Чекпен есеп айырысу



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:
бет
Кiрiспе
I тарау. Қолма-қол емес есеп айырысуды ұйымдастырудың теориялық
аспектiлерi.
1.1. Ақшалай айналымы байланыс жүйесi және есептік
операцияларды ұйымдастырудың негiзi.
1.2. Ақша қаражатының құрылымдануы және қолма-қол емес есеп
айырысу формасы.
1.3. Банк аралық кореспонденттiк қатынас. Корреспонденттiк
есеп шоттың ашылу тәртiбi.
ІІ тарау. Қазақстан Республикасындағы қолма-қол емес есеп
айырысуды ұйымдастырудың қазiргi жағдайын талдау.
2.1. Қазақстандағы банк жүйесiнiң даму тарихы және нарықтық
экономикадағы банктiң ролi.
2.2. Қазақстан Республикасындағы банк iскерлiгiн
ұйымдастырудың қазiргi деңгейiн талдау.
2.3. Қазақстан Республикасында қолма-қол емес есеп айырысуды
ұйымдастырудың қазiргi жағдайын талдау (ҚР Ұлттық
банк материалдарында).
ІІІ тарау. Қазақстан Республикасында қолма-қол емес есеп айырысуды
ұйымдастыруды жетiлдiру жолдары.
3.1. Несиелiк аударымдар, төлемдiк құжаттарды электронды
жүргізу механизмдері
3.2. Төлемдiк тапсырманы акцептiлеуде бенефициар банк
қызметі, орындау тєртібі
Қорытынды
Қолданылѓан єдебиеттер
Қосымшалар 95

Кiрiспе

Экономикалық реформа жағдайында Қазақстанның несие - ақша және қаржы
шаруашылығы елеулi құрылымдық өзгерiстерден өтуде: ақша - несие жүйесi
қалыптасуда, несие – қаржы институттарының жаңа түрлерi пайда болуда,
нарықтық экономикаға сай екi деңгейлi банктiк жүйе және көп мағыналы
меншiк; әкiмшiлiк және жоғары монополиаландырылған мемлекеттiк банктiк
құрылымнан динамикалық, икемдi, жеке және коллективтi меншiк несие
мекемелерi жүйесiне негiзделген, комерциялық жетiстiктерге бағытталған
пайдаға негiзделген құрылымға өттi .
Банк iскерлiгiнiң мәнi оларды басқа органдарда өзгешелендiретiн
белгiлi бiр функцияларды орындауына көрiнедi. Банктiк қызметтердi банктiк
клиенттi қызықтыратын белгiлi бiр әрекеттердi орындауы деп сипаттауға
болады. Кез-келген банк өнiмi негiзiнде қандай да бiр қажеттiлiктi
қанағаттандыру қажеттiгi жатыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2008 жылғы 6
ақпанындағы Қазақстан халқына Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру –
мемлекеттік саясаттың басты мақсаты атты Жолдауында: Мемлекеттік қолдау
біржақты болмайды, сондықтан банктер тәуекелдің өздеріне тиесілі бөлігін өз
мойындарына алуға тиіс. Егер банктердің акционерлері өздерін дамыту үшін
қосымша ресурстар тартқысы келмесе немесе оған қабілітсіз болса, ондай
кезде мемлекет қажетті шаралар қабылдауға дайын болуы керек[1][2] деп айта
кетті.
Сондай-ақ, Мұндай жағдайда реттеушілік араласу бүкіл банк секторы
үшін барынша мөлдір және ұғынықты болуға тиіс.
Коммерциялық банктер жүйесi ақшалай сауданың қалыптасуына, заңды және
физикалық тұлға сонымен бiрге мемлекет уақытша бос қаражаттарының
экономикалық негiзi болып табылатын ақша саудасын қалыптастырады және оны
экономика және тұрғындардың қысқа мерзiмдi қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға
қолдануын жүзеге асырады.
Коммерциялық банктер өз клиентерiнiң шаруашылық iскерлiгiне қызмет
көрсетумен байланысты барлық несиелiк, есептiк және қаржылық операциялары
түрлерiмен айналысады.
Қазақстан Республикасы банктерi жайлы заңға сәйкес банктер келесi
операцияларды орындайды.
– депозиттердi ақылы негiзде тартуға;
– клиенттер, банк-корреспондеттер есеп жүргiзуге, оларға кассалық
қызмет көрсетуге;
– заңды және физикалық тұлғаларға қысқа мерзiмде қайтарылу, өтелу
және төлену шартында және ұзақ мерзiмдi кредиттер беруге;
– меншiк иесi төлеушiсi немесе инвестициалық қаржы таратушыларға
капиталды салымдармен қаржыландыруға;
– заңмен қаралған ретте өз құнды қағаздарын шығаруға (чектер,
вексельдер, аккредитивтер, депозиттiк сертификаттар, акциялар және
басқа қарыздың мiндеттерi);
– төлемдiк құжаттарды және басқа құнды қағаздарды сатуға, сатып
алуға және сақтауға, және онымен байланысты басқа операцияларыды
жүргiзуге;
– кепiлдiк және үшiншi тұлға үшiн басқа мiндеттердi ақша формасында
беруге;
– тауар жеткiзiп беру және қызмет көрсету талаптарына құқық алуға,
осындай талаптарды орындауға жәнеинкассациялауға тәуекелдiлiк
қабылдауға;
– банктiк операциялар бойынша бiркелкi қызметтердi көрсетуге клиент
агентi ретiнде оларды тәуекелдiгiне қатысуға;
– құжаттар және клиент үшiн құнды қағаздарды сақтау бойынша қызмет
көрсетуге (сейф бизнесi);
– коммерциялық iстеудi қаржыландыруға, соның iшiнде сату құқығынсыз
(форфейтинг);
– клиенттерге тапсырыс бойынша сенiмдiлiк операциялары (қаражаттарды
тарту және тарату) жүргiзу, бағалы қағаздарды басқаруға;
– банктiк iскерлiкпен байланысты кеңестiк қызметтердi көрсетуге;
Халық банк арнайы лицензиясы болған жағдайда, банктер шет ел
валютасымен басқа банктiк операциялар: тұрғындар салымдарын қржылық
тарату; ақша жiберу бойынша қызметтер көрсетуге (инкассация) құқылы.
Осы комерациялық банк операцияларын топтастыра отырып, олар
орындайтын негiзгi функцияларды құрылымдауға болады:
1. Уақытша бос ақша қаражаттарын аккумуляциялау, сақтау және молайту
(депозиттiк операциялар);
2. Экономиканы және тұрғындарды несиемен қамтамасыз етуге (активтiк
операциялар);
3. Қолма-қол емес есеп айырысу есептердi жүргiзу және ұйымдастыру;
4. Инвестициялық iскерлiк;
5. Клиенттерге басқа да қаржылық қызметтер.
Коммерциялық банктердiң үшiншi дәстүрi-базалы функциасы-нақтылай емес
есептердi ұйымдастыру және жүргiзу. Ол банктiк клиенттiк қызметтерге
немесе банк комиссиялық операциясына жатады.
Бұл функцияның орындалуы ең алдымен банк есеп шотында мемлекет,
тұрғындар және шаруашылық бос ақшалай қаражатының сақталуы мен
шоғырлануымен байланысты. Коммерциялық банктер есеп шоттың әртүрiн ашады:
есеп-шоттық ағымды, парақтық, депозиттiк, контокорреттiк т.б.
Мұндай есептер физикалық және де заңды тұлғаларға да безендiрiледi.
Клиент тапсырылуы бойынша банк жұмысшылары егер сәйкес төлемдiк құжаттар
болса құжатта көрсметiлген соманы клиент есеп шотынан алады немесе
клиентке аударады. Қолма-қол емес есеп айырысу шот-ол ақшаның банк
айналымында қозғалыс, ақшалай соманың салынуы шаруашылық органы есеп шоты
бойынша олардың төлемдер мiндетi орындалуы ретiнде жазба түрiнде
жүргiзiледi.
Қолма-қол емес есеп айырысудың кең дамуы нақты ақшалар қозғалуы
сферасын едәуiр шектеуге және еңбек шығындарымен дайындау, тасмалдау,
сақтау және ақшалай белгi тiркеуге байланысты кешiгудi қысқартуға мүмкiндiк
бередi. Қолма-қол емес есеп айырысу ақша есептерi тиiстi түрлерiн енгiзу
төлемдер және есеп шоттағы ақшалай қаражат айналымы тездетедi, және
соңында банктiк ақша айналымын үдетедi. Нақты байланыстар заң алмасуы,
және оның дәлдiгi және үздiксiздiгiне экономиканың тұтас құрылымдық жалп
тиiмдiлiгi байланысты. Қолма-қол емес есептер мәнi ең алдымен шаруашылық
әрекеттердi аяқталуына байланысты.
Осындай шығын делдалдық ретiнде банктiк өз функцияларын орындауына,
және оның дәл, тиiмдi жұмысына, экономиканың қалыпты құрылымдарына банк
рөлi байланысты болады.
Бұл дипломдық жұмыстың тақырыбының актуалдылығын көрсетедi. Дипломдық
жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасындағы қолма-қол емес есептi
ұйымдастыруды үйренуден тұрады:
1. Қазақстан Республикасындағы қолма-қол емес есеп шотты ұйымдастырудың
теориялық негiздерiн қарастыру атап айтқанда:
– ақшалай айналым байланысы жүйесi және есептiк операцияларды
ұйымдастыру негiзi;
– ақшалай қаражаттың құрылымдануы және қолма-қол емес есептер
формасы;
– банкаралық корреспондеттiк қатынас. Корреспонденттiк шоттар ашу.
2. Қазақстан Республикасында қолма-қол емес есептердi ұйымдастырудың
қазiргi жағдайын талдауды жүргiзу, атап айтсақ;
– Қазақстандағы банктiк жүйе даму тарихы және нарықтық экономикадағы
банктер рөлi;
– Қазақстан Республикасындағы банк iскерлiгi ұйымдастыруының
қазiргi деңгейiн талдау;
– Қазақстан Республикасындағы қолма-қол емес есеп шотты
ұйымдастырудың қазiргi жағдайын талдау (ҚР ұлттық банкi
материалдарында);
3. Қазақстан Республикасында қолма-қол емес шотты ұйымдастыруды жетiлдiру
жолдарын анықтау.

І тарау. Қолма-қол емес есеп айырысуды ұйымдастырудың теориялық
аспектiлерi.

1. Ақшалай айналым байланыс жүйесi және есептiк операцияларды
ұйымдастырудың негiзi
Аударым арқылы есеп айырысу – бұл төлеушiнiң шотынан ақшаны алушының
шотына көшiрiлiп аударған кезде орындалатын банк шоттары бойынша жазба
жолымен ақшалай есеп айырысу. Шаруашылықта аударым арқылы есеп айырысу
нақты жүйеде құрылған.Бұл жүйе – аударым арқылы есеп айырысу құрылымы
принциптерiнiң және олардың құрылымына қойылатын талаптар жиынтығы, сондай-
ақ есеп айырысу түрлерi мен әдiстерi және олармен байланысқан құжат
айналымы.
Аударым арқылы есеп айырысудың негiзi материалды өндiрiс болып
табылады. Сондықтан төлем айналымының басым бөлiгi (шамамен ¾) есеп шотқа
тауар операцияларынан, яғни жөнелтiлген өнiм, орындалған жұмыс және
көрсетiлген қызметке ақы төлеу арқылы келедi.
Төлем айналымының қалған бөлiгi (шамамен ¼) ол тауарлы емес
операциялардан, яғни кәсiпорындар мен ұйымдардың бюджетпен, мемлекеттiк
және әлеуметтiк сақтандыру органдарымен, несие мекемелерiмен, басқару
органдары мен сотпен, орбитражбен және т.б. есеп айырысу.
Кәсiпорындар мен оларға қызмет ететiн банктердiң аумақтық орналасуына
байланысты есеп айырысу бiр қалалық және өзге қалалық болып бөлiнедi. Бiр
елдi жердегi бiр немесе бiрнеше банк мекемелердiң қызметiн көретiн
кәсiпорындар мен ұйымдардың арасындағы есеп айырысу бiр қалалық немесе
жергiлiктi есеп айырысу деп аталады. Әр елдi жердегi орналасқан, банк
мекемелерiнен қызмет көретiн кәсiпорындар мен ұйымдар арқылы есеп айырысу
өзге қалалық деп аталады.
Тауарға не қызметтерге аударым арқылы есеп айырысу қаржы
мiндеттемесiне байланысты есеп айырысу құжатының қозғалысы мен түрiнiң
өзiндiк ерекшелiгi бар әр түрлi формаларда iске асырылады. Есеп айырысу
формалары төлем тәсiлi мен оған сәйкес құжат айналымы жататын, бiр-бiрiмен
байланысқан элементтер жиынтығынан тұрады. Құжат айналымы – бұл ақша
қаражаттары мен есеп айырысу құжатының ресiмделуi және олардың қозғалысы,
қолдану жүйесi. Оларға: шот-фактураның жүк тасымалдау үзiндiсi және оны
есеп айырысудың басқа қатысушысына тапсыру; есеп айырысу құжатының мазмұны
мен оның деректемелерi; есеп айырысу құжатын құрастырған мерзiмi мен оны
банкке ұсыну ретi, сондай-ақ банк мекемелерiнiң арасында есеп айырысу
құжатының қозғалысы; оның төлеу ретi мен мерзiмi; ақша қаражатын алу және
аудару ретi, мерзiмi; есеп айырысуға қатысушыларының өзара бақылауға есеп
айырысу құжатын қолдану ретi және экономикалық ықпалдың iске асуы жатады.
Нақ осы шақта шаруашылықтың нарықтық жағдайға көшуге байланысты есеп
айырысудың акцептi формасы алынды және өндiрушiлердiң есеп айырысу диктатын
шығаруды ұйғаратын және төлеушiнiң өздерiн төлем жасаудың бастаушысы
қылатын түрлерiн қолдану ұсынылады.
Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қазiргi кезде келесi есеп айырысу
формаларын қолдану рұқсат етiледi:
• төлем тапсырмасы
• төлем талап тапсырмасы
• чектер
• аккредитивтер
Қаражатты алушы мен төлеушiнiң арасындағы есеп айырысу түрлерi
олардың өздерiмен шаруашылық келiсiм хатта анықталады.
Төлем алушы мен төлеушiнiң арасындағы есеп айырысу бойынша өзара
талаптары банк мекемелерiнiң қатысуынсыз қарастырылады.
Айтыс-тартыс сұрақтар сотта, орбитражда, аралық сотта шешiледi.
Клиенттiң кассалық есеп айырысу операцияларының орындалуына
байланысты банкке қойылатын талабы, жазбаша түрде, өзiне қызмет ететiн
банкке жолдайды. Банктердiң өздерi осы талаптар бойынша өздерi мен және КЕО-
мен хат алысады.
Шот иесiне саналатын шоттан қаражатты уақтылы емес және оны дұрыс
емес көшiргенге, сондай-ақ банк сомасын уақтылы емес және қате есептелiп
жазылған әр кiдiрген күнге жазылған соманың 0,5% мөлшерiн төлетуге құқы
бар.
Есеп айырысу құжатының бiр данасында мiндеттi түрде банк шоттарын
реттеуге құқы бар және мөрдiң бедерлемесiн иеленетiн лауазымды тұлғаның
қолы болуы керек. Қаражатты төлеушiнiң шотынан шығынға жазу тек есеп
айырысу құжатының бiрiншi данасында жүредi.
Есеп айырысу құжаттары (чектерден басқасы) ереже бойынша шаруашлық
қаражатты пайдалану арқылы бiр тәсiлмен көшiрме қағазға жазылады. Чектер
сия мен дөңгелек қаламсап арқылы қолмен жазылады.
Есеп айырысу құжаттары орындалуға банктiң операционды күнi барысында
қабылданады. Көптеген банктердегi құрылған тәжiрибелерге сай операционды
күнi 13 күнге дейiн белгiленедi. Операционды уақытта клиенттерден
қабылданған құжаттарға дәл осы қабылданған күнi олармен баланс жүргiзiледi.

Төлем тапсырмасымен есеп айырысу шот иесiнiң банкке өз шотынан нақты
ақша сомасын басқа қаражатты алушы кәсiпорын шотына бiр немесебасқа жердегi
банк мекемесiне аударудың жазбаша өкiмi.
Қызметтер мен тауарларға есеп айырысуда төлем тапсырмасы келесi
жағдайларда қолданылады: төлеушiнiң тауар мен қызметтердi қабылдағанын
растайтын тауарлы-транспорттық құжаттың номерi мен уақытын тапсырмаға
сiлтеген шартында қабылдаған қызметтер мен тауарларға (яғни тауардың тiке
акцепт жолымен); алдын ала көрсетiлген төлемдер мен қызметтер ретiндегi
төлемге; тауарлы операциялардың кредиторлық борышын өтеуге; орбитражбен сот
шешiмi бойынша тауарлар мен қызметтерге есеп айырысуды; ғимаратқа аренда
ақысын төлеуге; көлiк, коммуналдық, тұрмыстық кәсiпорындардың
эксплуатациондық қызмет көрсетiлген үшiн төлемдерi және т.б.
Тауарлы емес операциялар үшiн есеп айырысуда төлем тапсырмасын
мыналарға қолданыды: бюджетке төлем; банктiк несиенi өтеу және несие
бойынша процент өтеу; мемлекеттiк және әлеуметтiк сақтандыру органдарына
қаражат аудару; АҚ, серiктестiк тұрғысындағы мекемелердiң жарғылық қорға
қаражат жарнасын салуы, акциялар, облигациялар, депозит сертификаттары,
банктiк вексельдерiн иелену; айыппұл, өсiм және т.б. төлем.
Төлем тапсырмасы банкке тек төлеушiнiң шотындағы қаражаты жеткiлiктi
болса ғана орындалуға қабылданады. Егер банк несиесiн алуға шаруашылық
органының құқы бар болса, онда төлемдi iске асыру үшiн оны қолдануы мүмкiн.
Тапсырманың жазылған күнiнен бастап 10 күн iшiнде (жазылған күнi есепке
алынбайды) күшi бар.
Үздiксiз және бiр қалыпты тауарларды қойғаны және қызмет көрсеткенi
үшiн сатып алушылар қоюшы мердiгерлермен жоспарлы төлем ретiндегi төлем
тапсырмаларымен есеп айырысуына болады.
Жоспарлы төлеммен есеп айырысу – төлемдi аударудың жоғарғы, өрлеген
түрi, өйткенi өзiнiң негiзiнде ақша мен тауарлардың кездескен қозғалыстарын
иеленедi. Бұл есеп айырысуды тездетуге, дебиторлы – кредиторлық борыштың
өзара төмендеуi, есеп айырысу шаруашылығын ықшамдауға, кәсiпорындар мен
ұйымдарға алдын ала төлем айналымын жоспарлауға мүмкiндiк бередi.
Көрсетiлген жоспарлы төлемдер бiр қалалық және өзге қалалық есеп
айырысуға қолданылады. Әр жоспарлы төлем сомасы келiсiм хат бойынша қоюдың
көлемi мен алдағы кезеңге фактiлi қою төлем кезеңдерiнiң нәтижесiнде әр
жақтан алдағы айға (тоқсанға) орнатылады.
Әр жақ айына бiр рет өзара есеп айырысуды фактiлi қоюдың нәтижесiнде
ауыл шаруашылық өнiмдер мен азық-түлiк тауарларға өтiп кеткен кезең үшiн
келесi төлемдi есепке қосқанда кредиторлы – дебиторлық борышты мұқият
тексерiп шығуға мiндеттi.
Әр жоспарлы төлем үшiн банкке бөлек-бөлек төлем тапсырмасы ұсынылады.

Төлеушi қалаған уақытта банкке алдыңғы айға жоспарлы түрдегi төлем
тапсырмасын беруге болады. Бұл жағдайда төлем тапсырмасы арнайы журналға
тiркелiнедi және төлем мерзiмi жеткен күнi төленедi.
Кәсiпорындар мен ұйымдарға соманы шектеусiз кәсiпорын арқылы бұл
аударымды мына мақсаттар бойынша iске асыру құқы берiлген: қаражаттар жеке
есептелiнетiн азамат аттарына (зейнетақы, алимент, еңбекақы, iссапарлық
шығындар, авторлық гонорар, т.б.); банк мекемелерi жоқ жерлердегi
кәсiпорынға еңбекақы төлеу бойынша шығындар. Бұл жағдайда төлеушi кәсiпорын
жақын арадағы почталық бөлiмге төлем тапсырмасын жазып және оны өз банк
мекемесiне тапсырады. Тапсырмаға төлеушi нақты алушыға ақшалай
аударымдардың толтырылған бланкiлерiн тiркеп қосып жiберу керек, сонымен
қатар барлық аударым ауыл шаруашылық жалпы тiзiмнiң, қайсысының қандай
мақсатқа, қай қалаға немесе елдi жерге баратынын көрсету керек.
Байланыс кәсiпорындары шаруашылық субъектiлерi арқылы, сондай-ақ
банктегi ашылған өз шотына сауда түсiмiн нақты сомасын аударуы мүмкiн.
Байланыс кәсiпорындары сауда түсiмiмен байланысқан барлық ақша
аударымдарын жалпы сомасына аударым алушының адресiне төлем тапсырмасын
құру керек және оны осы байланыс кәсiпорынына қызмет ететiн банкке өткiзу
қажет.
сурет 1
Төлем тапсырмасымен есеп айырысудағы құжат айналымы

1. өнiмдi жөнелтудi, қызмет көрсетудi шот-фактурамен көрсету;
2. қоюшы мердiгерге қаражатты аудару үшiн банкке төлем тапсырмасын ұсыну;
3. шот бойынша операциялардың көрiнiсiне құжаттар өткiзу;
4. құжаттардың ресiмделiп, КЕО-на берiлуi;
5. төлеушi банкiсiнiң корреспонденциялық шотынан қаражатты шығарып тастап,
КЕО-ны несиелiк авизоны жөнелту;
6. қоюшы мердiгер банкiсiнiң корреспонденциялық шотына қаражатты аудару
және КЕО-на дебеттiк авизоны жөнелту;
7. қоюшы мердiгер банкiсiнiң корреспонденциялық шотынан қаражатты шығарып,
оның есеп айырысу шотына аудару;
8. төлем тапсырмасы бойынша қаражатты аудару жөнiндегi қоюшы мердiгердiң
шотындағы үзiндi.
Төлем талап - тапсырмасымен есеп айырысу. Төлем талап - тапсырмасы қоюшы
мердiгердiң алушыға жiберген тауарлы құжаттар негiзiнде жөнелткен өнiм,
орындалған жұмыс, көрсетiлген қызмет үшiн келiсiм бойынша қойылған бағаны
төлеу талабын көрсетедi. Төлем талап – тапсырмасы фактiлi жөнелткен өнiм
мен көрсеткен қызмет негiзiнде қоюшы мердiгерлермен стандартталған бланкiде
(3 экземпляр) жазылады және тиеу құжатымен бiрге сатып алушының банкiсiне
төлету үшiн барады. Төлем талап – тапсырмасын инкассода да қабылдануы
(қоюшы мердiгердiң банксiнде) мүмкiн.
Инкассо – бұл есеп айырысуды тауарлы және ақшалай құжаттар негiзiнде
банк өз клиенттерiнiң тапсырысымен оған есептелiнетiн ақша қаражатын басқа
кәсiпорындар мен ұйымдардан алуды iске асыратын банк операциясы. Инкассалық
қызмет бойынша қоюшы мердiгердiң банкiсiнiң өзi төлем талап – тапсырмасын
төлеушiнiң банкiсiне байланыс органдары арқылы арнайы почталарға
жiберiледi. Есеп айырысуды тездету мақсатындағы қоюшы мердiгерлер мен
төлеушiлер және олардың банкiлерi арасындағы өзара келiсiм бойынша қоюшы
мердiгерлердiң банкiсiнен төлеушiнiң банкiсiне құжаттың почталық
жiберiлетiн оның мазмұны телетайп пен телефакс арқылы ауыстырылып
тапсырылады.
Клинтке қоюшы мердiгерлердiң банкiлерiнiң инкссолық қызметi, оның
комиссионды табысына ұсынылады.
Төлем талап-тапсырмасының есеп айырысудағы бастамасы қоюшы
мердiгерден басталатындықтан, бұл құжаттың төлемi тек төлеушiнiң
келiсiмiмен жүргiзiледi. Осы мақсатпен сатып лушы банкiсiне түскен төлем
талап-тапсырмасы арнайы журналда тiркелген соң, оны бюанк төлеушiге
акцептке қолхат бергенде ұсынады.
Банк тәжiрибесi акцепттiң бiрнеше түрiн бiледi: оңды, терiс, алдын
ала, кезектi, толық және бөлшектей акцепт.
Оңды акцепт-бұл қоюшы мердiгердiң төлеуге талабынан тұратын әр есеп
айырысу құжаты бойынша төлеушiнiң жазбаша түрде төлеуге не келiсiм
берiлгендiгi, не бас тартуын мiндеттi түрде мәлiмдейтiн акцпт түрi.
Терiс акцепт бойынша төлеушi банкке тек акцептен бас тартуын ғана
жазбаша хабарлайды. Бас тартуды белгiлi мерзiмде ескертпесе, онда банк
төлеушiнiң төлемге келiскен деп есептейдi. Алдын ала акцептке төлеушiнiң
оның шотынан ақшаны аударғанға дейiн оны қоюшы мердiгерге өз келiсiмiн
бергендiгiн бiлдiредi, мұнда егер төлеушi банкке 3 жұмыс күнi барысында
бас тартуды мәлiмдесе, онда есеп айырысу құжаты акцептелген деп саналады.
Есеп айырысу құжатының банкке түскен күнi есепке алынбайды. Төлем келесi
күнiнен бастап акцепт мерзiмi өткенге шейiн жүргiзiледi.
Келесi акцепт банктiң операционды күнiнде банкке түскенiне байланысты
есеп айырысу құжатының кiдiрiссiз төлемiн қарастырады. Бұл бойынша 3 күн
iшiнде төлеушiнiң акцепттен кезектi бас тарту өтiнiшiне құқы сақталынады.
Төлеушiнiң бас тарту өтiнiшi толық немесе жарым жартылай болуы мүмкiн және
ол мiндеттi түрде дәлелденуi керек. Акцепттен бас тартудың дәстүрлi
себептерi мыналар: тауар тапсырылмауы; тауарлы емес шот; тауар ерте
төленген; келiсiлген бағаның болмауы және т.б. қоюшы мердiгер жағынан
келiсiм мiндетiнiң бұзылуына байланысты себептерi.
Акцепттен толық бас тарту кезiнде төлемнен бас тарту туралы жолдама
хатпен төлем талап тапсырмасы төлеушiден тура қоюшы мердiгерге қайтарылады.

сурет 2
Төлем талап-тапсырысы мен есеп айырысудағы құжат айналымының схемасы.

1

Несиелiк авизо

1. өнiмдi жөнелту, қызметтi көрсету;
2. төлеушi банкiсiне - тасымалдау құжаттарымен бiрге төлем талап-
тапсырмасын жөнелту;
3. акцепт үшiн алынған құжаттарды тапсыру;
4. төлем талап-тапсырмасын төлеушi акцептiмен қайтару;
5. төлеушi шотынан қаражатты шығару үшiн құжаттарды жөнелту;
6. құжаттардың ресiмделуi және КЕО-на берiлуi;
7. несиелiк авизоны ресiмдеп, оны экземплярымен қоса (төлем талап-
тапсырмасының) КЕО-на жөнелту;
8. қоюшы мердiгер банкiсiнiң кор-шотына қаражат аудару;
9. қоюшы мердiгер кор-шотынан қаражат шығарып, қоюшы мердiгердiң есеп
айырысу шотына аудару;
10. төлем талап-тапсырмасы бойынша қаражат аудару туралы қоюшы мердiгердiң
есеп айырысу шотынан үзiндi.
Чекпен есеп айырысу. Чек – төлеушiнiң банкке өз шотынн тек ұстаушыға
белгiлi ақша сомасын төлеу туралы жазбаша үкiмi. Чектiң есеп айырысу және
ақшалай түрлерi болады. Ақшалай чек ұстаушыға банктегi нақты ақшаны төлеу
үшiн қолданады. Есеп айырысу чегi – бұл аударым арқылы есеп айырысу үшiн
қолданатын чектер. Есеп айырысу чегi – бұл чек берушiнiң банкке өз шотынан
қаражат алушы (чек ұстаушы) шотына белгiлi ақша сомасын аудару талалабы
шүбәсiз жазбаша бұйрық. Есеп айырысу чегi төлем тапсырмасы сияқты
ресiмделедi, бiрақ одан айырмашылығы оны төлеушiсi төлемдi алушы
кәсiпорынға оны шаруашылық операциалары орындалған мезетте бередi.
Жабылу есеп айырысу чектерi – бұл чектi берушi клиент пен қаражатты
банктiң бөлек шотында сақтауға берiлетiн чектер. Жабулы емес есеп айырысу
чектерi – банктiң төлемге кепiлдiк беретiн чектер. Бұл жағдайда банк чек
берушiге оның шотында қаражаттың уақытша болмауына байланысты банк қаражаты
есебiнен чекпен төлем жүргiзуге кепiлдiк бередi.
Есеп айырысу чектерiн алу үшiн клиент өзiне қызмет ететiн КБ-ке
өтiнiшпен чекпен есеп айырысуға қажет жалпы сомамен чектер саны көрсетiлген
белгiлi формадағы өтiнiшпен қарайды. Осы берiлгендер негiзiнде бiр чектiң
лимитi анықталады, ол әр чектiң арғы бетiнде көрсетiлуi керек. Чек берер
алдында, оны ресiмдеген соң банк қызметкерi клиентке чектердi қолдану
ережелерiн түсiндiрiп, жоғалған немесе ұрланған чектер үшiн
жауапкершiлiгiне қолхат алады. Егер чек байқаусызда төленгенi дәлелденбесе,
жоғалған не ұрланған чектiң нәтижесiнде пайда болған шығындарды чек
ұстаушының өзi шегедi.
Чектермен қоса банк клиентке мәтiндi карточкаларын беруге мiндеттi.
Оны чек санына тәуелсiз бiр данада бередi және чек берушiнiң берiлген әр
чек бойынша толық сай келтiредi, дәлелдейдi. Егер клиент барлық есеп
айырысу чектерiн қолданылып болса, онда чек карточкасы банкке қайтарылуы
тиiс және ол жойылуға жатады. Егер кәсiпорын чектерден жаңа қажеттiлiктердi
керек етсе және бiр чектiң лимитi мұнымен өзгерiлмесе чек карточкасы
кәсiпорындарда қалдырылады. Банкте чектi көрсету мерзiмi 10 күнге дейiн.
Лимиттелген чек кiтапшалары – бұл кiтапша ретiнде (10, 20, 25, 50
парақтан) тiгiлген есеп айырысу чектерi. Бұлар осы кiтап бойынша қойылған
лимиттен аспайтын жалпы сомаға кәсiпорынмен толтырылады. Лимиттелген чек
кiтапшаларындағы чекпен есептесiп келген клиент оны өзiнiң КБ-не ұсынады.
Ол өз кезегi бойынша чектi почта арқылы төлеушiнiң банкiсiне жөнелтедi. Ол
жақта бұл құжат негiзiнде несиелiк авизо құрастырылып, чектi алушы
клиенттiң банкiсiне қайтарылады. Сонда ғана қаражат қоюшы мердiгер -
кәсiпорынның есеп айырысу шотына аударылады.
Чектердi дұрыс тексермеу себебiнен болған шығындары чектi төлемге
алған кәсiпорынның өзi шегедi.
Сурет 3
Чекпен есеп айырысудағы құжат айналымы.

1. чекпен есеп айырысу үшiн қаражатты депоненттеуге чектердi алуға өтiнiш;
2. төлеушiнiң есеп айырысу шотынан қаражатты көшiру;
3. мәтiндi карточкаларымен бiрге банкпен ресiмделген чек бланкiлерiн
төлеушiге қайтару;
4. депоненттелген қаражаттарды қарап шығу;
5. төлеушi чектерiнiң үзiндiсi және оның қоюшы мердiгерге тауарды, жұмысты,
қызметтi қабылдаған кезде беру;
6. тiзiлiм бойынша инкассода банкке чектердi беру;
7. КЕО-на чектi тiзiлiммен беру;
8. КЕО-на қаражатты аудару;
9. қоюшы мердiгер банкiсiне чекттердiң тiзiлiмiн жөнелту;
10. қаражатты көшiру.
Аккредитивпен есеп айырысу. Аккредитив – бұл төлеушiнiң банкiсiнiң қоюшы
мердiгер банкiсiне оның ұсынған құжаттарына қарсы қаралған аккредитивтегi
төлеушiнiң өтiнiшi бойынша қоюшы мердiгерлер тауарлар мен қызметтерге төлем
туралы тапсырмасы.
Есеп айырысудағы аккредитив түрi тек қана өзге қалалық айналымда
қолданылады. Аккредитив мерзiмi банк ережелерi бойынша жарияланбайды, ол
қоюшы мердiгер мен төлеушi арасындағы келiсiм хатта белгiленедi. Бұл есеп
айырысу түрiнде төлем қоюшы мердiгерлердiң орналасқан жерi бойынша iске
асырылады. Аккредитив айырмашылығы қоюшы мердiгерге не төлушiнiң жеке
шотындағы қаражатының не оның банкiсiнiң қаражаты есебiнен төлеуге кепiлдiк
бередi.
Аккредитивтер екi түрде ашылуы мүмкiн: жабулы (депоненттелген) және
жабулы емес (кепiлдендiрiлген).
Жабулы деп төлеушi қоюшы мердiгермен есеп айырысу үшiн қаражатты
депоненттеген аккредитивтi айтады. Бұл жағдайда төлеушiнiң банкiсi (банк-
эмитент) төлеушiнiң есеп айырысу шотынан қаражатты қоюшы мердiгер банкiсiне
(орындаушы банк) аударады.
Қоюшы мердiгер банкiсiнде қаражатты депоненттеу банк-эмитенттен алған
несие есебiнен жүргiзiлуi мүмкiн.
Жабулы емес қоюшы мердiгерге төлемдi банк кепiлдiк беретiн туралы
аккредитив. Бұл жағдайда төлеушi өз банкiсiне кепiлдендiрiлген
аккредитивтеу алуды сұранады. Көрсетiлген өтiнiштi банк-эмитент ереже
бойынша төлем қабiлетi бар, бiрiншi класстық клиенттiң қатынасымен және
корреспонденциалдық қатынасты, аккредитивтi орындайтын банктер мен олардың
арасында қойылған шартқа байланысты қанағаттандырады.
Әр аккредитив қайтарулы және қайтарусыз екенiн айқын белгiлеу керек.
Мұндай көрсеткiш болмаса аккредитив қайтарулы деп есептелiнедi. Қайтарулы
аккредитив ерекшелiгi оны қоюшы мердiгермен келiспестен банк-эмитенттiң
өзгертуi немесе жоюы. Алайда орындаушы банк аккредитив өзгертiлуi немесе
жойылуы жөнiндегi соңғы жазбаша хабарландыруды алғанға дейiн банкпен
қабылданған және қоюшы мердiгердiң шығарған құжаттарын төлеуге мiндеттi.
Қоюшы мердiгердiң келiсiмiнсiз ашылған қайтарусыз аккредитив өзгертiлуi не
күшiн жоюы мүмкiн.
Тауар тиеуге дайын деген қоюшы мердiгер телеграммасы төлеушiмен
ашылған аккредитивтiң негiзi болып табылады. Қоюшы мердiгер аккредитив
бойынша қаражат алу үшiн тауарды жөнелткен соң өз банкiсiне жөнелткен
тауарға тауарлы-транспорттық құжаттармен шот-фактураның тiзiлiмiн ұсыну
керек. Бұлардың негiзiнде орындаушы банк қоюшы мердiгер мен орындалған
аккредитив шартын, құжаттың дұрыс ресiмделуiн тексерiп, содан кейiн ғана
аккредитив бойынша төлем жүргiзедi.
Сурет 4
Аккредетивпен есеп айырысудағы құжат айналымы

1. аккредитив ашу жөнiндегi өтiнiш;
2. төлеушiнiң банкiсiндегi ашылғалы аккредитивтiң есебi, қоюшы мердiгердiң
банкiсiне ақша аудару үшiн құжаттар беру;
3. құжаттардың ресiмделуi, оларды КЕО-на жiберiлуi;
4. несиелiк авизоны ресiмдеп, оны төлеушiнiң өтiнiшiмен қоса КЕО-на
жөнелту;
5. КЕО-на дебеттiк авизоны жөнелту;
6. қаражатты сақтау;
7. қоюшы мердiгердiң оның адресiне аккредитив ашылуы жөнiндегi жазбаша
хабарландыуы;
8. сатып алушыға тауарды тасымалдау;
9. шоттардың тiзiлiмiн, транспорттық және т.б. құжаттарды тапсыру;
10. қоюшы мердiгер шотына қаражат есептеу;
11. жөнелту құжаттары мен шот- фактураның тiзiлiмiн беру;
12. баланстық емес шоттың шығындары;
төлеушiге транспорттық құжаттар мен шот- фактура тiзiлiмiн беру;
Нарықтық экономика жағдайында халық шаруашылығын басқаруды жетiлдiру
ақша механизмiнде қайта құруды талап етедi. Бiрiншi кезектi мәселе ретiнде
ақша айналымы бiрыңғай жүйесiндегi ақшалай қатынасты зерттеу тұр. Бұл жүйе
күрделi, бiртектi емес функционалды құрылымды және жалпылай өнiм қозғалысы
әртүрлi сатысында материалды заттың қор құны айналымы жеке ақшалай
байланысты негiзделген тiркеу талабына сай болу керек.
Атап айтсақ ақша қозғалысы негiзделушi байланысы өндiру және оның
құрылымдық бөлiгi – өндiрiспен, таралумен және алмасу, тұтыну мен ақшалай
қатынастың сферасы кеңеюiне объективтi мүмкiндiгiн анықтайды және оны
басқару арқылы жетiлдiредi.
Барлық ақша айналымы шаруашылығы кешендi байланысы аясында ақша
айналымының жеке сокторлар бойынша және жалпылама өнiмнiң қозғалу сапасы
бойынша спецификаға байланысты өндiрiстiк және өндiрiстiк емес сфера ақша
айналымы, тұтыну секторы айналымы, және ақшалай-есептiк, әмиссиялық және
несиелiк қатынастың бiрiншi көрсеткiштерi кешенiн анықтаушы мемлекеттiк
қаржының жүйе және несиелiк жүйе тұтас банктiк жүйенiң басқару объектiсiн
құрайды. Халық шаруашылығы әр секторы ақша ағымы барлық ақша айналымы
мазмұндық бөлiгi болып табылады және оның басқа бөлiктерiмен катон тiзбектi
байланысты болып келедi. Секторлар ақша ағымы құн қозғалысы және
құрылымдану ерекшелiгiне дәрежесiне байланысты барлық ақшалай айналым
функциялану тиiмдiлiгiне бiркелкi әсер етпейдi және тауарлы-ақшалай тепе-
теңдiктi ұстап тұру мақсатында оны басқару құрылымы бойынша ерекшеленедi.
Барлық ақшалай айналым функциялануы объективтi негiзi болып еңбек өнiмiн
құнды формада тарату және қайта трату, және әсiресе ақшалай шығын жеке
элементтерi және шаруашылық органдар кiрiсiнiң арасындағы керектi
қатынасының анағұрлым экономикалық эффект қамтамасыз ету микродеңгейiне
жету маңызды болып саналады. Шаруашылық субъектiлерi ақшалай айналымы
микродеңгейде барлық функционалды құрылымды ақша айналымында орталық
орынды алады, ол тауарлық өнiмдi шығару және тарату өндiрiстiк сфера және
өндiрiстiк емес тұтынуға (өндiрiстiк емес сфера, тұтыну секторы) арналуы
ақшалай байланыстыңбағытын және материалды негiзiн анықтайды. Мемлекеттiк
қаржылық жүйе орталықтандырылған таралушы және қайта таралушы ақша
қатынасын сипаттаушы ақша қозғалысы ағымын шоғырландырады. Бiр мезгiлде
қаржылық жүйе қаражаты халық шаруашылығы жеке буындары төлеуге қабiлеттi
тұтынушы құрылымдануына қатысады.
Блок тұрғындар ақша айналымы жүйесiнде (тұтынушы сектор) маңызды
орын алады. Соңғы өнiмнiң тұтыну сатысын негiздеп, тұрғындар ақшалай
айналымы тұтас ақша қозғалысы тiзбектi байланысы барлық тiзбегiн
түйiстiредi. Тұрғындардың ақша айналым элементi болып отбасы ақша
айналымы саналады. Осы мақсатта отбасы бюджетiн талдау ашық құрылымдық
бiртектi еместiгi тұтынушы сектордағы ақша қатынасын зерттеу үшiн
бастапқы база болып қарастырылады.
Ақшаға қатысты байланыс кешенi екi топ пропорциясы құрылымды
таралады. Бiрiншi топ iшкi байланыс деп аталатын әр блок шығыны және
ақшалай түсiмiне сәйкестiк байқатады.
Екiншi топқа бiр субъектiлердiң ақшалай шығынын басқа төлеуге
қабiлеттi сұраныс ұсыныс ақшалай кiрiсiмiн байланыстырушы пропорция
кiредi. Екi топ пропорциясы да байланысты негiзде және соңғы келiсiмiн
ақшалай кiрiстiң ақшалай шығыннан жоғары болконында, ал төлеуге қабiлеттi
сұранысының ұсыныстан артық болғанында және ақшалай қаражат қалдығы
жоғарылағанында алады, немесе шығынның кiрiстен жоғары болуында, ақшалай
қордың төмендеуiнде және банк қаражаты қарызы тұтыну құрылымданғанда
алады. Ақшалай қаражаттарға тұтыну айналымы және оның керектi аты
арасында сәйкестiктiң жеткiлiктi болуы тiкелей банктiк басқару объектiсiн
құраушы ақша айналымы процессi соңғы аяқтаушы буын комплексi болып
табылады.
Көп түрлi құбылыстарды айқындай келе, өндiрiстiк жалпылай өнiм
бiрiгуiмен байланысты туындаған құбылыстарды айқындай келе, ақшалай айналым
екi түрге бөлiнедi:
– өндiрiс процесiн және тауарды айқындаушы айналым;
– тауар емес сипаттық ақшалай есептi жүзеге асыруға байланысты
туындайтын, айналым
Төлемдер әдiсi және ақша құрылымдану ерекшелiгiне шығып қолма-қол
емес және нақты ақшалай айналымы болып бөлiнедi. Ақшалай айналымның
негiзгi бөлiгiн қолма-қол емес айналым құрайды. Кәсiпорындар және ұйымдар
бiр-бiрiмен, несиелiк мекемелермен және қаржылық органдармен есептеп нақты
ақшасыз қатысуыды жүзеге асырады. Клиенттердiң банктегi есебi бойынша және
олардың өзара талаптары жазбаларымен жүзеге асырылады. Қолма-қол айналым
нақты ақшамен жүргiзiлетiн төлемдер жиынынан тұрады.
Егер қолма-қол емес ақша айналымында ақша төлем жүйесi функциясы
ретiнде қолданылса, ал нақтылай айналымда - байланыс құралы және төлем
ретiнде қолданылады. Қолма-қол ақшаға көтерме саудадан және жеке
тұлғалардан тауарлар сатып алынады. Кәсiпорындар, ұйымдар әне мекемелер
қолма-қол ақшаны керектi тауарларды тек сатып алу құны төлем төлем шегiнен
аспаған, заңда анықталған ретте ғана қолданылады. Одан басқа нақты ақшалар
осы функцияда: зейнетақы төлеуде, жәрдем ақы және стипендия төлеуде;
банктiк қарыздарды тұрғындарға жеке тұрғын үй құрылысын және шаруашылық
ғимарат салуға беруге; сақтандыруды төлеуге және т.б. қолданылады.
Ақшалай айналымды құрастыра отырып қолма-қол емес айналым және
төлемге шектеу жүргiзу қажет. Төлемдi айналым деп ақша тек төлем қаражаты
ретiнде қолданылатын ақша айналымын айтады, төлемдi айналым құраушы
элементтi болып қолма-қол емес айналым және нақтылай айналымның ақша төлем
қаражаты ретiнде қолданылатын бөлiгi есептеледi. Олай болса, төлемдiк
айналым ақшалай айналым бөлiгi болып, қолма-қол емес формадағы қозғалысы
бiрiгуi, жалпылама өндiрiс процесiнде қатынас және төлем қаражаты
функциясы.
Ақшалай айналымы рационалды ұйымдастыруы ақшалай қаражат өз сомасына
салыстырғанда оның абсолюттi өсуiн қамтамасыз етуге алып келедi.
Осындай мақсатта ақшалай қаражат айналымдылығы өсiмi есебiнен шаруашылық
ортаны және тұрғындар арасындағы есептер өсуiне қол жеткiзуге болады.
Есептер көмегiмен авансталған қаражаттың ақшалай формасы өндiрiстiк қорға
айналуы , ақша түрiнде түскен қаржыны алу аяқталады. Осымен бiрге есептер
қаржы айналымы маңызды буыны болып түседi, оның уақтылы аяқталуы өндiрiс
процесiнiң үздiксiз жаңаруының қажеттi шарты болып саналады.

2. Ақша қаражатының құрылымдануы және қолма-қол емес есеп айырысу
формасы.
Нарық шартында және нарықтық қатынаста маңызды әлеуметтiк-
экономикалық мiндеттер қатары ақшалай қаражаттылық құрылымдануын арықарай
зерттеу қажеттiлiгiн анықтайды, ол ақшалай айналымды тұтасымен және
қатынас, төлем және жинақтау қаражаты ретiнде функциялаушы жүйенi
анықтайды. Ақша айналымы тұтастық көрiнiсi оны екi түрлi көрiнiс беру
бiрлiгiн қарауда байқалады; ол бiрiншiден экономикалық айналым қатысушылары
кiрiсi мен шығысы арасындағы баланстық байланыс, екiншiден банктiк жүйе
есеп шоты бойынша ақша қозғалысының ерекшелiктерi. Сәйкесiнше ол ақшалай
кiрiс пен шығыс құрылымдану көрсеткiштерiнде байқалады, және сұраныстың
төлеуге қабiлеттiлiгiн және оның экономиканың жеке секторлары бойынша
қанағаттандырылуы (материалды өндiрiс, өндiрiстiк емес сфера, мемлекеттiк
бюджет, және тұтыну секторы) және де банктiк жүйе есеп шоты бойынша
ақшаның қозғалысы оның несиелiк-эмиссиялық операцияларымен кешенi.
Ақшалай қаражат банк есеп шотында тұрады, және банктер бiр мезгiлде
төлемшiлерге немесе қаражат алушыларға несие бере отырып есептiк
операцияларды жүргiзедi. Бiрақ ол ақшалай айналым банктiк басқарудың
тiкелей тұтас объектiсi деген сөз емес. Ақша айналымы функциялануы негiзгi
сомасы тұрғындар және шаруашылық буындары ақшалай көрiнiс тарату және
құрылымдану шеарасында және сәйкесiнше шаруашылық басқару ортаны жүргiзуде
қалады. Осы уақытта банктiк жүйе және қаражат иелерi арасында туындайтын
экономикалық қатынастар барлық ақшалай есептердiң бiрыңғай есептеу
орталығында шоғырлануы және де эмиссиялық және несиелiк қатынастар өзiнiң
салыстырмалы өзбетiнше қатынас саласын, атап айтсақ елдiң ақшалай ресурсын
қолдану және үйрену аймағында және банктiк несие беру экономикалық
шекарасында жүргiзу қарастырылады. Осымен банктiк несиелiк басқару саласы,
ақшалай есептер және ақшалай және несие тiк механизмдi қолдану негiзiнде
қажеттi қаражаттың құрылымдану саласы анықталады.
Шаруашылықты функциялау тауарлық ағымның ақшалай және керi
трансформациясын және де әр момент уақытында айналымдағы қаражаттың
тауарлықтың бiр жағынан екiншi ақша ағымына трансформациясын қамтамасыз
етедi.
Ақшалай ағым қолма-қол және қолма-қол емес ақша қаражаттары
формасында көрсетiлген. Барлық кәсiпорын және мекемелер таратылған
тауарларына, нақтылай ақша алушылар, орындаған жұмысына көрсетiлген
қызметiне ақы алушылар оларды банкке есептiк шотқа енгiзу үшiн өткiзуi
қажет. Өз кезiнде кәсiпорындар және мекемелер банк мекемесiнен еңбекақы,
жәрдемақы, командировка және басқа шаруашылық қажеттiлiктер үшiн нақтылай
ақша алады. Бұл операциялар банктiк кассалық бөлiмдерiнде жүзеге асырылады.
Барлық нақтық ақшалардың банктегi жалпы жиыны банктiң операциялық кассасы
деп аталады, оның құрамына: кiрiс-шығындық касса, кешкi касса, яғни нақты
ақшалы операциялық күн аяқталғаннан соң қабылдайды және ақшалай түсiмдi
санаушы кассадан тұрады.
Операциялық кассада соны банктiк iскерлiк сипаты және көлемiне
байланысты. Қолма-қол емес ақшалай қаражат функциясын сектор, векселдеу
несиелiк карточкалар атқарады, операция клиенттiк банктегi парақты есебi
және оның өзара талабы арқылы жазба түрiнде жүргiзiледi.
Шаруашылық байланыстар-банк iскерлiгi үшiн керектi жағдай. Олар банк
iскерлiгi процесiнiң үздiксiздiгiн қамтамасыз етедi. Шаруашылық байланыстар
бiр жақ қызмет көрсетуiнде, ал екiншi жақ клиент болғанда келiсiмдiк
қатынастармен безендiрiледi.
Есептiк қатынастарға бiр жақтың тауарды пайдаланған соң қызмет
көрсетiлген мерзiмде төлеу мiндетi, екiншi жақтың келiсiм шарты бойынша
мiндеттерi түсiндiрiледi.
Ақшаны қабылдау және беру немесе қолма-қол емес салымды банк арнайы
формадағы құжаттар бойынша жүргiзiледi. Олардың iшiндегi анағұрлым кең
тарағаны нақты төлем чек (ақшалай), төлемдiк, есептiк чек, анықтама
талаптарын, акредитивтер.
Нақтылай мәлiмге жарнама нақты ақшаны есептiк шотқа аудару кезiнде
жазылады. Ақшаны алуды дәлелдеу үшiн банк алушыға квитанция бередi, ол
ақтаушы құжаттама ретiнде жүредi. Банк және клиент арасындағы есептердiң
таза ұйымдастырылуы үлкен маңызға ие, себебi ол айналым қаражаттарының
айналымдылығы үдеуiне тiкелей байланысты, ол ақшалай қаражаттардың уақтылы
түсуi-қарыздардың қысқаруына әсер етедi. Қолма-қол емес есептер формасы.
Тәжiрибеде дәлелденгендей ақшалай есептердiң негiхгi түрi-қолма-қол емес
есептер болып табылады. Ақшалай қаражаттың және ұсталудың қысқаруын
рационалды қолдануға көп маңыз болу арқылы мемлекет қолма-қол емес
есептердi ұйымдастырудағы, оларды жүзеге асыру шарттарын анықтайды және
есептiк құжаттарды жүйесi жалпы мемлекеттiк заңдар және банктiк ережелермен
реттеушi қолма-қол емес ақша айналымы ұйымы болып табылады.
Барлық қолма-қол емес есептеу шаруашылық объектiлер және банк
мекемелерi арасында белгiлi қозғалыс жасаушы есептiк құжат негiзiнде
жүргiзiледi. Есептiк құжаттар қозғалысы және құжат айналым екi нәрсе.
Есептiк құжаттардың қозғалыс – ол құжаттардың қозғалыс пункiтi бойынша
басынан есептiк соңына дейiн тiзбектi өту. Құжат айналым, есеп құжаттары
қозғалысына керектi уақыттан басқа әртүрлi операциялар аяқталғаннан
кейiн құжаттардың безендiрiлуiне қажеттi уақытты да өзiне қосады.
Ақшалай қаражатты сақтау және есептердi жүргiзу үшiн және де
шаруашылық субъектiлерiне қарыз қаражаттарын тiркеу үшiн банкте есептiк,
ағымдық қарыздық, арнайы қаражаттың және басқа есеп шоттар ашылады.
Шаруашылық ұйымдарға несие беру қарыздың немесе немесе арнайы қарыздың
шоттар арқылы жүргiзiледi.
Шот ашу кезiнде (есептiк, ағымдық) банк мекемесi бас бухгалтерi
кәсiпорын экземплярона шот көшiрiммен бiрге белгiлейдi және елтаңбалы
мөрмен бекiтедi. Шот шот ашу туралы өтiнiш негiзiнде ашылады. Оған
кәсiпорын құру туралы құжаттар бекiтiлген жарғы көшiрмесi, тұлға қолы
қойылған үлгiдегi карточка, шот қаражатымен бекiтiледi және салық
инспекциясы рұқсаты және мөрi кiргiзiледi. Ақшалай есептiк құжаттамалар
шоттар арқылы операциялар жүргiзуге негiз болып табылады және олра берiлген
талаптарға сай қол қойылып және безендiрiлуi керек. Құжаттар төлемдер
жүргiзу процесiнде банк жұмысшылары шоттағы ақшалай қаражат нақты
мөлшерiн, тапсырылған құжаттар айқындығын (қойылған қолды және банктегi
өзгертiлген мөрдiң басылуын), құжаттар әсерi, күшi мерзiмi сақтауы,
жүргiзiлген операциялар заңдылығы тексерiлуi. Есептер тауарлық және
тауарлық емес операцияда болуы мүмкiн ал ол кәсiпорын орналасу мекенiне
мiндеттер байланысына байланысты есептер әр қалалық және бiр қалалық болып
бөлiнедi.
Есептер формасы жақтар арасындағы келiсiммен, келiсу шартымен және
басқа келiсiм қағаздармен анықталады. Кәсiпорындар арасындағы өзара қарыз
келiсiмi қатысуынсыз жүруi мүмкiн. Келiсiм шартта жеткiзiп берушi мен сатып
алушының арасында құжаттарды төлеуде кешiккенiне өсiмдер қосылу
қарастырылады.
Кәсiпорын есеп шотынан қаражат есеп шот иесi үкiмiмен қарастырылады.
Төлемдер кезектiлiкпен жүргiзiледi. Ол кәсiпорын жетекшiсiмен анықталады.
Ертеректе банк төлемдер кезектiлiк күнтiзбесiн бекiткен ал одан ертерек
төлемдер мiндеттi түрде төлемдердiң арналуына байланысты болған, бiрiншi
кезекте бюджет және жұмысшылар еңбегiне төлем қойылатын болған.
Кәсiпорын есеп шотында бiр шектеудiң алынып тасталуы әбден заңды
болуы мүмкiн, себебi нарық және нарықтық қатынас кәсiпорын ақшалай
айналымын және коммерциялық ұйымдарды басқарудың административтi әдiсiмен
сыйымсыз. Соңғы уақыттағы төлемдiк таптырысты қолданудың шарты едәуiр
кеңейтiлген.
Төлемдiк тапсырмалар банктiң сол есеп шотынан ақшалай қаражат сомасын
басқа кәсiпорынға, ұйымға, тұлғаларға немесе мекемелерге аудару формада
қағазда банкке тапсырманы көрсетедi. Тапсырма қағазды жазылған уақыттан
бастап 10 күнге дейiн күшiнде болады. Төлемшi тапсырмасы банкте тек егер
есеп шотта нақты ақша болғанда ғана, егер банк және есеп шот иесi арасында
көрсетiлмеген болса ғана қабылданады. Төлемдi жүргiзу үшiн егер шаруашылық
органының алуға құқы болса банк қаражаты да қолданылады.
Төлемдiк тапсырма төлуде келесi бухгалтерлiк жүргiзулер жасалады.
Төлеушi банкiнде
Д-т-төлеушiнiң есептiк шоты (немесе оның қарыздық шоты);
к-т-161 шоты (ұлттық банктегi төлеушiнiң корреспонденттiк шоты).
Жеткiзiп берушi банкiнде:
Д-т-161 шоты (жеткiзiп берушi банкiнiң Ұлттық банктегi корреспонденттiк
шоты);
К-т-жеткiзiп берушi есептiк шоты.
Егер жеткiзiп берушi мен сатып алушы арасында бiртегiс және тұрақты
сипат болса, онда олар арасындағы есеп айрысу келiсiм шарт негiзiндегi
төлем ретi бойынша есеп айырысуда жоспарлық төлемдердi қолдану арқылы
жүргiзiледi. Бұл жағдайда Төлемнiң арналуы графасында сипат алушы келiсiм
бойынша жоспарлы төлеудi бастап көрсетуге мiндеттi және де төлем мерзiмiн
көрсетедi. Бюджеттен құралған мекеме, одан басқа Төлемнiң арналуы
барысында аударылушы соманың арналуы мақсатын көрсетедi. Үздiксiз циклдағы
кәсiпорын өнiрiлген өнiмi үшiн есептеуден аванста төлемдердi, төлемдiк
тапсырмамен жүргiзетiн төлемдердi қолдануы мүмкiн.
Есеп айырысу формасының ең жақындысы чекпен есеп беру деп айтсақ
болады. Чек чекберушiнiң төлеушiге хаттың тапсырмасынан тұратын құнды
қағаз, онда көрсетiлген ақшалай сомасында төлем жүргiзiледi. Чек берушiге
қызмет көрсетушi банк чекiмен дело чекберушiге жеке шот, қаражат; чек
берушiнiң есептiк немесе ағымдық шотындағы қаражаты бiрақ чекберушiнiң
банкпен кепiлденген келiсiмiндегi сомадан жоғары емес төлемде чек беру
қамтамасыз етiледi.
Қазiргi кезде Қазақстан Республикасы төлемдiк айналымында есептiк
чектердi қолдану, чек есептерi жайлы ережемен, Қазақстан Республикасы қолма-
қол емес есеп айырысу жайлы ережемен және де Ұлттық банктiң қосымша
нұсқаулары мен реттеледi.
Қазiргi уақытта Ұлттық банк нұсқауларына сай есеп айырысуда тек дело
чектердi (жабу чектерiн) қолданылу қарастырылады. Қаражаттарды жабу клиент-
чекберушi жеке банк есеп шотында 722 есептiк чектерде жүргiзiледi, ол чек
мәлiмет бойынша төлемге кепiлдiк бередi.
Есеп айырысу чегiн алу үшiн клиент оған қызмет көрсетушi коммерциялық
банкке белгiлi формадағы жалпы қажеттiлiк сомасы көрсетiледi. Осында
көрсетiлген мәндер негiзiнде бiр чек лимитi анықталады, ол әр чектiң терiс
жағында көрсетiледi. Чек беруге өтiнiшке кәсiпорын жетекшiсiмен, бас
бухгалтер қолы қойылады және мөрмен бекiтiледi. Бiр мезгiлде клиент
өтiнiшпен бiрге банкке өтiнiлген соманы анық есептiк чекпен 722 есептiк
чектер шотына аударуға төлемдiк тапсырманы ұсынады, тек алуға құқығы
болады. Мұнда келесi бухгалтерлiк жүргiзiлу жасалады.
Д-т-кәсiпорынның есептiк шоты;
К-т-722 есептер чектерi шоты.
Есептiк чек қағаздары есеп берудiң қолма-қол қаражаты болып табылады
және банктермен, егер банк чек эмиссиясын жүргiзуге құқылы болса
дайындалады, қорғануы дәрежесi реквизитi мiндеттiлiгiн ескере отырып
олардың болмауы чектiң құжат ретiнде күшсiзденуiне алып келуi мүмкiн.
Чек есептерi жайлы Ереже күшiне сәйкес Қазақстан Республикасында
чектер, кәсiпорындарда қабылданса индоссирленген болмауы мүмкiн және басқа
заңды тұлғаға иелiкке берiлуi мүмкiн; чектердiң жеткiзiп берушi иелерiне
индоссамент қаражатымен беруге тиым салынады.
Батыс тәжiрибесiнде чектiк кiмге жазылғандығына байланысты чектер
келесi түрлерге бөлiнедi:
– есiмдiк, тек N төлеуге;
– ордерлiк, N-ге төлеңдер немесе оның жарлығы бойынша;
– ұсынушы, ұсынушыға төлеңдер;
Ордерлiк чек ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу есебі
Қолма-қолсыз есеп айырысу шарттары және қолдану формалары
Есеп айырысу операциялары және олардың жіктелуі
Қазақстан Республикасында қолданылатын қолма-қолсыз есеп айырысу нысандарына сипаттама
Қолма-қолсыз есеп айырысу
Қазақстандағы қолма-қолсыз ақша айналысын ұйымдастыру туралы ақпарат
ҚР қолма-қолсыз ақша айналысын ұйымдастыру
ЧЕКТЕРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЕСЕБІ ЖАЙЛЫ
ЧЕКТЕРМЕН ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЕСЕБІ
Толық құнды, толық құнсыз қағаз несиенің мәні мен қызметтері
Пәндер