Жасөспірімдердің үйлесімді әлеуметтенуінің психологиялық ерекшеліктері
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ - ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Жасөспірімдердің үйлесімді әлеуметтенуінің психологиялық ерекшеліктері
Алматы - 2010
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
I. ЖАСӨСПІРІМДІК ШАҚТА ӘЛЕУМЕТТЕНУ ҮРДІСІН ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Әлеуметтенудің феномендері, механизмдері және бағыттары
2. Жасөспірімдік жаста тұлға дамуының әлеуметтік-психологиялық
сипаттамасы
3. Тұлға әлеуметтенуіне топтық әсер ету әдістерін қолданудың
психологиялық ерекшеліктері
II. ЖАСӨСПІРІМ БАЛАЛАРДЫҢ ҮЙЛЕСІМДІ ӘЛЕУМЕТТЕНУІНЕ ТОПТЫҚ ӘДІСТЕРДІҢ
ЫҚПАЛЫН ЗЕРТТЕУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Психологтың жасөспірімдердің әлеуметтенуіне байланысты жүргізетін
жұмысының негізгі бағыттары
2. Зерттеу жұмысының интерпретациясы және нәтижелері
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қазіргі таңда Қазақстанда тұлғаның қалыптасу
шарттарында күрделі өзгерістер болып жатыр. Жеке тұлға – бұл адам болмысы,
ең негізгісі адами бейнесі басқа биологиялық түрде ажыратылуы. Адам
әлеуметтену процесінде жеке тұлға болып қалыптасады және индивид әлеуметтік
қатынасқа түскенде жеке тұлға болып қалыптасады. Әлеуметтену индивид
әлеуметтік Мен-нің қалыптасу процесі. Ол индивидтің барлық формаларды
мәдениетті, тәрбие мен оқытуды меңгергенін қарастырады.
Бұл процесс тәрбие нәтижесі ретінде болады. Яғни әлеуметтенудің
екі жақты бағыттары болады: адамның өзі әлеуметтік дағдыларды игеру үшін
барлық күш жігерін салады, және қоғам тәрбиелеу мен оқыту арқылы мәдениетке
оны қалыптастырады.
Адам дүниеге биологиялық тіршілік иесі ретінде келеді. Оның
әлеуметтік тіршілік иесі болуға барлық нышандары болады. Ал тұлға
әлеуметтенуіне ықпал ететін бірнеше факторлар бар.
Бірінші топ- макрофакторлар (ғарыш, планета, әлем, ел, қоғам,
мемлекет). Екінші топ-мезафакторлар (аймақ, қала, ауыл). Аталған
факторлардың арқасында әлеуметтік тәрбие жүзеге асады.
Бала дүниеге келе салысымен, әлеуметтік қатынастар әлеміне тап
болады- бір емес бірнеше роль ойнайтын адамдар арасындағы қатынас әлеміне.
Осы рөлдерді меңгере отырып адам әлеуметтенеді, тұлға ретінде қалыптасады.
Әлеуметтік қатынастар жүйесіне тек белсенді әрі толыққанды қатыса отырып
өмір сүру барысында ойнауға тура келетін әлеуметтік феномен ретінде адам
пайда болады.
Бала дұрыс дамуы үшін оны қоршаған жағдайлар бұған ықпал етуі қажет,
атап айтқанда дұрыс ұйымдастырылған тұрмыстық жағдай, дұрыс тамақтану,
қатарластарымен қарым-қатынас, қоршаған орта адамдарының қабылдауы, жақын
туыстарының сүйіспеншілігі..
Тұлға жөнінде тұжырым дамудың әлеуметтік факторы жөнінде тұжырымсыз
мүмкін емес. Бала дүниеге келе үлкен потенциалдық мүмкіндігі бар индивид
ретінде қалыптасады Сол күшті олар қалай жүзеге асыратындығы, ол қандай
тұлға болып қалыптасатындығы қоғамдық ортаға, тәрбие мен оқытудың жүйесіне,
ересектермен қарым-қатынас жасау ерекшеліктеріне, баланың өз белсенділігіне
тәуелді болады.
Белгілі психолог Л. И. Божович әсер алуға деген қажеттілік бала
психикасының дамуында басты рөл атқаратындығы жайлы болжам жасаған..
Баланың бойында дүниеге деген базалық сенімнің пайда болуы үшін
міндетті түрде екі шарт құрайды: аналық мейірім мен оның тұрақтылығы.
Өз баласын жақсы көретін кейбір аналар ерке болып кетпей, дербес
бала болып өсуі үшін қатаң тәрбиелейді. Мұндай тәрбиенің нәтижесі ретінде
бала 7-8 жасқа толғанда жиі жағдайда эмоциялық бұзылыстарға шағымданып,
психологиялық, медициналық кеңеске жүгініп жатады.
Ана қолдауының жоқтығы ауыр психосоматикалық бұзылыстарға алып
келеді.
Баланың даму тарихы жөніндегі мәліметтерді ескере отырып,
А.Валлонның психикалық даму теориясына назар аударсақ психикалық қалай
органикалыққа айналатынын түсіндірген. А. Валлон төрт түрлі ұғымдардың
байланысын қарастырады, ол -эмоция, моторика (қозғалыс), социум және
еліктеу.
Эмоция- басқалардың бәрінен ерте пайда болады. Баланың психикалық
өмірге қабілеттілігі эмоцияның арқасында болатындығын айтты, себебі олар
баланы әлеуметтік ортамен байланыстырады.
Қозғалыс-кішкентай сәбидің дене қозғалысының өзі психикалық өмірдің
бар екендігін білдіреді. Импульсивті, жіктелмеген қозғалыстар кезеңі
эмоциялық кезеңге ауысады. Моторлық қызметтің жіктелуі балалардың
қажеттілігін қанағаттандыратын ересектердің іс-әрекеттерінің әсерінен
пайда болады.
Психиканың онтогенезінде тағы бір үлкен ауысу- қозғалыстан ойлауға
көшу болып табылады. А.Валлонның тұжырымдауынша ол еліктеудің арқасында
ғана мүмкін болады. Басқаларға еліктеу инстинктивті-еліктеу реакцияларынан
негізгі айырмашылығы- олар үлгі бойынша әрекет етіп, әлеуметтік модель
ретінде құрылады.
Ал социум өз бетінше ештеңе істей алмайтын бала үшін аса қажет. Сол
себептен ол адам баласы әлеуметтік генетикалық, биологиялық тіршілік иесі
деп есептелінеді. Адамның балалық шағы міндетті түрде эволюция жемісі,
бірақ ол баланың өсетін ортасымен де түсіндіріледі.
Жаңа технологияның дамуына байланысты, осы жеке тұлғаға ойлауға және
сезінуге әсер ететін, бала қашан да болса цивилизациямен бірдей дамиды, бұл
жерде биогенетикалық заң іске аспайды. А. Валлонның концепциясы тұлғаның
бірнеше даму сатысын ұсынады:
1. Ұрықтың ана ағзасына толықтай тәуелді болатын құрсақтағы даму кезеңі.
2. Моторлық импульсивті кезең (туғаннан 6 айға дейін). Баланың тамақтану
қажеттілігі мен қимылдық белсенділігінің негізінде пайда болатын
қарапайым шартты рефлекстер.
3. Эмоциялық кезең (6 айдан 1 жасқа дейін). Дамуға негізгі стимул болып
табылатын қоршаған ортадағы адамдармен, анасымен қатынас орнату кезі.
4. Сенсомоторлық кезең (1 жастан 3 жасқа дейін). Жақын ересек адамдар
қатынасының шекарасынан шығатын сыртқы ортаға қызығушылықтың артуы.
Бұған баланың тік жүруі мен тілінің шығуы тікелей әсер етеді.
5. Персонализм кезеңі (3 жастан 5 жасқа дейін). 3 жастағы дағдарыстың,
Мен сезімінің пайда болуымен, барлық назарды өзіне аудартумен
байланысты кез.
6. Айыра білу кезеңі (6 жастан 11жасқа дейін). Қарым-қатынас аясының
кеңеюімен, өзінің мәртебесін сезінумен, басқалардың баланы
мойындауымен, ақыл-ой қабілетінің дамуымен байланысты кез.
Араласатын орта ұлғайып, өз орнын сезіне білу, ой-өрісінің даму кезі.
7. Жыныстық жетілу және жасөспірімдік кезеңі. Тұлғаның тепе-теңдігімен,
ішкі қайшылықтармен, сыртқы ортадан түсініспеушілікті сезінумен
сипатталады. Өзіндік сын мен өзіндік баға ерекшелене түседі.
Бір кезеңнен екінші кезеңге ауысу сандық өзгерістер нәтижесі
ретінде қарастырылмай, қайта құру ретінде қарастырылады: бір кезең үшін
мәнді іс-әрекет жанама іс-әрекетке айналады немесе мүлдем жойылып кетуі
мүмкін.
Осы даму сатыларының бірінде белгілі себептермен бала отбасылық
жағдайда игеретін қатынас тәжірибесін ала алмай қалуы әбден мүмкін [4].
Дұрыс дамып келе жатқан қарым-қатынаста бала өмірінің алғашқы жарты
жылдығында ересектер тарапынан көңіл бөлушілік пен тілектестікке деген
қажеттілік қалыпты болып табылады. Ол экспрессивті ым-ишара деңгейінде
қанағаттандырылады: сәбилер ересектермен денелік қатынасқа түсуге (сипалау,
құшақтау), еркелеуге тырысады. Мектеп жасына дейінгі балалар үшін қарым-
қатынаста біршама күрделі формалар тиесілі болып табылады (бірлесе
әрекеттесу, сыйлау, аяушылыққа қажеттілік).
Біріншіден отбасында бала ересектердің назарында көп болады,
ересектердің әсер етуі (әрекеттері, көз қиығы ) балаға жеке бағытталады.
Екіншіден, отбасында бала әр сол тұрақты ересек адамдармен қарым-
қатынасқа түседі және соған орай мінез-құлықтың бір бағдарламасымен
кездеседі.
Үшіншіден, отбасындағы қарым-қатынастың эмоциялық тұрғыдан қанық
болады.
Төртіншіден, отбасылық тәрбиеде баланың қылықтарына жұмсақ, шыдамды
қатынас тиесілі.
Жасөспірім өмірінде болып жатқандардың барлығын әлеуметтену факторы
ретінде қарастыруға болады.
Қазіргі таңда түрлі қоғамдық институттар мен ұйымдардың
қарастыратыны жастардың қоғамдық және рухани дағдарыс шарттарына бейімделу
мәселесі болып отыр. Бұл заңды да, өйткені нақ осы жастардың жағдайы
қоғамның болашағына және оны дамытуына әсері айтарлықтай жеткілікті
қоғамның сақталынып қалуы үшін әлеуметтік рольдерді дұрыс орындау үшін
қажетті сапаларды түсіну үшін өсіп келе жатқан ұрпақтарға білімнің көмегі
зор.
Өзгерген әлеуметтік-экономикалық шарттарда бұл мәселе өзекті болып
келеді. Осымен байланысты жасөспірімтің тұлғалық дамуының белсенділігі үшін
практикалық психология аумағында жинақталған әдістер мен топтық әдістемелер
қорын қолдану ұсынылады.
Әлеуметтендіру шартындағы бұл жұмысты біз әлеуметтік – белгілі
бағалы бағдардың және жасөспірімнің үрейлену деңгейінің көрінуімен
түсінеміз.
Зерттеу такырыбы: Жасөспірімдердің үйлесімді әлеуметтенуінің
психологиялық ерекшеліктері
Зерттеу мақсаты- жасөспірімнің үйлесімді әлеуметтенуіне психологиялық
әсер ететін топтық әдістерді анықтау.
Зерттеу нысанасы- жасөспірімнің әлеуметтену процесі.
Зерттеу пәні- жасөспірімнің әлеуметтенуіне топтық әдістердің
психологиялық әсері.
Зерттеудің ғылыми болжамы: тұлғалық өлшемдегі тренинг жасөспірімдердің
үрейлік деңгейін түсіруі мен әлеуметтік-белгілі бағалы бағдардың
қалыптасуына әсер етеді.
Зерттеу міндеттері:
1. Жасөспірім жаста әлеуметтену процесін қарастыру.
2. Әсер ететін топтық әдістердің әлеуметтік-психологиялық сипаттамасын
біліп, оларды жастармен жұмыс істеуде қолдануды үйрену.
3. Әсер ететін топтық әдістерге әлеуметтік психологиялық сипаттамасын
құрастыру.
Зерттеудің теориялық- әдіснамалық негізі – жеке тұлғаның дамуы мен
қалыптасуына мәдени-тарихи теориясы Л.С.Выготский;
іс-әрекет теориясы А.Н.Леонтьев;
мотивациялық процесс Дж-Арткинсон, Х.Хекхазуент негіздерінен алынды. Ал
психикалық даму ерекшелігі Е.Е.Климов, М.Р.Гинзбург, Э.Штрангер еңбектері
колданылды. Тренингті топтық жұмыс Ф.Ферлз, В.Саттир, М.Эриксон, Р.Дилтс
еңбектері құрайды.
Зерттеу әдістері:
- Психология ғылымының принциптері мен категориялық аппаратты қолданумен
байланысты зерттеу мәселесі бойынша психологиялық және педагогикалық
шығу тегінің жалпыламасы мен анализі.
- Әсер ететін топтық әдістерге, сондай-ақ нәтижесін белгілеп алуға
бағытталған белгілеу және бақылау эксперименттер;
- Эмпирикалық берілгендердің сандық және сапалық анализ әдістері.
Зерттеудің теориялық мәнділігі-– жасөспірімтің әлеуметтенуіне әсер
ететін топтық әдістерден анықталған мәселелермен байланысты теориялық шығу
тегін жүйелеуге тырысып көру. Бізде өңделген материалдар жалпы білім беру
мектептерінде оқу процестерінде, сондай-ақ мұғалімдер мен ата-аналар үшін
әдістемелік ұсыныстар ретінде қолдануға алады.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы-
Зерттеу жұмысының құрылымы дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
бөлім бойынша тұжырымдар, қорытынды әдебиеттер тізімі және қосымшадан
тұрады
Зерттеу базасы. атындағы № жалпы білім беру мектебі.
Зерттеу кезеңдері:
Бірінші кезең – зерттелініп жатқан мәселе бойынша маңызды психологиялық-
педагогикалық шығу тегін үйрену мен маңызды ережелерінің талдауы
қарастырады.
Екінші кезең – жасөспірімтің әлеуметтенуіне әсер ететін топтық
әдістердің диагностикасы бойынша эмпирикалық материалдың жинақталуы,
эксперименталды кезең.
Үшінші кезең – эксперименталды зерттеулердің мазмұны мен жүргізуді
өңдеу, эмпирикалық материалдарды интерпретациялау процесі.

Тұлғаның әлеуметтену процесі жайында қоғамның дамуының түрлі
кезеңдерінде көптеген ғалымдар қарастырып өтті. Олардың ішінде З.Фрейд,
Ж.Пиаже, Б.Ананьев, Б.П.Парыгин, С.Л.Рубинштейн, К.А.Абульханова –
Славская, И.С.Кон, Д.И.Фельдштейн, Н.В.Дельин, М.П.Дубинина, А.Ф.Помес бар.
Олардың әрқайсысы өздерінің концепциясына сай әлеуметтену түсінігіне
түрлі анықтамалар беріп өткен. Психологиялық сөздікте келесі анықтама
берілген: Әлеуметтену – бұл эволюциялық процесс. Ол субъектінің әлеуметтік
тәжірибені қайта жасау мен меңгерудің қорытындысында бағдарлармен
байланысты, яғни субъектінің өзі индивидуалды іс-әрекетте, коммуникация
факторында өзі жүзеге асырады.
Жай сөзбен айтқанда, әлеуметтену – бұл индивид әрекет үлгісіне,
әлеуметтік нормалар мен бағалыларды түсіну процесі. Әлеуметтену процесінде
индивидтің қоршағандарының барлығы қатысады: отбасы, көршілер, бала бақша,
мектептегі құрдастары, көптеген ақпараттар және т.б. Д.Смензер бойынша
әлеуметтену үшін үш фактордың әрекеті қажет: күту, әрекеттің өзгеруі және
осы күтулерге сәйкес ұмтылыстар. Оның ойынша тұлғаның қалыптасу процесі 3
түрлі сатыда болады:
- үлкендердің әрекетіне балалардың еліктеуі мен соны қайталау сатысы;
- ойын сатысы, егер балалар жүріс-тұрысты рөлдердің орындалуы ретінде
екенін түсінген жағдайда;
- топтық ойындар сатысы.
Әлеуметтену түсінігі тәрбие, оқу, тұлға дамуы түсініктерімен
байланысты.
Күтпеген жердегі әлеуметтік әсер ету кез келген әлеуметтік жағдайда
екі немесе одан да көп индивидтер өзара әрекеттескенде орын болады. Мысалы,
үлкендердің өздерінің мәселесі жайындағы әңгімелер балаға жеткілікті түрде
қатты әсер етеді, бірақ мұны тәрбиелеу процесі деп айтуға жеткіліксіз.
Бала түрлі әсерелерге енжар қабылдамай, ал субъекттің белсенді
позициясына объекттің әлеуметтік әсеріне біртіндеп қосыла отырып
әлеуметтенеді. Бала белсенді, өйткені ол балада қажеттіліктер бар, егер
тәрбие осы қажеттіліктерді ескеретін болса, онда бұл баланың белсенділігін
дамытуға икемдейді. Егер де тәрбиешілер баланың белсенділігін тыныш отыр
деп төмендететін болса, онда деформацияланған, енжар тұлғаны қалыптастыруы
мүмкін. Баланың белсенділігі толығымен жоғалады, соның нәтижесінде тұлға
әлеуметтік бейімделмеген, үрейленген болып қалыптасады немесе белсенділік
түрлі компенсаторлық амалдар арқылы жүзеге асуы мүмкін.
Баланың әлеуметтенуінің элементтерін З.Фрейд көрсетіп өткен. З.
Фрейдтің тұжырымы бойынша тұлға құрылымы үш элементтен тұрады:
ид - қанағаттануға ұмтылуға түрткі болатын энергияның шығу тегі;
эго - тұлғаның бақылауын шынайы принцип негізінде орындайды;
супер эго немесе өнегелі бағалы элемент.
Әлеуметтенуді З.Фрейд тұлғаның үш құрастырушы элементінің
нәтижесінде болады деп айтқан. Бұл процесте Фрейд 4 сатыны көрсетеді,
олардың әрқайсысы эрогенді зонадағы дененің белгілі бір бөліктерімен
байланысты: оральды, анальды, фалликалық және жыныстық кемелденген фаза.
Психолог Ж.Пиаже тұлғаның дамуындағы түрлі сатыдағы идеяларды
сақтай отырып, индивидтің танымдық құрылымының дамуына акцент жасап,
олардың тәжірибеге және әлеуметтік әсерлерге байланысты келесі құрылымды
жасады.
Көптеген психологтар мен социологтар әлеуметтену процесі адамның
өмір сүру барысында жалғаса беретінін көрсетеді. Ал бұл дегеніміз адам
өмір сүру барысында әлеуметтік қатынасқа түседі, және мұның арқасында оның
психикасында өзгерістер болуы мүмкін. Алайда психиканың дамуы және
әлеуметтену түсініктері ұқсас емес.
Әлеуметтену дегеніміз психиканың өзгеруі мен тұлғаның қалыптасуы.
Психика дамуының әлеуметтік процестерге қатысы болғанымен, тұлға дамуы тек
әлеуметтенуге ғана ұқсас емес. Мұндай дамулар кем дегенде екі процестің
көмегімен жасалынады.
• Әлеуметтену
• Тұлғаның өзінің дамуы.
Баланың ата-анасы әлеуметтенгендіктен, индивидке әсер етуден
әлеуметтену басталады, ал бала алғашқыда тек биологиялық болмыс ретінде
әсер етсе, кейін ол үлкендермен әрекеттесе алуға икемделіп және кейін
өзіндегі іс-әрекетіндегі әлеуметтік тәжірибесін қайталау.
Тұлға дами отырып басқа адамға әсер ете алатындай әлеуметтік
қатынастағы субъект ретінде қалыптасады, бірақ рефлексияның, сананың
биологиялық күшіне адам өзін әлеуметтік объект ретінде әсер етеді. Мұндай
әсерлер әлеуметтену болып саналмайды, бірақ тұлғаның дамуына негіз бола
алады.
Тұлғаның әлеуметтену құрылымын қарастырайық:
Тұлғаның әлеуметтену құрылымын анықтау екі аспектідегі анализден
тұрады: статикалық және динамикалық әлеуметтенудің статикалық және
динамикалық құрылымын сәйкесінше шартты түрде белгілеуге болады. Сонымен
қатар олардың жеке ішкі өзгерістерінің түрлі дәрежелері ескерілмейді.
Осыларға ең алдымен тұлға мен қоғамды жатқызу керек, сондай-ақ сол
әлеуметтік білімдер олардың өзара қарым-қатынас жасау процесіне
икемдейтіндерді де.
Тұлға түсінігі адамдағы әлеуметтік белгілерді, яғни бір жағынан
табиғат бөлігі, екінші жағынан индивид болып келетін белгілерді көрсетеді.
Бұл оның қоғамдық болмысы, ол тек қоғаммен бірге немесе тек оның негізінде
дамиды. Әлеуметтену процесін анықтаушы факторы микроорта - өмір сүруде
тұлғаға тікелей өзара әрекеттесетін әлеуметтік-саяси, идеологиялық, саяси,
экономикалық факторлардың бірігуін көрсететін объективті шынайылық.
Тұлғаның әлеуметтенуінің статикалық құрылымы қоғамның даму кезеңіне
қатысты анализге нақты жақындауға мүмкіндік береді. Алайда, жоғарыда
аталған статикалық құрылымның элементтері дамудың өзгерістің үнемі
анықтаулары болмайды. Сондықтан тұлғаның әлеуметтенуінің статикалық
құрылымының негізгі элементтердің талдауы олардың қозғалысы, өзгерістері,
өзара әректтесуі бұл процестің динамикалық құрылымын зерттеуге алып келеді.
Динамикалық құрылым статикалық құрылымның элементтерінің өзгерістерін
мойындауына негізделеді.
Әлеуметтену үш топқа бөлуге болатын көп факторлар арқылы жасалады (№1
кесте): [18].
Осылайша әлеуметтену түсінігіне тұлғаны оқыту, тәрбиелеу, дамыту
түсініктері кіреді. Алайда әлеуметтенудің бағыттары, механизмдері және
феномендері бар.
Таблица №1. Тұлғаны әлеуметтендіретін факторлар
Отбасы
Микроқоғам
Тәрбиелеу институттары
Діни ұйымдар
Түр
Этнос
Тұрғылықты жері
Аудандық шарттар
Ақпарат құралдары
Мәдениет
Елді мекен
Мемлекет
Қоғам
Әлеуметтік-психологиялық зерттеулерде қалыпты әрекеттерді көлемді
жоспарда қарастыру керек, адамның жеке әрекеттерін ғана емес, сонымен қатар
жасалған әрекеттің әлеуметтік ортасын да таңдау қажет. Әрекетті талдау
кезінде тұлға әлеуметтену кезінде төрт ортада болатынын ескеру қажет.
- қалыпты жүріс тұрыс;
- әлеуметтік-психологиялық адаптация;
- ауытқушылық қылық;
- дұрыс емес қылықтар.
Қалыпты әрекет өрісі тұлғаның қалыптасу немесе қалыптаспауы. Ереже,
Кодекс, Заң және т.б. немесе салт-дәстүрге байланысты әдеттер түрінде
көрінетін формалар арқылы көрінетіндер арқылы анықталған. Бұл өрісте
тұлғаның даму процесі тәртіптік, заңдық, этикалық, мүмкін болатын
технологиялық қалыптармен танысады және оларды орындауға міндетті қалыпты
әрекет түсінігі анықталмағандықтан, әрекетті бағалау әрекет түрлеріне және
шекарасы мен қалыпты әрекет түрлері бірқалыпты болады. Бұл мәселе тікелей
немесе жанама түрде әсер ететін көрсеткіштер әлеуметтік сапалар, әдеттер
түрі 20-дан 300-ге дейін есептеледі, бұлардың барлығы зерттеу тапсырмалары
мен автордың құзырлылығына байланысты нормалық әрекетті бес топқа бөлген.
1. Қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсе алуы:
- басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсе алуға және әңгімеге араласуға
мүмкіндік беретін минималды әрекеттер;
- біреумен әңгімеге түсе алу;
- қызық мәселедегі әңгімеге түсе алуы, оны талқылап әңгімелесушінің
сұрақтарына жауап бере алуы;
- басқа адамға оны тыңдап отырғаныңызды білдіріп, әңгімені ақылға
қонымды ескертулермен аяқтағаныңызды білдіртіңіз;
- басқа адамды тыңдап, оған өзіңіздің қызығушығылыңызды көрсетіңіз.
2. Әңгімелесушіге өзіңіздің позицияңызды білдіре алу:
- Сізге оның әрекеттерінен ұнайтындарды жақсы сөзбен жеткізу;
- Сізге деген жасағандарына алғыс білдіретініңзді оған айту;
- өзінің күшіне сенімсіз болса, қолдау көрсету;
- көмек сұрау;
- қандай-да бір жұмысты қалай істеу керек екенін түсіндіру;
- арызға, шағымға көңіл бөлу;
- оның көзқарасы сіздікінен қарағанда өнімсіз екенін көрсету;
- өзіңіздің қанағаттанбағаныңызды тікелей және адал білдіріңіз.
3. Басқа адамның ойына көңіл бөле алуы:
- оның мақтауға тұратынын және оны бағалайтыныңызды білдіру;
- басқа адамның уайымына көңіл бөліп (эмпатия), өзіңіздің
түсінетініңізді білдіріңіз;
- кешірім сұрау;
- көрсетілгендерді орындап, нұсқауларды қатал меңгере білу;
- басқа адамның тілегін ескеру,
- сәтсіздікке рационалды әсерлену,
- басқа адамның ашуын түсіне алу.
4. Адамдармен қарым-қатынасты жоспарлай алу:
- Сіз неге қол жеткізгіңіз келеді және ол қаншалықты шынайы екенін
шешіңіз;
- арнайы ақпаратты таңдай алуы;
- жұмысты орындау үшін шарттар жасай алу;
- жеке қабілеттерді дұрыс бағалау;
- қиын, күрделі әңгімелерден қашпай, оларға дайын болу;
- приоретные мәселелерді белгілеп қою.
5. Агрессивті әрекеттің альтернативін құрастыра білу:
- өзінің сезімдерін анықтау;
- үзілістер жібермей, өзін басқару;
- талас-тартыста компромисті шешім таба білу [11].
Басқа психологтар тұлғаның қалыпты белгілерін былай санайды:
1. Сіздің әлеміңізге қызығушылық.
2. Өмір философиясы мен өмір мағынасының болуы.
3. Бағалылардың иерархиясының болуы.
4. Шындықты әзілмен қабылдап бағалауға қабілеттілігі.
5. Сыртқы және ішкі өзгерістерге әсерленуге қабілетті тұлғаның бүтіндігі.
6. Рухани байланысты құрастыру қабілеті.
7. Қоғамның қалыпына әрекеттердің сәйкестігі.
8. Қоғамдық мақсаттарға бағыну [88].
Тұлғаның әрекетінің қалыпты сапаларының мұндай жіктеулері кеңінен
тараған. Сонымен бірге оларды практикалық қолданулардың белгілі бір қиындық
тудырады. Мысалы, тұлға әлеуметтену барысында қалыптастырған бағалылардың
иерархиясын жағымды сапа болып саналады. Бірақ қылмыскерлерде өздерінің
бағалау иерархиясы бар, олар тұлға әрекетінде қалыпты емес. Индивидуалдық
көрсеткіштері қалыпты әрекеттердің толық көлемді көрсеткіштері болып
саналмайды. Олардың apriori анализінен тұлға жағымды әлеуметтік статусқа ие
деп қорытынды жасау мүмкін емес. Әрбір ұсынылған көрсеткіштің жалған екені
әшкереленуі мүмкін. Және бұл қалыпты және ауытқушылық әрекеттері бар
адамдардың тұлғалық сапалардың салыстырмалы анализін мүмкін етпейді.
Зерттеулерде ұсынылған топтардың санына тәуелсіз әлеуметтік типтегі
адамдардың жіктелуі кездеседі. Әлеуметтік бағыттылық критерийі, лидерлік
сапалардың болуы немесе болмауы қорғаныш деңгейі және басқалар қалыптылық
алабы болып табылады. Оларға жататыны:
- жағымды әлеуметтік қондырғылар;
- тұлғаның күшті типі;
- интеллекттің жоғарғы деңгейі;
- агрессиялық тенденцияның болмауы;
- әлеуметтік қайырымдылық сезімнің дамуы;
- қарым-қатынасқа түсушілік;
- конформизм және басқалар [93].
Мысал ретінде көрсетілген зерттеулер іс-әрекеттегі қалыптылық бағасының
бірдей еместігін көрсетеді. Осының өзінде де әрекетті қалыптандыру
анықталған көрсеткіш бойынша қажет. Мысалы, тарифті қойылымдар мен
окладтарды реттеу кезінде іскерлік және мамандандырылған сапалардың бағалау
көрсеткіштерінің және еңбек нәтижесін бағалау өнімі бірден-бір шарты болып
келеді. Келесі көрсеткіштерді қолданады:
- маманданған шеберлік;
- қосымша жұмысты, өзінің қызметіне қатысты жауапкершілікті талап ететін
күрделі жұмысты орындауы;
- жұмыста шығармашылық көрсету (конкурсқа, семинарларға қатысу, жаңа
әлеуметтік әдебиеттерді қарау);
- жаңа техникалық, экономикалық, ұйымдастыру және басқа шешулердің
өңделуіне қатысу;
- өзбетінше жұмыста жұмыс істеу;
- тапсырмаларды өз уақытында орындау;
- жұмысты сапалы орындау және басқа көрсеткіштер.
3М американдық компонияларда операторларды аттестациялау кезінде
жұмыстың 15 белгісін ескереді және мамандық білімдер, байқаушылық, назар
салушылық, жинақылық, мобильділік деңгейінің, бір жұмыстан екінші жұмысқа
ауысу қабілеті және т.б. арасындағы адамның орны.
Ең маңызды детальді көрсету керек: барлық классификацияларда
тұлғаның өнегелі-этикалық құрылымына тікелей қатысы бар көрсеткіштер аталып
өтеді, өйткені бұл – маманданған сапаларды, мұндай ауыртпашылықтарды көтере
алмайды. Жеке зерттеулер стратегиясын талқылауға сүйене отырып көрсетілген
ерекшеліктер әдіснамалық және әдістемелік зерттеудің таңдауының негізгі
қиындығымен бекітіледі.
Ауытқушылықты әрекеттегі балалардың типтік классификациясының
негізіне әлеуметтік белгілер жатады. Оны 1914 ж. А.И.Зак әлемге таратқан.
Балалар үш типке бөлінген.
Бірінші тип – кездейсоқ қылмыскерлер. Үлкендер арасына қарағанда жиі
кездеседі. Ауытқушылықтың психологиялық механизмі жеңіл: балалар құқықты
білмей, заңды бұзады, қылмыс жасағанын түсіне алмайды. Бірақ қаңғыбастықтың
болуы отбасының толығымен шашырауы, жалғыздық болғанда. А.И.Зактың ойынша,
қаңғыбас балаларды тәрбиелеу оңай, жай жағдайда бір орында өмір сүреді,
өздерін дұрыс ұстайды.
Екінші тип – қылмыскер балаларға туыла пайда болған нашар
тұқымқуалаушылық, психофизиологиялық ұйымдар жатады.
Үшінші тип – ең кең таралғаны. Мұндай балалардың қылмысқа баруына
екі күш себепті – аштық пен суықтық.
ХХ ғасырдың 20-шы жылдары Ресей үшін негізгі мәселе панасыздық
болды. Сондықтан қылмыстық деңгейдегі ауытқушылықтарға арналған
классификациялар болды. Қылмыскер балаларды 5 топқа бөлді.
Бірінші топ – эмоциялы және құмаршыл субъекілер. Олардың жалпы саны
40%-ға жетті. Типтік бейнелер келесідей: құмарлық, өздерінің
қажеттіліктерін қанағаттандыру – жыныстық эмоциясы, тәбет, өнегелі
дефектілік дұрыстауға икемделеді.
Екінші топ - әлсіз ерікті, еріксіз жалқау субъектілер. Тәрбиелеу
әсерлерге оңай беріледі, бірақ басқалардың әсеріне қатты тәуелді. Мұндай
балалар 25%-ға жетеді.
Үшінші топ – қиялшылдар. Бұл қызметтік арманшылдар, жақсыға немесе
жаман нәрсеге алып келетін елестеулері барлар. Тәрбиелеу педагогтың
шеберлігіне байланысты. Мұндай балалар 15%.
Төртінші топ - өнегелі және ақылды.
Бесінші топ – психоневротиктер мен психикалық аурулар.
Төртінші және бесінші топтағы балалар психологиялық-педагогикалық
әсерлерге берілуі қиын [10].
Психологиялық әдебиеттерде ауытқушылық әрекеттегі қатысушыларды
әлеуметтік тасталынған, жіберілген, тәрбиелеуі қиын, қалыпты емес және
қиын әрекеттегілер деп атайды. Қиын оқушылар деген термин өте кеңінен
таратылған. Бұл термин әдетте өздерінің психологиялық ерекшеліктеріндегі
балалар үлкендермен қарым-қатынас жасауда қолданылатын мағынада.
Әрекеттегі нормативтіліктің алдымен тұлғаның әлеуметтену барысындағы
әсерінің сипаты мен құрылу шарты әлеуметтік нормалар, олардың түрлерін
ғылыми тұрғыдан қарастыру қажет. Зерттеушілер келген қорытынды: әлеуметтік
норма ең алдымен өмірдегі қызмет барысында салт-дәстүр түрінде қалыптасады.
Салт-дәстүр адамдардың бірігіп іс-әрекет еткенде қарама-қарсылық,
үйлесімділіктің болмағандығы қатынасты реттеу үшін пайда болды. Сондықтан
салт-дәстүр гаммасы еңбек өміріне икемделген ортада әрекет еткендіктен,
олар әрқашанда жеткілікті. Мысалы, әдет-ғұрыпта аң аулау кезінде бір-біріне
кедергі келтірмей, қиындықта көмектесіп, жалпы олжадан артық алмау және
т.б. Егер де кімде-кім кеңінен тараған әдет-ғұрыпты бұзатын болса, қоғам
мүшелері оларға кедергі жасаған, бұзушыларды қоғамнан қуып жіберген.
Әдет-ғұрып еңбек процесінде кіріспе және қатынасты қалыптастыру
үшін қажет [5]. Бұл жағдайда әдет-ғұрып пен салт-дәстүр адамның әрекетін
реттеуде негізгі құрал болып табылады.
Бұл фонда субъектік бейненің нормативтілігін және оқу процесінде
ауытқыған оқушыларды зерттеу қажет, өйткені, балалар мен жасөспірімдердің
әлеуметтенуі олардың қоршаған ара-қатынасындағы барлық сфераларды алады.
Тұлға жекелік деңгейде әлеуметтенуде бірнеше процестерден өтеді:
- Адамдардың тұлғалары бір-бірімен өзара әрекеттескенде қалыптасады.
Мұндай өзара әрекеттер мынандай факторларға, яғни жасына, ақыл-ой
деңгейіне, жынысына байланысты сипатталады:
- сондай-ақ қоршаған орта бала тұлғасына әсер етуі мүмкін;
- тұлға жеке жеке тәжірибе негізінде қалыптасады;
- тұлғаның қалыптасуының маңызды аспектісі мәдениет болып табылады.
Әлеуметтенудің басушы феноменіне әлеуметтік нормалар, әдет-ғұрып,
қызығушылық және т.б. әсер ететін әрекеттегі стереотиптерді түсінуін
жатқызу қажет.
Әрекеттегі стереотиптер тұқымқулаушылық сигналдық жолмен
қалыптасады, яғни ерте балалық шақта үлкендерге еліктеу арқылы олар өте
тұрақты және психикалық бірікпегендіктің негізінде болуы мүмкін (мысалы,
отбасы, этнос).
Әлеуметтенудің бірнеше әлеуметтік-психологиялық механизмдері бар:
Идентификация – бұл индивидті қоршағандарға тән түрлі әрекет
нормаларын ұғатын кейбір адамдар немесе топтармен біріктіреді.
Идентификацияға мысал ретінде жыныстық-рөлдік типизация – индивидтің
психикалық ерекшеліктері және әрекеті ұсынылған жыныс үшін алынғаны болады.
Еліктеу әрекет мөрін, басқа адамның тәжірибесін (мәнерін,
қозғалысын, әрекетін, т.с.с.) саналы және санасыз түрде қайталау болып
табылады.
Сендіру – ішкі тәжірибені, ойларды, сезімдерді, араласатын
адамдардың психикалық жағдайын санасыз түрде қайталау процесі.
Әлеуметтік фасилитация – бір адамның әрекеті басқа адамдардың
әрекетіне түрткі болады, нәтижесінде олардың қызметтері еркін және
қарқынды болады (фасилитация жеңілдену деген мағына береді).
Конформдылық – қоршаған адамдардың пікірімен және олармен сырттай
келісуді түсіну.
Ғалымдар, соның ішінде З.Фрейд те мынадай әлеуметтенудің төрт
психологиялық механизмін көрсетті.
Имитация – бала қандай да бір әрекет моделін қайталауға талпыну.
Еліктеуге ата-анасы, туысы, достары және т.б. үлгі болуы мүмкін.
Идентификация – сол немесе басқа ортаға жататынын түсіну тәсілі.
Идентификация арқылы балалар ата-ана, туыс, көрші, достардың әрекетін,
олардың бағасын, нормасын, өздерінің жеке әрекет үлгісін қабылдайды.
Ұят – басқа адамдардың реакциясына байланысты әшкерелеу мен масқара
болуды уайымдау.
Айып сезімі – басқа адамдардан тәуелсіз өздерін жазалаумен
байланысты әшкерелеу мен масқара болуды уайымдау.
Имитация мен идентификация белгілі бір әрекет типін ұғынуға
бағытталғандықтан позитивті механизм болып табылады. Ұялу мен айып
әрекеттің белгілі бір үлгілеріне тосқауыл келтіретіндіктен жағымсыз
негативті механизмдер.
Зигмунд Фрейдтің айтуынша, ұят пен айып сезімі бір-бірімен тығыз
байланысқан. Алайда олардың арасында белгілі бір айырмашылық бар. Ұят
әдетте сізді масқара қылып және әшкереледі деген сезімдермен
байланыстырады. Бұл сезім индивидтің басқа адамдар әрекетін қабылдауға
бағытталған. Айып сезімі де ішкі уайымдаулар мен өздерінің әрекетін адами
бағалаумен байланысты. Бұл жерде жазалау ар-ұждан формасында өз-өзінен
жасалады.
Әлеуметтенудің негізгі бағыттары адамның өмір әрекетінің шеттік
ортасымен сәйкес келеді. Әрекеттік, эмоциялық-сезімталдық, танымдық,
тұрмыстық, моральді-өнегелі, тұлғааралық.
Басқаша айтқанда әлеуметтену процесінде адамдар өздерін қалай ұстау
керек, қоршаған табиғи және әлеуметтік әлемді қалай тану керек екенін,
әртүрлі жағдайларға эмоционалды әсерленуге, өздерінің тұрақтарын
ұйымдастыруға, біріккен іс-әрекетте және тұлғааралық қатынасқа қалай
нәтижелі қатысу керек екенін үйренеді.
Өз зерттеулерінде А. Я. Варга, В.В. Столин ата – ана
қатынасының төмендегідей өлшемдерін бөліп көрсетті:
1. Қабылдау - бас тарту. Қабылдау: ата – анаға бала қандай болса,
сол қалпында ұнайды. Ол баланың жекелігін құрметтейді, симпатиямен
қарайды. Бас тарту: ата – ана өз баласын жаман, бейімделе
алмайтын, жолы болмайтын деп қабылдайды, көбінесе балаға деген
ашу, тітіркену, ренішін сезінеді. Ол балаға сенбейді, оны
құрметтемейді.
2. Кооперация - ата – ананы баланың іс - әрекеті мен жоспары
қызықтырады, оған көмектескісі келеді. Баланың интеллектуалды немесе
шығармашылықты қабілетін жоғары бағалайды, оны мақтан етеді.
3. Симбиоз - ата – ана баласы үшін әрдайым мазасызданады, ол
кішкентай, қорғансыз болып көрінеді. Ата – ана балаға тәуелсіздік
бермейді.
4. Авторитарлы гипер әлеуметтену - ата – ана баланың бір сөзге
келмей өзін тыңдауын және тәртіпті талап етеді.
5. Кішкентай - жолы болмаушы - өзінің жеке басы мен
әлеуметтік бақуатсыздығын балаға тілеуге ұмтылатын ата – аналық өарым
– қатынас. Бала бейімделе алмайтын, жетістіксіз, теріс ықпалға ашық
болып көрінеді. Ересектер баланы өмір қиындықтарынан қорғап немесе
оның іс - әрекеттерін бақылап отыруға тырысады.
Әдебиеттерге жасалған талдаулардың көрсеткеніндей, ата – ана
қарым – қатынасын сипаттайтын түсініктердің жан – жақтылығына
қарамастан олардың кез – келгенін де ата – аналар қатынасы
табиғатынан бір – біріне қарама – қарсы екені байқалады [3].
Е. О. Смирнова, М. В. Быкова ата – аналар қарым – қатынасында
бір – біріне қарама – қарсы 2 сәтті бөліп көрсетті: шартсыз (олар
махаббат, жанашырлық, қабылдау сияқты компоненттерге және шартты
(объективті баға, бақылау, белгілі – бір қасиеттерді тәрбиелеуге
бағытталу). Осылайша, бізде отбасындағы өзара қарым – қатынас түрлі
жоспарлы сипатта болуы мүмкін деген қорытынды жасауға негіз бар.
Бала мен ата – ана арасындағы қатынаста отбасы түрі,
ересектер ұстанған қалыпты жағдайы, қарым – қатынас стилі және
отбасындағы балаға арнайы бөлінген рөлі көрінеді. Ата – аналар
қатынас түрінің ықпалынан баланың жеке басы қалыптасады.
А. Н. Леонтьев, А. Р. Лурия, Д. Б. Элькониннің зерттеулерінің
көрсетуінше баланың психикалық дамуы оның ата – анасымен
серіктестігінің ерекшелігімен немесе эмоционалдық байланысымен
анықталады.
Сәйкесінше, ата – аналар қатынасының баланың эмоциялық
дамуына ықпал етуін қарастыруға болады.
Ата – ана қатынасының ықпал етуіне байланысты сұрақтарды
қарастырмас бұрын, біз мазасыздық деген сөздің өзіне назар аударып
көрейік:
Психология ғылымында мазасыздық мәселесінің түрлі
аспектілерін талдауға арналған бірнеше зерттеулер бар.[12]
Мазасыздық түсінігі көп аспектілі. Сөздіктерде ол 1771
жылы белгілене бастады. Бұл терминнің шығуын түсіндіретін көптеген
нұсқалары бар. Көптеген зерттеушілердің бұл түсінікті салыстырмалы
түрде жағдайлық құбылыс және тұлғалық сипаттама ретінде қарастыру
керек деген ұйғарымда пікірлері сәйкес келеді.
Психологиялық сөздікте мазасыздық - индивидтің
мазасыздануға, уайым шегуге бейімділігі ретінде қарастырады.
Р. С. Немовтың пікірі бойынша, мазасыздық адамның бір
қасиеті ретінде жоғары деңгейдегі уайымдау жағдайында болады және
ерекше әлеуметтік жағдайда қорқыныш пен уайымды бастан өткізумен
сипатталады.
В. В. Давыдов мазасыздықты - психикалық ерекшелік ретінде
әр түрлі өмірлік жағдайларда уайымды бастан кешіруге жоғары
бейімділігінен тұратынын мәлімдеді [63].
Түсініктердің анықтамаларынан мазасыздықты былайша
қарастыруға болатынын көреміз:
- Психологиялық құбылыс;
- Тұлғаның жекелік психикалық ерекшелігі;
- Адамның мазасыздықты уайымдауға бейімділігі;
- Жоғары мазасыздану жағдайы.
Мазасыздану құрамына - қауіп – қатер, қорқыныш,
тынымсыздану түсініктері де кіреді.
Қорқыныш - адам санасында өзінің өміріне жанының
саулығына нақты қауіптің аффективті бейнеленуі.
Мазасыздық - алда болатын қауіпті эмоциялық түсіну.
Мазасыздық қорқынышқа қарағанда ол әрдайым жағымсыз қабылданатын
сезім емес, өйткені ол қуанышты жағдайды күтудегі толқумен де
көрінуі мүмкін.
Қорқыныш пен мазасыздықты біріктірудің басы тынымсыздану
сезімі болып табылады. Ол артық қимылдан немесе қимылсыздықтан
көрінеді. Адам сасқалақтайды, дауысы дірілдеп сөйлейді немесе тіпті
сөйлемей қояды.
Берілген анықтамаларымен қатар зерттелушілер мазасыздықтың
түрлері мен деңгейлерін бөліп көрсетеді:
Ч. Спилбергер мазасыздықтың екі түрін: тұлғалық және
ситуативті (жағдайлық) деп бөліп көрсетеді. Тұлғалық мазасыздық кең
көлемдегі объективті қауіпсіз жағдайды қауіп – қатерге ие деген
болжам жасайды.
Жағдайлық мазасыздану әдетте, адамға объективті қауіп
төндіретін қандай да бір нақты жағдайға қысқа мерзімдік реакция
ретінде туындайды [26,59].
А. И. Захаров мектепке дейінгі кезеңде мазасыздық мінез –
құлықтың тұрақты бейнесі болып қоймайды, ол жағдайлық көрінулерге
ие болады, өйткені дәл осы кезеңде тұлға қалыптаса бастайтындығына
мән берген.
А. М. Прихожан мазасыздық түрлерін жағдайлармен байланысты
бөліп көрсетеді:
- Оқу процесімен байланыстылығы - оқу мазасыздығы;
- Өзі туралы түсініктерімен байланыстылығы - өзіндік бағалау
мазасыздығы;
- Қарым – қатынасқа байланысты - тұлғааралық мазасыздық.
Мазасыздықтың түрлілігімен қатар оның деңгейлік құрылымы да
қарастырылады.
И. В. Именадзе мазасыздықтың 2 деңгейін бөліп көрсетеді: жоғары
және төмен. Төменгісі - ортаға дұрыс бейімделу үшін қажет, ал
жоғарғысы - қоршаған ұйымда адамға қолайсыздық тудырады.
Б. И. Кочубей, Е. В. Новикова іс - әрекетпен байланысты
мазасыздықтың: деструктивті, жеткіліксіз, конструктивті үш деңгейін
көрсетеді [19].
Мазасыздық психикалық ерекшелік ретінде түрлі формаға ие болады.
А. М. Прихожанның пікірі бойынша мазасыздық формасы бұл - мінез –
құлықтың уайымдаумен үйлесуі, іс - әрекетте, қарым – қатынас пен
тәртіп сипаттамасындағы вербальды және вербальды емес түйсіну болып
табылады. Ол мазасыздықтың ашық және жабық формаларын көрсетті:
- Ашық түрі: өткір, реттелмейтін мазасыздық;
- Реттелетін және орын толтыратын мазасыздық;
Жабық мазасыздықты ол бетперде деп те атады. Мұндай бетперде
ретінде: агрессивтілік, шектен тыс тәуелділік, жалқаулық, апатия,
өтырікшілдік, шектен тыс арманшылдықты айтуға болады.
Жоғары мазасыздық бала психикасының барлық аймағына әсер етеді:
Аффективті – эмоциялық, коммуникативті, моральды – еріктік, когнитивті.
В. В. Лебединский зерттеулері жоғары деңгейдегі мазасыздығы бар
балалар невроз тұлғалық эмоциялық бұзылысы бар тәуекел тобына
жатады деген шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Олай болса, ол қандай мазасыз бала? Мазасыз бала тепе – теңсіз
өзіндік бағалауға ие: төмендетілген, жоғарылатылған, қақтығыстық, бір
– біріне қарама – қарсы. Ол қарым – қатынаста кедергілерді сезінеді,
өзі ниет білдіре бермейді, іс - әрекеті - невротикалық сипатта,
оқуға деген қызығушылығы төмен, бейімделе алмаудың айқын белгілері
болады. Оған өзіне деген сенімсіздік, қорқақтық, өзін - өзі
реттеудің ең төменгі деңгейі тән.
Балаларда мазасыздықтың көрінуіне ықпал ететін факторлардың бір
ата – аналар қатынасы екендігін А. И. Захаров, А. М. Прихожан т. б.
көрсетті [3,56,65].
Осы мәселе бойынша авторлардың зерттеулеріне шолу:
К. Монпард қатаң тәрбиелеу қорқынышы басым, тежеулі типтегі
дамуға және бірмезгілдік таңдамалы басымдылыққа әкеледі, - деп
есептейді; маятник тәріздес тәрбиелеу (бүгін тыйым саламыз, ертең
рұқсат етеміз).
Балада аффективті жағдайдың көрінуіне, неврастенияға апарып
соғады, қамқорлықта тәрбиелеу тәуелділік сезіміне және төменгі
еріктік потенциалға әкеледі, жеткіліксіз тәрбиелеу - әлеуметтік
бейімделудегі қиындықтарға әкеледі.
С. Блюменфельд, И. Александренко, Г. Героргиц: Ата – ананың
гиперпротекциясы және радикалды елемеушілігі баланың
агрессивтілігіне, тұрақсыздығына әкеледі - деп есептейді.
П.А.Лесгафт былай деген: балаға деген жеткіліксіз немесе қатаң
қарым – қатынас баланың ашулы – тұйық типін, қарым – қатынас
аймағында іс - әрекетте бұзылыстар мен тұрақсыздыққа ие, өз - өзіне
тұйықталған балаларды даярлайды деген. Шектен тыс еркелік - жұмсақ
– тұйық тип - тәуелді іс - әрекетімен, суық және немқұрайлы
типтегі баланы тәрбиелейді.; отбасы үлгісі типі бойынша тәрбиелеу
- даңқ құмарлық, шектен тыс ұмтылу, басқаларға бұйрық беріп
бірінші болуға ұмтылу [65].
И. М. Балинский: отбасында балаға деген қатаң, әділетсіз қатынас
оларда ауыр рухани жағдайдың даму себебі болып табылып; шектен тыс
түсіністікпен қарау - баланың талап қоюшылығы - баланың рухани
әлсіздігінің себебі.
В. Н. Мясищев, Е. К. Яковлева, С. Г. Файебергтің айтуы бойынша:
қатаң жағдайға тәрбие беру, бірақ қарама – қайшы талаптар мен тыйым
салулар невроз, психастенияға жағдай жасайтын факторларды туындатады
[13].
Шектен тыс назар аудару және баланың барлық қажеттіліктерін
қанағаттандыру ол - мінез – құлықтың эгоцентризммен истериялық
жақтарының дамуына, жоғары эмоциялылыққа және өзіндік бақылаудың
жойылуына әкеледі;
Балалардың қолдарынан келмейтін нәрсені талап ету -
невростенияның этиологиялық факторы болып табылады.
Е. Г. Сухарева төмендегідей шешімдерді жасайды: қарама – қайшылықты
және кемсітетін тәрбиелеу - баланың жоғары деңгейдегі қозғыш,
тұрақсыз, агрессивті – қорғанушы типіне әкеледі; деспоттық тәрбиелеу
- іс - әрекеттің тежелген, сенімсіз және тәуелділік пен енжар
қорғаныштық түріне әкеледі;
Психологтар ата – аналар балаларымен қарым – қатынастың барысында
өздеріне байқамай өз әке- шешесінің тәрбиелеу моделін қайталайтынын
байқаған [8].
В.С.Мухина, Т.А. Репина, М.И. Лисина зерттеулерінен
байқайтынымыз, ата – ананың балаға деген жағымсыз қарым – қатынасының
себептері - олардың жас кезеңінің психикалық ерекшеліктерін, баланы
тәрбиелеу әдістерін, түрлерін, мазмұны мен міндеттерін білмеу болып
табылады екен.
Баламен жағымды қырым – қатынас орнату үшін оны қалай істеу
керектігін білуіміз керек. Осы мәселе бойынша бірқатар факторлардың
зерттеулерін қарастырайық:
Ата – аналар қарым – қатынас жүйесінде баладағы мазасыздықты
түзету тәсілдеріне келер болсақ авторлар - А. И. Захаров, Е. Б.
Ковалев, Р. В. Овчарова, А. А. Осипова, А. С. Спиваковская, А. Адлер,
К. Роджерс, Г. Л. Гендрет еңбектерінде жеке тұлға дамуындағы
үйлесімділік пен эмоциялық жағдайдың түрлі бұзылуларына түзету
жүргізудің маңызы зор екендігі көрсетілген [12,45,52,55,56].
Коррекция бұл - адамның іс - әрекетін немесе психологиялық
дамуындағы кемшіліктерді арнайы психологиялық ықпал ету тәсілдері
арқылы жоюға бағытталған іс шаралар жүйесі.
Психологиялық коррекция бұл адамның бойында бар шығармашылық
қорын ашуға, тапсырыс берушінің әртүрлі аймақтағы (оқуда, іс -
әрекетте, басқа адаммен қарым – қатынаста) мүмкіндіктерін жоғарылатуға
бағытталған іс - әрекет түрі болып табылады.
Психологиялық коррекция түрі мен формасына қарай
ерекшеленеді. Түріне қарай: симптомды, каузалды; тұлғаның танымдық
аймақтық; аффективті – еріктік аймақ, іс - әрекет, тұлғааралық қарым –
қатынас;
Формасына қарай; жекелік; топтық; аралас; жоспарланған;
директивті; директивті емес; шектен тыс қысқа; ұзақ; жалпы; жекеше;
арнайы.
Коррекциялық жұмыстардың формасын процедурасына мақсаты мен
теориясының ерекшеліктерін қарамастан, оның психологиялық ықпалы
толықтай алғанда бір адам екіншісіне көмектесуге ұмтылады дегенге
келеді.
Р. В. Овчарова: ата – ананың психикалық – педагогикалық
сауатсыздығы; тәрбиелеудің ригидті стереотипті; ата – ананың бала
арқылы қоғамға келтірген жекелік мәселелері және ерекшеліктері;
отбасындағы қарым – қатынас ерекшеліктерінің ата – ана мен бала
қатынасына ықпал ету ерекшеліктері және т. б. ата – ананың тиімсіз
қарым – қатынасының себептеріне сүйене отырып, түзетудің негізгі
әдісі ретінде когнитивті мінез – құлықтық тренингті ұсынады.
Когнитивті - мінез – құлық тренинг рөлдік ойындар мен
видеотренинг бағдармаларының көмегімен жүзеге асырылады.
Әдісті негіздеу: Отбасы – тұтастай бір жүйе және дәл осы
үшін ата – ана – бала мәселесі тек қана баланың немесе ата –
ананың коррекциясының арқасында шешіле қоймайды. Қосымша жұмыстар
оның тиімділігін арттыра түседі.
А. А. Осипованың бала мен ата – ана қарым – қатынасын түзету
құралы ретінде әлеуметтік психологиялық тренинг дегенге топтық
жұмыстың белсенді әдістеріне негізделген психологиялық ықпал ету
тәжірибесін түсінуге болады. Сонымен бірге білімге, іскерлікке,
қарым – қатынас аймағындағы техникалар, іс - әрекет және түзетуге
үйрететін өзіндік оқыту түрлерін қолдану десек те болады [14].
Әлеуметтік психологиялық тренинг бұл - белсенді оқыту
әдістерінің және психологиялық ықпал етуші фактордың бірі. Ол
өзара қарқынды топтық іс - әрекетте жүзеге асырылады және қарым –
қатынас аймағындағы құзыреттілікті жоғарылатуға арналған әдіс.
Әлеуметтік психологиялық тренингтің жүргізілу барысында
түрлі әдістемелік тәсілдер қолданылады: топтық дискуссия, рөлдік
ойын, вербалды емес жаттығулар т. б.
Е. Б. Ковалев балалар мазасыздығын зерттей келе оның өсуіне
балалар мен ата – ана арасындағы эмоциялық қарым – қатынас белгілі
деңгейде ықпал ететіндігіне баса назар аударған. Нәтижесінде бала
ата – ана қысымында болады. Баланың мазасыздығын түзету үшін оның
өзіндік санасына даму деңгейі арқылы ықпал етуді ұсынады.
Органикалық деңгейдегі түзету әдістері: шөптік және
дәрумендік емдеу, шоғырлану мен релаксацияға арналған жаттығулар,
күн тәртібіне, тамақтануға, серуендеуге, ұйқыға назар аудару.
Өзіндік сананың жекелік деңгейіндегі түзету әдістері
эмоционалдық жағдайдың тұрақтануына, эмпатия мен адекватты
қорғаныштық көріністерді дамытуға бағытталған. [ 36,48]
Тұлғалық деңгейдегі түзету әдістері: Бейнеден шығару,
терапевтік қарым – қатынас жаттығулары сондай – ақ, тиімді телімелі
әдістер: қорқынышты суреттеу, арнайы суреттер арқылы әңгіме
құрастыру.
А. Г. Харчев пікірінше, мектепке дейінгі бала үшін отбасы -
әлеуметтік микроскоп, онда ол бірте – бірте әлеуметтік өмірге
араласады. Бала тәрбиесінде ата – ананың бала тәрбиесі туралы қате
түсініктермен, оның психикалық, жас және жекелік ерекшеліктерін
білмеуімен байланысты жіберілетін қателіктер аз кезегінде ата – ана
мен бала қарым – қатынасы жүйесіндегі бұзылыстарға әкеп соғады.
Т. А. Маркова, Г. Кравцов, Т. Н. Доронов, С. И. Мушекко және
т. б. айтуынша ата – ана мен бала қарым – қатынасының жағымды түрі
қалыптасуы үшін ата – ананың педагогикалық сауаттылығын қалыптастыру
қажет. Ата – анамен жұмыс істеуде ұжымдық және жеке жұмыс түрі
қолданылады. Жұмыстың ұжымдық түріне: ата – аналарға арналған
жиналыс, семинарлар. Жекелік жұмыс: кеңестер, жеке папкалар, әңгіме,
үйлерді аралау.
Ата – ана мен бала қарым – қатынасын түзетуге байланысты
бірнеше авторлардың тәсілдерін талдай отырып, олардың ішіндегі ең
маңыздысы - біздің ойлауымызша ата – ананың білімін байытуға
арналған жұмыс. Ата – ана мен бала арасындағы қарым – қатынасты
түзету үшін зерттеушілер тренингті (когнитивті – мінез – құлықтың,
әлеуметтік психологиялық) қолдануға болатынына көңіл бөледі [6].
Қорыта айтар болсақ, мазасыздық мәселесі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz