ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕ ҚАРЕКЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

Тарау 1. ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕ ҚАРЕКЕТІНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..9
1. Банктік несиелендірудегі экономикалық мүдделері және
оның құқықтық
реттелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... 9
2. Несиені берудің және қайтарудың құқықтық
формалары ... ... ... ... ... ... .2 2
3. Банктік несиелендіруді қамтамасыз етудің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ..26

Тарау 2. АЛЬЯНС БАНК АҚ МЫСАЛЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК
ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ...34
2.1. Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктерінің несиелік
қызметін
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..3 4
2. Альянс Банкте жауапкершілігі шектеулі серіктестікті несиелендіру
құжаттарына құқықтық сараптама
жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..44
2.3 Банк клиентінің несие қабілеттігін
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..49

Тарау 3. НЕСИЕЛЕНДІРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... 71
3.1. Екінші деңгейлі банктердің несиелендіру процесін
басқаруды
жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .71
3.2. Несие бюросының қызметі несиелік тәуекелді басқару
факторы
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..76

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..87
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 95

КІРІСПЕ

Ел Президентінің Қазақстан халқына "Қазақстан - 2030 барлық
қазақстандықтардың өсіп - өркендеуі, қауіпсіздігі және әл - ауқатының
артуы" Жолдауында: 20-ғасырдың 90-жылдары республика экономикасында орын
алған дағдарыстың себептері ашылып, оны жеңудің жолдары айтылған.
Радикалдық саяси және экономикалық әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі
дағдарыстың болуына, өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс, қызметтің
бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге объективті жағдайлар тудырды. Бұл
дәстүрлі нарықтың ығысуына, төлемге қабілетсіздік тудыруға, шектен тыс
инфляцияға және көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің
тоқтауына әкеп соқтырды. Қалыптасқан жағдайды ескеру арқылы ұзақ мерзімді
жеті артықшылықтың бірі ретінде жоғары шетелдік инвестиция мен ішкі жинақ
ақша деңгейіндегі ашық нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу
анықталды. Экономикалық өсу қаржы тұрақтылығына, өндірісті әртараптандыруды
қамтамасыз етуге, аса маңызды салаларға инвесторларды тартуға, шешуші
бизнес салаларының іскерлігін арттыруға, белсенді өндіріс саясатын енгізуге
және акценттерді шаруашылық жүргізудің макродан микро деңгейіне жылжытуға
септігін тигізеді деп еліміздің дамуы болашағында алға қойған шаралардың
ауқымдылығын айта кетті [1].
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2008 жылғы 6
ақпанындағы Қазақстан халқына Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру –
мемлекеттік саясаттың басты мақсаты атты Жолдауында: Елдің қаржы
жүйесінің, әсіресе, банк секторының бәсекеге қабілеттілігін және
тұрақтылығын арттыру Агенттіктің Ұлттық банкпен және Қаржы министрлігімен
бірлесе отырып атқаратын басты міндеті болуға тиіс. Өмір біздің
жоспарларымызға түзетулер енгізіп тұратын болады. Біз оған дайын тұруға
тиіспіз. АҚШ-тың біздің банктерге елеулі әсер еткен ипотекалық дағдарысының
сабақтарын естен шығармаған жөн. ҚБА әр банктегі ахуалды неғұрлым мұқият
қадағалап, қажет болған жағдайда алдын алатын және ықпалды шаралар
қабылдауы керек деп еліміздің дамуы болашағында алға қойған шаралардың
ауқымдылығын айта кетті.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2008 жылғы 6
ақпанындағы Қазақстан халқына Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру –
мемлекеттік саясаттың басты мақсаты атты Жолдауында: Мемлекеттік қолдау
біржақты болмайды, сондықтан банктер тәуекелдің өздеріне тиесілі бөлігін өз
мойындарына алуға тиіс. Егер банктердің акционерлері өздерін дамыту үшін
қосымша ресурстар тартқысы келмесе немесе оған қабілітсіз болса, ондай
кезде мемлекет қажетті шаралар қабылдауға дайын болуы керек[2] деп айта
кетті.
Сондай-ақ, Мұндай жағдайда реттеушілік араласу бүкіл банк секторы
үшін барынша мөлдір және ұғынықты болуға тиіс.
Қазақстан Республикасында радикалдық реформалардың стратегиялық курсы
нарықтың рөлі мен барлық тауар - ақша қатынас жүйесін күшейтуге
бағытталған. Нарықтық экономиканың тиімділігін, оның ғылыми-техникалық
жетістіктерді жылдам енгізетінін, адамның қажеттіліктерін жан-жақты
қанағаттандыруға мақсаттылығын әлемдік тәжірибе көрсетіп берді. Нарықтық
қатынасқа тауар өндірушілердің экономикалық тәуелсіздігі, субъектілердің
шаруашылық қызметіне әкімшіліктің араласуын болдырмаушылық, өндіріс
саласындағы еркін экономикалық байланыстар және қоғамдық өнім айналымы және
оны тұтыну тән.
Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі Қазақстан Республикасының
Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2007 жылдың
1 наурызында Қазақстан халқына Жолдауында: “Қазақстан өз дамуының жаңа
серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті
50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атап өткендей: “ақша-кредит саясатының
негізгі мақсаты – қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету” 2,17. Осы
мақсатта қаржы нарығының тұрақтылығын қамтамасыз етуде елеулі әсер ететін
екінші деңгейлі банктердің қаржы нарығындағы қызметі. Екінші деңгейлі
банктердің негізгі қызметінің бірі несиелендіру болып табылатындықтан, бұл
қызметті реттеудің өзектілігі өздігінен ашылады.
Қазірігі банктер клиенттерге қызметтің кең ауқымды спектірін ұсынып,
банк операцияларының жаңа техникасын қолданылып, қызмет көрсетудің жоғарғы
деңгейімен қамтамасыз етіп отыр. Банктердің ең басты қызметі - несиелеу. Ол
кәсіпорындардың, ұйымдардың және кәсіпкерлік фирмалардың тұтынушылық және
инвестициялық мақсаттары үшін іске асырылады. Банктер өздерінің несие
қызметін қаншалықты тиімді жүзеге асырса, соншалықты клиенттердің
экономикалық жағдайына әсерін тигізеді. Себебі банктік қарыз жаңа
кәсіпорындардың пайда болуына, жұмыс орны санының өсуіне мүмкіндік туғызады
және олардың экономикалық өмір икемділігін қамтамасыз етеді.
Қазіргі банктік несиелеу жүйесі нарықтық қатынастарды қалыптастыру мен
дамытуға, өндірістің тиімділігін арттыруға, мемлекет экономикасын
нығайтуға, айналыстағы негізсіз ақша массасының өсуін шектеуге, инфляциялық
процестердің алдын алуға және ұлттық валютаны нығайтуға бағытталған.
Кейінгі жылдары қаржы секторының тез арада дамуы мен нығайуы бұрын
болған несие ресурстарының дефицитін қысқартты. Қазақстанның экономикалық
өсуі мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің конструкциялық
саясаты, қоғамдық сенімді арттырып, мемлекеттің банк секторының динамикалық
дамуына мүмкіншілік туғызды. Несие ресурстары мен бәсеке өсуінің
нәтижесінде Қазақстан банктері пайыздық мөлшерлеме және мерзімге байланысты
банктік қарыз беру бойынша аса ыңғайлы жағдай ұсынуға ұмтылуда.
Бірақ Республикадағы банктердің қызметі әртүрлі факторлардың ықпалынан
аса күрделі жағдайда жүзеге асырылады. Мысалға, жекелеген экономикалық
секторлардың экономикалық тұрақсыздығы, төлем дағдарысы, төлем балансының
дефициті және т.б. Осы факторлардың әр қайсысы берілген банктік несиелер
бойынша қарызды уақытылы өтеу мүмкіншілігінің төмендеуінен банктердің несие
қызметі үшін жағымсыз салдармен анықталады. Осының салдарынан банктің несие
қоржының құрылымының төмендеуі, жіктелімді активтер бойынша резервтерді
қалыптастыруға шығындардың тез өсуі, таза табыстың жалпы сомасының
қысқартылуы байқалады. Бұл жағдайда банктер сәтті несие және пайыздық
саясат стратегиясы, несиелік бюролар және т.б. мүмкін тәсілдер
механизмдерін әзірлеу көмегімен несие тәуекелдігін бәсеңдетуге ұмтылады.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасының несие жүйесін қалыптастыру және
жетілдіру бойынша сұрақтардың өзектілігі артып келеді. Себебі несие жүйесін
оңтайландырудың жаңа механизмдерін енгізу әлемдік стандарттарға сай келетін
несиелік үрдістердің тиімділігінің артуына және нарық субъектілерінің
экономикалық қарекетінің құқықтық және ақпараттық негіздерін құруға жағдай
жасайды.
Банктік қызметтің құқықтық базасын жетілдіру заңшығарушылық процестің
басты міндеті болып табылады. Сондықтан, банк қарекетінің құқықтық
базасының дамуы заң шығару процесінің маңызды міндеті болып табылады. Нарық
принципіне толыққанды сәйкес келетін, банк пен клиенттер арасындағы тең
құқылы қатынастарды қалыптастыруға, әлемдік банк тәжірибесінде жалпыға
ортақ қабылданған банктік қызметтің жаңа түрлерін дамытуға ықпал ететін
банк қарекетін заңдық реттеу қажет болып табылады. Қор нарықтарын реттейтін
заңнамаларды одан әрі дамыту қажет 3.
Дипомдық жүмыстың зерттеу объектісі болып екінші деңгейлі банктердің
несие қарекеті табылады. Банктердің табыс көздерінің басты көзі
несиелендіру болып табылатындықтан несие қарекетін жан-жақты зерттеп, оны
жетілдіру тек банктердің ғана емес, сонымен қатар мемлекеттің де
мүддесінде.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні ретінде екінші деңгейлі банктердің несие
қарекетін құқықтық реттеу мен оны басқарудың негізі қарастырылады. Банктік
несиелендірудің мемлекетіміздің нарықтық-экономикалық қатынастарға өткеннен
кейін маңыздылығы арта түсті.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасында нарықтық
қатынастарды қалыптастыру жағдайында екінші деңгейлі банктердің несиелік
қарекетінің құқықтық реттеу негізін анықтау.
Осыдан барып дипломдық зерттеудің келесі міндеттері туындайды:
1) Несиенің теориялық негізін қарастыру;
2) Қазақстан Республикасында екінші деңгейлі банктердің несиелік

қарекетінің құқықтық реттелуін ұйымдастыруды қарастыру;
3) Екінші деңгейлі банктердің несиені басқаруының қазіргі таңдағы
маңызды жақтарын қарастыру;
4) Қазақстан Республикасындағы несиелендіру жүйесінің жетілдіру
жолдарын қарастыру.
Зерттеудің әдістемелік негізі болып шетелдік және отандық ғалымдардың
банктік құқық, банктік несиелендіру саласындағы еңбектері жатады.
Зерттеудің құқықтық және ақпараттық қамтылуы үшін банк қызметін реттеу
үшін қолданылатын заңдылық актілер, ережелер және басқа да нормативтік
құжаттар, коммерциялық банктердің несиелендіруде қоданылатын стандарттары,
шаруашылық субьектілерінің түрлі ұйымдастыру - құқықтық формаларының
қаржылық есептері негіз болды. Зерттеу әдістемесі диалектикалық ойлау және
жүйелі ұмтылысты қолдану негізінде құрылған. Жұмыс барысында жалпы
ғылымдық экономикалық, қаржылық арнайы әдістемелік тәсілдері қолданылды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, қолданылған
әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан құрылған.

Тарау 1. ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕ ҚАРЕКЕТІНІҢ
ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Бұл тарауда банктік несиелендірудің құқықтық реттелуі, несие берудің
және қайтарудың құқықтық формалары, несие келісім-шартына жалпы сипаттамасы
және банктік несиені қамтамасыз ету ерешеліктері қарастырылады.

1. Банктік несиелендірудегі экономикалық мүдделері және
оның құқықтық реттелуі

Банк (екінші деңгейлі банктер) дегеніміз – акционерлік қоғам нысанында
құрылған, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға, яғни Қазақстан
Республикасының “Банктер және банктік қызмет туралы” заңына сәйкес банктік
қызметті жүзеге асыруға құқықылы. Ал, банктік несие дегеніміз – несиелік
мәміленің субъектілері ретінде міндетті түрде екі тұлға қатысатын, яғни
несие беруші мен алушы бар несиенің арнайы түрі.
Банктер қаржы ресурстарын несие алушылардың осы құралдарға қажеттілігін
қанағаттандыру мақсатында шоғырландырады. Мұндай операциялар экономикалық
көзқарас тұрғысынан несиелік операциялар, ал заң тұрғысынан заем болып
табылады 4, 354. Несие (латын тілінен creditum – заем, қарыз дегенді
білдіреді) – бұл ұйыммен және мемлекет тұлғаларының арасындағы уақытша
қайтарым және пайыздық төлем негізінде (табиғи және ақшалай түрде) құн
айырбасы операциясында пайда болған экономикалық қатынасты айқындаушы
экономикалық түсінік 5, 357. Несие (заем) капиталы нарығында банктер
ерекше орынға ие, бірақ та өздерінің жеке және тартылған қаржылық
құралдарды несие алушыларға әртүрлі формада ұсына отырып, несиелік
операцияларды жүзеге асырушы арнайы ұйым болып табылады 4, 354.
Қазақстандағы банктік несиелендіру соңғы уақытта айтарлықтай маңызға ие
болды. Қазіргі кезде банктердің активтерінің 60 пайызы экономиканы
несиелендіруге бағытталған. Бұған себеп, Қазақстанның актив құрылымы
дамыған елдердегі әмбебап банктердің көрсеткіштеріне жақындай түсті, яғни
қазіргі уақытта өтімділік және несиелік қоржыны жалпы активтің 60-65 пайызы
сомасы негізінде құрайды 6, 3. Несиелендірудің мұндай масштабы, әрине,
пайда болған құқықтық қатынастарды кең ауқымда және түпкілікті реттеуді
талап етеді. Дегенмен, пайда болған әлеуметтік-экономикалық процестердің
қажеттілігін реттеуге құқықтық база әлсіз.
Құқықтық реттеудің қазіргі жағдайын бағалау үшін олардың мүмкіндіктері
мен пайдалану жолдарын, яғни біріншіден несиелендіруге қатысушы
субъектілердің мүдделерінің жиынтығын және экономикалық қызығушылығын
айқындап алуымыз қажет.
Әрине, банктік несиелендіруге екі субъект қатысады – банк және несие
алушы. Банк үшін несиелендіру – кәсіби кәсіпкерлік іс-әрекеттің бір түрі
және банк пайдасының қалыптасуының негіәзгі көзі. Бұл жағдайда банктік
несиелендіру банктің кәсіби белгісі және Қазақстан Республткасының “Банктер
және банктік қызмет туралы” заңының 30-бабына сәйкес Қаржы нарығын және
қаржы ұйымдарын қадағалау агентігімен (өкілетті орган) немесе Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкінің (бұдан әрі ҚР ҰБ) оң шешімі нәтижесінде
лицензияланады. Ал, несиелендірудің өзі болса, тұрақты түрде жүзеге
асырылып тұратын, яғни пайда табу мақсатында стандартты түрде жүзеге
асырылған іс-әрекеттер жиынтығы. Әрине, банк үшін ең тиімді іс-әрекет ең
қымбат және қысқа мерзімге берілген несие. Несие алушыға несие өзінің
қаржылық мәселелерін шешудің әдістерінің бірі. Осыған байланысты несие
алушы пайдаланған несиесіне пайыз түрінде қосымша шығындарды өтеуге дайын,
бірақ бұл несие мерзімі мен пайызы өндірісті дамытуға, үй салуға, жаңа
технологияларды жетілдіруге және дамытуға мүмкіндік беруге тиісті. Несие
алушыны қызықтыратын басты нәрсе – арзан және ұзақ мерзімді несие алу болып
табылады.
Бұл екеуінен басқа, банктік несиелендіруде тағыда екі субъектінің
мүдделері қозғалады. Бірінші субъект – бұл несиелік міндеттемелердің
орындалуын қамтамасыз етуге қатысушы тұлға, егер бұл жерде несие алушының
өзі болмаған жағдайда. Бұл жердегі басты сөз кепіл, кепілгер, сақтандырушы,
үшінші тұлға – кепіл беруші жайында. Бұл тұлға негізінен барлық несиелік
міндеттемелердің орындалуын қалайды. Ал, егер банктік несиелік келісім шарт
орындалмаған жағдайда заң шеңберінде өзіне тиісті жауапкершілікті жүзеге
асыруға міндетті. Екінші субъект – бұл құқық иеленуші, осы субъект жайлы
заңгерлер несиелендірудің құқықтық табиғатын талдау кезінде еске алмай
жатады 7, 302.
Іс жүзінде банктік несиелендіру тек қана банктің жеке қаржы
қаражаттарынан емес, сонымен бірге тартылған қаражаттар есебінен жүзеге
асырылады. Оның құқықтық режимі әлі де жетілдірілмеген, бірақ-та осы
қаражаттар жайлы банктің өзінде қосымша міндеттері және банк қарауына салым
немесе шот түрінде аударған салымшылардың құқықтары бар.
Бұл салымшылардан басқа белгілі жағдайда несиелендіруге берілген ақшалар
мемлекетпен мақсатты жеңілдікке ие несие ретінде ұсынылуы мүмкін.
Осылайша банктің кәсіпкерлік қызметіне ұсынған банк салымшыларының
мүддесі жайында айтуға болады және құқықтық қорғауды қажет етеді. Бұл
субъектілерді ең басты қызықтыратын сипат өздерінің салған салымы есебінен
максималды түрде пайыз алу.
Банктер мен оның салымшыларының өз тәуекелдері болады (салымшының –
меншік иесінің тәуекелі,банктің тәуекелі – кәсіпкерлік), бұл тәуекелдер
өзара тепе-тең жағдайда болу керек. Басқаша айтқанда, банк өзінің қаржылық
мәселелерін салымшылардың есебінен шешуге құқықылы емес.
Мемлекетке және қоғамға толықтай қатысты әлеуметтік маңызы бар
қызметтердің немесе жеке әлеуметтік топтар құқығын қамтамасыз етуге
бөлінген нақты бір қаржы қаражаттарының сомасы несие алушыларға мақсатты
жұмсалуы керек. Мақсатты несиелендіру кезінде құқықтар мен мүдделер иесі,
несиені нақты жүзеге асырушы мемлекеттік орган болуға тиіс.
Сонымен бірге, банктердің несие саясатын жүзеге асыру кезінде немесе
несиелендіру барысында нақты жеке мүдделеріне ие, бірақ нақты бір құқықтық
мәртебеге ие емес және де банктік тәжірибеде айтарлықтай әсер ете алатын
тағы бір күрделі субъект жайында атап өту қажет. Бұл жерде дәстүрлі емес
субъект жайлы, яғни Қазақстан Республикасының банк жүйесі. Ол барлық
банктер мен олардың бірлестіктері арқылы құрылады және несиелендіруді
жүзеге асырудың тұрақтылық мүдделеріне иелік етуші болып табылады. Сонымен
қатар, осы іс-әрекеттің тепе-теңділігі мен стандартталуына өз үлестерін
қосады. Осыған қарамастан, әрбір банк өзге банктерге бәсекелестік принципін
ұстанады, барлық банктер бірлестіктері осы жүйенің бұзылмауын қалайды.
Себебі, бұл банк жүйесінсіз олардың қызмет атқаруы мүмкін емес. Бұл
қызығушылық резервтік талаптардың іске асуын қалайды. Бұл өз кезегінде
салымшылырдың мүдделерінің алдында банк жүйесінің сенімділігін арттырады.
Жоғарыда аталған субъектілердің құқықтары мен міндеттерін ескеру банктік
несиелендірудің құқықтық реттеу негізін қалыптастыруы тиіс. Оның қазіргі
жағдайы қалай? Қандай нормативтік актілерден құралады? Бұл нормативтік
актілерді білу аз дегенде екі себепке байланысты: біріншіден, несиелік
құқықтық қатынасқа қатыса отырып, өзіне жүктелеген құқықтар мен
міндеттердің жүйесін және олардың кері салдарын білу қажет; екіншіден,
көптеген келеңсіздіктерді ескере отырып, заңдық күші бар нормативтік
актілерді сәйкестендіру мен иерархиясын, құқықтық реттеу кемшіліктерін
болдырмау жолдары мен әдістерін субъект өз құқықтарын қорғау мақсатында
білуі қажет. Банктік несиелендіру туралы негізгі заң актісі және барлық
құқықтық реттеуді жүйелеуші басты заң Қазақстан Республикасының Азаматтық
Кодексі (бұдан әрі ҚР АК) болып табылады. Бұл жерде банктік заемға 715-728
баптар арналған.
Банктік несиелендіру аталған азаматтық құқықтық нормалармен, сонымен
қатар, арнайы банк заңнамаларының нормаларымен, соның ішінде “Банктер және
банктік қызмет туралы” заңның 34-37 баптарымен реттеледі. Бұл нормаларда
несиелендіруді жете құқықтық реттеудің шаралары толық көрсетілмеген, тек
қана бағыт беруші рөл атқарады.
Заңнамалық қосымша реттеу Қазақстан Республикасының Президентінің,
Үкіметінің, Ұлттық банкінің, қаржылық қадағалау агенттігінің, қаржы
министрлігінің, салық комитетінің және өзге де органдардың нормативтік
актілері қалыптастырады. Барлық нормативтік актілер басқа да заңдарға
қарама-қайшы болмауы тиіс.
Әрбір банктегі нақты несиелендіру процесі негізінен жергілікті құқықтық
актілермен реттеледі. Олардың құрамына банктің несиелендіру ережесі,
несиелік комитет туралы ережесі, коммерциялық банктің несиені ұсыну жөнінде
шешім қабылдайтын жеке қызметкерлердің нұсқауы кіреді. Бұл актілердің
құқықтық маңызы несие алушыға келісім-шартқа қол қойғанға дейін кепілдеме
болады, қол қойылғаннан кейін ерікті түрде қабылдаған міндеттеме болады.
Сондықтан барлық потенциалды несие алушылар несиелендіру ережесін алдын-ала
жан-жақты зерттеп алуы қажет. Яғни, құқықтар мен міндеттер және несие
беруші банктің бақылау, жауапкершілік шаралары туралы білуі қажет.
Толықтай айтар болсақ, банктік тәжірибе несие берудің және несиені
қайтарудың өзіндік дәстүрі мен ережелерін қалыптастырды, кейбір кезде заңға
және нормативтік актілерге сәйкес келмейтін жағдайлар туындаған кездерде де
құқықтық реттеуге шешуші әсер ететін кездер болады. Себебі бұл экономикалық
және құқықтық тұрғыдан қарастырылған. Бұл құқықтық қамтамасыз ету банктің
несиелендірудің қатысушыларының қызығушылығын айқындайды және банктік
несиелендірудің құқықтық табиғатын ашады.
Банктік несиелендіру тәжірибесі және осы процестерді құқықтық реттеу
қарқыны бірқатар құқықтық мәселелерді қалыптастырады. Банктік
несиелендіруді құқықтық реттеу арнайы заңдарды қабылдауы тиіс. Мысалы,
шағын және орта бизнесті несиелендіру туралы, банктік тұтыну несиесі
туралы, ипотекалық несиелер туралы заңдар сияқты. Мұндай заңдар банктік
несиелендіру кәсіби қарекеті ретінде қарастырылатын әлемнің көптеген
мемлекеттерінде қабылданған және жүзеге асырылуда. Бұл заңнамалар қаржылық
нарықта кәсіби қарекетті жүзеге асыруға арналған банктік заем келісім-
шарттар және заңды тұлғалар мен азаматтар арасындағы заемдық құқықтық
қатынастарға қызмет көрсету сапасын арттыруы қажет.
Несиелендірудің құқықтық табиғатын анықтау осы процестегі жинақталған
құқықтық қатынастардың сипаты мен ауқымын орнатуға және олардың
экономикалық қажеттілігін анықтауға қажет. ҚР АК банктік заем келісім-
шартын банк пен клиент арасындағы қарым-қатынастың негізгі ережесі ретінде
бекітті. Яғни, осы бойынша құқықтар мен міндеттер маңызды сұрақтарды екі
жақты шешкен кезде басталады. Мұндай қалыптастыру айтарлықтай экономикалық
дәлелденген. Дегенмен, несиеленетін кәсіпкерлік қызмет нақты басқару негізі
барысында жүзеге асырылады. Кәсіпкер немесе өзге несие алушы банкпен несие
келісім-шартын бекіткеннен кейін осы щарт бойынша ақша талап етуге және
сәйкесінше өзінің іс-әрекетін жоспарлауға құқылы, ал банк несие беруге
меіндетті. Шындығына келсек, банктер несие алушыға қарастырылған несиені
беруден бас тартуға құқылы, яғни несие алушыға берілген несие өз уақытында
толықтай немесе бөлшектеніп қайтара алмайтын сипаты туындағанда. Әлбетте,
мұндай негіздемелердің бірі несие алушының төлем қабілетсіздігі болып
табылады.
Банктік несиелендірудің негізгі көзі тартылған қаржы қаражаттары болып
табылады. Бұл жағдайда банк өзінің жеке қаржы құралдарымен қоса,
салымшылардың салған ақшалары есебінен тәуекелге барады. Осы процесс
салымшылардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын құралдарды бекіту
керектігін айқындайды. Және де бұл жеке құқықтық реттеу деңгейінде емес,
керісінше жалпы қоғамдық құқықтық реттеу ережелерін бекіту жолымен жүзеге
асырылуы тиісті. Банктік заемның бірқатар элементтерінің қоғамдық-құқықтық
сипаты және салымшылардың мұдделерін қорғау қажеттілігі несиелендірудің бұл
түрін, банктік жүйенің тұрақтылығы мен банк салымшыларының мүдделерін
қорғай алатын арнайы талаптармен жүктеу.
Банктер және банктік қызмет заңының 30-бабына сәйкес несиелендіру
уәкілетті органның берген лицензиясы негізінде банктік операциялардың
кейбір түрлерін жүзеге асырушы ұйымның да банктік операциясы ретінде
қарастырылған. Берілген баптың мазмұнына сүйенетін болсақ, несиелік ұйым
болып табылмайтын заңды тұлғалар тартылған ақша қаражаттары есебінен несие
беруге құқылы емес. Осылайша банктік несиелендіру несиелік ұйымдардың
кәсіби кәсіпкерлік іс-ірекеттерінің бір түрі және олардың пайдаларын
қалыптастыратын негізгі көздердің бірі болып табылады. Бұл сипатында
банктік несиелендіру банктің кәсіби табиғаты ретінде қарастырылады және
өкілетті органмен лицинзиялануды талап етеді. Несиелендірудің өзі банк үшін
күнделікті жүзеге асырылатын іс-әрекет ретінде қарастырылуы қажет.
Банктік заем келісім-шарты бойынша банктік несиелендіру кезінде несие
беруші несие алушыға несиеге ақша беруге міндетті (ҚР АК 727-бап). Әрине,
бұл жерде сөз қомақты сома жайында, яғни банктік несиелендіру көбінесе
қолма-қол емес нысанда жүзеге асырылады. Есеп айырысу операцияларының
нормативтерін сақтау кезінде несие қолма-қол түрде ұсынылуы мүмкін.
Қазіргі заңнамаға сәйкес банктік несиені ұсынудың басты нысаны жазбаша
түрде нақты бір шаралар мен ережелерді ұстана отырып толтырылған банк
заемының келісім-шарты болып табылады (ҚР АК 727,728 баптар). Бұл келісім
шарт консесуалды, қайтарымды және өзара міндеттеуші болып табылады.
Осылайша банктік несиелендіруді несиелік ұйымдардың лизензиялануға
жататын кәсіпкерлік іс-әрекет ретінде қарастырылады. Енді банктік
несиелендірудің ерекшеліктерін оның принциптеріне қалай айналатындығын
қарастырайық.
Енді банктік несиені ұсынудың, яғни осы іс-әрекетті жүзеге асырудың
біркелкі ережелері мен принциптерін болуын қалайды. Осылайша, осы
принциптер несиелендіру операциясына қатысушылардың барлық мүдделерін
қорғауды қамтамасыз ететін, екінші жағынан, әртүрлі банктермен жүзеге
асырылатын несиелендірудің тиімділігін арттыратын жалпы принциптерге сәйкес
болуы тиіс. Біркелкілік және салыстыру функциялары банктік несиенің жалпы
принциптерінің орындалуы қажет. Жалпы принциптері ретінде бұл жерде
тәжірибе негізінде пайда болған және құқықтық талаптарда көрсетілген
несиелік қарекетті жүзеге асыру кезіндегі ережелерді айтуға болады. Несие
принциптері қарыз бен несие арасындағы нақты шекараны анықтауға мүмкіндік
береді. Несие кезіндегі зат ретінде жекешелендірілген затты қарастыруға
болады, бұл өз кезегінде принциптерге сүйенетін болсақ, затты тікелей
қайтару керектігі қажеттігін қарайды. Мұндай міндетті шарт келсісім-шарт
пәнін нивелирлеуге және оған толықтай иелік етуге мүмкіндік бермейді,
сонымен қатар, үшінші тарапқа бұл пәнді қайтарымсыз түрде иелік етуді
қаламайды. Осы себепке байланысты қарыз несиемен салыстырғанда қайтарымсыз
түрді қалайды 8, 423.
“Банктер және банктік қызмет туралы” заңының 34-бабына сәйкес заемдық
операция – банктік операциялардың жеке бір түрін жүзеге асырушы банктермен
немесе ұйымдармен өзге тұлғаларға мерзімдік, қайтарымдық және төлемділік
негізінде ақша ұсынуы болып табылады. Банктік заемдық операциялары осы
ұйымның директорлар кеңесімен бекітілген ішкі несие саясаты туралы
ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады. Ішкі несие саясатын жүзеге асырушы
орган банктің несие комитеті болып табылады.
Ішкі несие саясаты туралы ережесі заемдық операцияларды жүзеге асыру
кезінде тәуекелділік деңгейін төмендету мақсатында жасалып дамытылады және
келесілерді анықтайды:
a) заңды және жеке тұлғаларға несие ұсыну шартын;
b) банктің жұмысшылары мен өкілетті тұлғаларына несие ұсыну шартын;
c) несие комитетінің өкілетін, функциясын және ұйымдық құрылымын;
d) несие комитеті мүшелерінің жауапкершілігін;
e) несиелендіру шегін;
f) несие келісім-шартын бекіту ережесін (Банктер және банктік қызмет
туралы,
34-бап).
Сонымен қатар банктік несиелендірудің ережелері несиелендіру
операциясына қатысатын тек қана ерікті жақтардың да ереже талаптарын
қалыптастырады. Басқа сөзбен айтқанда, егер осы талаптар несие келісім
шартында көрсетілмесе, онда олар қолданылмайды және автоматты түрде пайда
болмайды. Осындай талаптардың ішіндегі екеуін атап өтуге болады – берілетін
несиенің мақсатты бағытталуы және берілген несиенің қамтамасыз етілу
шарттарының болуы. Барлық аталған талаптарды қарастырайық. Банктік
несиелендірудің төлемділігі – ақша құралдарын қолданғаны үшін пайыздық
төлемдерді төлеу. Банктік несиелендіру тәжірибесінде пайыздың екі түрін
қолдану қабылданған – несиені пайдаланғаны үшін пайыз және айыппұл пайызы,
яғни несиені өз уақытында қайтармағаны үшін алынатын пайыздар. Соңғы пайыз
түрі несиелендірудегі төлемділікті жүзеге асыруға мүмкіндік бермейді,
керісінше, несие келісім шартын өз уақытында орындамаған жағдайда
тұрақсыздық түрін сипаттайды. Алғашқы пайыз түрі капиталды пайдалану
кезінде банкке сыйлық ретінде қарастырылады. Бірақ несиенің өз уақытында
қайтарылмағаны үшін алынатын айыппұлға қосылып есептелмейді. Бұл несиені өз
уақытында қайтармаған кездегі алынатын сомаға тек қана айыппұл сомасы
қосылады, егер келісім-шартта басқа шаралар қарастырылмаған жағдайда. Несие
үшін төленетін пайыз айыппұл пайызын төлеу кезінде қарастырылуы тиіс.
Пайыздық көрсеткіш көлемін анықтау кезінде екі жағдайды ескеру қажет:
Ұлттық Банктің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі және осымен байланысты
келісім-шартта көрсетілген банк несиелендірушісінің пайыздық көрсеткішті,
несиелендіру мерзімін өзгерте алу құқығы. Теориялық тұрғыда, банктің заңды
күші бар ережелеріне сәйкес қайта қаржыландыру мөлшерлемесі халықаралық
мөлшерлемелерге (LIBOR, FIBOR және тағы басқалар) мөлшерлемелерге сәйкес
қалыптасуы керек. Бұл қаржылық көрсеткіштер әлемнің алдыңғы қатарлы қаржы
орталықтарында (Лондон, Франкфурт-на-Майне, Париж, Мадрид, Токио,
Сингапур, Нью-Йорк) бекітіледі.
Қазіргі уақытта LIBOR мөлшерлемесі 6 пайыз шамасында ауытқып тұрады. Ал
Қазақстанда Ұлттық Банк қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесін қаржы
нарығындағы заемға сұраныс пен ұсыныс бойынша инфляция деңгейі мен
инфляциялық күтулер негізінде бекітіледі (ҚР ҰБ, 31-бап). Қазіргі кезде
қайта қаржыландыру мөлшерлемесі 8,5 пайызды құрайды.
Банктегі пайыз мөлшерлемесі банкпен және оның несие алушысымен келісіліп
бекітіледі. Салым, несие бойынша пайыздық көрсеткіштер және операциялар
бойынша комиссиондық сыйақылар клиентпен келісім негізінде несие ұйымымен
бекітіледі, егер заңда басқаша көрсетілмесе. Несие ұйымы біржақты тәртіппен
комиссиондық сыйақылар, несие, депозит бойынша пайыздық көрсеткіштер мен
клиенттермен келісім-шарт мерзімін өзгертуге құқығы жоқ.
Келісім-шарттағы нақты пайыздық көрсеткіш Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру немесе есеп және ресми пайыз негізінде
анықталады. Оның құқықтық маңызы келесідей: несие алушы пайыздық көрсеткіш
бойыншы шығындарын дайындалатын өнімнің өзіндік құнына қайта қаржыландыру
мөлшерлемесі шамасында қосады. Нақты пайыз бойынша төленетін төлемнің
қалған бөлігін несие алушы таза пайдадан төлейді. Одан басқа, қайта
қаржыландыру көрсеткіші жеңілдікті несиелендіруді есептеу үшін базалық
сипат ретінде қолданылады. Бұл несиелер коммерциялық банктермен пайыздық
көрсеткіш негізінде мемлекеттің қаржысымен беріледі.
Банк несиелендіруші пайыздық көрсеткіштің нақты сомасын келісім-шартта
осы ереже арнайы көрсетілген жағдайда өзгерте алады. Егер банктің мұндай
құқығы келісім-шартта көрсетілмеген жағдайда, яғни несие алушының
келісімінсіз заңда көрсетілмесе, пайызды өзгертуге құқығы жоқ. Бұдан басқа
келісім-шартта өзге жағдайларға байланысты, мысалы, несиені өз уақытында
қайтару сипаттары айқындалған жағдайда пайыздық көрсеткішті өзгерту құқығы
мен міндетін көрсетуге болады. Пайыздық көрсеткішті төлеу несие мерзімі
банктік несиелендірудің мерзімділік талабына айналады. Бұл несие белгілі
уақытқа берілетіндігін және уақыт мерзімі біткен жағдайда қайтарылуы
керектігін білдіреді. Ең қызықтысы және қиыны несие мерзімінің басталу және
аяқталу мәселесі. Барлық қарапайымдылыққа қарамастан, ол бірқатар
нақтылауларды қажет етеді. Ескере кететіндігі, бұл мәселелер банкте есеп
шоты бар несие алушыға несие беру кезінде болмайды. Бұл мәселе банкаралық
несиелендіру немесе есеп шоты өзге банкте орналасқан несие алушыны несиелеу
кезінде пайда болады. Себебі, несие қолма-қолсыз түрде банктің есебінен
несие алушының өзге банктегі шотына аудару кезінде актуалды сипатқа ие
болады. Несиені қайтару осы жолмен керісінше жүзеге асырылады. Осы кезде
мынадай сұрақ пайда болады: төлем құжаттарының айналым мерзімі несие
мерзіміне кіреді ме? Несиенің мерзімі несие алушының шотына ақшаны
аударғаннан кейін және осы ақша құралдарын қолдану құқығы берілген күннен
басталады.
Сонымен қатар несиенің қайтарымдылығы қарапайым ережеден тұрады – несие
қайтарылуы қажет. Несиелік ұйым Қазақстан Республикасының заңнамаларында
көрсетілген шараларға сүйене отырып, несиенің қайтарылуын қамтамасыз етуі
қажет. Несие ұйымы борышкерге қатысты төлемқабілетсіздігін (банкроттылығы)
туралы белгілі болған жағдайда және заң бекітілген талаптарға сәйкес
қарызын өтеу міндетін орындамаған жағдайда сотқа шағымдануға құқылы. Бұл
жерде несиені қайтару ережесі және әдісі туралы сұрақ туындайды. Дегенмен,
несие екі әдіспен қайтарылуы мүмкін:
а) несиенің барлық сомасы мерзімі біткеннен кейін бір реттік төлеммен
қайтарылады;
б) банктің келісімімен несие келісім-шартта көрсетілгендей бөлшектеніп
қайтарылады.
Әрине екінші әдіс банк және несие алушы үшін де қолайлы. Осы процесте
басты көңіл бөлетін жайт – несиені пайдаланғаны үшін төленетін несие
сомасы. Бөлшектеніп қайтару кезінде пайыз қалған бөлігіне есептелуі керек.
Берілген қарыздың жіктелуі және несие тәукелдігін бағалау кәсіпкерлік іс-
әрекетке тәуелді түрде жүзеге асырылады. Берілетін барлық қарыздар
қамтамасыз етілу деңгейі бойынша 3 топқа бөлінеді:
- қамтамасыз етілген несие өтімді кепіл түрге ие, яғни оның нақты сомасы
берілген несиеге тең немесе одан асып кететін немесе бекітілген ереже
бойынша сақтандырылған несие түрі;
- жеткіліксіз қамтамасыз етілген несие – бөлшектеніп қамтамасыз етілген
несие. Оның нақты құны немесе жүзеге асыру қабілеті күмән келтірерліктей;
- қамтамасыз етілмеген несие – қамтамасыз ету үрдісі байқалмаған несие түрі
немесе қамтамасыз етуге нарықтық құны несие көлемінің 60 пайызынан төмен.
ҚР ҰБ-мен несиені жіктеу оның қамтамасыз ету сапасына, несие алушының
қаржылық жағдайына, оның несиелік тарихы несинің жіктелу категориясына
байланысты жүзеге асырады 9, 3. Берілген критерийлер бойынша және
несиелік міндеттемені орындауды ұзарту мерзімі негізінде одан ары қарай
несиені 3 топқа бөлеміз: стандартты, күмәнді және сенімсіз несие. Әрбір осы
топтар тәуекелдің анықталған категориясы бойынша танылады. Тәуекелдің
бірінші тобына – “стандартты несиеге” - өз уақытында және толық көлемде,
сонымен қоса 30 күн мерзімге дейін қамтамасыз етілген несиелер кіреді.
Екінші деңгейлі банктер стандартты несие бойынша шығындалған жағдайға
резервтік қор құруға міндетті емес және берілген несие көлеміне байланысты
0 пайызды құрайды. Тәуекелдің екінші тобына – “күмәнді несиелерге” – 30
күнге дейін создырылған, қамтамасыз етілмеген несиелер, 30 күннен 60 күнге
дейін создырылған, жеткіліксіз қамтамасыз етілген несилер, сонымен қатар 60
күннен 80 күнге дейін создырылған қамтамсыз етілген несиелер кіреді.
Коммерциялық банктер күмәнді несиелер бойынша шығындалу жағдайларына
берілген сомасының көлемінің мөлшеріне байланысты 5 пайыздан 50 пайызға
дейін көлемде резервтік қор құрайды. Тәуекелдің үшінші тобына – “сенімсіз
несилерге” – 60 күннен 180 күнге дейін создырылған, қамтамасыз етілмеген
және 180 күннен жоғары мерзімге дейін барлық несиелер кіреді. Екінші
деңгейлі банктер берілген сома шамасында 100 пайыз шамасында резервтік қор
құруға міндетті.
Банктік несиелендірудің қосымша принципі оның мақсатты сипаты болып
табылады. Бір тараптың талабы бойынша, әрине, бұл банк, несие келісім-
шартпен анықталған мақсатқа беріледі. Жеңілдікті несиелендіру кезінде бұл
мақсаттар заңмен анықталады және берілген несиені мақсатсыз пайдаланғаны
үшін жауапкершілікке тартылады және ол 50 айлық көрсеткіш шамасында айыппұл
салынады 10, 17-6ап. Несиені мақсатты пайдалану кезінде оны мақсатты
қолданылуын қамтамасыз ететін бақылау шаралары келісім-шартта көрсетілген,
егер талаптардан ауытқыған кезде оған әсер ету құралдары қолданылады. Банк
ай сайын немесе тоқсан сайын кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қарекеті
туралы құжаттар алып тұруға құқылы, егер несиелендіру есептік шотына ақшаны
аудару жолымен жүзеге асырылса. Егер несие алушы айналым құралдарын
жоғалтқан жағдайда, қамтамасыз ету шамасы төмендесе, қолайсыз өзгерістер
анықталған кезде немесе ақшаның мақсатсыз пайдаланғаны туралы ақпараттар
болған жағдайда банк берілген несиені мерзімінен бұрын қайтарып алуға
құқылы. Және де банк несие алушыны төлем қабілетсіз жариялауға және осы
негізде банкроттық туралы іс қозғау құқығына ие.
Шындығында да мақсатты несиелер көбінесе несие немесе арнайы несие
шоттарын ашу жолы арқылы ұсынылады, бұл өз кезегінде ақшаның қолданылуын
бақылауды жеңілдетеді.
Банкпен берілген несиелер жылжитын және жылжымайтын мүліктердің, соның
ішінде заңмен немесе келісім-шартпен қарастырылған мемлекетте және өзге де
құнды қағаздардың, банктік кепілдемелердің, кепілзаты ретінде қамтамасыз
етіледі. Несие алушы келісім-шартта көрсетілген міндеттемелерді бұзған
жағдайда банк несиені және осы несие бойынша төленген пайыздарды жетел
қайтарып алуға құқылы, егер бұл келісім-шартта қарастырылса. Сонымен қатар,
салынған мүліктіде заңда бекітілген жағдайда қайтарып ала алады.
Қазіргі уақытта Қазақстандағы банктік несие банктік заем ретінде өзінің
формасы мен мазмұны бойынша өркениетті түрге жетіп қалды. Заемды беру
кезінде банк үшін ең маңызды шарт клиенттің жақсы беделі мен оның қаржы
жағдайы 11, 489. Осыған байланысты банктер өзінің клиенттеріне қосымша
қаржыландыруды іздеуге кеңес беруді ұсынуға, бизнес жоспар құруға көмек
береді 12, 3. Мысалы, синдицирлендірілген несиелендіру экономиканың алтын
өндіру секторын дамытуды жүзеге асыруға және Қазақстанның отандық
өндірушілерін қолдау мақсатында құрылған банк-резиденттері үшін жүзеге
асырылады.

2. Несиені берудің және қайтарудың құқықтық формалары
Банктік несиені алу операциясы несиені беру жөніндегі шешімді қабылдауды
қамтитын бірқатар шараларды іске асырылуын қалайды. Нақты айтар болсақ, осы
шаралар жергілікті нормативтік актілермен реттеледі және олар әр банкте бір-
біріне сәйкес келмейді. Бәріне жалпы ортақ ережесі клиенттің төлем
қабілеттігін алдын-ала тексеру болып табылады. Осы шара арқылы бірқатар
ұйымдық, қаржылық және құқықтық мәселелер шешіледі. Әлемнің көптеген
елдерінде, сонымен қатар Еуропалық Одақ құрамына кіруші елдері арасында
кеңінен тараған әдіс несие берушілер несие бюросы арқылы несие алушының
төлем қабілеттігі туралы ақпараттармен алмасуды тұрақты негізде жүзеге
асырып отырады.
Қазіргі кезде республикамызда несие бюролар жүйесі дамытылуда. Несие
бюролары жүйесін құру банктік қызмет көрсету деңгейін көтеру, халықтың
банкке және өзге де қаржылық ұйымдарға сенімін арттыру, банктер мен несие
алушылардың мүдделерін қорғау бойынша кепілдемелер жүйесін құру, несие
қызметі нарығындағы тәуекелдерді төмендету мақсаттарында құрылуда.
Осы сипатқа байланысты 2005 жылдың шілде айының 29 жұлдызында “Несиелік
бюро және несие тарихын қалыптастыру туралы” заңына сәйкес Қазақстанда
алғашқы несиелік бюро құрылды. “Алғашқы несиелік бюро” ЖШС-нің
құрылтайшылары ретінде 7 банк қатысты: “Альянс Банк” АҚ, “АТФ Банк”,
“ТұранӘлемБанкі” АҚ, “ЦентрКредит Банкі” АҚ, “Казкоммерцбанк” АҚ,
“Қазақстан Халық банкі” АҚ және “Цеснабанк” АҚ.
Несилік бюроны құру банктермен есепті кезеңде берілген несие, сонымен
қатар осы кезеңде есептен шығарылған барлық несие беру бойынша ақпараттар
алмасу жолымен қол жеткізілді. Екінші деңгейлі банктер шағын және орта
бизнес кәсіпорындарына несие ұсынуға қызығушылық танытпайды, себебі олардың
біршама бөлігі несиелік тарихқа ие емес. Көптеген кәсіпорындардың алдағы
кезеңдегі алған несиелері бойынша ресми ақпараттың және олардың іс-
әрекетіндегі ашықтылықтың жоқтығы банктерге несиені өз уақытында қайтаруы
туралы ол кәсіпорын бойынша күмән туғызады. Мемлекетте несиелік бюроның
қызметін реттейтін қажетті нормативтік база құрылған және дамытылуда.
Банктер және банктік қызмет туралы заңның 34-бабына сәйкес несие алушы
несие алу үшін банктің немесе банктік операциялардың кейбір түрлерін жүзеге
асыратын ұйымның несие ұсынуына жазбаша келісім беруге міндетті, яғни банк
несие алушы және бекітілген шарт туралы ақпараттарды несиелік бюроның
ақпараттар базасына ұсынуға тиісті. Сонымен қатар екі жақтың өз міндеттерін
орындаумен байланысты ақпараттарды қоса ұсынуы қажет. “Несиелік бюро және
Қазақстан Республикасындағы несиелік тарихты қалыптастыру туралы” туралы
2005 жылдың 6 шілдесіндегі № 573-II заңы ҚР-ғы несиелік тарихты
қалыптастырудың құқықтық, экономикалық және ұйымдық негізін, осы процеске
қатысушылардың құқықтық жағдайын және оны қолданудың ережелерін анықтайды,
сонымен қатар несиелік бюроны құрумен, жүзеге асырумен және оның іс-
әрекетін тоқтатумен байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
Несиелік бюроның негізгі іс-әрекеттері несие тарихын қалыптастыру және
несие жөніндегі есептерді тапсыру, сонымен қатар несиелік бюро жүйесіне
қатысушылардың іс-әрекетін және арнайы әдебиеттерді, несиелік бюро іс-
әрекеті бойынша сұрақтарға кеңестік қызмет ұсынуды автоматтандыруда
қолданылатын арнайы компьютерлік бағдарламаларды жүзеге асыру болып
табылады.
Несиелік тарихты қалыптастыру және ақпараттарды қолдану келесі
принциптерге сүйене отырып жүзеге асырылады:
a) несиелік тарих субъектісінің келісімінің болуы;
b) несиелік тарих субъектілерінің тең дәрежелі болуы;
c) несиелік тарихтың ақпараттар базасын және ақпараттар жүйесін,
ақпараттарды мақсатты қолданылуы;
d) ақпараттардың құпиялылығы;
e) несиелік тарихтың ақпараттар базасының және осы базаға тиісті
ақпараттар жүйесінің қорғанысын қамтамасыз ету;
f) ұйымның және азаматтардың заңды мүдделерімен, құқықтарын, еркіндігін
қорғау;
g) азаматтардың жеке өміріне қол тигізбеу 13, 3-бап.
Несиелік бюроға ақпараттарды міндетті тасымалдаушылары болып банк, банк
операцияларының кейбір түрлерін жүзеге асырушы ұйым, сақтандырудың міндетті
түрлерін жүзеге асырушы сақтандыру ұйымдары мен мемлекеттік органдар
табылады. Өзге ұйымдар ақпараттық донор мәртебесіне иелік етуге несиелік
бюроға, ақпараттарды ұсыну туралы келісім-шартын ерікті түрде бекіту жолы
арқылы құқылы 14.
Несиені ұсынудың және қайтарудың құқықтық формаларына осы процесті
жүзеге асыру кезіндегі ережелер және құқықтық шаралар кіреді. Банк ісі
саласындағы мамандар қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктер несие алушыға
несие ресурстарын берудің үш нұсқасын қолданатына жайында көп айтады:
-несие сомасын банк шотынан несие алушының есептік шотына аударуы, осы
кезде банк ақшаның қолданылуын бақылау функциясын толықтай жоғалтады;
-банктің шотынан несие сомасын несие алушының арнайы банк осы операцияны
толықтай бақылай алады;
-банктің шотынан несие сомасын несие алушының ашылған несиелік шотына
аударған кезде, банк банктің арнайы қызметінің акцептісі бойынша
шығындалатын ақша қаражаттарын толықтай бақылай алады.
Бұл принциптер негізінен бірқатар заңдық күші бар құқықтық актілерге
сәйкес құқықтық талқылауларды қажет етеді. Егер банктік заем тұтыну
қажеттілігіне, шикізат немесе құрал-жабдықтарды сатып алуды қаржыландыру
мақсатында берілген кезде, яғни есептік шотқа түскеннен бастап шот бойынша
операциялардың кезектілігіне бағынады, ал өз кезегінде несие алушының
бюджет алдындағы қарыздарын жабуға бағытталуы мүмкін. Бұл жағдайда мақсатты
несиелендірудің мазмұны жоғалады, яғни клиенттің өзінің және банктің
мүдделеріне сәйкес келмейді.
Банктік несиелендіру банктік заем келісім-шартында көрсетілген арнайы
заңды күші бар ережелермен жүзеге асырылады. Бұл сипат Қазақстан
Республикасының Азазматтық Кодексінің 726-728 баптарымен реттеледі. Келісім-
шарт міндетті түрде жазбаша нысанда жасалуы қажет. Жазбаша нысанды сақтамау
банктік заем келісім-шартының заңды күшін жоғалтады. (ҚР АК 728-бап). Заң
шығарушы банктік заем келісім-шартын банк немесе несие ұйымы мен несие
алушы арасындағы ақша құралдарын беру жөніндегі, яғни келісім-шартта
көрсетілген көлемде және алынған сомамен және осы соманы пайдаланғаны үшін
төленетін пайызды қайтару міндеттемесін жазбаша түрде сипатын жүзеге
асыруды түсінеді.
Қазақстанның заңнамасы Ресейлік заңнамаға қарағанда “Несиелік келісім-
шарт” түсінігін қарастырмайды. Қазақстан Республикасының банктік
заңнамасында жоғарыдағы түсінік консесуалдық келісім-шарт негізіндегі
банктік заем түсінігі ретінде анықталады: банктің заемды беру міндеттемесі
осындай келісім-шартты бекіткен кезден туындайды 15, 360.
Банктік заем келісім-шарты банк клиенттерін несиелендірудің түрлеріне
қарамастан жасалуы қажет. Ол ұйымдастырушылық сипатқа ие болуы мүмкін және
вексельдік несие, онкольдық несие немесе несиелік шек түріндегі
несиелендіруді қарастырады. Іс жүзінде бұл нысандар бір-бірінен құқықтық
табиғаты бойынша емес, керісінше несиелендіруші мен несие алушының өзара
әсерлесу әдістерімен ерекшеленеді. Кез келген жағдайда осы сипатты жүзеге
асыру үшін банктік заем келісім-шартын бекітіп алу керек және осыдан кейін
сол немесе өзге нысандағы несиені ұсынуға болады. Бұндай келісім-шарт
ұйымдастырушылық сипатқа ие. Себебі осы келісім-шарт екі жақтың
міндеттерін, мерзімін және қандай жағдайда несиені қайтару немесе беру
керектігін бекітеді. Сол немесе өзге шараларды орындау келісім-шартты
бекіту емес, керісінше шарттың кейбір талаптарын жүзеге асыру болып
табылады.
Несиелік шек дегеніміз – банктің клиентке оның жазбаша өтінішінде
көрсетілген максималды сома шегінде ақша сомасын сөзсіз беру міндеттемесі.
Несие алушы бұл кезде несиелік шектің мерзімі ішінде әртүрлі несие сомасын
қолдануға және алғашқы нақты пайыз бойынша соманы төлеу міндеттемесіне ие.
Несиелік шек әдетте бір жылға ашылады. Ол маусымдық айналым капиталының
жеткіліксіздігінен – маусымдық, ақша құралдана ұзақ мерзімді қажеттілік
туындаған кезде – қайта жаңартылатын болып бөлінеді. Онколдық немесе
вексельдік несие (on call ағылшын сөзінен – талап бойынша) дегеніміз –
қазыналық, коммерциялық немесе өзгеде вексельдердің қамтамасыз етілуімен
берілетін және бірінші талап бойынша өтелетін қысқа мерзімді несие. Әдетте
несие арнайы несиелік шот бойынша беріледі, яғни осы түрі бойынша несиені
толықтай қайтару және пайыздарды төлеу жүзеге асырылады.
Банктік заем келісім-шартын бекітетін кезде шартты бекітетін өкілетті
тараптарды дұрыс анықтап алу қажет. Сот тәжірибесіне сүйенетін болсақ,
бірқатар формальды талаптарды сақтамаудың салдарынан бірнеше несие келісім-
шарттары жарамсыз болып табылды. Банктік заем келісім-шартының жарамдылығы
келісім-шартты бекітетін өкілетті тұлғаның құзырлығына, заңдар мен
жарғылардың талаптарына байланысты болады. Бұл банкке де, несие алушыға да
қатысты. Банктік заем келісім-шартын бекіту кезінде өкілетті тұлғаның
құқықтық негіздемесін ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар негіздеменің
өзімен танысу керек. Дегенмен соттық жанжалды шешу кезінде тараптар шектеу
сипаты туралы білу керектігі немесе білетіндігі жайлы келісім-шартта
сілтеме болуы керек.

3. Банктік несиелендіруді қамтамасыз етудің ерекшеліктері
Банктік несиелендіруді кәсіби іс-әрекет ретінде жүзеге асыру кезінде
несиені ұсыну жайлы маңызды және шешілетін сұрақтардың болуын қалайды. Бұл
айтарлықтай түсінікті, егер ұйым ерекше жағдайларда несие берген кезде ол
несие алушының төлем қабілеттілігі жайлы жақсы ақпараттандырылған. Кері
жағдай болғанның өзінде пайда болған шығынды өзге қызметтерден түскен
шығындармен жабуға болады. Егер банк өзінің сәтті қызметтері үшін тұрақты
түрде несие беріп тұрған кезде сол немесе өзге себептерге байланысты
берілген несиенің қайтарылмау мүмкіндіктерін қарастыру керек. Сондықтан
банктің және оның салымшыларының несие ала-алмаған кездегі мүдделері қалай
қорғалатындығын алдын ала анықтап алуы қажет. Тәжірибе көрсеткендей
мемлекетіміздегі несиелердің қайтарылмауы көп кездесіп, бұлар қарапайым
жағдай болып барады, яғни бұл міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ететін
әдістерді қосымша қарастырудың қажеттігін айқындайды.
Іс жүзінде банк міндеттемелерді орындатуға Қазақстан Республикасындағы
кез келген азаматтық құқығын қолдануға және келісім-шартта заңға қайшы емес
міндеттемелерді көрсете алады.
ҚР АК 292-бабы бекіткендей, міндеттемелерді орындау заңдарда немесе
шартта көзделген айып төлету, кепіл, борышқор мүлкін алып қалу, аманат,
кепілдік, кепілпұл және басқа да әдістер арқылы қамтамасыз етіледі.
Теориялық көзқарас бойынша банк мүдделерін қорғайтын құралдардың және
құқықтық қатынасқа қатысатын қатысушылардың міндеттемелері мен құқықтарының
жиынтығының құқықтық табиғатын айыра білу керек. Осыған байланысты несие
қайтарылмаған жағдайда қолданылатын құқықтық институттарды үш топқа болуге
болады. Бірінші топқа ҚР АК 18-тарауында қарастырылған міндеттемелерді
орындатуды қамтамасыз ететін дәстүрлі әдістер кірген. Осылардың ішіндегі ең
жиі қолданылатын әдістері айып төлету, кепіл, кепіл болушылық және
кепілдік. Екінші топқа несиені қайтармаған кезде банктің мүдделерін
қанағаттандыруға құқықтық кепіл қалыптастыратын сақтандырудың әртүрлі
келісім-шарттары кіреді. Ал үшінші топқа банк пен оның салымшыларының
мүдделерін қорғайтын стандартты емес әдістері кіреді. Бұл жерде сөз
міндеттемені тоқтатудың және қарызды өтеудің мүлікпен төлетудің екі
тарапқада тиімді жолы арқылы жағдай жасайды.
ҚР АК 293-бабына сәйкес айып төлеу дегеніміз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктік құқық және банк жүйесінің теориялық аспектілері
Шағын бизнес – кәсіпкерліктің ерекше формасы
Ипотекалық несиелендірудің нарықта алатын орны, халықты тұрғын үймен қаматамасыз етудегі негізгі құралы ретінде қолданылуы және қазіргі таңдағы еліміздегі ипотекалық несиелендірудің жүзеге асу тәртібі, басты мәселелері мен оларды шешу жолдары
Қазақстан Республикасында банк жүйесінің қалыптасуы
Кәсіпорынның инвестициялық саясатын талдау
Cалықтардың қызмет етуінің теориялық негіздері
Инвестициялық қызметті іске асыру принципі
«Екінші деңгейлі банктер қызметтеріне бақылау және қадағалау»
Банктердің кредиттеу операцияларын құқыктық реттеу
Банктік операциялардың түрлері
Пәндер