Ерекше сот өндірісі тәртібінде істерді қарау тәртібі


МАЗМҰНЫ
- ЕРЕКШЕ СОТ ӨНДІРІСІНІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ.
- Ерекше іс жүргізудің түсінігі, мәні мен мазмұны және азаматтық іс жүргізуде алатын орны.
- Ерекше өндірістің азаматтық іс жүргізу өндірісінің басқа түрлерінен айырмашылығы.
5
12
- ЕРЕКШЕ СОТ ӨНДІРІСІНДЕ ҚАРАЛАТЫН ІСТЕР.
- Ерекше сот өндірісі тәртібінде істерді қарау тәртібі. .
- Ерекше сот өндірісі тәртібінде қаралатын істердің жеке санаттары бойынша іс жүргізу тәртібі
18
20
- ЕРЕКШЕ СОТ ӨНДІРІСІНДЕ ІСТЕРДІ ҚАРАУДЫҢ ПРОЦЕССУАЛДЫҚ ТӘРТІБІ. .
- Ерекше өндірісте істі қозғау. .
- Ерекше өндірісте істі сот талқылауына дайындау.
- Ерекше өндірісте істі сотта талқылау. .
- Ерекше өндіріс бойынша сот шешімін шығару. .
61
65
67
69
ҚОРЫТЫНДЫ . . .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс «Азаматтық процесстегі ерекше өндіріс» тақырыбына жазылған. Аталған диплом жұмысында ерекше іс жүргізудің түсінігін, мәні мен мазмұнын, азаматтық іс жүргізуде алатын орнын, ерекше өндірістің өндірістің басқа түрлерінен айырмашылығын, ерекше сот өндірісі тәртібінде істерді қарау тәртібін, ерекше сот өндірісі тәртібінде қаралатын істердің жеке санаттары бойынша іс жүргізу тәртібін, ерекше сот өндірісінде қаралатын істердің процессуалдық тәртібін ашуға бағытталған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, азаматтарға соттық қорғану құқығы мен бостандығына кепілдік берілген. Конституциялық ережеге сәйкес, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғау үшін соттар істерді өз уақытында қарап, әділ шешім шығаруы тиіс [1] .
Азаматтық істер бойынша сот төрелігінің басты мақсаты әлеуметтік міндеті адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін соттық қорғау болып табылады.
Бұл қоғамдық маңызы бар қажеттілік және өз алдына құқықтық және демократиялық мемлекет құруды мақсат етіп қойған Қазақстан Республикасы үшін маңызды міндеттердің бірі.
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексінің 5-бабында "Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері азаматтардың мемлекеттің және ұйымдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау, заңдылықпен құқық тәртібін нығайту, құқық бұзушылықтың алдын алу болып табылады [2] .
Азаматтық іс жүргізудің ең маңызды міндеттері болып азаматтардың ұйымдардың бұзылған құқықтарын немесе дауланған құқықтары мен заңды мүдделерін және бостандықтарын қорғау, сонымен қатар, мемлекеттің және қоғамның заңды мүдделерін қорғау болып табылады. Бұл міндеттер әрбір іс бойынша және сот процесінің әрбір сатысында қолданылуымен нақтыланады, бірақ ең маңыздысы жалпы юрисдикциялы сот шешімінде нақты көрініс табады.
Құқықты іске асыру және міндеттерді орындауға қол жеткізуде сот Қазақстан Республикасында заңдылықтың нығаюына қызмет жасайды.
Азаматтық іс жүргізу негізгі үш өндіріске бөліп қарастырылады. Талап өндірісі, ерекше талап өндірісі, ерекше өндіріс. Әрбір өндірістің өзіне тән мақсаты мен міндеттері бар.
Біз бұл жұмысымызда азаматтық іс жүргізудің бір түрі ерекше сот өндірісінің мақсаты мен міндеті туралы тоқталып біршама баяндадық. Ерекше сот өндірісінің мақсаты ол - арыз берушіде белгілі бір құқықтардың немесе міндеттердің пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуымен құқық нормаларын байланыстыратын мән-жайларды анықтау. Ерекше сот өндірісінің түсінігі мен мәні менің дипломдық жұмысымның нақты өзекті тақырыбы болып саналады.
Зерттеу обьектісі. Қазақстан Республикасының құқық жүйесіндегі азаматтық іс жүргізудің үшінші түрі Ерекше сот өндірісін зерттеу, жұмыстың обьектісі болып отыр.
Зерттеу пәні. Қазақстан Республикасы демократиялық, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптасып, нарық талаптары мен қоғам мүдделерін, сондай-ақ халықаралық стандарттарды есепке ала отырып азаматтық іс жүргізудің үшінші түрі ерекше сот өндірісінің құқықтық тұрғыдан реттелуін ұйымдастыру барысында принципиалдық жаңа жолдар мен тәсілдерді жетілдіру.
Дипломдық жұмыстың зерттеу мақсаты мен міндеттері. Азаматтық сот өндірісінің бір түрі ерекше сот өндірісінің түсінігі мен мәнін жан-жақты талқылап ашу болып саналады.
Ерекше сот өндірісі азаматтық сот өндірісінің бір түрі ретінде зерттей отырып, отандық ғалымдар өздерінің жазған оқулықтарында жан-жақты талқылап өткен. Бұл жұмысты зерттеу барысында көбіне оқулықтар, нормативтік актілер, жоғарғы сот қаулыларын талқылау нәтижесінде жазылды. Сонымен қатар Ресей ғалымдарының ғылыми еңбектері кеңінен қолданылды.
Дипломдық жұмыстың мақсатына жұмыстың жеке тараулары мен бөлімдерінде көрсетілген мәселелерді жан-жақты қарастыру нәтижесінде қол жеткіземіз.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жұмыста Г. А. Ильясова, З. Х. Баймолдина, Ү. Нұрмашев, П. Ф. Елисейкин. З. К. Абдуллина, М. К. Треушникова т. б ғалымдардың еңбектері кеңінен қолданылды.
Дипломдық жұмыстың нормативтік базасы. Диплом жұмысының нормативтік құқықтық базасын Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конституциясы, Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының қаулылары құрайды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі . Дипломдық жұмыстың құрылымы зерттеудің негізгі мақсаты мен пәніне сәйкес келеді. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, сегіз бөлімшеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы көлемі 77 бетті құрайды.
- ЕРЕКШЕ СОТ ӨНДІРІСІНІҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІЕрекше іс жүргізудің түсінігі, мәні мен мазмұны және азаматтық іс жүргізуде алатын орны
Қазақстан Республикасының Конституциясынының 13 бабына сәйкес, азаматтарға соттық қорғану құқығы мен бостандығына кепілдік берілген [1] .
Конституциялық ережеге сәйкес, азаматтардың құқықтары мен бостандығын қорғау үшін соттар істерді өз уақытында қарап, әділ шешім шығаруы тиіс.
Субъективтік құқықтар мен мүдделерді қорғау қажеттілігі тек қана осы мүдделер мен құқықтар бұзылған немесе дауланған жағдайда ғана туындамайды. Субъективтік (тұлғалық) құқық - тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатында құқық нормалары құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері [3] . Кейде субъективтік құқықтарды жүзеге асыру үшін негіз болып табылатын мән-жайларды жүзеге асыра алмайды, себебі осы құқықтарды нақтылайтын фактілер жоқ болғандықтан, оны тиісті дәлелдемелермен тексеруді, нақтылауды талап етеді. Сондықтан да азаматтық іс жүргізуде мүдделі тұлғаға соттық тәртіпте оның субъективтік құқықтарын жүзеге асыруға негіз болып табылатын заңды фактілерді анықтауға мүмкіндік беретін сот өндірісінің түрі-ерекше іс жүргізу бар.
Ерекше өндіріс талап өндірісі мен ерекше талап өндіріcімен салыстырғанда өзінің құрамына кіретін істердің материалдық құқықтық табиғатымен ерекшеленеді. Ерекше өндірістің мақсаты- арыз берушіде белгілі бір құқықтардың немесе міндеттердің пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуымен құқық нормаларын байланыстыратын мән-жайларды анықтау [4] . Азаматтық сот өндірісінің барлық үш түрі де АІЖК-нің ережелері бойынша қарастырылады, өйткені онда белгілі бір азаматтық істі қарастыру бойынша сот өндірісінің барлық түріне ортақ құқық нормалары бекітілген.
Ерекше өндіріс - азаматтық іс бойынша азаматтық сот өндірісінің үшінші түрі ретінде процессуалдық ерекшелігімен мазмұндалады.
Ерекше іс жүргізу - мүдделі тұлға үшін жеке немесе мүліктік құқықтарын жүзеге асыруға жағдай туғызу мақсатында даусыз субъективтік құқықтардың бар болуын немесе жоқ болуын анықтау бойынша сот өндірісін жүргізу түрі.
Ерекше сот ісі қалған азаматтық сот істерімен өзара тығыз байланысты, өзге азаматтық істер сияқты істерді қарау тәртібін анықтайтын істің жалпы принциптеріне негізделеді.
Азаматтық сот өндірісінің негізін қалайтын ең негізгі нормативтік акті бұл әрине 1999 жылы 13-шілдеде қабылданған «Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексі», осы Кодексте азаматтық сот өндірісінің үш түрі көрсетілген: талап өндірісі, ерекше талап өндірісі және ерекше өндіріс.
Талап қоюмен жүргізілетін сот ісі - бұл соттың субъективті құқық немесе азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, экологиялық, жер және өзге де құқықтық қарым-қатынастардан туындайтын дауларды талқылау мен шешу бойынша азаматтық іс жүргізу құқық нормаларымен реттелген іс-әрекет. Талап қоюмен жүргізілетін сот ісі субъективті азаматтық құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру бойынша жеке тұлғалар арасында дауды шешуге бағытталған.
Ерекше талап қоюмен жүргізілетін істер - бұл соттың мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, сайлау комиссиясының, лауазымды адамдардың шешімімен, әрекетімен (немесе әрекетсіздігімен) сайлану немесе сайлау, референдумға қатысу құқығы бұзылды деп санайтын азаматтардың арыздары бойынша даулы мәселелерді талқылау мен шешуге бағытталған іс жүргізу тәртібі.
Ерекше сот өндірісінде Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңнамаларына сай даусыз мәселелерді талқылау мен шешуге бағытталған сот өндірісінің бір түрі болып саналады.
Азаматтық сот өндірісінде талап өндірісі мен ерекше талап өндірісінің өзара ұқсастығы бар, бұл екі сот өндірісі тараптар арасындағы даулы мәселелерді талқылау мен шешуге бағытталған. Бұл екі сот өндірісінің ерекшелігі талап өндірісінде азаматтар арасындағы субъективті құқық немесе азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, экологиялық, жер және өзге де құқықтық қарым-қатынастардан туындайтын дауларды талқылау мен шешу болса, ал екінші сот өндірісі мемлекеттік органның, жергілікті өзін-өзі басқару органының, сайлау комиссиясының, лауазымды адамдардың шешімімен, әрекетімен ( немесе әрекетсіздігімен) сайлану немесе сайлау, референдумға қатысу құқығы бұзылды деп санайтын азаматтардың арыздары бойынша даулы мәселелерді талқылау мен шешуге бағытталған. Бірінші сот өндірісімен екінші сот өндірісінің айырмашылығы міне сонда, бірақ бұл сот өндірістерінің процессуалдық іс жүргізушілік ережелерінің ешқандай айырмашылығы жоқ. Екі сот өндірісінде де өзара даулы құқықтар мен мүдделер бойынша тараптардың қақтығысы болады.
Ерекше іс жүргізу - мүдделі тұлға үшін жеке немесе мүліктік құқықтарын жүзеге асыруға жағдай туғызу мақсатында даусыз субъективтік құқықтардың бар болуын немесе жоқ болуын анықтау бойынша сот өндірісін жүргізу түрі.
Ерекше сот өндірісінің негізгі белгілерінің бірі, ол даудың болмауы және даулы мәселелер бойынша бір-біріне қарсы талап қоятын тараптардың болмауында. Ерекше сот өндірісі талапкердің нақты жауапкерге тікелей талап қоюымен емес, мүдделі тұлғаның заңды маңызы бар фактіні анықтау мақсатындағы өтініші негізінде қозғалады. Ерекше сот өндірісі әдебиеттерде даусыз бір жақты сот өндірісі деп сипатталады [5] .
Ерекеше сот өндірісі - азаматтық сот өндірісінің бір түрі ретінде, азаматтың құқықтық жағдайын, оның субъективтік құқықтары мен мүдделерінің туындау, өзгеруі немесе тоқтатылуымен байланысты заңды маңызы бар фактілердің даулы құқықтық мүдделердің бар не жоқтығын анықтауға байланысты іс жүргізушіліктің бір түрі болып саналады. Заңды маңызы бар фактілерді анықтаудағы азаматтың субъективтік құқықтары бір-бірімен тығыз байланыста болады. Анықтап қарасақ азаматта мүліктік жеке құқықтар болмайды, егер ол белгілі бір заңды маңызы бар фактімен анықталмаса, екінші жағынан ешқандай факт заңды маңызы болмайды, егер ол белгілі бір құқықтардың туындауына, өзгеруіне немесе тоқтатылуына әкеліп соқпаса. Сондықтан да заңды маңызы бар фактіні анықтау барысында белгілі бір құқықтық заңды мүдделердің жәйі туралы мәселе қозғалуы сөзсіз. Біздің ойымызша заңды маңызы бар факті мен оған тығыз байланысты құқықтық мүддені бөліп қарауға болмайды, кейбір авторлардың ойынша, сотта заңды маңызы бар фактіні анықтау барысында, заңды маңызы бар факті туралы дау туындаса, онда ерекше өндірістің тоқтатылуына әкеліп соқтырады деп ойлайды.
И. Б. Морейннің ойынша «құқық және фактіні бір-бірінен ешқандай жасанды түрде бөліп қарастырудың мүмкіндігі жоқ. Құқықтық қорытынды тек қана фактіге негізделуі тиіс», сондықтан да, «азаматтық құқықпен қатар, анықталуы тиіс заңды фактінің дұрыстығы ерекше сот өндірісінде нақты өз шешімін таба алмайды» деп жазды.
Ал, П. Ф. Елисейкиннің ойынша кез-келген фактідегі дауда құқық туралы дау бар, сондықтан да фактіні анықтауда дау туындаса ерекше сот өндірісі тоқтатылады. Ерекше сот өндірісі тәртібінде заңды маңызы бар фактіні анықтаудағы дау фактінің дұрыстығында болуы мүмкін, бұл жағдайда фактіні анықтау сотта жалпы тәртіп бойынша талап өндірісі негізінде қаралуы керек. Бұл ойды басқа да зерттеуші ғалымдар қолдайды [6] .
Біздің ойымызша бұл авторлармен толықтай келісуге болмайды, себебі, факті туралы туындаған дау ол міндетті түрде құқық туралы дауды туындатпайды, құқық туралы дауды туындатпай-ақ фактінің дұрыстығы туралы дау туындауы мүмкін.
Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу Кодексінің нормаларына сай ерекше сот өндірісінде заңды маңызы бар фактілерді анықтау туралы істер қаралады. Яғни бұл сот өндірісінде құқық туралы дау емес, құқықтық даусыз сипатқа ие фактілерді анықтау туралы істер қаралады.
Құқық туралы дау туындаса, онда міндетті түрде бір-біріне заңды түрде талап қоюмен жүгінетін тараптар болады. Құқықтық даумен бір-біріне қарама-қарсы талап қоятын немесе, бірі жауапкер, екіншісі талапкер болып іске қатысатын болса бұл іс ерекше сот өндірісінде қаралмайды. Ол талап өндірісінде немесе ерекше талап өндірісінде қаралуға жатады. Ерекше сот өндірісінде тек қана даусыз, дауласушы тараптардың қатыспауынсыз заңды фактілерді анықтау туралы азаматтардың өтініші бойынша іс қаралады. Ерекше сот өндірісінің басқа екі азаматтық сот өндірісінен айырмашылығы, ерекше сот өндірісінде дауласушы тараптардың қатысуымен құқық туралы даулы істер қаралмайды. Азаматтық сот өндірісінде ерекше сот өндірісінің алатын орны міне осында.
Ерекше сот өндірісінде бір-біріне қарсы талап қоятын тараптар қатыспайды және құқық туралы даулы мәселе қаралмайды.
Ерекше жүргізілетін істерді осы Кодекстің 31-38-тарауларында белгіленген алыныстармен және толықтырулармен қоса талап қою ережелері бойынша соттар қарайды (ҚР АІЖК 290-бап) . Ерекше сот өндірісінің сотта қаралу тәртібі жалпы талап қою ережелері бойынша соттар қарайды, бұл ерекше сот өндірісінің талап өндірісі және ерекше талап өндірісімен процессуалдық ұқсастығын көрсетеді. Бірақ ерекше сот өндірісі тәртібінде қаралатын кейбір істердің өзіндік талаптары бар. Бұл туралы заң нормасында істерді ерекше сот өндірісінде ҚР АІЖК-нің 31-38- тарауларында көрсетілген алыныстармен және толықтырулармен соттар қарайды деп көрсетілген.
Ерекше іс жүргізу өзінің процессуалдық ерекшелігімен сипатталатын, белгілі бір шеңберде топтасқан азаматтық істерді қарайтын, азаматтық іс жүргізудегі үшінші бір жеке өндіріс болып саналады. Ерекше өндіріс тәртібінде қаралатын істердің түрлері ҚР АІЖК-нің 289-бабында қарастырылған:
- заңды маңызы бар фактілерді анықтау туралы;
- азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы және азаматты қайтыс болды деп тану туралы;
- азаматты әрекет қабілеті шектеулі немесе әрекетке қабілетсіз деп тану туралы;
- азаматты психиатриялық стационарға мәжбүрлеп орналастыру туралы;
- заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің банкроттығы туралы;
- жылжымайтын мүлікті иесіз деп тану және жылжымайтын мүлікке коммуналдық меншік құқығын тану туралы;
- азаматтық хал актілері жазуларының дұрыс еместігін анықтау туралы;
- нотариаттық әрекеттерге немесе оларды жасаудан бас тартуға шағымдар бойынша;
- жоғалған ұсынбалы және ордерлік бағалы қағаздар бойынша құқықтарды қалпына келтіру туралы;
- бала асырап алу туралы;
- Аралық соттардың шешімдеріне шағым жасау туралы;
- Қазақстан республикасының және басқа мемлекеттің аумағында экстремизмді немесе террористік қызметті жүзеге асыратын шетелдік немесе халықаралық ұйымды экстремистік немесе террористік ұйым деп тану туралы өтініш бойынша іс жүргізу.
Жоғарыда тізілген істерден басқа ерекше сот өндірісіне сол бапта қарастырылмаған істер де қаралады. Мысалы, ерекше өндірістің ережелері бойынша денсаулығы қалпына келтірілген азаматты әрекетке қабілетті деп тану туралы немесе әрекет қабілеттілігін шектеуді жою туралы істер қаралуға жатады [2] .
Сонымен қатар, ерекше өндіріс тәртібінде баланың әкесі қайтыс болған жағдайда әкелік анықталады. Жалпы, мұндай екі санаты болады - әкелікті тану фактісін анықтау (ерекше іс жүргізу) және әкелікті анықтау (талап қою ісін жүргізу) [4] .
Келтірілген істер олар өзара бір-бірінен мазмұны жағынан және сот әрекеттерінің бағыты мен мақсаты жағынан ажыралып тұрады. Бірақ та бұл істер бір-біріне ұқсамағанымен, олардың бір арнаға тоғыстыратын белгі ол ведомствалық сотта құқықтық даулардың жоқтығында. Жоғарыда келтірілген белгі негізінде ерекше сот өндірісі талап өндірісімен және еркеше талап өндірісінен ажыратылады. Ерекше сот өндірісінде құқықтық даудың жоқ болуын дауласатын тараптардың жоқ болуымен сипатталады. Келтірілген негіздер бойынша ғылыми оқу құралдарында ерекше сот өндірісіне мынадай анықтама келтірілген, ерекше сот өндірісі - бұл мүдделі тұлғалар арасында материалдық-құқықтық дау жоқ азаматтық істерді сотта бірінші инстанцияда қараудың арнайы процессуалдық тәртібін белгілейтін азаматтық сот өндірісінің бір түрі [6] .
Бірақ та ерекше сот өндірісінің анықтамасы мен оның мазмұны, істердің категориялары азаматтық іс жүргізу ғылымында әлі күнге дейін даулы мәселе болып отыр. Ғылымда ерекше сот өндірісінің құқықтық табиғаты, сот әрекетінің пәні және ерекше сот өндірісіне жататын істердің түрлері туралы мәселе теориялық мәселе болып отыр.
Ерекше сот өндірісінің құқықтық табиғаты мен оның құрылымы туралы теориялық мәселе қарап, процессуалдық ғылымның ғалымдары әртүрлі пікірлерге келді:
- ерекше өндірісте қаралатын істердің негізгі тірегі даусыз істер сипатында болады [5] ;
- азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын қорғаудағы соттың процессуалдық іс-әрекетінің мақсаты мен негізділігіне негізгі мән беріледі [7] ;
- ерекше сот өндірісінің пәнін, заңды маңызы бар фактілерді анықтау, нотариат және АХАЖ органдарының іс әрекетінің заңдылығын қадағалау негізгі құраушылар болып табылады [8] .
Бірақ та, Ғылыми зерттеу әдебиеттерінде көрсетілгендей ерекше сот өндірісінің материалдық - құқықтық және процессуалдық табиғатын зерттей келе пәнін нақтылай көрсетуге және оның процессуалдық мақстымен әдістерінінің құқықтылығын нақтылауға болады. Жоғарыда келтірілген пікірлер негізінде қортындалай келе ерекше сот өндірісінің процессуалдық тәртібімен істердің қаралау тәртібін нақтылап қарастыруға мүмкіндік бар [9] .
Ерекше сот өндірісінің материалдық-құқықтық табиғатын, азаматтар мен ұйымдардың заңды мүдделерін қорғаудың қамтамасыз ететін процессуалдық нормалар қалыптастырады. Талап өндірісі мен Ерекше өндірісте сот азаматтардың дауланған субъективтік құқықтарын қарайды, яғни аталған өндірісте тек дауланған субъективтік құқықтар бойынша талап бойынша іс қаралады.
Ерекше сот өндірісі тәртібінде азаматтардың субъективтік құқықтары емес, олардың заңды (заңмен қорғалатын) мудделері қаралады [6] .
Заңды маңызы бар фактілерді анықтау ерекше іс жүргізуде мүдделі тұлғалардың белгілі бір субъективтік құқықтарымен міндеттерінің пайда болуы, өзгеруі немесе тоқтатылуына әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан ерекше сот өндірісінде қаралған заңды маңызы бар фактілерді анықтау азаматтардың субъективтік құқықтарын жанама түрде болса да қорғайды деп айтуға болады.
Ерекше сот өндірісінде сот іс қараған уақытта мүдделі тұлғаның материалдық-құқықтық мүддесін қозғайтын мән жайларды басты назарға алмайды, керісінше істе заңды маңызы бар фактіні анықтайды. Сот анықталған факті бойынша субъективтік құқыққа қатысты ешқандай мән жайды талқыламайды.
Егер ведомствалық сотта ерекше өндіріс тәртібінде қаралып жатқан істе құқықтық дау туындайтын болса, онда сол сотта істі ерекше талап өндірісі бойынша істі қайта қарауға жібереді. Сонымен қатар мүдделі тұлға осы іс бойынша әкімшілік-территориясына байланысты қарайтын сотқа арыз бере алады.
Ерекше сот өндірісі бойынша сот әртүрлі сипаттағы фактілердің бар не жоқтығын нақтылайды:
- әрекет - мысалы, бала асырап алудың тіркелгендігі туралы фактіні, некені тіркеу және бұзуды, мұраның қабылдануы, нотариалдық әрекет және одан бас тарту туралы фактілерді.
- оқиға - мысалы, кейбір жағдайларда адамның қайтыс болуы туралы фактіні, туу туралы фактілер т. б.
- жағдайлар- мысалы, туыстық қарым-қатынасты, фактілі некелік қарым-қатынасты, азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану туралы, азаматты хабар-ошарсыз кетті деп тану туралы фактілерді анықтайды.
Ерекше іс жүргізуде маңызды мәселелердің бірі болып «факт туралы дау».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz