Қоғамға қауіпті әрекет


Қылмыстық құқық және криминология кафедрасы
Диплом жұмысы
Жауаптылықты жеңілдететін жағдайда адам өлтіру.
Алматы 2008
Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3
1-ТАРАУ КІСІ өЛТІРУДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ - ҚұҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
- Кісі өлтіру қылмысының түсінігі және құрамы . . . 6
1. 2. Кісі өлтіру қылмысының түрлері . . . 24
2-ТАРАУ ЖАУАПТЫЛЫҚТЫ ЖЕҢІЛДЕТЕТІН ЖАҒДАЙДА КІСІ ӨЛТІРУ КІСІ ӨЛТІРУДІҢ ТҮРІ РЕТІНДЕ . . . 34
2. 1. Жаңа туған сәбиді анасының өлтіруі . . . 34
2. 2. Жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру . . . 38
2. 3. Қажетті қорғану шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру . . . 42
2. 4. Қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру . . . 53
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57
ПАЙДАЛАНЫЛЃАН ЄДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 59
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикаының заңнамалары азаматтардың денсаулығын қорғауға кепіл береді, яғни Қазақстан Республикасының Конституциясы адамды (оның құқықтары мен бостандықтары) ең жоғарғы құндылығы деп танып, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын тану, сақтау және қорғау - мемлекеттің міндеті деп жариялады. Осы мақсатпен мемлекет әртүрлі шаралар мен әдістер қолданады және қабылдайды. Олар саяси, экономикалық, құқықтық, әлеуметтік, мәдени, ғылыми, медициналық, санитарлық-гигиеналық сипатта болуы мүмкін. Олардың барлығы өзінің маңызы жағынан әртүрлі, олардың әрқайсысының қолданылу аясы бар. Бірақ жалпы алғанда олардың барлығы адам мен азамттың физикалық және психикалық денсаулығын сақтауға және бекітуге бағытталған.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасында өмір сүру жеңгейі төмен түсіп жатыр. Конституц бойынша кепілге қарамастан мемлекеттің өз азаматтарының өмірі мен денсаулығын қажетті деңгейде ұстап тұруға мүмкіндігі болмады. Өмірдің ұзақтығы қысқарды, халық денсаулығы нашарлай бастады.
Бұл дипломдық жұмыстың тақырыбының көкейкестілігі, біріншіден, Қазақстан Республикасының азаматтық қоғам, құқықтық, демократиялық мемлекет болып, қалыптасу кезеңіндегі қажетті қорғаныстың маңызды функцияларымен байланысты. Қоғамдағы құқықтық реформаларды әрі жетілдіру мақсатында 2002 жылдың орта шенінде ‘’Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының концепциясы’’ да жарық көрді. Құқықтық жүйе элементі ретінде қажетті қорғаныс-құқық бұзушылықты болдырмауға ықпал етеді, заңдылықтың, құқықтық тәртіптің кепілі болып табылады. Қажетті қорғаныс туралы заң нормаларын дұрыс қолдану халықты қылмыстылықпен күресуге кеңінен тартудың маңызды шарты болып табылады. Сондықтан, қоғамға қауіпті қол сұғушылыққа қарсы заңға сәйкес қорғанған тұлғаларды негізсіз жауапкершілікке тартудың әрбір жағдайы құқық бұзушылықпен күресуге үлкен зиян келтіреді.
Теориялық - тәжірибелік жағынан қажетті қорғанысты зерттеудің маңыздылығы тақырыпқа қатысты көптеген теориялық - тәжірибелік мәселелердің дискуссиялығымен түсіндіріледі. Бұл құқық қорғау органдарының тәжірибесінде кері әсерін тигізуде. Қылмыстық шабуылдан қорғану кезінде немесе қорғануға байланысты жасалатын әрекеттерді құқықтық бағалау кезінде туындайтын көптеген даулы сұрақтар тергеу, прокуратура, сот органдарының әрқайсымен әрқалай шешіледі, кей кездерде бір іс боынша әртүрлі сот инстанциялары бір-біріне қарама-қайшы үкімдер шығарып жатады. Көптеген жағдайларда бұл заң актілерінде, Жоғарғы сот қаулыларында нақты нұсқаулардың жоқтығымен түсіндіріледі.
Дүние жүзілік қауымдастықта лайықты орын алуды мұрат ете отырып Қазақстан Республикасы өзінің ең қымбат қазынасы ретінде адамды, оның өмірін, құқығымен бостандықтарын атайды. Ол өз азаматын туа біткен ажырамас құқығы мен бостандығын танып, белгілі бір кепілдіктер береді. Адамды оның өмірін, денсаулығын, басқа да игіліктермен заңды мүделерін қауіпті қолсұғушылықтардан қорғау қылмыстық құқықтық міндеті деп танылған. Бұл міндетті жүзеге асыру жолында қылмыстық заң адамның маңызды деген игіліктеріне нұқсан келтіретін іс - әрекеттерді қылмыс деп танып, қылмыскерлерге қатаң жаза қолдану мүмкіндігін көздейді.
Мұндай қылмыстың қоғамға қауіптілігі сол, ол адамның ең қымбат қазынасы оның өміріне қол сұғады. Адам өмірі өтелуге жатпайды, және де оған сай келерлік эквивалент немесе мүде, құндылық жоқ. Адамның өміріне қарсы бағытталған қылмыстар аса қауіпті қылмыстар қатарына жатқызылған. Оның қауіптілік дәрежесі қылмыскер әрекетінің тікелей адамның өмірін қиюға бағытталуы. Адам және оның өмірі басқа қоғамдағы игіліктерге қарғанда дәрежесі өте жоғары, оны басқа игіліктермен салыстыруға болмайды деуге болады. Сөз болып отырған қылмыстың қоғамға қауіптілігінің ерекше болғанына қарамастан осы тұрғыда қылмыспен қарсы күрес жүргізуге қылмыстық құқық және социологияда заңды мәселелер мен пікірлер айтылған. Осы құрамды қылмысты саралау, оны ұқсас қылмыс құрамдарынан ажырату көп қиындықтар туғызады.
1995 жылы 30 тамызда Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының конституциясында белгіленген, әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандығын қорғауға құқылы. 1
Қылмыстық құқық теориясындағы әлі күнге дейінгі даулы мәселелердің бірі адам өлтіру (ауырлатылған және жеңілдетілген) кезінде келген зардап пен оның шегін анықтау болып табылады.
Мұндай кемшіліктер сот, тергеу тәжірбиесі ісі кезінде көптеп қателіктер жіберіледі. Біздің мемлекетімізде адам өмірін қорғауға барынша мән беріледі.
Ел басы Н. Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған жолдауында қоғамдағы ең басты игілік - адам оның өмірі, денсаулығы, бостандығы екендігін ескере келіп мұндай асыл қазынаға құқыққа қайшы әрекет етушілерге заңды жауапкершілік қолдануы қажеттігін бірнеше рет айтқан еді. Қоғамдық қатнастарды реттеуші құралдардың бірі - заң салалары болып табылады.
Антик ойшыл Протогор “ Адам - барлық заттың өлшемі” деп айтып кеткен еді. Қоғамның ең басты құндылығы және байлығы - адам және оның өмірі саналады. Адам өміріне қолсұғушылықты қылмыстық заң ең ауыр қылмыстарға жатқызады, және ол үшін аса қатал жауапкершілікті тағайындап отырады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің ерекше бөлімінің басы жеке адамдарға қарсы бағытталған қылмыстар көрсетілген және оған жауапкершілік тағайындалған. 1959 жылғы КСРО қылмыстық кодексімен салыстырғанда қазіргі 1997 жылғы қабылданған қылмыстық кодексінде адам және оның құқықтары мен бостандықтарын жоғары бағалайды. Сол себептен қазіргі қылмыстық кодекстің ерекше бөлімі жеке адамға қарсы бағытталған қылмыстармен басталады. Осы қылмыстарды жасағандығы үшін ең қатаң жаза тағайындауда. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің ең басты мақсаты болып адамдарды және азаматтарды қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау болып табылады. Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығында қылмыс құрамын жоятын 7 мән - жайды атап көрсеткен. Олар қажетті қорғану, қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезінде зиян келтіру, аса қажеттілік, орынды тәуекел, күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу, бұйрықты немесе өкімді орындау. Азаматтардың әрекетін қажетті қорғану жағдайында болғанын растау үшін бір қатар жағдайлар заңды талап етеді, заң талаптарына сай қажетті қорғануы тиіс. Қажетті қорғану тек қоғамға қауіпті қол сұғу жағдайында ғана рұқсат етіледі. Қол сұғушылық бұл заңмен қорғалатын мүдделерге қарсы бағытталған әрекет. Қоғамға қауіпті әрекет ол тек қол сұғушылық пен ғана емес, ол тұлғалардың мүделеріне қауіп төндіруі мүмкін.
Бұл жұмыстың мақсаты:
а) ҚР ҚК 96-102 баптарында көрсетілген қылмыс құрамдарының мазмұнын ашу;
б) бұл тарау қылмыстарын түрлік белгілері бойынша саралау;
в) жеңілдетілген жағдайда кісі өлтірудің түолерін қарастыру;
г) бұл қылмыстарды қарау кезінде туындайтын қиындықтарды көрсету.
Соңғы кездердегі әлеуметтік өзгерістер, экономикалық дағдарыс, саяси өмірдегі тұрақсыздық және т. б. обьективті жаңалықтар еліміздегі қылмыстың күрт өсуіне себепкер болды. Бұндай келеңсіз құбылыс адам өміріне бағытталған қылмыстарға тән.
1-ТАРАУ. КІСІ өЛТІРУДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚұҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ.
- Кісі өлтіру қылмысының түсінігі және құрамы.
Қазақстан Республикасы өзін демократиялық мемлекет құру барысында адамды (өмірін) ең құнды байлығы ретінде қарастырады. Қазақстан Республикасының 1995 жылы 30-тамызда референдумдада қабылданған Конституцияның 1-ші бабында айтылғандай: Республиканың ең қымбат қазынасы - адам және адам өмірі құқықтары мен бостандықтары. Конституцияда жеке қол сұғылмаушылыққа кепілдік берілген. 2
Адам құқығы туралы бүкіл әлемдік декларацияның 3-бабында: әрбір адам өмір сүруге, бостандығына, жеке қолсұғылмаушылыққа құқығы бар - деп көрсетілген. Бұл құқықтарын шектеуге ешкімніңде құқықтары жоқ. Заңда көрсетілгеннен басқа жағдайларда адам құқығын шектеуге қандайда болсын негіз болуы тиіс емес. Сондықтан бұл құқық әр уақытта да заңмен қорғалады. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтары үзілместей бір жалғаспалылықты білдіреді. Қазақстан Республикасының қылмыстық кодекстің басты мақсаты болып адам мен азаматтардың құқықтарын қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау болып табылады. Осыған байланысты Республикамызда адам өмірі мен денсаулығын қорғауға байланысты біршама іс шаралар жүргізілуде. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы қорғалады. Қазақстан Республикасының барлық заңдары жеке адамды қорғауға, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауда әруақытта артықшылықтар берілген.
Әрбір жеке адамның өмірі - ол адам өміріндегі айтарлықтай маңызды болып табылады. Себебі адам өмірі - оның негізгі құндылығы. Осыған байланысты адам өмірін қорғау мәселесі - жалпы мемлекеттің, қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы.
Жеке тұлғаға қарсы қылмыстар дегеніміз -адам мен азаматтардың отбасының, кәмелетке толмағандардың мүдесіне, бостандықтары мен конституциялық құқығына, жыныстық бостандығына, ары мен абыройына, қадір-қасиктіне, өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қарсы бағытталған қылмыстық заңда көзделген қоғамға қауіпті әрекет.
Осындай қылмыстардың салдарынан адамның өміріне, денсаулығына, заңды құқығы мен бостандығына залал келуі немесе қауіп төнуі әбден мүмкін. Жеке адамға қарсы қылмыста кез-келген ауырлықта жәбірленушіге материалдық және моральдық, физикалық шығын келуі мүмкін.
Қылмыстық құқық жүйесіндегі ерекше орын алатын қылмыс өмірге қарсы қылмыстар болып табылады. Тәжірбиеде кеңінен көп тараған қылмыстар кісі өлтіру қылмысы болып табылады. Адамның өмірін қиятын аса қауіпті қылмыс болып өмірге қарсы қылмыс жатады. Қасақана кісі өлтіру қылмысын - өмірге қарсы қылмыстардың арасынан ең ауыры деп көрсеткен. 3
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодекстің 96-бабында айтылғандай кісі өлтіру - басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру деп жариялайды. Кісі өліру қылмысы қоғамға қауіпті, қылмыстық құқыққа қарсы әрекет болып табылады. Қоғамға қауіпті дегеніміз демократиялық қоғамдық қатынасқа қауіпті болуын айтамыз. Кез - келген басқа адамға қасақана қаза келтіру жауаптылық көздейтін қоғамға қауіпті және қылмыстық құқыққа қарсы болып табыла бермейді. Әскери соғыс уақытында, қажетті қорғану жағдайында, өлім жазасына кесілген сот үкімін орындау жағдайында кісі өлтіру үшін жауаптылық жоқ. Кейбір авторлар анықтамасында кісі өлтіруді «қоғамға қауіпті, қылмыстық құқыққа қайшы қасақана басқа адамға қаза келтіруді айтады. 4
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқықығында кісі өлтіру қылмысы жасалуына байланысты үш түрлі топқа бөледі:
- Ауырлатылған немесе жеңілдетілген жағдайынсыз кісі өлтіру демек бұл қарапайым кісі өлтіру;
- Ауырлатылған жағдайында кісі өлтіру;
- Жеңілдетілген жағдайында кісі өлтіру;
Қылмыс обьектісі - қылмыстық іс - әрекетті жасаған адамның не нәрсеге қол сұғып отырғандығы және қылмыс нәтиежесінде неге зиян келтіреді немесе неге зиян келтіруі мүмкін. 5
Қылмыстық іс - әрекеттің қоғамдық қауіптілігі оның қол сұғып отырған игілігінің қаншалықты құнды және маңызды екендігіне, сондай - ақ осы игілікке келтіретін зиянның қаншалықты мөлшерде екендігіне байланысты.
Қылмыс обьектісінің заңдық тізбегі Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің 2 - бабында берілген. Бұл адамның, азаматтың құқығы, бостандығы мен заңды мүддесі және ұйымның меншігі, құқығы мен заңды мүддесі және қоғамдық, тәртіп пен тәртіпсіздік, қоршаған орта, конституциялық құрылыс және адамзаттың қауіпсіздігі.
Тіпті қылмыстың жалпы құрамына талдау жасаған кезде де, сонымен қатар қылмыстың жекелеген топтарына талдау жасағанда да, қылмыс обьектісіне арналған арнайы зерттеулерде көптеген мәселерді әлі күнге дейін бір жақты шешілмеген, осы тұрғыдан кейде қарама-қайшы пікірлер баршылық.
Шет елдер сөздерінің сөздігінде “обьект” сөзі латынның “objectum”- қандай болсада қызмет, әрекет бағытталған зат, құбылыс екендігін айтамыз. Қылмыстық құқықы теориясы дәстүрлі түрде қылмыс обьектісін қол сұғудан қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынас ретінде қарайды. Әдебиеттерде бұл көзқарас жалпыға ортақ болып табылады.
Дегенмен, кейбір авторлар осы анықтаудың әділ екендігін жалпы алғанда келісе отырып, қылмыс обьектісінің теориясы қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастың жалпы әмбебап теориясы болып танылуы мүмкін емес, себебі ол кейбір жағдайларда әсіресе жеке адамға қарсы қылмысты талдау кезінде іске жарамайды деп есептейді. Өмірлік мүдде құқығымен қорғалатын құқықтық игілік ретінде обьект теориясына қайта оралу мүмкіндігін негізге алған А. В. Наумов осындай пікірді жақтайды. 6 Қылмыс обьектісін мүдде түсінігі арқылы айқындауды біз Е. І. Қайыржановтың жұмыстарынан да табамыз. 7
Қылмыстық құқық теориясына Б. С. Никифоров ұсынған тұжырымдама кеңінен таралуда, ол обьектіні зерттеуге оның құрылымдық элементтері арқылы келуді негіз ретінде ұсынады. Аталған концепцияның кең таралғандығына қарамастан, обьектімен қылмыс затының, қоғамдық қатнастардың құрылымдылық элементтерінің арақатынасы проблемасы барынша даулы болып табылады. 8 Бірқатар криминалистер қоғамдақ қатынастың екі элементін көрсеткен: қатынасқа қатысушылар мен олардың өзара байланысынан тұрады деп санайды.
А. А. Пионтковский қоғамдық қатынас құрылымында мынандай негізгі бөліктерді атап көрсетеді: қатынасқа қатысушылар, олардың арасындағы белгілі бір түрдегі өзара байланыс, сондай-ақ материалдық дүниедегі қандай да болмасын бір зат бар. 9
Қоғамдық қатынас дегеніміз - бұл күрделі әлеуметтік құбылыс. Қоғамдағы барлық адамадар өздерінің әлеуметтік қажеттіліктерін, мүдделерін жұзеге асыра, міндеттерін орындай отырып, өзінің мінез-құлқына жауап бере отырып өзара көптеген және сан алуан байланыстар жасайды және мұндай байланыстардың болмауы мүмкін емес. Осы байланыстардың өзі қоғамдық қатынастар болып табылады.
Әлеуметтік байланыстарды бұзу жолымен қылмыс жасауға қоғамға пайдалы қызметті орындаудың орнына субьект қоғамға қауіпті әрекет істейтіндігін көрсетеді сонымен бірге, ол қатынасқа қатысушыларға немесе қоғамдық қатынасы затына зиян келтіре отырып қоғамдық мәні бар затына қызметті бұзу жолымен қоғамдық қатынастар жүйесін іштей бұзады.
Қылмыс обьектісі туралы жалпы ілім обьектіні жіктеу мәселесіне тікелей байланысты. Атап айтқанда, қандай қоғамдық қатынасқа тікелей және ең алдымен зиян келтіретіндігі туралы мәселені нақтылау мақсатында қылмыстық құқық теориясында жалпы, топтық және тікелей обьектіні бөліп көрсету орын алған. Қылмыс обьектісі бұл қылмыстық қол сұғушылықтың не нәрсеге бағытталғанын және ол неге істелінеді, немесе осы іс әрекетпен қандай залал келтіретіндігін немесе келтіру қаупін білдіреді. Қылмыстық құқық ғылымы қылмыстың қоғамға қауіптілігі ең алдымен қол сұғу обьектісіне байланысты дейді. 10
Жеке тұлғаларға қарсы қылмыстардың топтық обьектісі болып жеке тұлғаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табылады.
Қылмыстық құққық теориясында кісі өлтірудің түсінігінше қылмыстық құқықтық классикалық және әлеуметтік мектептерінің өкілдері беріп кеткен анықтамаға қайта оралу тенденциясы байқалады. Олар кісі өлтіруге мынадай түсінік берген, «құқықпен қорғалатын өмірлік мүдде». Бұл жерде жынысына, әлеуметтік жағдайына, діни ұстанымына, денсаулық жағдайына, жүріс тұрысына және жәбірленушінің басқа да тұлғалық мінездемесіне мән бермейді. Негізінен обьект дегеніміз заңмен қорғалатын мүдде. Қандай да болмасын қылмыс белгілі бір мүддеге қолсұғады. Кез - келген қылмыстар қоғамға зардап келтіреді немесе келтіруі мүмкін. Қылмыстың топтық обьектісі болып қоғамдық қатынастар және олардың қатысушылары болып табылады. Қылмыстық құқықтың басты мақсаты болып қылмыстық қолсұғушылықтан қоғамдық қатынастарды қорғау болып табылады. Қылмыстық қолсұғушылықтың обьектісі болып қоғамдық қатынастардың қатысушылары ретінде (жеке) тұлға болуы мүмкін. Қасақана кісі өлтіру кезінде, кінәлі адамның өміріне тікелей қол сұғады. Өмірге қарсы қылмыстың, соның ішінде кісі өлтіру қылмысының тікелей объектісі болып адамның өмірі табылады. Заң ол адамның азаматтығына, ұлтына және нәсіліне, шыққан тегіне және жасына, әлеуметтік жағдайына, немен айналасатына, денсаулық ахуалына, біліміне, және де т. б. жағдайларына қарамай тең түрде бірдей қорғайды. Адамның туылғаннан өлгенге дейінгі аралығы адамның өмірі болып саналады. Заң адамды туылғаннан өлгенше қорғайды. Ешкімнің де адамның өмірін қиюға құқығы жоқ. Өмірге қастандық жасау обьектісінің бар - жоғы туралы мәселені шешу үшін оның (өмірдің) бастапқы және ақырғы кезеңдерін анықтау қажет. Өлген адамның өлтірілуі мүмкін еместігі ескерілгендіктен жасалған қылмысты саралауға адамның өлімінің басталу сәтін анықтау мәселесі үлкен мәнге ие болады. Кейбір авторлар, нәрестенің ананың құрсағынан толық бөлініп шығуы немесе алғаш тыныс алуын адамның бастапқы өмір кезеңі деп санайды. 11 Дегенмен көпшілік ғалым - криминалистер шартты бастапқы өмірі деп туу процесінің өзін, немесе бастапқы физиологиялық тууды айтады. Туу процесі бастала бергенде адамның өмірін қылмыстық заңмен қорғау керек, - деп көрсеткен А. А. Пионтковский. 12
Адам өмірі туралы айтатын болсақ, нәрестенің ананың құрсағынсыз тіршілік етуін айтамыз. Құрсақтан өзінше тіршілік етуге белгілі бір уақыт аралығын алады. Нәрестенің құрсақтан тыс өзіндік қызметі бір уақытта дамымайды (тыныс алуы, қан алмасуы, тамақтануы, есжиуы, және т. б. жайттар) . Адам өмірінің басталу шекарасын анықтау өте қиын.
Аурухана немесе стационарлық перзентхана жаѓдайындаѓы құрсақтаѓы нєрестенің µмір с‰руге қаблеттілігі немесе құрсақтан тыс µмірге жарамды уақыты, кезі болып тєжірбиеде 7 айлық немесе жоѓары жастаѓыларды санайды. Ананың құрсаѓындаѓы нєресте бұл жаста, дамыѓан, анық бір қасиетке ие, қызметшілік органдарының жоѓарѓы қарқынды дамыѓан сатысына жеткен, яѓни нєресте ананың құрсаѓынан тыс µмір с‰руге дайын кезі деп кµрсетеді.
Осы кµзқарас бойынша, құрсақтаѓы нєрестенің барлық даму сатыларынан µтіп µмір с‰руге дайын кезін «адам µмірінің бастапқы» кезі деп мойындауѓа болады, осыдан кейін бұны жою кісі µлтіру деп саналуы м‰мкін. Жаңа туылатын нєрестені адам санасына қалыптастыру ‰шін ол нєрестені нақты кµруі, физиологиялық туу басталѓанша, нақты нєресте туралы кµруі немесе елес м‰мкіншілігі адам санасында жаңа субьект немесе µзіндік µмір с‰ретін адам ретінде кµрініс табуы м‰мкін емес. Осыѓан байланысты ананың құрсаѓындаѓы нєрестеге қарсы єрекет, бірақ құрсақтаѓы нєрестенің µмірге қабілеті жетілгені тұлѓаның санасына нақты адам µлтіру туралы ой келмейді. Құрсақтаѓы 8 - 9 айлық нєрестеге қандай да болмасын құралмен ж‰ктіліктен єдейі, қасақана айыру ‰шін жасалѓан анасының немесе бµгде адамның єрекеті олардың санасына тірі адамды µлтіргендігі туралы ой келмейді.
Гроздинский М. М. адамның бастапқы µмірі деп «Нєрестенің алѓаш тыныс алуы, немесе алѓаш тыныс алмаѓан бірақ ананың құрсаѓынан бµлініп шыққан кезі» деп кµрсеткен. 13
Жаңа туылѓан нєресте µздігімен µмір с‰ре алмаса да, ананың құрсаѓынан толық бµлінген кезі адамның бастапқы µмірі болып саналады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz