Жеткіншек жаста әлеуметтену процесін қарастыру


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ - ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Жеткіншектің әлеуметтенуіне психологиялық әсер ететін топтық әдістер

Алматы - 2013

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

І ЖЕТКІНШЕКТІҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУІ ПРОЦЕСІНДЕГІ АДДИКТИВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

  1. Әлеуметтенудің феномендері, механизмдері және бағыттары
  2. Жеткіншек жаста тұлға дамуындағы аддиктивті мінез-құлықтың

әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы

  1. Әсер ету топтық әдістерінің әлеуметтік психологиялық

сипаттамалары және оларды жастармен жұмыс істеуде қолдану ерекшеліктері

ІІ АДДИКТВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ ЖАҒЫМДЫ ӘЛЕУМЕТТЕНУІНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТОПТЫҚ ӘДІСТЕРДІҢ ӘСЕР ЕТУІН ЗЕРТТЕУ

2. 1 Жеткіншектердің әлеуметтенуіне байланысты жүргізетін жұмысының негізгі бағыттары

2. 2 Аддиктивті мінез-құлықты балалар мен олардың ата-аналарына арналған коррекциялық жұмыс нәтижелері

ҚОРЫТЫНДЫ ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда Қазақстанда тұлғаның қалыптасу шарттарында күрделі өзгерістер болып жатыр. Жеке тұлға - бұл адам болмысы, ең негізгісі адами бейнесі басқа биологиялық түрде ажыратылуы. Адам әлеуметтену процесінде жеке тұлға болып қалыптасады және индивид әлеуметтік қатынасқа түскенде жеке тұлға болып қалыптасады. Әлеуметтену индивид әлеуметтік «Мен»-нің қалыптасу процесі. Ол индивидтің барлық формаларды мәдениетті, тәрбие мен оқытуды меңгергенін қарастырады.

Бұл процесс тәрбие нәтижесі ретінде болады. Яғни әлеуметтенудің екі жақты бағыттары болады: адамның өзі әлеуметтік дағдыларды игеру үшін барлық күш жігерін салады, және қоғам тәрбиелеу мен оқыту арқылы мәдениетке оны қалыптастырады.

Жеткіншек өмірінде болып жатқандардың барлығын әлеуметтену факторы ретінде қарастыруға болады.

Қазіргі таңда түрлі қоғамдық институттар мен ұйымдардың қарастыратыны жастардың қоғамдық және рухани дағдарыс шарттарына бейімделу мәселесі болып отыр. Бұл заңды да, өйткені нақ осы жастардың жағдайы қоғамның болашағына және оны дамытуына әсері айтарлықтай жеткілікті қоғамның сақталынып қалуы үшін әлеуметтік рольдерді дұрыс орындау үшін қажетті сапаларды түсіну үшін өсіп келе жатқан ұрпақтарға білімнің көмегі зор.

Өзгерген әлеуметтік-экономикалық шарттарда бұл мәселе өзекті болып келеді. Осымен байланысты жеткіншектің тұлғалық дамуының белсенділігі үшін практикалық психология аумағында жинақталған әдістер мен топтық әдістемелер қорын қолдану ұсынылады.

Әлеуметтендіру шартындағы бұл жұмысты біз әлеуметтік - белгілі бағалы бағдардың және жеткіншектің үрейлену деңгейінің көрінуімен түсінеміз.

Зерттеу мақсаты: жеткіншектің әлеуметтенуіне психологиялық әсер ететін топтық әдістерді анықтау.

Зерттеу нысанасы : жеткіншектің әлеуметтену процесі.

Зерттеу пәні : жеткіншектің әлеуметтенуіне топтық әдістердің психологиялық әсері.

Болжам : тұлғалық өлшемдегі тренинг жеткіншектердің үрейлік деңгейін түсіруі мен әлеуметтік-белгілі бағалы бағдардың қалыптасуына әсер етеді.

Зерттеу міндеттері :

  1. Жеткіншек жаста әлеуметтену процесін қарастыру.
  2. Әсер ететін топтық әдістердің әлеуметтік-психологиялық сипаттамасын біліп, оларды жастармен жұмыс істеуде қолдануды үйрену.
  3. Әсер ететін топтық әдістерге әлеуметтік психологиялық сипаттамасын құрастыру.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізі - жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына мәдени-тарихи теориясы Л. С. Выготский; іс-әрекет теориясы А. Н. Леонтьев; мотивациялық процесс Дж-Арткинсон, Х. Хекхазуент негіздерінен алынды. Ал психикалық даму ерекшелігі Е. Е. Климов, М. Р. Гинзбург, Э. Штрангер еңбектері колданылды. Тренингті топтық жұмыс Ф. Ферлз, В. Саттир, М. Эриксон, Р. Дилтс еңбектері құрайды.

Зерттеу әдістері:

  • Психология ғылымының принциптері мен категориялық аппаратты қолданумен байланысты зерттеу мәселесі бойынша психологиялық және педагогикалық шығу тегінің жалпыламасы мен анализі.
  • Әсер ететін топтық әдістерге, сондай-ақ нәтижесін белгілеп алуға бағытталған белгілеу және бақылау эксперименттер;

Эмпирикалық берілгендердің сандық және сапалық анализ әдістері. Зерттеудің теориялық мәні - аддиктивті мінез-құлықтың психологиялық

сипаттамасы арқылы олардың факторларына, түрлеріне, себептеріне және аддиктивті бала мен отбасына толық талдау жасалынды.

Зерттеудің практикалық мәні - аддиктивт мінез-құлықты түзету жұмыстарын ұйымдастыруда психологиялық білім негіздерін пайдалануда зерттеудің негізгі қағидалары мен тұжырымдамаларын мектептерде қолдануға болады

Жұмыстың құрылымы - дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

Зерттеу базасы: Алматы облысындағы А. Гайдар атындағы №35 жалпы білім беру мектептері болып табылады.

Зерттеу кезеңдері :

Бірінші кезең - зерттелініп жатқан мәселе бойынша маңызды психологиялық-педагогикалық шығу тегін үйрену мен маңызды ережелерінің анализін қарастырады.

Екінші кезең - жеткіншектің әлеуметтенуіне әсер ететін топтық әдістердің диагностикасы бойынша эмпирикалық материалдың жинақталуы, эксперименталды кезең.

Үшінші кезең - эксперименталды зерттеулердің мазмұны мен жүргізудің өңдеу, эмпирикалық материалдарды интерпретациялау процесі.

І ЖЕТКІНШЕКТІҢ ӘЛЕУМЕТТЕНУІ ПРОЦЕСІНДЕГІ АДДИКТИВТІ МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Әлеуметтенудің феномендері, механизмдері және бағыттары

Тұлғаның әлеуметтену процесі жайында қоғамның дамуының түрлі этаптарында көптеген ғалымдар қарастырып өтті. Олардың ішінде З. Фрейд, Ж. Пиаже, Б. Ананьев, Б. П. Парыгин, С. Л. Рубинштейн, К. А. Абульханова - Славская, И. С. Кон, Д. И. Фельдштейн, Н. В. Дельин, М. П. Дубинина, А. Ф. Помес. Олардың әрқайсысы өздерінің концепциясына сай «әлеуметтену» түсінігіне түрлі анықтамалар беріп өткен. Психологиялық сөздікте келесі анықтама берілген: «Әлеуметтену - бұл эволюциялық процесс. Ол субъектінің әлеуметтік тәжірибені қайта жасау мен меңгерудің қорытындысында бағдарлармен байланысты, яғни субъектінің өзі индивидуалды іс-әрекетте, коммуникация факторында өзі жүзеге асырады».

Жай сөзбен айтқанда, әлеуметтену - бұл индивид әрекет үлгісіне, әлеуметтік нормалар мен бағалыларды түсіну процесі. Әлеуметтену процесінде индивидтің қоршағандарының барлығы қатысады: отбасы, көршілер, бала бақша, мектептегі құрдастары, көптеген ақпараттар және т. б. Д. Смензер бойынша әлеуметтену үшін үш фактордың әрекеті қажет: күту, әрекеттің өзгеруі және осы күтулерге сәйкес ұмтылыстар. Оның ойынша тұлғаның қалыптасу процесі 3 түрлі сатыда болады:

  • үлкендердің әрекетіне балалардың еліктеуі мен соны қайталау сатысы;
  • ойын сатысы, егер балалар жүріс-тұрысты рөлдердің орындалуы ретінде екенін түсінген жағдайда;
  • топтық ойындар сатысы.

«Әлеуметтену» түсінігі «тәрбие», «оқу», «тұлға дамуы» түсініктерімен байланысты.

Күтпеген жердегі әлеуметтік әсер ету кез келген әлеуметтік жағдайда екі немесе одан да көп индивидтер өзара әрекеттескенде орын болады. Мысалы, үлкендердің өздерінің мәселесі жайындағы әңгімелер балаға жеткілікті түрде қатты әсер етеді, бірақ мұны тәрбиелеу процесі деп айтуға жеткіліксіз.

Бала түрлі әсерелерге енжар қабылдамай, ал субъекттің белсенді позициясына объекттің әлеуметтік әсеріне біртіндеп қосыла отырып әлеуметтенеді. Бала белсенді, өйткені ол балада қажеттіліктер бар, егер тәрбие осы қажеттіліктерді ескеретін болса, онда бұл баланың белсенділігін дамытуға икемдейді. Егер де тәрбиешілер баланың белсенділігін «тыныш отыр» деп төмендететін болса, онда деформацияланған, енжар тұлғаны қалыптастыруы мүмкін. Баланың белсенділігі толығымен жоғалады, соның нәтижесінде тұлға әлеуметтік бейімделмеген, үрейленген болып қалыптасады немесе белсенділік түрлі компенсаторлық амалдар арқылы жүзеге асуы мүмкін.

Баланың әлеуметтенуінің элементтерін З. Фрейд көрсетіп өткен. Фрейд бойынша тұлға 3 элементтен тұрады: «ид» - қанағаттануға ұмтылуға түрткі болатын энергияның шығу тегі; «эго» - тұлғаның бақылауын шынайы принцип негізіне орындайтын және «супер эго», немесе өнегелі бағалы элемент.

Әлеуметтенуді З. Фрейд тұлғаның үш құрастырушы элементтің нәтижесінде болады деп айтқан. Бұл процесте Фрейд 4 сатыны көрсетеді, олардың әрқайсысы эрогенді зонадағы дененің белгілі бір бөліктерімен байланысты: оральды, анальды, фамиалық және жыныстық кемелденген фаза.

Француз психологы Ж. Пиаже тұлғаның дамудағы түрлі сатыдағы идеяларды сақтай отырып, индивидтің танымдық құрылымының дамуына акцент жасап, олардың тәжірибеге және әлеуметтік әсерлерге байланысты келесі құрылымды жасады.

Көптеген психологтар мен соцологтар әлеуметтену процесі адамның өмір сүру барысында жалғаса беретінін көрсетеді. Ал бұл дегеніміз адам өмір сүру барысында әлеуметтік қатынасқа түседі, және мұның арқасында оның психикасында өзгерістер болуы мүмкін. Алайда «психиканың дамуы» және «әлеуметтену» түсініктері ұқсас емес.

Әлеуметтену дегеніміз психиканың өзгеруі мен тұлғаның қалыптасуы. Психика дамуының әлеуметтік процестерге қатысы болғанымен, тұлға дамуы тек әлеуметтенуге ғана ұқсас емес. Мұндай дамулар кем дегенде екі процестің көмегімен жасалынады.

• Әлеуметтену

• Тұлғаның өзінің дамуы.

Баланың ата-анасы әлеуметтенгендіктен, индивидке әсер етуден әлеуметтену басталады, ал бала алғашқыда тек биологиялық болмыс ретінде әсер етсе, кейін ол үлкендермен әрекеттесе алуға икемделіп және кейін өзіндегі іс-әрекетіндегі әлеуметтік тәжірибесін қайталау.

Тұлға дами отырып басқа адамға әсер ете алатындай әлеуметтік қатынастағы субъект ретінде қалыптасады, бірақ рефлексияның, сананың биологиялық күшіне адам өзін әлеуметтік объект ретінде әсер етеді. Мұндай әсерлер әлеуметтену болып саналмайды, бірақ тұлғаның дамуына негіз бола алады.

Тұлғаның әлеуметтену құрылымын қарастырайық:

Тұлғаның әлеуметтену құрылымын анықтау екі аспектідегі анализден тұрады: статикалық және динамикалық әлеуметтенудің статикалық және динамикалық құрылымын сәйкесінше шартты түрде белгілеуге болады. Сонымен қатар олардың жеке ішкі өзгерістерінің түрлі дәрежелері ескерілмейді. Осыларға ең алдымен тұлға мен қоғамды жатқызу керек, сондай-ақ сол әлеуметтік білімдер олардың өзара қарым-қатынас жасау процесіне икемдейтіндерді де.

«Тұлға» түсінігі адамдағы әлеуметтік белгілерді, яғни бір жағынан табиғат бөлігі, екінші жағынан индивид болып келетін белгілерді көрсетеді. Бұл оның қоғамдық болмысы, ол тек қоғаммен бірге немесе тек оның негізінде дамиды. Әлеуметтену процесін анықтаушы факторы микроорта - өмір сүруде тұлғаға тікелей өзара әрекеттесетін әлеуметтік-политикалық, идеологиялық, политикалық, экономикалық факторлардың бірігуін көрсететін объективті шынайылық.

Тұлғаның әлеуметтенуінің статикалық құрылымы қоғамның даму кезеңіне қатысты анализге нақты жақындауға мүмкіндік береді. Алайда, жоғарыда аталған статикалық құрылымның элементтері дамудың өзгерістің үнемі анықтаулары болмайды. Сондықтан тұлғаның әлеуметтенуінің статикалық құрылымының негізгі элементтердің анализі олардың қозғалысы, өзгерістері, өзара әректтесуі бұл процестің динамикалық құрылымын зерттеуге алып келеді. Динамикалық құрылым статикалық құрылымның элементтерінің өзгерістерін мойындауына негізделеді.

Әлеуметтену үш топқа бөлуге болатын көп факторлар арқылы жасалады (№1 кесте) : [18. 25 б. ] .

Осылайша әлеуметтену түсінігіне тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту түсініктері кіреді. Алайда әлеуметтенудің бағыттары, механизмдері және феномендері бар.

Таблица №1. Тұлғаны әлеуметтендіретін факторлар

Отбасы

Микроқоғам

Тәрбиелеу институттары

Религиоздық ұйымдар

Түр

Этнос

Тұрғылықты жері

Аудандық шарттар

Ақпарат құралдары

Мәдениет

Елді мекен

Мемлекет

Қоғам

Әлеуметтік-психологиялық зерттеулерде қалыпты әрекеттерді көлемді жоспарда қарастыру керек, адамның жеке әрекеттерін ғана емес, сонымен қатар жасалған әрекеттің әлеуметтік ортасын да таңдау қажет. Әрекетті талдау кезінде тұлға әлеуметтену кезінде төрт ортада болатынын ескеру қажет.

  • қалыпты жүріс тұрыс;
  • әлеуметтік-психологиялық адаптация;
  • ауытқушылық қылық;
  • дұрыс емес қылықтар.

Қалыпты әрекет өрісі тұлғаның қалыптасу немесе қалыптаспауы. Ереже, Кодекс, Заң және т. б. немесе салт-дәстүрге байланысты әдеттер түрінде көрінетін формалар арқылы көрінетіндер арқылы анықталған. Бұл өрісте тұлғаның даму процесі дисциплинарлық, заңдық, этикалық, мүмкін болатын технологиялық қалыптармен танысады және оларды орындауға міндетті қалыпты әрекет түсінігі анықталмағандықтан, әрекетті бағалау әрекет түрлеріне және шекарасы мен қалыпты әрекет түрлері бірқалыпты болады. Бұл мәселе тікелей немесе жанама түрде әсер ететін көрсеткіштер әлеуметтік сапалар, әдеттер түрі 20-дан 300-ге дейін есептеледі, бұлардың барлығы зерттеу тапсырмалары мен автордың компетностілігіне байланысты (толығымен [112] зерттеу 30 позициядан астам нормалық әрекетті бес топқа бөлген.

1. Қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсе алуы:

  • басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсе алуға және әңгімеге араласуға мүмкіндік беретін минималды әрекеттер;
  • кімде-кіммен әңгімеге түсе алу;
  • қызық мәселедегі әңгімеге түсе алуы, оны талқылап әңгімелесушінің сұрақтарына жауап бере алуы;
  • басқа адамға оны тыңдап отырғаныңызды білдіріп, әңгімені ақылға қонымды ескертулермен аяқтағаныңызды білдіртіңіз;
  • басқа адамды тыңдап, оған өзіңіздің қызығушығылыңызды көрсетіңіз.

2. Әңгімелесушіге өзіңіздің позицияңызды білдіре алу:

  • Сізге оның әрекеттерінен ұнайтындарды жақсы сөзбен жеткізу;
  • Сізге деген жасағандарына алғыс білдіретініңзді оған айту;
  • өзінің күшіне сенімсіз болса, қолдау көрсету;
  • көмек сұрау;
  • қандай-да бір жұмысты қалай істеу керек екенін түсіндіру;
  • арызға, шағымға көңіл бөлу;
  • оның көзқарасы сіздікінен қарағанда өнімсіз екенін көрсету;
  • өзіңіздің қанағаттанбағаныңызды тікелей және адал білдіріңіз.

3. Басқа адамның ойына көңіл бөле алуы:

  • оның мақтауға тұратынын және оны бағалайтыныңызды білдіру;
  • басқа адамның уайымына көңіл бөліп (эмпатия), өзіңіздің түсінетініңізді білдіріңіз;
  • кешірім сұрау;
  • көрсетілгендерді орындап, нұсқауларды қатал меңгере білу;
  • басқа адамның тілегін ескеру,
  • сәтсіздікке рационалды әсерлену,
  • басқа адамның ашуын түсіне алу.

4. Адамдармен қарым-қатынасты жоспарлай алу:

  • Сіз неге қол жеткізгіңіз келеді және ол қаншалықты шынайы екенін шешіңіз;
  • арнайы ақпаратты таңдай алуы;
  • жұмысты орындау үшін шарттар жасай алу;
  • жеке қабілеттерді дұрыс бағалау;
  • қиын, күрделі әңгімелерден қашпай, оларға дайын болу;
  • приоретные мәселелерді белгілеп қою.

5. Агрессивті әрекеттің альтернативін құрастыра білу:

  • өзінің сезімдерін анықтау;
  • үзілістер жібермей, өзін басқару;
  • талас-тартыста компромисті шешім таба білу [11] .

Басқа психологтар тұлғаның «қалыпты» белгілерін былай санайды:

  1. Сіздің әлеміңізге қызығушылық.
  2. Өмір философиясы мен өмір мағынасының болуы.
  3. Бағалылардың иерархиясының болуы.
  4. Шындықты әзілмен қабылдап бағалауға қабілеттілігі.
  5. Сыртқы және ішкі өзгерістерге әсерленуге қабілетті тұлғаның бүтіндігі.
  6. Рухани байланысты құрастыру қабілеті.
  7. Қоғамның қалыпына әрекеттердің сәйкестігі.
  8. Қоғамдық мақсаттарға бағыну [88] .

Тұлғаның әрекетінің қалыпты сапаларының мұндай жіктеулері кеңінен тараған. Сонымен бірге оларды практикалық қолданулардың белгілі бір қиындық тудырады. Мысалы, тұлға әлеуметтену барысында қалыптастырған бағалылардың иерархиясын жағымды сапа болып саналады. Бірақ-та қылмыскерлерде өздерінің бағалау иерархиясы бар, олар тұлға әрекетінде қалыпты емес. Индивидуалдық көрсеткіштері қалыпты әрекеттердің толық көлемді көрсеткіштері болып саналмайды. Олардың apriori анализінен тұлға жағымды әлеуметтік статусқа ие деп қорытынды жасау мүмкін емес. Әрбір ұсынылған көрсеткіштің жалған екені әшкереленуі мүмкін. Және бұл қалыпты және ауытқушылық әрекеттері бар адамдардың тұлғалық сапалардың салыстырмалы анализін мүмкін етпейді.

Зерттеулерде ұсынылған топтардың санына тәуелсіз әлеуметтік типтегі адамдардың жіктелуі кездеседі. Әлеуметтік бағыттылық критерийі, лидерлік сапалардың болуы немесе болмауы қорғаныш деңгейі және басқалар қалыптылық алабы болып табылады. Оларға жататыны:

  • жағымды әлеуметтік қондырғылар;
  • тұлғаның күшті типі;
  • интеллекттің жоғарғы деңгейі;
  • агрессиялық тенденцияның болмауы;
  • әлеуметтік қайырымдылық сезімнің дамуы;
  • қарым-қатынасқа түсушілік;
  • конформизм және басқалар [93] .

Мысал ретінде көрсетілген зерттеулер іс-әрекеттегі қалыптылық бағасының бірдей еместігін көрсетеді. Осының өзінде де әрекетті қалыптандыру анықталған көрсеткіш бойынша қажет. Мысалы, таривті қойылымдар мен окладтардың реттеу кезінде іскерлік және мамандандырылған сапалардың бағалау көрсеткіштерінің және еңбек нәтижесін бағалау өнімі бірден-бір шарты болып келеді. Келесі көрсеткіштерді қолданады:

  • маманданған шеберлік;
  • қосымша жұмысты, өзінің қызметіне қатысты жауапкершілікті талап ететін күрделі жұмысты орындауы;
  • жұмыста шығармашылық көрсету (конкурста, семинарларда қатысу, жаңа әлеуметтік әдебиеттерді қарау) ;
  • жаңа техникалық, экономикалық, ұйымдастыру және басқа шешулердің өңделуіне қатысу;
  • өзбетінше жұмыста жұмыс істеу;
  • тапсырмаларды өз уақытында орындау;
  • жұмысты сапалы орындау және басқа көрсеткіштер.

«3М» американдық компонияларда операторларды аттестациялау кезінде жұмыстың 15 белгісін ескереді және мамандық білімдер, байқаушылық, назар салушылық, жинақылық, мобильрілік деңгейінің, бір жұмыстан екінші жұмысқа ауысу қабілеті және т. б. арасындағы адамның орны.

Ең маңызды детальді көрсету керек: барлық классификацияларда тұлғаның өнегелі-этикалық құрылымына тікелей қатысы бар көрсеткіштер аталып өтеді, өйткені бұл - маманданған сапаларды, мұндай ауыртпашылықтарды көтере алмайды. Жеке зерттеулер стратегиясын талқылауға сүйене отырып көрсетілген ерекшеліктер методологиялық және әдістемелік зерттеудің таңдауының негізгі қиындығымен бекітіледі.

Ауытқушылықты әрекеттегі балалардың типтік классификациясының негізіне әлеуметтік белгілер жатады. Оны 1914 ж. А. И. Зак әлемге таратқан. Балалар үш типке бөлінген.

Бірінші тип - кездейсоқ қылмыскерлер. Үлкендер арасына қарағанда жиі кездеседі. Ауытқушылықтың психологиялық механизмі жеңіл: балалар құқықты білмей, заңды бұзады, қылмыс жасағанын түсіне алмайды. Бірақ қаңғыбастықтың болуы отбасының толығымен шашырауы, жалғыздық болғанда. А. И. Зактың ойынша, қаңғыбас балаларды тәрбиелеу оңай, жай жағдайда бір орында өмір сүреді, өздерін дұрыс ұстайды.

Екінші тип - қылмыскер балаларға туыла пайда болған нашар тұқымқуалаушылық, психофизиологиялық ұйымдар жатады.

Үшінші тип - ең кең таралғаны. Мұндай балалардың қылмысқа баруына екі күш себепті - аштық пен суықтық.

ХХ ғасырдың 20-шы жылдары Ресей үшін негізгі мәселе панасыздық болды. Сондықтан қылмыстық деңгейдегі ауытқушылықтарға арналған классификациялар болды. Қылмыскер балаларды 5 топқа бөлді.

Бірінші топ - эмоционалды және құмарлы субъекттері. Олардың жалпы саны 40%-ға жетті. Типтік бейнелер келесідей: құмарлық, өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру - жыныстық эмоциясы, апетит, азарт эмоциясы, өнегелі дефектілік дұрыстауға икемделеді.

Екінші топ - әлсіз ерікті, еріксіз жалқау субъектілер. Тәрбиелеу әсерлерге оңай беріледі, бірақ басқалардың әсеріне қатты тәуелді. Мұндай балалар 25%-ға жетеді.

Үшінші топ - қиялшылдар. Бұл қызметтік арманшылдар, жақсыға немесе жаман нәрсеге алып келетін елестеулері барлар. Тәрбиелеу педагогтың шеберлігіне байланысты. Мұндай балалар 15%.

Төртінші топ - өнегелі және ақылды.

Бесінші топ - психоневротиктер мен психикалық аурулар.

Төртінші және бесінші топтағы балалар психопедагогикалық әсерлерге берілуі қиын [10] . Психологиялық әдебиеттерде ауытқушылық әрекеттегі қатысушыларды әлеуметтік тасталынған, жіберілген, тәрбиелеуі қиын, қалыпты емес және қиын әрекеттегілер деп атайды. «Қиын оқушылар» деген термин өте кеңінен таратылған. Бұл термин әдетте өздерінің психологиялық ерекшеліктеріндегі балалар үлкендермен қарым-қатынас жасауда қолданылатын мағынада.

Әрекеттегі нормативтіліктің алдымен тұлғаның әлеуметтену барысындағы әсерінің сипаты мен құрылу шарты әлеуметтік нормалар, олардың түрлерін ғылыми тұрғыдан қарастыру қажет. Зерттеушілер келген қорытынды: әлеуметтік норма ең алдымен өмірдегі қызмет барысында салт-дәстүр түрінде қалыптасады. Салт-дәстүр адамдардың бірігіп іс-әрекет еткенде қарама-қарсылық, үйлесімділіктің болмағандығы қатынасты реттеу үшін пайда болды. Сондықтан салт-дәстүр гаммасы еңбек өміріне икемделген ортада әрекет еткендіктен, олар әрқашанда жеткілікті. Мысалы, әдет-ғұрыпта аң аулау кезінде бір-біріне кедергі келтірмей, қиындықта көмектесіп, жалпы олжадан артық алмау, және т. б. Егерде кімде-кім кеңінен тараған әдет-ғұрыпты бұзатын болса, қоғам мүшелері оларға кедергі жасаған, бұзушыларды қоғамнан қуып жіберген.

Әдет-ғұрып еңбек процесінде кіріспе және қатынасты қалыптастыру үшін қажет [5] . Бұл жағдайда әдет-ғұрып пен салт-дәстүр адамның әрекетін реттеуде негізгі құрал болып табылады.

Бұл фондасубъектік бейненің нормативтілігін және оқу процесінде ауытқыған оқушыларды зерттеу қажет, өйткені, балалар мен жеткіншектердің әлеуметтенуі олардың қоршаған ара-қатынасындағы барлық сфераларды алады.

Тұлға индивиудалды деңгейде әлеуметтенуде бірнеше процестерден өтеді:

  • Адамдардың тұлғалары бір-бірімен өзара әрекеттескенде қалыптасады. Мұндай өзара әрекеттер мынандай факторларға, яғни жасына, ақыл-ой деңгейіне, жынысына байланысты сипатталады:
  • сондай-ақ қоршаған орта бала тұлғасына әсер етуі мүмкін;
  • тұлға жеке индивидуалды тәжірибе негізінде қалыптасады;
  • тұлғаның қалыптасуының маңызды аспектісі мәдениет болып табылады.

Әлеуметтенудің басушы феноменіне әлеуметтік нормалар, әдет-ғұрып, қызығушылық және т. б. әсер ететін әрекеттегі стереотиптерді түсінуін жатқызу қажет.

Әрекеттегі стереотиптер тұқымқулаушылық сигналдық жолмен қалыптасады, яғни ерте балалық шақта үлкендерге еліктеу арқылы олар өте тұрақты және психикалық бірікпегендіктің негізінде болуы мүмкін (мысалы, отбасы, этнос) .

Әлеуметтенудің бірнеше әлеуметтік-психологиялық механизмдері бар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психология ғылымындағы жеткіншек шақ туралы ғалымдардың теориялары.
Жеткіншектердің девиантты мінез-құлық ерекшіліктерінің көрініс беру мәселелері
Тұлға туралы
ҚИЫН БАЛАЛАРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ОРТАҒА БЕЙІМДЕЛУІН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДАН АНЫҚТАУ
Тұлғаның дамуы және қалыптасуы
Дамуында кемістігі бар жеткіншектермен педагогикалық-психологиялық жұмыс
Орта мектептерде бесінші сыныпқа бейімделуге бейімделуі
Жасөспірімдік кезең онтогенез кезеңі
ДЕВИАЦИЯ ЖӘНЕ ДЕВИАНТТЫ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Оқыту және балалардың жеке тұлғасының дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz