағыну міндеті бекітіледі.
Бұл құқықтық қатынас үкім заңды күшіне енген уақыттан басталады.
Үкім - сот алдына келген жеке бір қылмыстық іс бойынша қылмыс жасады деп айыпталып отырған адамның сол қылмыстың жасалуына кінәлігін анықтап, оған қылмыстық жаза тағайындау не тағайыедамау туралы немесе сотталушуның қылмыстың жасалуына кінәсіздігін анықтап, оны қылмыстық жауаптылықтан босату туралы және басқа да қылмыстық іске байланысты туындаған мүліктік, азаматтық хал жағдайлары туралы сот шығаратын іс бойынша соңғы шешім.
Бүкіл әділ сот төрелігінің жүзеге асырудың мақсаты - қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адамды жауаптылыққа тартып, істеген ісін мойнына қойып, оған тиісті жаза беру, ал қылмыстық құқық бұзушылыққа кінәсі жоқ адамды ақтап, әділетсіз қаралауды болдырмау. Демек, үкім - сот өндіріснің негізгі мақсатына жететін жері, әділ сот төрелігінің мақсатынының іске асатын жері [3, 34 б. ] .
Айыптау үкімі мемелекет пен қылмыс жасаған адамның арасындағы қылмыстық құқықтық орындалу актісі ретінде қылмыстық құқықтық нәтижелер тудырады, яғни үкімді шығарған уақыттан бастап қылмыс жасаған адамның қылмыстық жауаптылығы іс жүзінде басталады.
Сот өндірісінің демократиялық негізінде мемлекет атынан шығарылған үкімнің тәрбиелік және қоғамдық-саяси үлкен маңызы бар.
Үкім арқылы қалың көпшілікке соттың сотталушының жасаған әрекетін және оның жеке басын қалай бағалағаны белгілі болады. Сол себептен үкімнің қоғамды құқықтық тәрбиелеуде маңызы зор.
Адамның «қылмыскер» екендігін бекітетін заңды күші бар жалғыз құжат - үкім
1. 1. Қазақстан Республикасындағы сот билігі: тарихы, жай-күйі және болашағы.
Қазақ даласында сот органдарының пайда болу және қалыптастыру тарихы - қазақ қоғамының жылнамасындағы ерекше беттер. Қазақстандық сот билігін қалыптастыру мен бекітудің негізгі өлшемдерін түсініп ұғыну үшін қазақ даласындағы қарапайым құқық тарихнамасын біліп қана қоймай, мемлекет аумағында қолданылған құқық нормаларының, заңдар мен салт-дәстүрлердің тарихы мен оның дамуын терең игеру қажет.
Қазақ халқының тарихындағы сот төрелігі қазақ мемлекеттілігінің қалыптасу кезеңіне терең тамырын жайған. Билерге тиесілі сот билігінің қазақ қоғамында ерекше маңызы бар, ол басқару жүйесінде биліктің жетекші нысанына айналды. Көшпелі ұжымдарда басқару функциясы негізінен ұжымның ішінде де, рулар мен олардың қарауындағылардың да даулары мен талаптарын талқылаудан тұрды. Судьялар нормаларды, дәйектемелерді түсіндіруде және шешімдер шығаруды талқылауда, сондай-ақ осы шешімдерді орындауға келтіру әдістері мен нысандарын айқындауда едәуір құқықтарға ие болды.
Билердің қызметі тек сот төрелігін жүзеге асырумен шектелмей, олар
қоғам өмірінің басқа да салаларына белсене қатысты: біріктіруші, бағыт беруші және жасампаз ретінде сөз сөйледі. Олардың салмақты пікірлерімен тіпті, жоғары шонжарлар - сұлтандар мен хандар санасты. Билердің көшпенді ұжымдардың басында да тұруы да аз емес. Демек, сол кездің өзінде соттар аса құрметті және тәуелсіз орган болған.
Пролетариат төңкерісінен кейін Кеңес өкіметінің ең алғаш рет сот құрылысы туралы №1 декретті 1917 жылы 17 қарашада қабылданды. Бұл декретте жергілікті соттарды және революциялық трибулналдарды құру қаралған болатын. Яғни, жергілікті соттар тұрақты және екі халық заседательдерінен тұрады деп көрсетілді. Соттар және халық заседательдері демократиялық принцип негізінде сайланды.
Сот құрылысы туралы №1 декретте жергілікті соттардың қылмыстық және азаматтық істерді қарай алатыны және олардың қылмыстық іс бойынша екі жылға дейін, ал азаматтық істер бойынша 3000 рубльге дейінгі айып салынатын істерді шеше алатындығы атап көрсетіледі. Осы жергілікті соттың шешімдеріне келіспеген жағдайда, іс кассациялық инстанция ретінде жергілікті уездік судьялар кеңесінің сьезінде қаралды. Ал, революциялық трибуналдың құрамына бір төраға мен губерниялық және уездік жұмысшылар кеңесінің арасынан және шаруалардан, солдаттардан депутат болып шыққан алты заседательдері сайланды. Революциялық трибуналдар - революцияға қарсы шыққандармен, пара алушылармен және басқа қылмастармен күресу үшін құрылды.
1918 жылы 21 ақпанда жарияланған сот жөніндегі №2 декрет ең алдымен соттың атын -“Жергілікті халық соты” деп өзгертті және бұл соттардың ауыр қылмыстық істерді немесе азаматтық істер бойынша кең ауқымда қарау үшін олардың өкілеттігін кеңейтуді алдына мақсат етіп қойды. Сөйтіп, округтік соттардың мүмкіндіктерін молайтып, қылмыстық және азаматтық істер жөніндегі бөлімдерді ашты. Сатылы кезеңге негізделген сот инстанцияларын құрып, сот жүйесін мыныдый құрылымға ыңғайлады:
- жергілікті халық соты;
- аймақтық сот;
- облыстық сот;
- жоғарғы бақылайтын сот.
Сот құрылысы туралы №2 декреттің ең негізгі ерекшілігінің бірі - істі қараған уақытта халық заседательдерінің дауысы шешуші дауыс болып саналды. Өйткені, төрағалық етуші көп жағдайда бұрынғы бітімгер(мировой) судьяның білімін және тәжірибесін пайдалана отырып, оның қызметін бақылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz