КӘСІПОРЫН ҚАРАЖАТЫН ЖОСПАРЛАУ


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Кәсіпорын экономикадағы ең негізгі буын болып табылады. Егер кәсіпорындар тиімді жұмыс істесе, олардың өзара қатынастары орында және тиімді болса, соғұрлым жалпы экономика тиімді болуына мүмкіндік мол болады. Сондықтан кәсіпорынды басқару, жұмысын ұйымдастыру ең негізгі мәселелердің бірі болып табылады.
Сыртқы ортаның өзгерісінің жылдамдығына байланысты, тек қана ішкі және ағынды мәселеге ғана көңіл аудару арқылы кәсіпорынның қызыметін тиімді ету мүмкін емес. Сыртқы ортадағы, жеткізушілер мен сатып алушылардағы өзгерістер, бәсекеліктің өсуі, ғылым мен техникадағы өзгерістер жағдайына болашақтағы кәсіпорынның жағдайын анықтау барған сайын қиынға айналып барады.
Сондықтан, алда жасалынатын жұмыстардың жоспарын жасау қажеттігі күннен - күнге артып келеді. Ол жоспардың сапасы, құны және жоспар жасауға кететін уақыттың шамасы кәсіпорын жұмысының тиімділігін арттыратыны сөзсіз. Ғылым мен техниканың қарқынды дамуының арқасында күнделікті есеп - қисаптарды компьютерлер арқылы дәл жылдам жасау мүмкіндігі толық қамтамасыз етілді деп айтуға болады. Сондықтан қазіргі заманда мамандардан жағдайды талдап, болашақты көргендік пен болжамай білуді талап етеді. Осы талаптан алғанда менің дипломдық жұмысымның тақырыбы өзекті мәселені қамтиды.
Жоспарлау кәсіпорынды басқарудағы ең маңызды буын болып табылады.
Дипломдық жұмысымның мақсаты жоспарлаудың нәтижесінде кәсіпорынның барлық бөлімшелерінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етуін зерттеу. Төменде, әр тарауда кішігірім кіріспеде, жоспарлаудың мәні мен маңызы тағыда нақтылап айтылады.
Бұл жұмыстың барысында мынадай мәселелерді қарастырғым келеді:
- жоспардың түрлері, оның бір-бірінен айырмашылығын;
- әр жоспардың алдында қойған мақсаттары мен атқаратын қызметін;
- жоспарды жасауға қажетті материалдар, ол материалдарды жинау, сақтау және талдау тәсілдері, сонымен қатар олардың құнын;
- әр жоспарды құру күнделігіне, жоспар жасалған мерзімнің ұқасатығының әсерін;
- жоспардың кәсіпорынның қызметі мен өндіретін өніміне байланысты күрделілігін;
- жоспарлау барысында қолданылатын тәсілдер мен әдіснамалардың түрлерін;
- жоспарлау ісінде статистикалық мәліметтердің атқаратын орнын;
- жоспарлау ісіне мәліметтің құрамы мен құрылымының әсерін;
- жоспардың сапасын;
- жоспарға ағымды өзгерісер енгізу мүмкіндігі және оның өнеркәсіп қызметінің нәтижесіне әсерін;
- қаражат жоспарының басқа жоспарлармен байланысы мен өзара әсерлерлесін;
- жоспарлау ісінде мамандардың атқаратын орнын.
Адам баласы қандайда бір істі бастамас бұрын: қай іспен айналысу керек, қашанға, қалай және ол үшін қандай қаражатты пайдаланатынын тиянақты ойластырып алады. Сондықтан, кез-келген қызметте алдымен мақсатты және оған жету жолын белгілеп алу керек.
Алдына мақсат қою үшін көргендік, болжам, жоспар керек. Сонымен жоспар мақсатын анықтауға және оны орындауға қажетті құралдың бірі болып саналады.
Жоспарлау процесі төрт этаптан құралады:
- жалпы мақсатты анықтау;
- жалпы мақсатты кезеңдерге бөліп, әр кезеңнің өз мақсатын нақты, дәлірек анықтау;
- мақсатқа жетудің жолдары мен қажетті қаражаттың мөлшерін анықтау;
- нақты көрсеткіштерді жоспармен салыстыру арқылы мақсатқа жету барысын қадағалау.
Кәсіпорында жоспарлау жүйесін жасау белгілі бір мөлшерде шығынды қажет етеді. Бірақ өндірісті тиімді ұйымдастыру барысында түсетін түсім бұл шығынды анықтайды. Сондықтан ішкі жоспарлаудың өндірістік емес шығын деп қарау дұрыс деп айтуға болмайды. Бұл жағынан қарағанда, өндірістік емес еңбекке жата тұра жоспарлау еңбек өнімділігін арттыруға себепкер болады . Өндірістік емес еңбек деп қарастыратын кәсіпорындар оған қажетті шығынды азайтуға тырысады.
Қазiргi кезде көпшiлiк кәсiпорындар дамудың болашақтағы бағыттары мен түрлерiн ғылыми әдiстемелiк негiздеу, кәсiпорынды дамыту мақсаты мен сыртқы, қаржылық ортаға ыңғайлану арқылы қаржылық iс-әрекеттi саналы басқару қажеттiлiгiн мойындауда. Елдегi макроэкономикалық көрсеткiштерде, нарықты мемлекеттiк реттеу жүйесiнде, қаржылық нарық конъюнктурасында елеулi өзгерiстер орын алғанда және соған байланысты белгiсiздiктер пайда болғанда қаржылық стратегия кәсiпорынның қаржылық iс-әрекетiн келешекте басқарудың маңызды құралы болып табылады. Қаржылық стратегия кәсiпорынның жалпы даму мiндеттерi мен қаржылық идеялогиялары және оған қол жеткiзудiң бiршама ұтымды жолдарын таңдау арқылы анықталатын қаржылық iс-өрекеттiң ұзақ мерзiмдi мақсаттар жүйесiн қамтиды.
Отандық және шетелдiк компаниялар бәсекелестiгi жағдайында iшкi және сыртқы қаржылық орта факторларының мүмкiн өзгерiстерiне ыңғайластырылған қаржылық стратегия құрмай кәсiпорын құру және дамыту қиынға соғады. Мұндай жағдайда кәсiпорынның жеке құрылымдық бөлiмшелерiнiң қаржылық шешiмдерi әртүрлі сипат алып қарама-қайшылықтар туындайды және қаржылық iс-әрекеттiң тиiмдiлiгiн төмендетедi.
Жаңа коммерциялық мүмкiндiктерге байланысты кәсiпорынның шаруашылық iс-әрекетiнiң түбегейлi өзгеруi қаржылық стратегияны жасаудың алғышарты болып табылады. Мұндай мақсаттарды жүзеге асыру өндiрiстiк ассортименттердi өзгертудi, жаңа өндiрiстiк технологияларды енгiзудi, өнiмдi өткiзудiң жаңа нарықтарын игерудi және т. б. талап етедi. Мұндай жағдайда кәсiпорынның қаржылық белсендiлiгiнiң едәуiр артуы және оның қаржылық iс-әрекет аясын кеңейту нақты қаржылық стратегияларын жасауды қамтамасыз ететiн болжамды сипатта болады.
Қазiргi отандық экономикалық зерттеулерде макроэкономикалық қаржылық саясатқа қарағанда кәсiпорынның қаржылық iс-әрекетi, iшкi және сыртқы нарықтарда ұтымды қаржылық стратегияларды жасау мәселелерi өте аз зерттелген. Айтылған мәселенiң теориялық және қолданбалы жақтарының аз зерттелгендiгi осы дипломдық-ғылыми жұмыстың маңыздылығына негiз болды.
Кәсіпорынды қайта құру өте қиын жағдайда, яғни сырттан келетін шикізат, қуат өндіргіштер, айналым қорының жетіспеушілігі және бюджеттік қаражаттың шектеулілігі өндіріс сферасын ынталандыруға толық мүмкіндік бермейді. Тәжірибеден белгілі, нашар жұмыс істейтін кәсіпорындарда жоспарлауды ұйымдастыру мәселесі нашар жолға қойылған. Сондықтан, шаруашылықты тиімді жүргізу шараларын кәсіпорын деңгейінде қарастыру қажет. Мұндай мәселені жүзеге асыру үшін әрбір кәсіпорында стратегиялық жоспарлау жақсы жолға қойылған болуы керек. Нарықты экономикаға сай өндірісті басқару және ұйымдастыру тетігін дұрыс жолға қойылған жоспарлаусыз жасау барлық жағдайда жақсы нәтиже бере бермейді.
1. КӘСІПОРЫН - ЖОСПАРЛАНАТЫН НЕГІЗГІ ОБЪЕКТІЛЕРДІҢ БІРІ
1. 1. Жоспар нысаны және оның түрлері
Жалпы жағдайда жоспарлануды болашақта не жасау керек екендігі туралы шешім қабылдау деп қарастыруға болады. Жоспарлаудың нәтижесі болып басшы органдардың не, қашан, қайда және қалай жасалу керек екендігі туралы шешімдері табылады. Жоспарлау барысында әртүрлі нұсқаулар қарастырылып, соның ішінен тиімдісі таңдалады. Басшының шешімі төменгі бөлімшелерге тартылып, оларға өз жоспарын құруға негіз болады. Ж оспар дегеніміз - алда күтіп тұрған жағдайды ескере отырып жасалған мақсат, оны іске асыру жолдары және кәсіпорын қызметкерлерінің іс әрекеттері туралы шешім дайындау, оның әртүрлі нұсқауларын қарастырып, салыстыру нәтижесінде тиімдісін таңдау.
Жоспарлы шешім қабылдау әр қашан ресурстарды пайдаланумен байланысты. Қысқаша айтқанда жоспар кәсіпорынның ресурсын пайдаланудың бір нұсқасы болып табылады. Сондықтан, кәсіпорынның ресурсы жоспарлауды қажет етеді.
Ресурсты жоспарлаудың мақсаты - оны пайдалануды оңтайландыру болып табылады.
Ресурстарды жоспарлау оның шығынның мөлшерін, бағытын және пайдалану мерзімін, пайдалану тәртібін, өзара ауыстырылымдығын қарастырады.
Ресурсты жіктеу әртүрлі болуы мүмкін, сондықтан жиі кездесетін талаптарды атап өтейік:
Еңбек ресурстары. Еңбек ресурстары деп - еліміздің еңбекке қабілетті, денсаулығы мен білімі бар тұрғындарын айтамыз. Еңбек ресурстары сан және сапа жағынан бағаланады. Сан жағынан бағалау, еңбек ресурстарының санының көрсеткіштерімен сипатталады. Еңбек қабілеті бар тұрғындар екі группаға бөлінеді: экономика жағынан белсенді және белсенсіз.
Экономика жағынан белсенділерге мыналар жатады: халық шаруашылығына еңбек етіп жатқандар, өзін-өзі жұмыспен қамтамасыз етіп жүрген жұмыскерлер: балалы әйелдер; әскери қызметкерлер; жәрдем ақы алатын жұмыссыздар.
Экономика жағынан белсенсіздерге мыналар жатады: еңбек ету жасындағы оқушылар; еңбек ету жасындағы мүгедектер; бас бостандығынан айырылған адамдар; уақытша жұмыссыздар.
Экономикалық белсенді және белсенсіздердің ара салмағы кейбір мемлекеттік - экономикалық, саяси және демографиялық факторларға байланысты.
Еңбек ресурсының құрамының сапсы мыналар арқылы сипатталады: денсаулық дәрежесі; білім және біліктілік дәрежесі; жұмыскерлердің жыныстық жас шама құрамы; жұмыскерлердің мұқтаждары.
Кәсіпорын еңбек ресурсы дегеніміз - оның мамандары. Шет ел мамандары кәсіпорынның құрамын мүлік және адам капиталы түрінде қарастырады, оның ішінде бастысы болып адам есептеледі. Еңбек ресурсының кәсіпорында алатын орны мына факторлар арқылы анықталады:
- қазіргі замандағы өндіріс ғылымды және үлкен қаржыны қажет ететіндігіне байланысты, мамандарға қойылатын талаптар да өсті;
- бәсекенің өсуіне байланысты, өнімнің сапасы және оның ғылыми- техникалық дәрежесіне баса назар аударыла бастайды,
оның деңгейі кәсіпорынның мамандарына байланысты;
- жаңа технологиялар енгізудің қажеттілігі еңбекке шығармашылықпен қарауға және жоғары дәрежедегі маман болуды қажет етеді;
- еңбектің ұжымдық түрі ұлғайып келеді, сондықтан бірге қимыл жасау, ынтымақтастық, қарама - қайшылық тәрізді мәселелер пайда болады;
- қызметкерлердің еңбегі, мемлекеттік кәсіпорындардың өзінде де кәсіпкерлік мағына болып отыр.
Жоғарыда айтылған факторлар, еңбек ресурсын жоспарлауда қызметкердің жекелеген қасиетін, әрбіреуінің жеке мүдделігі мен еңбекке деген шығармашылық қатынасын есепке алуды қажет етеді.
Мамандарды өндірістің тиімділігін көрсететін әлеумет ретінде мынандай аспектілер қарастырылады:
- мамандарды таңдау, орналастыру және оны дәрежесін көрсету жөнінде орынды жоспарлаған саясат;
- дайындау, қайта дайындау және мамандық деңгейін көрсету;
- кәсіпорынның мамандар құрамының тұрақтылығын және икемділігін қамтамасыз ету;
- қызметкерлерді моральді және материалды ынталандыру;
Мамандардың құрамы кәсіпорын өндірісінің құрамымен анықталады. Барлық жұмыскерлер екі категорияға бөлінеді: өндірістк және өндірістік емес деп.
Атқаратын міндетіне байланысты жұмысшы және қызметші болып бөлінеді.
Кәсіпорынның мүлкіне қатысы бойынша меншік иесі және жалданушы жұмыскерлер болып бөлінеді.
Кәсіпорындарда еңбек ресурсын жоспарлауда мынадай көрсеткіштер қарастырылады:
- жұмысшы мамандардың саны мен құрамы;
- еңбек өнімділігі;
- еңбек ақы;
- жұмыс күшінің қажеттілігі және маман дайындау мәселесі;
- қол еңбегінің мөлшерін азайту ;
- мамандар резерві ;
- жұмыс уақытының нормасы, өндірім, өндіріс программасының еңбек сиымдылығы, өндіріс циклының ұзақтығы және т. б.
Өндірістік қор. Кәсіпорын жұмысшылары еңбек құралдарының көмегімен еңбек заттарына әсер ету арқылы дайын өнім шығарады. Ақшалай түрде бағаланған еңбек құралдары кәсіпорынның өндіріс қорын құрайды. Өндіріс процесіндегі атқаратын қызметіне, оның бағасының дайын өнімге ауысу тәсіліне, еңбек құралы және еңбек затын қайта өндіруде атқаратын роліне байланысты негізгі және айналымды қор болып екіге бөлінеді.
Негізгі өндірістік қор - өндірістік қордың өндіріске ұзақ мерзімде қатысып, өзінің алғашқы түрін сақтай отырып, бағасын дайындаған өнімде пайдалануға байланысты, белгілі бір мөлшерде беріліп отыратын өндірістік қордың бөлігі. Оларды күрделі қаржы жұмсаламы арқылы толақтырылады.
Негізгі өндірістік қор кәсіпорынның материалды- техникалық негізін құрайды, сондықтан жоспарлаудың ең негізгі объектісі болып табылады. Оның мөлшері кәсіпорынның өндірістік қуаты мен еңбек құралдарының техникалық деңгейін көрсетеді. Нақты экономика жағдайда негізгі қор экономикалық өсуді, өндірісті сәйкестендіруді, сапаны жақсартуды, ғылыми-техникалық деңгейін және өнімнің бәсекеге жарамдылығын қамтамасыз ететін басты фактор деп саналады. Өнеркәсіпте негізгі өндірістік қор әртүрлі мақсаттарға пайдаланатын, көптеген әртүрлі еңбек құралдарын қамтиды.
Негізгі өндіріс қорын жоспарлаудың мақсаты - кәсіпорынның стратегиялық және тактикалық мақсатына жетуді қамтамасыз ететін негізгі қордың құрамын және құрылысының тиімді мөлшерін табу және белсенді элементтердің қызметін дұрыс ұйымдастыру.
Негізгі қорды жоспарлау барысында мынадай көрсеткіштер қарастырамыз:
- негізгі қорды қарқынды және интенсивті пайдалану;
- еңбектік қормен жарақтандырылуы, қор қайтарымы, өнімнің іс қор сиымдылығы;
- күрделі құрылыс бойынша шаралар және негізгі қорды жаңғырту;
- машина паркінің мөлшері мен құрылымы;
- кәсіпорынның өндірістік қуаты және оның бөлімшелері:
- жаңа өндірістік қуаттар мен негізгі қорды іске қосу;
- құрал жабдықтардың жұмыс істеу кестесі және т. б.
Негізгі қордан заңда көрсетілген тәртіп бойынша бюджетке төлем төленеді. Төлемді есептеу нысаны кесте 1 - де келтірілген.
Өндіріс процесінде негізгі қормен қатар кәсіпорынның айналым қоры болу керек. Айналым қоры- өндірістік қордың әрбір өндіріс циклы кезінде түгел пайдаланылатын бөлігі және оның құны дайын өнім құнына толық ауысады. Бұл қордың мөлшері, өнім өндіру қаншаға, өссе сондай пропорцияда өседі. Ғылыми-техниканың жаңалықтарын пайдалану арқылы, өнімді өндіруге кететін шығынды азайтуға болады. Айналым қоры 4 бөліктен тұрады, олар:
- өндірістік босалқы қор;
- аяқталмай қалған өндіріс;
- жартылай дайын меншікті өнім;
- болашақтағы шығын.
Кесте 1. - Төлемді есептеу нысаны
Жылдық жоспар
2006 ж
Салық төленген негізгі қордың құны
(1 жол-2 жол)
Айналым қоры өнімді өткізу мен шикізат сатып алуы үздіксіз процеске айналдыруға қажетті элемент. Оларға мыналар жатады: дайын өнімнің қоры, ақшалай қор, шикізат сатып алуға, материал, отын, энергия, еңбек ақы төлеуге арналған қор. Айналым қоры дайын өнімді тұтынушыға айналу ортасы арқылы өткізуді қамтамасыз етеді. Айналым қоры және айналыс қоры аталамдар мен қатар айналым қаражаты деген аталымды қолданамыз: ол айналым қоры мен айналыс қорының ақшалай сипатталғандағы түрі. Айналым қаражаты жоспарлау объектісіне жатады.
Айналым қоры мен айналыс қорының жоспарлау көрсеткіштеріне мыналар жатады:
- шикізаттың аталымдары мен мөлшері, материалдардың, отындардың, жартылай дайын өнімдердің, бөлшектер, негізгі қорды жөндеуге қажетті босалқы заттар;
- аяқталмаған өнім қоры, меншікті аяқталмаған өнім, бөлшектері;
- өнімді және оның бөлшектерін дайындау үшін кететін тауарлы- материалды құндылықтардың шығынының нормасы;
- материалды ресурстарды пайдаланудың тиімділігі;
- сапа көрсеткіші сенімділігі, бәсекелестігі өнімнің, шыдамдылығы.
Инвестиция. Инвестиция құрамына қаржы және материалды ресурстарға қоса мүлікті және интелектуалды құндылықтардың кәсіпкерлік және де басқа іс- қимылға пайда табу мақсатында қосуға болатын барлық түрі кіреді.
Маңыздылығына байланысты жоспарлауға инвестицияның үш түрін жатқызуға болады:
- нақты- материалды өндіріске ұзақ мезімді қаржыландыру;
- қаржылық -құнды қағаз және мүліктік құқық салып алу;
- интелектуалды, мамандарға, лицензия, «ноу-хау», ғылыми зерттеулерді қаржыландыру.
Инвестициялық қызметті жоспарлау объектісі ретінде жаңадан құрылған және жаңғыртылған негізгі қор, айналымды қор, құнды қағаздар, ақыл-ой құндылығы, ғылыми-техникалық өнім қарастырылады. Мысалы инвестициялық объекті ретінде жерді қарастыруға болады.
Кәсіпорынның стратегиясының бір элементі болып «протфельдік» стратегия табылады. «Протфельдік» стратегия мыналарды қарастырады:
- кәсіпорын немесе оның акцияларын сатып алу;
- бірлескен кәсіпорын құру;
- тиімсіз және болашағы жоқ өндірістік саладан бірте-бірте шығып кету;
- кәсіпорынды, оның кейбір бөлімшелерін немесе акцияларын сату;
- бос ресурстарды, капитал түрінде орналастыру.
Кәсіпкерлік дарын. Кәсіпкерлік дарын ресурс ретінде қабылдау, барлық жағдайда дұрыс деп атауға болмайды. Ол өндірістік қызмет пен коммерциялық қызметі оңтайлы пайдалану, жаңалықтарды пайдалану, жұмысқа жауапкершілікпен қарау және қызметкерлердің жекелеген қасиетіне байланысты. Кәсіпкерлік табиғаттың берген дарыны. Кәсіпкерлік дарынды тәрбиелеу оңай шаруа емес . Бұл арада адамның ойлау қаблеті, оның қимылының себептері, эмоциясы, шешім қабылдауға және оны іске асырудағы шыдамдылығы негізгі мәселе болып табылады. Жоспарлы шешімдерді қалай болса адамдар қабылдайды, сондықтан қаншама маңызды болғанымен техникалық құралдар тек көмекші ғана болып табылады.
1. 2 Жоспарлаудың негізгі обьектілері
Нарықты экономика жоспарлаудың барлық элементтерін қайта қарастыруға мәжбүр етті. Кеңес үкіметі кезінде халық шаруашылығының жоспары болатын. Жоспарлау экономиканы басқару жүйесі экономиканың дамуына байланысты түрін өзгертеді. Біздің елімізде экономиканы басқару мынандай жағдайларда қалыптасқан болатын:
- мемелекеттік кәсіпорындардың басымдылығы, ол дегеніміз мемлекеттік меншік басым деген сөз;
- кәсіпорындар арасындағы шаруашылық байланысы қатал белгіленеді;
- шаруашылық субъектісінің өндірістік - шаруашылық дербестігі шектеулі болады;
- өндірісті шоғырландыру, өндірістің мақсаты шаруашылықты есеп тиімділігі емес, халық шаруашылығы тиімділігіне бағытталады;
- біртұтас халық шаруашылығы кешенінің тұйықтығы.
Мұндай жағдайда халық шаруашылғын жоспарлаудың мынадай принциптері негізге алынады:
- біртұтас халық шаруашылығы кшенін басқарудың бір ортаға шоғырландыру;
- жоспарлау басқарудың басқа қызметтерінен жоғары бағаланады, атап айтқанда жоспар қалай орындалу керек болды;
- мемлекет тұрғысынан қатал бақылау;
- жоспар шешімдері басшылық нұсқау болып табылады;
Халық шаруашылығы жоспарының негізгі мақсаттары:
- қоғамдық өндіріс дамуының үдемелері үйлесімділікті қамтамасыз ету, тұрақты үйлесімді өсу және халық шаруашылық кешендерін оңтайлы орналастыру;
- экономиканың барлық бөлімдерін аз шығын жасай отырып халық шаруашылығының жоғары нәтижесіне жетуге бағыттау;
- қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың жан-жақты үдемелі формаларын пайдалануды дамыту;
- ғылыми-техкалық жаңалықтарды жылдам ендіру;
- өндірістік қор, материалдар және еңбек ресурстарын дұрыс пайдалануды жақсарту, табыстың тиімділігін өсіру.
Экономикалық даму тарихы жоспарлау - басқарудың ең бір маңызды құралдарының бірі екенін дәлелдейді. Жоспарлау тиімді болады, егер мына жағдайда қолданылса: біріншіден, экономикалық даму барысының нақты шарттарын есепке ала отырып жасалынса; екіншіден, басқарудың басқа да тәсілдерімен есептеп жасалынса.
1 ) Жоспарлы шешімнің міндеттілігі тұрғысынан қарастырсақ бағыттама (басшы) және ниет жоспары деп бөлуімізге болады.
Бағыттама (басшы) жоспарлау міндетті түрде орындалуы қажет шешімдер дайындау процессі деп қарастырамыз . Кеңестік халық шаруашылық жоспар белгілі бір адреске бағытталған болады және тым бөлшектеп жатуды қажет етпейді. Мысалы: қоршаған ортаны қорғау ; қорғаныс; әлеуметтік саясат; экономиканың құрылымын қайта құру. Жоспарлау мамандары бағыттама жоспары нарықты экономикаға қайшы емес екенін көрсетеді.
Ниетті жоспарлау басшылық жоспарлауға керісінше, орындауға міндетті емес жоспар. Ниет жоспарының құрамында міндетті тапсырмалардың болуы мүмкін, бірақ оның саны шектеулі. Жалпы алғанда, ол бағыттаушы, ұсыныс ретінде қолданылады.
Ниет жоспарының тапсырмалары индикатор деп саналады. Индикатор-әлеуметтік - экономикалық саясатты қалыптастыру барысында мемлекеттік басқару мекемелерінің таңдап алған экономиканың даму жағдайын және бағытын сипаттайтын көрсеткіш, сонымен қатар осы көрсеткіштерге жету үшін мемлекет тарапынан шаруашылық процессіне әсер ету мөлшерін белгілейді.
Ниет жоспары кішігірім деңгейдегі объектілер үшін де пайдалануға болады. Болашақ жоспарды жасауда ниет жоспары қолданылады, ал ағынды жоспарлауда - басшылық жоспар пайдаланады. Көптеген шет ел зерттеушілер міндет пен жоспардың өзгешелігін жетік түсіну керек екенін атап көрсетеді. Жоспарға қарағанда міндет нақты шара қолдану үшін шешім қабылдаушымен байланысты.
Мынадай мысал қарастырайық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz