Қазақстан Республикасындағы қазіргі кітап ісі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ...
ІТАРАУ Кітап бизнесінің 9
тарихы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қазақ кітап ісінің тарихы мен 9
теориясы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...
1.2 Кітап бизнесі және кітап нарығының үлес 17
салмағы ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІ ТАРАУ Қазақстан Республикасындағы қазіргі кітап 26
ісі ... ... ... ... ... ...
2.1Қазіргі кітап ісі және кітап таралымына қатысты 26
мәселелер ... ... ... ...
2.2 Жоғары технологияға негізделген басылым сапасы баспа
деңгейінің 30
көрсеткіші ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
2.3 Қазіргі басылымдардағы кітап жарнамасының 35
көрінісі ... ... ... ... ... ... .. ...
ІІІ Тарау Қазақстандағы кітап бизнесінің дамуы мен болашағы ... ... ... .40
3.1 КСРО тұсындағы Қазақстан кітап бизнесінің 40
дамуы ... ... ... ... ... ... ... . ... .
3.2 Тәуелсіз Қазақстандағы кітап бизнесінің даму 44
болашағы ... ... ... ... ... ... ..
58
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. ..
Пайдаланылған әдебиеттер мен сілтемелер 60
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
КІРІСПЕ
Кітап – адамзат тарихындағы тұңғыш бұқаралық ақпарат құрал. Оның
шығуы, дамуы жазу мәдениетімізбен тығыз байланысты. Арғысы тас кітаптан,
одан ғана қағаз бетіне түсе бастады. Сол дәуірдегі біздің алғашқы
қолжазбаларымыз - әл-Фарабидің, М. Қашқаридің шығармалары.
Интеллектуалдық білімнің қайнар көзі – кітап болғандықтан
Қазақстандағы кітап рыногі мен кітап басылымын сөз ету - өз алдына бөлек
дүние.
Тақырыптың өзектілігі: Кітап бизнесі – жұртшылыққа мерзімді емес баспа
өнімдерін таратып сатумен шұғылданатын сауда түрі. Кітап бизнесі туралы
білім жүйесін зерттегенде кітап өнімнің тауарлық құнын ғана емес, тұтыну
құнын бірге қарастыру керек. Бұл – киер киім, ішер ас емес, сонда да адам
боп өсіп толысуымыз үшін бірден-бір азық. Ми, руханият азығы. Дәлірек
айтқанда, рухани тауар. [1]
Кiтапты тауарға айналдырып саудалау оның сонау папирус бумасы,
күйдiрiлген балшыққа, тақтайшаға не қайың қабығына жазылған түрлерiнен
басталғаны белгiлi. Тiптi, сол замандарда- ақ қолжазба кiтапты көшiретiн
орын даяр өнiмдi, яки қолжазба кiтапты сататын дүкендер де болған.[2]
Көне гректер кiтап сатушыны библиопол деп атапты. Осы сөзден француз
кiтаптанушысы Г.Пеньо Библиология жөнiндегi түсiндiрме сөздiк деген
кiтабында библиополистика атты термин туғызған. Бүгiнде библиополистика
алғашқыдағыдай кiтап бизнесі деген ғана мағына емес, кiтап бизнесінің
теориясы, тарихы, ұйымдастырылу негiздерi деген ұғымдарды бiлдiредi. [3]
Папирус қағаздары мен ағаш қабығына, теріге, жарғақ бетіне ою-өрнек
арқылы жазылған кітаптарды сауда айналымына шығару әуелі Көне Шығыс
мемлекеттерінде бой көрсеткен Ежелгі Грекия мен Ежелгі Римнің кітап
сатушылары тұңғыш рет кітап сату жабдығын жасап, оларды орналастыру,
жарнамалау шараларын жүзеге асырды. Батыс Еуропада XIII-XIV ғасырларда
университеттер мен ірі монастырьлар жанында кітап сатушылар корпорациясы
құрыла бастаған. Мұнан соң қолжазба кітаптарды, ксилографиялық әдіспен
немесе ағаш бетіне түсірілген өрнектер арқылы алынатын басылымдарды
таратумен айналысушы тұрақты кітап рыногі ашыла бастады. Көне Русьте кітап
бизнесі тұңғыш рет Григорий Печорский заманында (шамамен 1120-жылдар) пайда
болып, І Петр реформалары тұсында айтарлықтай өрістеді.Мәскеу университеті
жанынан ашылған кітап ләпкесінің қызметіне М.В. Ломоносов та көңіл бөліп
отырған. Санкт-Петербург ғылым академиясы жанынан құрылған Кітап палатасы
академияның өз басылымдарын сатумен әрі сырттан кітаптар әкелумен
айналысты. Ресейдегі кітап бизнесінің дамуына оқырмандарға бағыт-бағдар
беріп отыратын Кітап хабаршысы (1884-1916), М.О. Вольф серіктестігіне
қарайтын кітап дүкендерінің хабаршысы(1897-1917), Кітап биржасы(1905-
07), Книжник (1898-1912). Кітап сатушылар хабаршысы(1900-05), Кітап,
оқу және кітапхана ісі хабаршысы (И.Д.-Сытин серіктестігі, 1907-11) сияқты
газет, журналдар ықпал етті.[4]
Қазақ даласында кітап бизнесі Ұлы Жібек жолдары арқылы дамыды.
Батыстан шығысқа, шығыстан батысқа қарай жөңкілген сауда керуендері қазақ
жеріндегі кітап бизнесіна айтарлықтай әсер етті. Қазақ топырағынан шыққан
ғұламалар мен ойшылдар , қарапайым жұртшылық әлемде болып жатқан мәдени
өзгерістер мен жаңалықтар туралы сол кітаптардан мағлұмат алды. Қытайдан,
Бұхара мен Ташкенттен келетін кітаптардың қатарын Ресеймен қарым- қатынас
күшейгеннен бастап Қазан, Уфа, Орынбор қалаларында жарық көрген кітаптар
толықтыра бастады. XVIII ғасырдың ортасында Стамбулдан Қазақстанға түрлі
діни кітаптар, көбінесе Құран кітабы жеткізілетін. Кітап бағасы өте қымбат
болатын. Тек феодалдар мен ақсүйектердің қолы жететін. [5]
Қазақ даласында арнаулы кітап бизнесі жүргізетін құрылымдар
болмағанмен, оның қызметін әл-ауқаты жоғары қазақ байлары мен татар
саудагерлері атқарды. Қазақстандағы кітап бизнесінің дамуы тек XVIII
ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басынан басталады. Кітаптардың көбі
Петербургтан, Мәскеуден, Қазаннан шығарылатын. Кітаптардың көпшілігі діни
сипатта болды.[6]
Кітап бизнесінің ары қарай дамуы деп кітап дүкендерінің ашылуын айтуға
болады. 1895-жылы Верныйда капитан Шавров ең алғаш кітап дүкенін ашады.
Семей қаласында Косаревтің кітап дүкені болса, Ақтөбеде жертөледе
кітап дүкені болған. Сатушысы да өз иесі еді. Біртіндеп Қостанайда,
Шымкентте, Жамбылда кітап дүкендері ашыла бастайды. Кітап бизнесі жеке
меншік иелерінің қолында еді. Көп жағдайларда бұл – аса ауқатты емес,
табысы орташа,бірақ білімді адамдар болатын. Кітап бизнесі айтарлықтай
табыс көзі бола алмады. Саудагерлер үлкен табысқа жетпей, көп шығынға
ұшырады. Мысалға, Орал қаласындағы Знание – сила (Күш –білімде) деген
дүкен 1840 жылы ашылып, кейіннен көп шығынға батып жабылды. [7]
Нашар дамыған кітап бизнесі сол кездегі оқырмандардың аз сұранысын да
қанағаттандыра алмады.
Кітап басылымдарының Қазақстанға өтуі бірнеше жолдармен жүрді.
Бірінші буржуазиялық-демократиялық революция кезінде Қазақстанға кітаптар
көп мөлшерде түсе бастады. Қазақстанға жер аударылып келген социал-
демократтардың әсері де болды. Мысалға, 1904 жылы Орал қаласына
Петербургтен жер аударып келген Н.И.Шилова үгіттеу-насихаттау жұмыстарын
жүргізді. Ол өзінің ағасымен үйірме ашып, соны басқарады. Заңсыз хабарлама
қағаздар таратумен айналысты. Жұмысшыларға жолдау сияқты түрлі үгіт
қағаздарын таратты. Қазақ даласында арнаулы кітап бизнесі жүргізетін
құрылымдар болмағанмен, оның қызметін әл-ауқаты жоғары қазақ байлары мен
татар саудагерлері атқарды. Қазақстандағы кітап бизнесінің дамуы тек XVIII

Петербургтан, Мәскеуден, Қазаннан шығарылатын. Көпшілігі діни сипатта
болды.[8]
Архив материалдарына сүйенсек, кітап дүкендері мен кітапханаларды
тексеру кезінде марксистік-лениндік бағыттағы әдебиеттер табылған.
Қостанай, Орал, Верный, Семей және басқа да қалалардағы кітап
дүкендеріндегі әдебиеттің көпшілігі марксистік-лениндік бағыттағы
классиктердің шығармалары мен революционерлердің шығармалары еді. Кітап
дүкендеріне түскен жаңа кітаптар туралы Степь, Уральский дневник
газеттерінде жарияланып отырды.[9]
1913жылы қазақ, орыс, татар, араб тілдеріндегі басылымдарды сатумен 14
кішігірім кітап дүкендері айналысты. Басқа әдебиеттермен қатар социал-
демократтық бағыттағы кітаптар мен брошюралар да кітап бизнесінда елеулі
орын алды. ХІХ ғасырдың ІІ жартысынан бастап қазақ жерінде кітап бизнесінің
жүйелі жолға қоюға А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Сералин секілді ағартушылар
үлес қосты. [10]
Республикамыздағы кітап бизнесі проблематикалық күйде екендігін
айтып кету керек. Оның себебі мынада: біріншіден, еліміздегі кітап бизнесі
және кітап басылым рыногі айтарлықтай дербестікке жете қойған жоқ. Кітаптың
өзі бағасын азайтып, құнын жоғалтуда. Кiтап сату iсiнiң бәсеңдеуiнiң тағы
бiр себебi – дәл кiтапта берiлетiн ақпаратты басқада көздерден алуға
болатын мүмкiндiктердiң кеңейе түскендiгi деп ойлаймын. Мысалы,
коммуникациялық байланыс құралдары (телефон, телефакс), бұқаралық ақпарат
құралдары. Бұл құралдар кiтапқа деген сұранысты шегерiп отыр.
Өзiмiз де керектi ақпаратты кiтаптан гөрi аталған құралдардан алуға
көбiрек талпынатынымыз жасырын емес. Себебi, уақыт үнемдеу жағынан осы
құралдардың жеделдiгi кез келген адамға тиiмдi. Керектi мәлiмет туралы қай
еңбекте жазылған, ол қайда бар деп, оны оқып, iздеп жатқаннан гөрi,
Интернетке кiрiп, тез арада керектi сайттан мәлiметтердi алған шапшаңырақ
болады. Дегенмен бiлiмдi санаға құю жағынан кiтаптың еш нәрсемен
салыстыруға келмейтіні сөзсіз.
Кітаптың бағасы түскенде, кітаптың саудадағы бағасы көтерілді, ал
рухани бағасы, яғни оқырманды тарту құны төмендедi.
Екiншiден, басқа тiлдегi кiтаптар өтiмдi болып, қазақ кiтабының құны түстi.
Еліміз нарық заманының табалдырығынан аттап, капиталистiк қоғам талабына
бейiмделе алмай, қалай қиналса, ендi кiтап та сол күйдi бастан кешуде.
Басқа елден келген өзге тiлдегi көздiң жауын алатын түрлi-түстi кiтаптардың
көлеңкесiнде қалып, сөрелерден тапжылмай тұр.
Оған кiтап кiнәлi емес, әрине. Кiтапты шығаруды, оны сапалы, мазмұнды етiп
шығаруды, баспадан шыққан жаңа өнiмдi насихаттауды,жарнамалауды, таратуды,
ең маңыздысы кітап бизнесін дұрыс жүйеге қойып ұйымдастыра алмағандықтан
екенін айта кеткен жөн.
Келесі маңызды мәселе – кітап бизнесіндағы қосымша құн салығы. Бұның
өзі кітаптың оқырманға жетуін қиындатады. Тақырыбымның өзектілігі де
осында.
Бітіру жұмысының құрылымы:
Қазақ басылымдары мен отандық және шет елдік авторлардың тақырыптарына
сай құрылған. Зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспеден, екі
негізгі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.
Зерттеу барысында қолданылатын әдістерге: тарихи, систематикалық,
салыстырмалы, анализ т.б жатады. Осы дипломдық жұмысын жазу барысында
келісім, жарғы, конвенция іспетті халықаралық құжаттарды табуда қиындық
туындады.Бітіру жұмысындағы қолданған мәліметтерді екі топқа бөлуге болады.
Зерттеудің әдісі:
Жоғарыда аталған міндеттерді шешу үшін мынадай әдістерді қолдандық:
жинақтау, салыстырмалы,ой қорыту, ғылыми түсіндірме.
Ғылыми жаңалығы: Қазақстан Республикасындағы кітап бизнесін дамыту
үшін арналған шаралар анықталды.
Негізгі бөлімім 2 тақырыпты қамтиды. Қазақстан кітап бизнесін
зерттедім. Кеңестік кезеңдегі Қазақстандағы сауда ісінің тарихы мен басты
кемшіліктеріне тоқталып, тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары кездескен
қиындықтарды талдадым. Бүгінгі заманның талабына сай, интернет-дүкендердің
Қазақстан кітап садасын дамытудағы маңызын қарастырдым.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - өндіруші-баспагерлер мен оқырман
арасындағы делдалдар санын мейлінше азайту жолдарын іздеп,еліміздегі кітап
бизнесінің басты кемшіліктерін зерттеу деп түсіндім.
Егер 70-80 жылдары ең көп оқитын елдердің қатарында болсақ, қазір аз
оқитын елге айналдық. Бұның басты себебі – Қазақстандағы кітап тарату және
кітап бизнесінің дұрыс жолға қойылмағандығынан. Егер кітап бизнесін жүйелі
жолға қоймасақ, бар оқырмандарымыздың 20%-нан айырылатынымыз айдан анық.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспе, 3 тараудан, қорытынды,
пайдаланған әдебиеттерден тұрады.
І ТАРАУ КІТАП БИЗНЕСІНІҢ ТАРИХЫ
(.( Қазақ кітап ісінің тарихы мен алғышарттары
Өзімді көптен толғантып жүрген баспа әлемінің қыр - сырымен жақын
танысу ниетінде осы тақырыпты зерттеуді мақсат еттік. Қазіргі
кітап ісінің хал – ахуалы, оның Ғ.Мүсірепов айтқандай “Таратпасақ
кітап басып керегі не?”- деген мәселесін бүгінгі нақты мысалдармен
анықтауды жөн көрдім.
Кітап – деген қасиетті ұғымды бір ғана сөзбен жеткізу мүмкін
емес. Сонау ғасырлар бойғы адамзат өркениетінің айғағы болып келген
қазақ кітабының қазіргі таңдағы рөлі қандай? Қолдану аясы қалай?
Өмірлік қартаймайтын кітап деген қарияның дәл бүгінгі күнгі жай –
жапсарына, қазіргі қазақ кітап ісінің жетістігі мен кемшіліктеріне
тоқтала кетер болсақ, қазақ кітабының тарихы (((( жылы жарық көрген
“Сейфүлмәліктен” бастау алады. Яғни қилы да, күрделі екі ғасырлық
тарихы бар деген сөз. Кітап- ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани мұра,
дүниеден озып бара жатқан қарттардың өмірі енді басталған жас ұрпаққа деген
өсиеті. Адамзаттың бүкіл тарихы кітапта жазылған. Кітап адамзатпен бірге
дамып отырады, онда барлық ғылымның негізі қаланды. Бүкіл әлемдік тарих,
адамзаттың тарихы жазылған кітап- адам өмірінің өткені ғана емес, болашақты
қалай игеру туралы құжат. Ақиқат пен орасан күштің арқасында табылған қайғы-
қасіреттің құжаты және болашақтың жоспары.
Құдайға шүкір, Тәуелсіздік тұлпары тақымымызға тиіп, егеменді ел
болдық. Тәуелсіздік жылдарында айтарлықтай кітапқа деген көзқарас түп
– тамырымен өзгерді. Ұзақ жылдар екі бүйірімізден қысқан цензура,
тоталитарлық режимнің қысымы ағытып, ақтарылып кеткен кезде, кітап
ісі керісінше көрініске айналып, кітапқұмарлыққа, атаққұмарлыққа,
дінқұмарлыққа жол беретін болды. Қолынан келгеннің бәрі сапасыз
кітап шығаруға мәстүр болып кетті. Мұндай кітаптардың саны жылдам
өсіп, тұрмыстық сипатқа, альбомға көшті. Міне, осындай келеңсіз
көріністердің аясында кітап өнері мен мәдениетінде едәуір проблемалар
туындады. Қазіргі қазақ кітаптарының критериіне, мазмұнын,
тақырыбын ашып айтатын күн туды.
Нағыз ұлттың ұлт екенін көрсететін кітаптар қандай болу керек?
Ұлттық ерекшелік, ұлттың ұлт екенін көрсететін белгілер, оның
мәдениетінен тайға таңба басқандай бояуы қанық көрініп тұруы керек.
Сол сияқты ұлтық кітаптардың кескін – келбеті, бітімі туралы не
айта аламыз. Мысалы, Иранның бір – екі кітабын іші –сыртын ақтарып,
ұстап көрдім. Әр елде шығатын кітаптардың әрқайсысының өз мәнері
бар. Безендірілуі мен суреттелуінде, мұқабасында қарапайым ғана
қаріптерінің ерекшелігінде сияқты. Иран кітаптарының
иллюстрациясында бір нәзік тіл бар, бояуы анық, ерекше ертегі
әлемі сияқты қасиеті бар. Сондай – ақ Жопонияның кітаптарынан да
осыны байқауға болады. Жапон кітаптарының илюстрациясы әсем
табиғатымен, жануарларымен, аң, құстарымен ерекшеленеді. Өкінішке
орай, бізде ұлттық идеядағы кітаптарды айтып мақтана алмайсың.
Бізде мұндай ерекшеліктер тек садақ, жебе мен салт атты батырмен
ғана шектеледі.
Бизнес әлеміндегі кітап ісі көне сала екендігі о бастан белгілі
жәйт. “Бизнес” ағылшыннан аударғанда іс, іскерлік деген мағынаны
білдірсе, кітап бизнесі – кітап ісін ұйымдастыру, экономикалық –
құқықтық, өндірістік - шығармашылық салаларын бір жүйеге негіздей
отырып басқару болып табылады. Нарықтық экономика деңгейіндегі кітап
бизнесі қазір не күйде? Нендей өзгешеліктер енгізілуде?
Экономикалық заңдылықтар қазір кітапты тауар ретінде бағалауға
қоғамды мәжбүр етуде. Олай болса, баспа ісінің, яғни кітаптың мән
– маңызы қалай сақталынады? Қандай тиімді, тиімсіз жағдаяттар орын
алуда? Міне, осындай түйіні табылмаған сан түрлі сауалдарға
өзімізше осы жұмысымызд жауап беруге тырыстық.
Арада біраз жылдар өткесін, уақыт оқу білімнің маңызын дәлелдеп
берді. Қазіргі қоғамда нарықтың қыспағына түсе қоймаған ешбір сала
жоқ. Еліміз де жаңа дәуірге – экономикалық қайта құру, ерік
бостандығы, демократия дәуіріне аяқ басты. Қазіргі кезеңде баспа
мәселесіне жаңа қырынан салмақтылықпен қарайтын мезгіл туды.
Халықтың рухани білімін көтеретін кітап басу ісін жүйелеу, реттеу,
мемлекеттің маңызды саласы деп қарау қажеттілігі күшейді. Артта
қалған жылдар ішіндегі баспа саласында жасалған өзгерістер мен
ізденістердің нәтижесі бүгінгі күні өз жемісін беріп келеді.
Қазақ кітабының бұл күндері бар ғаламға жайылып кеткен даңқын,
оның өркениетті таңғажайып құбылысқа айналып алған атын, оның
халық мәдениетіндегі орны бөлек қордалы затын қазіргі күндері
кім жоққа шығара алар екен? Өзіне жүктелген мәртебесі биік
білімдік те танымдық қызметін Қазақ кітабының көтеріңкі леппен,
асқақ ойлы шабытпен атқарылып келе жатқаны қай заман! Ұлы қазақ
ғұламаларының, ақындары мен жырауларының, теңдесі жоқ ұл –
қыздарының ақыл – ойы мен абыройы асқан зерделі еңбегі арқылы жарық
көрген өлмес - өшпес кітаптар халқының жүрегіне нәр құйып, биік –
биік мақсаттарға жетелеуден бір танған емес. Ол оқырмандарын өмір
қойнауларына терең араластыра, өнер – білімге деген құштарлығын оята,
жақсылық атаулыға шақыра отырып, қалың жұрттың творчестволық
белсенділігін арттыруда қисапсыз мол еңбек етті әрі еңбек ету
үстінде. Қазақ кітабы бүгін атам заманнан бері айтылып, айтыла –
айтыла халық жадында жатталып келе жатқан және қанша заман
өтіп, өмір ағыны қанша жаңарып жатса да иә ескіріп, мәнін
жоғалтпайтын, иә тозып, өңінен айрылмайтын “Кітап – білім бұлағы”,
“Кітап – ақылшың, досың, жолдасың”, “Кітап – адамзат ақыл – ойының
мұхитында толассыз жүзіп келе жатқан корабль” дейтін аталы аяулы
ғақлия сөздерді өн бойына дарытып, өмір сүретін қасиетті құбылыс
( .
Осының бәрі, әрине, оның қазіргі күйі, бүгінгі бейне тұласы.
Алдымызда бітіру жұмысымызды зерттеу барысында, кітап ісінің даму
деңгейін, бағыттарын, ерекшеліктері мен проблемаларын толыққанды
ашып, зерттеп, саралау үшін кітап ісіне қатысы бар нәрселердің
бәрін рет – ретімен, жан – жақты талқылауымыз керек екені белгілі
жайт.
Түйіндей келгенде , бүгінгі қазақ кітап ісі күннен – күнге қарыштап,
алға қарай дамып, кемелденіп келеді. Баспа ісін жасампаздыққа
бағыттаған ілгері баспаларымыз көбейіп, көркейіп келеді. Жалпы
қазақстан баспалары мен қазақ кітап ісіне талдау жасау бітіру
жұмысымыздың негізі болып отыр. Алға қойған мақсатымыз аты айтып
тұрғандай, қазақ кітап ісінің даму деңгейі жайында мағлұмат жинап,
олардың тағлымын жадымызға түю, еліміздегі баспа ісі, кітап ісі
саласындағы ерен еңбектерді жинақтаған мәліметтеріміз негізінде ашып
көрсету, сол арқылы баспа басылымдарының жетістіктері мен кем тұстарын
тарата талдап, шама- шарқымызша бағасын беруді міндет етіп алдық.
Бір айта кететін жайт: қазақ кітабының тарихы мен кітаптану
негіздеріне қатысты бірді- екілі оқу құралдары болмаса, жалпы баспа ісіне
байланысты қазақ тілінде әдебиеттің жұтаңдығы жұмысымызға көп қиындық
келтірді. Көп мәліметтерді орыс тілді әдебиеттерден, газет -журналдардан
алдық, олардың бір қатарын шамамыз жеткенше аудара пайдаландық. Осы жағынан
келгенде, зертеуіміздің қажеттілігі бар деп санаймыз. Болашақ баспагерлерді
оқыту кезінде кейбір тұжырымдарымыз қажетке жарап жатса, мақсатымыздың
орындалғаны болар еді.
Бітіру жұмысы кіріспеден, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады.
Кіріспеде - қазақ кітап ісі туралы, жалпы кітап ісі жөнінде бірсыпыра
ойларымызбен бөлісіп, зерттеуіміздің мақсаты мен міндеттерін тәжірибелік
мәнін айқындауға орын берілді. Негізгі бөлім екі тараудан тұрады. Бірінші
тарау: “Қазақ кітап ісінің тарихы мен алғышарттары”, “Кітап
бизнесі және кітап нарығының үлес салмағы” деп алсақ, екінші
тарауды: “Қазіргі кітап іс және кітап таралымына қатысты мәселелер”,
“Жоғары технологияға негізделген басылым сапасы баспа деңгейінің
көрсеткіші” – деген тараушаларға бөлдік.
Кітап жазу- жазушының, ғалымның, ақынның ұлы шығармашылық еңбегі, ұзақ
еңбек етуді талап ететін, басқаларға оқу мүмкіншілігін ұсыну. Барлық
кезеңде халық кітап шығарушыларға құрмет көрсеткен. Ең алғашқы бұқаралық
ақпарат құралы- баспа кітаптың “Төртінші билік”жүйесіндегі орны айрықша
маңызды екені еш талас туғызбасы белгілі. Бұл жөнінде белгілі кітаптанушы
ғалым, елімізде баспа ісі және полиграфия саласын 15жылдай басқарған
білікті маман, тәжірибелі ұстазымыз Шериаздан Рүстемұлы Елеукенов мынандай
құнды тұжырым жасайды: “Баспа кітап- күллі баспасөз атаулының атасы. Газет,
журналдардың шығуы жыжымалы литерасыз, баспаханасыз, бояу мен баспа
пресінсіз мүмкін бе еді? Газет Еуропада Гутенбергтің “В4- 2” деп аталатын
станогын ойлап табылғаннан кейін, ХVIII ғасырдың басында пайда болды.
Ресейде алғашқы баспа газет “Ведомости “ Петр І тұсында 1702 жылы дүниеге
келген. Қазақ баспасөзінің тұңғышы “Түркістан Уалаятының газеті “1870 жылы
шықса, қазақ тіліндегі алғашқы баспа кітаптары XIX ғасыр басында бой
көрсете бастады” (
Тіршілік айдынында бірден туа қалған данышпан да, Жерден тысқары
тұңғиық дүниеге бірден заулап ұшқан ғарышкер де болмаған. Тіршілік
айдынында бірден туа қалған данышпан да, Жерден тысқары тұңғиық
дүниеге бірден заулап ұшқан ғарышкер де болмаған. Ұлылардың өзі де
ұлылық тұғырына неше қилы кедергілер мен тосқауылдарды жеңіп,
кедір – бұдыр жолдардан өтіп барып қонған. Кітап біткеннің баршасы
да, оның ішінде қазақ кітабының дамуы да сондай – сондай қиялдардан
өтіп, бүгінге жеткен.
Украйн ғалымы М.Ф Яновски “О книге. Опыт анализа понятия книга”
деген еңбегінде кітап туралы елу шақты анықтаманы тексеріп шығады, ақыры өз
нұсқасын ұсынады. “Книга- продукт человеческого творчества,
воспринемаемая оргонами зрения или осязания в устойчивой форме” деген
қағида жасайды (
Алайда ғалымдар бұл пікірге толық қосылмайды. Кітап қасиетін бір
тұжырым аясына сиғызу қиын. Кітап әлемі ұшы- қиырсыз күрделі дүние.
Орыстың ғалымы А. Беловицкая “кітап” дейтін котегорияға тек
нақтылы кітапты- кітап басылымның ғана емес “кітап ісі деген ұғымды
да сиғызыпты. Кітап жүйесінің барша саты- салалары диалектикалық бірлікте,
бір-бірімен тығыз байланыста қаралады. Оның әрқайсысында бұрынғы сатының
шындығы және болашақ сатының мүмкіндігі сақалған. Осыны негізге ала отырып,
Беловицкая “кітап нысандары” деген ұғым енгізеді. Сонда редакциялық-
баспагерлік, кітапханалық- библиографиялық, кітап бизнесі – бәрі кітап
формасы болып шығады.
Кітап ісінің мән - мазмұны – кітап басылымында, оның кітап өндірісі
мен кітап тарату салалары арқылы қоғамдық санаға айналуында. Мысалы,
әдеби туынды әдебиет шығармасына айналса, мұның өзі кітап ісі арқылы жүзеге
асады.
“Кітап ісі – кітаптану ғылымының бас категориясы, кітап басылымы ғана
емес, рухани және материалдық өндірістің тұтас арнасы.
Кітаптану саласын зерттеуші ғалым, профессор Ш.Елеукеновтың
“Кітаптану негіздері” атты еңбегіндегі пікіріне сүйенсек: “Кітап
ісінің рухани саласы деп отырғанымыз – редакциялық – баспагерлік,
кітапханалық – библиографиялық салалар. Баспа репертуарын қалыптастыру,
түскен қолжазбаның проспектісін редактор тарапынан саралау, автор
шығарамасына баспаның берер бағасы, шығарма қолжазбасы бойынша
редакциялық жұмыс жүргізу, түпнұсқаның баспалық нұсқасын әзірлеу,
болашақ кітапты көркемдеу, полиграфиялық мәнерлік, кітап
конструкциясын жасау, корректурасын жүргізіп, қатеден арылды деген,
жөнделген таза беттерді қайта қарап шығу, сигналдық дананы мақұлдау – міне
бұл жұмыстардың бәрі редакциялық – баспагерлік тезден өткізіледі (
Рухани саланың және бір тармағы – кітапханалық- библиографиялық жұмыс.
Кітапхана өзіне түскен кітап қорымен жұмыс істейді, оқырманға барынша
көмек көрсету жағын ойластырады.
Қазақ кітабының жай – жапсарына үңілмес бұрын кітап деген
ұғымға анықтама беріп, өзімізше пайымдама жасап өтейік.
Біз білетіндей, “кітап” ең алдымен жан азығы, рухани өмірдің
айнасы, күллі адамзаттың өткен өмірі, еткен еңбегі мен тарихи
әлеуметтік, рухани қатнастардың дәнекері. Өткенді өрнектеп, осы
шақты оюлай түсетін ұғым ретінде де түсіндіріледі.
ХХІ ғасыр – тасқынды ақпараттар ғасыры. Қазіргі таңда әлемнің қай
түкпірінде не болып жатқанын көзді ашып жұмғанша білуге болады
“жаңалық” деп қабылдағаныңыз бес минуттан кейін ескіріп жатқан уақытта
ақпаратты ең соңынан біліп, “е-е” деп отыратын аймақтар да жоқ емес.
Дегенмен, проблемалар жоқ деуге болмайды. (((( жылға дейін
мемлекеттік баспалар белгілі бір салаға мамандандырылып мемлекет
тарапынан қаржыландырылып өнім өндіріп келді. Ал нарықтық
экономикаға өткен алғашқы жылдарда баспа ісінің ең басты проблемасы
баспаны сақтап қалу болды да, кітап басушылар әр түрлі салаларда
өнім шығара бастады. Бұл қазақ кітап ісінің белгілі кезеңдерінің
бірі еді.
Нарық жылдары Республикадағы жүгі ауып, дөңгелегі қисайған ауылдарға
соққы болып тиген бір жайт – “мәңгілік парасат” ғимараттарының
жабылуы. Қолда бар мәліметтерге жүгінсек, соңғы он жылдың ішінде төрт мың
ауылдық кітапхана талан - таражға түсті. ((((жылғы санақ бойынша ((((
кітапхана болса, (((( жылы олардың (((( ғана қалыпты. Бір ғана
Алматы облысында ((( кітапхананың есігіне қара құлып салынып,
терезесіне тақтай шегеленді.
((((- (((( жылдары Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім
министрлігінің қолдауымен кітапхана қорын байыту үшін арнайы мемлекеттік
тапсырыстармен шығарылған кітаптардың едәуір маңызы болды. Алматы
қаласында (((( жылы өткен “Ұлы жібек жолымен” атты ІІ халықаралық кітап
және полиграфия жәрмеңкесі де кітапхана ісіне көп қолдау
көрсетті. Осындай игі істердің нәтижесінде (((( жылы санақ барысында
отандық кітап қоры ((,( милион дана, соның ішінде ауылдық кітапхана қоры
((,( милионға жеткен. Бұл - (((( тұрғынға шаққанда ((,( дана жаңа
басылымнан келеді деген сөз. Бірақ бұл әлі де жеткіліксіз. “ИФЛА
(халықаралық кітапхана қауымдастығының федерациясы) ұсынысы
бойынша, (((( тұрғынға ((( жаңа басылымнан келуі керек. Әлемдік
стандарттауға сәйкес, көпшілік кітапхана қорының ( - (( пайызы
соңғы жылдардағы басылымдар, ал (( пайызы соңғы (-(( жылда жарыққа шыққан
басылымдар болуға тиіс. Дамыған елдерде (( жыл көлемінде кітап қоры
толық жаңартылады. Ал бізде ((( жылда бір рет жаңарады” - дейді
кітапхана қызметкері Б. Шаймерденқызы.
Кітап қоры бірінші проблема болса, екінші проблема – кітапхананы заман
талабына сай жабдықтау, яғни модельді кітапханалар санын
көбейту. (((( жылдың (( қарашасында Мәдениет ақпарат және қоғамдық
келісім министрлігі әр облыста ( - ( модельді кітапхана ашу
керектігін айтқан болатын. Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр
ауылында заманауй құрал – жабдықпен жабдықталған кітапхана ашылып, бір
жылдың ішінде оқырман санын ((( ге арттырған. Тағы бір мәселе –маман
кемшілігі. Кітапханашы кітапты алып - беріп қана тұратын жай адам
емес, ол оқырманның сұрауын дәл әрі тез қанағаттандыратын, оқырманды кітап
оқуға баулитын, жаңа технологияны меңгерген жан - жақты маман болуы
керек. Ауыл кітапхана қызметкерлерінің (,( пайызы ғана жоғары білімді,
ал ((,( пайызы арнаулы білім алғанын ескерсек, бұл мамандыққа дұрыс
көзқарас , жақсы жарнама керек екені сөзсіз. Келесі проблема- білімпаздар
ғибадатханасының ғимараты. Оның көпшілігі күрделі жөндеуді қажет
етіп тұр. Мұның қатарына қақаған қыста көмір таба алмай, мезгілсіз бірер
айға жабылатын кітапханаларды қосыңыз. Қазақ халқы ежелден –ақ
“қашықтан - қашық - білімді мен білімсіздің арасы , қымбаттан-қымбат
–асыл ердің данасы” деген ғой. “Асыл ердің данасы” ақпаратпен
қамтамасыз етіп, біліммен сусындатып, мыңды жығар білекті ету
үшін ел болып, жұрт болып ертерек қамдану керек. Түптің түбінде
“Қолымды мезгілінен кеш сермедім, кітап қорын көбейтсем, өстер ме
едім!” деп жүрмесек болғаны.
Еліміз тәуелсіздік алған жылдарда, нарықтық экономикаға бет бұра
бастаған тұста, шаруашылықтың өзге салалары сияқты кітап өндірісі
де көптеген қиыншылықтарды бастан өткізді. Жұртың жаппай бизнеспен
айналысуы халық арасында “Оқу не керек?” деген ұшқары ұғымды
қалыптастырып үлгерді.
“Кітап ісінің материалды саласы дейтініміз полиграфия мен кітап
бизнесі салалары. Кітап полиграфиялық өндірістен
материалдық пішім алып, бой түзеп шығады. “Киген киіміне қарап
қарсы алады, ақылына қарап шығарып салады” дейтін дәл осы кітап әлеміне
арнайы айтылған ба дерсің”( ( (
Осы орайда қазақстандағы полиграфияның тарихына, бүгініне
тоқтала отуді жөн көрдік. Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері атты
“Білім” баспасынан (((( жылы шыққан анықтамалықта былай делінген:
ХҮІІІ ғасырдың аяқ кезінен бастапқазақ тіліндегі бірен- саран
кітаптар Қазан, Орынбор, Ташкент, Петербург, Уфа, Тройцк, Астрахан басылып
тұрғанын білеміз.
ХІХ ғасырдың басында “Барлық тілдердің үстеулерінің салыстырмалы сөздігі”
қазақ халқының дастан- жырлары жарық көрді.
ХХ ғасырдың бас кезінде қазақстанда қолөнер үлгісіндегі бірнеше баспа
бөліктері пайда бола бастайды. Шағын баспаханалар Орал, Петропавл,
Қызылорда, Орда, Семей қалаларында ұйымдастырылды. Бұларда қолмен
жүргізілетін “Американка”, “Аусбург” сияқты ескі машиналар пайдаланылыпты.
Мәскеу полиграфистері Қазақстанға көмек ретінде полиграфиялық жабдықтар
жібере бастады. Бұлар АССР-ның сол кездегі астанасы Қызылорда қаласының
баспаханаларына орналастырылды. Олардың қуаты алты милион басылым беттен
аспады.
“(((( -(((( жылдар аралығында республиканың полиграфиялық базасы едәуір
ұлғайды. Оның қуаты жылына ( милион басылым бет болса, (((( жылы бұл
көрсеткіш (( -(( милионға жетті” (
Республика полиграфиясының техникалық базасы соғыстан кейінгі кезеңде
одан әрі нығайтылды. Бұрын жұмыс істеген баспаханалардан басқа сол
жылдары Алматыда полиграфия комбинаты құрылыпты. Оның жалпы қуаты
(((милион басылым бет болыпты.
“(((( жылы ҚазССР Министрлер Советінің “Республикада полиграфия
өнеркәсібі мен кітап басу ісінің материалдық – техникалық базасын одан әрі
нығайту туралы қаулысының маңызы зор болды” (
(((( жылдың аяғында Алматыда кітап фабрикасы пайдалануға берілді.
Республикалық полиграфия кәсіпорындары базасында Алматыда “кітап”
өндірістік бірлестігі құрылды. Оған кітап фабрикасы, Алматы
полиграфиялық комбинаты , билет-бланк және оперативті баспахана , дәптер
баспаханалары кірді.
(((( жылы арнайы мамандандырылған Алматы полиграфиялық училищесі
тұңғыш рет оқушылар қабылдады. Полиграфия кәсіпорындарында (( ші жылдың аяқ
кезінде (((( нан астам қызметкерлер мен қызмет етушілер жұмыс жасады.
Кітап безендірілуі - өнер. Оның сапалы шығуы баспагерлер мен
баспаханашылардың мамандық дәрежесіне, шеберлігіне және
полиграфия техникасы мен технологиясының замана талаптарына сәйкестігіне
байланысты. Кітаптың сыртқы киімінің, нысанының әдемілігі материалына да
байланысты. Тиісті қағаз, бояу болмаса, кітап сиқы бұзылады.
“Кітап өзі информация көзі бола тұра, сол информациядан туындайды.
Адамдардың қоғамдық – практикалық қызметі негізінде туған информация
санада қорытылып, күрделі материалдық процестен өтіп, кітап киімін киеді”
Кітап - әлеуметтік құбылыс дегенде, біз бұл қағида арқылы
кітаптың маңызды белгісін, сол арқылы ішкі табиғатын, қасиетін
аңғарамыз. Бұқаралық ақпарат құралдары – газет, журнал, радио, теледидар
секілді , кітап – дара сананы қоғамдық санаға
айналдырудың маңызды нысаны (
Кітап түптеп келгенде газет, журналдарда айтылған пікірлердің құяр
сағасы секілді. Жарияланғанды жүйелеп, жинақ құрастыруға болады. Мұндай
міндетті бұқаралық ақпарат құралдары мойнына жүктей алмаса
керек. Бұл кітаптың бір артықшылығы.
Кітап ісі Қазан төңкерісінен кейін түгелімен мемлекет иелігіне
алынды. Халық ағарту комиссериятының жанынан Мемлекеттік баспа орыны
(Госиздат) құрылғанын білеміз.
Ал (((( жылы кітап ісі жүйесі тағы бір өзгеріске ұшырады. КСРО кітап ісі
жүйесі көрнеу бұтарланып кетті. Тек араға он жыл салып барып, кітап
ісі салаларының қолдан жасалған оқшаулануы жойылып, тұтас
жүйе ретінде қайта қалпына келтіріле бастайды.
Қазақстанда кітап ісі қайта тұтастану жолынан өтті. Негізінен
библиографиялық жұмыспен айналысатын Республикалық кітап палатасы
жұмыс жасады.
ҚазақССР Мемлекеттік кітап палатасы Қазақстан Орталық Атқару Комитеті
мен ҚазақССР Халық Комиссарлары Советінің бірлескен
қаулысы бойынша ұйымдастырылды. Соның негізінде міндеттері, атқаратын
қызметі, құқықтары ҚазақССР Халық Комиссарлары Советінің
((((жылы қабылдаған ережеде белгіленіп берілді. Өз жұмысын баспасөз
өнімдерінің міндетті даналарын қабылдап, мемлекеттік тіркеуге алып, оны
Республиканың ірі кітапханаларына бөлу. Палата мемлекеттік
библиографиялық, баспасөз статистикасының, кітапхана католоктарын
орталықтандырудың , библиографиялық анықтамалар берудің және баспа
полиграфия, кітап бизнесі істері жөніндегі ғылыми - техникалық
хабардың ғылыми орталығына айналды ( .
Кітап ісі жүйесі тек мемлекет, үкімет тарапынан ғана басқарылып қойған
жоқ. Кітап ісін жолға қоюдың түйінді мәселелері партияның
Орталық Комитеті қаулы қаралары негізінде шешіліп отырды.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін кітап ісін басқаруда біраз уақыт ескі
жүйе сақталып келді. Комитет аты өзгеріп, министрлікке айналды, бірақ
бұрынғы қалыптасқан жүйеге елеулі өзгеріс енгізілмеді. Бұл салада
реформа енді-енді қолға алына бастады. Тендер нәтижесінде Алматы
полиграф комбинаты мемлекет меншігінен жеке меншікке көшті. Кітап
ісін материалдық- техникалық жағынан жабдықтау да кәсіпкерлер
иелігінде. Басқа министрліктердей баспа саласын басқару тәртібіне үлкен
өзгерістер енгізілуде. Жекеменшік баспалардың көбеюі, басқа да
жаңалықтар шаруашылықты басқару мәселесінбасқаша шешуді талап
етті.осы және басқа бірқатар себептермен кітап ісін және бұқаралық
ақпарат құралдарын түгел бір жүйеге қосу қажеттігі туды. Бұл жаңа буын,
тың жүйе қазір Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық
келісім министрлігі деп аталады.
(.( Кітап бизнесі және кітап нарығының үлес салмағы
Кеңес дәуірінде баспалар өз саласына қатысты немесе қажет деген
басылымдарды басып шығарса, ал кітап сатушылар олардың мүддесіне қарай
ұсыныстар тізбегін жасапты. Қазір болса, олардың көпшілігі
өздерін нарықтың белсенді элементтері деп санайды. Сондықтан,
баспа тұтынушыларының сұранысы мен қызығушылығындағы
өніммен қамтамасыз ету үшін оларға түрлі ассортименттер ұсынып,
одан таңдауға түскен басылымның “қайта басу” процесіне нұсқау беріп
отырады.
Дегенмен, мұнда айтарлықтай айырмашылық жоқ. Кез келген кезеңде
тұтынушы сұранысын қамтитын нақты бір топқа арналған бағдардағы
жоспарды іске асыруда кітап шығаратын оны тарататын жеке
баспалар мен кітап дүкендері жұмыс жасап келеді.
Бүгінде Республикамыздағы кітап ісімен шұғылданатын баспа мен
баспагерлер Қазақстан Республикасының Ата заңындағы заңдарға сай жұмыс
жасайды. Сонымен қатар “Баспа ісінің заңдылықтары” туралы Қазақстан
Республикасының заңды жобасы да жасалған. Бұл заңды жоба ((((
жылдың (( қазанындағы тәуелсіз мемлекеттер достастығы
аясындағы мемлекеттер өкілдерінің қатысуымен өткен ХІҮ
парламентаралық жиында қабылданған. Бұл заң баспа өнімдерін басатын,
даярлайтын, тарататын орындардың арасындағы қарым-қатынастарды
реттеп отырады.
Баспалардың басым бөлігі нарықта өз орнын белгілеуді және
нарықтық экономиканы ескере отырып, ұжымдық құрылым қызметі мен
бағдарламасын нарыққа бейімдеуді басты мақсат тұтады.
Бітіру жұмысымызды әрі қарай жандандыра түсу үшін “басқару” мен
“менеджмент” атты терминдерге тоқталуды жөн көрдік. Өйткені кез
келген бизнес түрі бұл екі ұғымды айналып өте алмайды. Бұл егіз
ұғым болғанмен, екеуінің бір – бірінен айырмашылықтары да жоқ емес.
“Басқару” адамзат қызметінің түрлі салаларында кездеседі, ал
“менеджмент” тек экономикалық - әлеуметік жүйелерді басқаруға
негізделеді. Менеджментті басқа сөзбен қойылған мақсатқа жету жолы
деп айтуға болар еді. Ал бұл жолда еңбекті, сананы, адамдар
арасындағы қарым – қатынастардың күрделі жиынтығын зерттеуді қолға
алу керек. Ол үшін ғылыми негіз, тәжірибе мен өнердің ауадай
қажет екенін түсіну қиын емес. Бір жағынан менеджмент кешенді
ғылым ретінде дамыса, екіншіден кәсіби деңгейде орындалатын қызметтің
өзін - өзі басқаратын түрі. Кез келген үрдісті басқару күрделі де
жан –жақты зерттеуді талап ететіні анық. Өндірістік,
ұйымдастырушылық, ақпараттық қызметтерді біріктіре отырып басқаруға
икемделетін кәсіби мамандар бар, олар – менеджерлер болып табылады.
Қазір кітап базарына ықпал етуші жаңа факторлар да нарықта белең
ала бастады:
- тұтынушы тауарын өндіру жүйесінде , сонымен қатар кітап индустриясында
бәсекелестік ешкімді аямай отыр. Мұнда тұтынушы әмиянына қол
сұғатын сатушылар саны көп – ақ;
- қазір кітап бұрынғы рухани құндылығын жойып көбіне ақпарат пен
ермек ету қолданысында бәсекеге түсуде;
- кітап өндірісіндегі шығын да әп – сәтте шарықтап кетті.
Тек, жалға алған қызмет орнының бағасын ескерсек, қазіргі
баспагерлер күн көрінісінің әлеуметтік жағдайынан бағдар алуға
болады;
- жаңа оқырман потенциялын тарту күрделілік туғызып отыр.
Әсіресе, кітап нарығында, бәсекелестердің арасынан оларды
өзіңе алып шығу қиын -ақ;
- дүкен сөресінде кітапты орналастыру көлемі де шектелді.
Ал сөредегі орын баспалар үшін қатал күресті талап ететін
“өміршең кеңістік” болып табылады. ((
Кітаптар, сонымен қатар баспалар көпшілік қауымға идея, ақпарат
және ермекке арналған хабарлармен қамтамасыз етуде мол табысқа
жетеді. Осындай жетістіктерге қол жеткізу үшін кәсіпкерлер қызметінің
бағытын анықтап, ұжымдық құрылымды қайта қарастыру барысында мынадай
сауалдарға жауап іздестіруге тиіс:
- орта және алыс перспективаларда фирма қандай мақсатқа жету үшін
жұмыс жасайды?
- баспаның ұжымдық құрылымы осы мақсатқа бағытталған ба?
- оның барлық бөлімдеріндегі қызмет жүйесі нарық талабына
кірігіп, тиімді жұмыс нәтижелерін бере ме?
- тұтынушы сұранысына қарай жұмыс жасайтын баспа оның
қызметкерлері “қызмет көрсету жүйесі” деген мекеме екендігін мойындай
ма?
- ұжымдық құрылымдарға ішкі байланыстар ақпарат алуда белсенділік
танытып, әрі оған “бюрократтық емес” тұрғыда шешімдер қабылдай ала
ма?
- баспаның өзге бөлімдері бірегей мақсатқа жету үшін ауызбірлікте
жұмыс істей біле ме?
- барлық бөлімдер қызу жұмысқа жұмылдырылған ба, әрі олардың осы
энергиясы бәсекелестікке бағытталды ма екен?
- қызметкерлер жұмыспен қамтылған ба, олардың жұмыс жайы немесе орыны
қызмет жасауға ыңғайлы ма? ((
Міне, осы жоғарыда аталған сауалдарды алдына қойып, оны шешуге
барлық қуатын жұмсаған фирма нарықта өз орнын нығайтып, әр базар
күресінде бәсекелестік күшін арттырады.
Қазақстандағы кітап жүйесінің ең басты мақсаты да – тұтынушылардың
сұраныстарын қамтамасыз ету. Бүгін қызмет, оқу мен кәсіби
бағыттардағы, нарықтық экономикада кітаптарды жаппай тарату негізгі
жоспарлардың біріне айналған. Өйткені, тек осындай жолмен
қазақстандық азаматтардың осы бағыттағы білім деңгейлерін өрістетуге,
іскерлікті жетілдіріп кәсіби өрені дамытуға болады. Міне осындай
еңбек нәтижесінде өндірістің қалыпты деңгейде жұмыс істеуі мен
оның дамуындағы өзекті мәселелерге жаңаша көзқараспен, тың
бастамамен келетін жаңашыл кәсіпкерлерді нарықтың бәсекесіне шығара
алдық.
Мұндай игі істерге, әрине еліміздегі экономика мәселелерімен
қабаттаса өрілген, өзге салалармен қатар кітап индустриясы да
көптеген келелі проблемаларға килікті. Жоғарыда атап өткен
мәселелермен қатар, қазір баспагаерлердің де көз тігетін “кітап
экспорты”, сол секілді құн салығы да жылдар бойға ұрандап алға
тартар салмақты проблемаға негіз болғаны анық.
Еліміздегі кітап экспортына келер болсақ, қазір одан импорттың
саны артып отырғанының айғағы боламыз. Бұл тұрғыда интернет
желісінде өз ассортименттерін ұсына алатын баспалар болмаса, экспортта
табысты шұғылданып жүрген қазақстандық көтерме саудагерлерді байқай
бермейсіз.
Көршілес жатқан республикаларда екі милиондай қазақтар бар. Бұл да
бүгінгі нарық зертттеуінде көзге ілігетін тұтынушылар. Олардың
сұранысын, тіпті Кеңес үкіметі тұсында “Қазкітап” бірлестігі
қамтамасыз етіп отыруды қолға алған екен. Мәселен,
“Қазкітап”кітапсауда бірлестігінің бастығы Болат Бодаубаев “Қазақ
әдебиеті” ((( маусым, (((( жыл) газетіндегі мақаласында пікірін
былайша өрбітеді: “Қазкітап” бірлестігі қазір көршілес
республикаларымыздың (Қарақалпақ, Өзбекстан, Түркмения) кітап бизнесі
ұйымдарының барлығымен өзінің қарым – қатынасын түпкілікті жақсарта
түсуге білек сыбана шындап кірісті. Біз оларға республикалық
баспаларымыздың тақырыптық жоспарларын шығарған бойда жібереміз және
оны жергілікті халыққа кеңінен таныстыруын, қазақ тілінде шығатын
кітаптарға қалағанынша тапсырыс беруін өткіземіз. Жоғарыда атап
өткеніміздей, айдағы айларда РСФСР-дың қазақ ағайындар көбірек
тұратын облыстарын тегіс аралап шығуды, сөйтіп арада үзілген
байланыстарды қайтадан жалғастыруды көздеп отырмыз” ((
Сол секілді осы мәселеге қатысты бертінде “Қазкітап”
жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрайымы Ерік – Раиса
Есенбаеваның тілшімен сұқпатында: “Бұрын тираж белгілеу үшін арнайы
басқосу өтетін, (((( жылдан бері кітап шығару мен сату орындарының
тираж белгілеу жиыны болған жоқ. Қазір баспалармен шартқа
отырамыз. Күні кеше Мәскеудегі үлкен кітап жәрмеңкесіне қатыстық.
Көп кітабымыз өтті. Жалпы, ол жақтағы жұрттың кітапқа ықыласы суй
қоймапты. Оны айтасыз көршілес Өзбекстан, Қарақалпақстандағы
қазақтар бізден қазақша кітапты көп алады. Үкіметке соқпай бірден
бізге келеді. Қазір біз мекемелерді айтпағанда жеке кітап
сатушылармен бірлесіп жұмыс жасайтын болдық. Түркістан қаласында
тұратын бір азамат үнемі (( - (( мың теңгеге түрлі кітаптар алып
кетеді. Өз айтуынша сол кітаптың көпшілігін поезда кетіп бара
жатқанда сатып үлгіретін көрінеді. Қалай десек те, бір маусымда
қырық милион дана кітаптың жиырма милионын сатып үлгердік” ((
Міне қазір қазақ кітаптары өтпейді дегенге мен сенбеймін.
Тәуелсіз елдің, тұрақты экономикасында, сыртқы қарым – қатынастардың
жолы ашылып тұрғанда бұл аталмыш нарық мыңдаған адамға жұмыс тауып
береді. Тек еліміздің ішінде кітап нарығының болашағы зор екеніне
күмән жоқ. Мәселен, бұған республикамыздың мектептеріндегі оқушылар
мен жоғарғы оқу орындарындағы оқитын студенттер, оған мұғалімдер
мен дәрігерлерді, ғылыми және техникалық интелегенция өкілдерін
қосыңыз. Осылардың бәрі қазақстандық кітап рыногының потенциялды
тұтынушылары болып табылады.
Ешқашан да үлкен қиыншылықтарсыз үлкен істер болмайды – дейді ғұлама
ғалым Ф . Вольтер. Расында, қазақстандық баспагерлер итшілеп
Ресейден, өзге аймақтардан қымбат қағаз тасып, кітап басуға
арналған материалдарын да “арзанға түссін” деп біреу арқылы басқа
елден алдырып басып шығарған басылымға жиырма пайыздық құн
салығымен үкіметпен айырысқанда түсетін табыс көлемі олардың
көңілдерін қанағаттандырмақ түгілі, түңілтіп жіберуші еді. Тәуелсіз
ел болып етегімізді жинап жатқанда осы рухани сусынның қоры ізгі
мақсатпен кітапханаларға кітап беретін болса, онда оған салық
төленетін заман да болған. Өйткені, біздегі салық Кодексінде
ешкімнің жағдайы қарастырылмаған. Тегін берсең де, ол бухгалтерияда,
салықшылар алдында сатылған болып көртетіледі. Ал сатылған
тауарларға салық төленеді. Біздегі заң солай... ((
Дегенмен, бүгінгі күні қосымша құн салығы (( пайызға төмендеп, ал
балалар әдебиетін шығаратын баспалар мұндай міндеттемеден
босатылған. Қосымша құн салығын қойғанда, қазір кітап тарату
саласында “дүкеншілер” де баға белгілеуде ешкімді аяп тұрған жоқ.
Экономика өркендеген сайын, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға
мүмкіндік туады. Нарықтық экономика қазақстанды әлемнің барлық
елдерімен байланыстырып отыр. Экономиканың өсуі, дамуы, экономикалық
реформалардың үсті – үстіне қабылдануының арқасында, нарықтық
экономикамыз тұрақты болған кезде бізді көрші алып мемлекеттер
сыйлай алады.
Кітап нарығының тауарлар мен жаңа баспалар үшін есігі айқара
ашық. Оған кірігу сондай қарапайым және сондай көп шығынды талап
етпейді.
Қазір Алматының өзінде жүздеген баспа жұмыс жасап жатыр. Олардың
өзіндік ерекшелігі, басылым түрлері де қилы болып келеді. Жалпы
бет – бейнесіне байланысты бүгін құрылымы мен ұйымдастырылуы әр –
түрлі үш баспа түрін бөліп қарастыруға болады:
- кәсіби оқырмандарға арналған мамандандырылған баспа;
- көпшілік оқырманға арналған мамандандырылған баспа;
- көпшілікке арналған әдебиеттерді қамтитын баспа немесе оны
әмбебеп баспа деп атап та жүрміз ((
Бұл бспа түрін белгілі бір оқырман топтарына арналған және осы
оқырмандарын қамту тәсілі мен сауда жүйесі деңгейіне қатысында
ерекшеліктері арқылы ажыратуға болады.
Кәсіби оқырмандарға арналған мамандандырылған баспа бірыңғай топ
тұтынушыларымен жұмыс жасайды. Олардың кәсібін белгілеу арқылы
арнайы әдебиеттерді таңдау мүмкіндігін қолдана алады.
Көпшілік қауымға арналған мамандандырылған баспа тауарын сатуда
потенциалды тұтынушысын анық ажырата біледі. Алайда, алдында
аталған баспадан айырмашылығы мұнда тұтынушылар потенциялы бірегей
бола бермейді. Тек олардың мүддесіне орай, мәселен діни, мәдени
және әлеуметтік топтардың сұранысын қамтамасыз етеді. Мұндағы
нарық сегменті, мәселен хобби, өнер, жол сапарлар, дін сынды
салаларды ерекшелейді. Мұндай баспа өзінің тұтынушыларына арнайы
салалық журналдар мен тікелей сатылым жүргізу арқылы шыға алады.
Оларға жеке бөлшек саудамен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz