Кәсіпкерлікті несиелеу жүйесі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
ТАРАУ 1. КӘСІПКЕРЛІК ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕПЗДЕРІ . . . 5
1. 1. Кәсіпкерліктің мәні және ұйымдастырушылық-құқықтық түрлері . . . 5
1. 2. Кәсіпкерліктің қаржылық іс-әрекетінің мәні . . . 13
1. 3. Кәсіпкерлікті несиелеу жүйесі . . . 22
1. 4. Қазақстан Республикасының кәсіпкерліктіктің мемлекеттік реттеуші заңдарының аяққатұруы . . . 27
1. 5. Кәсіпкерліктің қызметті мемлекет тарапынан баскару туралы шетелдік тәжірибе . . . 29
ТАРАУ 2. КӘСІПКЕРЛІК ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЗІРП
ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ . . . 35
2. 1 Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуының ---
тенденцияларын талдау . . . , . . . >. . . . 35
2. 2. Оңтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкерліктің дамуын талдау . . . 44
2. 3. Кәсіпкерлікті қаржыландыруды және несие ресурстарының қайтарымдылығын талдау . . . 54
ТАРАУ 3. КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ІС-ӘРЕКЕТШЩ
ТИІМДІЛІПН ЖОҒАРЫЛАТУ ЖОЛДАРЫ . . . 66
3. 1. Кәсіпкерлікті несиелендіру жетілдіру жолдары . . . 66
3. 2. Кәсіпкерлік іс-әрекетте мемлекеттік қаржыларды пайдалану тиімділігін жоғарылату . . . 70
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 75
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 76
КІРІСПЕ
Қазақстанда тұрақтанып келе жатқан"~ әкімшіліктік-бюрократиялық модельдің орнына келген шаруашылықтың нарықтық жүйесі мемлекет қолында реттеу функцияларының сақталуы аркылы әрекет ететін әкономикалық жүйенің кәсіпкерлік типіне негізделеді.
Философиялық көзқарастан кәсіпкерлікті адам жанының ерекше күйі, іскерлік романтика формасы, адамға тән қабілеттіліктерді іске асыру құралы ретінде сипаттауға болады. Кәсіби мағынада кәсіпкерлік өз бизнесін үйымдастыра алу, сонымен байланысты функцияларды табысты жүзеге асыру деп қарастырылады.
Қазақстандағы кәсіпкерліктің қазіргі кезде қайта жандануы болып өтуде. 1917 жылға дейін елде кәсіпкерлік орын алған, бірақ өндіргіш күштердің дамуының әлсіз деңгейінің салдарынан ол кезде айтарлықтай тарамады.
Кеңес үкіметінің жылдарында кәсіпкерлік түсінігі әкономиклық сөздіктен мүлдем шығарылып тастаған, ал кәсіпкерлік термины теріс қабылданантын. Енді біз бүрыңғыдай «кәсіпкерлік», «іскерлік» деген терминдерді басты қолданамыз.
Нарықтық әкономиканың дамуы кәсіпкерлікті колдануды және кәсіпкерді тәрбиелеуді қарастырады. Айтарлықтай күрделі қиындықтар мен психологиялык кедергілерді жеңумен байланысты болатын бүл міндетті шешу оңай емес. Қазақстанда жүргізіліп жатқан әкономикалык реформа кәсіпкерліктің дамуына жаңа перспективалар ашты. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-әкономикалық маңыздылығының өсуінің себептері - ол нарықтық әкономикаға икемділік береді, халықтың қаржылық және өндірістік ресурстарын қатыстыруға себепші болады, ол өзінде монополияға қарсы күш алып келеді, жүмыс бастылық және басқа да нарықтық шаруашылық мәселелерін шешеді.
Қазіргі кезде республикамызда кәсіпкерлік әкономиканың жаңа сфералары мен әлеуметті топтарын қамтып, күш алуда. Кәсіпкерлік динамикасы мен әкономикалық нәтижелері көбінесе соған сәйкес келесі алғы шарттармен анықталады: институционалдык кәсіпкерлік ортасының қалыптасуымен, заңдылық базасымен, кәсіпкерлік құрылымдарды мемлекеттік қолдаудың деңгейімен және т. б.
Республикамызда кәсіпкерліктің дамуы үшін түракты әкономикалык негізін құрайтын меншіктің жекешелендірілуі бойынша үлкен жүмыс жүрпзілуде. 90-шы жылдардың басында Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік іс-әрекеттің заңдылық тү_рақтандыру және дамыту мәселелерін реттеуге бағытталған заңдар, заңдылық және басқа нормативтік-қүқықтық актілер қабылданып, әрекет етуде.
Сонымен қатар, республикада кәсіпкерлікті, әсіресе шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау жөнінде кең көлемді шаралар қабылданып жатыр. Қазақстан Республикасы Президнтінің «Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау мен жандандырудьг күшейту жөніндегі шаралар туралы» Үкіміне сәйкес шағын кәсіпкерлікті колдау және дамытуды мемлекеттік әкономикалық саясаттың басты саласы деп санау қарастырылады.
Дегенмен, отандық кәсіпкерлікті дамыту жолындағы барлық кедергілер толық жойылған деп айтуға болмайды. Олардың негізгілері - несиелеу мәселесі, салық салу мәселесі және т. б. Дамыған елдер әкономикасында ірі, орта және шағын кәсіпорындар іс-әрекеті бір уақытта жүргізіледі. Қазіргі әкономика монополиялық құрылымдарға икем - ірі өндіріс пен көптеген факторлар есебінен қалыптасатын шағын кәсіпорындарды күрделі комбинациялаумен сипатталады.
Бір жағынан, ғылыми-техникалық прогрестің түрақты тенденциясы ретінде өндірісті шоғырландыру болып табылады. Сондықтан ірі кәсіпорындар көп мөлшерде материалдық, қаржылық, еңбек ресурстарына және білікті мамандарға ие. Ірі кәсіпорындар күрделі масштабта ғылыми-техникалық жұмыстар жүргізуге қабілетті және олар негізгі технологиялық өзгерістерді анықтайды.
Екінші жағынан, соңғы кездері көп мөлшерде күрделі қаражаттарды, жабдықтарды, жүмысшыларды қажет етпейтін сфераларда шағын және орта кәсіпкерліктің пайда болуы және қарқынды дамуы байқалады.
Шағын кәсіпорындардың тиімділігі: жергілікті нарыққа жақын орналасуы және осыған байланысты клиенттер сүранысына бейімделуі, бәсекелестікті дамыту, өнім сапасын және сервистік қызмет көрсету деңгейін* жоғарылатады, басқарушылық сатылардың аз болуы, нарықты тауарлар мен кызметтерге толтыру, әкспорттың потенциалын жоғарылатуға әкеледі және т. б. Шағын кәсіпкерлік көптеген елдердің әкономикасын дамытуда маңызды рөл атқарады. Еуропалық Қауымдастық елдерінде, АҚШ-та, Жапонияда жүмыспен қамтылған адамдар санының 50%-і шағын кәсіпорындарда еңбек етеді, ал оның Жалпы Ішкі Өнімдегі үлесі 50% қүрайды, шағын кәсіпорындардың жалпы кәсіпорындар санындағы үлесі 50-60% қүрайды.
Дамыған елдердегі кәсіпкерліктің нәтижелеріне жету максатында Қазақстан республикасының Президенті елдің әкономикасының басымды бағыты ретінде және орташа кластың негізгі буыны ретінде шағын кәсіпкерлікке барынша мемлекеттік қолдау көрсету кажеттігін айтты. Қазақстан республикасын инновациялық-индустриялық дамыту бағдарламасында да шағын кәсіпкерліктің дамуы қарастырылған.
Елімізде кәсіпкерлікті әкономиканың барлық салаларында түрақты дамыту үшін каржыландыру мәселесі өзекті болып отыр.
Дипломдық жүмыстың негізгі мәселесі - Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлікті бағдарламаға сәйкес дамыту үшін қаржылық-несиелік қолдаудың тиімділігін жоғарылату жолдарын үсыну болып табылады.
ТАРАУ 1 КӘСІПКЕРЛІК ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Кәсіпкерліктің мәні және ұйымдастырушылық-құқықтық
түрлері
Нарықтық әкономикаға бет бұрып, мемлекет пен қоғам меншік формалары мен қатынастарын қайта қүруға тиісті болады. Нарықтық механизмді қалыптасқан базистік қатынастарға - меншік қатынастарына араласусыз жүргізу әкономикалық түрғыдан аңғырт болып көрінеді. Нарық -бү_л көп түрлі, өз әкономикалық қүқықтарын іске асырудағы тең меншік иелерінің өзара әрекеттесуі. Нарық дамыған қатынастар мен меншік формаларының әр түрлі болуынсыз мүмкін емес, себебі:
- біріншіден, нарықта ең алдымен капитал, өндіріс қүралдары, мүлік, жүмыс күші, ақпараттық өнім меншігінің иелері арасындағы қатынастар дамиды;
- екіншіден, меншік қатынастары әр бір меншік иесі іс-әрекетінің жоғары әкономикалық тиімділігін қамтамасыз ететін шаруашылық жүргізу нәтижелерінде шын мәнінде ынталы болу принципінде жатыр; >
- үшіншіден, әкономиканың дамуына өсіңкілік беретін әкономикалық механизм кажет. Өзара бәсекелесетін меншік иелері мен меншік формаларының көп түрлілігі бар жерде туындайтын бәсеке осындай механизм болып табылады.
Меншік механизмның әрекеті ең алдымен меншік субъектілерінің ынталылығы арқылы айқындалады. Нарықтық әкономика жағдайында меншік субъектісі өз меншігін тауар ретінде нарықта үсынуға мәжбүр болады. Тауарларды өткізу кепілдемесінің жоқтығына байланысты ол сатылатын меншік объектісінің қүнының көлемінде ақша сомасымен тәуекелге барады. Бірақ, басқа жағынан, табысты болған жағдайда ол өз меншігін калдық пайда көлеміне арттыру мүмкіндігін алады. Осы жағдайда ол өз меншігін калдық пайда көлеміне арттыру мүмкіндігін алады. Осы жағдайда әкономикалық өмір сүруге қызығушылық пайда болады.
Меншік иесінің тәуекелінің деңгейі және оның табысының көлемі меншік объектісінің қалыптасуына қосқан үлесіне пропорционалды болады. Меншік иесі өзінің бар мүлкімен тәуекел ететін жеке басты мүлік жағдайында ынталандыру деңгейі жоғары болады, ал бірлескен меншікке қатысу ынталандыру деңгейін төмендетеді. Бірақ, белгілі бір, бүрыннан анық нөлдік емес ынта бар екендігі негізінде маңызды болып табылады.
Меншік объектісінің егесі бола тұрып, меншік иесі осы объектіден жақын арада мүмкін болатынның барлығын алуға ғана ынталы болмайды. Нағыз меншік иесі мезгілдік мүдделерді басшылыққа алмайды, ол объект болашақта оныкі болса, оның перспективасы жайлы ойлану керектігін жақсы түсінеді. Перспективаға деген ынталылық - меншік объектісі, оның бүкіл өмірлік циклының бойында тиімді іс-әрекетін ұйымдастыру жайлы қамқорлығының стимулы және ең әсерлі ынталандырушы себеп. Мүндай ынтаның болмауы
ұқыпсыздыққа, немқұрайдылыққа, қүндылықтардың тозуына, үлкен шығындарға алып келеді. '""
Нарықтық қатынастарға өтуді адамдарда қожа сезімдерін қайта жандандырумен, меншік иелік мүддені ынталандырумен нығайтпаған жағдайда әкономиканы тиімді шаруашылық жүргізу жолына шығару мүмкіндіктері аз болады. Біз мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен сапасын бір сатыға көтеріп, жаңа әлемдік әкономикалық парадигмаға сәйкес болу үшін жеке сектор мен үлттық капиталдың белсенділігіне көмектесіп, ынталандырып, толықтыруымыз
тиіс. [1]
Батыс елдерінде қазіргі кәсіпкерлік негізінде жаңа мүмкіндіктерді әрдайым іздестіру, инновацияларға бейімделу, қойылған міндеттерді шешу үшін әр түрлі көздерден ресурстарды қатыстыру және қолдана білу іскерлігі жатқан шаруашылық жүргізудің ерекше, жаңашыл стилі. Американдық ғалым Р. С. Ронстадтың пікірі бойынша, кәсіпкерлік - бүл байлықты өсірудің өсіңкілік процессі. Байлық өз ақшасын, мүлкін, карьерасын ең көп тәуекел ететін, өз ісін құруға уақытты аямайтын, сатып алушыларға жаңа тауар немесе қызмет көрсетуді ұсынатындармен қүралады.
Қазақстан Республикасының 04. 07. 1992ж. №1543-ХІІ "Жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау туралы" Заңына сәйкес жеке кәсігікерлік - бүл азаматтардың немесе мемлекеттік емес заңды түлғалардың өз меншігіне негізделген және азаматтар мен мемлекеттік емес заңды түлгалардың атына, солардың тәуекелі мен мүліктік жауапкершілігімен іске сырылатын, табыс алуға бағытталған азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың ынталы іс-әрекеті.
Қазіргі кезде әрекеттегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес кәсіпкерлік субъектілерінің келесі ұйымдастыру-қүқықтық формалары бар:
1) Жеке басты кәсіпкер Қазақстан Республикасының "Жеке басты кәсіпкерлік туралы" Заңына сәйкес жеке басты кәсіпкерлік дегеніміз азаматтардың өз меншігіне негізделген және азаматтардың атынан заңды тулға құрусыз, солардың тәуекелі мен мүліктік жауапкершілігімен іске асырылатын, тауар, қызмет көрсету мен жұмыстарды сату арқылы табыс алуға бағытталған азаматтардың ынталы іс-әрекеті. Жеке басты кәсіпкерліктің екі түрі болады: отбасылық кәсіпкерлік шаруа қожалығының немесе жекешелендірілген үйдің бірлескен ортақ меншігінің негізінде; жәй серіктестік - ортақ үлестік меншік негізінде.
2) Шаруа (фермерлік) қожалығы. "Шаруа (фермерлік) қожалық туралы" заң 1998ж. 31 наурызында (№214-1) қабылданған. Әрекеттегі заңға сәйкес шаруа (фермерлік) қожалығы болып жеке басты кәсіпкерлікті іске асыру ауыл шаруашылық өнім өндірісі үшін ауыл шаруашылық жерлерін пайдаланумен, онымең катар осы өнімді өңдеумен және өткізумен байланысты болатын тұлғалардың еңбектік бірлестігі.
Шаруа (фермерлік) кожалықтың субъектілері ретінде заңды түлға шаған және заңды тулға белгілірі жоқ болып кәсіпкерлік іс-әрекетпен аиналысатын физикалық тұлғалар болады. Шаруа (фермерлік) қожалықтың мүшелері болып жүбайлар, балалары, ата-анасы және басқа бірлесіп ортақ
шаруашылық жүргізетін жақын туыстар.
3) Шаруашылық серіктестіктер. Қазақстан Республикасы азаматтық кодексінің №58 бабына сәйкес шаруашылық серіктестік деп заңды тұлға болып табылатын, негізгі мақсаты ретінде пайдашылардың салымдарының (үлестерінің) есебінен қүрылатын коммерциялық үйым танылады. Шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік, коссандиттік серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік және акционерлік қоғам формасында құрылуы мүмкін.
4) Өндірістік кооператив. Қазақстан Республикасы Президентінің 05. 10. 1995 ж. №2486 "Өндірістік кооператив туралы" Жарлығына сәйкес өндірістік кооператив деп жеке еңбектік қатысу мен мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіру негізделетін бірлескен кәсіпкерлік іс-әрекет үшін мүшелік негізіндегі азаматтардың ерікті бірлестігі танылады.
Нарықтық қатынастарға өту мезгілінен бастап Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлік қарқынды дами бастады. Шағын кәсіпкерліктің салыстырмалы түрдегі жылдам дамуы көптеген жағдайда олардың сүраныстың, ресурстық базаның өзгеруіне кең үйрену мүмкіндіктерімен түсіндіріледі. Ең жылдам қарқынмен шағын кәсіпкерлік саудалык-делдалдык, автокөлік жөндеу, түрмыстык техника жөндеу, әкспорттық- импорттық, қүрылыс, қызмет көрсету сияқты салаларда дамыған.
Дамыған мемлекеттердің әкономикаларында бір мезгілде ірі, орта көлемді және шағын кәсіпорындар қызмет атқарады. Кәсіпорындардын көлемі көптеген факторларға байланысты: салалардың мамандануы, технологиялық ерекшеліктері, масштаб әффектісі. Кейбір салаларда тек ірі көлемді капитал мен өнімнің кең ауқымдылығы әрекет ете алады, ал кейбір салаларда, керісінше, кіші кәсіпорындар әлдеқайда тиімді болады.
Қазіргі заманғы әкономикаға масштабтары бойынша әртүрлі өндірістік комбинациялар қүрылуы тән: монополия қүруға бейім ірі кәсіпорындар мен көптеген факторларға тәуелді шағын кәсіпорындар.
Бір жағынан, ғылыми-техникалық прогресс нәтижесінде өндірістің шоғырлану процесі жүріп жатыр. Нақ ірі фирмалар үлкен көлемді материалдык, қаржылық, еңбек ресурстарын, мамандандырылған кадрларды иеленеді. Олар өте маңызды технологиялық өзгерістерді анықтайтын ірі көлемді ғылыми-техникалық зерттеулерді жасауға, әкономика үшін негіз болатын үлкен жобаларды іске асыруға мүмкіншіліктері бар.
Екінші жағынан, соңғы уақытта қомақты қапиталды, ірі көлемді қүрал-жабдықтарды, көптеген жұмысшыларды талап етпейтін сфераларда көптеген орта және кіші кәсіпорындар ашылып жатыр. Осы орта және шағын кәсіпорындар ғылыми сыйымдылығы жоғары өндіріс салаларында, тұтынушы тауарлары мен қызметтерін өндірумен байланысты салаларда әсіресе көп.
Өндірістің кіші формаларының тиімді әрекет етуі ірі өндіріспен салыстырғанда бірнеше артықшылықтарымен сипатталады: жергілікті нарықтарға жақындығы; түтынушылар талаптарына бейімделуі, икемділігі; басқарудың артық сатыларының болмауы т. б. Сонымен бірге кіші өндіріске өндірістік және жеке түтыну сферасындағы сүраныстың өзгермешілдігі мен
жекелігі тиімді болады.
Кәсіпкерліктің дамуы әкономиканың жақсаруына оң ықпал етеді, өйткені бәсекелік орта дамиды, қосымша жұмыс орындары ашылады, құрылымдық өзгеріс жылдамдығы артады; тұтынушылық сектор өрісі кеңейеді. Сонымен бірге, кәсіпкерліктің дамуы нарықтың тауарлар мен қызметтермен толығуына, әкспорттық потенциалдың өсуіне, жергілікті шикізат ресурстарының тиімдірек пайдаланылуына әкеледі.
Барлық орта және шағын кәсіпорындарды шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Бірінші топқа ірі бизнеспен тікелей және жанама байланысқан кәсіпорындар кіреді. Қүқытық тұрғыдан тәуелсіз болғанмен, о. лар ірі кәсіпорындармен келісім-шарт жасау арқылы әрекет етеді. Кәсіпорындардың бүл тобына мына ерекшеліктер тән: тетіктер мен байланыстардың шектелген тобын өндіруге мамандану (осы арқылы ірі кәсіпорындар осбі жабдықтарды өз цехтарында өндіруден босайды, демек өндіріс процесін жеңілдетеді) ; бүлардың өндіріс шығындары төменірек болуы арқылы ірі кәсіпорындарға өз қаржыларын үнемдеуге мүмкіндік беріледі; өндірістің тез қайта мамандануына, жаңа модельдерді жылдамдатып өндіріске енгізуге мүмкіндік беретін икемділік. Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар ғылыми-техникалық прогрестің жаңа сатысы жағдайында ірі фирмалар үшін әксперимент жасаушы немесе ірі компаниялар жасаған жаңа тауарларға қызмет көрсетуші болуы мүмкін.
Екінші топқа нарықта ірі кәсіпорындармен және бір-бірімен бәсекеге түсетін шағын кәсіпорындар жатады. Олардың жедел дамуларының алғы шарттары: нарық талаптарына және тауарлар мен қызметтерге деген жана қалыптасқан сүранысты қанағаттандыруға бейімділігі; ірі кәсіпорындармен салыстырғанда көлемі шағын бастауыш капитал; ірі кәсіпорындарға белгілі бір себептерге байланысты тиімсіз болатын нарық бөлімдерін толтыруы; ірі фирамалардың нарықта жоғары баға қою мәжбүрлігі.
Бизнес көптеген елдердің әкономикаларында маңызды рөл аткарады. Еуро Одақ елдерінде, АҚШ-та, Жапонияда кіші және орта бизнесте 50% жүмыс бастылар әрекет етеді. Олардың жалпы ішкі өнімде (ЖІӨ) үлесі 50%-тен асады (1 кесте) .
1-ші кестеден көріп түрғанымыздай, Қазақстан республикасында шағын бизнес көрсеткіштері дамыған елдердегіден қалып түрғанмен, Ресей Федерациясынан асып тү_р. Ең маңызды макроәкономикалық көрсеткіш - ЖІӨ кұрамында Қазақстан шағын бизнес өкілдерінің үлесі 16-17% болып отыр, ал шетелдің дамыған елдерінде кемінде 50-55%) қүрап отыр.
Кесте 1
Шағын кәсіпкерліктің Қазақстанда, Ресей Федерациясында және дамыған
елдердегі даму масштабтары
Қазақстан республикасы әкономикасында шағын бизнестің үлесі үнемі өсіп келеді. 1997 жылы шағын бизнестің ЖІӨ-гі үлесі 7% болса, қазір 17%-тен асып отыр және өсуге тенденциясы байқалып отыр.
Келтірілген мәліметтерден көріп отырғанымыздай, шағын кәсіпкерліктің үлесі дамыған елдерге қарағанда төмен, сондықтан өсуге бейімділігі жоғары. Шаруашылық жүргізудің бүл сферасына Қазақстан Республикасының Үкіметі үлкен назар аударып отыр.
Кәсіпкерліктің қалыптасуы үшін белгілі бір шарттар орындалуы керек: әкономикалық, әлеуметтік, қүқықтық т. б.
Әкономикалық шарттар: ең алдымен тауарлардың ұсынылуы мен оларға деген сұраныс; түлынушылар сатып алуға дайын тауарлар түрлері; осы сатып алуларға жүмсалуы мүмкін қаржы қүралдарының мөлшерлері; жүмысшылардың жалақысына, сонымен қатар олардың сатып алу қабілетіне әсер ететін жұмыс орындары мен жұмыс күштерінің артықшылығы немесе жетіспеушілігі.
Әкономикалық жағдайға жоғарыда аталғанмен қатар мына факторлар ықпал етеді: ақша ресурстарының болуы мен қол жеткізу жеңілдігі, салынған капиталға шаққандағы табыс деңгейі, өзінің бизнес-жоспарларын қаржыландару үшін кәсіпкерлерге қажет қарыз қүралдарының көлемі.
Осы жұмыстармен көптеген 1 ұйымдар айналысады. Бүлар нарық инфрақүрылымын қалыптастырады, мұнда кәсіпкерлер іскер қарым-қатынастарын орнатады және коммерциялық операцияларды жүргізеді. Мұндай
уйымдарға қаржылық қызметтерді ұсынатын банктер; шикізатпен, материалдармен, жартылай фабрикаттармен, -•жабдықтаушы қүралдармен, әнергиямен, машиналармен, қүрал-жабдықтармен, тетіктермен қамтамасыз ететін жеткізушілер; тауарды түтынушыларға жеткізу қызметімен айналысатын көтерме және бөлшек саудагерлер; кәсіби қүқықтық, бухгалтерлік, делдалдық қызметтерді ұсынатын мамандандырылған фирмалар; жүмысқа орналастырумен айналысатын агенттіктер; жұмысшыларды және маман-қызметкерлерді оқытумен айналысатын оку орындары; жарнамалық, көліктік, сақтандыру агенттіктері; байланыс және мәлімет жеткізу қүралдары жатады. Кәсіпкерлік процесінің әлементтері 2 кестеде көрсетілген.
Кесте 2
Кәсіпкерлік процесінің әлементтері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz